Банктік несие қызметтері



КІРІСПЕ

І. БАНКТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Несие және оның қызметтері
1.2. Банктік несиенің экономикалық мәні мен мазмұны
1.3. Банктік несие жүйесі, оның несилеу механизмі. Банктік несиенің формалары мен олардың жіктелуі
1.4. Несиелеу механизмі. Банктердегі несие беру процесі

ІІ. ХАЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІН БАҒАЛАУ

2.1. Халық Банктің несиелік қызмет түрін бағалау:
 «Халық.Лизинг»
 «Салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатып алуға» деген бағдарлама
 «Ипотекалық бонус» бағдарламасы
 «Зейнетақылық кредиттер» бағдарламасы
 «Авто light's» деген бағдарламасы
 Бизнес Lights 3 жаңа жобасы


ІІІ. НЕСИЕЛЕР МЕН ДЕПОЗИТТЕР САЛАСЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Нарықтық экономикаға көшу - ұзақ, күрделі жэне қайшылықты жол. Әлемдік тэжірбие көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта қүруға байланысты элеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағүрлым төмендеуімен, демек түлынудың қүлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бүл заңдылық экономиканы қайта қүрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді.
Қаралып отырған тақырып, бүгінгі күннің бірден-бір көкейтесті тақырыбы. Бүл тақырыптың маңыздылығы Қазақстан Президентінің "Қазақстан - 2030" бағдаламасынан шығады: «Соңғы 5 жыл ішінде біздің экономикалық стратегиямыз микроэкономикадағы жетістіктердің тұрақтылығын қамтумен болды. Бұл қатаң монетарлық жэне несиелік саясатты тікелей түрде жүргізу деген мағынаны білдіреді». Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Сонымен қатар еліміздегі мол табиғат ресурстары қоғам мен экономиканың дамуының мемлекеттік стратегиялық мақсаттарын қорландыру жэне қор жинау механизмдерін жоғалтып, бүгінгі күнгі ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі шартқа қол қойып, өздеріне несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дэл осы міндеттемелері экономикалық механизмнің түрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар жэне несиенің формалары үлттық несие жүйесін қалыптастырады.
Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан түрады: біріншісі - банктік жүйе, ал екіншісі - парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).
Несие түрі - бүл несиелік қатынастар қүрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни эр алуан сыртқы жэне ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несиенің екі формасы бар: тауарлы жэне ақшалай. Мүндағы тауар түрінде берілетін нсеиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды. Банктік несие - бүл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады.
Сондықтан мен «Ақша, несие, банк» пәнінен курстық жүмысымның тақырыбын «Банктік несие және оның экономиканы дамытудағы рөлі» деп алдым.
Менің осы тақырыпты орындаудағы мақсатым қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы банктердің несие беру жағдайын талдап, осы саладағы проблемалар мен оларды шешу жолдарын қарастыру.
Нарықтық экономикаға көшу - ұзақ, күрделі жэне қайшылықты жол. Әлемдік тэжірбие көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта қүруға байланысты элеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағүрлым төмендеуімен, демек түлынудың қүлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бүл заңдылық экономиканы қайта қүрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді.
Қаралып отырған тақырып, бүгінгі күннің бірден-бір көкейтесті тақырыбы. Бүл тақырыптың маңыздылығы Қазақстан Президентінің "Қазақстан - 2030" бағдаламасынан шығады: «Соңғы 5 жыл ішінде біздің экономикалық стратегиямыз микроэкономикадағы жетістіктердің тұрақтылығын қамтумен болды. Бұл қатаң монетарлық жэне несиелік саясатты тікелей түрде жүргізу деген мағынаны білдіреді». Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Сонымен қатар еліміздегі мол табиғат ресурстары қоғам мен экономиканың дамуының мемлекеттік стратегиялық мақсаттарын қорландыру жэне қор жинау механизмдерін жоғалтып, бүгінгі күнгі ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі шартқа қол қойып, өздеріне несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дэл осы міндеттемелері экономикалық механизмнің түрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар жэне несиенің формалары үлттық несие жүйесін қалыптастырады.
Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан түрады: біріншісі - банктік жүйе, ал екіншісі - парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).
Несие түрі - бүл несиелік қатынастар қүрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни эр алуан сыртқы жэне ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несиенің екі формасы бар: тауарлы жэне ақшалай. Мүндағы тауар түрінде берілетін нсеиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды. Банктік несие - бүл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады.
Сондықтан мен «Ақша, несие, банк» пәнінен курстық жүмысымның тақырыбын «Банктік несие және оның экономиканы дамытудағы рөлі» деп алдым.
Менің осы тақырыпты орындаудағы мақсатым қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы банктердің несие беру жағдайын талдап, осы саладағы проблемалар мен оларды шешу жолдарын қарастыру.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

КІРІСПЕ

І. БАНКТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Несие және оның қызметтері
1.2. Банктік несиенің экономикалық мәні мен мазмұны
1.3. Банктік несие жүйесі, оның несилеу механизмі. Банктік несиенің
формалары мен олардың жіктелуі
1.4. Несиелеу механизмі. Банктердегі несие беру процесі

ІІ. ХАЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІН БАҒАЛАУ

2.1. Халық Банктің несиелік қызмет түрін бағалау:
➢ Халық-Лизинг
➢ Салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатып алуға деген бағдарлама
➢ Ипотекалық бонус бағдарламасы
➢ Зейнетақылық кредиттер бағдарламасы
➢ Авто light's деген бағдарламасы
➢ Бизнес Lights 3 жаңа жобасы

ІІІ. Несиелер мен депозиттер саласындағы проблемалар мен оларды шешу
жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға көшу - ұзақ, күрделі жэне қайшылықты жол. Әлемдік
тэжірбие көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін
түбірінен қайта қүруға байланысты элеуметтік-экономикалық шаралар соңы
өндіріс дәрежесінің анағүрлым төмендеуімен, демек түлынудың қүлдырауымен
қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бүл заңдылық экономиканы қайта
қүрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың
ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді.
Қаралып отырған тақырып, бүгінгі күннің бірден-бір көкейтесті тақырыбы.
Бүл тақырыптың маңыздылығы Қазақстан Президентінің "Қазақстан - 2030"
бағдаламасынан шығады: Соңғы 5 жыл ішінде біздің экономикалық стратегиямыз
микроэкономикадағы жетістіктердің тұрақтылығын қамтумен болды. Бұл қатаң
монетарлық жэне несиелік саясатты тікелей түрде жүргізу деген мағынаны
білдіреді. Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Сонымен қатар
еліміздегі мол табиғат ресурстары қоғам мен экономиканың дамуының
мемлекеттік стратегиялық мақсаттарын қорландыру жэне қор жинау
механизмдерін жоғалтып, бүгінгі күнгі ауадай қажет болып отырған қаржы
тапшылығын жауып отыр.
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың
басым көпшілігі шартқа қол қойып, өздеріне несие алу ретінде экономикалық
қызметтерін іске асырады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дэл осы
міндеттемелері экономикалық механизмнің түрақтылығы болып табылады. Ал осы
несиелік қатынастар жэне несиенің формалары үлттық несие жүйесін
қалыптастырады.
Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан түрады: біріншісі - банктік
жүйе, ал екіншісі - парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).
Несие түрі - бүл несиелік қатынастар қүрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни эр алуан сыртқы жэне ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісін білдіреді. Несиенің екі формасы бар: тауарлы жэне
ақшалай. Мүндағы тауар түрінде берілетін нсеиені — коммерциялық, ал ақша
түріндегі несиені банктік деп атайды. Банктік несие - бүл экономикадағы
кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады.
Сондықтан мен Ақша, несие, банк пәнінен курстық жүмысымның тақырыбын
Банктік несие және оның экономиканы дамытудағы рөлі деп алдым.
Менің осы тақырыпты орындаудағы мақсатым қазіргі кездегі Қазақстан
Республикасындағы банктердің несие беру жағдайын талдап, осы саладағы
проблемалар мен оларды шешу жолдарын қарастыру.
Менің осы тақырыпты орындаудағы міндеттерім:

* Банктік несиенің экономикалық категория ретінде мэнін ашу;

* Несиенің экономикалық қатынастардың дамуына қажеттігі мен
қызметтерін анықтау;
* Банктік несиенің әр түрлі формаларын жэне оның түрлерін,
осыған байланысты жіктелу ерекшелігін талдау;

* Несиенің даму ерекшеліктерін атап көрсету жэне дамудың қазіргі
сатысында Қазақстан Республикасының несие жүйесіне дэл
анықтама беру жэне банктік несиенің келешегін анықтау.

І. БАНКТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.Несие және оның қызметтері

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға
болады.
Несие - бұл пайыз төлеу мен қайтару шартында уақытша пайдалануға
берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы
ретінде құн қозғалысының үздіксіздігінің қамтамасыз етуге тиіс. Құн
қозғалымы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде
мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату
мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналыс процесіне себепші
болады. Қарыз мәмілесі атуар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату
мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың
арасындағы негізгі айырмашылық мында: сатып алу-сату кезінде тауарларды
өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қазір мәмілесі кезінде эквивалентінің
қайтарылуы кейінге қалдырылады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің
қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың
әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір
формасының білдіретін кең үғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот
ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір
ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде несие - кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде
қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты
элементтерден, мұндай элементке несиелік қатынастар субъектілері жатады.
Несиелік мәмілелер бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші
және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші — бұл несие алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер
болмағанымен де олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе
жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты
төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас
туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ
адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал
қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар түлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне
берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі.
Яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несиенің экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді
атқарады:
Қайта бөлу;
Айналыс шығындарын үнемдеу;
Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
Капиталдыц шогырлануын жеделдету;
Ғылыми-техникальқ прогресті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің
көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал
ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржыны қайта бөлу қызметінен
айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен
аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм
негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің
экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай
қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей
жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті
қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады.
Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс
шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын
уақытша алмастыру. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға
толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар
айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып,
ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар:
чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асады.
Несиенің капиталды шоғырландыру процесі экономиканың тұрақты дамуына
жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде
несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға
мүмкіндік береді. Бұл қызмет шаруашылықтағы маңызды болып саналатын және
дамуды қажет ететін салаларға несие беру арқылы оларды қызмет етуге
ынталандырады.
Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-
техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да,
несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының жұмыс жасауы
қиындыққа түседі. Сондай-ақ несиенің өндірісте және жалпы экономикалық
дамуда инновациялы өндірісті ынталандырушы да қызметінің маңызы жоғары.

1.2. Банктік несиенің экономикалық мәні мен мазмұны

Несие түрі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісін білдіреді. Несиенің екі формасы бар: тауарлы және
ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша
түріндегі несиені банктік деп атайды.
Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берген тауарын
білдіреді. Бұл несие вексель айналысының пайда болуына себеп болған,
экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл
формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ
одан пайда табу.
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие - бұл экономикадағы
кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік
несие бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік
келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы
мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе
бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген
заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - пайыз
түрінде табыс алу.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы келесідей:
Қарыз беруші ролінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;

Коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
Қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
Коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз
мөлшерлерімен салыстырғанда төмен болады;
• Қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәселенің заңды түрде
рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына
қосылады.
Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық
несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымынының ұлғаюымен жоғарлайды және
олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің даму кезеңінде оған ұсыныс және
сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары
әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды
төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі.Өндірістің жанданып,
жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар
үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарлайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы
өндірілуі түрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар
қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін
пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражатты өздерінің
қарыздық міңдеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы
өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне
байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін
көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя
отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы
түрғысынан, бұл - ақша қарызы.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген
қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл
ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің
дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан
бөлектенген. Кредитордың мақсаты - пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға
қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын
ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір
сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің
қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі қатысушылармен
банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен шектеліп қалмайды. Бір
жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер
(қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Қарыз
капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде банктік емес
деген атаққа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді. Екінші жағынан,
қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Жұмыс істеп тұрған капиталистерден басқа
(акционерлік компаниялар және жеке кәсіпорыңдар) қарыз алушылар - несиелік-
қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары
болып табылады. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды
берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.
Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың
көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы
факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі
жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді
және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.
Банктің белгілі шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға беру
мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде депозиттер банктік ресурстардың бірден-бір
көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банк аралық
нарықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық
қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған
нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке
тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген
сұраныс та әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз
капиталы нарығының конъюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып,
банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.

1.3. Банктік несие жүйесі, оның несилеу механизмі. Банктік несиенің
формалары мен олардың жіктелуі

Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелерді ұсынады. Ол
несиелер келесідей белгілеріне байланысты жіктеліп, несиенің түрлерін
құрайды:
1. Қарыз алушылардың категориясына қарай:
1) Қаржылық институттарға берілетін несиелер;
Мақсатты қорларға;
Банктерге;
Қаржы-несиелік мекемелерге.
2) Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
өнеркәсіп салаларына;
ауыл шаруашылығына;
сауда-саттыққа;
дайындау ұйымдарына;
жабдықтау-сату ұйымдарына;
кооперативтерге;
жеке кәсіпкерлерге.

3) Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

2. Мерзіміне қарай:
Қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін);
Орта мерзімді ( 1 жылдан 3-5 жылға дейін);
Ұзақ мерзімді ( 5 жылдан жоғары).

3. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:

• Негізгі қорларға жұмсалатын;
• Айналым қаражатына жұмсалатын.

4. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Кепілхатпен;
Кепілдемемен;
Кепілдікпен;
Сақтандырылған;
Қамтамасыз етілмеген;
Сенім несиесі.

5. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ
қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.
Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер.

6. Валютамен берілуіне қарай несиелер:
Ұлттық валютамен;
Шетел валютасымен.

7. Берілу шартына қарай несиелер келесідей жіктеледі:
1) Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін
және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие. Тұтыну несиесінің басты
тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну
несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының
ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, екінші халықты несиелеудің өсуі,
әсіресе бүгінгі таңдағы тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.
Сонымен қатар тұтыну несиесі жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға және
құрылысына ұзақ мерзімді банктік сауда формасында да берілуі мүмкін. Тұтыну
несиесінің бүгінгі таңда жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көре аламыз.
2) Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс
ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несие.
3)Овердравт несиесі — клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық
бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің түрі;
Онкольдық несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін
қысқа мерзімді несие;
Банкаралық несие - банктердің бір-біріне беретін несиесі;
Ломбардтық иесие — тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие;
Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие;
Сенім несиесі - банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті
жоғары
клиенттеге берілетін несие;
Рамбурстық несие — шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен
дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде
пайданылатын несие;
Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты
жабуға арналған несие. Мысалы, бұл несие ауыл шаруашылығында жиі
кездеседі.

8. Несиелеу объектісіне қарай:
Меншікті айналым қаражаттарын толықтыру;
Материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
Сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды
экспорттау мен импорттау;
Азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар,
құралдар және басқа да мүліктерді алуына;
Ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
Театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары
арсындағы маусымдық үзілістерге;
Күрделі және маңызды өндірістерді қаржыландыруға;
• Тез іске асатын тиімділігі жоғары болатын шараларға несие салу.
Жалпы қорытындылай келе, банктер несие беру барысында несиелік
саясатты іске асырады. Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын
ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау
шарттары.

1.3. Несиелеу механизмі. Банктердегі несие беру процесі

Несиелеу механизмі - несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін
және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын
несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Несиелеу механизмі - бұл несиені
ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм практикада әрекет
ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механиз.Несиелеу механизмі өзінің
сипаты жағынаннесиелік процесс механизмін сипаттайды.
Қазіргі несиелеу механизмінің құрамы төмендегідей құрамдас бөліктерден
тұрады:
Несиелеу әдістері мен ссудалық шот түрлері;
Несиелік мәмілені құжаттау;
Несиенің мөлшерін белгілеу;
Несиені беру процедурасы;
Несиені қайтару тәртібі;
Несиелеу процесіне жасалатын бақылау;
• Кепіл заттарын бағалау және іске асыру.
Банктердің тәжірибиесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік
кезеңдері болады. Несиелік процесс несиеге деген өтінішті өңдеуден
басталып, несиенің толық қайтарылуымен аяқталады.
Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы 31.03.1995 ж. және Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы 30.08.1995 ж. КР
Президентінің заң күші бар Жарлықтарын, 11.02.1994 ж. Қазақстан
Республикасының экономикасын қысқа мерзімде несиелеу ережесін, сондай-ақ
банктің Жарғысы мен нұсқауларын басшылыққа алады.
Несиелеу процессі мынадай кезеңдерді қамтиды:
• несиеге деген өтінішті қарау;
Мысалы, Казкоммерцбанктің несиелік операцияларына байланысты
құжаттары. Яғни, мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы
негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар
қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.
Несие алуға өтініш қарау үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Несие өтінімін қарауға Тұрғындармен жұмыс жөніндегі менеджерге
Қарызгер тұтынушылық несиесін алуға ұсынған сауалдама-өтінішнегіз
болып табылады.
Қарызгер сауалдама-өтініште көрсеткен деректер негізінде Тұрғындармен
жұмыс жөніндегі менеджер Несиені төлеу қабілеттілігі мен төлем
қабілеттілігін бағалау әдістемесімен Қарызгерге несие
берілу
мүмкіндігіне талдау жүргізеді, Талдау оң нәтиже берген жағдайда, Қарызгер
Тұрғындармен жұмыс жөніндегі менеджерге төмендегі құжаттарды тапсыруға
міндетті:
Жеке куәлігі
Салық төлеушінің номері
Соңғы айдың жалақысы және басқа табыстары туралы жұмыс орнынан
анықтама (Жеке кәсіпкерлікке тіркелгені туралы куәлік бойынша коммерциялық
қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерді несиелеуде – бизнесінің
экономикалық тиімділігіне есеп жүргізіледі).
Жұмыс орнынан жұмыс өтілі және қызметкердің міндеттемелері болуы туралы
анықтама
Қарызгердің ол туралы несие бюросына ақпараттарды ұсынуға келісімі
(белгіленген үлгіде);
Қарызгердің несие есебін (белгіленген үлгіде) беруге келісімі;
Көліктік құралдарының тіркелгені туралы куәлік;
8. Клиенттің несие алу сәтінде некеге тұрмағаны туралы нотариалды
расталған өтініші;
Жұбайыжолдасы бар қарызгерлер үшін:
9.Жұбайыныңжолдасының жеке куәлігі;
Неке туралы куәлігі;
11.Жұбайыныңжолдасының мүлікті кепілдікке беруге келісімі (болған
жағдайда).
Қамтамасыз ету бойынша құқықтық иелегін анықтайтын құжаттар
(меншігіндегі қымбат мүлкі, яғни пәтер, саяжай, үй, автомобиль, жер телімі
және т.б.).
13.Адрестік бюродан анықтама немесе үй кітапшасының көшірмесі.
Барлық құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалды расталтан көшірмесі
ұсынылады
несиелік қабілетін талдау;
несиелік келісім-шарт жасау;
несие беру;
несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
Ссудалық пайыз негізінен несиенің төлемділігі принципіне байланысты.
Несие кең ұғым, ал ссуда - ссудалық шот ашумен байланысты несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді. Жалпы несиені
ұйымдастыру принциптері келесідей болады:
мақсаттылығы
мерзімділігі
қайтарымдылығы
төлемділігі
қамтамасыз етілуі
Несиенің төлемділігі - бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін
қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын
білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы
(%) түрінде беріледі.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды
іздестіру механизмі несиелік келісім шартта анықталады. Сыйақы ай сайын,
тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі
мүмкін.
Банктік тәжірбиеде ссуда бойынша жай, күрделі пайыз есептеу
формулалары қолданылады.

Жай пайыз есептеу формуласы:
J=(і*р*n)(360*100%)
і — сыйақы мөлшері
р - пайыз қалдығы
n - сыйақы есептеген кезеңдегі күндер саны
J — несиенің барлық мерзімін есептегендегі % сомасы

Күрделі пайызды есептеу формуласы:

J=P*((1+i1200)n-1)

Р - несиенің бастапқы сомасы

n - аймен берілген несиенің мерзімі

ІІ. ХАЛЫҚ БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІН БАҒАЛАУ

2.1. Халық Банктің несиелік қызмет түрін бағалау

Халық-Лизинг ЖАҚ 2000 жылғы 1 қыркүйекте 150 000 000 теңге жарғылық
капиталмен (жарғылық капитал 1000 акциядан тұрады) ҚР Әділет министрлігінде
заңды тұлға ретінде тіркелген.
Қазақстан Халық Банкі АҚ компанияның жалғыз құрылтайшысы және акционері
болып табылады. Халық-Лизинг ЖАҚ негізгі мақсаты лизинг қызметінен табыс
алу болып табылады. Лизинг – лизинг берушінің лизинг затын өзінің меншігіне
сатып алумен және оны лизинг алушыға белгілі бір мерзімге және ақы үшін
уақытша иеленуге және пайдалануға берумен байланысты қызмет, онымен бірге
лизинг шартының әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін лизинг заты лизинг
алушының меншігіне өтеді.

Лизингтің артықшылықтары

• Лизинг елеулі қаржы ресурстары болмаған кезде ірі жобаларды бастауға
мүмкіндік береді; лизинг алушы лизингті пайдалана отырып, жабдықты
сатып алған кезге қарағанда көп өндірістік қуаттар алуы мүмкін, одан
басқа лизин алушы босаған қаржы құралдарын басқа мақсаттарда пайдалана
алады (мысалы, шикізат сатып алу);
• Лизинг төлемдері тіркелген кесте бойынша жүзеге асырылатындықтан,
лизинг алушы өнімге жұмсалған шығындар мен оны сатудан түскен
түсімдерді үйлестіру бойынша үлкен мүмкіндіктерге ие болады және
жабдықты кәдімгі жолмен сатып алуға қарағанда қаржылық жоспарлардың
тұрақтылығын айтарлықтай қамтамасыз етеді;
• Лизинг шарты бойынша жабдықты сатып алу 100%-ға қаржыландырылады және
барлық борыш сомасын тез арада қайтару талап етілмейді. Лизингке
сәйкес лизинг берушінің меншігі болып табылатын лизинг затының өзі
қаражатты қайтарудың қамтамасыз етуі ретінде ұсынылуы мүмкін,
сондықтан кейде сол жабдықты сатып алу үшін кредит алғанша лизинг
шартын жасау жеңілірек болады.
• Бүгінде лизинг қызметтерін көрсету рыногында банктер қасында құрылған
бірнеше лизингтік компаниялар әрекет етуде. Қазақстан Халық Банкі АҚ-
ның еншілес кәсіпорны Халық-Лизинг ЖАҚ алғашқы құрылған лизинг
компанияларының бірі болып табылады.

Жабдықты жеткізушіні таңдау Жабдық жеткізушіні лизинг алушы өзі дербес
таңдауы мүмкін немесе Халық-Лизинг ЖАҚ тиісті жабдықты жеткізушіні
іріктеу туралы өтініш беруі мүмкін. Қазіргі уақытта компания дамыған
елдердің сапалы техника шығарушы-жеткізушілерімен, оның ішінде
Caterpillar (АҚШ), Volvo (Швеция), Wirtgen (Германия), Itochu
(Жапония) сияқты ірі сауда үйлерімен ынтымақтастық туралы бірнеше
келісім жасады. Осы жеткізушілердің кейбірімен төлемдерді ұзақ
мерзімге бөліп төлеу туралы тиімді келісімдерге қол жеткізілді, өз
кезегінде кеден төлемдерін төлеу бойынша жеңілдіктер алуға, лизинг
бойынша сыйақы ставкасын төмендетуге мүмкіндік беретін тиісті нұсқалар
әзірленді және халықаралық лизинг тәсімі әрекет етуде. Жабдықтардың
жекелеген түрлері бойынша жеткізушілерді ұсына отырып, Халық-лизинг
ЖАҚ түпкілікті таңдау жасауды лизинг алушыға қалдырады (бұл ретте
жабдық жеткізушімен шарт жасауды фирма өз мойынына алады). Алдын-ала
есеп айырысу Біздің кеңседе сіз лизингтік төлемдердің алдын-ала
жасалған есебін ала аласыз. Біз лизинг төлемдерінің есебін сіздің
сұратуыңыз бойынша факсіңізге немесе элоктрондық поштадағы адресіңізге
жіберуге дайынбыз. Есеп алу үшін жабдықтың атауын және бастапқы құнын,
осындай жабдықты жеткізудің негізгі талаптарын (төлеу мерзімі мен
талаптары, жеткізу мерзімі, қажетті жерге дейін жеткізу тәсілі) және
лизинг шартының өзіңіз қалаған мерзімін көрсету қажет (3 жылдан 6
жылға дейін).
Құжаттар жинақтамасы Халық-Лизинг ЖАҚ арқылы лизингке жабдық
алуға мүдделі компания өкілі бізге өзі келіп немесе телефон арқылы
байланысып, өзінің жобасы туралы ақпарат ұсынады. Бастапқы кезеңде
жалпы жұрт мойындаған стандартқа сәйкес дайындалған бизнес-жоспар
қажет (жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі). Жақсы (егжей-
тегжейлі, негізделген және мұқият тексерілген) бизнес-жоспар лизинг
жөніндегі өтінімге дұрыс қараудың кепілдігі болып табылады.
Әлуетті лизинг алушының лизинг заты қолданылатын салада жұмыс
тәжірибесінің бар болуы, сондай-ақ жақсы іскерлік беделі және
қалыптасқан контрагентер тобының болуы лизинг алуға берілген өтінімді
қарау кезінде маңызды фактор болып табылады. Егер біздің талаптарымыз
сізге қолайлы болса, ал сіздің жобаңыз біз үшін қызықты және келешегі
бар болып табылса, сізге лизинг алуға арналған өтінімді, лизинг
алушының анкетасын (белгіленген нысан бойынша) және біздің фирма
құрастырған тізбе бойынша құжаттарды толтыру қажет. Сіз осы
материалдарды біздің кеңседе немесе факс және электрондық пошта арқылы
алуыңызға болады. Лизинг алуға арналған өтінімге лизинг затының
көмегімен өндірілетін өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді пайдаланатын
келешек тұтынушылар берген (бар болған жағдайда) кепілдік хаттар
(шарттар) және әлуетті лизинг алушыны жақсы жағынан сипаттайтын басқа
құжаттарды қоса беруге болады.
Лизинг шартын жасау Шарт талаптарының бірі — жабдықтың жалпы
құнының 5 пайызынан 20 пайызына дейінгі мөлшерде алдын-ала төлем жасау
болып табылады. Лизинг алушы жабдықты лизинг шартының толық әрекет
ететін мерзімге сақтандырады. Қазақстан Халық Банкі АҚ пайда алушы
болып табылады. Жабдықты алу Лизинг шарты жасалғаннан кейін біз
Жеткізушімен сатып алу-сату шартын жасаймыз. Жеткізуші белгілеген
уақыт мерзімі өткеннен кейін Лизинг алушы жабдықты өзі пайдалана
алады.

Лизинг төлемдері Жабдықты қабылдау-беру актіне қол қойылғаннан
кейін Лизинг алушы лизинг шарты бойынша төлемдер жасау кестесіне
сәйкес төлемдер жасауды бастайды. Бұл ретте 1-3 ай шегінде жеңілдікті
кезең орнатылуы мүмкін.

Рейтингтер

Халық Банкінің 2007 жылдың 11 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес рейтингтері
Moody's Investors Service

Ba1
Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер

Not prime
Шетел валютасындағы қысқа мерзімді депозиттер

D
Қаржылық тұрақтылық рейтингі

Жағымсыз
Рейтинг болжамы

Standard and Poor`s

B В+
Контрагенттің ұзақ мерзімді рейтингі

B
Контрагенттің қысқа мерзімді рейтингі

Жағымсыз
Рейтинг болжамы

Fitch Ratings

BB+
шетел валютасындағы эмитенттің дефолт ұзақ мерзімді рейтингі

B
шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтинг

CD
Жеке рейтинг

3
Қолдау рейтингі

Жағымсыз
Ұзақ мерзімді рейтингке болжамы

Кредиттер туралы жалпы ақпарат

Кредит ресурстарын ұсыну Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық
актілеріне және Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның ішкі кредит саясатына
сәйкестікте және осы негізде жүзеге асырылады.
Кредит ресурстары қарызгерлерге әртүрлі мақсаттарға беріледі:

1.Жеке тұлғаларға:

- Айналым капиталын ұлғайтуға (шикізат, халық тұтынатын тауарлар және
т.б.сатып алу)

- Негізгі капиталға шағын инвестициялар тартуды жүзеге асыруға (жылжымайтын
мүлік, патент, қосымша жабдық және т.б. сатып алу)

-тұтынушылық мақсатта және т.б.

2.Заңды тұлғаларға:

-Айналым капиталын толықтыруға

-негізгі капиталға инвестиция жасауға

Кредиттер бойынша сыйақы ставкасы (мүдде) нақты жобаға қарай
анықталады.

3. Клиенттердің кредиттерді қажетсінуін қанағаттандыру үшін, бизнестің
өзіндік ерекшелігін, мақсатқа сай пайдаланылуын ескере отырып, Банкте
бүгінде мынадай кредит бағдарламалары әрекет етуде:

- Еуропа қайта құру және даму банкінің кредит желісі бойынша шағын бизнеске
кредит беру бағдарламасы;

- Овердрафт нысанымена кәсіпорындарға қысқа мерзімді кредит беру
бағдарламасы;

- екінші деңгей банктері ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен шұғылданатын
кәсіпорындарға олардың айналым қаражаттарын толықтыруға беретін кредиттер
бойынша сыйақы ставкасын (мүдде) қаражаттандыру бағдарламасы;
- жергілікті атқарушы органдар арқылы ауыл шаруашылық тауарларын
өндірушілерді бюджеттен қаржыландыру.

Ипотека lights бағдарламасы

Пайдалану мақсаты:
Мұндай кредиттер пайдалнуға дайын тұрған және құрылысы салынып жатқан
жылжымайтын мүлік сатып алу үшін беріледі.

Бағдарлама талаптары:
•Кредит мерзімі - 20 жылға дейін;
•Валютасы -теңге,АҚШ доллары, евро;
• Сыйақы мөлшерлемесі - жылдығы 7%-дан 11%-ға дейін.
• Сыйақы мөлшерлемесі қосымша қамтамасыз ету ретіндегі банк салымының
мөлшеріне байланысты;
• Табысты құжатпен растау талап етілмейді;
• Міндетті шарты - қосалқы қамтамасыз ету ретінде кредит сомасының кемінде
15 %-ы мөлшерінде банк салымы болуы керек;
• Жеке басын (кездейсоқ қайғылы жағдайлардан, еңбек ету қабілетін
жоғалтудан), мүліктік (кепілзатты) және титульдік (меншік құқығын жоғалту
салдарынан кепілдік мүліктен айрылудан) сақтандыру міндетті болып табылады;

• Кредиттік өтінімді қарастыру мерзімі - 7 жұмыс күні.

Кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету
Негізгі қамтамасыз ету ретінде - сатып алынатын жылжымайтын мүлік;
Қосымша қамтамасыз ету ретінде - банк салымы қабылдануы мүмкін.

Жеке тұрғын үй салуға және үйді жөндеуге деген бағдарлама

Пайдалану мақсаты:
Кредит жеке тұрғын үй құрылысын салуға (құрылысты аяқтауға), сондай-ақ
коммерциялық емес мақсаттағы жылжымайтын мүлікті жөндеуге беріледі.

Мақсатты топ:
- тұрғын үй құрылысын салуға аяқтауға берілетін қарыздар бойынша - жер
телімін меншік құқығымен иеленуші, ҚР резиденті болып табылатын жеке
тұлғалар,
- тұрғын үйді жөндеуге берілетін қарыздар бойынша - пайдалануға дайын
тұрғын үйлік жылжымайтын мүлікке меншік құқығы бар, ҚР резиденті болып
табылатын жеке тұлғалар.

Бағдарлама талаптары:
• Кредит мерзімі - 6 айдан 20 жылға дейін;
• Валютасы - теңге, АҚШ доллары, евро;
• Сыйақы мөлшерлемесі теңге мен АҚШ долларында жылдығы – 13%, еурода -
12,5%
• Кредиттің ең көп сомасы қарызгердің төлем қабілетіне байланысты, ең аз
сомасы - 5 мың АҚШ долларына евроға барабар мөлшерде (аудандық филиалдар
үшін - 3 мың АҚШ долларына евроға барабар сома);
• Қарыз сомасын табысты құжатпен растамай-ақ алуға болады, кей жағдайда
құжатпен растау қажет болады;
• Міндетті шарты - қарызгер өз қаржысын қосуға тиіс, банк салымының мөлшері
- сатып алынатын жылжымайтын мүлік, құрылыс жұмыстары құнының 15 %-ы;
• Сыйақы мөлшерлемесі - кредит валютасына байланысты;
• Жеке басын (кездейсоқ қайғылы жағдайлардан, еңбек ету қабілетін
жоғалтудан), мүліктік (кепілзатты) сақтандыру міндетті болып табылады;
• Кредиттік өтінімді қарастыру мерзімі - 7 жұмыс күні.

Кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету
• Тұрғын үйлік жылжымайтын мүлік құрылысына берілетін кредиттер бойынша:
1. егер табысты құжатпен растау талап етілмейтін болса -
а) негізгі қамтамасыз ету - қолда бар жылжымайтын мүлік;
б) қосымша қамтамасыз ету - банк салымы, оның сомасы қарызгердің қосатын өз
қаржысының мөлшерінен кем болмауға тиіс;
2. егер қарызгердің табысы құжатпен расталатын болса - негізгі қамтамасыз
ету бар болса жеткілікті;
• Тұрғын үйлік жылжымайтын мүлікті жөндеу жұмысына берілетін қарыз бойынша
кепілдік ретінде негізгі қамтамасыз ету пайдалануға дайын тұрған
жылжымайтын мүлік болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бос ақша қаражаты
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
Банктің қаржылық қызметтері
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Банктік жүйе
Қазақстанның банк жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн саясаттары
Ұлттық банк және оның банктік жүйедегі мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемесі, құқықтық негіздері, құрылу ерекшеліктері
Коммерциялық банктердің несиелендіру операциялары
Пәндер