Тұрғындарды жұмыспен қамту



Кіріспе
I. Жұмыспен қамту теориясы
II.Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жұмыссыздық –экономикалық теорияның бұрыңғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузияндық теория жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты нарықтық сұраныстың жетіспегендігімен дәлелдейді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы –жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері –«монетаристер» -осы көзқарасты құптайды.
К Маркстың қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден –капиталдың қорлануымен, екіншіден, -техника прогрессімен болатындығын айтады.
Енді осы теориялардың мән –жайына қысқаша тоқталайық. Мальтузияндық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1776-1834жж.) жасаған. Ол 1798 жылы «Халық саны туралы заңның тәжірибесі» кітабын шығарған. Онда ол былай жазған: жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі: яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны -1,2,4,8,16,32 және т.б., ал өмір сүру жабдығы – 1,2,3,4,5 және т.б.
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу қарқыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қорытындыға келген: тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады.
Тұрғындардың қарқынды өсуін Мальтус ( әрбір 25 жылда екі есе өсуі ) XVII-ші АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген, бірақ ол кезде АҚШ-да тұрғандар сан тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар легінің келуімен де өскенін ескермеді.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқыныың тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі Джон Бернал өзінің 1954 жылы шыққан « Қоғам тарихындағы ғылым» кітабында былай жазған: «Қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде ядролық энергия алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық негіз бар, себебі тамақ өндірісін мұнан ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді».
Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға сұранымның төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұранымның жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарылауының салдары деп түсіндіреді.
1. Г. Д. Крылова «Зарубежный опыт управления качества»

2. А. Фейгенбауи «Контроль качества продукции»

3. С. Маджаро «Международный маркетинг»

4. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»
Алматы – 1998 ж

5. Виханский О.С «Менеджмент» Москва-2000 г

6. Сағындықов, Ахметов К.Г «Менеджмент негіздері» Ақтөбе

7. Нәрібаев «Экономикалық білімдер тарихы» Алматы - 1997 ж

8. Булатова А. С. -2000 г 1994 г

9. Добрынин А. И. Тарасевич Л. С. «Экономическая теория» Питер -2000 г

10. Н. И. Базылев Л. В. Воробьева «Экономическая теория» Практикум Минск – 2000 г

11. Борисов «Экономическая теория» Москва - 1997 г

12. Самуэльсон П. «Экономика» Москва – 1992 г

13. Шиденов « Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе - 2003 ж

14. Мамедов «Современная экономика» Ростов на Дону – 1997 г

15. Букасян «Экономическая теория» Москва - 2000 г

16. Осипова «Экономическая теория негіздері» Алматы – 2002 ж

17. Сидорович А. В. Волкова Ф. М. «Политическая экономия» МГУ – 1993 г

18. Журавлева Г. П. Мильчакова Н. Н. «Теоретическая экономика, политэкономия» ЮНИТИ - 1997 г

19. Булатова А. С. «Экономика» БЕК – 1997 г

20. Нестеренко А. Н. Большакова А. К. «Экономика»

21. Базелер У. Сабов З. Хайнрик Й. Кох. В. «Основы экономической теории» Питер – 2000 г

22. Фишер С. Дорнбуш Р. Шмалензи Р. «Экономика» Дело ЛТД, 1993 г

23. Архипова А. И. Нестеренко А. Н. Болшакова А. К. «Экономика Проспект» - 1998 г

24. Добрынин А. И. Тарасевич Л. С. «Экономическая теория» Питер – 1999 г

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
I. Жұмыспен қамту теориясы

Жұмыссыздық –экономикалық теорияның бұрыңғы және қазіргі тарихындағы
ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері
әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузияндық теория жұмыссыздықтың
пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік
теория бұл құбылысты нарықтық сұраныстың жетіспегендігімен дәлелдейді,
еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы –жұмыссыздық жалақы деңгейінің
жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады.
Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері –монетаристер -осы
көзқарасты құптайды.
К Маркстың қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория
жұмыссыздықтың болуын біріншіден –капиталдың қорлануымен, екіншіден,
-техника прогрессімен болатындығын айтады.
Енді осы теориялардың мән –жайына қысқаша тоқталайық. Мальтузияндық
теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1776-1834жж.)
жасаған. Ол 1798 жылы Халық саны туралы заңның тәжірибесі кітабын
шығарған. Онда ол былай жазған: жер шарындағы тұрғындар геометриялық
прогрессиямен өседі: яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру
жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны
-1,2,4,8,16,32 және т.б., ал өмір сүру жабдығы – 1,2,3,4,5 және т.б.
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу қарқыны жоғарыдағы
көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қорытындыға келген:
тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың
себеп салдары болып табылады.
Тұрғындардың қарқынды өсуін Мальтус ( әрбір 25 жылда екі есе өсуі )
XVII-ші АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген, бірақ ол
кезде АҚШ-да тұрғандар сан тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан
иммигранттар легінің келуімен де өскенін ескермеді.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқыныың
тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын
экономисі Джон Бернал өзінің 1954 жылы шыққан Қоғам тарихындағы
ғылым кітабында былай жазған: Қазіргі уақытта атом ядросының
бөлінуі негізінде ядролық энергия алынды және оны ядролық
синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық негіз бар, себебі тамақ
өндірісін мұнан ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді.
Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға
сұранымның төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының
салдары деп түсіндіреді. Төлем сұранымның жеткіліксіздігі мен
жалақының өте жоғарылауының салдары деп түсіндіреді.

Төлем сұранымның жеткіліксіздігін ол адамдардың қор жинауға
бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың әлсіздігімен
түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге
болады, ол үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жоюы қажет және
жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырған
дұрыс.
Батыс мектебінің өкілдері. XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін
жұмыссыздықты –жолдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп
есептеді. Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді,
сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын
экономисі Кембридж университетінің профессоры А. Пигу өте
дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан Жұмыссыздық
тоериясы кітабында баяндады. Алайда XX-шы ғасырдың 30-шы
жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс
еместігі барынша айқындала түсті.
Қазіргі жағдайда монетарлық теория өзі туралы барынша айқын
көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін
мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен
түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процессін
реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті
ынталандырыды және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық
экономист Олбен Филипс (1914ж) осы тәуелділікті математикалық тілде
қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ал Филлипс қисығы аталды.
(сурет 1-1 қараңыз)

P

и
н
ф Pн N
л
я
ц
и
я

жұмыссыздық деңгейі, % U

Сурет 1-1. Филлипс қисығы

К. Маркс қорлану теориясын жасады. Осы теорияға сәйкес капиталдың
қорлану процесінде, яғни қосымша құнның капиталға айналуында
(қосымша ғимараттар, алып құрылыстар, машиналар, жабдықтар және
өндіріс көлемін ұлғайту үшін қажетті қосымша жұмысшыларды сатып алу),
капиталдың техникалық және құндық (органикалық) құрылымында
өзгерістер болады. Бұның өзі қосымша құнның еңбек құрал –саймандарын
көбірек алуға үлесі артады, ол қосымша құнның жұмыс күшін сатып
алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді. Осының салдарынан
жұмыс күшінің бір бөлігі артығырақ болып, өндіріс саласынан
ығыстырылып шығарады. Соның арқасында өнеркәсіпте резервтік еңбек
армиясы пайда болады. Осы жұмыссыздар армиясы. ...жұмысшы халық
капитал қорларын өндіре отырып, -деп жазды К. Маркс, құрал –жабдықтар
өндіруді үдеуші мөлшерде көбейтеді, сөйтіп оны салыстырмалы артық
адамдар жасайды.
Егер капиталға материалдық –заттық түрінің көзқарасымен қарасақ, онда
өндіріс құрал –жабдығы массасының оларды қозғалысқа келтіретін
жұмысшылар санына қатынасы капиталдың техникалық құрылымы деп
аталады. Мысалы:

100
станок
100 станок: 100 жұмысшы, немесе
100
жұмысшы

Капитал тек қана материалдық –заттық түрге ие болып қалмай, сондай-ақ
құндық түргеде ие болады. Осы тұрғыдан мынандай тепе –теңдікті
құрамыз:

100 станок = 800 с
100 с
800 с
100 жұмысшы = 200 v, немесе =
100 ж
200 v

Капиталдың 800с : 200v ( с:v ) қатынасы құндық құрылымы деп аталады.
Капиталдың техникалық құрылымындағы өзгерістер капиталдың құндық
құрылымының өзгеруіне алып барады.

Маркс К ., Энгельс Ф. Шығармалар 23 т., 645 бет

Капиталдың органикалық құрылымы –бұл капиталдың техникалық құрылымының
құндық байқалуы. Қоғамдық өндірістің дамуына қарай капиталдың
органикалық құрылымы барынша арта түседі, яғни тұрақты капитал
үлесі артады және өзгермелі капитал үлесі азаяды.
Өндірістің мануфактуралық кезеңі жағдайында капиталдың органикалық
құрылымы 9с:1v бастап 13с:1v дейіңгі аралығында тербеледі, сөйтіп
жұмыс күшіне сұранымды салытырмалы түрде төмендетуге алып барады.
Соның салдарынан адамдардың көп бөлігі өз еңбегінің қолдану саласын
таба алмайды. Сөйтіп салыстырмалы адамдар артықшылығы пайда болып,
олар резервті өнеркәсіп еңбек армиясын, жұмыс күші нарығын құрайды.
Жұмыссыздық –бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың
өндірісте жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен
бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік
жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын
ғылыми –техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтың
экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ
жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді
орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:
1. Жасырын жұмыссыздық -өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық
жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз
жұмыс күшімен атқаруға болады.
2. Фрикциондық жұмыссыздық –адамдар бір жұмыстың басқа жұмысқа, бір
жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз. Ол жұмыс
іздеу немесе жұмысты күту мерзіміндегі жұмыссыздық, уақытша
жұмыссыздық. Фрикционды жұмыссыздық бір жағынан болмай тұрмайтын,
екінші жағынан керекті құбылыс Неге керекті? Себебі жұмыс
аралығындағы жағдайға келген жұмысшылар аз төлемді жұмыстан жоғары
төлемді жұмысқа шығады және жоғары өнімді жұмыс табады.
3. Маусымдық жұмыссыздық –жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс
жасауы: бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндірісі саласында кездеседі,
әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б.
4. Құрылымдық жұмыссыздық -өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде
болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі
саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
Технологиның өзгеруімен байланысты, бұрын болмаған мамандықты талап
етеді. Сондықтан басқа мамандыққа оқуға тура келеді, жұмыссыздық
пайда болады. Жұмыс күші құрамында өзгерістер болады. Мұндай
жұмыссыздық құрылымдық жұмыссыздық деп аталады.

5. Технологиялық жұмыссыздық –адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі,
біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
6. Циклдық жұмыссыздық -өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни
экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты. Жұмыссыздық
өндірістің қысқаруы, төмендеу циклында болады, ол ең төменгі
нүктеге дейін қысқарады. Көпшілік экономистер фрикциондық және
құрылымдық жұмыссыздық болуға тиісті дейді. Абсолютты толық қамту
болмайды. Олай болса толық қамтылу жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі
фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздыққа тең.
1. Жарым-жартылай жұмысқа қамтылғандар: 1988 жылы АҚШ та 17 млн. Адам
өз еркімен жартылай жұмыс күн істеуді талғады, ал 5 млн. адам
толық жұмыс күн істегісі келеді, яғни өзіне қажетті жұмыс таба
алмады, немесе жұмыс күшіне сұраныс азаюы мен байланысты жартылай
жұмыс күндік жұмықа көшті. Бұл екі жұмыссыздар категориялары
жартылай жұмыссыздар есепке алынбайды, сондықтан жұмыссыздар ара
салмағы төмен болады.
2. Жұмыс табудан күдерін үзген жұмысшылар. Жұмыссыздар категориясына
кіру үшін жұмысты белсенді іздеу керек. Жұмысты ұқыпты, белсенді
іздемейтіндер жұмыс күші құрамынан щығарылады. Экономиканың төмендеу
циклында бұлар көп болады, ал жанданған, шыңға көтерілген
жағдайдың өзінде 1988 ж АҚШ-та 1 млн, адам болды.
3. Бірқатар жұмыссыздар жұмыс іздеп жүрмін, таба алмадым деп
жұмыссыздар тізімінде тұрады. Олар жұмыссыздыққа жәрдем алады немесе
әлеуметтік қамсыздандыру көмегін алады.
4. Одан басқа көлеңкелі экономика жұмыссыздар санын көбейтеді,
себебі жұмысшылары есепте жоқ.

Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып,
шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты
факторларын қарастырады. Мысалы: АҚШ Конгресі экономикалық статистика
бойынша комиссиясының жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін
атаған. Олардың әрқайсысын өзінің ерекше себептері бар. Экономистер
барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды.
Жұмыссыздықтың бірінші тобына –жиынтық сұранымын жеткіліксіздігінен
туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз.
Жұмыссыздықтың екінші тобына –жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты
емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін
жатқызамыз.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы –қоғам үшін ең ауыр экономикалық
және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды
жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай,
өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды
психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс
болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:

ЖС
ЖД = х 100,
ЖК

Мұндағы –ЖД -жұмыссыздық деңгейі;
ЖС –жұмыссыздар саны;
ЖК –жұмыс күшінің саны.
Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне
ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі
өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан
ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің
шығыс бөлігі өсе түседі. Кез-келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста
болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен
заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-
1780 жж.) есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан
жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім
(ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер
жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға асса, онда ЖҰӨ
көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз –Оукен коэффиценті
болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ
көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен
байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.

Жұмысбастылық –бұл макроэкономиканың басты сипаты.
Жұмысбастылық ұғымымен еңбекке жарамды халықтың (есейген санының)
жұмыспен қамтылғаны түсіндіріледі. Ал, есейген еңбекке жарамды
халықтың жұмысы жққ, бірақ іздеп жүрген бөлігі жұмыссыздықты
құрайды. Жұмыс күшін немесе экономикадағы жалпы еңбек ресурстарының
жұмыс істейтіедердің тұтас санымен қатынасы жұмыссыздық коэффициентін
құрайды. Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық бос болмауы
табиғи құбылыс. Оған объективті себептер бар: бірішіден, адамдардың
бір орыннан екінші орынға көшіп отыруы, бір қызмет орнынан
екіншіге ауысуы, тиімді жұмыс іздеуі және оны күтуі және т.б.
Екіншіден, өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмысшы күшінің
сұранысына құрылымдық өзгерісін көрсетеді. Жаңа құрылымды жұмыс
орнында жұмыс күші құрылымы сәйкес келмейді, осыдан өндірістегі
жұмыскерлердің бір бөлігін жұмыстан ығыстырады, бұл құрылымдық
жұмыссыздықты құрайды. Қазіргі кезде жұмысбастылық теориясының
негізінен салушы Дж. Кейнсті санаймыз. Теориялық көзқарас:
- еркін бәсеке нарығы өздігінше реттелмейді.
- нарықтық тепе-теңдігі толық жұмыс бастылығына кепілдік
бермейді.
Жұмысбастылық дегеніміз- еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылуы.
Ал есейген, еңбекке жарамды халықтың жұмысы жоқ, бірақ жұмыс іздеп
жүрген бөлігі жұмыссыздықты құрайды. Жұмыссыз қалу қаупі -әр ересек
адам үшін үлкен мәселе. Адамдардың көпшілігі үшін жалақы –жалғыз
табыс көзі әрі жұмыс адамды моральдық жағынан қанағаттандырады.
Сөйтіп, жұмыссыз қалу материалдық жағдайды төмендетіп қана қоймайды,
сондай-ақ болашаққа сенімсіздік туғызады, адам өзін өмірге жарамсыз
сезінеді. Жұмыссыздық – еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі.
Еңбекке қабілетті адамдар (жұмыс күші) -жұмыс істейтін және
істемейтін жұмысшылардың жалпы саны. Толық жұмыстылық ұғымы
болмайды. Толық жұмыстылық – бұл кезеңдік жұмыссыздықтың болмауы.
Нарықтық экономикада міндетті түрде жұмысшылардың тиімді резерві
болады және жұмыссыздықтың табиғи нормасы немесе табиғи деңгейі
сақталады.
Қазіргі кезде классикалық ойды қолданушылардың саны өсуде
(неоклассикалық бағыт), жұмыссыздықтың табиғи деңгейі болу керек,
ал одан шығу еш мүмкін емес деп санайды.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – толық жұмыстылық жағдайындағы
жұмыссыздық деңгейі ( яғни кезеңдік жұмыссыздықтың болмауы). Табиғи
жұмыссыздық деңгейімен байланысты өндірілген нақты ұлттық өнім
көлемін экономиканың өндірістік потенциялы дейді. Табиғи жұмыссыздық
деңгейі жалпы еңбек ресурстарының 5,5- 6 процентін құрайды.

Жұмыссыздықтың деңгейін анықтау: Мысалы: АҚШ 1988 ж жұмыссыздық
деңгейі = 6701 мың 121669 мың х 100% = 5,5%
1.1 ксте АҚШ тағы жұмыс күші, жұмыспен қамтылу, және жұмыссыздық.

1988 ж

Көрсеткіштер Мың адам
Барлық халық саны 246113
Алу: 16 жасқа дейін толмағандар және оқу орындағы 61500
адамдар
Жұмыс күші құрамынан шыққан адамдар 62944
Тең болады: жұмыс күші 121699
оның ішінде жұмыс істейтіндер 114968
Жұмыссыздар 6701

Математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім
көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Жалпы ұлттық өнім
дегеніміз – елдің бір жыл ішінде өндірген барлық дайын тауарлар мен
қызметтердің жиынтық рыноктық құны. Егер жұмыссыздықтың сандық
деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға асса, онда ЖҰӨ-нің төмендеуі 2,5%
құрайды. Жұмыссыздық рыноктық экономикаға тән белгі болғанымен, оның
көп болуы қоғамға зардбын тигізеді.
Жұмыссыздықтың экономикалық шығындары: тым жоғары жұмыссыздық үлкен
экономикалық және әлеуметтік шығындарға соқтырады.
Жұмыссыздықтың бағасы - өндірілмеген өнім. Экономика қажетті жұмыс
орындарын жасақтай алмаса ол жағдайда тауар өндіру, қызмет көрсету
елдің өндірістік потенциялын кері қайтпайтын шығынға әкеледі.
Жұмыссыздық деңгейі табиғи жұмыссыздық деңгейінен бір процент асса
жалпы ұлттық өнімнің 2,5%-тін жоғалтады. Жалпы орташа цифрлардың
арқасында жұмыссыздықтың кеселі, шығындары жасырынды көрсеткішке
айналады. Мысалы: 1.2 кестенің мәліметіне көңіл аударыңдар. 3.2
кесте. Жұмыссыздық деңгейінің демографиялық белгісімен анықтау. АҚШ-
та 1982 жылы төмендеу циклы және 1988 жылы шыңға көтерілу
цикліндегі көрсеткіштер.

1.2 кесте
Жұмыссыздар деңгейі, %
Демографиялық топтар
1982 ж 1988 ж
16-19 жас аралығы 23,2 15,3
Барлық жұмыссыздар 9,7 5,5

II.Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты
Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамту АҚШ-да 1955-ші жылы 6,5 млн
адамнан 1990-шы жылы 3,2млн адамға қысқарды, ал қызмет көрсету
саласында 1955-ші жылы 30,1 млн адамнан 1990-шы жылы 85,3 млн
адамға артып, жалпы жұмыспен қамтылғандардың 75% құрады. Кәсіби
құрылымда ой еңбегімен айналысатын жұмыскерлер арта түсті. Олар
1991-ші жылы барлық жұмыспен қамтылған жұмыс күшінің 51% құрады.
Біліктілік құрылымында жұмыс күші білім деңгейінің өскендігін
байқатады. АҚШ-да 1970-пен 1992-ші жылдардың аралығында орташа
білім алған адамдардың саны өсті және жұмыс күшінің жоғарғы білім
алғандар мен толық алмағандар 21%-дан 38%- үлесі артты.
Демографиялық құрылым бойынша әйелдерді жұмыс күші құрылымына
тезірек тарту байқалады.
АҚШ-да әйелдердің экокомикалық деңгейге қатысуы 1980-шы жылы 1992-
ші жылы 60%-ға артты. Қазіргі кезде біздің Қазақстанда басқа
көптеген елдермен салыстырғанда адамның еңбегі төмен бағалануда.
Мысалы, бір сағаттық адам еңбегі Швецарияда – 15,5, АҚШ – 12,8,
Швецияда – 12,8, Францияда – 11,5, Италияда – 11,4, Канадада – 10,9,
Японияда – 10,3, Англияда – 7,3, Гонконгта – 1,8, Тайванда – 1,7,
Оңтүстік Кореяда – 1,4, Мексикада – 0,6, Ресейде – 0,2 доллар құрайды.
Біздің есептеуімізше, Қазақстан Республикасында жұмысшы мен
мемлекеттік сектордағы қызметкердің бір сағат еңбегі 0,4 доллар
тұрады. Нарықтық қатынастарға көшкенде жұмыс күшінің сапасына деген
сұраныс өседі, сондықтан оның ақысын көбейту қажеттілігі еріксіз
туындайды.
Қазақстан Республикасында тәжірибесінде енді ғана тұрғындарды
жұмыспен қамтудың нарықтық механизмге өтуі қарастырылуда. Қазіргі
кезде жұмыспен қамту қатынастары терең дағдарысты басынан кешуде.
Оның себебі әміршілдік экономика жағдайында жұмыспен қамту
қатынастары тоталитарлық орталықтан жоспарланған еді. Бұрыңғы
әміршілдік қоғам толық жұмыспен қамту міндетін және тұрғындардың
тиімді еңбекпен қамтылуын шеше алмады.
Ал енді тиімді еңбекпен қамту дегенді қалай түсінеміз?
Толық еңбекпен қамту дегеніміз халық шаруашылығы көлемінде еңбекке
қабілетті тұрғындарды жұмыс орынымен қамтамасыз ету.
Тиімді еңбекпен қамту дегеніміз қоғам қажеттілігін өте аз еңбек
шығынымен қанағаттандыра білу. Қазіргі нарықтық экономикада
жұмыскерлердің оңтайлы резерві міндетті түрде болуы қажет, сөйтіп
жұмыссыздықтың табиғи мөлшері сақталады. Оған тең дәрежеде
арифметикалық толық еңбекпен қамту және тым жоғары жұмыссыздықта
кәріғар екендігі белгілі.

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы
ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы
жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз
бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым
ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік
әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл
тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды
қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық,
бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру
ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір
дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік -
әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту
мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес
орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу
арқылы шешеіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек қабілеті бар
тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс
күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл кадрлық экстенсивті типтегі
шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы
қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгертіп
отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді
өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа
жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.
Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты
кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін
болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраным еркіндігі мен
ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің
белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың
өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгілеген еңбек
нысандарының щеңберінде ғана рұқсат етілді.
Кадрларды тұрақтандыруда жас маман институты, белгілі бір кезеңге
мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс
уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде ету, бір кәсіпорында
істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жаңама әдістер
де қолданылады. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты
өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы
– қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға
төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу
қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір
орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да
ынталандырылды. Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық
заңы бұзылды. Оның мәні – адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту
үшін белсене жұмыс істеці керек, ал ол үнемі өзін-өзі жетілдіруді
қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі
бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.
Қазіргі жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен
олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар
бар. Оның шиеленісуі – кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді.
Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын
жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз
қалады. Ол көбінесе екі айдан алты айға дейін созвлады. Сонымен
бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да ондай дайындық деңгейін
талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яғни
салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді.
Бұл жағдайлар, қазірде нарықты экономикаға өту кезеңін басынан
кешіріп жатқан біздің елімізге де тән бола бастады. Атап өту керек –
бұл процесс өте шиеленісті жағдайда өтуде. Мемлекетсіздендіру мен
жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол, өз
кезегінде мемлекеттік секторда жұмыс пен тұрақты түрде қамтылған
жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және басқа да
шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы, жұмыстан босап қалған
жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан
шаруашылық байланыстардың үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және
жабдықтардың кадрлығы өндіріс қуатының толық пайдаланылмауына,
көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтыруда.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай?
Біздің елде еңбек ресурстары 1992 жылы 9,4 миллион адамға жетті,
немесе халықтың жалпы санының (17 млн. адам) 55 процентін құрады.
Халық шаруашылығы қызметінің барлық салаларында 7,4 миллион адам
жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81% экономиканың
мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың
әлі де басым екендігін, яғни механизміне тән еңбекпен қамту
қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді.
Сонымен қатар қазіргі еңбекпен қамту қатынастары, әкімшілдік
экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету
қатынастарының терең дағдарысын көрсетіп отыр.
Біздің қоғам әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты толық,
әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады. Бұл ұғымдар
туралы біз нені түсінеміз? Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық
шаруашылығы өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді қажет етеді.
Нарық қатынастарының қалыптасу барысында жасырын жұмыссыздық ашық
жұмыссыздыққа айнала бастады. 1992 жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы
кеңи түсті. Осы аталған жылдың желтоқсан айының өзінде-ақ 138 мыңға
таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап тұрды. Осындай
кәсіпорындардан 2 мыңнан астам жұмыскер еңбектен босатылды, 25 мың
адам еріксіз демалысқа жіберілді.
Жұмыссыздықтың зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми –
техникалық прогресс. ҒТП, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа
өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады.
Ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар
тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді. Жалпы ғылыми-техникалық
революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру,
негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге
асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген
шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне
қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады.
Жұмыссыздық проблемалардың шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды
жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары
дамыған елдерде биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру
мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте
келе және еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның мақсатымен және
атқаратын қызметтері өзгерді. Еңбек биржасы бұл еңбекті жалдау
барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім
жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме. Бұрыңғы КСРО-да ең соңғы
биржасы 1932 жылы жабылған болатын. Қазіргі нақты жағдай – еңбек
нарығының барлық элементтерін қайта жаңғыртудың қажеттігін көрсетіп
отыр. 1991 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық жерде
тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады.
Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар:
Еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды есепке
алу және бос жұмыс орындарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және
жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру; жұмыс
іздеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру;
жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу; адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмыссыздыққа
байланысты жәрдемақы тағайындау. Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың
мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер
етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа жолдама кәсіпкерлер үшін
міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады, себебі
олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға құқы бар және оны
өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.
Қазіргі еңбек биржасында, жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным туралы
мағлұматтар банкісі болуы қажет. Осы бағытта өнеркәсібі дамыған
Батыс елдерінің тәжірибесін қолдануға болады. АҚШ-та, мысалы,
аймақты және жергілікті деңгейде жұмыс күшінің электронды банкілері
құрылған. Онда жұмысқа орналасқан кезде жоғары сапалы
консультациялық көмек көрсетіледі. Нәтижесінде барлық мамандық
топтарындағы жұмыссыздардың 40% бір айдың ішінде жұмысқа орналасады.
Сондай-ақ, жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы ендірілген.

Бұл жағдайда, экономикаға – сұраным инфляциясы, өндірістің төменгі
тімділігі, сала мен аумақтағы, еңбекпен ресурстарын бөлудің
әміршілдік тәсілі, стагляция және басқа ірі келеңсіздіктер әсер
етеді. Екінші жағдайда - өндірістің еңбек факторларын ашық
қолданбауында, адамның әлеуметтік-экономикалық құқының жаппай
бұзылуында, көптеген жұмыссыздарды қажеттілікпен сақтауға байланысты
мемлекеттік қаржыны келеңсіз қысымдауда және т.б. болып тұр.
Өндіріс факторын анықтайтынның бірі – еңбек. Еңбек жүргізуші, яғни
адамның жұмыс күші адамдық фактор болып саналады. Елдегі халықтың
еңбекке қатысу мүмкіндігі және қолынан іс келетін еңбек ресурстарын
құрайды. Еңбек ресурсына жақын үлкен еңбек
потенциялы.
Еңбек потенциялы – бұл еңбек ресурстарын құрайтын, соның ішіндегі
тұлғалардың еңбек ресурстарын осы немесе басқа бағытқа потенциялды
өзгерте алатын елдегі халықтың бір бөлігін айтады. Қарастырылған үш
категорияны бірге алғанда елдің еңбек факторын әр түрлі жақтан
суреттейді.
Басқа өндіріс факторларына қарағанда еңбектің негізгі ерекшілігі
бар. Ең бастысы, еңбек адамнан, жұмыс күшінен де бөлінбейді,
сондықтан әлеуметтік және саяси аспектісі болады. Тура осы жағдай
экономистердің зерттеуін әртүрлі жолмен жақындатады. Батыс
экономикалық әдебиетінде, еңбек тауар ретінде саналады. Маркстік
теорияда еңбек емес, адамның қабілеті еңбекке, оның жұмыс күші
тауар ретінде иррационалды ұғым еңбек рыногын құрайды. Осыдан
маңызды қорытынды шығады: еңбек тауар емес, ол жұмыс күші – тауар,
онда еңбек ақы формасында барлық өнім еңбегіне емес, тек бір
бөлігіне ғана төленеді, жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне керекті құн
үлесі ғана. Еңбек өнімнің басқа бөлігін капиталист иеленеді.
Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында еңбекті ұйымдастыру мен
басқару жағынан негізгі көзқарас ретінде қарастырылады. Кейбір
зерттеушілер қолөнер, технологиялық, инновациялық деп еңбекті
басқаруды бөледі, сәйкесінше индустрияға дейінгі, индустриялды,
ғылыми-техникалық вариантағы экономикалық өсу. Қолөнерінен басқару
қол өндірісімен бейнеледі, еңбек бөлінісінің бар болуы (мысалы:
арба өндірісі темір ұстасы мен ағаш ұстасын талап ететін еңбек
бөлінісі және т.б.), өз бетінше жұмысшының командаға бірігуін,
бағынуын айтады. Технократиялық басқару – қол еңбегінен машинаға өту
кезеңін көрсетеді, еңбек бөлінісін тереңдету, экономиканы қатаң
формаға күштеу, еңбекті басқарудың өзіндік түрін бөлу. Өзіндік
материалдық базаның өзгеру жолында (техниканың толық жетілуі)
басқарудың бұл түрі біраз этаптан өтті. Технократиялық басқаруға
өту XIX ғ соңында XX ғ басында жүзеге асты және Ф. Тейлордың
атымен байланысты. Тейлоризм тәсілдері: жұмысшы орындайтын әрбір
операция хронометраждалады, өлшенеді. Соның арқасында жұмысшылардың
пайдасыз қозғалысын жояды және ең керекті жетілген жағын таңдайды.
Жұмыстың бұл принциптері еңбекті ғылыми ұйымдастыру негізіне
жатады.
Технократиялық басқарудың келесі кезеңі Т. Фордтың есімімен
байланысты. Фордизм үздіксіз конвейер өндірісіне негізделеді, бұл
жұмыс қарқынын тездетеді, шығынды төмендетеді, өндіруді көтереді
және сонымен еңбек өнімділігін арттырады. XX ғ 30-40 жылдар
технократиялық басқаруға психологиялық және әлеуметтік компоненттер
кіреді. Әлеуметтік қамту еңбек ақының минималды деңгейін бекіту,
мерзімнен тыс жұмысқа ақы төлеу, техника қауіпсіздігі және басқалары
енді. Бұл тап күресі және совет өкіметінің әлеуметтік жетістігі
әсерінен істелді. 50-60 жылдары технократиялық басқаруда адамдық
қатынасы енгізді, адамға өз бетінше және шешім қабылдауы
ұнайтындығы, майда қамқорлықсыз, оларға құрмет және еңбегіне сай
болу керек екені дәлелденді. Сонымен қатар жұмыс ережесін қарастыру,
жұмыс нәтижесіне марапат, жұмысшының табыс бөлінісіне қатысуы және
т.б. мүмкіндіктер туды. Инновациялық басқару өндірістің жаңа
технологиялық тәсілдерге өтуімен байланысты, жоғары мамандырылған
адам ресурстарын тартуды талап ету, өз бетінше шешім қабылдауға
әрекет, жоғары өндіруді қамту және жұмыс сапасын қамтамасыздандыруды
көрсетеді. Ол методтарды қолдану даму өрісін анықтау болып
табылады.
Еңбек нарығы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын
сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдану
жағдайы бағаланады. Еңбек нарығы – экономика жағдайын көрсетудің
айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын,
жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби-біліктілік, демографиялық және
басқада көрсеткіштерінің құрылымын байқатады. Осы құбылыстар АҚШ-тағы
еңбек нарығында айқын көрінеді. Осындағы салалық құрылымда екі
тенденция байқалады: ауыл шаруашылығымен айналысатындар санының тез
қысқаруы және олардың қызмет көрсету саясында артуы. Себебі бұл
сала барынша ұлғая түсті, және ол қоғамдық еңбекті қолданатын
басты салаға айналады.
Еңбек нарығы бұл еңбек мөлшері және институттары, ұдайы өндірісті
қамтушы жұмысшы күші және еңбекті пайдалануды көрсететін
экономикалық механизмдер жүйесі. Барлық нарықтағы сияқты, еңбек
нарығында да еңбекке ұсыныс және еңбектің анықталған түріне сұраныс
құрылады.
Еңбек нарығы кез келген жағдай-шартта қызмет етеді. Қарапайым шарты
жетілген бәсеке. Оның рыноктық сипаттамасы:
- кәсіпорындар саны көп болуы, керекті жалдама жұмысшыны жалдау
үшін өзара бәсекелеседі:
- жоғары дәрежелі мамандырылған қажетті жалданушылардың көптігі;
- еңбек нарығына бірде-бір жұмысшының немесе кәсіпорынның күшті
ықпалы жоқ.
Еңбек жинақталған сұраныс жетілген бәсеке нарығында жеке фирмалардың
еңбегіне сұранысты жинақтау жолымен анықталады. Ал, фирма қанша
жұмысшы санын жалдау керектігі сұрағын шешеді, еңбекке сұраныс
бағасын, яғни еңбек ақысын анықтайды.
Еңбекке сұраныс бағасы шектік еңбек өнімділігінен тұрады, демек
өнімнің көбеюі қосымша еңбек бірлігін жалдау нәтижесінде алады.
Қосымша жұмысшы жалдау нәтижесінде алынған қосымша өнімді шектелген
өнім дейді. Шектік өнімнен түскен табысты анықтау үшін шектік
өнімді өнім бірлігі бағасына көбейтеміз. Осы табыс шектік өнімнен
түскен шектік табыс деп аталады.
Шектік өнім, әрбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық
Жұмысқа орналасқандар қатарынан жұмыссыздарға және керісінше ауысуы
Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы
Сақтандыру делдалдары
Жұмыссыздық және оның әлеуметтік-экономикалық салдары
Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары
Жұмыспен қамтылу саясатының мәні, бағыттары және функциялары
Ұмыссыздықтың теориялық негіздері
«еңбекпен қамту-2020» бағдарламасы
Еңбек нарығын мемлекеттік басқару және халықты жұмыспен қамуды жетілдіру жолдары
Пәндер