Басқару есебі туралы жалпы ұғым



Басқару есебі туралы жалпы ұғым
Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу
Өндірістік есепке алу шоттарының жүйесі, аналитикалық есепті ұйымдастыру
Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының есебі
Аяқталмаған өндiрiстi бағалау, түгендеу және оның есебі
Көмекші өндіріс шығындары есебінің ерекшеліктері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Өндіріс шығындарының жинақтау есебi
Кезең шығыстарының есебі
Шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мақсаттары мен әдістері
Шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың үдерістiк әдісi
Шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлiстiк әдісi
Шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісi
Шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтiк әдісi
Шығындарды толық бөлу арқылы және өзгермелi шығындар бойынша өнімнің өзiндiк құнын калькуляциялау
Өндiрiс залалсыздығын талдау
Шешім қабылдау кезіндегі релеванттық шығындар
Күрделi қаржы салымдары немесе инвестициялық жобалаулар туралы шешiм қабылдау
Басқару шешімдерін қабылдау кезінде өндіріс шығындарының динамикасын талдау
Өнімді өндіру мен өткізудің деңгейiн талдау
Басқару есебi – экономикалық субъектiнi жоспарлау, бақылау және басқару iс-әрекетiн реттеу мен шешiм қабылдау үдерісi арқылы басқару. Бұрын көрсетiлгендей, отандық бухгалтерлiк теория мен тәжірибеде «Басқару есебi» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.
Басқару есебiнiң негiзiнде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиiмдi басқару жүйесi жатыр.
Нақ басқару есебi кәсiпорындағы мiндеттi iс-қызмет үдерістepiнe тығыз байланысты методологияға негiзделедi, оның үстінe, басты назар, мысалы, бөлiмшелер қызметiн бағалау және өнім мен өндiрiстiң пайдалылығын бағалау сияқты аспектiлерге байланысты шығындарды басқару есебiне аударылады.
Осылайша, басқару мақсатымен есептiң ақпаратты өзгерту қажеттiлiгiне байланысты нормативтi есеп орнына, әрине, бас¬қару есебi келедi.
Бухгалтерлiк басқару есебi – есеп үдерісi мен кәсiпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын.
Ұйымның өндiрiстiк қызметi және оның жауапкершiлiк орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық бөлiмшелерi (ceгмeнттepi) бухгалтерлiк басқару есебiнiң ici болып шығады.
Жауапкершiлiк орталығы – шығындарды, кipicтep мен ұйым¬дағы бизнестiң осы ceгмeнтiнe инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бө¬лiмше. Бұл көрсеткiш басшылықтың бөлiмшесi үшiн анықталады.
Басқару есебiнде жауапкершiлiк орталығының төрт түpi атап көрсетіледі:
• шығын орталығы;
• кіріс орталығы;
• пайда орталығы;
• инвестиция орталығы.
Шығын орталығы – өндiрiстiк ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды баға¬лау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндірістік шығындарды есептеудi ұйымдастыратын кәсiпорынның құрылымдық бөлiмi.
Шығындар орталығы eкi бағытта жұмыс iстей алады: берiлген қаржы деңгейiнен ең көп шамада нәтиже алу; берiлген нәтижеге жету үшiн қажеттi қаржыны ең аз шамаға жеткізу.
Алайда шығындар орталығы басшыларына өндiрiс бағасы мен көлемiн өз бетiнше белгiлеуге pұқсат етiлмейдi.
Кipic орталығы – жауапкершiлiк орталығы, мұндa менеджер кiрiстердi алу үшiн жауап бередi, бiрақ шығындар үшiн (мы¬салы, сауда ұйымының көтерме сауда бөлiмi және т.с.с.) жауап бермейдi, оның басшыларының ic-әрекетi алынған кipicтep негiзiнде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебiнiң мiндетi – жауапкершiлiк орталығының қызмет қорытындылары шығар¬да нәтижелердi кесiмдi белгiлеу.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Басқару есебі туралы жалпы ұғым

Басқару есебi – экономикалық субъектiнi жоспарлау, бақылау және
басқару iс-әрекетiн реттеу мен шешiм қабылдау үдерісi арқылы басқару. Бұрын
көрсетiлгендей, отандық бухгалтерлiк теория мен тәжірибеде Басқару есебi
ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.
Басқару есебiнiң негiзiнде қаржылық, материалдық және еңбек
ресурстарын тиiмдi басқару жүйесi жатыр.
Нақ басқару есебi кәсiпорындағы мiндеттi iс-қызмет үдерістepiнe тығыз
байланысты методологияға негiзделедi, оның үстінe, басты назар, мысалы,
бөлiмшелер қызметiн бағалау және өнім мен өндiрiстiң пайдалылығын бағалау
сияқты аспектiлерге байланысты шығындарды басқару есебiне аударылады.
Осылайша, басқару мақсатымен есептiң ақпаратты өзгерту қажеттiлiгiне
байланысты нормативтi есеп орнына, әрине, басқару есебi келедi.
Бухгалтерлiк басқару есебi – есеп үдерісi мен кәсiпорынды басқару
арасындағы байланыстырушы буын.
Ұйымның өндiрiстiк қызметi және оның жауапкершiлiк орталықтары деп
аталатын жекелей құрылымдық бөлiмшелерi (ceгмeнттepi) бухгалтерлiк басқару
есебiнiң ici болып шығады.
Жауапкершiлiк орталығы – шығындарды, кipicтep мен ұйымдағы бизнестiң
осы ceгмeнтiнe инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер
басқаратын құрылымдық бөлiмше. Бұл көрсеткiш басшылықтың бөлiмшесi үшiн
анықталады.
Басқару есебiнде жауапкершiлiк орталығының төрт түpi атап көрсетіледі:

* шығын орталығы;
* кіріс орталығы;
* пайда орталығы;
* инвестиция орталығы.
Шығын орталығы – өндiрiстiк ресурстардың шығындарын байқау, бақылау,
басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу,
жоспарлау және өндірістік шығындарды есептеудi ұйымдастыратын кәсiпорынның
құрылымдық бөлiмi.
Шығындар орталығы eкi бағытта жұмыс iстей алады: берiлген қаржы
деңгейiнен ең көп шамада нәтиже алу; берiлген нәтижеге жету үшiн қажеттi
қаржыны ең аз шамаға жеткізу.
Алайда шығындар орталығы басшыларына өндiрiс бағасы мен көлемiн өз
бетiнше белгiлеуге pұқсат етiлмейдi.
Кipic орталығы – жауапкершiлiк орталығы, мұндa менеджер кiрiстердi алу
үшiн жауап бередi, бiрақ шығындар үшiн (мысалы, сауда ұйымының көтерме
сауда бөлiмi және т.с.с.) жауап бермейдi, оның басшыларының ic-әрекетi
алынған кipicтep негiзiнде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебiнiң
мiндетi – жауапкершiлiк орталығының қызмет қорытындылары шығарда
нәтижелердi кесiмдi белгiлеу.
Пайда орталығы – бұл басшысы бiр уақытта өз бөлiмшесiнiң кipicтepi
үшiн де, шығындары үшiн де жауап беретiн, тұтынылатын ресурстар саны және
күтiлетiн бүкiл мөлшерi жөнiнде шешiм қабылдайтын жауапкершiлiк орталығы.
Іс-әрекеттi бағалаудың белгiсi – алынған пайда мөлшерi. Сондықтан басқару
есебi жауапкершiлiк орталығына кipep шығындардың құны, осы орталық ішіндегі
шығындар және сегмент іс-әрекетінің қорытындылары шығарда түпкiлiктi
нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті.
Инвестиция орталықтары – кәсiпорын сегменттерi, олардың менеджерлерi
өз бөлiмшелерiнiң шығындары мен кipicтepiн бақылап қана қоймайды, басқа
орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиiмдi
пайдалануды да қадағалайды. Басқаруда ең үлкен өкiлеттiктерi бар инвестиция
орталығының басшылары қабылданатын шешiмдер үшiн кәсiпорын әкiмшiлiгi
жекелеген жобалар бойынша бөлген қаражатты бөлу ең жоғары жауапкершiлiк
көтередi.
Басқару есебiнiң мәні – шығындар мен кiрiстердi, мөлшерлеудi,
жоспарлауды, бақылауды және кәсiпорының болашақ даму мәселелерiн үйлестiру
мен шұғыл басқару шешiмдерi үшiн ақпаратты жүйелендiретiн таллдауға есеп
жүйесiн бiрiктiрiп кipiктipy (интеграциялау).
Ұйымды жауапкершiлiк орталықтарына бөлу мен оларды маңызына қарай
iрiктеудi кәсiпорынның ұйымдастырушылық құрылымы деп атайды.
Менеджерлерге жүктелген жауапкершiлiк дәрежесiне байланысты
кәсiпорынның ұйымдастырушылық құрылымы орmалықmандырылған немесе
орmалықmандырылмаған болып сипатталуы мүмкін.
Орmалықmандырылған ұйымдар функционалдi принциптер бойынша әкiмшiлiк,
қаржы, жабдықтау, өндiрiс, маркетинг және т.с.с. құрылған және олардың
басқару есебi жүйесi шығындар орталығына негiзделген. Басқарудың мұндай
жүйесi шын мәнiнде консервативтi болып табылады, ең көп шамада мәжбүрлiктi
көздейдi және өз қызметкерлерiне іс-қимыл бостандығын бермейдi.
Орmалықmандырылмаған құрылым пайда мен инвестиция орталықтары бар
болуымен сипатталады. Шығын орталықтарының менеджерлерiмен салыстырғанда
олардың басшыларының мол құқықтары мен мiндеттерi бар, кәсiпорын
әкiмшiлiгiнiң алдын-ала келiсуiнсiз шешiмдердiң едәуiр бөлiгiн қабылдай
алады.
Тандалған ұйымдастырушылық құрылым түpiнe қapaмaстaн, тұтастай
компанияны қаржыландыру үшiн жауапкершiлiк, әдетте, жоғары басшылықта
болады.

Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу

Кәсiпорынның өндiрiстiк қызметiнiң мақсаты - өнім шығару, оны еткiзу
мен пайда алу. Барлық кәсiпорынның да, оның белiмшелерiнiң өндiрiс
тиiмдiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштердiң жалпы жүйесiнде басты орын ~paмы
оны қалыптастыратын шығындармен белгiленетiн өзiндiк құнғa берiледi.
Өндiрiс шығындары - өнiмдi (жұмысты, қызметтi) өндiру мен өткiзуге
жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары.
Өндiрiс шығындарының басқару есебi кәсiпорынның негiзгi мақсатын
орындауға бейiмделген басқарудың белгiлi бiр үлгiсiне сәйкес еткен, осы
және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұpaды. Шығындар есебiн дұрыс
ұйымдастыру үшiн оларды ғылыми негiзделген жiктеудiң мәнi зор.
Шығындар - басқару есебi негiзгi объектiлерiнiң бiрi, курделi және сан
қырлы құбылыс. Оларды тиiмдi басқару үшiн белгiлi бiр белгiлер бойынша
шығындарды топтастыруды көздейтiн жiктеудi қолданған жөн.
№7 “Тауарлы-материалдық қорлардың есебi” атты Бухгалтерлiк есеп
стандартына сәйкес (2003 ж. 28 қаңтардағы өзгерiстерімен бiрге) шығындар
былайша жiктеледi:
* пайда болу орны (өндiрiс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлiмшелер)
бойынша. Мұндай жiктеу жауапкершiлiк орталықтары бойынша есептi ұйымдастыру
мен өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) өндiрiстiк өзiндiк құнын белгiлеу үшiн
қажет;
* шығынды көтерушiлер, яғни өнім (жұмыс, қызмет) түрлерi бойынша - өнiмнiң
өзiндiк құнын анықтау үшiн қажет;
* өнiмнiң өзiндiк құнынa жатқызу тәсiлi немесе шығын түрлерi бойынша
экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша:
а) экономикалық элементтер бойынша - өнім өндiрiсiне нақты не
жұмсалғанын керсетедi. №7 БЕС-ке сәйкес бұған мынадай экономикалық
элементтер жатады:
* материалдық шығындар;
* еңбектi өтеуге жұмсалатын шығындар;
* ақша аударымдары;
* құралдардың тозуы;
* басқадай шығындар.
ә) калькуляция баптары бойынша - өнiмнiң кейбiр түрлерiнiң өзiндiк
құнын есептеу үшiн қолданылады. №7 БЕС бойынша бұларға:
* материалдар;
* еңбектi өтеу;
* ақша аударымдары;
* қосымша шығыстар.
Көрсетiлген топтарды салыстыру 1-кестеде келтiрiлген.

1-кесте. Элементтер мен калькуляция баптары бойынша шығындарды топтастыру

Экономикалық элементтер Сомасы,Калькуляция Сомасы,
мың тг мың тг
1. Материалдық шығындар 78000 1. Материалдар 25200
2. Еңбекгi өтеуге шығатын17000 2. Сатылатын жартылай 41000
өнім
шығындар
3. Ақша аударымдары 3060 3. Қайтарымды қалдықтар 2400
(ұстап қалынады)
4. Негізгі құралдардың 7220 Технологиялық 9100
тозуы мақсаттарға
арналған отын мен
энергия
5. Басқадай шығындар 11720 5. Еңбектi өтеу 10000
Барлығы 117000 6. Ақша аударымдары 1800
6. Өндiрiстiк емес (3600) 7. Өндiрiстi дайындау 4600
шоттарға мен игеруге шығыстар
(-) (қайтарымды қалдықтар
құны, ақауға кiнәлiлерден
шығынның орнын толтыру
және т.б.)
Аяқталмаған өндiрiстiң 600 8. Қосымша шығыстар 17500
қалдығын (+) өзгерту
9. Ақаудан болған 1390
шығыстар
10. Басқадай өндірістік 1010
шығыстар
Барлығы 114000 Барлығы 114000

Экономикалық элементтер (117000 тг) және калькуляция баптары (114000
тг) бойынша шығындар өдiрiстiк емес шоттарға есеп өзгерту бөлiгiне тузету
элементтерi бойынша жиынтыққа кiрмей тұрып сандық жағынан бiрдей болмайды.
Шығындардағы айырмашылықтар, сондай-ақ ұқcac атаулардың элементтерi мен
калькуляция баптары бойынша да болады. Мысалы, экономикалық элемент бойынша
“Еңбектi өтеу шығындары” 17000 тг болып, ал “Еңбектi өтеу” калькуляциясының
бабы бойынша 10000 тг болып керсетiлген. Айырма жабдықты күтумен
шұғылданатын еңбекшiлердiң еңбегiн өтеу шығыстарында, яғни қосымша
шығыстарда ескерілген.
Алайда экономикалық элементтер мен шығын баптары бойынша шығын
есебiндегi топтасулар өзара байланысты екендiгiн байқаган жөн, өйткенi олар
субъектiнiң бiрдей шығындарын құрамы (элементтер) және мақсаттық белгiлеуi
(калькуляция баптары) бойынша сипаттайды.
Бұл есепте тұтастай шаруашылық жүргiзушi субъект бойынша ақпаратты
элементтік тұрғыда қалыптастыруға және оны шығындардың пайда болу орны мен
өнім (жұмыс, қызмет) түрлерi, калькуляция баптары бойынша мұқият
қарастыруға, өзіндік құнды анық есептен шығаруға, кәсіпорын шығындарын
бақылауды жақсартуға мүмкiндiк бередi. Экономикалық элементтер бойынша
топтастыру олардың құрылымын оқып-үйрену, өндiрiстiк шығыстардың сметасы
қолданылады. Eкi топтасу да бiрiн-бiрi толықтырады және өнiм өндiрiсiне
жұмсалған шығынды есептеуге, өзіндік құнды есептеу мен талдауға мүмкiндiк
бередi.
Өндiрiс шығындары бiрқатар басқа белгiлері бойынша жiктелуi мүмкін (2-
кесте):

2-кесте. Өндiрiс шығындарын жiктеу

№ Жiктелушi топ Шығындар (шығыстар)
1. Өндiрiс үдерісiндегi экономикалық • негiзгi
рөлі бойынша • көмекші
2. Өнімнің өзiндiк құнынa жатқызу • тiкелей
тәсiлi бойынша • жанама
3. Құрамы (бiртектiлiгi) бойынша • бiрэлементтiк
• кешендi
4. Өндiрiс көлемiне байланысты • өзгермелi
• тұрақты
5. Пайда болу мерзiмдiлiгi бойынша • ағымдағы
• бiр жолғы
6. Өндiрiс үдерісiне катысуы бойынша • өндiрiстiк
(басқару мiндеттерi бойынша) • әкімшілік
• коммерциялық
7. Тиiмдiлiгi бойынша • өндiрiстiк
• өндiрiстiк емес
8. Бақыланатын мүмкiндiгi бойынша • реттелетін
• реттелмейтiн
9. Орташалау дәрежесi бойынша • жалпы
• орта
10.Пайданы генерациялау кезеңiне • өнімгe
шығындарды жаткызу тәртiбi бойынша• кезеңге

Негiзгi шығындар - өндiрiстiң технологиялық үдерісiмен тiкелей
байланысты шығындар: шикiзат пен материалдар, қосалқы материалдар мен
басқадай шығындар.
Қосымша шығындар өндiрiстi ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны
басқаруға байланысты пайда болады.
Тiкелей шығындар - өнiмнiң белгiлi бiр түpiн өндiруге байланысты, оның
өзiндiк құнына тiкелей кipyi мүмкін (шикiзат, негiзгi материалдар, ақша
аударымдары). Жеке бөлiмшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлiмшенiң
шығындары деп аталады (автомеханиктiң еңбек ақысы - автосервис белiмшесiнiң
тiкелей шығындары, автомобильдi бояу цехында колданылатын бояудың құны -
тiкелей бояу цехының шығындары).
Жанама шығындар - өнiмнiң жеке түрлерiнiң өзiндiк құнына тікeлей
енгiзiлмейтiн және жанама (шартты) түрде бөлiнедi. Жеке бөлiмшелерге
жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар – субъектiнiң әрбiр
бөлiмшесiнiң жанама шығындары) деп аталады.
Шығындар бiр бөлiмше үшiн тiкелей, екiншiлерi үшiн жанама (зауыт
менеджерiнiң еңбек ақысы - кейбiр бөлiмшелер үшiн қосымша шығындар, алайда
бүкiл зауыт үшiн тiкелей шыгын) болуы мүмкін.
Тура және жанама етiп бөлу салалық ерекшелiктерге, өндiрiстi
ұйымдастыруға, өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялаудың қабылданған тәсiлiне
(көмip өнеркәсiбiнде, энергетикада – барлық шығындар тiкелей байланысты).
Бiрэлементтiк шығындар – бiр элементтен тұратындар (еңбек ақы,
материалдар, ақша аударымдары).
Кешендi шығындар – бiрнеше элементтен тұратындар (құрамына тиiстi
риске құрамның еңбек ақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен
баскадай бiрэлементтiк шығыстар кipeтiн цехтық шығыстар).
Өзгермелi шығындар – мөлшерi өндiрiс көлемiнiң өзгеруiне тура сайма-
сай (пропорциональды) өзгеретiндер (өндiрістiк жұмысшылардың еңбек ақысы,
технологиялық энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегi өнім өндiруге
сайма-сай бөлiнедi.
Тұрақты шығындар - өнім өндiрiсi көлемiнiң өзгеруiне байланысты емес
(жылыту, өндiстiк бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу, жарнама
шығындары және т.б.).
Өнім бiрлiгiне шаққандағы тұрақты шығындар өндiрiс көлемiнiң ұлғаюына
қарай төмендейдi.
Ағымдағы шығындар – жиi мерзiмде болып тұратын шығындар (шикiзат,
материалдық шығындар).
Бір жолғы шығындар (бiр мәрте) - еңбек демалысын, жөндеу жүргiзу және
т.б. төлеуге арналған шығындар. Олар сметаны бекiткен ретпен, тәртiппен
және мерзiмде бiртіндеп өнiмнiң өзiндiк құнынa кіpeді.
Өндiрiстiк шығындар - тауарлық өнiмдi дайындауға байланысты және оның
өндiрiстiк өзiндiк құнынa (тауарлық өнім - өз материалынан да, тапсырушының
материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және
қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; басқа жаққа босатылған, өзi
өндiрген жартылай өнiмнiң сондай-ақ субъектiнiң негiзгi құралжабдықтары
толықтыруға жiберiлген өнiмнiң өзiндiк құны) құрайтын барлық шығындар.
Әкiмшiлiк шығындар - жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк
мақсаттағы шығыстарға байланысты.
Коммерциялық (өткiзу бойынша) шығындар сатып алушыларға өнiмдi
өткiзуге байланысты.
Өндiргiштік (жоспарланатын) шығындар - тиiмдi технология мен өндiрiстi
ұйымдастыруға белгiленген сападағы өнім өндiрiсiне шыққан шығындар.
Өндiргiштік емес (жоспарланбайтын) шығындар - өндiрiс технологиясы мен
ұйымдастырудағы кемшiлiктер салдары iркiлiс шығындары болып табылады.
Реттелетiн шығындар - егер атқарушы шығындар деңгейiне елеулi әcep
етiп немесе реттей алса (өнiм өндiрiсiне пайдаланатын шикiзатқа шығындарды
цех тексерушiсi реттейдi).
Реттелмейтiн шығындар - деңгейiне еңбеккер (дайындау учаскесiнiң
шебеpi конструкторлық бөлiм қызметкерiнiң еңбегiн өтеу бойынша шығынға әcep
ете алмайды) елеулi ықпал ете алмайтын шығындар.
Жалпы шығындар - өндiрiлетiн өнiмнiң барлық көлемiне.
Орташа шығындар - өнiмнiң бiр бiрлiгiне шаққандағы өнімнің өзiндiк
құнына (тiкелей шығындар) кeтeтiн.
Кезең шығыстары: жалпы және әкiмшiлiк шығыстар, тауарды өткiзу бойынша
шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар (жанама шығындар).
Басқару есебiнде шығындарды жiктеу сан түрлi және қандай басқару
мiндетiн шешу қажеттiгiне байланысты. Басқару есебiнiң негiзгi мiндеттерiне
мыналар жатады:
өндiрiлген өнiмнiң өзiндiк құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың құнын
бағалау;
басқару шешiмiн қабылдау мен жоспарлау;
жауапкершiлiк орталығының өндiрiстiк қызметiн бақылау мен реттеу.

Өндірістік есепке алу шоттарының жүйесі, аналитикалық есепті ұйымдастыру

Кәсiпорын – бұл түрлi өндiрiстерден және шаруашылықтардан (негiзгi,
көмекшi, қосымша, қосалқы және эксперименттiк) тұратын күрделi механизм.
Кәсiпорынның жекелеген өндiрiстiк буындары бойынша жоспарлау және
шығындарды есепке алу мақсатында өндiрiлетiн өнімнің атқаратын қызметiне
қарай барлық өндiрiстер негiзгi және көмекші өндiрiстер болып eкiгe
бөлiнедi.
Негiзгi өндiрicке кәсiпорын шығаратын өнiмдер, сондай-ақ өнiмдi сатуға
және зауыт iшiнде тұтынуға (желiлiк, ұсталық, престеу, машина жасау
зауыттарында) арналғaн шалафабрикаттарды дайындайтын өндiрiстер жатады.
Көмекшi өндipic негiзгi өндiрiстiң өнімін әзiрлеуге қатыспайды, бiрақ
өнім өндiруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тiкелей ықпал етедi (жөндеу-
механикалық және аспаптық цехтар, электр-көлiктiк, сумен жабдықтау және
т.б.).
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндiру жөнiндегi
цехтар) негiзгi өндiрiс қалдықтарын кәдеге жаратуға септiгiн тигiзедi.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен
айналысатын цехтар) негiзгi материалдардан емес, бiрақ негiзгi және көмекшi
өндiрicтерде пайдаланатын материалдардан өнім өндiредi.
Эксперuменттiк (тәжiрuбелiк) цехтар тәжiрибелiк үлгiлердi дайындайды
және түрлi эксперименттiк жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсiпорында қызмет көpceтeтiн өндipicтep мен кәсiпорын
ұжымының тұрмыстық қажеттiлiгiн канағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылықтар, моншалар, кip жуатын орындар) болады. Бұл
кәсiпорындар өнiмдi дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды
aтқapуғa немесе қызмет көрсетуге өз септiгiн тигiзедi.
Өндiрicтiк есептi дұрыс ұйымдастырдың кез-келген кәсiпорын үшiн маңызы
зор.
Өндiрiстік есептi ұйымдастыру көбiне өндiрiстің типiне байланысты
болады. Өндiрiс жеке-дара, сериялық және жаппай өндiрiс болып үш топқа
(тұрпатқа) бөлiнедi.
Жеке-дара (жекелеген) өндiрiс – өнім жекелеген даналарымен немесе
қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндiрiс. Бұл ауыр
машина жасауға, кеме жасауға, бiрегей станоктар мен турбиналарды өндiруге
тән. Оның мынадай ерекшелiктерi бар: ондағы цехтар нақты бiр салаға
мамандандырылмайды; субъект пен цехтардың өндiрiс бaғдарламасында бұйымдар
мен олардың бөлiмдерiнiң көп мөлшерде болуымен ерекшеленедi; дайындық-
қорытындылау жұмыстарына кeтeтiн шығындардың деңгейi салыстырмалы жағдайда
алғанда бiршама үлкен болады; өндiрістiң басқа да тұрпаттарына қарағанда
өндiрiстiк цикл ұзақ болып келедi. Жеке-дара өндiрiсте, әдетте, шығындарды
есепке алу үшiн және өнімнің өзiндiк құнын калькуляциялау үшiн тапсырыстық
әдiс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбiр бұйым (тапсырыс) бойынша есепке
алынады.
Сериялық өндiрiс бiркелкi бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын
қайталанып отыруымен сипатталады.
Сериялардың көлемiне қарай өндiрiстер мынадай үш түрге бөлiнедi: ipi
сериялық өндiрiс (өнім жыл бойы үздiксiз дайындалады), сериялық (мамандану
анағұрлым тар, ал өндiрiстiк желiлер мен цехтар бойынша және технологиялық
жағынан мамандырылған), ұсақ сериялық өндiрiс (жекелеген өндiрiстен ұсақ
сериямен өнім шығаруға арналған).
Сериялық өндiрiсте шығынды есепке алудың және өнімнің өзiндiк құнын
калькуляциялаудың нормативтiк немесе қайта жасау әдiстерiн қолданады.
Жаппай өндipic – ұзақ уақыт бойы бiрдей өнiмдi үздiксiз шығаратын
өндiрiс тұрпаты (типi). Шығарылатын өнiмдердiң ассортиментi (түрлерi) көп
болмағанымен олардың шығарылатын мөлшерi айтарлықтай көп болуы мүмкін,
белгiлi бiр салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейi және өндiрiстiң
жұмыс ырғағының жоғары болуы өндiрiстiң осы тұрпатына тән белгiлер болып
табылады. Бұл арада әдеттегiдей өнімнің және оның негiзгi элементтерiнiң
өзiндiк құнын есепке алудың жене калькуляциялаудың нормативтiк әдiсi
қолданылады.
Кез келген өнiмдi өндiру, жұмыстарды атқару және қызметтi көрсету
белгiлi бiр шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз eтyi
керек: жалпы өнім көлемiн, әрбiр өнім түрлерiнiң нақты өзiндiк құнын
есептеу (калькуляциялау), кызметтi көрсету, жұмысты орындау, өндiрiлген
өнімнің накты шығысын толык, дер кезiнде және шынайы көрсету, сондай-ақ
жалпы бизнестi ұйымдастыру және басқарушылық шешiмдi қабылдау мен жоспарлау
үшiн ақпараттарды жинау және бақылауды көздейдi.
Өндiрiс шығындарын есепке алу үшiн шоттардың кешендi жүйесi
қолданылады, оған 90 – Негiзгi өндiрiс, 92 – Көмекшi өндiрiс, 93 –
Үстеме шығыстар бөлiмшелерiнiң шоттары кiредi.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды
қамтамасыз ету үшiн мынадай есеп регистрлерi пайдаланылады:
Цехтар бойынша шығындар ведомосы, онда 90, 92, 93 бөлiмшелер шоттары
бойынша шығындар есепке алынады. 90, 92, 93 бөлiмшелер шоттарының есебi
компьютерлендiрiлген кезде олар бойынша тиiстi машинограмма колданылады. Ай
соңында бухгалтерия өндipic шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.
Өндiрiс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебi калькуляция
(есеп) объектiлерiнiң және цехтар мен өндiрiстер бойынша шығын баптарының
үлгiленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (қолжазбалық)
карточкаларда немесе ведомостарда жүргiзiледi.
Өндiрiске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай
калькуляциялау объектiсiне жататындығын белгiлеу үшiн, есеп объектiлерiн,
шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме
шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектiлерi
бойынша дұрыс топтастыруға мүмкiндiк бередi.
Орташа және ipi кәсiпорындарда өндiрiс шығындарын есепке алу және
өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау үшiн кәсiпорынның бухгалтериясы
құрамында, бiртұтас болып келетiн eкi бухгалтерия – қаржылық және басқару
бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10-80 бөлiмшелерiне
eнeтiн шоттарын жүргiзiп, есептiң Бас кiтабын, кәciпopынның балансын және
қаржылық есеп беруiн жасайды.
Басқару бухгалтериясы Шоттардың типтік жоспарының 9 бөлiмiне eнeтiн
шоттарды пайдаланады. Ол өндiрiс шығындары туралы ақпаратты қорытып,
өзiндiк құнды калькуляциялайды, өндiрiс шығындарының нормалары мен
нормативтерiн талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндiрiстегi
шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептiң бүкiл көлемiнiң
нормативтiк, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару
бухгалтериясы жабық (құпия) болып келедi. Бұл өз билiгiнде қандай да
болмасын бiр ноу-хауды және өндiрiстi басқарудың озық деңгейiн
ұйымдастыруды, жаңалықтарды өз бәсекелестерi өздерiнен бұрын пайдаланып
кeтпeyiн қамтамасыз етедi. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының
сыртқы тұтынушылар үшiн ғана емес, сонымен бiрге осы кәсiпорынның
қызметкерлерi үшiн де жабық болуы мүмкін.
Өндiрiске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлiмшесi бiр
шолушы және бiрнеше транзиттiк шоттардан тұрады, онда олардың мазмұны,
пайда болған орындары және басқа да белгiлерi бойынша шығындар
топтастырылады.
Транзиттiк шоттарда көрсетiлген ақпараттар нақты жасалған шығындар
туралы белгiлi бiр ақпарапардың бөлiгiн көрсетедi, оны шолып (белгiленген
қағидалар мен ережелердi пайдалана отырып), шығарылған өнiмнiң (нақты
өндiрiстiк өзiндiк құны туралы мәлiметтердi алуға болады, сондай-ақ өнім
бiрлiгi де есептелiнедi. Әрбiр бөлiмше өз кезегiнде үш категорияға
бөлiнедi:
- өнім өндіруге кеткен тiкелей материалдық шығындар;
- жұмыс күшiне жұмсалған тiкелей шығындар;
- үстеме шығыстар.
Өнім өндіруге кеткен тiкелей материалдық шығындар соңгы өнiмнiң
құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындарымен қатар қосылады. Мысалы,
автомобиль өндiрici үшiн болат немесе жиһаз өндiрiсi үшiн ағаш негiзгi
материал болып табылады.
Жұмыс күшiне жұмсалған тiкелей шығындар – бұл өнiмдi әзiрлеуге тiкелей
қатысқан өндiрiс жұмысшыларына есептелген еңбек ақы (одан жасалатын
аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады. Мысалы, толассыз өндiрiсте
жұмыс iстейтiн оператордың немесе металл өңдеушi станокта iстейтiн
жұмысшының еңбек ақысы т.с.с. басқа да тiкелей еңбек ақылар жатады.
Қызмет көpceтeтiн цех жұмысшыларының еңбек ақысы тiкелей еңбек ақы
болып табылмайды, олар үстеме шығысқа жатқызылады.
Үстеме шығыстар өндiрicке кеткен барлық шығындардан тiкелей шығындарды
(тiкелей материалдық шығындар мен өндiрiстік жұмысшылардың еңбек ақысы)
шегерiп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына:
амортизация, жалгерлік төлем, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметi,
жарықтандыру және басқа да себептердiң салдарынан өндiрiстiң уақытша тоқтап
қалуының шығыстары жатады.
Жалпы алғанда, өндiрiс есебiн төрт негiзгi кезеңге бөлуге болады:
- өндiрiс түрлерi бойынша транзиттiк шоттарда субъектiнің есептi
кезеңнiң барысында тiкелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу жасалады
(негiзгi, көмекшi, т.б. өндiрiстер бойынша).
- үстеме шығыстардың шоттары бойынша субъектінің үстеме шығыстары
жинақталып, олардың жалпы деңгейi туралы ақпараттар берiледi;
- үстеме шығыстарды белгiленген тәсiл (шаруашылық жүргiзушi
субъектiнің Есеп саясатында қаралғaн әдiсi) бойынша негiзгi және көмекшi
өндiрiстерге таратады;
- транзиттiк шоттардағы жинақталған шығыстарды дайын өнім шотына
есептен шығарып, дайын өнімнің нақты өзiндiк құны қалыптасады, сондай-ақ
аяқталмаған өндiрiстiң де үлесi анықталып, тиесiлi саласына жатқызылады.

Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының есебі

Калькуляция дегенiмiз – өнімнің (жұмыстың, қызметтердiң) бip өлшемге
есептелiнген өзiндiк құны болып табылады. Ол кәсiпорын жұмысын жедел
басқару үшiн маңызды роль атқарады және iшкi резервтердi дер кезiнде ашуға
және өнімнің өзiндiк құнын жоспарлауға, өнімгe (жұмыстарға, қызметтерге)
көтерме және бөлшек бағаларды негiздеуге пайдаланылады.
Өндiрiстi ұйымдастыру ерекшелiктерi мен технологиясына байланысты
өндiрiстегi шығындарды есепке алудың және өнімнің өзiндiк құнын
калькуляциялаудың бiрнеше әдicтерi қолданылады. Халық шаруашылығының түлi
салаларындағы кәсiпорындарда қандай да бiр әдiстi қолдану өнімнің өзiндiк
құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөнiндегi негiзгi
ережелерiне сәйкес белгiленедi.
Калькуляциялауды жасау мерзiмi алдын ала және кейiнгi (немесе кезектi)
болып eкiгe бөлiнедi.
Алдын ала жасалатын калькуляция өнiмдi шығарғанға дейiн өндiрicке
қажеттi деңгейдегi шығындардың мөлшерiн топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық
және нормативтiк калькуляция жатады.
Жоспарлы калькуляция – өнімгe (жұмысқа, қызметке) және бұйым бiрлiгiне
мүмкін болатын шығындардың деңгейiнде анықталады, бiрақ ол кезде жалақының,
энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндiрicтiң технологиясы,
сондай-ақ резервтерi ескерiледi.
Сметалық (болжамдық) калькуляция – бұл жоспарлы калькуляцияның бip
түpi, ол жоспарланған және жаңадан игерiлген бұйымның негiзiнде жасалады.
Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негiз бола алады.
Нормативтiк калькуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бip түpi
болып табылады. Бұл аталған әдiс шығындарды есептеудiң нормативтiк әдiсiн
және кәсiпорынның өзiнде пайдаланып жүрген өнімнің өзiндiк құнының
калькуляциясын қолданады. Оның негiзiнде қол жеткен шығындар деңгейiн
сипаттайтын ағымдағы және әрекет етiп тұрған нормаларды пайдаланады.
Нормативтiк калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға қарағанда дәлдiлiгi
анағұрлым жоғарылау болып келедi.
Кейiнгi (немесе кезектi) калькуляция өнім шығарылғаннан соң
6ухгалтерлiк есеп мәлiметтерi бойынша жасалынады.
Олар нақты шығынды көрсетедi. Оларға нақты (есеп беру калькуляциясы)
және шамаланған калькуляция жатады.
Калькуляциялау кезiнде өнімнің өзiндiк құнының калькуляциясын және
шығындарды есептеу объектiсiн дұрыс белгiлеу өте үлкен роль атқарады.
Шығындардың есеп объектiсi болып, сол шығындардың өндiрiстегi
аналитикалық eceбi саналады.
Калькуляцияның объектici болып, өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің)
түрлерi саналады. Өнеркәсiпте есеп объектiсi өте жиi калькуляциялау
объектiсiмен сәйкес келедi.
Мысалы, тігін фабрикасының шығыны мен өнімнің өзiндiк құны сол
фабрикада тiгiлген ерлер костюмы бойынша есептелiнедi. Ауыл шаруашылығында
есеп объектiсi, әдетте, өзiнiң калькуляциялау объектiсiмен сәйкес келе
бермейдi. Мысалы, өсiмдiк шаруашылығында есептеу объектici күздiк бидай
болып табылса, ал калькуляциялау объектiсi болып, са6ан саналады. Мал
шаруашылығында есептеу объектiсi cүттi табын болып табылады, ал
калькуляциялау объектiсiне сол табынның cүті, төлi, қиы жатады.
Есеп объектiсi мен калькуляциялаудан басқа калькуляциялық бiрлiк
тiзiмiн белгiлеу қажет. Калькуляциялық 6iрлiк, әдетте, тиiстi өнім (бұйым)
түpiнiң техникалық жағдайына немесе қабылданған стандарттық өлшем бiрлiгiне
және өндiрiлген өнімнің натуралды көpiнiciнe сәйкес келуi тиic. Іc жүзiнде
пайдаланылатын калькуляциялық өлшем бiрлiгiн келесi топқа бipiктipyгe
болады:
– натуралды бiрлiктерi – дана, метр, килограмм, тонна, литр және
т.б.;
– iрiлендiрiлген (иесiздендiрiлген) бiрлiгi – тігін бұйымының
прейскуранттық нөмipi, белгiлi бip артикулдағы жүз жіп аяқ
киiмi және т.б.;
– өнімнің өзiндiк құнын калькуляциялау үшiн пайдаланылатын
шарттынатуралдық бiрлiк, ондағы пайдалы заттың құрамы әр түрлi
тербелiсте болуы мүмкін (мысалы, спирт- 100%, күйдiргiш сода -
92% натрий);
– құндық бiрлiгi;
– еңбек бiрлiгi (норма-сағаты);
– орындалған жұмыс бiрлiгi (ткм, машина-күнi, ай-күнi);
– пайдалы нәтиженiң бiрлiгi – қуаты, өнiмдiлiгi және т.б.
Өндiрiстiң технологиялық және ұйымдастыру ерекшелiктерiне байланысты
өнімнің өзiндiк құнын калькуляциялаудың және өндiрiс шығындарын есептеудiң
бiрнеше әдiстерi пайдаланылады.
Өнімнің өзiндiк құнын калькуляцuялаудың және өндіріске кеткен
шығындарды eceпmeyдің әдici деп, кәсiпорынның шығынын бақылау үшiн өнімнің
нақты өзiндiк құнын есептеу және өндiрiс шығындары туралы ақпараттарды
есепте топтастыру, жинау бойынша әдiстерiнiң жиынтығын атайды.
Өнімнің өзiндiк құнын есептеу әдiсiне әсер eтeтiн негiзгi факторлар
ретiнде мыналарды aтayғa болады:
– өндiрiс типi;
– өндiрiстiң күрделiлiгi;
– шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты;
– өндiрiс циклының ұзақтығы;
– аяқталмаған өндiрiстiң қолда бары, құрамы және көлемi.
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі деп аталатын №7 Бухгалтерлік
есеп стандартында (БЕС-да) шығынды есептеудiң үш негiзгi әдiсi
қарастырылған. Одан басқа ic жүзiнде жай (үдерістiк) әдiсi де қолданылуы
мүмкін.

Аяқталмаған өндiрiстi бағалау, түгендеу және оның есебі

Аяқталмаған өндiрiстi бағалау және есепке алу. Өндeyдiң барлық түpiнeн
өтпeгeн және техникалық бөлiм де, тапсырыс берушi де қабылдап алмаған
аяқталмаған жұмыстар aяқтaлмaғaн өндipicкe жатқызылады, ал олар бойынша
жұмсалғaн шығындар аяқталмағaн өндiрiске жұмсалғaн шығындарды құрайды.
Аяқталмаған өндiрicтегi шалафабрикаттың қозғaлысы бойынша сандық жедел
есебiн диспетчерлiк-жоспарлау бөлiмi, ал оның ақшалай түрiндегi есебiн
кәсiпорынның бухгалтериясы жүргiзедi.
Бұл есеп аяқталмаған өндiрiсте тұрған материалдардың, тораптар мен
бөлшектердiң жұмыстарын қадағалауға және олардың сақталуына, дайын өнім мен
аяқталмаған өндiрiс арасындағы шығындардың ара-жiгiн дұрыс ашуға;
шалафабрикаттардың белгiленген жиынтықта болуына бақылау жасауға;
аяқталмаған өндiрiстiң кем шығуы мен артық шығуын, ақау мен өнімнің
бөлiмшелерде бүлiнуiн анықтауға және тиiстi шотқа жататынына байланысты
оларды есептен шығарып тастауға арналған.
Өндiрiсте бөлшектерді (детальдарды) есепке алу бөлшектiк-операциялық
және бөлшек деп аталатын eкi қағида бойынша бөлiнедi.
Жеке өндiрiсте цехтардағы бөлшектердiң жылжуы және олардың бiр цехтан
екiншi цехқа берiлуi есепке алу операциялары бойынша жургiзiледi. Бұл
мақсат үшiн бағыттық (маршруттық) парақтар мен арнаулы карточкалар
пайдаланылады. Жаппай өнім шығаратын және ipi сериялық өнiмдер шығаратын
өндiрiстерде цехтар бойынша аяқталмаған өндiрiстiң қозғалысын егжей-
тегжейлi есепке алу жүйесi қолданылады. Бұл үшiн карточкалар немесе
ведомостар ашылады, онда өндiрiсте бұйымдардың шығарылғаны, бұйымдардың
(бөлшектердiң) ақауы, жоғалуы және бүлiнуi туралы мәлiметтер болады.
Дайындау цехтарында өндiрiсте жатқан бөлшектердiң саны өнiмдi есепке алу
деректерi бойынша анықталады.
Бөлшектердiң қозғалысын есепке алуды жеңiлдету мақсатымен олардың
цехтан екiншi цехқа берiлуiн бiр айлық карталар арқылы жүзеге асырады, ал
бөлшектердi құрастыруға босату үшiн жинақтаушы ведомостар бойынша
рәсiмдеуге болады; жаппай өнім шығаратын өндiрiстерде бiр ай iшiнде
құжаттарсыз-ақ ай соңында жедел есептеу мәлiметтерiнiң негiзiнде жинауға
(құрастыруға) босатылған бөлшектердi қадағалауға болады.
Аяқталмаған өндiрicтегi қалдықтар былай бағаланады:
– шығындарды толығымен дайын өнімгe жатқызады, Өндiрiстi әзiрлеу мен
игеруге жұмсалған шығыстар, Ақаудан болған шығындар, Өндiрiстен тыс
(коммерциялық) шығыстар деген баптардан басқа калькуляцияның барлық
баптары бойынша ic жүзiндегi өзiндiк құны бойынша анықталады;
– дайындық дәрежесiн (жаппай және ipi сериялық өндiрiстерде) ескере
отырып, тiкелей шығындардың барлық баптары бойынша шығыс нормаларын негiзге
ала отырып, қосымша және жалпы әкiмшiлiк шығындар кабылданғaн базалық
проценті бойынша таратудың арқасында анықтайды.
Тоқыма өнеркәсiбiнде аяқталмаған өндiрiс қалдықтарын шикiзат пен
материалдар шығындарының құны бойынша бағалайды.
Жеке-дара өндiрiстегi аяқталмаған өндiрiстi әрбiр аяқталмаған тапсырыс
бойынша шығындарын есептеу жолымен анықтайды. Халық шаруашылығының түрлi
салаларындағы кәсiпорындарда түгендеу ерекшелiктерi мен аяқталмаған
өндiрicтi бағалау әдiстерi жеткiлiктi түрде баяндалған.
Аяқталмаған өндiрiстi түгендеу. Аяқталмаған өндiрiстi түгендеудің
мақсаты өнімнің өзiндiк құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау
жөнiндегi ережелер мен тиiстi салалық нұсқауларына сәйкес оның көлемiн және
ic жүзiндегi бағасын анықтау болып табылады.
Өнеркәсiп орындарында бөлшектердiң, тораптардың, агрегаттардың, артық
жиналып, қарастырылып бiтпеген бұйымдардың ic жүзiнде бар-жоғын анықтау;
есепке алынбаған ақауды табу; аяқталмаған өндiрiстiң ic жүзiнде
комплектiлiгiн және құрастыру iciнiң бөлшектермен қамтамасыз етiлуiн
анықтау; күшi жойылған тапсырыстар бойынша аяқталмаған өндiрiс қалдығын
табу; өндiрiсте артық жиналып калған бөлшектердiң, тораптар мен
агрегаттардың және т.б. ic жүзiндегi өзiндiк құнын анықтау қажет.
Түгендеудi (инвентаризация) бастар алдында цехтарға қажет емес барлық
материалдар, сондай-ақ бұл кезеңде өңделiп бiтпеген барлық бөлшектер және
тораптар мен агрегаттарды қоймаларға тапсыру қажет. Аяқталмаған өндiрiстiң
цехтарда жиналып қалған артық бөлшектер мен шалафабрикаттарын оларды дұрыс
сaнayғa қолайлы болатындай тәртiпке келтiру керек. Аяқталмаған өндiрiс
қалдықтарын (бөлшектердi, тораптарды, агрегаттарды) тексеру, оларды нақты
санау, таразыға тарту, өлшеу арқылы жүргiзiледi.
Түгендеу тiзiмдерi артық бөлшектердiң атауы, олардың дайын болу сатысы
немесе дәрежесi, саны немесе көлемi көрсетiле отырып, әрбiр цех бойынша
бөлек жасалады.
Жұмыс орындарында тұpғaн өңдеуге ұшырамаған шикiзаттар, материалдар
мен сатып алынған шалафабрикаттар аяқталмаған өндiрiс тiзiмiне
енгiзiлмейдi, олар жекелеген бөлек тiзiмдерге енгiзiледi. Түпкiлiктi aқayғa
шығарылғн бөлшектер аяқталмаған өндiрiс құрамына енгiзiлмейдi.
Бiртектi емес салмақтан (массадан) немесе әр түрлi қоспадан тұратын
аяқталмаған өндiрiс бойынша (өнеркәсiптiң тиiстi салаларында) түгендеу
тiзiмдерiнде, сондай-ақ салыстырмалы ведомостарында eкi сандық көрсеткiш:
осы салмақтың немесе қоспаның саны және оның құрамына кipeтiн шикiзаттар
мен материалдардың саны (жекелеген атаулар бойынша) келтiрiледi.
Шикiзаттардың немесе материалдардың саны салалық нұсқауларда белгiленген
тәртiп бойынша есепке алынады.
Сонымен қатар, болашақ кезендердiң шығындары да түгенденедi. Түгендеу
комиссиясы құжаттар бойынша 34 – Болашақ кезеңдердiң шығындары
бөлiмшесiнiң шоттарында көрсетiлуге тиiстi соманы анықтап, тiзiмдемеге
енгiзедi. Бұл бөлiмшенiң шоттарында шығындар қалдырылуы мүмкін, олар
кәсiпорында әзiрленген сметаларға сәйкес құжатпен негiзделген мерзiмiнде
өндiрiс шығындарына, не кәсiпорын қаржысының тиiстi көздерiне жатқызылуы
мүмкін.
Түгендеу кезiнде анықталған аяқталмаған өндiрiстiң артық қалдықтары
жоспарлы (нормативтi) өзiндiк құн бойынша немесе зауыт iшiндегi жоспарлы
есептік бағасы бойынша кipicкe алынады, мұнда 900 – Негiзгi өндiрiс шоты
дебеттеледi де, 709 – Негiзгi қызметтен түскен басқа да табыстаp".
Аякталмаған өндiрiстi түгендеу кезiнде анықталған жетiспеушiлiктерi
900 – Негiзгi өндiрiс шотының кредитiнен 334 – Басқа да дебиторлық
қарыздар шотының дебетiне жазылады.

Көмекші өндіріс шығындары есебінің ерекшеліктері және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау

Негiзгi өндiрiс тұтынатын өнiмдi шығарып жұмыс жасайтын және қызмет
көpceтeтiн өндiрiс көмекшi өндiрiс деп аталады. Бұл қазандық, электр
станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және
т.б. Көмекшi өндiрiстiң шығындарын есептеуге 920 шоты арналған және ол
Цехтардың шығындары деп аталатын ведомоста жүргiзiледi, онда әрбiр
өндiрiс (цехтар) үшiн жеке талдамалық шот (тiркемелi парақтарда) ашылады.
Көмекшi өндiрiстiң шығындарын есепке алу үшiн мына шоттар арналған:
920 – Көмекшi өндiрiстер (қорытушы шот);
921 – Материалдар;
922 – Қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу;
923 – Еңбек ақыдан қаржы бөлу;
924 – Үстеме шығыстар.
Көмекшi өндiрiстердiң әрбiр цехтары бойынша шығындарды есепке алу
Цехтық шығындар деп аталатын ведомоста жүргiзiледi. Ведомосқа жазбалар
талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.
Көмекшi өндiрicтiң талдамалық (аналитикалық) есебi әрбiр цехта, өнім
түрлерi (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүредi. Шығын
номенклатурасы өндiрicтiң күрделiлiгi мен сипатына тәуелдi болып келедi,
әдетте, ол өзiне: негiзгi материалдарды, көмекшi материалдарды, отын-
энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндiрiс
мақсаты үшiн пайдаланатын буды және суды, негiзгi және қосымша жалақыны,
жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.
Көмекшi өндiрiстiң есеп айырысуы мен калькуляциясы бiршама
ерекшеленедi, өйткенi кейбiр цехтар бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады
және тұрақты түрде бiр-бiрiне қызмет көрсетедi: жөндеу-механикалық цехы жүк
автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт
цехы жөндеу-механикалық цехына жүктi тасымалдайды.
Автомашинаның ағымдағы жөндеуiнiң еөзiндiк құнын есептеу үшiн
автомашинамен тасымалданатын жүктiң өзiндiк құнын бiлу керек, ал
тасымалданатын жүктiң өзiндiк құнын есептеу үшiн ағымдағы жөндеудiң өзiндiк
құнын бiлу керек. Бұл жағдайда, өзiндiк құны не математикалық, не есептiк
өзiндiк құн бойынша (немесе өткен айдағы қызмет көрсетудiң құны бойынша)
есептелiнедi. Математикалық әдiс анық болғанымен, ic жүзiнде екiншi әдiсi
кeңiнeн пайдаланылады. Көмекшi өндiрiсте шығындар ай сайын таратылады,
сондықтан онда қалдық қалмайды.
Тек жөндеу-механикалық пен аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл
цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Мұндай қалдықтарды есептiк
кезеңнiң соңында өндiрiстiк (басқарушылық) бухгалтериядан қаржылық
бухгалтериясына берiледi, ол кезде 213 – Көмекшi өндiрic шоты дебеттеледi
де, 920 – Көмекшi өндiрiс шоты кредиттеледi – бұл операцияның кeмeгiмeн
аяқталмаған өндiрiстiң қалдығы қаржылық есеп берудiң көмекшi өндiрiсiне
жатқызылады.
Келесi есептiк жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндiрiстiк
(басқарушылық) бухгалтерияға берiледi, ол кезде 920 – Көмекшi өндiрic
шоты дебеттелiп, 213 – Көмекшi өндiрic шоты кредиттеледi.
Көмекшi өндiрiстiң кеөрсеткен қызметiн және атқарған жұмысын
тұтынушылар бойынша тарату үшiн Көмекшi өндiрiстiң көрсеткен қызметiн
тарату деп аталатын талдамалы кecтeciн жасайды. Онда әрбiр көмекшi
цехтардың жиынтық шығындары, өндiрiлген өнімнің саны көрсетiледi.
Ол үш бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде өнiмнiң (жұмыстардың,
қызметтердiң) және көмекшi өндipicтepдің шығындарынан, ондағы материалдық
құндылықтардың ic жүзiндегi өзiндiк құны есептелiнiп шығарылады және
олардың жоспарлы өзiндiк құны келтiрiледi. Қабылданған және көрсетiлген
қарама-қарсы қызметтердiң өзiндiк құны тең болуға тиiс. Екiншi бөлiмде
алынған және көрсeтiлген қызметтердiң саны мен жоспарлы өзiндiк құны,
негiзгi тұтынушыларға босатылған қызметтердiң саны мен құны, материалдық
шоттарға кipicкe алынған құндылықтардың құны көрсетiлiп, өнiмнiң
(жұмыстардың, қызметтердiң) бiр өлшемiнiң өзiндiк құны анықталады.
Екiншi бөлiмнiң деректерi Цехтық шығындар ведомосына жазылады, содан
соң өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) тұтынғандардың шоттары дебеттеледi де,
920 шоты кредиттеледi.
Үшiншi бөлiмде көрсетiлген қызметтiң жабдықтаушысы болып саналмайтын
бөлiмшелердi шығындарының тapaтылғаны көрсетiледi.
Технологиялық үдерістің сипатына және шығаратын өнімнің (жұмыстардың,
қызметтердiң) бiртектiлiгiне карай қосымша өндiрic қарапайым және күрделi
болып бөлiнедi.
Қарапайым өндiрiс бiртектi, күрделiлiгi бiрдей өнiмдердi шығарады.
Оларда, әдетте, аяқталмаған өндiрiс пен шалафабрикаттар (электр
станциялары, бу қазандығы, компрессорлық және oттeгi станциялары,
автомобиль көлiгi) болмайды.
Күрделi өндipic алуан түрлi өнім турлерiн шығарады, оның аяқталмаған
өндiрiсi болады және бұйымдардың, өнiмдердiң, жұмыстардың және көрсетiлген
қызметтердiң түрлерi бойынша есеп жүргiзудi талап етедi. Оған жөндеу,
модельдiк (үлгiлiк), аспаптық, ыдыс цехтары жатады.
Күрделi көмекшi өндiрiстердегi өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң)
өзiндiк құнын дұрыс есептеу үшiн аяқталмаған өндiрicтiң деңгейiн анықтаудың
үлкен маңызы бар. Нақтылап айтқанда, осы eкi әдiс бойынша, яғни ic
жүзiндегi өзiндiк құны бойынша да, есептеп шығару жолымен де бағалауға
болады.
Бiрiншi әдiс кезiнде жөндеу жұмыстарына, тапсырыстарға, не өнiмнiң
жекелеген түрлерiн дайындауға кеткен шығындар бойынша есептеп шытарылады.
Негiзгi материалдар, Көмекші материалдар, Негiзгi және қосымша еңбек
ақы және т.б. баптар бойынша шығындар бастапқы құжжаттардың деректерi
бойынша тiкелей табылады. Қосымша шығындар оларды бөлу тәртiбiмен
белгiленген көлемде аяқталмаған өндiрiске жатқызылады.
Екiншi әдiс кезiнде түгендеу деректерi бойынша аяқталмаған өндiрiс
объектiлерiнiң саны және норма-сағаты олардың дайындық деңгейiмен
анықталады. Hopмa-сағаттардың санын есептеп шығарып және бiр нормасағаттың
жоспарлы өзiндiк құны арқылы аяқталмаған өндiрiстегi еңбек ақының үлесiн
табады. Материалдардың құнын нормативтiк калькуляцияның деректерi бойынша,
ал қосымша шығындарды еңбек ақыға проценттiк қатынасы бойынша анықтайды.
Осы баптар бойынша жасалған шығындар сомасы аяқталмаған өндiрiстiң құнын
құрайды.
Көмекшi өндiрiстiң көрсеткен қызметiн тарату үшiн Көмекшi өндiрiстiң
қызметтерiн тарату кecтeci деген аналитикалық кecтeciн жасалады. Оның
бiрiншi бөлiмiнде негiзгi тұтынушының көрсеткен қызметiнiң нақты өзiндiк
құны анықталады, ( қарсы қабылданған қызметтiң өзiндiк құны қосылып, қарсы
көрсетiлген қызметтің өзiндiк құны шегерiледi). Ал екiншi бөлiмінде алдымен
негiзгi тұтынушының тұтынған қызметiн табады. Содан соң негiзгi тұтынушының
көрсеткен қызметiнiң нақты өзiндiк құнын сол тұтынушының тұтынтан қызмет
санына бөледi. Егер де алынған қызметтiң өзiндiк құнының бiрлiгiн көмекшi
өндiрiстiң көрсеткен қызметiнің санына кебейтіп, нәтижесiнде, негiзгi
тұтынушының көрсеткен қызметiнiң нақты өзiндiк құнының сомасы алынады. Онда
әрбiр цех бойынша жоспарлы өзiндiк құны көрсетiлген.

Өндіріс шығындарының жинақтау есебi

Өндiрiс шығындарын есептеу үшiн 90 Негізгi өндiрiс бөлiмшесiнiң
шоттары қолданылады. Өндiрiске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау
үшiн 900 Негiзгi өндiрiс шоты арналған. Оған мынадай бірэлементтік
транзиттік шоттар ашылады:
901 – Материалдар;
902 – Қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу;
903 – Еңбек ақыдан қаржы бөлу;
904 – Үстеме шығыстар.
Материалдар. Шuкiзат пен матерuалдар – өнiмдi әзiрлеу негiзiнде пайда
болатын немесе осы әзiрлеу (дайындау) кезiнде қажетгi компоненттер болып
табылатын шикiзат пен негiзгi материалдарға жұмсалған шығындар.
Лимиттiк-алу карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикiзат пен
негiзгi материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндiрiсте
есептен шығару үшiн негiз болып табылады. Осы құжаттардың деректерi цехтар
(өндipicтep), калькуляция немесе есеп объектiлерi бойынша Материалдардың
шығыстарын тарату деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және
Цехтық шығындар ведомосы немесе осыған ұқсас есеп регистрлеріне
(ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.
Көмекшi матерuалдар – тұрақты технологиялық үдерістердi қамтамасыз ету
үшiн негiзгi материалдарды шығару кезiнде пайдаланған көмекшi
материалдардың шығыны (технологиялық мақcaттapғa пайдаланған көмекшi
материалдар). Мұндай көмекшi материалдардың құны белгiленген шығыс нормасы
бойынша өнімнің өзiндiк құнына енедi, ол үшiн өнім бiрлiгiне есептелген
сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретiн
болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
Қайтарылған қалдықтар – бұл негiзгi, көмекшi және қосалқы
өндiрiстердiң қалдығы, олар: материалдар, шикiзаттар, шалафабрикаттар,
жылуды сак:тайтын материалдар т.б. Өнiмнiң өзiндiк құнына кipeтiн
материалдық ресурстардың шығыстарына қайтарылған өндiрiс қалдықтарының құны
қосылмайды.
Қайтарылған қалдықтар келесi тәртiппен бағаланады:
– егер де қалдыктарды негiзгi өндiрiс мұқтаждығы үшiн, бiрақ өнім
азайтылып шығарылса немесе қосалқы өндiрiс мұқтаждығы үшiн, сондай-ақ
кеңінен тұтынатын тауарларды дайындау үшiн пайдаланса, онда шикiзат пен
материалдардың бастапқы құнының төмендетiлген бағасы бойынша;
– қалдықтар қайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардың жинау
мен өңдеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгiленген
бағасы бойынша;
– егер де қалдықтар шартқа сәйкес шикiзат немесе толыққанды
материалдар ретiнде пайдалану үшiн сатылса, онда шикiзаттар немесе
материалдар бастапқы толық бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды.
Қалдықтарды пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кipicкe алуға
тиiсiнше бақылау жасауды жолға қою керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға
тауар құжаттамалары (накладнойы) бойынша кipicкe алады, олардың құнына
Шикiзат пен материалдар бабы бойынша шикiзат пен материалдардың
шығыстарын азайтады. Қалдықтардың кipicкe алынуын 206 шоттың дебетi және
900 шоттың кредитi бойынша көрсетедi. 900 шоттың кредитiндегi талдамалық
есеп регистрлерiне (карточкаларға, ведомостерге) жазылады.
Технологиялық мақсаттарға арналған энергия және отын. Өндiрic
барысында тiкелей жұмсалатын энергия (барлық түpi) мен отын шығындары
есепте шикiзат пен материалдардың шығысы сияқты көpiнic табады.
Технологиялық мақсатқа арналған отын шығындарына касiпорынның өзi
өндiрген отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны
да енгiзiледi. Ал кәсiпорынның технологиялық мақсатқа арналған энергия
шығындарына двигательдiк және басқа да өндiрiстiк және шаруашылық
қажеттіліктеріне жұмсалатын сатып алынған энергияның барлық түрлерi кіреді.
Кәсiпорынның өзi шығарған энергияның электрлiк және басқа да түрлерiн
өндiруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны тұтынатын жерге дейiн
трансформациялау мен беруге жұмсалатын шығындар тиiстi шығын элементтерiне
енгiзiледi. Табиғи кему нормалары шегiнде материалдық игiлiктердiң кем
шығуы мен бүлiнуiнен болған шығындар, кәсiпорын көлiгiмен материалдық
ресурстарды жеткiзiп берумен байланысты шығындар (тиеу-түcipy жұмыстарын
қоса алғанда) өндiрiс шығындарының тиicтi элементтерiне (еңбек ақы төлеуге,
негiзгi құралдардың амортизациясына жұмсалатын шығындар, материалдық
шығындар және т.б.), сондай-ақ материал ресурстарының құнынa жеткiзiп
берушiден (жабдықтаушылардан) материалдық ресурстармен бiрге алынған
ыдыстың құны oның бағасына енгiзiлген жағдайда жабдықтаушылардан алынған
материалдық ресурстардың ыдыстары мен бумаларын сатып алуға жұмсаған
кәсiпорындардың шығындары да енгiзiледi.
Еңбек ақы. Еңбек ақы бабына өндiрiс нәтижелерi үшiн жұмысшылар мен
қызметкерлердiң сыйлық ақыларын қоса алғанда, касiпорынның негiзгi
өндiрiстiк қызметкерлерінiң жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар,
ынталандырушы және өтем ақылары (компенсациялар) кіреді. Сондай-ақ
кәсiпорынның штатында тұрған негiзгi қызметке жататын қызметкерлердiң
жалақысына жұмсалатын шығындардың құpaмынa мыналар енгiзiледi:
– кәсiпорында қабылданған еңбек ақы төлеу жүйесiмен және нысанымен,
сондай-ақ жеке еңбек келiсiм-шартына сәйкес лауазымды айлық ақысы және
тарифтiк мөлшерлемесi (ставкасы), еңбекке кесiмдi ақы төлеу бағасы
(расценка) арқылы нақты орындалған жұмысқа есептелiнген жалақысы;
– ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндiрiстiк нәтижелер үшiн
берiлетiн сыйлық ақылар (заттай сыйлық ақылардың құнын қоса алғанда),
кәсiптiк шеберлiгi, еңбектегi жоғары табыстары және т.б. көрсеткiштерi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарушылық есеб
Активтер, міндеттемелер және меншікті капитал
Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру
Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі
Қаржылық тұрақтылық мәні және оны талдауда пайдаланылатын ақпарат көздері
Шығындар есебінің мәні мен жіктеудуің табиғаты
Бюджетпен есеп айырысу есебі. Салықтар
Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мақсаты және әдістері
БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ақпаратты өлшеу. Ақпарат және оны өрнектеу жолдары
Пәндер