Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің даму ахуалы



Кіріспе
1 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің даму ахуалы. 5
Қорытынды 9
Пайдаланған әдебиеттер 10
Қазақстан тас көмір кеніне бай болды. Олардың ірілері Орталық Қазақстанда еді. Қарағанды көмірін алғашқылардың бірі болып 1833 жылы Аппақ Байжанов (1824-1887) ашты.
Ертіс бойындағы және Орталық Қазақстандағы көптеген кен орындарын тұңғыш рет ашқан адам Қосым Пішенбаев болды. Ол 1867 жылы Екібастұз көмірі, 1895 жылы Майқайың полиметалл кен орындарын ашқаны туралы бірінші болып мәлімдеді. Қ. Пішенбаев Павлодардағы миллионер-көпес А.И. Деровқа жалданып, кен көздерін іздеуші және маркшейдер болып жұмыс істеді. Ол Баянауыл даласындағы Александровка, Талдыкөл, Жамантұз, Қарасор, Шөптікөл, Майкөбен сияқты тас көмір кен орындарын ашты.
Ресей кәсіпкерлері жергілікті қазақтардан аса бай кен орындарын су тегін бағаға сатып алды. Мәселен, XIX ғасырдың 40-жылдарында Н. Ушаков, А. Рязанов деген көпестер қазақтардан Қарағанды көмірі кен орындарын, Успенск мыс кеніштерін, Жезқазған және Спасск-Воскресенск мыс кеніштері аймағын өте арзанға сатып алды.
Алайда XX ғасырдың бас кезіне қарай тау-кен кәсіпорындарының басым бөлігі шетелдік кәсіпкерлердің қолына көшті. Патша үкіметі шетелдік кәсіпкерлерге шет аймақтарды игеруіне кең жол ашып берген еді. Кен орындарын игеруге орыс кәсіпкерлерінің жеткілікті тәжірибесі де, заманауи техникалық құралдары да болған жоқ. Олар өндірілген дайын өнімді өткізуде қыруар көп қиындықтарға душар болды. Ал Ресей шенеуніктері шетелдік кәсіпкерлер жағында болды. Олар шетелдік кәсіпкерлерден қолдау көрсеткені үшін пара алып тұратын. Шетелдік кәсіпкерлер көбінесе кездейсоқ адамдар болды. Олардың арасында қатардағы мұғалімдер, ет сататын қасапшылар, ұсақ саудагерлер, тіпті тілмаштар да бар еді. Өздерінің жеке меншігінде капиталы болмаса да, батыс елдеріндегі банкілердің берген несиесіне Қазақстандағы кеніштер мен шахталарды су тегін дерлік бағамен сатып алып, тез байып шыға келді. Жергілікті арзан шикізатты өздерінде қымбатқа сатып, банкілерден алған қарыздарынан құтылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыруар пайданың астында қалды.
Кен орындары мен шахталар жыртқыштықпен талан-таражға салып тонаудың салдарынан бірте-бірте істен шыға бастады. Олардағы техника іс жүзінде жаңартылған жоқ. Ал өндірілген шикізат шетел асып кетіп жатты.
1904 жылы Лондонда «Спасск мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» құрылды. Бұл қоғам орыс көпестерінен мыс кеніштерін сатып алумен белсенді түрде айналысты. Тап осындай жолмен шетелдіктерге Спасск-Воскресенский және Успенск мыс кеніштері, Спасск мыс қорыту зауыты, сондай-ақ Саран және Қарағанды көмір кендері сатылып кетті. Акция ұстаушылар Англияның, Францияның, АҚШ-тың, Германияның, Швецияның, Испанияның және басқа да елдердің азаматтары болды.
Тап сол 1904 жылы Риддер мен Зыряндағы аса бай түсті металл кен орындарын австриялық кәсіпкерлер сатып алды. 1906 жылы тағы да сол Лондонда «Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» пайда болды. Бұл қоғам Жезқазған аймағындағы мыс кеніштерін түгел сатып алды. Олар тез арада Байқоңыр аймағындағы темір кен орындарын да, әк карьерлерін де иемденіп шыға келді.
1 Геллер М. История Российской империи. М., 1997. 3 т. - с.174.
2 Нусупбеков А.Н. Формирование и развитие Советского рабочего класса в Казахстане. Алма-Ата, 1966.- с.18.
3 ҚР ОММ, қ-12, 1-т, 9-іс, 5-п.
4 Фридман Ц.Л. Иностранные капиталы в промышленности дореволюционного Казахстана. Алма-Ата: Казгосиздат, 1960.- с.14.
5 Обзор Сырдаринской области за 1895г. Ташкент ,1896, с.26.
6 Коншин Н. Краткий статический очерк промышленности и торговли в Акмолинской области за 1880-1894 года, Омск, 1896. Табл.4.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің даму ахуалы.
5

Қорытынды
9

Пайдаланған әдебиеттер
10

Кіріспе

Қазақстан тас көмір кеніне бай болды. Олардың ірілері Орталық Қазақстанда еді. Қарағанды көмірін алғашқылардың бірі болып 1833 жылы Аппақ Байжанов (1824-1887) ашты.
Ертіс бойындағы және Орталық Қазақстандағы көптеген кен орындарын тұңғыш рет ашқан адам Қосым Пішенбаев болды. Ол 1867 жылы Екібастұз көмірі, 1895 жылы Майқайың полиметалл кен орындарын ашқаны туралы бірінші болып мәлімдеді. Қ. Пішенбаев Павлодардағы миллионер-көпес А.И. Деровқа жалданып, кен көздерін іздеуші және маркшейдер болып жұмыс істеді. Ол Баянауыл даласындағы Александровка, Талдыкөл, Жамантұз, Қарасор, Шөптікөл, Майкөбен сияқты тас көмір кен орындарын ашты.
Ресей кәсіпкерлері жергілікті қазақтардан аса бай кен орындарын су тегін бағаға сатып алды. Мәселен, XIX ғасырдың 40-жылдарында Н. Ушаков, А. Рязанов деген көпестер қазақтардан Қарағанды көмірі кен орындарын, Успенск мыс кеніштерін, Жезқазған және Спасск-Воскресенск мыс кеніштері аймағын өте арзанға сатып алды.
Алайда XX ғасырдың бас кезіне қарай тау-кен кәсіпорындарының басым бөлігі шетелдік кәсіпкерлердің қолына көшті. Патша үкіметі шетелдік кәсіпкерлерге шет аймақтарды игеруіне кең жол ашып берген еді. Кен орындарын игеруге орыс кәсіпкерлерінің жеткілікті тәжірибесі де, заманауи техникалық құралдары да болған жоқ. Олар өндірілген дайын өнімді өткізуде қыруар көп қиындықтарға душар болды. Ал Ресей шенеуніктері шетелдік кәсіпкерлер жағында болды. Олар шетелдік кәсіпкерлерден қолдау көрсеткені үшін пара алып тұратын. Шетелдік кәсіпкерлер көбінесе кездейсоқ адамдар болды. Олардың арасында қатардағы мұғалімдер, ет сататын қасапшылар, ұсақ саудагерлер, тіпті тілмаштар да бар еді. Өздерінің жеке меншігінде капиталы болмаса да, батыс елдеріндегі банкілердің берген несиесіне Қазақстандағы кеніштер мен шахталарды су тегін дерлік бағамен сатып алып, тез байып шыға келді. Жергілікті арзан шикізатты өздерінде қымбатқа сатып, банкілерден алған қарыздарынан құтылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыруар пайданың астында қалды.
Кен орындары мен шахталар жыртқыштықпен талан-таражға салып тонаудың салдарынан бірте-бірте істен шыға бастады. Олардағы техника іс жүзінде жаңартылған жоқ. Ал өндірілген шикізат шетел асып кетіп жатты.
1904 жылы Лондонда Спасск мыс кен орындарының акционерлік қоғамы құрылды. Бұл қоғам орыс көпестерінен мыс кеніштерін сатып алумен белсенді түрде айналысты. Тап осындай жолмен шетелдіктерге Спасск-Воскресенский және Успенск мыс кеніштері, Спасск мыс қорыту зауыты, сондай-ақ Саран және Қарағанды көмір кендері сатылып кетті. Акция ұстаушылар Англияның, Францияның, АҚШ-тың, Германияның, Швецияның, Испанияның және басқа да елдердің азаматтары болды.
Тап сол 1904 жылы Риддер мен Зыряндағы аса бай түсті металл кен орындарын австриялық кәсіпкерлер сатып алды. 1906 жылы тағы да сол Лондонда Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы пайда болды. Бұл қоғам Жезқазған аймағындағы мыс кеніштерін түгел сатып алды. Олар тез арада Байқоңыр аймағындағы темір кен орындарын да, әк карьерлерін де иемденіп шыға келді.
Өзектілігі: ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы Қазақстанның өнеркәсіп тарихы Отандық тарих ғылымындағы маңызды тақырыптың бірі болып қалады. Оның маңыздылығы сол кезеңдегі болған оқиғалар мен өзгерістерге байланысты. Өнеркәсіптің даму тарихында ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы, өнеркәсіп салаларының қалыптасуы, дамуы өте күрделі жол болды. Өнеркәсіптің тез дамуы революцияға дейінгі Ресейде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында реформалар жүргізу мен шетелдің капиталдың енуімен ғана жүзеге асты. Кеңес өкіметі патша өкіметінің қарыздарын төлеу мен олардың Ресейдегі меншігін қайтарудан бас тартқаннан кейін, олар шетелдік инвесторларға арқа сүйей алмады. Сондықтан Кеңес Одағы индустрияландыруды жүзеге асыру үшін тек өз күшіне сүйеніп, оған жету жолдарын өздерінде іздестіруге тура келді. Бұл жағдайлар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен оның бағыттарын анықтап берді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы салыстырмалы серпінділік, 1917-1940 жылдардағы индустриалды дамудағы жеделдетілген дамыту қадамдары Қазақстанның аймақтық өнеркәсіптің даму ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер етті.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы өнеркәсіптік дамуының негізгі бағыттарына тарихи-сыни талдау жасау өзектілігі жаңа кезеңдегі Қазақстанның жалпы өнеркәсіптік дамуындағы негізгі қайшылықтарын анықтауға, оның өнеркәсіптік даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Ол әсіресе, қоғамдық еңбекті бөлудің жаңа түрі пайда болған кезде ақша-тауар қатынастары жедел қарқынмен дамып, рыноктық байланыстар пайда болған кезде оның шарттарын түсінуде өте маңызды.

1)Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің даму ахуалы.

Қазақстан бұрынғы КСРО-дағы басқа республикаларға қарағанда нарық қатынастарын бұрын бастап кетті. Алайда нарықтық экономикаға көшу өнеркәсіптің одан әрі дамуына жол ашпады.Қайта өнеркәсіп салалары, әсіресе,ауыр индустрия, халыққа аса қажетті жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі бірқатар себептермен, қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе тұрақсыз қаржы жағдайына байланысты өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсерін тигізді. Инвестициялық процестің төмендеуі қоғамдық өндірістің тоқырауына соқтырды. Экономиканың тұрақтануына қаржы- ақша жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді. Мемлекеттікбюджеттің тапшылығы - бір жағынан, кәсіпорындар мен мекемелер қорының өсуі, халықтың бар ақшасын шұлық ішінде немесе банкте жинақтауы - екінші жағынан, инфляцияны одан әрі жоғарылатты. Егер 1991 жылы өнеркәсіпте көтерме бағалар үш есе өскен болса, 1992 жылы 24,7 есе артты.Өнеркәсіп орындарының жартысы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндірістің құлдырауына жол берді. Халық тұтынатын тауарлар өндіретін салаларда алаңдатарлық жағдай қалыптасты. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бестен бір бөлігін ғана құрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5 пайызға кеміді. Осы уақыт ішінде, әсіресе, Жамбыл, Маңғыстау,Солтүстік Қазақстан және Семей облыстарының кәсіпорындары едәуір құлдырады. Республика бойынша мұнай мен көмір өндіру қысқарды, электр қуатын өндіру мен тұтыну арасындағы алшақтық өсті. Жыл бойында металлургия өнеркәсібіндегі жағдай күрделі қалыпында қалды: шойын, болат, прокат құю азайды. Түсті металдар - магний, тазартылған мыс, қорғасын, титан, цинк өндірісі қысқарды. Металлургия және химия саласындағы өнеркәсіп жұмыстарының нашарлауымен байланысты құрылыс және ауыл шаруашылығы техникаларын шығару едәуір кеміді. Тракторлар, экскаваторлар және бульдозерлер шығару екі есе, металл кесетін станоктар - үштің біріндей қысқарды. Орман, ағаш өңдеу және целлюлоза - қағаз өнеркәсібінің кәсіпорындары өз жұмыстарын айтарлықтай нашарлатты.
Күрделі құрылысты қаржыландыру көлемі 40 пайыздан астам қысқарды, нәтижесінде 1995 ж. мемлекеттік тапсырыс бойынша іске қосылуға тиісті 325 өндірістік қуаттар мен обьектілердің тек екеуі ғана іске қосылды.
Өнеркәсіптің құлдырауы 1993 және 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1 пайызға азайды. Оның ішінде электр қуатын өндіру 13 пайызға, мұнай өндіру 9 пайызға, көмір өндіру 17 пайызға төмендеді. Ал 1994 жылы республикада тұтастай тауарлар 41 пайызға кеміді. Денемен, 1995 жылы республикада тұтастай алғанда, өнеркәсіп өнімнің төмендегеніне қарамастан, оның жекелеген эсалаларында 1994 жылмен салыстырғанда: газ өнеркәсібінде - 29,3 пайыз, қара металлургия - 17,4 пайыз, химия және мұнай өнеркәсібінде - 3,4, түсті металлургия өнеркәсібінде - 1,9 пайыз өсім байқалды.Бірақ инвестициялық мақсаттағы өнімдер және тұтыну тауарларын шығаруға бағытталған салаларда өндірістің едәуір құлдырауына жол берілді. Өнім өндіру жеңіл өнеркәсіпте 59,8 пайызға, орман, ағаш өңдеу және целлюлоза - қағаз өнеркәсібінде - 45, тамақ өнеркәсібінде - 20,7 пайызға артта қалды. 1995 ж. республика бойынша түгелдей алғанда кәсіпорындардың 44 пайызы (4743 тің 2088 - і) 1994 жылғы өндіріс көлемінің деңгейіне жете алмады. Өндіріс көлемін төмендеткен кәсіпорындардың басым көпшілігі Торғай, Талдықорған, Алматы, Атырау, Көкшетау және Қарағанды облыстарының үлесіне тиді.Соның нәтижесінде Қазақстан кәсіпорындары 166,5 млрд. Теңгенің өнімдерін кем берді. Бұл республикада шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің 26 пайызын құрады. Бір ескеріп айтатын жайт 1995 жылы 1994 жылмен салыстырғанда электр қауатын, газ конденсатын, табиғи газ, темір және хром рудасын өндіру ұлғайды. Солай бола тұра жылу эенргиясын, мұнай, мырыш өндіру төмендеді.
1996 жылы республикадағы кәсіпорындарды реформалау және жеке жобалар бойынша ірі обьектілерді жекешелендіру жөніндегі жұмыс қарқын алды. Жетекші ірі кәсіпорындар өнімдерінің бағасы мен тарифтеріне бақылау жасау, сондай - ақ , оларды шағындау және бәсекелестік орта құру жөнінде салиқалы саясат жүргізілді. Бірақ осыған қарамастан 1996 жылы өндірістің құлдырауы тоқтамады. Өндірістің құлдырауы энергетика кәсіпорындарында 8,9 пайыз, қара металлургияда - 17,8, машина жасауда - 9,9, химия және мұнай - химия өнеркәсібінде - 27,2, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтыну және өндiрiс
Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын қалыптастыру мәселелері туралы
Тұтыну және өндіріс теориясы
Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын қалыптастыру мәселелері
Ғылыми техникалық прогрестің ерекшеліктері
Кедейшілік және оның белгілері. Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктері
Ұсыныс рынок механизмiнiң негiзгi элементi ретiнде
Ғылыми техникалық прогресстің дамуы
Инвестиция туралы ақпарат
Пәндер