Банктік реформа және теңге жүйесі



Банктік реформа және теңге жүйесі
АҚША.КРЕДИТ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
Қазкоммерцбанк шағын және орта бизнесті ең төменгі мөлшерлемемен несиелендіреді
ҚОР ДАМУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ
2005 жылы қабылданған Қазақ¬стан Республикасының “Валюталық реттеу және бақылау туралы” Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономи¬калық өсуге қол жеткізу және экономи¬калық қауіпсіздікті қамта¬масыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатқа ықпал ету болып табылады, ал бұл мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін міндеттер ретінде мыналар айқындалған:
— валюталық құндылықтардың айна¬лыста болу тәртібін белгілеу;
— Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға одан әрі енуіне жағдай жасау;
— валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпарат базасын қамтамасыз ету.
Осы Заңның нормалары 2005 жыл¬дан бастап кезең-кезеңмен жүзеге асырылған валюталық режімді ырықтанды¬рудың ақырғы сатысына көшуді қамта¬масыз етті. Мәселен, Заңға сәйкес 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап капитал қозғалысының валюталық операцияла¬рын жүргізуге және заңды және жеке тұлғалардың шетелдік банктерде шоттар ашуына рұқсат етілген тәртіп толық алынып тасталды, экспорттық валюта¬лық түсімді қайтаруға арналған 180 күн болып бірыңғай белгіленген мерзім жойылды. Осылайша, капитал қозға¬лы¬сы операцияларына қойылған тікелей шектеулер болмай, теңгенің ағымдағы операциялар бойынша ғана емес, сонымен қатар күрделі опера¬циялар бойынша да толық айырбас¬талым¬дылығына жағдай жасалды.
Қабылданған валюталық заңна¬маны ырықтандыру – Қазақстанның әлемдік экономикаға одан әрі қосылу мақсатын іске асыруға арналған қажетті қадам. Дегенмен, бір жағынан, егер валюталық шектеулерді алып тастау және капитал¬дар қозғалысының еркіндігі кәсіпкерлік қызметтің үлкен еркіндігін білдірсе және сыртқы экономикалық қызметті дамытуға түрткі болса, онда, екінші жағынан, капиталдың жоғары деңгейде жұ¬мылдырылуы (капитал ағындары бағы¬¬тының кенеттен өзгеру мүмкін¬дігі) елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді ұлғайтады.
Заңда сыртқы экономикалық конъюнк¬тураның күрт өзгеруіне жедел әрекет жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, сыртқы күйзелістерге жауап ретінде арнайы шаралар қабылдау мүмкіндігі белгіленген. Елдің экономи¬калық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төнген жағдайда Қазақстан Рес¬публикасының Президенті валюталақ операциялар жүргізуге арнайы рұқсат режімін енгізу¬ге құқылы. Заңда бел¬гіленген арнайы рұқсат режімін енгі¬зудің талаптары осы тетікті қолдану¬дың айрықшалылығын және дағдарыс шешілгеннен кейін ырық¬тандырылған валюталық режімге қайта оралудың міндеттілігін нақты ескереді.
Валюталық операцияларды жүр¬гізу¬¬ге қойылған тікелей шектеулер¬ді алып тастаған кезде, осындай валюталық операцияларды жүргізудің экономи¬калық тұрғыдан лайықтылы¬ғына ықпал ететін жанама шаралар қолдану арқы¬лы валюталық реттеудің мақсатына жетуге болады, – мысалы, салықты реттеу, қаржы ұйымдарына арналған нормативтерді белгілеу шаралары және т.б. Арнайы рұқсат режімін енгізу қа¬жет¬тігін бағалауды қоса алғанда, осын¬дай макроэконо¬микалық саясат шара¬ларын қабылдау¬дың күшті талдамалық және ақпарат¬тық негізі болуы тиіс.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Банктік реформа және теңге жүйесі
2005 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу және
бақылау туралы” Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес валюталық реттеудің мақсаты
тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатқа ықпал ету болып табылады, ал
бұл мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін міндеттер ретінде мыналар
айқындалған:
— валюталық құндылықтардың айналыста болу тәртібін белгілеу;
— Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға одан әрі енуіне жағдай
жасау;
— валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпарат базасын
қамтамасыз ету.
Осы Заңның нормалары 2005 жылдан бастап кезең-кезеңмен жүзеге асырылған
валюталық режімді ырықтандырудың ақырғы сатысына көшуді қамтамасыз етті.
Мәселен, Заңға сәйкес 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап капитал қозғалысының
валюталық операцияларын жүргізуге және заңды және жеке тұлғалардың шетелдік
банктерде шоттар ашуына рұқсат етілген тәртіп толық алынып тасталды,
экспорттық валюталық түсімді қайтаруға арналған 180 күн болып бірыңғай
белгіленген мерзім жойылды. Осылайша, капитал қозғалысы операцияларына
қойылған тікелей шектеулер болмай, теңгенің ағымдағы операциялар бойынша
ғана емес, сонымен қатар күрделі операциялар бойынша да толық
айырбасталымдылығына жағдай жасалды.
Қабылданған валюталық заңнаманы ырықтандыру – Қазақстанның әлемдік
экономикаға одан әрі қосылу мақсатын іске асыруға арналған қажетті қадам.
Дегенмен, бір жағынан, егер валюталық шектеулерді алып тастау және
капиталдар қозғалысының еркіндігі кәсіпкерлік қызметтің үлкен еркіндігін
білдірсе және сыртқы экономикалық қызметті дамытуға түрткі болса, онда,
екінші жағынан, капиталдың жоғары деңгейде жұмылдырылуы (капитал ағындары
бағытының кенеттен өзгеру мүмкіндігі) елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін
тәуекелдерді ұлғайтады.
Заңда сыртқы экономикалық конъюнктураның күрт өзгеруіне жедел әрекет жасау
мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, сыртқы күйзелістерге жауап ретінде арнайы
шаралар қабылдау мүмкіндігі белгіленген. Елдің экономикалық қауіпсіздігіне
және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төнген жағдайда Қазақстан
Республикасының Президенті валюталақ операциялар жүргізуге арнайы рұқсат
режімін енгізуге құқылы. Заңда белгіленген арнайы рұқсат режімін енгізудің
талаптары осы тетікті қолданудың айрықшалылығын және дағдарыс шешілгеннен
кейін ырықтандырылған валюталық режімге қайта оралудың міндеттілігін нақты
ескереді.
Валюталық операцияларды жүргізуге қойылған тікелей шектеулерді алып
тастаған кезде, осындай валюталық операцияларды жүргізудің экономикалық
тұрғыдан лайықтылығына ықпал ететін жанама шаралар қолдану арқылы
валюталық реттеудің мақсатына жетуге болады, – мысалы, салықты реттеу,
қаржы ұйымдарына арналған нормативтерді белгілеу шаралары және т.б. Арнайы
рұқсат режімін енгізу қажеттігін бағалауды қоса алғанда, осындай
макроэкономикалық саясат шараларын қабылдаудың күшті талдамалық және
ақпараттық негізі болуы тиіс.
Бүгінгі күні кездесетін валюталық реттеу үдерістері:
— ірі валюталық операцияларды тіркеу,
— мейлінше маңызды валюталық операциялар туралы хабарлау,
— экспорттық-импорттық валюталық бақылау,
операцияларды жүргізу фактісінің өзіне шектеулер қоймастан, өзінің алдына
валюталық операциялардың сипаты және көлемі туралы шынайы ақпарат жинау
мақсатын қояды.
Тиісінше валюталық бақылаудың негізгі мақсаттарының бірі резиденттер
ұсынатын ақпараттың уақтылығын және шынайылығын қамтамасыз ету болып
табылады.
– Үстіміздегі жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық операцияларды лицензиялау
жойылғаны белгілі. Мұндай жағдайда валюталық бақылау қалай жүзеге
асырылады?
– Лицензиялау режимі валюталық бақылау тетігінің құрамдас бөліктерінің бірі
болды, сондықтан лицензиялауды алып тастау валюталық операцияларға бақылау
жоқ дегенді білдірмейді, одан гөрі ақпараттың тиісті сапасын қамтамасыз
етуге назар аудара отырып, валюталық операциялардың мониторингін жүргізу
мақсатында валюталық бақылау тәсілдерін қайта қарау туралы сөз болатын
сияқты. 2007 жылдан бері валюталық бақылау мынадай негізгі бағыттар
бойынша жүзеге асырылады:
1. Валюталық операциялар бойынша төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге
асыру тәртібінің сақталуын бақылау. Уәкілетті банктер арқылы валюталық
төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырған кезде Заңда белгіленген ақпарат
ұсыну туралы талаптар валюталық операциялардың жедел мониторингінің негізі
болып қызмет етеді және бұдан әрі осы ақпаратты қаржы мониторингінің
мақсаттары үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
2. Экспорт бойынша валюталық түсімді және импорттық операциялар бойынша
пайдаланылмаған авансты (экспорттық-импорттық валюталық бақылау) қайтаруды
бақылау. Бақылау сыртқы сауда келісім-шартының талаптарына байланысты
белгіленетін мерзімде қаражатты банктердегі шоттарға қайтару талабына
негізделеді. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті қандай да бір жолмен
шектемей, валютаны қайтаруды бақылау жүйесі экспорттық-импорттық мәмілелер
бойынша капитал ағындары жөнінде толық және жан-жақты ақпарат алу
мақсаттары үшін пайдаланылады.
3. Валюталық операциялардың жекелеген санаттарын жүргізу кезінде валюталық
реттеу режімдері – тіркеу және хабарлау шеңберінде уақтылы және шынайы
мәліметтер ұсынуды бақылау. Тіркеудің және хабарлаудың негізгі мақсаты
жүргізілетін мәмілелердің сипатын және табиғатын ашатын капитал
қозғалысының валюталық операциялары жөнінде ақпарат алу болып табылады. Бұл
ақпарат валюталық операциялар бойынша ақпарат базасын толықтыруға, төлем
балансының және сыртқы борыштың статистикасын қалыптастыруға және сыртқы
сектордағы ахуалдың дамуын бақылауға арналған маңызды дерек көзі саналады.
Ұлттық банк валюталық реттеу режімдері шеңберінде алынған ақпараттың
негізінде кепілдік берілмеген сыртқы борыштың мониторингін жүргізеді.
– Қазақстанда ырықтандыру үдерісі аяқталды ма, яғни ұлттық валютаның жұмысы
үшін жаңа кезең басталды деп санауға бола ма?
– Жоғарыда атап өткендей, мақсаты Қазақстан теңгесінің еркін
айырбасталымдылығын қамтамасыз ету болып табылған валюталық режімді
ырықтандыру үдерісі соңғы сатысына енді. 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап
капитал қозғалысының валюталық операцияларына қойылған тікелей шектеулердің
алынып тасталуы нәтижесінде теңгенің ағымдағы операциялар, сол сияқты
күрделі операциялар бойынша да айырбасталымдылығы үшін жағдай жасалды.
Болашақта теңге еркін айырбасталатын валюта бола ма, – мұның өзі
халықаралық есептерде және басқа елдердің валюта нарықтарында теңгенің
кеңінен пайдаланылуын білдірер еді – бұл, ең алдымен, Қазақстанның
экономикалық дамуына және біздің еліміздің әлемдік экономикаға ену
деңгейіне байланысты болады.
– Капитал қозғалысымен байланысты тәуекелдер қалай реттеледі? Бұл жағдайда
Ұлттық банктің және Қаржы қадағалау агенттігінің салық және кеден
органдарымен жұмысы қалай ұйымдастырылған?
– Жоғарыда атап өткендей, валюталық реттеудің негізгі міндеттерінің бірі
валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпарат базасын
қамтамасыз ету болып табылады. Бұл база капитал қозғалысымен байланысты
тәуекелдерді орынды бағалау, пруденциалдық және салықтық-бюджеттік реттеу
тарапынан қажетті шараларды әзірлеу және оларды ендірудің тиімділігін
бағалау үшін ақпараттық негіз болып табылады.
Ұлттық банктің және мемлекеттік басқару органдарының арасында тұрақты түрде
жүзеге асырылған ақпараттық өзара іс-әрекет қазір сапа тұрғысынан жаңа
деңгейге көтеріліп отыр. Қазіргі кезде Ұлттық банк Қаржы қадағалау
агенттігімен және республика Үкіметімен бірлесіп, ведомстволардың Қаржы
тұрақтылығы туралы меморандум шеңберінде өзара іс-әрекет жасау рәсімдерін
және тетігін құру жөнінде жұмыс жүргізуде. Бұл меморандумның негізгі
міндеті мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекетінің тиімді жүйесін
ұйымдастыру, сондай-ақ қаржы тұрақтылығы тәуекелдерін реттеу жөнінде
үйлестірілген саясат жүргізу болып табылады.
Кеден органдарымен өзара іс-әрекет экспорттық-импорттық бақылауды тиімді
жүзеге асыруға бағытталған негізгі элемент болып табылады, сондықтан Ұлттық
банк бұл бағытта да – ЭИВБ бағдарламалық қамтамасыз етуін бірлесіп ендіру
және өңдеу бойынша да көп жұмыс жүргізуде, барынша өзекті мәселелерді шешу
үшін бірлескен жұмыс топтары құрылуда. Сондай-ақ салық органдары да жүзеге
асырылатын іс-шаралардың келісілуін қамтамасыз етуге қатысты көп жұмыс
жүргізуде.
– Қазақстан Республикасынан шетел валютасын әкету тәртібі туралы айтсаңыз.
Азаматтарда төлем кәртішкелерінің болуы белгіленген нормалардың бұзылуына
әкеліп соқпай ма?
– Жеке тұлғалар-резиденттер және резидент еместер Қазақстан Республикасынан
баламасы 10 мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын
шектеусіз алып шығуға құқылы. Балама шекарадан өтетін күні белгіленген
Ұлттық банктің ресми бағамдары негізінде есептелген шетел валютасының АҚШ
долларына қатысты кросс-бағамдарын пайдалану арқылы айқындалады.
Есепке алу мақсатында баламасы 3 мың АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол
шетел валютасын Қазақстан Республикасына әкелу және одан әкету кезінде
Қазақстан Республикасының кеден органына міндетті жазбаша декларация
тапсыру талабы енгізілді.
Баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол валютаны әкету үшін
жеке тұлға – резиденттер және резидент еместер кеден органына әкетілетін
валютаның шығу заңдылығын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.
Төлем кәртішкесінің болуы қолма-қол шетел валютасын алып жүру жөніндегі
белгіленген ережелерді бұзбайды, себебі қолма-қол жасалмайтын төлемдерді
жүзеге асыруды көздейді және төлем кәртішкесінің эмитент банкінде бар төлем
кәртішкесінің иесі және ол жүзеге асыратын аударымдар туралы деректер
барлық есепке алу талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
– Ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін талдауды негізге ала
отырып қандай тұжырым жасауға болады?
– Талдау көрсеткеніндей, ішкі валюта нарығындағы ұсыныс көздері –
республика банктері тартқан сыртқы заем ресурстарының түсімі және
экспорттық валюта түсімі, ал сұраныстың көздері тауарлар мен қызмет
көрсетулердің импорты үшін ақы төлеу және сыртқы заемдық міндеттемелерге
қызмет көрсету (транзакциялық сұраныс) болып табылады. Бұл ретте банктік
қарыз алудың ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігін қалыптастырудағы рөлі
экспорттық валюталық түсімнің динамикасына қарағанда мейлінше маңызды.
Экспортерлердің ірі кәсіпорындарының қызметі тек валюталық түсімдерді ғана
емес, сонымен қатар тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты үшін ақы төлеу
және сол сияқты сыртқы қаржы міндеттемелеріне қызмет көрсету кезінде едәуір
валюталық шығыстарды да (сыртқы борышты өтеу және қызмет көрсету, дивиденд
төлеу) болжайды, бұл кәсіпорындардың ішкі валюта нарығында айырбастауға
бағыттайтын экспорттық валюта түсімінің көлемін біршама қысқартады. Сонымен
қатар, мұнайгаз секторының ірі кәсіпорындары бойынша осындай төлемдердің
едәуір бөлігі Қазақстан банктеріндегі шоттарға есепке алынбастан шетел
банктеріндегі шоттарға жүзеге асырылады, ал Қазақстан бюджетіне валюталық
төлемдер тікелей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түседі, бұл
әлуетінде экспорттық кірістер көрсетуі мүмкін қысымның дәрежесін
төмендетеді.
Шын мәнінде тұтастай алғанда Қазақстанның банк жүйесінде экспортер
банктердің клиенттері қалыптастырған валюта ұсынысы банктердің тауарлар мен
қызмет көрсетулердің таза импортерлері болып табылатын және валюталық
заемдарды өтеуге және қызмет көрсетуге қажеттілігі бар клиенттері тарапынан
валютаға сұраныспен өтеледі.
Валютаға сұраныс пен ұсынысты талдау сондай-ақ еуромен және Ресей рублімен
есеп айырысу үлесі едәуір баяу қарқынмен өсіп отырғанын көрсетеді, сұраныс
тарапынан, сол сияқты ұсыныс тарапынан да бұрынғыша АҚШ долларымен
жүргізілетін операциялар басым болып отыр.
.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан ТМД-нің басқа елдерімен салыстырғанда барлық
сегменттерде құрылымдық реформаны жүзеге асырып, қаржы секторын
реформалауда және дамытуда көп жағдайда алға озып кетті. Нәтижесінде іс
жүзінде бүкіл институционалды негіз құрылды.
Бұл ретте соңғы бірнеше жылда қаржы жүйесі сегменттерінің орнықтылығын
жетілдіру және нығайту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде. 2006 жылы
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2003-2006 жылдарға
арналған тұжырымдамасын іске асыру аяқталды, оның негізгі мақсаты тұрақты
және тиімді жұмыс істейтін, экономиканың нақты секторының қаржы
ресурстарына қажеттіліктерін қанағаттандыратын және қаржы институттарына
еркін бәсекелестік жағдайында сапалы қызмет көрсететін қаржы жүйесін
қалыптастыру болып табылды. Осы Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижелері
туралы айтсақ, жалпы алғанда, онда қойылған міндеттердің орындалғанын атап
өткен жөн.
Мәселен, Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде мынадай негізгі бағыттар
бойынша:
– ақша-кредит саясатының құралдарын жетілдіру және оны Еуропа Одағы
елдерінің стандарттарына жақындату жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылды;
– 2003 жылы неғұрлым тиімді және экономикалық тұрғыдан ақталатын валюталық
операцияларға қатысты жекелеген шектеулерді алып тастауды белгілеген
Қазақстан Республикасында валюта режімін ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға
арналған бағдарламасы қабылданды;
– қаржы нарығына қатысушылардың қызметін бірыңғай мемлекеттік қадағалау
органы – Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі (бұдан әрі – ҚҚА) құрылды;
– банктерден, банктік қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардан және микрокредиттік ұйымдардан тұратын үш деңгейлі кредиттеу
жүйесі құрылды, олардың қызметін реттейтін қажетті заңнамалық актілер
қабылданды;
– Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы №1388
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын
дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды;
– республикадағы бірінші кредит бюросы құрылды және жұмыс істейді;
– “Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған
депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы” Заң қабылданды;
– бірқатар міндетті сақтандыру түрлері енгізілді, сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры, мемлекеттік аннуитеттік компания, экспорттық-импорттық
кредиттерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорация құрылды, отандық
сақтандыру нарығына шет елдің қатысу мүмкіндігі кеңейтілді;
– Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007
жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді;
– жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасы бекітілді;
– Қазақстан Республикасының пошта-жинақ жүйесін дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.
Сонымен, қазіргі кезеңде Қазақстанда барлық негізгі қаржылық реформалар
жүзеге асырылды, ал қаржы институттарын реттеу дамыған елдерде қабылданған
халықаралық стандарттар негізінде жүзеге асырылуда.
Дегенмен, мейлінше сапалы және жоғары мақсаттар қоя отырып, қаржы
секторының дамуында оң үрдістердің нығаюы жағдайында сегменттерді одан әрі
дамыту қажет. Енді мемлекетте қаржы секторын дамытудың келесі кезеңінің
міндеттерін шешуге өту қажеттігі туындады, мұның өзі қаржы секторын
дамытудың келесі орташа мерзімді кезеңге арналған тұжырымдамасын әзірлеуді
қажет етті.
Мәселен, 2006 жылдың екінші жартысында Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚҚА-мен, Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен
бірлесіп, елдің қаржы секторын дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге
кірісті.
Нәтижесінде, республика Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №1284
қаулысымен Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011
жылдарға арналған тұжырымдасы бекітілді, оның аясында қаржы секторын
дамытудың негізгі басымдықтары, сондай-ақ оның жекелеген секторларын
мемлекеттік реттеудің бағыттары мен тәсілдері айқындалды.
Сонымен бірге, Тұжырымдамада қаржы секторын дамыту және реттеу саласындағы
мемлекеттік саясаттың жүйелілік және сабақтастық қағидаты және Қазақстан
Республикасының бұрын белгіленген бастамаларын жалғастыру ескерілді.
Жаңа Тұжырымдамаға сәйкес қаржы секторын одан әрі дамыту үшін Қазақстан
Республикасын қаржы ағындарын ТМД және Орталық Азия аймағы шеңберінде
тиімді қайта бөлуді қамтамасыз ететін аймақтың қаржы орталығына айналдыру
керек сияқты.
Қазақстанның ТМД-да және Орталық Азияда қаржы секторында аймақтық көшбасшы
болуына қол жеткізу үшін 2007-2011 жылдар аралығында негізгі күш-жігер
Қазақстанның қаржы секторын нығайтуға, оның тұрақтылығын арттыруға,
кәсіпорындарды және халықты қаржы секторының қызмет көрсетуімен қамтуға
оның жекелеген сегменттерін одан әрі дамытуға бағытталады, мұның өзі
қазақстандық қаржы ұйымдарының ішкі нарықтағы позицияларын күшейтіп,
аймақта оның қаржы тарту және ауқымды аймақтық экспансия орталығы болып
қалыптасуына негіз болады.
Бұл ретте негізгі міндеттердің бірі қаржы секторының бәсекелестік қабілетін
арттыру болып табылады, бұл Қазақстанның алда болатын Бүкіләлемдік сауда
ұйымына (БСҰ) кіруі жағдайында аса маңызды. Жалпы алғанда, біздің қаржы
секторымыз шетелдік компаниялардың келуіне дайын. Алайда, тәжірибе тіпті
айтарлықтай дамыған және ірі қаржы секторы бар елдердің де тура БСҰ-ға
кіргеннен кейін шетелдік ойыншылардың тарапынан болған бәсекелестіктің күрт
өсуі салдарынан өз дамуында проблемаларға кездескенін көрсетеді. Сондықтан
қаржы секторының төлем қабілетін күшейту үшін күш-жігерді оны
капиталдандыруға жұмылдыру қажет, бұл тек қаржы институттары қызметінің
айқындығын арттырған жағдайда ғана мүмкін.
Жалпы алғанда, қаржы секторының одан әрі дамуы:
– қаржы секторының және оның құралдарының орнықтылығы мен тұрақтылығын
арттыруға;
– қаржы секторының қызмет көрсету сапасын және оларға қол жеткізуді
арттыруға;
– өтімді қор нарығын және оның құрамдастарын қалыптастыруға;
– қаржы секторын реттеу стандарттарын арттыруға;
– қаржылық қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті арттыру мақсатында қаржы
секторын одан әрі ырықтандыруға бағытталуы тиіс.
Бұдан басқа, адал бәсекелестікті дамытуға, сондай-ақ қаржылық қызмет
көрсетулерді тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға
бағытталған қаржы ұйымдарының монополияға қарсы реттеуін жетілдірген жөн.
Қаржы секторын дамытудың маңызды бағыты Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығы (АӨҚО) идеясын іске асыру болып қала береді. АӨҚО құрудың
мақсаттары бағалы қағаздар нарығын, оның халықаралық капитал нарықтарына
қосылуын дамыту, Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту, қазақстандық
капиталды шетелдік бағалы қағаздар нарығына шығару болып табылады.
Қаржы орталығының міндеттері шетелдік, сол сияқты қазақстандық
инвесторларды, эмитенттерді және кәсіби қатысушыларды қаржы орталығының
арнайы сауда алаңына тарту, еліміздің бағалы қағаздар нарығын тиімді
дамыту үшін жаңа қаржы құралдарын әзірлеу және ендіру, сондай-ақ қаржы
орталығын одан әрі дамыту болып табылады.
Жалпы алғанда, бұл үшін заңнамалық база қалыптасқан. Сондай-ақ 2006 жылы
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі
агенттік құрылды, ол 2006 жылғы 31 қазаннан бастап қаржы орталығына
қатысушыларды тіркеді.
Ойға алған жобаны жемісті іске асыру үшін шетелдік биржа ойыншыларын
жергілікті қор нарығына тарту жөніндегі шаралар қажет.
Сонымен бірге, елдің қор нарығын дамытуға құрылған “Самұрық” мемлекеттік
активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингінің және “Қазына” тұрақты
даму қорының нарықта олардың құрамына кіретін компаниялар акцияларының
үлесін орналастыру жөніндегі қызметі ықпал ететін болады.
Сонымен, осы Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі жұмыс басталып та кетті
және Ұлттық банк пен Үкіметке оны іске асырудың барысы туралы 2007 жылдың
бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жиынтық ақпарат ұсынды.

Ақша-кредит саясаты және қаржы жүйесінің тұрақтылығы

Кез келген мемлекеттің экономика саласындағы түпкілікті мақсаты
экономиканың тұрақты өсуін, баға тұрақтылығын және сыртқы экономикалық тепе-
теңдікті қамтамасыз етуді көздейді. Бұл мақсат жалпыэкономикалық реттеу
барысында іске асады, оның маңызды құрамдас бөлігінің бірі — мемлекеттің
ақша-кредит саясаты болып табылады.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес Ұлттық банкінің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз
ету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін Ұлттық банк тарапынан
мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу, валюталық реттеуді
және валюталық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ қаржы жүйесінің
тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу сияқты негізгі міндеттерді шешу
талап етіледі.
Мемлекеттің ақша-кредит саясаты жалпыэкономикалық реттеудің маңызды
құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Ол инфляцияны тежеу, белсенді нарық
конъюнктурасын сақтау, өндірістің құлдырауына және жұмыссыздыққа жол бермеу
мақсатында әзірленіп, іске асырылады. Ұзақ мерзімді кезеңге баға
тұрақтылығын сақтай отырып, баламалық ақша-кредит саясаты нарықтық
экономиканың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызады.
Қазақстан соңғы жылдары экономикалық өсудің жоғары қарқынына қол жеткізді,
бұл еліміздегі реформалардың табысты жүргізілуіне, сол сияқты сыртқы
экономикалық жағдайдың қолайлы болуына байланысты. Соңғы бірнеше жылда ЖІӨ
Қазақстан экономикасының тұрақты даму динамикасын көрсетуде. 2005 жылға
қарағанда ЖІӨ-нің өсуі 10,6% болды, ал 1991 жылдың (тәуелсіздік алған жылы)
деңгейі 41%-ға көтерілді. 2006 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ соңғы 6 жылда 4
есеге ұлғайып, 5083 АҚШ долларына жетті.
Қазақстанның экономикасының дамуындағы жетістіктерді көптеген дамушы елдер
мойындап, халықаралық қаржы институттары мен рейтинг агенттіктері атап
көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50
елдің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда. ҚР Статистика агенттігінің
ресми деректері бойынша ЖІӨ 2006 жылдың ішінде экономиканың тұрақты дамуы
туралы куәландыратын өсудің тұрақты серпінін көрсетті.
Алайда, Қазақстан экономикасы соңғы жылдары инфляция қысымының күшейе
түскенімен қатар қарқынды дамуда, бірақ Ұлттық банк пен Үкіметтің төмен
инфляцияны ұстап тұру жөніндегі үйлестірілген саясатының арқасында 2006
жылдың шілде айынан бастап оның динамикасында түбірлі өзгеріске қол
жеткізілді. Нәтижесінде инфляция 9%-дан 8,4%-ға дейін төмендеді, және
қазіргі уақытта аса жоғары емес тұрақты деңгейде қалып отыр.
Дегенмен де, инфляциялық үдерістің баяулауына қарамастан, Ұлттық банк ақша-
кредит саясаты шараларын әлсіреткісі келмейді, себебі жылдық инфляцияның
төмендеу үрдісі тұрақсыз болып қалуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкінің ақша-кредит саясатының 2007 – 2009 жылдарға арналған негізгі
бағыттарына сәйкес Ұлттық банк 2007 жылы және одан кейін де орташа жылдық
инфляцияның төмен деңгейін қамтамасыз етуге бағдарланған ақша-кредит
саясатын жүргізуді өз қызметінің басым бағыты деп айқындайды.
Ресми қайта қаржыландыру ставкасын қоса алғанда, Ұлттық банктің
операциялары бойынша ставкаларды реттеу ақша нарығындағы жағдайға және
инфляция деңгейіне байланысты жүргізіледі. Қаржы нарығындағы сыйақы
ставкасын, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін реттеудің басты құралы –
екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі қысқа мерзімді ноталары мен
депозиттері болып қала береді.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі мақсаты-
экономиканың макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығына қол жеткізу болып
табылады, сондай-ақ келешекте экономиканың өсу алғышарттарын жасау. Осы
мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк 2007 жылдың
қаңтар айында “2007 жылға арналған экономикалық және әлеуметтік саясаттың
негізгі бағыттары және экономикалық көрсеткіштердің болжамы туралы”
бірлескен мәлімдеме жасады. Осы құжатқа сәйкес Ұлттық банк пен Үкімет
Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілетін арттыруға, елдің өмір сүру
деңгейін жақсартуға, экономиканың қарқынды дамуын және баға тұрақтылығын
қамтамасыз етуге қолайлы жағдай туғызуға бағытталған саясатты келісіп
жүргізетін болады.
Сонымен бірге Қазақстанның әлемдік экономикаға тиімді кірігуіне бағытталған
мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты ел экономикасының ашықтық дәрежесін
көтереді, бұл өз кезегінде қаржы нарығын жүйелі дағдарысқа ұшырататын түрлі
қаржы дағдарысының экономикадан экономикаға берілу қаупін арттырады. Бұл
жағынан келгенде дағдарыстың келу қаупін, одан шығу шараларын уақтылы
бақылауға мүмкіндік беретін дағдарыс алдындағы ахуалдарға жасалған
талдаудың маңызы зор. Осындай талдау әлемнің көптеген орталық банктері
әзірлейтін қаржы тұрақтылығы туралы есептердің тақырыбы болып табылады,
қазіргі уақытта осындай есепті әзірлеу Қазақстан үшін де өзекті болып
отыр.
Ұлттық банк 2006 жылғы желтоқсан айында Ұлттық банк пен Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен (ҚҚА) бірлесіп әзірлеген
“Қаржы тұрақтылығы туралы есебін” өзінің сайтында орналастырды. Есеп
республиканың қаржы тұрақтылығына қауіп төндіретін дағдарыс жағдайлары
туындаған жағдайда, елдің қаржы жүйесінің қауқарсыздығына баға берудегі
алғашқы қадам болып табылады. Оған қаржы тұрақтылығының макроэкономикалық
аспектілерін бағалау, қаржы институттарының ағымдағы жағдайын талдау, қаржы
жүйесінің тәуекелдерін бағалау, еліміздің төлем балансын және Ұлттық қорды
реттеу кіреді.
Қаржы тұрақтылығы туралы есепті одан әрі жетілдіру жұмысы жалғастырылатын
болады, сонымен бірге Ұлттық банк өз қызметін ҚҚА-мен тығыз үйлестіреді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-кредит саясатының 2007 – 2009
жылдарға арналған негізгі бағыттарына сәйкес Ұлттық банк пен ҚҚА-ның алдағы
кезеңдегі міндеттерінің бірі — қаржы тұрақтылығы көрсеткіштерінің жүйесін
қалыптастыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығына жағымсыз ықпал жасайтын
ахуалдарды айқындау және олардың алдын алу. Дағдарыс жағдайының өрістеуіне
тосқауыл болатын құралдар әзірленеді.
Бұдан басқа, халықаралық практикаға сәйкес Ұлттық банк ҚҚА-мен және
Үкіметпен бірлесе отырып 2007 жылы органдардың қаржы тұрақтылығы үшін
тәуекелдерді реттеу, ақпараттық өзара іс-қимыл рәсімі, қаржы тұрақтылығы
мәселелері бойынша тұрақты консультациялар өткізу форматы, реттеуіш ықпал
етудің келісілген шарасын іске асырудың жолдары мен қағидаты бөлігіне
қатысты құзырын реттейді.
Сөйтіп, Ұлттық банктің инфляцияның төмен деңгейін қамтамасыз етуге
бағытталған ақша-кредит саясаты, сондай-ақ Ұлттық банктің мүдделі
мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізіп отырған қаржы секторының тұрақты
жұмыс жасауына қауіп төндіретін тәуекелдерді неғұрлым тиімді шектеу
жөніндегі қызметі ақша-кредит саясатының басты міндеті – Қазақстан қаржы
жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге толығымен жауап береді.

Қазкоммерцбанк шағын және орта бизнесті ең төменгі мөлшерлемемен
несиелендіреді
2008 жыл, наурыздың 6-сы, Алматы қ. – Қазкоммерцбанк екінші деңгейлі
банктер арқылы (ЕДБ) қаражат беру бағдарламасы аясында Шағын кәсіпкерлікті
дамыту қоры АҚ-нан алған 12,2 млрд. теңге сомасының 70%-ын игерді. Ал
шағын бизнеске қаржыны нарықтағы бағадан төмен бағамен берді.
2007 жылы желтоқсанда Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ – Шағын
кәсіпкерлікті дамыту Даму қоры АҚ-ына өзгертілді.
Аталған бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстандағы шағын және орта
бизнеске (ШОБ) мемлекет тарапынан тиімді қаржылай қолдау көрсету.
Бағдарлама аясында Қор коммерциялық банктерге, ал банктер ШОБ-ті несиелеуге
қаржы бөледі. Бұл өз кезегінде несие қаражатына қол жеткізу мүмкіндігін
арттырып, ШОБ субъектілерінің қатарындағы әлеуетті қарыз алушыларды қамту
аясын кеңейтеді. Мемлекеттік бағадарлама аясында Қазкоммерцбанк алған қарыз
өндіріс иелеріне негізгі құрал саймандарды модернизацилау және жаңасын
сатып алу үшін, сондай-ақ, өндіріс, сауда, қызмет көрсету, ауыл
шаруашылығы, транспорт және байланыс секілді салалардың айналым қаражатын
толықтыру үшін беріледі.
2008 жылы наурыздың 3-і күні ҚР-ның премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың шағын
және орта бизнес өкілдерімен өткен кездесу барысында Шағын кәсіпкерлікті
дамыту Даму қоры АҚ-ның Басқарма Төрағасы Госман Амриннің айтуынша,
бүгінгі күні несиенің атаулы мөлшерлемесі 18 пайызға жуық. Өйткені ШОБ
жобаларын несиелендіруге бюджеттен 48,8 млрд. теңгебөлінді. Ал ШОБ үшін ең
тиімді позиция – Қазқоммерцбанкте (16%-дан сәл көбірек), - деді ол.
Шағын және орта бизнес клиенттеріне Қазкоммерцбанк ұсынатын несие 84 ай
мерзімге беріледі.
Шағын бизнестегі маусымдық саябырлауды ескерсек бағдарлама жүзеге асырылып
жатқан 3 айдың ішінде қаражаттың 70%-ын игеру – бұл жақсы көрсеткіш, -
дейді Қазкоммерцбанк АҚ-ның басқарма директоры Әпсенбетов Бейбіт. Оның
пікірінше, шағын кәсіпкерліктің дамуы маусымдық уақытқа тәуелді – қыста
көктемге қарағанда несиені аз мөлшерде алады. Әпсенбетов мырзаның айтуынша,
банк қаражатты толық мөлшерде жаратпайтынына үкіметтен бөлінетін қаржының
қымбаттылығы, сондай-ақ қарыз алушыға бөлінетін несие мөлшерінің шектеулігі
секілді факторлар әсер етеді. Өкінішке орай, бүгінгі күні Қазақстанда 1
миллион долларға өнідіріс бизнесін дамыту өте қиын, - деп ойымен бөлісті
Әпсенбетов мырза.Бағдарлама аясында қаражат ШОБ субъектілеріне – ЖШС, ЖК,
ШҚ (шаруа қожалығы) бөлінеді, ал жеке тұлғалар бұл бағдарламаға қатыспайды.
ШОБ субъектілерінің 51%-дан астам капиталы ҚР-ның резиденттерінің жеке
меншігінде болуы керек.
Ал аталған бағдарлама бойынша несие алам деушілердің 3-тен 12 айға дейін
жұмыс істеп жатқан (қарыз сомасына байланысты) тұрақты бизнесі немесе
бастапқы бинесі болуы шарт. Қарыз алушының жобадағы үлесі жоба құнының 30%-
нан кем болмауы тиіс. ШКДҚ бағдарламасы бойынша қарыз алушының несиесі 120
000 АЕК-тен (140 160 000 теңге) аспауы қажет, әрі қарыз алушының табысы
жақсы болу керек.

Анықтама телефондары:
Қазкоммерцбанк АҚ-ның баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 258 53 92, E-mail: pr@kkb.kz

 ҚОР ДАМУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ
 
Қордың құрылуына Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдедегі Жеке
кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Заңы және:
 
• 1992 ж. 5 мамырдағы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау
және дамыту жөніндегі 1992-1994 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама
туралы;
• 1994 ж.10 маусымдағы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау
және дамыту жөніндегі 1994-1996 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама
туралы ҚР Президентінің   бірқатар қаулылары себеп болды.
 
БІРІНШІ КЕЗЕҢ   
 1997-2001 жж.
Бірінші кезең 1997ж. Қордың құрылуымен байланысты. Осы жылдары мемлекеттік
органдар шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған бірқатар
заңдарды, жарлықтар мен қаулыларды қабылдаған.
• 1997 – Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді және оны дамытуды
күшейту шаралары туралы № 3398 Жарлығы
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі Шағын
кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы № 665 Қаулысы
• Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Шағын
кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы № 131-1 Заңы
• Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Жеке кәсіпкерлік
туралы № 135-1 Заңы
• 1999  – Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31
желтоқсандағы Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту
және қолдау жөніндегі 1999-2000 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама
туралы №4189 Жарлығы;
• 2001  – Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы 
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау
жөніндегі 2001-2002 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы №597
Жарлығы;
Бұл мерзім Қордың отандық тауарөндірушілерді қолдау бойынша шаралар
Бағдарламасы жөніндегі мемлекеттік бюджет қаражатын, сондай-ақ 
• ЕБРР;
• АБР-ң кредит желілерін пайдалануды есепке алу және оны бақылау
агенттігінің функциясын орындауымен суреттеледі.

 
Еуропалық қайта құру және даму банкінің кредит желісі – Қазақстандағы шағын
бизнесті дамыту Бағдарламасы
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Орталық және Шығыс Еуропа
елдерінде экономикалық өзгертулерге жәрдемдесу мақсатында, 1991 жылы
халықаралық шарт негізінде құрылған. ЕБРР бірден бір мейлінше табысты
жобаларының бірі 1998 жылдан бері Қормен бірлесе жүргізіліп отырған
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы болып табылады.
ЕБРР мен жобалар бастамашысы болып танылатын Қазақстан Республикасы
Үкіметінің ортақ мақсаттарына сәйкес, Қазақстанның шағын бизнес
Бағдарламасының басты міндеті елдегі барлық шағын бизнестің қаржы
ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету қажетті институционалдық
құрылымдар мен кредиттеу әдісін енгізуді дамыту арқылы болып отыр.
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы бойынша ЕБРР-мен 10 жыл
мерзімге 77 500 000 АҚШ долларына заем туралы келісім жасалды. Аталған
Бағдарлама бойынша кредиттеу заемшыларға кредит беру шарттарын өздігінше
анықтайтын және де экономика саласының барлық кәсіпорындары
қаржыландырылатын уәкілетті екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге
асырылады.
Бағдарламаның басты міндеті кезінде ресми қаржыландыру көздеріне кол
жеткізе алмаған кәсіпорындарды кредиттеу болып табылады.  
1998 ж. мамыр айынан 2007ж. мамыр айына дейінгі мерзімде қатысушы банктер
жалпы сомасы 2 216,10 млн. АҚШ долл. барлығы 237 000 жобаны., оның 25,63% –
микрокредиттер (568,09 млн.АҚШ долл. 180 253 жоба) және 74,37%  – шағын
кредиттер (1 648,01 млн. АҚШ долл. 56 747 жоба).
Қазақстандағы шағын бизнес Бағдарламасы шеңберінде серіктес банктерде IPC
(Internationale Projekt Consult) халықаралық фирма консультанттарының
қатысуымен шағын кәсіпорындарға берілетін қомақты кредит санын банктер
жедел түрде қарастыруы үшін арнайы әзірленген әдіс бойынша жұмыс жасайтын
шағын бизнесті кредиттеу жөніндегі секторлар құрылған.
Oтандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы
Отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы бойынша
Қор екінші деңгейдегі 6 банкке  22 716,1 мың АҚШ долл. мөлшерінде ақша
аударды.
Аталған Бағдарлама бойынша трактор, цемент, тыңайтқыш, мақта және күнбағыс
майын, сүт өнімдерін, буып-түйетін материалдар және т.б. шығаратын ірі
жобаларға қолдау көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі отандық тауарөндірушілердің 14 инвестициялық
жобасын қаржыландыруды мақұлдады. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 5 537
жұмыс орны құ-рылды.
Атаған Бағдарламаны Қор дайындады, ал заемшылар қайтарған қаражат келешекте
Қор ШКС тікелей кредиттеуге пайдаланатын қаражат Қордың жарғылық капиталын
ұлғайтуға бағытталған.
 Азия даму банкінің ауылшаруашылығы секторы үшін бағдарламалық заемның
екінші траншы
 Азия даму банкі (АДБ) бағдарламалық заемдарының қаражаты ауылшаруашылық
өнімдерін, машина-технологиялық стансалар үшін ауылшаруашылық техникасын
өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жабдықтарды сатып алуды кредиттеу,
ауылшаруашылық өнімдерін сату үшін көзделген азық-түлік көтерме базары мен
базардың өзге инфрақұрылымдарын құру үшін, сонымен қатар қажетті айналым
қаражаттарын қаржыландыру үшін тағайындалған.
Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап, кредит қаражаты екінші деңгейдегі
уәкілетті банктер арқылы соңғы заемшыға ұсынылды. АДБ заемының екінші
траншы қаражатын меңгеруге екінші деңгейдегі 12 банк және Астана-Финанс
АҚ қатысты.
2004 ж. желтоқсан айында ҚР Қаржы министрлігі мен Қор арасында кредит
келісіміне қол қойылған, осыған сәйкес Қор жобаларды Бағдарламалық
заемдардың екінші траншы қаражаты есебінен өз бетінше кредиттеуге құқығы
бар.
Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап, 2007ж. 1 қазанға шаққанда Қор
тарапынан жалпы сомасы 54 675,4 мың АҚШ долларына 95 жоба қаржыландырылды.
Бағдарлама бойынша 4 719 жұмыс орны құрылып, құпталды.
 
 
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ  
   2002-2004 жж.
2001-2002 жж. ел экономикасының жоғары қарқынмен өсуі және Қазақстанның ІЖӨ
ортажылдық өсімінің 11,6% -ға дейін, 2003-2004 жж. 9,3% өсуі Қазақстан
Үкіметіне шағын кәсіпкерлікке үлкен қолдау көрсетуге мүмкіншілік берді.  
Осы жылдары бірқатар жарлықтар шықты:
2003 – Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 17 мамырдағы
 Қазақстан Республика-сының  2003-2015 жж. арналған индустриалды-
инновациялық даму стратегиясы туралы № 1096 Жарлығы.
2004 – Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы
 Қазақстан Респуб-ликасындағы шағын кәсіпкерлікті 2004-2006 жж. дамыту
және қолдау  жөніндегі мемлекеттік Бағдарлама туралы № 1268 Жарлығы.
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының
2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының 2003
ж. бекітілуіне байланысты жаңа шабытқа ие болды.
Стратегияның басты міндеттерінің бірі – жеке секторды қолдайтын және
бәсекелі артықшылық-ты жетілдіретін, нақты өндірістерде қосымша құн
элементтерін меңгеретін,  ғылыми және жоғар-ғы технологиялы экспортқа
бағытталған өндірістерді құруды ынталандыратын, елдің экспорттық әлеуетін
тауар мен қызмет көрсету пайдасына әртараптандыратын, әлемдік сапа
стандартын енгі-зетін, ықпалдастықты әлемдік ғылыми-техникалық және
инновациялық процестерге қосылу жолымен әлемдік экономика деңгейіне
ұштастыратын кәсіпкерлік климат орнату және қоғамдық институттар құрылымын
құру болып табылады.
Осы мерзімде Қор барлық филиал желісін құрған еді. Енді кәсіпкерлерге
көрсетілетін қолдау тек облыстық маңызы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері
Банк жүйесі туралы ұғым
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы ақпарат
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
1988 жылдардағы банк жүйесінің реформалары
1930 – 1932 жылдардағы несие реформасы
Банк жүйесі туралы ақпарат
Банктердің нарықтық экономикадағы ролі туралы
Банктік операцияларға лицензия алу
Қазақстанның банк жүйесі туралы
Пәндер