Бүгінгі экономикалық басылымдар және олардың проблемалары



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім

І ТАРАУ Іскерлік журналистика: ілік және ізденіс

1.1. Қазiргi экономикалық басылымдардың қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ...5

1.2. Мерізімді баспасөздегі экономикалық сараптама табиғаты ... ... ... ..11

II ТАРАУ Экономикалық журналистика: өзектілік және мәселе

2.1. Қазақ басылымдарындағы экономикалық жарияланымдар ... ... ... ...18

2.2. Экономикалық журналистика . тілшілер көзімен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46

Сiлтемелер көрсеткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап, өзінің еркін де егеменді экономикасын қалыптастыра бастады. Жетпіс жылдан астам уақыт бойы кеңес одағының тәртібіне бағынып келген ел, нарықтық экономикалық қатынастарға көшті. «Баспаған жердің ой-ұшқыры көп». Десек те, тумысынан қағілез қазақ каптиалистік қоғамның қатал заңдарына тез бейімделді. Бұл ХХ ғасырдың 90-шы жылдары болатын. Міне, осы кезеңнен бастап «сауда», «жекеменшік» деген сөздерді естісе-ақ асау аттай үркіп ала жөнелетін қоғамда «сауда жасау сүннет» екені айтыла бастады. Ақыры келіп, жұрттың басым бөлігі хәлінің келгенінше базар жағалап, сауда-саттықпен айналысты. Елде, ауыл-аймақ арасында сауда жасап, байығандар қатары көбейді.
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған түрлі кәсіпорын, өндіріс ошақтарының жабылуы салдарынан отандық кәсіпкерлер тұтынуға қажетті азық-түлік, киім-кешектен бастап тұтынуға тұрарлық барлық тауарды алыс-жақын елдерден тасуды қолға алды. Нәтижесінде, аз уақыт аралығында өз алдына отау құрған Қазақстанда бизнестің қарқынды дамуы байқалды. Әлбетте, бұл ретте еліміз мемлекет ретінде халықаралық хан базарға мұнай-газ, алтын-күміс секілді жер асты, жер үсті қазба байлықтарын шығаруды бір ізге түсірді. Ал кәсіпкерліктің жалпылай бойына қан жүгіріп, сауданың жолға түсуі елімізде кәсіпкерлікке қатысты басылымдардың ашылуына түрткі болғаны анық.
Әуелде, қаржылық басылымдардың іргесін қалаған қалалық жарнама газеттер болғаны анық. Мұндай басылымдар негізінен 100-200 мың шамасында тұрғыны бар облыс орталықтары мен бір өзінде 1,5 млн.-ға жуық халық шоғырланған Алматы мегаполисінде оқырманмен қауышты. Негізінен алып-сату, жалға беру секілді шағын ақпараттар жарияланған газеттердің соңы – халықаралық биржа, еліміздің және әлемдік нарық жайында сүйекті сараптамалық мақалалар жазатын отандық журнал-газеттердің қалыптасуына себептесті. Ал қолдарыңыздағы бітіру жұмысы қазақ жерінде экономикалық басылымдардың қалыптасу және олардың қазіргі кездегі жай-күйі мен қаржылық тақырыпқа қалам тербеудің жайына арналады. Бір айта кетерлігі, тырнақ алды ғылыми жұмысты жазу барысында тек кітап және мерізімді баспасөзбен шектелмей, журналистика саласындағы аға буынның да пікірін алуды құп көрдік. Тоқтала кетер болсақ, дипломдық жұмыста «Айқын» газетінің Бас редакторы - Нұртөре Жүсіп, «Алматы Ақшамы» газетінің Бас редакторы – Қали Сәрсенбай және өзге де журналистердің пікірлері пайдаланылды. Мұндағы ой-қазіргі қазақ экономикалық журналистикасының бағыт-бағдарына кәсіби маман көзімен қарап, мейлінше тақырыпты ашуға күш салу. Төменде «Қазіргі экономикалық басылымдар және олардың проблемалары» атты дипломдық жұмыстың шағын жоспары жарияланған.
1. Н. Назарбаев. Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мұмкіндіктері. Қазақстан халқына жолдауы, – 2010.
2. Н. Назарбаев. Дағдарыстан жаңару мен дамуға. Қазақстан халқына жолдауы, – 2009.
3. Елеукенов.Ш.Р. Кітаптану негіздері. Алматы, – 1997.
4. Елеукенов Ш.Р., Шалғымбаев.Ж. Қазақ кітабының тарихы. Алматы,–1999.
5. Жақып. Б.Ө. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. Алматы, – 2004.
6. Нұрғожина.Ш.И. Экономическая журналистика Казахстана: История теория, практика. Алматы, – 2002.
5. Иванчикова Э.И., Акишева С.С. «Доревалюционная периодическая печать Казахстана»Библиографиялық сілтеме. Алматы, –1998.
6. ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл: даму тенденциялары мен статистика қорытындылары.
7. Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен. Алматы, 2008.
8. Қазақ // Алматы. – 1998.
9.Тогайбаева Л.М. Малый бизнес в обеспечение продуктивной занятости населения // Вестник КазНУ. №4, – 2004.
10. К.Б. Блеутаева. Кәсіпкерліктің жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттің рөлі. // Аль-Пари. №3-4, – 2003.
11. Тургинбаева А.Н. Менеджмент в малом бизнесе. Алматы, – 2003.
12. Құлпыбаев С. Қаржы. Алматы, – 2007.
13. Омашев Н. Ақпарат әлемі. Алматы, – 2006.
14. Ошанова О. Журналистің сөйлеу мәдениеті. Алматы, – 2008.
15. Рогов Е.И. Общая психология. Мәскеу, – 2003.
16. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. Алматы, – 1993.
17. Елікбаев Н. Ұлттық психология. Алматы, – 1993.
18. Кенжалин Ж. Шындықты шырақ етіп ұстаңыз. Алматы, – 1998.
19. Купешова С.Т. Шағын иновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. // Қаржы-қаражат. Алматы. – 2003.
20. Мамыров Н.К. Стратегия экономического развития Республики Казахстан в системе хозяйства // В кн. Трансформация экономики Казахстана. – Алматы: ИЭ МОН РК. 2002. – С. 215-223.
21. Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. – Алматы: Мектеп, 1978. - 272 б.
22. Байменше С. Баспасөздегі жанрлар жүйесі. - Алматы, 1997.
23. Барманкулов М. Жанры печати, радиовещание и телевидение. –Алматы: ҚазГУ, 1994.
24. Бекниязов Т. Журналистің шығармашылық ізденістері хақында// ҚазМУ хабаршысы. Журналистика сериясы. - 1998 ж., №4.
25. Бидайбеков Е.Ы. Ақпараттану атаулары. Ағылшынша-орысша-қазақша атаулар. - Алматы, 1998.
26. Горохов В.М. Закономерности публицистического творчества. - М., Мысль, 1998.
27. Қабыл Мәжит. Қазақ баспасөзінің бүгіні мен ертеңі. - Алматы, 1998.
28. Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. –Алматы: Рауан, 1991.
29. Назарбаев Н. Біздің бағдарымыз- бірігу, қоғамдық прогресс және әлеуметтік серіктестік болуға тиіс // Егемен Қазақстан. -1993ж., 13 мамыр.
30. Прохоров Е. П. Введение в теорию журналистики. - М., МГУ, 1995.
31. Садықұлы С. Қоғам және журналист. - Астана: Елорда, 2000 ж.
32. Свитич С. Г. Профессия: журналист. -М.: Аспект пресс, 2003.
33. Нуреев Р. Теория общественного выбора // Вопросы экономики. – 2003. – №5.
34. Бюджеттік жүйе туралы. – Астана. Ақорда, – 1999 – 232б.
35. Моргунов Н.К. Мировой опыт повышения темпов экономического роста

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Журналистика факультеті

Мерізімді баспасөз кафедрасы

Бітіру жұмысы

Бүгінгі экономикалық басылымдар және олардың проблемалары

Орындаған 4-курс студенті __________________ Меруерт Бөденбаева

Ғылыми жетекші __________________ Дәмегүл Баялиева

Филология.ғ.к, доцент

Норма бақылаушы __________________ Мәриям Майлықұтова,

аға оқытушы

Мерзімді баспасөз кафедрасы __________________ Ш.Ы. Нұрғожина
меңгерушісінің рұқсатымен филол.
ғ. д, профессор
қорғауға жіберілді

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім

І ТАРАУ Іскерлік журналистика: ілік және ізденіс

1.1. Қазiргi экономикалық басылымдардың
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ..5

1.2. Мерізімді баспасөздегі экономикалық сараптама табиғаты ... ... ... ..11

II ТАРАУ Экономикалық журналистика: өзектілік және мәселе

2.1. Қазақ басылымдарындағы экономикалық жарияланымдар ... ... ... ...18

2.2. Экономикалық журналистика – тілшілер
көзімен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...46

Сiлтемелер
көрсеткіші ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..48

Пайдаланылған әдебиеттер
тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .49

КІРІСПЕ
Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап, өзінің еркін
де егеменді экономикасын қалыптастыра бастады. Жетпіс жылдан астам уақыт
бойы кеңес одағының тәртібіне бағынып келген ел, нарықтық экономикалық
қатынастарға көшті. Баспаған жердің ой-ұшқыры көп. Десек те, тумысынан
қағілез қазақ каптиалистік қоғамның қатал заңдарына тез бейімделді. Бұл ХХ
ғасырдың 90-шы жылдары болатын. Міне, осы кезеңнен бастап сауда,
жекеменшік деген сөздерді естісе-ақ асау аттай үркіп ала жөнелетін
қоғамда сауда жасау сүннет екені айтыла бастады. Ақыры келіп, жұрттың
басым бөлігі хәлінің келгенінше базар жағалап, сауда-саттықпен айналысты.
Елде, ауыл-аймақ арасында сауда жасап, байығандар қатары көбейді.
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған түрлі кәсіпорын, өндіріс ошақтарының
жабылуы салдарынан отандық кәсіпкерлер тұтынуға қажетті азық-түлік, киім-
кешектен бастап тұтынуға тұрарлық барлық тауарды алыс-жақын елдерден тасуды
қолға алды. Нәтижесінде, аз уақыт аралығында өз алдына отау құрған
Қазақстанда бизнестің қарқынды дамуы байқалды. Әлбетте, бұл ретте еліміз
мемлекет ретінде халықаралық хан базарға мұнай-газ, алтын-күміс секілді жер
асты, жер үсті қазба байлықтарын шығаруды бір ізге түсірді. Ал
кәсіпкерліктің жалпылай бойына қан жүгіріп, сауданың жолға түсуі елімізде
кәсіпкерлікке қатысты басылымдардың ашылуына түрткі болғаны анық.
Әуелде, қаржылық басылымдардың іргесін қалаған қалалық жарнама
газеттер болғаны анық. Мұндай басылымдар негізінен 100-200 мың шамасында
тұрғыны бар облыс орталықтары мен бір өзінде 1,5 млн.-ға жуық халық
шоғырланған Алматы мегаполисінде оқырманмен қауышты. Негізінен алып-сату,
жалға беру секілді шағын ақпараттар жарияланған газеттердің соңы –
халықаралық биржа, еліміздің және әлемдік нарық жайында сүйекті
сараптамалық мақалалар жазатын отандық журнал-газеттердің қалыптасуына
себептесті. Ал қолдарыңыздағы бітіру жұмысы қазақ жерінде экономикалық
басылымдардың қалыптасу және олардың қазіргі кездегі жай-күйі мен қаржылық
тақырыпқа қалам тербеудің жайына арналады. Бір айта кетерлігі, тырнақ алды
ғылыми жұмысты жазу барысында тек кітап және мерізімді баспасөзбен
шектелмей, журналистика саласындағы аға буынның да пікірін алуды құп
көрдік. Тоқтала кетер болсақ, дипломдық жұмыста Айқын газетінің Бас
редакторы - Нұртөре Жүсіп, Алматы Ақшамы газетінің Бас редакторы – Қали
Сәрсенбай және өзге де журналистердің пікірлері пайдаланылды. Мұндағы ой-
қазіргі қазақ экономикалық журналистикасының бағыт-бағдарына кәсіби маман
көзімен қарап, мейлінше тақырыпты ашуға күш салу. Төменде Қазіргі
экономикалық басылымдар және олардың проблемалары атты дипломдық жұмыстың
шағын жоспары жарияланған.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Өкінішке қарай, елімізде экономикалық
басылымдар жайында қазақ тілінде жүйелі жазылған бірде-бір кітап жоқ.
Біздіңше, мұның басты себебі - Қазақстанда экономикалық басылымдардың
жаңадан қалыптасып жатқандығы болса керек. Соған орай, іскерлік-қаржылық
журналистика жайындағы алда жазылар еңбектің алғы шарты болсын деген
ниетпен осы бітіру жұмысы қолға алынды. Бұл тақырыпқа қалам тербеудің
өзектілігі ретінде, міне, осыны айтса болады.
Жұмысты зерттеу нысаны. Бiтiру жұмысының басты нысаны отандық
Экономика, Қазақстан Іскері, Дала мен Қала, Түркiстан, Айқын,
Жас Қазақ және т.б. басылымдары мен олардағы экономикалық қосымшалар мен
айдарлар.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті. Бiтiру жұмысын жазудағы мақсат
пен міндет – отандық БАҚ-тағы әр жылдары жарық көрген экономикалық сарптама
сипатындағы материалдарды жан-жақты зерттеп, оның қоғам үшін маңыздылығын
көрсету. Және елiмiздегi жарық көріп отырған өзге басылымдардың деңгейiне
баға берiп, жетiстiк пен кемшiлiк, табыс пен қалыстарына үңiлу. Отандық БАҚ-
тағы экономикалық сараптаманы одан әрi қарай дамыту, жетiлдiру бағыттарына
ұсыныстар енгiзу. Бітіру жұмысына арқау болған бұл тақырып қазақ тілді
бұқаралық ақпарат құралдарында толықтай зерттелмегендiктен, болашақта соны
кеңiнен зерделеуге жол ашу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыста қазақстандық
экономикалық журналистикасының хал-ахуалын сонау ХІХ ғасырдан бүгінгі ХХІ
ғасырға дейінгі аралықта қамтып жазуында. Әсіресе, мұнда қаржылық-іскерлік
журналистиканың екі ғасырдан астамғы жай-күйін жүйелеп, кезең-кезеңге
бөлініп берілген. Бұған дейін еліміздегі экономикалық басылымдар жөнінде
мұндай еңбек жазылмады. Жалпы, аталмыш Бiтiру жұмысын орайы келсе,
еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттерiне көмекшi құрал ретiнде
ұсынуға болады. Сонымен қатар, бұл еңбектi болашақта экономикалық
журналиститка жайындағы зерттеу жұмыстарына пайдаланса артық емес.
Бітіру жұмысының әдiсi. Бітіру жұмысының тақырыбын ашу барысында
талдау, саралау, салыстыру әдiстерi қолданылды. Нақты айтқанда, теория мен
тәжірбие ұштасытырылып, кітап бетінде көрсетілген дәлел-дәйек
журналистердің пікірімен қабаттастырылып берілді. Сондай-ақ, келтірілген
дәлелдер студент пен оқулық авторларының пікірімен сәйкестендіріле жазылды.

Бітіру жұмысының құрылымы. Диплом мазмұн, кіріспе және қос тараудан
тұрады. Онан соң, І ТАРАУ Іскерлік журналистика: ілік және ізденіс. II
ТАРАУ Экономикалық журналистика: өзектілік және мәселе деп аталады.
Сондай-ақ, бітіру жұмысы қорытынды, сілтемелер көрсеткіші және
пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтыған. Жалпы, алғанда негізгі тарау екі
бөлімнен тұрады.

І ІСКЕРЛІК ЖУРНАЛИСТИКА:
ІЛІК ЖӘНЕ ІЗДЕНІС

1.1. Қазiргi экономикалық басылымдардың қалыптасуы
Әрбір нәрсенің өз бастауы болады. Бітіру жұмысымызға арқау болған
қазақстандық басылымдардағы экономикалық журналистиканың да өз тарихы бар.
Жалпы, журналистика қоғамның қай саласының да шыңға шығуына немесе
керісінше құлдырауына айтарлықтай ықпалын тигізе алады. Яғни,
журналистиканың пәрменділігі жоғары.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағында түрлі
қоғамдық-саяси басылымдар пайда болды. Түркістан уәлаяты, Дала уәлаяты,
Айқап, Қазақ және т.б. Ол кезде патшалық Ресейдің қол астына қараған
біздің еліміз феодалдық дәуірден капиталистік қоғамға бет бұра бастаған-ды.
Ал капиталистік қоғамда сауда-саттыққа үлкен мән берілетіні белгілі. Ақ
патшаның отарындағы елдерде қоғамдық-саяси басылымдардың көптеп ашылуы ең
алдымен – қоғамды басқару мақсатындағы саяси, идеологиялық және көпестер
мен алып-сатар кәсіпкерлер өте мұқтаждық танытқан экономикалық
қажеттіліктен туындаған. Нақытырақ айтқанда, ол кездегі басылымдарда арнайы
жарнамалық хабарламалар жоқтығы себепті сауда-саттықпен айналысытаны жұрт
қатты қиналады. Өйткені, олар өз елдеріндегі қалалар мен алыс-жақын шет
елдердегі тауар бағасына қатысты мағлұматтардан хабарсыз еді. Сол секілді
қаржыгерлер де халықаралық биржадағы өзгерістер мен ақша құнының қаншалықты
деңгейде екенін дер уақытында біле алмай дал болады. Ал зауыт-фабрика
ұстаған алпауыт кәсіпкерлер болса, өзі өндірген тауарды қайда және қаншаға
сатуға мүмкіндігі бар екенін алдын-ала болжай алмай әрі кәсіпорынға қажетті
құрал-жабдықтарды таппай қиналады. Міне, осыдан келіп, кәсіптерінің өрісін
кеңейтуге ұмтылған кәсіпкерлер өздеріне қажетті ақпарат үшін ақша төлеуге
дайындығын білдіреді. Ал оған дейін мұнда хабар алу үшін саудагерлер алыс-
жақын елдерге астына ат беріп, хабаршы аттандыратын. Дегенмен бұлай етуді
тығырықтан шығудың бірден-бір жолы деп топшылауға болмайды.
Біріншіден, алысқа жіберген хабаршыға көп шығын жұмсалады, екіншіден,
оның қаншама күндер жүріп жиып келген ақпараты уақытынан кешігіп,
маңыздылығын жоғалтатын. Сондықтан, қажетті ақпарды тез, арзан әрі жүйелі
түрде жеткізетін өзге құрал қажеттігі туындайды. Ақырында, мұндай
экономикалық сұраныс мерізімді басылымдардың өмірге келуіне түрткі болды.
[1]
Қазақтың кең сахарасында мерізімді баспасөздің пайда болуы мен дамуы
19-шы ғасырдың 70-80-ші жылдарына тура келеді. Бұл қазақ мемлекетінде саяси-
экономикалық тұрғыдан көптеген өзгерістердің орын алып жатқан кезеңі-тін.
Э.И.Иванчиков пен С.С.Ақашев құрастырған Доревалюционная
периодическая печать Казахстана атты библиогафиялық сілтемеге қарағанда,
1917-ші жылға дейін Қазақстан аумағында (Орынбор, Омск және Ташкент
қалаларын қоса есептегенде) орыс тілінде экономика айдарымен 27 газет-
журнал шығып тұрған. [2]
Дәл осы тұста арнайы салалық газеттер мен журналдар да капиталистік
қоғамға бет бұрған қазақ елінде пайда бола бастады. Олар негізінен сол
кезде қарқынды жұмыс істеген ауылшаруашылық қоғамдарына қарасты апталықтар
еді. Бүгінгі таңда революцияға дейінгі басылымдардың аздаған бөлігі
Петербор мен Мәскеу кітапханаларының мұрағаттарында сақталған. Бір әттеген-
айы, аталмыш басылымдарда сол кезеңнің экономикалық өмірінен толық хабар
беретін айтарлықтай мағлұмат жоқ. Дегенмен, газет-журналдардың атауына
қарап-ақ және 1917-ші жылға дейін шыққан мерізімді баспасөздегі мақалалар
тізімінен олардың нендей мәселе көтергенін аңғару қиындық тудырмайды.
Мәселен, 1914 жылдан Қостанай облысының аумағында таралған Кустанайское
степное хозяство газеті қоғамдық-экономикалық және ауылшаруашылық
деген айдарға ие болған. Тағы да дәл осындай басылым 1904-1905 жылдары
қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген Сельскохозяйственый листок
газеті. Бұл басылым Ақмола және Семипалатинские ведомстви газеттеріне
қосымша ретінде тіркеліп отырған. Мұрағаттық материалдарға сүйенсек мұндай
басылымдардың негізгі міндеттері төмендегідей:
- жергілікті ауылшаруашылығы жайын таразылап, зерттеу;
- шаруашылықтың қай түрімен шұғылдануға тұрарлық екені жөнінде ұсыныс;
- ауылшаруашылық ұйымдарының шаруашылық бағытында қолға алған мемлекеттік
шараларымен танысу, аймақтағы шаруалар, келімсектер, казактар мен
қазақтардың ауылшаруашылығына байланысты көзқарастарын салыстыру. [2.16]
Жалпы, сол кездегі барлық басылымдарға экономиканың ауылшаруашылығы
арқау болған. Мұның өзіндік себебі де бар. Айталық, орыспен одақтасып,
патша өкіметінің қол астына өткенге дейін ен далада еркін жүрген қазақ
көшпелі өмір сүріп, малшаруашылығымен ғана айналысты. Ал жер еміп, егін
салу ісі елімізде кенже дамыған еді. Оны мойындауымыз керек. (Алайда, мұны
кемшілік деп айтуға да келмейді. Себебі, сол мал бағумен-ақ қазақ ұлты
қаншама жылдардан бері тірлік кешіп, ешкімнен кем болған емес). ХVІІІ-ші
ғасырдың соңы мен ХІХ-шы ғасырда түгелімен Қазақстан аумағына орыс, ұйғыр,
дүнген секілді ұлттар мен ұлыстардың қоныс аударуы барысында елімізде бау-
бақша, егіншілік кәсібі кең етек жайды. Міне, осыдан келіп,
ауылшаруашылығының аталмыш түрлерін дамыту үшін арнайы салалық
басылымдардың бірінен соң бірінің таралуын түсінеміз. Ал енді еліміздің
кеңес өкіметінің құзырында болған кезде экономикалық басылымдар қандай
бағыт ұстанды? Келесі кезек, осы тақырыпқа арналады. Сонымен, өзге де пост
кеңестік кеңістіктегі мемлекеттер секілді Қазақстан да 70 жыл бойына саяси-
экономикалық тұрғыдан КСРО-ға бағынышты болды. Өкінішке қарай, алып
мемлекет - Кеңес одағындағындағы орталықтандырылған экономиканың
тиімсіздігі кейіннен барып анықталды. Дұрысы, өкімет ыдырағаннан соң ғана
мұндай жүйенің қажетсіздігі мойындалды. Алайда, мызғымас одақтың құлауына
ең бірінші кезекте әсер еткені фактор – мемлекеттің орталықтандырылған
басқару жүйесіне сүйенгені мен КСРО-ның географияялық жағынан ауқымды болуы
емес. Керісінше, ол мықты әрі экономикалық тұрғыдан өзге алпауыт
мемлекеттерді экономикалық даму жағынан шаң қаптырды. Ал мәңгілік
жасайтыныдай болып көрінген одақтың ойраны шығуына себеп не? Бірқатар
зерттеуші ғалымдардың пайымынша, саяси және экономикалық бағытта әлсіреп,
ақыры тарап тынған Одақтың құрдымға құлауына басшылықтың кез-келген
мәселені шешуге қоғамның әрбір жеке мүшесі тұрғысынан емес, ауқымды,
мемлекеттік деңгейде қаруы кесірін тигізгенін тілге тиек етеді.
Енді Кеңес Одағындағы экономикалық жағдайды кезең-кезеңге бөліп
қарастырсақ:
1917-1940 – төңкерістен кейінгі және соғысқа дейінгі аралық, кеңестік
экономикасының іргетасы қаланды;
1941-1946 – ІІ-ші Дүниежүзілік соғыс;
1946-1956 – соғыстан кейінгі халықтық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңі;
1956-1965 – годы оттепели и реорганизаций народного хозяства;
1965-1985 – бұл жылдар әдебиет тілімен айтқнда тоқырау жылдары;
1985-1991 – қайта құру. [3]
Ә, дегеннен-ақ социалистік қоғам құруға алып територияны мекен еткен
жұртшылық жаппай кірісті. Сол тұстағы қоғамдық көңіл-күйді зерттеуші
тарихшылар одақ тұрғындарының қандай қиын жұмыстан болмасын, бас
тартпағанын айтады. Мәселен, Түркісіб, Днепрогрэс т.с.с. Ал халықтың алып
империяның бір қиырынынан екінші бір шетіне барып, өз еркімен құрылыс
жұмыстарына жегілуіне сол кездегі басылымдардың ықпалы ересен екені
түсінікті. Жетісу өңірінде таралған Заря свободы басылымы арқылы партия
басшылығы көктемгі егіс жұмыстарын бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығарып істеуге шақырады. Бұл мақалада былай делінген: Кімде-кім егін
екпесе, ол өзіне де, халыққа да жау!. Ал Известия газетінің 1918 жылдың 26-
шы жұлдызында шыққан санында Семей Совдеп-і жұртшылықты жалпыхалықтық
игілікке өткен ауыспалы және тәжірбиелік егіс алқаптарын көздің
қарашығындай сақтауға шақырады. [4] Айта берсе, халықты бір жағы қорқытып,
екінші жағынан елдегі экономикалық ахуалды түзеуге бағытталған мақалалардың
тізімі таусылмайды. Мұндай жариялынымдар кеңес одағына қарасты қазақ тілді
газет-журналдар да көрініс табады.
1918 жылдан елімізде жергілікті ұлтқа кеңестік саясатты насихаттауға
арналған қазақ тіліндегі басылымдар төбе көрсете бастады. Торғай өңірінде –
Қазақ мұңы, Ақмола аймағында – Тіршілік. Бұл басылымдарға ұлтымыздың
көрнекті тұлғалары С. Сейфулин, Ә.Жангелдин қалам тербегенін байқаймыз.
ХХ-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары аралығында отандық баспасөз
экономиканың негізгі тірегі – ауылшаруашылығы саласын көп жазады. Дегенмен,
ғылым-білім қарыштап дамыған сол ХХ-шы ғасырдың 26-шы жылы Советская
степь газеті Исследование Казахстана атты мақала жариялайды. Бұл
мақалада КСРО ғылым Академиясы қазақ экспедициясын жинақтау шарасын
тәмамдағанын, академик А.Ферсман мен геолог Д. Щербаковтың қадағалауымен
геологиялық ақпараттар жиыстырыла бастағаны айтылады. [5] Міне, дәл осы
кезең қазақстандық басылымдар экономиканың ауылшаруашылығына ғана емес,
экономиканың жер асты, жер үсті байлығына, яғни, өндірістік салаға қатысты
мақалалар жариялауына тұспа-тұс келеді. Сөйтіп, 5 жылдық жоспар, еңбек
озаттары, кеніш қазынасы турасындағы мақалалар жазу Қазақстан
Республикасы Егемен ел атанғанға дейін жалғасты.
Жалпы, экономикалық публицистика термині кеңес өкіметі тұсында
қалыптасқаны мен іскерлік журналистика атауы тек одақ тарағанда ғана
қызыл империяның шекпенінен шыққан мемлекеттердің журналистикасына ене
бастады. Оған дейін бар болғаны партия қаулысымен еліміздегі өндіріс,
ауылшаруашылығы және тағы басқа экономиканың өзге салалары бойынша мақала
жазған отандық журналистер алғашында бұл тақырыпқа қалам тербеуде
абдырағаны рас. Себебі, нарық заңына жаңадан көшіп, кеңестік жүйеден енді
алыстаған мемлекеттің экономикалық ахуалы ауыз толтырып айтарлықтай емес
еді. Ал мұндай қиын жағдай ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының екінші жартысына
дейін жалғасты. Қазақстан мемлекеті нарықтық экономиканы бағыт-бағдар етіп
алған кезде іскерлік журналистикаға негізінен орыстілді басылымдар
жұмылдырылды. Олар: республикалық Деловая неделя, Понарама, Делавое
обозрение және салалық, мамандандырылған бірқатар журналдар мен жарнамалық
басылымдар. [3.59]
Араға аздаған уақыт салып, еңсе тіктеген елімізде ақпарат атаулының
қоғам, мемлекет дамуына тигізер ықпалы қайта сараланды. Оның қатарында
әрине, экономикалық ақпарат, қаржылық-іскерлік журналистика да бар еді.
Журналистиканың бұл саласы негізінен Тәуелсіз елде тәуелсіз басылымыдардың
көптеп шығуымен тікелей байланысты.
Елбасымыздың биылғы халыққа жолдаған Жолдауы – Жаңа онжылдық –
жаңа экономикалық өрлеу мүмкіндіктері деп аталады. Бұл Жолдауда экономика
мәселесі былай айқындалады:
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына
ықпал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған экономикалық
әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты
қамтамасыз етті.
Рас, Елбасының бұл сөздерінің жаны бар. Дамудың даңғыл жолына түскен
Қазақстан дағдарыстың салқыны ұрған тұста, қиналып қалған жоқ. Бұл
сөзімізге мысал жетерлік. Солардың біріне тоқтала кетсек. Мәселен, Жаңа
индустрияландыру Президент бағдарламасын алайық. Ел экономикасын өрге
сүйреуге бағытталған аталмыш бағдарлама аясында қазірге дейін бірқатар
ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Осы бағдарлама шеңберінде жаңа жұмыс
орындары ашылып, тисінше, бұрыннан жұмыс істейтін өндіріс, кәсіпорындар
қайтадан қарқын алды.
Жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды құрады, ал бұл дағдарысқа дейінгі
уақыттағыдан төмен. Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының
арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Біз төтеп бердік.
Енді біз 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын орындауға кірісеміз.
Ертеңім жарқын, келешегім кемел болсын дейтін әрбір ел алдағы
жылдарға жоспар жасайды. Ол заңдылық. Міне, бұл сондай жоспардан туындаған
шара. Тұрғындары жұмыспен қамтылып, жалпы халықтың әлеуметтік жағдайы
көтерілсе ғана елдің еңсесі тік болмақ. Ал қарқынды экономика ең бірінші
кезекте жұртшылықтың жұмыспен қамтылуынан туындайтыны анық.
Оның сыртында, еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру барысында Жол
картасы жобасы қолға алынды. Бағдарлама ауыл-аймақтағы ауызсу мәселесінен
бастап, шағын және орта бизнестің қолтығынан демеуге де бағытталған. Өткен
жылдан бері жүзеге асып келе жатқан бағдарламаның нәтижесі жайында Елбасы:

“Жол картасы-2009” бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел
өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737
шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым
жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен
спорт нысандары жөнделді, - деп атап өтті. Әлемдік қаржы дағдарысы дамыған
мемлекеттердің өзін дағдартқанда, елімізде стратегиялық маңызды істердің
қолға ылынып, өз нәтижесін беруі үлкен саяси қадам десек артық айтқандық
емес.
Қазақстан Республикасының экономикалық хал-ахуалын арттыру жолында
атқарылмақ істер мұнымен шектелмейді, бітпейді. Себебі, бағындырар белес,
алар асу алда деп санайтын мемлекетте мәні де маңызы да жоғары көлемді,
келелі, көшелі істер жетерлік. Бір ғана Қазақстан -2030 стратегиялық
бағдарламасы осыған айғақ. Ал жоғарыда аталған істер, жоба-жоспар,
бағдарламалар осы үлкен міндеттің бір парасы ғана. Демек, Алдымен
экономика, содан кейін саясат қағидасына сүйенген Қазақстан қарқынды
дамудың алғашқы сатыларына енді өтіп, даму деңгейін онан әрі көтеруді
көздеп отыр.
Қорыта келгенде, экономикаға айрықша мән берудің пайдасы орасандығын
ұғамыз. Өйткені, экономика мемлекеттің тұрақты дамып, оның әр қадамын
сенімді әрі нық басуына ықпалын тигізеді. Бұған экономикасының кенже дамуы
себепті халқының жағдайы төмендеп, нәтижесі төңкеріске әкеп соққан көрші
Қырғыз елін мысалға алсақ жеткілікті. Міне, экономика дамуының қаншалықты
қажет екендігін осыдан-ақ аңғаруға болады.

1.2. Мерізімді баспасөздегі экономикалық сараптама табиғаты
Ең бірінші кезекте Іскерлік журналистика дегеніміз – адамдармен ақша
туралы әңгімелесу. Яғни, журналистиканың бұл түрі жұрттың маңдай тер,
табан ақының арқасында ақшаны қалай табатыны және қаржы мәселесінің қоғам
өміріне тигізетін ықпалын сөз етеді. Себебі, дін мен саясат сықылды ақша
атаулының да жеке адам, жалпы қоғам өмірінде алар орны ерекше.
Ақша нарықтық экономикада жасалады. Ол діннен де, саясат пен аса
жоғары дәрежедегі рационалдандыру өнерінен де өзгеше. Бүгінде ақша табу
жолында айтарлықтай күрделі схемалар мен процесстер қолданылады. Онда
нарыққа қатысушылардың мінез-құлқы, ұзақ мерзімдік жобалар, конъюктураның,
жағдаяттың, сұраныс ерекшеліктерінің өзгеруі сынды көптеген факторлар
арқылы анықталады. Олардың бір бөлігі экономикадан жырақ мәселелерге,
мәселен, заңдық базаны өзгерту, саяси шешім, әлеуметтік жағдайға
байланысты. Оның үстіне, ирроционалдық факторлардың экономикаға тигізетін
әсерін болдырмау мүмкін емес. Бұл мәселені сөзсіз қиындатып жібереді.
Сондықтан, іскерлік БАҚ-тан нәсіп терген журналистердің алдында күрделі әрі
қызықты міндет тұр. Ол болып жатқан оқиғалардың жан-жақты ұғынып, себеп-
салдарын анықтап қана қоймай, өз түсінігін аудиторияға түсінікті тілмен
жеткізе білу қажет. Оған қоса, оқиға сауатты және қызықты етіп баяндалуы
тиіс. Неге десеңіз, экономика саласында жалпы оқырманға түсініксіз
терминдер жетерлік. Ал қолына қалам ұстаған қауым хан да, қара да мағлұмат
алу мақсатымен үңілетін басылымдағы мақала біткенді ұғынықты, қарапайым
тілмен жазуға міндетті. Әрине, бұлай жазу журналистің шеберлігі саналса
керек.
Саржағал басылымдарға қарағанда, іскерлік газеттердің аудиториясы
журналистің біліксіздігін, ішті пыстырып, мезі ететін материалдардын
кешірмейді. Экономика тақырыбында жазатын бизнес-журналистің міндеті -
ақылды және оқырманын еліктіретіндей етіп жазып, айта білу.
Іскерлік журналистика экономикалық процесске қатысушыларының
арасындағы өзара қарым-қатынастарды басты назарда ұстайды. Оның негізгі
тақырыбы – компаниялар, мемлекеттік органдар мен адамдардың, оларға
басшылық ететіндердің, меншік иелерінің, менеджерлер мен мамандардың, бір
сөзбен айтқанда, әртүрлі шешім шығарушылар мен орындаушылардың ара-
қатынасы. Бұл тізімге белгілі бір шешімнің қабылдануына ықпал етуге
қауқарлы - саясаткерлер, экономистер мен ғалымдар да кіреді. Осыдан-ақ
ортаның қаншалықты ауқымды екенін аңғару қиын емес. Әңгіме арқауына
айналатын процесстердің бәрі де белгілі бір тұлға, оның ойлары мен көніл-
күйіне байланысты. Белгілі бір шешімнің қалай қабылданғанын, оның қандай
нәтиже беретінін түсіну әрі қалың оқырманына ұғындыра білу әрбір іскер
журналист атанған маманның негізгі міндеті. Тереңірек үңілу үшін ең алдымен
айтар ойды нақтылап алған жөн. Сонымен іскерлік журналистика сүйенетін
сараптамалық мақала дегенміз не?..
Негізінен, қосымша түрлерін есепке алмағанда, БАҚ-та кеңінен
қолданылатын үш әдіс бар. Олар: - ақпараттық, көңіл-көтеру, эмоционалдық
және сараптамалық болып бөлінеді.
Біріншісіне, ақпарат агенттіктерінің жұмысы, телеарналар мен радиодағы
ақпараттық бағдарламалар жатады.
Екіншісіне, бүгінгі таңда жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай
қаптап кеткен жылтыр мұқабалы, безендірілуі әлем-жәлем газет-журналдар,
таблоидтар және саржағал басылымдардың өзге де түрлері. Әдетте мұндай БАҚ
санатына өнерімен, талап, талантымен танылған жұлдыздардың тыныс-тіршілігі
мен қылмыс әлемі жаңалықтарынан нан-суын ажыратып жүрген басылымдар мен
бағдарламалар жатады. Оларға мысал ретінде, Жұлдыздар Отбасы, Старс КЗ,
КТК телеарнасынан Қыз қылығы мен былығы, Наша казаша және т.б.
Көңіл-көтеруге бағытталған бағдарламалардың басқалардан негізгі
айырмашылығы – онда берілген ақпарат көрермен мен тыңдарманның қабылдауына
жеңіл болады. Материал негізінен адамдардың көңіл-күйіне бағытталады.
Мәселен, ол Ресей эстрадасының примадоннасының (А.Пугачева) жас әртіске
тұрмысқа шыққысы келетінін немесе спорт саласы жұлдыздарының қайсысы айына,
жылына қанша ақша табатынын, олар қандай көлік мінетіні туралы болуы
мүмкін.
Экспер-Қазақстан газетінің шеф редакторы Ю. Дороховтың пікірінше:
Осы екі әдістің шекпеніне сыймай, шеңберіне кірмей жазылған дүниенің
бәрін сараптамалық журналистика деуге әбден болады. Басқаша айтқанда,
сараптамалық журналистика дегеніміз, түрлі әлеуметтік, саяси-экономикалық
және қоғамдағы өзге де проблемаларды зерттеу, сипаты және соған қатысты
қандай да болжам айту. [6]
Бірақ мұндай материалдар-бағдарламалар, репортаждар көпшіліктің көңіл-
күйі мен сезіміне, жалпы, ойлануына негізделген. Ендеше, түсінікті болуы
үшін жоғарыда айталған үш тәсілдің басылым бетінде қалай көрініс табатынына
тоқталып өтсек. Өмір болған соң қоғамда түрлі қуанышты, қайғылы оқиға орын
алып тұратыны заңдылық. Мәселен, бірнеше адам қазаға ұшырап, жұрттың
баспанасыз қалуына салдарын тигізген табиғи апатты мысалға алайық. Зілзала,
өрт, су тасқыны... Бірінші, ақпараттық тәсіл бойынша бұл туралы барынша
нақты, қысқа жаңалықты аудиторияға мүмкіндігінше жылдам хабарлаудың маңызы
зор. Яғни, бар болғаны 5-ақ сұраққа жуап беретін журналистикадағы ақпарат
жанры – тәсілдердің ең қысқа да нұсқа түрі.
Сонымен осы сөзімізге мысал ретінде Алматы облысы, Ақсу ауданының
Қызылағаш ауылындағы су тоғанының жарылуы салдарынан орын алған қайғылы
оқиғаны алайық. Барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырған қиын жағдай
жайында еліміздегі барлық бұқаралық ақпарат құралдары жазды, айтты,
көрсетті. Дегенмен, уақыт жағынан оперативтілігімен ұтымды әрі басымды БАҚ-
тың теле-радио бөлігі газетке қарағанда оқиғаны жылдам беріп үлгерді.
Алайда, соңғы уақытта Қазақстанда күнделік газеттермен интернет-
басылымдардың көптеп ашылуы негізінде оқиға орынан репортаж жасаған
басылымдар да болды. Қаншама қазақ көз жұмған су тасқынын оқиға орына барып
мақала жазғандар қатарында Алаш Айнасы газеті де бар. Басылым 2010 жылғы
наурыздың 16-сы күні Бұл жерде ауыл болды дегенге кім сенеді?! деген
тақырыппен мақала жариялайды. Авторы – Нұрмұхаммед Мамырбеков. Оқиғаның
жалпы картинасын жасауға талпынған журналист мақаланы Бізді ешкім қауіптен
хабардар етпеді, Апатқа адам да, табиғат та себепкер, Ауылдың бүгінгі
халі, Ақордада шұғыл жиын өтті, Қызылағаш оқиғасы қылмыс деп танылды
деген тақырыпшаларға бөліп, жан-жақты талқылайды:
- Қызылағашқа кеше 90-нан астам отбасы қайта келді. Алапат апаттан аман
қалғандар тіршілігін жалғастырмақшы. Үкімет төтенше жағдайдың салдарын
жоюға 600 млн теңге бөлген болатын. Оның дені материалдық көмекке, қалған
100 миллионы баспаналар салуға жұмсалады. Ал туыстарынан бір түнде
айырылған отбасылардың әр жоғалтқан адамына жергілікті қазынадан 500 мың
теңгеден беріледі. Қасірет шеккен отандастарымызға қол ұшын беруге
жүрегінде иманы бар көптеген азаматтар бел шеше кірісті. Бірақ Қызылағаштың
орнында өлім рухы кезіп жүргендей. Қайғының жарасы жазылар уақыт әлі ерте.
[7] Міне, бұл оқырман, көрермен мен тыңдарманның көңіл-күйіне әсер ететін
мақала санатына жатады.
Екінші, көңіл-көтеру тәсілінде, адамадардың қасіреті, құрбандар саны
фото-бейне материалдар арқылы берілуі мүмкін. Көңіл-көтерушілік-
эмоционалдық әдіс дегеніміз - ақпарат аталатын бұл шикізаттан көпшілік
көңіл аударарлық шоу жасай білу. Әрине, ағылшын тілінен тәржімалағанда
көрсетілім ұғымын беретін шоу көңілді немесе қайғылы болуы да ықтимал.
Бірақ шоу - шоу түрінде қала бермек. Табиғи апат туралы сараптамалық шағын
мақалаларда оның себептеріне көңіл бөлінеді. Залалдың осынша күшті болуының
себебі неде, сейсмикалық дүмпулердің күштілігінен бе, әлде үйлердің салыну
сапасының төмендігінен бе? Егер мәселе екінші себепке байланысты болса оның
тамыры қайда жатыр? Бұған кім кінәлі? Құрылысшылардың кәсіби деңгейінің
төмендігі ме, әлде архитекторлардың дұрыс есептемеуі немесе билік пен
құрылыс компанияларындағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлық кінәлі ме? Немесе
жарақат алғандарға көмек көрсету шараларын тездетуге болмас па еді?! Немесе
бұл қайғылы оқиға аймақтың, мемлекеттің, әлемнің экономикалық жағадайына
әсер ете ме және қаншалықты әсер етеді? Авторлар осы сұраққа жауап беруі
тиіс, сұраулы сөйлемдер арқылы мәселені орынды көтеріп, саралап жауап
іздейді. Сәтті ізденіс деуге болады. Міне, осылайша сараптамалық
материалдарға арқау болатын мысал-тақырыптарды тізбектей беруге мүмкіндік
бар. Журналистиканың осы саласы үшін қандай образды таңдап алған жөн? Ол
жағын айту қиын. Мүмкін ол үшін түрлі құрылыс және әрлеу материалдарынан
барынша ыңғайлы, әдемі және бейнелі ғимарат жасап шығу міндетін арқалаған
архитектор қажет шығар. Ал мұндай материалды жазу үшін оның белгілі бір
қалыбы, ережесі жоқ. Тақырыпты әр мақала жазған сайын журналистің өзі іздеп
табуына тура келеді. Сондықтан, сараптамалық журналистика – жеңіл-желпі шоу
жасау емес, терең білім мен біліктілікті, нақты дәлел мен дәйектілікті,
табиғи дарындылықты талап ететін нағыз шығармашылық процесс.
Негізі, сараптамалық журналистика түсінігінің кәсіби айналымға
енгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Оның кеңес өкіметі шекпенінен шыққан
мемлекеттердің журналистикасында пайда болғаны 1990 жылдардың ортасымен
тұспа-тұс келеді. Әрине, бұл жерде ТМД журналистикасы туралы әңгіме болып
отыр. Ал Батыста жанрлар қосындысынан шыққан сараптамалық журналистика
бізбен салыстырғанда айтарлықтай ерте басталуы да ықтимал. Сондықтан
сараптамалық мақала қалай жасалатынын еш жерде оқытпайтыны да заңды. Міне,
экономикалық басылымдарға қажеттеі мамандардың жетіспеушілігінің бір себебі
осы.
Бір қарағанда, сараптамалық журналистика термині - терең
құпиялар мен білімге толы, тек арнайы журналистер айналысатын ерекше кәсіп
секілді көрінеді. Ал шынтуайтына келгенде, олай емес. Бұндай жұмыспен
шұғылдану үшін әлемдік экономиканы терең меңгеріп, отандық экономиканы
жазатын білім мен эрудиция деңгейі жоғары болғаны ғана қажет. Атап
айтқанда, бұл тақырыпқа қалам тербейтін журналистің ойлау қабілеті жақсы
дамыған, күнделікті оқиғаларды бақылап, бағамдап, ұғына білуі керек. Ең
алдымен тілшіден жүйелі түрде жұмыс істеп, еңбек ету бейімі талап етіледі.
[7.194]
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Ақпараттық немесе ойын-сауықтық
жанрларға жатпайтын сараптамалық материал жаңалықты жай ғана баяндап
қоймайды. Оған мәселеге қатысты көзқарас, оны қолдайтындар мен қарсы пікір
білдіретіндердің дәлелді, дәйекті пікірлері қамтылады.
Тағы бір айта кетер жайт, бұл жерде мынадай маңызды мәселеге тоқтала
кеткен жөн: қажет тақырыпқа шындап кіріскен журналист әрқашан көзқарастар,
пікірлер мен ұстанымдар қақтығысына жолығады. Сондықтан көзқарасты қолдауға
қажетті дәйек қана емес, қарсыластарыңның пікіріне қайтаратын жауап та
болуы қажет. Сондай-ақ, экономика тақырыбына қалам тербеу үшін бұл саладан
терең мағлұмат, хабарың болғаны дұрыс. Мүмкіндік болса, экономикалық білім
алуға, ия болмаса, осы тұрғыда білімді жетілдіретін түрлі семинарларға
қатысқанның артықтығы жоқ. Күнделікті, мамандырылған басылымдар оқып, осы
саланың сарапшыларымен жиі пікірлес болуға тырысқан абзал.
Қысқаша айтқанда, экономика тақырыбында жазу үшін ең алдымен
ақпараттық дайындық мол болғаны абзал. Салалық тақырыпта мақала жазу
жайында әрбір журналистің өз тәжірбиесіне сүйене отырып айтатын өзіндік
пікірлері бар. Мысалға алатын болсақ, Экономика газетінің 2010 жылғы 27-
ші мамыр мен 3-ші маусым аралығында шыққан № 21 (141) нөмірінде Гүлзат
Нұрмолдақызы мен Рымтай Сағынбекованың Біздің қоғамға білімді әрі рухани
бай маман қажет деген мақаласы жарық көрді.
Мақалада Қазақ газеттері жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
жанынан шығатын Экономика газеті ұжымы жақында Алматы қаласындағы Банк
ісі академиясында қонақта болғаны, кездесуге газет ұжымын Қазақ
газеттері ЖШС-нің бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек
Кенжалиннің бастап барғаны, басқосуға білім ошағының ұстаздары мен
студенттерінің қатысқаны баяндалады.
Экономика газетінің ұжымы Банк ісі академиясына кездесуге текке
бармағаны белгілі. Өйткені, басылым ел экономикасының қыр-сырын жазса, бұл
білім ошағы экономика саласынан маман даярлап отыр. Былайша айтқанда,
екеуінің де илеп отырғаны – бір терінің пұшпағы. Оның үстіне, ел
экономикасында келелі мәселе көп. Мәселен, экономикадағы тілдік жүйе,
тілдік норма қалай құрылып, қалай дамуы керек? Журналистика
факультеттеріндегі студенттердің алып отырған білім деңгейі қандай? Бұл
саладағы оқулық тапшылығын қалай жоюға болады? Міне осы сұрақтардың барлығы
дөңгелек үстел барысында қамтылады. Кездесу барысында келген қонақтарға,
яғни журналистерге студенттерден Экономика тақырыбына жазатындардың
журналист болғаны дұрыс па, жоқ әлде экономист болғаны тиімді ме?, - деген
сауал қойылады. Сұраққа Экономика газетінің бас редакторы Ақас Тажутов
былай деп жауап береді:
– Әрине журналист қай саланы жазса да сол саланың білгірі болуы керек.
Бұл жерде менің айтпағым жазып отырған адамның білімі болғаны абзал. Енді
өмірде әртүрлі жағдай болады. Мысалы, банк саласында қызмет етіп жүріп,
кейін журналистика саласына ауысқан адамдар бар. Бұлардың жазғаны оқылымды.
Өйткені, салалық қызмет түрін де жете меңгерген, жазудың да қыр-сырын
меңгерген адам оқылымды жазады. Оның не айтқысы келіп отырғанын оқырман
түсінеді. Ал бізде көбінесе түсінбей жазу бар. Орысша жазылған ақпаратты
интернеттен аударып алып, түсінбей жазған адамның білімсіздігі көрініп
тұрады. Бұдан өзін де шатастырады, оқырманды да адастырады. Сондықтан
экономика тақырыбына журналист жазса да, экономист жазса да түсініп жазғаны
абзал дегенді айтқым келеді және олардың кәсіби білімі болғаны қажет.
Ал енді бұл сұраққа экономика саласында қалам тербеп жүрген журналист,
Экономика газетінің бөлім редакторы, Жас Қазақ газетінің экономика
және талдау бөлімінің редакторы Гүлзат Нұрмолдақызы былай деп жауап берді:
– Әрине, қай салада да кәсіби маман болғанға не жетсін. Мысалы менің
мамандығым журналист, бір мүшел экономикалық тақырыпқа қалам тартып келе
жатқан журналистпін. Кезінде Жас Алаш газетінде қызмет етіп жүрген
кезімде басылымның сол кездегі редакторы Нұртөре Жүсіп: сен қыз,
экономика факультетіне оқуға түсіп, бітіріп ал деп талай ақыл-кеңесін
айтқан еді. Анау дедік, мынау дедік, кейінге қалдырдық. Ақыры экономикалық
білім ала алмай қалдым. Бірақ журналист белгілі бір тақырыпты ұзақ жылдар
жазғаннан кейін сол салаға қатысты адамда білім қалыптасады. Өйткені оқулық
оқисың, ізденесің, мамандармен тілдесесің дегендей. Кезінде қаржы
министірлігінің баспасөз қызметінде жұмыс істеген едім, мүмкін экономика
бөліміне баруыма, осы салаға төселуіме оның да ықпалы болған шығар деген
ойдамын. Ал білім аламын, оқимын деген жастарға бүгінгі күні барлық
мүмкіншілік бар. Өздеріңіз білесіздер, экономикада шешімін таппай жатқан
мәселе көп. Сол мәселелерді сіздер боп, біздер боп бірге шешейік.
Бұл жерде қазақ журналистикасында өзіндік орны бар журналистер - Ақас
Тажутов пен Гүлзат Нұрмолдақызыңың пікірлері құптарлық. Салалық
журналистикада кәсіби біліктілік қажет. Ал кәсіби біліктілік болмаса,
жазған мақаланың да оқырман көңілінен шығуы екі талай. Егер кәсіби білім
болмаған жағдайда, Гүлзат Нұрмолдақызы айтқандай, журналистке ізденіс,
талпыныс керек. Осыған мысал келтіре кететін болсақ, Жас Қазақ газетінің
2008 жылғы 30 сәуірде № 17 (173) санында Гүлзат Нұрмолдақызының Банктерді
мемлекеттендіру: дұрыс саясат па әлде?.. деген мақаласы шыққан. Мақаланың
тақырыбы айтып тұрғандай осы сауалды Гүлзат Нұрмолдақызы Халық банкінің
басқарма төрағасы Григорий Марченкоға, БТА банкінің төрағасы Роман
Солодченкоға, Каспий банкінің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзеге және
Казкомеррцбанктің басқарма төрайымы Нина Жүсіповаға қояды. Жалпы мақала
сауалнама түрінде жазылып, сол кезде Қазақстанның қаржы саласының құлағында
отырғандар, қаржыгерлер біздің банк саласы қарыштап дамып кетті деп
келгеніне, тіпті кейбір сарапшылар бұл салада Ресейді де артта
қалдырғанымыз жайлы айтып жүргеніне байланысты туындаған. Журналист төрт
банк төрағасынан төрт түрлі пікір алады. Халық банкінің басқарма төрағасы
Григорий Марченко бұл сауалға Мемлекеттік банктерді қолдаушылар қатарынан
емеспін десе, БТА банкінің төрағасы Роман Солодченко Коммерциялық
банктерді мемлекеттендіруге қарсымын, бірақ капиталға араласуын қолдаймын
дейді. Ал Каспий банкінің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе Банктердің
қызметін шектемей, одан әрі дамуына мүмкіндік беру керек десе,
Казкомеррцбанктің басқарма төрайымы Нина Жүсіпова Реттеушіге қарсы шыға
алмаймыз деп жауап береді. Бұл – журналистің көп ізденіп, бір ғана
пікірмен шектеліп қалмай, бірнеше пікірлерді беріп, оқырман қауымға: Міне,
біз келтірген банкирлердің пікірі осындай. Дәл қазір қаржы нарығында
банктерді мемлекеттендіру міндеті тұрған жоқ. Егер ел ішінде жағдай
ушығатын болса, онда үкіметтің аянып қалатын түрі байқалмайды. Өз бетінше
қызметін дұрыс әрі ырғақты жүргізе алмаған қаржы институтына құрығы дайын
сияқты. Бұдан былай банктер ақырын жүріп, анық басуға ыңғайлана бастайды
деп мақаланы қорытындылауы оның шеберлілігінде. Себебі, журналист банк
болашағына журналист көзімен емес, экономист көзімен қарап, болжап отыр.
Сол сияқты Жас Қазақтың 2009 жылғы 13 ақпандағы №6 (214) санында Гүлзат
Нұрмолдақызының Экономика еңкейіп барады... Еңсені тіктеу үшін не істеу
керек? деген мақаласы шыққан. Мақала экономика саласында жүрген үш
маманның үш түрлі пікірлерін салыстара отырып жазылған. Бірақ соңғы
қорытынды ойды оқырманға Гүлзаттың өзі тастайды, яғни өз пікірімен
мамандардың пікілерін салыстырады. Бұл – журналистің өзі мақала арнаған
қалың оқырманға сауал тастау арқылы, оны ойға шомуына, жариялынымнан
өзіндік қортынды шығаруға шақыруының бір белгісі. Неге десеңіз, құрғақ
дерекке құрылған мақала көп ретте оқыла бермейді. Ал мәселені көтере
отырып, мақаланың соңы бұлай аяқтау тек өз саласынан тәжірбиесі мол
тілшінің қолынан ғана келеді деуге толық негіз бар. Қорыта келгенде
айтарымыз, білікті мамандардың қолына қалам ұстаған жас тілшілерге ғұмыр
бойы үйренуді талап ететін журналистика жайында ақыл-кеңес беруі құптарлық.
Тағлымы мен тәжірбиесі мол тілшілер ғана өздері құлағын ұстаған мамандықтың
ішкі артықшылықтары мен кемшіліктерін біледі. Ал жоғарыда аталған
кездесулерді мақала күйінде жарыққа шығару тіпті дұрыс. Бұл қазақ
журналистикасының дамуына айтарлықтай үлес қосады.

ІІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА:
ӨЗЕКТІЛІК ЖӘНЕ МӘСЕЛЕ
2.1. Қазақ басылымдарындағы экономикалық жариялынымдар
Іскерлік ақпаратсыз жаңа заманғы экономика жүрісінен жаңылады. Мұндай
хабар-ошарсыз экономика дамудан қалады. Бірінші мақсаты – қоғамға ақпарат
беру болып табылатын БАҚ өзге ақпарат жариялаушы орындармен бірге қаржылық
мекемелердің қалыпты жұмыс істеуіне керекті маңызды жаңалықтармен қамтиды.
Нәтижесінде, іскерлік журналистика қаржы саласының қызметкерлеріне сүзгіден
өткен, мейлінше жан-жақты талқыланып, мамандар пікірімен салыстырылған
мәліметтер ұсынады. Экономика саласының дамудың даңғыл жолына түсуіне
септесетін мұндай мақалаларды жариялауда ел аумағына жүз мыңдаған данамен
таралатын қоғамдық-саяси газет-журнал, теле-радиолар алдына қара салмайтыны
анық.
Әлбетте, экономика саласының өрге басуына өндіріс, кәсіпорын, фирма,
банк, биржа, жалпы, кәсіпкерлікпен шұғылданатын қаржылық мекемелерге
арналған салалық басылымдар да оң ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан болса
керек, кейінгі кездері жарық көре бастаған дәл осындай мерізімді
басылымдардың оқырман арасында беделімен қатар тиражы да артып отыр. Атап
айтсақ, соңғы 4-5 жыл шамасында қазақ оқырманы арасында таралып жүрген
Экономика, Қазақстан Іскері басылымдары.
Тең теңімен, тезек қабымен. Заманына қарай адамы. Бұл мәтелдер
кешегі және бүгінгі қазақ журналистикасы турасында сөз еткенде алдымен тіл
ұшына оралады. Кеңес дәуіріндегі және қазіргі журналистиканы бір-бірімен
мүлдем салыстыруға келмейді. Бүгінгі Қазақ журналистикасы егемен ел
атанғаннан бергі уақытта өз сүрлеу, өз соқпағына түсті. Десек те, ұдайы
заман ағымына ілесіп отыратын журналистке тәжірбиесіне сүйеніп,
шығармашылықтың шыңына шықтым екен деп, өзеуреуіне әсте болмайды. Неге
десеңіз, кәсібі ғұмыр бойы ізденіске құрылатын тілшінің негізігі міндеті –
үйренуден жалықпау. Яки, Болар адам болдым демес, болдым десе, болған
емес. Жалпақ тілмен айтқанда, қаламын қару қылған корреспондент өмірін оқу
мен тоқуға содан соң ғана жазуға арнайды. Тәуелсіздікке қол жеткізген 19
жыл шеңберінде еліміздің журналистикасы біршама дамып, қалыптасты. Тіпті,
бір кездері көштен қалған отандық журналистика жан-жақты дамып, әлемде
өзіндік орнын алып та үлгерді. Ал ең бастысы әрі қуанарлығы осы салада
сауатты бәсеке қалыптасып келеді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылы, оған
дейін тек қана мемлекеттік БАҚ болып келсе, одан кейін жүздеген
ведомствалық, корпоративтік және меншіктік газеттер, журналдар, ақпарат
агенттіктері, телерадиокорпорациялар ашылды. 1991 жылдың қазан айынан
бастап барлық меншік түрінің жеке және заңды тұлғалардың иелігіндегі
басылымдар ұлғайды. Егер 1991 жылы елімізде 97 газет-журнал шығарылған
болса, 1994 жылы олардың ұзын саны 313-ке дейін көбейді деген дерек бар.
[8]
Шынында да солай. Қоғамдық бір формациядан екіншісіне ауысқан кезде
кездесетін әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарды біздің БАҚ-та басынан
өткізді. Шыдады, табандылық көрсетті. Ел ішінде 2002 жылы 1754 медиа-
компания жұмыс істепті. Ал қазір Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы
Сейтқазы Матаевтың айтуынша, шамамен елімізде 1824 БАК жұмыс істеп тұр.
Оның ішінде 1202-сі газет, 483-і журнал, 124 телерадио стансалары және 10-
12 ақпарат агенттігі бар. [7.369]
Біріншіден, қазақтілді журналистика саласында бәсеке таяз. Нарық
заманның басты талабы – бәсекеге лайық тауар өндіру болса, біздің өндіріп
отырған тауарымыз бәсекеге қауқарсыз. Рас, бүгінгі таңда әрбір қазақтілді
басылымның қоғамда алып отырған өз орны бар. Белгілі бір деңгейде қоғам
өкілдерінің сұранысын өтеп отыр деп ауыз толтырып та айта алмаймыз. Бұған
барлық қазақ тілді басылымдардың тіл, діл, дін, салт-дәстүр сықылды жалпы
ұлттық болмысты сақтап, қазақ халқына ағартушы, иделогогиялық құрал ретінде
қолданылып отырғанын дәлелге келтірсек болады.
Екіншіден, шығарып отырған газет-журналымызды тарату мәселесінде
кемшіліктер жетіп-артылады. Жасыратыны жоқ, қазақтілді басылымдар
көпшіліктің баспасөзге жазылуы арқылы таралады. Шалғай ауылдардағы айлығын
шайлығына жеткізе алмайтын немесе мүлде жұмыссыз ел-жұрт 3-4 мың (бір жылға
жазылу) теңге тұратын газет-журналдарға жазылуға құлықсыз. Яғни, қалта
көтермейді. Сондықтан да, халықтың әл-ауқатының төмендеуінен бізде
баспасөзге өз еркімен, өз қалауымен жазылу үрдісі соңғы жылдары бәсеңсіді.
Аудан орталықтарына, алыстағы елді-мекендерге апталық газеттерді 30-60
теңге аралығында баға қойып, сатса, өтер еді. Тек сол оқырманға жеткізу
жағы кемшін түсіп отыр. Әйтпесе, ел тұрғындарының тең жартысы тіршілік
ететін, қалың қазақ қоныстанған ауыл аймақ халықтың көзі, құлағы һәм тілі
атанған басылымнан бас тартуға жоқ. Ендігі қалғаны, қазіргі нарық заманы
талабына бейімделген басылым таратудың ең оңтайлысын таңдап алып,
көпшілікке газет жеткізуді қолға алу керек. Бұл ақпаратқа шөліркеген
оқырманға да, газет тиражын көбейтуге ынталы басылымға да тиімді. Қорыта
айтқанда, бізде оқырманға арзан өнім жеткізу жағы жөнді жолға қойылмаған.
Үшіншіден, қазіргі таңда орыстілді баспасөз бен қазақ тілді
баспасөзді салыстыра қараушылар баршылық. Негізі, екі аудиторияны бір-
бірімен салыстыруға мүлде келмейді. Неге дерсіз? Себебі, орыстілді
басылымдар көбіне ақпараттандыру миссиясын орындаса, қазақтілді басылымдар
ұлттық сана, ұлттық пайым, ұлт болашағы, ұрпақ келешегі сияқты ірі-ірі
өзекті мәселелерді көтереді. Яғни, өзгелер үшін тек ақпарат қана құнды
болса, елінің бүгіні мен ертеңіне алаңдаған қазатілді БАҚ ақпарат пен бірге
сол хабардың қалың қазаққа пайдасының тиюін қалайды.
Төртіншіден, орыстілді аудиторияның ауқымы өте кең. Орысша орташа
сауатты балалардың өзі орыстілді газетті тұтынуға қауқарлы. Оның үстіне,
кеңес өкіметінің шекпенін шыққан елімізде қалалықтардың дені орыстілді.
Әлбетте, олардың қатарында қазақтар да бар. Орыстілді басылымдармен ашық
бәсекеге түсетін деңгейге жетуіміз керек. Алдымызға осындай міндет қойсақ,
оған жетуге журналистердің білім-білігі мен қарымы да, күш-қуаты да жетеді.
Алайда, бұл сөзіміз елімізде жібі түзу басылым жоқ дегенді әсте
білдірмейді. Мәселен, соңғы жылдарды ел ішінде таралымы жоғары, оқырман
сұранысына ие - қазақтілді журналдар көбейіп келе жатқаны байқалады.
Алдымен Жұлдыздар отбасы, одан кейін Әлия, Япыр-ай Старс КЗ
басылымдары шықты. Байқауымызша, соңғылырында аздап жарнама бар. Сатылу
бағалары да шамалас. Оқырмандар аудиториясын игеруге деген құлшыныстары да
жаман емес. Бұл журналдар белгілі бір деңгейде, белгілі бір оқырмандар
легінің сұранысын қанағаттандырып отыр. Себебі, аудиторияның деңгейі,
таңдауы әрқилы ғой. Мысалы, іргедегі Ресейде бір ғана денсаулық саласына
арналған 40-50 газет пен журнал түрі бар екен. Қазақтілді ақпарат
нарығындағы осындай бос кеңестікті әлгі журналдар толтыруды көздеп отырған
сыңайлы. Бірақ бұл басылымдар сапа жағына мән беруі керек, егер дәл
бүгінгідей деңгейде жарық көре беретін болса, оқырмандарынан айырылу қаупі
де жоқ емес. Көзі қарақты оқырманның талабына жауап беруі үшін басылымдар
үнемі ізденіс үстінде болғаны дұрыс.
БАҚ-ты мемлекет қаржыландырғаннан кейін ақпарат кеңістігі бізде
біржақты дамиды. Сонда мемлекеттің қаржысын алып, ақты ақ, қараны қара
дейтін газет шығаруға болмай ма? Болады. Журналист Жұлдыз Әбділданың
пікірінше, кез келген БАҚ, мейлі ол оппозициялық көзқарастағы басылым
болсын, мейлі ол мемлекеттікі болсын, негізгі принциптерден ауытқымау
керек. – Мысалы, ақпарат таратқан кездегі объективтілік ескерілуі тиіс. Ал
бізде қалай? Оппозиция билікті, билік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ баспасөзі тәуелсіздік жылдарында
Ақпараттық ресурс түсінігі
Моңғолиядағы алғашқы қазақ журналдары
Қоғамдағы саяси газет
Әлем журналистикасының тарихы
БАҚ-ң саясатта алатын орны
Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
Қазақ халқының тарихы мен өмірі
Қазақстандағы БАҚ- тың 90 жылдардағы жалпы жағдайы
Мектеп кітапханасында ақпараттық технология және оны қолдану
Пәндер