Бетон және темірбетон бұйымдары мен конструкциялары



1. Қысқаша жалпы мәліметтер.
2. Бетон және темірбетон өнімдерін құрылыста қолданудың бастапқы негіздері.
3. Темірбетор бұйымдары мен конструкциялар типтері.
Бетон және темірбетон конструкциялары өнеркәсіптерінің дамуы өнеркәсіп жағынан өркендеген басқа елдердегі даму тәжірибесі мен өрлеу дәрежесіне сәйкес келеді және бірқатар көрсеткіштері бойынша дүниежүзілік деңгейіне жоғарылаған. Сонымен қатар, бетон және темірбетон конструкциялары өндірістегі кемшіліктер де жетерліктей. Қазіргі нарықтық жағдайда құрылыс саласындығы әрбір маман міндетті қаражат шығынын, әрбір еңбек сағатын, әрбір материал өлшемін тиімділікпен пайдалануды дәл есептеу керек.
Бетон және темірбетон өнімдерін кұрылыста қолданудьң бастапқы негіздері. Қазір бетон және темірбетон неше түрлі үй және ғимараттарды тұрғызу үшін кеңінен қолданатын материалдар мен бұйымдар. Бұдан былайғы уакытта да олар кұрылыстьң барлық сатысында ең көп қолданатын маңызды материалдар, бұйымдар және конструкциялар болып қала беруінде күмән жоқ.
Бетонды құрылыста кеңінен қолданудағы бастапқы негіз, ол байланыстырушыны және толтырғыштарды өндіруде қажет табиғи шикізаттың таусылмас қорының барлығы; байланыстырушы мен толтырушыны жасау үшін өнеркәсіп өндіріс қалдықтарын пайдаланудың экологиялық маңыздылығы; түрлі толтырғыштарды, оның ішінде жасанды кеуекті толтырғыштарды қолдана отырып, бетон орташа тығыздығын кең аралықта өзгерту мүмкіншілігі; азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстардың, оның ішінде жерастында, суастында және суүстінде пайдаланатыны, ғимараттардың қатаң және түрлі талаптарын қанағаттандыру мүмкіншілігі. Темірбетон конструкцияларына қажетті архитектуралық және пайдаланарлық қасиеттерін беру мақсатында қолданатын көптеген құрылыс және өңдеме материалдарымен бетонның сыйысушылығы.
Темірбетон өнеркәсібінің дамуына қозғаушы күш болған факторларды екі топқа бөлуге болады: біріншісі конструкциялық шешімдерді жетілдіруге немесе жаңа конструкциялардың пайда болуына мүмкіндік беретін факторлар; соның арқасында жетерліктей тиімді және сенімді тәсілдермен конструкциялық жетілдіру жағын шешу мүмкін болып, темірбетон бұйымдарын жасау және тұтас конструкциялық тұрғызу көлемі көбейе түсті. Әртүрлі құрылыс саласына керекті темірбетон бұйымдары номенклатурасының құрамын кеңейтуге, сондай-ақ, жобалық шешімдерді әрі қарай жаңалау бағыттарына әсер ететін және конструкциялар мен ғимараттарды жетілдіру кажеттігін анықтайтын факторлар.
Бірінші топтағы факторларға жататындар: бетон жэне темірбетон ғылыми теорияларын ескерудің тәжірибелік тәсілдерінің дамуы; түрлі бетондардың (ауыр, жеңіл, ұялық, ыстыққа төзімді және т.б.), тиімді арматуралық құрыштары мен арматуралық бұйымдардың жасалынулары, белгілі технологияларды және өндіріс процестерін дайындау және жетілдіру, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын зауыттық жағдайда жасау үшін тарамдалған мықты өнеркәсіптерінің құрылуы.
Б.С. Сатеков. «Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары». Тараз-2007, «Сенім», 399-417беттер.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Қысқаша жалпы мәліметтер.
2. Бетон және темірбетон өнімдерін құрылыста қолданудың бастапқы
негіздері.
3. Темірбетор бұйымдары мен конструкциялар типтері.

Бетон және темірбетон бұйымдары мен конструкциялары

Бетон және темірбетон конструкциялары өнеркәсіптерінің дамуы
өнеркәсіп жағынан өркендеген басқа елдердегі даму тәжірибесі мен өрлеу
дәрежесіне сәйкес келеді және бірқатар көрсеткіштері бойынша дүниежүзілік
деңгейіне жоғарылаған. Сонымен қатар, бетон және темірбетон конструкциялары
өндірістегі кемшіліктер де жетерліктей. Қазіргі нарықтық жағдайда құрылыс
саласындығы әрбір маман міндетті қаражат шығынын, әрбір еңбек сағатын,
әрбір материал өлшемін тиімділікпен пайдалануды дәл есептеу керек.
Бетон және темірбетон өнімдерін кұрылыста қолданудьң бастапқы негіздері.
Қазір бетон және темірбетон неше түрлі үй және ғимараттарды тұрғызу үшін
кеңінен қолданатын материалдар мен бұйымдар. Бұдан былайғы уакытта да олар
кұрылыстьң барлық сатысында ең көп қолданатын маңызды материалдар, бұйымдар
және конструкциялар болып қала беруінде күмән жоқ.
Бетонды құрылыста кеңінен қолданудағы бастапқы негіз, ол байланыстырушыны
және толтырғыштарды өндіруде қажет табиғи шикізаттың таусылмас қорының
барлығы; байланыстырушы мен толтырушыны жасау үшін өнеркәсіп өндіріс
қалдықтарын пайдаланудың экологиялық маңыздылығы; түрлі толтырғыштарды,
оның ішінде жасанды кеуекті толтырғыштарды қолдана отырып, бетон орташа
тығыздығын кең аралықта өзгерту мүмкіншілігі; азаматтық және өнеркәсіптік
құрылыстардың, оның ішінде жерастында, суастында және суүстінде
пайдаланатыны, ғимараттардың қатаң және түрлі талаптарын қанағаттандыру
мүмкіншілігі. Темірбетон конструкцияларына қажетті архитектуралық және
пайдаланарлық қасиеттерін беру мақсатында қолданатын көптеген құрылыс және
өңдеме материалдарымен бетонның сыйысушылығы.
Темірбетон өнеркәсібінің дамуына қозғаушы күш болған факторларды екі
топқа бөлуге болады: біріншісі конструкциялық шешімдерді жетілдіруге немесе
жаңа конструкциялардың пайда болуына мүмкіндік беретін факторлар; соның
арқасында жетерліктей тиімді және сенімді тәсілдермен конструкциялық
жетілдіру жағын шешу мүмкін болып, темірбетон бұйымдарын жасау және тұтас
конструкциялық тұрғызу көлемі көбейе түсті. Әртүрлі құрылыс саласына
керекті темірбетон бұйымдары номенклатурасының құрамын кеңейтуге, сондай-
ақ, жобалық шешімдерді әрі қарай жаңалау бағыттарына әсер ететін және
конструкциялар мен ғимараттарды жетілдіру кажеттігін анықтайтын факторлар.
Бірінші топтағы факторларға жататындар: бетон жэне темірбетон ғылыми
теорияларын ескерудің тәжірибелік тәсілдерінің дамуы; түрлі бетондардың
(ауыр, жеңіл, ұялық, ыстыққа төзімді және т.б.), тиімді арматуралық
құрыштары мен арматуралық бұйымдардың жасалынулары, белгілі технологияларды
және өндіріс процестерін дайындау және жетілдіру, темірбетон бұйымдары мен
конструкцияларын зауыттық жағдайда жасау үшін тарамдалған мықты
өнеркәсіптерінің құрылуы.
Екінші топтағы факторлар өнеркәсіптік қоғамдық және тұратын үйлердің
аумақтық жоспарлық шешімдерін дамытуды, конструкцияларды унификациялауды
және типизациялауды, кұрылыстардың жаңа түрлеріне (көліктер, байланыс,
атомдық энергетика ғимараттарына және т.б. жерастында және суастында ерекше
жағдайларда салынатын ғимараттарда) темірбетон конструкцияларын қолдануды
кеңейту мүмкіншілігін камтиды.
Бетон және темірбетон конструкцияларының беріктілігі мен мәігілігінің
жоғарылығы, олардың жоғары температура және агрессивтж орта
әсерлеріне тұрақтылығының жоғарылыгы, су астында бетоннның қатайып
мықтылығын жоғарылататын қабілеті, бетонның және темірбетонның үйлерді
ғимараттарды және конструкцияларды арналуына және пайдалануына
сәйкестендіре салу және тұрғызу мүмкіншілігі құрылысшыларды ертеден
қызықтырған.
Ресейде темірбетонды XIX ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап қолданатын
болған. Көбінесе, темірбетонды көпқабатты өндірістік және азаматтық
үйлерді, порттық ғимараттарды және көшелерді саларда қолданған.
1930 - 1941 жылдары құрылыстағы темірбетон қолдану салалары жетерліктей
кеңейтілген. Біркабатты және көпқабатты өнеркәсіптік үйлердің жүк тиеліп
тұратын басты конструкцияларын (іргесін, бағанасын, кранасты арқалығын,
жабынын және тіпті қабырғасында арқалық және арқалықсыз жабындыларды)
біртұтас темірбетоннан орындаған, сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлерді,
элеваторларды, салмаларды, сыйымдықтарды, жерасты ғимараттарын
тұтастандырған темірбетоннан салған. Мысалы, сол жылдары Харьковтағы
турбиналық зауытта 200 - тонналық кран астындағы арқалық тұтас
темірбетоннан жасалынған.
Тұрғын үйлер мен азаматтық құрылыстары үшін ірі қалаларда және
шоғырланған құрылыс орталықтарында өнімділігі жылына 20 -25 мың м3,
кейінірек жылына 200 мың м3 бетон және темірбетон бұйымдары мен
конструкцияларын шығаратын механикалық зауыттар біртіндеп іске қосыла
бастады.
1956 жылдан бастап, өнеркәсіп құрылысында жиналмалық темірбетон
конструкцияларының қолдану деңгейі айтарлықтай көтеріле түсті.
Темірбетон конструкцияларының көпшілігі 1960 жылға дейін ашық полигондар
мен стендалар жасалынып шығарылатын болған. 1960 – 1965 өнеркәсіп
құрылыстары үшін темірбетон конструкцияларын шығаруды универсалды
зауыттардың мамандандырылған цехтарында және өнімділігі жылына 100 – 180
мың м3 кәсіпорындында ұйымдастырылған.
Жинақталғыш темірбетон өндірісі біртіндеп іріліне түсті. Айталық,
1958 жылы барлық жинақталғыш темірбетонның 86 % қуаттылығы жылына 50 мың
м3 төмен кәсіпорындарында, 1965 жылына тәмам олардың үлесіне 46 %, ал
1985 жылы жылдық өндіру көлемінің тек 17,5 %- ғана жасалынған.
Өнеркәсіптік жинақшыл темірбетонның жаратылуы бетон өндірісіндегі
техникалық прогреске ықпалын тигізді. Мысалы, 1954 жылы технологиялық
процестердің механикалану деңгейі 15 - 25 % жеткен, ал автоматикалану,
бетон араласпасын дайындау процесін ескермегенде, шын мәнінде мардымсыз
болатын. 1980 ж. былайғы уақытта алдыңғы кәсіпорындарында өндіріс
процестерін механикалау деңгейі 70 - 72 % жетіп, автоматикалау 10 — 12 %
құрады. Бетон араласпаларының неше бір түрлерін дайындау мүмкіндіктері
пайда болды. Мұншама түрлі бетон араласпаларын іске пайдалану дірілдете
тығыздаудың нешебір тәсілдерін, тауар бетон зауыттарында және жинақшыл
темірбетон кәсіпорындарында цемент пен толтырушыларды автоматикалық
тәсілмен дозалауға көшу, еріксіз араластыратын бетон араластырғыштарын
ендіріске енгізу және т.б. техникалық прогресс арқасында мүмкін болып, бұл
өндіріс саласында ТЭК жақсартуга қол жеткенді.

Темірбстон бұйымдары мен конструкциялар тинтері.Жиналмақшы темірбетон
бұйымдары мен конструкциялары құрылыс комбинаттарында және темірбетон
зауыттарында жасалынатыны белгілі. Сондықтан, оларды жобаларда бұйымдардың
зауыттық технологиялығыны қойылатын талаптары ескеріледі. Бұл талаптар
элементтердің шектік массасын, олардың геометриялық мөлшерлерін, пішінін
және элементтер қимасын, олардың арматуралануын, зауыттық дайындық
дәрежесін анықтауға негіз болып табылады. Көліктік және жүккөтермелік
жабдықтар шарты бойынша элементтер ұзындығы, әдетте 25 м, ені 3 м және
массасы 25 т аспайды. Типтік жиналмақ конструкцияларының номиналдық
мөлшерінен рұқсат етілетін ауытқуын стандарттармен және техникалық
жағдаймен тағайындайды, әдетте ±5- 10 мм курайды. Өндірісте цемент үнемдеу
мақсатында бұйымдарды минустық рұқсатымен шығаруға талаптанады.
Жиналмақ темірбетон бұйымдары ұзындық, жазықтық, блоктық, кеңістік
түрінде шығарылады. Бірінші түріне бағаналар (тіреуіштер) ригельдер,
арқалықтар, прогондар, қадалар, фермалар жатады; екіншісіне - жамылтқы және
жабынды плиталары, қабырға және қалқа панельдері, бункерлер, резервуарлар
қабырғалары, тіреуіш қабырғалар; үшіншісіне - массалық бұйымдар іргетас,
құрама іргетастар, жертөле кабырғалары, қоршаушы конструкциялар;
төртіншісіне - санитарлық көлемдік кабиналар, көтергіштер (лифталар), блок
— бөлме, құдықтар сақиналары, силостардың коробкалық элементтері жатады.
Жиналарлық темірбетондардың жалпы көлемінің 80 % астамын азаматтық және
өнеркәсіптік құрылыс бұйымдары құрайды.
Азаматтық үйлер құрьлысына арналғап темірбетон бұйымдары. Ірге тастар
үшін іргетастық блоктарды қадаларды пайдаланады. Қабырғалар астына текше
(ленталық) іргетастарын трапеция түріндегі (іргетас ені 0,6-8 см) жеке
блоктардан орындайды. Сурет 16.1 келтірілгендей, блоктар ұзындығы 0,78 -
2,38 м, биіктігі З0-50 см, массасы 0,5-4т, блоктарды М150 - М300 ауыр
бетондардан жасайды. Жертөле қабырғаларын М100 - М150 ауыр бетондардан
жасалынған бүтін немесе қуысты блоктардан орындайды, олардың ұзындығы 2.5
м, биіктігі 70 см, ені 50 см дейін құрыш торларымен арматураланған болады.
Блоктардың көлденең бүірлерінен тік ойықтар қалдырады. Бұларын блоктарды
тиісті жеріне орналастырғаннан соң, ерітіндімен немесе бетонмен толтыра
конструкцияны біртұтастайды.
Бағана астына арналған іргетастар маркалары М200-М300 ауыр бетоннан
жасалынған массалық элементтер – астынғы (табаны) жазық. Оларды
нығыздалынған жерге немесс дайындалған бетон үстіне орнатады, үстіңгі
бетіне бағананы (тіректі) кигізу үшін арнаулы ұя - стакан типтес құрылым
отырғызады. Тсмірбетоп бағанасын жақтары 30 см төрткілдік (квадратық)
қимасымен, ұзындықтары 20 м дейінгі ұзындық элемент түрінде шығарады.
Тұрғын үйлерінің сыртқы панельдерін сурег 16.1, II, а көрсетілгендей,
бүтіндей немесе терезелік және есіктік ойықтарымен жасайды. Бірқабаттық
панельдер кеуекгі толтырғыш негізіндегі тығыздығы 700 - 1000 кг м3,
маркалары М50-М100 жеңіл бетоннан, сондай-ақ, тығыздығы 500-700 кг м3 ,
маркалары М35-М50 ұялы бетоннан жасалынады. Құрылыста кеңінен
қолданылатындары мөлшері бөлменікіне сәйкес келетін панельдер:
ұзындығы 3,6 м, биіктігі 2,9 м, қалыңдығы 40 см, массасы 4т мөлшері екі
бөлмелік панельдердің ұзындығы 6 - 6,6 м және массасы 8 т дейін.
Сыртқы кабырғалардың жылуқоршағыштық қасиетін жақсартып, массасын
төмендету мақсатында ортаңғы қабаты жылуқоршағыш материалдардан
(пенополистиролдан, минералдық мақтадан, ұялық бетоннан және т.б.)
жасалынған үшқабатты панельдерді қолданады. Мұндай панельдердің қалыңдығы
25-30 см дейін кішірейген, ал массасы 50 % дейін төмендеген болады.
Панельдердің маңдай беттерін (қасбеттерін - фасадтарын) зауыттық жағдайда
керамикалық плиталармен қаптайды, атмосфераға тұрақты бояуларымен бояйды
немесе декоративтік материалдармен өңдейді. Ішкі қабырғалары үшін маркалары
М150-М 300 ауыр бетондардан немесе маркалары М200 -М200 конструкциялық
жеңіл бетоннан бірқабатты панельдері жасалынады. Оларды тұтастай және
есіктік ойықтарымен ұзындығы 6 м, биіктігі 2,9 м дейін және қалыңдығы 20 см
мөлшерлерімен шығарады (сурет 16.1, II, б).
Қабырғалық блоктар тұтас немесе ішкі қуыстарымен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бетон және темірбетон бұйымдары мен құрылымдары
Темірбетон конструкциялары
Темірбетон бұйымдарын өндірудің агрегатты-ағымды әдісі, қолданылуы бойынша арматуранын жіктелуі
Бетонға арналған толықтырғыштар
Кассеталық технология бойынша жылына 20 мың м3 ішкі қабырға панельдерін өндіретін цех
Темірбетон бұйымдарының түрлерімен таныстыру
Конвейерлі әдіс бойынша сыртқы қабырға панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 30 мың м3
Бетондық араласпаның қасиеттері
Портландцемент өндіру үшін шикізат материалдары
Темірбетон бұйымдарын қалыптау
Пәндер