Лекциялардың қысқаша конспектілер



1 тақырып. Макроэкономика пәні. Ұлттық шоттар жүйесі
2 тақырып. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс
3 тақырып. Өндіріс факторлары. Еңбек нарығындағы тепе.теңдік.
4 тақырып. Игіліктер нарығы
5 тақырып. Ақша нарығы
6 тақырып. IS.LM моделі.
7 тақырып. Инфляция және жұмыссыздық
8 тақырып. Экономикалық өсу
9 тақырып. Ашық экономика
Валюта бағамдары
Валюта айырбастау операциялары – шетел валютасын айырбастау, сату, сатып алу операциялары негізінде жүргізіледі.

БТА Банкінің валюта айырбастау операциялары – бұл ұлттық валютаны шетел валютасына қолма-қол және қолма-қолсыз айырбастау немесе керісінше әрекетте жүзеге асырылатын жедел және тиімді шешімдер.

БТА-ның акша айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін айырбастау операцияларының ерекшеліктері:
Шетел валютасын сату және сатып алуда тиімді бағамдар;
Төленбейтін шетел валютасын сатып алу;
Тозығы жеткен шетел валюталарын инкассоға қабылдау (USD и EURO);
Эмиссиялық шетел валютасымен жұмыс істеу;
Қомақты соманы иелену мүмкіндігі;
Айырбасталатын валютаның сомасын шектемей анықтама-сертификат беру;
Арнайы бағам бойынша валютаны жоспарлы мәміле бойынша иелену. Яғни, Сіз алдын-ала белгілі сомадағы валютаға тапсырыс бересіз (мин. 20 000 АҚШ доллары немесе өзге валюта баламасында) және арнайы бағада сатып аласыз немесе сатасыз.
Шетел валютасының қолдан жасалмағандығын тексеру.

БТА Банкі ақша айырбастау операциялары – бұл өте ыңғайлы шешім, Сіз ұлттық және шетел валютасында кез-келген операцияларды жүзеге асыра аласыз.

БТА Банкі көптеген жылдар бойы ақша айырбастау операциялары рыногында үздік қызмет көрсетіп келе жатқандардың бірі. Жеке және заңды тұлғаларға осы бағытта қызметтің кең ауқымды түрін ұсынады.

Тиімді баға белгіленімдерімен валюта айырбастау операцияларын жүзеге асырып, Сіздерге валюта бағамы рыногындағы бағамның ауытқуына назар аудармауыңызға мүмкіндік жасайды.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Валюта бағамдары
Валюта айырбастау операциялары – шетел валютасын айырбастау, сату, сатып
алу операциялары негізінде жүргізіледі.

БТА Банкінің валюта айырбастау операциялары – бұл ұлттық валютаны шетел
валютасына қолма-қол және қолма-қолсыз айырбастау немесе керісінше әрекетте
жүзеге асырылатын жедел және тиімді шешімдер.

БТА-ның акша айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін айырбастау
операцияларының ерекшеліктері:
Шетел валютасын сату және сатып алуда тиімді бағамдар;
Төленбейтін шетел валютасын сатып алу;
Тозығы жеткен шетел валюталарын инкассоға қабылдау (USD и EURO);
Эмиссиялық шетел валютасымен жұмыс істеу;
Қомақты соманы иелену мүмкіндігі;
Айырбасталатын валютаның сомасын шектемей анықтама-сертификат беру;
Арнайы бағам бойынша валютаны жоспарлы мәміле бойынша иелену. Яғни, Сіз
алдын-ала белгілі сомадағы валютаға тапсырыс бересіз (мин. 20 000 АҚШ
доллары немесе өзге валюта баламасында) және арнайы бағада сатып аласыз
немесе сатасыз.
Шетел валютасының қолдан жасалмағандығын тексеру.

БТА Банкі ақша айырбастау операциялары – бұл өте ыңғайлы шешім, Сіз ұлттық
және шетел валютасында кез-келген операцияларды жүзеге асыра аласыз.

БТА Банкі көптеген жылдар бойы ақша айырбастау операциялары рыногында үздік
қызмет көрсетіп келе жатқандардың бірі. Жеке және заңды тұлғаларға осы
бағытта қызметтің кең ауқымды түрін ұсынады.

Тиімді баға белгіленімдерімен валюта айырбастау операцияларын жүзеге
асырып, Сіздерге валюта бағамы рыногындағы бағамның ауытқуына назар
аудармауыңызға мүмкіндік жасайды.

4.Лекциялардың қысқаша конспектілер

Жиынтық сұраныс

1 тақырып. Макроэкономика пәні. Ұлттық шоттар жүйесі
Лекция мақсаты: Макроэкономикалық теорияның негізгі принциптермен
модельдеу жағдайларың қарастыру
Негізгі терминдер: экономикалық модель, модельдеу, экономикалық
белсенділік, шығындар, кірістер, ұлттық шоттар, макроэкономикалық
теңдістік.
Лекция негіздері:
1. Макроэкономикалық теорияның басты сұрақтары
2. Экономикалық теориялар мен модельдер
3. Экономикалық белсеңділіктің нәтижелерін өлшеу
4. Ұлттық шоттар жүйесінің басқа көрсеткіштері
5. Шығындар және кірістердің ауыспалы айналымы
6. Негізгі шығындар компонентері, негізгі макроэкономикалық теңдестік
Лекциянын конспекті
Макроэкономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді
экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда
экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен
қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен
жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының
жағдайын зерттейді. Сондай-ақ макраэкономика өндіріс көлемінің,
жұмысбастылықтың, тауар және ақша нарықтарындағы тепе-теңдіктің ұзақ
мерзімдегі өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімді
тербелістерін зерттейді.
Макроэкономика Ұлы депрессия кезеңінде ғылым болып қалыптасты. Яғни, ол
ағылшын экономисі Джон М.Кейнстің зерттеулерімен және оның 1936 жылы жарық
көрген жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы атты кітабымен
байланысты. Сондай-ақ, Кейнс макраэкономикалық анализдерді енгізді.

Әдетте экономика өзара әрекеттесетін төрт сектордан құрылады: үй
шаруашылықтары, фирмлар, мемлекет және сыртқы сектор.

Макроэкономикада экономиканы біртұтас жүйе ретінде сипаттайтын
агрегатталған көрсеткіштер қолданылады: жалпы ішкі өнім, бағалар деңгейі,
инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, нарықтық пайыз мөлшерлемесі және
басқа көрсеткіштер.

Макроэкономикалық моделдер мен айнымалылар
Көбінесе экономикалық теориялар моделдер түрінде түсіндіріледі.
Макроэкономикалық модель дегеніміз – экономикалық құбылыстар мен
процесстердің жеңілдетілген абстрактылы көрінісі, ол экономикалық
айнымалылардың арасындағы өзара байланыстар мен арақатынастарды анықтайды.
Әрбір модель белгілі бір мақсатта құрылады: экономикалық құбылысты
түсіндіру, экономикалық заңдылықтарды зерделеу, жоспарлау және болжау.
Модельдер логикалық, графиктік және алгебралық түрде құрылуы мүмкін.
Макроэкономикалық модельде экзогенді (сыртқы) және эндогенді (ішкі)
айнымалылар ажыратылады.
Ұлттық шоттар жүйесі және оның негізгі көрсеткіштері
Кез-келген елде ұлттық шоттар экономикалақ жиынтық өндіріс көлемін
өлшеу үшін құрылған. Экономикалық ұлттық шоттар жүйесі жеке фирмадағы
бухгалтерлік есепке сәйкес келеді.
Ұлттық шоттар жүйесіне кіретін көрсеткіштер өндіріс көлемін белгілі
уақыт мезетінде өлшеуге және экономикалық қызмет етуін анықтайтын
факторларды ашуға көмектеседі.
Ұлттық шоттар жүйесі беретін ақпарат экономикалық қызмет етуді
жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясатты құру мен жүзеге асырудың негізі
болып табылады. Ұлттық шоттар жүйесінің негізгі көрсеткіші болып жалпы
ұлттық өнім табылады. Яғни ел ішіндегі барлық субьекттердің экономикалық
қызметінің жиынтық нәтижелерінін өлшеу үшін ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері
қолданылады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз белгілі уақыт аралығында (жыл,
тоқсан) елдің территориясында өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен
қызметтердің құны.
Ал жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) осы елдің тұрғындары иемденетін өндіріс
факторларын пайдалану арқылы алынған барлық түпкілікті тауарлар мен
қызметтердің құнын көрсетеді.

Мысалы, Қазақстан территориясында шетелдік компания шығарған мұнайдың
құны еліміздің ЖІӨ есептеліп, оның ЖҰӨ ескерілмейді.

ЖҰӨ = ЖІӨ + шетелден түсетін таза факторлық табыстар

Жабық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі. Әрі қарай біз осы екі шаманың
біреуін қана қарастырамыз.

Жалпы ішкі өнімді өлшеудің үш тәсілі белгілі:

1) Шығыстар бойынша;

2) Кірістер бойынша;

3) Қосылған құн тәсілі.

Атаулы және нақты айнымалылар. Өсу қарқыны және индекстер
Атаулы ЖІӨ өзгеруі өндіріс көлемінің немесе бағалардың өзгеруімен
түсіндірілуі мүмкін. Жалпы бағалар деңгейінің өзгеруі инфляция деп аталады.

Атаулы ЖҰӨ ағымдағы жылдың бағаларымен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ - базалық
жылдың бағаларымен. Бұл ЖІӨ үшін де орынды.

ЖҰӨ дефляторы = Атаулы ЖҰӨ Нақты ЖҰӨ

ЖҰӨ дефляторымен қатар бағалар деңгейін сипаттайтын басқа да индекс
бар. Ол тұтыну бағаларының индексі. Біріншісі Пааше индексі, ал екіншісі
Ласпейрес индексі деп аталады. Егер (x1, x2, ... , xm) – тұтынушылық қоржын
деп аталатын тұтынушылық тауарлардың тұрақты жинағы болсын десек, онда:
Тұтыну бағаларының индексі (CPI) = Ағымдағы жылдың тұтынушылық
қоржынының құны Базалық жылдың тұтынушылық қоржынының құны
ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағаларының индексін жалпы бағалар деңгейін
сипаттауында олардың арасында айырмашылықтар бар. Пааше индексін есептеу
формуласы:
,
мұндағы, - фғымдағы жылдың өндіріс көлемі,
- базалық жылдың өндіріс көлемі.
Пааше индексі ЖҰӨ-нің дефляторына сәйкес келеді және ол өзгермелі
тауарлар мен қызметтер жинағы үшін есептеледі. Ал өзгермейтін тауар жиынын
есептейтін Ласпейрес индексі болып табылады. Ол тұтыну бағалар индексіне
сәйкес келеді. ТБИ (CPI) – экономикадағы жалпы бағалар деңгейін сипаттайтын
көрсеткіш.
ТБИ = Ағымдағы жылдың тұтынушылық қоржынының құны
базалық жылдағы тұтынушылық қоржынының құны.
Тұтыну қоржыны деп белгілі бір тұтыну тауарлары мен қызметтердің
жинағын айтады. Ласпейрес индексін есептеу формуласы:
,
мұндағы, және - і игілігінің бағалары (0 – базистік, ал t-
ағымдағы), - базистік жылдағы і игілігінің көлемі.
Сонымен қатар Фишер индексі бар. Ол жоғарыдағы индекстердің
кемшілігін жою үшін қолданылады:
.
Бұл индекстер тұрмыс құнын өлшеу үшін арналған, яғни белгілі бір
тұрмыс деңгейін ұстап тұру үшін қажетті шығындар болып табылады. Әр түрлі
тауарлар бағасы әр түрлі өлшемге өзгергенде Ласпейрес индексі тұрмыс
құнының өсуін, Пааше индексіне қарағанда нақтырақ көрсетеді. Ласпейрес
индексі белгілі бір тауар жиынын есептеу үшін қолданылады, мұнда қымбат
тауарларды арзан тұратын тауарлармен алмастыру мүмкіндігі ескерілмейді. Ал,
Пааше индексі керісінше. Бірақ Пааше индексінде әл-ауқаттың төмендеу
деңгейі көрсетілмейді.
Экономикалық өсу ЖІӨ бір жыл аралығындағы салыстырмалы өзгеруі түрінде
өлшенеді.
ЖІӨ өсу қарқыны = (ЖІӨ - ЖІӨ-1) ЖІӨ-1,
мұндағы ЖІӨ – ағымдағы жылға, ал ЖІӨ-1 – өткен жылға қатысты.
ЖІӨ өсу қарқынын әдетте пайыз түрінде көрсетеді. Қазақстанда 90-шы
жылдары өндірістің құлдырауы болған, ал 2000 жылдан бастап ЖІӨ елеулі өсуі
байқалады, жылына орташа есеппен алғанда 10 пайызға жуық.
Жұмыссыздық кезіндегі негізгі өндіріс фактор – жұмыс күшінің толық
қолданылмауын немесе тиімсіз қолданылуын білдіреді. Халықты үш топқа бөлуге
болады:
- жұмыспен қамылғандар;
- жұмыссыздар;
- жұмыс күшіне енбегендер.
Егер адам жұмысқа шығуды күтсе, жұмыстан уақытша босатылған болса
немесе жұмыс іздеумен айналысса, ол жұмыссыз адам болып саналады. Адам
жұмыспен қамтылған деп есептеледі, егер оның үй шаруашылығында жұмыс
істегенін ескермегенде, ол өткен аптаның басым бөлігінде жұмыс істесе. Үй
шаруасымен айналысатын әйел адамдар, студенттер, зейнеткерлер және жұмыс
іздеуді тоқтатқан адамдар жұмыс күші құрамына енбейді. Жұмыс күшін жұмыс
істейтін және жұмыссыздар ғана құрайды.
Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны Жұмыс күші саны
Қазақстанда 2006 жылы ресми жұмыссыздық деңгейі 8,1 пайызды құрады,
ол экономикалық белсеңді халық санынан 653,8 мың адам.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Макроэкономика пәні экономикалық саланың қандай заңдылықтар мен
бөлшектерің зерттейді?
2. Ұлттық шоттарға не жатады?
3. Макроэкономикадағы негізгі шығындар мен кірістер түрлерін атап
шығыныздар.
Негізгі әдебиет: (13-66 б. 1)

2 тақырып. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс
Лекция мақсаты: Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстын құрылымың,
факторларың, қалыптасу заңдылықтарын көрсету.
Негізгі терминдер: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, модельдер, баға
факторлары, тепе-теңдік.
Лекция негіздері:
1. Жабық экономикадағы жиынтық сұраныстың құрылымы
2. Сұраныстың бағадан тыс факторлары
3. Жиынтық ұсыныс және кейнсиандық модель
4. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдік
Жиынтық сұраныс
Жиынтық сұраныс – бұл тауарлар мен қызметтер көлемі, яғни үй
шаруашылықтарының, фирманың, үкіметтің кез келген баға деңгейінде сатып
алуға дайын нақты ұлттық өнім көлемі. Демек, сатып алушының сұранысы –
өндірілген өнім көлемі мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.
Біз жиынтық сұранысты ақшаның сандық теориясының базасында қарапайым
теңдеуді құра аламыз:
MV =PY,
мұндағы: М – ақша ұсынысы;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
P – баға деңгейі;
Y - өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны.
Ақша ұсынысының бұл теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал
ол өз кезегінде баға деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді:

М Р = ( М Р) = kY,
мұндағы k = 1V.
Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы МР=(МР) сұранысқа, ал сұраныс
өндірілген өнім көлеміне пропорционалды екенін көрсетеді.
Жиынтық ұсыныс
Жиынтық ұсыныс – бұл әрбір мүмкін болатын баға деңгейіндегі нақты
ұлттық өнім көлемі. Яғни, фирмалар мен үй шаруашылықтарының таңдаған
жиынтық өнім көлемінің экономикадағы қалыптасқан бағалар мен жалақы
құрылымына тәуелділігін көрсетеді. Ол баға деңгейі мен нақты ұлттық өнім
көлемінің арасындағы тікелей тәуелділік көрсетеді. Жиынтық ұсыныс AS
қисығымен сипатталады. AS қисығы бір бірлік өнімге шығынның өзгеруін
көрсетеді, демек, нақты ұлттық өнім көлемі бағасының жоғарылауы немесе
төмендеуі. AS қисығы үш бөліктен тұрады: 1 – кейнстің шектік жағдайы; 2 –
кейнстің қалыпты жағдайы; 3 – классикалық жағдай.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарын бір диаграммада
орналастырып AD-AS графиктік моделін шығаруға болады. Мұндағы қалыптасатын
үш жағдай жиынтық ұсыныстың классикалық, кейнстің қалыпты және кейнстің
шектік тәсілдемелеріне сәйкес келеді.
Классикалық жағдайда AD қисығының оңға-жоғары жылжуы қалыптасқан бағалар
деңгейінде артық сұранысты тудырады. Сонан кейінгі бағалар деңгейінің өсуі
wP нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады, нәтижесінде еңбекке сұраныс
оның ұсынысынан артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан, оның өсуі
арқасында еңбек нарығында тепе-теңдік жылдам қалпына келеді. Демек, жаңа
тепе-теңдік жағдай жоғарылаған бағалар деңгейі шартында AS тік сызығы мен
AD жаңа қисығының қиылысуымен анықталады
Кейнстің жағдайында, атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сұраныстың
артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген атаулы жалақы w
шартында нақты жалақы wP төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек
жұмысшыларды жалдауға, нәтижесінде шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сондықтан экономикада бағалар деңгейінің де, шығарылымның да өсуі байқалады

Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер
Жиынтық ұсыныстың кенет өзгеруі жиынтық ұсыныстың сілкіністері
(шоктары) деп аталады. Шоктар жағымды және жағымсыз болады. Жиынтық сұраныс
жағынан және жиынтық ұсыныс жағынан болатын шоктар – экономикалық
тербелістердің себептері. Ұсыныс жағынан болатын шоктар – бұл тауар
өндірісін тоқтату салдарынан фирмалардың бағаны орнатуын қозғайтын
экономикалық жағдайлардың күрт өзгеруі. Ұсыныс жағынан болатын шоктар баға
деңгейіне тікелей әсер ететіндіктен, кейде оларды баға шоктары деп те
атайды. Олар жаңалық ашу, мұнайға әлемдік бағалардың кенет өзгеруі
арқасында пайда болуы мүмкін.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі жиынтық сұраныс пен жиынтық
ұсыныс
Классикалық жағдай ұзақ мерзімді кезеңге, ал кейнстің жағдайы қысқа
мерзімді кезеңге сәйкес келеді.
А нүктесі – экономикадағы толық жұмыстылық кезіндегі тепе-теңдік
нүктесі болсын Жиынтық сұраныс азайғанда AD1 қисығы AD2 қисығына дейін
жылжиды. Нәтижесінде өндіріс құлдырайды да, шығарылым Y0–ден Y’ дейін
азаяды, ал жұмыссыздық өседі. Аздап бағалар деңгейі P0–ден P’ дейін
төмендейді. Диаграммада экономика В нүктесіне ауысады.
Өндіріс көлемі азайғандықтан атаулы жалақының w төмендеуі орын алады.
Оның себебі амалсыз демалыстар, қысқартылған жұмыс күндерінің пайда болуы,
сыйақының жойылуы. Бірақ атаулы жалақы кідіріп төмендейді.
W атаулы жалақы төмендеген сайын, wP нақты жалақы да азаяды.
Фирмаларға көбірек жұмысшылар жалдауға тиімдірек болады, жиынтық ұсыныс
артады да, AS қисығы оңға жылжиды. Шығарылым бастапқы Ү0 деңгейіне
оралғанға дейін бұл тенденция сақталады. Жиынтық ұсыныс қисығы AS1–ден AS2
жағдайына ауысады. Экономика А(В(С жолынан өтеді.
Сонымен, ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты шығарылым шартында бағалар
деңгейінің төмендеуі орын алады.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Жиынтық сұранысқа қандай негізгі компоненталар жатады?
2. Ұлттық экономикада жиынтық ұсынысты кім білдіреді?
3. Кейнсиандық моделі жиынтық ұсыныстың маңыздылығын қалай анықтайды?
Негізгі әдебиет: (72-125 б.1)

3 тақырып. Өндіріс факторлары. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік.
Лекция мақсаты: Еңбек нарығындағы тепе-теңдіктің қалыптасу және
қуралдардың орналасу жағдайларың көрсету.
Негізгі терминдер: еңбек нарығы, тепе-теңдік, өндіріс функциясы, өндіріс
факторлар, икемділік, жалақы, жалақының икемсізділігі.
Лекция негіздері
1. Өндіріс факторлары. Өндірістік функция.
2. Нақты жалақы және капиталдың нақты бағасы.
3. Ұлттық табысты өндіріс факторлары бойынша үлестіру.
4. Еңбек нарығы. Еңбекке сұраныс.
5. Жиынтық ұсыныстың классикалық тәсілі.Икемді жалақы.
6. Жиынтық ұсыныс қисығын құру.
7. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық тәсілі. Икемсіз жалақы.
8. Жабық экономикада қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдер үшін жиынтық
сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық тәсілі. Икемсіз жалақы.
2. Жиынтық ұсыныс қисығын құру, оған әсер етуші факторларды атап
шығыңыздар.
3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі қалай қалыптасады?
Негізгі әдебиет: (306-319, 324-331 б. 4)

4 тақырып. Игіліктер нарығы
Лекция мақсаты: Игіліктер нарығындағы тепе-тендіктің қалыптасу жағдайларын
анықтау.
Негізгі терминдер: еңбек нарығы, тепе-теңдік, инвестициялық функциясы,
пайыз мөлшерлемесі, бюджет-салық саясаты.
Лекция негіздері
1. Тұтыну функциясы, тұтынуға шектік бейімділік
2. Пайыз мөлшерлемесі және инвестициялық функция
3. Мемлекеттік шығыстардың құрылымы
4. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік
5. IS қисығы. Бюджет-салық саясатын талдау
Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік

ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНУ ҮШІН ИГІЛІКТЕР
НАРЫҒЫНДАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ ҚАРАСТЫРУ ҚАЖЕТ. ОНЫ IS ҚИСЫҒЫ
АРҚЫЛЫ КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ. ОЛ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНДА ПАЙДА БОЛАТЫН
ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ МЕН ТАБЫС КӨЛЕМІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ КӨРСЕТЕДІ.
ЖОСПАРЛАНҒАН ШЫҒЫНДАР – ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ, ФИРМА МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ
ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ЖАРАТУҒА ЖОСПАРЛАҒАН ШЫҒЫНДАР СОМАСЫ. НАҚТЫ
ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЖОСПАРЛАНҒАН ШЫҒЫНДАРДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ – ФИРМАЛАРДЫҢ ҚОРЛАРҒА
ЖОСПАРЛАНБАҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ САЛУҒА МІНДЕТТІЛІГІ. ЯҒНИ, ФИРМАЛАРДЫҢ
ТӨМЕНГІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРҒЫ САТУ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗДЕРІНІҢ ТАУАРЛЫҚ-
МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУІ НЕМЕСЕ ТӨМЕНДЕТУІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
ЭКОНОМИКА ЖАБЫҚ ЖӘНЕ ТАЗА ЭКСПОРТ НӨЛГЕ ТЕҢ ДЕП АЛАЙЫҚ, СОНДА Е
ЖОСПАРЛАНҒАН ШЫҒЫСТАРДЫ, С ТҰТЫНУ, I ЖОСПАРЛАНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ МЕН G
МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫСТАРДЫҢ СОМАСЫ ДЕП ҚАРАСТЫРУҒА БОЛАДЫ:

E = C + I + G.

C=C(Y-T) БҰЛ ТҰТЫНУ ҚОЛДАҒЫ ТАБЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР
ЖОСПАРЛАНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ ДЕҢГЕЙІ ТҰРАҚТАНДЫРЫЛҒАН (=), МЕМЛЕКЕТТІК
ШЫҒЫСТАР КӨЛЕМІ МЕН САЛЫҚТАР ДА ТҰРАҚТЫ: , .:

.

Осы теңдеуден жоспарланған шығыстар Е табыс Y функциясы болып
табылады.

E = Y.

Жоспарланған шығыстар табыс көлеміне байланысты. Себебі табыстың
жоғары болуы тұтынудың жоғарлануына әкеледі. сызықтың иілуі тұтынуға шекті
бейімділікті (MPC) көрсетеді.

Нақты шығыстар = жоспарланған шығыстар,

Y = E.

Осы жағдайда экономика тепе-теңдікте болады. Осы теңдеу
макроэкономикалық тепе-теңдік шарты. Бұл тепе-теңдік сақталмаған жағдайда
игіліктерді кем өндіру немесе артық өндіру арқасында экономикада инфляция
немесе өндірістің құлдырауы немесе жұмыссыздық пайда болуы мүмкін.

Арнайы кейнстік теория жағдайында инвестициялар І тіркелген шама болып
саналады. Мұндай жағдай орын алуы мүмкін, егер Орталық банк пайыз
мөлшерлемесін өзгеріссіз ұстап қалса. Сондықтан, E=C(Y-T)+I+G жоспарланатын
шығыстар графигінің көлбеуі де MPC тең (3.2 Сурет).
E=C+I+G жоспарланатын шығыстар сызығы C=C(Y-T) тұтынушылық шығыстар
сызығының (I+G) шамасына жоғарыға параллель түрде жылжуы арқылы шығарылады.

Кейнс кресі

Қандай жағдайда экономика тепе-теңдікке қол жеткізеді? Көптеген
фирмалар үшін тепе-теңдікке қол жеткізуде қор басты орын алады.

Жоспарланатын шығыстар сызығы

Мемлекеттік шығыстар мультипликаторы . Ол G мемлекеттік
шығыстар немесе I инвестицияларды бір бірлікке арттырғандағы Ye тепе-
теңдік табыс деңгейінің қаншаға ұлғаятынын көрсетеді.

G↑→E↑→Y↑

Салықтық мультипликатор , Т салықтарды бір бірлікке
арттырғандағы Ye тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға азаятынын көрсетеді.

∆T↓→ (Y-T)↑→ C↑→ E↑→ Y↑

IS қисығы

Пайыз мөлшерлемесі өскенде табыстың қалай өзгеретінін анықтау үшін
біз инвестиция функциясы мен Кейнс кресі графигін қолдана аламыз. Пайыз
мөлшерлемесі өзгермелі деп алайық.
.Сурет.А.
r1 → r2 дейін пайыз мөлшерлемесінің өсуі жоспарланған инвестицияларды
I(r1) → I(r2) дейін азайтады.
Сурет.В.
Кейнс кресі бейнеленген. I(r1) → I(r2) дейін жоспарланған инвестицияның
азаюы табысты Y1 → Y2 дейін қысқартады.
.Сурет.С.
IS қисығы бейнеленген. Ол пайыз мөлшерлемесі мен табыс арасындағы қарым-
қатынасты анықтайды: пайыз мөлшерлемесі өскен сайын табыс деңгейі төмендей
береді.

Бюджет-салық саясатының IS қисығын жылжытуы
IS қисығының әрбір нүктесі берілген пайыздық мөлшерлеме кезінде
табыстың деңгейін көрсетеді.Кейнс кресі моделінен байқағанымыздай табыс
деңгейі бюджет-салық саясатымен де тығыз байланысты G мен T тұрақты деп
алсақ, бюджет-салық саясатының өзгеруі IS қисығын жылжытады.

. Мемлекеттік шығындардың өсуінің IS қисығын
оңға жылжытуы

Суретте мемлекеттік шығындардың G1 →G2 дейін өсуі IS қисығын қалай
өзгертетінін көру үшін кейнс кресі бейнеленген. Кейнс кресі бюджет
саясатының өзгеруі жоспарланған шығындарды өзгертетінін көрсетеді. Ол табыс
деңгейін Y1 → Y2 дейін өсіреді. Сол себептен мемлекеттік шығындардың өсуі
IS қисығын оңға жылжытады. Бұл суретте бейнеленген.
Салықтардың азаюы, мемлекеттік шығындардың өсуі табысты өсіреді, ол
IS қисығын оңға жылжытады. Салықтардың өсуі, мемлекеттік шығындардың азаюы
табысты азайтып, IS қисығын солға қарай жылжытады.
1. T↓ немесе G↑ → E↑ → Y↑ → IS↑
2. T↑ немесе G↓ → E↓ → Y↓ → IS↓
Тауарлар мен қызметтерге сұранысты өсіретін бюджет-салық саясатының
өзгерісі IS қисығын оңға жылжытады. Ал сұранысты кемітетін бюджет-салық
саясатының өзгерісі IS қисығын солға жылжытады.

Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Пайыз мөлшерлемесі және инвестициялық функция
2. IS қисығының теңдеуі мен айнымалылары. IS қисығын шығару үлгілері.
IS қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар
3. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік
Негізгі әдебиет: (72-125 б. 1):

5 тақырып. Ақша нарығы
Лекция мақсаты: Экономикалық жүйедегі маңызды құралы деп есептелетің
ақша нарығының табиғатың және жұмыс істеу заңдылықтарың зерттеу.
Негізгі терминдер: ақша нарығы, тепе-теңдік, пайыз мөлшерлемесі, Фишер
теңдеу, ақшаға сұраныс, ақша ұсыныс, ақша қорлар.
Лекция негіздері
1. Ақша функциялары. Ақша агрегаттары.
2. Ақшаның сандық теориясының теңдеуі. Ақша айналымының жылдамдығы. Фишер
теңдеуі.
3. Кейнстің өтімділікті таңдау теориясы. Мәмілелер жасау үшін ақшаға
сұраныс және активтер жағынан ақшаға сұраныс. Нақты ақша қорлары.
4. Ақша ұсынысы
5. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
6. Ақша саясатының құралдары
Ақшаның функциялары мен ақша агрегаттары
Экономиканы ақшасыз елестету мүмкін емес. Ақша деп төлем құралы
ретінде пайдаланылуы мүмкін кез келген нәрсені айтады. Әр түрлі даму
кезеңдерінде адамзат ақша ретінде әр түрлі тауарларды, яғни тауарлық ақшаны
пайдаланған: мал, асыл тастар және т.б.
Ақшаның функциялары: айналым құралы, есептеу құралы, құндылықты
сақтау құралы.
Өтімділік – активтердің құнын жоғалтпауысыз қолма-қол ақшаға жылдам
аудару мүмкіндігі. Ақшаны өтімділік дәрежесі бойынша ажыратады.
Ақша агрегаттары – ақша массасын анықтайтын көрсеткіштер:
М1 = Айналымдағы қолма-қол ақша (М0)+ Ағымдағы депозиттер
Ағымдағы депозиттерден ақшаны бірінші талабымен алуға болады.
М2 = М1 + Шексіз рұқсаты бар мерзімді депозиттер
Әдетте бұл шағын мерзімді салынымдар.
М3 = М2 + Тіркелген мерзімі бар ірі депозиттер + банктік емес қаржы
институттарындағы шоттар
Ақша агрегаттары әр түрлі елде түрліше айқындалады.

Ақша ұсынысы

Ақша ұсынысы дегеніміз – экономикадағы қазіргі уақыт мезетіндегі бар
ақша көлемі. Ақша ұсынысы келесі элементтерден тұрады: қолдағы бар ақша
және депозиттер.
Ақша ұсынысы мемлекеттік саясаттың негізгі құралы болып табылады. Оны
мемлекет атынан Орталық банк реттейді. Ақша ұсынысын жиі ақша массасы деп
те атайды. Ақша массасының көлемін реттеу саясаты ақша саясаты деп аталады.

Ақша ұсынысын реттеудің негізгі 3 құралы бар:
(1)Ашық нарықтағы операциялар, яғни мемлекеттік құнды қағазды сату және
сатып алу.
Орталық банктер құнды қағаздарды коммерциялық банктерге сатады.Бұл
жағдайда артық ақшаның массалық резервтері төмендейді де, нәтижесінде
экономикада мәмілелер азаяды, табыс та азаяды және керісінше.
(2)Міндетті резервтер нормасы. Ол былай белгіленеді: rr. Егер орталық
банк міндетті резервтер нормасын өсірсе онда артық ақша массасы резервтері
(M) төмендейді, нәтижесінде табыс деңгейі де төмендейді және керісінше.
(3)Есеп мөлшерлемесі. r пайыз өссе, артық ақша массасы резервтері
төмендейді, оның нәтижесінде табыс деңгейі төмендейді және керісінше.
Ақша ұсынысы тек қана Орталық банктің саясатына ғана емес, сонымен
қатар ақша иелері мен ақша сақтайтын банктердің іс-әрекетіне тәуелді.

Ақшаға сұраныс
Адамдардың ақшаны қолында ұстағысы келетінін мынадай себептері бар:
трансакциялық себеп, сақтық себеп, алыпсатарлық себеп.
Бірақ ақшаны қолында ұстау – оларды депозитте сақтағанда алатын
пайыздардан айырылу дегенмен бірдей.
Шынында адамдар ақшаға емес, МP ақшаның нақты қалдықтарына сұраныс
білдіреді, себебі ақшаның мөлшері емес, сол ақшаға сатып алынатын тауарлар
мен қызметтер мөлшері маңызды. Мұндағы М – ақша массасы, ал Р – бағалар
деңгейі. Ақшаның нақты қалдықтарына сұраныстың функциясы бұлайша жазылады:

(МР)D = L(r, Ү),

оның үстіне r пайыз мөлшерлемесіне тәуелділік кері, ал Ү табыстан –
тікелей.
Ақша айналысының жылдамдығы (табыс бойынша) орташа есеппен алғанда
әрбір ақша бірлігі жылына неше рет жұмсалғанын көрсетеді, яғни

V = (P . Y) M,

мұндағы М - ақша жиыны, P - бағалар деңгейі, Y - шығарылым.
Ақша айналысының жылдамдығы пайыз мөлшерлемесінен де, табыстан да
тікелей тәуелді. Бұл теңдікті былайша жазып алуға болады

M .V = P . Y.
Бұл теңдік ақшаның сандық теориясының теңдеуі деп аталады. Ескерту:
ақша айналысының жылдамдығын анықтау – ақша жиыны ретінде нені түсінуге
болатынына тәуелді – М1, М2, М3? Сәйкесінше V1, V2, V3 ақша айналысының
жылдамдықтары пайда болады. V1 жылдамдығы V2 жылдамдығынан төмен, өйткені
ол (V2) тұрақтырақ болып саналады.

Ақшаға сұраныс моделі
1. k=const
2.
Ақшаға сұраныс моделдерінде ақшаның негізгі 2 функциясына назар
аударылады.
1-ден жинақтау құралы
2-ден айналым құралы
Ақшаның жинақтау құралы ретінде функциясына ақшаға сұраныстың
портфелдік теориялары акцент қояды. Бұл теорияларға сәйкес, ақша активтер
формасының бірі.
Бұл теориялардың негізгі тұжырымы бойынша, ақшаның басқа активтерге
қарағанда тәуекелдік пен табыс факторлары жағынан белгілі ерекшелігі бар.
Мемлекеттік акция мен облигацияларға бағалар төмендегенімен, ақшанаң
қорлануы сенімді атаулы табыс әкеледі.
Сондықтан экономистердің ойынша, оптималды активтер қоржынын немесе
портфелін құрастырғанда халық өтімділігі жоғары ақша құралдарына артықшылық
береді.
Портфельдік теориясына сәйкес ақшада қажеттілік әртүрлі активтердің
салыстырмалы тартымдылығымен анықталады. Ол әрбір активтің тәуекелділік
дәрежесіне, табыс деңгейіне және

Ақша нарығындағы тепе-теңдік

Егер M - ақша ұсынысы, P – бағалар деңгейі болса, онда MP – ақшаның
нақты қалдықтары деп аталады. Ақша ұсынысы M және бағалар деңгейі P
тіркелген деп есептесек, онда ақшаның нақты қалдықтарының ұсынысы да пайыз
мөлшерлемесінен тәуелсіз дейміз, яғни

Ақшаның нақты қалдықтарына сұраныс
Ү шығарылым көлемінен тікелей, ал r пайыз мөлшерлемесінен кері тәуелді.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныстың теңдігімен
анықталады:

Бұл ара қатынас і пайыз мөлшерлемесі мен Ү табыстың тепе-теңдік
мәндерінің арасындағы байланысты ашады. Бұл тәуелділіктің Ү-і
диаграммасындағы графигі LM қисығы деп аталады. LM қисығының геометриялық
құру тәсілі суретінде келтірілген.

r r

Сурет. LM қисығын құру
Ақша несие саясаты: а) мысалы, Орталық банк халыққа құнды қағазды
сатты дейік. Бұл жағдайда ақша массасы азаяды да, нақты ақша массасы да
азяды, нәтижесінде LM қисығы солға– жоғары жылжиды. Бұл суретте
көрсетілген; ә) егер Орталық банк құнды қағаздарды сатып алса, онда
керісінше жағдай болады.

Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Ақша функциялары. Ақша агрегаттары. Сандық ақша теориясының теңдеуі
2. Кейнстің өтімділікті таңдау теориясы. Нақты ақша қорлары.
3. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Негізгі әдебиет: (175-192 б., 200-226 б.4)

6 тақырып. IS-LM моделі.
Лекция мақсаты: Тауар және ақша нарығындағы тепе-теңдігінің қалыптасуы
жағдайларын және оған әсер ететің механизімдерді көрсету.
Негізгі терминдер: ақша нарығы, тепе-теңдік, Кейнс мультипликаторы,
макроэкономикалық саясат, сұраныс және ұсыныс қисықтары.
Лекция негіздері
1. Тауар және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік. IS-LM моделі.
2. Жиынтық сұраныс қисығын шығару.
3. IS-LM моделі және Кейнс мультипликаторы. Инвестицияларды ығыстыру
нәтижесі. Кейнсиандық берілетін механизм.
4. Экономикалық ауытқулар. Жиынтық сұраныс және жабық экономикадағы
макроэкономикалық саясат.
Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік
Игілік нарығы түсінігінде қызмет көрсету мен тұтыну тауарлары нарығы
қарастырылады. Бұл тауарлар санаттары арасында кейбір ерекшеліктер бар,
дегенмен олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткені тұтыну мен
инвестицияланған тауарларға деген сұраныстың болуы әр түрлі айнымалы
шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табысқа
байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланысты
болады. Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарастырылған, өйткені тұтыну мен
инвестицияланған тауарлар нарығын бір-бірінен шектеу үшін, олардың
салыстырмалы бағаларын білу керек. IS-LM моделінде экономикалық тепе-теңдік
– ол IS және LM қисықтарының қиылысатын нүктесінде орын алады. Осы нүктеде
пайыздық мөлшерлеме мен пайданың мөлшерін анықтап, тауар нарығының тепе-
теңдігі мен ақша нарығының тепе-теңдігін қанағаттандырады. Басқаша
айтқанда, екң қисықтың қиылысу нүктесінде нақты шығындар жоспарланған
шығындарға тең және ол нақты ақша сұранысының қаражаттары ұсынысқа тең
екендігін көрсетеді.
IS–LM үлгісі (инвестиция – қор жинағы, ұнамды өтімділік - ақша) –
жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды
айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі.
IS – тауар нарығындағы тепе-теңдік үлгісі, ал LM – ақша нарығындағы
тепе-теңдіктің үлгісін анықтайды. Сонымен, IS – LM үлгісі екі нарықта да
тепе-теңдікті орнатады. Оның теңдеулері келесідей:
1. Y = C + I + G + Xn – негізігі макроэкономикалық тепе-теңдік.Мұндағы:
2. C = a + b(Y – T) – тұтыну функциясы;
3. I = e – d×i – инвестиция функциясы;
4. Xn = g – m(×Y – n×i – таза экспорт функциясы.
5. – ақшаға сұраныс функциясы.
Үлгінің ішкі айнымалылары:
Ү – табыс, С – тұтыну, І – инвестиция, Хn – таза экспорт, i – пайыздық
мөлшерлеме.
Үлгінің сыртқы айнымалылары:
G ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихты оқытуда жаңашыл педагогтар және оның идеялары
Жоғарғы оқу орнындағы лекция. Ағымдағы лекция
Мыс элементі
Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау және жиналған мәліметтерді талдау әдісі
Жоғары оқу орындағы тәрбие мен оқытудың теориясы
Жоғарғы оқу орнындағы лекция және оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формалары мен әдістері
Жоо-дағы оқу процесін ұйымдастыру формалары
Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруының ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы
ТЫҢДАП ТҮСІНУ
Пәндер