Қазақ қоғамының әдет – ғұрып құқығы



1) Қазақ әдет . ғұрып құқығының ерекшеліктері
2) Қазақ әдет . ғұрып құқығының бастаулары
3) Меншік құқығы
4) Міндеткерлік құқық
5) Отбасы . неке құқығы
6) Мұрагерлік құқық
7) Қылмыстық әдет . ғұрып құқығы
8) Сот және сот ісін жүргізу
Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет – ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені “адат” деп аталды. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1971ж. дейін өмір сүрді.
Қазақ әдет – ғұрыптарының ерекше белгілері:
1) рулық, патриархалдық әдет – ғұрыптардың сақталуынан көрінетін консерватизм;
2) Қазақ әдет – ғұрып құқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті.
3) Әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық істер мен азаматтық істердің арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән берілмеді.
4) Жерге жеке меншік құқығының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан теңдігі қазақ аристократиясының артықшылығымен ұштастырылды.
5) Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистік сипатта болды.
2) Қазақ әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде қалыптасты:а)әдет-ғұрыптар; б)билер сотының практикасы (сот прецеденті); в) билер съездерінің ережелері; г) шариғат нормалары.
Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп жетілдіріп, қоғамның талаптарына орай өзгерістерге ұшыратып, оларға ресми сипат беріп отырды. Қасым ханның (1510-1523) кезіндегі “Қасым ханның қасқа жолы”, Есімханның кезіндегі (1598-1628) “Есім ханның ескі жолы”, Тәуке ханның кезіндегі (1680-1718) “Жеті Жарғы” атты заңдар жинағы белгілі.
3) Меншік құқығы. Қазақ қоғамында малға жеке меншік адат нормаларымен реттелген. Азамататрдың сатуға, айырбастауға, сыйлауға, мұраға қалдыра алатын мүлкінің бәрі де жеке меншік заттары болып табылды. Жер адат бойынша қауымның меншігі болып есептелді. Қауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды.
Адат бойынша жерді сату, сыйға беру, мұраға қалдыру туралы құқықтар ешкімге берілмеді. Жер бүкіл қазақ халқының байлығы деп есептелді.
Жермен қатар, жолдар, өзендер, таулар, аң және балық аулайтын мекендер де қоғамдық меншік болып есептелді.
4) Міндеткерлік құқықтар. Қазақ қоғамында келісім-шарттар ауызша жүргізілді. Келісімшарт жасау уәдкберу, ант беру, куәлардың алдында келісім жасау, т.б. жолдармен жасалды.
Малды қарызға алған кезде қарыз алушының туыстарының бірі ол үшін кепілдік береді. Қарыз алушы борышын өтей алмағанда кепіл болған адам өтейді. Қарыздың мерзімі өзара келісім арқылы анықталады. Мұндай келісімдер екі немесе одан да көп куәлар алдында жасалады.
Мүліктік және жеке міндеттерді тек ер адамдар ғана ала алды. Қарызға алған малдың өтемі төлімен қоса қайтарылатын. Адат бойынша қарыз иесі міндетін өтей алмаған жағдайда, оның қарызын туыстары немесе сол рудың, ауылдың адамдары қайтаруға тиіс болды.
Келісім-шарттың ерекше түрі – айырбас. Айырбас заттарды қолма-қол ауыстырғанда жасалды. Айырбас немесе сауда жағдайында өлшем бірлік ретінде мал есептелді.
Сауын- ауқатты адамдар кедей руластырана сүтін сауып пайдалану үшін уақытша берген малы (сауын бие немесе сиыр). Алғашында өзара көмек ертінде есептелді. Кейінірек сауын кедей қоғам мүшелерін ауқатты адамдарға тәуелді ету әдісі ретінде қолданылды.
Көшпелі өмірдің және рулық қатынастардың ерекшеліктеріне қарай туындаған аманат-мал, жылу жинау, жұртшылық, асар жасау, соғым беру және сыбаға тарту, түрлі сый –сияпаттар жасау сияқты міндетті сипат алған әдет ғұрыптар болды.
5) Отбасы –неке құқығы.Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды. Отбасының басшысы ер адам адат бойынша артықшылықты пайладанды. Отбасының әйелінің құқығы шектеулі болды. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің міндеті әрі парызы болды.
Неке. Қазақ некесі экзогамиялық (бір рудың ішінен некеге отыруға рұқсат етпеді) және полигамиялық (көп әйел алушылыққа рұқсат ету) сипатта болды.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ қоғамының әдет - ғұрып құқығы
Қазақ әдет - ғұрып құқығының ерекшеліктері
Қазақ әдет - ғұрып құқығының бастаулары
Меншік құқығы
Міндеткерлік құқық
Отбасы - неке құқығы
Мұрагерлік құқық
Қылмыстық әдет - ғұрып құқығы
Сот және сот ісін жүргізу

1) Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет - ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені "адат" деп аталды. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1971ж. дейін өмір сүрді.
Қазақ әдет - ғұрыптарының ерекше белгілері:
рулық, патриархалдық әдет - ғұрыптардың сақталуынан көрінетін консерватизм;
Қазақ әдет - ғұрып құқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті.
Әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық істер мен азаматтық істердің арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән берілмеді.
Жерге жеке меншік құқығының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан теңдігі қазақ аристократиясының артықшылығымен ұштастырылды.
Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистік сипатта болды.
2) Қазақ әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде қалыптасты:а)әдет-ғұрыптар; б)билер сотының практикасы (сот прецеденті); в) билер съездерінің ережелері; г) шариғат нормалары.
Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп жетілдіріп, қоғамның талаптарына орай өзгерістерге ұшыратып, оларға ресми сипат беріп отырды. Қасым ханның (1510-1523) кезіндегі "Қасым ханның қасқа жолы", Есімханның кезіндегі (1598-1628) "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның кезіндегі (1680-1718) "Жеті Жарғы" атты заңдар жинағы белгілі.
3) Меншік құқығы. Қазақ қоғамында малға жеке меншік адат нормаларымен реттелген. Азамататрдың сатуға, айырбастауға, сыйлауға, мұраға қалдыра алатын мүлкінің бәрі де жеке меншік заттары болып табылды. Жер адат бойынша қауымның меншігі болып есептелді. Қауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды.
Адат бойынша жерді сату, сыйға беру, мұраға қалдыру туралы құқықтар ешкімге берілмеді. Жер бүкіл қазақ халқының байлығы деп есептелді.
Жермен қатар, жолдар, өзендер, таулар, аң және балық аулайтын мекендер де қоғамдық меншік болып есептелді.
4) Міндеткерлік құқықтар. Қазақ қоғамында келісім-шарттар ауызша жүргізілді. Келісімшарт жасау уәдкберу, ант беру, куәлардың алдында келісім жасау, т.б. жолдармен жасалды.
Малды қарызға алған кезде қарыз алушының туыстарының бірі ол үшін кепілдік береді. Қарыз алушы борышын өтей алмағанда кепіл болған адам өтейді. Қарыздың мерзімі өзара келісім арқылы анықталады. Мұндай келісімдер екі немесе одан да көп куәлар алдында жасалады.
Мүліктік және жеке міндеттерді тек ер адамдар ғана ала алды. Қарызға алған малдың өтемі төлімен қоса қайтарылатын. Адат бойынша қарыз иесі міндетін өтей алмаған жағдайда, оның қарызын туыстары немесе сол рудың, ауылдың адамдары қайтаруға тиіс болды.
Келісім-шарттың ерекше түрі - айырбас. Айырбас заттарды қолма-қол ауыстырғанда жасалды. Айырбас немесе сауда жағдайында өлшем бірлік ретінде мал есептелді.
Сауын- ауқатты адамдар кедей руластырана сүтін сауып пайдалану үшін уақытша берген малы (сауын бие немесе сиыр). Алғашында өзара көмек ертінде есептелді. Кейінірек сауын кедей қоғам мүшелерін ауқатты адамдарға тәуелді ету әдісі ретінде қолданылды.
Көшпелі өмірдің және рулық қатынастардың ерекшеліктеріне қарай туындаған аманат-мал, жылу жинау, жұртшылық, асар жасау, соғым беру және сыбаға тарту, түрлі сый - сияпаттар жасау сияқты міндетті сипат алған әдет ғұрыптар болды.
5) Отбасы - неке құқығы.Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды. Отбасының басшысы ер адам адат бойынша артықшылықты пайладанды. Отбасының әйелінің құқығы шектеулі болды. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің міндеті әрі парызы болды.
Неке. Қазақ некесі экзогамиялық (бір рудың ішінен некеге отыруға рұқсат етпеді) және полигамиялық (көп әйел алушылыққа рұқсат ету) сипатта болды.
Қалыңмал қазақтардың үйлену үшін қалыңдықтың ата - анасына мал ретінде төлейтін төлемақысы. Оның мөлшері әртүрлі болған. Көбінесе, қалыңмал алған ата-ана қызына жасау жасап, төсек - орнымен оны шығарып салуға міндетті болған.
Некені тоқтау адат бойынша тек ер адамның құқығы. Оның себептері: әйелінің ерінің көзіне шөп салуы, дұрыс қарамауы, ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы. Әйелдер тек ерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының бастаулары
XV-XVІІІ ғасырлардағы әдет-ғұрып құқығы
Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, жеті жарғы
Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің қалыптасуындағы әдет-ғұрып нормаларының ролі
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қүқық тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Қазақ қоғамының әдет – ғұрып құқықтары
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ
Қазақтың әдет - ғұрып құқығының бастаулары
Қазақтың ежелгі заңдары. Қасым ханның касқа жолы
Әдеттегі құқықтың көздері
Пәндер