Ат әбзелдері, ер тұрмандар, қару-жарақтар



Кіріспе 3.10

І.тарау. Ат әбзелдері, ер тұрмандар.
1.1. Ат әбзелдері, ер тұрмадардың сипаттамалары,
құрылымы 11.21
1.2. ОММ қорындағы ат әбзелдерінің сақталуы,
қалпына келтіру және көрнекіленуі 22.29

ІІ.тарау. Қару.жарақтар
2.1. Қару жарақ түрлері. Атаулары, сипаттамалары 30 . 43
2.2. ОММ қорындағы қару.жарақтардың аақталуы,
қалпына келтіру және көрнекіленуі 44.47

Қорытынды 48 .49

Әдебиеттер тізімі 50.51
ЕР ҚОСУ- қазақ шеберлері игерген ер-тұрман жасайтын кәсіп түрі. Ежелден көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы үшін ат көліктің негізгі түрі болғандықтан, ер-тұрман жабдықтарының алатын орны ерекше болды. Қазақ отбасында жараған барлық балаларына түгелдей ер-тұрман дайындайтын. Ал, кейбір кісілер ер бала туысымен-ақ атақты ершілерге қосқан ер-тұрман дайындататын болған. Ер бала 4-5 жасқа толғаннан кейін шағын ер “ашамайға” отырғызып, атқа мінуге үйреткен. Ашамай үлгісі ҚРОММ-нің 2-ші залында қойылған. Ер балаға арнап жасалған ашамай ерлердің үлгілері де музей қорының коллекциясына еніп отыр. Ер қосу ісін кәсіп еткен шеберді қазақтар “ерші” дейді. Қалалық және қалаға жақын маңда тұратын ершілер ер-тұрманды өз үйінде, өз заттарынан жасап, базарларға апарып сатқан. Көшпелі ауылдарда тұратын ершілер көбіне тапсырыс берушінің үйінде жасаған. Тапсырыспен жасаған ерге күрделілігіне қарай қой, құлынды бие алған. Ер-тұрман жасаушылардың құрал-саймандарын үш топқа бөлуге болады. Ердің соқа басын қосу үшін – ара, балта, шот, ойыс, жүзді шот, қуысқұлақ, үскі, ыңғыру, пышақ, түрпі, қашау, балға, тістеуік сияқты құралдар; ердің жұмсақ жабдықтарын жасау үшін пышақ, біз, мүйіз сызғыш, былғары бетіне өрнек түсіру үшін – темір талшықтары мен өрнекті ағаш қалыптары; ердің темір және күміс әшекейлерін жасау үшін темір ұсталары мен зергерлердің саймандары толық пайдаланылды. Қазақ ершілері кей жағдайда бір ердің жұмысын екі-үш шеберге бөлді. Мысалы, бір ердің ағашын ерші шапса, екінші шебер - қайыс, былғары жабдықтарын, үшінші, күміс әшекейін зергер жасап беретін. Көпшілік жағдайда ер-тоқым бүкіл жабдықтарымен бір ершінің қолынан шығып та жатты. Ер-тоқым жасауға ағаш, темір, жез, алтын, күміс, асыл тастар, түрлі-түсті шынылар, сүйек, былғары, көн, шұға, барқыт, киіз, қыл, тарамыс, желім, тоз сияқты заттар пайдаланылды. Ер-тұрмандардың жасалу ісінде Қазақстан жерінің әр өңіріне қарай қалыптасқан аймақтық ерекшеліктері болды. Осы ерекшеліктеріне қарай ерлер “қазақ ері”, “шошақ бас ер”, “үйрекбас ер”, “құранды ер”, “қозықұйрық ер”, қазық бас ер”, “қан бас ер”, “найман ер” деп бөлінді. Бұлардың ішінде қазақ арасында кең тарағаны - “қазақ ері”. Қазақ ері Шығыс Қазақстан, Семей, Талдықорған, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Қостанай, Орал, Қарағанды облыстарында кеңінен қамтылды. Қазақ ері қайың ағашының бес бөлегінен қосылады, яғни екі қас, екі қаптал және орта ағаш деп аталатын бөлшектер жеке-жеке шабылып барып біріктіріледі. Қазақстанның орталық және солтүстік облыстарындағы ершілер ердің қастарын жуан қайыңның шірімеген түбінен шабқан. Бұл үшін бірнеше қайың кесіндісінің қабығын аршып кептіреді немесе шірімеген қайың түптері кездессе, оны топырағынан арылтып, арамен кескілеп, қас шығатын жерлерін таңдап алады. Біраз уақыт жел қағып, дегдігеннен кейін дайындалған кесінділердің барлығын балтамен немесе шотпен ойып жеңілдетіп алып тағы да кептіреді. Ер бөлшектері шабылып болып, тек өңдеу жұмыстары қалғанда тұзды суға қайнатып алып көлеңкеде кептіреді. Тұзды суда қайнатылған ағаш еш уақытта қаңсымайды, жарылмайды. Ердің барлық бөлшектері өңделіп дайын болған соң, оларды арнайы қалыпқа салып қайыстырады да, қас етектері мен қапталдардың астасатын тұстарын қуысқұлақпен тесіп, шегелейді. Шегені, әдетте, қаңылтырдан немесе жезден түтікше тәріздендіріп жасайды. Ердің орта ағашы әр уақытта таспамен жан-жағынан көктеліп орнатылады. Кейде қазақ ерлерінің барлық бөлшектері таспамен көктеу арқылы біріктіріледі. Қосылған ердің сыртын түрпімен, пышақпен, шыны сынықтарымен қырнап өңдейді.
1. Маргулан А.Х. «Казахское народное прикладное исскусво». В трех томах. Алма-Ата, 1987.
2. Арғынбаев Х.А. «Қазақ халқының қолөнері». Ғылыми-зерттеу еңбек. Алматы. Өнер. 1987.
3. Жағда Бабалықұлы. Ер тұрман // Ана тілі. 1994 ж. 6-қазан. 5-б.
4. Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер. Алматы: Дәуір, 1996.
5. Горелик М.В. Оружие древнего Востока. (IV тысячелетие- IV в. до н.э.) М.: Наука. Издательская фирма «Восточная литература», 1993. -349 с.
6. Музееведение. Учебное пособие. Под редакцией К.Г.Левыкина и В.Хербста. Москва, Высшая школа. 1988. - 431 ст.
7. Кроллау Е.К. Температурно-влажностный и световой режим музеев. Москва, 1971.
8. Разгон А.М. Научное описание музейных предметов. (методические указания) М.1954,
9. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, Қазақстан. 1995. – 240 б.
10. Тәжімұратов Ә. «Шебердің қолы ортақ». Алматы-1977. «Қазақстан» баспасы. – 96 б.
11. Райымханова К., Хатран Д. «Музей ісінің теориясы мен практикасы». Оқу құралы. Алматы, 2002. – 91 б.
12. «Қазақстан музейлері» Мәдени-танымдық және ғылыми-әдістемелік журнал. Астана, 2003, №2(3) шілде-желтоқсан.
13. Ахметова С.Ш. Историческое краеведение Казахстана. А;1982.
14. Кайназарова А.Е. Музейное дело в Казахстане (вторая половина ХІХ – начало ХХ вв.) - А., 1979.
15. Картаева Ш.Е. Қазақ халқының әскери өнерi және жауынгерлiк дәстүрi (XV-XVI ғғ.): Тарих ғылымы кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның авторефераты. - Қазақстан Республикасы. - Алматы, 1999. - 28 б.
16. Жетiбаев Ж.М. Маңғыстау және Үстірт қазақтарының халық суреттерiндегi қару-жарақтар / Изв. НАН РК. Сер.обществ.наук. 1993. №5. - 61-68 б.
17. Картаева Т.Е. Әйел ері // Түркістан газеті. 2001.
18. Картаева Т.Е. Қамшы. Ұлттық энциклопедия. 5 том. 513 б.
19. Картаева Т.Е. Құйысқан. Ұлттық Энциклопедия. 6 том. 99-100 бб.
20. Картаева Т.Е. Өмілдірік. Ұлттық энциклопедия. 7 том. 249 б.
21. Картаева Т.Е. Қазақтың халықтық қолөнері. Зерде. 2001. №2. 24-25 бб.
22. Картаева Т.Е. Қазақтың ежелгі кәсіптері. Ұлт тағылымы. 2000. № 3. 66-71 бб.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
беттері

Кіріспе
3-10

І-тарау. Ат әбзелдері, ер тұрмандар.

1.1. Ат әбзелдері, ер тұрмадардың сипаттамалары,
құрылымы
11-21
1.2. ОММ қорындағы ат әбзелдерінің сақталуы,
қалпына келтіру және көрнекіленуі
22-29

ІІ-тарау. Қару-жарақтар
2.1. Қару жарақ түрлері. Атаулары, сипаттамалары 30 - 43
2.2. ОММ қорындағы қару-жарақтардың аақталуы,
қалпына келтіру және көрнекіленуі
44-47

Қорытынды
48 -49

Әдебиеттер тізімі
50-51

К і р і с п е
ЕР ҚОСУ- қазақ шеберлері игерген ер-тұрман жасайтын кәсіп түрі.
Ежелден көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы үшін ат көліктің
негізгі түрі болғандықтан, ер-тұрман жабдықтарының алатын орны ерекше
болды. Қазақ отбасында жараған барлық балаларына түгелдей ер-тұрман
дайындайтын. Ал, кейбір кісілер ер бала туысымен-ақ атақты ершілерге қосқан
ер-тұрман дайындататын болған. Ер бала 4-5 жасқа толғаннан кейін шағын ер
“ашамайға” отырғызып, атқа мінуге үйреткен. Ашамай үлгісі ҚРОММ-нің 2-ші
залында қойылған. Ер балаға арнап жасалған ашамай ерлердің үлгілері де
музей қорының коллекциясына еніп отыр. Ер қосу ісін кәсіп еткен шеберді
қазақтар “ерші” дейді. Қалалық және қалаға жақын маңда тұратын ершілер ер-
тұрманды өз үйінде, өз заттарынан жасап, базарларға апарып сатқан. Көшпелі
ауылдарда тұратын ершілер көбіне тапсырыс берушінің үйінде жасаған.
Тапсырыспен жасаған ерге күрделілігіне қарай қой, құлынды бие алған. Ер-
тұрман жасаушылардың құрал-саймандарын үш топқа бөлуге болады. Ердің соқа
басын қосу үшін – ара, балта, шот, ойыс, жүзді шот, қуысқұлақ, үскі,
ыңғыру, пышақ, түрпі, қашау, балға, тістеуік сияқты құралдар; ердің жұмсақ
жабдықтарын жасау үшін пышақ, біз, мүйіз сызғыш, былғары бетіне өрнек
түсіру үшін – темір талшықтары мен өрнекті ағаш қалыптары; ердің темір және
күміс әшекейлерін жасау үшін темір ұсталары мен зергерлердің саймандары
толық пайдаланылды. Қазақ ершілері кей жағдайда бір ердің жұмысын екі-үш
шеберге бөлді. Мысалы, бір ердің ағашын ерші шапса, екінші шебер - қайыс,
былғары жабдықтарын, үшінші, күміс әшекейін зергер жасап беретін. Көпшілік
жағдайда ер-тоқым бүкіл жабдықтарымен бір ершінің қолынан шығып та жатты.
Ер-тоқым жасауға ағаш, темір, жез, алтын, күміс, асыл тастар, түрлі-түсті
шынылар, сүйек, былғары, көн, шұға, барқыт, киіз, қыл, тарамыс, желім, тоз
сияқты заттар пайдаланылды. Ер-тұрмандардың жасалу ісінде Қазақстан жерінің
әр өңіріне қарай қалыптасқан аймақтық ерекшеліктері болды. Осы
ерекшеліктеріне қарай ерлер “қазақ ері”, “шошақ бас ер”, “үйрекбас ер”,
“құранды ер”, “қозықұйрық ер”, қазық бас ер”, “қан бас ер”, “найман ер” деп
бөлінді. Бұлардың ішінде қазақ арасында кең тарағаны - “қазақ ері”. Қазақ
ері Шығыс Қазақстан, Семей, Талдықорған, Павлодар, Солтүстік Қазақстан,
Көкшетау, Ақмола, Қостанай, Орал, Қарағанды облыстарында кеңінен қамтылды.
Қазақ ері қайың ағашының бес бөлегінен қосылады, яғни екі қас, екі қаптал
және орта ағаш деп аталатын бөлшектер жеке-жеке шабылып барып
біріктіріледі. Қазақстанның орталық және солтүстік облыстарындағы ершілер
ердің қастарын жуан қайыңның шірімеген түбінен шабқан. Бұл үшін бірнеше
қайың кесіндісінің қабығын аршып кептіреді немесе шірімеген қайың түптері
кездессе, оны топырағынан арылтып, арамен кескілеп, қас шығатын жерлерін
таңдап алады. Біраз уақыт жел қағып, дегдігеннен кейін дайындалған
кесінділердің барлығын балтамен немесе шотпен ойып жеңілдетіп алып тағы да
кептіреді. Ер бөлшектері шабылып болып, тек өңдеу жұмыстары қалғанда тұзды
суға қайнатып алып көлеңкеде кептіреді. Тұзды суда қайнатылған ағаш еш
уақытта қаңсымайды, жарылмайды. Ердің барлық бөлшектері өңделіп дайын
болған соң, оларды арнайы қалыпқа салып қайыстырады да, қас етектері мен
қапталдардың астасатын тұстарын қуысқұлақпен тесіп, шегелейді. Шегені,
әдетте, қаңылтырдан немесе жезден түтікше тәріздендіріп жасайды. Ердің орта
ағашы әр уақытта таспамен жан-жағынан көктеліп орнатылады. Кейде қазақ
ерлерінің барлық бөлшектері таспамен көктеу арқылы біріктіріледі. Қосылған
ердің сыртын түрпімен, пышақпен, шыны сынықтарымен қырнап өңдейді. Қазақ
ерін қосу технологиясында аймақтық ерекшеліктер байқалмайды, олардың
ерекшеліктері пішіні мен әшекейлеу тәсілінде болып табылады. Қазақ ерін
қосудың осы тәсілін кезінде белгілі этнограф-ғалым Х.Арғынбаев жазып алған.
Қазақстанның солтүстік аудандарында ерлерге арналған ерді қайыңның безінен
шабатын ершілер кездескен. Бұйраланған қайың безінен қосылған ерді өсімдік
майымен майлап, реңін келтірген. Мұндай ерлер көп әшекейді қажет етпеген.
Ерлерге арналған ердің алдыңғы қасы көбіне айшық етіп ойылып, айшықтың екі
басына және қастың ортасына ақық тастарды орнату ісі етек алған. Ерлердің
ерін әшекейлеуге мүйіз бен сүйек те жиі қолданылған. Сүйектерді алдын-ала
өңдеп дайындап алып, ердің алдыңғы және артқы қасына белгілі бір
симметриялық тәртіппен орнатады. Өзінің сыртқы пішіні жағынан аздап
болса да ерекшелеу қазақ ерінің бір түрі – Алматы облысының оңтүстік-шығысы
мен Семей облысында кездесетін ерлер. Бұлардың жалпы кескіні, әшекейлену
және өңделу тәсілдеріне қарағанда, қырғыз және Алтай-Саянда мекендейтін
Сібір халықтарының ерлеріне ұқсайды. Бұл ерлердің қасы да етегінен жоғары
қарай қушия көтеріледі де, дәл төбесі дөңгеленіп бітпей, үсті түзуленіп,
йығы бұрышталып шабылады. Артқы қасы алдыңғысына қарағанда кейін қарай сәл
ғана көлбеу орналасады. Әдетте мұндай ерлер төрт бөлек ағаштан шабылады,
орта ағаш тұтас шығырылып, бір-бірімен қайыс таспа арқылы көктеліп
біріктіріледі. Жамбыл облысының оңтүстік-шығысы мен Алматы облысының
оңтүстігін мекендейтін қазақтар арасында көп тараған ердің бір түрі –
шошақбас ер деп аталады. Шошақбас ерді 4-5 бөлек қайың, қарағаш немесе
емен сияқты берік ағаш кесінділерінен шауып қосады. Ердің жеке тұстарын бір-
бірімен шеге арқылы ұстатады. Ерді сәндеу мақсатымен оның алдыңғы қасының
айнала шеттерін күміс, жез сияқты металдармен көмкереді. Сүйекпен, мүйізбен
де әшекейлейді. Мұндай ерлердің үстіне былғарыдан немесе киізден көпшік
шегеленеді. Шошақбас ер жасау ісінен Алматы облысы Кеген ауданының ершілері
көзге түседі. Жамбыл және Алматы облысының кейбір жерлерінде шошақбас ерді
бір бөлек қарағаш кесіндісінен тұтас шауып шығарады. Бұл үшін ердің
ұзындығындай қарағаш кесіндісін бірнеше күн суға салып, жібітіп алып,
балтамен шауып, кейін шоттармен өңдейді. Өңдеп болған соң, тұзды суда
қайнатады. Бұдан кейін көлеңкеге қойып кептіріп, түйе көнімен қаптайды.
Құранды ер – көбінесе Оңтүстік Қазақстанда, Қарағанды облысының шығыс жағы
мен Ақмола, Қостанай және Алматы облысының оңтүстік аймағында кездеседі.
Мұндай ерлер 18-20 бөлек ағаш кесінділерінен құралып жасалады. Құранды ер
жасау үшін терек, жиде, тал сияқты жұмсақ әрі мықты ағаштар қолданылады.
Мұндай ағаштарға желім де тез сіңіп, жақсы желімденеді. Құранды ер
бөлшектерінің өзіне тән атаулары болды. Алдыңғы қастың негізі болып
табылатын оқпан - екі бөлік ағаштан құралады да қастың оң жақ, сол жақ
беттерін құрайды. Оқпанның арт жағынан жапсырылып екі бетті біріктіретін
бөлігін желкебасар десе, алдыңғы қастың бүркіт қабақтанған екі айыр басын
қас, артқы қасын керсен дейді. Оның ортасы бір бөлек шабылады да, екі
шетіне қанат деп аталатын қосымша қондырғылар желімделеді. Екі қасты
қапталдармен ұштастыру үшін ердің екі жағынан ұзыншақтау қоспа ағаш
қиыстырылады. Ердің үстін жауып тұратын бөлігін орта немесе бел ағаш деп
атайды. Алдыңғы қастың түбінен қаптал басының үстіңгі жағынан кепіл ағаштар
жапсырылады, ал, қас пен қапталдың аралығынан тіреуіштер қойылады. Ердің
мұндай бөлшектерін бір-бірімен біріктіру үшін олардың астасатын жерлерін
алдын-ала тегістеп бірнеше қайтара желім жағып кептіреді. Желімделген
бөлшектер әбден кепкенше ауыр нәрсемен бастырып немесе арнаулы қысқашпен
қыстырып қояды. Ердің негізгі сүйегі әбден кепкеннен кейін оған түгелдей
тарамыс талшықтары араластырылған желім үш қайтара жағылады. Желімге
кендірден алған жөке араластырып ердің ағашын қаптай бекітуді кей жерде
пайлау дейді. Әрбір желім қабаты көлеңке жерде кептіріледі. Ал, қыстың
күні жылы үйде кептіреді. Жарылып кетпесін деп күн көзінге шығармайды,
қыста отқа жақындатпайды. Ердің мұндай түрлері де ҚРОММ коллекциясына еніп
отыр. Құранды ердің сырты қалың былғарымен қапталып, алдыңғы қастың бетіне
түрлі әшекейлер қондырылған. Үйрек бас ер - күміспен әшекейлейтін қазақ
ерлерінің бір түрі, алдыңғы қасы үйрек басына ұқсата жабылған.
Ер қосу өнерінен ел арасында Павлодар облысынан Әбдікәрім Есалиннің,
Баянауыл ауданынан Қадыр Байжановтың, Мақаттың, Шығыс Қазақстанда Нәби
Кәрібаевтың атағы шыққан. Қазақстанның қай жері болмасын әйел ерін жасауға
үлкен мән берген. Әйел ері мініс құралы ретінде, тұрмыс қажеттілігін өтеп
қана қойған жоқ, ол халықтың эстетикалық талғамын, тіршілікке деген
құлшынысын арттырды десек артық болмайды. Әрі ер-тоқым ұзатылар қыз
жасауының басты бөлігі болды. Ұзатылар қызға, қыз ата-анасы аты шыққан ерші-
ұсталарға, зергерлерге күншілік жерден келіп, немесе өз үйлеріне алдыртып
тапсырыс берген. Жасалған ер-тоқым тапсырыс берушінің көңілінен шығып жатса
ұстаны қадірлі қонақ ретінде күтіп сый-сыйапат берген. Әйел ері қашанда
сүйегі ауыр, әшекейі мол болып жасалатын. Әйел ерлерін жасауға ершілер
өнерін, ал жасатушылар қаржысын аямаған. Әйел еріне керек жабдықтар тоқым,
үзеңгі, құйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, тартпа бәрі бір ғана шебердің
қолынан шығатындықтан, олардың ісі біркелкі болатын. Әйел ерінің
алтындалған түрі өте сирек кездеседі. Күмісті темір бетіне шабу, қақтау,
кіріктіру тәсілдері арқылы орындаса, алтындау әдісін жалату арқылы
орындаған. Осындай алтындалған әйел ерінің керемет бір үлгісі біздің
Орталық Мемлекеттік Музейдің коллекциясына еніп отыр. Бұл әйел ері барлық
жабдықтарымен қоса атақты Шығыс Қазақстандық ерші, қаракерей-байжігіт Нәби
Кәрібаевтың қолынан шыққан. Бұл ер-тоқымды Көлбай қажының арнайы
тапсырысымен 1937-1938 жылдары Қытайдың Цинзянь өлкесінде жасаған КП
9148. Ел аузындағы мәліметтер бойынша Нәби ұста Көлбайдың үйінде алты
ай бойы тұрып жасаған. Ер сүйегін дайындау кезеңін қосқанда тоғыз ай уақыт
кеткен. Еңбек ақысына құлынды бие алған көрінеді. Көлбай қажының ұрпақтары
қазірде Семей облысының Ақсуат ауданында тұрады. Ұрпағының бірі
Бекмұрзаевтың кезіндегі музей қызметкерлеріне айтуы бойынша ер-тоқымды 100
қой беріп өздеріне қайтарып алған. Бұл ерге керекті жабдықтардың бәрі бір
Нәби ұстаның қолынан шыққан. Ер әдеттегі әйел ерінің пішініне сәйкес
алдыңғы қасы биік, артқы қасы отыруға жайлы көлемді келген. Ердің алдыңғы
және артқы қастары күміс қақталған темір пластинкалармен жабылып, бетіне
өсімдік тәріздес оюлар бейнесі жүргізілген. Күмістелген пластинкалардың
ортасынан әртүрлі ажурлы өрнектерді ойып алып отырған, және бұл оюлар
көріну үшін астынан қызыл барқыт салынған. Пластинкалар бетіне алтын
жалатылып, қызыл түсті шыны әшекейлер қондырылған. Алдыңғы қасының үсті мен
төменгі жиектеріндегі күмістелген көмкерулерге араб таңбасымен ұста
төмендегідей қолтаңба қалдырған:
Қажекем бұйырған соң істеп бер деп,
Кәрібаев Нәби ұста соққан ері,
Нақыштап неше түрлі бұтақ гүлден,
Мүбәрәк құтты болсын Қажағаңа,
Көрген жан тамаша етіп қалсын таңға,
Болғанын байқап білер,
Көзі ашық көңілі зерек милы адамға. Бұл ер-тоқымның жиынтығы қазіргі таңда
Орталық музейдің құнды коллекциясының бірі болып отыр. Музей бұл ер-тоқымды
1956 жылдың 10 тамызында 2500 сомға сатып алған. Айтып отырған ер-тоқым
барлық жабдықтарымен 2 залға қойылған. Әйел ерінің алдыңғы қасына
бірден үшке дейін түрлі-түсті шынылар немесе ақық, маржан сияқты табиғи
тастарды орнату тәсілі Қазақстанның барлық аймағында кездесті. Түрлі түсті
шыныны шеберлер қолдан құйған. Ол үшін шыныны балқытып, оған бояу қосып,
арнаулы қалыпқа құйып ерге орнатарда астына шүберек төсеген. Тапсырыс
берушінің қалауына қарай кей ерде тастың саны 20-30-ға жетіп жатты. Орталық
Музейде сақталған әйел ерінің бірінде 31 көз орталылған КП – 9670. Бұл
ерге қондырылған маржан тастардың араларына көгілдір эмал құйылған. Қолда
бар деректерге қарағанда әйел ерлерін әшекейлеудің бірнеше тәсілінің
болғандығы белгілі. Әйел ерінің алдыңғы артқы қастары тұтасыман күміс
шабылған темірмен қапталып, бетіне өткір бізбен қошқар мүйіз, сыңар мүйіз,
геометриялық фигуралар және өсімдік тәріздес түрлі өрнектерді ойып салады.
Күміс астына салынған шұға немесе барқыт әсерінен ойылған ою айқын
көрінеді. Оюлар сызу (гравировка) арқылы да түсіріледі. Ерлерге арналған
қазақ ерлерінің сүйегі жұқа және ықшам болатындықтан, олар өте жеңіл
келеді. Күміс әшекейлері де шағын, ықшамды болады.
Әдеб: Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. - Алматы. Өнер, - 1987.;
Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан, - 1977.
Т.Картаева.

Еліміздегі ең іргелі, әрі көне музейлердің бірі - 1730-жылы Орынбор
қаласында негізі қаланған Қазақ Өлкелік музейінің, бүгінгі Орталық
Мемлекеттік музейі деп аталатын музейдің бай қоры 175 жыл бойында
қалыптасып, қазір де ел арасынан жиналған көне жәдігерлер арқылы
толықтырылумен келеді.
Музейтанудың зерттеу нысанасы музей, музей ісі, музей заты десек те,
осылардың негізгі атауын, ұғымын беріп тұрған музейдің өзі айналып келгенде
музей затынсыз құрылмақ емес. Ендеше, тақырыпқа өзек болып отырған аталмыш
музей жәдігерлері қазақ мәдениетінің заттық элементтері ретінде едәуір мән-
маңызға ие екендігі сөзсіз.
Музей қызметі қоғамдағы өзгерістермен, қоғам дамуымен тығыз
байланысты өрбіп отыратындықтан әр заманның алдына қойған мақсат-
мүдделеріне сай музей ісі де сол қоғамның жаршысы іспетті қызмет атқаратыны
мәлім. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда ұлттық мұраны қастерлеуге
ерекше ден қойылуда. Осы тұрғыда, әсіресе 2000-жылдан бері еліміз көлемінде
тарихи-мәдени жәдігерлерді зерттеу мен жинақтау маңызды болып келген болса,
Елбасының қолдауымен 2003-жылы қабылданған Мәдени мұра бағдарламасының
іске асырылып келе жатуы тарихи-мәдени жәдігерлердің жинақталуына, олардың
зерттелуіне игі әсерін тигізіп жатқаны сөзсіз.
Музей – жәдігерлерден тұрады десек, онда осы мұраны сақтау да музей
ісіндегі негізгі де өзекті мәселе екені даусыз. Қорлардағы музейлік
заттарды сақтау негізінен 4 түрлі сақтау жүйесіне сүйенеді. Олар а)
температуралық-ылғалдылық ережесі; ә) ауадағы зиянды заттардан сақтау
ережесі; б) жарық түсу тәртібі; в) музейдегі биологиялық режим.
Заттарды осы айтылған ереже, нұсқаулар бойынша сақтап қана қоймай
оларды дер кезінде қайта қалпына келтіру, консервациялау, яғни, қорғап қалу
да аса маңызды.
Тақырыптың өзектiлiгi. Музейлік зат тұрғысынан болсын, этнологиялық
тұрғыдан болсын, қазақтың дәстүрлі ат әбзелдері, қару-жарағына қатысты
бүгiнде шешуiн таппаған мәселелер аз емес. Олар осы уақытқа дейiн музей ісі
және этнография саласында арнайы зерттеу объектiсі ретінде қарастырылған
емес. Ер тұрман, ат әбзелдері жылқы, жылқы шаруашылығына қатысты бірер
этнографиялық зерттеулерде қарастырылса, тарих және әскери тарих ғылымында
қару-жарақ әскери iстiң бiр бөлiгi ретiнде ғана қарастырылған. Әрине тарихи
еңбектерде авторлардың мақсаты мен мiндетi басқа болғаннан кейiн, бұл
мәселелер зерттеудiң өрiсiнен тыс қалып қоюы түсiнiктi. Этностың дәстүрлi
мәдениетiндегi ат әбзелдерінің, қару-жарақтың алатын орны мен мәнi, оның
қызметi музейлік тұрғыдан, ғылыми қарастырылған жоқ. Мұның бәрi осы
тақырыпты ғылыми тұрғыдан зерттеуге бiржақтылық бағыт берiп, өзiнiң керi
әсерiн тигiзiп келдi.
Қазақ халқының қару-жарағын, ат әбзелдерін қазақтың дәстүрлi халықтық
мәдениетiнiң контекстiнде қарастыру арқылы ғана оның музейлік-
этнографиялық басқа элементтермен байланыстары ашылып, жоғарыда
аталғандардың этнос дүниесiне қатыстылығы көрсетiледi.
Ат әбзелдері мен қару-жарақты музейлік зат ретiнде алып қарастыру
этникалық қауымның санасын және оның ерекшелiктерiн жаңа қырынан тарихи
тұрғыда саралауға мүмкiндiк бередi. Ат әбзелдері, қару-жараққа тән
этникалық ерекшелiктер, қару-жарақ арқылы этностың басқа халықтармен
туыстық, тарихи-мәдени байланыстарының және этностың өзiнiң дәстүрлi
дүниетанымының көрiнiс табуы ден қойдырады. Жалпы методологиялық және
теориялық тұрғыдан да, және оның практикалық жолын анықтау жағынан да
олардың сақталуын, насихатталуын, этномәдени функциясын зерттей отырып
дәріптеу бүгiнгi күнгi маңызды да өзектi проблема. Болашақта осы бағыттағы
ғылыми зерттеулер музейтану ісінің маңызды компонентi болып қалыптаса алар
едi. Ат әбзелдері, қару-жарақты музейлік зат ретiнде алып қарастыру – осы
мәселелерге қатысты ғылыми танымның аясын кеңейтiп, тақырыпқа қатысты
ғылыми проблемалардың тың өрiсiн ашады.
Дәстүрлi ат әбзелдерін, қару-жарақты музейлік зерттеу обьектісі
ретiнде алып қарастыру барысында қазақтың осы аталғандарға қатысты халықтық
кәсiби терминдерiн зерттеу, оларды ғылыми айналысқа енгiзу, солардың ғылыми
термин боларлық мүмкiнiшiлiктерiн ашу да бүгiнгi күннiң көкейкестi
мәселелерiнiң бiрi.
Тарихнамалық шолу. Қазақ қару-жарағының, ат әбзелдерінің зерттелуi
XVIII-XIX ғасырларда әртүрлi мақсаттармен Қазақстанда болып, қазақтың
тұрмыс салтын зерттеген орыс және европа зерттеушiлерi П.И.Рычковтың,
Дж.Кестльдiң, Т.Аткинсонның, П.С.Палластың, И.Г.Георгидiң, И.И.Фальктiң,
В.В.Радловтың, А.И.Левшиннiң, С.Б.Броневскийдiң, Б.Залесскийдiң т.б.
еңбектерiнен бастау алады. Олардың зерттеулерiнде қазақ халқының қару-
жарағына, ер-тұрмандарына қатысты маңызды этнографиялық мәлiметтер
жинақталды. Бiрақ бұл авторлар көбiне қазақтар қолданған қару-жарақ
түрлерiн жалпы сипаттаумен шектелдi.
Отандық ғылымда аталмыш тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын
жүргізіп, музейлік заттарды зерттеу обьектісіне айналдырған ғалымдар
қатарында ең әуелі Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов,
Ә.Тәжімұратовтардың есімін атауға болады. Әсіресе, Ә.Х.Марғұланның
Казахское народное прикладное искусство деп аталатын 3 томдық еңбегі
қазақ қолөнерінің асыл жауһарларын түстеп, жеке дара сипаттап жазған
алғашқы да, бірегей еңбек болып табылады. Ал, музей ісі мен музейлік
заттарға қатысты еңбек жоқтың қасы.
Қазақ қаруын шын мәнiсiнде этнографиялық тұрғыдан алғашқы
зерттеушiлердiң бiрi қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Ш.Уәлиханов едi. Оның
Вооружение киргизов в древние времена и их военные доспехи атты
зерттеуiнде және басқа еңбектерiнде XVIII-XIX ғғ. қазақтың суық және от
қаруының түрлерi, олардың атаулары, қолданылуы туралы мәселелер көтерiледi
және сол кездегi қолданыста болған нұсқалардан тiкелей салынған суреттерiн
де бередi. Қазақстандық тарихнамада ең алғашқы рет тiкелей қазақтың XVII-
XIX ғғ. қару-жарағына қатысты мәселелер 1969-жылы шыққан Г.И.Семенюктiң
еңбегiнде, 1971 жылы К.Смағұлованың қазақтардың XVII-XIX ғғ. қару-жарағына
арналған мақаласы басылды. Бұл салада Санкт-Петербургтағы Археология және
этнография музей қорындағы қазақ қаруларының үлгiлерiн зерттеген
В.П.Курылевтың еңбегiн айрықша атауға болады.
Соңғы кезде шыққан қазақстандық ғалымдардың Қазақстан тарихы, қазақтың
әскери өнерi тарихына, жылқы шаруашылығына қатысты еңбектерiнде де қару-
жараққа, ат әбзелдеріне қатысты проблемалар қамтылған. Бұл қатарда қазақ-
жоңғар соғысы кезiндегi қазақ әскери iсi деңгейiн зерттеуге арналған
Э.Ж.Валиханов, Ж.К.Қасымбаевтың еңбектерi, жылқы, ат әбзелдері туралы
жазған этнограф-ғалымдар А.Тоқтабаев және Ж.Бабалықұлылар қалам тартты.
Қазақстанның әскери тарихына арналған А.Тасболатов және Қ.Р.Аманжоловтың,
А.Ш.Кадырбаевтың еңбектерi басылып шықты. Бұл бағыттағы кең көлемдi
зерттеулердiң iшiнде қазақтың дәстүрлі қару-жарағын даму тарихы, құрылымы,
этномәдени қызметі жағынан зерттеген Қ.Ахметжанның диссертациясын, қазақтың
XVI-XVII ғғ. әскери өнерi мен жауынгерлiк дәстүрiне зерттеуге арналған
Ш.Қартаеваның кандидаттық диссертациясын, атауға болады. Аталған
еңбектерде де қазақтардың сол кезеңде қолданған қару-жарақтары зерттеудiң
тiкелей мақсаты ретiнде емес, әскери өнердiң құрамдас бөлiгi ретiнде
қарастырылып, олардың түрлерi, қалыптасу тарихы, қолданылу ерекшелiгi
зерттелген.
Қазақ қаруларының негiзгi түрлерi, олардың ерекшелiктерi
Ж.М.Жетiбаевтiң Маңғыстау және Үстiрт қазақтарының этнографиялық
суреттерiндегi қару-жарақтар атты кітабында қазақтардың жерлеу ғимараттары
мен құлпытастарындағы қару-жарақ бейнелерiнiң негiзiнде талданады.
Ертедегi Қазақстан территориясын мекен еткен сақ, түркi, қыпшақ, қимақ
қару-жарағы А.К.Акишевтiң, Ю.А.Плотниковтың еңбектерiнде зерттеледi. Соңғы
уақыттағы көшпелi халықтардың қару-жарағын зерттеушiлердiң iшiнде
М.В.Горелик еңбектерiн ерекше атап өту керек. Бұл ғалымның көшпелi
халықтардың қару-жарағының формаларын, түрлерiн қалпына келтiруде бейнелеу
өнерiнiң материалдарын кеңiнен қолдануы өте жақсы нәтиже бердi.
Қазақтың ат-әбзелдері, қару-жарақтарының қазақтың дiни дүниетанымымен
байланысын арқау еткен тiкелей зерттеулер аз. Бiрақ, көшпелi халықтарда
қаруға табыну өте ертеден келе жатқан дiни жоралардың бiрi болды.
Сондықтан ертедегi көшпелiлердiң дiни ғұрыптары мен нанымдарына арналған
С.С.Бессонованың, Д.С.Раевскийдiң, А.К.Акишевтiң т.б. еңбектерiнде
сақтардың, скифтердiң әскери және қару культтары зерттеледi.
Бітіру жұмысының мазмұнын аша түсіп, музей ісіне қатысты мәселелерді
ауқымдырақ қамту үшін музей тарихын, ісін, әдіснамасын зерттеген ғалымдар
К.Г.Левыкина и В.Хербст, Е.К.Кроллау, А.М.Разгон сияқты т.б. ресейлік
ғалымдардың, Н.Әлімбай, К.Райымханова, С.Ш.Ахметова, А.Е.Қайназарова сынды
т.б. отандық зерттеушілердің еңбектері пайдаланылды.
Осы қысқаша шолуды қорытындылайтын болсақ қарастырылып отырған
тақырыпты кешендi түрде жан-жақты зерттеуге арналған тiкелей еңбек жоқ
екенiн көремiз. Ат-әбзелдері, қару-жараққа қатысты көптеген мәселелер әр
түрлi бағыттағы еңбектерде қосалқы мәселе түрiнде қарастырылып келгендіктен
этникалық мәдениеттiң заттай айғағы ретiнде кешендiк тұрғыдан зерттеудiң
қажеттiлiгiн дәлелдейдi.
Зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi. Бітіру жұмысының негiзгi мақсаты
Орталық Мемлекеттік музей қорындағы қару-жарақ, ат әбзелдерін қазақ
халқының дәстүрлi мәдениетiнiң ерекшелiгiн ашып көрсететiн күрделi құбылыс
ретiнде кешендi зерттей отырып, музей заты, тарихи-мәдени жәдігер ретінде
танымал ету, дәріптеу. Осы мақсатқа жету үшiн зерттеу барысында мына
мiндеттердi жүзеге асыру көзделдi:
—қару-жарақтың, ат әбзелдерінің аталмыш музей қорындағы түрлерінің
жалпы қазақтық үлгілердің толық құрамын көрсетіп, әрі қамти алатындығын
дәлелдеу;
—қару-жарақты, ат әбзелдерін этникалық iшкi байланыстар деңгейiнде
қарастыру, осы байланыстардың механизмiндегi аталмыш музейлік заттардың
этномәдени категория ретiндегi мәнiн анықтау;
— тарихи-мәдени жәдігер ретіндегі құндылықтармен байланыстыра
салыстырмалы түрде қарастыру;
– дәстүрлi қару-жарақ жүйесi, ат әбзелдері сияқты шаруашылық құрал-
саймандары арқылы қазақ этносының дамуына байланысты тiкелей немесе жанама
мәлiметтердi қарастыру;
— қазақ тiлiндегi қару-жараққа, ат әбзелдеріне қатысты сөздердi
анықтау, ғылыми айналымға енгiзу арқылы қазақ тiлiнде осы салаға қатысты
ғылыми терминологиясын жасауға үлес қосу;
—қазақ халқының қару-жарақты, ат әбзелдерін жүйелеудiң дәстүрлi
жүйесiн қарастыру, соның негiзiнде қару мен жарақтардың, құрал мен
саймандардың классификациясын жасау; музей қорында болмаса да типологиялық
тұрғыдан талдау, түрлерiн, типтерiн зерттеу,
Жұмыста қазақтардың көне заманнан келе жатқан дәстүрлi ат әбзелдері,
ер тұрмандары, суық қару, ату қаруы және қорғаныс жарақ түрлерінің ОММ
қорындағы үлгілерінің жасалу, жергілікті және сақталу ерекшеліктері
қарастырылды.
Зерттеудiң деректiк негiзi. Қазақ қаруы мен ат әбзелдерін зерттеудiң
негiзгi материалдары ХҮІІІ, ХІХ және ХХ ғ. басына тән заттық ескерткiштер -
елiмiздiң Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Музейіндегі Қару-
жарақ, ат әбзелдері қоры коллекциясында сақтаулы бiзге жеткен қазақ қару-
жарағының, ат әбзелдерінің үлгiлерi. Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов,
Ә.Тәжімұратовтардың еңбектерінде жарияланған тақырыпқа қатысты еңбектері
дереккөз болды.
ҚР ОММ музейлiк архивiнде, этнология бөлімінің жұмыс қорында сақталған
қазақ қару-жарағына қатысты музейлiк және басқа сипаттағы түрлi құжаттық
материалдар, басқа да архивтiк деректер пайдаланылды.
Деректемелердiң келесi тобы - бейнелiк материалдар. Бұл категориядағы
дереккөздерiнiң бiрiншi тобы - өткен ғасырлардағы қазақ тұрмысын
көрсететiн, ҚР ОММ қорында сақтаулы XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың орта
шеніне тән болып келетін музейлік заттар.
Ат әбзелдері, қару-жарақ туралы мол мағлұмат беретiн ауыз әдебиетiнiң
басты үлгiсi - батырлық эпосы. Дастандар мен тарихи жырларда ер-тұрман,
қару-жараққа қатысты деректердiң мол кездесетiнi заңдылық. XV-XVIII
ғасырлардағы жыраулар поэзиясындағы әскери ұғым бар сөздер мен
фразеологиялық тiркестер сол кездегi әскери құрал-жабдықтар арсеналын
түгелге жуық қамтиды.
Музейлік заттарға типологиялық талдау жүргiзуде, олардың типтерi мен
үлгiлерiн анықтауда, оларды жүйелеуде қолданылатын, қару түрлерiн, ат
әбзелдерін типологиялық жiктеудiң этнология ғылымында қалыптасқан әдiстерi
негiз болды. Қазақ қару-жарақтарының, ат әбзелдерінің негiзгi маңызды
белгiлерi оның аналогтарымен салыстыра, өзара шендестiрiле қарастырылды.
Музейлiк материалдардың көлемiн, салмағын, формалық ерекшелiктерiн зерттеу
оларға тiкелей өлшем жүргiзу әдiсi арқылы анықталып, фотоға түсіру
тәсiлiмен жүргiзiлдi.
Бітіру жұмысының жаңалығы. Қазақтың дәстүрлi ат әбзелдерін, қару-
жарағын алғаш рет музейлік тұрғыдан зерттеу, оны жан-жақты да жүйелi түрде
саралау осы жұмыстың ғылыми сонылығын айғақтайды. Бітіру жұмысында ұлттық
мәдениеттiң құрамы ретiнде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің дәстүрлi
қоғамдағы түрлi қызметі, орны мен мәні сияқты қырлары қарастырылды.
Жұмыста қазақтардың ат әбзелдерін, қару-жарақ түрлерiн бөлудің,
қолданудың қалыптасқан дәстүрлi жүйесi негізге алынды. Осы еңбекте қазақ
қару-жарақтарына, ат әбзелдеріне типологиялық тұрғыдан нақтылы талдау
жүргiзiлiп, олардың негiзгi типтерi мен үлгiлерi анықталып, типологиялық
жiктеудiң принциптерi мен әдiстерi қолданылды (қару, жарақ, ер, тұрман,
әбзел т.б).
Бітіру жұмысында қазақ тiлiндегi ат әбзелдері, қару-жараққа қатысты
халықтық атау-терминдер зерттелiп, ғылыми айналысқа енгiзiлдi.
Жұмыстың ғылыми-практикалық маңызы. Еңбекте қазақтың дәстүрлi ат
әбзелдері, қару-жарақтары - этникалық мәдениеттің құрылымдық бөлiгi ретiнде
музейлік жәдігерлер, яғни нақты заттар арқылы дәйектелген. Сипаттайтын
белгiлер жүйесiн анықтау жолдары болашақта ат әбзелдері, қару-жарақты
зерттеушілерге негiз, даңғыл болмақ. Бұл жұмыс тарихи музейлерде қазақтың
қару-жарағын, ат әбзелдерін ғылыми сипаттауға, экспозицияда этнографиялық,
мәдениеттанушылық тұрғыдан көрсетуде ғылыми негiз бола алады. Сонымен бiрге
қазақ тiлiнде әскери iс, қару-жарақ пен ат әбзелдеріне қатысты музей
iсiнiң ғылыми терминологиясын қалыптастыруда, терминологиялық сөздiктердi
жасауда көмекшi құрал бола алады.
Бітіру жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кiрiспеден, екі тараудан,
қортындыдан, атаулар тiзiмiнен, пайдаланылған әдебиеттер мен
дереккөздерiнiң тiзiмiнен және қосымшадан тұрады.
I-тарау. Ат әбзелдері, ер тұрмандар.
1.1. Ат әбзелдері, ер тұрмадардың сипаттамалары, құрылымы

Жылқыны қолға үйретіп, мініске, пайдалана бастаған кезең б.з.д. 4-
мыңжылдықтан бастау алады. Алайда, ат әбзелдерінің ішінде ең алғашқыларының
бірі ретінде ноқта, жүген аталынса, үзеңгісіз, жұмсақ ердің пайда болуы
б.з.д. 1-мыңжылдыққа келеді. Ал, үзеңгісі бар, қатты, көне ер түрлері
б.з.д. 4-ғасырдың соңы мен 3-ғасырдың басы кезінде Шығыс Азияда (Қытай,
Корея жерінде) ойлап табылады. Ол ердің бір қапталында ғана болып (мінер
жақ), жүріс кезінде тіреп отыру үшін емес, мініп-түсуге пайдаланылды.
Біздің заманымыздың 1-мыңжылдығынан бастап түркі тайпаларында екі жақты
үзеңгісі бар, жетілдірілген ер қолданысқа ене бастайды. Қазіргі заманда
бедуиндер атқа үзеңгісіз ер салып мінуді қолайлы санайды.
Бүгінгі Қазақстан жеріндегі ең көне үзеңгі б.з. 1-мыңжылдықтың басына
тән болып, ол Ертіс өңірінен табылған. Шауып келе жатқанда жауынгердің
аяғын үзеңгіге тіреп, көтеріле алуы – найзамен түйреудің күшін екі есеге
арттырды. Адамзат өркениетінің дамуына зор үлес қосты. Сондықтан, ғалымдар
үзеңгінің пайда болуымен атты әскер кавалериясының қалыптасуын
байланыстырады.
Қазақ жақсы бұйым, зат, қымбат киім, әшекейлерін асыл зат деп
бағалайтын. Ат әбзелдерін де күмістеп, алтындап, көз таспен сәндеп,
әшекейлеп пайдаланды. Ол сән берумен бірге тіл-көзден сақтайды делінетін.
Қазақ тілінде ер, ер тоқым, ер тұрман атаулары сыртынан қарағанда бір
көрінгенімен, олардың әрқайсысы әр түрлі ұғымдарды береді. Мәселен, ер деп
үзеңгі, тоқым, ішпек, терлік, айылы жоқ тек ердің өзін атаса, ер тоқым деп
жоғарыда аталған жабдықтары бар ерді атайды. Ал, ер тоқымы, өмілдірік,
құйысқан, қамшы т.б. жабдықтары барлығы бір қолдан шыққан (шебер) ат
жабдықтарын ер тұрман деп атайды. Алайда, жылқы шаруашылығын жүргізуге
қажетті құрал-жабдық, саймандарды ер және тұрман деп екіге бөледі.
1.1. Ер. Адамзат дамуы барысында жылқының атқарған қызметі мен орны
ерекше саналды. Алдымен мініске кейін, артуға, арбаға жегуге пайдаланылды.
Ол әсіресе, дала өркениеті дамуының жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі
деуге болады. Жылқыны мініске пайдалану арқылы адамзат өркениеті дамып,
яғни таным-білім көкжиегі кеңейе түсті. Жылқыны қолға үйрету көшпелі
шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Ежелгі дәуірлерде-ақ,
қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үретілген мекені болғандығын
зерттеу нәтижелері дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті
энеолит дәуірінің (б.з.б. 4-3-мыңжылдық), б.з.б. 2-мыңжылдығына, орта қола
дәуіріне телінетін Арқайым ескерткіштері және Қазақстанның барлық
аймақтарынан кездесетін б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ. ескерткіштері ежелгі
Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, сол кездегі адамдардың
әдет-ғұрыптық рәсімдерінде ерекше роль атқарғандығы белгілі болып отыр.
Тіршілік циклінің көптеген кезеңдері түрлі салт-дәстүрлермен
белгіленетіні мәлім. Ондай ғұрыптар кезінде көшпелінің басты байлығы
саналған жылқы түлігімен тығыз байланыста атқарылды. Адам өмірі атқа мініп
үйрену, оны күту, бабын табу сияқты халықтық білімдерге байланысты
қарастырылғандықтан, жас-жыныстық кезеңді белгілейтін осындай бір салт 3-5
жас аралығында атқарылатын атқа мінгізу арқылы атқарылады. Осы кезде
балаға арнайы жасатқан бала ері - ашамайға мінгізеді. 7-9 жас арасында
өзі бас болып, тізгінді дербес иеленіп, жолға шыққанда, тоқым қағар
кәдесін жасайды. 25-40 жас арасын қазақ ер жасы – жылқы жасы деп атайды.
Ат жалындағы өркениет өз дамуының бірнеше сатысын басынан кешті.
Мәселен, асау тарпаңды бас білгіге үйреткен, металлдан жасалған ауыздық пен
шаужайдың (псалий) қызметі ерекше болды. Ал, таға пайдалану көшпелілердің
көкжиегін кеңейтіп, еуразия даласының жаңа алқаптары мен құнарлы өлкелерін
ашты. Үзеңгілі ер атпен жүрісті жылдамдатып, ұзартты.
Төменде ат әбзелдерінің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, қызметі мен
міндеті сипатталады:
Ер. Аттың арқасына біркелі тию үшін ұзынша, қос бауырлы етіп жасалған,
ағаш қаңқалы, көпке қолды ер. Ердің құсбас ер, шошақбас ер, қозықұйрық ер,
қазықбас ер, ханбас ер, ашамай ер, құранды ер деп, түр-тұлғасына, пішін-
үлгісіне, құрылымына қарай аталған т.б. бірнеше түрлері бар. Әр елдің
шеберлері өз еліне тән үлгі, ерекшеліктер кіргізеді. Барлық үлгілердің
негізгі мақсаты – атқа тимеуі, арқасына батпауы шарт. Сонымен бірге ықшам,
жеңіл, мықты, атқа орнықты, адамға жайлы, әдемі, сәнді болуы керек.
Күміс ер. Көбіне әйел қауымына арналған ердің бір түрі. Ер тапсырыс
берушінің талабына орай, шебердің ой-өрісіне байланысты сәнделеді. Күміс
ердің үлгісі де, түрі де көп:
Алдыңғы қасы мен артқы қасының сыртқы бетіне, қас түрмесіне, қырына
қойылатын алуан түрлі ойылып қиылған, сүзілте оймышталған жұп-жұқа темірлер
үсті таза ақ күміспен қапталады. Осылай күмістелген бөлшектер ердің алдыңғы
және артқы қапталының сыртқы бетіне, қырына да қойылады. Үзеңгі, таралғы,
айылбас, сулық сияқты бөлшектер де күмістеледі. Пыстан, өмілдірік,
құйысқан, жүген, тебінгі беттеріне қағылатын – үзбе, кеспе, құйма, шытыра,
сыздық, шыбық, ширатпа, бүркеншік шегеге дейін түгел күміс шабылады. Ер
қастары мен басқа тұрмандарына қойылатын маржан, меруерт асыл тас
безенділері түгелдей күмістен жасалған бүркеншікті қозалар ішіне
бекітіледі.
Үзеңгі – көлікке міну үшін қажет. Зергерлер оны қолдан құятын болған,
темірден қақтап та жасайды. үзеңгінің екі қабырғасының жоғарғы жағында
таралғы өткізетін тесігі болады. Аяқ киімнің табаны тұратын жері тұтас
сопақша болып келеді. Ершілер үзеңгіні кеппеген қайыңнан иіп немесе ойып
жасайды. Мұндай үзеңгілер атқа жеңіл болады және қыста аяқты қарымайды.
Музей қорында ер-тоқымнан тыс жеке сақталым нөмірін құрайтын он шақты
үзеңгі бар. Олардың ішінде металл үзенгілермен қатар мүйізден, ағаштан
жасалған үзеңгі түрлері бар.
Ашамай – қазақ шеберлері ұлға немесе қызға арнап Ашамай ер жасаған.
Ұл баланы 3-4 жастан бастап атқа мінуге үйреткен. Ашамай ер аса күрделі
болмаған, ердің алдыңғы қасы мен артқы қасы екі айыр, биік етіп жасалған
және екі ұшында тесігі болған. Баланы ерге отырғызғанда сол тесіктен таяқша
өткізіп, ат үстіндегі баланы мықтап ұстатып, аяғын үзеңгі қапқа кигізеді.
Сондай – КП 21825 нөмірлі ашамай витринада қойылған. Алдыңғы және
артқы қасы дәстүрлі ашамайлардай айқасып келген. Ал, КП 23128 нөмірлі бала
ері – бүтін ағаштан ойылып жасалып, жеңілдетілгендіктен бәйгеге шабуға
арналған. Ер түгелімен түйе терісімен қапталған. Шошақ бас дәстүрінде
жасалған. Ұзындығы 35 см, ені -32 см.
Кейде ұзақ сапарда, жорықта ыстық-суықтан ат арқасы тез кетеді. Басқа
бұт артары жоқ болған соң кейде осындай жауыр атқа амалсыздан мінеді.
Лажсыздан мінілетін аттың жауырына жасалатын әдіс-айла, кедей амал
делінетін өмір жалғаулары да ат қойылып, айдар тағып атау ретінде
аталынады. Соның бірі – мүйет деп аталады. Ат арқасының болымсыз жерінде
беті ашық, жалақ жауыры болса, соған ішпек тиіп қажамауы үшін, жауырдың
төңірегін қоралай қоюға лайықталған ортасы тесік киіз. Ол терлік пен ішпек
арасына қойылады. Қандай да жара, жауырдың бетін қалдырып төңірегін қоралап
қойылатын зат мүйет деп аталады.
Ойма. Аттың басарқасында не қапталының бірінде жазылмай жүрген жауыр
болса, сол жара тұсынан, ішпек, ішкілік бірдей тесіледі. Ердің қапталын
мөлшерлеп тесілген төрткүл тесік жауыр бетіне дәлдеп қойылған соң, жара
беті ашық қалады. Ішпек, тоқымды жауыр бетіне тигізбеу амалын ойлап оюды –
ойма атайды 3.
Тығылдырық. Ер қапталының не алды, не арты басқаны білінсе, қаптал
астына белгілі қалыңдықта қабатталған киіз қойылады. Ер қапталының ат
қапталын баспауы үшін жасалған осы әдіс – тығылдырық аталады. Кейде мұны
кепіл, кепіл киіз деп те атайды.
Желдік. Құранды ердің қапталы қысқа болғаны үшін жай ішпекпен ерттей
салуға келмейді. Сондықтан қапталдың астынан қойылатын арнайы жасалған
жабдықты желдік атайды. Кейде желқом атайтындар да бар. Желдік пен
желқомның төркіндестігі бар екені анық. Өйткені екеуі де оқпанның астынан
жел өткізуге қолай, ыңғай туғызады деген ұғымда.
Қазақ ерлері бітім ерекшеліктеріне, жасалу техникасына қарай, яғни
жергілікті айырмашылықтарына байланысты негізгі бес түрге бөлінеді: шығыс-
қазақстандық, батыс-қазақстандық, орталық – солтүстік қазақстандық, жетісу
және сырдариялық деп бөлінеді.
Аталған ерлер ішінде қазақ ері, кейде найман ері деп те аталатын
ердің алдыңғы және артқы қасы жалпақ болып келуімен ерешеленеді. Қастары
күмістелген таналарамен қапталып, көз тас орнатылып, ою-өрнектермен
әшекейленіп, сәнделеді.
Орталық және Солтүстік Қазақстандық ердің сыртқы пішіні қазақ еріне
ұқсас келгенімен, қастары сәл жіңішкелеу, әрі биіктеу, әрі жеңіл, ою,
әшекейлері азырақ, қарапайымдау болып келеді.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандық ерлердің алдыңғы қасы тар, енсіз,
шошақ болып келеді. Күміс таналармен, тастар қондырылып, сүйектеліп,
әшекейленеді. Ол шошақ бас ер деп аталады. Сондай-ақ, алдыңғы қасы үйрек
мойнына ұқсас болып келетіндіктен үйрек бас ер аталып кеткен ер түрі де
бар . Мұның да алдыңғы қасы күмістеліп әшекейленеді.
Музей қорында осы аталған ерлердің барлық түрі дерлік бар. Музей
қызметкерлері де ер түрлерінің жоғарыда аталған осы классификациясына
сүйенеді.
Жүген. Мініп-түсетін, артып-тартатын, жегілетін жылқының басына
кигізілетін ауыздығы бар тұрман. Жүген ат басын тілеген жаққа бағыттауға,
тілеген сәтте атты тоқтатуға қажет. Жүген ат-көлікті ырыққа көндіру үшін,
шу асауды үйрету үшін қажет.
Жылқының жүгені, ауыздығы, тізгіні, түйенің бұйдасы мен итпесі,
сиырдың мұрындығы сияқты тұрмандар аты басқа-басқа болғанымен, мазмұны
бағындыру деген бір, бір-ақ ұғымды береді. Жүгенде ауыздық, тізгін, қос
тігін, жақтау, желкелік, сағалдырық, кекілдік, кеңсірік, сулық, шаужай атты
бөлшектер бар. Ауыздық – тең бөлекті екі бөлектен құрастырылып, екі сулық
арасына бекітілген бөлшек. Ер-тұрманның ішінде жүген ең қажетті тұрман
болып саналады. Жүгеннің барлық қасиеті, міндеті, оңды-солды айтылатын
ерекшеліктері тек ерекшелікке байланысты. Тізгінсіз, сағалдырықсыз,
кеңсіріксіз, шаужайсыз жүген болуы мүмкін, бірақ ауыздықсыз жүген болмайды.

Тізгін. Жүгеннің екі сулығына екі ұшы бекітілген, ортасы тұйық тұрман.
Атты қаңтарғанда ердің алдыңғы қасына емін-еркін ілінуі шарт. Тізгін атты
бұру, басқару үшін керек.
Шылбыр. Ноқтаның сағағына, жүгеннің мінер жақ сулығына тағылатын екі,
екі жарым құлаштай бау – шылбыр аталады. Шылбыр жұмсақ иленген қалың
қайыстан бір, бір жарым елі етіліп тілініп жасалады. Жұмсақ иленген
жұқалтаң қайыстан ширатып, екі не үш қабаттап тарту арқылы шосып
жасалынады. Тайдың жал-қылына түйенің, қойдың жүні қосылып есілсе, түйенің
шудасынан есілсе, ешкінің қылшығы мен түбіті қосылып есілсе, мұның бәрі қыл-
шылбыр деп аталады. Шылбыр атты қолмен ұстап тұру, байлап қою үшін керек.
Шылбырсыз ат сенімсіз.
Сулық. Ауыздық пен жүген жақтауын жалғастырып тұрған жабдық. Сулықтың
шығырлық, әрі шаужай түрлері де болады. Жүген жақтауы өз орынында дұрыс
тұрып, жұмысына нұқсан келтірмеуі үшін, ауыздық ат ауызында бірқалыпты
қозғалуы үшін, жүгенге сулық бекітілген. Археологиялық қазбалардан
кезігетін жүген қалдықтары көбінше ауыздық пен шаужай. Сулық салған жүген
кем кезігеді. Қола дәуірінің ауыздықтарының екі басынан тесілген тесікке
жүген жақтауын сулықсыз бекіткен.
Шаужай. Ауыздық пен сулық арасына бекітілген, ұзындығы сынық сүйем екі
бөлшек жабдықтың аты - шаужай. Ат басына жүген салынғанда, шаужай екі езуге
кесе көлденең түсіп, сулық пен ауыздық арасын жарып өтеді. Жүгеннің
шаужайлы түрі де, шаужайсыз түрі де болады. Шаужайы бар КП 963 нөмірлі
жүген ОММ-дің қазақ этнографиясы экспозициясында қойылған. Ол 1886 жылдары
Жамбыл облысы, Қарақұндыз ауылында жасалған. Музейге 1936 жылы 7
желтоқтанда өткізілген.
Ер-тұрманның әйелдерге арналған озық түрін (КП 9148 нөмірлі) 1937
жылы Семей облысында Нәби Кәрібаев жасаған. Оны 1938 жылы Бекмырзаев 100
қойға сатып алған. Музейге 1956 жылы өткізілген.. Оймыштау, қалыптау, шеку,
қақтау, шақыштау, бедерлеу, алтындау әдістерімен жасалған. 17.
Тұрман. (жылқы шаруашылығына қажетті басқа да құрал-саймандар)
Қамшы – ат ер-тұрмандарының құрамына енеді. Ш.Уәлиханов қамшыны
қару-жарақтар қатарына да қосады. Қару есебінде жасалатын қамшы сабы
салмақты, өрімі жуан әрі ұзын, кейде өрімге темірден өзек салынады. Бұлар –
дырау, дойыр, бұзау тіс қамшы деп аталады. Жасалуына және қолданылуына
қарай оның: қайыс, ат, түйе, арба, соқа қамшы т.б. түрлері бар. Ат қамшының
өзі: салт, ат соғар, ат жүргіш, шыбыртқы болып бөлінеді. Қамшы сап, алақан
және өрім деген бөліктерден тұрады. Олардың әрқайсысы жеке-жеке дайындалып
біріктіріледі. Сабы тобылғыдан, ырғайдан, тауешкі, ақбөкен мүйіздерінен
немесе елік сирағынан жасалады. Кейде қамшы сабы түгелдей былғарымен
қапталып, күміспен әшекейленген. Мұны көбіне әйелдерге арнап жасаған. Ерлер
қамшысының сабына темірден бауыр салынып, қайыс таспамен не жезбен орайды.
Оны “сарала қамшы” деп атаған. Қамшы алақаны қалың былғарыдан екі қабат
болып жасалады. Ол сап пен өрім арасындағы дәнекер. Екеуін бір-бірімен
қосып тұрады. Таспаның өрілген санына қарай: төрт таспа, бес таспа, алты
таспа, сегіз өрім, қырық өрім, он екі таспа қамшы болып бөлінеді. Екі
таспадан ширатылғанын – еспе, бір таспадан, қайыстан жасалғанын сапалық деп
атайды. Халық шеберлері қамшы сабына асыл тастар бекітілген күміс құймалар
орнатқан. Қамшының дәстүрлі қазақ тұрмысындағы аясы кең. Қазақ емшілері,
бақсылары қамшыны жын-шайтан қуу үшін де қолданған. Ұл баланы алғаш
ашамайға отырғызғанда, сүндет той жасағанда оған арнап бала қамшы жасатқан.
Қыз ұзатқанда ер-тұрман дайындатса, оған міндетті түрде қамшы қосқан.
Қамшыны тек жоғарыға кереге басына іліп қою – оның халық арасындағы қадір-
қасиетін білдіреді. Оны кейде ат жүргізгіш деп те атайды. Себебі, қамшыны
негізінен көлікті жүргізу үшін қолданады. Ал, керек болған жағдайда оны
қару ретінде де пайдаланады. Ондай қамшының дойыр сабы салмақты, өрімі жуан
және ұзын болып келеді. Қамшы бүлдіргі сап, алақан және өрімнен тұрады.
Оның әрқайсысы әр заттан жеке-жеке дайындалып біріктіріледі. Қамшының сабын
тобылғыдан, ырғайдан, сандал ағаштан, тау ешкінің және ақбөкеннің
мүйізінен немесе еліктің сирағынан, жіліншік сүйегінен жасайды. Қолға
ұстайтын жерін былғарымен қаптап, бүлдірге тағады. Кейде қамшының сабын
тұтастай былғарымен қаптап, күміспен әшекейлейді. Күміс сапты қамшы
көбінесе әйелдерге арналады. Ал, ерлер қамшысының сабына темірден бауыр
салып, қайыспен немесе жезбен орап сақиналайды. Мұндай қамшыны сарыала
қамшы деп атайды. Қамшының өрімі жақсы иленген қайыстан өріледі. Қамшы
өрімін әртүрлі етіп жасау үшін таспа санын өзгертіп отырады. Қамшының
дойыр, босмойын, түйме, өрме, бәйге, қайыс қамшы т.б. деп аталатын түрлері
көп. Музей қорында қамшының түрлері көп. Былғары белбеу, тартпа, айылдарды
әрбір ер адам жасай алатын болса, таспалардан қамшы өру – тек арнайы маман
- өрімшінің ғана қолынан келеді. Қамшы таспалары 3-4 таспадан 24-32 таспаға
дейін өріліп жасалады. 18
Солардың қатарында, ОММ қорында сақтаулы жақсы қамшылардың бірі ХІХ
ғасырдың соңында Батыс Қазақстанда шебер Бозтай Жабайұлы жасаған КП 21061
Б нөмірлі күміс қамшыны атауға болады.
Шідер – жылқыны матау әбзелінің бірі. Оны қайыстан, кейде шынжырдан
жасайды. Шідер үш балақ (тұсамыс және өре) болып келеді. Ол жылқының
алдыңғы екі аяғы мен артқы бір тілерсегіне салынады. Әр балақта бір-бірден
алақан, тиек және балақ баулар болады. Қыл шідердің тұсауын, өресін және
балақ бауларын жылқы қылынан жеке-жеке дайындап алып құрастырады. Ал, қайыс
шідерді сиыр терісінен иленген қалың қайыстан екі қабаттап жасайды. Қос
қабатталған қайыс таспамен тігіледі. Мұндай шідердің тұсауы мен өрелігі
шығыршық арқылы жалғасады. Өрме шідердің үш балағы қос қабат жіңішке қайыс
таспалардан жұмырланып өріледі. Бір алдыңғы және артқы аяғын ғана бекітсе
өрелеу деп аталады.
Шідердің түрі музей қорында көп болмағанымен әр шідердің өзіндік келіп
түсу, жасалуы, жергілікті және тарихи ерекшеліктері бар. Солардың ішінде КП
960 нөмірлі өрме шідерді атауға болады. Ол қайыстан өріліп жасалған. Ұз.
112 см. 1937 жылы түскен. Сондай-ақ, КП 961 нөмірлі өрме шідердің де
өзіндік ерекшелігі бар.
Тұсамыс, тұсау. Жылқының алдыңғы екі аяғын ғана матауға арналған
әбзелдің бір түрі. Ол да қайыстан, шынжырдан жасалады. Екі балағында да
шідер тәрізді алақан, тиек, баулардан құралады.
Аталған музейлік заттардан ОММ қорында КП 23148 нөмірлі тұсамыс бар.
Ол Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданының тұрғыны М.Бұғыбаев деген азамат
1935 –жылы жасаған екен. Тұсамыс 1989 жылғы музейлік экспедиция барысында
алынған. Темірден жасалған, соғу тәсілі қолданылған. Ұзындығы - 54 см.
Келесі бір КП 23107 нөмірлі тұсау түрі де Қызылорда, Сарыөзек ауданында
жасалып, жоғарыда талған жылы алыныпты. Металл, соғу. Ұз-54 см.
Бүкпе – көбіне сауғызбайтын, сауып жатқан кезде жүріп кетіп,
тоқтамайтын биелерге салынатын құрал. Бүкпе - диаметрі шамамен бір жарым
қарыстай болып келетін, тұйықталған дөңгелек қайыс. Оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқ-киімге арналған былғары
Бөкей хандығы
Алматы қаласы музейлеріндегі ат әбзелдері мен қару-жарақ қоры коллекциялары
Аяқ-киімге арналған былғары туралы
Аяқ-киімге арналған былғары.ер-тұрмандық былғары.техникалық былғары
Қыпшақтардың мәдениеті мен өнері
Қазақ қол өнері
Тасмола археологиялық мәдениетінің әскери қару-жарақтары және ат әбзелдері
Сақтардың мәдениеті туралы
Мектеп оқушылар сәндік қолданбалы өнер үйірмелерінде оқыту әдістемесі
Пәндер