Австралияның экономикалық- географиялық жағдайы



Жоспар:

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. бөлім. Австралия және мухит аралдары.

1.1 Австралия және Мухит аралдарының қоныстануы мен игерілуі...4
1.2 Австралияның халқы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

2. бөлім. Австралияның экономикалық. географиялық жағдайы.

2.1 Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2 Шаруашылығының дамуындағы ерекшеліктері мен жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

3. бөлім. Шаруашылығының салалық құрылымы.

3.1 Ауыл шаруашылығы және көлік жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3.2 Ішкі экономикалық айырмашылықтары және сыртқы экономикалық байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

II. Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Кіріспе.
Австралия жер бетіндегі ең кіші материк. Оның аты « аустралис» латынңың «оңтүстік»деген сөзінен шыққан. Ол түгелдей оңтүстік және шығыс шартда орна ласқан. Австралияның шеткі нүктелері солтүстігінде Йорк мүйісі 100 41, оңтүстік еңдік, оңтүстікте Оңтүстік – шығыс, мүйісі 39011, о.е., батыста Стип-Тойнт мүйісі 1130 05, шығыс байлық, шығыста Байрон- 153034, шығыс байлық.
Австралияның жер көлемі 7,7 млн. шаршы шақырым. Сотүстіктен оңтүстікке 3200 шақырым, батыстан шығысқа 4100 шақырымға созылып жатыр.Австралия мен Антарктида арасы 2500 шақырымнан артық.
Австралияның солтүстігінде Меллвилл, Баттерет,Трут-Айленд,Тасмания, Кинх, Флиндерс және Кенгуру, батысында Дерк-Харток, шығысында Фрейзер, тағы басқа аралдар бар.
Геологиялық даму тарихы .Эора дәуірінің соңында ғана Австралия Гондванадан және материк болып бөлініп шықты. Ежелгі Австралия платфомасын Шығыс Австрралия қатпарлы құрылымы желектеп жатыр.Ол оңтүстік шығысында Байкалдық, солтүстік-шығысында герциндік құрылымдар,ибатысында 120-меридиан маңында ежелгі фундамент шығыңқы. Жоғарғы палезойда орталық бөлікте Амадиес майсуы қалыптасқан.Одан кейін Карпентария шығанағы, Үлкен бассейн (Орталық плазық), Мүррей синиклизалары палеогенде пайда болған, теңіз трансгрессияларына ұшыраған. Бор дәуірінің соңы мен Кайнозойдың басында көзіргіге жақын флора дами бастайды.Мезозойдың басында соңы мен кайнозойда тау қалыптасу процесі Тынық мухиттың ішінде болады.Кайнозойда платформаның орталық бөлігінде Макдоннел 1510 м. Мастгрейв 1515м. таулары көтерілді.Неогенде оңтүстіктен Нейлларбор жазығы пайда болды. Ең жаңа қозғалыстар нәтежесінде үлкен суайрық жота біршама жаңарып, жасарды,Флиндре, Маунт-Лофти таулары көтерілді.Оңтүстігінде жердің опырылу процесі жүріп,Босс бұғазы пайда болды және Тасмания аралының бір бөлігі пайда болды.Материктің көп бөлігін Австралия платформасы алып жатыр.Австралия платформасында пайдалы қозбалардан алтын, уран,түсті металдар, боксит кендері бар.Материктің солтүстігі мен батысында темір рудасының үлкен кең орны Хамерсли тау жатасында орналасқан.
Австралия жер шарындағы ең құрғақ материк.Оның климатын қалыптастыратын бірінші фактор географиялық орны немесе субэкватор мен тропикте жатыр Екіншеден, біршама жылы мухиттармен қоршалған.Үшіншіден, фактор1см2- қа, 140-180 ккал/ дан жылу алады.Австралияның солтүстігінде Тимор, Арафур теңіздері және Карпентария шығанағы жатыр, шығысында маржан және Тасман теңіздері жалғасады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.В.В Вольский: «Социальная и экономическая география зарубежного мира».
2.Справочник стран мира
3.В.П. Максаковский: «География оқулығы».

4. «География және табиғат» журналы.

5. В.П. Максаковский: « Экономическая и социальная география зарубежных стран »

6 «География және табиғат» журналы

7. «Мировая экономика» журналы

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
, Жоспар:

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1- бөлім. Австралия және мухит аралдары.

1.1 Австралия және Мухит аралдарының қоныстануы мен игерілуі...4
1.2 Австралияның
халқы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .7

2- бөлім. Австралияның экономикалық- географиялық жағдайы.

2.1 Табиғат жағдайлары мен табиғат
ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ...9
2.2 Шаруашылығының дамуындағы ерекшеліктері мен жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

3- бөлім. Шаруашылығының салалық құрылымы.

3.1 Ауыл шаруашылығы және көлік
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 14
3.2 Ішкі экономикалық айырмашылықтары және сыртқы экономикалық
байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

II.
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...18

Кіріспе.
Австралия жер бетіндегі ең кіші материк. Оның аты аустралис
латынңың оңтүстікдеген сөзінен шыққан. Ол түгелдей оңтүстік және шығыс
шартда орна ласқан. Австралияның шеткі нүктелері солтүстігінде Йорк мүйісі
100 41, оңтүстік еңдік, оңтүстікте Оңтүстік – шығыс, мүйісі 39011, о.е.,
батыста Стип-Тойнт мүйісі 1130 05, шығыс байлық, шығыста Байрон- 153034,
шығыс байлық.
Австралияның жер көлемі 7,7 млн. шаршы шақырым. Сотүстіктен
оңтүстікке 3200 шақырым, батыстан шығысқа 4100 шақырымға созылып
жатыр.Австралия мен Антарктида арасы 2500 шақырымнан артық.
Австралияның солтүстігінде Меллвилл, Баттерет,Трут-Айленд,Тасмания,
Кинх, Флиндерс және Кенгуру, батысында Дерк-Харток, шығысында Фрейзер,
тағы басқа аралдар бар.
Геологиялық даму тарихы .Эора дәуірінің соңында ғана Австралия
Гондванадан және материк болып бөлініп шықты. Ежелгі Австралия платфомасын
Шығыс Австрралия қатпарлы құрылымы желектеп жатыр.Ол оңтүстік шығысында
Байкалдық, солтүстік-шығысында герциндік құрылымдар,ибатысында 120-
меридиан маңында ежелгі фундамент шығыңқы. Жоғарғы палезойда орталық
бөлікте Амадиес майсуы қалыптасқан.Одан кейін Карпентария шығанағы, Үлкен
бассейн (Орталық плазық), Мүррей синиклизалары палеогенде пайда болған,
теңіз трансгрессияларына ұшыраған. Бор дәуірінің соңы мен Кайнозойдың
басында көзіргіге жақын флора дами бастайды.Мезозойдың басында соңы мен
кайнозойда тау қалыптасу процесі Тынық мухиттың ішінде болады.Кайнозойда
платформаның орталық бөлігінде Макдоннел 1510 м. Мастгрейв 1515м. таулары
көтерілді.Неогенде оңтүстіктен Нейлларбор жазығы пайда болды. Ең жаңа
қозғалыстар нәтежесінде үлкен суайрық жота біршама жаңарып,
жасарды,Флиндре, Маунт-Лофти таулары көтерілді.Оңтүстігінде жердің опырылу
процесі жүріп,Босс бұғазы пайда болды және Тасмания аралының бір бөлігі
пайда болды.Материктің көп бөлігін Австралия платформасы алып
жатыр.Австралия платформасында пайдалы қозбалардан алтын, уран,түсті
металдар, боксит кендері бар.Материктің солтүстігі мен батысында темір
рудасының үлкен кең орны Хамерсли тау жатасында орналасқан.
Австралия жер шарындағы ең құрғақ материк.Оның климатын
қалыптастыратын бірінші фактор географиялық орны немесе субэкватор мен
тропикте жатыр Екіншеден, біршама жылы мухиттармен қоршалған.Үшіншіден,
фактор1см2- қа, 140-180 ккал дан жылу алады.Австралияның солтүстігінде
Тимор, Арафур теңіздері және Карпентария шығанағы жатыр, шығысында маржан
және Тасман теңіздері жалғасады.

Аустралия және мұхит аралдары

1.1 Аустралия және Мухит аралдарының қоныстануы мен игерілуі.
Аустралия мен Мүхит аралдарының географиялык орнының ұқсастығы
мен тарихи-географиялық ортак белгілеріне сәйкес ерекше аймақ ретінде жеке
қарастырылады. Бұл аймаққа өте үлкен саяси және әлеуметтік-экономикалық
алшақтықтар тән. Мұнда экономикасы жақсы дамыған Аустралия Одағы мен Жаңа
Зеландия сияқты елдер, жуықта ғана саяси тәуелсіздігін алған, тіпті
тәуелсіздікке қолы әлі жетпеген шағын аралдар орналасқан.
Қазіргі Аустралия жеріне адам бұдан шамамен 40—45 мың бұрын
Оңтүстік-Шығыс Азиядан (Үндіқытай немесе Индонезиядан) келген. Сәл
кейінірек адамдар Жаңа Гвинеяға да келіп жетті. Шамамен 12— 13 мың жыл
бұрын Азия мен Аустралияны жалғастырып тұрған "құрлықтық көпір"-Зонд
аралдары жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен бөлшектеніп, бір-бірінен
алшақтап, арадағы байланыс үзілді. Сөйтіп, Аустралияға алғаш қоныс
аударғандар оқшауланып қалып қойды. Бірақ бұл жағдай адамдардың одан әрі
Мүхит аралдарына біртіндеп жылжуына еш кедергі келтірген жок.. Біздің жыл
санауымыз басталар шақта полинезиялыктардың қоныстануы аса қарқынды жүрді.
Еуропалықтар алғаш рет Мүхит аралдарын 1521 жылы Ф. Магеллан Гуам
аралына тоқтағанда ғана көрді. Ал Аустралия одан жүз жыл өткеннен соң ғана
ашылды. Аустралия мен Мүхит аралдарының ашылуы еуропалықтар үшін аса зор
жаңалык болды. Байырғы халықтың тұрмысы тым қарабайыр. Мұны ғалымдар
аймактың өркениеттің орталықтардан аса кашық орналасуымен және табиғат
жағдайларының қолайсыздығымен байланыстырды. Алайда бұл орталықтардан окшау
орналасқан Америка үндістері өркениеттің аса жоғары деңгейіне көтерілген.
Аустралия аборигендері аңшылықпен айналысып, жеуге жарамды
өсімдіктерді жинаумен күнелткен. Әсіресе аңшылык кәсіпті өте жақсы
меңгерген. Олар әр түрлі найзалар мен лақтырғыш құралдарды тиімді
пайдаланған. Әсіресе олар ойлап тапкан аңшылык қаруы - бумеранг өте ерекше,
лақтырғанда нысанаға дәл тимей қалса аңшының қолына қайтып келеді. Аңшылық
ұзақ қашықтықта тоқтаусыз жүруді, аңның жолын торуылдауды қажет
ететіндіктен, аңшылар біртіндеп 20—30 адамнан тұратын шағын топтарға біріге
бастады. Мұндай топтар үшін ауданы 500 км2-ден кем емес аңшылыкка қажетті
аумақтар қажет болды. Бұл жағдай ежелғі аустралиялықтарды көшпелі тіршілік
етуге бейімдеді. Олар топтанып жүріп, ағаштардың қуысы мен қарапайым
күркелерді мекендеді. Азық ретінде көбінесе жеуге жарамды өсімдіктердің
жемістері мен тамырларын, сондай-ақ кейбір жәндіктер мен олардың
жұмыртқаларын да пайдаланды.
Тасмания аралын мекендейтін ежелгі тасманиялықтар да, аборигендер
әріздіт оқшаулануға ұшыраған. Олар материктен аралға . бұдан шамамен 9—
10 мың жыл бұрын қоныс аударған. Негізгі кәсібі теңізшілік болып,
көбінесе итбалық, моллюска, кейде балық аулаумен айналысқан. Материктегі
де, аралдағы да аборигендер аңшылық жағдайларын жақсарту мақсатында, оттың
көмегін пайдаланған. Әрбір аңшылық топ жылына 100 км2-ге жуьщ жерді өртеп
отырған. Мұхит аралдары тұрғындарының тұрмыс деңгейі аборигендермен
салыстырғанда әлдеқайда жоғары болды. Папуастар еуропалықтар келгенге дейін
жер өңдеумен айналысқан, мал ұстаған. Папуастар әсіресе ит өсірумен, тауық
және шошка өсірумен айналысқан. Папуастар үшін шошқа соңғы кезге дейін
байлықтың басты көрсеткіші болып есептелген, оны тіпті ақша есебінде
айырбас үшін де пайдаланған.
Аймақтағы ең ұүрмыс деңгейі жоғары түрғындар - полинезиялыктар.
ХҮІІІ ғасырдың өзінде-ақ Полинезияда шаруашылықтың ерекше "мүхиттық" түрі
калыптасып үлгерген болатын. Олар бальқ аулаумен айналысып, теңізде жүзуде
алдарына жан салмаған. Өте жылдам әрі жеңіл, оңтайлы жүзетін каноэ жасауды
шебер меңгерген, полинезиялықтар біздің жыл санауымызға дейінгі 2000
жылдықтың екінші жартысының өзінде-ақ Фиджиден Тонга аралына дейін жүзіп
барған деген мәліметтер бар. Сондай-ак олар банан, кокос пальмасы, нан
ағаштарын өсіріп, жер өңдеумен де айналысқан.
Испандықтардың Мариана аралдарын жаулап алған кезінен, яғни ХҮІІ
ғасырдың екінші жартысынан бұл аймақта отарлау кезеңі басталды. Голландтар
бірнеше ірі экспедициялар ұйымдастырып, А.Тасман бастаған топ Аустралия
материгі жағалауына да келіп жетті. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап
бұл аймаққа Англия мен Франция көз тіге бастады, ал XIX ғасырда АҚШ пен
Германияның аңсары ауды. Бірак бұл аймақты отарлау Америка немесе Африкамен
салыстырғанда басқаша жүрді. Өйткені жаңа ашылған жерлерді қандай
қажеттілікке жаратуды әлі ешкім шешпеген еді.
АҚШ-тың тәуелсіздік алуы нәтижесінде Англия сотталғандарды айдауға
жіберетін жерінен айырылды. Осы қажеттілік ағылшындар назарын Аустралияға
аударды, сөйтіп жаңа ашылған материкте айдауға жіберілгендерді ұстайтын
арнаулы мекен салу туралы ағылшын парламенті заң шығарды (қазір ол жер
Сидней қаласының орны болып табылады). 1788 жылы 850 түтқьнды күзеткен 200
әскері бар алғашкы кеме Аустралия жағасына келіп табан тіреді. Б9л жағдай
бір ғасырға жуық созылды, осы уақыт аралығында Англиядан 155 мыңға жуык
түтқын әкелінді. Ал француздар өздерінің тұтқындарына Жаңа Каледония
аралынан орын тапты. Мұнда 50 мыңға жуық адам әкелінді.
Дәл осы уақытта Англияның тоқыма өнеркәсібін жүнмен қамтамасыз ету
қажеттілігі де туындады. Сондықтан ағылшындар Аустралия жерінің онша
шұрайлы еместігіне қарамастан, жайылым жеткілікті деп есептеп, онда қой
шаруашылығын өркендетуге ден қойды. Климаттык жағдайы біршама ұксас
болғандыктан, қойлар Оңтүстік Африкадан әкелінді. Дәл осы кезең аборигендер
үшін ең қиын кез болды, өйткені жайылым болады деп есептелген жерлердің
барлығы да олардың мекен-түрағы мен аңшылық ареалы еді.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Аустралияда дәнді дақылдарды
көбірек өсіріп, ет пен сүтті сыртқа шығару жолға қойылды (оған рефрижератор-
кемелердің шығуы да себепші болды). Бұл жұмыстарға икемі жоқ аборигендерді
жұмылдыру мүмкін болмады. Әрі дәл осы уақытта Аустралия жерінде алтын
кендерінің ашылуы да, бұл аймақка жүйелі түрде "қоныс аудару" саясатын
жүргізуге себепші болды. Тек қана 10 жыл ішінде, яғни 1851 мен 1861 жылдар
аралығында Аустралияға қоныс аударған адамдар саны 0,4-тен 1,2 млн адамға
артты.
XX ғасырдың басында шашыраңқы орналасқан колониялар Аустралия
Одағына бірігіп, өзін-өзі басқаратын иелік дәрежесін алды. Осы күннен
бастап екінші дүниежүзілік соғыска дейін, Аустралия индустриялану бағытын
басым ұстады. Бұл кезең Аустралия халқының жеке ұлт болып қалыптасуына да
өзіндік әсерін тигізді. Олар негізінен Британ аралдарынан шыққанымен, нағыз
ағылшындардан ұлкен айырмашылық жасайды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ Аустралияның табиғат
жағдайының мүмкіншілігін мейлінше тиімді пайдаланып, оны өзінің аса маңызды
азық-түлік пен шикізат көзіне айналдырды. Мұнда дәстүрлі өнеркәсіппен қатар
өңдеуші өнеркәсіп және қазіргі заманғы көлік жүйесі де(әсіресе жоғары
сапалы тас жолдар) қаркынды дамыды. XX ғасырда шектеу қойылғандықтан
Аустралияға қоныс аударушылар тек Еуропадан ғана келетін. Тек 70—80-
жылдары тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы аса қарқынды белең алып
дамығандықтан, еңбек ресурстарына деген тапшылық күшейді, сөйтіп, ел
тарихында алғаш рет Азия қоныстанушыларына да "есік" ашылды.
Өзінің әлеуметтік-экономикалық даму тарихы жөнінен Аустралия
Канада, АҚШ сияқты елдерге ұксас болып келеді. Олардың дамуы Еуропа
елдеріндегі "классикалық капитализмнен" үлкен айырмашылык жасайды. Оларды
көбінесе "қоныс аударушы капитализм" елдері деп атайды. Бұл елдер феодализм
мен оның қалдыктарын бастан кешкен жок. Экономикальқ дамуы ел халк,ының
негізін құрайтын еуропалық иммигранттардың белсенді әрекеті жағдайында
жүзеге асады. Өте үлкен аумақты алуы, халқының санының аз болуы
шаруашылықтың тек жағалық бөліктерде ғана қарқынды дамуына мүмкіндік
береді. Сондықтан да жеке ел болғанына жүз жылдан астам уақыт өткеніне
қарамастан, Аустралия әлі де шикізаттық регион дөрежесінде калып отыр.
Ал Мүхит аралдарының XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап бостандық ала
бастаған шағын елдері өздерінің табиғат ресурстары мен табиғат
жағдайларына, сондай-ақ көптеген аралдар өздерінің стратегиялық орнына
сүйене отырып, өте катал бәсекелестік жағдайында дамуға біртіндеп мүмкіндік
алуда. Өте қолайлы климат пен құ нарлы топырақ көптеген тропиктік
дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. Аралдық елдердің 34-інің сыртка
шығаратын басты өнімі—кокос жаңғағын өңдеуден алынатын копра болып табылды.
Теңіз өнімдерінің де маңызы жоғары. Жылы теңіз сулары, табиғаты өте әсем
аралдар мен жағажайлардың туристік-рекреациялық мүмкіндігі шексіз. Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін Мүхит аралдарыньң біраз бөлігі АҚШ пен
Францияның атом қаруын сынайтын алаңына айналды. Оларда әскери-әуе және
әскери-теңіз базалары орналасқан, олардың ішіндегі ең ірісі Гуам
аралында(арал халқының 16-ін әскерилер мен олардың отбасылары құрайды).
Кейбір ұсак аралдардың өздеріне ғана тән кәсіпшіліктері бар. Мәселен, Кокос
аралдары Оңтүстік Африка мен Аустралия арасындағы әуе жолында транзиттік
қызмет керсетсе, ал Питкерн аралы санаулы ғана адам тұратынына қарамастан
пошта маркаларын шығаруды табыс көзіне айналдырды.

1.2.Австралияның халқы
Австралия континентінде алғашқы европалықтар болған, 1606 жылы батыс
жағалауға келген голландтық кеменің экипаж мүшелері.Шығыс жағалауды 1770
жылы британдық әскери теңіз жүзушісі Джеймс Кук ашқан.Ол өзі ашқан
территорияны Жаңа Оңтүстік Уэльс деп атаған және оны британдық король Георг
III жекеменшігі деп жариялаған.Австралияға каторждық колонияларды
орналастыру орны ретінде таңдап алғаннан кейін ғана, европалықтардың
Австралияға орналуы басталды.
Австралияға алғашқы тұтқындар 778 адам мөлшерінде 1788 жылы әкеліне
бастады, бірақ 1868 жылы Австралияға тұтқындардың экспорты тоқтатылды.
1851 жылы Батерс (Жаңа Оңтүстік Уэльс) пен Бендиго (Виктория) табылған
әншейін жер мен алтынға қызыққан еркін көшушілер австралиялық халықтың
өсуінің басты қайнар көзі болды.
Австралия халқы жан-жағынан азиялық және мұхиттық елдермен көршілес
орналасқанына қарамастан, басым түрде еуропалықтардан құралған.
Еуропалықтардың 97 %-ы ағылшындар. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде
Австралия халқы Ұлыбритания мен Ирландиядан қоныс аударғандар есебінен 7,4
млн. адамға жетті. Соңғы 50 жыл ішінде халық саны екі есе артты, оның 5-млн-
ы иммигранттар үлесіне тиесілі. Британ аралдарынан қоныс аударушылар саны
1,8 млн. адам, сондай-ақ Италия, Грекия, Югославия, Германия және Польшадан
да миграннтар ағыла бастады. Тіпті АҚШ, Жаңа Зеландия, Вьетнам, Ливан,
Малайзия, Қытай елдерінен 2,5 млн-ға жуық адам Австралияға қоныс аударды.
Бүгінгі таңда 40 %-дан астам австралиялықтар басқа елде туылған немее
олардың ата-аналарының, ең болмаса біреуі шетелде туылған болып табылады.
Австралияның байырғы халқы – аборигендердің үлесі өте аз, материк
халқының 1%-дан астам бөлігіне келеді, яғни 160 мың шамасында. Олардың
жартысына жуығы қалада тұрады, ал қалған бөлігі ішкі құрғақ аудандардағы (
Квинсленд, Батыс Австралия штаттары мен солтүстік аумақ) резервацияларында
шоғырланған. Австралияға қоныстану кезінде ағылшындар жерге иелік ету
мақсатында жергілікті халықпен ешқандай келісімге келмеген. Сондықтан,
әрбір қоныс аударушылар тобы келген сайын олар өз жерлерін ішкі құрғақ
аудандарға ығыстырылып отырған.
Қазірдің өзінде аборигендер мен ақ нәсілді халық арасында үлкен
әлеуметтік айырмашылық айқын байқалады. Оған мынадай көрсеткіштер дәлел
болады: 90 жылдары 16-17 жастағы білім алып жатқан аборигендер саны 30%-ға
жетсе, бұл көрсеткіш ақ нәсілді халықтарда 75%-ға, баспанасы бар
аборигендерде 25%-ға, ал ақ нәсілді халықтарда 70 %-ға, жас балалар өлімі
аборигендер арасында 21%-ға, яғни елдегі орташа өсім көрсеткішінен үш есе
артық.
Австралия ең сирек қоныстанған материк, орташа тығыздық 1 шаршы
шақырымға 2 адамнан келеді. Халықтың ¾-і шығыс жағалауда, Жаңа Оңтүстік
Уэльс, Виктория және Квинслендте шоғырланған. Сондай-ақ, Тасман аралында да
холық өте жиі. 85%-ға жуық австралиялықтар қашықтығы жағалаудан 80 км-ден
аспайтын жіңішке жолақта тұрады, онда дүние жүзінде жоғары урбандалған ел
қатарына жатады, халқының 86%-қалада тұрады. Әрбір бес австралиялықтың
екеуі не Сидней немесе Мельбурн қаласында тұрады. Табиғи өсудің көрсеткіші
1000 адамға шаққанда 5 адамнан келеді. Әрбір бес австралиялықтың үшеуі –
қандай да болмасын штаттың астанасында тұрады. Сидней мен Мельбурнға
өндеуші өнеркәсібімен айналысатындардың ½-і, елдегі 23-сі сауда және 910-
ы финанстық операцияларға сай келеді. Егер Сиднейді американдық бағытпен
салған қала десе, Мельбурнді ағылшындық деп қабылдайды. Иммиграцаия
есебінен еңбек ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген. Елдегі жалпы
халықтың жартысын ЭБХ құрайды, оның 13-і өнеркәсіп салаларында еңбек
етеді.

Австралияның эконмикалық-географиялық жағдайы.
2.1. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары
Австралия жер шарындағы ең аласа материк, негізін гондваналық ежелгі
платформа алып жатқандықтан көбінесе жазық, оның жерінің тек –ға жуығы
таулардың үлесіне тиеді. Олардың өзі онша биік емес.
Австралия жерінің көпшілік бөлігінің тропик аймағында жатуы, климаттың
аса құрғақ болуын айқындайды. Оған материк жерінің 25-сін шөлдер алып
жатуы дәлел болады. Австралия жерінде ыстық, әрі құрғақ тропиктік климат
сипаты басымдық танытады. Тасман аралының оңтүстігі ғана қоңыржай белдеуге
кіреді. Ел аумағы агроклимматық ресурстағы біршама бай, ол активті
температура жиынтығы солтүстігінде 100000C-ден 5000-6000 С-ге дейін
ауытқиды. Тек Австралия Альпісінің биік бөліктерінде 30000C-ге төмендейді.
Жауын-шашын жеткілікті түрде (жылына 1000-2000 мм ) үлкен суайрық
жотасының шығысы мен жағалық бөлігіне түседі. Тасман аралы да ылғалды
біршама мол алады. Ал, материктің қалған бөлігінде жауын-шашын біршама аз
(жылына 120-500 мм) әрі ауыспалы ылғалды сипатта, яғни құрғақ және ылғалды
кезеңдерге бөлініп түседі. Жиі байқалатын құрғақшылық, маңды дауылдар
(вилли-вилли), орманды өрттер, апатты нөсер жаңбырлар Австралия
шаруашылығына елеулі зиянын тигізіп отырады.
Материктің ішкі аудандарын шөлейт пен шөл алып жатыр, олардың көпшілігі
ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлер. Материк жерінің 60%-дан астам бөлігі
ағынсыз аса құрғақ аудандар. Бұл аймақтағы өзендер мен көлдер құрғақ
кезеңдерде кеуіп қалады, тек Муррей-Дарлинг жүйесіне кіретін өзендер ғана
суару мақсатында пайдаланылады. Ішкі құрғақ аудандарда беткі су
болмағанымен, өте кең алвпты қамтитын артезиан жер асты сулары ресурсының
мол қоры жинақталған. Олардың ішіндегі ең ірісі – Үлкен Артезиан алабы,
оның ауданы 1,7 млн. км2. Ол Квинсленд және Оңтүстік Уэльс штатында қой
шаруашылығын жүргізетін аудандарын сумен жабдықтайды.
Австралиядағы тұщы судың 70%-ға жуығы жерді суару үшін, 10%-ы мал
шаруашылығы мен ауылдық елді мекендердің тұрмыс қажеттілігі үшін, ал қалған
20%-ы өнеркәсіп қызметіне жұмсалады. Сондықтан да елдегі суармалы жердің
90%-дан астам шоғырланған субтропиктерде тұщы судың тапшылығы айқын
сезіледі және су пестицидтермен, азотты тыңайтқыштармен қатты ластануда.
Өндіріс пен ауыл шаруашылығы қызметіне пайдаланып, өз дәрежесінде
тазартудан өтпеген сулар құйылған Басс бұғазы және Сидней, Мельбурн,
Брисбен, Перт қалалары маңындағы мұхит сулары да ластанып, кейбір маржандық
аралдар фаунасы мен флорасына нұқсан келуде.
1966 жылдан бастап Австралия Одағы су ресурстарын тиімді пайдалану мен
қорғаудың ұлттық бағдарламасын еңгізді. Онда су ресурстарын аумақ бойынша
қайта бөлу мен қайта пайдалану мәселелеріне ерекше мән берілген. Осы
мақсатта Батыс Австралияда теңіз суларын тұщыландыру жүйелері іске қосылды.

Австралия жерінің бар болғаны 5,5 %-ын ғана орман алып жатыр,
негізінен, материктің солтүстігін, шығысы мен оңтүстік-батыс бөлігінде ғана
таралған. Басым түрде эвкалипт және акация ағаштарынан тұрады. Мирта
тұқымдасына жататын эвкалипттердің Австралияда 350-ден аса эндемик түрі
кездеседі, ал акациялардың 500-ге жуық түрі өседі. Өте ерте кезде басқа
материктерден бөлініп, оқшау дамығандықтан, материктеші 12000-нан аса
өсімдіктердің 75%-ы, ал жануарлардың 910-ы эндемиктер болып табылады.
Австралияның тіршілік дүниесі өзіндік ерекшелігіне байланысты материктегі
басты байлық қатарына жатады.
Австралияның халықаралық нарықтағы орнын анықтаушы басты байлығы –
минералдық ресурстар. Ежелгі платформалық құрылым болғандықтан, кен
байлықтары, әсіресе, боксит, қорғасын, мырыш, темір, никель, уран
кендерінің қоры өте мол. Австралия дүние жүзінде боксит (дүние жүзілік
қордың 13-і), рутил, ильменит, цирконий, монациттің (керамиканың ерекше
түрлері, лазер, талшықты оптика үшін қажетті шикізат) қоры жөнінен бірінші
орында; темір, никель, алтын, қалайының қоры жөнінен алдыңғы орындарды
иеленеді. Квинсленд штаты мен теңіз қайрандарынан мұнай, ал Батыс Австралия
штатында табиғи газ кен орындары ашылды. Сондай- ақ, Австралия жерінде
дүние жүзіндегі уран қорының 13-і (Солтүстік, Батыс және Оңтүстік
Австралия) шоғырланған. Австралия мысалынан экономикасы шикізатқа
маманданған елдердің де жоғары даму дәрежесіне жетуге мүмкіндігі бар екенін
айқын көруге болады.

2.2 Шаруашылығының дамуындағы ерекшеліктері мен жалпы сипаттамасы

Австралияның шаруашылық тарихы ХІХ ғасырда алтын табылуы мен қой
шаруашылығынан басталады. Алтын мен жүннің Ұлибританияға экспортталуы ХІХ
ғасырдың 90-жылдары аяғында ауыр экономикалық кризиспен шешілген
экологиялық бумға алып келді. Жер дауы спекуляциясы мен ақша нарығы және
сауданың нашарлап кеткен жағдайы онсызда нашарлаған экономикада Австралияға
британдық капиталдың экспортталуының тоқтауына алып келді.
ХІХ ғасырдың 90 жылдары депрессия тәжірибесі жаңа сауда серіктерін
іздеу, экономиканы диверсификациялауға, шикізат экспортынан алынған табысты
әділ бөлуге ұмтылдыруға жетеледі. Бірақ, депрессиядан кейін болған екінші
дүние жүзілік соғыстың периоды жинақталған жүкті өз шегінде жетілдіруге
мүмкіндік бермеді. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Австралияда
капиталдың импортына негізделген жаңа экономикалық бум басталды. Өндірістің
негізгі саласындағы көп үлес шетелдік компанияларда болғанына қарамастан,
шетелдік компаниялар ағыны австралиялық экономиканы қайта құрылымдауға және
модернизациялауға мүмкіндік берді, оны халықаралық еңбек бөлінісіне жазуға
мүмкіндік берді.
Сыртқы нарыққа тәуекелділік, әлемдік экономикалық кризис ауыр
күйзеліске алып келгенде, 70-жылдардың басында айқын көрініс берді.
Австрвлиялық үкімет саясатын кризиске реакция ретінде протекционизм жаулап
алды.
Австралиялық экономикаға тек 80-жылдардың басында қайта тұруға мүмкін
болды, содан бері ол берік түрде дамып келеді. Өйткені, бұл өсудің
негізінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Австралия және мұхит аралдары
Жер бедері
Австралияның географиялық орны
Австралия
Австралия материгі
АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Географиялық орнының физикалық географиялық ерекшелігі
Жер беті ландшафттарының типтері. Тропикалық және экваторлық ландшафт типтері
Аустралия материгіне және Океанияға географиялық шолу
МАТЕРИКПЕН МҰХИТТЫҚ АРАЛДАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫНА СИПАТТАМА
Австралия жағаларының пішіні
Пәндер