Балықтарға жалпы сипаттама. Балықтардың шаруашылықтағы маңызы. Миграциясы



І Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 4
1 Балықтарға жалпы сипаттама 4
1.1 Балықтар классының классификациясы 5
1.2 Шеміршекті балықтар 6
1.3 Қауырсын қанаттылар 10
1.4 Қос тынысты балықтар 16
1.5 Саусақ қанатты балықтар 18
2 Балықтардың шаруашылықтағы маңызы 19
2.1 Балықтар миграциясы 21
IIIҚорытынды 26
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27
Курстық жұмыстың өзектілігі:Балықтар – жер шарының суларын мекен еткен және бiрте-бiрте көне омыртқалылар – жақсыз балықтарды ығыстырып тастаған, алғашқы су жақауызды омыртқалылар. Олардың барлық құрылымы суда белсендi желбезекпен тыныс алуға және тiстейтiн жақтарымен қоректi белсендi ұстау жолымен қоректенуге бейiмделген.
Олар желбезек доғалардың сыртқы бетiнде отырған, елгезек бөлшектенген желбезектермен тыныс алады. Жүзудiң негiзгi мүшесi болып құйрық бөлiгiнiң жанама (бүйiр) қимылдары болып табылады. Көбiсiнiң денесi қабыршақпен қапталған, нағыз тiстерi, қимылды реттейтiн жұп аяқтары — көкiрек және құрсақ жүзбе қанаттары және жұп емес жүзбе қанаттары – тұрақтандырушылары болады. Одан басқа иiс, көру мен статоакустика сезу мүшелерi жақсы дамыған және дөңгелекауыздылардағы сияқты терi бүйiр сызығы бар. Қанайналым шеңберi бiр.
Басқа организмдер сияқты балықтарда өмірінің әрбір кезеңінде өзі өмір сүрген ортаға әр түрлі талап қояды. Мысалы, уылдырықтарын шашуға бір жағдай ке-рек болса, семіру үшін екінші жағдай, ал қыстап шығу үшін үшінші жағдайды керек етеді. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде КаспийгеҚара теңізден кефал, АралғаБалтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т.б. әкелінген. Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі, сондықтан мұндағы балықтар ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі тұқыдан басқа көптеген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах (форель), бестер, т.б.) өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады. Қазақстанда жалпы аумағы үш мың гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш питомник және бірнеше арнаулы шаруашылықтар (Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т.б.) бар.
Курстық жұмыстың мақсаты: Балықтарға жалпы сипаттама беру, оның тармақтары зерттеу, балықтардың шығу тегі мен экологиясына, көбеюі және дамуына талдау жасау, олардың шаруашылықтағы маңызын талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
 Балықтарға жалпы сипаттама беру;
 Оның тармақтары зерттеу;
 Олардың шаруашылықтағы маңызын талдау;
1. Зоолгия-Омыртқалы жануарлар. С.М.Махмұтов. Алматы,1995 ж.
2. Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.
3. Омыртқалылар зоологиясы К.Б. Олжабекова 1-кітап, - Алматы Эверо. -2014. – 3-13 б.
4. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық. К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов. -Алматы:Эверо,2011.-400б.
5. Олжабекова.К.Б. Омыртқалылар зоологиясы. 2 бөлім: оқулық К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-368с.
6. Божбанов, А.Ж. Экологиялық зоогеография негіздері: оқулық / А.Ж. Божбанов, М.Қ. Байбатшанов.- Алматы, 2013.- 339б.
7. Қазақстан сүтқоректілері. Бекенов А.,Есжанов Б. Алматы, «Ғылым»,1995ж.
8. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.
9. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.
10. Адольф Т.А. и др. Руководство и лабораторные занятия по зоологии позвоночных.
11. Карташев Н.Н., Соколов В.Е., Шилов И.А. Практикум по зоологии позвоночных . – М.: Высшая школа, 1976.
12. Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.
13. Лукин Е.И. Зоология. М.: Агропромизд.1989г.
14. БанниковА.Г., Денисова М.Н. Очерки по биологии земноводных.– М.: Учпедгиз1956.
15. Гриффин Д.Э., Новик Э. Живой организм. – М.: Мир, 1973
16. Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыс Балықтарға жалпы сипаттама. Балықтардың шаруашылық-тағы маңызы. Миграциясы тақырыбында орындалған.
Балықтарға жалпы сипаттама берілді. Оның тармақтары зерттелді. Балықтардың шығу тегі мен экологиясына, көбеюі және дамуына талдау жасалды. Олардың шаруашылықтағы маңызы талданды.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 27 беттен тұрады.

МАЗМҰНЫ

І Кіріспе
3
ІІ Негізгі бөлім
4
1 Балықтарға жалпы сипаттама
4
1.1 Балықтар классының классификациясы
5
1.2 Шеміршекті балықтар
6
1.3 Қауырсын қанаттылар
10
1.4 Қос тынысты балықтар
16
1.5 Саусақ қанатты балықтар
18
2 Балықтардың шаруашылықтағы маңызы
19
2.1 Балықтар миграциясы
21
III Қорытынды
26
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
27

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Балықтар - жер шарының суларын мекен еткен және бiрте-бiрте көне омыртқалылар - жақсыз балықтарды ығыстырып тастаған, алғашқы су жақауызды омыртқалылар. Олардың барлық құрылымы суда белсендi желбезекпен тыныс алуға және тiстейтiн жақтарымен қоректi белсендi ұстау жолымен қоректенуге бейiмделген.
Олар желбезек доғалардың сыртқы бетiнде отырған, елгезек бөлшектенген желбезектермен тыныс алады. Жүзудiң негiзгi мүшесi болып құйрық бөлiгiнiң жанама (бүйiр) қимылдары болып табылады. Көбiсiнiң денесi қабыршақпен қапталған, нағыз тiстерi, қимылды реттейтiн жұп аяқтары -- көкiрек және құрсақ жүзбе қанаттары және жұп емес жүзбе қанаттары - тұрақтандырушылары болады. Одан басқа иiс, көру мен статоакустика сезу мүшелерi жақсы дамыған және дөңгелекауыздылардағы сияқты терi бүйiр сызығы бар. Қанайналым шеңберi бiр.
Басқа организмдер сияқты балықтарда өмірінің әрбір кезеңінде өзі өмір сүрген ортаға әр түрлі талап қояды. Мысалы, уылдырықтарын шашуға бір жағдай ке-рек болса, семіру үшін екінші жағдай, ал қыстап шығу үшін үшінші жағдайды керек етеді. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға Балтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т.б. әкелінген. Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі, сондықтан мұндағы балықтар ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі тұқыдан басқа көптеген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах (форель), бестер, т.б.) өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады. Қазақстанда жалпы аумағы үш мың гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш питомник және бірнеше арнаулы шаруашылықтар (Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т.б.) бар.
Курстық жұмыстың мақсаты: Балықтарға жалпы сипаттама беру, оның тармақтары зерттеу, балықтардың шығу тегі мен экологиясына, көбеюі және дамуына талдау жасау, олардың шаруашылықтағы маңызын талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Балықтарға жалпы сипаттама беру;
Оның тармақтары зерттеу;
Олардың шаруашылықтағы маңызын талдау;

1 Балықтар (Ріsсеs) жалпы сипаттама

Балықтар - негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен - көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді. Балықтар (лат. Pіsces) - хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксина сияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 - 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар - 2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70%. суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 - 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты). [1]
Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балықтар жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. 1 - 2 жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті 100 жылға дейін тіршілік ететін балықтар да бар. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері - біреу. Миының құрылысы қарапайым. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ - тыныс алу органы. Балықтар торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балықтар: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балықтардың әдетте дара жынысты, қос жынысты түрлері де бар. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.). Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да бар (мысалы, қиыршығыс албырты, кета, т.б.). Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балықтар жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған километрге дейін өрістейді. Балықтар - адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі XX ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (мысалы, ақ балық, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықтарды лабораторияда өсіреді. Балықтарды аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балықтар туралы ғылым ихтиология деп аталады. [2]
Балықтар - жер шарының суларын мекен еткен және бiрте-бiрте көне омыртқалылар - жақсыз балықтарды ығыстырып тастаған, алғашқы су жақауызды омыртқалылар. Олардың барлық құрылымы суда белсендi желбезекпен тыныс алуға және тiстейтiн жақтарымен қоректi белсендi ұстау жолымен қоректенуге бейiмделген.
Олар желбезек доғалардың сыртқы бетiнде отырған, елгезек бөлшектенген желбезектермен тыныс алады. Жүзудiң негiзгi мүшесi болып құйрық бөлiгiнiң жанама (бүйiр) қимылдары болып табылады. Көбiсiнiң денесi қабыршақпен қапталған, нағыз тiстерi, қимылды реттейтiн жұп аяқтары -- көкiрек және құрсақ жүзбе қанаттары және жұп емес жүзбе қанаттары - тұрақтандырушылары болады. Одан басқа иiс, көру мен статоакустика сезу мүшелерi жақсы дамыған және дөңгелекауыздылардағы сияқты терi бүйiр сызығы бар. Қанайналым шеңберi бiр.
Қаңқасы сүйектi немесе шемiршектi болады. Бас сүйегi омыртқа жотасымен қозғалмай буындасқан бас сүйек қорабынан және жақ пен желбезек аппараттарын ұстап тұратын, қаңқалы доғалардың бассүйегiмен қозғалмалы буындасқан түрiндегi висцеральдi қаңқадан тұрады.
Балықтар суда көбейедi, көбiсi уылдырық шашады, ұрықтануы сырттай.
Балықтар қоректерін активті түрде іздеп тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап әрі оған бейімделе алады.

1.1 Балықтар классының классификациясы

Балықтар класы.
1 класс. Шемiршектi балықтар. 2 класс. Сүйектi балықтар.
1 класс. Шемiршектi балықтар (Chondichthyes).
1 класс тармағы. Акулалылар немесе тақташажелбезектiлер. Акулалар отряды (Selachiiformes немесе Selachoidea). Скаттар отряды (Rajiformes немесе Batoidea). Химералылар отряды(Chimoerae).
2 класс. Сүйектi балықтар (Osteichthyes).
1 класс тармағы. Сәулеқанаттылар (Actinopteryqii).
1. Отряд үстi. Шемiршектi ганоидтар немесе сүйекшемiршектiлер). Бекiрелер отряды (Acipenseriformes).
2. Отряд үстi. Сүйектi ганоидтар (Holostei). Сауытты шортандар отряды (Lepidosteiformes). Амиялар немесе тұнбалы балықтар (Amiiformes).
3. Отряд үстi. Сүйектi балықтар (Teleostei). Майшабақ тәрiздiлер отряды (Clupeiformes). Тұқыбалық тәрiздiлер отряды (Cypriniformes). Жыланбалықтәрiздiлер отряды (Anquiliformes). Тұқыбалықтiстiлер отряды (Gyprinodontiformes). Шортантәрiздiлер отряды (Esociiformes). Саргандiлер отряды (Beloniformes). Жұмсаққанатты треска тәрiздiлер отряды (Gadiformes). Колюншоттәрiздiлер отряды (Gasterosteiformes). Шоқ желбезектiлер отряды (Lophobranchiiformes). Басқынбалықтәрiздiлер отряды (Muqiliformes). Алабұғатәрiздiлер отряды (Perciformes). Жабысқақ балықтар отряды (Echeneiformes). Түйетабантәрiздiлер отряды (Pleuronectiformes). Аяққанаттылар отряды (Pediculati, немесе Lophiiformes). Жабысқан жақтылар отряды (Plectognathi немесе Tetradontiformes).
2 класс тармағы. Көпқанаттылар (Brachiopteryqii). Көпқанаттылар отряды (Polypteriformes).
3 класс тармағы. Саусақканаттылар (Crossopteryqii). Целокантини отряды (Coelacanthiformes).
4 класс тармағы. Қостыныстылар (Dipnoi). Бiрөкпелiлер отряды (Monipneumones). Косөкпелiлер отряды (Dipneumones).
Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрі белгілі.
Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық. сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші -- шеміршекті балықтар; екінші -- сүйекті балықтар. [3]

1.2 Шеміршекті балықтар

Шеміршекті балықтар -- осы заманда тіршілік ететін балық-тардың ішіндегі скелеті шеміршектен тұратын қарапайым құ-рылысты организмдер болып есептеледі.Желбезек тесіктерінің аралықтары жалпақ перделермен бөлінеді де, олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ.
Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді. 1-тақта желбезектілер және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер.
1-класс тармағы. Тақта желбезектілер
Тақта желбезектілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар (sе- Іасһоideі) және скаттар (Ьаtоideі).
Тақта желбезектілердің қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің ::сыртқы бетіне келіп, өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында -- рос-, трум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең саңылау .түрінде орналасқан.
1-отряд. Акулалар
Акулалардың денесінің ұзындығы бір метрден 15 метрге де-йін (кейде оданда ұзын) болады. Осы кезде олардың он шақты тұқымдасы белгілі. Бұлар барлық мұхиттар мен теңіздерге та-раған. Каспий теңізінде ғана болмайды (10-сурет).
Осы кезде тіршілік ететін бір-ақ түрі бар. Олардың дене тұр-қы ұзын болады және 6 -- 7 жұп желбезек саңылаулары бар. Рострумы жоқ, арқа қанаты біреу ғана болады. Жалпақ тұм-сықтылар Атлантика мен Тынық мұхиттардың терен, жерлерін мекендейді. Кәдімгі акула тұқымдасына (сагсһагііdае) 60-қа жуық түрлері жатады. Бұлардың басты өкілдері Жерорта теңі-зінің көк акуласы мен кунья акуласы болып есептеледі. Ара тұмсықты акула (ргіstіорһогиs jаропісиs) рострумы ұзын және жалпақ келеді. Рострумдарының сыртқы жиектерінде араның тісі сияқты бұдырлары бар. Мұндай құрылысты тұмсықтарының маңызы үлкен: біріншіден, жауынан қорғануда қару есебінде пайдаланады; екіншіден, өздерінің қорегі болып саналатын балықтарды екпінімен барып соғып, өлтіріп немесе әлсіретіп ұстап жейді. Кейбіреулерінің қанаттары жалпақ, скаттарға ұқсайды. Денесінің ұзындығы 1 -- 2 м болады. Ол Жапония мен Австралия жағалауларында көбірек кездеседі. [8]
Теңіз періштесі (sqиаtіпіdіае sqиаtіпа) -- акулалар мен скат-тардың арасындағы аралық форма болып есептеледі. Денесі жалпақтау, көкірек және құрсақ қанаттары үлкен, құйрық қа-наты кішірек болады. Бір ғана түрі Атлантика мен Тынық мұ-хиттың қоңыржай және тропикалық суларында мекендейді. Тіршілігінің көпшілігін судың түбінде өткізеді деуге болады. Судың беткі және терең қабатын мекендейтін акулалардың барлығы да жақсы жүзеді. Ұрланып келіп, яки қуып жетіп балықтарды ұстап жейді. Біразы ғана омыртқасыздармен қоректенеді. Негізінен олар теңіздерді мекендейді, бір аз ғана түрі өзендерге шығады. Көпшілігінің ұрықтануы ішінде орындалады. Майшабақ акулалардың бірқатары, ноготница деген түрі -- Мурманскіде, Қара теңізде, Қиыр Шығыстың суында болатын түрлері кұрсақта жұмыртқадан шабақтар шығару арқылы көбейеді. Акулалардың жұмыртқалары көп болмайды. Жұмыртқаларының сырты қатты қабықпен қапталған және су түбіндегі заттарға бекінетін жіпшелері болады.
Тірі туатын түрлерінің жұмыртқасының сыртында қатты қа-бығы болмайды. Жұмыртқалары ұрғашысының ұрық жолында дамығанда, ұрықты анасының денесімен тығыз байланыс-тыратын "сары уыз плаценттері" болады.
Акулалардың экономикалық маңызы шамалы. Кейбір жер-лерде акулаларды "балық шагрені" деген терісі және құрамында "Д" витамині болатын майын пайдалану үшін аулайды.
2-отряд. Скаттар
Бұлардың денесі арқасынан құрсағына қарай қысылып ба-рып бітеді де, қанаттары өте жалпақ болып көкірек қанаттары бас бөлімімен жалғасып кетеді. Осының нәтижесінде желбезек саңылаулары мен танау тесіктері, басының құрсақ жағына орналасқан. Құйрық және арқа қанаттары кішкене болады. Скаттар -- жай қозғалатын, су түбінде тіршілік етуге бейімделген шеміршекті балықтар. Акулалар мен скаттардың аралық формасы болып саналатын шеміршекті балықтардың, барлығын жоғарыда келтіргенбіз, мысалы, ара тұмсықтылар. Олардың ұзындығы 4 -- 5 м болады. Олар Жерорта теңізінде, Атлантика және Үнді мұхиттарында кездеседі. Көбінесе су түбіндегі топырақтарды тұмсықтарымен қазып сондағы омыртқасыздармен, сол сияқты балықтармен де қоректенеді.
Кәдімгі скаттардың (гаjіdае) жалпақ денесі сүйірленіп ба-рып бітеді. Құйрығы ұзын, жіңішке және құйрық қанаттары айқын байқалмайды. Бізде Қара теңізде және Мурманск тұсында кездеседі. Бұлардын, өкілдері, мысалы түкті скат (гаjа сlаvаtа) пен сәулелі скаттар (г. гаdіаtа) болып есептеледі.
Шанышқы құйрықты скатар (Тгigoпіdае) тұқымдасының қанаттары дөңгелектеу болып, тұмсығымен жалғасып кеткен. Ұзын құйрығының үстіңгі жағында шанышқы сияқты органы болады. Жауынан қорғанғанда осы құйрығымен ұрып сақтана-ды. Бізде Азов және Қара теңіздерде кездеседі. [3]
Электрлі скаттар (Тогреdіnіdае) тұқымдасының денесі дөңгелектеу келеді, рострумы болмайды (11-сурет). Терісі жылтыр, біртегіс болады. Көкірек қанаттары мен басының арасында орналасқан электр қуатын шығаратын органдары болады. Бұлар электр қуатының күшімен өздерінен үлкен жануарларды жарақаттандыра алады. Олар негізінде оңтүстік теңіздерінде, солтүстікте Жерорта теңізіне дейін мекендейді.
Скаттар су түбіндегі омыртқасыздармен және ұсақ балық-тармен қоректенеді. Ұрықтанған жұмыртқа салу арқылы, ал біраз түрі тірі туу арқылы көбейеді. Скаттардың етін тамаққа пайдаланады. Оларды арнайы ауламайды, бірақ су түбінде тіршілік ететін балықтарды аулағанда ауға олармен бірге ілінеді. Бауырында "Д" витаминіне бай май болады.
2-класс тармағы. Бүтінбастылар немесе химерліктер.
Бүтінбастылар терең су түбіне бейімделген балықтар. Денесі ұзын және ұршық тәрізді болады, ол құйрығына карай сүйірленеді. Кейбір түрлерінің рострумы болмайды. Терісі жалаңаш және қабыршақсыз деуге болады. Бүйір сызығы айқын көрінеді, брызгальцесі болмайды. Желбезек саңылаулары тері қатпарларымен жабылып тұрғандықтан сырттан қарағанда желбезек қуысына жалғасатын бір ғана саңылау көрінеді. Скелеттерінің құрылысы қарапайым, яғни ол негізінен хордадан тұрады. Таңдайдың шаршы шеміршегі бас сүйегінің ми сауытымен бірігіл кеткен. Жалпақ тақташа тістері аз болады. Ас қорыту жолы айқын жіктелмеген.
Ұрықтану іште болады. Жұмыртқасының сыртында қалың, күрделі қабығы бар. Олар көбінесе екі жұмыртқадан салады.
Осы кезде тіршілік ететіндерін үш тұқымдасқа топтауға бо-лады. Олар Атлантика мен Тынық мұхиттардың солтүстік және оңтүстік жарты шардағы теңіздерінде тараған.
Бізде батыс Мурманск тұсында химера, немесе теңіз мысығы деген түрі кездеседі. Ұзындығы 1 м. Көпшілігі 1000 м тереңдікте мекендеп, теңіз түбіндегі омырткасыздармен қоректенеді. Қәсіптік маңызы жоқ
Сүйекті балықтар тобы (Оstеісһthуеs)
Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жа- тады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тара-ған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы, олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепші болған. Балық-тардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрылысындағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің сүйектенуі екі жолмен орындалады.
Эмбриональдық дәуірде, сүйектенудін, бұл түрі скелеттің шеміршекті элементтерінен дамымай, терінің дәнекер тканьдерінен дамиды. Тек қана, ол скелет шеміршектеріне жабысып жатады. Сондықтан да, жамылғы сүйектің бұл түрі теріге жабысып жатқан тақташа сияқты болады. [2,3]
Балықтар скелетінің құрамында жабын сүйектен басқа ше-міршекті сүйектер де кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональ-дық дәуірде, шеміршектің біртіндеп сүйектенуінен пайда бола-ды. Гистологиялық қалыптасқан шеміршекті сүйектердің, жоға-рыда көрсетілген жамылығы сүйектерден елеулі айырма-шылығы болмайды.
Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезек аралық перделері болмайды, сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын сүйекті қакпағы болады.
Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады. Торсылдақтық ішіндегі газдың көлемінің өзгеруі ба-лықтың меншікті салмағынын, өзгеруіне әсер етеді. Жүзу тор-сылдағындағы газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың терең қабатынан көтерілуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкіндік алады.
Ұрықтанулары әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ, мүйіз тәрізді қабығы болмайды. Біразы тірі туады.
Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөліне-ді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос тынысты-лар және саусақ қанаттылар.
3-класс тармағы. Шеміршек-сүйектілер.
Бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сү-йектілердің көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйекті балықтар көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген.
Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балыктардың мына белгілері сақталған: рострумының, болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероцеркальды, жұп қанаттары горизонтальды орналасқан, ішегінде қатпарлы қақпақшалары және жүрегінің, артериялды конусы болады: Сонымен қатар кей-бір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезек қақпақшаларының болуы, желбезек аралық перделерінің жойылуы, торсылдақтарының болуы, уылдырықтың ұсақ қатты қабығы болмауы және ұрықтанудың сыртта болуы т. б. [1]

1.3 Қауырсын қанаттылар

Осы уақытта тіршілік ететін балықтардың, түрінің 90 про-центінен астамы осы класс тармағына жатады.
Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңіздер мен мұхит суларының әр түрлі қабаттарын мекендейді. Сонымен қатар көптеген түрлерін әр алуан тұщы сулардан -- өзендерден, бұ-лақтардан, көлдерден, бөгеттерден кездестіруге болады. Қауырсын қанаттылардын, барлық түрлеріне тән дене құрылысында мынандай белгілері бар. Дене скелеті толығынан сүйектен тұрады, ал шеміршек кейбір жерінде ғана сақталған. Көкірек қанаттарының, әдетте базалиялары болмайды, қауырсындары бірден иық белдеуіне бекиді. Сондыктан балықтың, бұл класс тармағын қауырсын қанатты балықтар деп атайды. Қауырсын қанаттылардың өкілі ретінде алабұға балығының, құрылысын қарастырамыз.
Алабұға сүйекті балықтар өкілі. Алабұға (Регса fluviаtilis) тез жүзетін, көбінесе ұсак. шабақтармен қоректенетін жыртқыш балық.
Қауырсын қанатты балықтар үш отряд үстіне бөлінеді: 1-от-ряд үсті -- сүйекті ганоидалар (Ноіоsіеі), 2-отряд үсті -- көп ка-натты балықтар (Роіурtегі), 3-отряд үсті -- сүйекті балықтар (Теіеоstіеі).
1-отряд үсті. Сүйекті ганоидалар
Қауырсын қанаттылар өте қарапайым құрылысты, өткен мезазой дәуірінде кең тараған балықтар. Осы кезде әр түрлі отрядқа жататын екі түрі ғана тіршілік етеді.Өзіне тән ерекше-лігі ішегінде спираль тәрізді қақпақшасы және жүрегінде арте-рияльдық конусы болады. Қабыршақтары ганоидалы немесе сүйекті (циклоидты) болып келеді. Скелеті шеміршек тектес сү-йектерден пайда болған. Бірақ та жоғарғы шүйде сүйегі бол-майды. Жүзу торсылдағы болады. Осы кездегі өкілдері Солтүстік Американың тұщы суларында тіршілік ететін -- кайманов, немесе сауытты шортан (Lеріdіоsіеиs) мен амия (Аmіа саlvа) балығы. Бұлардың омыртқаларының арт жағы ойыс, алдыңғы жағы дөңес, болып келеді. Мұндай омыртқаны опистоцельді омыртқа деп атайды. Қабыршақтары ганоидалы болады. Денесінің ұзындығы 2,5 -- 3 м, ал кейбір түрлері 6 м-ге дейін жетеді. [4]
2-отряд үсті. Көп қанаттылар
Бұл сан жағынан аз болса да құрылысында өздеріне тән ерекше белгілері бар тұщы су балықтары. Денесі ромб тәрізді Ірі, өз ара қозғалмалы болып байланысқан қабыршақтармен хабылған. Арқа қанаты көптеген ұсақ қанаттардан тұрады, со-ған байланысты бұларды көп қанатты балықтар деп атаған. Көкірек қанаттарының түбінде етті алақаншасы болады. Жүзу торсылдағы ерекше құрылысты болады. Оның оң жақ бөлімі үлкен, ал керісінше сол жақ бөлімі кішірек болып келеді.Екі бөлімі де жалпы канал арқылы ішекпен жалғасып, қосымша тыныс алу органының қызметін атқарады. Әйткенмен, қос тыныстылар мен саусақ қанаттылардан ерекшелігі -- көп қанаттылардың ішкі танау тесігі болмайды.
Көп қанатты балықтар тропиктік Африкада таралған. Олар өзендердің түбінде, ылайлы (илистый) бөлімінде тіршілік етеді. Негізінен жануар текті қоректермен қоректенеді. Дамуы -- өзгеру арқылы орындалады. Личинкаларында өте жақсы дамыған сыртқы желбезектері болады. Кәсіптік маңызы жоқ. Қазір көп қанаттылардың он шақты түрі белгілі. Қазба қалдықтары түрінде әлі анықталмаған.
3-отряд үсті. Сүйекті балықтар
Сүйекті балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, те-ңіздерде және тұщы суларда кездеседі. Түрлі тіршілік жағдай-лары мен тіршілік ету тәсіліне байланысты, бұл балықтардың. сыртқы пішіні де алуан түрлі болып келеді. Құрылысындағы жалпы ортақ белгілері: қабыршақтары (бола қалса) сүйекті циклоидты, немесе ктеноидты болады. Құйрық қанаты гомоцер-калды. Қөкірек қанаттарының скелетінде базалиялары болмай-ды, ол тек қана радиалия мен тері қауырсындардан тұрады. Құрсақ қанаттарының скелеті тек қана тері қауырсындарынан құралады.
Бұлардың кейбір қарапайым түрлерінің болмаса, көпшілігі-нің ішектерінде спираль тәрізді қақпақшасы және жүрегінде артерия конусы болмайды, бірақ қолқа түйіні жақсы дамыған. Көпшілігінің ішегінде тұйық, пилорикалық деп аталатын өсінді-лері болады. Өсінді түрінде дамыған торсылдағы бар. Бұлар-дың қарапайым құрылысты формаларының торсылдағының өңешпен байланысы бүкіл тіршілігі аяқталғанша сақталады да, ал көпшілігінде торсылдағының өңешпен байланысы балықтардың дамуы барысында жойылып кетеді. Бұл отряд үсті бірнеше отрядқа бөлінеді.
1-отряд. Майшабақ тәрізділер
Осы кезде тіршілІк ететін сүйекті балықтардын, ішіндегі өте қарапайым құрылысты, басқа балықтармен салыстырғанда бас сүйегі нашар сүйектенген және жүзу торсылдағы өмір бойьі өңешпен байланысты болатын балықтардың тобы майшабақ тәрізділер. Қанат қауырсындары жұмсақ және бунақты болады. Қабыршағы циклоидты. Негізгі тұқымдастары: майшабақтар және лосось тәрізділер. -
Майшабақтар тұқымдасына (СІиреeidае) -- негізінен теңіз-дерде тіршілік ететін балықтардың көптеген түрлері жатады, олардың кейбір түрлері көбею үшін өзендерге шығады. Біздің суларымызда көбінесе мына түрлері кездеседі. Мұхит майша-бағы -- Ақ теңіз бен Баренцово теңізінде, шығыста Жаңа жерге дейін және Қиыр Шығыс теңіздеріне дейін таралған. Бұл майшабақтар уылдырық шашу үшін үлкен үйір құрып теңіздердің жиегіне келеді. Уылдырықтарын тайыз жерлерге шашады. Уылдырықтары ауыр, сондықтан су түбіне шөгіп, оның түбіндегі заттарға, көбінесе балдырларға бекінеді. Әрқайсысы 40 мыңнан 280 мыңға дейін уылдырық шашады. Скандинавияның оңтүстік батыс жағалауынан шыққан шабақтар атлантикалық ағыспен ағып, шығысқа келеді. Ересектері уылдырық шашып болған соң, солтүстікке ауысады. [8]
Майшабақтар -- Каспий мен Қара теңізде өте көп болады. Бұл теңіздердегі майшабақтардьщ тіршілік ету тәсілі де түрлі-ше. Мысалы, Еділ майшабагы (Саsріоlоsа vоlgепsіs) және қа-ражонды майшабақ (С. kсеsslеri жыныс органдарының жетілу және семіру кезінде теңізде болады да, ал көбею үшін өзенге шығып, өзен бойымен бірнеше жүздеген километр жоғары көтеріледі. Қаражонды майшабақтардың көпшілігі уылдырық шашқан соң қырылып кетеді, ал Еділ майшабақтарының өлімі оған қарағанда азырақ болады. Алдыңғы екі түрден ерекше барлық өмірін теңізде өткізетін Қаспий пузанкасы (С. саsріа) дейтін түрі бар. Бірақ бұл да мұхит майшабағы сияқты кең өрістейді (миграциялайды).
Қиыр Шығыс суларында, жоғарыда айтылған мұхит майша-бағынан басқа майшабақтарға жақын сардинка ивасы (Sагdі-порs теіапозіісиз) деген балық тіршілік етеді. Бұл кәдімгі те-ңіздік, кеңінен миграциялайтын, Советтік Приморья жағалау-ларына көктемде ерте келетін балық. Сардинка ивасы теңіз жағалауына қоректенуге келеді де, қысты теңіздің оңтүстігінде өткізеді.
Балтық теңізі мен Қара теңізде килька (Sргаtеltа sргаttus), ал Каспий теңізі мен Қара теңізде соған жақын тюлька (Сlире-опеllа dеlсаtиlа) деген шабақтар тіршілік етеді. Бұл ұсақ ша-бақтар нағыз майшабақтарға туыстық жағынан жақын ба-лықтар.
2-отряд. Карп тәрізділер немесе сүйекті торсылдақтылар
Майшабақтар сияқты карп тәрізділерде қарапайым құры -лысты сүйекті балықтар тобы болып есептеледі. Бірақ та бұлардың бас сүйектерінің сүйектенуі майшабақтардан гөрі жақсырақ дамыған. Жүзу торсылдағы ішекпен жалғасып жатады. Қанаттары әдетте жұмсақ болады. Ішкі кұлақтың жарғақты иірімдері мен торсылдақтың алдыңғы бөлімін жалғастырып тұратын сүйектер системасы веберов аппараты болады. Бұлар көбіне тұщы суды мекендейді. Олардың өткінші түрлері өте сирек кездеседі. Тау суынан бастап, батпақты тоспа суларына дейінгі алуан түрлі су қоймаларында тіршілік етеді. Көпшілігі (плотва, язь, линь, карас, табан балық) мекенін ауыстырмайды. Кейбір түрлері (вобла, таран, кутум) көбею кезінде миграциялайды. Карп тәрізділер екі тұқымдасқа бөлінеді: карп (Сургіпіdае), жайын (Sіlигіdае).
Карптердің жақ сүйектерінде тістері болмайды, жұтқыншақ тістері деп аталатын тістері артқы желбезек доғаларына орна-ласқан. Ол тістерімен азықтық заттарды майдалайды. Бұлар біздің тұщы суларымызда көп мөлшерде, жиі кездесетін балықтар тобы. Оларға өзен мен көлдерді мекендейтін плотва (RutіІиз гиtiиs), өткінші Қара теңіздің тарандар (R. г. һаесkеlі), өзенді мекендейтін қоқын балық (Lеисіsсиs idиs), өткінші Еділ-Касний трандары (АЬгаmіз Ьгаmа), сазан (Сиргіпиs сагріо), табан-балық (Сагаssіиз сагаssiuз), қарабалықтар (Тіпса tіпса) және тағы басқа түрлері жатады. [3,4]
Карп балықтарының етінің дәмі лосось балықтарының етінің дәмінен нашар болса да, көп мөлшерде болып кенінен таралуы оларды кәсіптік маңызы бар балықтар қатарына жатқызады.
Жайын (Sііигіdіае) тұқымдасы -- тісі жоқ, нағыз қабыршағы болмайтын жыртқыш балықтар. Бізде теңіз жағалауларын және Отанымыздың оңтүстік өзендерін мекендейтін екі түрі белгілі. Ең ірілерінің салмағы 250 -- 300 кг болады.
3-отряд. Угрлар
Угрлар -- денесі ұзын, жылан тәрізді болып келеді. Кейбір түрлерінде құрсақ, көкірек қанаттары болмайды. Арқа және құйрық канаттары бір-бірімен қосылып кеткен. Жүзу торсыл-дағы ішегімен байланысып жатады. Олардың біраз топтары көбінесе субтропиктік және тропиктік зоналарда тараған. Угрлардың ішінде теңізде және өзенде тіршілік ететін түрлері де бар. Бізде өзен угры (Апgиіllа апguillа) -- Балтық теңізінде кездеседі. Бұлар уылдырық шашу үшін өзеннен Атлант мұхитына, Вест-Индияға барып, ең терең жерінде көбейеді. Личинкалары қайтадан өзенге шығып, шама-мен төрт жыл ішінде Балтық теңізіне қайта оралады.
4-отряд. Шортан тәрізділер
Жақтарында өткір тістері бар жыртқыш балықтардың тобына жатады. Алдында қарастырған отрядтардың өкілдері сияқты жүзу торсылдағы ішегімен байланысып жатады. Бірақ та Веберов аппараты жоқ және иық белдеуінде жауырын бөлімдері болмайды. Біздің өзендерімізде, көлдерімізде және оңтүстік теңіздердің тұщырақ жерлерінде кәдімгі шортан (Еsох Іисіиs)
мекен етеді. Олар мекен еткен орнын ауыстырмай тіршілік ете-ді. Әдетте су өсімдіктерінің арасында болады. Балықтармен, құс балапандарымен, бақалармен қоректенеді. Балық өсіру шаруашылығына өте зиянды. Кәсіптік маңызы жоқ. Ірілерінің денесінің ұзындығы 1,5 м салмағы 35 кг болады. Уылдырығын көктемде тайыз, су жағалауларына шашады.
5-отряд. Алабұға-шортан тәрізділер
Бұларға жүзу торсылдағы тұйық біткен және бүйір сызық-тары жоқ, көбіне оңтүстік теңіздерде мекен етуші балықтардың ғана тобы жатады. Бізде Қара теңіз бен Азов теңізінде к е -фальдар тұқымдасы (Миgіlіdае) кездеседі. Олардың ішіндегі кәсіптік маңызы бар түрлері -- лобан, немесе кәдімгі кефаль (Мugіl серһаlиs) және сингиль (М. аигаtиз). Кефальдар топтанып жүріп, өріс аударатын балықтар. Кефальдардың үл-кен топтары қорек іздеп теңіз қолтықтарына, тұзы аз көлдерге және өзен сағаларына барады. Кейінгі кезде кефаль балығы Каспий теңізіне жерсіндірілді.
Бұл отрядқа өздеріне тән ерекшеліктері бар -- ползун неме-се анабас (АпаЬаз sсапdіепs) балығы жатады. Бұл балықтар-дың бір ерекшелігі, тіршілік еткен суында оттегі жеткіліксіз болған кезде екінші суға бара алады, тіпті олар өрмелеп ағаш бұтағына шығып, жармасып отырады. Бұлар Индия, Бирма суларында, Зонд және Филиппин аралдарында тіршілік етеді. [8]
6-отряд. Саргандар немесе ұшқыш балықтар
Бұлар көбінесе теңіздерде болатын балықтар. Олардың ішінде айрықша ерекшелігі бар түрі -- ұзын қанаттылар (Ехососtиs). Бұлардың көкірек қанаттары өте үлкен және осы үлкен қанаттарының жәрдемімен, судан секіріп шығып калықтап ұшып, 150 -- 200 метрдей жерге барады. Олар көбінесе тропиктік теңіздерге көп тараған. Бізде Владивосток маңайында кездеседі.
7-отряд. Тікен тәрізділер
Тікен тәрізділерге -- солтүстік жарты шардағы тұзды және, тұщы суларды мекен ететін ұсақ балықтар жатады. Бұлардың арқа қанаттарынын алдыңғы бөлімі мен қанаттары тікен сияқ- ты болады. Қабыршақтары сүйекті. Ұрғашысы шөптен ұя жа- сап, 100 шақты уылдырық шашады. Бізде тікен тәрізділердің бірнеше түрлері Балтық, Баренцево, Азов, Каспий теңіздерінен кездестіруге болады.
8-отряд. Шоқ желбезектілер
Шоқ желбезектілер өзіндік ерекшеліктері бар ұсак, теңіз ба-лықтары. Желбезектері шөжіп, ұсақ шоқ-шоқ болып желбезек шеңберінің жұрнағына бекінген. Денесі сақиналы сүйекті плас-тинкалармен жабылған. Басында ұзын түтік тәрізді тұмсығы болады, аузы кішкене, тістері болмайды. Ал еркектерінің құр-сағында арнаулы ұрықтанған жұмыртқаларын сақтайтын қап-шығы болады. Көбінесе жылы және тропиктік теңіздерде таралған. Олардың теқіз аты (Нірросаmриs) және теңіз инесі (Sупgпаthиs) деген түрлері бар. Бізде Қара теңіз, Каспий, Бал-тық және Жапон теңіздерінде кездеседі. Кәсіптік маңызы жоқ.
9-отряд. Тікен қанаттылар
Бұлардың қанаттарының бөліктері жеке-жеке ажыратылма-ған үшкір тікен сияқты. Теңіздерде және тұщы суларда тірші-лік етеді. Жүзу торсылдағы ішекпен қатыспайды.
Алабұға тәрізділер (Регсіdае) Алабұғалардың көпшілігінің кәсіптік үлкен маңызы бар. Мысалы, көксеркенің (Luсіорегса) бірнеше түрі Қара теңіз бен Каспий теңіздерінде мекен етеді. Кейбір түрлері өмір бойы өзендерде, ал екінші біреулері теңіздерде, үшінші түрлері өзендерден теңіздерге өрістеп шығатын жартылай өткінші балықтар болып есептеледі. Іріле-рінің салмағы 10 -- 12 кг болатын кәсіптік маңызы үлкен балык-тар. Алабұға (Регса) -- біздің еліміздің өзендерімен көлдерінде кең тараған отырықшы организмдер. Бұлар ұсақ балықтармен, омыртқасыздармен қоректенеді. Орта есеппен алабұғалар 10 -- 12 жыл жасайды. Салмағы 1 кг, дене мөлшері 50 см болады. Кейбір жерлерде кәсіптік маңызды объект болып саналады. Таутан (Асегіпа) балығының кәсіптік маңызы жоқ.
Скумбрия тәрізділер (SсоmЬгіdае). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балықтар (pisces) класы мен шаруашылықтағы маңызы, зияны, адам денсаулығына пайдасы
Ақ амурдың (Ctenopharyngodon idella) морфобиологиялық сипаттамасы
Қоянтәрізділер отряды
Құйрық жүзбе қанаты гомоцеркальды
Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы
Омыртқалылар. балықтардың класс тармағы. жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Бекіре балықтарын өсіру технологиясы
Бассейіндік балық өсіру технологиясы
Бадам өзенінде жойылып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтап қалу
Қапшағайда тұқыны өсіру технологиясының жобасы
Пәндер