Газет тiлi - қазақ тiл бiлiмiнде зерттеушiлер назарында жүрген сала



КIРIСПЕ
1.1. Газет тілі лексикасының ерекшеліктері
1.2. Қазақ газеттерінің ағартушылық
бағыттағы қызметі
1.3. Қазақ газеттерiнiң ақпарат тарату, үгiт.насихат
жүргiзу саласындағы қызметi
2.1. Әлеуметтiк факторлардың газет құрылымына тигiзетiн әсерi
2.2. Әлеуметтiк факторлардың газет типтерi мен
олардың лексикасын қалыптастыруға тигiзетiн ықпалы
2.3. Газеттiң iшкi құрылымына тән лексикалық
ерекшелiктер
2.3.1. Газет айдарларының лексикалық, лингвостилистикалық
құлылымы
2.3.2. Газет тақырыптарының лексика.семантикалық
ерекшелiктер
2.3.3.Газет жанрларының тiлдiк ерекшелiктерi
2.3.4. Бас мақала және оның лексика.стилистикалық
құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Шартты қысқартулар
Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Газет тiлiнiң қазақ тiл бiлiмiнде зерттеушiлер назарында жүрген сала. Алғашқы басылымдар мен бүгiнгi күнгi газеттер тiлi әр түрлi аспектiлерде қарастырылып келедi. Сондықтан да газет лексикасының қабаттары әр қабатқа сай ерекшелiктер, газет тiлiндегi жаңа қолданыстар, сәтсiз баламалар мен ұтымды атаулар, олардың әдеби тiлдi дамытудағы рөлi мен қызметi туралы мәлiметтердiң болуы көп жылғы зерттеулердiң жемiсi болмақ.
Зерттеудiң мақсаты: Газет тiлiн зерттеу қажеттiгiн тудыратын факторлар сан алуан. Газет тiлiн зерттеу арқылы жалпы қазақ тiлiнiң даму бағытын, деңгейiн аңдауға болады. Газет тiлi құрылымы мен жүйесiне сай жиi қолданылатын тiлдiк бiрлiктердi сөзге тән өзге де ерекшелiктер аясын айқындау және олардың жасалу жолдарын сипаттау барысында сөзжасамдық амал-тәсiлдерге тоқталу қажеттiлiгi туындайды.
Зерттеудiң әдiстерi: Газет-ақпарат жеткiзiп, үгiт-насихат тарататын орган. Оның аталмыш қызметтерi бұқара, әлеуметтiк ортамен тығыз байланысты. Сондықтан да газет тiлiн әлеуметтiк ортамен тығыз байланысты, газет тiлiн әлеуметтiк лингвистикамен ұштастыра зерттегенде он нәтижеге қол жеткiзуге болады.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы: Бүгiнгi күнде қазақстан аумағында газет-журналдар, телеканалдардың бәрiн қоса есептегенде жалпы саны 356 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет атқарады. Соның iшiнде газеттер туралы мәлiметтерге көңiл аударғанда, олардың саны мен түрлерiнде, типтерiнде бiрқатар сапалық та, сандықта өзгешелiктер пайда болғанын аңғардық. Айталық, газеттердiң мемлекеттiк және мемлекеттiк емес түрлерi пайда болған. Бiрақ, мемлекеттiк емес қазақ газеттерi саны мен сапалық көрсеткiшi жағынан әлi де өз деңгейлерiне жете алмай жатқанын аңғару қиынға түспейдi. Әр газет типiне орай олардың айдар, тақырыптарында айырмашылығықтар болады. Бұл айырмашылықтар сөз қолданыста (арнайы лексиканы қолдануына орай, кiрме сөздер мөлшерiне қарай) айқын байқалғанымен, жалпы газет атаулының айдар, тақырып, жанрлары құрылымында аса көп өзгешелiктер жоқ.
1. Қазақ энциклопедиясы баспасы. 1998.
2. Н.Қарашева. Грамматические особенности языка казахской публицистики начала ХХ века ( на материале журнала “Айкап”).Дисс. канд. Фил. наук. Алматы. Ата.1959.
3. С.Исаев. Қазақтың мерзiмдi баспасөз тiлiнiң дамуы.Алматы. Қазақстан – 1983.
4. С.Исаев. Қазақ әдеби тiлiнiң совет дәуiрiнде дамуы. Алматы. 1973.
5. Б.Момынова “Қазақ” газетiндегi қоғамдық-саяси лексика. Алматы, Арыс. – 1998.
6. К.И.Белинский. Язык газеты. Москва, - 1996.
7. В.Г.Костомаров. Русский язык на газетной полосе. Москва.-1971.
8. И.П.Лысакова Тип газеты и стиль публицистики. Ленинград, - 1989.
9. Г.Я.Солганик. Лексика газеты. Москва, 1981.
10. Мемлекеттiк тiл: бүгiнi мен болашағы. Астана. Елорда, - 1998.
11. Н.Сабитов. Мектебы и медресе у казахов. Алматы. 1950.
12. Т.Тажибаев. Просвещение и школы Казахстана во II половине ХIХ в. Алма-Ата, - 1962.
13. А.Байтұрсынов. Ақ жол. Алматы. 1994.
14. А.Алдашева. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. Алматы, Арыс.1998.
15. Р.Барлыбаев. Қазақ тiлiндегi қоғамдық-саяси лексика. Алматы, 1978.
16. А.Р.Будагов. Проблемы развития языка. М-Л. 1984.
17. Антология кинизма. Отв. Ред. А.А.Тахо-Годи.М., 1984.
18. К.Аханов. Тiл бiлiмiне кiрiспе. Алматы. 1965.
19. Т.Қордабаев. Жалпы тiл бiлiмi. Алматы. 1983.
20. А.Д.Шверцер. Вопросы социологии языка в современной американсой лингвистике. Ленинград., 1971.
21. М.М.Бахтин. Вопросы литературы и эстетики. Москва.1975.
22. А.Г.Бочарев. Основные принципы типологии современных советских журналов. II ВМГУ, сер.х, журналистики, 1973,3.
23. В.ВБакшин. Типологические особенности газетного оформления II ВМГУ, сер.х, журналистика 1977,1.
24. М.Балақаев, Р.Сыздықова, Е.Жанпейiсов. Қазақ әдеби тiлiнiң тарихы. Алматы, 1968.
25. О.Бүркiтов. Қазақ әдеби тiлiнiң публицистикалық стилi (мерзiмдi баспасөз материалдары бойынша). Канд. Дисс. Автореф. Алматы. 1996.
26. А.Алдашева. Лексика новооброзования в современнов казахском литературном языке (на материале периодической печати 1976-1991гг.) АКД.Алма-Ата.1992.
27. М.Оразова. Қазақ тiлiнiң семантикасы. Алматы,1991.
28. Тiл мәдениетi және баспасөз. Алмалы. Ғалым.-1968.
29. Р.Сыздықова. Сөз құдiретi. Алматы. Санат- 1997.
30. Айқап. Алматы, Қазақ энциклопедиясы. –1995.
31. Т.Амандосов. Верныйдағы большевиктiк тұғғыш қазақ газетi, Алматы, 1959.
32. Т.Айдаров. Қазақ тiлiнiң лексикалық ерекшелiктерi. Алматы, 1975.
33. Жазушы және сөз мәдениетi. Алматы.1983.
34. Қазақ әдеби тiлi тарихының проблемалары.Алматы.1987.
35. Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар.Алматы. 1991.
36. А.Сармурзин, М.Қойгелдиев. Қазақтың жарық жұлдызы (“Қазақ” газетiнiң шығу тарихынан) II “Жұлдыз”, 1990,9.
37. К.Мусаев Лексикология тюркских языков. М.1984.
38. С.Исаев. Қазақ тiлi жайында ойлар. Алматы.1997.
39. М.Балақаев. Баспасөздiң тiл мәдениетi туралы II Тiл мәдениетi және баспасөз. Алматы, Ғылым. – 1968.
40. М.Балақаев. Қазақ әдеби тiлi және оның нормалары. Алматы.1984.
41. Р.Сыздықова, Б.ШҮалабаев. Көркем текстi лингвистикалық талдау. Алматы, Мектеп,1998.
42. Б.Кенжебаев. Қазақ баспасөзiнiң тарихынан (тарихи очерк). Алматы. 1950.
43. Ү.Субханбердина. Алматы, Ғылым, -1989-1996.(1-5 кiтап).
44. Ө.Әбдiманов. “Қазақ” газетi Алматы, Қазақстан. 1993.
45. Айқап. Алматы, Қазақ энциклопедиясы. – 1995.
46. И.Әбiлдаева. “Социалистiк Қазақстан” газетi Ұлы Отан соғысы жылдарында. Алматы. 1964.
47. Ш.Құрманбайұлы. Қазақ лексикасының терминденуi. Алматы. Ғылым, 1998.
48. Х.Досмухамедов. Таңдамалы шығармалары. Алматы, Арыс – 1998.
49. Ә.Бөкенханов. Шығармалары (“Қазақ” газетiне жарияланған мақалалары) Алматы, Қазақстан – 1994;
50. Ж.Әлмашұлы, Н.Төреқұлұлы (ғылыми-публицистикалық толғау). Алматы, Жетi жарғы, - 0996.
51. Х.Кәрiмов. Қазақ әдеби тiлiнiң тарихы (методикалық нұсқау). Алматы. 1988.
52. Т.Қордабаев. Қазақ тiл бiлiмiнiң мәселелерi. Алматы.1991.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
КIРIСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Газет тiлiнiң қазақ тiл бiлiмiнде
зерттеушiлер назарында жүрген сала. Алғашқы басылымдар мен бүгiнгi күнгi
газеттер тiлi әр түрлi аспектiлерде қарастырылып келедi. Сондықтан да газет
лексикасының қабаттары әр қабатқа сай ерекшелiктер, газет тiлiндегi жаңа
қолданыстар, сәтсiз баламалар мен ұтымды атаулар, олардың әдеби тiлдi
дамытудағы рөлi мен қызметi туралы мәлiметтердiң болуы көп жылғы
зерттеулердiң жемiсi болмақ.
Зерттеудiң мақсаты: Газет тiлiн зерттеу қажеттiгiн тудыратын
факторлар сан алуан. Газет тiлiн зерттеу арқылы жалпы қазақ тiлiнiң даму
бағытын, деңгейiн аңдауға болады. Газет тiлi құрылымы мен жүйесiне сай жиi
қолданылатын тiлдiк бiрлiктердi сөзге тән өзге де ерекшелiктер аясын
айқындау және олардың жасалу жолдарын сипаттау барысында сөзжасамдық амал-
тәсiлдерге тоқталу қажеттiлiгi туындайды.
Зерттеудiң әдiстерi: Газет-ақпарат жеткiзiп, үгiт-насихат тарататын
орган. Оның аталмыш қызметтерi бұқара, әлеуметтiк ортамен тығыз байланысты.
Сондықтан да газет тiлiн әлеуметтiк ортамен тығыз байланысты, газет тiлiн
әлеуметтiк лингвистикамен ұштастыра зерттегенде он нәтижеге қол жеткiзуге
болады.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы: Бүгiнгi күнде қазақстан аумағында газет-
журналдар, телеканалдардың бәрiн қоса есептегенде жалпы саны 356 бұқаралық
ақпарат құралдары қызмет атқарады. Соның iшiнде газеттер туралы
мәлiметтерге көңiл аударғанда, олардың саны мен түрлерiнде, типтерiнде
бiрқатар сапалық та, сандықта өзгешелiктер пайда болғанын аңғардық.
Айталық, газеттердiң мемлекеттiк және мемлекеттiк емес түрлерi пайда
болған. Бiрақ, мемлекеттiк емес қазақ газеттерi саны мен сапалық көрсеткiшi
жағынан әлi де өз деңгейлерiне жете алмай жатқанын аңғару қиынға түспейдi.
Әр газет типiне орай олардың айдар, тақырыптарында айырмашылығықтар болады.
Бұл айырмашылықтар сөз қолданыста (арнайы лексиканы қолдануына орай, кiрме
сөздер мөлшерiне қарай) айқын байқалғанымен, жалпы газет атаулының айдар,
тақырып, жанрлары құрылымында аса көп өзгешелiктер жоқ.
Зерттеудiң теориялық, практикалық маңызы: Қазақ публицистикасы
стилiнiң пайда болып, қалыптасып, дамуындагазет тiлiнiң, олар атқарған,
әлеуметтiк-қоғамдық қызметтерi түрлерiнiң (ағартушылық, ақпараттық, әдеби
тiлдi жетiлдiру) әсер-ықпалы мол екенiн бiлемiз.
Зерттеу-жұмысының құрылымы: Сонымен бiрге, газет лексикасының
құрылымы мен жүйесiне тән ерекшелiктердi тану, оның құрылысына (айдар,
тақырып, жанр кейбiр мәтiндiк ерекшелiктерiне) тоқталу, сондай-ақ газет
лексикасының типтерiн қоғамдық-саяси лексика, бағалауыштық лексика,
бейтарап сөздер қатарын анықтау, оларға тән тiлдiк қабаттарға тарихи-
сементикалық талдаулар жасау.
Жұмыста, сондай-ақ, тiлдiк жүйе мен құрылым, оларға тән парадигмалық
және синтагматикалық қатынастардың газет лексикалы деңгейiнде көрiнуi
негiзделедi, талданады.

1.1. Газет тілі лексикасының ерекшеліктері

Мәдениеттің ең маңызды жансерігі жазу арқылы өркениет жемісі
саналатын газеттер сөйлейді. Газет - халықтың рухани, мәдени өмірінің
айнымас бөлшегі. Газеттің жалпы адамзат тарихындағы, жекелеген халықтар
мәдениеті мен тарихындағы алатын орны айрықша маңызды. Сондықтан болар
қазақ тілші-ғалымдары газет тілі мәселесін назардан тыс қалдырған емес.
Лингвист-ғалымдар арасында қазақ баспасөзінің тілі жөнінде алғаш
арнайы зерттеу еңбек жазған Н.Қарашева болды (1). Бұл зерттеуде "Айқап"
журналы тілінің граматикалық ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды.
Баспасөз тілін зерттеуге арналған екінші еңбек - Б.Әбілқасымовтың
кандидаттық диссертациясы (2). Әдеби тілді зерттеуге байланысты жазылған
ғылыми ізденістер қатарына қосылған бұл сүбелі еңбекте газет тілінің
фонетикалық-орфографиялық жүйесі, лексикасы, грамматикалық ерекшеліктері
барынша жан-жақты қамтылып, талданған. Кейін аталған диссертациялық еңбек
жеке кітап болып жарық көрді.
Газет тілі С.Исаев зерттеулерінің де нысаны болды (3,4). Көрнекті
тілші-ғалымның зерттеулерінде ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы мерзімді
баспасөз тілі грамматикалық тұрғыдан олардың жанрлық-стилистикалық
ерекшеліктері ашыла отырып талданады және тіл мәдениеті мәселелері
қамтылды.
Сондай-ақ, А.Алдашева "Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар" (1991)
атты кандидаттық диссертациясында 1970-1990 жж. аралығындағы мерзімді
басылымдар тіліндегі жаңа қолданыстарға шолу жасайды. Газет тіліндегі жаңа
қолданыстарды талдауға арналған енді бір кандидаттық диссертация зерттеуші
Қ,Қадырқұловтың еңбегі екенін де айта кету керек.
Жекелеген газеттер тілі бойынша "Қазақ" газетіндегі қоғамдық-саяси
лексиканы жүйелеген Б.Момынованың зерттеу-еңбегі бар (5). Ал О.Бүркітовтың
"Қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі" (Алматы, 1996) атты кандидаттық
диссертациясы осы ізденістердің қатарын толықтыра түсті. Әрине, аталған
еңбектерден өзге көптеген ғылыми мақалалар арқауы да газет тілі болғанын
ескере кеткен жөн.
Орыс тіл білімінде газет тілі туралы К.И.Былинский (Язык газеты. М.,
1996), В.Г.Костомаров (Руский язык на газетной полосе. М., 1971),
И.П.Лысакова (Тип газеты и стиль публицистики. Л.,1989), Г.Я.Солганик
(Лексика газеты. М., 1981), т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Бір жарым ғасырдан астам тарихы бар қазақтың мерзімді басылымдарының
алғашқы қарлығаштары (ДУГ, ТУГ) туралы ғалым С.Исаев былай дейді: "...Әуелгі
кезде (революциядан бұрын) мерзімді баспасөз тілі жазба әдеби тілдің
өзіндік ерекшеліктері орныққан нормалары бар, жүйелі тілдік өрнектерімен,
публицистикалық мазмұнына сай сөз тігісімен сипатталатын тұрақты көрінісі
ретінде бірден қалыптасып кете алмады. Біздің байқауымызша, оның басты
себебі, революциядан бұрынғы газет-журнал шығару ісінің тарихы онша терең,
мерзімі ұзақ болмауында ғана емес, сонымен бірге бұл мәселені, жалпы баспа
ісінің қазақ қауымы үшін жаңалық болумен, баспа ісінің көршілес татар,
башқұрт, өзбек халықтары өкілдерімен тығыз қарым-қатынас болумен, алғашқы
газеттердің, негізінен, аударма органдар болумен және маман да сауатты
журналистердің жетіспеуімен тікелей байланысты" (6, 64).
Ғалым-зерттеушіБ.Әбілқасымов алғашқы қазақ газеттерінің программасы
жөнінде әңгіме қозғай келіп: "Ол программа бойынша газет жоғарғы ұлықтардың
қазақ даласына қатысты бұйрық-жарлықтармен қазақтарды таныстырып тұруға,
сондай-ақ олардың арасына елдің табиғаты, тұрмысы, шаруашылық жайы (мал
шаруашылығы, егіншілік, айырбас сауда т.б.) туралы хабарларды таратуға"
тиісті болғанын тілге тиек етеді. Патша үкіметі сөз жүзінде осылай дей
тұрса да, іс жүзінде қазақ халқын ағартуды тіпті де көксеген жоқ. Шын
мәнінде оның көздегені - үкімет жарлықтарын ана тілінде тарату арқылы оны
сөзсіз орындаттыруды қамтамасыз ету, жергілікті халықты басқаруды
жеңілдету, қазақтың артта қалған патриархалды шаруашылығын біраз ілгері
көтеріп, оны патша үкіметінің шикізат жөніндегі қажетін өтейтін дәрежеге
жеткізу, сондай-ақ қазақтың өз тілін дамыта отырып, сол кездің өзінде
"патша үкіметінің орындастыру саясатына зиянын тигізе бастаған" шағатай,
түрік, татар тілдерінің ықпалына қарсы күресу болды. Сөйтіп, өзінің
отаршылдық саясатын одан әрі күшейте беру мақсатын ұстады" - дейді (7, 13).

Әйтсе де алғашқы қазақ газеттері мен кейінірек жарық көрген "Қазақ"
сынды ұлттық басылымның халықтың мәдени, рухани, қоғамдық және әлеуметтік
санасын қалыптастырудағы ықпал-әсері шексіз.
"Дала уәләятінің газеті" екі бөлімнен ( ресми және ресми емес)
тұрды."Бұйрықтар жазылатын бөлегінде" патша үкіметінің жергілікті
әкімдерінің қазақтарға қатысты бұйрық-жарықтары аударылып басылып отырды,
ал "Бұйрықтан басқа сөздер жазылатын бөлегінде ": ел басқару, егіншілікті
өркендету, отырықшылыққа көшу, мал тұқымын асылдандыру, сауда хабары,
мәдениетке ұмтылу (мектеп ашу, дәрігерлік жәрдемді күшейту, әдебиетті,
қазақтың ана тілін дамыту) мәселелері көтерілді" (7,14).
Ал "қазақ" газетіне сол тұстағы қазақ қауымының көкірек көзін ашқан
материалдар жүйелі жарияланып отырды. Соның ішінде көркем әдебиет үлгілері,
ағартушылық бағыттағы, салт-дәстүрге байланысты жазылған мақалалар газеттің
негізгі ұстанған бағытынан хабардар етеді. Танымдық ауқымы мол материалдар
халықтың көзін ашуға, оқуға, білімге үндеп, мәдениетке шақыру мақсатын
көздеді. Атап айтсақ: " Қазақтың тарихы " ( Түрік баласы, Қ., 1913, N7,9);
"Жазу мәселесі " (А.Б.Қ., 1913, N34,35, 36); " Школдарда ана тілімен оқыту"
(Арысұғлы, Қ., 1914, N48); "Қазақ мактабы" (Қ., 1914, N116); "Школдарда ана
тілімен оқыту" (Қ., 1915, N117); "Бала тәрбиесі" ( Жаңа Байбақты, Қ., 1915,
N119); " Емле туралы" ( Н.Күзембаев, Қ., 1915, N116); "Жазу мәселесі",
"Бастауыш мактаб"(Қ., 1914, N 61), "Қазақтың бас ақыны" (А. Б.Қ., 1913,
N42,43); "Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан" (М.Д.Қ., 1914), т.б.
Жалпы қазақ газеттерінде жарияланған материалдардың маңызы мен мәнін
ескере отырып, газеттің қоғамдық өмірінде алатын орны мен қызметін үш
бағытта топтастыруға болады:
1) қазақ газеттерінің халық санасын ояту үшін атқарған ағартушылық
бағыттағы қызметі;
2) ақпарат жеткізу мен үгіт-насихат жүргізу бағытындағы қызметі;
3) әдеби тілді, сөздік қорды сан және сапалық жағынан толықтырудағы,
байытудағы қызметі.
1.2. Қазақ газеттерінің ағартушылық
бағыттағы қызметі
Жоғарыда айтып өткеніміздей, газеттің ағартушылық бағыттағы
қызметінің бастау алар тұсы - алғашқы қазақ газеттерінің шыққан - "Қазақ"
газетінің уақытымен тұстас келді. Өйткені, "Газет - халыққа білім таратушы.
Олай дейтініміз, газеттен жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-
бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетікпекші"(8,
10).
"Қазақ" газетінің осы салада айрықша көрінуі оның бас шығарушысы
А.Байтұрсынұлы есімімен байланысты. Бүгінгі күні А.Байтұрсынұлы қалдырған
мұралар жан-жақты сараланып, бағасын алып жатқан кезде Ахаң ағартушылығы
жеке зерттеудің үлесіне тиесілі екені даусыз. Торғайда мектепте сабақ беріп
жүріп, қазақ балаларын оқыту үшін не керек, не жетіспейді, қалай оқыту
тиімді деген қаптаған сауалдардың біраз жауабын газет арқылы шешуді мақсат
тұтуы тар жол, тайғақ кешулерден өте отырып, "халықтың құлағы, көзі һәм
үні" (өз сөзі) болған "Қазақ" газетін ашуға ұласады. Ауылда ондаған баланың
сауатын ашқан "Қазақ" арқылы мыңдаған өнер-білімге сусағандардың көкірек
көзін ашу қиын да болса жемісті көрінеді. 1914 жылы: "Елу-алпыс балаға
арнап берген сабақтан алты миллион қазақты алаламай істеп отырған ісімді
артығырақ көремін", - деуі, соның айғағы.
"Бір сөзбен айтсақ, ұстаздықты ұлттық мүддеге бағындырып,
ағартушылықты планетарлық масштабта қарайды; өз халқы білім жарысына
түсетін күнді жақындатты" (9, 32). Оның ағартушылық қызметінің нәтижесі
М.Дулатов, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин сынды ұлт
зиялыларының тәрбиеленуі арқылы анық көрінді. Жалпы А.Байтұрсынұлы
ағартушылық қызметінің үш қырын былайша көрсетуге болады:
Біріншіден, Абайтұрсынұлы орысшы немесе татар, ноғай молдалары оқытып
жүрген мұсылманша оқу түрлерін санамалай келе, қазақ баласы үшін ең алдымен
білім ана тілінде берілуі міндетті екенін айтады.
Әрі ұстаз, әрі ағартушы ретінде А.Байтұрсынұлының көңілін бөліп,
қатты алаңдатқан екінші мәселе-мектептің құрылымы, оқыту жүйесінің
мәселелері. Ол: "Бұл күнде қазақша оқуда кемшілік көп. Әуелі, оқу құралы,
кітаптар жоқ. Ноғайша оқу құралдары қазаққа үйлеспейді. Екінші, қазақ
мектебіне түзелген бағдарлама жоқ, онсыз оқу бір жөннен шықпайды. Үшінші,
бала оқыту ғылымынан хабардар мұғалімдер аз", - деп, осындай оқуға
ауыртпалықтар әкеліп, бөгет жасап отырған қиындықтарды шешудің нақты
шараларын белгілейді.
1913 жылы Ахаң "Қазақ"-тағы "Қазақша оқу жайынан" атты мақаласында:
"Бала оқытуды жақсы білейін деген адам, әуелі, балаларға үйрететін
нәрселерін өзі жақсы білуге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл
сарайын танитын адам боларға керек", - дейді. Келесі бір санында "Оқу
жайынан" сөз қозғағанда, сандық, статистикалық мәліметтерді тізіп бере
отырып: "Бұл есептен көрінеді: Қостанай уезінде қазақша хат танитын еркек
әрбір жүз кісіден алтау, орысша хат танитын әрбір мың кісіден сатау.
Қазақша хат танитын әйел әрбір үш жүз кісіден біреу, орысша хат танитын
әрбір төрт мыңнан біреу екен. Бұл цифрлар қазақта оқудың тіпті аздығын
көрсетеді...
Қазақ халқында бұл күндегі орысша һәм қазақша оқу жайы осы. Мұнан
былай оқу һәм оқыту мәселесі "Қазақта" түгел жазылып тұрмақшы", - деп
бітірелі сөзін.
"Мектеп керектері" деген мақаласында осы ойын одан әрі жалғастыра
түсіп, қазақ даласында оқу жүйесі қалай, қандай болу керектігін былайша
көрсетеді:
"Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай
болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін
болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң,
ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар,
оқыта білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы
болуы, құралсыз іс істелмейді һәм құрал қандай болса істелген іс те сондай
болмақшы... Үшінші, мектепке керегі - белгіленген программа. Керексіз
нәрселерді үйретіп, балалардың өмірін босқа өткізбес үшін, балалардың күші
жетпейтін алысқа сүйреп кетпес үшін бастауыш мектепте үйренетін нәрселердің
кесім-пішімі болуға тиіс. Сол пішім программа деп аталады" - дейді (10, 252-
272).
Жалпы осы тұста ағартушылық қызмет атқару сол кездегі әрбір оқыған
азаматтың парызы, әрбір жарық көріп жатқан кітап пен мерзімді басылымдардың
қай-қайсысының болмасын төл міндеті сынды еді. Газет арқылы бұл қызметті
мыңдаған адамға, қалың бұқара қауымға көрсету мүмкіндігі туды.
"Қазақтағы оқу-білім, халық ағарту саласына қатысты атаулардың басты
ерекшелігі - тілімізге ертеден еніп, әбден қалыптасып кеткен арабизмдермен
қатар орысша сөздердің де жарыса қолданылуы. Бұлай болуы заңды да.
Өйткені,сол кезде қазақ даласында оқудың, оқытудың екі түрі бар еді. Бірі -
діни, ескіше, қазақша оқу, яғни школа, гимназия жүйесі еді. Осы екі саланың
бір ізге түсіп қалған терминдеріне қоса газет тұтқасын ұстаған
А.Байтұрсынұлы сынды ағартушылар қазақтың төл сөздерін көптеп енгізіп
отырған.
Қазақ даласындағы оқу жүйесінің өткен ғасырлардағы тарихы күні
бүгінге дейін толық зерттелген емес. Ертеректе жазылған Н.Сәбитовтың
(Мектебы и медресе у казахов. Алма-ата,1950), Т.Тәжібаев (Просвищение и
школы Казахстана во ІІ половине ХІХ в. Алма-Ата, 1962) кітаптарін
айтпасақ, бұл салада іргелі зерттеулер жоққа тән. Осындай зерттелінуі
жетімсіз тақырыпқа, яғни педагогика тарихына тiлдiк жағынан келiп,
олқылықты бiршама толықтырған ғалым – профессор Р.Сыздықова болды. Ғалым
Абай шығармаларының тiлiн сөз еткен монографиясында Адамзаттық сипаттағы
оқу-ағарту мен ғылым-бiлiмге қатысты сөздер деген атау енгiзiп, көптеген
атаулардың тарихи даму процестерiн талдайды. Зерттеушiнiң көрсетуiнше,
тiлiмiзде күнi бүгiнге дейiн қолданылатын мектеп сөзi – ХIХ ғасырдың
жемiсi. Оған дейiн бүкiл Шығыс әлемiнде барлық оқу орны медресе деп
аталған. Ал татар жұрты, Орта Азия халықтары бiрте-бiрте сауат ашып,
мәдениетке қол арта бастаған кезде мектеп сөзi жиi қолданысқа түсiп едi,
мiне, содан берi тiлiмiздiң сөздiк қорынан берiк орын алып келдi.
Әрине, ата-бабаларымыздың ҮIII-IХ ғасырдан бастап тұтынған араб
жазуы, араб оқуы, ислам дiнi халықтың сөйлеу тiлiнде терең iз қалдырды.
Мектеп, кiтап, медресе сияқты сөздердi талай ғасыр бұрын-ақ екiнiң бiрi
бiлiп, ұғынғаны дау туғызбайды. Мактаб – мектеп, китаб – кiтап түрiнде
өзгерiп, дыбыстық түрленуi де бұл атаулардың көнелiгiн, ертеден тiлiмiзде
қолданылып келе жатқанын көрсетедi.
Өзге бiр тiлдiң жүйесiн бiлмеген адам өз ана тiлiндегi бөгде, кiрме
сөздердi бiрден түстеп, тани алмайды. Ол сөздердi шет тiлден енген десе,
тiптi қарсылық бiлдiруi де мүмкiн. Бұл кейбiр өзге тiлдiк элементтердiң
басқа тiлге әбден құлаққа сiңген көне сөздер, мәселен, мектеп пен кiтап
түбiрлес, туыстас сөздер десе, екiнiң бiрi сене бермейдi. Шын мәнiнде,
арабтың кәтәбә етiстiгi жазу деген ұғымды бiлдiредi. Ал ендi осы
етiстiктен ( жазу тұлғасы) туындаған (китаб) – кiтап (яғни “жазылған”),
(мактаб) – мектеп (яғни “жазатын орын”), мактуб (“жазылған хат”, “арнау
хат”), осы сөздiң көпше түрi –“Мактубат” атты Ы.Алтынсариннiң кiтабы
барлығы белгiлi. Өз кезегiнде, мәселен, кiтаптан – мактабатун – “кiтапхана”
туындайды. Дел осындай жолмен араб тiлiнiң “оқыту”, “зерттеу” мәндi дәрәсә
етiстiгiнен, әрине, араб топырағында дәрiс және медресе сөздерi туындады.
Ал, олар екi дара, бiр-бiрiмен байланысы жоқ екi лексема ретiнде тiлiмiзде
баяғыда-ақ орныққан.
Ал ендi “Қазақ” газетiнде оқу-ағарту, бiлiм, ғылымға қатысты орыс
тiлiнен енген атауларға келсек, олардың табиғаты мүлде өзгеше екенiн
көремiз. Бұлардың қазақ тiлiне ауысқанына салыстырмалы түрде алып қарағанда
аз-ақ уақыт болған. Сондықтан да бұл неологизмдердiң басым көпшiлiгi
халыққа түсiнiксiз болғандықтан, газет шығарушылары көп жағдайда оларға
анықтама берiп, түсiндiрiп отырады. Мысалы: Қазақ iшiнде әр жерде бала
оқытатын адамдардан бала оқытуға программа (жосық) көрсетiлсе екен деген
өтiнiштер келедi (“Қ”., 1913, Т 1); Керексiз нәрселердi үйретiп, балалардың
өмiрiн босқа өткiзбес үшiн, үйретерге тиiстi бiлiмдi кем үйретпес үшiн
бастауыш мектепте үйрететiн нәрселердiң кесiм-пiшiм болуға тиiс. Сол пiшiм
программа деп аталады (11, 252).
“Қазақ” газетiнде актив қолданылған оқу-ағартуға қатысты атауларды
шолып өткенiмiзде, көзге түскен тағы бiр ерекшелiк-қазiргi тiлiмiзде
қолданыс тауып жүрген көптеген тiркестердiң оның бетiнде алғаш
пайдаланылып, орныққандығы. Оларға: халық ағарту, бастауыш мектеп, ұлт
мектебi, ұлт әдебиетi, жаңа жолдың оқуы, оқу кiтабы, оқыту ғылымы т.с.с.
сөз тiркестерi жатады. Мысалы: Европа мактаптарында оқыб шыққандар “ұлт
адабиат мактаптарын” ашды (“Қ”.,1916, N 164); Қазақша оқу кiтабтары жаңа
қана көрiнiб келедi, тәртiпбен оқытарлық мұғалiмдер аз, оқу программасы
жоқ, салған мактабтар жоқ, мұғалiмдерге арналған айлық ақы жоқ, қазақша
оқуды аймаққа бiрдей жеткiлiктi етерлiк жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын
үйрететiн даримұғалимун жоқ (“Қ”., 1913, N 15); Жас буынды келер заманға
дайарламақ үшiн ұлт мактабы негiзiн құру, елжiреген жас жүрекке биiк идеал
жарығын салу үшiн ұлт адабиатын гүлдендiру iсiне, уақыты келер, бiз де
талпынармыз Қарқаралы қазақ ортасында салынған 22 болос ел қарайтын бiр
қала болса да, мұнда тәртiптi мактаб ашып, тәжiрибелi мұғалiм алдырыб бала
оқыту жоқ едi (“Қ”., 1915, N 153).
Осы тарихи жағдаймен сол кездегi ағартушылардың еңбегi арқасында өз
заманындағы жазба тiлдiң нақты көрсеткiшi болып табылатын “Қазақ” газетiнде
оқу-ағарту саласына қатысты атаулар үш деңгейде, үш қабатта кездесетiндiгiн
мына 1-таблицадан байқауға болады:

1.3. Қазақ газеттерiнiң ақпарат тарату, үгiт-насихат
жүргiзу саласындағы қызметi

Газет тек ақпарат жеткiзудiң көзi ғана емес, ол өзi жеткiзiп отырған
ақпаратына қалың оқырманды, көпшiлiктi сендiру мен сол көздеген мақсаты
бағытында тәрбиелеу жүгiн де қоса ала жүредi. Осы тұрғыдан келгенде газет
ұжымдық үгiтшi, насихатшы және ұйымдастырушы қызметiн де атқара алады.
Газеттiң сан қырлы қызметiн дөп басып, дәл таныған А.Байтұрсынұлы кезiнде
“газета – халықтың көзi, құлағы һәм үнi” екенiн мерзiмдi басылымдар
қызметiнiң сан қырын танып барып айтқаны ақиқат.
Алғашқы қазақ газеттерiнiң дүниеге келуiне себептердiң ең негiзгiсi патша
администрациясының бұйрық-жарлығын жергiлiктi әкiмдерге өз тiлiнде жеткiзу
болғанын айтып өткенбiз. Екiншi жағдай қазақ буржуазиясының ана тiлiнде
газет шығару туралы талабы екенiн ғалым Б.Әбiлқасымов өз еңбегiнде былайша
көрсетедi. “... Осы газеттерде бәрi жұртқа мәлiм болмақ үшiн
генерал-губернатордың әр түрлi бұйрығы жазылар және жаңа қабарлар, сауда
тақырыпты жазылар және Ташкентте уа өзге шаһарларда болған әр түрлi сөздер
уа қабарлар жазылар”(2, 8).
“Түркiстан уәләятiнiң газетi” де осы бағытта ұстанды. Программасы (әрi
мiндетi деуге болады) алдыңғы газеттер айырмасы жоқ бұл басылымның негiзгi
мақсаты жергiлiктi халаққа Түркiстан генерал-губернаторы мен облыстық
әскери губернаторлардың бұйрықтарын, сот орындарының шешiмдерiн т. б. Осы
сынды ресми мәлiметтердi жеткiзу едi. Аталмыш басылымдар газет атаулының
төл қызметi саналатын ақпарат жеткiзушi функциясын билеушi тап мүддесiне
сай хабарлар жеткiзу, қалың көпшiлiк ниетiн соған лайық етiп бағыттау
сияқты насихаттық рөлiн қал-қадерiнше атқарды. Байқағанымыздай, алғашқы
екi газет те белгiлi бiр дәрежеде әлеуметтiк топтардың мүддесiн
ойластырудан барып дүниеге келген. Кез келген басылым билеушi топтың,
таптық, жеке шығарушының, әлеуметтiк топтың мақсаты жолында қызмет
атқаратындығын әрi жалпы газет атаулының әлеуметтiлiгiн, қоғам мен саясат
мүддесiн көздеген қажеттiлiк тудыратын құбылыс екендiгiн осыдан көруге
болады. Сондықтан да газеттiн әлеуметтiк ортамен байланысы
социолингвистикалық аспектiде жеке зерттеулердiң нысаны боларлық мәселе.

Қазақ қауымы үшiн қызмет көрсеткен Қазақ газетi ақпараттарының
тақырыптары сан түрлi болды. Бiрақ тақырыптардың, газетте көтерiлген әр
алуан күрмеулi мәселелердiң келiп тоғысар тұсы – қазақ жағдайы едi.
Өйткенi, газет шығарушыларының ұстанған жолы, дiттеген мақсаттарының өзi
қазақ жағдайын жақсарту, көзiн ашу, ұлт ретiнде қалыптастыру, ол үшiн
қазақ зиялылары қандай ұлт жұмысын атқару керектiгiн саралап алу сынды
әлеуметтiк маңызы зор мәселелерден тұрды. Ал газеттегi Iшкi жағдай,
Сыртқы хабарлар, Европа соғысы, Г. Дума, Думадағы қазақ мәселесi,
Жер жұмысына дiн жұмысын тықпалау т.б. сынды тақырыптар сөзiмiздiң айқын
дәлелi бола алады.
Газеттiң ақпарат жеткiзушi, үгiт-насихат саласындығы қызметi тағы да Ахаң
есiмiмен байланысты. Газет – халықтың көзi, құлағы һәм тiлi. Адамға көз,
құлақ, тiл қандай керек болса, халыққа газета сондай керек. Газетi жоқ
жұрт, басқа газетi бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тiлi жоқ
мақау, көзi жоқ соқыр сықылды (Қазақ, 1998, ), - деуi, газеттiң
әлеуметтiк-қоғамдық өмiр саласындағы алатын орнын, қызметiн нақты
бағалаудан туындаған.
1913-1918жж. Қазақ газетi шығып тұрған уақыты М.Әуезов Қазақ газетiнiң
дәуiрi деп атады. Бiр дәуiрдiң бар салмағын арқалаған Қазақ газетiнiң
М.Әуезов тарапынан бұлайша бағалануы бүгiнгi таңдағы ондаған газеттер
атқарар қыруар шаруаны, басылым атаулының қоғам алдындағы атқаруға тиiстi
қызметiн жалғыз әрi қал-қадерiнше мүлтiксiз атқаруымен тығыз байланысты
деп есептеймiз. Осылайша Қазақ газетi ұлт үгiтшiсi, халық жаршысы
дәрежесiне көтерiле алды.
Одан кейiнгi уақытта қазақ газеттерiнiң қоғам өмiрiндегi қызметiнiң
салмағы жыл санап арта түспесе, кемiген емес. Айталық, 1940-1945 жылдар
әрбiр азаматты Отан соғысында жеңiске жұмылдыруда қазақ басылымдары аз рөл
атқарған жоқ. Бұл тұстағы газеттердiң қоғамдық-әлеуметтiк қызметiнiң тiл
тұрғысынан зерттелуi де өз кезегiн күтiп жатқан мәселе десек,
қателеспеймiз.
ХХ ғасырдың 50-жылдарында газеттердiң ақпараттық, үгiт-насихаттық
бағытында жүргiзiлген қызметтерi жандана түстi. Нақ осы жылдары совет
қоғамы, соның iшiнде газеттерге деген көзқарас аса саясаттандырылды. Мұның
өзi газеттiң қоғамдық-саяси лексикасы қатар

лексикасы қатарының өсуiне қатты әсер еттi. Бұл тұстағы әдеби тiл сөздiк
қорының молаюы терминдердiң көбеюiмен тiкелей байланысты болды. Осы
жылдары қабылданған термин сөздер табиғаты туралы қазiргi кезде әр түрлi
пiкiрлер болуына қарамастан, негiзiнен, жемiстi жылдар деп есептеймiз.
Жалпы бөгде тiлден сөз қабылдау, әсiресе, термин сөздер қатарының жасалу
принциптерi А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов сынды тiл бiлiмiнiң негiзiн
қалаушылардан бастап, бүгiнгi күнi академик Ә.Қайдаров, Ө.Айтбаев,
Б.Қалиев т.б. көптеген ғалымдарымызды толғандырып келе жатқан аса күрделi
мәселе. Бұл өзi – бiр ұшығы тiл тазалығы үшiн күреспен, соның iшiнде
газеттiң тiл тазалығы үшiн күресiмен сабақтасып, тiл мәдениетiмен шектесiп
жататын, ұсыныс-тiлек көп те, оңай шешiлер тұсы аз тiлшi-ғалымдарды әлi де
толағай толғанысқа түсiретiн тiл жағдайының талма тұстарының бiрi.
Ал 1960-70 жылдары тiлiмiзде қалыптасқан қоғамдық-саяси лексика
элементтерi, оларға тән грамматикалық ерекшелiктер, жасалу жолдары,
семантикалық топтар Р.Барлыбаев еңбегiнде мерзiмдi басылымдардан алынған
тiлдiк фактiлерге сүйене отырып, жақсы баяндалған (12).
Тек қосып айтар болсақ, бұл тұста шығып тұрған басылымдардың баршасы
жалғыз идеологиялық мақсатқа, коммунистiк үгiт-насихатқа, саясатқа
бағындырылды. Социализм бесiгi атанған КСРО жетiстiктерi мен жеңiсiнен
халықты хабардыр ету, социализмдi нығайту, кемелденген социализмге жету
үшiн аянбай еңбек етуге құлшындыру, үгiттеу, насихаттау – совет
басылымдарының негiзгi қызметi болды.
Жалпы газет атаулыға тән төл ерекшелiк осы үгiт-насихат қызметiн атқару
барысында салмақтанады. Сондықтан да болар әр жылдары жарық көрген
басылымдар – елiмiз тарихының әр күнi, айы мен жылының жылнамасы iспеттi.
Снымен бiрге, газеттер үгiт-насихат жүргiзу арқылы, яғни төл функциясын
iске асыру барысында тiлдiң әр кездегi күй-қапынан да хабардар етедi.
Сондықтан да газет насихаттаушы үгiт жүргiзушi, ақпарат жеткiзушi ғана
емес, тiлдiң диахрондық күйiнен де хабардар ететiн құрал деймiз. Белгiлi
бiр кезеңде белгiлi бiр тiлдегi жеке сөздердiң, мейлi олар белгiлi бiр сөз
табына жатсын, даму бағыты сол тiлдi жалпы алғандағы түгел сөздiк
құрамының даму бағытын айқындай алады, - деген Р.А.Будагов сөзi (13, 51)
әр жылдары
жылдардығы мерзiмдi басылымдар тiлiнiң сөздiк құрамы тiлдiң диалектикалық
дамуының бiр көрiнiсi бола алатындығын байқатса керек.
Сонымен, ойымызды жинақтай айтсақ, газет – халықтың рухани, мәдени-саяси
өмiрiнен ақпарат беретiн, сол ақпаратты өз бойында жинақтаушы, сақтаушы
ғана емес, тiл дамуынан, оның диалектикасынан нақты хабардар ететiн де аса
қуатты құрал болып табылады.
Ескi оқу жүйесiне Жаңа оқу жүйесiне Қазақтың төл Қазiргi қазақ
қатысты атаулар қатысты атаулар сөздерiмен тiлiнде орнығып
(араб-парсы (орыс сөздерi) берiлген тұлға қалған атаулар
сөздерi)
мектеп школа мектеп
Мұғалiм, молда ушител оқытушы а) мұғалiм
ә) ұстаз
б) оқытушы
(көп жағдайда
жоғары оқу орнына
қатысты)
медресе медресе
пән пән
гимназиа гимназия
степендиа степендия
оқу халық ағарту халық ағарту
халыққа бiлiм беру
бастауыш мектеп бастауыш мектеп
ұлт мактабыы ұлттық мектеп
педагогика бала оқыту педагогика
ғылымы
программа жосық программа
бағдарлама
оқу китабтары оқу құралдары оқулықтар
оқу құралдары
методика оқыту ғылымы әдiстеме
даримұғалимун семинариа училище
(педагогикалық)
китаб кiнеге кiтап
сыныф класс басқыш класс, сынып
(төменгi, жылдық
жоғарғы)
студент шәкiрт студент
Шәкiрт оқушы оқушы
шәкiрт

Ғалым-зерттеушi А.Алдашева Ахмет Байтұрсынов ағартушылығы жайында
былай дейдi: Қазақ ұғымына сыртқы нысаны, айтылуы (план выражения), iшкi
мазмұны (план содержания) беймәлiм аталымдарды халықтың ұлттық бiтiмiне тән
образды ойлау, логикалық ойлау қалыбынан өткiзiп барып жазба тiлге ұсынған
Абайтұрсынұлы бiлiм мен ғылымның таралуына мүмкiндiгiнше ыңғайлы жол ашты,
ағартушылық iстi барынша жедел өркендетуге үлес қосты (12, 13).
Қосып айтар болсақ, газеттi шығарушылардың халықты ағартуға қатысты
iзгi ойларын басылым бүкiл халыққа таратуда, жеткiзуде, халықты сол бағытта
үгiттеуде тапсырмас құрал болды.
Осылайша, алғашқы аударма басылымдар Дала уәләятiнiң газетi,
Түркiстан уәләятiнiң газеттерi, бiрегей болмыс-бiтiмдi тұлға
А.Байтұрсынұлының ойсанасына сай тұңғыш ұлттық басылым Қазақта
газеттердiң ағартушылық саладағы қызметi, әсiресе, анық көрiндi. Қазақтың
бұл саладағы қызметi мақсатты, жоспарлы түрде жүргiзiлгендiгiн жоғарыда
келтiрiлген мысалдардан аңғаруға болады.
Сонымен, алғашқы қазақ газеттерiнiң ағартушылық қызметi бiртiндеп
жалпы газет атаулыға тән басты қасиет, төл функция саналатын ақпарат тарату
мен үгiт-насихат жүргiуге түбегейлi ауысты. Газет бұл қызметiнде
журналистер, ғаымдар, саяси лидерлер мен халықтың қалың бөлiгi –
оқырмандарға арқа сүйейдi.
2.1. Әлеуметтiк факторлардың газет құрылымына тигiзетiн әсерi
Қай тiлдiң болмасын лексикалық жүйесiн тек сол тiлдiң сөздiк
құрамының iшкi даму заңдылығы нәтижесi деп қарауға болмайтыны белгiлi.
Бұлай ету әлеуметтiк фактордың әсерi мен ықпалын елемегендiк болар едi.
Сонымен қатар аталған мәселеге бұлайша қарау тiлдiң құрамдас бөлiктерi:
фонетика, морфология, синтаксистердiң iшкi даму заңдылықтарын лексикаға
формальды (механикалық) түрде таңа салушылыққа әкелiп соғады. Әдетте,
фонетикадағы, синтаксистегi өзгерiстердi қоғам дамуының бiр ғана кезеңiмен
байланыстыра қарауға болмайды. Ал лексика болса, аталғандардан өзгешелiгi,
әлеуметтiк өмiрдiң дамуымен тығыз байланысты. Мәселен,қоғамда өндiрiстiң,
шаруашылықтың, өнер мен ғылымның, техниканың т.б. дамуы мен ондағы
жаңалықтар тiкелей сол халық тiлiнiң сөздiк құрамында iз қалдырып отырады.
Ал тiлдiң фонетикалық, морфологиялық, синтаксиситiк құрылымдарындағы
өзгерiстер оның тарихи даму барысында бiртiндеп пайда болады да, ал
лексиканың дамуында шешушi рольдi әлеуметтiк фактор атқарады.(12, 20-21).
Тiлдiң лексика саласының өзгергiштiгi, оның қоғамдық-әлеуметтiк
ортамен тығыз байланыстылығы өте ертеден байқалған. Айталық, Антика
дәуiрiнде-ақ, әр әлеуметтiк топтың өзiне ғана тән, етене жақын, өзi анық
түсiнетiн тiлi барлығы белгiлi болған: Рассказывают, что Пифагор,
разговаривая с детьми применялся к детской речи, беседуя с женщинами,
приспособливался к ним, обрящаясь к юношам – к юношам(14, 101).
Әлеуметтiк топтар тiлiндегi айырмашылықтарды бүгiнгi күнi әлеуметтiк
диалектiлер терминiмен атайды. Негiзiнен, бұл әлеуметтiк диалектiлер
жалпыхалықтық тiлден лексикасы арқылы ерекшеленетiнiн, кәсiптiк-лексикалық
жүйелер, топтық және корпоративтiк лексикалар, әр түрлi ұжымдарға тән
жаргондар, әлеуметтiк топтарға тән шартты (жасырын) тiлдер болатындығын
ғалымдар айтып жүр.
Орыс тiлiндегi Қазан төңкерiсiне дейiнгi әлеуметтiк топ өкiлдерi
арасындағы тiл айырмашылықтары туралы М.Кольцов, А.В.Десницкая,
А.Д.Швейцер, Л.П.Крысин еңбектерiнде баяндалған. Олар революцияға дейiн
орыс көпестерiнiң өз тiл болғандығын, интеллигенция бiр-бiрiмен олардан
өзгеше тiлдескенiн, қарапайым халық, яғни жұмысшы мен жұмысшы мен шаруаның
өзге топ өкiлдерiне ұқсамайтын тiлi болғандығын жазады.
Орыс тiлiндегi Қазан төңкерiсiне дейiнгi әлеуметтiк топ өкiлдерi
арасындағы тiл айырмашылықтары туралы М.Кольцов, А.В.Десницкая,
А.Д.Швейцер, Л.П.Крысин еңбектерiнде баяндалған. Олар революцияға дейiн
орыс көпестерiнiң өз “тiлi” болғандығын, интеллигенция бiр-бiрiмен олардан
өзгеше тiлдескенiн, қарапайым халық , яғни жұмысшы мен шаруаның өзге топ
өкiлдерiне ұқсамайтын тiлi болғандығын жазады.
Қазақ тiлiнде дәл осындай әлеуметтiк топтар тiлiнiң бөлiнiсi болды
дей алмаймыз. Бiрақ оқығандар тiлi (кiтаби) мен қара халықтың тiлi арасында
жiктелiс болғандығын да жоққа шығаруға болмайды. Бұл жiктелiс сөйлеу
тiлiндегi осындай құбылыс жөнiнде, тiл мен қоғам, тiлдiң қызмет ету
сферасындағы рөлi, аймақтық, әлеуметтiк типтерi туралы К.Аханов,
Ә.Қоңыратбаев, Ә.Хасенов, т.б. ғалымдар еңбектерiнде сөз болады (15).
Әлеуметтiк факторлардың тiлге тигiзер әсерiн әлеуметтiк лингвистика
зерттейдi. Бұл әлеуметтiк лингвистика (“социолингвистика”) терминiнiң орыс
тiл бiлiмiне батыстан келгендiгiн, тiл саласына оны 1952 жылдан бастап
енгiзген америкалық ғалым Х.Карри екендiгiн А.Д.Швейцер өз еңбегiнде атап
өтедi (16,3). Тiл бiлiмiндегi бұл бағыт, қазiргi ТМД елдерi тiл бiлiмiнде,
негiзiнен, кеңес өкiметi кезiнде өрiс алған.
Сол тұста әлеуметтiк лингвистика мәселелерiн көтерген ғалым-
зерттеушiлер Е.Д.Поливанов, Г.В.Винокур, Я.Шафир, Р.О.Шор, Н.М.Карпинский,
В.М.Жирмунский, В.В.Виноградов, т.б. Кеңестер Одағында әлеуметтiк
лингвистиканың негiзiн қалаған ғалымдар болып саналады.
Ал қазақ тiл бiлiмiнде диалектiлiк ерекшелiктер, кәсiби сөздердi
зерттеуге арналған ғылыми жұмыстар тiлдiң әлеуметтiк жағын қамтитын бiраз
проблемаларды шешкенмен, әлеуметтiк лингвистика табиғатын, оның тiлге
тигiзер әсерiн жете қамти алмады.
Қазақ даласында ғасыр басында болған дүмпулер қазақ халқының
әлеуметтiк құрамына көп өзгерiстер әкелдi. Өркениеттiң алғашқы қадамдары
қала мен ауыл, баспасөз бен ресми-iс қағаздар тiлi, ауызекi сөйлеу тiлi мен
әдеби тiлдiң ара-жiгiн ашып, салмақтап, сапалық өзгерiстерге түсiрдi.
Қоғамдағы өзгерiстер интеллигенция тiлiне де әсер етпей қоймады. Бiрақ бұл
өзгерiстер әлеуметтiк лингвистика тұрғысынан нақты бағасын алған жоқ. Қазақ
тiл бiлiмiндегi осы тұстағы зерттеулер негiзiнен кiрме элементтер, тiлдегi
варваризмдер көрiнiсi төңiрегiнде өрбiдi. Олардың шығу себептерi, төркiнi,
әлеуметтiк тұрғыдан, әлеуметтiк өзгерiстердiң адам ойы мен ойлауына,
санасына тигiзер әсер ықпалы тұрғысынан бағаланбады.
Ал орыс тiл бiлiмiнде аталмыш проблемаға байланысты 1960-жылдардан
бастап “Язык и общество” атты мерзiмдi жинақ шығып тұрды, сондай-ақ,
аталмыш саланың проблемалық мәселелерiне арналған В.А.Аврорина,
Ю.Д.Дешериев, А.Д.Швейцер, Л.В.Никольскийлер, т.б. монографиялық еңбектер
жарық көрдi(17).
Әлеуметтiк лингвистика бүгiнгi таңда пәнаралық бағыт алуда.
Өйткенi, тiл мен әлеуметтiк факторлардың арасындағы байланысты тану үшiн,
бiр-бiрiне әсер ету себептерiн ұғыну үшiн тiл бiлiмiнiң, әлеуметтiк
лингвистиканың жетiстiктерiн пайдалану керек. Әсiресе, қоғамның құрылымы,
әлеуметтiк жағдай, тiлдiң қоғамдық қызметiнiң аясы, оның әлеуметтiк рөлi,
әлеуметтiк нормасы сияқты ұғымдар тiлдiк заңдылықтардың табиғатын ашуда аз
рөл атқармайды. Тiлдiң әлеуметтiк тұрғыдан дифференциациялануында қоғамның
әлеуметтiк-психологиялық жүйесi ықпалын жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан
әлеуметтiк лингвистика табиғатын жете түсiнуде ойлау, сана, сезiм, қалып
(установка), қажеттiлiк, қызығушылық, мотив сынды ұғымдарды орнымен
пайдаланудың маңыздылығы зор.
Әлеуметтiк лингвистика аясында қоғамның әлеуметтiк-таптақ құрылысымен
байланысты стратификация және тiлдiк қарым-қатынас кезiндегi ситуация,
тiлдесушi жақтардың рөлiн белгiлейтiн ситуативтi вариациялар да
қарастырылады. Ситуативтiлiк функционалдық стилистика мен әлеуметтiк
лингвистиканың арасын жақындастыра түседi. Себебi, кез-келген стилистикалық
мәннiң, лексикалық қолданыстың астарында әлеуметтiк ақпарат, хабар, мәлiмет
жатады.
Әлеуметтiк лингвистиканы әлеуметтiк-практикалық қажеттiлiк тудырады.
Сондай қажеттiлiктiң бiрi – қоғамдық ақпарат пен үгiт-насихат құралдарының
фунционалдық қызметiн және олардың қоғамның әр түрлi деңгейiне, тiлдiк
ортаға тигiзер тиiмдi әсерiн анықтау, зерттеу.
И.П.Лысакованың айтуынша: “... Вречи любого человека всегда отражаются
его социально-классовая принадлежность, возраст, образование, род занятий,
место жительство, пол, обстановка, форма, тема, цель, характер общения”
(18,18).
Сондай-ақ, әлеуметтiк диалектiлердi газет тiлiнде пайдалану кейiпкер
ортасын дәл суреттеуде, олардың мiнез-құлық ерекшелiктерiн, көңiл-
күйлерiнiң нәзiк тұстарын ашуда шешушi рөл атқарады. Мысалы: “Нұрлан
Жұбатов. Көк базарда машина жүгiн реттеушi: Барлық радионы тыңдаймын.
Солай. Кiрiп-шығып жатқан машиналар саябырсыған кезде қабылдағыштан жақсы
ән берiп жатқан арнаны ұстай қоямын: Нашар музыка болса, басқасына ауыстыра
саламын. Жаңалықтар тыңдап неғыламын, бар жаңалық базарда емеспе? ...”
Немесе: “Арман Жолдасұлы, АлМУ-дiң студентi: Мен, жалпы, радионы
тұрақты тыңдамаймын. Анда-санда Қазақ радиосының, Радио СIТУ-дiң, NS-тiң
құттықтаулары болмаса”.
“Арыстанбек Тұраров, студент: Ұнайды. Сәрсенбi күнi түнгi үште
махаббат қоңырауын тосады ғой, сол арқылы сүйетiн қызыма сөз айтсам,
естiптi. Содан берi екеумiздiң жұбымыз жазылған емес, содан берi NS-тi
жақсы көремiн”.
Айнахан Жәутiкова, зейнеткер: “Үйдегi бес сомдық радионы тыңдаймын
балам. Қазақ радиосы дейсiң бе? Соңғы кездерi қазақ әндерiн жақсы берiп
жүр. Сенбi сайын берiлетiн Айгүл қызымның “Тiл мен дiл” хабарын асыға
күтемiн. Бiр-екi рет қатысуға ниет қылып едiм, ала алмадым телефонмен”
(ЖА., 22.09.98).
Бұл кейiпкерлердiң әрқайсысының сөздерiнен күнкөрiс көздерi, кәсiбi
(бар жаңалық базарда емес пе); тiлден ығыса бастаған сөздермен сөйлеуi (бес
сомдық радио); кiрме сөздердiң жаңа қабатын араластыра сөйлеуiнен (Радио
СIТI, NS), әсiресе жас ерекшелiктерiн анық байқауға болады. Келтiрiлген
мысалдардағы: Жаңалықты тыңдап неғыламын, тұрақты тыңдамаймын, тiл мен дiл
хабарын асыға күтемiн – газет кейiпкерлерiнiң танымдық деңгейлерiн хабардар
етедi. Бiр-екi рет қатысуға ниет қылып едiм, ала алмадым телефонмен –
сөйлемнiң құрылысы өзгеше болып келуi хабарға қатысушының әлеуметтiк ортасы
мен жасынан мәлiмет бередi.
Газеттерде, бүгiнгi күн тұрғысынан алғанда, орта деңгейге, яғни
көпшiлiкке арналған газеттерде, әрi автор, әрi кейiпкер ретiнде
танылатындар: әйелдер мен ер адамдар, жұмысшылар мен қызметшiлер, жастар
мен қарттар, зиялылар мен қайраткерлер. Кейде газет материалдарына қарап
отырып олардың тiлдерiнен әлеуметтiк айырмашылықтарды аңғару қиынға түседi.
Оның себебiн газет материалдарының редакциялануынан iздеген жөн шығар.
Екiншiден, әлеуметтiк факторларды есепке алу газеттiң әсер етушiлiк төл
қызметiн iске асыруда таптырмас құрал екендiгiн журналистер қауымының әлi
де болса жете түсiнбеуiнен туындаған мәселе деп ұғу керек. Сонымен қатар,
кейбiр кездерде газет типтерi, газет жанрлары ерекшелiктерiнiң
сақталмайтындығы да байқалады. Бұл да әлеуметтiк факторды ескермеуден
туындайтын жағдай.
Осы тұста басын ашып айта кететiн бiр мәселе, ол - әлеуметтiк
лингвистиканың қазақ тiл бiлiмiнде көбiне орыс тiлiнiң қазақ тiлiне
тигiзетiн әсерi мен ықпалы төңiрегiнде өрбiгендiгi, осы мәселе төңiрегiнде
топтастырылуы - әлеуметтiк лингвистиканың өзге қырларының ашылуына
ұмтылмаудың басты себебi деп ойлаймыз. Оның түпкiлiктi зерттеу, әлеуметтiк
лингвистикаға тән күрделi мәселелерге бару – болашақтың iсi.
Газет лексикасындағы кейiпкерлердiң тiлiнен олардың айырмашылықтарын
анықтауға болады, тiптi жас мөлшерiне байланысты газет типтерiнде бiр-
бiрiмен шатыстыруға келмейдi. Айталық, “Ұлан” мен “Жас алаш” немесе “Ұлан”
мен “Егемендi Қазақстан” газеттерiндегi айдар, тақырып, жанрларының өзiнен
ақ тiлдiк айырмашылықтар көрiнiп тұрады. Тiптi газет атауындағы “ұлан” сөзi
қазiргi тiлiмiзде қолданыс аясы кеңiген сөз деп ұғыну керек. Газет аты
ретiндегi “ұлан” мектеп жасындағы балаларға арналған басылым, яғни жас
мөлшерi 8-13 жас шамасындағы жасөспiрiмдерге берiлген жас мөлшерi, ал
Призидент гвардиясында қызмет етушiлердi де ұландар деп атағанымызға бiраз
жылдың жүзi болды. Әйтсе де екеуi екi газет типiне тән лексема десек,
қателеспеймiз. Бұл құбылыс бiр сөздiң мағыналық жағынан байығанын
байқатады.
Жас мөлшерiндегi айырмашылық ұлғайған сайын тiлдегi айырмашылықтар да
айқындала түседi. Балабақша жасындағы сәби мен жасөспiрiмнiң я болмаса
студенттiң, қарт пен жастың арасындағы тiлдiк ерекшелiктердi олардың ойлау
деңгейлерi мен сөз қолданыстарынан-ақ ажыратуға болады. Себебi, М.М.Бахтин
айтқандай: “Все слово пахнут определенным человеком, поколением, возрастом,
днем и часом” (19,106).
Газет уақыт пен мезгiл, фактi мен деректер нақты көрiнедi. Мысалы,
“Қазақ” газетi бетiнде әр нөмер сайын “Орынборғ, 17 октябр” сынды бас
мақалалардың болуы сөзiмiздi айғақтай түседi. Дәл сол күнi болған маңызды,
мәндi нендей жаңалықтан, көтерiлген өзектi мәселеден хабардар етедi. Ал сол
фактiнi жеткiзушi тiлдiк қолданыс пен тiлдiк құрылымдар – сол сәттегi
тiлдiк ахуалдың жай-күйiнен ақпарат беретiн лингвистикалық факторлар.
Мәселен, мына мәтiн ұзiндiсiне назар аударалық: “Тек Ираннан келген 200
отбасының көшi кейiнге шегерiлдi. Барлық оралмандарға берiлетiн жәрдемақы
әр облыстың бюджетiнде сақтаулы. Ол 860 миллион теңгенi құрайды. Атап
өтетiн бiр кемшiлiк: Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi
Н.Коржованың республикалық бюджетте қаржыны жергiлiктi бюджетке бөлiп
жiберуi болды. Ал жергiлiктi бюджетте қаржы табу күрделi мәселе. Сондықтан
агенттiк үкiметке 1999 жылы оралмандарға бөлiнген қаражатты республикалық
бюджетте қалдыру жөнiнде өтiнiш жасады” (ЖА., 22.09.98).
Мұндағы еңбек, қаржы, Иран (ел атауы) сияқты бейтарап лексика
элементтерiмен қатар жәрдемақы, оралман, отбасы сынды жаңа қолданыстар
қатары, сондай-ақ, әкiмшiлiк атауы ретiнде еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi, үкiметi сөздерi мен сөз тiркестерi, министр, миллион,
бюджет, республика, облыс сиқты кiрме элементтер тiлдiң күй-қалпынан
хабардар етсе, жыл, мезгiл, адам аттары – тарихи фактiлер. Яғни, мәтiн
үзiндiсiн оқи отыра, тарихи оқиғаның куәгрiне айналып, белгiлi бiр
уақыттағы қоғамдық ахуалға байланысты мәлiметтерге де қанығуға болады.

2.2. Әлеуметтiк факторлардың газет типтерi мен
олардың лексикасын қалыптастыруға тигiзетiн ықпалы

Әлеуметтiк лингвистиканың газетке, оның тiлiне тигiзер әсерi газет
типтерi арқылы көрiнедi. Өйткенi, газет белгiлi бiр таптың, әлеуметтiк
топтың, қоғамдық-саяси ұйымдардың идеологиясын жүргiзедi. Әлеуметтiк топтар
арасындағы айырмашылық неғұрлым айқын болған сайын газет типтерi де бiр-
бiрiнен еркiн ажыратылатын болады. Олардың айырым белгiлерi, ара-жiктерi
ашылғаннан кеiн ғана әр түрлi оқырман аудиториясына арналған газеттердiң
лексикасындағы ерекшелiктерiн тану мүмкiндiгi молая түспек.
Мерзiмдi басылымдарды типтестiруге байланысты әр түрлi пiкiрлер орын
алған. Зерттеушi С.М.Гуревич басылымдарды төрт түрлi типке жiктейдi
(общезначимый, соцциальный, профессионально-отраслевой, национально-
территориальный) (20,138), ал А.Г.Бочаров беске бөледi (целевое назначение,
отражаемая сфера деятельности, родовая принадлежность, характер аудитории,
характер изложения) (21,32). Зерттеушi В.В.Бакшин болса, басылымдарды
типтеудiң санын алтыға жеткiзедi (административно-территориальное деление,
целевое назначение, возраст читателей, национално-языковые особенности,
периодичность и время выхода) (22,28).
Бiз осылардың арасынан зерттеушi В.В.Бакшиннiң таптастыруын ойға
қонымды екенiн есте ұстап, соны негiзге ала отырып қазақ газеттерiнiң
мынадай типтерi бар деп есептеймiз:
1. Жалпылама тип – бұл категорияға қазақ даласындағы алғашқы
басылымдар мен тұңғыш әрi бiрегей жалпы ұлттық мәселелердi
көтерген газет “Қазақты” жатқызамыз. Айталық, “Қазақ” өз кезiнiң
барша түйiткiлдi тұстары, қазақ халқының ең басты өмiрлiк
позициялары, сондай-ақ кәсiби, мәдени, әлеумет мәселелерi жан-
жақты талданған энциклопедиялық басылым болды. Бүгiнгi күнi әр
түрлi газет типтерi арқалап жүрген салмақты жүктi бес жыл бойына
белi қайыспай көтерген жалпыхалықтық деңгейдегi аталмыш газет
қазақтың таза “қара тiлiнде” (кiтаби тiлмен емес) сөйлеуiмен де
бағалы, құнды. Бүкiл қазаққа арналғандықтан, сол тұстағы қазақ
қауымының сауаттылық деңгейi ескерiлгендiктен, оның бетiнде ойды
жеткiзуде күрделi сөлемдерден гөрi ауызекi сөйлеу тiлiне
жақындатып, қарапайымдандырып жеткiзуге тырысушылық басым болып
келедi. Бiрақ тiлi жұтаң десек, шындықты бұрмалағандықтан болар
едi, газет шығарушылары тiл көркемдiгiн де назардан тыс
қалдырмаған. Сол тұстағы қазақ ұғымына сай келмейтiн, жаңа
қолданыстар мен атауларды қарапайым тiлмен, аналитикалық тәсiлдi
қолдана отырып барынша нанымды түсiндiрiп отырған. Көптеген термин
сөздердi тiлiмiзде қалыптастыруы жолындағы, тiлдiк қоды жаңа ұғым,
атаулармен молайтудағы, әдеби тiл стильдерiнiң дамуындағы атқарған
қызметi орасан зор.
Газеттiң осы аталған типiне республикалық басылымдардың басты-бастылары,
атап айтқанда, “Егенмен Қазақстан”, “Жас алаш” сындыларын да қосамыз.
2. Кәсiптiк-салалық – бұл категоияға жататын басылымдар қатарына “Қазақстан
мұғалiмi”, “Заң газетiн”, “Сақшы”, “Атамекен”, “Қазақ әдебиетi”, “Ауыл”
газеттерiн жатқызамыз. Аталған басылымдарда көбiне кәсiпке, өнеркәсiптiң
белгiлi бiр саласына байланысты күрделi мәселелер көтеретiн ғылыми
мақалалар, очергтерге орын берiледi де, соған байланысты арнаулы лексика
элементтерi – терминдер көбiрек ұшырасады.
3. Оқырмандардың жас ерекшелiктерi ескерiле отырып жарыққа шығатын газеттер
қатарына “Ұлан”, “Жас алаш” жатады. Бiрi – жасөспiрiмдерге, екiншiсi
жастарға арналған бұл басылымдардың негiзгi мақсаты жас ұрпақты
тәрбиелеу, идеялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдеби тілінің даму жолдарында ғылыми стиль, қазақ ғылымының тілі
Газет тілінің лексикалық ерекшелігі
Фразеологизмдер - тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі
Қазіргі қазақ және орыс газет мәтіндердегі цитация
Сөйлемнің айқындауыш мүшелер
Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы
Газет тілінің қазақ тіл білімінде, орыс тіл білімдерінде зерттелуін саралау
Газет тілінің ерекшелігі
Публицистикалық мәтіндегі метафораның рөлі
Ахмет Байтұрсынов қоғам қайреткері
Пәндер