Жапония мемлекетінің салық жүйесі туралы



Кіріспе.
1. Жапония мемлекетінің салық жүйесінің тарихи маңызы мен оның кейбір мәселелері
2.Жапония мемлекетінің салық жүйесіне жалпы сипаттама.
3.Салық функциясы.
4.Салық құрылымы
5.Салық түрі.
6.Салық төлеу мехенизмі
7.Салық түрлеріне жалпы сипаттама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Япония мемлекеті шығыс азия жерінде орналасқан.Ол төрт ірі аралдан құралады—Хаккайдо,Хонсю,Сикоку,Кюсю-сонымен қатар жақын орналасқан кішігірім аралдардан тұрады.
Япония унитарлық мемлекет ол 47 префектурадан тұрады.
Территориясы—372,2 мың шаршы шақырым
Астанасы—Токио қаласы
Халық саны 126,2 миллион адам (1997ж), 99,4 пайызы жапан ұлты тұрады.
Ресми тіл—жапон тілі.
Мемлекет басшысы монарх болып саналады.Монарх мемлекет басшысы болғанымен ол мемлекеттік билікті нақты өзінің тікелей қатысуымен жүзеге асырмайды,оны Парламент,Министрлер кабинетімен бірлесе отырып атқарады.Японияның мемлекет басшысы Император ол халық символы ретінде бағаланады.Оның мемлекет басқару ісіне араласуының режимі бар,ол режимнің мазмұны Император мемлекет ісіне көп араласпайды оның өкілеттігі шекетелген.Мемлекеттік билікті Парламент пен Министрлер кабинеті жүзеге асырады.Соның ішінде Парламенттің өкілеттігі мен құзыреті кең.Салық салуды осы парламент қабылдаған заңдармен ғана жүзеге асырады.Японияның қазіргі қолданыстағы Конституциясының 30 бабында Азаматтар салықты тек қана заңда көрсетілген жағдайда ғана төлеуге міндетті деп көрсетілген.Осы баяндама мазмұны Япония мемлекетінің салық жүйесіне арналып,осы мемлекеттің салық жүйесіне жалпы сипаттама беріп,мемлекеттік бюджетпен жергілікті бюджеттің қалыптасуы туралы мәселелерді қамтитын болады. Осы елде салық жүйесін қалыптастыру процесі ХІХ жылдардан бері қарай дами бастады.Осы салық жүйесіне көптеген саяси реформалар жүргізілді.Сөзіміз нақты болуы үшін 1989 жылы жүргізілген "Шалпа" деп аталатын реформаны айтуға болады.Осы уақытқа дейін бұдан басқада реформалар жүргізілген, бірақ баяндама тақырыбына байланысты мен Япония мемлекетінің қолданыстағы салық жүйесін зерттеу мақсатында оларға көп тоқталып кеткім келмейді.Қазіргі осы мемлекеттің қолданыстағы салық жүйесі ол,жоғарыда аталған реформадан кейін қолданысқа енгізілген болатын,бұл салық жүйесі қазіргі уақытқа дейін қолданылып отыр.Осы баяндамада мен Япония мемлекетінің салық жүйесіне тарихи тұрғыдан да қарап қазіргі салық жүйесінің кейбір мәселелері туралы мәліметтерді толығырақ келтіргім келді.Осы мемлекеттің салық жүйесі өте күрделі болып келеді.Өйткені бұл мемлекет көптеген профектураларда тұрғандықтан және бұл мемлекетте муниципалдық органдар жұмыс істейді.Осы муниципалдық органдар жергілікті салықтың түрлерін оның ставкасын мемлекеттік биліктен тыс жеке өздері де бекіте алады.Осы мәселелер бойынша баяндаманың төменгі бөлімдерінде барынша жүйелі түрде анықтап көрсетемін.
Налоги Республики Казахстан и развитых стран автор: Нурумов Алданыш.“Сөздік-Словарь” 2005.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе.
1. Жапония мемлекетінің салық жүйесінің тарихи маңызы мен оның кейбір
мәселелері
2.Жапония мемлекетінің салық жүйесіне жалпы сипаттама.
3.Салық функциясы.
4.Салық құрылымы
5.Салық түрі.
6.Салық төлеу мехенизмі
7.Салық түрлеріне жалпы сипаттама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

Япония мемлекеті шығыс азия жерінде орналасқан.Ол төрт ірі аралдан
құралады—Хаккайдо,Хонсю,Сикоку,Кюсю -сонымен қатар жақын орналасқан
кішігірім аралдардан тұрады.
Япония унитарлық мемлекет ол 47 префектурадан тұрады.
Территориясы—372,2 мың шаршы шақырым
Астанасы—Токио қаласы
Халық саны 126,2 миллион адам (1997ж), 99,4 пайызы жапан ұлты тұрады.
Ресми тіл—жапон тілі.
Мемлекет басшысы монарх болып саналады.Монарх мемлекет басшысы
болғанымен ол мемлекеттік билікті нақты өзінің тікелей қатысуымен жүзеге
асырмайды,оны Парламент,Министрлер кабинетімен бірлесе отырып
атқарады.Японияның мемлекет басшысы Император ол халық символы ретінде
бағаланады.Оның мемлекет басқару ісіне араласуының режимі бар,ол режимнің
мазмұны Император мемлекет ісіне көп араласпайды оның өкілеттігі
шекетелген.Мемлекеттік билікті Парламент пен Министрлер кабинеті жүзеге
асырады.Соның ішінде Парламенттің өкілеттігі мен құзыреті кең.Салық салуды
осы парламент қабылдаған заңдармен ғана жүзеге асырады.Японияның қазіргі
қолданыстағы Конституциясының 30 бабында Азаматтар салықты тек қана заңда
көрсетілген жағдайда ғана төлеуге міндетті деп көрсетілген.Осы баяндама
мазмұны Япония мемлекетінің салық жүйесіне арналып,осы мемлекеттің салық
жүйесіне жалпы сипаттама беріп,мемлекеттік бюджетпен жергілікті бюджеттің
қалыптасуы туралы мәселелерді қамтитын болады. Осы елде салық жүйесін
қалыптастыру процесі ХІХ жылдардан бері қарай дами бастады.Осы салық
жүйесіне көптеген саяси реформалар жүргізілді.Сөзіміз нақты болуы үшін 1989
жылы жүргізілген "Шалпа" деп аталатын реформаны айтуға болады.Осы уақытқа
дейін бұдан басқада реформалар жүргізілген, бірақ баяндама тақырыбына
байланысты мен Япония мемлекетінің қолданыстағы салық жүйесін зерттеу
мақсатында оларға көп тоқталып кеткім келмейді.Қазіргі осы мемлекеттің
қолданыстағы салық жүйесі ол,жоғарыда аталған реформадан кейін қолданысқа
енгізілген болатын,бұл салық жүйесі қазіргі уақытқа дейін қолданылып
отыр.Осы баяндамада мен Япония мемлекетінің салық жүйесіне тарихи тұрғыдан
да қарап қазіргі салық жүйесінің кейбір мәселелері туралы мәліметтерді
толығырақ келтіргім келді.Осы мемлекеттің салық жүйесі өте күрделі болып
келеді.Өйткені бұл мемлекет көптеген профектураларда тұрғандықтан және бұл
мемлекетте муниципалдық органдар жұмыс істейді.Осы муниципалдық органдар
жергілікті салықтың түрлерін оның ставкасын мемлекеттік биліктен тыс жеке
өздері де бекіте алады.Осы мәселелер бойынша баяндаманың төменгі
бөлімдерінде барынша жүйелі түрде анықтап көрсетемін.

1.Жапония мемлекетінің салық жүйесінің тарихи маңызы мен оның кейбір
мәселелері
Жапония мемлекетінің салық жүйесі ХІХ ғасыр кезеңінде өзінің дамуымен
қалыптасу жолына түскен болатын.Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі
уақытта Осы мемлекеттік салық жүйесіне тарихта өзінің ерекше маңыздылығы
мен сақталып қалған "Шалпа" деп аталатын саяси реформа жүргізілген.БҰл
реформа нәтижесінде Жапонияның салық жүйесіне көптеген өзгерістермен
толықтырулар келіп мемлекеттің салық жүйесіне неғұрлым тиімділігімен
өзгерісертер әкелген болатын.Осы реформаның кейбір мәселелері көбінесе АҚШ
пен Батыс Еуропа елдерінедегі салық жүйелеріне өзіндік ұқсастығымен
ерекшеленіп тұрды.Жалпы әлем елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып Әлемдік
мемлекеттердің салық жүйесін үш негізгі топқа бөліп қарастыру дәстүрі
қалыптасқан болатын.Олар: Англосаксондық салық жүйесі Еурокантиненталдық
салық жүйесі Латынамеракандық салық жүйесі---деп үшке бөлінген.Осы аталған
салық жүйесінің ішінде Англосаксондық салық жүйесіне Жапония мемлекетінің
салық жүйесі ұқсас болып келеді.Бұл дегенміз салық ауыртпашылығы көбіне
Заңды ұйымдарға жүктеледі деген сөз.Жапонияның қазіргі қолданыстағы салық
жүйесі 1989 жылдан бері қолданысқа енді.Бұл салық жүйесінің қолданысқа
енгізілуіне әсер еткен жоғарыда аталған саяси реформаның әсері жоғары
еді.Осы мемлекеттің салықтың жүйесі АҚШ Батыс еуропа елдерінің салықтың
жүйесінен өзгеше ерекшеліктермен сипатталады.Жапония мемлекетінің салықтық
жүйесі екі жүйеден тұрады, олар мемлекеттік салықтық жүйемен,жергілікті
салықтық жүйе болып саналады.Мемлекеттік бюджеттің 64,2 %-ын мемлекеттік
салы,ал қалған бөігін жергілікті салықтар қалыптастырады.Осы мемлекетте 47
профектура,3045 біріктірілген қалалар,аудандық жергілікті бюджеттер
қалыптасқан олар әрқайсысы өзіндік жеке сипатқа ие.Мемлекеттік бюджетпен
жергілікті бюджетті қалыптастыру тетітгіне байланысты өзіндік бюджетті бөлу
үрдісіде қалыптасқан.Мысалы: мемлекеттің бір жылға арналған жылдық бюджетін
бөлуде,осы бюджеттің шығыс бөлігінің 50-60 %-ы жергілікті өңірдегі
эканомикалық-әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жұмылдырылса,ал қалған бөлігі
мемлекеттік жалпы мақсатты бағдарламаларымен эканомикалық мәселелерге
жұмылдырылатынын айтуға болады.
Жапония мемлекетінің бюджетнің кіріс бөлігін тек салықтар ғана емес
басқада қаржылық ресурстар қалыптастырады деп айтуға болады.Жапония
мемлекетінің әлеуметтік-эканомикалық жағдайы әрине кейбір мемлекеттерге
қарағанда әлдеқайда жоғары.Қазіргі кезеде әлемде ең ірі қаржылық державаның
қатарына жататындығы мәлім.Бұл мәселені айтып отырғанымыз мемлекеттің салық
салу саясатына әлеуметтік-эканомикалық жағдайларда үлкен әсер ететінін
келтіре кеткен жөн.Осындай жағдайға баланысты мемлекеттің салықтық жүйесі
де өзгешеленуі мүмкін.Жапония мемлекетінің салықтық жүйесі басқа
мемлекеттерге қарағанда сәл өзгешелеу екендігін анық байқауға болады.Осы
мемлекеттік бюджетнің кіріс бөлігін қалыптастыруда салықтардың жылдық
мөлшері басқа мемлекеттерге қараған сәл болсада төмендеу.Бұл дегеніміз
салық қаншалықты аз мөлшерде жиналатын болса,сондай дәрежеде халықтың
әлеуметтік-эканомикалық жағдайы жоғары болып саналады.Мемлекет үшін ең
басты мәселе ол өз халқының әлеуметтік-материялдық жағдайының
жоғарылығы.Бұл құндылыққа кез-келген мемлекет жетуге ұмтылады.Мелекеттің
бюджетінің кіріс бөлігінде салыққа қарағанда салықтан тыс қаржылық
ресурстар өте жоғары маңызға ие деген сөз.
Жапония мемлекетінің жылдық бюджет кірісінің 84 %-ын салықтар,ал
қалған 16%-ын салықтан тыс қаржылық ресурстар қалыптастырады.Бұл мемлекетте
жоғарыда талғандай жергілікті салықтық жүйе орнаған.Осыған байланысты
жергілікті деңгейде де бюджет бар.Осы жергілікті деңгейде бюджеттің жылдық
кіріс көзін аумақтық деңгейде алынатын төрт тарапты салықтан тыс қаржылық
алымдар қалыптастырад.Оларға: арендалық төлем,жер учаскесін немесе басқада
муниципалдық меншікті сатудан түскен қаражат,өсімпұл,айыппұл,облигацияла рды
сату,латарея кірістері,қарыз және басқада қаржылық кірістер жатады.Салықтан
тыс қаржыларға сонымен қатар былтыдан игерілмей қалған қаражаттарда
жатады.Жапония мемлекетнің салықтық жүйесі АҚШ,Еуропа елдері сияқты
салықтардың көптүрлілігімен мен сипатталады.Жоғарыда атап өткеніміздей
Жапиния мемлектеі жергілікті муниципалдық органдармен префектуралардан
қалыптасқан.Осы жергілікті муниципалдық органдар өз алдына дербес салықтық
саясат жүргізіп салықты жинай алады.Ол үшін әрбір органға өзіндік өкілеттік
пен құзырет заңмен бекітіліп берілген осы органдар жергілікті деңгейде
алынатын салықтың түрімен оның мөлшерін дербес белгілеу құқықғына ие.Бірақ
Конституцияның 30 бабының талабына сай барлық салықтар арнайы заңда
белгілену арқылы алынатынына кепілдік беріліп осы талаптарды жергілікті
муниципалдық органдар қатаң сақтауға міндетті екені атап
көрсетілген.Сондықтан әрбір алықты жинау үшін ол заңда белгіленіп
көрсетілуі керек.Заңда көрсетілгеннен тыс салықтарды жинауға қатаң тыйым
салынады.Заң салықтың трімен ставкасын белгілейді ал қалған мәселелерді
жергілікті муниципалдық орган өз құзыретімен өкілеттігі шегінде шешіп
отырады.
Жапония мемлекетінде юарлығы 25 мемлекеттік,30 жергілікті деңгейде
алынатын салықтың түрі бар.Осы салықтарды өзінің маңыздылығы бойынша үш
топқа бөліп дәрежелеуге болады.Олар:
1.Заңды және Жеке тұлғаларға тікелей салынатын салықтар
2.Заңды және Жеке тұлғаның мүлкіне тікелей салынатын салықтар.
3.Кәсіпкерлікке тікелей салынатын және жанама салықтар
Мемлекеттің бюджетінің кіріс бөлігін көп мөлшерін тікелей салықтар
қалыптастырады.Жапония мемлекетінің бюджетінің ең негізгі кіріс көзі ол
заңды тұлғалармен жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы болып саналады.Бұл
салық бүкіл салықтан түскен салық кірісін 56%-ға жоғарылатады.Соның ішінде
заңды ұымдарға салынған салықтарға баса назар аударылады.Кәсіпкерлік
ұйымдар мынадаймөлшерде табыс салығын төлейді: Мемлекеттік табыс салығы
33,48 % ,оның ішінде профектуралық деңгейдегі салық мөлшері 5% -ды
қамтиды.Қалалық (поселкелік,аудандық) табыс салығы 12,3 %-ды немесе 4,12%
мөлшерінде төленеді.Мемлекеттің бюджеттің кіріс бөлігінің 40 %- ын заңды
ұйымдардан алынған табыс салықтар қалыптастырады.Соның ішінде кейбір заңды
ұйымдар салық салуда льготтық салық мөлшерін төлейді.Кооператыив.қоғамдық
бірлестіктер,муниципалдық ұымдар 27% мөлшерінде табыс салығын төлейді.Табыс
салығына 8 миллион иеннен аспайтын,28 % ставка мөлшерініде табыс салығын
төлейтін ұйымдарға кіші кәсіпкерлік үшін жеңілдіктер берілген.Мемлекеттік
табыс салығын төлейтін Заңды ұйымдар 5% мөлшердегі ставкамен дамушы шкалада
табыс салығын төлейді.Олар: 10,20,30,40, немесе 50. Осыған сай
префектуралық табыс салығы үш түрлі шкаладағы ставкамен табыс салығын
төлейді. Оларға:5,10 және 15 пайызда.Сонымен қатар жергілікті табыс
салығыда бар.Жоғарыда көрсетілгендей жылдық кірісінің жоғары немесе
төмендігіне қарамастан Жапония мемлекетінің тұрғын халқы 3200 иен
мөлшерінде бір реттік салық түрін төлеуге міндетті.
Жапония мемлекетінде заң боынша кейбір азаматтар салық төлеуден
толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.Көп балалы отбасылар льготтық
жеңілдіік ставкасы мөлшерінде салық төлейді.Токио қаласының тұрғындарының
жылдық табысы 1999 жылдары 7100-7500 мың иен мөлшерінде болатын.Жапонияның
басқа префектурасында бұл көрсеткіш бірнеше мөлшерге төмен болып
келеді.Сондықтан мемлекеттік билік Орташа деңгейде жылдық табысына қарай
30% мөлшерінде жеңілдік көрсетіп отырады.Екі топағы салық қатарына заңды
және жеке тұлғалардан тең мөлшерде алынатын мүлікке салынатын салықтар
жатады.Көбінесе бұл мүлік құнының 1,4 % көлемінде алынады.Мүлік құны
мемлекеттік стандартқа сай үш жылда бір рет бағаланып отырылады.Бұл салық
ауқымына қозғалмайтын мүліктің барлық түрі,жер,бағалы қағаз,банктік
депазиттің пайызы да жатады,мүлікті бір тұлғадан екінші тұлғаға
аударғаны,мүлікті сатқаны немесе сатып алғаны үшін де салық төлейді.Бұл
топтағы салықтар қатарына : лицензияны тіркегені үшін салық,Елтаңбалы
сбор,мұра үшін салық,жерді пайдаланғаны үшін салықтар да
жатқызылады.Қазіргі кезге дейін салық салу саласында жер учаскесінің құнын
бағалау мәселесі өз шешімін нақты тапқаны жоқ.
Жапонияда табыс салығының ішінде жоғары маңызға ие тауарларды
сатудан түсетін салықтар.Бұл салықтар 3%-ды НДС-пенөлшеніп белгіленеді.1990
жылдары кезеңінде осы мөлшерді 5%-ға дейін көтеру туралы бірнеше пікірлер
болды.Жапония мемлекетінің бюджетін қалыптастыратын салық түрлеріне
мыналарды жатқызуға болады.
Автакөлік иеленгені үшін салық,спирт ішімдері мен темекі өнімдеріне
,мұнай,газ,бензин өнімдеріне акциз салығы сонымен қатар электр көзіне
салынатын салық,қызметұшін акциз,рестаранда тамақтанғаны үшін,азық-түлік
сатып алғаны үшін акцияз салығы алынады.

2.Жапония мемлекетінің салық жүйесіне жалпы сипаттама.
Мемлекеттік және жергілікті органдар тиісті аумақ шеңберінде халыққа
қызмет жасау саласында қоғамның жан-жақты саласын қамтиды.Осы қызмет
құрамына мыналарды жатқызуға болады: қорғаныс саласы,аймақты ішкі шабуылдан
сақтандыру,полиыцияның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі,қоғамдық
инфрастуктураны көтермелеу,автокөлік жолдарын жасау,балаларды оқыту
қызметтері жатады.Жоғарыда аталған қызметтерді атқару кезінде жұмсалған
қаржының орнын салықтан түскен қаржымен толтырады.
Жапония мемлекетнің эканомикасы нарықтық принципке негізделе отырып
эканомикада еркін бәсекелестік орнаған.Мемлекеттің барынша өз функцияларын
толық атқару үшін осы аймақтың тұрақты азаматтары заңда белгіленген
негіздер бойынша салық ауыртпашылығын өздерінің мойындарына алады және оны
төлеуге міндетті болады.Жапонияның Конституциясының 30-бабында Заңда
белгіленген негіздер бойынша хадық салық төлеу міндетін алады және оны
төлеуге міндетті деп белгіленеді.Жапония мемлекетінің азаматтарына
міндетті салықтық ауыртпашылық өндірістік тәртіппен емес тек заң нормалары
арқылы ғана жүктелетін болады.Яғни салық төлеу ауыртпашылығы
заңдабелгіленген нормалар арқылы ғана туындайды деген сөз.Егер азаматар
заңда белгіленген салықты төлемеген жағдайда онда заң шеңберінде мәжбүрлеу
элемнттері бар іс-әрекеттер қолданылады.Сондықтан салық ауыртпашылығы
мемлекеттік биліктің салық салу құзыреті арқылы сипаталады.
Салықтың ерекшелігін келесі негіздер бойынша сипаттауға
болады.Мемлекет өзінің алдында тұрған функциясын атқару мақсатында қаражат
көзін қалыптастыру үшін халыққа заң бойынша салық ауыртпашылығын жктеп
салық салу саясатын жүргізеді.Қаражат көзі мемлекеттің өзінің функциясын
қажетті дәрежеде атқарып халықтың сұраныстарын қалыптастыру үшін
жиналады.Салықтар және басқада қаржылық ресурстар заң бойынша бірнеше
кретерийлермен қамтамасыз етілген.Салық салумен салықты жинау заң
талаптарына сай әділетті принциптермен қамтылған.(салық заңының басымдығы
принципі).
Жапония мемлекетінің Конституциясының 84-бабында Аңымдағы
алықтартардың өзгеруімен жаңа салық түрі мен ставкасын енгізу арнайы заң
бойынша немесе жалпы заң нормаларына сай енгізіледі--деп атап көрсеткен.
Халыққа міндеттелген салық тиісті органға ақшалай ныснда қолма-қол
түрінде төленетін болады.Бұрынғы өткен кезеңдерде салықты натуралды
материял түрінде төледе қолданылған болатын.Қазіргі жағдайда салықтар
мемлекетке тек қолма-қол ақша түрінде төлейді.Бұл тәсіл біркелкілікпен
әділеттілікті қамтамасыз етеді

3.Салық функциясы.
а) Салықтың қоғамдық қажетілікті қамтамасыз ету функциясы.
Мемлекет заң бойынша қоғамның кез-келге талабын және оларды белгілі
бір қызмет түрлерімен қамтамасыз етуі тиіс.Ол үшін мемлекет осы
функцияларын атқару үшін өзінің материялдық резервін қалыптастыруы тиіс.Бұл
салада әрине заңды түрде халықтан салық жинау арқылы ғана аталған
материялдық қаржылық қажеттілігін қамтамасыз етіп отырады.Мемелекет
халықтан қаржылық қорын қалыптастыру үшін салық алады,ал сол алынған қаржы
міндетті түрде халыққа қайтарылатын болады.Бұл жерде әрине мемлекет халыққа
көрсететін қызметін көлемі мен дәрежесіне және халықтың төлейтін салығының
арасындағы мөлшер мәселесін шешу міндеттілігі туындауы анық.Бұл мәселені
мемлекет әділетті тең түрде шешеді.
Салық ауырпашылығының коэффициенті =(мемлекеттік салық+жергілікті
салық):ұлттық табыс.

Әлеуметтік қамтамасыз ету ауыртпашылығының коэффициенті=(зейнетақы
төлемі+медициналық сақтандыру):ұлттық табыс.

Халыққа суммарлық ауырпашылықтың коэффициенті-(салық ауртпашылығының
коэфффициенті+әлеуметтік қамтамасыз ету ауыртпашылығыны
коэффициенті):ұлттық табыс.

Салық ауртпашылығының халықаралық коэффициенттерінің салыстырмалары.

Жапония АҚШ Ұлыбритания Германия Франция Швеция
Салық 22,9 26,2 40,0 31,0 40,6 55,8
ауыртпашылығыны
коэффициенті
Әлеуметтік 15,5 9,8 1,0 25,7 25,5 19,7
қамтамасыз ету
ауыртпашылығының
коэффициенті
Халықтың суммарлық38,4 36,0 50,0 56,7 66,1 75,5
ауыртпашылығының
коэффициенті

Салық ауыртпашылығының коэффициенті дамушы мемлекеттер соның ішінде
АҚШ пен салыстырғанда Жапониның коэффициенттік ставкасы бірнеше мөлшерде
төменгі деңгейде екендігін атап көрсеткен жөн.Соған қарамастан Жапонияда
жалпы ұлттық масштапта осы салық ауыртпашылығының көрсетілген коэффициентін
төменгі ставкада белгілеу туралы билікке қарсы пікірлер әліде бар.
б) Табысты бөлу функциясы.
Салық міндеттілігінің көлемі мен дәрежесіне қарай азаматтар бір-
біріне бірнеше белгілер бойынша ажыратылады.Мұндай жағдайда,салық
ауыртпашылығының коэффициенті салық төлеушілердің дәрежесі бойынша
белгіленетін болады.Яғни табыс мөлшері аз болғанына байланысты төменгі
ставкадағы салық ауртпашылығы жүктеледі,ал табыс мөлшері жоғары мөлшердегі
салық төлеуші жоғары мөлшерде салық ауыртпашылығын көтеріп салық
төлейді.(вертикалды типтегі әділеттілік).Мемлекеттік бюджетті
қалыптастыруда жоғарыда көрсетілген идея эканомиканың даму сатысында үлкен
қолдауға ие болды.Бұл салықтың басты міндеті халықтың табысымен меншігін
тең түрде бөлемен үлестіруді неғұрлым тең әрі әділетті жолда пайдалану
болып табылады.
в) Эканомикалық жағдайды реттеуші функциясы
Мемлекеттік бюджет эканомикалық жағдайды реттеуші ресурс ретінде
көрініс табады.Эканомкалық құлдырау кезінде барлық қаржы қоғамдық
жұмыстарға жұмылдырылады,бұл жерде керісінше мемлекет кірісі
азаяды.Салықтан тағыда мынадай функциялар күтіледі: Эканомикалық құлдырау
кезінде салық ставкасы барынша төмендетіледі,ал эканомика қарқынды дамыған
кезде салық ставкасының мөлшері жоғарланады.Табыс салығы да ставканы
жоғарылатумен төмендетуге бағытталған арнайы тәсілдерді қолдану қажеттілігі
туындамайды,эканомика қарқынды дамыған кезде табыс көбейеді,ал эканомика
құлдыраған кезде табыста төмендейді сол аралықта табыс салығына салынатын
салық ставкасы төмендеп жоғарылап тұрады.Бұл жерде втаматта түрде реттеліп
отырылады.

4.Салық құрылымы
1) Салық икемділігі (салық ауыртпашылығын бөлу прнципі)
Салық салу өзіне сай тәсілмен және салытың төлеу икемділігіне сай
болады.Мемлекет ақша қаражатын қоғамдық қызметтер үшін бөлу процессінде
салық ауыртпашылығын да соған сай бөледі.Бұл тәсілді халық жағынан қолдау
тапқаны салық құрылымының негізделген одан әрі арттырады.Салық сауда ең
қарапайым жүйе-бұл әрбір салық төлеуші жеке өзі белгілі бір сумма бойынша
төлейтін подушный жүйе болып саналады.
Бірақ салық төлеушілердің салық төлеу икемділігі арасында үлкен
айырмашылық қолда болады.Салық салу ауыртпашылығы қоғамға көрсетілген
қызмет дәрежесіне байланысты болып саналады.Салық салу салықтық икемділікке
жағдайына байланысты салық икемділік тәуелділігімен салық төлеу жағдайына
байланысты болады.
2) Салық икемділігінің көрсеткіші.
Сөзсіз икемділіктің көрсеткіші ол табыс болып саналады.Нақты негіз бойынша
салық ауыртпашылығының мөлшері табыс мөлшеріне тәуелді емес,табыстың
көрсеткіші жоғары болса салықтық икемділікте жоғары болары хақ.Екіншіден
тұтынуда салық икемділігіне байланысты болады.Табыс жеке тұтыну қаржылық
потоктың кірісіне және шығын ретінде түсінуге болады.Үшіншіден жер
иелену,ғимарат,бағалы қағаз,басқада формадағы жеке меншік сондай-ақ оларды
тұтыну ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапония мемлекетінің салық жүйесі
Жапония мемлекетінің саяси-экономикалық дамуы
Жапон экономикалық ғажабы
ЕКШШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАПОНИЯНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Мемлекет нысаны ұғымы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония экономикасының “Ғажайып дамуы”
Дүние жүзі тарихы
Халықтың маньчжур үстемдігіне наразылығы өршіді
Пәндер