Қазақ музыка өнері



КІРІСПЕ 3

1 Қазақ музыка өнері . баға жетпес ұлт құндылығы.

1.1 Қазақ музыка өнерінің тарихи өрістеуі 5

1.2 Қазақ музыка өнеріндегі саз аспаптардың рөлі 9

1.3 Қазақ музыка өнерін жаңғыртушы тарихи тұлғалар 20

2 Дәстүрлі күй өнері . қазақ музыкасының қайнар көзі

2.1 Көшпелілер күй өнерінің мәдени архетиптері 25

2.2 Қазақ күй өнерінің қалыптасуы 30

2.3 Қазақтың аспапты музыкасының мәдени ерекшеліктері 51

ҚОРЫТЫНДЫ 55

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57
Қазіргі XXI ғасыр жоғары индустралды ақпараттық қоғам. Ол даму жолында жаңару, өзгеру, бейімделуге негізделеді. Ақпараттық қоғамның технологиялық мәдениетімен жаһандану үрдісі Қазақстанның саясатында жаңа жағдайға бейімдеуге мәжбүр етеді. Бұл мәжбүрлік әлемдік саяси үрдістен туындайды. Әлемдік жаһандану үрдісінде Қазақстан саясатының бағыт-бағдары туралы мәселелер Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде қарастырылған. Онда бұл мәселе жөнінде былай деп жазылған: «Әлемдік тәжірибедегі жақсылық атаулыны бойға сіңіру және әлеуметтік экономикалық прогресс жолына біздің терең тамырлы ұлттық дәстүрімізді жұмылдыру–міне, табыстың кілті, міне, Қазақстанның тұрақты да гүлденіп көркейетін жолы » [1]. Жаһандану үрдісінде ұлттық мәдени құндылықтардың атқаратын маңызды рөлі туралы мәселелер Р.А.Нұртазинаның «Образовательная политика Республики Казахстан в условиях глобализаций» [2] атты ғылыми еңбегінде сонымен бірге С.З.Баймаганбетовтың «Современная социально–культурная политика» деген еңбектерінде талданып сипатталған [3]. Ғалымдардың еңбектеріне жасалған талдау бізге мына төмендегідей көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді.
1. Білім беру жүйесінің гуманитарлық моделі ең алдымен ұлттық мәдени құндылықтарына, оның бойындағы жинақталған тәлім-тәрбиелік тағлымдарға негізделеді, яғни ең басты екпінді ұлттық мәдениетке ден қояды.
2. Білім берудің ізгілікті принциптері ең алдымен гуманитарлық пәндерді басшылыққа алады.
3. Жаһандану үрдісінің қарыштап дамуы мен оның қатаң жағдайында ұлттық дәстүрлерімізді жойып алмай керісінше оның дамытудың жаңа үлгісін жетілдіру қажет. Демек, Қазақстан жаңару үрдісінде негізгі екпінді терең тамырлы ұлттық мәдениетке ден қояды. Сонымен бұл мәселеде яғни, жаңару үрдісі ұлттық мәдени құндылықтарды жинақтап, зерделеудің, оның негізіндегі мәдени танымдық білім ұғымдарын жинақтаудың, танудың, қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан да, ұлттық мәдени құндылықтарды ғылыми тұрғыда дамыту, тану біз қарастырып отырған тақырыптың маңыздылығын дәлелдейді.
Этникалық рухани мәдениеттің маңызды бөлігін қоршаған дүниені эстетикалық меңгеруімен байланысты болатын қазақтардың дәстүрлі күй өнері құрайды. Мұның өзі қазақ этносының өзіндік көркем көрінісінің бір үлгісін танытады, оның өзіндік ұлттық ерекшелігінің маңызын терең әрі орнықты ретте бейнелейді, мәдени-өркениеттің ұқсастығын білдіре түседі. Осы өнер қазақтардың эстетикалық, философиялық түсініктерін қалыптастыруда, әдептік мәдениетін дамытуда маңызды бір форма жасаушы рөл ойнайды.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-санасына байланысты туған күй өнері ұлттық дүниетаныммен, көшпелі өмір салтымен байланысты. Қазақ дүниетанымындағы ырғақ пен әуенге байланысты түсініктері әу баста халқымыздың мал бағу кәсібі мен диқаншылық өміріне байланысты туған. Әсіресе, жыл мерзімдерін белгілеу мен ауа райының болашағын болжау өнер тынысына тікелей қатысты болды.
1. 1. Н.Ә. Назарбаев. Сындарлы он жыл. - Алматы: Атамұра, 2003. - 234б.
2. Р.А. Нұртазина. Образовательная политика Республики Казахстан условиях глобализаций. - Алматы: Ғылым, 2004. - 127, 150, 174б.
3. С.З. Баймағанбетов. Современная социально-культурная политика. - Астана: Ел орда, 2001. - 158 б.
4. Ә.Х. Тұрғынбаев. Социология. - Алматы: Білім, 2001.- 85б.
5. В.И. Тимошинов. Культурология. - Алматы: Казахстан Еуразия – Восток-Запад, Атамұра, 2001. - 158 б.
6. Ә.Х. Тұрғынбаев. Социология. - Алматы: Білім, 2001. - 85б.
7. Т. Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, А. Құлсариева. Мәдениеттану негіздері. - Алматы: Дәнекер, 2000. - 2 б.
8. Ә.Х. Тұрғынбаев. Социалогия. - Алматы: Білім, 2001. - 86 б.
9. Т. Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, А. Құлсариева. Мәдениеттану негіздері. - Алматы: Дәнекер, 2000. - 33 б.
10. В.Г. Рожин, В.П. Тугаринов, Б.А. Чагин. Маркстік–Лениндік философия. - Алматы: Қазақстан, 1969. - 137 б.
11. К.М. Байпақов. Ежелгі Қазақстан тарихы. - Алматы: Рауан, 1998. - 18-23 б.б.
12. Қ.А. Ақышев, К.М. Байпақов, М.Қ. Қыдырбаев, Б.Е. Көмеков. Қазақ ССР тарихы I том. - Алматы: Ғылым, 1980. - 79-83 б.б
13. К.М. Байпақов. Ежелгі Қазақстан тарихы. - Алматы: Рауан, 1998. - 23б.б.
14. В.П. Тугаринов, Б.А. Чагин, В.П. Рожин. Маркстік-Лениндік философия. - Алматы: Қазақстан, 1969. - 450-451б.б.
15. К.М. Байпақов. Ежелгі Қазақстан тарихы. - Алматы: Рауан, 1998. - 53 б.б.
16. Cонда 54 б.б.
17. Әбілқасым. Бақсылық және бақсы сарын // Алматы: Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1995. - №7-9. - 57-60 б.б.
18. Р. Нұрғалиев. Қазақ ССР қысқаша энциклопедия IV том. - Алматы: ҚСЭ, 1989. - 123 б.б.
19. Ж. Нәжімеденов. Бізге жеткен бабалардың қолтаңбасы. // Алматы: Қазақ әдебиеті, - 18.03.2005.
20. А.Г. Медеуов. Гравюры на скалах. Сарыарка. Мангышылак. - Алматы: Жалын, 1979. - 16 б.
21. Қ.А. Ақышев, К.М. Байпақов, М.Қ. Қыдырбаев, Б.Е. Көмеков. Қазақ ССР тарихы I том. - Алматы: Ғылым, 1980. - 79-83 б.б.
22. А. Сейдімбеков. Қазақтың күй өнері. – Алматы: 2002. - 832 б.
23. Т. Мерғалиев, С. Бүркітов, О. Дүйсенов. Қазақ күйлерінің тарихы. – Алматы: 2000. – 50б.
24. Б. Сарыбаев. Қазақтың музыкалық аспаптары. - Алматы: Өнер, 1980. -11-16 б.б.
25. Д. Шоқпарұлы. Қолөнер түлеп жаңғырса. // Алматы: Қазақ әдебиеті, 29.05.1987.
26. С. Қасиманов. Қазақ халқының қолөнері. - Алматы: Қазақстан, - 1993. - 203 б.
27. Б. Сарыбаев. Адырна. // ҚСЭ IV том. Алматы: 1989. - 93 б.
28. Б. Аспандияров және т.б. Адырна. - Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі I том. Алматы: Қазақ ССР ғылым академиясы, - 1959. - 13 б.
29. З.С. Жәкішова. Адырна.// Ұлттық энциклопедия. Алматы: 1999. - 103 б.
30. Д. Шоқпарұлы. Әмбебап домбыра. // Алматы: Білім және Еңбек, - №10 1984.
31. Д. Шоқпарұлы. Домбыра жасау. - Алматы: Мектеп, - 1996. - 7-8 б.б.
32. Д. Шоқпарұлы, Е.Ахметов. Дұдыға. // Алматы: Мектептегі техналогия, - №1. 2004. - 15 б.
33. Сонда 15 б.
34. Д. Шоқпарұлы. Желғабыз. // Алматы: Білім және Еңбек , - №2. 1985ж.
35. Сонда
36. Б. Сарыбаев. Қазақтың музыкалық аспаптары. - Алматы: Өнер, - 1980.
37. Д. Шоқпарұлы. Нарқобыз. // Алматы: Білім және Еңбек, - №1. 1985.
38. Ә. Қоңыратбаев. Эпос күйтабақтары туралы. - Алматы: Қазақ әдебиеті, - 20.03.1981.
39. І.К. Кеңесбаев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым академиясы, - 1959. - 165 б.
40. Б. Сарыбаев. Қазақтың музыкалық аспаптары. - Алматы: Өнер, 1980.
41. Д. Шоқпарұлы. Нарқобыз. // Алматы: Білім және Еңбек, - №1. - 1985.
42. Д. Шоқпарұлы. Ана тілі. // Алматы: Қоңырау, - 9 маусым 1994. - 5 б.
43. Сонда
44. Д. Шоқпарұлы. Қоңырау. // Алматы: Ана тілі, - 06.09.1994. - 5 б.
45. Сонда
46. Сонда
47. Д. Шоқпарұлы. Шың. // Алматы: Білім және Еңбек, №1. - 1985.
48. Сонда
49. Сонда
50. Т. Ғабитов, Т. Мүтәліпов, А. Құлсариева. Мәдениеттану негіздері. - Алматы: Дәнекер, 2000. - 24 б.
51. . С. Аязбекова. Картина мира этноса: Коркут-ата и философия музыки казахов. – Алматы: ИФП, 2002. – 285 б.
52. Махмұт Қашқари. Диуани лұғат – ат түрік.
53. Әл-Фараби. Музыка және поэзия туралы трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1993. - 373 б.
54. Б. Сарыбаев. Қазақтың музыкалық аспаптары. - Алматы: Өнер, 1980.
55. В. Виноградов. О музыкальной археологии. // Советская музыка, 1971. - № 5. 8-14б.
56. Әл-Фараби. Музыка туралы үлкен кітап. Музыка және поэзия туралы трактаттар. - Алматы: Ғылым, 1993. - 327-382 б.б.
57. Ә.Х. Марғұлан. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 295б.
58. Б. Сарыбаев. Революцияға дейінгі Қазақстанның халық музыкалық аспаптары. Өнертану кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 1969. – 28 б.
59. А.И. Мухамбетова. Народная инструментальная культура казахов. – Л.: Наука, 1976. – 220 б.
60. К.В. Чистов. Народные традиции и фольклор. – Л.: Наука, 1986. – 304б.
61. С. Қасқабасов. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984.–272б.
62. Б. Каракулов. О некоторых средствах традиционного музыкального языка казахов. // Известия АН Каз ССР, 1974. - № 3. 55-60 б.б.
63. С. Елеманова. О социологической специфике устного профессионального музыкального искусства. Социологические аспекты изучения музыкального фольклора. – Алматы: 1978. - 57-58б.б.
64. Ә. Мұхамбетова. Қағажу көрген қазақ музыкасы. // Жұлдыз, 1992.- № 3. 151-160 бб.
65. М. Мағауин. Бес ғасыр белестері. Ай, заман-ай, заман-ай… – Алматы: Жазушы, 1991. – Т. І. – 5-23 б.
66. А. Затаевич. 500 казахских песен и кюйев. - Алма-Ата: Наркомпросс КазССР, 1931. – 283 б.
67. Л. Халтаева. Генезис и эволюция бурдонного многоголосия в контексте космоногических представлений тюрко-монгольских народов. Автореф. канд. дис. – Ташкент: 1991. – 27 б.
68. А. Есенұлы, Г. Елеусізқызы. Күй керуені. - Алматы: Өлке, 1997. - 160б.
69. С. Аязбекова. Картина мира этноса: Коркут-ата и философия музыки казахов. – Алматы: ИФП, 2002. – 285 б.
70. Mead G. From Gesture to Symbol // Mead G. Mіnd, Selt and Socіety. - Chіcago, 1934ж. - 65, 66-76, 78 б.б.
71. Когнитивная лингвистика: концепции и парадигмы. – Алматы: АГУ, 1996. – 279 б.
72. Ю.М. Лотман. Тартуско-Московская семиотическая школа. – М., 1994. – 239 б.
73. Қазақстан Республикасы мәдени дамуының тұжырымдамасы. – Алматы: ҚазӨМҒЗИ, 2002. - 20 б.
74. А. Швейцер. Мәдениеттің құлдырауы және қайта өрлеуі. Мәдениет философиясы. Бірінші бөлім (аударған Самат Ибраим). - Т. 17. ХХ Ғасырдың мәдениет философиясы. – Алматы: Жазушы, 2008. – 237-249 бб.
75. Э. Кассирер. Символикалық формалардың философиясы (аударған Самат Ибраим). Классикалық емес батыс философиясың. Жиырма томдық. – Алматы: Жазушы, 2007. - 13 т. 165-182 бб.
76. Б.В. Асафьев. Қазақстан музыкасы. Қазақстанның музыка мәдениеті. – Алматы, 1955. - 5-21б.б.
78. Әл-Фараби. Музыка және поэзия туралы трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1993. - 373 б.
79. Н. Шахназарова. Музыка Востока и музыка Запада. Типы музыкального профессионализма. – М.: Советский композитор, 1983. - 251 б.
80. Ә. Қоңыратбаев, Т.Қоңыратбаев. Көне мәдениет жазбалары. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. - 359 б.
81. В. Гусев. Эстетика фольклора. – М.: Наука, 1967. - 320 б.
82. М.О. Әуезов. Әр жылдар ойлары. – Алматы: Қазкөркем әдебиет, 1959. - 99 б.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1 Қазақ музыка өнері – баға жетпес ұлт құндылығы.

1.1 Қазақ музыка өнерінің тарихи өрістеуі
5

1.2 Қазақ музыка өнеріндегі саз аспаптардың рөлі
9

1.3 Қазақ музыка өнерін жаңғыртушы тарихи тұлғалар
20

2 Дәстүрлі күй өнері – қазақ музыкасының қайнар көзі

2.1 Көшпелілер күй өнерінің мәдени архетиптері
25

2.2 Қазақ күй өнерінің қалыптасуы
30

2.3 Қазақтың аспапты музыкасының мәдени ерекшеліктері
51

ҚОРЫТЫНДЫ
55

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
57

Кіріспе

Қазіргі XXI ғасыр жоғары индустралды ақпараттық қоғам. Ол даму жолында
жаңару, өзгеру, бейімделуге негізделеді. Ақпараттық қоғамның технологиялық
мәдениетімен жаһандану үрдісі Қазақстанның саясатында жаңа жағдайға
бейімдеуге мәжбүр етеді. Бұл мәжбүрлік әлемдік саяси үрдістен туындайды.
Әлемдік жаһандану үрдісінде Қазақстан саясатының бағыт-бағдары туралы
мәселелер Н.Ә.Назарбаевтың Сындарлы он жыл атты еңбегінде қарастырылған.
Онда бұл мәселе жөнінде былай деп жазылған: Әлемдік тәжірибедегі жақсылық
атаулыны бойға сіңіру және әлеуметтік экономикалық прогресс жолына біздің
терең тамырлы ұлттық дәстүрімізді жұмылдыру–міне, табыстың кілті, міне,
Қазақстанның тұрақты да гүлденіп көркейетін жолы [1]. Жаһандану үрдісінде
ұлттық мәдени құндылықтардың атқаратын маңызды рөлі туралы мәселелер
Р.А.Нұртазинаның Образовательная политика Республики Казахстан в условиях
глобализаций [2] атты ғылыми еңбегінде сонымен бірге С.З.Баймаганбетовтың
Современная социально–культурная политика деген еңбектерінде талданып
сипатталған [3]. Ғалымдардың еңбектеріне жасалған талдау бізге мына
төмендегідей көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді.
1. Білім беру жүйесінің гуманитарлық моделі ең алдымен ұлттық мәдени
құндылықтарына, оның бойындағы жинақталған тәлім-тәрбиелік тағлымдарға
негізделеді, яғни ең басты екпінді ұлттық мәдениетке ден қояды.
2. Білім берудің ізгілікті принциптері ең алдымен гуманитарлық пәндерді
басшылыққа алады.
3. Жаһандану үрдісінің қарыштап дамуы мен оның қатаң жағдайында ұлттық
дәстүрлерімізді жойып алмай керісінше оның дамытудың жаңа үлгісін жетілдіру
қажет. Демек, Қазақстан жаңару үрдісінде негізгі екпінді терең тамырлы
ұлттық мәдениетке ден қояды. Сонымен бұл мәселеде яғни, жаңару үрдісі
ұлттық мәдени құндылықтарды жинақтап, зерделеудің, оның негізіндегі мәдени
танымдық білім ұғымдарын жинақтаудың, танудың, қажеттілігін көрсетеді.
Сондықтан да, ұлттық мәдени құндылықтарды ғылыми тұрғыда дамыту, тану біз
қарастырып отырған тақырыптың маңыздылығын дәлелдейді.
Этникалық рухани мәдениеттің маңызды бөлігін қоршаған дүниені
эстетикалық меңгеруімен байланысты болатын қазақтардың дәстүрлі күй өнері
құрайды. Мұның өзі қазақ этносының өзіндік көркем көрінісінің бір үлгісін
танытады, оның өзіндік ұлттық ерекшелігінің маңызын терең әрі орнықты ретте
бейнелейді, мәдени-өркениеттің ұқсастығын білдіре түседі. Осы өнер
қазақтардың эстетикалық, философиялық түсініктерін қалыптастыруда, әдептік
мәдениетін дамытуда маңызды бір форма жасаушы рөл ойнайды.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-санасына байланысты туған күй
өнері ұлттық дүниетаныммен, көшпелі өмір салтымен байланысты. Қазақ
дүниетанымындағы ырғақ пен әуенге байланысты түсініктері әу баста
халқымыздың мал бағу кәсібі мен диқаншылық өміріне байланысты туған.
Әсіресе, жыл мерзімдерін белгілеу мен ауа райының болашағын болжау өнер
тынысына тікелей қатысты болды.
Өнердің неғұрлым көне түрі ретінде халықтық күй өнері шығармашылығы
әрбір халықтың рухани мәдениеті тарихында, оның адамгершілік және
эстетикалық тәрбиесінде айрықша орын алады. Ежелгі мифтерден бастап эпостық
жырларға дейін, наным-сенім өлеңдерінен қазіргі әңгімеге дейін халықтың
уақыт пен кеңістік туралы түсініктері сан-тарау кезеңдерді бастан кешірді.
Көркемдік ойлаудың тарихын уақыт пен кеңістік туралы ұғымдардың қалыптасу
тарихынан бөліп алуға болмайды.
Көркем-мәдени музыка формасына талдау жасау, оның тек қана бір халықтың
немесе туысқан халықтардың шеңберінде ғана дамитын құбылыс ретінде емес,
аймақтық құбылыс ретінде қараудың қажеттігі айқын болып отыр.
Дәлелденудің тағы бір көрінісі ол нормативтік құқықтық құжаттар. Осыған
орай ҚР Үкіметі өміршең Қаулылар қабылдады. Ондай Қаулыларға: 2009-2011ж.
арналған Мәдени – мұра мемлекеттік бағдарламасы, ҚРББ дамытудың 2005-
2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР ЖООБ мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттары, кіреді. Жоғарыда аталған стандарттарға
жасалған талдау бізге мемлекет тарапынан ұлттық мәдени құндылықтарға,
олардың дамуына, зерттелуіне, жас ұрпақты тәрбиелеуге тағылымдарына және де
оны оқытудың мәселелеріне айрықша көңіл аударғанын көруге болады.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ музыка өнерін ғылыми тұрғыда жүйелеу және оның
теориялық негіздерін ашу.
Жұмыстың өзектілігі: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен Мәдени мұра
бағдарламасының басты міндеттері ретінде ұлттық мәдени құндылықтарымызды
жаңғырту болды, соның ішінде дәстүрлі музыка мәдениетін зерделеу бүгінгі
күннің басты мақсаттарының бірі болып келеді. Осы орайда қазақ музыка
өнерін ғылыми тұрғыда жүйелеу және оның теориялық негіздерін ашу
қажеттіліктері туып отыр. Қазіргі ақпаратты заманда және постиндустриалды
қоғамда қандай мемлекет болмасын өзінің түп тамырына бойлап өзіндік ұлттық
идеясын қалаптастырып, заманға сай құндылықтарын жаңғыртары анық.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Дипломдық жұмыстың
теориялық мазмұны тарихи-мәдениеттанулық зерттеулер үшін әдістемелік негіз
бола алады. Зерттеу тақырыбының теориялық қажеттігі елімізде қалыптасып
келе жатқан мәдениеттану ілімі мен пәнін ұлттық болмыс талаптарына сай
дамытумен байланысты. Зерттеу жұмысының нәтижесі ұсыныстар, пікірлер,
гуманитарлық білім беру тұжырымдамасын жасауда ғылыми теориялық маңызы зор.
Көтерілген мәселелердің ұлттық ойлау жүйесінің, дүниетанымдық қалыптасу
заңдарын, ерекшеліктерін анықтаумен оларды түсіндіруде қосар өзіндік үлесі
айтарлықтай.

1 Қазақ музыка өнері – баға жетпес ұлт құндылығы.

1.1 Қазақ музыка өнерінің тарихи өрістеуі

Адамзат баласы өзін қоршаған ортаға қатынасын, дүниеге көзқарасын әр
алуан түрлі мәдениеттер системасында ғылыми негіздейді . Мәдениеттер
системасында адам баласы табиғатқа қатынасын, яғни табиғатты зерттеу
мақсатында жаратылыстану ғылым жүйесін дамытты . Бұл ғылыми жүйеде
философия ғылымы басты рөлді атқарады. Адамзаттың тағы да бір ғылым
саласындағы жаналығы адамның рухани өміріне қатысты мәдениеттер системасын
құруы. Бұл системаға барлық қоғамдық ғылымдар топтамасы кіреді. Адамның
рухани өміріндегі рухани мәдениеттерді туғызатын психикалық құбылыс
–эстетикалық сана болып табылады.
Қазақ мәдениеттер жүйесін негіздеуде бір қатар ғалымдар зор еңбек
сіңіруде. Оларға: С.Мұқанов, А.Сейдімбеков, Х.Маданов, В.И.Тимошинов,
Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариеваның қазақ мәдениетінің теориясына
арналған ғылыми еңбектерін атауға болады. Бұдан басқа мәдениеттер жүйесі
социология ғылымы аясында және философия ғылымы аясында қарастырылған.
Оларға А.Х. Тұрғынбаев, В.П. Рожин, В.П.Тугариновтың ғылымы еңбектерін
жатқызуға болады. Жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектерінде
мәдениет ұғымына төмендегідей анықтамалар берілген. Белгілі ғалым
А.Х.Тұрғынбаев өзінің Социология атты еңбегінде мәдениет атауы латын
тілінде алғашында –топырақ өңдеу дегенді білдіреді. Сөйтіп, табиғи
себептерден туған өзгерістерден өзгеше адам әрекетінен табиғат аймағында
болатын барлық өзгерістер –мәдениет деп түсінілді. Кейінен мәдениет
сөзі: адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды [4]. Дәл
осыған ұқсас пікірді В.И.Тимошинов өзінің Мәдениеттану еңбегінде
қарастырады [5].
Сонымен, мәдениет дегеніміз – белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ
мінез-құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік рухани
құндылықтарының жиынтығы [6].
Мәдениеттанушы ғалымдардың: А.Құлсариев, Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов
еңбегінде мәдениет деген ұғымға мынадай анықтама берілген: мәдениет -
белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы.
Мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістігінің қызметі мен
өзіндік ерекшеліктері [7].
Ғалымдардың еңбектерінде мәдениет жүйесі адам баласына қызмет жасауы
екі үлкен саладан өрбиді. Оның бір материалдық мәдениет, яғни материалдық
қызметтің барлық саласын қамтиды және оның нәтижелері (еңбек құралдары
тұрғын үй, көлік құралдары, тұрмыста қолданылатын заттар) адам идеяларының
материалдандырылуы, білімнің заттандырылуы болып табылады. Екіншісі: рухани
мәдениет ұғымы қоғамдық сананың барлық формалары мен деңгейлерін, білім мен
тәрбие жүйелерін мәдениет мекемелері жүйелерін қамтитын күрделі де көп
жақты құрылым. Таным мен білім берудің барлық түрлері, әдебиеттің,
фольклордың, этнографиялық, өнердің, философияның, діннің, ғылымның
адамгершіліктің барлық формалары мен түрлері осыған жатады [8].
Материалдық және рухани мәдениеттер адамзаттың тіршілігі мен рухани
өміріне бірнеше атқарушы функциялар арқылы қызмет атқарады. Мәдениет
қызметтері: Ақпараттық (информациялық), реттеу, бағалау, әлеуметтендіру,
коммуникативтік, адамгершілік нормалар, сонымен бірге мұрагерлік болып
жіктеледі. Мәдениет қызметтері ішінде адамның эстетикалық қабылдауын
негіздейтін қызмет түрі – мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметінде
бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің
өзіндік ерекшелігіне қатысты. Ақпараттық беріліс әлеуметтік жйеде
биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда
ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру қабылдау және шығармашылықпен
дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптар,
рәсім-рәміз, дін мен тіл, дін мен өнер білімі және т.б. руханилықтың
белгісі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік
санасының жанды буынына айналады [9].
Мәдениеттік мұрагерлік қызметі эстетикалық мұраттар мен сезімдерді
қалыптастыруда басты рөлді атқарады. Эстетикалық қабылдаудың бір көрінісі
музыка өнері болып табылады. Музыка өнерінде эстетикалық қабылдау музыка
орындаушы адамның өнер материалдарын бейнелеп тыңдаушыға сол оқиғалар мен
көріністердің өзіндей әсер етеді. Демек, музыка өнері айналадағы өмірді
көрсетеді [10].
Қазақ халқының музыка мәдениеті халық аңыздары, эпикалық дастандар мен
батырлар жырларында айтылғандай сондай-ақ соңғы кездері археологиялық
қазбалар мен зерттеу экспедициялары тауып толықтыра түскен мәліметтері
дәлелдеп отығандай өзінің тамырын тереңнен, қазақ халқының қалыптасу
дәуірінен алады.
Археология мен тарих ғылымдары жасаған ғылыми теория, археологиялық
заттық ескерткіштер саз аспаптарының пайда болу тарихын кейінгі палеолит
дәуірінде басталатынын дәлелдейді.
Тарихшы ғалым К.М.Байпақовтың тарихи еңбегінде кейінгі палеолит
дәуірінде (б.з.б. 40-12 мың жылдықтар арасы) өнер мен діннің дамуына
байланысты мәліметтер берілген, онда К.М.Байпақов былай деп жазады:
Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамдар өзінен бұрынғылардан рухани жағынан
анағұрлым жоғары тұрды, Мұны табиғи бояулар мен үңгір қабырғаларына
салынған ежелгі суреттерден көруге болады. Үңгірлердің қабырғалары мен
төбесінде жылқылар, бизондар, аң аулау сәттері және дәстүрлі би қимылдары
бейнеленген [11].
Ежелгі палеолит дәуіріндегі алғашқы қауымдық құрылыстың өмір сүру
тәсілдері жөнінде археологиялық ғалымдар К.А.Ақышев, Х.А.Алпысбаев өздернің
тарихи еңбектерінде: Алғашқы адамдардың өмір сүру формалары тасқа салынған
әр түрлі сурет бейнелерінен көрініс алады ,- деп дәлелдейді . Олардың
пікірінше: үңгір қабырғаларына салынған ежелгі сол кезде пайда болған
алғашқы жарқын өнер формасы болды деп топшылайды [12].
Ғаламдардың еңбектерін саралай отырып, мынадай тұжырымдар жасауға
болады:
1. Алғашқы қауымдық құрылыста адам баласы өз алдымен тамақ табуды, киім
киюді ойлады.Соған байланысты өндіріс тәсілдерін, еңбек құралдарын
қалыптастырды.
2. Өндіріс тәсілінің негізі-аңшылық кәсібі болды. Осы аңшылық кәсіпке
байланысты еңбек құралдарын жетілдірді.
Біздің топшылауымызша: алғашқы музыкалық аспаптар еңбек құралдары
негізінен туындаған, өйткені, алғашқы адамдар аң аулау кәсіпшілігінде
аңдарды бір жерге шоғырландыру үшін, дыбыс шығаратын еңбек құралдарын ойлап
шығарған.
Аңшылық кәсіптен олжалы қайтқан адамдар өздерінің табыстарына қуанышты
сезімерін білдіру үшін дене қимылдарын жасаған. Демек, би қимылдарынан би
өнері көрініс тапқан, ал би қимылдары белгілі бір дыбыс ырғағымен бірге
жүретіні айқын. Сондықтан да, біздер аспаптардың пайда болуын аңшылық
кәсіппен байланыстырамыз. Оның бір дәйекті дәлелі, археолог ғалымдардың
тапқан тарихи ескерткіштері. Өйткені, археологиялық ескерткіштерде аң аулау
сәттері мен би қимылдары бірге бейнеленген.
Бұл біздің бірінші түйген түйініміз. Біздің бұл пікірімізді тарихшы
ғалым К.М.Байпақов өзінің тарихи фактілерімен растай түседі. Бұл фактілерге
орай былай деп жазады : Кейінгі палеолит адамдарына саз әуені де жат
болмаған. Олар ұрып ойналатын музыкалық аспаптар ырғағын сезіне білген.
Қазба жұмыстары кезінде табылған жануарлардың бас сүйектерінің кей
жерлерінің ойылып-ойылып қалғанына қарағанда, бұны барабан есебінде
қолданып, ортан жіліктерімен ұрғылап әуен шығарғанға ұқсайды [13].
Тарихи деректерді негізге ала отырып, алғашқы аспаптар шамамен 13 мың
жылдай бұрын пайда болған деп топшылауға болады. Жоғарыда жазылғандарды
қорыта келе, саз аспаптарының тарихи өрістеуі соңғы палеолит дәуірінде өмір
сүрген адамдардың өндіріс тәсіліне орай басталды. Алғашқы аспаптар еңбек
құралдары негізінде және дыбыс шығарғыш құралы негізінде туындаған. Демек,
алғашқы рет соқпалы дыбыс шығаратын музыкалық аспаптар шыққан деп
анықтаймыз.
Сонымен, ежелгі соқпалы аспаптар бүгінгі таңдағы дабылдың, дауылпаздың,
даңғыраның эволюциясы болып табылады. Бұдан түйетін түйін саз аспаптарының
пайда болуына алғашқы ықпал етуші фактор: өндіріс тәсілі болса, екінші
фактор: адамдардың эстетикалық санасының өсуі. Қоғамдық сананың ерекше
формасы өнер болып табылады [14].
Тағы да тарихи деректерге сүйенсек, саз аспаптарының шығу эволюциясы
қола дәуірінде өмір сүрген андроновтық адамдардың діни наным-сенімдеріне
байланысты туындаған. Өйткені, қола дәуірінде өмір сүрген адамдар ең
алдымен өз күшін киелі рух деп білді. Қола дәуірінде күнге, отқа,
жұлдыздарға арнап құрбан шалған. Сөйтіп, қола дәуірінде құрбан шалу ғұрпы
шықты. Міне, осы құрбандық шалу рәсімінде дәстүрлі би билеу қимылдары
орындалған. Демек, би билеу қимылдары ұрмалы аспаптармен жүруі мүмкін деген
жорамал жасаймыз.
Осындай құбылыстьың бірін К.М.Байпақов былай деп жазады: Біраз
суреттерде күн сәулелі басы бар Митраға табыну сеттері бейнеленген. Таңбалы
таста күн сәулелі басты құдай, оның айналасында қол ұстасып билеп жүрген
кішкене адамдар, сондай–ақ жеке және жұпты бишілер қашалып салынған.
Олардың барлығы дәстүрлі би билеуде. Қол ұстасып би билеу–күнді бейнелесе,
ал адамдардың қимылы-аспан әлемінің айналу қозғалысын көрсетеді [15].
(төмендегі суретке сәйкес) Сонымен, саз аспаптарының шығуына үшінші ықпал
етуші фактор: ол ежелгі қола дәуіріндегі шамамен б.з.б. 3 мың жылдықтарда
өмір сүрген андроновтық адамдардың діни наным-сенімдері. Бұндай наным
сенімдермен ұрмалы аспаптар шықты.

Бұқаға мінген күн басты құдай Күн басты құдай

Тарихшы К.М.Байпақов қола дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген
тайпалардың арасында соғыс қақтығастары болғандығын археологиялық
ескерткіштер негізінде дәлелдейді. Андронов мәдениетіне тән тастағы
суреттерде ұрыс алаңдары шоқпармен, балтамен, садақпен қаруланған жаяу
әскерлердің шайқасын бейнелегенін атап көрсеткен.
Ғалымның теориялық негіздерінен шығаратын қорытынды мынадай: соғыс
өнерінде әскерлерге әмір беру мақсатында соқпалы-ұрмалы аспаптарды
пайдалануы мүмкін деген тұжырым жасаймыз. Демек, төртінші ықпал етуші
фактор: ол қола дәуіріндегі тайпалардың арасындағы өзара ұрыс қимылдары.
Тарихи деректерде қола дәуірінде егіншілік шаруашылықтың дамуымен
байланысты соқа салу мейрамы аталып өткен [16]. Демек, соқа салу
мейрамы да белгілі бір дыбыс шығаратын аспаптардың сүйемелдеуімен өткізілуі
ықтимал. Сонда біздің зерттеуімізше тағы бір ықпал етуші фактор: дәстүрлі
мереке-думандар болып табылады. Осындай тарихи фактілер бізге саз
аспаптарының б.з.б. 40-12 мың жылдықтарда пайда болғандығын дәделдейді.
Саз аспаптарының тарихи өрістеуі б.з.б. 1 мың жылдықта өмір сүрген:
сақ, ғұн, тайпалары арасында, сонымен қатар біздің заманымыздың 1 мың
жылдықтың басында және орта тұсында өмір сүрген: қыпшақтар мен түрік
тайпаларының фольклорлық ауыз әдебиеті үлгілерінде бейнеленеді. Оның бір
мысалы: филолог ғалым Б.Әбілқасымның еңбегінде көрініс алады. Біздің
пайымдауымызша: әуелгі темір дәуірінде шамамен бұдан 2 мың жыл бұрын өмір
сүрген тайпалардың төтемдік сенімдеріне байланысты шамандық атрибут пайда
болды [17].
Шамандық атрибут-бақсы сарыны. Бұл сарын–бақсының ойын үстінде
орындалатын іс қимылы, белгілі бір ғұрыпты атқару кезінде бақсы ойынды
ұрмалы аспаптардың сүйемелдеуімен орындайтын болған. Демек, саз
аспаптарының өрістеуіне ежелгі халық фольклорының пайда болуы үлкен ықпал
еткен деген пікірге келеміз. Фольклорлық жанрларды ән сазымен, яғни әуенмен
айту үшін саз аспаптарын пайдалану дамыды.
Ең алғаш рет саз аспаптары тұрмыс–салт жырларын, аңыз-күйлерін (тұрмыс-
салт көріністерін, жаугершілік заман хикаялары, хайуанаттар өмірін , халық
сарыны болған кең қоныс, жер–су жайын баяндайтын) музыкалық тұрғыдан
бейнелеу тәсілдеріне қолданылды. Тұрмыс салт жырлары: аңшылық өлеңдер, мұң-
шер өлеңдері мен үйлену, саят жырлары, халықтың күнделікті күн-көріс
тіршілігімен туған өлеңдер, қуанышы мен күйінішін білдіретін лирикалық ән
өлеңдер [18].
Қорыта айқанда саз аспаптарының мәдени тарихы екі салада өрбиді. Бірі-
инструментарий, яғни саз аспаптарының алғашқы эволюциясы. Сол жылдардағы
ежелгі аспаптар жинағына: ұрмалы үрмелі аспаптар жататын. Олар адам
баласының эстетикалық және рухани дамуымен байланысты болды. Оның негізінде
халық фольклоры жатар. Бұл кезеңде адамдар дыбысқа әуен сазын қосуды
шығырды. Ал, ол әуен белгілі бір саз аспаптарымен сүйемелденді (Қосымша А,
Б).

1.2 Қазақ музыка өнеріндегі саз аспаптардың рөлі

Қазақ халқының музыка мәдениетіндегі құндылықтардың бірі ол-саз
аспаптар әлемі. Қазақтың дәстүрлі саз аспаптар мәдениеті халық қазынасы
болса, онда оларды жас ұрпаққа жеткізу, олардың тарихи тәжірибедегі мәдени
негіздерін зерделеу, жинақтау, сақтау, жаңғырту басты мұраттардың бірі
болып табылады. Қазақ халқының музыкалық аспаптану тарихы тым ертеден
бастау алады. Байырғы бабаларымыз арғымақтың жалынына жармасып ән салып,
нар қомына қонжиып күй шертіп, күліктің құлағына би билеп, жүйріктің
жотасында жыр айтып өткен (Қосымша В).
Халқымыздың сөз бастаған шешендері, ел бастаған көсемдері мен қол
бастаған батырлары ықылым замандардан бері көп болғандығын біздер тарихтан
білеміз. Сол сияқты аса кемеңгер ойшыл ұлдары: Қорқыт ата, Әбу-Насыр әл-
Фараби, Құл-Қожа –Ахмет Яссауи, Махмұд Қашғари, Ахмет Йүгінеки, Сайф Саран,
Жалайри, Дулати, Ысты Бөлтірік шешен, Қазыбек Тауасарұлы, Абай, Жамбыл,
Шоқан, Ыбырай. Әрине бұл тізімді әлі толассыз жалғастыра беруге болады.
Қазақтың Мәдениет және Өнертану ғылыми зерттеу институтының лаборатория
меңгерушісі, өнертану ғылымының кандидаты Жұмагелді Нәжімеденов Қазақ
әдебиетінің 18.03.2005 жылғы санында Бізге жеткен бабалардың қолтаңбасы
деген мақаласында қызғылықты деректер келтіреді [19].
Қазақ музыкасының ежелгі дәуірін, түп төркінін ғылыми негізде танып
білу үшін алдымен халқымыздың бұрын соңғы тарихына толық хабардар болуымыз
керек.
Біздің зерделеуімізше, арнаулы әдебиеттерде осы уақытқа шейін жазылып,
қабылданғандай екі ішекпен тартылатын лютня тектес аспаптар Орта Азия
аймақтарында біздің жыл санауымыздың бас кезінде пайдананыла бастаған деп
саналып келді. Тарихшы – аспапшылардың бұл тұжырымы деректі түрде
негізделген деп қаралды. Ал Арал маңындағы Қойқырылған қаласында қазба
жұмыстарын жүргізген кезде табылған, қолында қос ішекті домбырасы бар ер
адамның күйдірген саз балшықтан жасалған мүсіні б.з.д. III-IV ғасырдан
қалған екен.
Археология ғылымын жан-жақты қырынан зерделеп қарайтын болсақ, археолог
А.Г.Медеуовтың Гравюры на скалах. Сарыарка. Мангышылак. атты кітабында
осыдан 6000 жыл бұрын бейнелеген тасқа қашалған суреттер зерттеліп,
көрсетілген. Қаратау бөктерінде табылған суреттердің ішінде түйенің,
сиырдың, адамдардың суреттері бейнеленген. Түйенің мұрнын мұрындықпен
тесіп, бұйдаға жел бұйданы жалғап, оны адам жетектеп бара жатыр. Сол
ғасырдағы 6000 жылдық әдет-ғұрып тарихы қазіргі кездегі мәдениетте де солай
қолданып келе жатқаны бізге белгілі. Бабалардың артына тастап кеткен
мәдениетті бүгінгі күнге дейін бұзылмағанына тағы бір көзіміз жетті [20].
Осынау әлемде уақыт пен кеңістікте өз орны болмайтын, сыртқы дүниемен
өзара байланыстылықта тарихы мен логикасы болмайтын бірде-бір зат жоқ, -
деп философтар дұрыс айтқан.
Домбыраның қоңыр үні әлемдегі барлық бастапқы үйлесімнің (үстіңгі-
астыңғы қос ішектің гармониясының) ажырамас бірлігін жырлайды. Өкінішке
орай, осы бабалардан қалған қоңыр үнді қазір жоғалтып алып отырмыз.
Майтөбе жайлауы (Жамбыл ауданы, Алматы облысы). Теңіз деңгейінен 2000
метрлік биіктікте. Бұл жотаның ұзындығы 13 километрге созылған жоғарғы тау
шатқалында, көптеген суреттер арасынан тастан қашалған көне домбыраға ұқсас
музыкалық аспаптың суреті табылған. Тастың ұзындығы – 1м. 30см., қалыңдығы
80см, түсі қара. Бұл суретті 1986 жылы белгілі этногаф Жағда Бабалықұлы
тауып, сол кездегі Ықылас дүкенұлы атындағы халық аспаптар музейінің
директоры, философия ғылымдарының докторы Сәбетқазы Ақатаевқа хабарлап
музейге қабылдатады. Басында Жағда бабалықұлы қағазға түсіріп әкелген
тақтатастағы суретте музыкалық аспаптан басқа артында бес адамның әр түрлі
қимылда билеп тұрған суретін сен домбыраны зерттеп жүрген адамсың ғой
деп, осы жолдың авторына Сәбетқазы Ақатаевқа берген болатын. Себебі
тақтастың шеткі бұрышындағы бір адам, бәлкім, суретке түспей қалған
секілді. Ол кезде әуенді бейнелейтін нота жазуының болмағандығы белгілі,
сондықтан музыкалық аспапты би қимылы арқылы көрсетіп тұрғандай. Сыртқы
көрінісіне қарағанда, көне дәуірдің бұл музыкалық аспабы қазақ халқының
домбыра аспабынан басқа ешбір музыкалық аспапқа ұқсамайтындығы талас
тудырмайтын деңгейде бейнеленген. Аспаптың екі құлағы бар, яғни екі шекті,
ұзын мойны, кеудесі бар, бетін бетқақпақпен жапқан. Домбыраның басына үкі
байлаған. Бұл домбыраға үкі тағу күні бүгінге дейін жеткені мәлім.
Домбыраның сырт көрінісінің қарапайымдылы, бір қарағанда жеңіл-желпі
жасала салғандығы оның күрделі де тылсымға толы рухани дүниесіне көлеңке
түсіріп тұрғандай сезіледі. Оның үні өзінің табиғылығымен, адам
мүмкіншіліктеріне үндестігімен, мынау жарық дүниеге деген адам баласының
қуаныш-ренішін білдіретін тілімен баурап алады. Домбыраның тілінің
мүмкіншілігі ұшан-теңіз, оның құлақ күйін келтіруінің өзіндік ерекшелігі
көп.
Белгілі археолог, тарих ғылымының докторы Кемал Ақышев тасқа қашалған
жазуды зеттеп: Бұл сурет кем дегенде неолит (б.з.д. 4000 жыл) дәуірінде
бейнеленген деп тапқан екен [21]. Кейбір ғалымдарға бұл күмән тудыруы
мүмкін, бірақ мәдениетімізді әлі де дұрыстап, зерттеп анықтай алмай
жатқанымыз бізді қынжылтады. Бәлкім бұдан да әріректе жатқан мұраларымыз
бар шығар, дегенмен бұл қазақ халқының мақтанышы, бұған қуанбасақ,
ренжемейтін шығармыз. Санкт-Петербургте 2001 жылы өткен халықаралық
симпозиумде Еуропа ғалымдары тастағы тарихи сурет арқылы біздің
баяндауымыздан соң домбыраның әлемдік ішекті аспаптар атасы екенің
мойындаған.
Біздің ойымызша, осы сурет шындығында біздің жыл санауымыздан төрт мың
жыл бұрын бейнеленген болса, онда мынадай тұжырымға келеміз: жер бетіндегі
ішекті музыкалық аспаптардың атасы, бәлкім қазіргі қазақтың қара домбырасы
шығар.
Бұл аспаптың бүкіл сыртқы пішіні қай жағынан алып қарасақ та халықта
тұмар домбыра аталып кеткен, домбыраның Орталық Қазақстанда таралған
түріне өте ұқсас, дейді белгілі философ Сәбетқазы Ақатаев.
Ерте дүние зерттеушісі осынау музыкалық аспапты құрметтеу рәсімін
ұрпаққа биік тау шыңына шығып тұрып, тас бетіне түсіріп бейнелеуді қоғамдық
қажеттілік деп білгендей. Этнографиялық мәліметтерге жүгінсек, әлемнің
көптеген халықтары музыкалық аспаптарға қасиетті, табиғаттан тыс күш
ретінде қараған. Суретші кішкентай ғана тас қашаудың көмегімен қатты тау
жынысынан бишілердің дене қымылын, сол сияқты аспапта ойнаушылардың
шаттыққа толы сезім сәтін бере білген. Ертедегі суретшілердің өнерін бізге
жеткізген тақтатас Орта Азия мен Қазақстан халықтары музыка аспаптар
өнерінің өркендеу тарихы мен тағдырын жаңаша ұсынуға септігін тигізеді.
Тасқа қашап жазу өте ерте кезде-ақ жоғары дәрежеге жеткен. Европадағы,
Кавказдағы Орта және Орталық Азиядағы тас ғасыры петроглифтерінің белгілі
ошақтары көркемдік аясының, дүниетанымдық идеалдарының шектеулілігіне
қарамастан ойлылығымен, жазу әдістерінің әр түрлілігімен, сюжет
тұтастығымен қайран қалдырады. Осы суреттер сол кезеңге тән кесек
туындылар. Бұл олжа тек домбыраға ғана қатысты емес, ол-байырғы кезеңде
жеке орындаушылықтың болғандығының және Орта Азия мен Қазақстан аймағындағы
аңшы, малшы тайпалар арасында гүлденген музыка мәдениеті болғандығын
дәлелдейді.
Ертеде аспап орындаушылық дәстүрлердің болғаны және де көне қыпшақ нота
жазбаларының табылғаны жайлы белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбековтің Қазақтың
күй өнері атты монографиясында кездеседі [22].
Көшпелі елдің орта ғасырдағы Түрік қағанатының музыка мәдениетінен сыр
шертетін (VI-VIII ғ.ғ.) Жапонияның Нора қаласының, Сесоиде–императорлық
қазынасында тұрғанын да көруге болады. Тарихи мұражай экспонаттарының
арасындағы көңілді бірден өзіне аударатын нәрсе – түркі тектес халықтардың
музыкалық аспаптарымен бірге табылған Донхуа ноталық жазба үлгілері
(партитура, таблатура). Бұл нота жазбалары Будда діні туралы кітаптың
сыртқы мұқабасына жазылған 25-ші әуендегі сутрасына қолданылған. Шығыс
Түркістаннан келген (Оңтүстік Қазақстан) сол кездегі музыкалық аспаптар
оркестрін жапондар Гагаку деп, ал бұл аспапты ойнау әдісін Билле деп
атаған. Мұндағы га буыны арнайы дегенді, ал гакку-музыка әуеніне
сәйкес деген мағынада айтылған. Гакку және билле сөздерінің бұл
қолданысы қазақ тіліндегі композитор Ыбырай Сандыбайұлының Гәкку әніне
сәйкес келеді.
Бұрында қазіргі қазақ даласын парсы тілінде Дешті Қыпшақ деп атаған,
сол кездегі оңтүстік – батысты жайлап жатқан қыпшақтарды орыстар мен
поляктар половцы деп атаса , Батыс Еуропа халықтары кумандар деп
атаған. Кодекс куманикус кітабы негізінен қыпшақ тілінің халықаралық тіл
деңгейіне дейін көтерілгені, осы кітап ішінде романдық төртбұрыш ноталық
жазбалырдың болғаны, кейіннен католиктер хоралына музыкалық әуен ретінде
пайдаланылғаны жөнінде айтылады. Қазақ музыкасын зерттеген белгілі ғалым
Б.Г.Ерзакович жоғарыда аталған Кодекс куманикус кітабындағы музыкалық
нотаға талдау жасап, зерттегенде, қазақ музыкасының элементтерін
кездестірген. Бұл әуеннің біртіндеп диатоникалық жоғарлауы, бастапқы
музыкасының дамуы (1,2,3,4 такты) ескі сарынның Ақсақ құлан күйі мен
тарихи Елім-ай әнінің әуеніне сәйкес келген деп жазады. Кейіннен бұл
әуенді бұл католиктер өздерінің хораларында пайдаланған.
Көне музыкалық аспаптардағы (Домбыра, қылқобыз, сыбызғыдағы) ойналған
күйлер жайлы деректер баспадан 2000 жылы шыққан Т.Мерғалиев, С.Бүркітов,
О.Дүйсеновтар жазған Қазақ күйлерінің тарихы атты кітабында аталған.
Осыдан 4000 жыл бұрын сақ, ғұндардың кезінде шыққан Кеңес, Сарыөзен,
Тепен көк сияқты күйлер осы тұжырымға дәлел бола алады. Себебі,
домбыра–ең алдымен күй аспабы [23].
Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастаған Мәдени мұра бағдарламасын зор үмітпен
қолдай отырып, осы ойларымызды ортаға салуды жөн көрдік. Осы бағдарламаға
байланысты археологиялық қазыналарды зерттеу – мамандардың үлесінде. Ал
біздің мақсатымыз–қолда барды қадірлеу. Бұның төрелігін аспапшы-мамандар
мен домбыраны құрметтеуші көпшілік қауымның өзі айтар деп білеміз.Қазақ саз
аспаптарының шығу тегі ежелгі түрік тілдес халықтардан шыққан. Қазақ ұлттық
саз аспаптарын танушыларды бірегейі, өнертанушы-ғалым Болат Сарыбаевтың
зерттеулеріндегі ұлттық аспаптар туралы деректемелері.
Ежелгі түркілердің саз аспаптарының Қазақ халқының саз аспаптарының
жіктелген үлгісі. жіктелу үлгісі.
1.Үрлеп тартылатын: I. Үрлеп тартылатындар тармақталу
а)флейтарлық, ә)тростық, 1)Флейталық–сыбызғы, қурай- ысқырғыш,
в)мундштуктік: қарнай (мүйіз, үшпелеп, саз сырнай, үскірік,
труба), сызығы, сырнай. тастауық, ысқырауық.
2. Ішекті: 2)Торстық–қамыс сырнай, қос сырнай,
а)шертіп ойналатын, ә)қияқпен қауырсын сырнай.
ойналатын сырнай (мүйіз), сырғу, Мундштуктік–мүйіз сырнай, ұрын,
труба), довия (қобыз). бұғышық, керней.
3.Сым тілшелі II.Ішекті–
а)шертіп ойналатын, ә)ұрып ойналатын,1)шертіп ойнатылған жетіген, шертер,
қылқобыз. домбыра;
4.Мембраналық шаңқобыз, барабан. 2)қияқпен ойналатын–қылқобыз.
5.Сілкіп ойналатын: асатаяқ, III.Мембрананы ұрып ойналатын даңғыра,
сылдырақ. кепшік, дабыл, дудыға, дауылпаз,
шыңдауыл.
IV.Сым тілшелі: Шаңқобыз.
V.Сілкіп ойналатын: асатаяқ, шың,
сылдырмақтар, қамшы, қоңырау.

Б.Сарыбаев еңбегінде ежелгі түркілер мен қазақтардың саз аспаптарын
салыстыра отырып зерттеген. Ғылыми еңбегінде қазақ саз аспаптары, ежелгі
түркі тілдес халықтардың саз аспаптарынан бастау алады деген мағлұмат бар
[24].
1. Адырна
Адырна дегеніміз–қазірігі арфа тектес музыка аспабының арғы атасы болып
шығады. Қазіргі Ы.Дүкенұлы атындағы саз аспаптар мұражайында сақтаулы
тұрған соңғы аспап. Оның көркемдік пішіні мен стилі, технологиясы аспап
асаушының авторлық еңбегі болып табылады. Осы орайда сөзіміз дәйекті болуы
үшін фактлерге жүгінейік.
1) Әл Фараби пікірі. Ұлы ғұлама барлық ішекті аспаптардың шығу тегі садақ
адырнасына байланысты деп топшылайды. Ол түркі тілдес тайпалар
арасында жеті ішекті арфа болғандығын, кейіннен сол ішектер саны үшеу
болғандығын айтады [25].
2) С.Қасимановтың пікірінше: Керуіш-музыка аспабы. Оның формасы садаққа
ұқсайды, астында жастық ағашы екі басын шалқасынан кере тартып тұратын
бұрау ағашы бар. Оның шегі кәдімгі шуда жіп болған. Керуішті адырна
деп те атаған. Әкесіне баласы керуіш үйретіпті деген мақал содан
қалған. Керуішпен шабуылға шақыратын жауға шапқанда да соны азынатып,
айқай-қиқуға басатын [26].
Б.Сарыбаевтың пікірінше: адырна-қазақтың сыбызғы тектес көне үрлемелі
саз аспабы. Ұзындығы шамамен 600-700 мм-дей. Дыбыс шығаратын жалғыз тесігі
болған, оған қарамастан оның дыбыс күші зор екені байқалады. Ертеде
жаугершілікте, аңшылықта қолданылған. Адырнамен құстың, түрлі аңның даусын,
айнытпай салғанда олар аңшыға жақындап келген. Адырнаны ел ішінде бұғы
шақырғыш, бұғы сыбызғысыдеп те атайды. Оны түрік тілдес халықтар да
пайдаланған. Алтайлықтар оны абырға, хакастар пырғы дейді. Адырна қазір
сақталмаған [27].
Одан басқа қазақтың түсіндірме сөздіктерінде адырнаға мынадай анықтама
берген: адырна – садақтың оқ салып тартатын қайысы. Атына тұрмыс болсам
деп, жұртыма құрбан болсам деп, адырнасын ала өгіздей мөңіреткен. Атқан оғы
Еділ – Жайық тең өткен (Махамбет) [28].
Қазақстан ұлттық энциклопедиясында Қ.Ахметжан адырнаға мынадай анықтама
берген: адырна – садақтың негізгі бөлігінің атауы. Ағаштан, сүйектен,
мүйізден иіп құрастырылып жасалынады. Адырнаға қайыстан тарамыстан немесе
жібектен керме жіп керіп байлайды.
Қорыта айтқанда, аспаптанушы ғалымдардың еңбектерін саралай келе,
барлығына тән ортақ пікір қалыптасты. Ол садақ тәріздіс адырна аспабы. Тек,
Б.Сарыбаевтың пікірі ортақ пікірден алшақ. Б.Сарыбаевтың пікірінше: адырна
қазір сақталмаған. Демек, біздің айтуымызда бүгінгі мұражайда сақтаулы
тұрған адырнаны жаңғыртушы Д.Шоқпарұлы. Бұл сөзімізді З.Жәкішова растай
түседі. З.Жәкішова Д.Шоқпарұлының жасаған адырнасына сүйене отырып, мынадай
анықтама береді: адырна – қазақтың көп ішекті шертпелі көне саз аспабы.
Аспаптың шанағы, қуыс беті терімен қапталады. Біздің заманымыздан бұрын
аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәрізді
аңдарға ұқсастырып жасаған. Мәселен: мүйіз бен құйрықтың екі арасына
ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп,
ішектерін шертіп, кейде іліп ойнайды. Адырна ішегі шудадан немесе
тарамыстан жасалады. Адырнаны қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын
күйлерді орындауға қолданылады. Адырнаның Д.Шоқпарұлы, А.Құраров жасаған
бірнеше нұсқасы бар. Ол Ы.Дүкенұлы атындағы қазақ саз аспаптар музейінде
сақтаулы [29].

2. Әмбебап домбыра.
Әмбебап домбыра деген сөзді ешбір қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен
кездестіре алмадым. Белгілі өнертанушы Б.Сарыбаевтың: Қазақтың музыкалық
аспаптары деген ғылыми зерттеу еңбегінде домбыраға арналған бөлімінде де,
әмбебап домбыра деген саз аспабын кездестірмедім. Әмбебап домбыраны
Д.Шоқпарұлы жаңғыртқан саз аспабы.
Д.Шоқпарұлы Әмбебап домбыра атты мақаласында былай деп жазады: Он
шақты жылды артқа салып, марқұм болған қарт шебердің айтқандарын еске
түсіре осындай бір домбыра үлгісін әзірлеп оған Әмбебап домбыра деген
қойдым,-дейді. Біздің пайымдауымызша: Д.Шоқпарұлының он жылдан кейін
әмбебап домбыраны жасауы Ы.Дүкенұлы атындағы саз аспаптар музейінің
ашылуымен тұспа–тұс келеді. Демек, әмбебап домбыраны жасау идеясы саз
аспаптар коллекциясын толықтыру мақсатында пайда болған [30].
Әмбебап домбыраның бір қапталын оң бұрап, екінші жағын теріс бұрап,
кварта, квинта да қолдануға қолайлы. Әмбебап домбыраның ағаш қақпағы бар
жағы кәдімгі домбыра сияқты да, көн қақпағы бар қапталы шертердің үніндегі
нәзік сазды әуен шығарады.

Әмбебап домбыра жасаудың технологиясы
Әмбебап домбыра жасау технологиясы: бұтағы айыр болып біткен аша ағашты
алып, қынап, жонып, ағаш жарылмас үшін тұзды суға салып, жібітіп салып,
ашасының ұштарын біріктіре желімдеп, ағаш әбден кепкенше көлеңке жерге
ұстайды.
Бабымен кепкен ағаштың ашасын керіп тұрған кепіл ағашты ашып тастағанда
талдың жапырағына ұқсас, домбыра шанағының негізгі дайын болады. Оның бір
қапталына жұқа ұрғашы қарағайдан қақпақ салып, оған қарсы қапталған түйенің
шап терісін кердік.
Домбыраның мойны төрт қырлай жонылып, басына екі-екіден қарама-қарсы
төрт құлақ қондырылып, екі қапталына қос–қостан төрт ішек тағылды. Тиек
салынып, перне тағылған домбыраның қос қапталымен де ойнай беруге болады,
яғни жалғыз домбыра қос домбыраның кәдесіне жарайды. Әмбебап домбыраның
әдепкі домбырадын айырмашылығы да, артықшылығы да осы ерекшелігне
байланысты [31].

3. Дұдыға
Дұдыға қазақтың көне ұрмалы саз аспабы. Осы дұдығаның алғашқы нұсқасы
қазір Д.Ықылас атындағы Республикалық халық саз аспаптар музейінде
сақталған [32].
Дұдыға жасаудағы технологиясы.
Дұдыға жасау үшін: тері, ағаш, металл қолданады. Ең алдымен дұдығаның
екі жағына керетін теріні әзірлеп алған жөн. Ол үшін ешкі немесе жылқы
секілді терісі жұқа малдың тұзы қанық сіңген суға салып жібітеміз,
кейіннен шелін тазартып аламыз. Тері әзір болғанша диаметрі 15 см, биіктігі
3 см болып қаңылтыр металдан немесе ағаштан дұдыға басын иіп аламыз.
Металдан жасау үшін шеңбердің ішінен қарама-қарсы түкше пішінді екі ағаш
желімдеп жібереміз. Бұл дайын болғаннан кейін, ұзындығы 20-25 см тұтқаны
ағаштан әзірлеп аламыз. Оны шеңберге орнату үшін бас жағын түтікшенің
пішініне сай жонып, тығындап отырғызамыз, оны желімдейміз содан соң,
дайын болған теріні шеңбердің диаметрінен артықтау етіп қиып аламыз, содан
соң дөңгелек терінің шетін тесіп шығамыз. Тесіп шыққан керіні шеңбердің екі
жағына келтіріп, тарамыспен алма кезек екі теріні шалып, бекітеміз. Дайын
болған дұдығаны көлеңке жерге әбден кепкенше іліп қоямыз. Бабымен кепкен
тері көнге айналып, даңғырлап шыға келеді. Бәрі әзір болған соң басының екі
шетіне ағаш қаңғалақтар ілеміз. Міне, дұдығаның қарапайым жасалу түрі
осылай.
Енді жаңартылған түріне келетін болсақ, дәстүрлі ағаш сүйек немесе
мүйізден жасалатын қақыштардың орнына: металл сылдырмақтар қолдану. Сондай-
ақ сылдырмақтарды басының төменгі жағына және тұтқаның орнына сәндік үшін
орнату, дұдығаның дыбыс диапазонын ұлғайтады. Тұтқаның басы мен ұшына
өрнектелген металл шеңбер кигіземіз. Мұны орнату себебіміз, біріншіден
дұдыға әсемдік берсе, екіншіден түйіскен жерлерге қосымша беріктік береді
[33].

4. Желғабыз.
Желғабыз–ертеден келе жатырған үрмелі көне саз аспап түрі.
Біржан Салдың:
Желғабыз жез тағалы омырауым,
Қара тер шыққан сайын кетем ағып... - деген жыр жолдары да кезінде ел
арасында осындай саз аспабының болғандығын растайды.
Армяндар – паркобзук, белорустар мен украиндер–дуда немесе коза,
грузиндер–сатви, орыстар–волынка деп атайтын желғабыз тәрізді музыка аспабы
венгрлерде де, поляктар мен чехтарда да кездеседі.
Қазақша желғабыз (желбуаз) аталуы – желқобыз –сөзінен туындаса керек
[34]. Халық арасында желғабыз – екі тақтай арасына үрген, қарын бекітіп
тақтайлардың тесіктеріне қарыннан желбезек орнатып, сырнайша орындайтын
музыка аспабы, - деген дерек бар.

Желғабыз жасау технологиясы.
Желғабызды әзірлеу үшін: киіктің немесе ешкінің терісін мес етіп, бітеу
сойып, малмаға салып, жұмсарта илеп алуы керек. Бөксе жағының арасына
қайыстан сыздық сала тігіп, қос қапталын металл құрсаумен қыса шегелеп,
мойын қуысына ағаш тығын бекітілді. Алдыңғы қос пұшпағының біріне қамыс
түтік, екіншісіне қамыс сыбызға қондырылады.
Желғабыздың мойын қуысына қосымша қос азат сыбызғы орнатуға болады.
Олар негізгі сыбызғының төменгі үніне сай, бірі тоника екіншісі доминанта
тонымен үздіксіз сарнап тұрады [35]. Желғабыздың мойынға асуға арналған
қайыс бауы болады. Оны ойнағанда местің ішіне қамыс түтік арқылы ауа
толтырып ашып, үздіксіз үрлеп отырып, қажет кезінде ауа толтырылған месті
қолтықпен қысып, негізгі сыбызғының ойықтарын қос қолдың саусақтарымен
басып жіберіп отырады.
Желғабыз–қазақ халқының көнеден келе жатырған үрмелі аз аспабы
болғандықтан ол үрмелі аспаптар классификациясына кіреді [36].

5. Нарқобыз
Зерттеу барысында Нарқобыз атты ұлттық саз аспабы туралы түсінікті,
көрнекті ғалымдар: І.К.Кеңесбаев пен А.Ы.Ысқақовтың жетекшілігімен жарық
көрген қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерінен кездестірмедік. Ал, белгілі
дәстүрлі музыка аспаптарын танушы ғалым Б.Сарыбаевтың Қазақтың музыкалық
аспаптары атты ғылыми зерттеуінде қобыздың түрлеріне байланысты
деректерінде қылқобыз, шаңқобыз сияқты түрлері сипатталады да, ал нарқобыз
түрі айтылмайды [37].
Тарихи деректерде 680 жылы түркілер Қытайға барғанда шанағына бала
түсіп кететіндей қобыз апарғаны айтылады. Оның дауысы түн ішінде тартқанда
талай жерге естіліп жатады екен. Демек, Нарқобыз музыка аспабы туралы
дерек Ә.Қоңыратбаевтың зерттеу әңбектерінде ұшырасқан [38].
Біз зерттеу барысында Нарқобыз деген сөздің мәнін қазақ тілінің
түсіндірме сөздіктеріне сүйене отырып, анықтадық. Нар деген сөз –
қазақтың бір өркешті асыл тұқымды ірі түйе малы [39]. Демек, Нар - деген
сөз ерекше аса үлкен деген мағынаға ие. Ал Қобыз деген – қазақтың ұлттық
саз аспабы. Олай болса, Нарқобыз – ерекше аса үлкен қобыз түрі [40].
Нарқобыз жасаудың технология.
Бұл қобыз кепкен емен ағашынан түтас шабылып, аржасында (қорабына)
түйенің терісі керілді. Нарқобыздың біздерге белгілі қобыздардан
ерекшелігі–көлемінің үлкендігінде, әрі ішегі әдеттегідей қылдан немесе
металл сымнан тағылмай түйенің терісінен немесе тарамыстан ширатылып
жасалуында. Нарқобыз әзір болған соң тарамыстан ширатылған ішек тағып,
құлақ күйін келтіріп, үнін сынап көріп едік, оның дыбысын шығаруға кәдімгі
ысқынның әлі жетпеді, себебі ішегі жуан болғандықтан, құлақ күйін келтіру
үшін өте қатты бұрау керек. Сондықтан Нарқобыздың өзіне арнап ерекше
конструкциясымен ысқа әзірлеуге тура келді. Ол үшін аша болып біткен бас
бармақтан жуан ағаштың бұтағын садақша иіп, қиғағын (кергі бауын) ту
жылқының іріктелген құйрық–қылынан жинап, әдеттегіден екі есе жуан, әрі
жұмыр етіп тақтық. Ысқының қолға ұстайтын басына арнайы аржа жасап оған
ешкінің жұқа терісін керіп, қиғақтың бір басына құлақ бекітілді.
Қобыздың ішегі мен ысқының қиғағын қарағайдың шайырымен ысып,
(тұтқырылығын арттыру үшін), ойнап көрсе, нарқобыздан боздаған ботаның
дауысына ұқсас өте зор үн шығады [41].

6. Өздігінен үн шығаратын аспаптар тобы
Өздігінен үн шығаратын аспаптар қазынасы: сақпан, шартылдауық,
сылдырмақ, қоңырау, тоқылдақ, тұяқтас тәрізді аспаптар жиынтығы бар.
Өздігінен үн шығаратын аспаптар жиынтығының пайда болуы, қазақ халқының
жылжымалы өндірістік формасы негізінде пайда болған деп айтуға болады.
Жылжымалы өндірістік формасы дегеніміз–мал өнімдерін өндіру процесі.

7. Сақпан
Өздігінен үн шығаратын саз аспаптардың тарихи эволюцисы ортақ қолдану
құбылысына тән ондай құбылысқа ертедегі адамдадың тарихи тәжірибедегі өмір
сүру салтына байланысты туындайды, яғни халықтың шұғылданған шаруашылық
кәсібі (аңшылық, егіншілік, мал өсіру). Осы кәсіп шаруашылығына байланысты
түрлі дыбыс шығаруға арналған құралдарды ойлап тапқан. Содан соң музыка
мәдениетінің дамуымен дыбыс шығарғыш құралдар бірте-бірте саз аспаптары
ретінде қолдану үшін жаңғырып жетілдірілген. Оның дәл фактісі ретінде
тоқылдақты атауға болады. Тоқылдақты түнде мал күзеткен малшылар, аң, құс
үркіткен аңшылар, күзде егін піскенде егіске түскен құстарды үркіту үшін
диқандар тұтынған. Осы тоқылдақ жетілген түрін сақпан деп атайды. Сақпанның
тұтқасынан ұстап белгілі бағытқа айналдырса үздіксіз тырылдаған дыбыс
шығады [42].
Сақпан аспабын жасаудың ерекшелігі.
Ол сақапанның дыбыс ырғағын үздіксіз шығаруын жетілдірді. Демек,
аспаптанушылар сақпан аталатын саз аспабының жаңа конструкциялық
құрылымын ойлап тапты. Жаңа конструкция бойынша жасалған сақпанның
детальдары металл жапсырмалармен өрнектермен безендірілеген. Сақпанның
дизайны кішкене тудың пішінін көзге елестетеді, яғни сыртқы пішіні кішкене
туға ұқсас. Жалау тәріздес жұқа ағаштан жасалған деталдың ортасында ойық
бар, сол ойыққа жұқа ағаштан жасалған тілше бекітілген. Ол тілшенің ұшы
барабанға үйкеліс жасайды да, барабанның айналу процесінде тырылғындан
дыбыс шығады [43].

8. Қоңырау
Қоңырау сөзінің этимологиясы.
Қоңырау заттық металдан, мыстан конус тәрізді етіп жасаған ішінде
тербеліп тұратын тілі бар сол арқылы дыбыс шығаратын құрал. Қоңырау әдетте
жез, шойын, болат т.б. дыбысы сыңғырлап шығатын металдардан жасалады.
Орысша қоңырауды–колокол дейді, мұнда кол деген таяқ, кол окол
деген сөз ударить кол окол, яғни таяқты таяққа ұру немесе соғу, қағу, ұру.
Қағу—ұру—қаға—ұру—қағыру—қағырау—қа ңғырау—қоңырау: Қоңыраудан қаңғырлаған,
күңгірлеген дыбыс шығатындықтан қаңғыр күңгір дыбысқа еліктеуден де
қаңғырлау –қаңырлау—қоңырау сөзі пайда болуы мүмкін, ал лингвистикалық
тұрғыда анықтайтын болсақ, қоңырау сөзі қоң және ырау сөздерінен
қалыптасқан болар деп ойлаймыз. Олай дейтініміз–адамның немесе жануардың
жұмсақ жерін, құйрығын ұйғыр тілінде қоң дейді. Қазақ тілінде қоң сөзі
көбіне малға байланысты осы мағынада қолданылған, ал ырау, ірдеу
сөздері қуыс, бос кеңістік деген ұғым береді Олай болса, қоңырау сөзі
қоңы-ырау, яғни арты қуыс деген ұғым беріп тұр [44].
Ұлттық саз аспаптар мәдениетіндегі қоңырау түрлері
Тарихи деректерге сүйенсек алғашқы қоңырау түрлі шаруашылық, тұрмыстық
мәдениетте құрал түрінде қызмет атқарды. Және бүгінгі таңда да сол қызметін
жалғастыруда. Солай бола тұрса да, халық шеберінің шаруашылық әрі
туындыгерлік қабілеті мен іскерлік негізінде саз аспабы ретінде дыбыс
шығаратын сазды қоңырау түрлері пайда болды. Оны көбіне фольклорлық
ансамбльдерде, саз әуенін күшейту, түрлендіру, және шығарма дыбысының
акустикасын кеңейтуі үшін қолданады. Сазды қоңырауларды қолдану үшін оның
заттық нұсқасын көркем конструкциялау қажеттілігі туды. Көркем
конструкциялау негізінде сазды қоңыраулар асатаяқ, аң стиліндегі жыланбас
қоңырау түрлері пайда болды. Аспаптанушылардың саз аспаптар қазынасында
көркем конструкцияланған, әр түрлі қоңырау аспаптарын кездестіруге болады.
Мәселен, құю әдісімен жасалатын шар тәріздес қола қоңыраулар, қола
қаңылтырларды конус тәрізді пішіп қиылысқан тұстарын дәнекерлеп, бекітетін
конус немесе күмбез қоңырау түрлері, металл, күміс жапсырмалардан
көркемделіп, геометриалық фигуралар тәріздес (ромб) сылдырмақ қоңыраулар
түрлері [45].

Саздықоңырау жасаудың өзіндік технологиясы.
Құйма қоңырау
Қола, жез, қоңырауды аздап күміс қосып, құйып жасайды. Ол үшін
қоңыраудың негізін балауыздан әзірлеп, оның сыртын гипспен немесе саз
балшықпен сылап, кептіріп, жоғарғы жағынан қорытылған металл құйылатын,
шынақ, астынан балауыз бен газ шығатын тесік қондыру керек. Содан соң, оң
бақырдың суағары арқылы балқыған балауыз түгел ағып металл көрінгенше құйып
суытады. Әрі қарай гипс немесе сазбалшық қалыпты сындырып, құйманың
мұртын қырып әрлейді.
Ал, кішігірім шар тәрізді қоңыраулар жасау үшін, ұшы шар тәрізді
жонылған қадаубасты арасына қаңылтыр төсеп, қорғасынға батыра ұрып, сфера
тәрізді дайындаманың екеуін бір-біріне беттестіре дәнекерлейді.
Дәнекерлемей тұрып арасына тас немесе бір түйір қатты металл салады.
Дәнекерлеп болған соң екі жерден тесіп, тесіктерді бірімен бірін пышқы
арқылы жырып жалғайды. Содан соң ілгек дәнекерлейді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Театр және музыка өнері
Ұлттық өнер және оның ерекшеліктері
OҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ВОКАЛ ЖӘНЕ ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
Қазақстанда театр өнері
Эстрадалық өнер жанрлары
Бейнелеу өнері үйірме жұмыстарында ағаштан ұлтық қолөнер арқылы оқытудың әдістемесі
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Балет
Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі
Пәндер