Аударма түрлерінің қазіргі жіктемесі



КІРІСПЕ
І Аударма түрлерінің қазіргі жіктемесі
1.1 Түпнұсқа мәтін және аударма мәтінді ұсыну формасы бойынша аударма түрлері
1.2 Жанрлық . стилистикалық ерекшеліктері жағынан аударманың түрлері
ІІ Аударма ісінің түпнұсқа авторына қатысы бойынша аударманың түрлері
2.1 Аударманың қолданылатын бірліктері бойынша аударманың түрлері
2.2 Аударманың түпнұсқаға сәйкес келу сипаты жағынан аударма түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Аударма дегеніміз ең қарапайым анықтама бойынша – бір тілдегі ойды ауызша немесе жазбаша түрде екінші тілде беру. Аударманың шығыуын ғылым адамзат қауымның алғашқы дамуы дәуірімен, яғни тілдің шығуымен байланыстырады. Қарым – қатынастың құралы ретінде әр түрлі тіл пайда болғанда, бір тілде сөйлейтіндердің екінші тілде сөйлейтіндермен түсінісу қажеттілігінің негізінде аударма пайда болған.
Аударма – объективті түрде меңгеруге болатын реальді, тірі үдеріс. Жалпы аударма деген ұғым бірнеше түсінікті білдіреді:
Аударма – екі немесе одан да көп тілдердің арасындағы семантикалық бірлік сәйкестіктерін табу үшін жасалатын аударма. Бұл аударма негізінен екі тілді лексикография немесе салғастырмалы және салыстырмалы семантикалық зерттеулер жүргізу үшін қолданылады.
Аударма – белгілі бір тілде берілген ақпаратты басқа тіл құралдары арқылы беру;
Аударма - белгілі шығарма ішіндегі әр түрлі ақпаратты жеткізуді қамтамасыз ететін айтылыс құралдарын ғана іздестіріп қоймай, жаңа мәтіннің түпнұсқаға және түріне (ішкі және сыртқы) толық сәйкесуін қамтамасыз ету үшін жасалатын аударма, яғни көркем шығарманы және аударылатын тілде қолданыс таппаған ұғымдарды аудару [5; 43].
Аударма жұмысы – бүгінгі таңда маќсат-мүддесі, тіршілік-әекеті бір адамзат ќоғамындағы аса маңызды, шартты ќұбылыс.
Аударма - ұшан-теңіз өмір ағысының бүкіл процесін ұштастыруға себепші болып отырған елеулі күштердің бірі.
Аударма барысында аудармашы тек қана екі тілді меңгерумен ғана шектелмей, аударманың тәсілдері, құралдарын, тәсілдемелерін және әр түрлі аударма трансформациясының түрлерін қолдана отырып, аударма стратегиясының теориялық принциптерін мүмкіндігінше башылыққа алады. Бірақ аудармашы аударма процесінде үнемі қайталанатын, типтік заңдылықтармен қатар, жеке, тұрақсыз, жалпылапуға көнбейтін фактларға да кездеседі. Мұндай жағдайда әр аудармашы бұл мәселені өзінше шешеді. Ол өзі лабиринттің жағдайына түсіп, мақсатқа жетуді тиімді жолмен шешуге тырысады. Бірақ қандай да аудармашы болсын аударманың толық және керекті барлық нұсқаларын қамти алмайды, әр аудармашы мүмкін нұсқалар мен интерпретцияның жартысын ғана керектен алады. Аудармашы өз бетінше әрекет жасайды, осы кезде түйсігін негіздеген ғылыми тұғырнама керек болады. Аударма шығармаылық үдеріс болғандықтан ол аудармашының білімі, санаткерлігі, тәжірибесі, өнертапқыштық, алдына қойған мақсатқа жеру үшінгі талпынысымен қатар, оның франтизиясының шыеайлығы және түйсігімен де байланысты болады.
1. Аударманың лексика-стилистикалық мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1987.
2. Талжанов С. Көркем аударма туралы. – Алматы, 1962.
3. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Қарағанды, 1997.
4. Комиссаров Н. Теория перевода. – Москва, 1990.
5. Айтбаев О.А. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. – Алматы, 1975.
6. Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. – Алматы, 1987.
7. Смағұлова Г. Өлең контексі прагматикасы. – Алматы, 1987.
8. Қазақ тілі энциклопедиясы. – Алматы, 1997.
9. Бектаев К- Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. - Алматы: Алтын қазына, 2001.
10. Ахметова С.Г., ТұрсынбаеваЖ..Б., Ысқакова Ж..Ы., Яровая Е.Ф. Заң терминдерінің казақша-орысша. орысша -қазақша аныктамалық сөздігі.- Алматы: Жеті жарғы, 2001.
11. Ағылшынша-қазақша сөздік. -Алматы: Мектеп, 2004.
12. Кеңесбаев I. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. - Алматы, 1987.
13. Токсейітов Р.К. Экономикалық анықтамалық сөздік. Экономический словарь-справочник. - Караганды: Болашак-Баспа, 1999.
14. Бүркітбай Г. Қазақ тілі түсіндірме сөздіктерінде арабизмдердің лексикографиялануы. Филолог . ғыл. канд. дисс. Алматы, 2003. – 143 б. Әбдірахман Ә.Ә. Құран Кәрімдегі тұрақты тіркестер мен термин сөздердің қазақ тілінде берілуі // Филолог . ғыл. канд. дисс. Автореф. Алматы, 2004.
15. А.Қ.Жұмабекова, Г.А.Жұмашева «Аударма терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі». Алматы, 2005 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Аударма дегеніміз ең қарапайым анықтама бойынша – бір тілдегі ойды
ауызша немесе жазбаша түрде екінші тілде беру. Аударманың шығыуын ғылым
адамзат қауымның алғашқы дамуы дәуірімен, яғни тілдің шығуымен
байланыстырады. Қарым – қатынастың құралы ретінде әр түрлі тіл пайда
болғанда, бір тілде сөйлейтіндердің екінші тілде сөйлейтіндермен түсінісу
қажеттілігінің негізінде аударма пайда болған.
Аударма – объективті түрде меңгеруге болатын реальді, тірі үдеріс.
Жалпы аударма деген ұғым бірнеше түсінікті білдіреді:
Аударма – екі немесе одан да көп тілдердің арасындағы семантикалық
бірлік сәйкестіктерін табу үшін жасалатын аударма. Бұл аударма негізінен
екі тілді лексикография немесе салғастырмалы және салыстырмалы семантикалық
зерттеулер жүргізу үшін қолданылады.
Аударма – белгілі бір тілде берілген ақпаратты басқа тіл құралдары
арқылы беру;
Аударма - белгілі шығарма ішіндегі әр түрлі ақпаратты жеткізуді
қамтамасыз ететін айтылыс құралдарын ғана іздестіріп қоймай, жаңа мәтіннің
түпнұсқаға және түріне (ішкі және сыртқы) толық сәйкесуін қамтамасыз ету
үшін жасалатын аударма, яғни көркем шығарманы және аударылатын тілде
қолданыс таппаған ұғымдарды аудару [5; 43].
Аударма жұмысы – бүгінгі таңда маќсат-мүддесі, тіршілік-әекеті бір
адамзат ќоғамындағы аса маңызды, шартты ќұбылыс.
Аударма - ұшан-теңіз өмір ағысының бүкіл процесін ұштастыруға себепші
болып отырған елеулі күштердің бірі.
Аударма барысында аудармашы тек қана екі тілді меңгерумен ғана
шектелмей, аударманың тәсілдері, құралдарын, тәсілдемелерін және әр түрлі
аударма трансформациясының түрлерін қолдана отырып, аударма стратегиясының
теориялық принциптерін мүмкіндігінше башылыққа алады. Бірақ аудармашы
аударма процесінде үнемі қайталанатын, типтік заңдылықтармен қатар, жеке,
тұрақсыз, жалпылапуға көнбейтін фактларға да кездеседі. Мұндай жағдайда әр
аудармашы бұл мәселені өзінше шешеді. Ол өзі лабиринттің жағдайына түсіп,
мақсатқа жетуді тиімді жолмен шешуге тырысады. Бірақ қандай да аудармашы
болсын аударманың толық және керекті барлық нұсқаларын қамти алмайды, әр
аудармашы мүмкін нұсқалар мен интерпретцияның жартысын ғана керектен алады.
Аудармашы өз бетінше әрекет жасайды, осы кезде түйсігін негіздеген ғылыми
тұғырнама керек болады. Аударма шығармаылық үдеріс болғандықтан ол
аудармашының білімі, санаткерлігі, тәжірибесі, өнертапқыштық, алдына қойған
мақсатқа жеру үшінгі талпынысымен қатар, оның франтизиясының шыеайлығы және
түйсігімен де байланысты болады.
Сонымен қатар аударылатын мәнтін, оның көлемі, жанарлық ерекшелігі,
аудармаға қөойылатын әр түрлі талаптарға қарамастан аударма ісінде бірлік
пен өзіндік қарым – қатынасы деген ұғым төңірегінде аударманың, түпнұсқаның
жанрлық – стильдік ерекшелігі мен аударманы түсіну, құруға байланысты әр
түрлілігі мен классификациясы қарастырлады. Аудармаға қойылатын түрлі
талаптар мен мәтіннің әр қилылығы, ерекшелілігіне қарамастан аударма
үдерісі (үдерісі) мен жалпы лингвистикалық механизм өзгермейді деуге
болады. Сондықтан аударма ісінің кең көлемделілігі мен әр түрлілігі және
олардың негізінде бірлік пен қарым – қатынас қағидаттығы (принципі) жатады.
Осы принциптің негізінде аудармаға қойылатын талаптар анықталады.
Аударма стратеиясының барысында аудармашы арнайы немесе кздейсоқ әр
түрлі принципиальды қондарылғыларға тап болады. Сондай ережелердің бірін
ағылшынның атақты ақыны, аудармашы Дж. Драйден Овидий негіздеген. Оның
пікірінше аудармашы:
-ақын болуы керек;
-түпнұсқа тілі мен ана тілін жетік меңгерген болуы керек;
-түпнұсқа авторының жеке ерекшеліктерін сезіне білу;
-өз талаптын түпнұсқа авторының таланты рақылы пайымдап беруі керек;
-түпнұсқаның мазмұнын сақтау керек;
-мағынасына нұқсан келтірілмейтін, түпнұсқаның көркемдігін сақтауды
көздеу керек;
-аудармада өлеңнің сапасын сақтау керек;
-авторды қазіргі ағылшындар қалай сөйлесе, дәл солай сөйлеуге мәжбүр
ету керек;
-шығарманың рухын түсірмеу үшін сөзбен – сөз аударудан аулақ болу
керек;
-түпнұсқаны жақсартып, жөндеуге тырыспау керек;
Өзектілігі: Қазіргі кезде аударманың қолданылмайтын саласы жоқ.
Телеграф агенттіктерінің хабарларын, газет матералдарын, техника мен ғылым
мағұлыматтарын алмасудың және көпшілікке таратудан ең тиімді жолы –
аударма. Бұл – көпұлтты, көптілді қоғамымыздың біртұтас дамуын
ұйымдастыруда, халықтардың мәдени және рухани табыстарын ортақтастыруда,
халықтардың қарым – қатынасын ұлғайтуда аударма нағыз дәнекерлеуші күш
болып отыр деген сөз.
Сауаттылықтық пен білгірлікті, білімділіті, тапқырлық пен көргендікті
қажет ететін пударма ісінің жөн – жосығын, оның ғылыми негіздерін жасап
айқындамай мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мүмкін емес. Осы тұрғыдан
алғанда аударма ісі бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып отыр.
Мақсаты:
1. Аударманың жалпы лингвистикалық негіздерін сипаттау, яғни аударма
процесінің негізінде қандай тілдік жүйенің ерекшеліктерінің және
тілдердің қызмет ету заңдылығының жатқанын анықтау;
2. Аударма ісі түрлері сыныптамасының негізін жасау;
3. Аударма эквиваленттілігінің мәнін түпнұсқа және аударма мәтіннің
коммуникативтік теңдігінің негізі ретінде анықтау;
4. Аударма процесінің жалпы қағидаттарының ғылыми сипаттамасын
аудармашының түпнұсқа мәтіннен аударма мәтінге айналдыру әрекеті
ретінде әзірлеу;
5. Аударма нормасы атты ұғымды анықтау және аударма сапасына баға
беру қағидаттарын әзірлеу.
Объектісі: Тіларалық және мәдениетаралық дәнекерлікті жүргізетін аудармашы
кез келген ұлттық тілдің тек қатынас жасау құралы емес, адамзат баласы
пайда болған кезден бері сақталып келе жатқан білім., дәстүр, тарихи және
мәдени тәжірибенің қорғаушысы екенін білу керек. Сондай-ақ, ол аудармашыдан
жауапкершілікті болуын және тіл, мәдениет және халықтар тарихы саласынан
хабардар болуын талап етеді. Осы қызметтің сәтті болуы үшін аудармашы тек
түпнұсқа тілдің және аударылатын тілдің лексикалық, грамматикалық және
стилистикалық ерекшеліктерін ғана зерттеп қоймай, сонымен қатар аударманың
арнайы машықтары мен дағдыларын, яғни негізгі әдіс – тәсілдерді меңгеру
керек.

І Аударма түрлерінің қазіргі жіктемесі
Тіларалық және мәдениетаралық дәнекерліктің қарастырылған түрлерінің
ішінде ерекше орында тұратыны қазіргі аударма практикасында белгілі бір
өлшемдер (белгілер) бойынша ажыратылатын түрлері бар – нақты аударма
(немесе транскодтау).
1-схемада аударманың 8 түрлі белгі бойынша бөлінген жіктемесі
көрсетілген:
1-схема. Аударма түрлерінің жіктелу белгілері

1.1 Түпнұсқа мәтін және аударма мәтінді ұсыну формасы бойынша аударма
түрлері

Түпнұсқа мәтін мен аударма мәтінді ұсыну формасы бойынша аударма 2
түрге бөлінеді: жазбаша және ауызша.
Жазбаша аударма мен ауызша аударманың бір-бірінен айырмашылығы - бұл
осы аудармалардың әрқайсысын жүзеге асыру барысыңда, аудармашы түпнұсқаның
әртүрлі үзінділерімен жұмыс атқарады. Аудармашы жазбаша аударма кезінде
түпнұсқадағы айтылымды бірінен соң бірін аударады, бірақ түпнұсқаның мәтіні
түгелдей оның қолында болады, және де әр айтылым берілген мәтіннің бірлігі
болып есептеледі. Аудармашы бөлек айтылымды бүкіл мәтіннің мазмұнымен
қатыстыра аударады; ол мәтіннің алдыңғы және соңғы бөлімдерінен аударма
нұсқасын таңдауға қажетті қосымша ақпаратты іздей алады, ойдың даму
логикасын, бөлек айтылымдар арасындағы дұрыс байланысты бақылай алады.
Ауызша аударма кезінде түпнұсқа мәтінін оратор сөйлегеннен кейін,
орташа сегментпен қабылдап, аударуы тиіс. Ол аударма барысында түпнұсқаны
басқа бөліктерін білуге мүмкіндігі жоқ. Аудармашы ауызша аударма барысында
коммуниканттармен тікелей қатынаста болады. Аудармашы тіларалық қатынаста
қатысушылармен кері байланыста болуға мүмкіндігі болады. Ол ауызша айтылған
сөйлемді, оның темпінің дұрыстығына қарамастан қабылдауға, оратордың сөйлеу
мәнерінің ерекшелігін қабылдауға, және сөйлеушілер мен тыңдаушылар
арасындағы түсінікті қамтамасыз етуге тиісті. Оратормен кері байланыс
болған кезде, айтылған ойды нақтылауға, бөтен терминнің мағынасын
айқындауға мүмкіндігі болады.
Ауызша аударма - қосарласқан аударма, ілеспе аударма, және парақтан
аудару сияқты ауызша рәсімдеуді қажет ететін, аударма түрлерінің барлығын
біріктіретін ұғым. Тәржіма процесінде түпнұсқа мен оның аудармасы ауызша
жасалғандықтан, аударманың бұл түрінде аудармашы түпнұсқа бөліктерін бір-ақ
рет қабылдап, оны кейіннен салыстыруға немесе жасалған аударманы түзетуге
болмайтынын ескертеді.
Ілеспе аудармада қабылдау және аудару параллельді түрде жүзеге асады.
Аудармашы осы кезде уақыт тапшылығына байланысты айтылымның бөлек
сегменттерін аударып, осы аударылған сегменттерден аударма мәтініндегі ойы
аяқталған айтылымдармен бірге құрады.
Ауызша аударма өз ішінен үшке бөлінеді:
1) ілеспе аударма
2)қосарласқан аударма
3)парақтан аудару
Ілеспе аударма - аудармашы шығыс мәтінді қабылдай отырып қатар жүзеге
асырылатын кәсіби аударманың күрделі түрі. Ілеспе аударма біржақты (1-
кодтан 2-кодқа немесе 2-кодтан 1-кодқа) орындалады. Ауызша аударманың бұл
түрі коммуникацияның ерекше жағдайларында жүргізіледі, яғни адресант
фразалық немесе абзацты-фразалық аударма жасауға мүмкіндік берместен,
үзіліссіз, еш кідіріс жасамай сөйлейді (мысалы: халықаралық конгрестерде,
әртүрлі елдердің саяси лидерлерінің кездесулерінде т.б.). Мамандар ілеспе
аударманы бірнеше түрге бөледі:
• Тыңдау арқылы орындалатын ілеспе аударма (негізгі түрі)
аудармашының барынша жинақы әрі шапшаңдығын талап ететін, өте тығыз уақытта
дыбысталып тұрған шығыс мәтін қатар аударылатын аударма түрі;
• Парақтан аударылатын ілеспе аударма дыбысталып тұрған шығыс
мәтінмен қатар жүргізілетін аударма. Бірақ түпнұсқаның параққа жазылған
нұсқасы аудармашыға беріліп, тірек болады. Аударманың бұл түрі шығыс
мәтіндегі ақпаратты толығымен жеткізу үшін көмекші болады;
• Алдын ала аударылған мәтінді ілесе оқу - шығыс мәтін айтылып жатқанда
алдын ала дайындалған аудармасын қатар ілесе оқу; аударманың бұл түрі
айтылып жатқан түпнұсқаны мағынасы жағынан да, стилистикасы жағынан да
толыққанды жеткізеді.
Қосарласқан аударма – мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын аударма.
Қосарласқан аударманың жазбалары бар және абзацты - фразалы, сондай-ақ, бір
жақты және екі жақты сияқты түрлері болады. Көбінесе қосарласқан аударма
деп, жазбалары бар аудармашылық әрекеттің кәсіби түрін атайды.
А) Біржақты аударма - ауызша бір бағытта ғана, яғни тек 1-кодтан 2-
кодқа ғана орындалатын аударма. Мысалы, келіссөз жүргізу барысында бір
аудармашы тек қазақ тілінен ағылшын тіліне, ал екіншісі ағылшын тілінен тек
қазақшаға аударады. Яғни олар біржақты аудармамен айналысады.
Ә) Екіжақты аударма - бір аудармашы екі бағытта аударады: 1-кодтан 2-
кодқа және 2-кодтан 1-кодқа. Мысалы, келіссөздер жүргізгенде кейде бір
аудармашы тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен тіліне де аударады.
Парақтан аудару - жазылған мәтінді алдын - ала оқымай, оны қабылдау
барысында ауызша аудару.
Ауызша аударманың теориясы ауызша аударманың барлық түрлерінің
мәселелерін қамтиды. Теорияларға сәйкес қарастырылатын қосарласқан, ілеспе
және парақтан аударудың өзіндік мәселелері ауызша аударма теориясының
шеңберінен аспайтын сана механизмі, аударманың таңбалық тәсілінің қызметіне
жатады.
Аударманы психолингвистикалық тұрғыдан классификациялау түпнұсқаны
(төркін тіл мәтінін) түйсіну, аударма мәтіні (екінші тілде) құрастыру,
сөйлеу барысын есепке алу негізделеді.
Мұндай аударма сөйлеу мәнері, түпнұсқаны түйсіну, аударылатын тілде
(ауызша енмесе жазбаша) мәтін құру арқылы жүзеге асырлады. Бұл аударма
жазбаша деген фиксировнаных мәтіе (жазбаша мәтін) арқылы қатынасқа түсетін
аударманың түрі. Мұндай мәтінге аудармашы бірнеше рет қайта оралып,
түзетулер мен толықтырулар енгізе алады.
Ауызша – түпнұсқа мен аудармашы тікелей қарым – қатынасқа түсіп,
түпнұсқаның бөліктерін аудармашы бір реткі түйсігі арқылы аудару. Бұл
жағдайда аударма жасалған соң оны толықтыру, қайта жасау, түзетулер
енгізугн мүмкіндік болмайды.
Аударма мәтінін ауызша аударма жасау кезінде құрастыру екі түрлі
формада болады:
1. түпнүсқа мәтінін түйсіну барысымен параллельді жүргізу арқылы;
2. түпнұсқа мәтінін түйсіну аяқталған соң, аударма мәтінін жасаудың
бұл формалары ауызша аударманың төмендегі түрлеріне ажыратылады:
– синхрондық немесе ілеспелі аударма;
– жүйелі немесе тізбектелген (последовательный) аударма;
– синхрондық аударма еекінші дүниежүзілік соғыстан соң пайда
болады.
Ең алғашқы кең көлемде пайдалану 1945 жылғы Нюренберг үдерісі кезінде
іске асыпрлады. Бұған дейін Халықтар Одағы және оның орнына пайда болған
БҰҰ – да тізбектелген аударма керектелініп келеді. Яғни, шешен, ділмарлар
өзінің айтар сөзін түгелбей немесе жартылай тәмамдалған соң ғана аудпрмашы
аударма жасауға кірісетін болған. Уақытты үнемдеу мақсатында БҰҰ-ның
Қауіпсіздік Кеңестінде ілеспелі аударманы керектенгеннің өзінде делагаттар
нақтылау аударма жасатуға (жүйелі аударма) құқылы болған.
Дегенмен бір уақытта тыңдау мен сөйлеудің ұштастыра алатын ілеспелі
аударма соңғы кезде өзінің тиімділігін дәлелдей түсті.
Ілеспелі аударма дегеніміз аудармашы шешен сөзін тыңдай отырып, 2 – 3
секундтей кешігіп, қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалана арқылы
аударма жасау. Қазіргі кездегі кәсіби ілеспелі аударма дегенді прнайы
жабдықталған аударма кабиналары, микрофон жүйелерімен, құлақаптармен
(наушниктермен) қамтамасыз етілген, техникалық құралдарды мүмкіндігінше
пайдаланған аударма ретінде түсінеді [9: 24].
Ілеспелі аударма жасау кезінде аудармашы тілдері еркін меңгергендігін,
тапқырлығы мен мәтінің басқа бөліктерінде айтылған ой немесе
аяқталатындығына мүмкіндігінше болжам жасай білуі, осының негізінде бүкіл
мәтіннің граматикалық құрылымы, сөз тіркестерін, сөйлемді басынан аяғына
дейін осы бағытқа қарай ойыстыруы өте тиімді. Және жоғары деңгейдегі кәсіби
аударма жасау үшін аудармашы мәтінімен алдын – ала танысу, сөйлеушінің
сөйлеу мәнері, сөз саптау тәсіліне анализ жасау, ал мұндай жағдай мүмкін
болмаса, аударатын мәтіндегі арнайы терминдерді білуі шарт.ілеспелі аударма
кезінде ақпараттың кейбір бөліктері түсіп қалары сөзссіз. Бірақ
аудармашының кәсіби шеберлігіне байланысты ақпараттың негізгі дәлелді
бөлігі емес, екінші дәрежелі экспрессивтік – эмоциональды бөлігі түсіп
қалады. Сөйлеушінің айтар ойвндағы негізгі және көмекші ойды ажырата білу
ілеспелі аудармашының кәсібилік деңгейінің өлшемі бола алады. Ал
тізбектелген аударма оратордың сөйлеу уақыты кемінде 7 – 10 минут
жалғасады, онан соң аударма жалғасады. Бұл бір жағынан, тыңдаушылардың
зерігуіне, мәтінің құндылығын елемеуге, тыңдармандардың жалығуына әкеп
соқтырады. Диаолгтық сөйлеу мәтіні (іскер әңгімелер, келісімдер) аудару
кезінде қиындық тудыратын жағдай аудармашы екі тілдің элементтерін тез
игеріп, анализ – синтез жасай отырып, тым жылдам тәржімалайтындығы болып
табылады.
Жүйелі аударма кезінде аудармашының ең негізгі мақсаты – оратор мен
оның тыңдаушылары арасындағы қарым – қатынасты қамтамасыз ету. Бұл үшін
аудармашы 2 – 3 беттік мәтінді (адамның қабылдау қабілетінен жоғары) еске
сақтау мақсатында әмбебап аудармалы түртулер (универсальный
переводческое скоропись) керектенді.
Екі жақты жүйелі аударманы шартты түрде екі кіші топқа бөлуге болады:
абзацты – фразалық
жазба түріндегі жүйелі аударма [9: 76].
Абзацты – фразалық аударманың жасалуы адамдардың әр түрлі қарым –
қатынасына жағдайларында – тұрмыс – тіршілікте, жұмыста, саяхатта, ресми
емес кездесулерде, қабылдауларда жасалады. Аударманың осы түрінен
аудармашының кәсіби біліктілігінің, кәсіди шеберлігінің тарихи басталарды
десе де болады. Бұл аударма кезінде аудармашының оперативті жадына түсетін
жүктеме тым көп емес және алдына ала жазғанын пайдалануға рұқсат
етілмейтіндіктен аудармашы тәржіманы фразалар немесе сөйлемдер көлемінде
жасайды. Абзацты – фразалық аудармаға қойылатын негізгі талап –
аудармашының реакцияны қабылдапуының тездігі, жағдайда тез бейімделе білу
дағдысы, әлемдік тарих пен мәдениет аумағындағы жалпыға ортақ ауызекі
сөйлеу тілінің оралымдарын жақсы меңгеруі, сөйлеу мәнерлерін, сол жағдайға
сәйкес клишерлерді ұтымды пайдалана білу.
Жазба түрінде жүйелі аударма ілеспелі аударма керектенбеген жағдайда
және жауапкершілікті қажет ететін – келісімдер, саяси, экономикалық –
қаржылық, құқықты және басқа сұрақтар бойынша жасалатын ресми кездесулер,
дәстүр, баяндамалар, баспасөз маслихаттары, семинарлар, дөңгелек үстел және
т.б. ресми іс – шаралар кезінде қолданады. Аудармашы әңгіме барысында оның
мазмұнын және ең негізгі бөліктерін өз бетінше белгілеп, қағазға түсітіп
алады. Бұл аударманың ұтымдылығы – аудармашы тәржіманың жоғары деңгейіндегі
дәлдігін қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болатындығында.
Ауызша аудару шебері Брайан Харрис ауызша және жазбаша аударудың
өзіндік ерекшелігін төмендегідей тұжырымдайды:
Жазбаша аударма кезінде аудармашыға мәтіннің бүтін нұсқасын белгілі
болады, сондықтан оның мазмұны да түсінікті болса, ауызша аударма кезінде
оратор мәтінді бөлшектеп береді, сондықтан шығатын қортынды, мәтіннің ары
қарай өрбуін аудармашы өзі болжап отырады [3: 96].
Аударма барысында коммуниканттардың – автор мен Рецепторлардың тікелей
қарым – қатынаста болуы енмесе мұндай қатынастың болмауы да аудармада өз
ізін қалдырады. Жазбаша аударма кезінде аудармашының түпнұсқа авторынан
таныс емес терминдерді анықтау, айтылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарнама ұрандарының аудармасы
Тіл қатынас жүйесі және аударма түрлері
Реалияның аудармасы
Кәсіпорынның шығыны және оның формалары
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда аудармашылық трансформацияларының негізгі типтері
Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру
Көркем фильмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Аудармадағы лексикалық трансформациялық үлгісі
Сөздік құрастырудың техникасы
Ағылшын тілінде зат есімдердің жекеше түрлерінің мағынасы
Пәндер