Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2бет
Негізгі бөлім:
I. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық процестерінің ерекшеліктері және анатомо.физиологиялық дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.18бет
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының анатомо.физиологиялық даму ерекшеліктері және
оның таным процестерімен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.13бет
1.2 Балалардың өзін.өзі бағалауы және балалар тұлғасының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.18бет
II. Бастауыш сынып оқушыларына дидактикалық принциптерді ұстана отырып білім беру және
балалардың дүниеге деген көзқарасының дұрыс қалыптастуы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.22бет
1.1 Бастауыш сынып оқушыларына білім берудегі дидактикалық принциптер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.21бет
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының сенімін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21.22бет


Қортынды: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.24бет

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25бет
Бала- адам өмірінің жалғасы болғандықтан, оның дамуы мен қалыптасуы, яғни кім болатыны назардан тыс қалатын мәселе емес. К.Д. Ушинский баланы барлық жағынан танып білудің қажеттілігін көрсете келіп: «Кім де кім оқытамын десе, ол оқушы талабына, оның ішкі сырына үңілуі керек» деп үйретті.
Бұл бүгінгі күннің де өзекті мәселесі. Бала жанының нені қалап, талап ететінін білу үшін-баланы ойын, еңбек, оқу барысында толық бақылауға алу керек. Әрбір бала өз ерекшелігімен көзге түседі. Мәселен, бір бала музыкаға икемді болып келсе, бір бала суретке.
Бастауыш сынып оқушыларын зерттеудің мақсаты: Балалар бойындағы қасиеттермен, бейімділігін анықтау және оларға қажет көмек көрсету.
Курстық жұмыстың қамтитын тақырыптары - балалардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері,балаларға қоғамның әсері және бала тұлғасының қалыптасуы мен өзін-өзі бағалауы туралы айтылады. Сонымен қатар, бала дүниетанымы және оны дұрыс қалыптастыру жолдары туралы да қысқаша баяндалған.
Балалардың шығармашылық дамыту жөнінде И.П. Волковтың,И.Л.Лернердің,А.Н.Луктың балалардың шығармашылық қасиеті жайлы айтқан пікірлері өте құнды.А.Н.Лук шығармашылық қабілеттердің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып,шығармашылық қабілеттерді 3 негізгі топқа бөліп қарастырады:
1.ынтамен байланысты қабілеттер
2.темпераментпен баланысты қабілеттер
3.ақыл-ой қабілеттері.
1. Т.Тәжібаев. «Жалпы психология» Алматы 1993ж
2.
3. Сәбет Бап-Баба «Жалпы психология» Алматы 2003ж
4. Жарықбаев «Жантану негіздері»
Бозайұлы Қ. Алматы 2002ж
5. Жолтаев К.Ж. «Тұлғаның дауындағы жалпы заңдылықтары» Алматы 2003ж
6. Сәбет Бап-Баба «Жалпы психология» Алматы-2004
7. Ә.Алдамұратов «Қызықты психология» Алматы 1992.
8. Ж.И.Намазбаева «Психология» Алматы-2005ж
9. Зародин Н.М. « Психология личности и управление человеческими ресурсами» Ленинград 2002ж
10.«Тәрбие құралы» журналы
11.Бастауыш сынып»
12. Выготский Л.С. «Психология» 1-5 том
13.Қазақ мектебі»
14.Е.И.Рогов «Настольная книга практического психолога» 1 том 2006ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 бет
Негізгі бөлім:
I. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық процестерінің
ерекшеліктері және анатомо-физиологиялық
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .3-18бет
1. Бастауыш сынып оқушыларының анатомо-физиологиялық даму
ерекшеліктері және
оның таным процестерімен байланысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..3-13бет
2. Балалардың өзін-өзі бағалауы және балалар тұлғасының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .1
3-18бет
II. Бастауыш сынып оқушыларына дидактикалық принциптерді ұстана
отырып білім беру және
балалардың дүниеге деген көзқарасының дұрыс қалыптастуы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 18-22бет
1. Бастауыш сынып оқушыларына білім берудегі дидактикалық
принциптер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .1
8-21бет
2. Бастауыш сынып оқушыларының сенімін қалыптастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21-22бет

Қортынды: ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.23-24бет

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..25бет

Кіріспе

Бала- адам өмірінің жалғасы болғандықтан, оның дамуы мен
қалыптасуы, яғни кім болатыны назардан тыс қалатын мәселе емес.
К.Д. Ушинский баланы барлық жағынан танып білудің қажеттілігін
көрсете келіп: Кім де кім оқытамын десе, ол оқушы талабына,
оның ішкі сырына үңілуі керек деп үйретті.
Бұл бүгінгі күннің де өзекті мәселесі. Бала жанының нені
қалап, талап ететінін білу үшін-баланы ойын, еңбек, оқу барысында
толық бақылауға алу керек. Әрбір бала өз ерекшелігімен көзге
түседі. Мәселен, бір бала музыкаға икемді болып келсе, бір бала
суретке.
Бастауыш сынып оқушыларын зерттеудің мақсаты: Балалар бойындағы
қасиеттермен, бейімділігін анықтау және оларға қажет көмек
көрсету.
Курстық жұмыстың қамтитын тақырыптары - балалардың психологиялық-
физиологиялық ерекшеліктері,балаларға қоғамның әсері және бала
тұлғасының қалыптасуы мен өзін-өзі бағалауы туралы айтылады. Сонымен
қатар, бала дүниетанымы және оны дұрыс қалыптастыру жолдары туралы
да қысқаша баяндалған.
Балалардың шығармашылық дамыту жөнінде И.П.
Волковтың,И.Л.Лернердің,А.Н.Луктың балалардың шығармашылық қасиеті жайлы
айтқан пікірлері өте құнды.А.Н.Лук шығармашылық қабілеттердің
компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе
отырып,шығармашылық қабілеттерді 3 негізгі топқа бөліп қарастырады:
1.ынтамен байланысты қабілеттер
2.темпераментпен баланысты қабілеттер
3.ақыл-ой қабілеттері.
Менің ойымша, А.Н.Луктың айтқан пікірі құнды және оны төмендегі
себептерге балынысты түсіндіруге болады:
1.Оқушы кез-келген іс-әрекет барысында жақсы нәтижеге жету үшін
баланың осыған ынтасы болмаса оның нәтижесі төмен болады.
2.Көңіл-күй-бұл кез-келген істі орындауда негізгі негізгі,қажетті
көрсеткіш.Балалардың іс-әрекетінің нәтижелі болуына бұның да әсері
зор.
3.Кез-келген іс-әрекетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана
іске асыра аламыз.Сондықтан оқушылардың жұмысы тікелей ақыл-ойына
байланысты.

Бастауыш сынып оқушыларының анатомо-физиологиялық дамуы ерекшеліктері
және оның бала таным процестерімен байланысы.

Мектепке кірерде бала дене жағынан алға қарай едәуір өріс
алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектеріедәуір нығайып
қалады. Қол бармағының нығаюы 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-
11 жаста сүектеніп бітеді. Осының нәтижесінде кіші оқушының 10-
11 жасқа толғанша жазуға қиналады. Сондықтан бастауыш сынып
жасындағыларыд көп жаздыра беруге болмайды. 7-8 жас аралығында бала
жылына 2,5 кг-дай қосады. Биіктігі жылына 5 см өседі. Бұл кезде
әсіресе кеудесі көтеріліп, жүрегі мен тыныс органдары едәуір
қалыптасып құалады. Бірақ жүрегінің соғуы 84-90 жиілігіне дейін
барады. Осының өзі баланы едәуір қиналдыратын болса да, қан айналыс
жүйесінің жұмысын онан әрі жақсартады. Мұның себебі қан айналыс
түтіктері диаметрінің көлемі ересектерден екі есе артық. Осының
нәтижесінде бас миына түтіктер арқылы қан көп құйылады да, көп
жұмыс істесе де шаршамайтын болады. Бас миының салмағы (7 жастан
11 жасқа дейін) 1000 грамнан 1400 граммға дейін өседі, әсіресе оның
маңдай бөлігі едәуір қалыптасады. Маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің
орталығы болғандықтан осының қалыптасуы балада ақыл- ойы кеңінен
өріс алуына мүмкіндік береді.
Ал физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ми жасушаларындағы
қозу мен тежелудің өзара мөлшерлері ( оң және теріс индукцияларының
өзара көлемі, иррадиация мен шоғырлану заңдылықтары) күрделі болып
қызмет атқарады. Әсіресе балада теріс индукцияның негізінде болатын
тежелу үстем болатын тежелу үстем алып, осының нәтижесіндекіші
оқушы өзін-өзі меңгере алуына, керек деген жерінде өзін-өзі
тежелте алуына мүмкіндігі бар. Себебі,теріс индукцияның негізінде
болатын тежелу санасыз жүзеге асатын болса, онда нәтиже бермейді.
Тіпті ойланбай қолайсыз іс жасап қоюы ықтимал.
Сондықтан,теріс индукцияның тежелуі санаға бағынса ғана нәтиже
бермек. Осыған бала бірте-біртеүйреніп, өзініңқимыл қозғалысын керек
деген жерінде тежелтіріп санасына бағындырып, осының нәтижесінде
мектептегі тәртіп пен үлкендерді кішілер силау мөлшерлерін
олрындауға ұмтылады. Бұл болып келген баладағы анатомо- физиологиялық
өзгерістер. Келесі кезде оқуға, еңбек жағдай туғызуға, тиісті
тапсырмаларды мүдірместен орындауға мүмкіндік береді.
Кіші бастауыш кезең білімдерді игеру, жинақтау, сіңіру кезеңі.
Олардың сыртқы әлемге деген бағыттылығы өте үлкен. Сыртқы дүниедегі
болып жатқан нәрселерге бала ең алдымен зейін арқылы
қатысады.Балалар зейінінің еркшелігі олардың жүйке жүйесіне тікелей
байланысты.Төменгі сынып оқушыларының үлкен ми сыңарлары қыртысында
болатын қозу мен тежелу процестерінің ауысуы біршама жылдам
өтеді.Балалар сырт әсерлерге өте сезімтал келеді. Сондықтан мидың
қыртысында пайда болған жаңа қозу алабы, баланың бұрын жасап
отырған нәрсесінен көңілін аудартып жібереді. Зейіннің өздігінен бір
нәрседен екіншіге еріксіз ауысуы оның аздап тұрақсыздығын байқатады.
Бұған күшті дамыған барлау рефлексі себепкер болады.
Зейін ерікті және еріксіз түрге бөлінеді.Бала не қызық болса
соған мән беретіндігінен оның еріксіз зейіні алғашқы кезде ерікті
зейінінен басым келеді. Оның еріксіз зейіні әсем бояулар, не заттар
немесе ұйқастырып айтқан сөздер баланы еліктіргіш келеді. Бұл кезде
оқушылардың зейінінің көптеген ерекшеліктерінің бірі-оның өз ойы мен
елесінен Бастауыш сынып оқушыларыөрі, сыртқы дүниенің заттарына жақын
үңілуге қабілетті. Мысалы, бір мектептің басьтауыш сынып оқушыларына
жанұясының мүшелерінің санын ата дегенде балалар үйіне барып,
барлығы жиналғаннан кейін санайтындығын айтқан. Бұл жерден нені
көруге болады? Балалар өз ойына не есте сақтау қабілетіне жүгінудің
орнына дайын нәрсені көру арқылы есептегісі келеді. Яғни осы
жағдайды ескеретін бастауыш сынып мұғалімдері балалардың зейінін
өзіне аудару үшін көрнекілік құралдарды көп қолданады.
Бала мектепте оқи бастаған алғашқы айларда әртүрлі жұмыстарға
біркелкі зейін қояды, өйткені оны көбірек қызықтыратын оқу
материалының мазмұны емес, оқу процесінің өзі ғана.Кіші оқушыда 2-3
сыныптарда ерікті зейін пайда бола бастайды: ол қызық емес сабақтың
бөлшектеріне зейінді бола алады. Баланың ерікті зейінін дамыту үшін
оның сітейтін жұмысын нақты етіп түсіндіріп,тапсырманы қалай
орындаудың жоспарын көрсетіп отыру қажет. Тек сонда ғана ол осындай
нұсқауды орындауда зейінді болуға ұмтылады. Мұның себебі:зейінсіз
болудщың өзі берілген тапсырманы қалай орындауды білмеуден
кездеседі. Әдетте,еріксіз зейін сыртқы объектіге байланысты болып
келсе, ерікті зейін баланыңіштей ұмтылуынан пайда болады. Бұл жерде
іштей ұмтылу деп отырғанымыз баланың оқу үстінде өзін-өзі меңгере
алуы. Кіші оқушы өзін-өзі іштей меңгере алуы толық дамымағандықтан,
өзін-өзі күштеп объектіге ерікті зейін қоюы онша дамымаған.
Кіші оқушының зейінінің көлемінің және бір мезгілде бірнеше
іске зейінін бөле алуының оқу үшін үлкен маңызы бар. Мысалы, оқушы
тексті оқып отырғанда өзінің соны қаллай оқып отырғанына және
құрбылары сол кезде оның оқуын тыңдап отырғанына зейінін бөле алуы
тиіс. Егер осыған ие бола алса, құрбыларының жасаған ескертулеріне
құлақ түріп, дер кезінде қателерін түзете алады.
Кіші оқушының зейінінің аумалылығымен күресу үшін объектілерді
үнемі өзгертіп, не, соларды бірінен соң бірін алмастырып отырған
жәнеөн. Тек сонда ғана бала зейінінің аумалы келуімен күресе
алады.
Сонымен балалардың еріксіз зейіні үлкенроль атқарғанымен,
мектепке дейінгі жасында-ақ олардың ерікті зейіні дами бастайды. Бұл-
тәрбиенің, балалардың ересектермен араласуының, олармен бірге жасаған
іс-әрекерінің нәтижесі.
Балаларға ерікті зейінді ұстай білу көбінесе қиынға түседі,
бұл оның өз еркіне күш сала білмейтіндігінен емес:асықпай сабырмен
жұмыс істей білу деген әлі оларда жоқ. Бұл әсіресе балалар
есептің шарттарына зер салғанда байқалады. Егер бала көңіл аударып
көңіл бөлмесе,оқу тапсырмалары сыныпта болсын, үйде болсын,
орындалмай қалады. Балалар бірте-бірте зейін қойып еңбектенуге
дағдыланады, сөйтіп оның үйреншікті зейіні дами бастайды.
Балалық шақ-бұл баланың айналадағы қоршаған дүниеден алған
әсерлерінініңүлкен қорын жинақтайтын кезеңі. Балаларға, әсіресе
бастауыш сынып оқушыларына сыртқы дүниенің көпшілігі өте тосын және
жаңа нәрсе болып кһөрінеді. Сондықтан балалар көрген нәрселерін
қолмен ұстап көруге, дәмін татып көруге құмар болады. Дегенмен,
бәрін білуге ұмтылғанына қарамастан балалар көп нәрсені байқамайды.
Мұның себебі – балалар қабылдауына байланысты.

Қабылдаудың үстірт болуы, төменгі сынып оқушыларын заттың
кейбір ғана белгілерін байқап, оларды бір-бірімен байланыстыра
алмауға, оның негізгі сапаларын аңғармауға әкеледі.Барлық ашық,
жарық, үлкен, қозғалатын нәрселер балалардың назарын аударады.
Сондықтан да дерексіз материалдардан Бастауыш сынып оқушыларыөрі
көрнекілігімен ерекшеленетін нәрселерді балалар жақсы қабылдайды. Жыл
өткен сайын төменгі сынып оқушысының қабылдауы толығып, одан әрі
жетіліп, қабылданатын затқа қатыссызы былай қалып, негізгі, басты
нәрселерге көңілі бөлінеді. Мсыалы, дүкенге екі бала келді, бірі 1
сынып оқушысы болса, екіншісі 2 сынып оқушысы. Кішкентай бала
көлемі үлкен, бірақ сырты әдемі боялған жай ғана машина таңдаса,
үлкені шын автобусқа ұқсайтын кішкнтай, бірақ, өзі жүретін автобус
сатып алады.
Төменгі сынып оқушылары толыққанды анализдеп синтездей
алмайды.
Бастауыш сынып оқушылары эмоционалды келеді. Олар кез-келген
нәрсеге ренжігіш келеді немесе керісінше қуанғыш келеді.Сонымен
қатар балалар бір-біріне ұқсас нәрселерді ажырату қабілеті т-мендеу
келеді. Мәселен, олар Ф және П, Б және В әріптер арасындағы
айырмашылықты біле бермейді. Бұл сияқты ажырата алмаушылықтың себебі
7-9 жастағы балалардың талдау қызметінің әлі де болса
дамымағандығынан.
Зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай балаларға тек объектінің
қызық жерлерін ғана алып, қызықпаған жерлерін қабылдамайды екен.
Бұған дәлел: бір мектепте жасаған зерттеу бола алады. Зерттеу
барысында балалардың алдына жануар суреттері қойылып соның суретін
салғызады. Одан кейін ол суреттерді жинап алып, қайтадан салуларын
сұрайды. Сонда балалардың көбісі жануарлардың көздерін не құлақтарын
ғана салып берген екен.Тіпті, балаларға түрлі түсті боялған
жазулардың өзі қабылдауына зиян келтіреді. Балалардың зейіні тек
түстерге ауып кетеді де мазмұнына мән бермейді.
Кіші оқушыға, әсіресе кеңістік пен уақытты қабылдау қиынға
соғады. Мысалы, алыстағы бағананның ұзындығы баланың қасынндағы қысқа
ма ұзын ба деп сұдрағанда, ол қысқы деп жауап береді. Себебі
алыстағы зат өзінің көлемімен көзге кішкентай болып көрінетінін
баланың ажырата алмауынан. Сол сияқты кішкентай балалар диназаврларды
1 млн жыл бұрын заманда өмір сүріп кеткенін естіген олар 70
жастағы қарт кісілермен бірге өмір сүрген деп қабылдайды.
Бұл сияқты кемшіліктер кіші оқушының қабылдауында жиі
кездескенімен әр объектінің негізгі қасиеттеріне қабылдау кезінде
мән беріп, негізгі роль атқарады. Мұғалім белгілі нәрсені сабақта
балаларға көрсеткенде, сол нәрсенің қандай қасиеттеріне мән беруді
айтып, қандай нәрсеге назар аударуды ескертіп отырады. Егер қабылдау
кезінде бір объектінің өзге қасиеттері өзге объектінің, не сол
объектінің өзге қасиеттерімен салыстырылып отырса, баланың қабылдау
кезінде ойланып, ненің негізгі, ненің екінші дәрежедегі қасиетт
екекнін ажырататын болады. Баланың қабылдауында, мысалы, сөзді қабылдау
(тыңдау) мен нақты заттықабылдаудың арасында едәуір айырмашылық бар:
нақты затты қабылдау бірінші сигнал жүйесінеәсер етеді де, сөзді
қабылдау екінші сигнал жүйесінің функциясы болып келеді. Дамудың бұл
түрі баланың әр түрлі объектілерді қабылдай алуына жағдай жасайды.
Солай болса да, ілгеріде айтылған кіші оқушының қабылдауындағы
жеткіліксіздіктер біразға дейін сақталады.

Мектепке дейінгі балалар қиял әлемін, ертегіні жаны сүйеді.
Қиялы мол ойындарды мейлінше қатты ұнатады. Бастауыш сынып
оқушыларының қиялы да көл көсір, ал бірақ мектеп жасындағылардың
қиялы, шындыққа жақын, оны дәлірек бейнелейді. Мысалға мектепке
дейінгі бала бір-біріне крест етіп байланған екі шыбықты самолет
деп қабылдаса, төменгі сыныптың оқушысы бұған қанағаттанбайды,
нағыз ұшаққа ұқсатып жасауға тырысады, ал жасөспірімдер ойыншық
самолетті аз да болса ауада ұшыруға тырысады. Осы айтқандарды
негізге ала отырып кейбіреулер жасы өскен сайын адам қиялы азайып,
шыншыл өмірге ғана ұмтылыс пайда болады деген қате пікірлер де
айтылып жүр.Қиял процесінде өткен елестер едәуір өзгеріске
ұшырағандықтан, адамның неғұрлым тәжірбиесі мен алған әсері көп
болса, оның қиялы да байи түседі. Балалардың шындықты қиялға
айналдыруы ересектерден Бастауыш сынып оқушыларыөрі жиірек болады.
Төменгі сыныптағы мектеп оқушыларына тән қиялдың ерекшеліктері,
олар жасаған бейненің көрнекілігі мен нақтылығында. Бала өзінің
өмірден не суреттерден көргендерінойша елестетеді. Бірінші сынып, кейде
екінші сынып оқушысына нақтылы заттар мен көрнекі нәрселерсіз
қиялдауға қиынға соғады. Мысылы, балаға егер солдаттың қолында
винтовканы бейнелейтін таяғы болмаса, оның алдында тұрған солдат
деп нандыру қиын. Бастауыш сыныптардағы ересек оқушылар, сыртқы
атрибуттарды, оны пайдалануды ұнатқанымен, онша қажет етпейді.
Мектепке дейінгі бала фантазиясына, бастауыш сыныптағы оқушыларға
қарағанда көбірек сееді. Қиялына жасаған бейнелерге сын көзбен
қарамауы баланың қиялындағы мен шын өмірдегі нәрселерді ажырата
алмауына әкеп тірейді. Қиялынан туған нәрселерге төменгі сынып
оқушысының сын көзімен қарауы басымырақ. Ол ойлап тапқанының
шарттылығын түсінеді және бұл шарттылықты ойында басшылыққа алады.
Оқудың әсерінен баланың қиялы да өзгеріске ұшырайды. Әдетте,
оқушының қиялы шығармашылық және қайта жаңғырту қиялына бөлінеді.
Ойынның көбісі шындықтан қиял бюасым келеді де, мектептегілерде
қайтадан жаңғырту қиялы кеңінен өріс ала бастайды. Қиялдың осы
түрінің дамуына бастауыш сыныптардағы пәндердің көпшілігі едәуір
ықпалын тигізді. Мысалы, тарих сабағында оқушы өткен дәуірлердегі
оқиғаларды есінде қайтадан жаңғыртады. сол сияқты география сабағында
табиғаттың не жасанды ортаның өзіне тән бейнелерін жаңғыртып,
соларды жадында елестетеді. Сөйтіп,оқуда бейненің қиялы бірте-бірте
шындыққа дәл келе бастайды. Осының өзі шығармашылық қиялға жатады,
яғни фантазияға қарағанда нәтижелі. Өйткені іске аспайтынын мұңнан
гөрі қиялданудың ақиқатқа жақын келуі баланы шындық тұрғысынан
тәрбиелей алады.
Есте сақтау қабілеті оқу процесінде ең маңызды роль атқарады.
Ал балалар белгілі бір мағлұматты есте қалдыру үшін оған қандай
талап қоятынын, тапсырманы жаттап алу қажет пе, не өз сөзімен
айту керек пе, соны білуі шарт. Мұны білмеген жағдайда кіші оқушы
тапсыманың мақсатына түсінбей, соны жаттап алғысы келеді: Егер
мақсат жаттау болс, осыны қандай тәсіл қолданып-бөлшектерге бөліп, не
тұтас жаттауда білиейді. Ал мақсат тапсырманы өз сөзімен айту
болатын болса, осыны қалай орындаудың жолын білмей қиналады. Себебі
өз сөзімен айтып беру дегенде, соны қысқартып не бәрін
қалдырмай айтып беру керек екені бала үшін түсініксіз келеді.
Сонымен қатар осы екі жағдайдың екеуінде де текстерді қандай
тәсіл қолданып, есте қалдыру керек екенін білу керек. Осыны
жүзеге асыруда А.А. Смирнов оқу материалын бірнеше мәністі
бөлшектерге, не солардың мәнісін өзара салыстырып, есте қалдыру
тәсілдерін ұсынады. Өзге зерттеулерде оқу материалын мезгіл
сайын бірінен соң бірін есте қалдыру тәсілін ұсынады. Бұл
тәсілдердің әсіресе бірінші түрі- оқушының жады мен есін дамыту
үшін ұсынылады. Әдетте,жадта не есте қалдыру арнаулы, арнаусыз
түрлерге бөлінеді. Оқу матеиалын жеке мәніс бөлшектеріне бөлу
баланың арнаулы есте қалдыру қасиетін дамыту үшін жасалынады.
Оқу маетиалын жеке мәнді бөлшектерге бөлу, мысалы, тиісті
суреттердегі бейнелерді есте қалдыру үшін қолданылады. Суреттегі
бейнелер бір мәнді бөлшекке, өзгелері екінші бөлшекке, үшіншісі
тағы бір бөлшек мәніне қарап бөлінеді де, кейін соларды жазу
арқыл тәртіпке келтіреді. Осының өзі соларды бөлшектеп есте
қалдыруға мүмкіндік береді.
Ал арнаулы және арнаусыз есте қалдырудың оқудағы өзара
көлеміне келсеек, осылар түрліше келеді. Бірінші сыныпта арнаусыз
есте қалдырутәсілі қалыптаса бастайды. Бірақ осы жаста арнаусыз
есте қалдыру көпке дейін негізгі роль атқаратын болады. Себебі
арнаулы есте қалдыру тәсілі нәтижелі, арнаусыз есте қалдырудың
құны бала есейген сайын азая береді деуге болмайды. Кейбір
зерттеулерде (П.И. Зинченко) арнаусыз есте қалдыру тіпті жоғарғы
кластағылардың оқу жұмысында негізгі роль атқаратынын дәлелдейді.
Кіші оқушылардың сабақта арнаусыз және арнаулы жадында қалдыру
тәсілдері үнемі алмасып отырады. Мсалы, тақпаты жаттау арнаулы
есте қалдыру арқылы жүзеге асатын болса, өзге тапсырманы
орындау арнаусыз есте қалдыру негізінде болады. Сөйтіп, естің
осы екі түрінің алмасуының нәтижесінде кіші оқушы тапсырманы
мүдіртпей орындауға үйренеді.
Кіші оқушының ойлану процесіне келетін болсақ, осының
қаншалықты дамығаны туралы түсінік бар. Ж. Пияженің айтуы бойынша
7-11 тек қарапайым, яғни нақты ой операциясы кездеседі дейтінін
ескерттік. Өзгелердің, яғни мәдени-тарихи теорияны жақтаушылардың
(Л.С.Выготскийдің т.б) пікірі бойынша оқымай келген бала оқуға
кірген соң ойы мен интеллектісі үлкен өзгеріске ұшырайды: бала
қарапайым, яғни натуралдық ойдан мәдени, яғни ұғым арқылы
ойлануға көшеді. Соңғы пікір қазірге дейін үстем алып келсе
де, әлі жете тексерілмеген. Нақты ой, яғни нақты бейнелерге
негізделіп ойлану, көбінесе елестету не көрнекті заттардың
бейнесіне сүйеніп операция жасау болып саналады. Осының өзі
негізнде талдау мен топтаудан, салыстырудан, абстракциялау мен
нақтылаудан құрастырылады.
Ой операциясының рсы түрлері кіші оқушылардың оқу
әрекетінде әр түрлі тереңдікте кездеседі. Бірінші сынптағылар нақты
затқа, несоардың көшірмесіне негізделе отырып, тапсырманы
орындайды. сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе,
тапсырманы орындау қиынға соғып қалады. 2-3 сыныптағылар бірте-
бірте заттың жеке қасиетттеріне, әсіресе негізгі белгілерін
есінде қалдырып, соларды мүмкіндігінше топтастыра алуға үйренеді.
Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі жоқ кезінде жабайы
тапсырмаларды орындауға мүмкіндік бюереді.
Ал аталған операциялар-өзінше динамикалық болып тұратын
процессуалдвқ құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге
асуы үшін тиісті бейнелерге - елестету бейнесіне, не ұғымға
негізделуі тиіс. Осыларға сүенбеген жағдайда ой операцияларның
жұмысымен шектелмейді. Осы үшін тиісті бейнелерге және ұғымға
сүйену қажет.
Осыған орай кіші оқушылар жеке заттарды ұғымға қалай
жатқызады, соған көңіл бөлейік. Әдетте , әр заттың өзіне тән
негізгі ажыраиту белгісі кездеседі. Мсыалы, барлық қаламдарға
тән негізгі белгінің бірі-олардың бәрінің қаламұшының бар
екені, қарындаштардың бәріне тән қасет-олардың өзегінің болуы. Осы
негізгі ажырату белгілерге сүйеніп, қаламұшы бар заттардың
бәрін “қалам” деген ұғымға жатқызамыз. Өзегі бар затттарды
қарындаш деген ұғымға жатқызамыз т.с.с. Егер осы белгілері
жоқ болса, онда соларды осы ұғымдарға жатқызуға болмайды. Ал
ойлану кезінде адам нақта заттардың өзіне сүйенбейді, сол
заттардың бәріне тән негізгі белгілерін бөліп алып, осыған
орай жалпы ұғым құрап, соған тіректелініп ойланады. Міне,
адамның ойлануы ұғымға негізделеді деудің себебі осыдан. Бала
олқуға кірген соң жеке заттарды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Бастауыш сынып оқушларының мектепке бейімделуі
Пәндер