Адамға байланысты фразиологизмдердің этнолингвистикалық сипатын оқыту



І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ

ІІ.1. Этнологиялық . этнос болмысын тіл арқылы
танып . білуді мақсат еткен тіл білімінің жаңа саласы

ІІ.2. Қазақ халқының ұлттық ерекшелігінің тілдік материалдара көрінуі.

ІІ.3. Адамға байланысты фразеологизмдердің
Этнолингвистикалық сипатын оқыту әдістемесі.


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Еліміз егемендік алып, кейінгі он жылдар ішіне тіл тағдырынің кешегісі мен бүгінгісі және болашағы жайында терең ойлар айтылып, тіл тағдырынң ұлт тағдырымен тікелей байланыста екенін өмірдің өзі дәлелдеді.
«Тіл – адам жанының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар еді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады» (Мағжан Жұмабаев)
Қазақ халқының ұлт – болмысының бір ерекшелігі оның ой - өрісі көркем бейне түрде дамыған. Әрбір жеке адамның өзіндік қабылдауынан туған «дүние сурет» әсіресе фразеологиялық тіркестер мен мақал – мәтелдерде көбірек көрінеді.
Қазақ халқының ұлттық болмысын оның тілі арқылы танып білуді мақсат еткен тіл білімінің жаңа да дербес саласы – этнолингвистика. Этнолингвистикалық зерттеу – этномәдени, этнопсихологиялық және тілдік факторлардың өзара байланысқан тілдегі қызметі мен дамуына негізделген сала. Ғылымның бұл саласы ұлттық ұғымдарда сақталған халық дүниетанымы, яғни бүкіл болмысы «этностың тіл айнасында бейнеленуі» деген ғылыми тұжырымның туындайды. Әлемнің тілдегі көрінісі, яғни тілдің кумулятивтік қызметі әсіресе фразеологизмдерд мен мақал – мәтелдерден ерекше көрінеді. Оның бірден – бір себебі тек ұлт топырағында тамырланып, нәр алған халық тіліндегі сөздер мен фразеологизмдерді ғана ұлт ерекшелігін, менталитетін айқындап бере алады.

Тақырыпты таңдау себебі:
Қазақ тіліндегі адамға байланысты сөздер мен сөз тіркестерінің қазақ ұлтының «тіл айнасыны» бейнелеуін этнолингвистика тұрғысынан қарастырып, ұлтық менталитетті айқындауға, басқалардан айырмшаылығын көрсетуге ат салылсу,жаңаданр да мып келе жатқан этнолингвистика саласына өз үлесімді қоссамдеген мақсат осы тақырыпты таңдап алуыма себеп болады.
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ; Қазақ тіліндегі адамға байланысты сөздер мен сөз тіркестері.Оның ішінде қазақ чалқын ұлт ретінде көрсететін: адамның жақсылық қасиеттері; адамды құрметтеу, сыйлау , қызмет ету; ұят, абырой, ар, намыс; шешендік, шеберлік; сұлулық, әдемілік тақырыптарындағы фразеологизмдер мен мақал – мәтелдер келесі әдебиеттерден қарастырылады:
1. І. Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі – Алматы, 1977.
2. Сөз атасы ( V – XVII ғ. Жазба ескерткіштері бойынша құрастырылған мақал – мәтелдер. – Алматы, 1987).
3. Қазақтың мақал мәтелі – Алматы, 1980.
4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. N 1- 10 том.
ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ; Қазақ ұлтының басқа ұлттардан менталдық айырмашылықтарын көрсететін тілдік материалдардың бір саласы – қазақ тіліндегі адамға байланысты сөздер мен сөз тіркестерін – фразеологизмдер мен мақал – мәтелдерді зерделеу арқылы ұлт мәдениетін, ұлттық болмысты тану.
1. Қазақ ССРнің «Тілдер туралы Заңы», 22 қыркүйек 1989.
2. Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы. – «Егемен Қазақстан» 63 қараша 1996.
3. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – 7 ақпан 2001.
4. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, 1998.
5. А. Құралов. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. – Алматы, 1997.
6. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. – Алматы, 1997.
7. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы, 1998.
8. Апресян Ю.А. Лексическая семантика. Синонимические средства языка. І том. М., РАН, 1995.
9. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. – Алматы, 1975.
10.Қолдар Әуезхан. Мировозрение кочевников в свете степного
знания. - Алматы, 1998.
11. Сыздыкова Р. «Абайдың сөз өрнегі», - Алматы, 1995.
12. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. – Алматы,
1996.
13. Белецкий А.А. Цивилизация и культура. – Киев, 1993.
14. Толстой Н.И. Некоторые проблемы и перспективы славянской
и общей этнолингвистики// Известия АН СССР. Серия лит и
яз.т. 41/1982 N 10.
15. Қайдаров Ә.Т. Этнолингвистика // Білім және еңбек 1985,
N 10.
16 .Қайдаров Ә.Т. Тарихи лексология және этнолингвистика//
Қазақ тілі тарихи лексологиясының мәселелері. – Алматы,
1988.
17. Жанпейсов Е.Н. Этнокультурная лексиа казахского языка/на
материалах произведений М.Ауезова/ - Алматы, 1989.
18.Сыздыкова Р. Сөздер сөйлейді. – Алматы, 1994.
19. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. – Алматы, 1997.
20. Қазақша – орысша – фразеологиялық сөздік. – Алматы, 1988.
21. Аронов К. Этнолингвистика деген ғылым бар. «Зерде»,
қараша, 1990.
22. С. Қалиев. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері
мен тарихы. – Алматы, 1998.
23. Сариева К. Қазақ тілі және елтану. – Алматы, 1997.
24. Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1974.
25. Елікбаев Н. Ұлттық пчихология. – Алматы, 1992.
26. Шанырак – Алматы, 1990.
27. Краткая казахская энциклопедия – Алматы, 1985 – 90.
28. Қазақ совет энциклопедиясы І – ІІ том, 1976 – 80.
29. Кенжеахметов С. Қазақ өлшемдерінің сырлары. Ана тілі, 21.
Желтоқсан 1995.
30. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея.
– Алматы, «Қаржы – қаражат», 1994.
31. Құралов Н. Қазақ этнолингвистикасының мәселелері ІІ –
жинақ, 1996.
32. Жәнібеков Ө. Уақыт керуені. – Алматы, 1992.
33. Қазақ тілі терминдерінің қысқаша сөздігі. – Алматы, 2000.
34. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамасы. – Алматы, 1998.
35. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық – мәдени аспктілер. – Алматы, 1998.
36. Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.
37. К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. А., 1993.
38. Г. Смағұлова. Фразеологизмдердің варианттылығы А., 1996.
39. С. Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. А., 1977.
40. Г. Смағұлова. Мағыналас фразеологизмдердің сөздігі. А.,
2001.
41. Қ. Сарекепова. Қазақ фразелогизмдерінің стильдік саралануы.
КДА.А., 2001.
42. Р. Авакова. Фразеологиялық семантика А., 2002.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:Адамға байланысты фразиологизмдердің этнолингвистикалық сипатын
оқыту.

Мазмұны

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ

ІІ.1. Этнологиялық – этнос болмысын тіл арқылы
танып – білуді мақсат еткен тіл білімінің жаңа саласы

ІІ.2. Қазақ халқының ұлттық ерекшелігінің тілдік материалдара көрінуі.

ІІ.3. Адамға байланысты фразеологизмдердің
Этнолингвистикалық сипатын оқыту әдістемесі.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Еліміз егемендік алып, кейінгі он жылдар ішіне тіл тағдырынің кешегісі
мен бүгінгісі және болашағы жайында терең ойлар айтылып, тіл тағдырынң ұлт
тағдырымен тікелей байланыста екенін өмірдің өзі дәлелдеді.
Тіл – адам жанының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер жан
түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар еді. Ұлтқа тілінен
қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихы,
тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады (Мағжан Жұмабаев)
Қазақ халқының ұлт – болмысының бір ерекшелігі оның ой - өрісі көркем
бейне түрде дамыған. Әрбір жеке адамның өзіндік қабылдауынан туған дүние
сурет әсіресе фразеологиялық тіркестер мен мақал – мәтелдерде көбірек
көрінеді.
Қазақ халқының ұлттық болмысын оның тілі арқылы танып білуді мақсат еткен
тіл білімінің жаңа да дербес саласы – этнолингвистика. Этнолингвистикалық
зерттеу – этномәдени, этнопсихологиялық және тілдік факторлардың өзара
байланысқан тілдегі қызметі мен дамуына негізделген сала. Ғылымның бұл
саласы ұлттық ұғымдарда сақталған халық дүниетанымы, яғни бүкіл болмысы
этностың тіл айнасында бейнеленуі деген ғылыми тұжырымның туындайды.
Әлемнің тілдегі көрінісі, яғни тілдің кумулятивтік қызметі әсіресе
фразеологизмдерд мен мақал – мәтелдерден ерекше көрінеді. Оның бірден – бір
себебі тек ұлт топырағында тамырланып, нәр алған халық тіліндегі сөздер
мен фразеологизмдерді ғана ұлт ерекшелігін, менталитетін айқындап бере
алады.

Тақырыпты таңдау себебі:
Қазақ тіліндегі адамға байланысты сөздер мен сөз тіркестерінің қазақ
ұлтының тіл айнасыны бейнелеуін этнолингвистика тұрғысынан қарастырып,
ұлтық менталитетті айқындауға, басқалардан айырмшаылығын көрсетуге ат
салылсу,жаңаданр да мып келе жатқан этнолингвистика саласына өз үлесімді
қоссамдеген мақсат осы тақырыпты таңдап алуыма себеп болады.
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ; Қазақ тіліндегі адамға байланысты сөздер мен сөз
тіркестері.Оның ішінде қазақ чалқын ұлт ретінде көрсететін: адамның
жақсылық қасиеттері; адамды құрметтеу, сыйлау , қызмет ету; ұят, абырой,
ар, намыс; шешендік, шеберлік; сұлулық, әдемілік тақырыптарындағы
фразеологизмдер мен мақал – мәтелдер келесі әдебиеттерден қарастырылады:
1. І. Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі – Алматы, 1977.
2. Сөз атасы ( V – XVII ғ. Жазба ескерткіштері бойынша құрастырылған
мақал – мәтелдер. – Алматы, 1987).
3. Қазақтың мақал мәтелі – Алматы, 1980.
4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. N 1- 10 том.
ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ; Қазақ ұлтының басқа ұлттардан менталдық
айырмашылықтарын көрсететін тілдік материалдардың бір саласы – қазақ
тіліндегі адамға байланысты сөздер мен сөз тіркестерін – фразеологизмдер
мен мақал – мәтелдерді зерделеу арқылы ұлт мәдениетін, ұлттық болмысты
тану.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ЖАЗУДА МЫНАДАЙ ҒЫЛЫМИ – ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ПАЙДАЛАНЫЛДЫ;
сипаттама, салыстырмалы – тарихи және компоненттік талдау әдістері
пайдалынылады.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ; диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

ТАРАУ. Этнолингвистика – этнос болмысын тіл
арқылы танып – білуді мақсат еткен тіл білімінің жаңа саласы

Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырымдамасында ( 6 қараша 1996
жыл, Егемен Қазақстан ) Қазақ тілінің өзекті мәселелері оның шын
мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесін иеленумен шектелмейді. Жаңа әлеуметтік
– мәдени болмысты бейнелеуде өзге әлемдік тілдермен қарым – қатынас жасау
және тілдің ішкі әлеуетін пайдалану арқылы оның мүмкіндіктерін кеңейту
болып отыр делінген. Бүгінгі күні анна тіліміздің ұшан – теңіз байлығын,
ғасырлар бойы толасыз толығып ұрпақтан ұрпаққа ауысып, толық меңгеріп, ел
игілігіне айналдыруды мақсат еткен ғылымның жаңадан өрбіген салаларының
бірі деп этнолингвистиканы айтамыз.
Этнолингвистика не? деген сұраққа О.С. Ахманованың сөздігінде ( О.С
Ахманова Словарь лингвистических терминов. М., 1966 ) мынадай
түсініктеме берілген: Этнолингвистика – это раздел марколингвистики,
изучающий отношения между языком и народом и взаимодействия
лингвистических и этнических факторов в функционировании и развитии
языков.
Академик Әбдуәлі Қайдаровтың пікірінше ( Әбдуәлі Қайдаров.
Этнолингвистика. – Білім және еңбек, 1985, N 10) бұл анықтама өтежұпыны
берілен. Ә.Қайдаровтың пікірінше этнолингвистика этнография мен
лингвистиканың жай қосындысы емес. Бұл ғылым саласының кереметтігі оныңа
монолиттік тұтастығында. Олардың зерттеу объектісі этнос және оның тілі.
Өйткені тілсіз этнос, этноссыз тіл өмір сүруі мүмкін емес,
Этнос дегеніміз белгілі бір тарихи дәуірде қалыптасып өзінің өзгеден
ерекшелігін тани білетін, тілінің, дінінің табиғаттының , психологиясының
тұтастығын мойындаған, басқада да өзіндік қасиеттерін сезіне білген
қауым. Этнос белгілі бір формацияда ру, тайпа бірлестігі болса,
фекодализм дәуірінде ұлыс, не халық, ал капитализм дәуірінде ұлт ретінде
дамуы мүмкін.
Этнос пен оның этнолингвистика тұрғысынан қарастыру деген сөз оның бала
кезінен есейгенге дейінгі барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүние
танымы мен мәдениет рухани байлығын ана тілінде сақталған фактілермен
зерттеп, бүгінгі заманның игілігіне асыру. Өткен дәуірлерден бүгінгі
күнге жеткен тас мүсіндер, сәулет өнерінің ескерткіштері көп деректермен,
этностың шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымен оның тілінде сақталады.
Кейінгі жастарға тек тіл материалдары арқылы заттың, құбылыстың аты-жөні,
сыр-сипаты, әдет-ғұрпы, салт-сана, дәстүрлее жайында мәліметтер жетеді.
Ондай материалдарға тізімдегі мақал-мәтелдер, фразеологиялық тіркестер,
аңыз- ертегілер жатады. Этностың тілі этноспен бірге туып, бірге өмір
сүреді. Этнос түрлі жағдайларға байланысты басқа тілді қабылдаса да өмір
сүре алады. Бірақ бұлжағдайда олөзінің гениологиялық тегін ұмытып, рухани
және мәдени байлығын айырылады екен. Өз тегін, мәдениетін, болмысын,
рухани байлығын, моральдық, этикалық нормаларын, салт-дәстүрін білиеген
этносты мәнгүрт дейміз.
Академик Ә.Қайдаровтың топшылауы бойынша кез келген тілдің қоғамда үш
түрлі қызметі бар.
Коммуникативтік қызмет. Бұған қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынас
жасап бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қызметі жатады.
Көркем шығарма тіліне тән, адам баласына образ арқылы ететін
эстетикалық қызмет.
Кумулятивтік қызмет. Тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан
барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сақтап, оны келешек ұрпаққа асыл мұра
ретінде түгел жеткізіп отыратын игілікті қасиет.
Этнолингвистика этнос тілінің байлығын мүмкіндігінше толық қамти
отырып, оның ішкі мазмұнына терең үніліп, этнографиялық лексика береді.
Ал этнолингвистика проблемаларын шешуде бүкіл қауым болып әсіресе ақын –
жазушылар, әр саланын мамандары, тілшілер, этнографтар, әдебиетшілер мен
зерттеушілер жаппай ат салысуы керек. Бұл салада істеліп жатқан
жұмыстар да аз емес. Мысалы, қазақтың қолөнеріне байланысты С.Қасиманов,
Д. Шоқпаровтың, музыкалық өнер мен аспаптарына байланысты Б.Сарыбаев,
О.Хаймулдиннің мал атаулары мен мал ауруларына байланысты Ш.Жанәбілов,
Г.Себепов., А.Жақыпов, Х.Қашағанов, Ж. Бердімұратовтардың халық календары
мен астрономиясына байланысты А. Субханбердиннің т.б. еңбектерін айтуға
болады. Бұл салада көп енбек еткен деп академик-жазушы С. Мұқанов,
мәдениет қайраткері Ө. Жәнікбековтерді айтпай кетуге болмайды.
Қазақ халының этногрфиялық байлығын ел аралап жинап , зерттеп,
ғылымға үлес қосқан Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Диваевтың,
Ә.Марғұланның, Х.Арғынбаевтың, Е.Масановтың, М. Мұқановтың еңбектерінің
маңызы зор.
Бірақ, шынын айту керек, әр этнограф этнографиалық фактіге өз
тұрғысынан қарайды да, мақсатына қарай пікір айтады. Мысалы, этнографтар
таза этнографиялық құбылыстарға көңіл бөлуі де, тілдік деректерге көңіл
бөлмейді. Әдебиетшілер болса, этнографиялық фактілерден сюжет, образ
іздесе, тілшілер тілдік фактілер ретінде қарастырып, этнографиялық
мазмұнына көңіл бөле бермеді. Ал этнолингвистикалық зерттеу осы
мамандардың бас қоса отырып, өз тәжірибесін ортаға салуды талап етеді.
Тіліміздегі сөздер мен сөз тіркестерінің бәрі бірдей этнографиялық
мәнде қолданылмайды. Бірақ күнделікті қарым- қатынаста қолданылып
жүрген көптеген қарапайым сөздер мен сөз тіоркестерінің қалаптасқан
номинативтік мағынасының сыртында этнографиалық түсінікке байланысты
бірнеше ұғымдар болуы мүмкін.Мысалы, қазақ тілінде нарсөзін алайық. Нар
– жалғыз өркешті, асыл тұқымды ірі түйе (Түсіндірме сөздік,№7 том). Ал
бүкіл өмірін малмен, мал бағумен өткізген қазақ халқынын нар жөніндегі
түсінігі мұнымен шектелмейді. Қазақтар нардың көп түрлерін білген:
бекбатша нар, қалбағай нар, ләйлук нар, қызыл нар, жардай нар т.б.
Қазақ даласында нар- жойқын күш пен ерліктің символы. ауырды нар
көтерер, Нар жолында жүк қалмас деген сөздер нақтылы тәжірибеден
алынған. Қазақта нар тәуекел , нар жігіт деген сөздер нар бейнесінен
туылған этнографиалық ұғымдар.
Тіліміздегі этнографиялық ұғымдар белгігі бір құбылысқа, не
мифологиялық діни, астрологиялық сенім-нанымға, салттық-тұрмыстық әдет-
ғұрыпқа, дәстүр, кәделерге сәйкес пайда болып қалыптаскан ұғымдар.
Этнографиялық ұғымдарды айға, күнге, жұлдыздарға, өсімдіктерге, төрт
түлік малға, жабайы аңдарға, тұрмыстық заттарға, кәсіптік құрал
жабдықтарға, табиғат құбылыстарына, адамның дене мүшелеріне т.б.
байланысты көптеп кездестіруге болады. Мысалы:
Күн: қыстың күндері күн қораланса, ол – боранды аяздың нышаны.
Ай: жаңа туған ай шалқасынан жатса, халық жатысың өзіңе
қолайлы болса да, шаруаға қолайсыз екен дейді.
Балара: балараның тым ерте ұшуы – көктемнің шүйгін болуынан
дерек береді,
Қарлығаш: қарлығаш өте төмендеп ұшуы, көп ұзамай жаңбыр

жауады.
Қасқыр: ол оттан иқорқады, мылтық исінен сескенеді, сондықтан
ол
отқа, мылтықты аңшыға жақындамайды.
Қой, Қозы: қозы енесін, енесі қозысын көп қойдың арасында
дауысы мен иісі арқылы таниды
Түтін: түтін қыстың күні мұржадан тік шықса, аяз болады.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің көбісі
этнографиялық мәнге ие. Фразеологизм, мақал-мәтелдер бір замандағы
қарапайым тіршіліктің, құбылыстың, шаруашылықтың нәтижесі ретінде
қалыптасқан тілдегі көрініс. Олар бара-бара тұрақталып, мағыналық
өзгеріске ұшырауы салдарынан этнофразеологизм және мақал-мәтел дәрежесіне
көтерілген. Этнофразологизмдер, мысалы, ақ түйенің қарны жарылу,
қуырдақтың үлкенін түйе сойғанда көрерсің шай қайнатым уақыт,
құлағына алтын сырға т.б. жатады.
Этнофразеологизмдерді жинап, бір жүйеге келтіру этнолингвистикалының
міндеті деп түсіну керек.
Қорыта келгенде, халық этнографиясына қатысты сөз байлығы тілімізде
ұшан-теңіз. Оларды этнолингвистика – тіл мен этнография фактісі ретінде
толық менгеру, этнолингвистика проблемасы ретінде зерттеу бүгінгі
ұрпақтың абыройлы міндеті. Олардың біразы күні бүгін зерттелмесе, ертенгі
күні кеш болатыны ақиқат.

II ТАРАУ. Қазақ халқының ұлттық ерекшелігінің тілдік материалдарда
көрінуі.

Әр адам ұлт тілінің өкілі ретінде өз болмысы мен танымдық қасиеттері
арқылы дараланып көрінеді жәнеұлт тілін дамытуға, сөздік қорын байытуға
өз үлесін қосып отырады.
Адамның жақсылық қасиеттері, құрмет, абырой,ар, ұят, намыс, шешендік,
шеберлік, сұлулық, әдемлік деген ұғымдар барлық ұлттарға ортақ ұғым
болғанымен, әр ұлт өкілі оны өзінше түсініп бағалайды. Әр ұлт тіліндегі
фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер сол ұлттың бүкіл бүтін болмысы, рухани
жан дүниесі, тұрмысынан дерек беретін негізгі материал болып саналады.
Бұл жұмыста қазақ халқынынң ұлттық болмысын, дүниетанымын зерделеуде
адамның осы қасиеттер негізге алынды.

1. Адамның жақсылық қасиеттері
Қандай да болмасын ұлт менталитетінің қалыптасуына қоғамдағы өмір,
әлеуметтік жағдайлар негіз болады. Қазақ менталитетінің басқа ұлттармен
ұқсастық жағы байлық. пен кедейллік ұғымына қатысты ұлт менталдық
өрісінің ерекшеленуі. Тілімізде бұл тақырыпқа байланысты фразеологизмдер
мен мақал-мәтелдер сан жағынан да мол дүние. Қазақ ұлты адамды тек
байлыққа қарап бағаламай, сыйлы, беделді ұлт өкілдерін құрметтеп, оларға
қошемет көрсеткен .

Адамның жақсылық қасиеттерін көрсететін фразеологизмдер мен мақал –
мәтелдермен келешек ұрпақ үшін тәрбиелік мәні өте зор.

А) Фразеоголизмдер.
Асылдың сынығы, шұғаның қиығы. Жақсы адамдардың ұрпағы деген
мағынада. Ә... Масақ бидің ұрпағы тәріздісің... Асылдың сынығы, шұғаның
қиығы екенсің ғой, алдамассың – деді (1.Е) (Бұл жерде жазушы кекесін
түрде айтып тұр).
Көпті көрген. Ұзақ өмір сүрген, көп жасаған, көп нәрсені басынан
өткерген.
Үшеуміз де кәрі буын, көпті көоген екенбіз (Қ.Е)
Бірақ осы жалығу деген, әр нені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын,
бәрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады (Абай)
Сөзді өтімді. Айтқанын істету,тілін алдыру деген мағынада.
Құртқа сынды сұлудың,
Айтса сөзін өткізді
Сүт бетінде қаймақ болды. Қағажу көрмей, бұла боп өсті деген мағынада.
Көп салып біздің үйге бойлаймысын?
Әлі де тірі деп ойлаймысың?
Ерке қыз сүт үстінде қаймақ болған
Үйдегі желігінді қоймаймысын?

Ортан қолдай. Мықты, жарамды деген мағынада
Сонымен, Құнанбай жүріп кетеді. Көлігін, шылы шанасын, жол азығын, қос
аттарын шетінен ортан қолдай қып сайлап алды (М.Ә.)
Бетке ұстары. Беделді, білікті,жақсы адамдеген мағынада
Орта азия мен өзінің туған республикасының бетке ұстар күрішшілері
гектарынан 30-35 центнерден өнім алғанын мақтан етеді (Ә.Әл.)
Атағы жер жарады.есімі көпке жайылды, даңқы болды деген мағынада.
Сенім қағазға қол қойған Петр Желябин Атбасар уезіне атағы шыққан, осы
аймақтың қаласы мен даласына совет туын өз қолымен тігіп енбекші халықты
азаттыққа бастаған большевик.(С.О)
Анау–мынау емес. Екінің бірі, әлдекім емес деген мағынада.
(Айғаным) Жастай кәрі кісіге және анау-мынау емес, ханға әйел болған ол,
өзінің қоғам ішіндегі орнын, Уәліге некесі қиылғаннан-ақ білді де,
ханның әйелі деген атақ- абыройына кір келтірмеуге бекінді (С.М.)
Сорпаға шығары Мысқыл түрде бетке ұстар жақсысы деген мағынада.
Қалада ой мен қырдың, ылди мен өрдің сорпаға шығарының бәрі жиналып,
бір жұмадан бері үлкен келелі жарас, айтыс-тартыс бар, - дейді Әбді(М.Ә)
Нар атандай.Нар еді. Нарға жүгін салғысыз Өте күшті, өте ірі, қайратты
деген мағынада
Нар атандай Әбіжан
Құшағына ап жалма-жан
Әлиді ақырын уатты:
Қой, жігітім босама!
Босар жерме осы ара?-
Деп беріп тұр қуатты (1.Ж)
Нареке, жұртым сүйген нарым едің
Жасыңнан жыр суына қанып едің,
Атанып ақындардың атайманы,
Тайқымай талай топты жарып едің(А.Ж)
Айырдан туған жамбоз бар
Нарға жүгін салғысыз
Аурудан туған мая бар
Асылын айуан десең нанғысыз (М.Ө.)
Бұл фразеологизмдердегі ұлттық ерекшеліктер басқаларға қарағанда қазақ
Ұлтына қалыптасқан менталитет бойынша дүниеден өткен жақсы, атақты адамның
кейінгі бала – шағасына дейін асылдың сынығы деп қастерленуі көп нәрсені
аңғартады. Жолы үлкен деген фразеоголизмнің де астарында ұлттық дәстүр,
халықтық ғұрып жатыр. Бұл фразеологизмдер қалыптасқан дәстүр бойынша
моральдык мәнін жоймайтын ұлттық этиканың аса маңызды жақтары (Г. Смағұлова
Мағыналас фразеологизмдердіің ұлттық – мәдени а спектілері).
Қазақ халқы осылай елінің елеулісі, халқының қалаулысы ретінде
алдыңғы қатарлы азамат ұлдарын көңіл құрметіне бөлеген. Сайдың тасындай,
ортан қолдай, бетке ұстары, сорпаға шығары деген фразеолигизмдердің
мағынасында осындай ұлттық болмыс белгілері жатыр.

Ә Мақал – мәтелдер.
Мақал – мәтелдер – халық творчествосының төл жемісі. Әуелі әрбір жеке
адам ойлап шығарғанымен, жүре – бара оладың авторы ұмтылып кетеді де, жұрт
сынының өткендері халық қазынасына – ауыз әдебиеті шығармаларына айналып
отырады. Осыдан барып мақал – мәтелдер көбінесе халық даналығы деп
аталады. Көне түркі тілдерінде аталар сөзі деп те атайды, яғни мақал –
мәтелдер – атадан балаға мирас болып келе жатқан қазына деген сөз.
Осы күнгі түркі халықтарын мамандар XIV – XIV ғасырларда бөлініп, өз
алдына отау тігіп кеткен елдер деп есептейді. Көптеген түркі тілдерінде XV
– XIV ғасырларда жазылып қалған мол мұралар күні бүгін өмір сүріп отырған
бірсыпыра түркі халықтарына ортақ болып келетін болғандықтан бұл жұмыста
алдымен оларға орын беріп отырмыз. Атап айтсақ, Ю.Баласағұни, М.
Қашқаридың, А. Иүгінекидің, С. Сарайидің мақал болып кеткен нақыл
сөздерінен, көне жазу ескрткіштерінен алынған нақыл сөздер мен бүгінгі
күнгі халық аузында ұрпақтан ұрпаққа таралып келе жатқан мақал – мәтелдерді
беріп отырмыз.
Шаман келсе, ізгілік істе,
Ізгілік пен әділдік өлмейді. (С.Сараий )

Адамның жаманы – мылжын,
Жақсысы – жомарт (Ю. Баласағұни )

Түсі игіден түңілмен. (Ю.Баласұғани )

Нағыз адамның белгісі – кісілік ( Ю.Балсұғани )

Тауға тау қосылмас,
Адамға адам қосылады ( М. Қашқари )

Бауырмал адамға бауырынды бер.
Тауып айтқан зейінділер жөн көрген:
Артық емес бауырмалға Жан берген ( Ю.Баласұғани )

Азаматтық жасай алмаған Адам –
Бұл өмірге келмеген адаммен бірге ( С.Сарайи )

Атаңның баласы болма
Адамның баласы бол

Ақылды Адам жай – жай келеді
Жан – жағын байқай келеді.

Жақсылыққа жерік кісі
Уәдеге берік кісі.

Жақсы жастан шығады
Темір тастан шығады

Атадан - өсиет,
Анадан – қасиет.
Тәрбиелі Адам тағалы атпен тең

Таспен ұрғанды аспен ұр

Жақсының қасиеті – жарастыру
Жаманның қасиеті – таластыру

Асқар тау алыстан көрінеді.

Ата балаға сыншы.

Жақсы жігіт досының қамын ойлайды.
Жаман жігіт басының қамын ойлайды.

Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты

Жақсы Адам жұрттың ырысы.

Ата даңқымен қыз өсер,
Мата даңқымен бөз өсер.

Алып анадан туады,
Ат биеден туады.

Бір күн тұзын татқанға қырық күн сәлем .

Жақсының өзі өлгенімен
Сөзі өлмейді .

Өзі жақсы кісіге
Бір кісілік орын бар .

Жақсының жаны - жаннат

Жақсы-ай мен күндей-
Әлемге бірдей.

Жақсының аты өлмейді
Ақынның хаты өлмейді.
ІІ .2.Адамды құрметтеу ,сыйлау,қызмет ету.

Қазақ ұлтының өмірінде ұлттық этиканың бір түрі – жолы үлкен
адамдарды сыйлау, құрметтеу. Адамдардың бір-бірін құрметтеу, сыйлауы
үнемі сөз әрекетінде ғана емес, белсенді қимыл әрекетінен де
көрінеді.Сонымен бірге қазақ ұлтында қызмет қылуда сыйлаудың,
құрметтеудің ең жоғарғы материалдық формасы – шапан жабу.Бұл қазақ мәдени
этикасының дәстүрлі менталдығы.

А) Фразеологизмдер.

Шапан жабу (кигізу). Сыйлау деген мағынада.
Хан қазақ феодалдардың өкілдеріне шапан жауып, арғымақ мінгізіп,
қару – жарақ сыйлады (ҚССРТ)
Қошемет көрсетті. Күтті, сый – құрмет жасады, шашбауын көтерді.
Қайсыбар істі болған кісілердің Нығыметке қошемет көрсетіп,
жалпылдап жатқанын көргенде, Судыр Ахмет жарылып кете жаздады. (Ә.Н.)
Тік тұрды (күтті) Барынша қызмет етті, жақсылап күтті.
Құсекеңнің өзі ас әзірлеп, тік тұрып құрметті қонақтарының
алдында қызмет қылған. (С.С.)
Жан қалмады Бәйек болды, бар ынты – шынтысымен күтті. Үлгерімім де
жақсы. Студенттер де Жаны қалмай сыйлайды. Бәрі қолпаштап кетті.
Қолдан қолға түсірмеді Қастерледі, күтті, аяғын жерге тигізбеді.
Ишанның Нұрымнан қашан босауын андысып тұрған қазақтар ишанды
қайтадан еліне қайтарсын: қолдан – қолға түсірмей, ала кеп жөнелді
Бұл фразеологизмдер белсенді іс- әрекеттері арқылы адамдардың бірін
– бірі құрметтеуін, сыйлауын көрсетеді. Қимыл әрекетін көрсететін
фразелогизмдердің бәрі бірдей жағымды мағынада қолданыла бермейді. Мысалы:
Шылбырына оралды. Күту, қызмет көрсету деген мағынада.
Әштіби Сағындыққа: Келгенде атыңызды суарып, шылбырыңа оралғаннан
басқа жазығым не? (Ш.Х)
Құрдай жорғалады. Аяғын тік тұрып, қорқып, именіп қызмет қылды. Күнту
Ырғызбайлар келісімен – ақ алдарына құрдай жорғалады (М.Ә)
Өкшесі жерге тимейді. Тым тез, шапшаң жүгірді, дамыл таппады.
Айдап салдым жылқымды тепсең жерге
Сіздей адам ексем жерге
Намаздыгер, намазшам арасында
Асықаннан тимейді өкшем жерге. (Қин.)

Ә) Мақал – мәтелдер.
Ұлық болсаң, кішік бол. (Ю. Баласағұни)

Құрмет біреуді тәкаппар етеді (Ю.Баласұғани)
Алтынның құны түспейді,
Тастың бағасы артпайды ( С.Сараий)
Қадірлі кісі қартаймас. ( Ю. Баласағұни )

Атаңды – анаңды құрметте,
Кісіні өлтірме,
Ұры болма,
Ыржақай болма,
Жалғаң куәлік берме,
Өзге кісіні күндеме.
Өз бауырың – адамды сүй.
Бойкүйез болма,
Күншіл болма,
Өкпелегіш болма,
Қызғаншақ болма.
Мешкей болма,
Көңілшек болма.
Арызқой болма. (Кодекс куманикус).

Шын достық жүрген жерде қожайын мен құлдың құны бірдей болады ( С.
Сараий )
Жабылып кетсе, құмырсқа да арыстан терісін сыдырып алады. ( С. Сараий
)
Көш басы қайда барса, соңы да сонда барады (Ю.Баласағұни)

Әзілің жарасса
Атаңмен ойна.

Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді.

Алтынды тот баспайды.

Адам дүниенің ажары,
Дүние өмірдің базары

Адамды түсіне қарап таныма,
Істеген ісіне қарап таны

Кәрінің бәрі игі.

Жақсы адам елдің көркі
Жауқазын гүл жердің көркі

Қайырымды адамды
Халық қадірлейді
Қайырымсыз наданды
Қайдан жаратты тәңір дейді.

Жаны жайсаң жігіттер
Дария шалқар көлмен тең
Жан аян кескен жігіттер
Ел қонбағыш шөлмен тең.

Жақсы жігіт
Ағайынның басын қосады
Жаман жігіт
Ағаның жолын тосады.

Ақылды қария –
Ағынды дария.

Есік алдында тобе болса
Ерттеп қойған атпен тең.
Ауылында қария болса
Жазып қойған хатпен тең.
Қарты бардың жұрты бар.
Кемпірі бардың құрты бар.

Атасыз үй – батасыз.
Анасыз үй – панасыз.

ІІ. 3, Ұят, абырой, ар, намыс.

Қазақ халқының өмірінде ұрпақтан ұрпаққа жетіп қалыптасқан ұлттық
этиканың бір түрі – ұят, абырой, ар, намыс деген ұғымдардың орын алуы.
Қазақ ұлты ұятты өлімнен де бетер, Өлімнен ұят күштідеп, жанын да
арының садағасы еткен. Оған дәлел келесі фразеологизмдер.

А.Фразеологизмдер.
Өлген жері осы. Қатты ұятқа қалды деген мағынада.
... Қалың қолға қарсы шапқанда мұндай қысылмаушы едім.
Өлген жерім осы-ау! (І.Е) Жанбота, осы ма еді өлген жерім. Көкшетау
боқтығына көмген жерің. (Б.Қож)
Өлген артық.(жақсы). Ұятқа қалғанша, жер басып жүрмегеннің өзі мақұл
деген мағынада.
Ай, Дәке, осы ма еді бергеніңіз,
Ақынды осы ма еді көргеніңіз!?
Дәукемніңбергенінен ұялғаннан
Бәрінен артық боп тұр өлгеніміз (Ш.Қар)
Өлі болды ұят масқараболды деген мағынада
Жақсыға өлім сол болар,
Уағдасында тұрмаса
Жігіт кәмәл бітер-ді.
Тәнірім өзі берген соң (Д.Б)
Мал-мүлікті ысырап қылғанымыз өлім болды(Қ.Е.)
Тірідей жерге кірді. Тірідей масқара болды. Тірідей өлді
Қатты ұялды, өлердей ұялды деген мағынада.
Сөзі жетпейтінін білген ақылды жігіт бүкпелі ой есебі күтпеген қызметін
өткізіп, жұрт алдында әлігі ұстаны тірідей жерге кіргізе ұялтыпты(А.Т)
Жерге қарады (қаратты). Ұятқа қалды, ұятқа қалдырды деген мағынада.
Абай мырза, арманыңыз сол болса, жеттіңіз ғой.
Тобықтының игі жақсысын жерге қараттыңыз ғой!- деді Сәлмен болыс. (М.Ә.)
Естемес шырағым,- деді шал, - өлімнен ұят күшті. Сен келгенде бір
тостаған су тауып бере алмай, жерге қарап отырмыз.(Т.А.)

Абырой алды.(тапты). Жақсы ат,атақ алды, беделге, құрметке ие болды
деген мағынада. Бұл істен аброй алсаң, көтер жолың даңғыл тартар, баламс!-
депті(А.Т:)
Абыройы жойылды(кетті, түсті)(Абыройын айрандай төкті. Абыройынан
айрылды.) Беделі, атағы, қадыр-қасиеті кетіп болды, құрмет-сыйы түсті
Сәтбала қазіргі ие болған абыройынан айырылмас... деген сенім .Мұқитта
басым болатын(Ғ.С.)
Сүйекке таңба болды(салды, қалды). Тұтас бір әулеттің, тұтас бір ұрпақтың
арына дақ түсірді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты архетиптер фразеологиялық фразеологизмдер формалар
Мақал - сөздің мәйегі
Қазақ тіліндегі жұмбақтардың этнолингвистикалық сипаты
Этнолингвистиканың теориялық негіздері
І. Есенберлин шығармаларындағы туынды бірліктер және олардың жасалу жолдары
Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени уәждемесі
І.есенберлиннің “көшпенділер” романындағы жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні
Қазақ тіл білімінде этнолингвистиканы зерттеудің ғылыми негіздері мен басты қағидалары
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫН ЗЕРТТЕУ
Тілдің үштұғырлығы тіл саясаты
Пәндер