Мемлекеттік басқару жүйесіндегі заң шығарушы және атқарушы биліктің ролі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі заң шығарушы және атқарушы биліктің ролі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кез келген әлеуметтік қауымдастықтың (ру, тайпа, этникалық топтар, ұлттар, ұйымдасқан мемлекеттік қоғам, т.б.) ажырамас бөлігі – оның белгілі бір мүшелерінің саяси – басқару қатынастарына тартылуы. Саясат түсінігінің мазмұндық тұрғысынан қарастырар болсақ, онда бұл тартылу екі жақты сипатталады. Бірінші жағы саяси билік, оның көсем, әскер басы, билеуші, жетекші сияқты позицияларына иелік ету үшін, сонымен қатар осы билікті бөлу үшін күрес үрдістерімен сипатталады. Екінші жағы қауымның өмірлік салаларының бірінде әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізу жолында биліктік – беделдік бағдарламаны дайындау үрдістерімен сипатталады.
Билік – басқару теорисындағы ең күрделі категориялардың бірі. Жалпылай келсе билік – бұл қабілеттілік пен мүмкіндік, құқық және зорлық көмегімен халықтың қылығына басқарушылық ықпал арқылы өзінің еркіндігін жүзеге асыру. Басқарушының жеке басының сапалық ерекшеліктері, оның кәсіптік деңгейі, тәжірибе және таланты арқылы қол астындағы бағынушыларының қылығына оң әсерін тигізеді. Егер де басқарушы жеке және қызметтік билікке ие болса, онда басқару ең тиімді болады.
Демократиялық қоғамдағы құқықтық принциптерге негізделген биліктің жоғарғы нысаны мемлекеттік билік болып табылады.
Кезінде атақты неміс ойшылы Гегель: «Тәжірибе мен тарих көрсеткендей, халық пен өкімет ешуақытта ешнәрседен сабақ алған емес әрі оған сай әрекет жасаған да емес. Әр дәуірде басқа дәуірлерден ерекшелендіріп тұратын жағдайлар болады. Сондықтан да бұл дәуірде осы жағдайларға сәйкес шешімдер қабылдануы қажет. Тұманды өткеннің естеліктері қазіргі кезеңнің өміршендігі мен бостандығымен салыстырғанда түк те емес», -деп жазған.
Сонымен, адамдардың қауым ісін талқылауға және шешуге қатысу формалары алғашқы қауымдық құрылыс пен әскери демократия тұсында пайда болғаны белгілі. Демократия және саяси қатысу идеясы мен тәжірибесін дамытуды көне грек өркениетіне алатын орны ерекше.
Саяси қатысудың ерекше әрі алғашқы формасы да осы көне Грецияда қалыптасқан. Қала – мемлекеттердің (полис) кішігірім аумағы тұрғындардың жеке және тығыз таныстығын әрі өзара қарым – қатынасын қамтамасыз еткен. Б.д.д. 507 ж. өмір сүрген Афин демократиясының негізгі белгілерін көрсетер болсақ:
1. Бұл басқару формасының кішігірім жерде орналасуы; 2. Полис тұрғындарының қоғамдық – саяси өмірге тікелей қатысу мүмкіндігі (халық жиналысында дауыс беру арқылы); 3. Полис жетекшілерінің сайланып отырылуы.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы 2006 Б. Базарбаев, З. Ж. Кенжалиев, Е. Баянов.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі заң шығарушы және атқарушы
биліктің ролі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Кез келген әлеуметтік қауымдастықтың (ру, тайпа, этникалық топтар,
ұлттар, ұйымдасқан мемлекеттік қоғам, т.б.) ажырамас бөлігі – оның белгілі
бір мүшелерінің саяси – басқару қатынастарына тартылуы. Саясат түсінігінің
мазмұндық тұрғысынан қарастырар болсақ, онда бұл тартылу екі жақты
сипатталады. Бірінші жағы саяси билік, оның көсем, әскер басы, билеуші,
жетекші сияқты позицияларына иелік ету үшін, сонымен қатар осы билікті бөлу
үшін күрес үрдістерімен сипатталады. Екінші жағы қауымның өмірлік
салаларының бірінде әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізу жолында биліктік –
беделдік бағдарламаны дайындау үрдістерімен сипатталады.
Билік – басқару теорисындағы ең күрделі категориялардың бірі.
Жалпылай келсе билік – бұл қабілеттілік пен мүмкіндік, құқық және зорлық
көмегімен халықтың қылығына басқарушылық ықпал арқылы өзінің еркіндігін
жүзеге асыру. Басқарушының жеке басының сапалық ерекшеліктері, оның
кәсіптік деңгейі, тәжірибе және таланты арқылы қол астындағы
бағынушыларының қылығына оң әсерін тигізеді. Егер де басқарушы жеке және
қызметтік билікке ие болса, онда басқару ең тиімді болады.
Демократиялық қоғамдағы құқықтық принциптерге негізделген биліктің
жоғарғы нысаны мемлекеттік билік болып табылады.
Кезінде атақты неміс ойшылы Гегель: Тәжірибе мен тарих көрсеткендей,
халық пен өкімет ешуақытта ешнәрседен сабақ алған емес әрі оған сай әрекет
жасаған да емес. Әр дәуірде басқа дәуірлерден ерекшелендіріп тұратын
жағдайлар болады. Сондықтан да бұл дәуірде осы жағдайларға сәйкес шешімдер
қабылдануы қажет. Тұманды өткеннің естеліктері қазіргі кезеңнің өміршендігі
мен бостандығымен салыстырғанда түк те емес, -деп жазған.
Сонымен, адамдардың қауым ісін талқылауға және шешуге қатысу
формалары алғашқы қауымдық құрылыс пен әскери демократия тұсында пайда
болғаны белгілі. Демократия және саяси қатысу идеясы мен тәжірибесін
дамытуды көне грек өркениетіне алатын орны ерекше.
Саяси қатысудың ерекше әрі алғашқы формасы да осы көне Грецияда
қалыптасқан. Қала – мемлекеттердің (полис) кішігірім аумағы тұрғындардың
жеке және тығыз таныстығын әрі өзара қарым – қатынасын қамтамасыз еткен.
Б.д.д. 507 ж. өмір сүрген Афин демократиясының негізгі белгілерін көрсетер
болсақ:
1. Бұл басқару формасының кішігірім жерде орналасуы; 2. Полис
тұрғындарының қоғамдық – саяси өмірге тікелей қатысу мүмкіндігі (халық
жиналысында дауыс беру арқылы); 3. Полис жетекшілерінің сайланып отырылуы.

1. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі заң шығарушы және атқарушы биліктің ролі

Мемлекет қоғамның маңызды және күрделі саяси институты ретінде
белгілі бір құрылым, ішкі бөлімдер ұйымына ие. Мемлекеттік аппарат практика
жүзінде мемлекет функциясы мен осы үшін бөлінген мемлекеттік
өкілеттіліктерді іске асыратын, қоғамда халықтық биліктің қызметін
қамтамасыз ететін өзара байланысты мемлекеттік органдар жүйесін сипаттайды.
Әр бір мемлекеттік орган мемлекет атынан әрекет етеді, лайықты міндет,
белгілі құрылым және кадрлар үлесі беріледі.
Мемлекеттік аппарат астарында қоғамда заң шығарушы, атқарушы, сот,
мемлекеттік және басқа да билік көмегімен реттеу жүргізетін мемлекеттік
органдар, мекемелер мен ұйымдар жүйесі түсіндіріледі. Мемлекеттік
аппараттың жасушасы - бұл мемлекеттік қызметкер.
Мемлекеттік аппарат құрылымы біріншіден, мемлекеттік билік
ұйымдастырылу бағытына (бірлік, бөліну, субсидиарлық), екіншісінен,
мемлекеттің саяси – территориялдық ұйымдастырылуына байланысты. Мемлекеттік
аппаратты айта отырып, билік жүргізуші лауазымды тұлғалар мен органдарды
(мысалы, парламент, үкімет, судьялар) және қызмет етуші аппаратты құрайтын
мемлекеттік қызметкерлер мен органдарды айыра білу керек.
Республикада атқарушы билік негізінен президентке беріледі, бірақ
оның жүзеге асырылуы басқару формасына тәуелді. Президенттік
республикаларда (Бразилия, АҚШ, Египет, т.б.) президент мемлекет және
атқарушы билік басшысы болып табылады. Ол мемлекеттік аппаратты басқарады,
министрліктер мен өкілеттіктерге істі жүргізеді, ал олар өз кезегінде
төменгі мемлекеттік қызметтіктерге істі жүктейді. Парламенттік
республикаларда, мысалы, Индия мен Германияда мемлекеттік аппаратты үкімет,
нақтылай келсек премьер – министр басқарады. Қуатты министрліктер мен
ведомствалар (қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар жөніндегі,
қауіпсіздік қызметін көрсету және т.б.), кейбір басқа министрліктер (сыртқы
істер, әділет) президент құзырында, ал қалғандары премьер – министр
қадағалауында болады.
Билік тармақтары ішінде ең таралымды және көп аппаратты, мемлекеттік
қызметкерлердің ең үлкен штаты болып табылатын атқарушы билік. Есептеулер
бойынша, парламентарлықтар мен сот қызметкерлерін қызмет көрсету
аппаратымен қоса алғандағы санынан 100 – 150 есе артық.
Сот билігі тармағы өзінің ерекше мамандандырылған аппаратына ие.
Конституция мен заңдарға сәйкес олар өз қызметін жүзеге асыруда ешкімге
тәуелді, бірде бір билікке бағынышты емес. Оның басты қызметі – заңның
қадағалануын бақылау.
Мемлекеттік аппаратқа қатысты бірнеше сыныптамалар бар. Органдар мен
лауазымды тұлғалардың жалпы міндетіне қарай (мысалы, үкімет, президент),
органдар мен лауазымды тұлғалардың салалық міндетіне қарай (мысалы,
министрлер және адам құқығы бойынша өкілеттік) бөлінеді. Мемлекеттік
міндетке қатысты мәселелерді жергілікті істерді шешетін орталық органдар,
жергілікті мемлекеттік органдар айналысады. Мемлекеттік аппарат құрылымда
әріптестік және жекелей органдардан тұрады көп жағдайда дауыс беру арқылы
(мысалы, парламент, сот), екіншісі, жекелей (президент, министр) шешім
қабылдайды.
Мемлекеттік аппарат эелементтері. Мемлекеттік аппарат жүйесінің
негізін жоғары билік тармақтары, бөліп қарасақ – мемлекеттік органдар,
мемлекеттік қызметкерлер (ішінде лауазымды тұлғалар да) құрайды. Негізінен
бұл мемлекеттік аппараттың әртүрлі элементтері.
Мемлекеттік ұйым – жалпы ұғым. Бұл ұғымға мемлекеттік мекемелері мен
кәсіпорындар жатады. Кәсіпорын мен мекеме арасындағы айырмашылық, олардың
қоғамдағы ролі, қызметі, міндетіне байланысты ерекшеленеді. Кәсіпорын -
өндірістік қызмет атқарады, мекеме – халықтың әлеуметтік қызмет етуін
басқарады. Кәсіпорын қызмет әрекетіне қарай (өндірістік, сауда, т.б.) және
бағыну қызметіне және құрылымына қарай (мемлекеттің жергілікті,
акционерленген)бөлінеді. Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік, әлеуметтік –
экономикалық, мәдени – дамытушы істерді жүзеге асыруда маңызды роль
атқарады.
Мемлекеттік орган бұл мемлекеттік биліктің өзгеше құрылымдық бірлігі.
Ол мемлекеттік билік тармақтарының қызметтерінің жүзеге асыратын )мамандық
жұмысына сәйкес мемлекеттік – биліктік өкілеттерден құралады. Мемлекеттік
органның жалпы белгілері: белгілі бір салада, аймақта атқарушы, жүйелеуші
және басқа да басқару қызметінің формаларына ие қоғамдық қызметтерді
атқару; жоғары органдарға құқықтық мәртебенің анықтылығы; ішкі күрделі
құрылым орган аппараты бөлімшелерден (басқа органдар) және сол органдар
белгіленген штаттың мемлекеттік қызметкерлерден тұруы; мемлекеттік
бюджеттен қаржыландыру; мемлекеттік билік алдында бағыныштылығы мен есеп
беруі.
Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттік қызметтегі және мемлекеттік
органдар өкілеттігін қамтитын кәсіби қызмет етуші тұлға. Мемлекеттік
қызметкердің қызметі, жұмысшының, шаруаның, басқа қызметкерлердіңеңбегінен
мемлекеттік, қоғамдық сипатымен ерекшеленіді. БҰл қызмет негізінен еңбектік
емес, әкімшілік құқықпен реттеледі. Мемлекеттік қызмет институтында
мемлекеттік лауазым маңызды мәнге ие. Бұл элементтік бірліктің қызмет
атқаруда белгілі құқықтары мен жауапкершілігі бар, соған сәйкес міндетін
орындауы ақша көлемінде бағаланады. Лауазымды тұлғалар өз қызметінде
дискрециондық өкілеттілік міндеттемесінің, яғни заңнан тыс басқа
тұлғаларға, ұйымдарға, органдарға қатысты шешім қабылдауға құығының иегері
болып табылады.

1.3 Заң шығарушы мен атқарушы биліктің және органдарының

Биліктің заң шығарушы органдары. Биліктің заң шығарушы органдары
мемлекетте басқару жүргізуді заңдар мен басқа да құқықтық актілерді
қабылдау арқылы, сондай – ақ мемлекеттік басқа органдарды құрып және оның
қызметіне бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырады. Олар әртүрлі деңгейде
әрекет етеді. Негізінен алғанда, жалпы мемлекеттік заң шығарушы органдары,
федерацияның субъектілер органдары және автономдық қалыптасуға сәйкес заң
шығарушы органдары бар. Бұл заң шығарушы органдарға саяси сипат тән. Ең
басты биліктің заң шығарушы органына парламент жатады. Ол бір немесе екі
палатадан құралған жалпы мемлекеттік орган болып табылады.
Парламент құрамы. Парламент құрамының мүшелері әртүрлі елдерде бірдей
емес. Ірі емес мемлекеттерде парламент 15 адамнан құралады. Ең көпқұрамды
бір палаталы парламент – Бүкіл Қытайлық Халықтар өкілдіктерінің жиналысы 3
мың мүше адамға есептелге. Негізінен әрбір палата 100 адамнан (мысалы,
Италияда 915 сенатор мен 630 депутаттан, АҚШ – та 100 сенатор және 435
өкілдіктер мүшілерінен, Жапонияда 252 палата кеңесшілері мен 500 палата
өкілдерінен) тұрады. Әдетте, жоғары палата мүшелері төменгі мүшелерге
қарағанда аз болып келеді. Парламентте депутат жағдайы, елде қабылданған
депутаттың еркін мандатына немесе императивтік мандатқа сай, депутаттың
кәсіби парламентар немесе өз мандатын кәсіпорынның, мекеменің тұрақты
жұмысымен байланыстырушы депутат болуына қарай, оның сайлаушылармен қарым –
қатынасынан көрінеді.
Еркін мандат, яғни сайлау округіндегі халықтан шыққан депутат ретінде
қаралады. Ол нақтылы бұйрықтарды ( өз сайлаушыларының тапсырмаларын)
орындауға міндетті емес, бірақ бұл сайлаушылармен байланыс жоқ дегенді
білдірмейді. Депутат тұрақты өз сайлау округіне барып, сайлаушыларды
қабылдап, олармен белсенді сөйлесіп жүздеседі. Ол парламентте
сайлаушыларының мүдделерін қорғайды.
Императивтік мандант тоталитарлық социалистік елдерге (федерацияның
заң шығарушы кейбір депутаттарына және демократиялық елдердің жергілікті
өзін - өзі басқару органдарына) тән. Яғни, депутаттар (тоталитарлық
социалистік мемлекеттерде сенаторлар жоқ) өз сайлаушыларынан міндетті
бұйрықтарды алып, тез уақыт аралығында орындауға мүмкіншілігі бар деген сөз
жекеленген демократиялық елдерде императивтік мандант өзге түрде байқалады.
Бұл ФРГ – ның жоғары палата мүшелеріне – бундесратқа қатысты. Олар
сайланбайды, жердік үкіметтердің басшылығымен тағайындалып, осы
үкіметтердің мүшесі (әдетте жердің премьер – министріжәне басқа да
министрлер) болып және өз үкіметтерінің құрылымына сай іс - әрекет етуі
тиіс. Демократиялық елдерде депутат кәсіби парламентар. Депутат
парламенттегі өз жұмысын ақылы кәсіппен (көбінесе оқытушылықпен қатар,
ғылыми, шығармашылық жұмыстар) үйлестіре білгенмен, жемқорлық іспен
айналысуға және депутаттық жағдайын өз мақсатында пайдалунаға қатаң тыйым
салынады. Депутат мемлекеттік қызметке орналасуға құқығы жоқ. Депутат
палата отырыстарына қатысуына, парламент комитеттерінің (комиссияларының)
жұмысына араласуына міндетті.
Тоталитарлық социализм елдерінде депутат өз сайлаушыларына жақын
болып, олардың жағдайларын және мұқтаждықтарын жеткілікті болу үшін ол
сайлаудан кейін бұрынғы жұмысынан қол үзуі қажет деп түсіндіріледі. Мұндай
депутат – қоғамдық бастамаларға еңбек ететін және өз еңбегінің жемісіне
өмір сүретін тұлға.
Бұл бағыттың оң және теріс жақтарын анық көруге болады. Бір жағынан,
депутат өз сайлаушыларына жақын, олардың мұқтаждықтарын жақсы біледі.
Екінші жағынан, заңдық процесс жоғары біліктілікті, кәсіби қабілеттілікті,
ерең еңбекті талап етеді, көп уақыт алады. Сондықтан кейбір елдерде
(Австрия және т.б.) екі бағыттың жолдарын бірдей қолдану қолға алынып отыр.
Парламенттің ішкі органдары және оның палаталары. Парламент төрағасы
көптеген фракциялар ортасынан, ал оның орынбасарлары басқа ірі
фракциялардан тағайындалады. Парламент төрағасының барлық елдерде жалпы
өкілдік қызметке құқығы бар.
Тұрақты комитеттер пленарлық отырыста қабылданған (әрбір комитет - өз
мамандығы бойынша) сұрақтарды қарастырады, комитет өкілі комиссия атынан
осы немесе басқа талқылаған маңызды сұрақтар немесе заң жобасына қатысты
баяндамасын оқиды. Көптеген елдердің комитеттері министрлер қызметіне
бақылау жүргізуге және отырысқа министрлерді шақырып олардан керекті
мәліметті алуға құқығы бар.
Уақытша комиссиялар жекеленген мәселелерді шешуге қажеттілік
туындағанда құрылады.
Конституция Францияда 1958ж., Сенегалда 1963ж., Румынияда 1991ж.,
Қазақстанда 1995ж. қабылданды.
Парламенттің маңызды ішкі ұйымы – партиялық фракциялар (парламенттік
партиялар, клубтар, депутаттар бірлестігі). Фракция бір немесе жақын
партиялардың, басқа бірлестіктегі депутаттардың көзқарастарының
сәйкестігіне қарай оларды топтастырады. Олар палаталардың жоба бойынша
шешімдеріне өз көзқарастарын, ал кейде заң қабылдағаннан кейін
қалыптастыруға және білдіруге құрылады. Фракция атынан көшбасшы немесе
сенімді басқа тұлға өз көзқарастарын айтады.
Фракция маңызды құқықтарға ие. Ол өз араларында комитеттер
(комиссиялар)басшыларының орнын белгілейді. Фракциянң парламентте өз
бөлімшелері болады, оларға кезектен тыс сөз беріледі. Депутаттар, фракция
атынан сөз алушыдан кейін сөз сөйлейді.
Парламентте және оның палаталарында тұрақты комиссиялар құрылады.
Әрбір елдерде олардың атаулары әртүрлі, бірақ комитет сөзі тұрақты
органдарға, ал комиссия - уақытша органдарға қолданылады. Тұрақты
комитеттер парламент (палата) өкілеттілігінің барлық уақытына құрылады және
әдетте олар салалық немесе мамандандырылған (қорғаныс, сыртқы істер,
ауылшаруашылық, денсаулықты сақтау және т.б. бойынша) болады.
Заң шығару процессі. Заң шығару – парламенттің негізгі жұмысы. Бұл
процесс заң шығару инициативаларын құру кезеңінен басталады. Заңның жобасын
кез келген тұлға құрып, мысалы, пошта арқылы парламентке жібере алады.
Бірақ парламент кез келген ұсынысты қарастыруға міндетті емес. Оның
міндетіне заңдық иницмативаға ие тұлғаның ұсынысын қарау кіреді және осы
ұсыныс бойынша кез келген шешім қабылдауға құқығы бар. Бюджетке қатысты заң
жобаларын тек үкімет шығара алады.
Атқарушы билік ролі және оның органдары. Билікті бөлу тұжырымдамасы
бойынша атқарушы билік – заңдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атқарушы биліктің құрылымы
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі заң шығарушы және атқарушы билік
Қазақстан республикасындағы Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму жолдары
Қазақстан Республикасы үкіметінің билікті бөлу принципімен сәйкес конституциялық-құқықтық уәкілеттігі
Қазақстан Республикасы кәсіби парламентінің қалыптасуы
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары
Мемлекеттік билікті ұйымдастырудағы Конституцияның рөлі
Құқықтық мемлекет идеяларының дамуы
Заң шығарушы органдар
Пәндер