Қазіргі дағдарыстан кейінгі даму кезеңіндегі ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдары



Кіріспе
1. Еңбектің мәні және еңбек өнімділігінің теориялық аспектілері
1.1 Еңбек және еңбек өнімділігі ұғымдарының мәні және оның инновациялық дамумен арақатынасы
1.2 Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістемелік негіздері
1.3 Қазақстандағы еңбек өнімділігінің және ғылыми.техникалық даму көрсеткіштерінің талдауы
2. Қазақстан экономикасының инновациялық даму жағдайындағы еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары
2.1 Еңбек өнімділігін арттырудың және оның бәсекеге қабілеттелігінің шетелдік тәжірибелері
2.3 Қазақстандағы индустриалдық.инновациялық даму бағытында қабылданған бағдарламалар: еңбек өнімділігімен арақатынасы мен күтілетін нәтижелер
2.4 Орта білім беретін оқу орындарында еңбек өнімділігін арттыру факторларын оқытудың әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қосымша А
Қосымша Б
Қосымша В
Қосымша Г
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз экономикалық даму жылдарындағы әлемеуттік-экономикалық қайта құрылым меншік формаларының әртүрлілігіне негізделген жаңа экономикалық жүйенің құрылуына әкелді.
Нарықтық қатынастардың дамуымен пайда болған өзгерістер, өз кезегінде, еңбек мәселесінің ерекше маңыздылығын көрсетті. Тиімді экономикалық жүйенің қалыптасуы мен дағдарыстық құбылыстармен күресу тек жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізілген кезде ғана мүмкін болады, бұл отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Аталған тақырыпты зерттеудің маңыздылығы көпжақтылығымен белгілі. Оның теориялық аспектісі экономика ғылымының шектелген ресурстарды тиімді пайдалану мәселесін шешуімен түсіндіріледі. Мұнымен қоса, мәселені зерттеуде өндірістің негізгі факторы ретінде еңбекке ерекше мән беріледі.
Бұл мәселені зерттеудің практикалық аспектісі жоғары өнімділіктің экономикалық басқарудың жоғары
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы дамытуға қоғамды басқару мен өндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық инновацияларды жетілдіру арқылы еңбек өнімділігін арттыру негіз бола алады. Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010, 2011 жылғы халыққа жолдауларында терең талдаулар жасалынып, еңбек өнімділігін арттыру отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда маңызды фактор болып табылатындығы айтылған.
Аталған мәселенің практикалық маңыздылығы жоғары өнімділік жоғары экономикалық басқаруды да талап етілуімен түсіндіріледі. Ол басқару тәжірибесінің ілгерілеушілігін жақсы көрсетеді.
Бүгінгі таңда еңбек мәселесін зерттеудің жаңа әдістемелерін жасау қажет екендігі анық, ол еңбекке қатысты түсініктерді, әсіресе, «еңбек мазмұны» ұғымын анықтау үшін қажет. Ғылыми әдебиеттерде осы негізгі ұғымды анықтаудың бір-біріне қарама-қайшы келетін түсініктері де кездеседі. Бұл, біріншіден, еңбек мазмұнының пәнаралық сипатымен, оның экономикалық негізінің еңбек экономикасы, еңбек психологиясы сияқты арнайы ғылымдарда пайдаланылуымен түсіндіріледі. Екіншіден, экономистердің түрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалануы «еңбек мазмұнын» анықтаудың әртүрлі түсіндірілуіне алып келеді.
Осы ұғымды анықтаудағы бірізділіктің болмауы еңбек өнімділігінің өсу факторларын анықтауда қиындықтар туындатады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Еңбек және оның өнімділігі мәселелерімен К. Маркс, А. Маршалл, У. Петти, Д. Рикардо және А. Смит сияқты көптеген танымал ғалымдар айналысты. Ресейде бұл мәселеге А.И. Анчишкин, Е.В. Борисов, Л.С. Бляхман, Р.В. Гаврилов, С.Г. Струмилин, П.А. Хромов т.б сияқты экономистер көңіл бөлген. Еңбек өнімділігін өлшеуде жеке, жергілікті және қоғамдық деңгейде жаңа көрсеткіштер ұсынылды.
1. А.В.Золотов, М.В.Попов Философия производительного труда: Монография. Н.Новогород: Изд-во ННГУ 2006;
2. Петти В. Трактат о налогах и сборах. Антология экономической классики: В 2-х т. М.: Эконов, 1993. – 253 б.
3. Рикардо Д. Начало политичиской экономии и налогового облажения// Антология экономической классики: Петти, Смит, Рикардо. М.: Эконов-Ключ,1993. – 403 б.
4. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т. 26, ч.1. – М.: Политиздат, 1962. – 476 б.
5. Ширяева Ю.С. Механизм формирования эффективного управления опытным производством предприятий в условиях инновационной деятельности: автореферат на дисс.к-та экон. наук. – Нижний Новогород, 2008. – 52б.
6. Cинк С. Управление производительностью: планирование, измерение и оценка, контроль и повышение: пер. с англ./Общ. ред. и вступит. ст. В.И. Данилова-Данилияна. – М.: Прогресс, 1989. – 528 б.
7. Мамраева Г.Б. Содержание труда и его производительность в условиях рыночной экономики: дисс. ... к-та экон.наук 08.00.01. – Караганда, 2009.
8. Портер М. Международная конкуренция: конкурентные преимущества стран. Пер. с англ. – М.: Международные отношения, 1987. – 260 б.
9. Берешев С., Аухадиев М., Сейдахметов Ж. Взаимосвязь оплаты и результатов труда: макроэкономический аспект//Труд в Казахстане. – 2007. - №3. – 9-14б.
10. Хромов П.А. Производительность труда: теория, методология, практика. – М.: Наука, 1979. – 240 б.
11. Френкель А.А. Прогнозирование производительности труда: методы и модели: научное издание / 2-ое изд., доп. и переб. – М.: Экономика, 2007. – 220 б.
12. Общая экономическая теория (политэкономия): Учебник / под общ. ред. акад. В.И. Видяпина. М: ПРО-МО-Медиа, 1995. 304б.
13. Морозова Н.А. Производительность труда: теоретические основы и факторы ее роста в современной экономике: дисс. ... к-та экон.наук 08.00.01. – Нижний Новгород, 2007. 45 б.
14. Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарындағы үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы Мемлекеттік Бағдарламасының мониторингі үшін еңбек өнімділігін есептеудің әдістемесі /Қазақстан Республикасының Статисттика агенттігі. – Астана, 2010.
15. Ясин Е. Модернизация и общество//Вопросы экономики. – 2007г. - №5. – 24б.
16. Смольков Д.П. Производительность труда: современная теория и методика измерения: дисс. ... к-та экон.наук. М.: 1997.
17. www.statsng.ru /Межгосударственный статистический комитет СНГ.
18. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы.- Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігі. – Астана, 2003.
19. Регионы Казахстана. Брошюра 2005-2009гг. - Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі. – www.stat.kz.
20. Антончева С. Индустриализация как общенациональный тренд//Казахстанская правда, 18 марта 2011г.
21. Байе М.Р. Управленческая экономика и стратегия бизнеса: Учеб. пособие для вузов /Пер. с англ. под ред. А. М. Никитина. — М.: ЮНИТИ, 1999. — 743 б.
22. Алибекова Р. Модернизация к старту готовы!//Казахстанская правда, 4 марта 2001г.
23. Алинов Ш.Ш. Проблемы экономического стимулирования производительности труда. – Аль-Пари, №2 2010г. – 64 б.
24. Батасова А.К. Многофакторный анализ производительностит труда. – А., 1974. – 62 б.
25. «Қазақстан 2009 жылы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жылнамалығы. – Астана, 2010.
26. Айткалиева А. Рост производительности труда как основа конкурентоспособности. – А., 2006. – 35б.
27. Кахарман Н. Управление инновационным развитием Казахстана: концепции и практика реализации. – Алматы, 2007.- 47 б.
28. Толыбаев А.Н. Повышение инновационной активности экономических систем//автореф. на к-та экон. наук. – А.,2005. – 17б.
29. Винникова И.С. Резервы роста производительности труда на основе формирования инновационного капитала: автореф. ... к-та экон.наук. – Нижний Новгород, 2005. – 65 б.
30. Қазақстан Республикасы Статистка агенттігінің 2010 кәсіпорын өнімдері бойынша есебі. – Астана, 2011. – www.stat.kz
31. Назарбаев Н.А. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!// Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда 2011ж. – www.akorda.kz
32. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана 2010. – www.ukimet.kz
33. Назарбаев Н.А. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өсу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері//Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
34. Байтова А. На «карте» - производственная мощь//Казахстанская правда, 4 марта 2011г.
35. Байтова А. Фарвартер обновленной экономики//Казахстанская правда, 18 марта 2011г
36. «Индустрияны дамытудың Қазақстандық институты» АҚ ресми сайты – www.kidi.kz
37. Сарбасова Т.С. Методика преподавания экономических дисциплин. Уч. пос. для студентов, магистрантов по спец. «Основы права и экономики». – Алматы, 2008. – 6-7б.
38. Педагогика. Ахметова Г.К., Исаева З.А., Әлқожаева Н.С./Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 155-157б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз
экономикалық даму жылдарындағы әлемеуттік-экономикалық қайта құрылым
меншік формаларының әртүрлілігіне негізделген жаңа экономикалық жүйенің
құрылуына әкелді.
Нарықтық қатынастардың дамуымен пайда болған өзгерістер, өз кезегінде,
еңбек мәселесінің ерекше маңыздылығын көрсетті. Тиімді экономикалық
жүйенің қалыптасуы мен дағдарыстық құбылыстармен күресу тек жоғары еңбек
өнімділігіне қол жеткізілген кезде ғана мүмкін болады, бұл отандық
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Аталған тақырыпты зерттеудің маңыздылығы көпжақтылығымен белгілі. Оның
теориялық аспектісі экономика ғылымының шектелген ресурстарды тиімді
пайдалану мәселесін шешуімен түсіндіріледі. Мұнымен қоса, мәселені
зерттеуде өндірістің негізгі факторы ретінде еңбекке ерекше мән беріледі.
Бұл мәселені зерттеудің практикалық аспектісі жоғары өнімділіктің
экономикалық басқарудың жоғары
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы дамытуға қоғамды
басқару мен өндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық
инновацияларды жетілдіру арқылы еңбек өнімділігін арттыру негіз бола
алады. Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010, 2011 жылғы халыққа
жолдауларында терең талдаулар жасалынып, еңбек өнімділігін арттыру отандық
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда маңызды фактор болып
табылатындығы айтылған.
Аталған мәселенің практикалық маңыздылығы жоғары өнімділік жоғары
экономикалық басқаруды да талап етілуімен түсіндіріледі. Ол басқару
тәжірибесінің ілгерілеушілігін жақсы көрсетеді.
Бүгінгі таңда еңбек мәселесін зерттеудің жаңа әдістемелерін жасау
қажет екендігі анық, ол еңбекке қатысты түсініктерді, әсіресе, еңбек
мазмұны ұғымын анықтау үшін қажет. Ғылыми әдебиеттерде осы негізгі ұғымды
анықтаудың бір-біріне қарама-қайшы келетін түсініктері де кездеседі. Бұл,
біріншіден, еңбек мазмұнының пәнаралық сипатымен, оның экономикалық
негізінің еңбек экономикасы, еңбек психологиясы сияқты арнайы ғылымдарда
пайдаланылуымен түсіндіріледі. Екіншіден, экономистердің түрлі әдістемелік
тәсілдерді пайдалануы еңбек мазмұнын анықтаудың әртүрлі түсіндірілуіне
алып келеді.
Осы ұғымды анықтаудағы бірізділіктің болмауы еңбек өнімділігінің өсу
факторларын анықтауда қиындықтар туындатады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Еңбек және оның өнімділігі мәселелерімен
К. Маркс, А. Маршалл, У. Петти, Д. Рикардо және А. Смит сияқты көптеген
танымал ғалымдар айналысты. Ресейде бұл мәселеге А.И. Анчишкин, Е.В.
Борисов, Л.С. Бляхман, Р.В. Гаврилов, С.Г. Струмилин, П.А. Хромов т.б
сияқты экономистер көңіл бөлген. Еңбек өнімділігін өлшеуде жеке,
жергілікті және қоғамдық деңгейде жаңа көрсеткіштер ұсынылды.
Еңбек өнімділігі М. Альберт, С. Бюро, Р. Барр, Д. Кларк, Дж. Кендрик,
К. Макконелл, М. Мескон, М. Портер, П. Самуэльсон, Р. Солоу т.б
ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан, теориялық тұрғыда неоклассикалық
және онымен байланысты бағыттағыларға сай келеді.
Еңбектің мазмұны мен сипатының өзгеру мәселесі марксистік ғылыми
бағыттағы басымдылықпен 1960-1980 жылдары кеңестік ғалымдар арқылы
талданды (Л.И. Абалкин, А.С. Бузгалин, В.А. Грималюк, А.М. Ермаков, А.А.
Колганов, Я.И. Кузьминов, Н. Осокина, В.В. Радаев, И.И Чангли т.б.),
сондай-ақ бірнеше шет ел ғалымдары (А. Горц, О. Лафонтен, Д. Лукач, Г.
Маркузе т.б.) осы бағытта зерттеу жүргізді.
Еңбек өнімділігінің елеулі зерттелу тарихына қарамастан, берілген
мәселе толық талданбаған болып отыр. Экономикалық теория классиктерінің
жұмыстарында мәселені шешу жолдары жалпы түрде көрсетілген. Әрине,
экономикалық прогресс оны ары қарай нақтылауды талап етеді.
Отандық экономикалық әдебиеттерде еңбек және оның өнімділігі
мәселелерін Я.А. Аубакиров, А.А. Алимбаев, Р.А. Алшанов,
С.Н. Алпысбаева, М.К. Аухадиев, С.Х. Берешев, М.К. Мелдаханова, А.Ж.
Орманбаев, Т.П. Притворова, Ж.И. Сейдахметов, А.А. Таубаев т.б ғалымдар
зерттеді.
Қазіргі экономиканың ерекшелігіне әсер ететін еңбек өнімділігі
мәселесінің негізгі теориялық зерттеулері енді қолға алынуда.
Неоклассикалық бағыттың жақтастарының еңбектерінде өнімділік ұғымының
кең ауқымдағы түсініктемесі аталып өтсе де, теориялық түсініктері мен
талдауы аяқталмады.
Осылайша, осы мәселенің өзектілігі, жаңашылдығы және толық
талданбағандығы бұл дипломдық жұмыс тақырыбына себеп болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Еңбек өнімділігіне берілген түрлі
теориялық анықтамаларға сүйене отырып, нарықтық экономикалық жағдайда,
әсіресе, қазіргі дағдарыстан кейінгі даму кезеңіндегі ұзақ мерзімді
тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін арттырудың
негізгі бағыттары мен жолдарын табу.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету мынадай міндеттерді шешуді талап
етеді:
- еңбек және еңбек өнімділігінің мазмұнын негіздеу үшін қолданыстағы
экономикалық әдебиеттерге талдау жасау;
- зерттеу пәні мен негізгі тәсілдерді анықтау, еңбек өнімділігін
талдауға қажетті басты экономикалық ұғымдар мен түсініктерді анықтау;
- еңбек өнімділігінің дамуын шетелдік көрсеткіштермен салыстыра отырып
талдау;
- еңбек өнімділігінің экономикалық мәнін ашу;
- еңбек өнімділігін арттыруға әсер ететін факторлардың жіктемесін
жасау;
- еңбек өнімділігін арттырудың негізгі мәселелерін айқындау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі болып отандық және
шетелдік экономистердің еңбек мәселелері және оның өнімділігі туралы
зерттеулеріндегі негізгі ұстанымдар мен концепциялар табылады. Зерттеу
әдістері: әдебиетті зерттеу және талдау, салыстыру және жалпылау,
логикалық және көпфакторлық талдау, статистикалық талдау.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудағы дипломдық жұмыстың
ақпараттық базасы болып Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
мәліметтері, ТМД елдерінің халықаралық статистика комитетінің мәліметтері,
басқа да халықаралық ұйымдар мен ресми баслымдардың мәліметтері, арнайы
ғылыми әдебиеттер мен мерзімдік басылымдар табылады.
Қорғауға шығарылатын негізгі мәселелер:
- еңбек өнімділігінің мазмұнын зерттеудің жүйеленген теориялық-
әдіснамалық тәсілдері және оның инновациялық даму жағдайындағы даму
үрдістері;
- еңбек өнімділігінің мәнін анықтайтын тәсілдер мен концепцияларға
талдау;
- ұлттық және шетел экономикаларындағы еңбек өнімділігінің жай-күйінің
талдауы;
- қазіргі даму жағдайындағы еңбек өнімділігінің деңгейіне әсер ететін
факторлар жіктемесі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытындыдан және қосымшадан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі 38 атауды құрайды. Жұмыста 6 кесте, 2 сурет берілген.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде еңбек өнімділігі туралы
авторлардың, түрлі мектептердің ұстанған негізгі теориялық идеяларына
талдау жасалған. Сондай-ақ, қазіргі таңда еңбек өнімділігін өлшеу үшін
пайдаланылатын есептеу тәсілдеріне зерттеу жүргізілген. Қазақстан
экономикасындағы еңбек өнімділігінің даму қарқыны, негізгі көрсеткіштері
талданған.
Жұмыстың екінші бөлімінде еңбек өнімділігін арттырудың шетелдік
тәжірибелері мен дамыған елдердің еңбек өнімділігі көрсеткіштеріне шолу
жасалған. Осылардың негізінде ұлттық экономикадағы еңбек өнімділігін
арттырудың бағыттары мен факторлары жүйеленіп, жіктелген. Сонымен қатар,
индустриялдық-инновациялық даму мен еңбек өнімділігін арттырудағы
қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың ролі мен маңызы зерттелген.
Жұмыста еңбек өнімділігі тақырыбын мектептер мен колледждердің білім
беру бағдарламаларына қосудың ерекшеліктері мен қажеттіліктері, негізгі
мәселелері қысқаша берілген.

1. Еңбектің мәні және еңбек өнімділігінің теориялық аспектілері
1.1 Еңбек және еңбек өнімділігі ұғымдарының мәні және оның
инновациялық дамумен арақатынасы

Барлық уақыттарда еңбекке және оның нәтижелілігіне көп назар
аударылды, себебі еңбексіз жеке адам үшін де, жалпы қоғам үшін де түрлі
қажеттіліктерді қанағаттандыратын түрлі өнімдерді жасап шығару мүмкін
емес.
Кез келген еңбек қоғамдық пайдалы әрекет болып табылады, оның нәтижесі
– игілік. Мұнымен қоса, еңбектің барлық түрлерінің арасында тек
материалдық өндіріс өнімді болып табылады [1]. Әрине, қоғамдық сананың
өзгерісіне, дамуына әсер ететін ғылыми еңбек те материалдық өндіріске
қатынасады, бірақ тікелей емес, жанама түрде.
Еңбек өнімділігі туралы ілім ежелгі уақыттардан бері пайда болып, адам
ой-санасының дамуымен қоса жүрді. Еңбек өнімділігі туралы жекелеген
пікірлерді Сократ, Ксенофант, Платон сияқты философтардың еңбектерінен
табуға болады. Бірақ өнімділік теориясының негізделген дамуы жаңа
капиталистік қоғамда, яғни политэкономияның ғылым ретінде қалыптасқан
кезеңінде пайда болды.
Экономика ғылымынды классикалық мектеп үстемдік құрған кезеңнің
басында У.Петти өзінің байлық тарихының кітабы аталып кеткен еңбегінде
алғаш болып, еңбектің табиғи бағасы өнімділікке тура пропоционалды екенің
анықтаған болатын. Оған еңбек – байлықтың атасы, табиғат - анасы деген
сөз тиесілі. У.Петти табыстың қайнар көзі еңбек өнімділігі деп санады.
Оның ойынша, еңбек өнімділігін екі жолмен арттыруға болады: 1) еңбекке көп
салмақ түсіру; 2) қызметкерлердің еңбегін қысқартатын немесе жеңілдететін
құралдарды қолдану.
У.Петтидің ойынша, тек бағалы металды өндіруге және құн жасауға
кеткен еңбек өнімдірек. Сондай-ақ, тауар бағасы мен еңбек өнімділігі
арасында кері тәуелділік бар [2].
Физиократтар мектебінің өкілдері еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығымен
байланыстырды. Ф.Кэне таза өнім ілімін дамыта келе, тек жер өңдеу еңбегі
ғана өнімді және қосымша құн жасай алады.
Еңбек өнімділігі ілімінің қалыптасуына классикалық экономика мектебі
елеулі үлес қосты. Еңбек өнімділігі және оның өсуін қамтамасыз ету
мәселесіне А.Смиттің еңбектерінде үлкен назар аударылған. Петти сияқты ол
да еңбекті байлықтың қайнар көзі деп атады. А.Смит еңбектің ролін адам
тұтынатын игіліктерді қалыптастырумен анықтады, сондай-ақ, оның ойынша,
тауар бағасы еңбекпен анықталады.
Еңбекті өнімді және өнімсіз еңбек деп бөле отырып, ол өз еңбегінде
былай деп жазады: Еңбекші мануфактураның еңбегі, әдетте, өзі жасап
шығаратын материалдардың бағасын өсіреді, дәлірек айтсақ, өзінің жасалуы
құны мен иесінің табысын өсіреді. Үй қызметшісінің, керісінше, құнға
ешқандай өзгеріс әкелмейді... Қоғамның кейбір аса құрметті таптарының еңбегі
үй қызметшісінің еңбегі сияқты ешқандай құн жасамайды және ұзақ уақыт
қолданылатын, сатылуы мүмкін тауар мен затта көрінбейді... Мысалы, мемлекет
басшысы өзінің барлық сот шенеуніктері және офицерлері, бүкіл әскер мен
теңіз әскері өнімсіз жұмысшылар болып табылады [2, 255 б.].
Еңбек өнімділігінің қоғам дамуындағы ролін талдай келе, А.Смит қандай
да бір ұлттың жылдық өнімінің құнын екі түрлі жолмен өсіруге болады деген
қорытындыға келеді:
1) жұмысшылардың санын (өндірістік күш) арттыру арқылы;
2) бұрынғы жұмысшылардың өнімділік күшін арттыру арқылы, бұл
машиналарды қолдану мен жетілдіру арқылы мүмкін болады немесе еңбекті
барныша тиімді пайдалану мен бөлу арқылы жүзеге асады. Бірақ бәрінен бұрын
А.Смит еңбек өнімділігін арттыруды оның бөлінісі мен бәсекелестігімен
байланыстырды.
Д.Рикардо да көптеген игіліктердің еңбек арқылы жасалатынын айтқан
болатын [3]. Оның ойынша, тауардың құны оны өндіруге қажетті еңбектің
салыстырмалы санына тәуелді. Алайда, Рикардо құн жасайтын еңбек тек
тікелей еңбектен емес, құралдар мен ғимратқа кеткен еңбектен де тұрады
деген пікір айтты.
А.Смит пен Д.Рикардоның көзқарастары ары қарай көптеген экономистердің
(Ж.Б.Сэй, К.Маркс, А.Маршалл, М.Портер т.б.) теориялық зерттеулеріне негіз
болды. олар еңбек өнімділігі туралы жаңа концепциялардың туындауына себеп
болды. Еңбекті ұйымдастыруға байланысты көптеген ғылыми негіздемелер пайды
болды.
Осы тақырыпқа арналған ғылыми әдебиеттерді талдау көптеген зерттеу
әдіс-тәсілдерін табуға көмектеседі. Оларды жалпы негізде құнның еңбек
теориясына негізделген және неоклассикалық деп екі топқа бөлуге болады.
Мұның алғашқысы Ресейде және басқа да бұрынғы социалистік елдерде
кеңінен дамыды. Бұл тәсілдің негізін классикалық мектеп өкілдері қалап,
кейіннен ол марксизм өкілдері арқылы толықтырылды. Ол бір өнім бірлігіне
жұмсалған нақты еңбек шығындарын білдіреді. Бұл бағыт бойынша еңбек
өнімділігінің мәнін К.Маркс жасаған еңбектің екіжақты қасиеті арқылы
түсінуге болады: Қандай еңбек болмасын, бір жағынан, адам күшін ерекше
мақсатта жұмсау болып табылады, осы пайдалы еңбек қасиетінде ол тұтыну
құнын туындатады [4].
Еңбек өнімділігін нақты еңбектің бір уақыт бірлігінде белгілі бір
тұтыну құнын шығару немесе белгілі бір жұмыс көлемін орындай алу қабілеті
деп сипаттауға болады.
Еңбек өндірістің маңызды, өзгеріссіз элементі болып табылады, ол
өндіріс процесінде еңбек құралдары мен еңбек заттарын белсенді пайдалануға
мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, еңбек үш экономикалық қызмет атқарады:
• Тұтыну құнын өндіру;
• Олардың сапасын қалыптастыру;
• Өндіріс құралдарын тұтыну;
Бірінші функциясының нәтижесі болып өндірілген тұтыну құны табылады,
екіншісі - өндіріс құралдарын үнемдеуден тиімділік. Осы функцияларды
орындау еңбекті пайдаланудың тиімділәгә тәуелді болып табылады, және
сәйкесінше, әрекеттің жалпы тиімділігі де тәуелді болып табылады.
Сондықтан еңбек өнімділігі пайдаланылатын ресурстардың бірі – еңбектің
жеке жағдайы ретінде қарастырылады.
Ресейлік ғалым В.С.Немчиновтің айтуынша, ...еңбек өнімділігі деп тірі
еңбектің өнімділігі түсіндіріледі. Мұндай анықтама еңбек өнімділігін тар
мағынада айқындауға көмек береді [5].
Алайда, қолданыста кеңейтілген ұғым да бар, ол бойынша еңбек
өнімділігі дегеніміз – бұл бір өнім бірлігіне шаққандағы тірі еңбектің,
негізгі және айналыстағы қорлардың шығындары. Еңбек өнімділігінің мұндай
мазмұны, егер табиғи ресурстардың қолданылуын есепке алмаса, өндірістің
тиімділігі ұғымымен сәйкес келеді.
Жалпы қазіргі уақытта бірқатар орыс зерттеушілері неоклассика
позициясын ұстанатындығын айта кету керек, бұған сәйкес өндіріс
тиімділігі және еңбек өнімділігі экономикалық ұғымдары теңестіріледі.
Мұндай көзқарас бұрын кеңестік ғылымда да басымдыққа ие болған. Мысалы,
В.Л.Медведев өзінің Социалистік өндіріс атты еңбегінде қойылатын
тиімділіктердің әрбірі және барлығы бірге қоғамдық еңбек өнімділігінің
деңгейін, оның үнемділігін, тұтыну бағаларының жиынтығы мен жұмсалған және
жартылай өтелген қоғамдық еңбектің жиынтық массасының қатынасын
көрсететіндігін атап кеткен. Өндіріс тиімділігі түсінігі өзінің мазмұны
бойынша кең мағынада алынған еңбек өнімділігі түсінігімен сәйкес
келеді[5, сол жерде].
Өндірістік қатынастар жүйесінде еңбек өнімділігі мен өндіріс
тиімділігінің әсер ету шекаралары әртүрлі. Егер еңбек өнімділігінің
экономикалық табиғаты мен қайнар көзі болып әртүрлі нысандағы адам еңбегі
табылса, онда тиімділік ұғымының негізі ретінде өндіріс процесі және
әртүрлі нысандағы ұйымдастырушылық, басқару, технологиялық функциялары
және т.б болып табылады. Осылайша, еңбек қоғамдық өндірістің маңызды
бөлігін құраса да, еңбек өнімділігі өндірістің тиімділігі ұғымымен бірдей
емес.
Біздің пікірімізше, еңбек өнімділігі экономикалық жүйенің қызмет етуі
мен дамуының объективті негізі бола отырып, қоғамның өндіріс күшінің
дамуының деңгейін сипаттайды. Ол еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды
көрсетумен қатар, техника, технология және басқарудың ілгерілеушілігін
көрсетеді.
Өнімді өндіру процесі кезінде тек тірі еңбек емес, сонымен қатар,
жұмыскерлер пайдаланатын жабдықтары мен еңбек құралдарында заттанған өткен
еңбек те жұмсалады. Өткен еңбек – өндірістің алдыңғы сатыларына қатысқан
адамдардың және еңбек құралдары мен заттарында материалданған тірі еңбек.
Бұдан басқа, өндірісте қолданатын ақпаратты, білімді алуға да еңбек
керек.
Қазіргі жағдайларда еңбектің пайдаланылуының мақсатқа сәйкестігі дау
тудырмайды, себебі ол өнімділіктің қарқынын әртараптандыруға және
бөлшектеп қарастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, біздің ойымызша, еңбек
өнімділігінің жеке, жергілікті және қоғамдық түрлерін бөліп қарастырған
дұрысырақ болады.
Еңбек өнімділігін басқа тұрғыдан қарастыру неоклассикалық мектептің
өкілдері арқылы жүзеге асады. Бір жағынан, еңбек өнімділігі шаруашылық
жүргізуші субъектінің әрекетінің нәтижесін жан жақты қамтитын жалпылаушы
ұғым болып табылады. Л.Литлдің пікірінше, ол өнім сапасы, өндірістің
тиімділігі, қоғам қажеттілігін және жұмыскердің жеке қажеттіліктерін
қанағаттандыру, өнім саны сияқты түрлі көрсеткіштердің жүйесі ретінде
сипатталады.
Басқа жағынан, еңбек өнімділігі басты мақсат – табысқа қатысты аса
қажетті, сонымен қатар, көмекші, аралық көрсеткіш болып табылады. Мұнымен
қоса, кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін сипаттайтын бір-бірімен
байланысты критерийлер бөлінеді: әрекеттілік, үнемділік, сапа, табыстылық,
өнімділік, еңбек өмірінің сапасы, жаңалықтарды енгізу.
Қазіргі уақытта отандық және шетелдік экономикалық ғылымда еңбектің
жалпы өнімділігі теориясының шегінде кейбір экономистер өнімділік және
еңбек өнімділігі ұғымдарының аражігін ажыратуды ұсынады.
Мәселен, Д.Скотт Синк жалпы өнімділіктің мынадай анықтамасын береді:
Жүйеге еңбек (адами ресурстар), капитал (физикалық және қаржылық
активтер), энергия, материалдар және ақпарат нысанындағы шығындар
енгізіледі. Бұл ресурстар өнімге айналады (тауарлар мен қызметтер).
Өнімділік – бұл берілген уақыт аралығындағы берілген жүйенің өндірген өнім
санының осы уақыт аралығында осы өнімді жасауға немесе өндіруге жұмсалған
ресурстарына қатынасы [6].
Өнімділік және еңбек өнімділігі ұғымдарының алшақтығы бұл
ұғымдардың түрлі мағынаға ие болуларымен түсіндіріледі. Мәселен,
Л.О.Соколова өнімділік ұғымы еңбек өнімділігі ұғымынан мазмұны бойынша
әлдеқайда кең деп ойлайды [6, 530б.].
Еңбек өнімділігі адами ресурстардың қолданылуын сипаттайды. Алайда, ол
өнімділік сияқты шаруашылық айналымына салынған барлық ресурстардың
тиімділігін көрсете алмайды. Өнімділікті шаруашылық айналымға тартылған
ресурстардың экономикалық және әлеуметтік тиімділігін талдайтын,
басқарудың ілгерілеуін, қоғамның әлеуметтік дамуының бағыттылығын
қамтамасыз етуші ғылымның, техника мен технологияның дамуын сипаттайтын
көрсеткіш ретінде қарасытруға болады.
Өнімді өндіру процесінде әрбір фактордың (еңбек, капитал, жер,
кәсіпкерлік т.б.) ролі мен үлесін нақты белгілеу мүмкін емес. Сәйкесінше,
шығарылған өнімнің көлемін еңбек шығындарына жатыстыру өнімнің қайнар көзі
тек еңбек дегенді білдірмейді, тек өндірістің тиімділігін анықтаудың бір
әдісі ғана болып табылады.
Осыны дәлелдеу үшін бірнеше экономистердің пікірлерін білдіреміз.
Мәселен, Б.Кордтың пікірінше, еңбек өнімділігі жалпы мағынада қаражатты
үнемдеудің өлшеуіші болып табылады.
Американдық экономист Дж.Кендерик еңбек өнімділігін өндіріс
нәтижелерінің жұмсалған еңбек пен капитал элементтеріне қатынасы ретінде
анықтайды.
Алайда, біздің ойымызша, өнімділіктің жалпы теориясы анағұрлым
тереңірек Г.Реусстің еңбектерінде көрініс тапқан, ол еңбек өнімділігін
былайша жіктейді:
• Ғаламдық еңбек өнімділігі (түпкі өнімнің өндірістің барлық өлшенуші
факторларына қатынасы);
• Жинақталған (түпкі өнімнің факторлардың қандай да бір тобына
қатынасы);
• Қандай да бір жекелеген факторға қатысты өнімділік [7].
Өз кезегінде, К.Друри еңбек өнімділігі ретінде өнімнің өндірілуінде
жұмсалған бір уақыт бірлігіне шығарылған өнімді айтады. Оның ойынша, төмен
еңбек өнімділігі төмен сапалы материалдарды, әртүрлі қиындықтағы
жұмыстарды пайдаланғаннан, құрал-жабдықтардың нашар техникалық қызмет
көрсетуі салдарынан, жаңа жабдықтарды пайдаланғаннан және технологиялық
процестің өзгеруінен орын алады. Бұған қосымша ретінде, жеткіліксіз еңбек
өнімділігінің себебі болып әлсіз өндірістік жоспарлау мен сапаны бақылау
нормаларының өзгерісі де табылуы мүмкін. Автордың ойынша, жұмыскерлердің
әрбіп әрекетке жұмсаған уақытын есепке алып отыру қажет. Практикалық
тұрғыдан алғанда, бұл шындыққа жанасады. Себебі қатаң есепке алынған уақыт
жұмыс жасаудың негізін орнатуға болады, ал ол арқылы еңбек өнімділігінің
нормативтік мәнінен ауытқуын білуге болады. Өнімділікті бұлай түсіну
өндірістің тиімділігінің оған салынған ресурстар тұрғысынан нақты
бағалануына мүмкіндік береді [7, 35б.].
Қазіргі инновациялық даму жағдайында мұндай көрсеткіштерді қолдану
өнімнің үлкен ассортиментін өндірумен және түрлі шығындары бар қызметтерді
ұсынумен байланысты болып отыр. Осы көрсеткіштердің немесе
коэфициенттердің саны өнімді өндіруде жұмсалған ресурстардың санына тең.
Жасалған өнімдегі еңбек пен капиталдың үлесін анықтау үшін батыстық
экономистер шекті өнімділік ұғымын пайдаланады. Бұл Д.Б.Кларк арқылы шекті
өнімділік теориясы деген атпен енгізілген болатын, бұл теорияның
постулаттары еңбек шығындарының тиімділігін зерттеудің жаңа тәсілдеріне
жол ашты. Бұл концепция өндіріс факторлары теориясының түрленуі
нәтижесінде пайда болды және А.Маршалл, И.Г.Тюнен, Ф.Эджуорт сияқты
ғалымдардың есімдерімен байланысты.
Д.Кларк өзінің Байлықты бөлу атты еңбегінде құн жасаудағы әрбір
өндіріс факторының қатынасы оның шекті факторлық өнімділігі (marginal
productivity of factor) арқылы анықталады, ол өндірістің жалпы көлемінің
өзгерісіне сәйкес келеді.
Д.Кларктің шекті өнімділік теориясы бөлу процесіндегі әділеттілікті
сақтаудың нормативті қағидасы ретінде қарастырылады. Автор өндіріс
факторларының иелері арасында табысты бөлу, сәйкесінше, шекті өндірістік
өнімділік әлеуметтік тепе-теңдік талаптарына жауап береді деген болжам
жасайды.
Жасалған қорытындылар минималды шығындар мен максималды пайданы
қамтамасыз етуші ресурстардың қатынастарының ережелерінің негізіне жатады.
Д.Кларктің, А.Маршаллдың, Ф.Тауссигтің және Ф.Эджуорт теорияларының
қағидалары экономикалық өсуді модельдеу барысында кейнсиандық,
неолиберализм, институционализм бағыт өкілдерінің ғылыми зерттеулерінде,
өндіріс теорияларында, Р.Солоу теориясында және т.б. көрініс тапты.
Аталған тәсілдерден басқа, еңбек өнімділігі аса маңызды экономикалық
ұғым ретінде басқа да аспектілер тұрғысында зерттеледі. Мәселен,
С.Г.Струмилин еңбек өнімділігін еңбекақы ұғымының мәнінің басы және соңы
деп анықтайды [7].
Сондай-ақ, еңбек өнімділігін зерттеудің тағы да бір қызықты тәсілін
М.Портер ұсынады. Оның ойынша, әрбір мемлекеттің негізгі мақсаты өз
азаматтарының жоғары, әрі тұрақты өсетін өмір деңгейін қалыптастыру болып
табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру мүмкіндігі еңбек ресурстары мен
капиталдың тиімді пайдаланылуы арқылы қол жеткізілетін еңбек өнімділігіне
тәуелді болып табылады. Еңбек өнімділігі – елдегі өмір сүру деңгейін
айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі, себебі онда жан басына
шаққандағы табыстың негізгі көзі болады [8, 24б]. М.Портер ұзақ
мерзімдік ұлттық экономикалық мақсаттарды өнімділікті арттырусыз анықтау
тамыры тереңге кететін қателік деп таниды, оның соңынан сәйкес келмейтін
саясат жүргізу ілеседі. Егер саясаттың критерийі болып еңбек өнімділігінің
қарқындылығын, сәйкесінше, өсімін қамтамасыз ету болса, онда мұндай
саясаттың экономикалық прогрестің қажеттіліктеріне қарама-қайшы келу
тәуекелдерінің саны азаяды. Еңбек өнімділігін бір жұмыскерді есепке
алғандағы қосылған құн ретінде анықтай отырып, М.Портер бұл ұғымды
халықаралық бәсекелестіктің ең маңызды басымдылығы ретінде ел
өнімділігінің жалпы деңгейіне шығарады. Бұл еңбек өнімділігінің шаруашылық
жүргізуші субъектілердің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеін факторлардың
бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта еңбек өнімділігі ұғымының мазмұнын нақтылау жүріп
жатқанын тағы да бір атап кеткен жөн. Түрлі авторлар бұл түсінікті өз
нақтылауларын қоса отырып, мәнін ашуға тырысуда. Олар еңбек өнімділігін
былайша түсіндіруге тырысады:
- бір жұмысшының уақыт бірлігінде тұтыну құнының мөлшерін жасау
қабілеті;
- пайдалы нақты еңбектің нәтижелілігі;
- белгілі бір уақыт аралығындағы адамдардың мақсатқа бағытталған
өнімді әрекетінің жемістілігі;
- тірі және өткен еңбектің өнімділігі;
- еңбектің орта өнімі;
- уақыт бірлігіндегі бір жұмысшыға шаққандағы өнімнің жасалуы;
- ұжымның, кәсіпорынның тірі еңбегінің өнімділігі және тірі және
заттанған еңбектің халықшаруашылықтық өнімділігі;
- өнімнің жалпы көлемінің, жұмсалған шығындардың еңбек өндірісіне
қатынасы;
- еңбек шығындарының бірлігіне шығарылған өнім мен өндірістік қызмет
көлемін сипаттайтын еңбектің нәтижелілігін жалпылайтын көрсеткіш;
- тірі еңбек шығындарыны нәтижелілігі;
- шығарылған өнім мен өндірістік қызметт көлемінің және еңбек
шығындарының қатынасы [9];
Біздің ойымызша, еңбек өнімділігі өндіргіш күштер мен экономикалық
қатынастардың қарама-қайшылығының қарқыны мен бірлігін сипаттай отырып,
экономикалық жүйенің мәндік сипаттамасы болып табылады. Мұндай сипатта
еңбек өнімділігін шаруашылық айналысқа тартылған ресурстардың экономикалық
және әлеуметтік тиімділігінің критерийі ретінде қарастырған жөн. Бұл,
әсіресе, қазіргі экономикаға, яғни ғылыми-техникалық прогрестің
жетістіктерін жүзеге асыруға негізделген экономикаға тән.
Еңбек өнімділігін жүйелі түрде зерттеу оның негізгі түрлерін де
қарастыруды талап етеді. Экономикалық әдебиетте өнімділіктің түрлері бір-
бірінен тәуелсіз қарастырылады, бұл оның жіктемесінің әртүрлілігін
тудырады.
Өнімділіктің негізгі түрлерін зерттеу, әдетте, еңбек шығындарының
сипатымен байланысты болған. Мысалы, ресейлік ғалым П.А.Хромов жеке және
халық шаруашылық ұғымдарын негізге ала отырып, алғашқысын тек тірі
еңбектің шығындарымен байланыстырады. Қоғамдық өнімділік ретінде автор
тірі еңбектің де, сондай-ақ заттанған еңбектің де ағымдағы шығындары
ретінде түсінеді [10].
Кейбір экономистер жеке және қоғамдық өнімділіктен бөлек, жергілікті
өнімділікті де қарастыруды ұсынады. Ол жекелеген ұжымдардағы (цехтар,
кәсіпорындар, салалар) тірі еңбектің шығындарымен байланысты. Тірі
еңбектің шығындары ретінде тікелей өндіріс процесіне қатынасы бар
жұмыскерлердің (кәсіпорындық-өндірістік персонал) үлесі түсініледі.
Еңбектің негізгі нысандарына байланысты еңбек өнімділігінің мынадай үш
түрін бөліп қарастыру ұсынылады:
• Жеке еңбектің өнімділігі;
• Қауымдасқан еңбектің өнімділігі;
• Қоғамдық еңбек өнімділігі.
Жеке өнімділікті талдауда жеке еңбек мазмұнының дамуын ескеру қажет.
Егер индустриалдық өндірісте еңбекті оңайлату, оны қарапайым операцияларға
бөліп қарастыру байқалса, қазіргі уақытта еңбекті байыту, басқару,
ұйымдастыру және бақылау функцияларын қосу байқалуда.
Жеке еңбектің өнімділігі жұмыскердің қызметімен тікелей байланысты
факторлар мен шарттар арқылы, оның еңбегінің техникалық қамтылу деңгейі,
құрал-жабдықтардың қуаттылығы, материалдардың сапалылығы, жұмыскердің
біліктілігі, еңбектің интенсивтілігі арқылы анықталады. Еңбек өнімділігі
жұмыс уақытының бірлігіне шаққандағы өнімнің артуының объективті және
субъективті факторларын біріктіреді.
Осылайша, жұмыскердің жеке еңбек өнімділігі тұрақты, алдын ала
анықталатын шама болып табылмайды. Ол ішкі еңбек нарығының өзгерістері мен
жалақының ауытқыларына тәуелді болып табылады. Жалақыны өзгерту жалдамалы
еңбектің өнімділігін ынталандырудың тәсілі болып табылады. Өз кезегінде,
жалдамалы еңбек өнімділігінің өсуі еңбекке ақы төлеудің артуына алғышарт
жасайды.
Қазіргі уақытта қауымдасқан еңбек өнімділігінің өсуі барлық санаттағы
жұмыскерлердің, яғни тікелей өндіріс процесінде жұмыспен қамтылғандардың
қызметінің, сондай-ақ оны басқаруға және қызмет көрсетуге қатысушылардың
барлығының да интеграциялық өсімімен анықталады. Соңғыларына жаңа
өндірісте, көп жағдайда, еңбек өнімділігі және оның тиімділігінің өсуі
тәуелді. Әлемнің көптеген өнеркәсіптік дамыған елдерінде ертеден-ақ
барлық санаттағы жұмыспен қамтылғандардың еңбек өнімділігін өлшейтін
әдістер жасалған және сәтті қолданылуда.
Қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейіне қоғамдық еңбек мазмұнының
негізгі даму үрдістері әсер етеді. Себебі қоғамдық еңбек нысаны өзіне
қауымдасқан еңбек процесін біріктіре отырып, оларға толық сәйкес келмейді,
сол сияқты қоғамдық өнімділік те тек өндірістік қауымдастықтардың
өндірісін ғана көрсетпейді. Қазіргі экономика өндіріс пен қызмет саласының
арасындағы күшейіп келе жатқан өзара тәуелділікпен сипатталады, бұл
соңғысының қоғамдық еңбек өнімділігіне үлесін есептеуді қажет етеді.
Шетелдердегі қоғамдық өнімділікті өлшеу тәжірибесі өндіріс саласында,
қызмет (мемлекеттік мекемелерді қоса алғанда) саласында да есеп жүргізуді
талап етеді.
Экономиканың екі саласының да нәтижелілігін есептейтін жалпылаушы
көрсеткіш қоғамдық өнімділіктің нақты қарқынын көрсетеді. Бұдан бөлек, ол
қоғамдық еңбек мазмұнының дамуындағы негізгі үдерісті – өндіріс және
қызмет салаларының арақатынасының нығаюын, ұлттық жалпы өнімдегі
соңғысының артып жатқан үлесін сипаттайды. Ғылымның қазіргі дамуы және
өндірістік емес саланың кеңеюі жағдайларында қоғамдық еңбек өнімділігі
жинақтың көлеміне, қарқынына және құрылымына әсер ете отырып, оның күшті
тетігі болып табылады. Мұнымен қоса, еңбек өнімділігінің өсуінің қайнар
көзінің сандық емес, сапалық мәні күшейе түседі. Мәселен, еңбектің ең
доғары қорлануы бар ел АҚШ-тағы монополия еңбек өнімділігін арттырудың
негізгі қайнар көзі ретінде еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды, персоналдың
біліктілігін арттыруды көрсетеді. Р.Дорнбуш, С.Фишер, Р.Шмалензи де еңбек
өнімділігінің жұмыс күшінің біліктілігіне тәуелділігінің артып келе
жатқандығын айтады. Бұл фактор жоғары технологиялық бағытталған өндірістің
дамуының қазіргі кезеңінде аса ірі маңызға ие болып отыр [11].
Еңбек өнімділігінің өсу факторларын қарастыра отырып, еңбектің сапасы
сияқты құрауышына да тоқтай кеткен дұрыс. Ол еңбектің негігі сипаттамасы
болып табылады. Қазіргі инноваииялық дамудағы экономикадағы, өндіргіш
күштердегі, өндіріс құралдары мен еңбек заттарындағы өзгерістер еңбектің
сапасына жоғары талаптар қояды, жұмыскердің кәсіби даярлығын арттыруды
талап етеді.
Зерттеушілер еңбек сапасын еңбек өнімділігінің өсуінің негізінде
жатқандығын айтады және еңбек сапасын нақты еңбекпен байланыстырады.
М.Ю.Иванов еңбек сапасы дегеніміздің өзі – нақты еңбектің бір түрінің
түрлі әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге қол жеткізу қасиеті болып
табылады. Мұнымен қоса, түрлі нәтижелер еңбек процесіндегі күрделіліктің
әртүрлілігінің, мақсатқа сәйкестігінің, интенсивтілігінің және
өнімділігінің салдарынан болады деп атап көрсеткен [10].
Басқа бір еңбекте бұл еңбек сапасының бұл анықтамасы кеңейтіліп,
нақтыланады. А.Н.Белопотапова нақты жұмыскердің еңбек процесінің
қасиеттерінің жиынтығы ретінде түсіндіреді. Бұл өндірістік қасиеттерінің
сипатынан тәуелді.
Берілген барлық анықтамалар жұмыскердің еңбек өнімділігіне тікелей
әсерін қарастырады. Оның еңбегінің сапасының негізінде өндірілетін өнімнің
сапасын арттыруға, персоналдың өз еңбегіне қанағаттануына, кадрлардың
ауыспалылығын қысқартуға, осы арқылы өндіріс шығындарын қысқартуға
мүмкіндік беретін білім мен біліктілігін үздіксіз жетілдіру, шеберлігін
жоғарылату, жаңа білім алу жатады. маманның кәсібін ауыстыру кезінде
көрінетін кәсіби икемділік өнімділікке әсер ететін еңбектің
ауыспалылығының заңдылығы болып табылады.
Бұл жерде өндірістік қызметті ынталандыруды қамтамасыз ету керек,
мұнда маңызды рольді еңбекақы төлеудегі әділеттілік ойнайды. Ол, ең
бірінші жұмыскердің еңбек үлесіне сәйкес марапаттауды қарастырады.
Жалақының көлемінен бөлек, әділеттілік сезімін қалыптастыруда еңбектің
маңызды жақтарын ескеру болып табылады. Қазіргі кезде жалақының көлемі көп
жағдайда жұмыскердің нақты еңбегімен емес, тұтыну нарығындағы жағдаймен
байланысты болып отыр, бұл, өз кезегінде, жалақының ынталандырушы
функциясының төмендеуін көрсетеді.
Инновациялық даму жағдайында еңбек өнімділігінің артуы жаңа сипаттарға
ие болып жатыр: техникалық прогрестің, ғылыми сыйымдылығы жоғары
салалардың, ғылыми зерттеулер мен олардың өндіріске енгізілуі, өндірісті
басқару сапасының, жұмыскерлердің біліктілік деңгейінің т.б. маңызы
артуда. Мұнымен қоса, ғылыми-техникалық прогресс еңбек өнімділігінің тек
ұлттық емес, интеграцияның күшеюі, көп жағдайда халықаралық еңбек
бөлінісін пайдаланудың күшеюі сияқты халықаралық факторлардың да маңызының
артуына алғышарт жасайды [9, 13б.].
Ғылым мен техника өндірістік қызметке өз даму дәрежесімен ғана емес,
сондай-ақ өндірісте техникалық қолданыстың шегімен де әсер етеді. Мұнымен
қоса, ғылыми-техникалық прогресс инновациялық процестерді белсендірмей,
өндірістік секторға алдыңғы қатарлы технология мен әлемдік деңгейдегі
зерттеулерді енгізбей мүмкін емес.
Бүгінгі күндері инновациялық дамудың жетекші үдерістеріне мыналар
жатады:
- таңдаулы бағыттар бойынша жаңа өнімдер жасау үшін жаңа әдістердің
зерттеулулерін ірі көлемдегі инвестициялармен қолдау;
- жаңалықтарды енгізудің тетіктерін ұдайы күрделілендіру;
- түрлі инновациялық шаруашылық жүйелерді инновациялық циклдер бойынша
оңтайландыру;
- инновациялық процестерді жүзеге асырудың қарқынды
интернационализациясы.
Осы үдерістерге сәйкес ірі және кіші кәсіпорындарды техникалық-
технологиялық талаптары бойынша оңтайландыру жүріп жатыр, бұл фиралардың
ұйымдастырушылық құрылымы мен корпорациялық байланыстарын үнемі жетілдіріп
отыруға итермелейді. Инновациялық процестердің үдемелі арақатынасы
инновациялық бейнені қалыптастыратын және аймақаралық шаруашылық
құрылымдардың сатылап құрыуына жағдай жасайтын ірі шаруашылық
құрылымдардың маңыздылығын көрсетеді. Мұндай тұрақты инновациялық
тізбектердің шеңберінде ресурстар – инновациялар - өндіріс – жүзеге
асыру тұйық циклі іске асады. Технологиялық деңгейдің өмірлік циклі
ғылыми-техникалық прогрестің сәйкес сатысының мазмұнын қалыптастырады.
Технологиялық деңгейдің талдауы мен еңбек өнімділігінің ролінің
негізделуіне ХХ ғасырдың ортасынан бастап көптеген зерттеушілер мән беріп
келе жатқанын айта кету керек. Мәселен, М.Фридмен соңғы 200 жылдағы бес
техникалық-технологиялық парадигманы бөліп көрсетеді. Соңғы бесіншісі
постиндустриалдық немесе ақпараттық деген атауға ие болды және
индустриалдық саланың аса ірі кеңейтілуімен сипатталады. Электрондық
техника басқаруға, медицинаға, білімге, саудаға, үй шаруашылығына,
бұқаралық ақпарат құралдарына, коммуналдық шаруашылыққа және мәдениетке
келіп жетті. Мұнымен қоса, материалдық өндірістің негізгі салаларындағы
еңбек өнімділігінің өсуі жетекші елдерге қызмет саласындағы жұмыспен
қамтылғандардың саныны арттыруға мүмкіндік берді.
Бұл елдердегі өнеркәсіптік стратегия жоғары еңбек өнімділігі бар, яғни
ғылыми сыйымдылығы жоғары және жоғары технологиялық салалардың
мамандануына жағдай жасайды. Еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы және
энергия сыйымдылығы жоғары өндірістер өнімділігі аз, сәйкесінше,
табыстылығы да аз болып келеді, мұндай өндіріс түрлерін дамыған елдер
дамушы елдерге беруге тырысады, осылайша, жаңалықтар индустриалдық дамыған
елдерде жасалып, басқа елдерге таралады. Мұнымен қоса, Н.Д.Кондратьевтің
ұзын толқындар теориясының шегінде әрбір технологиялық деңгей өзінше ұзын
толқын болып табылады. Мұндай толқындар, біздің ойымызша, орташа 50 жылда
жиілікке ие болатын шаруашылық конъюнктураның ауытқуын көрсетеді. 1980
жылға қарай мұндай 5 ауытқу тіркелген. Соңғы үшеуі 1900, 1950, 1980
жылдарда сәйкесінше пайда болған. Бесінші толқын бесінші технологиялық
деңгейге сәйкес келеді [12].
Қайта өрлеуге экономиканың төрт саласындағы технологиялық өзара
байланысты жаңалықтар түрткі болды: энергетикада, еңбек құралдарын
өндіруде, транспорт жүйесі мен байланыста, сондай-ақ материалдарды өңдеу
әдістерінде. Ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды пайдалана отырып, олар
еңбек өнімділігінің жоғары өсіміне қол жеткізді және жоғары қарқынмен дами
отырып, экономиканың басқа секторларының дамуына әсер етті. ХХІ ғасырдың
басында нанотехнологиялық негізі бар алтыншы цикл басталды.
Жоғары технологиялар еңбек өнімділігіне үлкен әсер етеді. Олар
өндірістің басынан соңғы мақсатына дейін қамти отырып, құрылымдық
өзгерістерге жағдай жасайды. Мұндай жүйелер өндірістік процесті
автоматтандыратын, өндірістік жүйелердің икемділігін қамтамасыз ететін
байланыстық техниканы біріктіреді. Дәл осы негізде еңбек өнімділігінің
біршама артуы байқалады.
Бұдан бөлек, еңбекті ұйымдастыруда, барлық технологиялық цикл үшін
білікті мамандарды даярлауда, институционалдық-құқықтық ортада, басқаруда,
менеджментте және басқаларда өзгерістер байқалуда, бұл да еңбек
өнімділігінің қарқынында оң көрініс табады. Бұл өзгерістердің жиынтығы
жаңа, біршама жоғары технологиялық укладтың құрылымдық элементтерінің
өзгерістерін қалыптастырады. Оның барынша тезірек игерілуіне экономиканың
ғылыми сыйымдылығы жоғары секторлары мен өндірістің өнеркәсіптік
салаларының өзара интеграциясына жағдай жасайды. Ол ғылым - өндіріс -
тұтыну циклінің қысқаруына, сондай-ақ инновациялық дамуға, басымдықты
инвестициялаудың негізінде мәселелердің инновациялық шешіміне алғышарттар
жасайды.
Осылайша, еңбектің негізгі нысандарының мазмұнының ерекшеліктерін
қарастыру белгілі бір дәрежеде өнімділіктің түрлеріне талдауын толықтыруға
мүмкіндік береді және оларды өлшеу бойынша ұсыныстар жасауға жағдай
жасайды. Жүргізілген мазмұн және еңбек өнімділігі ұғымдарының
әдістемелік талдауы белгілі бір тәжірибелік мәні бар сұрақтардың қаралуына
мүмкіндік жасайды. Еңбек мазмұнының дамуының маңызды бағыттарын анықтау
еңбектің негізгі нысандарының тиімділігін арттыруға қажет факторлардың
үлесін анықтауды, еңбек өнімділігін өлшеу әдістемесіне нақтылаулар
енгізуді, сондай-ақ еңбек саласындағы мемлекет саясатының негізгі
қағидаларын жасауды мүмкін етеді.
Қорыта айтқанда, бұл бөлімде еңбек өнімділігі туралы отандық және
шетелдік ғалымдардың көзқарастары талданып, солардың негізінде еңбек,
еңбек өнімділігі, жалпы өнімділік ұғымдары және олардың технологиялық-
инновациялық дамумен арақатынастары айқындалды. Алайда, еңбек өнімділігін
тек теориялық тұрғыда анықтап қою - еңбек өнімділігін арттыру факторларын
анықтауда, оның экономикадағы маңызын зерттеуде жеткіліксіз болып
табылады. Сондықтан, еңбек өнімділігінің сандық мәндерін анықтау қажет. Ол
үшін қазіргі тәжірибеде және теориялық әдебиеттердегі еңбек өнімділігін
есептеудің кеңінен таралған әдістерін де қарастырып кеткен жөн.

1.2 Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістемелік негіздері

Кәсіпорындар мен мекемелерді басқарудың қазіргі тәжірибесі еңбек
өнімділігін өлшеудің түрлі тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай
әртүрліліктің болуы кез келген кәсіпорынның қызметі белгілі бір ішкі және
сыртқы параметрлердің жиынтығымен сипатталатындығымен түсіндіріледі. Олар,
түпкі нәтижесінде, ұйымдық-шаруашылық жүйелердің, соның ішінде, еңбек
өнімділігін өлшеу саласындағы жалпы мақсаттары мен мүмкіндіктерін
анықтайды.
Шаруашылық тәжірибедегі өлшеу мақсаттарының әртүрлілігіне бір әдістің
негізінде қол жеткізу мүмкін емес. Сонымен қатар, көптеген фирмалар еңбек
өнімділігін өлшеу барысында бір ғана мақсат қоймайды. Ұйымдық-шаруашылық
жүйенің көлемі үлкен болған сайын оның құрылымы да күрделене түседі,
орталықсыздану деңгейі де жоғары. Олардың кейбіреуіне қол жеткізу басқаша
әдістерді пайдалануды талап етеді.
Жұмыс күшіне деген шығындар мен өндіріс нәтижесінің арасындағы
байланыс еңбек өнімділігін анағұрлым айқын білдіреді. Қазіргі экономикада
еңбек өнімділігін өлшеу мәселесі жұмыс күшіне деген шығындардың ұлғаюмен
көрініс табатын адами капитал ролінің артуымен күшейеді. Сондықтан
мұндағы маңызды мәнді болып еңбек өнімділілігін өлшеу емес, оның
салыстырмалы түрде қол жеткізілген нәтижелерінің қарқыны болады.
Экономикадағы нарықтық қатынастарға көшу, институционалдық қайта
құрылулар өндірістік қатынастардағы едәуір өзгерістерге алып келді. Еңбек
нарығы біршама өзгерістерге ұшырады, жұмыссыздықпен қатар, қосалқы, толық
емес еңбекпен қамтылу пайда болды. Экономика салалары бойынша өнім
өндірісіне жұмсалатын еңбек шығындарын өлшеу қиынға түсетін болды.
Еңбек өнімділігін өлшеудің дәстүрлік әдістемесі тек бір ресурстың,
яғни еңбектің нәтижелілігін анықтауға бағытталған, себебі индустриалдық
өндірісте, әдетте, бір ресурстың қолданылу тиімділігін арттыру,
сәйкесінше, басқасының тиімділігін төмендетумен жүзеге асырылған. Бұл
еңбектің барлық түрлерінің нәтижелілігін кешенді есептеуге мүмкіндік
беретін әдістемелерді жасап шығаруда қиындықтар туғызды.
Бірақ қазіргі өндірістің техникалық базасында жүріп жатқан, ғылыми-
техникалық революцияның жаңа сатысымен байланысты ілгерілеушілік барысында
еңбектің барлық түрлерін үнемдеуге мүмкіндік туды. Бұдан бөлек,
кәсіпорындар нарық жағдайында ресурстарына жеке иелік етіп, олардың тиімді
жұмсалуына ерекше мүдделі болып табылады. Бұл өлшеудің көпфакторлы үлгісін
қолдануды қажет етеді.
Экономикалық әдебиеттерде осы аталған кемшіліктерді жоюға әрекеттер
жасалды, еңбектің жиынтық шығындарын есепке алатын еңбек өнімділігінің
өлшеу формулалары да ұсынылды. Мәселен, В.Немчинов пен В.Новожилов толық
зауыттық құн есептеу әдісін ұсынды. Ол мынадай формуламен белгіленеді
[13]:

еңбек өнімділігi=толық өнімтолық шығындар (1)

Толық өнімді ақшалай, сондай-ақ натуралды нысанда өлшеу, ал толық
емес шығындарды тек ақшалай нысанда болжанды. Соңғылары өзіне өзіндік
құнының толық сомасын, қорларға төлемді, несие үшін пайызды, материалдық
ынталандыру қорынан сыйақыны, тіркелген төлемдер және өндірістік емес
шығындарды біріктірді.
Еңбек өнімділігін өлшеудің жиынтық шығындардың есебін қарастыратын осы
және басқа да концепциялары, өкінішке орай, тек теориялық талқылау
деңгейінде қалып қойды. Тәжірибеде соңғы уақытқа дейін өнімділікке әсер
етуші факторлардың әсерін есепке алушы әдістемелер пайдаланылды.
Әрбір фактор бойынша тірі еңбектің үнемделуін есептейтін баспалдақты
әдіс тек шартты түрде көпфакторлы деп аталады. Ол әлсіз негізде
өнімділіктің жалпы өсуіне әсер етуші фактордың өзгерісін көрсетеді және
қазіргі өндіріс жағдайларындағы еңбектің даму үрдісін есепке алмайды.
Отандық экономикалық әдебиеттерде қоғамдық еңбек өнімділігі мәселесі
өндіріс тиімділігі категориясымен байланысты қарастырылады. Мұнымен
қоса, экономистердің арасында қоғамдық еңбек өнімділігі және өндіріс
тиімділігі ұғымдарының арақатынасы туралы бірыңғай пікір жоқ. Кейбір
зерттеушілер бұл ұғымдарды теңестіреді, басқалары тиімділіктің ауқымын
қоғамдық еңбек өнімділігінен кең ұғым ретінде қарастырады, үшіншілері,
керісінше, тиімділікті еңбек өнімділігінің құрамына енгізеді.
Экономикалық әдебиеттерде кеңінен таралған мұндай концепцияларға тән
бір кемшілік бар – қоғамдық еңбек өнімділігі ұғымы тек материалдық
өндіріс саласымен ғана байланысты және оның талдауы өндіріс саласына
тартылған жұмыскерлердің еңбек шығындарымен байланыстырылады. Біздің
ойымызша, өнімділіктің бұл түрінің ауқымы бұдан да кеңірек. Шетелдік
әдебиеттерде тиімділік өнімділіктің құрауышы ретінде немесе оның аз
тараған баламасы ретінде түсіндіріліеді.
Қоғамдық еңбек өнімділігін өлшеудің ресейлік әдістемелердің ерекшелігі
– ол материалдық өндіріс саласының нәтижелілігін ғана есепке алады. Әлі
күнге дейін оның деңгейін анықтау үшін мына формула пайдаланылады [7,
69б.]:

еңбек өнімділігі =ұлттық табысөндіріс саласындағы жұмыскерлердің саны
(2)

Экономистер бұл әдістеменің көптеген кемшіліктерін көрсетеді. Мәселен,
ұлттық табыс (сәйкесінше еңбек өнімділігінің деңгейі) жалақының
жеделдетілген өсуінің әсерінен артуы мүмкін, тіпті, кейбір өндіріс
салаларынадағы жұмыскерлердің санының артуына да байланысты қоғамдық еңбек
өнімділігінің жоғарылауы да байқалуы мүмкін [13].
Соған қарамастан, қоғамдық еңбек өнімділігін өлшеудің берілген
әдістемесі оның өзгерісіне әсер ететін негізгі факторларды есепке алуға
мүмкіндік бермейді, себебі материалдық өндіріс саласындағы жұмыскерлердің
еңбегінің шығындарын ғана есепке алады. Бірақ қазіргі өндіріс қорлану
деңгейінің өсімімен, яғни заттанған еңбек үлесінің артуымен сипатталады,
бұлар өнімділіктің артуының маңызды факторы ретінде қарастырылады.
Тек өнеркәсіптік жұмыскерлердің үлесін көрсететін қоғамдық еңбек
өнімділігін өлшеудің дәстүрлік әдісі материалдық өндіріс саласы деңгейінің
артуындағы жұмыскерлердің басқа санаттарының (басқарушы, инженерлік-
техникалық, қызмет көрсетуші персонал) үлемін есепке алмайды. Соңғысы, ол
қоғамдық еңбек мазмұнының дамуының негізгі үрдісін - өндіріс саласының
қызмет саласымен байланысын және қызмет саласының өнімділіктің
жоғарылауына үлесінің артуын көрсетпейді, бұл оның тәжірибелік құндылығын
төмендетеді.
Тәжірибеде өндірістік емес саланың өнімділігін анықтау үшін
көрсетілген қызмет құнының жұмыскерлер санына қатынасы пайдаланылды.
Мысалы, саудадағы еңбек өнімділігінің деңгейі шартты түрде сауда айналысы
сомасын жұмыскерлердің орташа тізімдік санына бөлу арқылы анықталған, бұл
жерде жұмыспен қамтылғандардың арасынан сауда саласының, кәсіпорындардың,
тасымал саласының басқарушылары т.б. алынып тасталған.
Еңбек шығындарының кейбір бөліктерін ғана көрсете отырып, мұндай
әдістемелер қызмет саласындағы өнімділік деңгейінің қарқындылығын нақыт
көрсете алмайтыны анық. Саланың техникалық қамтылуының, оның өндіріс
саласымен арақатынасының тереңдеуінің т.б. деңгейі әзірге есепке алынып
жатқан жоқ.
Еңбек өнімділігін есептеудің жаңа әдістемелерін жасау экономиканың
қазіргі даму сатысына қажет болып табылады. Еңбек өнімділігін жан-жақты
есептеусіз, оның өсуіне әсер етуші факторларды талдаусыз елдің
экономикалық өсуіне жағдай жасау мүмкін емес.
Атақты американдық экономист М.Портердің ұлттық экономикалық
мақсаттарды ұзақ уақытқа арналған өнімділіктің артуына қатыссыз анықтау
тамыры терең қателік болып табылады, оның артынан сәйкессіз саясат ұласады
деген пікірімен келіспей болмайды.
Жеке меншік қатынастарының трансформациясы, жеке сектордың пайда
болуы статистикалық бақылаулар жүйесіндегі өзгерістерге алып келді.
Тұрақты есептілік негізінен ірі және орта кәсіпорындарда ғана сақталды.
Шағын кәсіпорындардың қызмет етулерін бақылау іріктеме әдісі бойынша
жүзеге асады.
Жасырын қызмет және заңды тұлға құрусыз қызмет ететін жеке кәсіпкерлер
қызметі кең таралды, ресми түрде ресімделмеген қосалқы жұмыспен айналысу
(қосымша қызмет атқару) қеңейді, мигранттардың заңсыз жұмыспен қамтылу
аялары пайда болды.
Бұл аталғандардың барлығы еңбек өнімділігін өлшеуде, оның құрамындағы
көрсеткіштерді есепке алуда біршама қиындықтар туындатты.
Өнімділік шығарылым көлемінің көрсеткіштерінің ресурстарды қолдану
көлемінің көрсеткіштеріне қатынасы ретінде анықталады. Өнімділікті өлшеу
объектілеріне мыналар жатады [14]:
- Технология: Технология экономика үшін қажетті ресурстардың өнім
шығарылымына өзгеру тәсілдері ретінде сипатталады, ол жүзеге асырылмаған
нысанда (сызбалар, ғылыми нәтижелер, жаңа ұйымдастырушылық нысандар),
сонымен қатар, жүзеге асырылған нысанда (инвестициялық тауарлардың және
аралық өнімдердің жаңа буынының конструкциялары мен сапасындағы
жетістіктер) болады.
- Тиімділік: Толық тиімділік техникалық тұрғыда өндіріс үрдісінің
максималды шығарылым шегіне жетті дегенді білдіреді, ол физикалық тұрғыда
заманауи технологиялар мен ұсынылған және бекітілген көлем арқылы қол
жетімді болып табылады. Техникалық тиімділіктегі жетістіктер техникалық
және ұйымдастырушылық тиімсіздікті жоюдағы қозғалыс болып табылады. Сала
деңгейіндегі өнімділікті өлшеу барысында тиімділіктегі ұтыстар саланы
құрайтын жеке кәсіпорындардағы тиімділіктің артуымен немесе өндірістің
анағұрлым тиімді кәсіпорындар жағына ығысуына негізделе алынатыны белгілі.

- Нақты шығындардың үнемделуі: Концепциялық тұрғыда тиімділіктің
өзгеруінің әртүрлі типтерін, техникалық прогресті және масштабтың
тиімділігін бейтараптандыруға мүмкін болғанымен, тәжірибе жүзінде бұл қиын
мақсат болып есесптеледі. Өнімділік, әдетте, қалдық фактор ретінде
өлшенеді, және осы қалдық фактор тек қана жоғарыда аталған факторларды
ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар, алымдылықтарды пайдаланудағы
өзгерісін, жұмысты орындау барысындағы оқыту мен өлшеу кезіндегі әртүрлі
қателіктерін айқындайды. Тәжірибеде өнімділікті өлшеу өндірісте нақты
шығындардың үнемделуін анықтаудағы ұмтылыс ретінде көрінуі мүмкін.
- Өндірістік үрдістер деңгейінің базадан саналуы: Бизнес экономикасы
шеңберінде тиімсіздікті айқындау үшін нақты өндірістік үрдістер үшін
өнімділік көрсеткіштерін салыстыру қажетті болуы мүмкін. Әдетте,
релеванттық көрсеткіштер физикалық бірлік ретінде көрініс табады және оның
нақты сипаты болады. Бұл кәсіпорындар арасындағы салыстыру мақсатына жауап
береді, дегенмен, алынатын көрсеткіш нәтижесінде өнімділік көрсеткіштерін
біріктіру немесе агрегаттау қиынға соғады.
- Өмір деңгейі: Өнімділік көрсеткіші өмір деңгейін өлшеуде маңызды
құрамдас бөлік болып табылады. Қарапайым мысал ретінде өмір деңгейінің
анағұрлым кең таралған көрсеткіші болып табылатын жан басына шаққандағы
кірісті алуға болады: экономикада жан басына шаққандағы кірістің өнімділік
көрсеткіштерінің бірі – бір сағат жұмысқа қосылған құнмен тікелей
өлшенеді. Бұнда еңбек өнімділігін өлшеу өмір деңгейінің өзгеру үрдісін
түсінуге мүмкіндік береді. Басқа мысал болып көпфакторлы өнімділіктің ұзақ
мерзімді тренді табылады. Бұл индикатор экономиканың болжамды өсімінің
маңызды көрсеткіштері болып табылатын өнімділік мүмкіндіктерін
(шығарылымның мүмкін болатын көлемін) бағалау үшін қажет.
Өнімділіктің түрлі көреткіштері бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыстан кейінгі кезең
Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні
Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржының негізгі принциптері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде
Экономикалық өсу факторлары
Басқарудағы ынталандыру және мотивацияның теориялық аспектілері
Өнеркәсіп салаларын қайта құрудағы мемлекеттік басқару органдарының ролі
Пәндер