Қазақ жазуының тарихы



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.7

1 КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗУЫНДАҒЫ КЕЙБIР ДЫБЫСТАРДЫҢ ТАҢБАЛАНУ ЖҮЙЕСI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.13

2 АРАБ ГРАФИКАСЫНА НЕГIЗДЕЛГЕН ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.16

3 ОРЫС ГРАФИКАСЫНА НЕГIЗДЕЛГЕН ҚАЗАҚ ӘЛІПБИIНІҢ ЖОБАЛАРЫ (ХІХҒ.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.19

4 А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҰСЫНҒАН ТӨТЕ ЖАЗУДЫҢ ГРАФИКА.ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20.26

5 ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА НЕГIЗДЕЛГЕН ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ӘЛІПБИI МЕН ЕМЛЕ ЕРЕЖЕСI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27.37

6 ОРЫС ГРАФИКАСЫНА НЕГIЗДЕЛГЕН ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ӘЛІПБИI МЕН ЕМЛЕ ЕРЕЖЕСI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38.43

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44.46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... . 47.48
Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігi. Адамзат мәдениетiнің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типiнің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тiлдің жоғары даму сатысына жеткенiнен хабар бередi. Жазу кеңістiгi ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тiл, жазу және коммуникация сияқты iргелi ұғымдар оппозициясында қарауға болады. өйткені дыбыстық жазу адамның эмоциялық, экспрессивтiк сезiмдерiн таңбалаудан гөрi, ақпарат тарату, сақтау қажеттiлiгi туғанда мемлекеттің пайда болуымен қатар шықты. Сондықтан бүгінгi таңда ұлттың мәдени-әлеуметтiк, экономикалық дамуы жазудың тұрақтылығына, жетiлуiне қатысты болады.
Жазба мәдениетi дамыған ареалдардың жазу тарихында үш кезең болды: 1) әркім өз қалауынша жазған шығармашылық кезең; 2) жазба коммуникацияның ұлғаюымен байланысты жазу узусы болған кезең; 3) жазу нормасы, орфографиясы пайда болған кезең [1, 30 б.]. Сонда ХХ ғ. жазу нормаларын қалыптастыру, негiздеу дәуірi болса, ХХI ғ. жазудың таңбалық, код болу сипаты күшейетiн, әлеуметтік коммуникацияны өзгертiп, қайта құратын, ауызша тiлдi (ары қарай АТ) игеретiн кезеңi болады.
Зерттеу жұмысында қазақ жазуының тарихи даму кезеңдерiн саралау, қазақ жазуының қай кезеңнен басталғанын, қазақ жазуы тарихында қандай жазу түрлері пайдаланылғанын анықтау мақсат етіліп отыр.
Жалпы тiл бiлiмiнде жазуды зерттейтiн грамматология, графемика (графема мен дыбыс, әріп қатынасы), графикалық лингвистика салалары айқындалғанмен, бұл бағыттағы зерттеулер тапшы болып отыр.
Ал қазақ тiл бiлiмiнде жазу нормативтi сипатта орфография ережелерi, анықтағыштар, емле сөздiктерi, оларға берiлген түсiндiрмелер негiзiнде сөз болып келдi. Жазу ұғымы орфография ұғымына парапарланып, жазудың нормалылығы, оның кодификациялануы туралы жиi айтылды. Мысалы, Г.Жеркешова, Ғ.Ермековтердің бiрiккен сөз тақырыбындағы еңбектерi лексикология, семасиология тұрғысынан жазылды [2].
Қазiргi қазақ жазуының әліпбиi мен орфографиясының фонологиялық негiздерiн iздеген алғашқы грамматологиялық зерттеу Н.Уәлиұлының еңбегiнен басталады [3]. Н.Уәлиұлының бұл бастамасы бiрге, бөлек жазылатын сөздердің орфограммасын кодификациялаудың негiздерiн және араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшелiктерiн анықтаған шәкiрттерiнің диссертациялық зерттеулерiнде жалғасын тапты.
Ал қазақ жазуы теориясын оның даму кезеңдерi мен тарихы негiзiнде тұжырымдау кажеттiлiгi алғаш Н.Уәлиұлының мақаласында сөз болды [4]. Осыған байланысты қазақ жазуының көне түркі руникасынан берi қарайғы онтогенездiк дамуын көрсету, жазу теориясына қатысты ұғымдарды саралау, жүйелеу қажеттiлiгi, қазақ жазба мәдениетiнде қолданылған әліпби түрлерінің сипатын айқындау тақырыптың өзектiлiгiн танытады.
1 Волков А.А. Типология алфавита, графики и орфографии: автореф. канд. фил. наук:. М, 1974—30 с.
2 Ермеков Ғ. Семантика слитных слов в казахской лексике: автореф.
канд. фил. наук:. Алматы, 1950.— 21 с.; Жеркешова Г. Қазiргi қазақ әдеби тiлiндегi бiрiккен сездер: фил. ғыл. канд. ... автореф. Алматы, 1949.— 22 с.
3 Уәлиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негiздерi: фил. ғыл. канд. ... автореф. Алматы, 1993.—162 6.
4 Уәлиұлы Н. А.Байтұрсынұлы жене қазақ жазуының онтогенездiк дамуы // Ұлттық рухтың ұлы тiнi. Алматы: Ғылым, 1999. -566 б.
5 Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. – Алматы: Санат, 1996. – 128 б.
6 Аманжолов А. Көне түркi жазуы // Қазақ тiлi энциклопедиясы. Алматы, 1998.—509 б.
7 Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткiштерiнiң тiлi. Алматы, Мектеп, 1986.-180 б.
8 Айдаров Ғ. Язык памятника Кюль-тегину. Алматы: Ғылым, 1993.- 280 с.
9 Сағындықұлы Б. Қазақ тiлi лексикасы дамуының этимологиялық негiздерi. Алматы: Санат, 1994.-168 б.
10 Аманжолов А. Графика таласских, енисейских и орхонских надписей // Қазақ тiлi мен әдебиетi. 1973, 3-шығуы.
11 Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. Л.: Наука,
1970.—204 с.
12 Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М-Л, 1951 .-451с.
13 Кобешавидзе И.Н. К характеристике графики и фонемного состава языка орхоно-енисейских надписей // Советская тюркология. 1972, М2.
14 Фридрих И. дешифровка забытьих письменностей и языков, М., 2003.-
208 с.
15 Томанов М. Түркі тiлдерiнiц салыстырмалы фонетикасы. Алматы: Қазақ университетi, 1992.—192 б.
16 Гузев В.Г. К вопросу о слоговом характере тюркского рунического письма // Вопросы языкознания. 1994. М5.
17 Драчук В. Дорогами тысячелетий. М: Молодая гвардия, 1977.-256 с.
18 Макаев Э.А. Язык древнейших рунических надписей. М., 2002. —156 с.
19 Ленин Г. Орфографические особенности текстов рунических памятников древнетюркской письменности II Туркология. Түркістан. 2005. М1.
20 Мамырбекова Г. Қазақ тiлi дауыстылар жүйесiнiң ХҮIII-ХІХ ғ. араб жазулы ескерткiштерде таңбалану ерекшелiктерi // Тiлтаным. 2001. К3.
21 Сыздыкова Р. Язык Жами ат-тауарих Жалаири. Алматы, 1989.-248 с.
22 Қайдар Ә. Көне түркі жазба ескерткiштерi кiмге ортақ, кiмге тән? // Көне түркі өркениетi: жазба ескерткiштерi. Алматы, 2001.-128 б.
23 Әбiлқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерiнiң тiлi. Алматы: Ғылым, 1971. —272 б.
24 Әлiппе айтысы. – Караганды, 1990. — 106 б.
25 Григорьев А.А. О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки // Қазақ тiлi туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. – Алматы, 1993, 232 б.
26 Әбiлқасымов Б. Қазақ жазбасында орыс графикасының қолданылу тарихынан // Известия АН Каз ССР Сер. фил. 1977. К4.
27 Алтынсарин И. Киргизская хрестоматия. Изд. 2. Оренбург, 1906-160 с.
28 Малбақов М. Қазақ сөздiктерi. Адматы: Ана тiлi, 1995.–112 б.
29 Байтұрсынұлы А. Тiл тағылымы. Алматы: Ана тiлi, 1992. – 414 б.
30 Сұлтанғазин д. Қазақ сөзiн қалайша жазу турасы // Қазақ тiлi туралы революциядан бұрынғы зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1993. —232 б.
31 Қазақ бiлiмпаздарының тұңғыш съезi. Алматы. 2005. – 144 б.
32 Жұбанов Қ Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. — 581 б.
33 Революция тюркологического съезда о новом латинированном алфавите // Культурное строительство в Казахстане (1918-1933), Алматы, 1965.- 564 с.
34 I Всесоюзный тюркологический съезд 26 /-51111-1926. Баку, 1926. —426 с.
35 Мектептегi А. Қазақ жазуының қасиетi мен касiретi 1/ Қазақ елi.
1995.20.10.
36 Стенографический отчет научно-орфографической комиссии созванной 2-4.06. 1929 г. научно-методическим советом.
37 Қазақ тiлi әлiппесiнiң жаңа емлесiнiң ережелерi // Лениншіл жас 10.07.1939.
38 Аманжолов С. Орыс графикасына негiзделген қазақтың жаңа алфавитi мен орфографиясы. Алматы, 1940. – 30 б.
39 Балақаев М. Бiрiккен сөздердiң емлесi туралы // Социалистiк Қазақстан – 5.01.1940.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факулЬТеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

ДИПЛОМ жұмысы

ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ

Орындаушы:
4-курс студенті
А. Даутова

Ғылыми жетекшісі:
ф.ғ.д., профессор
Г. Қосымова

Норма бақылаушы:

Қорғауға жіберілді:
2009 ж.

Қазақ тіл білімі
кафедрасының меңгерушісі:
ф.ғ.д., профессор

Алматы - 2009
МАЗМҰНЫ:

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .. 5-7

1 Көне түркі жазуындағы кейбiр дыбыстардың таңбалану
жүйесi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 8-13

2 Араб графикасына негiзделген қазақ жазуының
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-16

3 Орыс графикасына негiзделген қазақ әліпбиiнің жобалары
(ХІХғ.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-19

4 А. Байтұрсынұлы ұсынған Төте жазудың графика-орфографиялық
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20-26

5 Латын графикасына негiзделген қазақ жазуының әліпбиi мен емле
ережесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27-37

6 Орыс графикасына негiзделген қазақ жазуының әліпбиi мен емле
ережесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38-43

қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44-46

пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... . 47-48

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы: Қазақ жазуының тарихы

Диплом жұмысының көлемі: 47 бет.

Диплом жұмысында пайдаланған әдебиеттер саны: 39

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің негiзгi мақсаты
қазақ мәдени өмiрiнде қолданылған фонемографиялық жазу типi түрлерінің
онтогенездiк дамуын, қазақ жазуының тарихын, осыған орай қазіргi қазақ
графикасы мен орфографиясының теориялық негiздерiн iздеу, емле ережелерiнің
уәжiн көрсету, сөйтіп, қазіргi қазақ жазуының мәртебесi мен орнын анықтау
болды. Осы мақсатқа жету барысында мынадай мiндеттердің шешiмiн табу
көзделдi:
- жалпы жазудың даму тарихын көрсете отырып, жазудың маңызы мен бүгінгi
таңдағы қызметін парықтау;
- қазақ графикасы мен орфографиясының негiздерiн фонологияға, әліпби
теориясына табан тiрей отырып, анықтау;
- көне түркі жазуының графикалық ерекшелiгiн, латын графикасына
негiзделген қазақ жазуының жүйесiн, графема-фонема қатынасын көрсету;
- орыс графикасына негiзделген қазіргi қазақ әліпбиiнің әріп-фонема-
дыбыс қорын түгендей отырып, қазақ жазуының фонологиялық негiздерiн
айқындау.

Диплом жұмысының нысаны: қазақ жазуының тарихы, жазу бiрлiктерi,
категориялары, қазақ жазуының тарихындағы әліпби, графика түрлерi, қазақ
орфографиясына қатысты еңбектер.

Диплом жұмысының әдісі: Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы,
жүйелеу, АТ-дi транскрияциялау, жазба мәтіндi (ары қарай ЖМ) семантикалық
деңгейде АТ-ге айналдыру тәсілi пайдаланылды.

Диплом жұмысының дереккөздері: Зерттеу материалдары ретінде көне түркі
графикасы, араб (ХIХғ.), латын графикасына негiзделген (1929-1939) қазақ
әліпбилерi, Ы.Алтынсарин, Н. Ильминский, В.В.Радлов ұсынған және
пайдаланған орыс графикасына негiзделген жазу, А.Байтұрсынұлы әліпбиi,
1940ж. латын әрпiмен басылған қазақ емлесiнің алғашқы жобасы (Алматы,
1940), қазіргi қазақ әліпбиi қолданылды.

Диплом жұмысының мазмұны: Диплом жұмысының бірінші бөлімінде көне
түркі жазуындағы кейбiр дыбыстардың таңбалану жүйесi, екінші бөлімде араб
графикасына негiзделген қазақ жазуының ерекшелiктерi, үшінші бөлімде орыс
графикасына негiзделген қазак әліпбиiнің жобалары (ХІХғ.), төртінші бөлімде
төте жазудың графика-орфографиялық ерекшелiктерi, бесінші бөлімде латын
графикасына негiзделген қазақ жазуының әліпбиi мен емле ережелері, алтыншы
бөлімде орыс графикасына негiзделген қазақ жазуының әліпбиi мен емле
ережесi мен мәселелері талданады.

Диплом жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: жазу, әріп, графика,
орфография, әліпби, төте жазу т.б.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі алты
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

КIРIСПЕ

Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет
дамуының құрамдас бөлігi. Адамзат мәдениетiнің өркениетке аяқ басуы
дыбыстық жазу типiнің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы
жазба коммуникацияның, жазба тiлдің жоғары даму сатысына жеткенiнен хабар
бередi. Жазу кеңістiгi ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу -
өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тiл, жазу және
коммуникация сияқты iргелi ұғымдар оппозициясында қарауға болады. өйткені
дыбыстық жазу адамның эмоциялық, экспрессивтiк сезiмдерiн таңбалаудан гөрi,
ақпарат тарату, сақтау қажеттiлiгi туғанда мемлекеттің пайда болуымен қатар
шықты. Сондықтан бүгінгi таңда ұлттың мәдени-әлеуметтiк, экономикалық дамуы
жазудың тұрақтылығына, жетiлуiне қатысты болады.
Жазба мәдениетi дамыған ареалдардың жазу тарихында үш кезең болды: 1)
әркім өз қалауынша жазған шығармашылық кезең; 2) жазба коммуникацияның
ұлғаюымен байланысты жазу узусы болған кезең; 3) жазу нормасы, орфографиясы
пайда болған кезең [1, 30 б.]. Сонда ХХ ғ. жазу нормаларын қалыптастыру,
негiздеу дәуірi болса, ХХI ғ. жазудың таңбалық, код болу сипаты күшейетiн,
әлеуметтік коммуникацияны өзгертiп, қайта құратын, ауызша тiлдi (ары қарай
АТ) игеретiн кезеңi болады.
Зерттеу жұмысында қазақ жазуының тарихи даму кезеңдерiн саралау, қазақ
жазуының қай кезеңнен басталғанын, қазақ жазуы тарихында қандай жазу
түрлері пайдаланылғанын анықтау мақсат етіліп отыр.
Жалпы тiл бiлiмiнде жазуды зерттейтiн грамматология, графемика (графема
мен дыбыс, әріп қатынасы), графикалық лингвистика салалары айқындалғанмен,
бұл бағыттағы зерттеулер тапшы болып отыр.
Ал қазақ тiл бiлiмiнде жазу нормативтi сипатта орфография ережелерi,
анықтағыштар, емле сөздiктерi, оларға берiлген түсiндiрмелер негiзiнде сөз
болып келдi. Жазу ұғымы орфография ұғымына парапарланып, жазудың
нормалылығы, оның кодификациялануы туралы жиi айтылды. Мысалы, Г.Жеркешова,
Ғ.Ермековтердің бiрiккен сөз тақырыбындағы еңбектерi лексикология,
семасиология тұрғысынан жазылды [2].
Қазiргi қазақ жазуының әліпбиi мен орфографиясының фонологиялық
негiздерiн iздеген алғашқы грамматологиялық зерттеу Н.Уәлиұлының еңбегiнен
басталады [3]. Н.Уәлиұлының бұл бастамасы бiрге, бөлек жазылатын сөздердің
орфограммасын кодификациялаудың негiздерiн және араб жазулы қазақ
жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшелiктерiн анықтаған
шәкiрттерiнің диссертациялық зерттеулерiнде жалғасын тапты.
Ал қазақ жазуы теориясын оның даму кезеңдерi мен тарихы негiзiнде
тұжырымдау кажеттiлiгi алғаш Н.Уәлиұлының мақаласында сөз болды [4]. Осыған
байланысты қазақ жазуының көне түркі руникасынан берi қарайғы онтогенездiк
дамуын көрсету, жазу теориясына қатысты ұғымдарды саралау, жүйелеу
қажеттiлiгi, қазақ жазба мәдениетiнде қолданылған әліпби түрлерінің сипатын
айқындау тақырыптың өзектiлiгiн танытады.
Жазу туралы түсiнiктiң қарапайым фабуласы — адамдардың қашықтықта тұрып,
қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен
туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн
ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең
алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа
қарыздар.
Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнiң шектеулiлiгi
және уақыт жағынан шектеулiлiгi. Адамдардың қоғамдық-саяси, экономикалық
және әлеуметтiк қатынасында жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда
болған жазудың қызметі өте зор.
Қазақ жазуының тарихы өте тереңде жатыр. Қазіргі Қазақстан мен Орта Азия
территориясындағы ертедегі тайпалар өмірін бейнелейтін, тасқа қашап жазған
мұндай жазулар жиі кездеседі. Бұл сияқты тасқа қашалған жабайы аңдар,
хайуанаттар, адам бейнелері, аңшылық, садақ тарту, желекті найза ұстау,
жыртқыштан қорғану, ертедегі адамдардың киелі түсініктері, ғұрыптары мен әр
алуандас көріністері аң аулап, мал баққан ертедегі тайпалардың тұңғыш жазуы
болып табылады. Тіл білімінің терминімен айтсақ, бұл ертедегі сурет жазуы
немесе пиктографиялық жазу.
Дүниеге келген әрбір жаңалық сол күйінде қатып қалмайтынын ескерсек,
ертедегі сурет жазуы да сол пайда болған күйінде қалып қойған жоқ, ол
өмірге икемделіп, өзгеріп өрістей түсті. Осы жазудың негізінде ұғымды
білдіретін жазу, символикалық немесе идеографиялық жазудағы ой мен ұғымның
жұмбағын шешу дәл бүгінгі таңда оңай болмағанымен, оның сол кездегі
қауымдық құрылыспен баяғы замандағы адамдардың өмір тіршілігінің дамуына
лайық екенін көреміз.
Бұл жазу түрінің Қазақстан жерінде ұзақ сақталып, оның символдық көрініс
нұсқалары келе-келе қазақтың рулық ен-таңбаларына да айналып, тіпті
кейіннен меншікті көрсетерлік белгі болып кеткенін де байқай аламыз.
Алтай мен Тарбағатай жоталары, Сарыарқаның дарқан өңірі мен Алатау
шатқалдарында қазірде бізге мәлім борған осындай жазу үлгілері бар. Түптеп
келгенде түркі тайпалары арасында соншама кең тараған идеографиялық жазулар
түркі тайпаларының руникалық тұңғыш әріптік жазуының шығуына да белгілі
мөлшерде ықпал етіп, әсерін тигізді.
Жалпы жазу түрлерінің ғұмыры адамзат өркениетінің ғұмырымен өлшенедi.
Тiл-тілдің барлығында бiр буынды түбірлердің көптігі сөз жазудан дыбыс
жазуға өту сатысын растайды. Ойжазу, суретжазу, буынжазу, сөзжазу,
дыбысжазу терминдерi пиктографиялық, семасиографиялық, силлабографиялық,
фонемографиялық жазу түрлерiне сәйкес келедi.
Бiз қазақ халқының қолданған жазу типтерiн семасиографиялық және
фонемаграфиялық деп бөле отырып, зерттеуге фонемаграфиялық жазу түрлерiн
нысан етемiз. Өйткенi, пиктографиялық жазу мен дыбыстық жазу жазудың екi
басқа типiне жатады. Екiншiден, ғалымдар арасында сурет жазуды жазу түріне
санамайтын көзқарастар басым, үшiншiден, пиктографиялық жазу өз алдына кең
масштабтағы зерттеуге нысан бола алады. Және қазіргi қазақ жазуының
бейнесiн, болашақ “кескiнiн” тану үшін қазақ жазуы тарихындағы дыбыстық
жазу түрлерінің сипатын, әліпбиi мен емлесiн анықтау қажеттiгi бар.
Қазақ халқының пайдаланған дыбыстық жазу түріне көне түркі жазуы, ұйғыр,
араб жазуы және А.Байтұрсынұлының төте жазу (ТЖ) үлгісi, латын графикасына
негiзделген қазақ жазуы (ЛГнҚЖ), орыс графикасына негiзделген қазақ жазуы
(ОГнКЖ) жатады. Аталған әліпби түрлерi диплом жұмысында жекелей зерттеу
объектiсi болатындықтан бүгінге дейiн аталған жазу түрлерi зерттеу нысанына
алынбағандықтан, жұмысымызда жоғарыдағы әліпби түрлерінің белгiлi бiр
ерекшелiгi мен әліпби құрамы, ондағы әріп пен фонема сәйкестiгi, iшiнара
емле ережелерi туралы сөз болады.

1 Көне түркі жазуындағы кейбiр дыбыстардың таңбалану жүйесi

Алғашқы әріп жазуының бір тармағы – руникалық көне түркі алфавиті болып
табылады. Бұл алфавитпен жазылған ескерткіштер – көне түркі тайпаларының
жоғары тіл мәдениеті мен білім өресінің көрсеткіші.
Көне түркі жазулы ескерткiштердің табылу аймағы үлкен: Хакасия, Алтай,
Тува, Саян-Алтай, Енисей, Талас, Дмитриевск, Алта-Бай сайы, Орхон,
Қарақорым, Тараз, Павлодар, Есiк, Шемонайха, Ертiс, Қырғызстан Қошқар
өңiрi. Бұл әр аймақтың графикасы өзіндік дыбыстық ерекшелiгiмен көрінеді
дегендi бiлдiредi. Дегенмен көне түркі жазуына қатысты жоғарыдағы ғалымдар
еңбектерiне сүйене отырып, көне түркі жазуына ортақ графика-орфографиялық
ерекшелiктердi тануға мүмкіндiк бар деп ойлаймыз. Көне түркі жазуы біздің
ата-бабаларымыз қолданған жазу болғандықтан, бұл кезең қазақ жазуы
тарихында елеулі орны бар дәуір.
Көне түркі жазуының пайда болу уақыты туралы әр түрлі пікірлер бар.
А. Аманжолов түркі алфавиті Ү ғасырда пайда болды деген пікірге
өз уәжін келтіреді. Ғалым археологтардың Павлодар облысы Бобровое селосы
тұсындағы қорымның барлық белгілері мен сипаттарын зерттей келе, қазба
жұмысын жүргізген бейіттің біздің жыл санауымызға дейінгі Ү-ІҮ ғасырға, сақ
дәуіріне жататындығы туралы пікір айтқандығын тілге тиек етеді. Бұл жерден
әр түрлі бұйымдармен қатар жүгенге тағылған сүйек тұмар табылған. Сүйек
тұмарда руникалық жазумен Ақ сықын (суқын) деген сөздер жазылған екен.
Мұны А. Аманжолов Ақ марал деген мағынаны білдіретінін айтады. Осы
деректерге сүйене отырып, ғалым мынандай пікірге келеді: Тұмардағы
руникалық жазу ертедегі түркі тілдес көшпелі тайпалардың арғы аталары –
сақтарды алфавиттәк жазуының болғандығын көрсетеді. Бұл жазу – Оңтүстік
Сібір мен Қазақстандағы көшпелі тайпаларда руникалық алфавит тек Ү ғасырда
ғана пайда болды деген бұрынғы болжамның күмәнді екенін, асфавиттік жазу
одн мың жыл бұрын қолданылғандығын дәлелдейді [5, 42 б.]. Ғалымның
көрсеткен бұл пікірінен көне түркі жазуының 2500 жыл бұрын пайда
болғандығын пайымдауға болады.
Талас, Енисей, Орхон жазуларының табылуы, оқылуы, этногенезi, түркі
халықтарының тарихына, әдебиетiне, мәдениетiне қатысы, графикасы мен
грамматикасы, лексикасы, қазіргi түркі тiлдерiмен сабақтастығы туралы
еңбектер аз емес. Көне замандағы ауызша сөйлеу жүйесi беймәлім жазу
таңбаларын қазіргi тiл дамуының тұтынушысы бола отырып, дүдемал дыбыстық
тiлге кодтау, код таңбаларының мәнiн көрсету, кодтың (әліпбидің) кiлтiн
түзу қаншалықты қиын екенiн ескерсек, көне түркі жазуына ғалымдардың еңбегi
өлшеусiз екенiн көремiз. Сондықтан көне түркі жазуы туралы қазақ тiл
бiлiмiнде бірыңғай пiкiр қалыптастырған Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Ә.Қайдар,
Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов сынды ғалымдардың зерттеулерiн жоғары бағалай
келе, зерттеушiлердің көне түркі жазуының әліпбиiн құрастырып, ондағы әріп
таңбаларының мәнін, берiлу тәсілдерiн, дыбыстық заңдылықтары туралы жазған
еңбектерiн пайдалана отырып, көне түркі жазуындағы дауысты дыбыстардың
таңбалану жүйесi мен iшiнара дауыссыз дыбыстардың емлесi туралы сөз
қозғағымыз келедi, себебі жоғарыда айтып кеткеніміздей, көне түркі жазуы
қазақ жазуының қалыптасуының бір кезеңі емес пе?
Жалпы Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған 35 графеманың 4-i ғана
дауысты фонеманы, ал 31-i дауыссыз фонеманы және үнді қатаң тiркесiн
бергенi бүгінде айқындалған жайт [6, 180 б.]. Сонда көне түркі жазуы
дауысты фонеманың 4 инвариантымен тiлдегi 9 вариантын (а-е-ә, ы-i, о-ұ, ө-
ү), дауыссыздардың 20- дан аса жуан-жіңішке вариантымен 10 инвариант
фонеманы (б, д, ғ, й, ц, л, н, р, с, т ) берген түркі тiлдерiндегi үндесім
құбылысын дауыссыздар санын көбейтумен шешкен графика болып табылады.
Осыған байланысты көне түркі жазуының графикасында а-е (э-ә) фонемасын
белгiлейтiн таңба неге сөз iшiнде және сөз басында берiлмедi, керiсiнше, о-
ө фонемасы нелiктен сөз басында және ортасында таңбаланды деген сауал
төңiрегiнде ойланып көрелiк.
а графемасы басқа ы, о, ө инварианттарының таңбаларына қарағанда
жиi түсiрiлiп отырған. Мысалы, (қазіргi графикамен жазсақ) дғ (адағ), дғр
(адғыр), йғучы (айғучы), нығ (анығ). М сөз соңында жүйелi таңбаланады:
бунча, йзқа (йазыңа), кче (кече) [7, 17 б.]. Сонда таңбаланған дыбыс ашық
езулiк (а, е, ә) әрпіне қалай кодталған және рунист ғалымдар қалай
топшылаған?
Ол, бiрiншiден, бiздің ойымызша, өзге “ш дауысты фонеманың КТЕ-нде
белгiлену маркерлiгiмен өлшенедi. Өйткені ае дауыстысынан басқа оу,
өү, ыі гиперфонемалары инициал позицияда да, Т-буында да жүйелi
таңбаланып отырса, (ыдқ (ыдуқ, өлглi (өлгелі,), учн (учун)), у, у
фонемалары барлық позицияда берiледi [8]. Сонда оу, өү, ыі
графемалары таңбаланғанда, бұлардың фонемасы және дыбыс реңктерi оқылады,
ал бұл әріптер болмаған жағдайда ае (ә) фонемасы дауыссыз дыбыс
таңбасының жуан-жіңішкелiгiне қарай не [а’, не [е], [ә], [э] болып оқылады.
Проф. А.Аманжолов көне түркі тiлiнде а графемасымен а, е фонемасы ғана
белгiлендi десе, Ғ.Айдаров, С.Хасановалар ә фонемасы да таңбаланды дейдi.
Проф. Б.Сағындықұлы көне түркі тiлдерiндегi алғашқы дауысты фонема
ретiнде а-ны атайды [9, 1576.). Сонда жиi дыбысталатын фонеманың таңбасын
үнемдеу арқылы жазу экономиясы жасалған деймiз. Дауыссыз дыбыстан
басталатын сөздің алдынан түсiрiлген дауыстыны қателесiп калпына келтiремiз
дейтiн қауіптің көне түркі жазуын жазуын оқушылар үшін болмайтын себебi
түркі тiлiнің дыбыстық ерекшелiгiн, лексикасын бiлуге байланысты. Айталық,
брзун (барзун) - барсын, мңа (маңа) — маған, мн (мен) — мен сөздерi а, е
әріптерiнен басталмайтынын тiлдi тұтынушы да, жазуды дыбыстық тiлге
кодтаушы да бiлуi тиiс.
Ендi ыі гиперфонемасының инициал және медиал позицияда таңбаланып,
сөз iшiнде ескерiлмеуi [10, 18 б.] жайлы. Гиперфонеманың сөз басында
көрсетiлуiн жоғарыда ае (э) фонемасының тұрмағанын бiлдiру үшін берiлдi
дедiк. В.Томсен ыі таңбасы салынса, i болып оқылады, болмаса д-ден
өзге [л] [i] ортасындағы [л] болып оқылады деген [11, 8 б.]. Бұған қоса
В.В.Радлов та КТТ-нің бiр буындыларында э (д) - дауыстысы ғана болғанын
айтқан [11, 28 б.]. Сонда бiр буынды сөздердің iшiндегi дауыстының өзгеруiн
таңба салып ескертiп отырған. Жалпы, бiраз ғалымдар (Ғ. Айдаров,
А.Аманжолов, С.Хасанова) и-іы гиперфонемасының таңбасы болды деп
топшыласа, С.Е.Малов [12, 44 б.], А.М.Щербак [11], М.Томанов, В.В.Радлов,
М.Рясянен, И.Н.Кобещавидзе көне түркі тілі мен көне түркі жазуында ы, i-
и оппозициясы күмәндi, мұндай жiктелiстi дәлелдейтiн фактi жоқ екенiн [13,
40 б.], әсіресе тәуелдік жалғауының сөз үндесімiне қарамай, жіңішке
дауыссыз таңбасымен (н’) берiлгенiн [12, 44 б.] айтады: кгні кғ‘н, қз‘н.
Тiл үндестiгiнің бұзылуын, -ның i-ге өтуiмен байланыстырады [11, 72 б.]. и-
іы дүдемалдығының бiр себебiн түркі тiлдерi дамуының белгiлi бiр
кезеңiнде 1-буыннан басқа буындағы дауыстылардың дербес фонологиялық жүйе
құрай алмағанынан, сингормониялық паралелельдердің болуынан (алтан-алтун-
алтын, балта-балто-балту-балты) [11, 74 б.], себебi көп буынды сөздердің
екiншi буынынан былай қарай дауыстылардың ерекше жүйесi (подсистема)
болатынынан, ол жүйеде ашық-қысаңдығымен айрылатын бар-жоғы екi ғана фонема
болып, олар аллофондарының көптiгi арқылы қолданыс табатынынан [14, 109-118
бб.] iздеу керек. Негiзiнен көне түркі жазуындағы дауыссыздардың жуан
жіңішке таңбаларын шартты деп және осыған сай тiл үндесімiне күмәнмен қарау
[13, 40 б.] и-іы фонемасына қатысты шыққан. көне түркі жазуындағы
дауыстылардың графемасына (инвариантына) телiнген фонемалар өзара
(негiзiнен) ашық-қысаңдығымен айрылады (о-у, ө-ү, а-ә, е, э). Ал қазіргi
фонологиядағы а-е (ә), о-ө, ұ-ү, ы-i жұптары жуан-жіңішке оппозициясын
құрайды. Сонда бірыңғай жіңішке, қысаң, ерiндiкке (ө-ү) бiр графема, жуан
ерiндiк, қысаңға (о-у) бiр графема берiлген жүйеде немесе керiсiнше мына
жүйеде – жуан-жіңішке езулiк, ашық (а-ә, е, э) және жуан-жіңішке езулiк
қысаң (ы-i) – ауытқу бар.
Проф. А.Аманжолов дауыстылар жүйесiнің сақтала бермегенi жергiлiктi
фонетиканы бiлдiре ме, елде емле тұрақсыздығын бере ме деп, äIiI,
jеtijiti параллельдерiн көрсеткен [10]. Сонда, бiздің ойымызша, ь,-и (i)
сына дауыстысының ашық езулiктен (а-е, е, э) толық ажырай коймағанын, кейде
онымен жұп құрайтынын көремiз. Оған қазіргi түркі тiлдерi тұрғысынан алсақ,
түбірдегi жуан, жіңішке, ашық езулiкке қосымша жалғағанда қысаң езулiктер
сәйкесетiнi дәлел. М.Томанов ұйғыр тiлiндегi е дыбысы бар сөзге аффикс
жалғанғанда е-е, көпбуынды сөздердің соңғы буынында и-ге айналатынын, е
дауыстысы көне түркілiк а дауыстысының көрінісi екенiн, а фонемасы о, е, и-
ға сәйкескенiн айтады [15, 51].
Ендi көне түркі жазуындағы ерiндiк графемалардың (о-у, ө-ү) таңбалануын
және ерiн үндестiгiнің берiлуi туралы. Көне түркі жазуында оу
гиперфонемасы бір таңбамен, оү бiр таңбамен берілген. Ерiндiк
дауыстылардың графемасы жуан-жіңішкелiкпен айрылған. Сонда од (уақыт), үч
(үш), күн сөздерiн [у], [е] дыбысы арқылы да оқуға болады. Көне түркі
жазуына қатысты зерттеулерде және көне түркі жазуының оқылуына қатысты
еңбектерде бұл графема қандай белгiге сүйенiп о не у болын оқылатыны
айтылмайды. дегенмен, мынадай ерекшелiктi байкауға болады. Ескерткiштерде ө-
ү, о-у графемасы о, ө фонемасының орнына жұмсалған да сөз басында және
1 буында ғана жазылған [7, 20 б., 80 б.], ал ү, ұ фонемаларын бергенде
сөздің барлық позициясында кездескен. Мысалы, чолг (гаоядiк, кунтуз
(күндіз), iлгеру (iлгеру), й агру [8].
Сонда 1 буындағы ө, о фонемаларының кейiнгi буынды ерiндiкке
айналдыра алмауының, ал ү, ұ фонемаларынан кейiнгi буында да ү, ұ
сәйкесетiнiн қалай түсiндiруге болады? Жалпы, көне түркі жазуы
зерттеушiлердің барлығы жазбаларда тiл үндестiгi жаппай сақталатынын, тiптi
жуан езулiк пен жуан ерiндiк қатар келе беретiнiн (алтун, азулы), ал ерiн
үндестiгiнің ауытқуы көп екенiн мақұлдайды (көңүл-көңл, өтуз-отыз т.б.).
Ерiндiк күшi де қазіргi ерiндiк фонемаларының сапасына тең. Мысалы,
Ғ.Айдаров көне түркі жазуында о кейiнгi буында а у-ға сәйкессе, ө -
ү - ге, е- ге сәйкесетiнiн көрсеткен [8, 506.], яғни ерiндiк сапасының
күштiлiгi ө—ү—о–ұ қатынасында. В.Томсен: буквенная письменность, в которой
те или иные знаки для одного звука чередуются в зависимости от того, какой
знак за ним следует или стоит впереди” [16, 140 б.] деген. И.Н.Кобешавидзе:
алфавит замечателен тем, что он в большой мере отражает систему
дифференциальных признаков фонем, нежели самых фонетических единиц” дей
отырып, морфонологиялық негiзге құрылған деп анықтайды [13, 416.]. Сонда
о-дан басқа ерiндiктердің өзінен кейiнгi дауыстыларды да өзіне ұқсатып
алатынын жүйелi түрде таңбаламағанына қарап, көне түркі жазуын диалектiлiк
ерекшелiктердi де, фонетикалық алмасуды да таңбалап отырған фонетикалық
жазу болды ма деген ойға қаламыз.
90-жылдардың ортасында В.Г.Гузев В.Томсеннің екiойлы болғанына қарап,
көне түркі жазуы буын жазуы деген шешiмге келген. Себебi графика
түркілердің топ жаңалығы болса, олар дауыстылар үндестiгiн беру керек едi,
ал басқа елдің графикасынан алынды десек, й-дің жуан-жіңішке варианты
(комбинаторлық түрі) таңбаланып тұр дей отырып, дауыссыз таңбасы дауысты-
дауыссыз тiркесiн бередi. Оған себеп к фонемасының [ак], [әкек], [окук],
[өкүк], [ук] деген буындарды таңбалайтыны дейдi. Және қосар әріптердің
ант, алт, арт сөздерiн беретiнiн айтты [16, 64 б.]. Ғалымдар көне түркі
жазуын әріп, не буын арқылы оқуға келмейтiнiн, сөздi тұтас отырып, мазмұны
арқылы түркі үндесімiне салып оқу керектiгiн айтады [13, 43 б.]. Және көп
жағдайда дауыстыларды белгiлеу хабарды таңбалаушы мен оны дыбыстық тілге
кодтаушы екi жақтың аялық бiлiмi бiр деңгейде, ситуация туралы екi жақ та
хабардар болуына байланысты болған [17, 30 б.]. Әрi адресат түркі
диалектiсiнің көптiгiнен дауыстылардың жергiлiктi ерекшелiкке байланысты
түрленiмiн осы тәсілмен шешкен деймiз. Осы орайда академик Ә. Қайдардың
мына сөзi еске түседi: “Сол кездегi мемлекет құрамында болған тайпалардың
(түркі, қарлұқ, түргеш, қырғыз, оғұз, тардұш, татабы, шұп, кенгерес, соғды,
тоғуз-оғуз, онок) тiлi өзгермей, бiр орында тұрмауы, әр кезде ру-тайпа
аймағында жазылған бұл ескерткiштер тiлiн алып қарасақ, ол өзi бiр тұтас
болып, қалыптаса қоймаған түркі ұлыстары мен тайпа бiрлестiктерiнің өзара
айырмашылығы бар тiл едi, жергiлiктi ерекшелiктер сақталған тiл едi,
аударған ғалымның өз тұсынан қосып алғандары да аз емес еді’ [16, 27 б.].
Сөйтіп, көне түркі жазуы көне түркі тiлдерiнің фонетикалық және
фонологиялық белгiлерiн анықтап алуға мүмкіндiк бередi.
Орхон-Енисей, Талас ескерткiштерi дауысты таңбаларының а, е (э), ә
графемасында ғана әріп варианты көп болған, ал ы, о, ө графемалары бiр
таңбалы болып келедi. Бұдан негiзгi инвариант дауыстының (а) вариант,
вариациялары (э, е, ә, әе, i) басқа дауыстыларға қарағанда артық болғанын
графика арқылы да көруге болады деп ойлаймыз. Көне түркі жазуында әсіресе
ж, к фонемаларының жуан-жіңішке, ерiндiк-езулiк реңктерiн таңбалаған: [к],
[к°], [к], [к°] [10, 20 б.]. Бұндай графика әсіресе Енисей, Талас
ескерткiштерiне тән болып келедi.
Сонымен, көне түркі жазуы тiл үндестiгiне табан тiреген, тарихи
қалыптасуы жағынан кеш пайда болған [11] ерiн үндестiгiн таңбалауды мақсат
тұтпаған графика болып табылады. Үндесім заңы дауыссыздардың тембрлiк
әуенiне негiзделген (Крамски, М.Маллова, В.Томсен, А.М.Щербак), ал
дауыстылар үндесімi — осы арқылы шыққан екiншiлiк заң деймiз. Алғашқы
әліпби түзушiлер санасында дауыссыз дыбыс қазіргi түсiнiктен өзгеше, ерiн,
езу, тiл мүшелерiне сай тембрлiк әуен қоса ассоциацияланып отырған дыбыс
типi болғанын айтқымыз келедi. Тiлдің даму барысында жуан-жіңішке, езулiк-
ерiндiк әуен қысқа айтылатын сына дыбыс тыңдаушы санасына қабылдана
бастайды. Сына дауысты таңбсы әсіресе дауыссыз бен үнділер арасына
салынған. Кыстырынды дауыстылардың бүкіл руникалық жазбаларға тән екенiн
айтады Ә.А.Мақаев [18, 57 б.]. Алғашында дауыссыздың тембрiне ғана
үйлескен, фонемалық жүктемесi жоқ дыбыс кейiн дифференциацияланған. Оған
Енисей, Талас жазуларында сирек таңбаланған дауыстылардың Орхон жазуында
тұрақты бейнеленуi дәлел, дауыстылардың графикалық бейнесi арқылы көне
түркі тіліндегі инвариант дауыстыны да, сына дауысты және одан өрбіген
дауыстыдардың вариант, вариацияларын жобалауға болады.
Ендi консонанттар жүйесiнің графемалары және графикасы туралы қысқаша
тоқталып өтемiз. Көне түркі жазуында б, ғ, д, й, к, л, н,
р, с, т 10 дауыссызы 20-дан астам әріппен 20 сингармофонеманы
таңбалайды. Оның iшiнде 3-тен артық әрпі бар дыбыстар б, ғ, д, к,
к фонемалары болып табылады. Қ мен к-нің жуан ерiндiк және жіңішке
ерiндiк таңбасы бар [7, 37 б.], б, д графемалары кейде [t‘], [n’]
дыбыстарын да таңбалайды [19, 122 б.]. Ал з, м, ң, п, ч, щ
дыбыстарының бiрмәндi таңбамен берiлуiн ғалымдар олардың кеш пайда болған
туынды дыбыс болуымен байланыстырады [10]. Құрамында осы дыбыстар бар
сөздердің жуан-жіңішкелiгi айырылуы мүмкін емес, мысалы мңа деген [маңа],
[меңе] болып оқыла алады. Ал кей сөздерде iргелес дыбыс таңбасы арқылы
ажыратып алуға болады. Жалпы бiрмәндi деген [м], [ш] дыбыстарының 6-ға
дейiн әріп-вариациясы болған. Дыбыстың топ, туынды, кiрме екенiн оның сөз
шенiнде кездесу, жуан-жіңішке дауыстымен тiркесе алу қабiлетi арқылы
анықтасақ, ч, ш графемаларының да бірмәнді болуы ойландырады. Олай болса,
сөз болып отырған дыбыстар неге сингармографемалық жұп құрамаған деген
сауалдың басын ашық қалдырамыз. Консононттарға қатысты тағы бiр айта
кететiн нәрсе – с, ш, н инварианттарының жіңішке таңбалары үндесім
заңдылығынан уәжсiз ауытқитыны. Мысалы, [с‘быг] — сәбыг, [с‘мды] — сімады,
[улус’] — уліс, [тыс‘ы] — атысi, [шс’ ыз] — ашсіз, [йорс ‘ар] — иорысәр,
[сбын’]— сабiн, [ғын’] — ағiн т.б. Бұл с, ш фонемаларының инварианты
тiл алды болып айтылатынынан хабар берсе керек. Қазiргi дыбыстық жүйемiзде
де ш, ж фонемаларының орыс тiлiндегi ш, ж фонемасынан айырмасы —
өзінен кейiнгi дауыстыны жіңішкертетiнi.
Бүгінгi қазақ тiлiнде сөз аяғында айтылмайтын [б], [д], [ғ] дыбыстары
көне түркі жазуында таңбаланған. Жалпы, көне түркі жазуы р, b, m,
t, d, č, š, s z, n, i, j, k, g, l, q, q 18
фонемасының č (ч)-дан басқасы қазіргi қазақ тiлiнің фонетикалық жүйесiыде
бар және бiр-бiр графемага сәйкес келедi. [ни] дыбысын беретiн жіңішке
мурын жолды әріп қазіргi түркі тiлдерiнде жоқ. Ал нт, нч, лт дыбыс тiркесiн
беретiн графемалар тiлдің көне дәуірiндегi ерекшелiктi, яғни елiктеуiштер
соңында жиi кездесетiн дыбыс тiркесiн бiр таңбамен берген деймiз.
Жалпы, көне түркі жазуындағы вокализмдер жүйесiнің таңбалану ерекшелiгi
жазудың о бастағы мнемоникалық тәсiлге иек сүйейтiнiнен шыққан. Ұғымды
таңбалауды жетiлдiру редукция арқылы жүредi, ал редукция таңбаның iшкi
мазмұны мен сырткы тұрпатын құрайды. Сонда алғаш суретi салынған үлкен
мәтін (сурет жазу) артық информацияларды редукциялап, керектi заның аты мен
санын еске сақтау үшін шарпы бiр таңбаларды қалдырады (идеографиялық жазу),
кейiн ребустық жазу шығады (логограмма). Жазудың белгiлi бiр адресантқа
ғана бағытталғаны ондағы көмекшi сөздер мен сөйлемдердің таңбаланбауына
әкеледi. Сөйтіп, жазу бағытталған адресанттың аялық бiлiмiне, оқиғамен
хабардарлығына сүйенiп, мнемоникалық тәсiлдi қолданады. Онда грамматикалық
формалар ғана редукцияланбай, әріп болмаса да, дыбысты қалпына келтiрiп
оқитын әдiс қолданылады. Дыбыстық тілдi жақсы бiлетiн адресант ондағы
фонемаларды “реконструкциялап” дыбыс варианттарына кодтайды. Жазба тілдің
абстрактi таңбасы — графема мазмұн межесiн инвариант, вариант немесе О –
нөлдiк әріп арқылы таңбалай алатынын, ал оны ауызша тілдің абстрактi
бейнесi фонеманың мазмұн межесi (дыбыс) мен тұрпат межесi (графема) арқылы
қалпына келтiредi. Сонда көне түркі жазуындағы ашық, қысаң езулiктердің
таңбаланбауын жазу экономиясын жетiк бiлген, таңба теориясын меңгерген,
жазу прагматикасын ойлаған халықтың мәдени құндылығы деп танимыз.

2 Араб графикасына негiзделген қазақ жазуының ерекшелiктерi

Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы, негізінен, ІХ-ХІ ғасырлардан
басталады. Мұндай түркі тілдес ескерткіштердің қазірде мәлім болған тұңғыш
нұсқасының бірі – Құдатғу біліг (1069 жыл) дастаны. Бұл дастанның араб
әрпімен жазылған Наманган және Каир қолжазба нұсқалары шамамен ХІІ-ХІІІ
ғасырларда көшірілген.Сонымен қатар ХІ ғасырдың мұрасы Диуани луғат ат-
түрік еңбегі де, ХІІ-ХІҮ ғасырларға жататын Ақиқат сыйы, Әулие-әмбиелер
қиссасы т.б. еңбектер де араб әліппесімен жазылған.
Бұл дәстүр өз жалғасын тауып, ХҮІІ-ХІХ ғасырларда да жазба ескерткіштер
араб графикасымен жазылды. Араб графикасына негiзделген қазақ жазуы
жүйесiнде 34 таңба болды. Оның 28-i араб әлiпбиiне сәйкес, 4-i парсы
әліпбиiнен алынған, 1 -түркі, 1 таңба ауған жазуының әрпі болып табылды.
Қазақ тiлiндегi дауысты дыбыстар жүйесi араб жазуында таңбамен берiлдi. Ол
фонемалардың ашық, қысаң, дифтонг белгiлерiне қарап топтастырылды: ا а,
ә, е, ы; ی й, ы, i, е; و о, у, ө, ұ, ү.
Араб графикасындағы е фонемасының ашық-қысаңдығы айырылмағандықтан екi
әріппен де берiлдi. Сонда а, ә, е фонемалары бiр графемаға
ұйымдасқанмен төрт түрлі позициялық әріп-вариантта қолданылды. Оларды
графема-әріп қатынасында көрсетсек, мысалы, фонема: 1 графема; 1 графема: 4
әріп болады [20, 88 б.). Г.Мамырбекованың зерттеуi бойынша, дауыстылардың
өзіндік таңбаланатын жүйесi болған. Сөз басында е фонемасы мiндеттi түрде
иа-мен берiлген, ал сөз ортасы мен аяғында а, 0-лермен бiрге һа арқылы
таңбаланған. Бiздің ойымызша, мұндағы сөз басындағы е-нің дифтонг реңкi
жазуда ескерiлген. Ал сөз ортасы мен аяғында ашық езулiктердің позициялық
реңкi нейтрализацияланып берiлген деймiз. Дауысты дыбыстардың бiр инвариант
таңбасының (харакат) қойылмай кету ерекшелiгi жазудың кодтық қасиетiн
бiлдiрдi.
Қазақ жазуында дыбыстық мәнi бар әріпке мадда белгiсiн қойып, дыбыстық
мәнi жоқ әріпке мадда белгiсiнің қойылмауын қысқа дауыстылардың
харакаттармен, созылыңқы дауыстылардың мадда белгiсiмен белгiлену тәртібiне
сәйкес келдi.
Араб жазуында мәтін әріп не буын арқылы емес, сөздi тұтас көре отырып,
мағынасына қарай дауыстыларды калпына келтiрiп оқитын логикалық әдіске
негiзделдi. С ондыңтан алғашқы буындағы дауыстылардың редукциялануын,
әсіресе қысаң езулiктердің фонемалық мәнге ие болмағанда таңбаланбауы
тұрақты нормаға айналды [21, 119 б.].
Сөйтіп, дауыстылар жүйесiнің графема-фонема қатынасы: 3:9 болып шықты.
Жазу бiр буынды сөздердің мағынасын ажыратуда қиындық тудырғаны рас.
Мысалы, ор, өр, ұр, үр сипатты түбірлер бiрдей жазылды.
Жалпы араб графикасына негізделген қазақ жазуында араб графикасының
дәстүрін, сипатын сақтаған, яғни араб тiлiнің графикасы түпнұсқа қалпында
жүйесi бөлек қазақ тiлiнің жазба тілінде пайдаланылды. Сонда араб
графикасына негізделген қазақ жазуы өзіндік жүйесi мен деңгейi болған,
ауызшы тілден өзгеше, оған параллель жатқан жүйе болды. Н.Уәли айтқандай,
халықтық тiлден едәуiр айырмашылығы бар кiтаби тiлдің тұрпат межесiн
белгiлеген графикалық жүйе болды [22, 269 б.]. Ал дауыссыздар жүйесiн
белгiлейтiн әріп таңбалары 20 болды. Мұндағы 3 әріп шеттен енген сөздердi
таңбалады: х, ф, ч: хазрет, хабар, хош [23, 53 б.]. Араб жазуының
демократиялана бастаған жәлил жазу жүйесiнде, мысалы, Түркістан уәләяты
газетiнде бұл қатардың кейбiреуi қ әрпіне көше бастайды: қабар, қан [23, 53
б.]. В - у мен, ц - тс пен берілдi. Сөз мағынасы дауыссыздардың жуан-
жіңішке вариантымен айрылып отырды. ң — нк әріп тiркесiмен берiлдi. [п],
[ғ], [ч] дыбыстарының таңбасы парсы әліпбиiнен алынды.
Г.Мамырбекованың зерттеуi бойынша, п фонемасының сөз басында парсылық
пе-мен, сөз аяғында арабша ба-мен сөз ортасында бiрде ба, бiрде пе-
мен берiлу [20] жүйесi қатаң. Бұдан сөз аяғы қатаң [п]-мен аяқталмайды
дегендi бiлуге болады. Сондай-ақ б фонемасының сөз ортасында ба-мен,
бiрге ве-мен де берiлуiн интервокал позициядағы бәсаң б вариациясын
бiлдiруi деп түсiнуге болады.
Жалпы араб әліпбиiнiң түпнұсқасында болмаған п дыбысының әрпі өзге
әліпбиден (парсы) алынса да, толық өз функциясында жұмсала алмаған деймiз.
Араб әліпбиiнде г фонемасының да таңбасы болмағандықтан кейде орнына ғ
әрпі пайдаланылған. Сол себептi басқа тiлден енген сөздердегi г-к әрпімен
таңбаланып отырған дейдi проф. Б.Әбiлқасымов: акроном, дәркер)’4 емке, крек
[23, 536.]. Ч әрпі өзге графикадан алынғандықтан щ графемасынан
дифференциацияланбай, екi әріп таңбалары бiрiнің орнына бiрi қолданыла
берген, ч әрпі қатаңмен iргелес келгенде де, дауысты, үндімен iргелес
келгенде де таңбаланған кездерi аз емес: айтчы, елчi. Орыс тiлiндегi в
фонемасы 3 түрлі дыбысталуына сай, бiресе у мысалы, бiресе б таңбасымен
(чинобник, бистафка), бiресе ф әрпімен берiлдi (Жапаноф, Ибаноф).
Араб жазуының емлесiндегi бiр ерекшелiк ерiн үндестігiнің басым берiлуi,
тiптi қосымшаларда да таңбалануы болды. Мысалы, болұс, мүйүз, тұрғұн,
ұзұнлқ, үстүнен [23, 466.]. Яғни, ерiн үндесімi позициялық өзгерiстi
бейнелеген фонетикалық принциптен де шықты, сонымен бiрге оғыз-қарлұқ
архаикалық элементiнің де дәстүрін сақтады, мысалы: оқұт, бірақ барұб,
келүб.
Проф. Р.Сыздық К. Жалайырдың еңбегiнде лабиалды үндесім тұрақты
таңбаланбайтынын, ал қосымшалардың ерiндiк варианты мүлде кездеспейтiнiн
айтады [21, 1196.].
Бұл тенденцияны орта түркі шагатай тiлiнің орфографиялық нормасынан
қазақ тiлiнің өз емле нормасы бөлінiп шыға бастағаны деп түсiндiруге
болады.
Қосымшалардың түбірге үйлесiмсiз бірыңғай вариантпен жазылуын
Г.Мамырбекова инвариант-вариант принципi бойынша ұяң нұсқасы инвариант
болып табылған да, ауызша тілде үйлесiм варианттарымен дыбысталғаны деп
көрсетедi [20].
Жалпы, мұнда қосымшалардың мазмұн межесi (мысалы, көптiк жалғауының
қазақ ауызша тілінде 9 варианты бар) бiр тұрпат межесiне сай келген
қосымшаның таңбалық сипатын көруге болады: лар, лер, дар, дер лар.
Сөз болып отырған жазу емлесi морфологиялық ұстанымға негiзделдi.
Дегенмен, ерiн үндестiгiнің позициялық түрленiмiнің таңбалануы, орнына,
халқыңыз, көңлүме сияқты сөздерде қысаң езулiктердің айтылуы бойынша
түсiрiлiп жазылуы, интервокал позициядағы қ фонемасының х әрпімен
(йахшы, йарылханыб, ахыры, ахшар) берiлуi, қ, ғ әріптерiнің жуан
дауыстылармен iргелес жазылуы [21, 1196.] араб жазу дәстүрінен қазақ
тiлiнің өзiне тән жазу жүйесi түзілiп келе жатқанынан хабар бердi.
Бiздің ойымызша, араб графикасына негізделген қазақ жазуындағы
қосымшалардың инвариант принципiмен (Г.Мамырбекованың анықтауы) таңбалануы,
қысаң дауыстыдардың таңбалануы, жазу теориясына, жазу экономикасына сай,
болашақтағы жазу дәстүрі үшін ескерудi қажет ететiн орфограммалар болуы
тиiс.
Сонымен бұл бөлімде бiз араб графикасына негізделген қазақ жазуының
жалпы сипаты мен маңызын көрсетіп, орфографиясының кейбiр ерекшелiктерiне
пiкiрiмiздi бiлдiрдік. Себебі араб графикасына негізделген қазақ жазуы
қазақ жазуының тарихында елеулі орын алатын кезеңді қамтиды.

3 Орыс графикасына негiзделген қазақ әліпбиiнің жобалары (ХIХ ғ.)

Араб графикасының қазақ тiлiнің дыбыстық жүйесiн берудегi қолайсыздығы,
омографтардың көбейiп кетуiнен мәтін мағынасын түсiну қиындығы жазудың
демократиялануына кедергi келтiрдi. Бірақ генетикалық жағынан туыс емес
тiлдің жазу жүйесiн жазу дәстүріне енгiзу қиындығынан ол дәстүрден бас
тарту қиындығы басым болды. Сондықтан А.Байтұрсынұлы қазақ халқы үшін
жазуды жөндеудің бiр ғана жолын көрдi, ол графиканы өзгертпей, әлiпбидi
жетiлдiру жағы болғаны белгiлi. Бұл қазақ жұртының өзге елдің саясатына
мойынсынбай, өз тiлiнің төл жазуын ойлап тапқанмен бiрдей болды.
А.Байтұрсынұлы әліпбиiнің түзілiп, ұсынылғанынан бастап, қолданыста қолдау
тапқанына дейiн үлкен күш, табанды бәсекелестiк қажет болды. әліпбидің iшкi
құрылымы бәсекелестiкке төтеп бере алатындай жағдайда болса да, бiрiншiден,
жалпы араб графикасынан бас тартуды ұсынғандар қатары көп болды, екiншiден,
“сол кезеңдегi Ресей үкiметi саясатының есебiнен орыс жазуына көшу бағыты
шығып қалып едi. 1876 жылы қазақ жазуын орыс графикасына көшіру туралы
мәселе үкіметтің ресми саясаты дәрежесiнде мықтап қолға алынады” [24, 66.].
Орыс графикасына негiзделген ең алғашқы қазақ әліпбиi жобасын
Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиiндегi қазақ тiлiнің өзiне тән
дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: ǎ – ә, ǒ – ө, у – ү, i
– і, – ы – ы, н – ң, к – қ, г – ғ. Сөйтіп, зерттеушi он шақты
қосымша белгi алғанымен, орыс әліпбиiндегi е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э,
ю, я таңбаларын (қазақ тiлi дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын)
қолданбады. Н.И.Ильминскийдің бұл жазуына кезiнде В.В.Григорьев тарапынан
арнайы сын айтылған едi. Онда В.В.Григорьев араб жазуы сiз ойлағандай қазақ
жазуына келмейдi емес дейдi: “Но справедливость прежде всего, даже и в
отношении к арабской азбуке: зачем обижать ее, а вы, я нахожу, обидели ее,
унизив паче меры”. Ғалым басқа әліпбидi алған соң оны не өзгерiссiз
қабылдау керек, не сол әліпби таңбаларының шегiнде ғана пайдалану керек
деген.
В.В.Григорьев қазақ тiлiнің консонантизм жүйесiне араб графикасының 19
әрпі жеткен едi, ал сөз болып отырған әліпбиде 3 әріптi (к, ғ, ң) қолдан
жасайды, 2 әріптi (w, j) латыннан алады дейдi. “Находите вы еще в
киргизском языке особое тонкое а которое изображаете через ǎ. Я полагаю что
ваше а по тождественности своей с тонким глухим е, можеть быть безо всякого
неудобство изображаемо буквою э” [25, с. 165] деп қате пiкiр түйедi. Автор
к әрпімен қ, к фонемаларын, г әрпімен ғ, һ, г фонемаларын
белгiлеу керек, себебi бұлармен iргелес келген дауысты таңбасы жуан-жіңішке
оқылуын айырып тұрады, жүген, кереге, қаймақ, қол сөздерiн басқаша оқу
мүмкін емес дедi. Ң фонемасын нг немесе н деп бергендi дұрыс көреді және й
әрпі тұрғанда латыннан j таңбасын алып қажетi жоқ екенiн, сондай-ақ [иа]
тiркесiн я, [йе]-е, [иы-йы, [йi] (ий), [йо]-йо деп берудi, сөйтіп я, ю, ъ
әріптерiн орыс сөздерiн оқығанда оңай болу үшін, және әріп үнемдеу үшін
қалдыруды ұсынады. Автор е дыбысын негiзгi реңкi [jе] деп табады.
Оқымысты тарапынан осындай сынға ұшырағанмен Н.Ильминскийдің орыс
графикасымен берген қазақ әліпбиiнің қазақ тiлi дыбыстар жүйесiн белгiлеуде
бiрнеше артықшылығы бар. Ғалым түзген графикада е графемасы сөз басындағы
дифтонг реңкiн [jе], жіңішке [й] дыбысын және жуан [е]-нi таңбалайды. Және
I-буындағы ерiндiктен кейiн [ө]-нi бiлдiредi: [тŷсцр]. Н.Ильминский ә әрпі
(д) тек араб, парсы және Бөке, өтеке сияқты төл сөздерде қолданылатынын
айта келiп, тiлде жіңішкеру бағытының күшейгенiн ескертедi. Ғалым а, о,
ұ- дан кейiн ә, е, і келсе, алдыңғылары велярланады дейдi:
[сцjерде], [сцiдеiдi], [бяiтйдi]. Сондай-ақ й дыбысының да сөздi
жіңішкертетiн қасиетiн көрсетедi: бяjум, бiiдаi, бяiда, оiлдды, баiліқ.
Сонда автор әліпбиiндегi дауыстылардың әріп-дыбыс қатынасы төмендегiдей:
а [а] [ә], е [э] бер, [й] неге, [ө] төсек, [jе] егер; о [о], [уо], [ө]
сөйледi; ы [ы], [i]; у [ұ], [ү]; а [ә], i [i], о [ө].
Ал дауыссыздар таңбасы мынадай болды: п, б, м, w (у), т, д, н, ж, з, ш,
с, р, л, з (й), қ (к), ғ (г), к, г, нь (ң). Н.И. Ильминский қ, ғ
дауыссызы басқа дауыссыздарға қарағанда ерекшеленетiндiктен жеке-жеке әріп
арнадық дейдi, сондай-ақ ж, ш фонемалары жіңішке тiлалды ғана болып
айтылатынын ескертедi. Сонымен бiрге ғалым ЖТ-де мынадай морфонологиялық
алмасулардың таңбаланатынын көрсетедi: б-у (табыб-тауыб ), м-н
(Махамбет, Үмбет), н-д (кiмдi), д-н жене о (кiмнен; мен(д)ен-
менен). Ал сөз басындағы л, р ерiптерiнiц алдына әнтек естiлсе де ы, i
қысаңдарын жазу дұрыстығын оларға күшейткiш буын лап-лас, рап-рас деп емес,
ып-рас, ып-лас болып жалғанатынына негiздейдi.
В.В.Радлов та езiнiц 1870 жылы жарық көрген История народной
литературы тюркских племен Южной Сибири и джунгарии” деген хрестоматиялық
материалдарын орыс графикасымен жазганы мәлiм. Мұнда байқалатын өзгелешiк
[и] дыбысы бiрде i, бiрде белгiсiмен, г-ны таңбасымен, [дж] дыбыс
тiркесiн – п ерпiмен және л фонемасын латын графикасындағы і-мен берiлуi
болып табылады.
Б.Әбiлқасымов архив деректерi Н.И.Ильминский мен В.В.Радловтың қазақ
тiлiне икемдеп жасаған әліпбилерi Ресей университетi оқымыстылары тарапынан
қолдау көрмегенiн, орыс алфавитi өзгертусiз қолдануы керек деген ұсыныстар
басым болғанын көрсеттi дейдi. Оған мына дәлелдер келтiрiлген дейдi автор:
1) тiлдің барлық оттенкiсiн бере алатын дүние жүзiнде бiр де бiр жетiлген
алфавит жоқ, бiрақ одан тiлге келген қиындық байқалмайды; 2) араб әліппесi
түркi халықтарының дытбыстық құрылысына үйлеспесе де, осы алфавитпен олар
осы кезге дейiн пайдаланып келдi; 3) европа тiлдерi үшiн пайдалануға толық
икемдi орыс әліппесi араб алфавитiне карағанда, осы күйiнде де қазақ тiлiне
әбден жарайды [26, 27 б.].
Бiрақ В.В.Радловтың Қазан университетi жанындағы археология, тарих
этнография когамының мәжiлiсiнде жасаған баяндамасынан кейiн орыс алфавитiн
сол қалпында түркi жұртының жазуына қолдануға болмайды деген пiкiр
қалыптасқанын көремiз [26, 28 б.].
Ы.Алтынсаринның “Қырғыз хрестоматиясының” 2-басылымында орыс
алфавитiнiң және латын графикасының мынадай таңбалары пайдаланылған: д ә,
я ү, у ө, н ң, к қ, у ұ, и i жене (iй), г ғ, i i, ү ұ, уу
үу [27]. Мұндағы г-ғ, г, к қ, к таңбалары төрт дыбысты берсе,
керiсiнше i фонемасы i және и екi графемасымен де белгiлендi (кiйиз,
тiйме, адгiлдик), кейде и енi де бердi. У әрпi [‘у] қосарып таңбаласа да
(тоiу, саусщн, шоiу), уу тiркесi де пайдаланылды (ачiуума). Сондай-ақ [е]-
мен қатар келген [у] я —мен у белгiлендi (бесеям, бiрея). Сонда
ЪI.Алтынсарин әліпбиiнде i-й, у-у фонемалары жеткiлiктi
дифференциацияланып, графикалана алмағанын көремiз. Хрестоматияда ерiн
үндестiгi жүйелi таңбаланып отырады: болду, оку, окуулук, току, кяннцн-
кянгц, дянйц, кццялгц, цнцр, бяйрцгямц, яйдцгумц. I-буындағы екi ашық
езулiк буын арасында қысаң езулiктер жүйелi түсiрiлiп отырады: тлек, коблан
ды, даншпан, ыклас, мнау, домбра, ,‘гскенде, брак, бреу, кшi, ксi; сөз
аяғында б қолданылады: талаб, коб.
Соңғы орфографиялық ерекшелiктерге қатысты дУГ-нде қысаңдарды түсiрмеу,
“у, iй орнына бiр таңба жазу ұсынылады (ДУГ 1899 Х 22,23). Сөздi жiңiшкерту
үшiн кей жерде ь таңбасы да жазылған (ел-әль). Шәкiртi А.Балғымбаевтың
естелiктерiне қарағанда, ресми түрде орыстан өзге халықтар жазуын орыс
графикасына көшiру туралы заң (положения) 1906 жылы 31 мартта шыққан
тәрiздi. Соның өзiнде оған қарсы шығушылардың пiкiрiнен қорыққан орыс
әкiмшiлiк орындары осы мәселеге арнап, 1910 жылы июньде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу жұмысының гипотезасы қазақ жазуының даму тарихын көрсете отырып, жазудың маңызы мен бүгінгі қызметін көрсету
Қазақ жазу тарихы
Қазақ ұлтының негізін құраған қайнар көздер
Тіл және қоғам
Күлтегін ескерткішінің зерттелу тарихы
Қазақ жазуының бастаулары
Қаржаубай Сартқожаұлы
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде
Ескі заман ескерткіштері. орхон-енисей жазу ескерткіштері
Пәндер