Жұмыссыздық мәселесі туралы мәлімет



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ СИПАТЫ МЕН ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Жұмыссыздықдың экономикалық мәні және оның экономикаға тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қазақстан Республикасы жұмыссыздық пен жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу мен құқықтық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІН ЖҰӨ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР АРҚЫЛЫ ТАЛДАУ

2.1 ҚР.сы жұмыссыздық пен жұмысбастылық деңгейінің қазіргі таңдағы статистикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 ҚР жұмыспен қамту мәселесін ғылыми тәжірибеде талдау ... ... ... ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Бүгiнгi таңда әлемнiң дамыған елдерiнiң қай-қайсысын алып қарасақта олардың экономикасының негiзгi бағытының бiрi әлеуметтiк салаға бағытталған болып келедi. Өйткенi әлеуметтiк сала сол елдегi халықтың тұрмыс жағдайын, халықтың өмiр сүру деңгейiн және сол елдiң жалпы экономикасының жағдайын көрсетедi.
Сондықтан әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру үшiн тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде. Ал әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту ең бiрiншi сол елдiң еңбек рыногына, халықтың ақшалай табыстарына, елдегi экономикалық активтi халық пен жұмыссыздық деңгейiне байланысты болады.
Осы еңбек рыногында макроэкономикалық тепе-теңдiктiң бұзылуы экономикада қоғам дамуына тиiмсiз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты қалыптастырады. Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ қазiргi уақытта жұмыс орны жоқ адамдар табылады. Сондықтан да жұмыссыздық ел экономикасының жағдайын көрсететiн бiрден-бiр көрсеткiш. Себебi, жұмыссыздық тiкелей елдiң экономикалық құрылымына, өнеркәсiп салаларына, жалақы деңгейiне, халықтың әлеуметтiк жағдайына әсер етеді.
Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасы проблемасының өзектілігі жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнi мен мазмұнын ашып, оның макроэкономикалық теңсіздікке және макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін қарастыру, жұмыссыздықтың елiмiз экономикасындағы жағдайы мен ерекшелiктерiн қарастыру болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі” деп алынды.
Бұл тақырыпты орындаудағы негiзгi мақсат болып жұмыссыздықтың экономикалық мәнін ашу, олардың түрлері мен әлеуметтік-экономикалық салдарын қарастыру, сонымен қатар еліміздегі жұмыссыздық пен жұмыспен қамту жағдайын және олардың құқықтық негіздерін талдау болып табылады.
Мақсатқа жету барысындағы атқарылатын мiндеттер келесiдей болып табылады:
- Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементi ретiнде қарастыру және жан-жақты талдау;
- Жалақы және жұмысбастылық және олардың өзара байланысын қарастыру, сонымен қатар елiмiздегi жұмысбастылық пен жалақы деңгейiн талдау;
- Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың жалақы, инфляция және жұмысшы күшi ұсынысы және сұранысымен байланысын анықтау;
- Жұмыссыздықтың түрлерi мен олардың экономикаға тигiзер әсерiн қарастыру;
1. Жұмамбаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003 – 171 б.
2. Рынок труда. Учебник / под. ред. проф. В.С. Буланова и проф. Н.А. Волгина. – М.: МГУ, 1996 г.
3. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика. - Оқулық. – Алматы. Экономика. - 2003. – 432 бет.
4. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – СПб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
5. Агапова Т. А., Серегина С. Ф. - Макроэкономика : Учебник. – МГУ. - Изд-во “Дис”. - 1999. – 416б.
6. Статистический ежегодник. Алматы. – 2008г. – 467 б.
7. Джумамбаев С.К. Рынок труда в казахстанской экономике. – Алматы: Ғылым, 2006 г.
8. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика. - Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М., - Дело. 2002. – 472 б.
9. “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы”: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсанындағы заңы // Егемен Қазақстан, 1999 ж., 24 желтоқсан.
10. “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы заңы // Егемен Қазақстан, 2001 ж, 30 қаңтар.
11. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
12. «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане» // Бердибек Сапарбаев, РЦБК, №4, 2007 г.
13. Журнал. Экономика и права Казахстана, 2008 г. № 1,2,3.
14. Е.Б.Жатканбаев, К.С.Мухтарова. Безработица как фактор снижения уровня жизни населения \\Вестник КазГУ. Серия Экономическая,2007№1
15. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан», 2007ж 3 наурыз.
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2007 жылғы 29 тамыз, №754, Астана, Үкімет Үйі.
17. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ СИПАТЫ МЕН
ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5

1.1 Жұмыссыздықдың экономикалық мәні және оның экономикаға тигізетін
әсері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қазақстан Республикасы жұмыссыздық пен жұмысбастылықты мемлекеттік
реттеу мен құқықтық қамтамасыз ету
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

2 Қазақстан Республикасы жұмыссыздық мәселесін ЖҰӨ және басқа да
экономикалық категориялар арқылы талдау

2.1 ҚР-сы жұмыссыздық пен жұмысбастылық деңгейінің қазіргі таңдағы
статистикалық көрсеткіштері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..15
2.2 ҚР жұмыспен қамту мәселесін ғылыми тәжірибеде талдау
... ... ... ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 33

КIРIСПЕ

Бүгiнгi таңда әлемнiң дамыған елдерiнiң қай-қайсысын алып қарасақта
олардың экономикасының негiзгi бағытының бiрi әлеуметтiк салаға бағытталған
болып келедi. Өйткенi әлеуметтiк сала сол елдегi халықтың тұрмыс жағдайын,
халықтың өмiр сүру деңгейiн және сол елдiң жалпы экономикасының жағдайын
көрсетедi.

Сондықтан әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру
үшiн тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға
өтуiне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде. Ал
әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту ең бiрiншi сол елдiң еңбек рыногына,
халықтың ақшалай табыстарына, елдегi экономикалық активтi халық пен
жұмыссыздық деңгейiне байланысты болады.

Осы еңбек рыногында макроэкономикалық тепе-теңдiктiң бұзылуы
экономикада қоғам дамуына тиiмсiз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты
қалыптастырады. Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы
еңбекке қабiлеттi, бiрақ қазiргi уақытта жұмыс орны жоқ адамдар табылады.
Сондықтан да жұмыссыздық ел экономикасының жағдайын көрсететiн бiрден-бiр
көрсеткiш. Себебi, жұмыссыздық тiкелей елдiң экономикалық құрылымына,
өнеркәсiп салаларына, жалақы деңгейiне, халықтың әлеуметтiк жағдайына әсер
етеді.
Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасы проблемасының
өзектілігі жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнi
мен мазмұнын ашып, оның макроэкономикалық теңсіздікке және
макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін қарастыру, жұмыссыздықтың елiмiз
экономикасындағы жағдайы мен ерекшелiктерiн қарастыру болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы
жұмыссыздық мәселесі” деп алынды.
Бұл тақырыпты орындаудағы негiзгi мақсат болып жұмыссыздықтың
экономикалық мәнін ашу, олардың түрлері мен әлеуметтік-экономикалық
салдарын қарастыру, сонымен қатар еліміздегі жұмыссыздық пен жұмыспен қамту
жағдайын және олардың құқықтық негіздерін талдау болып табылады.
Мақсатқа жету барысындағы атқарылатын мiндеттер келесiдей болып
табылады:
- Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементi ретiнде қарастыру және жан-
жақты талдау;
- Жалақы және жұмысбастылық және олардың өзара байланысын қарастыру,
сонымен қатар елiмiздегi жұмысбастылық пен жалақы деңгейiн талдау;
- Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың жалақы, инфляция және жұмысшы күшi
ұсынысы және сұранысымен байланысын анықтау;
- Жұмыссыздықтың түрлерi мен олардың экономикаға тигiзер әсерiн
қарастыру;
- Жалақы, жұмысбастылық, кәсiподақтар және жұмыссыздық, олардың өзара
байланыстары, мәселелерiн және шешу жолдарын ұсыну болып табылады.
- Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесiнiң жалпы жағдайын, олардың
өзiндiк ерекшелiгiн қарастыру.
Жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жұмыссыздықтың
экономикалық-әлеуметтік мәні, жұмыссыздық формалары және жұмыссыздықтың
макроэкономикалық тиімсіздікке әсері мен оны әлеуметтік қорғау
қарастырылса, ал екінші бөлімде Қазақстандағы жұмысбастылық пен жұмыссыздық
мәселесі, оларды шешу жолдары, жұмыссыздық пен жұмысбастылықтың бүгінгі
таңдағы статистикалық көрсеткіштері талданып, еліміздің жұмыссыздық және
жұмыспен қамту мәселесі, оның макроэкономикалық тұрақсыздыққа әсері
талданып, бүгінгі таңдағы әлеуметтік саланы реттеудегі мемлекеттер шаралар
мен Елбасының Жолдаулары қарастырылады.

1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ СИПАТЫ МЕН ФОРМАЛАРЫ

1. Жұмыссыздықдың экономикалық мәні және оның
экономикаға тигізетін әсері

Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшiн көптеген әлеуметтiк-экономикалық
мәселелердi өзiмен алып келедi. Жеке адам үшiн ол өндiрiстен кету деген
сөз, қызметкер еңбек табысы көзiнен айырылып, көтерiңкi психикалық жүк
көтередi. Ал қоғам үшiн ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы
жойылады, қоғамның әлеуметтiк жiктелуi күшейедi, жастарға байланысты
мәселелер асқынады және т.б. бос уақыт пайдасы жұмыссызбен келетiн
кемшiлiктердi басып кетуi шүбәлi болып келедi. Сонымен қатар бұл құбылыстың
кемшiлiктерiн бiржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға
жұмыссыздықтың табиғи деңгейi тән, жұмыс күшiнiң белгiлi резервi әрқашан да
болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықта экономиканың нормальдi
қызметiне қажеттiлiгi бар деуге болады. 1, 36 б
Жұмыссыздық мәселелерi көптен берi зерттелуде, бiрақ жұмыссыз қатарына
кiмдi жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткiштерi, жұмыссыздық деңгейiне әсер
ететiн факторлар және т.б. сұрақтар осы уақытқа дейiн талқыланып жатыр.
Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленiсе түстi, өйткенi экономикалық
дағдарыс және әлеуметтiк еңбек қатынастары күрт өзгеруiне байланысты адам
қылықтарына өзгешелiктер ендi.
Жұмыссыздық туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған
келесiдей анықтама беруге болады: жұмыссыз адам – ол қазiргi жалақы мен
еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бiрақ жұмыс iстей алатын және жұмыс iздеп
жүрген адамдар. Ал жұмыссыздықты – экономикалық белсендi халықтың бiр
бөлiгiн жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құблыс деп бiлемiз. Халықаралық
еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетiн жұмысы жоқ,
жұмыс iстеуге дайын және соңғы төрт ай iшiнде жұмысты әр жолмен iздеген
адам танылады.
Жұмыссыздықты есептеу формуласы (u) жұмыссыздар саны (U) экономикадағы
белсендi халық санына (L) бөлу арқылы табады және пайызбен көрсетiледi.
3, 97 б
u = U L = U U+E
(1)
Экономиканың рыноктық қатынастар арқылы дамуында еңбекке деген сұраныс
және еңбек ұсынысы арқылы еңбек рыногында тепе-теңдiк жағдай орын алады деп
есептелiнедi. Бiрақ шын өмiрде мұндай еңбек рыногының тепе-теңдiгiнiң орын
алуы сирек кездеседi. Еңбек рыногының тепе-теңдiгi дегенiмiз экономикадағы
қызмет етiп отырған кәсiпорындар қанша жұмыс күшiн қажет етсе соған сәйкес
экономикада жұмысқа ынталы экономикалық активтi халықтың саны сондай
дегендi бiлдiредi. 1, 116 б
Шындығында еңбек рыногында еңбек сұранысы еңбек ұсынысынан артық болып
отырады. Яғни, экономика заңдылығы бойынша жұмыссыздықтың табиғи деңгейi
орын алады дегендi бiлдiредi. Егер де осы табиғи деңгейден асып кетсе
(жұмыссыздық табиғи деңгейi Оукен заңы бойынша 3%) , онда экономикада
тұрақсыздық жағдай жұмыссыздық мәселесi орын алады.
Бұл жағдайды келесi еңбек рыногының тепе-теңдiк графигiнен көруге
болады. Сурет-1. 2, 568 б

Жұмыссыздық NS
W1 A B

E
WE

Nd

Na NE Nb N

Сурет-1 – Еңбек рыногындағы тепе-теңдiк

Бұл суреттен көретiнiмiз еңбек сұранысы қисығы Nd мен еңбек ұсынысы
қисығы NS қиылысында Е нүктесi пайда болады, ол нүкте еңбек рыногындағы
тепе-теңдiктi сипаттайды. Осы тепе-теңдiк нүктеге сәйкес WE нақты
жалақының және NE жұмысбастылық деңгейiнiң тепе-теңдңгi шығады. Егер
жалақы W1 деңгейде жоғары болатын болса, онда рыноктық сәйкессiздiк
нәтижесiнде ұсынылатын еңбек көлемi еңбекке сұраныстан В-А мөлшерде өседi,
осының нәтижесiнде Nb- Na мөлшерде экономикада жұмыссыздық пайда болады.
Сонымен, жұмыссыздық бұл еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс
сәйкессiздiгiнен пайда болатын еңбек рыногының бөлiнбес элементi. Жұмысшы
күшi болып табылатын адамдар еңбек рыногына қатысуына байланысты бiрнеше
категорияға бөлiнедi.
Еңбекке қабiлеттi адамдар – жасына және денсаулығына қарай еңбек
етуге қабiлеттi адамдар. Адамдардың жекелеген категорияларға бөлiнуi
олардың экономиканың рыноктық немесе рыноктық емес секторларында жұмыс
iстеуiне байланысты жүргiзiледi. Яғни, рыноктық емес құрылымда қызмет
ететiндерге мемлекеттiк әскер, полиция, мемлекеттiк аппарат және т.б.
институттар кiредi.
Жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ
жұмыс орны жоқ адамдарды айтады. Жұмысы бар тұлғалар және жұмыс күнi толық
емес тұлғалар жұмысбасты адамдар болып табылады. Жалпы жұмысшы күшiне
жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.
Жұмысшы күшi құрамына кiрмейтiндер өзара жеке категория болып
табылады. Бұларға жұмысы жоқ және жұмыс iстеу талабы жоқ адамдар жатады.
Сондай-ақ жұмыс iстегiсi келетiн, бiрақ әр түрлi себептермен жұмыс iстеуден
күдер үзген адамдар. Адамдардың бұл категориясы жұмыссыздарға кiрмейтiн
адамдарға жатады.
Жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық келесi көрсеткiштер арқылы
сипатталады:
1) Институционалдық емес адамдар;
2) Жұмыс iстеушiлiердiң саны;
3) Жұмыссыздар саны;
4) Жұмысшы күшiнiң құрамына кiрмейтiн адамдардың саны.
Осы көрсеткiштердiң арасында өзара келесiдей байланыс бар:
1) Жұмысшы күшiнiң саны ЧРС = ЧЗ+ЧБ;
2) Халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесi ЧЗ = ЧЗЧИН;
3) Халықтың жұмыссыздық дәрежесi УБ = ЧБ (ЧЗ+ЧБ);
4) Жұмыссыздықтың нормасы NБ = ЧБ (ЧЗ+ЧБ) * 100%; 1, 117 б
Макроэкономика тұрғысынан осы көрсеткiштердiң дәрежесi мен динамикасы
бiрнеше факторларға тәуелдi, оларға демографиялық, жастық және жыныстық,
этникалық, халықтың әлеуметтiк құрамы, жекелеген аймақ пен салалардағы
еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
Жұмыссыздықтың дәрежесiн батыс статистикасы қолданатын
көрсеткiштермен айқындауға болады, яғни жұмыссыздықтың таратылуы мен
мерзiмiнiң ұзақтылығын. Жұмыссыздықтың таратылуының көрсеткiшi жұмысшы
күшiнiң жұмыссызданған бөлiгiн сипаттайды. Жұмыссыздықтың ұзақтық
мерзiмiнiң көрсеткiшi бар болған жұмыссыздықтың орташа ұзақтығын
сипаттайды.
Батыс экономистерiнiң көбiсi рыноктық жағдайда жұмыссыздықтың белгiлi
бiр дәрежесiн болуын заңды және қажет деп мойындайды. Дж.Кейнс амалсыз
жұмыссыздықтың түсiнiгiн жиынтық сұраныстың бейiмдiлiгiнiң жеткiлiксiз
екендiгiнен болады деп есептейдi. Оның пiкiрiнше, толық жұмыспен қамтылу
тиiмдi сұраныстың қосымша кеңеюiне байланысты жұмысшылардың санының
өзгермеген жағдайы болып табылады. Тиiмдi сұраныстың әрi қарай өсiмi тек
таза инфляциялық өсiм болады. Осындай кезде амалсыз жұмыссыздық нолге тең.
Кейбiр экономистер жұмыссыздықты еңбек рыногының икемдiлiгiнiң
көрсеткiшi деп санайды. Осы жағдайда жұмыссыздықтың табиғи дәрежесi туралы
айтылады. Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатындығына
байланысты сипатталады. Негiзгi экономикалық ресурс жұмысбастылықты
қолдайтын жұмыс күшi болады, бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.
Табиғи жұмыссыздық деңгейi - бұл жұмыс iстеудi қалайтындардың жалпы
санының iшiнде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткiшi.
Статистикалық деректерде әрбiр адам үш түрлi санаттың бiреуiне жатады.
Оларға: жұмыс iстейтiн, жұмыссыз және жұмыс күшiне кiрмейтiндер. Жұмыс
iстейтiн адам деп – үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы
жұмыс iстейтiндер осы топқа кiредi.
Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыз
қатарына кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық
деңгейіне әсер ететін факторлар және т.б. сұрақтар осы уақытқа дейін
талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленісе түсті,
өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт
өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.
Қазақстан заңдарында кімді жұмыссыз қатарына жатқызу керек екені
жазылған. Статистикалық жинақтарда да бұл түсінікке анықтама берілген.
Соларға қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шын күйін бағалау
өте қиын. Мысалы, көптеген адамдар жұмыссыз қатарына жатқызатын барлық
критерийлерге сәйкес келеді, бірақ объективті және субъективті себеппен
жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындарында жұмысқа орналастыратын
мүмкіншілігіне сенбеу, алыс жерде тұруы, азаматтардың өз құқыларын білмеуі
және т.б. Екінші жағынан, халықтың жұмыспен қамтылуын көрсететін мамандар
әр түрлі себеппен бұрмаланады: олар демалыста болуы мүмкін, ауырып жұмысқа
көпке дейін шықпайды, кәсіпорын әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт
тұрап қалады және т.б.
Жұмыссыз туралы көптеген анықтамаларды жинасақ, оған келесідей
анықтама беруге болады: жұмыссыз - ол қазіргі жалақы мен еңбек жағдайында
жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алады және жұмыс іздеп жүрген адам. Ал
жұмыссыздықты- экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар
құрайтын экономикадағы құбылыс деп білеміз. Халықаралық еңбек ұйымының
анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс істеугу
жайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам танылады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейi дегенiмiз – оң өлшем, өйткенi уақытша
жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшiн уақыт керек. Құрылымдық
жұмыссыздарға да оқу курстарынан өту үшiн уақыт керек. Егер жұмыс iздеп
жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күшi
рыноктары сәйкес келмейдi деген сөз, мұндай жағдайда жиынтық сұраныс
тапшылығы мен циклдiк жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда
жиынтық сұранысы артық болған жағдайда жұмыс күшiнiң жетiспеушiлiгi
байқалады, яғни бос жұмыс орындарының саны жұмыс iздеп жүрген адамдар
санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейi
жұмыссыздықтың табиғи деңгейiнен төмен болады. Еңбек күшi рыноктарындағы
мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады. 2, 563 б
Экономикадағы жаппай жұмыссыздықтың орын алуы әлеуметтiк-экономикалық
мәселелердiң макроэкономикалық сипаттағы ең ауыр жағдайы екенi белгiлi. Ол
қоғам өмiрi мен адамдар арасындағы өркениеттiк қатынастар формаларына нақты
қауiп тудырады. Мысалы, жаппай жұмыссыздық орын алған кезде қоғамда ұрлық,
адам өлтiру, тонау, адамдарға сенiмсiздiк жиi қайталанады. Бұл дегенiмiз
экономикалық құылыс болып табылатын жұмыссыздықтың өршуi қоғамдық,
адамзаттық қатынастарға керi әсерiн тигiзедi дегендi бiлдiредi.
Қандай да қоғам болмасын, жұмыссыздықтың әлеуметтiк және экономикалық
шығындарымен байланысты болады. Қоғамның экономикалық шығындары өндiрiлген
тауарлар мен қызметтердiң құнымен, мемлекеттiк бюджетке түсетiн салық
түсiмдерiнiң азаюымен, жұмыссыздық бойынша төленетiн жәрдемақының өсуiмен,
мемлекеттiк еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау органдарға
жұмсалатын қаражаттармен өлшенедi.
Жұмыссыздық өз кезегiнде макроэкономикалық әлеуметтiк-негативтiк
процестердi күшейтедi. Қоғамдағы әлеуметтiк қайшылықтарды шиеленiстiредi.
Сондықтан барлық елдер жұмыссыздық мәселесiн басты орынға қойып, онымен
күрес жүргiзедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiз үшiн де өзектi болып табылады.
Өйткенi елiмiз экономикасында егемендiгiн алғаннан кейiн жаппай жұмыссыздық
орын алып, ол соңғы бiрнеше жылда ған шешiмiн тауа бастады. Ендi
жұмыссыздық мәселесiн ұлттық экономика деңгейiнде қарастырайық.

2. Қазақстан Республикасы жұмыссыздық пен
жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу мен құқықтық қамтамасыз ету

Әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру үшiн
тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға
өтуiне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде және оны
мемлекеттік тұрғыдан реттеп отырудың қажеттігі туындап отыр.

Еліміздің жұмыспен қамту туралы мемлекеттік саясатын келесідей етіп
топтастыруға болады.

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп
түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек
жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға,
жұмыс орындарын ашуға;
3) бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық
саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне
бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк
бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн
дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде
нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi
ынталандыруға;
6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек
делдалдығын ұйымдастыруға;
7) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан
шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға;
8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек
рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды
жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және
әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн
шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп
отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң
Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты
мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын
шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу
ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын
жүргізуге бағытталған. 10
Жұмыспен қамтылған халыққа:
1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, соның iшiнде жұмысты сыйақы үшiн
толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы
төленетiн өзге жұмысы (қызметi), табысы бар;
2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын;
3) өз бетiнше жұмыспен айналысатын;
4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша
өткiзетiн;
5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын
адамдар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң мүшелерi;
6) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекiтiлген;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен
әскери құралымдарында қызмет өткерiп жүрген;
8) қоғамдық бiрлестiктердi, қоғамдық қорларды және дiни бiрлестiктердi
қоспағанда, ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын,
мүлкiне құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүлiктiк құқықтары сақталмайтын
адамдар жатады. 10
 Халықты жұмыспен қамту туралы заңдарға:
1. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Жұмыспен қамту туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына,
шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым
болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн
реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.
 Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың
негiзгi принциптерi және бағыттарына келесілер жатады:
1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы
қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргiзілуiн қамтамасыз етедi.
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп
түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек
жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға,
жұмыс орындарын ашуға;
3) бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық
саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне
бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк
бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн
дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде
нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi
ынталандыруға;
6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек
делдалдығын ұйымдастыруға;
7) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан
шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға;
8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек
рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды
жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және
әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн
шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп
отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң
Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты
мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын
шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу
ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын
жүргізуге бағытталған. 10
 Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:
1) Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:
2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;
3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа
орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.
2) Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Нысаналы топтарға:
табысы аз адамдар:
жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың
қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы
ата-аналар жатады.
Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асырудың құқықтық мәселелері
келесідей сипат алады:
1) Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртiбiн, оның құқықтық мәртебесiн
және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2) Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
1) уәкiлеттi органдарға әдiстемелiк және ұйымдық басшылықты жүзеге
асыруға;
2) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын құру негiзiнде жұмыс
күшiне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халық пен Қазақстан
Республикасының Үкiметiне еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлап отыруға;

3) халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзiрлеуге;
4) iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келiсiм-шарттар
жобаларын қарауға қатысуға;
5) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан
шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен лицензия беруге, оны тоқтата тұруға және
керi қайтарып алуға;
6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін
шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы
қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және
тәртіппен бөлуге;
7) мүдделi органдармен бiрлесе отырып, кадрлар әзiрлеу мен оларды
жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтауға;
8) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға мiндеттi.
3) Орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының
ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана
отырып, электрондық қызметтер көрсетеді. 11
Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске
асыруды:
1) мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатына сәйкес аймақтық бағдарламалар
әзiрлеу;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы
топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын
анықтап отыру;
3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша
жұмыс орындарын ашуды қолдау;
4) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсету;
5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге
асыру арқылы қамтамасыз етедi.
    Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы:
1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен
ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем
көрсету;
2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін
дамыту;
2-1) кадрларды бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау;
3) құрылымдық өзгерiстер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық
әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;
5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды
ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа
қабылдау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкерлерді
сақтандыру арқылы қатысады.
2) Жұмыс берушi:
1) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына
байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын
қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және
еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны
мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату
басталардан кемінде бiр ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат
беруге;
2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш
жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiберуге;
3) уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа
қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол
туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап
бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;
4) мүгедектер үшiн жұмыс орындарының белгiленген квотасын орындауға;
5) уәкiлеттi органға алған мамандығы мен бiлiктiлiгiн көрсете отырып,
кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен
адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге мiндеттi. 10
3) Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарастырылады.
Жұмыссыздықтан мемлекеттiк әлеуметтiк қорғау келесідей шаралар
негізінде іске асады және мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың
мынадай түрлерiн көрсетедi:
1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2) жұмыссыздар үшiн кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру, қайта даярлау
және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
3) қоғамдық жұмыстарда iстейтiн жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес
мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету.
  Жұмыссыздарды тiркеу келесі кезеңдерден тұрады:
1) Жұмыс тапқысы келетiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекпен қамту органы және азаматтарды жұмыспен орналастыру кепілдіктері
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ СТАТИСТИКАСЫ
Жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері
Еңбек биржасы мен жұмыссыздықтың теориялық мәселелері
Институционалдық емес адамдар
Жұмыссыздық мөлшері
Әлеуметтік-экономикалық қауіп-қатер. Кедейшілік және жұмыссыздық
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейінің өсу себептері
Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту
Талдау нәтижелерін жалпылау
Пәндер