Мемлекеттік бюджеттің мәні



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Мемлекеттік бюджет туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9 2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2 Мемлекеттік баждар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты.
Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекеттік бюджеттің басқа да қаржы тармақтарымен байланысын, оның экономикалық рөлі мен мәнін, маңызын айқындау, мемлекеттік бюджет құрылымын, бюджетаралық қатынастары, функциялары мен оларды жүзеге асыру тәртіптерін, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарынның әлеуметтік-экономикалық салаларға, нақты экономика секторына, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты жұмсалуын, яғни мақсаттылығын және бағыттылығын, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарын жоспарлауды дамыту мен оларды бақылауды жетілдіру перспективаларын қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттің қаржы буыны ретіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын рөлін,экономикалық мәні мен мазмұнын анықтау, мемлекеттік бюджеттің өз жағдайында қаржының басқа тармақтарымен тығыз байланысын, міндеттері мен функцияларын, мақсаттарын әзірлеу, мемлекеттегі қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетті ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілерін зерттеу, экономиканы басқарудың құралы ретінде мемлекеттік бюджетке сипаттама беру, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарының бөлуін және бақылауын талдау, олардың мақсаты мен бағыттылығын, алдағы жылдарға арналған мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарын жоспарлауды дамыту мен оларды қаржылық бақылауды жетілдіру перспективаларын әзірлеу.
Курстық жұмыстың міндеті: мемлекеттік бюджеттің атқаратын рөлі, әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұнын, функцияларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын, мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымын (салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттер), өсу қарқынын,2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің жоспарын, олардың қайнар көздерін, шығыстарының құрамы (жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі, бiлiм беру, денсаулық сақтау және т.б.) мен динамикасын, 2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының жоспарын кестелер, диаграммалар негізінде көрсету, талдау, мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарын жоспарлауды дамыту мен оларды қаржылық бақылауды жетілдіру перспективаларын қарастыру. [1]
1. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет 2. Кәкімжанов З. Салық кодексіндегі соңғы өзгерістер. Егемен Қазақстан - 2002 ж.- 22 қаңтар - 2 б.
3. А.Д. Байдуйсенов. Қазақстан салық жүйесіндегі кебір мәселелер. Қаржы - Қаражат - 2001 ж. - №4-32-36 б.
4. Құлыпбаев С. «Қаржы». Оқу құралы - Алматы: Мерей, 200 ж - 154 б.
5. Құлыпбаев С, Баязитова Ш, Баязитова А. Қаржы теориясы. Оқу құралы - Алматы: Мерей, 2001 ж - 176 б.
6. Ілиясов Қ.Қ. «Қаржы». Алматы - 2003 ж.
7. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. (Салық кодексі) Алматы, 1995-160 б.
8. Черник Д.Г. Починок А.П. Основы налоговой системы: Учебное пособие для вузов. - Москва: Финансы, Юнити, 1998. - 422с.
9. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. - Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. - 285с.
10) Қаржы теориясы. Оқу құралы - Алматы: Мерей, 2001 ж - 176 б. Егемен Қазақстан - 2002 ж.- 15

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Мемлекеттік бюджет туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9 2 Мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен
шығыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..22
2.2 Мемлекеттік
баждар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .23
2.3 Бюджет балансы. Бюджет
тапшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына
байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-
қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы
ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық
курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз
байланысты.
Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекеттік бюджеттің басқа да қаржы
тармақтарымен байланысын, оның экономикалық рөлі мен мәнін, маңызын
айқындау, мемлекеттік бюджет құрылымын, бюджетаралық қатынастары,
функциялары мен оларды жүзеге асыру тәртіптерін, мемлекеттік бюджет
түсімдері мен шығыстарынның әлеуметтік-экономикалық салаларға, нақты
экономика секторына, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты
жұмсалуын, яғни мақсаттылығын және бағыттылығын, мемлекеттік бюджет
түсімдері мен шығыстарын жоспарлауды дамыту мен оларды бақылауды жетілдіру
перспективаларын қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттің қаржы буыны ретіндегі мемлекеттік
бюджеттің атқаратын рөлін,экономикалық мәні мен мазмұнын анықтау,
мемлекеттік бюджеттің өз жағдайында қаржының басқа тармақтарымен тығыз
байланысын, міндеттері мен функцияларын, мақсаттарын әзірлеу, мемлекеттегі
қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетті ең
алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілерін зерттеу,
экономиканы басқарудың құралы ретінде мемлекеттік бюджетке сипаттама беру,
мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарының бөлуін және бақылауын талдау,
олардың мақсаты мен бағыттылығын, алдағы жылдарға арналған мемлекеттік
бюджет түсімдері мен шығыстарын жоспарлауды дамыту мен оларды қаржылық
бақылауды жетілдіру перспективаларын әзірлеу.
Курстық жұмыстың міндеті: мемлекеттік бюджеттің атқаратын рөлі, әлеуметтік-
экономикалық мәні мен мазмұнын, функцияларын, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын, мемлекеттік бюджеттің
кірістерінің құрылымын (салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі
капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттер), өсу қарқынын,2011-2013
жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің жоспарын, олардың қайнар
көздерін, шығыстарының құрамы (жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер,
қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару
қызметі, бiлiм беру, денсаулық сақтау және т.б.) мен динамикасын, 2011-2013
жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының жоспарын кестелер,
диаграммалар негізінде көрсету, талдау, мемлекеттік бюджет түсімдері мен
шығыстарын жоспарлауды дамыту мен оларды қаржылық бақылауды жетілдіру
перспективаларын қарастыру. [1]
1.Мемлеkеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне,
көбінесе бір жылға арналған кірстері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда
мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары
мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары
заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында
оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде
Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің
бірі болып табылады
Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын мемлекеттің
шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық
қатынастары құрады. Бұл қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы
болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық
қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың
орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені
жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы
мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет
мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің
көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай
қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды
міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті
өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін
жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі
шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру
үшін қажет. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем
адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы
өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен
шарттасылған объективті қажеттігі.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар
мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін
қамтамасыз етуге,оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге
жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін
қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер
жүргізуге жағдай жасайды. Қаржыны орталықтандырудың аркасында ақшалай
қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске
асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың
шешуші учаскелеріне шоғырландырылады. Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша
бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет аирықшалықты арналымды орындайды - жалпы
коғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік үдайы
өндірістік қатынастардың өмір сүруінің экономикалық нысаны бола отырып,
айрықшалықты қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет
экономикалық ретінде болады.[2]

1.1Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
Қаржылық қатынастардың белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке
ең алдымен оны жалпы қаржылық категориядан ажырататын өзгеше белгілер тән:
бюджеттік қатынастардың ұдайыөндірістік сипаты бар, әркашан ақшалай нысанда
жүзеге асырылады, мақсатты ақиіалай қорларды қалыптастырумен және
пайдаланумен косарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджеттік қатынастарга
белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортак өзгеше
белгілердің шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы
ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады: мемлекеттен
жалпы коғамдық өнімнің бір бөлігін окшауландырумен және оны коғамдық
қажеттіліктерді қанагаттандыруга пайдаланумен байланысты бөлгіштік
қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
1. құнды жасау және оны тұтыну үдерісін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды түтынуга қызмет ететін өндірістік емес
сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық
шаруашылықтың салалары, аумактар, экономиканың секторлары, қоғамдық
қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
2. қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы козгалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан
белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржылық қатынастар материалдық
өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақшалай қатынастармен
тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдың-
заттай іске асырылуы болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің
орталықтандырылған ақшалай қорында - бюджеттік қорда затталынады. Мұның
нәтижесінде коғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үдерістер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша ағынында өзінің көріні- сін
табады. Бюджеттік қор - бұл құндық бөліністің белгілі стадияларынан өткен
және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халықка әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету,
қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
мемлекетке түскен коғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының
объективті түрде шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қорды
қалыптастыру мен пайдалану құнды бөлумен және қайта бөлумен байланысты құн
қозғалысының үдерісін білдіреді.Экономикалық қосалқы категория ретінде
мемлекеттік бюджет мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған
қорын жасау және оны ұлгаймалы ұдайы өндіріспен қогамдық қажеттіліктерді
қанагаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу
және қайта бөлу үдерісінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа
қатысуиіылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды
білдіреді.Мемлекеттік бюджет тұтас алғанда мемлекет қаржысының
функцияларына сәйкес функцияларды - бөлу және бақылау функцияларын
қаржылардын ұдайы өндірістік тұжырымдаманың шеңберінде орындайды. Бұл
функциялардың іс-әрекеті, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың
қаралған өзіндік айрықшалығымен айқындалды. Сонымен бірге қаржының және
мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік
функция шеңберінде: мемлекет қаржысының орналастыру (ресурстарды), қайта
бөлу, тұрақтандыру қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік бюджеітің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық
категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғым ретінде қарау
керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте коғамдағы барлық экономикалық
үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ак барлық негізгі қаржы институттары -
салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары
және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлереттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Онда бюджеттің экономикалық
мазмұнын құрайтын қайта бөлгіштік үдерістер қарастырылады;
негізгі қаржы жоспарының кірістері мен шығыстарының айрықшалықты баптары
мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастырудың
көздері мен қорды пайдалану бағыттарын көрсетеді. Елдің негізгі қаржы
жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің жемісі болып табылады; онда
қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелеп көрсететін мемлекеттің еркі
білдірілген. Бюджет нақты кезеңге (әдетте, бір қаржы жылына жасалатын, ал
2009 жылдың 1 каңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалады) бюджеттің
кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржылық ресурстардың шешуші
бөлігінің козғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының
көрсеткіштері Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет
туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.[3]
Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты меха- низмдерінің
бірі. Бюджетке тән құндылықтардың көрінуі, оны бөлу мен бақылаудың құралы
ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнеленеді.
Экономиканы реттеу үшін бюджеттік механизмді пайдалану қоғамдық өндірісті
дамытудың карқындары мен үйлесімдеріне эсер ете отырып, мемлекеттің
қарамағына түсетін ақшаны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады. Шығындар
мен салықтар арқылы бюджет эконо.микамен инвестицияларды реттеудің және
ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып
табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі
осында көрінеді. Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет
заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заң).
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн.
Қоғамдық ұдайы өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік
бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 31%, шикі жалпы
өнімнің 22%, жалпы қоғамдық өнімнің 11% бөлінетіндігімен және қайта
бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды ұлгтық шаруашылықты н
әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, коғамдық қызметтің сфералары, елдің
экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі.Бүкіл улттық
шаруашылықтың бюджеті ретінде болатындықтан мемлекеттік бюджет жалпы
экономикаға белсенді ықпал етеді. Материалдық өндірістің стимуляторы
ретінде бола отырығі, мемлекеттік бюджет бұл сферада үлкен рөл атқарады.
Бюджеттік қаражаттар қорлардық дара (жекелеген кәсіпорындардың шеңберінде)
толық айналымында да, сондай-ак олардың коғамдық (бүкіл ұлттық шаруашылық
ауқымында) толық айналымында да пайдаланылады. Жұмыс істеп тұрған және
жаңадан іске қосылатын кәсіпорындарда күрделі жұмсалымдар мен айналым
қаражаттарын бюджеттен қаржыландыру, басқа шығыстарды қамтамасыз ету
бюджетке жекелеген кәсіпорындарда қорлардың уздіксіздігі мен
бірқалыптылығын ынталандыра отырып, олардың дара толық айналы- мына
қосылуына жағдай жасайды. Бюджеттік қаржыландыру материалды0 емес сферада
оның жұмыс істеуі мен одан ары дамуының негізгі көзі болып табылады. Бұл
сфера мекемелері мен ұйымдарынын негізгі бөлігінің кірістерінің меншікті
көздері болмайды. Ағартуга және денсаулықты сактауға, әлеуметтік сақтандыру
мен әлеуметтік қамсыздандыруга, ғылымға, мәдениет пен өнерге жумсалатын
мемлекеттің шығыстары қаржы базасы болып табылады, онсыз жалпы мемлекеттік
аумактың әлеуметтік-мәдени шараларын жүргізу мүмкін емес. Материалдық емес
сфера салаларының ұтымды құрылымын қалыптастыруда бюджеттің үлкен маңызы
бар. Материалдық емес сфераның жұмыс істеуін қаржылық ресурстармен
қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тутыну қорының түпкілікті
мөлшерлерін қалыптастыра алады.[1]Қаржылық байланыстардың орасан зор әр
алуандығында жеке
ортақ ерекшеліктермен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен , мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатнастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің
ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға
арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен
байланысты болады. Қаржы қатнастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет
ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Экономикалық қатнастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің
объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің
объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамассыз
ету үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары
мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамассыз
етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге,
экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті
көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды
дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне
шоғырландырылады.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып,
құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты
қоғамдық арналымды орындайды- жалпымемлекеттік қажеттіліктерді
қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең
алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет
қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге
асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады.
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік
қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады.
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс
қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы олұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында құнды қайта бөлуге арналған.
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты
емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте
жүзеге асырылады, ал қаржы қатнастары материалдық өндірісте де, өндірістік
емес сферада да тауар- ақша қатнастарымен тығыз тоқайласып жатады.[4]
Мемлекеттік бюджет, кез- келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық- заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің
жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор- бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуымен
пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалысы
процесін білдіреді.[5]
Бюджет саясатының мазмұны мен міндеттері.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын
білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына
сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-
қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған
айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны
ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы
функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу;
экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру, әлеуметтік саясатты
қаржымен қамтамассыз ету, ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын
жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер
бейнеленетіндіктен, сондай- ақ барлық негізгі қаржы институтары - салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.т.
өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы
жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға
жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы
ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы
жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын,
қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай- ақ қоғамдық
ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.[6]
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып
табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика
Парламентінің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына
сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады .
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады
(мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң) .
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда
айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн (7 сызбаны қараңыз).
Мемлекеттік бюджет- ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің
негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық
табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді
және қайта бөлінеді.
Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды
орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып
салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең
алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми- техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік
қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің
және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып
табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. Әлеуметтік
саясаттағы басымдықтар – халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді,
мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай- ақ денсаулық
сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.[7]
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және
өндірістік емес сфераны мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің
ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып,
бюджет барлық кәсіпорындармен және ұжымдармен етене байланысқан.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық шаруашылықтың
қаржы- шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық қатнастарға көшу
жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану процесінде бюджеттік
бақылаудың маңызы күшейе түсуде.

1.2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы - дегеніміз экономикалық
қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің
жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі
Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.
Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың кағидаттары, оның буындарының
өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-
мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық
құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан
тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің
орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-
да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың Ресейде-федерация
субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлың (біркелкі)
мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады:[10] орталық
(республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда
да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дэрежесі болуы мүмкін,
бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды
орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен
белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен
анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-
парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық
бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және
дёр^ес болып табылады (14.2 сызбаны қараңыз).Қазақстан Республикасында
талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын
мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады.
Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен,
республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай
қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Бюджеттік практикада
шоғырландырылған бюджет үғымы қолданылады. Шоғырландырылған бюджет өз
араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық
бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін
және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді
біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры
болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты
талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын
бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады. Облыс бюджеті - өз
араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті,
аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін ақшалай
қаражаттарының орталықтандырылған қоры. Қазақстан Республикасында төтенше
немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бектілуі және
атқарылуы мүмкін. Мемлекеттік төтенше бюджет республикалық және жергілікті
бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше
немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста
болады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан
Республикасынын, Парламенті дереу хабардар етіледі. Мемлекеттік төтенше
бюджеггің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және
барлық деңгейлердегі жергілікті орғандардың бюджеттері туралы мэслихаттар
шешімдерінің қолданылуы токтатыла тұрады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің
қолданылуы токтатылысымен Республикалық және жергілікті бюджеттерді
нақтылау жүргізіледі. Қазақстанның бюджет жүйесінің буыны ретіндегі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез
келген басқа мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
орталық буыны болып табылады.
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі
өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа
одактас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сиякты, КСРО-нын
мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның
ішінде ауылдық және поселкелік бюджеттер де камтылып көрсетілді. Ол одактық
бюджеттен, 15 одактас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және
мемлекеттік әлеуметтік сактандыру бюджетінен тұрды. Одактық бюджетке 1970-
1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның
35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті
бюджеттердің қарамағында болды. 1991 жылдың 17 желтоксанында Қазақстанның
бюджет құрылысын анықтаған Бюджет жүйесі туралы бірінші заңға қол
койылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық
және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әр түрлі денгейлер
бюджеттерінің бірлік кагидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын.
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты экономикалық және саяси
сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны кабылдау,
1995 жылы жаңа салық заннамасын енгізу, сонымен бірге Қазынашылық
орғандарын құру 1996 жылғы 24 желтоксанда Бюджет жүйесі туралы Қазақстан
Республикасы заңын дайындауға себегі болды. Заңца бюджет жүйесінің
кағидаттары ескергілді, бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың
және атқарылуын бақылаудың тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар,
субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз алу
және борыш, үкіметтін және жергілікті атқарушы орғандардын резервтері
сиякты жаңа үғымдар енгізілді. Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы
мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар мен
алымдар болып бөлінді. 1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тура қарыз алу
токтатылды.
1997 жылы кірістер мен шығыстардың жаңа бюджеттік сыныптамасы енгізілді, ол
бюджеттің шығыстарын багдарламалардың орындалуымен өзара үйлесуіне жағдай
жасады.
1999 жылдың сәуірінде Бюджет жүйесі туралы үшінші зан кабылданды.
Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық
өңірлер үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді және бюджеттік алынымдар
мен субвенциялардың механизмі белгіленді. Түсімдердің түрлері бойынша
респүбликалық және жергілікті бюджеттердің арасында кіріс бөлігін бөлу
жүргізілді;тиісінше республикалықбюджеттен жәнежергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын мемлекеттің функциялары шектелінді. Республикалық бюджет
пен жергілікті бюджеттер арасында ресми трансферттердің ұзак мерзімді
мөлшерлері негізінде жергілікті бюджеттердің теңгерімділігі жүтеге
асырылатыны анықталды. Мемлекеттік бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс
қорлар шоғырландырылды.
2002 жылы Стратегиялық жоспарлау агенттігін, Экономика және сауда
министрлігін, Мемлекеттік кірістер министрлігін, Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігін Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру бюджеттік
үдерісті реформапауда маңызды кадам болды. Соньшбн бірге бюджетті жоспарлау
мен оның атқарылу функциялары бөлінді, ал стратегиялық, экономикалық және
бюджеттік жоспарлау шоғырландырылды.
Бұл әдіске сәйкес мұнайлық кірістерден түсетін түсімдер түгелдей Ұлттық
қорға бағытталатын болды. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын
шығыстар экономиканың мұнайлық емес бөлігінен республикалық бюджетке
аударылатын аударымдар есебінен қаржыландырылады, ал дамудың бюджеттік
бағдарламапарына жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан алынатын
кепілденілген трансферттер есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте бюджеттің
шығыс бөлігінің белгілі бір үлесі, соның ішінде белгіленген шектеулер
шеңберіндегі қарыз алу (ішкі және сыртқы) есебінен жабылуы мүмкін.
2009 жылы қолданысқа енгізілген Бюджеттік кодекстің жаңа нұскасы бюджет
жүйесін жаңғыртуга мүмкіндікберді.Оның негізінде бюджетті күдерістегі
стратегиялықжәнебагдарламалық құжаттардың рөлі, нәтижеге бағдарланған
бюджетті жоспарлауға көшуге сәйкес бюджеттік багдарламаларды қалыптастыру,
қызмет нәтижелеріне кол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жауапкершілігін арттыру, нәтижелерді бағалау, мемлекеттік қаржылық
бақылауды жандандыру сиякты шешуші салаларды камтитын үш жылдық бюджет
жасалынды. Бюджеттік кодекстің жаңа нүсқасы бюджеттің үдерістің
стадиясындағы барлық операцияларды - стратегиялық бағыттар мен мақсаттар
негізінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру мезетінен - әрбір мемлекеттік
орған қызметінің нәтижелерін кешенді бағалауды жүргізуге дейін
регламенттейді. Министрліктер мен ведомстволардың қызметі мемлекеттік
қызметтер көрсетуге қайта бағдарланған. Жаңа Бюджеттік кодекстін нормалары
бюджеттік қаражаттар мен мемлекет активтердін пайдалану тиімділігін
артғыруға мүмкіндік туғызуға жетелейді.
Бюджеттік заңнама бюджеттік,бюджетаралық қатынастар, бюджет жүйесінің жұмыс
істеуінің, бюджеттік қаражаттардың құралуы мен пайдаланылуының негізгі
кағидапарын, қағидаттары мен механизмдерін, сонымен бірге Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының қалыптасуы мен пайдаланылуын белгілейді. Бюджет
жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара
байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту,
атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі мына кағидаттарға негізделеді.[8]
Бірлік қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-экономикапық орталықтандырудың
дэрежесін білдіреді. Бірлік кағидаты бүрынғы КСРО-ның бюджет жүйесінде
негұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті орғандарының
дербестік алуымен және оларға қаржылық ресурстарды иелену жөніндегі
құқықтардың берілуімен байланысты Бұл кағидат біршама әлсіреді. Бюджет
жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржылық саясатты қамтамасыз етуге бағытталған
және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы
экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін
пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-эрекетіне, төменгі
деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-
ақ ішінара қайта белудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да
негізделген. Бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдастыру мен оның жұмыс
істеуінің бірыңғай кағидаттарын қолданумен,бірынғай бюджеттік сыныптаманы
және бюджеттік үдерістің бірыңғай рәсімдерін пайдаланумен камтамасыз
етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салықтық саясатты коса бірыңғай
әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып
отырған оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі жайлы
Жергілікті бюджет және оның қалыптасуының негіздері туралы ақпарат
Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
Бюджетті құру принциптері
Мемлекеттік бюджеттің құрамы
Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландыру көздері
Қазақстан Республикасынының бюджет жүйесі
Бюджеттің экономикалық маңызы және оның кірістері мен шығыстары
Бюджеттің балансы
Пәндер