Ауылшаруашылық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар



Кіріспе 3.4
1 тарау. Ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың жалпы
сипаттамасы. 5.7
2 тарау. Ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың түсінігі
мен түрлері 8
2.1. Ауылшаруашылық тұтыну кооперативтерінің құқықтық жағдайы 8.27
2.2. Ауылшаруашылық серіктестіктермен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтық жағдайы 28.37
2.3. Су пайдаланушылардың ауыл тұтыну кооперативтерінің құқықтық жағдайы 38.51
3 тарау. Ауылшаруашылық коммерциялық және коммерциялық емес
ұйымдардың ерекшеліктері мен айырмашылықтары 52.55
Қорытынды 56.58
Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі 59.61
Қазақстан Республикасының «2030 - Стратегиялық бағдарламасының» бастапқы негізгі жүзеге асырылуының себебі ауыл шаруашылық ресурстарын пайдалану арқылы Республиканың жалпы экономикасын дамыту болып табылады.
Шаруашылықтар арасындағы кооперация мен ауыл шаруашылық өнеркәсібінің кірігуі үдерісі ХХ ғ. 70-80 жылдарында ерекше белсенділікпен өтті. Бір кәсіпорында ауыл шаруашылығының және оның өнімдерін қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатумен, заңмен тыйым салынбаған басқа да қызметтерді орындаумен айналысатын кәсіпорындарды біріктірудің ең қарапайым және сонымен бірге ең тараған түрі шаруашылық аралық кәсіпорындар, өндірістік және тұтыну кооперативтері болып табылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2005 ж. қаңтардағы АӨК мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте мынаны атап көрсетті: Жүргізілген реформалардың нәтижесінде ауыл шаруашылығын өндірушілердің меншік құрылымында түбірлі өзгерістерге қол жеткізіліп, оның мемлекеттік емес түрлері басымдыққа ие болды. Оның үлесі 1991 жылғы 40 пайыздан 2004 жылғы 99 пайызға дейін артты. Мемлекеттік шаруашылықтарды жекешелендіру мен ұжымшарларды қайта құру жеке меншік шаруашылық жасаушы субъектілердің 11 есеге көбеюіне алып келді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен қайта өңдеу саласында кластерлік бастамаларды іске асыру арқылы аграрлық өнеркәсіпті дамытуға ерекше назар аударылады.
Ұсынылып отырған жұмыстың жазылу мақсаты болып, қазіргі кезде қалыптасқан осы ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен пайда болған құқықтық қатынастар және олардың Қазакстан Республикасының заңдары бойынша реттелу мәселелері табылады. Сонымен қатар, осы мәселелерді ҚР заңдарына сәйкес ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың даму жолдарын анықтау.
Осы жұмысты жазар алдында мынадай аграрлық құқықты зерттейтін цивилист – заңгерлердің ғылыми еңбектері зерттелінді: Амирханова И.В., Архипов И.Г., Басин Ю.Г., Бектұрғанов А.Е., Еркінбаева Л.К., Стамқұлов Ә.С., Шайбеков К.А., Хаджиев А.Х., Күлтелеев С.Т. және басқалар.
1. Аграрное право. Учебник для вузов под редакцией Быстров Г.Е., Козырь М.И.Москва.Юристь 1998.
2. Боголюбов С.А. Минина Е.Л.Ответ.редакторы Аграрное право Учебное пособие Москв 2000.
3. Веденин Н.Н., Аграрное право Москва. 2000.
4. Жетписбаев Б. «Аграрное право РК», учебник Алматы, Даникер, 2000
5. Жетписбаев Б. «Аграрное право РК», учебник особенная часть, Алматы, Даникер, 2002.
6. Еркимбаева Л.К Правовое регулирование деятельности крестьянского (фермерского) хозяйства Республики Казахстан. Учебное пособие – Алматы, Баспа, 2000г.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
7.
8. Аграрная политика тоталитарного государства как фактор кризисного состояния сельского хозяйства Казахстана. Алматы, 1994.
9. Аграрное право Республики Казахстан. Сборник нормативных актов. Алматы, Данекер, 2001.
10. Аксененок Г.А. «Развитие сельскохозяйственного права». М., 1973.
11. Алексеев С. С. Общая теория права. Т. 1. Москва, 1981.
12. ы, 1980.
13. Басин Ю.Г., Сулейменов М.К. Комментарий гражданского кодекса. Алматы, 2000.
14. Басин Ю.Г., Сулейменов М.К. Учебник. Гражданское право общая часть. Алматы, 2000.
15. Беляева З.С. «Актуальные проблемы правового регулирования сельско¬го хозяйства». Москва, 1976.
16. Веденин Н.Н. «Правовое регулирование производственно-техническо¬го обеспечения сельского хозяйства». Москва 1988.
17. Веденин Н.Н., Аграрное право вопросы и ответы Москва 1998.
18. Гражданское право. В 2-х томах. Том 2 / Под ред. Е. А- Суханова. -М.: "Издательство БЕК, 1993. С. 40-41.
19. Денисов А. А. Сельскохозяйственное право, наука и практика // Советское государство и право. 1974. № 1;
20. Еркимбаева Л.К Правовые проблемы государственного регулирования сельского хозяйства. Вестник КазГУ, серия право, 2001. № 6
21. Еркимбаева Л.К. Комментарий к земельному законодательству РК. (каз-яз) Алматы, Зан, 2001. № 6.
22. Жайлин Г.А.Гражданское право РК особенная часть том1.том.2 Алматы 2002г
23. Закоконодательство о земельной и аграрной реформе стран СЕГ и государств Балтии, Минск.,1999.
24. Назарбаев Н.А выступление на январском 2005 г. республиканском совещании по вопросам АПК. Казахстанская правда от 01.02.2005г
25. Назарбаев Н.А.Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу казахстана от 19. 02.2005. Алматы 2005.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТЛЕР
1. Қазақстан Республикасының Атазаңы. 1995 жылғы 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі, (жалпы бөлім) 1994 ж. 27 желтоқсан, (ерекші бөлімі) 1999ж. 01 шілде, кейіннен өзгертулерімен. Алматы, Юрист, 2002.
3. Қазақстан Республикасының 2001ж. 12 маусымдағы «Салықтар мен бюджетке міндетті басқа да төлемдер туралы» Кодексі, кейіннен өзгертулерімен. Алматы, Юрист, 2002.
4. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі, 1997 ж. 16 шілде, кейіннен өзгертулерімен. Алматы, Юрист, 2002
6/ Қазақстан Республикасының Жер кодексі, 2003.
7. Қазақстан Республикасының Су кодексі, 2003.
8. Қазақстан Республикасының Орман кодексі, 2003.
9. Қазақ КСР-ның 1990 ж. 11 желтоқсандағы «Қазақ КСР-ындағы шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралы» Заңы.
10. Қазақ КСР-ның 1992 ж. 14 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығының мемлекеттік кәсіпорындарының мүлкін жекешелендірудің ерекшеліктері туралы» Заңы.
11. Қазақстан Республикасының 1992ж. 4 шілдедегі «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заңы.
12. Қазақстан Республикасының 1996ж. 8 шілдедегі «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер» Заңы.
15. Қазақстан Республикасының 1997ж. 19 маусымдағы «ҚР-дағы Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы.
16. Қазақстан Республикасының 1998ж. 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңы.
22. Қазақстан Республикасының 1999ж. 21 шілдедегі «Ауылдық тұтыну кооперациясы туралы» Заңы.
23. Қазақстан Республикасының 1999 ж. 10 желтоқсандағы «Еңбек туралы» Заңы.
24. Қазақстан Республикасының 2000 ж. 25 желтоқсандағы «Ауыл шаруашылығының серіктестіктері мен олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» Заңы.
28. Қазақстан Республикасының 2001ж. 12 маусымдағы «Өндірістік кооператив туралы» Заңы.
31. Қазақстан Республикасының 2003ж. 8 сәуірдегі Ауылдық суды пайдаланушылардың тұтыну кооперативі туралы Заңымен.
38. Қазақстан Республикасының 2003ж. 13 мамырдағы Акционерлік қоғамдар туралы Заңымен (өзгертулерімен және толықтыруларымен).
39. ҚР 2005ж. 8 шілдедегі агроөндірістік кешен және ауылдық аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы Заңы.
42. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995ж. 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заң күші бар Жарлығы.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3-
4
1 тарау. Ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың жалпы
сипаттамасы. 5-
7
2 тарау. Ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың түсінігі
мен түрлері 8
1. Ауылшаруашылық тұтыну кооперативтерінің құқықтық жағдайы

8-27
2. Ауылшаруашылық серіктестіктермен олардың қауымдастықтарының
(одақтарының) құқықтық жағдайы 28-37
3. Су пайдаланушылардың ауыл тұтыну кооперативтерінің құқықтық
жағдайы 38-51
3 тарау. Ауылшаруашылық коммерциялық және коммерциялық емес
ұйымдардың ерекшеліктері мен айырмашылықтары
52-55
Қорытынды 56-
58
Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі
59-61

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2030 - Стратегиялық бағдарламасының
бастапқы негізгі жүзеге асырылуының себебі ауыл шаруашылық ресурстарын
пайдалану арқылы Республиканың жалпы экономикасын дамыту болып табылады.
Шаруашылықтар арасындағы кооперация мен ауыл шаруашылық өнеркәсібінің
кірігуі үдерісі ХХ ғ. 70-80 жылдарында ерекше белсенділікпен өтті. Бір
кәсіпорында ауыл шаруашылығының және оның өнімдерін қайта өңдеумен, ауыл
шаруашылығы өнімдерін сатумен, заңмен тыйым салынбаған басқа да қызметтерді
орындаумен айналысатын кәсіпорындарды біріктірудің ең қарапайым және
сонымен бірге ең тараған түрі шаруашылық аралық кәсіпорындар, өндірістік
және тұтыну кооперативтері болып табылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2005 ж. қаңтардағы
АӨК мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте мынаны атап көрсетті:
Жүргізілген реформалардың нәтижесінде ауыл шаруашылығын өндірушілердің
меншік құрылымында түбірлі өзгерістерге қол жеткізіліп, оның мемлекеттік
емес түрлері басымдыққа ие болды. Оның үлесі 1991 жылғы 40 пайыздан 2004
жылғы 99 пайызға дейін артты. Мемлекеттік шаруашылықтарды жекешелендіру мен
ұжымшарларды қайта құру жеке меншік шаруашылық жасаушы субъектілердің 11
есеге көбеюіне алып келді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен қайта өңдеу саласында
кластерлік бастамаларды іске асыру арқылы аграрлық өнеркәсіпті дамытуға
ерекше назар аударылады.
Ұсынылып отырған жұмыстың жазылу мақсаты болып, қазіргі кезде
қалыптасқан осы ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен
пайда болған құқықтық қатынастар және олардың Қазакстан Республикасының
заңдары бойынша реттелу мәселелері табылады. Сонымен қатар, осы мәселелерді
ҚР заңдарына сәйкес ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың даму
жолдарын анықтау.
Осы жұмысты жазар алдында мынадай аграрлық құқықты зерттейтін цивилист
– заңгерлердің ғылыми еңбектері зерттелінді: Амирханова И.В., Архипов И.Г.,
Басин Ю.Г., Бектұрғанов А.Е., Еркінбаева Л.К., Стамқұлов Ә.С., Шайбеков
К.А., Хаджиев А.Х., Күлтелеев С.Т. және басқалар.

1 тарау. Ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың жалпы сипаттамасы.
Ауыл шаруашылығының өнеркәсібі мен онымен тығыз байланысқан экономика
саласының ұйымдарын жетілдіру әрқашанда мемлекет пен оның органдарының
назарында болып келді. Шаруашылықтар арасындағы кооперация мен ауыл
шаруашылық өнеркәсібінің кірігуі үдерісі ХХ ғ. 70-80 жылдарында ерекше
белсенділікпен өтті. Бір кәсіпорында ауыл шаруашылығының және оның
өнімдерін қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатумен, заңмен тыйым
салынбаған басқа да қызметтерді орындаумен айналысатын кәсіпорындарды
біріктірудің ең қарапайым және сонымен бірге ең тараған түрі шаруашылық
аралық кәсіпорындар, өндірістік және тұтыну кооперативтері болып табылды.
Көптеген кооперативтердің қалыптасу мен дамуы және ұжымдық шаруашылықтар
мен совхоздардың қызметін реттеу Ұжымдық шаруашылықтың Үлгілік Жарғысына
(1969), Совхоздар тресті туралы ережеге (1975), Ауыл шаруашылығындағы
шаруашылық аралық кәсіпорындар (ұйымдар) туралы ережеге (1977), Ауыл
шаруашылығындағы өндірістік бірлестіктер туралы ережеге (1978), Ауыл
шаруашылығындағы бүкілодақтық және республикалық бірлестіктер туралы
ережеге (1980), Аудандық ауыл шаруашылық өндірісінің бірлестіктері туралы
үлгілік ережеге (1982), Облыстық, аймақтық, республикалық ауыл шаруашылық
өндірісінің бірлестіктері туралы үлгілік ережеге (1983), КСРО-ның КСРО-
дағы кооперациялар туралы Заңына (1988) және басқа да актілерге сәйкес
өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2005 ж. қаңтардағы
АӨК мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте мынаны атап көрсетті:
Жүргізілген реформалардың нәтижесінде ауыл шаруашылығын өндірушілердің
меншік құрылымында түбірлі өзгерістерге қол жеткізіліп, оның мемлекеттік
емес түрлері басымдыққа ие болды. Оның үлесі 1991 жылғы 40 пайыздан 2004
жылғы 99 пайызға дейін артты. Мемлекеттік шаруашылықтарды жекешелендіру мен
ұжымшарларды қайта құру жеке меншік шаруашылық жасаушы субъектілердің 11
есеге көбеюіне алып келді.[1]
Ауыл шаруашылығындағы жүргізілген аграрлық реформалар ХХ ғасырдың 90-шы
жылдары мен ХХІ ғасырдың басында-ақ осы салада бұрын болмаған жаңа,
нарықтық қатынастарға сәйкес келетін шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-
құқықтық түрлерін тудырды.
Кәсіпорындардың жаңа түрлері: шаруашылық серіктестіктері, шектеулі және
қосымша жауапкершілікті серіктестіктер, олардың қауымдастықтары мен
одақтары, акционерлік қоғамдар, ауыл шаруашылығының өндірістік
кооперативтері, тұтынушылық кооперативтері, ауыл шаруашылығындағы суды
пайдаланушылардың кооперативтері, шаруа қожалықтары (фермерлік
шаруашылықтар) пайда болды, олардың бірқатары коммерциялық, басқалары
коммерциялық емес болып табылады.
Жоғарыда аталған субъектілердің көпшілігі Шағын кәсіпкерлік
субъектілері ретінде мемлекеттік қолдауын пайдаланады. Оларға Қазақстан
Республикасының 1997 ж. 19 маусымдағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттің
қолдау туралыЗаңы таралады, бұған сай шағын кәсіпкерлік субъектілері
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің
кез-келген түрлерін жүзеге асырады. Олардың кәсіпкерлік қызметіне
кәсіпкерлердің құқығын қорғаумен кепілдік беріледі.
Заңды тұлғаны құрмаған жеке кәсіпкерлер, сонымен бірге келесі
ұйымдастырушылық-құқықтық түрлеріндегі заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік
субъектілері бола алады: толық серіктестік; коммандиттік серіктестік;
жауапкершілігі шектеулі серіктестік; қосымша жауапкершілікті серіктестік;
өндірістік кооператив. Оларға несиелік-қаржылық, салықтық, мүліктік қолдау
жөніндегі шаралар мен шағын кәсіпкерлікті қолдауға, дамытуға және қорғауға
бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырумен байланысты басқа да
мәселелер таралады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен қайта өңдеу саласында
кластерлік бастамаларды іске асыру арқылы аграрлық өнеркәсіпті дамытуға
ерекше назар аударылады.1
Соңғы жылдары әлемде кластерге деген қызығушылық күрт артты. Дамыған
елдерде – Германияда, АҚШ-та, Жапонияда және Латын Америкасының, Азияның,
Африканың дамушы елдерінде кластердің табысты дамуының көптеген мысалдары
бар.
Ауыл шаруашылығының ұйымдары өздерінің қызметінің мақсаттарына сәйкес
келетін жалпы азаматтық құқықтық қабілеттілікке ие. Барлық басқа заңды
тұлғалар сияқты олар да өздерінің құрылтайшылық құжаттарына енгізілген және
тікелей аталмаған, заңмен тыйым салынбаған кез-келген қызмет түрлерін
жүзеге асыру үшін қажетті азаматтық құқықтарға және азаматтық міндеттерді
атқару құқығына ие бола алады. Заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттары
нелерді білдіреді?
ҚР АК 41 бабына сәйкес Заңды тұлға өзінің қызметін жарғының
немесе құрылтайшылық келісім-шарттың негізінде, немесе, егер заңды
тұлға бір адаммен құрылған болса, жарғының және заңды тұлғаны құру
туралы жалғыз құрылтайшының жазбаша түрде ресімделген шешімінің негізінде
жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңдық актілерімен қарастырылған
жағдайларда коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға осындай
түрдегі ұйымдар туралы жалпы ереженің негізінде әрекет ете алады.
Заңды тұлға мемлекеттік әділет органдарында тіркелуі тиіс.
Мемлекеттік тіркеудің деректері, сонымен бірге коммерциялық ұйымдардың
деректері де, фирмалық атауы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік
тізіліміне енгізіледі. Заңды тұлға өзін мемлекеттік тіркеген сәтінен бастап
құрылған болып саналады (АК 42 б.) Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып
табылатын заңды тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге
асыруы мүмкін, оның мазмұны Қазақстан Республикасының Үкіметімен
анықталады.
Заңды тұлғаның құрылтайшылық келісім-шартты барлық құрылтайшылармен
жасалады, ал жарғы құрылтайшылардың жиналысында бекітіледі. Егер
коммерциялық ұйым бір адаммен құрылатын болса құрылтайшылық келісім-шарт
жасалмайды.
Шаруашылық серіктестіктің, акционерлік қоғамның және өндірістік
кооперативтің құрылтайшылық құжаттарында олардың қызметінің мәні мен
мақсаттары қарастырлуы мүмкін. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы ұйымдарының
өзіндік ерекшелігі (құқықтық мәртебесінің ерекшелігі, жерді негізгі өндіріс
құралы ретінде пайдалануы, шаруа қожалықтары үшін жер және жеке меншіктің
құқығы объектісі, анықталған жеңілдіктер және т.б.) құрылтайшылық
құжаттарында , және тіпті атауының өзінде олардың қызметінің ауыл
шаруашылықты сипатын көрсетуді талап етеді. Бірақ бұл осы ұйым құрылыс
салумен, саудамен және т.б. айналыса алмайды дегенді білдірмейді. Тек, егер
оның, бухгалтерлік және басқа да құжаттамалары арқылы белгіленетін,
өндіретін ауыл шаруашылығының өнімі сәйкесінше нормативтік актілерде
қарастырылғаннан төмен болса, бұл ұйымға ауыл шаруашылығының ұйымдары мен
шаруа қожалықтары үшін белгіленген салықтар, сақтандыру, қаржыландыру,
банкрот болу және т.б. жөніндегі белгіленген нормаларды қолдануға келмейді.
Сонымен бірге құрылтайшылық құжаттары түріне қарамастан бірқатар
міндетті мәліметтерді мазмұндауы керек, атап айтқанда оларға жататындар:
ұйымның атауы, оның орналасқан жері, оның органдарының қалыптасу тәртібі
мен құзіреті, қайта құру және оның қызметін тоқтатудың шарттары.

2 тарау. Ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдардың түсінігі мен
түрлері.тұтыну кооперативтерінің құқықтық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылық тұтыну кооперативтерінің құқықтық жағдайы.

ҚР Азаматтық Кодексінің 108 бабында көрсетілген барлық коммерциялық
емес ауылшаруашылық ұйымдарының ішінде ауылшаруашылықта кең ауқымда
таратылған ауылшаруашылық тұтыну кооперативі мен олардың ассоциялары
(одақтары) болып табылады.
Ауыл тұтыну кооперативінің құқықтық жағдайы 1999 жылғы 21
шілдедегі “ҚР Ауыл тұтыну кооперациялары туралы” Заңында реттелген.
Ауыл тұтыну кооперативтеріне олардың ассоциациялары (одақтары)
мынадай қағидалардың негізінде қызмет атқарады:
- мүлікке өз еркімен кіруі мен шығуы;
- мүліктік (үлестік) және мүшелік жарнасын төлеу міндеттілігі;
- басқарудың демократиялылығы;
- ауыл тұрғындарының мүдделерін қорғау және өзара көмектесу;
- кооперативтің ассоциациясының (одақтың) барлық мүшелеріне оның
қызметі туралы мәліметтердің ашық болуы.
Ауыл тұтыну кооперативі дегеніміз - өздерінің материалдық және
басқа да мұқтаждықтардың қанағаттандыру үшін мүшелік негізде мүліктік
(үлестік) жарналарды біріктіру арқылы азаматтардың өз еріктерімен біріккен
бірлестігі.
Ауыл тұтыну кооперативтерінің мүшесі ретінде заңды тұлғалар да бола
алады.
Ауыл тұтыну кооперативтері коммерциялық емес ұйым болып
табылғандықтан, тек өз жарғылық мақсатына сәйкес мөлшерде ғана кәсіпкерлік
қызметпен айналыса алады.
Ауыл тұтыну кооперативтері сауда-саттық, дайындау, табу, өңдеу,
қызмет көрсету, жабдықтау және басқа да заңмен тыйым салынбаған қызметті
жүзеге асыру үшін мүліктік (үлестік) жарналар есебінен құрылады.
Ауыл тұтыну кооперативтері тек мүшелерінің ғана емес, сонымен
қатар ауылдық жерлерде тұратын басқа да азаматтарды материалдық және басқа
да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін де құрылады. Ауыл тұтыну
кооперативтері, құрылтай құжаттарында белгілі бір мерзімге немесе нақты
мақсатқа жету үшін құрылады деп көрсетілмесе, онда тұрақты мерзімге құрылды
деп есептелінеді.
Ауыл тұтыну кооперативінің атауы кооператив атауымен сонымен
қатар, “Ауыл тұтыну кооперативі” деген қосымша сөздерден тұруы қажет. Осы
атаумен кооператив мемлекеттік тіркеуге жатады. Сонымен қатар кооператив
қысқартылған атау нысанын қолдануға да құқылы.
Ауыл тұтыну кооперативі заңды тұлға болып табылады және мынадай
құқықтарға иелене алады:
- үлес иелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған
қызметпен айналысуға;
- белгілі бір мақсаттарға жету үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысу
үшін;
- ҚР заңдарымен және кооператив жарғысымен бекітілген тәртіп бойынша
өзінің филиалдары мен өкілдіктерін ашуға;
- үлес иелерінен қосымша үлес және басқа да азаматтар мен заңды
тұлғалардан қаражаттар жинауға;
- ҚР заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
- тұтыну кооперативінің құқықтарына нұқсан келтіретін лауазымды
тұлғалардың әрекеттерімен мемлекеттік органдардың актілеріне сот
тәртібі негізінде шағымдануға;
- ауыл тұтыну кооперативі жарғысында көрсетілген мақсаттарына жету
үшін заңды тұлғаның басқа да құқықтарын жүзеге асыруға құқылы;
Заңды актілермен бекітілген басқа да жекеленген қызмет түрлерімен ауыл
тұтыну кооперативі тек лицензия арқылы айналыса алады.
ҚР заңдарына сәйкес ауыл тұтыну кооперативтері өзінің тұрған жерінен
басқа жерлерде филиалдар мен өкілдіктерін аша алады.
Кооператив өзінің мемлекеттік тіркеуін жүзеге асыратын органға
филиалдар мен өкілдіктерінің құрылғаны және олардың тұрған жері туралы
хабарлауға міндеті.
Ауыл тұтыну копперативінің филиалдарының құрылуы мен өкілдіктерінің
ашылуы туралы шешім кооперативтің атқарушы органымен қабылданады, егер де
кооператив жарғысында мұндай шешім жалпы жиналыста қабылданады деп
қаралмаса.
ҚР заңдарында көрсетілген жағдайлардан басқа кездерде мемлекеттік
органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары кооперативтің
шаруашалық, қаржылық және басқа да қызметтеріне араласуға құқылы емес. Ауыл
тұтыну кооперативтері және олардың ассоциациялары (одақтары) өз бетінше
өздерінің экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын өңдейді.
ҚР заңдарында бекітілген тәртіпке сәйкес, ауыл тұтыну кооперативі мен
олардың ассоциациялары (одақтары) құқықтарын бұзатын мемлекеттік органдар
мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілері жарамсыз болып
табылады.
Ауыл тұтыну кооперативтері мен олардың ассоциацияларына (одақтары)
мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және
лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде келтірілген шығындар ҚР
заңдарына сәйкес өтеледі.

Ауыл тұтыну кооперативтерін құру тәртібі.

Ауыл тұтыну кооперативтерін құру құрылтай жиналысын өткізуден басталып,
өзін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден аяқталады.
Азаматтар ауыл тұтыну кооперативінің құрылтай жиналысын өткізуге және
онда қарастырылатын құжаттардың жобасын дайындау үшін ынталы топтар құра
алады.
Ауыл тұтыну кооперативінің құрылтай жиналысы мынадай сұрақтарды
шешеді:
- ауыл тұтыну кооперативін құру, оның фирмалық атауы мен тұрғылықты
жері туралы шешім қабылдайды;
- үлес қосушылардың өтініші бойынша тізімін бекітіледі, өтініште
олардың тегі, аты, әкесінің аты, жеке басты куәландырылатын құжыт
бойынша мәліметтер, сонымен қатар заңды тұлғаның тұратын жері
көрсетілуі тиіс.
- кооператив қызметінің пәні мен мақсатын анықтайды;
- мүліктік (үлестік) жарналардың құрамын, мөлшерін және енгізу
мерзімін белгілейді;
- ауыл тұтыну кооперативінің жарғысын бекітеді;
- атқарушы, бақылаушы және басқа да органдарын сайлайды.
- ауыл тұтыну кооперативін мемлекеттік тіркеуден өткізу тәртібі,
мерзілік және оған жауапты тұлғаларды белгілейді;
- ауыл тұтыну кооперативін құруға байланысты басқа да сұрақтарды
шешеді.
Ауыл тұтыну кооперативінің құрылтай жиналысының шешімі хаттамасымен
рәсімделеді. Құрылтай жиналысының хаттамасына тарағанның және хатшыны,
қолдары қойылған.
Ауыл тұтыну кооперативінің Жарғысы мынадан тұрады:
кооперативтің атауы мен орналасқан жері;
кооператив қызметінің пәні мен мақсаты;
кооператив мүшелерінің кіру және шығу тәртібі, олардың кооператив мүлігінен
өз үлесін алу тәртібі;
мүліктік (үлестік) жарналардың құрамы, мөлшері және енгізу тәртібі,
жарналарды төлеуге байланысты міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылық;
ауыл тұтыну кооперативінің атқарушы, бақылаушы және басқа да органдарын
құру, сайлау (қайта сайлау) және олардың өкілеттілігін бекіту, олармен
қабылданатын шешімдердің тәртібі;
кооперативке келтірілген шығындардың мүшелерімен өтелу тәртібі;
ауыл тұтыну кооперативінің қызметін тоқтату және қайта құру шарттары;
филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер.
Ауыл тұтыну кооперативінің жарғысына қосымша үлес қосушылардың аты-
жөндері, тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжат бойынша құжат
мәліметтері бекітіледі.
Ауыл тұтыну кооперативінің жарғысында ҚР Заңдарына қайшы келмейтін өзге
де ережелер бекітілуі мүмкін.
Ауыл тұтыну кооперативінің жарғысына өзгертулер жалпы жиналыстың шешімі
бойынша жүзеге асырылады.
Кооператив жарғысына өзгертулер мен толықтырулар тиісті мемлекеттік
органда тіркеледі.
Ауыл тұтыну кооперативін мемлекеттік тіркеу заңды тұлғаларды тіркеу
туралы заңнамаларда көрсетілген тәртіп бойынша әділет органдарында жүзеге
асырылады.
Ауыл тұтыну кооперативіндегі мүшелік.
Ауыл тұтыну кооперативіне мүше (үлес қосушы) ретінде 18 жасқа толған
азаматтар және заңды тұлғалар бола алады.
Азаматтар мен заңды тұлғалар бірнеше ауыл тұтыну кооперативтерінің
мүшесі бола алады.
Ауыл тұтыну кооперативінің мүшесінің саны- екеуден кем блмауы керек, ал
мүшелерінің саны шектелмейді.
Ауыл тұтыну кооперативіне жаңа мүшелерді қабылдау заңда көзделген
тәртіп негізінде және ауыл тұтыну кооперативінің Жарғысы негізінде
кооперативтің атқарушы органнның шешімімен рәсімделеді;
Ауыл тұтыну кооперативіне мүше болуға ниет білдірген азаматтар мен
заңды тұлғалар кооперативінің атқарушы органына мүшелікке қабылдау туралы
жазбаша түрде өтініш береді. өтініште азаматтың аты-жөні, тұрғылықты жері,
жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері, заңды тұлғаның атауы,
орналасқан жері көрсетілуі тиіс.
Кооператив мүшелікке қабылдау туралы өтініш ауыл тұтыну кооперативінің
атқарушы органымен 10 күн ішінде қаралуы керек.
Кооператив құрылғаннан кейін оның мүлігіне үлестік құқығы бар үшінші
жақтар кооператив мүшелікке қабылдануға бірінші кезекте құқылы болып
табылады.
Егер де кооператив мүшесі қайтыс болса, онда оның мұрагерлері
мүшелікке бірінші кезекте қабылдануға құқылы.
Ауыл тұтыну кооперативі мүшелерінің мынадай құқықтары бар:
кооператив мүшелігіне ерікті түрде кіріп, одан шыға алады;
кооператив қызметіне қатысуға, кооперативтің органдарына сайлануға және
сайлауға, кооператив қызметінің жақсаруына ұсыныстар жасауға, кемшіліктерін
жоюға қатысуға;
басқа азаматтар мен заңды тұлғаларға қарағанда ауыл тұтыну кооперативі
тауарларын алуға артықшылық құқыққа иеленуге;
ауыл тұтыну кооперативі жалпы жиналысы мен үлес қосушыларға берілген
жеңілдіктерді пайдалануға;
ауыл тұтыну кооперативінің атқарушы, бақылаушы және басқа да органдарынан
олардың қызметі туралы мәліметтер алуға;
кооперативтің атқарушы, бақылаумен және басқа да органдарының заңға қайшы
әрекеттері болса жалпы жиналысқа шағымдануға;
кооперативтің атқарушы, бақылаушы және басқа да органдардың өздерінің
мүдделеріне қатысты шешімдеріне сот арқылы шағымдануға;
кооператив өз жұмысын тоқтатқан кезде өз қосқан үлесіне тең көлемде мүлігін
қайтарып алуға тиіс.

Ауыл тұтыну кооператив Жарғысында ҚР заңдарына қайшы келмейттін мүшелердің
басқа да құқықтары көрсетілуі мүмкін.
Ауыл тұтыну кооперативі мүшелерінің міндеттері:
ауыл тұтыну кооперативінің Жарғысын сақтау;
кооператив жалпы жиналысының, атқарушыбақылаушы және де органдардың шешімін
орындау;
кооператив Жарғысы бойынша өзіне бекітілген міндеттемелерін орындау;
кооперативтің Жарғысымен бекітілген мүліктік (үлестік) жарнасын уақытында,
өз мөлшерінде, тәртіп бойынша төлеу.
Ауыл тұтыну кооперативінің Жарғысында ҚР заңдарында қайшы келмейтін
мүшелерінің басқа да міндеттері бекітілуі мүмкін.
Ауыл тұтыну кооперативіндегі мүшеліктің тоқтатылу негіздері:
үлес қасушының өз еркімен шығуы;
кооперативпен шығарылған кезде;
кооператив мүлігіндегі үлесіне өз құқығын жоғалтқанда;
үлес қосушының қайтыс болуы;
кооператив жойылуы.
Ауыл тұтыну кооперативінде мүшелігінің аяқталуы туралы кооперативтің
атқарушы органы хабарлауы тиіс.
Заңға сәйкес өз еркімен кооперативтен шыққан мүшесі өзінің қосқан
үлесіне тең мүлігін қайтарып алады.
Кооперативпен өз еркімен шығуы туралы өтініш кооперативтің атқарушы
органмен 10 күн ішінде қаралуға жатады.
Ауыл тұтыну кооперативі мүшелігінен шығу жерғыға сәйкес жүзеге
асырылады.
Кооперативтің қызметіне нұқсат келтірсе, өз әрекеттерімен шығып
келтірсе, өз міндеттемелерін дұрыс орындамағаны үшін мүшеліктен шығару үшін
жалпы жиналыстың шешімі болуы керек. Ол туралы жазбаша түрде 10 күн бұрын
хабарлауы керек.
Кооператив мүшелігінен шығарылған үлес қосушыға өз үлесіне тең мүлігі
қайтарылып беріледі.
Кооператив мүшелігінен шығару туралы жалпы жиналыстың шешімін сот
тәртібімен шағындалуға жатады.
Ауыл тұтыну кооперативінде мүліктік үлесіне құқығын жоғалтқан үлес қосушы
өз мүшелігін тоқтатады.
Үлес қосушының өз үлесін жоғалтуы мынадай жағдайда болады:
сату арқылы;
сыйға тарту;
өсиет қалдыру;
кепілге бергенде;
басқа жағдайда билік еткенде;
сот шешімін шығарғанда.
Үлес қосушы өз үлесіне құқығын жоғалтқан кезінде кооперативтің атқарушы
органына хабарлайды.
Ауыл тұтыну кооперативінің мүшесі болып табылатын үлес қосушы қайтыс
болған кезде оның мүшелігі тоқтатылады.
Кооперативтің атқарушы органы қайтыс болған мүшесінің үлесін өз қосқан
үлесіне тең көлемде оның мұрагерлеріне тапсырады.
Ауыл тұтыну кооперативінің жатылуы барлық үлес қосушылардың мүшелігі
тоқтатуға әкеп соғады, бірақ, бұл кезде де олар өз үлестерін қайтаруға
құқылы.
Ауыл тұтыну кооперативін басқару.
Ауыл тұтыну кооперативінің органдары:
жоғарғы орган-жалпы жиналыс;
атқарушы орган-басқарма;
бақылаушы орган-тексеру коммисиясы (тексеруші);
Ауыл тұтыну кооперативінің Жарғысында басқа да органдардың құрылуы
туралы көрсетілуі мүмкін.
Жалпы жиналыс – кезекті немесе кезектен тыс шақырылады.
Ауыл тұтыну кооперативінің мүшесі жалпы жиналысқа тікелей өзі немесе
өкілі қатыса алады кооператив мүшелерінің өкілдері ретінде кооперативтің
атқарушы, бақылаушы және басқа да органдардың мүшелері бола алмайды.
өкілдер әр уақытта да сенімхат арқылы қатысады.
әрбір үлес қосушы немесе оның өкілі жалпы жиналыста бір дауысқа
шешіледі.
Егерде кооперативтің мүшелері басқа тұрғылықты жерден болса, онда
кооперативтік учаскелер құрылуы мүмкін.
Кооперативтік учаскелер – ауыл тұтыну кооперативінің жарғысында
көрсетілген қызмет аясында ғана сұрақтарды шешуге байланысты негізгі
бөлігі.
Кооперативтік учаскенің жоғарғы органы болып, осы учаскенің үлес
қосушыларының жалпы жиналысы табылады.
Кооператив учаскелерінің жалпы жиналысында ауыл тұтыну кооперативі мен
кооперативтік учаске қызметінің мәселелері қаралады, сондай-ақ селоның
тутыну кооперативі уакілдерінің жалпы жиналысына қатысу үшін селолық ауыл
тұтыну кооперативінің жарғысында белгіленген тәртіппен және өкілдік
нормалары бойынша уәкілдер сайланады.
Селолық тұтыну кооперативінің кооперативтік учаскесі пайшыларының
жиналысы, егер оған селолық тұтыну кооперативінің кооперативтік учаскесі
пайшыларының жартысынан астамы қатысса, заңды болып табылады.
Кооперативтік учаске пайшылары жиналысының шешімі, егер оны
кооперативтік учаске пайшыларының жиналысына қатысушы пайшылардың
жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Селолық тұтыну кооперативі кооперативтік учаскесінің пайшылары
жиналыстарының қоғамдастыққа (одаққа) кіру және одан шығу, селолық тұтыну
кооперативін қайта ұйымдастыру мен тарату туралы шешімдері селолық тұтыну
кооперативі уәкілдерінің жалпы жиналысы үшін міндетті болып табылады.
Селолық тұтыну кооперативі кооперативтік учаскесінің пайшылары
жиналыстарының басқа мәселелер жөніндегі шешімдері селолық тұтыну
коперативі уәкілдерінің жалпы жиналысында шешімдер қабылдаған кезде
уәкілдер үшін міндетті болып табылады.
Селолық тұтыну кооперативі кооперативтік учаскесінің пайшылары жалпы
жиналысының шешімдер қабылдау тәртібін (жасырын немесе ашық дауыс беру
арқылы) сол жиналыс белгілейді.
Пайшының немесе оның өкілінің селолық тұтыну кооперативі
кооперативтік учаскесінің пайшылары жалпы жиналысының шешімін қабылдаған
кезде бір дауысы болады.
Кооперативтік учаске пайшыларының жалпы жиналысында сайланған селолық
тұтыну кооперативінің уәкілене селолық тұтыну кооперативінің жарғысымен
белгіленген өкілеттік беріледі.
Уәкілдердің селолық тұтыну кооперативі уәкілдерінің жиналысына
қатысуына кооперативтік учаске пайшылары жалпы жиналысының жиналыс төрағасы
мен хатшы қол қойған, нотариат куәландырған хаттамасының көршірмесі болған
жағдайда жол беріледі.
Селолық тұтыну кооперативінің уәкілі селолық тұтыну кооперативі мен
кооперативтік учаске пайшыларының арасындағы байланыстырушы буын болып
табылады. Ол кооперативтік учаскенің қызметін ұйымдастыру және селолық
тұтыну кооперативінің уәкілдері жиналысының шешімдерін кооперативтік учаске
пайшыларының назарына жеткізіп отырады.
Селолық тұтыну кооперативі жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының)
құзыреті селолық тұтыну кооперативінің жарғысына сәйкес белгіленеді.
Жалпы жиналыстың (уәкілдер жиналысының) айрықша құзыретіне мыналар
жатады:
- селолық тұтыну кооперативінің жарғысын өзгерту, оның ішінде мүліктік
(пайлық) жарнаның мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгерту
немесе кооперативтің жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
- кооператив қызметінің негізгі бағыттарын белгілеу;
- селолық тұтыну кооперативінің атқарушы, бақылаушы және өзге де
органдардың басшысы мен мүшелерін сайлау, олардың өкілеттігін доғару,
олардың қызметі қызметі туралы есептерді тыңдау, оларды ұстауға арналған
қаражаттың мөлшерін анықтау;
- пайшыларды селолық тұтыну кооперативінен шығару;
- селолық тұтыну кооперативінің ішкі қызметін реттеп отыратын ішкі
ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және басқа құжаттарды бекіту;
- қауымдық (одақ) құру, қауымдастыққа (одаққа) кіру және одан шығу туралы
мәселелері шешу, сондай-ақ қауымдастықтың (одақтың) белгілі бір өкілеттігін
беру;
- селолық тұтыну кооперативінің қауымдастықтағы (одақтағы) өкілдерін
сайлау;
- селолық тұтыну кооперативінің қауымдастықтағы (одақтағы) өкілдеріне
аманаттар әзірлеу;
- жалдық қаржы есептерін, тексеру комиссиясының (ревизордың) есебін
бекіту;
- селолық тұтыну кооперативі шеккен зиянды өтеу тәртібі;
- селолық тұтыну кооперативі қорларының түрлері мен құрылу және жұмсау
тәртібін белгілеу;
- селолық тұтыну кооперативінің құны селолық тұтыну коперативінің
жарғысында белгіленген құннан асып түсетін жылжымайтын мүлкін иеліктен
айыру;
- шаруашылық серіктестіктерін құру және оларға қатысу;
- селолық тұтыну кооперативін қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер
қабылдау;
- тарату комиссиясының балансын бекіту.
Егер селолық тұтыну кооперативінің жарғысында өзгеше көзделмесе, жалпы
жиналыс (уәкілдер жиналысы) өзінің айрықша құзыретіне жатпайтын
өкіллеттікті кооперативтің атқарушы органына беруге құқылы.
Селолық тұтыну кооперативі жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының)
селолық тұтыну кооперативінің атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының
шешімдерін қуаттау немесе олардың күшін жою жөніндегі мәселелерді өз
қарауына алуға құқығы бар.
Селолық тұтыну кооперативінің жалпы жиналысы (уәкілдер жиналысы)
кооператив қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға қабылдауға
құқылы.
Селолық тұтыну кооперативінің кезекті жалпы жиналысын (уәкілдер
жиналысын) селолық тұтыну кооперативінің жарғысында белгіленген мерзімде,
бірақ жылына кемінде бір рет кооперативтің атқарушы органы шақырады.
Селолық тұтыну кооперативінің жылдық қаржы есебін бекітуге арналған
жиналыс есепті қаржы жылы аяқталғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей
өткізілуге тиіс.
Селолық тұтыну кооперативінің кезектен тыс (төтенше) жалпы жиналысы
(уәкілдер жиналысы) кооперативтің жарғысында көзделген жағдайларда, сондай-
ақ мұндай жиналыс шақыруды кооперативтің мүддесі талап еткен өзге де кез
келген жағдайларда шақырылады.
Егер селолық тұтыну кооперативінің жалпы жиналысына (уәкілдер
жиналысына) қатысушы пайшылар (уәкілдер) және олардың өкілдері селолық
тұтыну кооперативі мүшелерінің жартысынан астамынан өкіл болса, ол заңды
деп таңылады. Күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша шешім білікті
көпшілік дауыспен қабылдануға тиіс болған жағдайда, егер жиналысқа қатысушы
пайшылар (уәкілдер) және олардың өкілдері селолық тұтыну кооперативі
мүшелерінің үштен екісінен өкіл болса, ол шешім қабылдауға құқылы.
Кворум болмаған жағдайда селолық тұтыну кооперативінің жалпы жиналысын
(уәкілдер жиналысын) бастапқы жалпы жиналыстың өтетін күні белгіленгеннен
кейінгі күннен ерте қайталап өткізуге болмайды.
Қайталап шақырылған жиналыс селолық тұтыну кооперативі пайшыларының
(уәкілдерінің) немесе олардың өкілдерінің жалпы санының үштен бірі болғанда
заңды болып табылады. Егер қатысушы пайшылар (уәкілдер) және олардың
өкілдері селолық тұтыну кооперативі мүшелерінің жартысынан кемінің өкілі
болса, мұндай жиналыс білікті көпшілік дауысты талап етпейтін мәселелер
бойынша ғана шешім қабылдауға құқылы.
Жалпы жиналысты (уәкілдер жиналысын) ашушы адам жалпы жиналыста
(уәкілдер жиналысында) төрағалық етушіні және оның хатшысын сайлауды
жүргізеді, шешім қатысушылар санының жай көпшілік дауысымен қабылданады.
Күн тәртібінде енгізілген мәселелерді талқылау басталғанға дейін жалпы
жиналыс (уәкілдер жиналысы) кворумды анықтап алуға міндетті. Бұл талапты
орындамау жалпы жиналыста (уәкілдер жиналысында) кворумның бар екендігін
анықтағанға дейін қабылданған барлық шешімдердің жарамсыз болуына әкеп
соғады.
Селолық тұтыну кооперативі жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының)
шешімі, егер кооператив жарғысында немесе кооперативтің ішкі қызметін
реттейтін ережелер мен өзге де құжаттарда жасырын дауыс беру көзделмесе,
ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Селолық тұтыну кооперативінің атқарушы органы кооператив қызметіне
ағымды басшылық жасау мен оның істерін жүргізуді жүзеге асырады және
селолық тұтыну кооперативінің жалпы жиналысына ()уәкілдер жиналысына
Есеп береді.
Селолық тұтыну кооперативі атқарушы органның мүшелері жарғыда
белгіленген құрам мен мерзімге сайланады және міндеттерін (өкілеттігін)
атқарудан кооперативтің жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) шешімі
бойынша кез келген уақытта босатылуы мүмкін.
Кооперативтің атқарушы органына сол кооперативтің пайшылары ғана мүше
бола алады.
Атқарушы органның жұмысы мен шешімдер қабылдау тәртібі селолық тұтыну
кооперативінің жарғысымен белгіленеді.
Селолық тұтыну кооперативі атқарушы органның құзыретіне кооперативтің
жарғысымен немесе жалпы жиналыста (уәкілдер жиналысында) қабылданған
ережелермен және өзге де құжаттармен белгіленген, жалпы жиналыстың
(уәкілдер жиналысының) құзыретіне жатпайтын кооператив қызметін қамтамасыз
етудің барлық мәселелері жатады.
Селолық тұтыну кооперативі атқарушы органның қаржы шаруашылық қызметіне
бақылау жасауды жүзеге асыру үшін кооператив пайшыларының арасынан тексеру
комиссиясы құрылуы мүмкін.
Тексеру комиссиясының міндеттерін орындау жеке тексеруші ретінде
кооператив пайшыларының біріне тапсырылуы мүмкін.
Селолық тұтыну кооперативі жалпы жұрттың мағлұмат алуы үшін тиісті
жылға арналған қаржы есебін жариялап отыруға міндетті.
Селолық тұтыну кооперативін қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу,
бөліп шығару) кооперативтің жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) шешімі
бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Кооператив пайшыларының
құрамын үлестен айыру немесе өзгеше өзгерту селолық тұтыну кооперативін
қайта ұйымдастыру болып табылмайды.
Заң актілермен белгіленген жағдайларда, селолық тұтыну кооперативін оны
бөлу немесе оның құрамынан бір немесе бірнеше кооперативті бөліп шығару
нысанында мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Селолық тұтыну кооперативін заңды тұлғалардың басқа түрлері мен
нысандарында қайта құруға болмайды.
Селолық тұтыну кооперативін бөлу, бөліп шығару нәтижесінде пайда болған
селолық тұтыну кооперативтері жаңа кооперативтер тіркелген кезден бастап
бір жыл ішінде оның міндеттемелері бойынша бірлесіп жауапты болады.
Селолық тұтыну кооперативі оның жалпы жиналысының шешімі бойынша немесе
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот шешімі бойынша таратылуы
мүмкін.
Селолық тұтыну кооперациясы жүйесіндегі қауымдастықтар (одақтар) ерікті
негізінде және, әдетте, аумақтық белгісі бойынша құрылады.
Қауымдастықтар (одақтар) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және
жарғы мен құрылтай шартының негізінде жұмыс істейді.
Қауымдастықтар (одақтар) өз мүшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге
асырады, сондай-ақ олардың жалпы мүліктік мүдделерін білдіреді және
қорғайды.
Қауымдастықтар (одақтар) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы
келмейтін, құрылтай шартында немесе жарғыда көзделген өзге де міндеттерді
жүзеге асыруға құқылы.
Қауымдастықтардың (одақтардың) мүшелері дербестігін және заңды тұлға
құқығын сақтайды.
Қауымдастықтардың (одақтардың) мақсаттары мен міндеттерін бөлісетін
басқа заңды тұлғалар да олардың мүшелері бола алады.
Қауымдастықтар (одақтар) өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді. Қауымдастықтардың (одақтардың) мүшелері өз міндеттемелері бойынша
құрылтай құжаттарында көзделген мөлшер мен тәртіпте субсидиарлық жауапты
болады.
Қауымдастықтар (одақтар) өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін
мөлшерде ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады. Қауымдастықтардың
(одақтардың) кәсіпкерлік қызметінен алынатын табыс шығындарды жабуға және
қауымдастық (одақтардың) жарғылық қызметін жүзеге асыруға жұмсалады.
Қауымдастықтар (одақтар) қауымдастықтың (одақтың) құрылтай шарты мен
жарғысында көзделген өкілеттікті жүзеге асыруға құқылы.
Қауымдастықты (одақты) құру тәртібі құрылтай шартымен белгіленеді.
Қауымдастықты (одақты) құру туралы шешімді оның құрылтай жиналысы
қабылдайды, ол қауымдастыққа (одаққа) кіру туралы арыздар негізінде оның
мүшелерінің тізімі мен қауымдастықтың (одақтың) жарғысын бекітеді.
Құрылтай жиналысы қауымдастықтың (одақтың) органдарын:
қауымдастықтың (одақтың) атқарушы органын – басқармасын;
қауымдастықтың (одақтың) атқарушы органының төрағасын;
қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясын (ревизорын) сайлайды;
Қауымдастық (одақтың) жарғысында мыналар болуға тиіс:
қауымдастықтың (одақтың) атауы;
қауымдастықтың (одақтың) орналасқан жері;
қауымдастықтың (одақтың) қызметінің мәні мен мақсаты және оның өкілеттігі;
қауымдастыққа (одаққа) кіру тәртібі;
қауымдастықтан (одақтан) шығу немесе шығарылу тәртібі;
қауымдастықтың (одақтың) органдарын сайлау тәртібі, олардың құрымы мен
құзыреті;
қауымдастықтың (одақтың) органдарының шешімдер, оның ішінде бірауыздан
немесе білікті көпшілік дауыспен шешімдер, қабылдау тәртібі;
қауымдастықтың (одақтың) филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер;
қауымдастықты (одақты) қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі;
қауымдастық (одақ) таратылғаннан кейін қалған мүлікті бөлу тәртібі;
заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер;
Қауымдастық (одақ) заңдарда белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік
тіркеуден өткізген кезден бастап құрылған болып есептеледі.
Қауымдастық (одақ) пен оның мүшелері арасындағы өзара қатынастар
жарғымен, құрылтай шартымен және келісімдермен белгіленеді.
Қауымдастықты (одақты) басқаруды қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің
жалпы жиналысы және қауымдастықтың (одақтың) атқарушы органы жүзеге
асырады.
Қауымдастықтың (одақтың) жоғары органы қауымдастық (одақ) мүшелері
өкілдерінің жалпы жиналысы болып табылады. Қауымдастыққа (одаққа)
мүшелерінің өкілдік нормасы қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы
жиналысы қабылдап, бекіткен қауымдастық (одақ) жарғысымен белгіленеді.
Өкілдік нормасын ұлғайту туралы шешімді қауымдастықтың (одақтың) атқарушы
органы қабылдап, оны кейіннен қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы
жиналысы бекітеді. өкілдік нормаларын қауымдастықтың (одақтың) жарғысында
аталған нормалардан кемітуге жол берілмейді.
Қауымдастықтың (одақтың) атқарушы органы қауымдастықтың (одақтың)
басқармасы болып табылады.
Қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясы (ревизоры) қауымдастықтың
(одақтың) бақылаушы органы болып табылады.
Қауымдастық (одақ) басқармасы қауымдастықтың (одақтың) атқарушы басқару
органы болып табылады және қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы
жиналысына есеп береді. Қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдері жалпы
жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған өкілеттікті қоспағанда, басқарма
және қауымдастық (одақ) жарғысымен белгіленген өкілеттікті жүзеге асырады.
Қауымдастық (одақ) басқармасының құзыретіне:
- қауымдастықтың (одақтың) жалпы қызметіне басшылық жасау;
- мемлекеттік және өзге де органдарда, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда
қауымдастықтың (одақтың) өкілдігін жүзеге асыру;
- қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы жиналыстарын әзірлеу және
өткізу;
- қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы жиналысына өкілдердің жалпы
жиналыстары арасындағы кезеңдегі қауымдастық (одақ) жұмысы туралы есепті
табыс ету;
- қауымдастық (одақ) басқармасы төрағасының орынбасарларын, сондай-ақ
мекемелер мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің басшыларын тағайындау және
қызметтен босату;
- қауымдастықтың (одақтың) еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді
пайдалануды қамтамасыз ету;
- шаруашылық серіктестіктерін, мекемелерді, оқшауланған құрылымдық
бөлімшелерді, соның ішінде филиалдарды құру туралы, сондай-ақ шаруашылық
серіктестіктерге немесе басқа да заңды тұлғаларға қатысу туралы шешімдер
қабылдау;
- бюджетті және қауымдастықтың (одақтың) қорлары туралы ережелерді
қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдері жалпы жиналысының бекітуіне табыс
ету;
- шарттар жасасуға сенімхаттар беру;
- қауымдастықтың (одақтың) жарғысында белгіленген өзге де өкілеттік жатады.
Қауымдастық (одақ) басқармасының отырысы қауымдастықтың (одақтың)
жарғысында көзделген мерзімдерде, бірақ тоқсанына кемінде бір рет
өткізіледі. Егер қауымдастық (одақ) басқармасының отырысына оның
мүшелерінің кемінде жартысы, оның ішінде қауымдастық (одақ) басқармасының
төрағасы немесе оның орынбасары қатысса, қауымдастықтың (одақтың)
басқармасы мәселелерді шешуге өкілетті.
Қауымдастық (одақ) басқармасының төрағасы мен мүшелері қауымдастық
(одақ) жарғысында белгіленген мерзімге сайланады. Қауымдастық (одақ)
басқармасының төрағасы мен мүшелері қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдері
жалпы жиналысының шешімі бойынша міндеттерді (өкілеттікті) орындаудан кез
келген уақытта босатылуы мүмкін. Қауымдастық (одақ) басқармасының
мерзімінен бұрын сайланған төрағасы немесе мүшесі қауымдастық (одақ)
басқармасының алдыңғы төрағасының немесе мүшесінің өкілеттігі мерзіміне
сайланады.
Қауымдастықтың (одақтың) жарғысында қауымдастық (одақ) басқармасы
төрағасының және оның орынбасарының шешімдерді қабылдау тәртібі мен оларды
ресімдеу тәртібі белгіленеді, сондай-ақ шешім жеке-дара қабылдануы мүмкін
мәселелер айқындалады.
Қауымдастық (одақ) басқармасының төрағасы, оның орынбасарлары мен
басқарманың басқа да мүшелері өздері қабылдаған шешімдері қауымдастықтың
(одақтың) жарғысына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты
болады.
Қауымдастық (одақ) басқармасының мүшелері қауымдастықтың (одақтың)
тексеру комиссиясының мүшелері (ревизоры) бола алмайды.
Қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясы (ревизоры) қауымдастықтың
(одақтың) қаржы-шаруашылық қызметін бақылайды және қауымдастық (одақ)
мүшелері өкілдерінің жалпы жиналысына есеп береді. Қауымдастықтың (одақтың)
тексеру комиссиясының мүшелері (ревизор) болып жалпы жиналыста олардың
өкілдері арасынан қауымдастықтың (одақтың) мүшелері ғана сайлана алады.
Қауымдастықты (одақты) қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу,
бөліп шығару, қайта құру) қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдері жалпы
жиналысының шешімі және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге
де негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Қауымдастықты (одақты) қайта құру қауымдастық (одақ) мүшелерінің барлық
өкілдерінің бірауызды шешімі бойынша жүргізіледі.
Қауымдастықты (одақты) тарату қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдері
жалпы жиналысының шешімі немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
өзге де негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы жиналысы немесе
қауымдастықты (одақты) тарату туралы шешім қабылдаған орган тарату
комиссиясын (таратушыны) тағайындайды және қауымдастықты (одақты) таратудың
тәртібі мен мерзімін белгілейді.
Қауымдастықты (одақты) тарату кезінде оның кредит берушілердің
талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкі қауымдастық (одақ)
мүшелерінің арасында құрылтай шартында белгіленіп, енгізілген мүшелік
жарналарына бара-бар бөлінеді.

Қазақстан Республикасы селолық тұтыну кооперациясы жүйесінің орталық
органы
Селолық тұтыну кооперативінің қауымдастықтар (одақтары) қауымдастыққа
(одаққа)-Орталық органға ерікті түрде біріге алады.
Қазақстан Республикасы селолық тұтыну кооперациясы жүйесінің Орталық
органы құрылтай шартына және жарғыға сәйкес:
селолық тұтыну кооперативі мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының)
қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға;
мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, сондай-ақ халықаралық
кооперативтік қозғалыста селолық тұтыну кооперативінің және олардың
қауымдастықтарының (одақтарының) мүдделерін білдіруге;
кооперативтік демократияны дамытуға және өзінің құрамына кіретін мүшелері
арасындағы іскерлік қатынастар қолдап отыруға;
селолық тұтыну кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының),
сондай-ақ пайшылардың құқықтары.

2.2. Ауыл шаруашылық серіктестіктер және олардың қауымдастықтарының
(одақтарының) құқықтық жағдайы.
Ауыл шаруашылық серіктестікреті және олардың қауымдастықтары (одақтары)
туралы    Заң ауыл шаруашылық серіктестіктерін құқықтық жаәдайын анықтайды,
серіктестікпен оның мүшелері арасындаәы қатынастарды реттейді. Бұл Заң 25
желтоқсан 2000 ж. қабалданған.  Ауыл шаруашылық серiктестiгi - ауыл
шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң ауыл шаруашылық өнiмiн өткiзу, сақтау,
қайта өңдеу, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау, сумен
қамтамасыз ету немесе серiктестiк мүшелерiне басқа да сервистiк қызмет
көрсету қажеттерiн қанағаттандыру үшiн олардың мүлiктiк жарналарын ерiктi
түрде бiрiктiру жолымен мүшелiк негiзiнде құрылатын заңды тұлға.
      Серiктестiктiқ кәсiби бағытына сай тауарлы ауыл шаруашылық өнiмiн
өндiрумен айналысатын жеке және заңды тұлға ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң
мүшесi болуы мүмкiн.
      Ауыл шаруашылық серiктестiктерi коммерциялық емес ұйымдар болып
табылады және кәсiпкерлiк қызметпен өздерiнiң жарәылық мақсаттарына сай
келуiне қарай ғана айналыса алады.
      Ауыл шаруашылық серiктестiгi алған таза табысты оның мүшелерi
арасында бөлуге болмайды және жарғылық мақсаттарәа жұмсалуға тиiс.
      Егер құрылтай құжаттарында ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң белгiлi
бiр мерзiмге және белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн құрылатыны көзделмесе, ол
белгiленбеген мерзiмге құрылған деп есептеледі.
Ауыл шаруашылық серiктестiктерi:
      1) ауыл шаруашылық өнiмiн өткiзудi, сақтауды, қайта өңдеудi
қамтамасыз ету, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау сумен
қамтамасыз ету және серiктестiк мүшелерiне басқа да сервистiк қызмет
көрсету үшiн ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн ерiктi түрде бiрiктiру
арқылы олардың әлеуметтiк-экономикалық қажеттерiн қанағаттандыру;
      2) серiктестiктердiң пайда алмайтын негiзде жұмыс iстеуi кезiнде ауыл
шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң өз пайдасын қамтамасыз ету;
      3) өнiмдi өткiзу, сақтау, қайта өңдеу және материалдық-техникалық
ресурстармен жабдықтау салаларында бәсекелестiк орта жасау;
      4) ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiден тұтынушыға тiкелей жеткiзiп
берудi қамтамасыз ету;
      5) ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң қажеттi ресурстарды тиiмдi
жаәдайлармен сатып алуына жәрдемдесу және өздерiнiң шаруашылық қызметiн
қаржыландыруға қол жеткiзе алуы мақсатында құрылады.
          Ауыл шаруашылық серiктестiктерi:
      1) серiктестiкке мүше болудың ерiктiлiгi және кәсiби бағыты бойынша
серiктестiк қызметтерiн қажет ететiн және өзiне оның мүшесiнiң мiндеттерiн
қабылдауға әзiр кез келген ауыл шаруашылық тауар өндiрушiсiнiң мүше болу
мүмкіндігі;
      2) серiктестiк мүшелерiнiң тең құқықтылығына: бiр мүше - бiр дауыс
дегенге негiзделген демократиялық басқару сипаты;
      3) басшы органдар құрамының сайланбалылығы мен оның мерзiмдi түрде
ауысып тұруы және олардың серiктестiк мүшелерiне есеп берiп отыруы;
      4) серiктестiк қызметiн өз мүшелерiнiң мүдделерi үшiн "өзiндiк құн
бойынша қызмет көрсету" принципiмен жүзеге асыруы;
      5) мiндеттi және қосымша пай жарналарының мөлшерiн қызметтердi тұтыну
көлемiне қарай белгiлеу;
      6) серiктестiк көрсететiн қызметтердi оның мүшелерiнiң келiсiм-шартта
көзделген көлемде тұтыну мiндеттілігi;
      7) ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң, қауымдастығының (одағының)
қызметi туралы ақпаратқа оның барлық мүшелерiнiң қолжетiмдiлiгi принциптерi
негiзiнде құрылады және өзiнiң қызметiн сол принциптер негiзiнде жүзеге
асырады.
      Ауыл шаруашылық серiктестiктерi негiзгi қызмет түрiне байланысты:
өткiзу, қайта өңдеу, жабдықтау, сервистiк серiктестiктерi және олардың
аралас түрлерi болып бөлiнуi мүмкiн.
      Ауыл шаруашылық серiктестiктiгi қызметiнiң негiзгi түрi оның атауында
көрсетiледi.
      Өткiзушi серiктестiктер серiктестiк мүшелерi өндiретiн өнiмдi сатады.
Өткiзу қызметiне сонымен қатар шикiзатты жас немесе қайта өңделген түрiнде
жинау, сақтау, сұрыптау, кептiру, оларды көтере немесе бөлшектеп сату және
серiктестiк мүшелерiнiң өнiмiн тасымалдау жатады.
      Қайта өңдеушi ауыл шаруашылық серiктестiктерi ауыл шаруашылық өнiмiн
қайта өңдеумен, оны өзiнiң көтерме және бөлшек сауда жүйесi арқылы сатумен
айналысады.
     Жабдықтаушы серiктестiктер ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн
өндiрiстiк процеске қажеттi ресурстармен және материалдармен: жанар-
жағармай материалдарымен, тұқыммен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен,
жемшөппен, қосалқы бөлшектермен, құрылыс материалдарымен және ауыл
шаруашылық өндiрiсiне қажет басқа да iлеспе материалдармен қамтамасыз
етедi.
          Сервистiк серiктестiктер өз мүшелерiне ауыл шаруашылық өнiмiн
өндiру мен өткiзу процесiне, сондай-ақ басқа салалардаәы (материалдық-
техникалық және агрохимиялық қызмет көрсету, сумен қамтамасыз ету,
электрмен жабдықтау, техниканы жөндеу мен оған қызмет көрсету, телефон
желiсiн тарту, мал тұқымын асылдандыру және селекция қызметi, мал
шаруашылығы мен өсiмдiк шаруашылығындағы, ормандар өсiрудегi және басқа да
зерттеулер бойынша қызметтер көрсету) ортақ қажеттердi қанағаттандыруға
байланысты қызметтер көрсетедi.
      Ауыл шаруашылық серiктестiгi құрылтайшылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
ҚЫТАЙ БАНК ЖҮЙЕСІ
Коммерциялық банктердің тарихы
Ұзақ мерзімді несие
Агроөнеркәсіптік кешенін несиелендіру мәселелерінің теориялық негізі
АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Банк пен филиалдардың несиелік қызметінің мониторингі
Ауыл шаруашылық комплексіндегі инфрақұрылым
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу тарихы
Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы
Пәндер