Техналогия пәні сабағында заманауи костюмдердің моделін ұлттық стильде дайындауды кәсіби лицей оқушыларына үйрету



КІРІСПЕ
1. Педагогика туралы жалпы мағлұмат
1.1 Педагогиканың жалпы мәселелері
1.2 Оқытудың түрлері және жаңа дидактикалық жүйелер
1.3 Педагогикалық үрдістерде оқыту технологиясын пайдалану
1.4. Сабақ жоспары
2. КОМПАЗИЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1.Қазақ ұлттық киімі тарихының даму кезеңдері
2.2Ұлттық киімде қолданылатын ою.өрнек әуендерәнің түрлері
2.3 Қазіргі заман сән үлгілеріне бағыттама
2.4. Үлгіні таңдау
2.5. Үлгінің сыртқы көрінісіне сипаттама
3.ТЕХНИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
3.1. Мата тоқымаларының анализі
3.2. Мата үлгілері,матаға мінездеме
4. ҚҰРАСТЫРУ БӨЛІМІ
4.1. Бұйымға берілетін өлшемдер
4.2. Конструктивтік қосымшалар
4.3. Бұйымның алғашқы сызбасының есептері
4.4. Бұйымның алғашқы сызбасы
5. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
5.1. Технологиялық тізбектілік
5.2. Құрал.жабдықтарды және өңдеу тәсілдерін таңдау
5.3Матаның тігін машинасында өңдеу режимдері
5.4. Ылғалды.жылу өңдеу түрін таңдау
5.5.Құрал.жабдыққа техналогиялық мінездеме
6. Экономикалық бөлім
Бұйымның бағасын есептеу
Қауіпсіздік ережелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімдері
Көкейкестілігі: Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі -ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне,іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты.
Елімізді әлеуметтік-эканомикалық жағынан дамыту міндеттері жастарға кәсіптік техникалық білім беру ісіне бұрынғыдан әлде қайда жоғары талаптар қойылып отыр. Білім беру тұжырымдамасындағы білім берудің негізгі мақсаты білім,білік,дағдылардың жай ғана үйлесімділігі ғана емес,сондай-ақ оларға негізделген жеке,әлеуметтік және кәсіби жетік білім – өз бетінше ақпаратты таба алу,талдау және тиімді пайдалану,өзгеріп тұратын әлемде өмір сүру және еңбек ете білу дағдыларымен анықталады.кәсіби білім беру үрдісі,үздіксіз білім беру саясаты бүгінгі студент,ертенгі маманның өз мамандығының шебері болуды қажет етіп отыр.(3 бет Д)
Еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық мәдениет, өнер және қолөнер негізінде біліктілік пен іскерлік қалыптастыру,мәдениеттілікке баулу,адамзат қоғамында бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге,жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу қажеттілігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген.Осыған байланысты болашақ маман бойында кәсіби мәнді сапалардың қалыптасып, ол тұлға дамуымен ұштасып,нәтижесінде жас ұрпақтың біліктілігі мен іскерлігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі артады.Оқушыларды қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихы,дәстүрі мен тіршілік ету,ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып,еңбек етуге,білім меңгеруге үйрету қажет.
Қазіргі замандағы білім беру жүйесінің заман талабына сай алдында тұрған күрделі міндеттерді шешіп білім беру жүйесін қайта құруды,білім мазмұнын жаңартуды модернизациялады қажет етіп отырғаны белгілі.
Жас жеткіншектердің сегіз қырлы,бір сырлы сандарлы салалы тұлға болып қалыптасуына бірден бір себепкер нәрсе-еңбек,еңбек болғанда баланың көңілінен шығатын қызықтыратын шығармашылық шабытқа жетелейтін пайдалы еңбек.
Демек,еңбек тәрбиесі адам дүниеге келгеннен бастап оның өмірінің соңына дейін үзілмейтін тіршілікте жалғасын табатын ең қажет нәрсе.Білім саласын биік деңгейге көтеріп сапасын арттырып оны табыс көзі «капитал»,- деп қарастырып әлемдік кеңістікке еніп, мәдениеті дамығане мемлекеттер қатарынан тиісті орынға еге болу бүгінгі нарықтық қатынасқа көшкен,егемендікке қол жеткізген егеменді ел талабы. Себебі егемендік болмай,еркіндік болмай саяси-әлеуметтік,эканомикалық табысқа жету мүмкін емес .

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. Педагогика туралы жалпы мағлұмат
1.1 Педагогиканың жалпы мәселелері
1.2 Оқытудың түрлері және жаңа дидактикалық жүйелер
1.3 Педагогикалық үрдістерде оқыту технологиясын пайдалану
1.4. Сабақ жоспары
2. КОМПАЗИЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1.Қазақ ұлттық киімі тарихының даму кезеңдері
2.2Ұлттық киімде қолданылатын ою-өрнек әуендерәнің түрлері
2.3 Қазіргі заман сән үлгілеріне бағыттама
2.4. Үлгіні таңдау
2.5. Үлгінің сыртқы көрінісіне сипаттама
3.ТЕХНИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
3.1. Мата тоқымаларының анализі
3.2. Мата үлгілері,матаға мінездеме
4. ҚҰРАСТЫРУ БӨЛІМІ
4.1. Бұйымға берілетін өлшемдер
4.2. Конструктивтік қосымшалар
4.3. Бұйымның алғашқы сызбасының есептері
4.4. Бұйымның алғашқы сызбасы
5. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
5.1. Технологиялық тізбектілік
5.2. Құрал-жабдықтарды және өңдеу тәсілдерін таңдау
5.3Матаның тігін машинасында өңдеу режимдері
5.4. Ылғалды-жылу өңдеу түрін таңдау
5.5.Құрал-жабдыққа техналогиялық мінездеме
6. Экономикалық бөлім
Бұйымның бағасын есептеу
Қауіпсіздік ережелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімдері

КІРІСПЕ

Көкейкестілігі: Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі -ұрпақтың рухани
байлығы мен мәдениеттілігіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен
біліміне,іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты.
Елімізді әлеуметтік-эканомикалық жағынан дамыту міндеттері жастарға
кәсіптік техникалық білім беру ісіне бұрынғыдан әлде қайда жоғары
талаптар қойылып отыр. Білім беру тұжырымдамасындағы білім берудің негізгі
мақсаты білім,білік,дағдылардың жай ғана үйлесімділігі ғана емес,сондай-ақ
оларға негізделген жеке,әлеуметтік және кәсіби жетік білім – өз бетінше
ақпаратты таба алу,талдау және тиімді пайдалану,өзгеріп тұратын әлемде
өмір сүру және еңбек ете білу дағдыларымен анықталады.кәсіби білім беру
үрдісі,үздіксіз білім беру саясаты бүгінгі студент,ертенгі маманның өз
мамандығының шебері болуды қажет етіп отыр.(3 бет Д)
Еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық мәдениет, өнер және
қолөнер негізінде біліктілік пен іскерлік қалыптастыру,мәдениеттілікке
баулу,адамзат қоғамында бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі
меңгеруге,жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу
қажеттілігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген.Осыған байланысты
болашақ маман бойында кәсіби мәнді сапалардың қалыптасып, ол тұлға
дамуымен ұштасып,нәтижесінде жас ұрпақтың біліктілігі мен іскерлігін
қалыптастыру мәселесінің өзектілігі артады.Оқушыларды қоғамдағы жаңа
өзгерістер мен өз халқының тарихы,дәстүрі мен тіршілік ету,ойлау жүйесі
туралы рухани негізін дамыта отырып,еңбек етуге,білім меңгеруге үйрету
қажет.
Қазіргі замандағы білім беру жүйесінің заман талабына сай алдында
тұрған күрделі міндеттерді шешіп білім беру жүйесін қайта құруды,білім
мазмұнын жаңартуды модернизациялады қажет етіп отырғаны белгілі.
Жас жеткіншектердің сегіз қырлы,бір сырлы сандарлы салалы тұлға болып
қалыптасуына бірден бір себепкер нәрсе-еңбек,еңбек болғанда баланың
көңілінен шығатын қызықтыратын шығармашылық шабытқа жетелейтін пайдалы
еңбек.
Демек,еңбек тәрбиесі адам дүниеге келгеннен бастап оның өмірінің
соңына дейін үзілмейтін тіршілікте жалғасын табатын ең қажет нәрсе.Білім
саласын биік деңгейге көтеріп сапасын арттырып оны табыс көзі капитал,-
деп қарастырып әлемдік кеңістікке еніп, мәдениеті дамығане мемлекеттер
қатарынан тиісті орынға еге болу бүгінгі нарықтық қатынасқа
көшкен,егемендікке қол жеткізген егеменді ел талабы. Себебі егемендік
болмай,еркіндік болмай саяси-әлеуметтік,эканомикалық табысқа жету мүмкін
емес .(тіг бұйым техналогиясы 3б)
Бүгінгі күні елімізде жаһандану үрдісінде бірнеше стратегиялық қадамдар
жасалып,саяси,эканомсикалық,мәдени жүйенің өзгеруі әсерінен Қазақстанның
нарықтық эканомика жағдайында демократиялық жолмен дамуы білім беру
кеңістігінде де келелі өзгерістер енгізуде.
Заманауи жаңа технологиялық дәуірдің негізгі ерекшелігі-технологиялық
мәдениеті мен ұлттық дәстүр бойында қалыптасқан тұлғаны мектеп қабырғасынан
тәрбиелеуді қажет етеді. Бұл міндеттің білім берудегі және кәсіптік
дайындықтағы өз шешімін табуының көрінісі ретінде Қазақстан Республикасы
орта білім мемлекеттік стандарты Технология білім саласының басты
мақсатында оқушылардың өздігінен еңбек етуіне ықпал ету, оларды әр түрлі
материалдарды өңдеуге үйрету барысында қазіргі заманғы технологиялық
үдеріске және бұйымдарды көркем жобалауды орындауына қатыстыру қажеттілігі
көрсетілді.
Экономикасы қарыштап дамып келе жатқан елдерде телекомму-никацияның
және ақпараттық технологияның өзгеруіне байланысты технологиялық революция
жүруде. Сондықтан қазіргі нарықтық заман шығармашылықпен жобалау және
жоспарлай білуді, жаңа технологияны қысқа мерзімде игеруді және жауапты
шешімдерді жылдам қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты жас ұрпақтың
заман талабына сай бір емес ,бірнеше мамандықты игеруіне тура келеді, ал
оған дайындық мектеп қабырғасынан басталуы тиіс.
Техналогия сабағы – мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық
білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды
перспективалық технологиямен таныстырып, олардың перспективалық көзқарасын
қалыптастыратын оқу үлгісі. Технология сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін
ұйымдастырудағы нақтылықты, бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге
асыруға, шеберханаларды ұтымды пайдалануға, сапсы жоғары өнім дайындауды
қамтамасыз етеді. Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті
игереді. Игеру ісі мұғалім тарапынан техникалық – технологиялық мағлұмат
беру белгілі бір техникалаық операциялардың орындалу әдістерін көрсету
кезінде жүзеге асады. Мұғалім сабаққа дайындық барысында оның мақсатын,
мазмұнын, құрылымын жоспарлайды, оқытудың әдістері мен түрлерін
қарастырады.
Технология сабағында оқушыларды еңбекке баулу, олардың жеке және жас
ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны қазіргі
заман талабына сай ғылыми – техникалық жетістіктердің даму деңгейіне
жақындатылған болуы тиіс. Оқу материалы оқушыға түсінікті болуы тиіс. Ол
үшін әртүрлі әдістемелік құралдарды жиі қолдану кекрек. Оқушылардың
жүктемесін олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып берген дұрыс әрі ол
қарапайым болғаны дұрыс.
Қазақ халқы сонау замандарда өмір сүрген ата-бабаларымыздың
өнерлернің қай түрін болсын қасиеттеп, қадірлеп, тіптен пір тұтып, көздің
қарашығындай аялап сақтаған. Лицей реформасында балалар мен
жасөспірімдердің еңбек тәрбиесін күшейту тәрбие үрдісінің өзекті
мәселелерінің бірі. Ендеше оқушыларды өнерімізге тәрбиелеу өз елін, жерін
сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді.
Алғашында адамдар киімді өздері аулаған,кейіннен қолда өсіре
бастаған аңдардың терілерінен,ағаштардың қабығы мен бұталарынан жіне
басқа да табиғи материалдарын пайдаланған. Ал қазіргі кезде киім тігу,
киім таңдауды біз сән өнері дейміз.Бірақ,бұл өнердің құрамында
өрнек,сурет,зергерлік,кесте тігу өнері қалыптасқан. Әр өнердің мақсаты
сұлулық заңынан дүниені түрлендіріп,адамның эстетикалық заңына емес,
сұлулық заңына бағынады.Сондықтан да ата-бабаларымыздың көптеген өнер
мұраларын тек алғашқы себеппен ғана емес,сұлулық заңымен қарастырып отыру
қажет.
Сұлулық заңдылығын адам қоғам заңындай толық ұғып түсіндіре алмайды,ол
тек жан құштарлығымен жылжып түсік арқылы сезіліп отырады. Ал киім
сұлулығына қойылатын талаптар тарихпен жанасып,адам қолымен жасалған
материалдық өнер арқылы эстетикалық ләззат сензімін оятады.Киім тігу
барысында адамның алуан түрлі ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі,тапқырлығы,
талаптылығы, ұқыптылығы, бақылағыштығы іске асып отырады.
Заман талабына сай жастарды киім тігуге,модельдеуге,киімді пішуге
үйретіп,кәсіби білім деңгейін көтеруді қажет етіп отыр. Бүгінгі таңда
халықтың өмірге деген ықыласы анағұрлым жоғарлады. Себебі қоғамның даму
барысында мәдени экономикалық, саяси жағдайлардың бәрі адамның сана
сезімімен, талғамының дамуына әсер етеді. Сондықтан да оқушылардың білімін
жан-жақты жетілдіріп, олардың мамандық таңдауына дұрыс бағдар беріп, дұрыс
жол көрсету қазіргі заманғы мектеп мұғалімдерінің негізгі міндеті болып
табылады.
Лицей оқушыларын заман талабына сай сәнді үлгіде көйлек үлгісін
әзірлеу бүгінгі күн талаптарына сай меңгерту үшін техналогия пәнінде
оқушыларға теориялық және практикалық шарттарын анықтауды талап
етеді.теориялық және практикалық негіздер арқылы оқушыларды
адамгершілік,эстетикалық тәрбие беруде заман талабына сай сәнді үлгіде
көйлек тігуге үйрету.Бұның бәрі жеке тұлғаны рухани байытады,жан-жақты
дамуға әсер етеді. Бұл тақырыпты зерттеу барысында сәндік киімдері жайлы
ғылыми деректер мен материалдар қолданылды. Демек,оқу-тәрбие жүйесінде
лицей оқушыларын техналогия пәнінен кәсіби білімдерін жетілдіруде теориялық
және практикалық тұрғыда әлі де болса тереңірек қарастыруда Заманауи
костюмдердің моделін ұлттық стильде дайындауды кәсіби лицей оқушыларына
үйрету - деп таңдауымызға себеп болды.
Мақсаты: Техналогия пәні сабағында Заманауи костюмдердің моделін ұлттық
стильде дайындауды кәсіби лицей оқушыларына үйрету тігілу техналогиясын
жетілдіру
Міндеті:
- Техналогия пәні сабағында Заманауи костюмдердің моделін ұлттық
стильде дайындауды кәсіби лицей оқушыларына үйрету тігілу техналогиясын
теориялық және практикалық тұрғыда талдау;
-Техналогия пәні сабағында Заманауи костюмдердің моделін ұлттық
стильде дайындауды кәсіби лицей оқушыларына үйрету мақсатында
қолданылатын матасын,пішімін,ою-өрнегін,тігілу әдісін анықтау;
-Техналогия пәні сабағында Заманауи костюмдердің моделін ұлттық стильде
дайындауды кәсіби лицей оқушыларына үйретуігуді меңгерту;
Практикалық маңызы:
Лицей оқушыларына Техналогия пәні сабағында кәсіби білім берудегі
халықтық педагогика арқылы ұлттық киімнің тәрбиелік мәні жайлы ұсыныстар
берілді. Лицей оқушылары практикалық жұмыста бағдарламаға сәйкес жаңа
стильде заманауй сәнді көйлек тақырыбын толық меңгерді.Әр халықтың
болашағы сол халықтың жастарына тәуелді.Егер жас ұрпақты өзінің ұлттық
рухымен тәрбиелемесе,онда ол елдің болашағы бұлыңғыр болмақтығын бүгінде
ғалымдарымыз баспа беттерінде жиі жариялап келеді.Өйткені ұлттың барша
мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал жастар оны кейінгі буынға сол бай
мұраны тапсырмаса, онда ұлттық атау біртіндеп жоғалары сөзсіз.

1. Педагогиканың жалпы мәселелері
Педагогика

Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайынжағы ғылым болып
қалыптасқан.Педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты
түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады. (Педагогика 6-
7)
Педагогиканың ғылыми таным саласы-тәрбие.Педагогика қоғамдық
өмірдегі тәрбиенің мәні мен ролін анықтайды.Сондықтан педагогика
жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым.Ал тәрбие- жастарды әлеуметтік өмірге
және еңбекке даярлау,оларға қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Педагогика ғылымы тәрбиені қоғамдық құбылыс,қоғамдық категория
тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып
түсіндіреді. (педагогика 9-10)
Педагогика тәрбие, білім беру ұғымдары бірыңғай және тұтас поцес болып
қарастырылады.Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады.
Негізгі педагогикалық ұғымдар-тәрбие,білім беру,оқыту біріне-бірі
тәуелді,табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге,практикаға
дайындаудың басты құралдары. Білім беру деп дәстүрлі мағынада мынаны
түсінеміз қоғамның әлеуметтік және мәдени өміріне толыққанды араласуы үшін
және кәсібі қызметіне кажет білімдер, іскерліктер, дағдылар жүйесін адамның
меңгеруі. Адамзат ұрпағы әрқашан үш маңызды міндетті шешіп отырады: алдынғы
ұрпақтардың тәжірибесін меңгеру; осы тәжірибені байыту және көбейту; оны
келер ұрпаққа беру.
Қоғамдық прогресс әрбір жана ұрпақ алдынғы ұрпақтың тәжірибесін
меңгеріп, байытып, оны өз ұрпақтарына жеткізіп отыруының нәтижесінде жүзеге
асты. Алдыңғы ұрпақтардың тәжірибесін өз ұрпақтарына жеткізу заңдылықтарын,
жас ұрпақтың әлеуметтік тәжірибені белсенді меңгеруін зерттейтін ғылымды
педагогика деп атаймыз.
“Педагогика” термині Ежелгі Грециядан енген, ол оқыту мен тәрбиелеу
туралы ғылымды белгілейді. Грек тілінен аударғанда “педагогика ” сөзі
(“пейдагогос”) “бала жетектеу” (“пейда” –бала, “гогос “- жетектеу) дегенді
білдіреді. Кейін келе –келе балаларды оқытып, тәрбиелейтін адамдарды
педагог деп атап кетті. ХУІІ ғасырдың басында философия ғылымдарының
жүйесінен бөлініп шыққан ғылымды осы атаумен атады.
Педагогиканың негізгі ұғымдары: 1) тәрбие; 2) оқыту; 3) даму.
Тәрбие – келер ұрпаққа қоғамдық –тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Оқыту – педагог пен оқушылардың бірлескен әрекетінің арқасында келер
ұрпаққа қоғамдық тәжірибені тікелей меңгерту процесі.
Даму –адамның дене және рухани күштерінің іштегі сандық және сапалық
өзгерістерін көрсететін обьективті процесс.
Педагогика пәні оқытып, тәрбиелеп, білім беру барысында мақсатты түрде
тұлғаны қалыптастырып, дамыту процесі болып табылады, немесе, адамды
тәрбиелеу қоғамның ерекше қызметі.
Педагогиканың міндеті белгілі іс-әрекет түрін таңдап алған тұлғаға қажетті
ерекшеліктерді табу және терең талдау болып табылады. Білім беру жүйесі
тұлғаның өз-өзі жүзеге асыру үшін қажет қасиеттері мен қабілеттерін
қалыптастыруға көмектесуі қажет.
Педагогика философияның қойнауында оның бір бөлігі ретінде пайда бола
отырып, қазір көптеген салаларға бөлінеді.
Негізгі салалары:
І. Фундаменталдық:
1. педагогика тарихы;
2. жалпы педагогика;
3. тәрбие теориясы;
4. оқыту теориясы (дидактика);
5. мектепке дейінгі педагогика;
6. мектеп педагогикасы;
ІІ. Әдістемелік: тәрбие және оқыту әдістемесі.
ІІІ. Арнаулы: тифлопедагогика, сурдопедагогика, олигофренопедагогика.
Педагогика адам туралы ғылымдардан оқшау дамымайды.
Ол философия мен байланысты. Одан білім беру туралы ғылым негіз болатын
әдіснамалық шарттарды алады.
Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының
даму заңдылықтарын зерттейді. Педагогика тұлғаның дамуын басқаратын
механизмдерді қарастырады.
Педагогика физиологиямен де тығыз байланысты. Физиология адам
ағзасының қызметін зерттейтін ғылым ретінде бала дамуының материалдық –
энергетикалық жағын ашып көрсетеді. Баланың психикасының және денесінің
дамуының мезанизмдерін түсіну үшін жоғары жүйке жүйесінің заңдылықтарын
білу әсіресе қажет.
Педагогикалық зерттеу әдістері - бұл педагогикалық құбылыстарды түсіну,
жаңа мәлімет алу тәсілдері. Олардың барлығын 3 топқа бөлуге болады:
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесі әдістер қолданылады:
а) бақылау;
б) әңгімелесу;
в) интервью;
г) анкеталық;
д) оқушылардың жазба, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу;
е) педагогикалық құжаттарды зерттеу;
ж) педагогикалық эксперимент.
Теориялық зерттеу әдістері.
Олар әдебиетті зерттеумен байланысты (педагогикалық әдебиеттің
классиктерін, жалпы және арнаулы педагогикалық еңбектер, тарихи-
педагогикалық еңбектер).
Математикалық және статистикалық әдістер :
Алынған мәліметтерді өңдеу үшін қолданылады. Кең тараған математикалық
әдістер, педагогикада қолданылатын: тіркеу, ранжирлеу, шкалалау.
Жеке адамның дамуы және қалыптасуы. Адамның дамуы және қалыптасуы
жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар әдебиеттерде
орын алып келеді.Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның
дамуын,алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп
дәлелдеді.
Даму- жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық
процесі.Балада анадан туа біткен белгілі идеялармен түсініктер және
өжет,жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды.Баланың
адамгершілік,әуестік,белсенділік және батылдық сиақты қасиеттері даму
процесінде қалыптасады.Өйткені,оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік
орта мен тәрбие әсер етеді. Педагогикалық әдебиетте адамның дамуы сыртқы
және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын, әлеуметтік және табиғи
факторлардың әсерінен оның қалыптасуы ретінде қарастырылады.
Осылайша, адамның дамуында табиғи (табиғи негізінде даму) және
жасанды (әлеуметтік негізде даму) бөліктер аталып өтеді. Педагогика
ғылымының зерттеу аумағына адамның даму процесінің жасанды (әлеуметтік)
бөлігі кіреді. Қандай болмасын қоғам, сол қоғамда қабылданған қабылданған
құндылықтар мен өзін-өзі ұстау нормаларын, әлеуметтік тәжірибені қоғам
мүшелері меңгерген кезде ғана өмір сүреді. Қарым- қатынас пен іс-әрекетте
жүзеге жүзеге асатын адамның әлеуметтік тәрбиені меңгеру және қайта
жаңғырту процесін әлеуметтену дейді. әлеуметтену міндеттері басқарылмай,
қоғамда өмір сүруі барысында, және басқарылып, арнайы құрылған институт
арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтену процесін арнайы ұйымдастыру арқылы
басқару тәрбие деп аталады. Тәрбие әлеуметтік құбылыс ретінде тұлғаны дене
және рухани жағынан бірлікте қалыптастыру процесі, қоғамдық санада
бекітілген идеал бейнелерге бағытталған арнайы басқарылатын әлеуметтену
процесі болып табылады. Тұлғаның дамуы – күрделі процесс. Тұлғаның дамуын
тереңдете зерттеу үшін казіргі замандағы ғылым тұлғаның құрылымының
компоненттерін дифференциациялау жолына түсті:
дененің дамуы;
психикалық даму;
әлеуметтік даму.
Тұлғаның дамуы өмір бойы жүреді.
Тұлғаның дамуы көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты.
Сыртқы: белгілі әлеуметтік –экономикалық ортаға жататындығы;
белгілі мәдениетке жататындығы;
от басына жататындығы.
Ішкі: тұқым қуалаушылық; физиологиялық фактор; биологиялық фактор;
тұлғаның жеке – типологиялық ерекшеліктері.
ІІ. Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Тұлғаның дамуына кезеңдік тән.
Түрлі авторлар тұлға дамуының кезеңдерін әртүрлі ұсынады. Педагогикада
кеңінен қолданылатыны мынау:
нәрестелік кезең – туғаннан бір жасқа дейін.
сәбилік кезең – 1 - 3 жас.
мектепке дейінгі кезең – 3 –6 жас.
бастауыш мектеп кезеңі – 6-10 жас.
жас өспірімдік кезең –10-15 жас.
жастық шақ : 1 кезеңі – 15-17 жас,
2 кезеңі –17-21 жас.
Адам - әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан, әртүрлі әлеуметтік
ықпалдарға туған сәтінен бастап душар болады. әлеуметтік қарым-қатынастың
алғашқы сабақтарын адам өзінің от басында, сөйлеуді үйренбей тұрып алады.
Кейіннен, әлеуметтік ортаның бір бөлігі ретінде адам әрқашан субьективті
тәжірибе жинау үстінде болады. Осы процесс және кейінен индивидтің
әлеуметтік тәжірибені қайта жаңғыртуы әлеуметтену деп аталады.
Әлеуметтену процесі адамдардың бірлескен іс-әрекеті және қарым –қатынасымен
ажырамай байланысқан. Сонымен қатар, әлеуметтену қоғамдық тәжірибені
тікелей механикалық бейнелеу немесе бақылау деп қана қарастырылмайды.
Өмірлік тәжірибені меңгеру субьективті: бір әлеуметтік жағдайларды қабылдау
әртүрлі болуы мүмкін. Обьективті бір жағдайдан әр тұлға өзіндік әлеуметтік
тәжірибе алып шығады, бұл келесі процестің – жекелену –негізі болып
табылады. Әлеуметтену процесі арнайы әлеуметтік институттардың аумағында
да, мысалы мектепте, әртүрлі ресми емес мекемелерде де жүзеге асырылуы
мүмкін. Тұлғаның әлеуметтенуінің маңызды институты отбасы болып табылады.
Отбасында, жақын адамдардың қоршауында, адамның тұлғалық негізі
қалыптасады. Тұлғаның негізі үш жасқа дейін қалыптасады деген пікірді жиі
естуімізге болады. Бұл жас кезеңінде тек қана психикалық процестер ғана
дамып қоймайды, сонымен қатар, адам әлеуметтік тәжірибе мен мінез –құлықтың
өмір бойы сақталып қалатын бірініші сабақтарын алады.
Атап өту керек, әлеуметтену процесі үнемі жүріп кемелденген жаста да
жалғаса береді. Өзінің өту сипатына байланысты тұлғаның әлеуметтенуі нақты
мақсат бола тұра, нақты нәтижесі жоқ процеске жатады. Әлеуметтену
процесімен қатарласа тағы бір процесс жүреді, ол – жекелену. Егер
әлеуметтену әлеуметтік тәжірибені меңгеру болса, жекелену – индивидтің
адамзаттың мәдениеті мен тарихи қалыптасқан әрекет әдістерін меңгеруі.
Қазіргі кезде кемеліне жеткен тұлғаның негізгі қасиеті өзін-өзі дамыту мен
өзіне-өзі көкейкесті мәселелер қоя білуімен анықталады. Өзін-өзі дамыту мен
өзін -өзі іске асыру қазіргі кездегі адам туралы концепциялардың маңыздысы
болып табылады. Көптеген зерттеушілер тұлға дамуының қозғаушы күшін әртүрлі
қажеттіліктердің жиынтығы деп біледі. Осы қажеттіліктердің ішінде маңызды
орынды өзін-өзі дамыту қажеттілігі алады.
2. Педагогикалық үрдістерде оқыту
технологиясын пайдалану

Жаңа ғасырда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы
мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім
беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас,
жаңаша қарам-қатынас пайда болуда.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты
міндетті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу,- деп атап көрсеткендей-ақ, қазірі кезеңде
әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіре отырып, жаңа педагогикалық технологияны
меңгеру. Сондықтан келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, еліміздің болашағы көркейіп,
өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.
Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе -әлеуметтік педагогикалық
ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа
әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау
болып табылады.
Кәсіптік білім берудің әдіснамалық мәселелері жалпы педагогиканың бір
тармағы ретінде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірумен қалыптасты. Басқа
пәндер сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты сапалық ерекшеліктерін
айғақтайтын дәйектемелері бар.
Мемлекеттік технология білім саласының стандарттының талаптарына сәйкес
болашақ мамандарға қазіргі оқыту технологиялары арқылы кәсіпкерлік білім
беру болып табылады.
Кәсіби білім беру адам баласының жасын, білім деңгейін және еңбегі мен
кәсіптік іс-әрекетінің сипатын айқындалған, оның кәсіби даярлығын
жетілдіруге қажет теориялық, практикалық білім жүйесі десе болады. Олай
болса, жеке тұлғаның қалыптасуына қажет кәсіби білім жүйесіндегі кәсіптік
даярлықтың рөліне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасының мазмұнында кәсіптік білім беру - жеке адамға, білім
берудің ғылыми ақпараттық, қоғам және табиғат, негізгі кәсіпкерлікке
бағыттайтын білім саласы болып қарастырылады. Ал, кәсіптік даярлық –оқу
жоспарларының моделінің вариативті бөлігі. Оның мазмұны кәсіптік оқуға
қойылатын талаптарды ескере отырып, кәсіптер мен мамандықтар бойынша
сипаттамалардың негізінде түзеледі, онда кәсіпорындар мен ұйымдардың өздері
үшін дайындалатын қажет біліктілікті кәсіби еңбек мамандарын даярлауға
мұмкіндік береді.
Кәсіби білім беру жүйесіндегі оқыту технологиялары курсында ерекше көңіл
бөлінетін мынадай бағыттарды көрсетуге болады:
• кәсіптік білімнің үлгілерін енгізу;
• нарықтық экономикаға байланысты жаңа мамандықтар мен мамандандыру
мәселелерін қарастыру;
• кәсіптік білім беруді ұйымдастырудың тиімді әдістерін іздестіру;
• ғылым мен білімнің кіріктірілуі;
• жаңа оқыту технологияларын оқыту үдерісінде пайдалану;
Осыған орай, Кәсіпке даярлау жүйесіндегі оқыту технологиялары пәні
болашақ мамандарға қазіргі инновациялық оқыту технологиялары арқылы кәсіби
білім беруді меңгерту негізінде оқытылады.
Қоғамда болып жатқан түбегейлі қайта құрулар (өзгерістер), қазіргі заманда
адамдардың ынта-ықыласын және шығармашылық әрекетін ескеріп, білімге және
өмірге жаңа тұрғыдан қарауды талап етіп отыр. Қазіргі кезде адамның жаңа
жағдайды бағдарлауы, түсінуі және оны өзгертуге атсалысуы басты мәселе.
Осыған байланысты оқыту технологиялары қазіргі жаһандану үрдісімен,
әлеуметтік болмыс формалары және білімді кіріктірумен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда теория мен практикада байқалып отырған қарама-қайшылықтарды
шешіп, талдаудың қажеттілігі баршамызға мәлім, бір жағынан бүтін оқу-тәрбие
үдерісі болса, екінші жағынан сол үрдістің тиімділігін арттыруда оқыту
технологияларын пайдаланудың қажеттілігінен туындап отыр.
Ғылыми әдебиеттерде жаңалық және инновациялар ұғымдары кездеседі.
Жаңалық – бұл құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама және
т.б.), ал инновация жаңалықты ендірудің кезеңдері бойынша дамитын үрдіс.
Инновациялық үрдіс ұғымы жаңалықтар ашу, қабылдау, бағалау және қолдану
деген мағынаны білдіреді. Мұндағы негізгі ұғым жаңа. С.И.Ожеговтың
сөздігінде: Жаңа – алғашқы рет ашылған немесе жасалынған, жақында пайда
болған, шыққан, бұрынғының орнына қайтадан ашылған, таяудағы өткенге немесе
онша таныс емес. Егер де алғашқы рет ашылған сипаттамасы бұрыннан таныс
емес, жаңа деген түсінік берсе, жаңадан (қайтадан ашылған) сипаттамасы
мұнда бұрынғының элементі бар екенін айғақтайды деген анықтама берілген.
Сонымен, жаңару белгілі бір уақытта пайда болып, сол кезеңнің келелі
міндеттерін озық шешіп нормаға практикаға айналады немесе ескіріп бірте-
бірте дамуға кедергі жасауы да мүмкін.
Педагогикалық жаңалықтарды ашу, меңгеру, қолдану жөніндегі білім жүйесі
әдіснамалық зерттеулердің инновациялық-педагогикалық жаңа объектісі болып
табылады.
Инновациялық үрдіс қазіргі білім мен практиканың жалпы даму тенденциясына
бағынады. Жүйелі пәнаралық байланыс, кешенді білімге сүйеніп, ізгілікке бет
бұру теория мен практиканың қазіргі даму жолына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазіргі инновациялық үрдісте белсенділік, ынта, ізденушілік мәселелері
педагогтарды қызықтырып, оқытушы – зерттеуші – практик ретінде көріне
бастады. Мұның өзі іргелі теориялық зерттеулерде эксперименттік-практикалық
жұмыстарды жүргізуге мәжбүр етеді.
Жаңа технологиялардың пайда болуы және оларды іске асыру әрекеті оған тән
құралдар мен механизмдерді өзгертіп қана қою емес, құндылықтар бағытын,
білім, білік, дағдыларды қайта құрумен сипатталады.
Педагогикалық технология сөзіне түсінік беретін болсақ, техно - латын
тілінен аударғанда шеберлік, іскерлік әдіс деген мағынаны білдіріп,
оқыту шеберлігі деген сөзге ие болады.
Академик В.Г.Беспалько Ресейде педагогикалық технологияны толық зерттеп,
тұңғыш рет әдебиеттерге енгізіп, педагогикалық технологияға: Практикада
іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба деп анықтама берді. Бұдан
ғалымның педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы
ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер
жиынтығы ретінде қарастырғанын көруге болады.
Технология ұғымы тар мағынада – бір нақты объектінің технологиясы ретінде
және кең мағынада – ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер технологияны
педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, онда тікелей дидактиканы
қарастырамыз:
1. Дәстүрлі дидактика – әдістемелік тәсілдерді жинақтауға бағытталған
оқытудың теориясын және сондай-ақ, оқушылардың оқу қызметі барысында дағды,
білік, білімдерін игеру үрдісін оңтайландыра түсетін оқытудың
ұйымдастырлған түрлері мен әдістерін жасауды өзінің басты мақсаты ретінде
қояды.
2. Әдетте, дидактиканың пәні – білім берудің мазмұны және оқыту үрдісін
ұйымдастыру деп қысқаша көрсетіледі. Толығырақ дидактиканың пәнін былай
сипаттауға болады: бұл – оқытудың мақсаттары, мазмұны, заңдылықтары,
әдістері және принциптері.
3. Дидактиканың міндеттері: а) оқыту үрдісін суреттеп түсіндіре отырып, оны
іске асыру жолдарын көрсету; ә) оқыту үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым
жетілдірілген модельдерін, жаңа оқыту жүйелері мен технологияларын жасау,
ұсыну.
Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі
орынды алады. Оқытудың технологиясын – қолданбалы дидактика десе де болады.
Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы – оқыту іс-әрекетінің әдіс-
тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.
Сонымен, технологиялық әдіс дидактикалық немесе жеке әдістемелік әдістерден
туындамайды, оқу үрдісін зерттеудің дербес бағыты болып табылады екен.
Енді, білім беру технологиясының белгілі анықтамаларын қарастырайық:
1. Қажетті адами, техникалық ресурстарды есепке ала отырып, олардың
арасындағы білім беруде неғұрлым жоғары жетістіктерге жету үшін қарым-
қатынасты, бүкіл оқыту үрдісін жүйелі түрде жоспарлау, іске асыру,
бағалауға бағыттау әдістері және білімді меңгеру жолдары;
2. Материалдарды жобалау және тәсілдерді қолдану арқылы білім беру
тиімділігін арттыратын және тиімді тәсілдерін жасау.
Білім берудегі жаңа технологиялардың негізгі сипаты – ізгілендіру. Білімдік
технологиялар жеке тұлғаны ұйымдастыруға бағытталады, онда жеке пәндердің
білімдік дәрежесі өзгеріп, олар қоршаған ортаны танудың құралына айналады,
оқушылардың дүниетанымы кеңейеді, дамиды. Мұндағы басты мәселе білім
мазмұнын байытуға бағытталған белсенді танымдық әдістерді қалыптастыратын
жаңа технологияларды жасап, оны тәжірибеге ендіру.
Сонымен технология дегеніміз:біріншіден, қайта құру мен өңдеу процесі
нәтижесінде алынатын дайын өнім;
екіншіден, осы процестің нормативтік жағы оның іске асуы.
Бүгінде адамның іс-әрекетінің көптеген түрлері технологизациялануда, ол
материалдық өндірістен әлеуметтік-экономикалық басқаруға, әлеуметтік
процестерге білім беруге, оқытуға, ойлауға қарай ауысты. Технология
табиғат-практика-адам-ғылым жүйесімен тығыз байланыста. Технология –
адамның жалпы қайта құрушылық әрекеті.
Зерттеуші-ғалым В.П.Беспалько: Педагогикалық технологияны оқушының жеке
тұлғалық қалыптасу процесінің жалпы жобасы оқыту мақсаттарына жетудің
кепілі, - десе, ал, А.Я.Савельев оқыту технологиясын оқу бағдарламаларында
көрсетілген білім мазмұнын іске асыратын құрал ретінде қарастырады.
Дамыта оқыту технологиясы: Мектепті күтіп тұрған басты мәселелер,
ғалымдардың пікірінше, оқушыны дамыта оқыту, яғни оқушының оқыту әректіне
қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру.
Тұжырымдарды оқытушылардың озат тәжірбиесімен ұштастыра отырып, қазіргі
жоғарғы оқу орнында білім мен әдістерін жетілдіру мәселерін шешімін
күтуде. Білім мазмұны және студенттердің танымдық күштерін дамыту оқыту
процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалдарын
түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс істеуіне,
оқытуға, мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру,
оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер
етеді. Оқушының есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның
есінде өзіне пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады.
Ғалымдардың пікірі бойынша мектепте танымдық міндеттерді шештірудің жолын
іздестіру арқылы шығармашылық тәжірбиені меңгертуге болады.Соның
нәтижесінде білім, білік және дүниеге көзқарас, қатынас қалыптасады. Осы
жағдайда оқушының жеке бас қасиеттерін дамытады.
Дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қалыптастыруды ұсынды. Оның
құрлымы мынандай, оқу қызметі, оқу мақсаты, мен міндеттеріннен, оқыту
әдістерінен тұрады. Оқыту әрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды түсіну),
оқыту игеру, бақылау, оқытылатын материалды меңгеру дәрежесі, ал қабылдау
әрекетіне дағдылармен біліктер жатады.
Дамыта оқыту жүйесі 50-шы жылдарда дүниеге келді. Ғалымның пікірін бойынша
мектеп баланы психикалық тұрғыдан дамыта алмай келеді.Ол бірінше жылға
созылған іргелі зерттеулерінде білім берудің жайы мен оны одан әрі
дамытудың жолдарына талдау жасауда.Оның лабараториясында алғаш рет даму-
мектеп жұмысының басты өлшемі деген идея туып,дамыта оқытудың өзіндік
жүйесін жасады.
Технология ерекшелігі. Оқу әрекетінің негізгі себебі танымдық қызығушылық
болып табылады.Үйлесімділік идеясы әдістемесінің ұтымды және
сенімдік,ұжымдық және жеке, ақпараттық және проблемалық, түсіндірме және
ізденгіштік сияқты әдістерін үйлестіруді талап етеді.
Дамыта оқыту оқушының әртүрлі қызмет түріне таратуды құптайды, дәріс беруде
пікір-таластарды, ойлау, қиялдау, есте сақтауы, тіл байлығын дамытуға
арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі дәріс. Сабақ білім беру процесінің негізгі
элементі болып табылады,бірақ Л.В.Занков жүйесінде оның атқаратын
қызметі,ұйымдастыру формасы елеулі өзгерістерге енді.Оның инварантты
(тұрақты) сапалары төмендегідей:
1) сабақтың мақсаты тек жаңа материалды хабардар ету мен білік,білім,
дағдыны тексеруде ғана емес,жеке тұлғаның басқа да қасиеттеріне
бағындырылады,
2) аудиторияда оқушының өз бетімен ойлауына негізделген әректтер жүзеге
асады,
3) оқытушы мен оқушы арасындағы ынтымақтастығы,
4) оқушының субьектілік тәжірбиесін ашатын оқу қызметін ұйымдастырудың сан
–алуан формасы мен әдістерін қолданады.
5) сабақ жоспарын оқушымен бірге отырып жасап, талқылайды.
6) оқушыны ынталандырып отырады, тапсырманы орындауда қателесуден, дұрыс
емес жауаптан қорықпау үшін түрлі әдістерді пайдалануға үретеді,
7) дәріс барысында оқушының оқу мазмұнының неғұрлым маңызды түрі мен
формасын таңдауға көмектесетін дидактикалық материалдар пайдаланып отырады,
8) тек соңғы нәтижені ғана емес, оқушыны қызмет әрекетін де бағалап
отырады.
Модульдік технологиясыдаралап оқыту приницпіне негізделген. Бұл
технологияның басты құраушысы – төмендегі компоненттерден тұратын оқу
модулі:
- логикалық түйінделген (аяқталған) ақпарат блогы;
- оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасы;
- бағдарламаны табыспен меңгеруге қажет мұғалімнің нұсқаулары.
Модульдік технологияның басқа оқу жүйелерінен басты айырмашылықтары мынада:
1) Қойылған мақсатқа сай меңгерілетін білім мазмұны аяқталған жеке дара
кешендерден тұрады. Оқу мақсаты меңгерілетін мазмұнның көлемімен қоса оны
меңгеру деңгейлерін де көрсетеді. Мұнымен бірге оқушы мұғаліммен қалай
тиімді әрекет жасауы керектігі жөнінде жазбаша түрде ақыл-кеңес алады.
2) Мұғалім мен оқушының қатынасы модульдер арқылы жүзеге асатын
болғандықтан дарлап оқыту процесі жүзеге асады.
3) Оқушы көбіне өз бетімен жұмыс істейді, мақсат қоюға, өз бетімен
жоспарлауға, өз нәтижесін тексеру арқылы бақылауға, өз іс-әрекетін
ұйымдастыра білуге үйренеді. Бұл қасиеті оны бағдарламалап оқытуға
жақындатады.
Модульдік бағдарламаны құрастырғанда мұғалім іс-әрекеті төмендегідей
қадамдар тізбесінен тұрады:
Модульдік тапсырмалардың орындалу барысын қорытындылайтын ең соңғы
элементінен бұрынғы элементі мазмұнмен толықтырылады.
Модуль мазмұнын меңгеру дәрежесін білу мақсатында шығу бақылау жұмысының
тапсырмалары жасалады. Бұдан кейін модуль материалын жалпылаудың құрылымдық-
логикалық сызбалары және оны құрудағы (тұрғызу) оқушылардың мүмкін болатын
қателері ойластырылады.
Мұғалімнің модуль құрудағы єректтерінің тізбегі:
- оқу элементтерінің дербес дидактикалық мақсаттарды біріге отырып,
модульдің интегралдаушы мақсаттарын орындауға қол жеткізеді. Ал, барлық
модульдердің интегралдаушы мақсаттарын жүзеге асыру - өз кезегінде,
модульдік бағдарламаның кешенді дидактикалық мақсаттарын жүзеге асыруға
жағдай жасайды;
- жүзеге асырылатын кері байланыс – білімді меңгеру процесінің басқарылуы
мен бақылауының негізі. Ену және шығу бақылауларын қатаң түрде мұғалім
жүргізсе, ал ағымдағы және аралық (оқу элементтерінің аралығындағы)
бақылаулар оқушылардың өзіндік және өзара бақылауы түрінде өтіледі;
- оқу материалы анық, түсінікті, диалогтық формада түсіндіріледі;
- модуль құрғанда оқушылардың білімді меңгеру логикасы сақталады: қабылдау,
еске сақтау, ой елегінен өткізу, қолдану, жалпылау және жүйелеу;
- модуль құрылымы сабақ құрылымы логикасына сай болуы тиіс.
Осы принциптер негізінде мұғалім модуль құру үшін мынадай алгоритм бойынша
жұмыс істейді:
1. Модульдің игтералдаушы мақсатын анықтау.
2. Сабақтың түріне және логикасына қарай оқу элементтеріне бөлу (ОЭ).
3. Әр оқу элементінің мақсатын қою.
4. Әр оқу элементінің мазмұнын анықтау.
5. Оқушыларға нұсқау, ұсыныстар әзірлеу. Оқу элементі көбіне мына формада
анықталады.
Оқу модульдерін құру сондай-ақ, оқушы мен мұғалім қызметіне қойылатын
тапсырмаларға, қойылатын талаптар жүйесіне бағынуы тиіс.
Тапсырмалар:
a) пәнаралық және пәнішілік байланыстардың үздіксіздігін қамтамасыз етуі
тиіс;
b) мазмұны мен танымдық дербестігіне қарай болуы керек;
c) проблемаларды іздеуге және шешуге бағытталған болуы тиіс;
d) білімді меңгеру механизмін сипаттайды;
e) өткенді қайталауды қамтиды;
f) модульдің мақсатымен интегралданады.
Оқушының қызметі, оның жақын даму аймағында өтеді, ол өзін-өзі
басқаруға, әр сабақта оқушының рефлексивтік қабілетін дамытуға бағытталған.
Мұғалім қызметі де дәстүрлі жағдайдағыдан өзгеше болады. Енді оның басты
қызметі – модульдік бағдарламалар, модульдердің өзін құру, ынта туғызу,
ұйымдастыру, бақылау, қажетті нұсқау беру, яғни, модульдік оқудың
мүмкіндігін пайдаланып, оқу процесін рефлексивті басқару болып табылады.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы ұғымына, оған негіз болатын
концептуалдық қөзқарасқа сәйкес және толық меңгерту технологиясының
басты идеяларына сүйеніп жасалынған.
Бұл технология да басқа технологиялар тәрізді оқу процесінің құрылымына,
дидактикалық құралдарға қойылатын жалпы технологиялық талаптардың
орындалуын қажет етеді.
Дегенмен, аталмыш технологияның басқа технологиялардан, әсіресе, атаулары
ұқсас әр деңгейде оқыту технологиясынан көптеген айырмашылықтары бар:
1.Оқушылар алдын-ала жүргізілетін диагностика негізінде шағын топтарға
бөлінбейді. Оның себебі:
a) ізгілендіру принципіне сәйкес әр оқушының танымдық қызмет субъектісі,
жеке тұлға деп қарай отыра және олардың өзінің жақын даму аймағында жұмыс
істеуін қамтамасыз ете отырып, оқушыларды алдын-ала қабілет деңгейлеріне
қарай топқа бөлу қажет емес деп саналады. Оның үстіне деңгейлік тапсырмалар
орындау үстінде оқушылардың өздері-ақ сараланады, бірақ тәжірибе
көрсеткендей белгілі бір мерзімнен кейін, технологиялардың басты
компонеттері – оң мотивация қалыптастыру және табысқа жетелейтін бағалау
тәсілін пайдалану негізінде оқушылар төменгі деңгейден жоғары деңгейге
ауыса алады. Алғыр топтың оқушылары сабақ үстінде жетекшілік роль атқарып,
мұғалімнің көмекшілеріне айналады.
b) тәжірибе сондай-ақ оқушыларды алдын-ала әлсіз, орташа, жоғарғы топтарға
бөлудің зиянды жақтары да бар екенін көрсетіп отыр өйткені, бұл оқу
мақсатының диагностикалық түрде анықталып, бір-бірімен өзара тығыз
байланыстағы иерархиялыќ жүйе құрайтын болмысына қайшы. Базалық білім
қалыптастыратын (ғылым, ереже, айғақ, заңдылықтар), репродуктивті таным
қызметін қажет ететін, күрделілігі төмен тапсырмаларды орындамай, бірден
күрделілігі орташа немесе жоғары тапсырмаларды орындау оқушылардың
тіректік, базалық білім алуына нұсқан келтіретіні дәлелденген айғақ.
c) оқушылары аз ауыл мектебі, әсіресе, шағын комплектілі мектептер
жағдайында саралап оқыту, тіпті тереңдетіліп оқылатын пәндері бар сыныптар
құру мүмкін емес. Бұл жағдайда деңгейлік саралап оқыту технологиясын
пайдалану тиімді.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы оқу жоспарының жылжымалы бөлігі
(вариативная часть) арқылы оқытылатын таңдау, факультативтік курстардың
болуын, жоғары сыныптарға енгізгілгелі отырған бейінді (профилді) оқытуды,
жаңа типтер – лицей, гимназиялардың болуын құптайды. Бұл жердегі шешімін
таппай жүрген мәселе – оқытудың мұндай сыртқы саралауы мен ішкі саралаудың
(мақсаттар деңгейінен туындайтын) үйлесімді жұмыс істеуі.
2. Оқытуды технологиялық негізде ұйымдастыруға қойылатын 4 басты шарттар
оқытудың әдістемелік жүйесін (мақсат, мазмұн, әдіс, түр, құрал) және
дидактикалық процесті (мотив+танымдық қызмет+басқару), яғни, педагогикалық
жүйені тұтас осы шарттар талабы тұрғысынан жетілдіруді талап етеді.
Педагогикалық жүйені мұндай түрлендірусіз технология құрып, пайдалану
мүмкін емес. Әсіресе, мақсаттар таксономиясын пайдалану, оқу мақсатын
иерархиялық жүйе тұрғысында анықтау әдістемелік жүйенің қалған
элементтеріне де сәйкесті өзгерістер енгізуді талап етеді. Осы себепті
деңгейлік саралап оқыту технологиясының авторы оқу процесін осы
технологиялық негізде жобалаудан бұрын әдістемелік жүйе мен дидактикалық
процестерді аталған талаптар тұрғысынан қайта қарауды ұсынады.
Оқушылардың оқу жетістігін объективті бағалау талабы – мүлдем жаңа
педагогикалық квалиметрия (білім сапасын өлшеу мен бағалау жөніндегі
теория) негізіндегі білім сапасының құрылымы мен түрлерін анықтап,
пайдалануды, баѓалаудың 5 балдыќ жүйесі емес, жетілген 12-баллдық жүйесін
енгізуді талап етеді. Дәстүрлі бағалаудағы жіберген қателігі үшін жазалау
тәсілінен нәтижелі әрекетке жетелейтін тәсілдерге көшуді, соның негізінде
оқу жетістігін үздіксіз қадағалайтын жүйе енгізуді қажет етеді.
Педагогикалық технология оқушының өз бетімен жасайтын оқу-танымдық
қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына
негізделуі қажет делінген шарт білім мазмұнын (оқу материалын) тек орта
қабілеті бар оқушыға арналған ақпарат көзі болудан оқушының өз бетімен
белсенді жұмыс жасап, дамуына жол ашатын оқу құралына айналуын қажет етеді.
Бұл талап орындалу үшін қажет арнайы шарттардың жүйесі анықталған. Мұның
үстіне білім мазмұны И.Я.Лернер ұсынғандай 4 элементтік негізде анықталуы
тиіс.
Оқу әдістері оң мотив пен танымдық белсенділікті қажет ететін және
оқушыларда ізденіс-зерттеу дағдыларын қалыптастыратын әдістер мен
тәсілдердің жиынынан тұруы қажет.
Оқу мақсатының диагностикалық (иерархиялық) түрде берілуі - білім
мазмұнының сәйкестігі деңгейленіп берілуін, білім сапасының түрлерін
(дұрыстығы, толықтығы, жүйелілігі, тереңдігі т.б.) қамтуын талап етеді.
Сөйтіп, білім мазмұнының дәстүрлі жағдайда кенжелеп қалған дамытушылық және
процессуалдық аспектілері іске қосылады. Оқу мақсатының диагностикалық
түрде қойылуы сондай-ақ, оқыту әдістерінің өлшемді моделін енгізуді талап
етеді.
Бұл технологияны пайдалану – мақсаттар таксаномиясы мен меңгеру
деңгейлерінен туындайтын жаңа сападағы әдістемелік жүйеден туған
дидактикалық материалдар: әр тақырып бойынша деңгейлік өздік жұмыстар,
деңгейлік бақылау жұмыстарынан тұратын модульдерден құралған оқушының өздік
жұмыс дәптерін (немесе оқулық – силлабус) қажет етеді. Мұны екінші жағынан,
жоғарыда аталған (технологияның оқушының өз бетімен жасайтын танымдық
қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу процесінің жобасына
негізделуі қажет делінген) талабы да құптайды.
Жүргізілген эксперимент жұмыстары бұл технологияның оқушы денсаулығын
қорғайтын технологиялар талаптарын да қанағаттандыратынын дәлелдеді
педагогикалық технология – тәжірбиеде жүзеге асырылатын белгілі бір
педагогикалық жүйенің жобасы, педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын
әдіс-тәсілдер, оның құрамды бөлігі ғана.
Бұл технология студенттің білімі берік болуы үшін оның санасында ғылыми
білімдер жүйелі және студенттердің танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі.
Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі студенттердің білімді меңгеруіне
көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін
беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі.
Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-
тәрбие процесін ұйымдастыру, студенттің танымдық іс-әрекетін басқару,
оқытушының әдіс-құралдары көмектеседі. Студенттің өзінің танымдық
белсенділігі оқытуға аса қажет жағдайы оқу материалын терең және берік
түсінуге орасан зор ықпал етеді.
1) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы
қажет,
2) студенттің оқу - танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын
оқу процесінің жобасына негіздеуі қажет,
3) оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның менгерілу
сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді.
4) практикада оқу процесінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
5) студентке білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану; оқу материалдарын
бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру;
6) студенттермен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте
сақтауын жеңілдету;
7) студенттердің өз ойларын қалай айтатынын қадағалау;
8) студенттердің білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын
айтқызу; әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу;
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу студенттің оқу танымдық іс-әрекетін
басқарудың негізгі бір буыны.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгерту өте күрделі де ұзақ
процесс.Оқытушы оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан
ұйымдастыру керек. Бір технологияның өзін әр оқытушы орташа дәрежеде,
ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылық пен іске асыруы мүмкін. Бұл
жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір
ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге сутдент әрекеті оның
қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі роль атқарады. Проблемалық оқыту
оқушының ойын, шығармашылығын, өзіндік іс- әрекет арқылы танымын дамытуға
үлесін қосады. Қазіргі кезеңде оқушыға аќпараттар өте көп берілуде,
сондықтанда берілетін ақпараттар жүйелі, мазмұнды болуын қажет етеді.
Проблемалық оқытудың мақсаты- оқушы мен оқытушының іс-әрекеті, мәселені
түсіне білуі шешім үрдісінде біріге алуы болып саналады. Мұнда оқушының тек
білімінің, іскерлігінің, дағдысының жүйелілігін ғана емес ақыл- ойының
жоғары дәрежеде қалыптасуына, өз бетінше білімін тереңдетуге септігін
тигізеді. Оқушының алдына проблема қойылып, шешімін табудың жолдары
қарастырылады (болжайды, зерттейді, бақылайды, шыққан нәтижесін талдайды,
сипаттайды, дәлелдейді).
Проблемалық оқыту үш негізгі міндеттерді қарастырады. Олар:
- Оқушының жаңалыққа деген көзқарасы, іс-әрекеті
- Белгісіз проблемалық жағдайдың анықталуы
- Белгісізді анықтау барысында оқушының алдына қойған тапсырманы орын-
даудағы мүмкіндігі
Проблемалық оқыту оқушының теориялық пен тәжірибелік іс-әрекетінен жаңалық
ашып отыруын қадағалайды. Оны мынадай жағдайда жасау көздел-ген: тапсырма
оќушыѓа таныс теориялыќ білімі мен іскерлігіне негізделуі тиіс, жаңалық
ретінде анықталатын белгісіз нәрсе жалпы заңдылық пен орындалуының
бастамасы болады, проблемалық тапсырманың орындалуы оқушының бойында
қажеттілікті туындатуын керек етеді.
Дәстүлі оқыту технологиясында мұғалім проблеманың шешуін айтып, оқушы
басқаның ойын есте сақтауы болса, проблемалық оқытудың бірінші дәрежесінде
оқушыны мәселенің шығатын нәтижесімен таныстыра отырып олардың өздігінше
шешім жолдарын іздеуіне жағдай жасайды. Екінші дењгейде оқушыны шығатын
нәтижемен таныстырмай тек бағыт береді. Үшінші дењгейде күрделі мәселені
оқушының өзі тануы қажет. Нәтижесінде оқушының бойында мәселені талдап оның
дұрыс шешімін табуы қалыптасады. Проблемалық оқыту кезінде оқытушының
жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, студенттердің оны шешуге белсенді
түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде студенттер кәсіби білімді,
дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады. Оқу
процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта
болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей,
студенттердің ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға
бағытталады. Проблемалық оқыту студенттердің ойлау процесінің
психологиясына негізделеді. Өйткені ойлаудың басталуы мәселенің болуына
байланысты, басқаша айтқанда, ойлау мәселелік сұрақ немесе міндетте
басталады Проблемалық оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне
негізделеді, сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнының тиісті дәрежеде,
яғни проблемалық жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді.
Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып
табылады. Проблемалық жағдайлар мазмұнының белгісіздігіне қарай, басқа да
әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалы оқыту
технологиясы - бұл проблемалы жағдайларды, студенттердің белсенді танымдық
қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Педагогикалық проблема
жағдай белсенділікті оятатын әрекетттердің, таным обьектісінің жаңалығын,
маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім
сұрақтарының негізінде туындайды. Психологиялық- проблемалық жағдай
жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл тынымдық
міндет студенттерге ойында проблемалық жағдай туғызбайды.
Проблемалық жағдайларды оқу процесінің барлық, яғни жаңа тақырыпты
түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезінде ойластыруға болады.
Оқытушы проблемалық жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге
студенттерді бағыттайды. Сөйтіп, студент өз оқуының субьектісіне айналады,
соның нәтижесінде студент жаңа білім игеріп,әрекет әдістерді меңгереді.
Бұл технологиялар педагогика курсының барлық тақырыптары бойынша негізгі
білімді меңгеру бағыттаған тақырыптың материалды тексеру кезінде қолданған
дұрыс. Оқыту технологиясы – оқушыға білім мен тәрбие беріп, дамыту
мақсатындағы ұстаз бен шәкірттің бірлескен қызметі іс-әрекетіболып
табылады.Оқытушының оқыту мақсаты мен міндеттеріне сай оның мазмұнын
студентке меңгеруде қолданатын технологиялар арқылы білім алуы,
іскерлікке төселіп дағды қалыптасуы, дүниетанымымен қабілеті жетіледі деп
есептей аламыз.
Оқыту технологиясын жобалау мәселесі, оқыту әдістерін таңдау дидактика үшін
өте маңызды. Әдістерді таңдауда төмендегідей өлшемдерін басшылыққа алуға
болады.
- оқыту әдістерінің оқыту қағидалары мен заңдылықтарына сәйкестік өлшемі;
- оқыту әдістерінің оқу материалдарының мазмұнына, оның өзіндік
ерекшелігіне сәйкестік өлшемі;
- әдістерді таңдауда оқушылардың мүмкіншіліктерін ескеру өлшемі.

Педагогикалық технологияны іске асыру барысында төмендегідей міндеттерді
жүзеге асыру қажет деп санаймыз:
-
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудің мақсаты:
жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімінің кәсіби
дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-
өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер
қабылдауға қабілетті жеке тұлға ұйымдастыру, - деп көрсетілген.
Осы мақсатқа сәйкес бастауыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технологияның мәндік сипаты
Мектеп оқушыларына кәсіптік білім беруде инновациялық әдістерді қолдану
Бастауыш сыныптар бойынша оқушылардың жобаға қатысу үлесі
Мұғалімнің инновациялық іс - әрекетін дамыту жолдары
Ішік екі маусымда киюге арналған жылы киім
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды еңбекке баулу, кәсіби еңбекке баулу
Жобалық оқытудың мақсаты мен ерекшеліктері
Әйелдер ұлттық көйлегін әзірлеу технологиясы және окыту әдістемесі
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамуы
Қазіргі кезде оқыту технологиясы
Пәндер