Жас мөлшерінің психологиясы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы.
2. Жасөспірім кез және оның ерекшеліктері.
3. Жоғары сынып оқушылары балаларға психо.педагогикалық сипаттама.
4. Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесе ескерілуі.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі мен дамуы. Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбие белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топтың мұмкіндіктері мен міндеттері тәрбиенің әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді.

Жас мөлшерінің психологиясы курсында оқылатын жоғарыда айтылған жас мөлшерлік топтардың әрқайсысының сипаттамасын бұл тұста нақтылап қарастырмай-ақ. Педагогтың әрбір жас мөлшері тобымен жүргізетін оқу-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір тәрбие ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдында зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процестерде ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
1. Возрастная и педагогическая психология / под.ред. А.В. Петровского. М., 1984.
2. Караковский А.П. О подростках М., 1970.
3. Қожабаева Б.Е., Төлеубекова Р.К. 59-67, 71-75, 79-80.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы.

2. Жасөспірім кез және оның ерекшеліктері.

3. Жоғары сынып оқушылары балаларға психо-педагогикалық сипаттама.

4. Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесе
ескерілуі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі мен дамуы. Адамның белгілі
сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбие белгілі
бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топтың мұмкіндіктері
мен міндеттері тәрбиенің әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке
дейінгі кезінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан
есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді.

Жас мөлшерінің психологиясы курсында оқылатын жоғарыда айтылған жас
мөлшерлік топтардың әрқайсысының сипаттамасын бұл тұста нақтылап
қарастырмай-ақ. Педагогтың әрбір жас мөлшері тобымен жүргізетін оқу-тәрбие
жұмысында ескерілуі тиісті кейбір тәрбие ерекшеліктеріне тоқталамыз.

Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның
жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын
қалыптастырудың қоғам алдында зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие,
шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып
табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға
бағытталған.

Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне
тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық
процестерде ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті
түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.

Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6
жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18
килограммнан 36 килограммға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де
ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста
95 пайызына тең болады.

Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа
байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. - жаста
жарты шарды жалған тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара
қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл
өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің іргетасы қалануына
негіз болады.

Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер
манипуляциялық, пәндік, ойын арқылы сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы
бірте-бірте дамиды.

Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен
тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді
де ұйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала
өзін-өзі өзгертуге қпрай бағыттай алады, яғни ол іс- әрекеттік және ақыл-
ойлық қажетті әдістерді оны қоршап тұрған мәдениетке тән меңгереді.
Рефлексиялы түрде, яғни өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой
жүгіртіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік
өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.

Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті- бұл оның өз-өзіне
деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай
алуы. Бұған дейін қолымнан келмеді- енді келеді, Бұған дейін жасай
алмадым- енді жасаймын, Бұрын қандай болдым – қазір қандаймын , міне,
бұлар қол жеткіэілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қорытындысына
берілген негізгі бағалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы
өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды. Егер
бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетін, өзін-өзі дамытудың жетілген
түрінің рефлекциясынан қанағат алса,демек ,бала оку іс-ірекетіне
психологиялық жағынан толықтай кірісті деген сөз.

Бала мектеп табалдырығын аттағанннан кейін оның әлеуметтік жағдайы
өзгереді,бірақ ішкі әлемң,психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады.
Баланың ең негізгі іс-әректі әлі де ойын,сурет салу,ойыншықтарды құрастыру
болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде
болады. Оқу іс-әрекетіндегі,тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік
беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады,бұл кезде балаға жақын арада
істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың
мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар
аударту ол балаға жеңіл тиеді.

Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап,баланың алдына оқу іс-
әрекетінің шарттарын қойса,бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез
араласып кетуіне бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан
себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында
сасқалақтап,бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады,мектепті және оқуды
ұнатпаушылық сезімін оятып,бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады.
Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын
тұрған балалардың саны да,бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың
саны да өте жоғары.

Оқу іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін
түсіндіруге тырысу керек,сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен ғана емес,ынта
мен,шын көңілмен назар аударып,өзін-өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар
ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп,оқу
тапсырмаларына құлқы болса да,болмаса да оны қалайда орындау керектігін
білуге үйренуі керек. Әрине,ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып
қалмауы тиіс. Балаға оның енді үлкен екендігін,кішкентай балалар сияқты
ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сөздерді аутуға болмайды. Ойын
тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес,ол барлық жастағы адамдардың бос
уақытында айналасып,көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың
әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін
бірте-бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір құштарлыұпен ойнайтын
болады. Ойнай жүріп бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды қалыптастырады.
Балалар қоғамының рөлі мен ережелері үлкендер қоғамының қалыптасқан
ережелері турала білуіне мүмкідік жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен
бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал әділеттілік пен әділетсіздікке көз
жеткізу теңдік,лидерлік,бағыныштылық,адалды қ,сатқындық әрекеттері баланың
бойындағы жеке тұлғалаұ қасиеттерді де қалаптастырады.

Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі – танып – бәлуге деген
белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қошаған әлемді тануға және осы
әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп
тәжірибеден өтеді,себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себептерін
ашуға тырысады. Ол мысалы, қандай заттардың суға батып кететінінғқандай
заттардың қалқып жүретінін біле алатын болады. Бала ой – қабілеті жағынан
неғұрлым белсенді болса,ол соғұрлым сұрақты көп қояды және әр түрлі
сұрақтар қоятын болады. Баланы бәрі қызықтыруы мүмкін: Мұхиттың тереңдігі
қандай? Су астындағы жәндіктер қалай тыныс алады? Жер шарының көлемі неше
мың километр болады? Бала білуге ұмтылады,ал сол білімді игеруі
“неге?қала?неліктен?” деген сұрақтар арқылы игеріледі. ОЛ білімге
сүйене,жағдайды бағалауға және өз сұрағына жауап табудың жолын іздеуге
тырысуға мәжбүр болады. КЕйбір мәселелер туа қалған жағдайда бала оны өзі
шешуге тырысады,әрине,ол оны тек ойша ғана шеше алады. Бала болып жатқан
жағдайды бағамдайды және оған өзі ойша араласып,іс-әрекет жасайды. Сол
жағдайды шешу үшін образдар мен іштей әрекеттесуден туындаған ой терең –
көрнекі образды деп аталады. Образды ойлау – бастауыш сынып жасындағы
баланың негізгі ойлау түрі болып табылады.

Мектепте оқыта бастағанда баланың ойлау жүйксі өзінің
эгоцентризмімен,белгілі бір мәселелерді дұрыс шешуге қажет болатын
білімінің жоқтығынан ойлау үрдісінің ерекше болуымен назар аудартады.
Мысалы,бала өзінің білімдік тәжірибесінде заттардың ұзындығы,көлемі,салмағы
сияқты ерекшеліктерін онша түсіне бермейді.

Білімінде жүйеліліктің жоқтығынан,түсініктерінің жеткілікті түрде даму
дәрежесіне жетпегендігінен ойлау жүйесінде көріністі тек қана қабылдау
логикасы басым болады. Мысалы,судың,құмның,пластилиннің және т.б. бірдей
мөлшерін ыдысқа салғанда,ол заттардың сол ыдыстың қалыбын алғанын көріп
тұрып,бірақ оны бағамдауға баланың қабілеті жетпейді. Балалар ол заттардың
әрқайсысыныңБалалар ол заттардың әрқайсысының өзгерісін көрген сәтіндегі әр
жағдайға тәуелділікте болады. Алайда бала төменгі сыныптардың өзінде-ақ
кейбір деректерді салыстыра алатын,оларды біртұтас кескінде көре
алатын,тіпті өз деңгейінде тікелей көздерден алыс жатқан абстрактылы білім
қалыптастыруға қабілеті жететін дәрежеде болады.

Бала қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсенділігімен
өзі зерттей бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл
әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді. Егер -
жастағы бала өзі үшін аса маңызды ойын ойнап жатса, ол одан екі немесе үш
сағат бойы бас алмауы мүмкін. Сондай-ақ ол өнімді жұмыс жасауда да осындай
ынтымен кірісе алады. Балалар назарының бір нәрсеге ұзақ қадалуы, оның сол
өзі жасап отырған іс-әрекетіне деген ерекше ынтасымен көрсетеді. Егер бала
өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ уақыт назарын салып отыруға
мәжбүр болса, ол шаршайды, көңілі басқа жаққа алаңдай береді, ол тіпті өзін
соншалықты бақытсыз сезінеді.

Үлкен адам сөзбен айту арқылы баланың назарын белгілі бір нәрсеге
бұрып, ұйымдастыра алады. Ол соған тапсырманы орындаудың қажет екендігін
түсіндіреді және оны қалай жасау керектігінің әдісін де айтады Балалар,
альбомдарыңды ашыңдар. Қызыл қарындашты алыңдар да қағаздың сол жақтағы
бұрышына міне, мына жерге дөңгелек сызыңдар және т.б.

Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінің атқаратын
жұмысын өзі де жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін
және неден кейін нені орындау керек екндігін өзіне өзі күбірлеп айтатынын
да байқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сөз жоқ, баланың назарын жүйелеп,
ұйымдастырады.

Алайда, бала төменгі сыныпта жүрген кезінде-ақ өзінің мінез-құлқын өзі
үйлестіре алады десек те, оның назарынң өз еркінен тыс басқа жаққа тез ауып
кету жағдайлары көбірек болады. Балалрды біртектес, тез жалықтыратын немесе
қызғылықты болса да, бірақ ойлануды қажет ететін жұмыстар тез жалықтырады.
Ал бала назарының анда-санда бамқа жаққа ауып отыруы оны тез шаршаудан
сақтайды. Бұл ерекшелік ойынның сабаққа кірісуге мүмкіндік беретін маңызды
элемент екендігін көрсетеді және іс-әрекетті онымен жиі алмастырып отыру
керек болатынын дәлелдейді. Төменгі сыныпта оқитын балалар интеллектуалды
тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл ерекше ерік-жігерді
және үлкен ұйымдастырушылықты қажет етеді.

Бастауыш сынып жасындағы бала әр түрлі жағдайларды өз қиялында
бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру
арқылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс-
әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала
қиялын өз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім сабақта балаларға
заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда болу жағдайын көз алдарына
елестетіп көруі жөнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала қиялының
дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға
тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын
болады. Ол құралдар заттар, схемалар, макеттер, белгідер, графикалық
бейнелер және т.б. болуы мүмкін.

Әр түлі оқиғалар, өлеңлер ұйқастыру, ертегілер ойлап табу, түрлі
кейіпкерлерді бейнелеу арқылы бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын,
графикалық бейнелерді өзі де байқамастан айта бастауы мүмкін. Баланың өзіне
белгілі оқиғаларды әдейі бір біріне қосып, өз кейіпкерінің сапалық жақтары
арқылы жаңа бейнелер жасауы да жиі кездеседі. Егер баланың сөйлеу және
қиялдай алу қабілеті жетілген болса, егер ол сөздің мәні мен мазмұнынан
пайда болған рефлексіне көңілі қанағаттанса, онда ол кәдімгідей мәні бар
мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, өзінің ойлап табушылық қабілетінен
шабыт алып, басқа адамдарды да қосып жаңасын ойлап тауып, оны әңгімелеп
бере алатын болады. Бала өз қиялында қауіпті де үрейлі жағдайларды да
тудыра алады. Ең бастысы- тапсырманы орындаудағы қиындықты жеңу, дос табу,
жарыққа шығу, қуанышты сәтті бастан кешіру. Қиялдағы оқиғаны жасау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.М.Мұқановтың педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының зерттеуі
Бала психикасының дамуын стратегиялық зерттеу
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
Құқық бұзуға бейім мінез - құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы
Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы
Мектеп оқушысының жеке тұлғалық дамуының жас мөлшерлік кезеңдері
МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ЖҰМЫСТАРЫ
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеру
Достық қарым - қатынастар
Бойжеткен мен бозбалалалардың жеке адам болып қалыптасуы
Пәндер