Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.5
І Тарау. Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы
І.1. Екінші деңгейдегі банктердің қызметінің құқықтық негіздері ... 6.22
ІІ.Тарау. Коммерциялық банктердің қызметін құқықтық реттеу
ІІ.1. Екінші деңгейлі банк жүйесін құрудың мәні және банк қызметін ұйымдастырушы принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.36
ІІ.2. Банк активтерінің сипаты және оның жіктелуі ... ... ... ... 36.51
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52.53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ...54.55
Қазақстан Республикасындағы банкілік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету банкілік қызметті құқықтық реттеумен байланысты болып табылады. Мемлекетіміздің банк жүйесі соңғы жылдарда дүние жүзілік дамыған мемлекеттердің банк жүйелерінің деңгейіне көтерілді. Одақ кезінде республикамыздағы банктер орталық банктердің филиалдары ретінде қызмет атқарған болатын. Банктердің өз бетінше банкілік операцияларды іс жүзіне асыруы орталық банкпен реттелінетін. Нарық жағдайына көшуге байланысты республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты. Бүгінгі таңда республикамызда 32 екінші деңгейдегі банктер қызмет етуде, олар мемлекеттік, мемлекет аралық қалғандары коммерциялық банктер болып табылады.
Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының экономикасына, соның ішінде банктік қызметтерге мемлекеттік ықпал ету механизмінің теориялық және практикалық проблемеларының маңыздылығы күн саынап өсе түсуде. Банк жүйесінің барлық деңгейлеріндегі банктердің қызметін мемлекеттік реттеу механизмінің тиімді қолданылуы осы жүйенің және ел экономикасының дамуына өзіндік үлесісн қосатыны мәлім.
Қазақстанның Республикасындағы Даму Банкі-акционерлік қоғам болып табылады, оның жалғыз акционері ұлттық басқару компаниясы болып табылады және ұлттық даму институтынан тұрады. Қазақстанның Даму Банкі мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіруге және оның тиімділігін арттыруға, өндірістік инфрақұрылым мен өндеуші өнеркәсіпті дамытуға және экономикасын сыртқы және ішкі инвестицияларды таратуға жәрдемдесуге атсалысады. Қазақстанның Даму Банкі Қазақстан Республикасының тиісті заң актілері мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің негізінде Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестициялық қызмет пен Қазақстан Республикасының резиденттерінің экспорттық операцияларын кредиттеу қаржыландыру мақсатында акционерлік қоғам нысанында құрылған.
Нарық жағдайындағы банктердің қызметін мемлекеттік реттеу мемлекеттік бсқарудың басты функциясы болып табылады. Осындай мемлекеттік ықпал ету-реттеудің негізгі мән-жайына әдетте банктердің қызметін ұйымдачстыруға қажетті жалпы қағидалар мен жағдайларды белгілеу және қамтамасыз ету арқылы олардың өз коммерциялық операцияларын адал бәсекелестік тұрғысынан жүзеге асырылуларына мүмкіндік жасау, сондай-ақ өтпелі кезең талаптары мен өзгерістеріне орай банктік ортадаңы жүріп-тұру қағидаларын түзетіп отыру жатады.
Банктердің іс жүзіне асыратын операцияларының тұрақты түрде іс жүзіне асыру үшін құқықтық тұрғыдан барлық жағдай жасалыну керек. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің және банкілік қызметтің тұрақты жұмыс істеп дамуына ел басымыздың қосқан үлесі өте зор. Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффириленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Алматы: Жеті Жарғы, 2007. – 176 б.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2008 жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауы. 7ақпан, 2008ж., Егемен Қазақстан газеті.
3. Монтескье Ш. Заңдар рухы туралы /Ауд. А. Құлсариева. - Алматы: Үш Қиян, 2005. - 784 б.
4. Поппер Карл Раймунд. Ашық қоғам және оның жаулары. Платонның сиқырлы тартымдылығы. - Алматы: Үш Қиян, 2006. - 504 б.
5. Аубакиров Я.А., Бахаров В.А., Хамитов Н.Н., Ютши В.М. Словарь банковских и финансово - экономических терминов. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. - 712 с.
6. Благодатин А.А., Лозовский Л.Ш., Райзберг Б.А. Финансовый словарь. - М., 2002. - 378 с.
7. Эриашвили Н.Д. Банковское право. - М., 2000. - 471 с.
8. Основы международных валютно - финансовых и кредитных отношений: Учебник / Под ред. В.В. Крунова. - М.: ИНФРА, 1998. - 432 с.
9. Олейник О.М. Основы банковского права. - М., 1997. - 424 с.
10. Найманбаева С.С. Финансовое право. – Алматы: Дәнекер, 2004.- 526 с.
11. 1 Алексеева Д.Г., Пыхтин С.В., Хоменко Е.Г. Банковское право. - М., 2003. - 480 с.
12. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы: Атамұра, 2003. - 240 б.
13. Мухитдинов Н.Б. Состояние и тенденции развития теории финансового законодательства и финансового права // Вестник КазНУ.Серия юридическая. - 2004. - №5 (33). - С. 5 - 19.
14. Банковское дело. Учебник / Под ред. О.И. Лаврушина. - М.: Финансы и статистика, 1998. - 576 с.
15. Финансовое и банковское право / Под ред. О.М. Горбунова. - М., 1997. - 277 с.
16. Банковское дело / Под ред. О.И. Лаврушина. - М., 1992. - 428 с.
17. Братко А.Г. Банковское право. Теория и практика. - М., 2000. – 320 с.
18. Найманбаев С. М. Мемлекеттік басқару: маңызы, ерекшеліктері. // Ақиқат. - 2000. - №5. - 44 - 47 бб.
19. Пессель М.А. Проблема разделения власти и банковская система // Деньги и кредит. - 2000. - №1. - С. 64 - 68.
20. Саниев М.С. Банковская система в условиях рыночной экономики. – Алматы, 1998. - 322 с.
21. Тосунян Г.А., Викулин А.Ю., Экмалян А.М. Банковское право РФ. (Общая часть). - М., 1999. - 448 с.
22. Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право Республики Казахстан. – Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 352 с.
23. Ефимова Л.Г. Банковское право. - М.: Наука, 1994. - 360 с.
24. Банковское дело /Под ред. Г.С. Сейткасимова. - Алматы, 1998. - 576 с.
25. Тасыбаева А.С. Банкілік құқық. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. - 195 б.
26. Искакова З.Д. Задачи финансово-кредитной системы Казахстана в обеспечении роста внутренних финансовых ресурсов // Банки Казахстана - 2004. - №8. – С. 10 - 15.

Нормативтік актілер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Алматы, 1995ж, өзгерістер мен толықтырулар 21. 05. 2007ж.,Алматы, 2008ж.
2. Қазақстанның Даму Банкі туралы. 2001ж. 25 сәуірдегі №178-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2004.20.12 №13-ІІІ ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістермен) // СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі “Юрист”. Компания ЮрИнфо 2001. - 2007.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж. 30 наурыздағы №2155 Қазақстан Республикасының Заңы (2004.20.12. ҚР заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) // СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі “Юрист”. Компания Юр Инфо. -2007
4. Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995ж. 31 тамыздағы №2444 Заңы (2004 ж. 13 желтоқсанға берілген өзгерістермен) //СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі “Юрист”. Компания ЮрИнфо 2001-2007.
5. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы 2003жылғы 4 шілдедегі №474-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (11.06.04ж. №562-ІІ;07.07.04ж. №577-ІІ ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы ереже. //СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі “Юрист”. Компания ЮрИнфо 2001-2007.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе ___________________________________ _________________ 4-5
І Тарау. Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы
І.1. Екінші деңгейдегі банктердің қызметінің құқықтық негіздері____ 6-
22
ІІ.Тарау. Коммерциялық банктердің қызметін құқықтық реттеу
ІІ.1. Екінші деңгейлі банк жүйесін құрудың мәні және банк қызметін
ұйымдастырушы принциптері________________________ _____________23-36
ІІ.2. Банк активтерінің сипаты және оның жіктелуі________________36-51
Қорытынды ___________________________________ _____________52-53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі_____________________________ __54-55

Реферат

Менің бітіру жұмысымның тақырыбы “Екінші деңгейдегі банктердің
құқықтық жағдайы” деп аталады. Бітіру жұмысы 55 бетті құрайды. Бітіру
жұмысы екі тараудан тұрады және кіріспе мен қорытынды бөлімдерінен
тұрады. Әр тарау жеке – жеке тақырыптары бар бөліктерге бөлінген.

Бірінші тарауда екінші деңгейдегі банктердің құқықтық мәртебесі
қарастырылған. Ал, екінші тарау коммерциялық банктердің қызметін құқықтық
реттеуге арналған.

Сондай-ақ, бітіру жұмысы қолданылған әдебиеттер мен нормативтік
құқықтық актілер тізімін құрайды.

Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына және өзге де
Заңдарына сүйене отырып жазылған.

Сонымен қатар, бітіру жұмысын жазуға ғылыми әдебиеттер және Қазақстан
Республикасы банктік қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер
пайдаланылған.

Бітіру жұмысында көп кездесетін негізгі сөздер: банк, нарық, жүйе,
қаржы, қаражат,бақылау,басқару,қадағалау, экономика және т.б.

Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы банкілік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз
ету банкілік қызметті құқықтық реттеумен байланысты болып табылады.
Мемлекетіміздің банк жүйесі соңғы жылдарда дүние жүзілік дамыған
мемлекеттердің банк жүйелерінің деңгейіне көтерілді. Одақ кезінде
республикамыздағы банктер орталық банктердің филиалдары ретінде қызмет
атқарған болатын. Банктердің өз бетінше банкілік операцияларды іс жүзіне
асыруы орталық банкпен реттелінетін. Нарық жағдайына көшуге байланысты
республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты. Бүгінгі таңда
республикамызда 32 екінші деңгейдегі банктер қызмет етуде, олар
мемлекеттік, мемлекет аралық қалғандары коммерциялық банктер болып
табылады.
Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының экономикасына, соның
ішінде банктік қызметтерге мемлекеттік ықпал ету механизмінің теориялық
және практикалық проблемеларының маңыздылығы күн саынап өсе түсуде. Банк
жүйесінің барлық деңгейлеріндегі банктердің қызметін мемлекеттік реттеу
механизмінің тиімді қолданылуы осы жүйенің және ел экономикасының дамуына
өзіндік үлесісн қосатыны мәлім.

Қазақстанның Республикасындағы Даму Банкі-акционерлік қоғам болып
табылады, оның жалғыз акционері ұлттық басқару компаниясы болып табылады
және ұлттық даму институтынан тұрады. Қазақстанның Даму Банкі мемлекеттік
инвестициялық қызметті жетілдіруге және оның тиімділігін арттыруға,
өндірістік инфрақұрылым мен өндеуші өнеркәсіпті дамытуға және экономикасын
сыртқы және ішкі инвестицияларды таратуға жәрдемдесуге атсалысады.
Қазақстанның Даму Банкі Қазақстан Республикасының тиісті заң актілері мен
заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің негізінде Қазақстан
Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде жүзеге асырылатын мемлекеттік
инвестициялық қызмет пен Қазақстан Республикасының резиденттерінің
экспорттық операцияларын кредиттеу қаржыландыру мақсатында акционерлік
қоғам нысанында құрылған.
Нарық жағдайындағы банктердің қызметін мемлекеттік реттеу мемлекеттік
бсқарудың басты функциясы болып табылады. Осындай мемлекеттік ықпал ету-
реттеудің негізгі мән-жайына әдетте банктердің қызметін ұйымдачстыруға
қажетті жалпы қағидалар мен жағдайларды белгілеу және қамтамасыз ету арқылы
олардың өз коммерциялық операцияларын адал бәсекелестік тұрғысынан жүзеге
асырылуларына мүмкіндік жасау, сондай-ақ өтпелі кезең талаптары мен
өзгерістеріне орай банктік ортадаңы жүріп-тұру қағидаларын түзетіп отыру
жатады.
Банктердің іс жүзіне асыратын операцияларының тұрақты түрде іс жүзіне
асыру үшін құқықтық тұрғыдан барлық жағдай жасалыну керек. Қазақстан
Республикасының банк жүйесінің және банкілік қызметтің тұрақты жұмыс істеп
дамуына ел басымыздың қосқан үлесі өте зор. Банктердің қызметі ашықтықтың
айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен
аффириленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын
шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін
ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің
инвсетициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке
келтіру қажет. Аффирлиленген тұлғалармен жасалатын мәсмілелер банктерді
тәуекелге барғызбау шарт.

Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттік
қаржылық тұрақсыздық қателеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар
жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың
Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайту керек. Қаржылық бақылау
агенттігі нің жұмысын жүйелі түрде нығайту қажет.

Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге
қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен
және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті
болуға тиіс.

Мемлекеттік қолдау біржақты бола алмайды, сондықтан банктер
тәуелділіктің өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс.
Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар
тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет
қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек. Мұндай жағдайда
реттеушілік араласу бүкіл банк секторы үшін барынша мөлдір және
ұғынықты болуы тиіс. Қаржылық қадағалау агентігінің бұл жұмысты батыл
жүргізуі міндет деп қарастырды өзінің Жолдауында Елбасы.

Республикамызда банкілік қызметті реттейтін заңдар 1995 жылғы 30
наурыздағы ұлттық Банк туралы заң және 1995 жылғы 31 тамыздағы банктер
және банкілік қызмет туралы заңы бүгінгі таңдағы банк қызметтінің құқықтық
негізі болып табылады. Бітіру жұмысында мен банкілік қызметтің түрлеріне
тоқталып құқықтық реттеу негіздерін қарастырдым. Нарықтық қатынастың
қалыптасуы жағдайында, кәсіпкерліктің даму барысында банктер ролі жылдан
жылға өсуде. Банк сөзі итальян “Banco„ сөзінен шыққан ол орындық,
айырбастаушы лавкасы деген сөзді білдіреді. Банк бір жағынан кредит ақша
капиталының орталығын білдірсе, екінші жағынан займ алушылар орталығын
білдіреді. Банкілік қызметті құқықтық реттеудің негізі Қазақстан
Респуликасының конституциясы болып табылады. Конституцияда ата заңымызда
кәсіпкерлік қызмет рұқсат етіледі. Банкілік қызмет кәсіпкерлік қызметтің
бір түрі болып табылады. Ата заңымыздың 4-бабында құқық ретінде
конституция, заңдар, нормативтік құқықтық актілер және халықаралық шарттар
болып табылады. Банктердің қызметін құқықтық реттеу және қадағалау ҚР-ның
ұлттық Банкісінің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. ұлттық Банкі
өз құзіреті шеңберінде банкілік қызметті реттейтін нұсқаулар мен ережелерді
қабылдайды. Сонымен қатар олардың орындалуын реттейді және қадағалайды. Ал
ұлттық Банк қызметін ҚР-нң Президенті қадағалайды, ұлттық Банк президент
алдында есеп береді. ҚР-ның банк жүйесі ТМД мемлекеттерінің ішінде даму
қарқыны жағынан бірінші орында тұр.

І ТАРАУ. Екінші деңгейдегі банктердің қызметін құқықтық жағдайы.

І.1. Екінші деңгейдегі банктердің қызметінің құқықтық негіздері.

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады. Банк қызметтін – банктің клиент
мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез
келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру
қажеттілігі жатады. Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша
салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп
бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі
қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көп деген нысандары жасалынып шығуы
мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
өнімдерінің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәскелестік
артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен
қатаң түрде белгілі бірн қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтық қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиентерінің шарушылық қызметтеріне
қызмет көрсетуімен байланысты несіиелік есеп айырысу және қаржылық
операцияларын барлық түрлерімен айналысады.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі – базалық қызметті. Бұл банкттің пассиві меншікті капиталы
мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%- ын құрайды. Басқа кәсіп орындар мен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталын төменгі деңгейі болуы
мынандай жағдайлармен түсіндіріледі – біріншіден, банктер қаржылық
нарықтарда қаржы делдалды ретінде басқа кәсіп орындардың, мекемелердің және
халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы
жағдайда оларды тиімді негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден,
депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай
кері алу қәуіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер
басқа кәсіп орындардың материалдық обьектілерде орналастырған активтеріне
қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай
өткізіледі.[1]
Басқа кәсіп орындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасына өз міндеттерінжүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік
береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін басқару үшін қажет.
Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбек ақыны төлеу, сондай-
ақ банктік операиялардыдамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін
қажет. Меншікті капитал банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты
меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің
тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік
қаражаттар құрлымында оның ролі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін
пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін
депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан
басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі.
Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу
мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады.
Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі
бөлігі құралады.
Соңғы уақыттарға дейін Респуликамызда депозиттер басқару мәселелеріне
назар аударылған жоқ. Банк мекемелер алдында олармен жинақталатын несиелік
ресурстардың мөлшерімен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді
қамтамасыз ету міндеттері орындарына қйылған жоқ болатын. Қарыздық салымдар
мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттік банкісінің бөлімшелерімен
құрастырылған, қарыздық қор өз кезегінде КСРО Мемлекеттік банкісінң өзінде
орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырылған және ол республикалық
кеңселер бойыншанесиелік жоспар негізінде бөлінген, ал республикалық-
обылыстық кеңселер бойынша, сонымен қатар, мемлекеттік банктің төменгі
мекемелері пасивтік операциялармен айналыспаған. Осы себептергет байланысты
елде банктердің депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік саясат
теориясының жасалмағандығынан біз шетел тәжірбиесіне назар аудара аламыз.
Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке
кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік
кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық
банктерге ынтамен орналастырылады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі.
Біріншіден, банктер салымдарының үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді,
екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп
қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар
табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады.
- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай
жасауға;
- депозиттік операциялар әрекет ету керек;
- банк балансының оперативтік өнімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын
мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру
процесінде ерекше назар аударылуы қажет; депозиттік
перациялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында
мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты
қамтамасыз ету қажет;
- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану;
Шетелдік банктік тәжірбиеде алып тастау тұрғысынан қарағанда
талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп
ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың
ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті
алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа
шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша
ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем
төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарыесептеуге заңды тәртіппен тыйым
салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі олар әр-түрлі формаларда
- қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот
ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге біраз
шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен
ол біршама азаяды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып
табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған
бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі шоттардың
иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, есеп айырыусылар үшін
толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде
компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен
пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен
қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағындағы
шоттарын қаражатарды үнемі алып және оны бірнеше күнен немесе аптадан кейін
қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген
клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Бұл
экономиканың айналымдық сиппатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары
мен талап еткенге дейінгі шоттар есебіенен банктер 60, 90, 120 күнге
вексельге немесе нақты несие бере алады.
Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе контокорентік
шоттарды орналастыруы мүмкін. Олардың арасынла айырмашылықтар бар.
Дипозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе
аударуы мүмкін, сондай-ақ ол салымдарын иемдене алады. Ал контокоренттік
есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болу мүмкін. Клиент кез келген
уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай ол белгілі бір уақытта несие
алуы мүмкін. Алайда, тәжірбиде бұл айырмашылық бірте-бірте шегеріледі.
Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан несие алуы
мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансокациялық немесе чектік шоттар деп аталады,
сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.
Бұл шоттардың жоғары өнімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз
пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі
кемшілік (салымшы үшін) – шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды
төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға
қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерде көбірек сақтауға міндетті
және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.
АҚШ-та талап еткенге дейінгі шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге
төлеуге заң бойынша тиым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын
сақтап қалу ұсынады, ол бір жағынан өтімділік деңгейін, шоттарды есеп айыру
үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан салымшыларға
белгілі бір табыс алуға қамтамасыз етті. Бұл шот – наушот деп аталады. Ол
тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер үшін
пайдалануға мүмкін есеп айырысу тратысы немесе қаражаттарды алу туралы
бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу траталарын беруге болатын
депозиттік шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде
табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ-тың бүкіл аймағында
шоттың бұл формасы рұқсат етіледі.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен
көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айда жоғары мерзімге
орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары
пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді,
өйткені ол жоғары пайыз табу мен қандайда бір қарыз алушыға қарыздарды
ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді
салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін
пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу
туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді
салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ол осы күнге
дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген
соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді
пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала
алады.
Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу
туралы арнауы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. Әдетте ескерту
мерзімдері – 1 айдан 3-айға дейін, 3 айдан 6-айға дейін, 6 айдан 12-айға
дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланыста сәйкес пайыздық
мөлшерлемелер белгіленеді. Көпнесе тәжірбиеде алдын ала ескертуге
(хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.
Депозитердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған
түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ
салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ
кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне
қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарын құнытты демеу және
салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады.
Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен
қолданады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқада коммерциялық ұйымдар
үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.
Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары
қолданылады: ұтысқа, силыққа, жастарға мақсатты т.б. Әдетте олар халыққа
қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулары
мен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот
иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар
бойынша чектер берілмейді.
Жинақ салымдары АҚШ-та мерзімді салымдардың ең ірі түрлерін құрайды.
Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі – мерзімді депозиттік сертификаттар
болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір
мерзімге банкіге қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын ақшалай құжат.
Оларды компанияларға, фирмаларға өте бай иемденушілерге 100 мың доллардан
кемемес сомада беріледі. Олар екінші ретті нарықта сатылуы және басқа
тұлғаға өтуі мүмкін – берілетін және салымшының өзінде қалатын, берілмейтін
болады.Ақшаны мерзімнің аяқталуымен, тек сертификаттарды ұсыну арқылы
банктен алуға болады, ал мерзімі 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін

Халықтың көбірек бөлігіне 500, 1000 және 25000 доллар номиналымен 1
айдан 5 жылға дейінгі мерзімге ұсақ жинақ сертификаттары шығарылуы мүмкін.
Коммерциялық банктер өз бастамалары бойынша депозиттік емес
ресурстарды жинақтайды. Бұл қаражат тартылған немесе жай міндеттемелер деп
аталады. Оларға банкаралық нарықтан займ алу бағалы қағаздарды , банктік
облигацияларды эмиссиялау және т. б жатады.
Банкаралық нарықта депозиттер сатылады және сатып алынады. Міндетті
минимуммен салыстырғанда резервтік шотта артық қаражаттары бар көптеген
банктер олардың қосымша пайда алуы үшін қысқа мерзімді қарызға ұсынады.
Қайта сатып алумен бағалы қағаздарды сатып алу туралы келісім банк пен
қарыз алушы арасындағы келісім болып табылады. Бағалы қағаздарды сатып ала
отьырып, қарыз алушы банктен бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген қысқа
мерзімді несие алады. Операцияның міндетті шарты. Қарыз алушының бағалы
қағаздарды қатаң белгіленген түрде және алдын ала анықталған баға бойынша
қайта сатып алу міндеттемесі болып табылады. Бұл банктердің
өтімділігінреттеу үшін ақша нарығында қаражаттарды қысқа мерзімді
жұмылдырудың өте икемді және ыңғайлы тәсілі.
Коммерциялық банктер өздерінің ресурстарының жетіспеушілігінің
орнын толтыру үшін Орталық банктен қарыз алады. Біздің респуликаның банктік
тәжірбиесінде бұл жиі болатын құбылыс. 1993-1994 жылдары коммерциялық
банктер өздерінің ресурстарының 60%-ін Ұлттық орталықтанған несиелерінің
есебінен толтырды. Сөйтіп Ұлттық банкінің несиелері банктердің
ресурстарының тұрақты көздеріне айналды.
Депозиттік емес поссивтерге банктік облигациялары мен және кепілге
салу парақтарымен жасалатын операциялары жатады. Бұл облигациялардың мәні
белгілі бағалы қағаздардың орнына банктермен ақша қаражаттарын жұмылдырудан
тұрады.
Кепілхаттық қағаз парақтарымен операциялар жер учаскелерін сатып
алуда қаржыландырумен тығыз байланысты. Банктер қаражаттарды тарту үшін
қамтамасыз етілуі жер, құрлыс, яғни ипотека болып табылатын кепілхаттық
қағаз парақтарының элементі болады.
Сонымен бірге банктермен ақша қаражаттарын тару үшін шығарылатын
комуналдық облигациялар әр түрлі мемлекеттік заңды тұлғаларға қарыздар
бойынша талаптардың қамтамсыз етілуі болады. Бұл бағалы қағаздар қатаң өсім
ақылы және әдетте 10-нан 25 жылға дейінгі мерзімде шығарылады.
Осылайша коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметінің бірі –
жеке және тұлғаладың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және де
депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа посивтерді жұмылдыру
болып табылады. Депозиттік және депозиттік емес пасивтер салымшыларға пайыз
төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларда
банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен жинақталады.[2]
Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының экономикасына,
соның ішінде банктік қызметтерге мемлекеттік ықпал ету механизмінің
теориялық және практикалық проблемеларының маңыздылығы күн санап өсе
түсуде. Банк жүйесінің барлық деңгейлеріндегі банктердің қызметін
мемлекеттік реттеу механизмінің тиімді қолданылуы осы жүйенің және ел
экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосатыны мәлім.

Қазақстанның көрнекті ғалымы-академик М.Баймаханов мемлекеттің ұғымы
мен функцияларын сипаттау барысында: "Мемлекеттің басқарудың құқықтық
нысанын, реттеуді және ықпал етуді пайдалануы оның міндетті белгісі болып
табылады" деген түйінді пікірін білдірген.
Өтпелі кезеңдегі банктік қызметтерді ұйымдастыру-реттеу бастауы
мемлекеттік реттеудің жетекші субьектісі мемлекеттің тиісті саясатын қоғам
өмірінде тиісінше іске асыру арқылы айқындалады.
Біздің ойымызша, бұл жерде айтылмыш мемлекеттік реттеумен қатар
мемлекеттік басқарудың пәрменді функцияларының бірегейі мемлекеттік бақылау-
қадағалаудың да банктік қызмет аяларында жан-жақты жүзеге асырылатынын
білуіміз қажет. Мысалы, мемлекеттік қадағалау барысында: банктік қызметке
қатысулардың іс-әрекеттерінің жалпы бағыты белгіленіп, үйлестіріледі;
олардың заңды мүдделері мен құқықтарын жан-жақты қорғау қолға алынады;
банктік қызметтер аясындағы мемлекет саясатының басымдылықтары айқындауы;
банктік шарттарды жасау, тіркеу және лицензиялау тәртібі белгілейді.
Ресей ғалымы А.Прозоров қазіргі банк жүйесіндегі мемлекеттік реттеу
моделін зерделей келіп, өз көзқарасын былайша тұжырымдаған: "Банк жүйесі
қаржылық-құқықтық реттеу обьектісі болып аыады. Өйткені ол мемлекетке тән
міндеттер мен функцияларды үзбей жүзеге асыруды және мемлекеттік билік
мүдделеріне қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылатын
мемлекеттің қаржылық қызметінің процесінде туындайтын қоғамдық
қатынастарымен тығыз байланысқан".
Банктік қызметті мемлекеттік реттеу-қадағалау туралы Қазақстан
Республикасының заң актілеріндегі әдістер көбінесе тиісті атқарушы билік
органның құзыретіне жатады.
Тікелей әкімшілік немесе жанама экономикалық ықпал ететін әкімшілік-
құқықтық әдістер мемлекеттік басқарушы қызметтің әдістері болып табылады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі мен банктік қызметтерге
байланысты жүргізілетін мемлекеттік реттеу шаралары басқарушылық ықпалдың
оралымдығынмен ерекшелінеді.
Қазақстандық ғалым Л.Жиленкованың пайымдауынша: "Ел экономикасының
деңгейіне аса қомақты капиталдың нақтылы арзан баға бойынша болуы
айтарлықтай әсер етеді. Мемлекеттік басқару осындай капиталдың тиімді
салаларға банк жүйесі мен басқа да қаржы рыноктары арқылы салынуына орасан
зор ықпалын тигізеді".
Демек, банктік операцияларды тиісті бағытта жүргізу барысында экономика
секторлары инвестициялар нысанындағы қаражаттармен қамтамасыз етіледі.
Л.Давыдова мен Д.Райманов "Қазақстан Ұлттық Банкі банктердің қаржылық
орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерін қорғау,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесін тұрақтыландыру
мақсатында банктердің қызметтерін реттеуді жүзеге асырады" деген ойларын
баяндаған. Сонымен қатар, олар банктік қызметті банктік (яғни Ұлттықы Банк
тарапынан) реттеу әдістеріне пруденциалдық нормативтер елгілеу және
инспекциялау жатады деп түсіндірген.
Қазақстандық экономист - ғалым И.Исаев банктік қызметті бақылау және
қадағалау жөніндегі өз көзқарасын: "Банк жүйесінің ел экономикасында
атқаратын рөлі мен алатын орны өте зор болады. Сондықтан кредиттік-банктік
ая мемлекеттік органдар тарапынан мұқият жүргізілетін қадағалау мен
ретеудің обьектісі болып саналады. Республикасындағы банктердің үстінен
жүргізілетін бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктер туралы
және өзге де заңдарын сатауды, сондай-ақ банктер мен олардың мекемелерінің
жұмыстарын ұйымдастыруды және банктердің шаруашылық-қаржылық қызметтеріне
мерзімді (кезеңді) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған іс-
шаралар кешені ретінде көрініс табады" деп түсіндіре отырып
қалыптастырылыған.
Жоғарыда, заңтанушы және экономист ғалымдар тұжырымдаған ғылыми
экономист ғалымдар тұжырымдаған ғылыми көзқарастар мен пікірлерді салыстыра
отырып мынадай қысқаша қорытынды жасауға болады: Қазақстан Республикасының
банк жүйесі мен банктік қызмет аясы қоғамдық-мемлекеттік маңызы бар
мемлекеттік реттеу - құқықтық ықпал ету обьектісі болып табылатындықтан
мемлекеттік ұйымдастырушы-реттеуші қызметтер банктік реттеу, әкімшілік-
құқықтық реттеу, валюталық реттеу қаржылық-құқықтық реттеу түрінде көрініс
табады.
Біздің ойымызша, өтпелі кезеңдегі қазақстан банктерінің қызметін
мемлекеттік реттеудің қазіргі теориялық үлгісі ретінде әлеуметтік-
экономикалық, заңдық-әкімшілік және саяси реттеуді алуға, сондай-ақ осы мән-
жай туралы диссертациялық зерттеу барысында нақтылы ұсыныстар жасауға
болады.
Өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық, заңдық-әкімшілік және саяси
реттеу жөніндегі ұсыныстарды нақтыландыру мемлекетті реттеудің қазіргі даму
кезеңіндегі нақты мақсаттарына байланысты болатынын ескеруіміз қажет.
Белгілі Ресей ғалымы заңтанушы Ю.Козлов "Мемлекеттік реттеу тар
мағынасында – мемлекеттік басқару функциясы. Бүгінде осы функция тек
экономиканы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік – мәдени аяны реттеуді де
басымды болып табылады. Мемлекеттік реттеудің мәні мен механизміне: жалпы
қағидаларды белгілеу жолымен нормативтік реттеу, басқаруға байланысты
шешілуге тиіс нақтылы міндеттерге (мәселелерге) сәйкес оны жедел түзету;
белгілі бір қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың орындалуына бақылау
жүргізу; тиісті қағидалармен реттелінген қоғамдық қатынастардың
қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік қорғау; олардың
қызметтерінің жалпы бағытын айқындау және үйлестіру; оның тиісінше жүзеге
асырылуына жәрдемдесу; құрылымдық саясаттағы басымдылықтарды айқындау;
мемлекеттік келісім-шарт жасау; тіркеу; лицензиялау және т.б. жатады" деген
қорытынды жсаған.
Ю.Козловтың осындай қорытындысына орай "банктік қызметтер аясын
мемлекеттік реттеу мемлекеттік және коммерциялық банктер үшін қолайлы
(ыңғайлы) ұйымдастырушы, құқықтық және экономикалық жағдайлар құруға
бағытталады" деген пікірімізді білдіреміз.
Банк жүйесіндегі және банктердің қызметтеріне байланысты мемлекеттік
қадағалау, соның ішінде банктік қадағалау жөніндегі Ресей заңгер-ғалымы
А.Братконың көзқарасы мемлекеттің ақша-кредит жүйесінде шынайы орын алған
нақтылы мән-жайларға байланысты өзгеше көрініс тапқан, А.Братко "Банктік
ақдағалау Ресей Банкінің банктік қызметті реттейтін заң актілерін, өзі
белгілеген нормативтік актілерді, соның ішінде қаржылық нормативтер мен
бухгалтерлік есеп қағидаларын кредиттік ұймыдардың сақтауын және орындауын
ара қашықтықты сақтай отырып және көзбе көз бақылауды. Банктік қадағалаудың
мәні мен маңызды банктік қызметті реттейтін заңдар мен Ресей Банкінің
нормативтік актілеріне кредиттік ұйымдардың шешімдері мен іс-әрекеттерінің
сәйкес келуін тексеруден тұрады.
Қазіргі банктік қадағалау банк жүйесін толығымен қамтамайды. Өйттткені
оның обьектісі тек банк жүйесінің екінші деңгей болып табылады. Ал банк
жүйесінің жоғарғы деңгейі Ресей Банкі қандай болмысын мемлекеттік органның
қадағалауы мен тексеруінен тыс қалған" дей отырып, шет елдердегі орталық
банктердің мемлекет тарапынан міндетті түрде тексерілетінін шегелеп
көрсеткен.
Бұл жерде ескеретін бір маңызды жайт, Қазақстан Ұлттық Банкінің
мемлекеттің ақша-кредит саясатын іске асыратын, қаржы жүйесінің
тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттің қаржылық агенті ретінде
Қазақстан Республикасының Үкіметімен және өкілді билік органдарымен тығыз
байланысты болатын нарықтық-мемлекеттік айрықша мәртебелі институт
сипатындағы іс-қимыладры мен ұйымдастыру-реттеу қызметтерінің ауқымы заң
жүзінде нақтылы белгіленгендіктен, олардың мемлекеттік бақылау-қадағалау
назарына тыс қалмайтын білу қажет.
Сонымен, құзыретті мемлекеттік органдардың реттеу және қадағалау
жөніндегі қызметтері көбінесе коммерциялық банктердің операцияларын
регламенттеуге бағытталғанын байқаймыз.
Ресей ғалымы Ю.Крохина Ресей Банкі жүзеге асыратын ақша-кредиттік және
т.б. реттеу шараларын сипаттай келіп, оның ішінде валюталық реттеуге ерекше
тоқталып өткен. "РФ Орталық банкі бірқатар әкімшілік іс-шараларды қолдану
арқылы валюталық реттеуді талаптарға сай жүзеге асыру мүмкіндігіне қол
жеткзуді. Осындай шараларға:
- экспортан түскен валюталардың бір бөлігін міндетті түрде сату туралы
шешім қабылдау;
- валюталық рынокта шетелдік валютаны сатып алу – сату жөніндегі
коммерциялық банктердің операцияларын лимиттеу;
- "валюталық коридорды" белгілеу";
- отандық банктерге валюталардың қайтарылуын тежеп отырған
экспорттаушыларға экономикалық және әкімшілік ықпал ету әдщістері
жүйесін әзірлеу жатады.
Ресей Банкі валюталық реттеуді қолма-қол шетел валютасы айналысын
реттеу және валюталық қызметті лицензиялау арқылы жүзеге асырады" деген
пікірін Ю.Крохина көптеген дәлелдермен сипаттап көрсеткен.
Қазақстан Республикасындағы банктік қызметті мемлекеттік басқару-
реттеудің түпкі-түйіндік нәтижесі кредиттік-қаржылық мекемелер жүзеге
асыратын күрделі операциялар мен тиісті мәмілелерді қоғамдық-мемлекеттік
мүдделер тұрғысынан экономикалық және әкімшілік мән-жайлы мемлекеттік
ұйымдастыру, реттеу, қадағалау, нәтижелендіру, аудиттердің заң шеңберінде
жүргізілуіне баса назар аудару және т.б. мемлекеттің (оның уәкілетті
мемлекеттік органдарының) ұйымдастырушы-басқарушы қызметтерінің жиынтық
көрініс болып табылады.
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі – базалық қызметі – экономиканы
және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы
маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында
банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының
арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайырымдылық
шарттарына белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар.
Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік
операциялар банктермен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер,
керісінше, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде
болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны
болады: қарыздық және депозиттер. Біз алдыңғы бөлімде қарастырған бірінші
қызмет- бұл бакнктің пассивттік несиелік операциялары, яғни депозит
формасында.[3]
Банктердің активтік қарыздық операцияларын қарастырайық.
Кәсіпорын, фирма, коцерндер қарызды өздерінің тауарлық қорларын толықтыру,
жалақыны төлеу жабдық сатып алу үшін және т.б. , ауылшаруашылық
кәсіпорындар, фирмалар- өздерінің, тұқым, жанар жағар май және тыңайтқыш
сатып алу шығындарын жабу үшін; бір реттік тұтынушылар (халықтар) –
автомобиль, үй, ұзақ пайдаланылатын тауарлар және т.б. сатып алу үшін;
үкімет – ағымдағы шығындарды қаржыландыру үшін алады. Бұл қарыз алушылардың
барлығы қарыздарды негізінен табыс алу мақсатында шоғырландырылған ақша
қаражаттарын (депозиттік және депозиттік емес) орналастыратын коммерциялық
банктерден алады.
Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшылардан ақша
қаражаттарын қабылдап және оны қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар
ролін атқарады. Банктің бұл қызметі несиелік қатынастардың барлық
қатысушыларына (салымшылар, қарыз алушылар және банк) тиімді. Бұл
қатынастарда өзара мүдде көзделеді: Әркім өзінің қажеттілігін
қанағаттандырады.
Несиенің екі нысаны белгілі: ашалай және тауарлай. Сәйкесінше
несиелендірудің екі түр бар: бастапқыда шаруашылық субектілерінің несиелік
қатынастары банкпен қатынастар секілді пайда болатын тікелей банктік
несиелендіру және несиелік қатынастар алғашқыда шаруашылық субектілерінің
арасында пайда болып, соңынан банкпен қатынастарға тронсформацияланатын
жанама несиелендіру.
Коммерциялық несиелендіруде несие беруші де және қарыз алушы да
шаруашылық субектілері болады, яғни бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға тауар
нысанында несие береді, бұл мәміле вексельмен рәсімделеді, яғни қарыз алушы
несие берушіге туар нысанында несие алуын растайтын құжат вексельді береді.
Одан әрі несие беруші осы вексельдің кепілдігіне қарыз (ссуда) ақша бер деп
банкіге барады. Осылайша коммерциялық банкілік несиеге түрлендіріледі.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әр түрлі белгілер
бойынша жіктеуге болады: мерзімдері бойынша- қысқа мерзімді ( 1 жылға
дейін), орта мерзімді (1-ден 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан
жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша -қамтамсыз етілмеген (қарыз алушыға
сенімге негізделген және қамтасыз етілуі жоқ бланкілер) және қамтамасыз
етілген; банктің роліне байланысты- (несие беруші немесе қарыз алушы)
активті және пассивті қарыздық операциялар (активтік бұл клиентті және
басқа банктерді несиелеу; пассивтік – Орталық банктен және басқа
коммерциялық банктерден банк аралық несие алу); несиелендіру мақсатына
байланысты- негізгі капиталдылы артыруға, айналым капиталын қаржыландыруға,
тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздар.
Несиелік операциялар басқа белгілері бойынша да жіктеле алады:
қарыз алушылардың түрлері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, мөлшері
бойынша, ашу шарттары бойынша және басқалар. Мысалы, қарыз алушылардың
түрлері бойынша қарыздар былай жүктеледі: сауда өнеркәсібіне жылжымайтын
мүлік кепілдігіне, жеке тұлғаларға, бағалы қағаздарға ауыл шаруашылық,
қаржы органдарына және т.б.
Несиенің пайдалану сипаты бойынша оны өндірістік және
тұтынушылық қолма-қол және қолма-қолсыз (тұрғындардың қажеттілігін
қанағаттандыруға) деп бөлуге болады. Несиенің мұндай жүктелуінің негізінде
формальды белгілер жатқанын атап көрсету қажет. Шет елдердің экономикалық
әдебиетінде несиенің және несиелік оперциялардың бірыңғай жіктелуі жоқ.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің
өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелік
келісім шарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісім шарттың
шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты
сәтіне байланысты. Ол несиелік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар
несиенің қайтарымдылығын және несиелеудің басқа қағидаларын сақтау, ал
банктер несиелердің мөлшерін реттеу тәртібі, Олардың төлеу мен өтеу
шартарын қамтамасыз етуі тиіс. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып
пайыздық саясат болып табылады. Банк клиентпен бірге жалпы банктік ережелер
негізінде іріленген обьект құрамын және несиелердің жекелеген обьектілерін,
несиенің берілу және өтелу тәртібін, кәсіп орынның меншік және қарыз
қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шараларды, пайда алуға жетуге әрекет
ететін басқа шаралар және де несиелік келісім шартта сақтандыру жақтары
бойынша міндеттері мен құқтарын өз бетінше анықтауға құқылы. Келісім
шарттың қаншалықты сауатты және негізді құрылуы көбіне банктің клиентке
әсеріне байланысты.
Несиелік келісім шартта қарастырылған шарттармен коммерциялық банктер
несиенің пайдалануын бақылауға, инженерлік және басқа тексерулерді
жүргізуге, несиелік келісім шартты бұзушы қарыз алушыларға эхкономикалық
әсер етуші шараларды қолдануға міндетті. Несиенің белгіленген мерзімдегі
қайтарымдылығы мен төлемділігі шешуші мәнге ие екені сөзсіз. Бұл принципсіз
несие өзінің мәні мен мақсатын жоғалтады таяу уақытқа дейін банктердің
қарыздары қортындысында мемлекеттің кәсіпорын мен ұйымдарға берілетін
қайтарымсыз және тегін дотациясына айналып келген болатын. Кейбір
жағдайларда және күні бүгінге осы жайт қайталануда.Бірақ республикада
жүзеге асырылып жатқан банк реформасы ең әуелі экономикалық категория
ретіндегі несие берудің негізгі қағидалары мен позициясын қалпына келтіруге
бағытталған. қарыздардың қамтамасыз етілуі жаңаша көрініс табуда.Сондай-ақ
әрбір берілген қарыз нақты материалдық қамтамасыз етілуі тиіс деп
болжамдалады.
Қарыз алушының белгіленген мерзімде несиені қайтарудың нақты
мүмкіндігін ескермеді. Қазіргі кезде клиенттің өтімділігіне, оның өзінң
міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді.
Бұл сараптау жұмыстарына қатысты экономикалық аппараттың жаңа
қатынасын оның формалды жұмыс әдістерінен бастап қызмет көрсететін
шаруашылық ұйымдардың ісін жақсы білу негізінде несеинің қағидаларын жүзеге
асыруға бетбұрыс жасауын талап етеді.
Банктерде клиенттерге қарыз беру үшін қарыздарды есепке ала отырып ,
әрбір несиелендіру объектісі бойынша арнайы қарыздық шоттар ашылады.
Жекелеген баланстық шоттарда бір клиентке берілген қысқа мерзімді және ұзақ
мерзімді қарыздарды есепке алу жүргізілелі Қарыздық шоттардың дебетінде
алынған қарыздардың сомасы, ал кредитінде қайтарылғаны көрсетіледі.
Клиенттердің қажет етуіне және қызығушылығына байланысты әр банкте
жай қарыздық немесе арнайы қарыздық шоттар ашылды.
Арнайы қарыздық шоттардың жай шоттардан айырмашылығы - қарыз беру әр
уақыт сайын құжаттық түрде негізделмей – ақ , қарыз алушының арнайы
қарыздық шот ашқызу барысында банкке өткізген міндеттемелік өтініші
негізінде жүгізіледі. Қарыз жағдайда есеп айырысу құжаттарын шоттарға
аудару арқылы жойылды.
Қарыздар сонымен қатар, контокоррнеттік шоттардан да беріледі.
Бұл шотта бір жағынан түскен түсімдер көрсетілсе, екінші жағынан қарыздар
мен төлемдер көрсетілген айырықша шот түрі. Онда тек дебеттік немесе
кредиттік сальдо ғана болады.
Контокоррентік шоттардан берілетін несие контокоррентік несие
деп аталады. Негізінен ол есеп айырысу құжаттарын өтеп беру үшін қолма-қол
ақша түрінде берілуі мүмкін. Контокоррентік несиелерді ұсыну тәртіптері
сақтала отырып, келісім шарт бекітіледі. Банктердің контокорренттік шоты
бойынша әрбір қарыз алушы үшін несие шамасын шектеуде лимит белгіленеді.
Аталған несиені қамтамасыз ету құрамына ипотека, бағалы қағаздар және т.б.
жатады. Бұл несие біздің республикамызда әлі дамыған жоқ. Соңғы уақыттары
кейбір жекеленген коммерциялық банктер контокоррентік шотты пайдаланады.
Қысқа мерзімді несиелер – күнделікті операцияларына қажетті
айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі. Оларға жататындар: несиелік
желі (линия) соның ішінде маусымдық және жаңармалы қарыздар, күтпеген
оқиғаларға жұмсалатын несиелер мен қарыз алушының айналым капиталын
толықтыру үшін берілетін қарыздар.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар – күрделі құрылыс
шараларын жүргіу үшін, үй және қондырғылар сатып алу үшін, сонымен қатар,
негізгі капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар: мерзімдік
қарыздар, мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар, құрлыстық қарыздар және
қаржылық лизингтер.
Несиелік желілер – анықталаған тәртіптерді сақтай отырып,
белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін,
несиелердің максималды сомасын алу туралы банк пен қарыз алушы арасындағы
келісім-шарт жасасады. Бұл қарыз бір жылға дейінгі мерзімде беріледі.
Нарықтық экономикаға өту барысында маңыздылығы жағынан ақша-несие
қатынастарын басқару жүйесінің тиімділігі сияқты айғақтармен теңестірілетін
еш нәрсе болмайды.
Әсіресе, соңғы бес-алты жылдар ішінде еліміздің банк, кредит жүйесі
айтарлықтай дамып, өркениетті елдердің банк, кредит жүйелерімен терезесі
тең болып отырғанына көзімізді жеткіздік.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері халықаралық және
аймақтық валюта-несие және қаржы ұйымдарының бірқатарына мүше болып,
ынтымақтастыққа шаралар жүргізуде.
Кредит-банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды рөл
атқарады. Осы арқылы шаруашылық субьектілері мен халықтың үлкен мөлшердегі
ақшалай есептері мен төлемдері жүргізіледі. Ол ақшалай қаражаттарды
шоғырландырып, халықтың табысын активті жұмыс істейтін капиталға
айналдырады. Қазақстан Республикасының Конституциясында Республика
кызметінің түбегейлі принциптері – қоғамдық татулык пен саяси тұрақтылық;
бүкіл халыктың игілігін көздейтін экономикалык даму...- деп көрсетілген.
Яғни қазіргі кезде экономика өте күрделі жүйені құрайды, сондай-
ақ, бұл жүйенің әрбір бөлігі бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан өте
маңызды роль атқарады.
Сонымен қатар, нарықтық экономика аясында өз мүдделерін көздеп
жүзеге асыратын мемлекеттік емес банктерден басқа, мемлекет мүддесін
көздейтін және оның қаржылық органы, агенті болып есептелінетін мемлекеттік
банктердің де несие беру, есеп айырысу және тағы басқа операцияларды
жүргізетіні белгілі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпкерліктің дамуы
барысында банктер рөлі жылдан-жылға өсуде.
Қазіргі кездегі экономиканың ауыспалы кезеңінде біздің
мемлекетіміздегі банк жүйесін басқарудың маңызы өте зор. Себебі, банктердің
атқаратын функциясы мемлекеттқң экономикалық құрлысымен тығыз байланысты.
Көп уақытқа дейін банктер мемлекеттік органдар болып табылды және
экономиканы басқарудың әкімшілік-мамандық жүйесінің элементі болды. Соның
нәтижесінде мемлекеттегі банкілік істі ұйымдастыруда алғашқы кездегі
тәжірибелер мен дәстүрлер өз маңызын жоғалтып алды. Бүгінгі таңда рыноктық
экономиканы құра отырып, біз бұрын жоғалтып алған жетістіктерімізге қайта
қол жеткізуіміз керек.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банкілік
қызмет саласындағы ақша-кредит саясаты қарқындап дамып келеді. Бұл
мемлекетіміздің экономикасының біршама тұрақталуына, сонымен қатар нарықтық
қатынастардың ілгері қарай жылжуына өз септігін тигізуде.
Әсіресе, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері несие
мәселесі үлкен проблемаларға айналуда. Алайда несиенің нарықтық экономика
тұсында маңызды қызметтер атқаратыны айқын.
Біріншіден, несие қайта бөлу қызметін атқарады.
Екіншіден, несие айналым шығындарын үнемдеуге көмектеседі. Оның
дамуы барысында банктік есеп-шот пен салымдар қолма-қол ақшасыз айналымға
түседі, сөйтіп ақша ағымын жеделдетеді.
Үшіншіден, тарихи тұрғыдан несие қоғамдық өндірістің шеңберін
айтарлықтай кеңейтті.
Төртіншіден, несие капиталдың орталықтануы мен шоғырландыруын
тездету қызметін атқарады.
Несие әсіресе, бәсекелестік күресте жиі пайдаланады, ол
фирмалардың бірігуі мен бірін-бірі жойып жіберуіне ықпал етеді.
Нарықтық экономикамыздың қалыптасуы және дамуы осы несие
қатынастарымен байланысты. Қазақстанның нарықтық мемлекет ретінде дамуы
жағдайында аса назар аударылатын ая мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге
асыратын, сондай-ақ қоғамдық-экономикалық процестерге айтарлықтай ықпалын
тигізетін өте қуатты құрал ретінде қарастыратын банктік қызмет аясы болып
табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің
Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында Барлық Қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөнінде Қазақстан халқына
жолдауында: Экономиканы ілгерілету мақсатында таяудағы жылдарда біз
назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және
монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа
аударамыз-деген болатын.
Қазақстанның кредиттік рейтингінің инвестициялық деңгейге дейін
жақсаруы Қазақстанның қаржы секторының табысты дамып келе жатқанын
растайды. ТМД елдерінің қаржы жүйелерінің ол әлдеқайда реформаланған болып
табылады. Осылайша қаржы секторының даму деңгейі бойынша Қазақстан ТМД
елдерінен бірнеше жыл алда келеді.
Соған қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі қол жеткізгендерге тоқталып қалмай, мынадай
кезеңнің міндеттерін шешуге көшуді бастауды дұрыс деп есептейді: таяу
жылдарда қалыптасатын макроэкономикалық үрдістерді және валюта заңдарында
болатын өзгерістерді ескере отырып, орташа мерзімдегі болашақта дамыту
бағыттарын айқындау қажет.
Қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы қазіргі кезеңге негізгі
міндеттер мен дамыту бағыттарын анықтауды болжайды және ақша – кредит
саясатын дамыған елддерде қабылданған стандарттарға (мысалы, Еуропалық одақ
стандарттарына) барынша жақындатудың басым бағыттары ретінде айқындайды.
Қазіргі уақытта несие мекемелері халықтың ақша қаражатын
таратудың жалпы формаларын іздестіруде, себебі, ақша жинақтаудың бҰрынғы
әдістері қаржы ресурстарының қажетті мөлшерде құйылуын қамтамасыз етуі
төмен деңгейде жүруде.
Бүгінде, нарықтық экономика аясында кәсіпқой тұрде іске асырылып
жатқан қызметтердің ішінен банкілік қызметті жеке-дара бөліп шығаруға
болады. Себебі, қандай да болмасын кәсіпкерлік, коммерциялық қызметтің
метериалдық негіздері қаражаттар, яғни өздерінің немесе қарызға алған
ақшалары болып саналады. Осыған байланысты, нарықтық процесстер несиелік
капиталдардың көмегінсіз, олардын тыс жұзеге асырылмайтынын білуге
тиістіміз.
Жекелеген қарыз алушыларға коммерциялық банктер тұтыну
несиелерін береді. Ол негізінен тұрғын үйлер, ұзақ мерзім пайдаланылатын
тауарлар және пәтерлер сатып алумен байланысты болады. Бұл несиелерге
жаңармалы несиелер, ұзақ мерзім пайдаланылатын несиелер және мерзімі
өтелетін несиелер жатады.
Несиенің бұл түрі шет елдерде өте жоғары деңгейде дамыған.
Мысалы, АҚШ-та 50% үй несиеге сатып алынады. АҚШ-тағы жалпы несиелердің 85%
негізгі үш бөліктен құралады: несиенің 32%-ы сауда-өндірістік компаниялар
мен фирмаларға, 37%-ы тұрғын үй үшін, 19%-ы жеке қарыз алушыларға беріледі.
50% ден жоғары несиелер сауда өндірістік кәсіпорындарының айналымдағы
капиталын толықтыру үшін қысқа мерзімге беріледі. Ал қалған бөлігін күрделі
қаржы енгізі үшін ұзақ мерзімдегі қарыздар толықтырады.
Жылжымайтын мүлікке берілетін қарыздар - құрлыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қадағалау түрлері
Банктерді құру тәртібі мен банкілік қызметті, лицензиялаудың құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар
Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың негіздері
Банктік бақылау мен қадағалаудың түсінігі,түрлері
Банк құқығы
Банк жүйесі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Банкілік құқық құқық саласы ретінде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы
Пәндер