Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет: қазіргі жағдайы және даму барысы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Мемлекеттік қызмет мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Мемлекеттік қызметтің ұғымы, маңызы және қағидалары ... ... ... ... ... 10
1.3 Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫН СИПАТТАЙТЫН ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ ... ... 23
2.1 Мемлекеттік қызметті дамыту мен экономикалық жағдайдың өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.2 Әлеуметтік саланың дамуындағы мемлекеттік органдардың іс.әрекетін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.3 Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін көтеру жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
3.1 Мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік реформалардың
тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 47
3.2 Мемлекеттік қызметтің шет елдік тәжірибесі және оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
3.3 Мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру шаралары ... ... ... ... ... ... 64

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...77
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың басымдылықты бағыттары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.
Осыған байланысты Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында еліміздің даму басымдықтарының бірі ретінде кәсіби үкімет пен мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесін құруды анықтады [5].
Қазақстан Республикасы егемендік алған кездің алғашқы жылдарында–ақ мемлекеттік қызметті дамыту мәселесі қолға алынған болатын. Бірақ оның заңнамалық негізі әлі де болса жетілдірілмеген еді. 1999 жылы қабылданып, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қызметтің осы түрінің кеңінен дамуына жол ашып берді. Содан бері қарай мемлекеттік қызмет саласында көптеген нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданып, іске асырылды да.
Қазақстан кең көлемді территорияны иеленеді, осыған байланысты еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының қалыптасуына, климаттық жағдайларына және т.б. негізделген әртүрлі экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Осыларға байланысты мемлекеттік қызметті дамытуда да басқа елдермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері болады. Осыған орай мемлекеттік қызметтің даму барысын зерделей отырып, оны болашақта дамыту мәселелерін қарастыруға деген қажеттілік туындайды.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруға қойылып отырған жаңа талаптар мемлекеттік қызметтің жағдайын зерттеу, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің мәртебесіне қатысты мәселелерді зерделеу қажеттігін негіздейді. Осылардың барлығы да дипломдық тақырыптың өзектілігін негіздейді.
Елбасымыз «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткенiндей: «Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс» [4].
Диплом жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздерін қарастыру негізінде қазіргі жағдайдағы мемлекеттік қызметтің даму барысын талдау және оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру субъектісі ретіндегі мемлекеттік қызметтің сипатын айқындау;
- мемлекеттік қызметтің мәнін, ерекшеліктерін және қағидаларын қарастыру;
- мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздерін талдау;
1. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы. Алматы, 1997
2. “Қазақстан Республикасының Конситуциясы” Алматы “Жеті жарғы”, 2003ж
3. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы. /Егемен Қазақстан, 1999ж. 6 тамыз
4. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері). - //Егемен Қазақстан, 2005 ж. 5мамыр.
5. Концепция разграничения полномочий между уровнями государственного управления и совершенствования межбюджетных отношений. Одобрена постановлением Правительства РК от 10 февраля 2003 года №147 // Собрание актов Президента РК и Правительства РК, №7, 2003.
6. Қазақстан Республикасының Статитика Агенттігі Қазақстан 1991-2002. Бет 502.
7. Статистикалық жылнама, Алматы, 2007 ж.
8. Баянов Е. Мемлекеттік қызмет. Оқу құралы – Алматы, 2005. – 40 б.
9. Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Учебник – Петропавловск: Сев. Каз. юрид. академия, 2004. – 416 с.
10. Уваров В.Н. Государственная служба. – Алматы:КазГУЮ, 1996.
11. Государственная служба: организация, кадры, управление. М., 1994.
12. Лазарев Б.М. Государственная служба. М., 1993.
13. Овсянко Д.М. Государственная служба Российской Федерации. Учебное пособие. – М.:Юрист, 1996.
14. Совершенствование принципов государственного управления //Казахстанская правда, 13. 03. 2003 г.
15. Ғали Ә. Қазақстан қоғамын демократияландыру деген не? // Мемлекет, №15 (2801). 11.04.2003ж. бет 3.
16. Адасбаев Е, Кантарбаева А. Децентрализация государственного управления в Казахстане: проблемы и пути решения //АльПари №3-4, 2000 г. бет 27.
17. Уваров В.Н. Теория государственного управления. Часть 2. Учебное пособие. Алматы, 2001г. бет 6.
18. Мүсіреп Ғ. Орталықсыздандыру біртіндеп жүзеге асады // Егемен Қазақстан, 18. 01. 2002 ж. №11 (22914). бет 2.
19. Децентрализация: эксперименты и реформы. Под редакцией Тамаша М.Хорвата. Органы местного самоуправления в Центральной и Восточной Европы. Том 1. Отпечатано в Будапеште, Венгрия, май, 2000г.
20. Козбаненко. В. Формы и методы государственного управления //Проблемы терии и практики управления, №2, 2000г. бет 46.
21. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства //Транзитная экономика, №4, 2001ж. Бет 49-50.
22. Чиркин В.Е. Государственное управление. Юристъ, Москва, 2002. б.
23. Государственное регулирование рыночной экономики. Под редакцией В.И. Кушлина. Москва, Экономика, 2000г. бет 238.
24. Шайынғазы С. Басқару жүйесін жетілдіру – заман талабы// Егемен Қазақстан, 8.04.2003жыл.
25. Жанузакова Л.Т. Компетенция местных представительных органов в области бюджета и финансов // Экономика и право Казахстана. №12, 2003г. бет 51-52.
26. Келімбетов Қ. Өкілеттіктерді айқын ажырату – бүгінгі күннің басты мәселесі // Егемен Қазақстан, №151 (23053) 2.07.2002ж.
27. Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система. Алматы,
Ғылым, 2000г.
29.Никифорова Н. Предпосылки новой стратегии государственного управления национальной экономикой // АльПари, №1, 2003.
30. Жатқанбаев Е.Б. Мемлекеттік басқарудың теориясы және практикасы. Алматы, 2001 жыл
31. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Москва, 1997г.
32. Бердалиев К.Б. Басқару негіздері.Алматы, 1997 жыл.
33.Мухамбетов Т.И. Управление государством. Алматы, 2001 г.
34.Найманбаев С. Мемлекеттік басқару Ақиқат, 2000жыл №5
35.Баянов С. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы 2003 жыл.
36. Дауранов “Организация государственной службы” Алматы, 1999г.
37. Крепок П.“Мониторинг реформы сфере государственной службы Казахстана: достижения и издержки. Поиск путей улучшения работы государственного аппарата”// Фонд Евразия, Алматы 2001//
38. В.Н.Уваров “Государственная служба и управление”, Петропавловск 2004г.
39. Н.В. Волох “Правовые основы регулирования деятельности государственных служащих” Алматы: “Вестник КазГУ”, серия юридическая, 1997, №5, С62.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БИЗНЕС КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет: қазіргі жағдайы және
даму барысы

Орындаған:
4 курс студенті
Бейсекулов Б.М.

Ғылыми жетекшісі,
э.ғ.к., доцент __________________________
Смағұлова Г.С.

Норма бақылаушы _________________________ Жұмағазиева А.Ғ.

Кафедра меңгерушісі
э.ғ.д., профессор __________________________ Кубаев К.Е.

Алматы, 2009
РЕФЕРАТ

Диплом жұмысы 80 беттен, 10 кесте, 2 суреттен тұрады.

Елбасымыз Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік
саясаттың ең басты мақсаты деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап
көрсеткенiндей: Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның
мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып,
нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту
жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс.
Диплом жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздерін қарастыру негізінде қазіргі
жағдайдағы мемлекеттік қызметтің даму барысын талдау және оның тиімділігін
арттыру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру субъектісі ретіндегі мемлекеттік
қызметтің сипатын айқындау;
- мемлекеттік қызметтің мәнін, ерекшеліктерін және қағидаларын
қарастыру;
- мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздерін талдау;
- экономика мен әлеуметтік саланы дамытудағы мемлекеттік қызметтің
орнын айқындау;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін көтеру жағдайын
талдау;
- мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік реформалардың
тиімділігін қарастыру;
- мемлекеттік қызметтің шет елдік тәжірибесін саралай отырып, оны
Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктерін айқындау;
- мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру шаралары жөнінде ұсыныстар
жасау.
Диплом жұмысының объектісі – Қазақстан Республикасынгдағы мемлекеттік
қызмет. Зерттеу пәні - мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында
қалыптасатын қатынастар.
Алынған нәтижелер:
- мемлекеттік сектордың қызмет көрсетуі монополиялық негізде
болғандықтан, оларды ұсынудың арнайы стандарттарын жасамай, сапалы
мемлекеттік қызмет көрсетуге қол жеткізу мүмкін емес;
- мемлекеттік органдардың құрылымында стандарттардың сақталуын
бақылайтын және өздерінің қызмет көрсетуінің сапасын жақсарту бойынша
ұсыныстар әзірлейтін арнайы бөлімшелерді құру өте маңызды;
- мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсартудың және әкімшілік кедергілерді
төмендетудің келесі факторы есеп беруді және мемлекеттік қызметшінің дербес
жауапкершілігінің ашық жүйесін енгізу қажет.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .5
1.1 Мемлекеттік қызмет мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру құралы
ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Мемлекеттік қызметтің ұғымы, маңызы және
қағидалары ... ... ... ... ... 10
1.3 Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫН СИПАТТАЙТЫН
ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ ... ... 23
2.1 Мемлекеттік қызметті дамыту мен экономикалық жағдайдың өзара
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2 Әлеуметтік саланың дамуындағы мемлекеттік органдардың іс-әрекетін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.3 Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін көтеру жағдайын
талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ
БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
9
3.1 Мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік реформалардың
тиімділігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 47
3.2 Мемлекеттік қызметтің шет елдік тәжірибесі және оны Қазақстан
жағдайында қолдану
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .50
3.3 Мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру шаралары
... ... ... ... ... ... 64

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 77

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың басымдылықты
бағыттары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.
Осыған байланысты Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 2030
жылға дейінгі Даму стратегиясында еліміздің даму басымдықтарының бірі
ретінде кәсіби үкімет пен мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтің
тиімді жүйесін құруды анықтады [5].
Қазақстан Республикасы егемендік алған кездің алғашқы жылдарында–ақ
мемлекеттік қызметті дамыту мәселесі қолға алынған болатын. Бірақ оның
заңнамалық негізі әлі де болса жетілдірілмеген еді. 1999 жылы қабылданып,
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Мемлекеттік қызмет туралы
Қазақстан Республикасының Заңы қызметтің осы түрінің кеңінен дамуына жол
ашып берді. Содан бері қарай мемлекеттік қызмет саласында көптеген
нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданып, іске асырылды да.
Қазақстан кең көлемді территорияны иеленеді, осыған байланысты
еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының қалыптасуына, климаттық
жағдайларына және т.б. негізделген әртүрлі экономикалық әлеуетке ие.
Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері
бойынша бөлінеді. Осыларға байланысты мемлекеттік қызметті дамытуда да
басқа елдермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері болады. Осыған орай
мемлекеттік қызметтің даму барысын зерделей отырып, оны болашақта дамыту
мәселелерін қарастыруға деген қажеттілік туындайды.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруға қойылып отырған жаңа
талаптар мемлекеттік қызметтің жағдайын зерттеу, сонымен қатар мемлекеттік
қызметшілердің мәртебесіне қатысты мәселелерді зерделеу қажеттігін
негіздейді. Осылардың барлығы да дипломдық тақырыптың өзектілігін
негіздейді.
Елбасымыз Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік
саясаттың ең басты мақсаты деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап
көрсеткенiндей: Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның
мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып,
нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту
жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс [4].
Диплом жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздерін қарастыру негізінде қазіргі
жағдайдағы мемлекеттік қызметтің даму барысын талдау және оның тиімділігін
арттыру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру субъектісі ретіндегі мемлекеттік
қызметтің сипатын айқындау;
- мемлекеттік қызметтің мәнін, ерекшеліктерін және қағидаларын
қарастыру;
- мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздерін талдау;
- экономика мен әлеуметтік саланы дамытудағы мемлекеттік қызметтің
орнын айқындау;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін көтеру жағдайын
талдау;
- мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік реформалардың
тиімділігін қарастыру;
- мемлекеттік қызметтің шет елдік тәжірибесін саралай отырып, оны
Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктерін айқындау;
- мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру шаралары жөнінде ұсыныстар
жасау.
Диплом жұмысының объектісі – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
қызмет. Зерттеу пәні - мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында
қалыптасатын қатынастар. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде мемлекеттік қызметтің рөлі мен мәні,
ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен қатар жұмыстың бұл бөлімінде қазіргі
кезеңде өзекті проблемалардың біріне айналып отырған мемлекеттік қызметтің
заңнамалық негіздерімен байланыстырыла отырып қарастырылады.
Диплом жұмысының екінші бөлімінде Қазақстандағы мемлекеттік қызмет
жүйесінің тиімділігін сипаттайтын үрдістер талданады. Бұл бөлімде
мемлекеттік басқарудың негізі ретінде экономика мен әлеуметтік салаларға
үлкен мән беріліп, олардың дамуындағы мемлекеттік қызметтің рөлі
қарастырылған
Үшінші бөлім мемлекеттік қызметтің тиімділігін жетілдіру сияқты күн
тәртібінде жүрген өзекті мәселеге арналған. Әрине, бұл бөлімде мемлекеттік
қызметтің тиімділігін арттыру шаралары тәрізді күрделі мәселеге де баса
назар аударылды.
Жұмыстың қорытынды бөлімінде мемлекеттік қызметтің тиімділігін
көтеруге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынды.

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мемлекеттік қызмет мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру құралы
ретінде
Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның алғашғы жылдарында басымдылықты
көңіл мемлекеттілікті бекіту, күшейтуге, халықаралық аренада орын алуға,
әлеуметтік экономикалық сферда реформалар жүргізуге аударылды. Дамудың
қазіргі кезеңінде, яғни тәуелсіздіктің жалпы ұлттық негізі құрастырылған
кезде басымдылықты тапсырмалардың бірі мемлекетік қызметті дамыту болып
табылады.
Мемлекеттік қызметтің даму барысын зерттемес бұрын, мемлекеттік
басқару, оның қағидалары мен қызметтері, әдістері және т.б түсініктерін
анықтауға тоқталған жөн.
Нарықтың азаттық, бәсеке және демократиялық тәртіп барын сипаттайтын
қазіргі экономикада маңызды орын мемлекеттік ықпалға берілген.
Осыған байланысты мемлкеттік басқару нарықтық механизмнің тиімді қызмет
етуін; таза нарықтық механизмдерді қолдану мақсатсыз және тиімді емес
әлеуметтік, экологиялық және басқа сфераларды ретеуді; әлемдік масштабында
мемлекеттілікті және мемлекет позициясын бекітуді күшейтуге қызмет етуі
керек.
Мемлекеттік басқару – мемлекеттің өзінің органдар және лауазымды
тұлғалары арқылы қоғамдық процесстерге, адамдардың танымына, іс-
әрекеттеріне және қызмет етулеріне бағытталған, ұйымдастырушылығына әсер
етуі керек. Ол қоғамда субьективті фактор шегінде жүзеге асырылады және
билікті құрылым негізінде ұйымдасқан адамдардың материялдық әлеуметтік және
басқа өнімдерінің (тұтыну құндылықтарының) ұдайы өндіріс салаларында қызмет
ететін адамдарды басқару әсерін білдіреді [8].
Мемлекеттік басқару тероиясындағы атақты маман Г.В Атаманчук осы мәселе
бойынша келесі мәселені береді: мемлекеттік басқару бұл – мемлеукеттің
адамдардың қоғамдық өмірін реттеу, сақтау немесе қайта құру мақсатында
тәжрибелік, ұйымдастырушылық және реттеушілік әсері[12].
Бұл анықтама мемлекеттік басқарудың үш қасиетін қамтиды: а) іс-
әрекеттін жүзеге асыру кезінде ол билікке басымдылық беретін
ұйымдастырушылық күшіне сенеді; б) басқарушылық әсерінен оның маңызды
тамырлы процестерін құбылыстарын, өзара байланысын реттей отырып, қоғамға
өзінің ықпалын көрсетеді; в) жүйелі қызмет етеді себебі екі күрделі
құрылымдардың, мемлекеттік басқару аппараты мен қоғамның жариялы қызмет
етуін біріктіреді.
Француз ғалымы Р.Грегори монографиясында мемлекеттік басқаруға
мемлекеттік биліктің арнайы агенті болып қызмет ететін барлық қоғамның
мүдесіне дамуды реттеуге бағытталған ерекше әлеуметтік қызмет - деп
анықтама берген.
Қазіргі уақытта мамандардың көпшілігі мемлекеттік басқару мен
мемлекеттік әкімшілік биліктің үш сферасын – заң шығарушы, атқарушы және
сотпен байланысты деп санайды. Мұндай бағытты Д. Вильсон, У.Дмон, Р.Горд,
Д.Гринбурд, Р.Григори, Л.Нигро, Ф.Нигро, М.Роскин, ұсынады.[17] Бұл
көзқарас әсіресе американ ғалымы Л.Нигро мен Ф. Нигронның Қазіргі
мемлекеттік әкімшілік атты монографиясында анық бейнеленген. Авторлар
мемлекеттік қызметке жан-жақты анықтама берген: мемлкеттік әкімшілік –
мемлекеттік істердегі 1) заң шығарушы, атқарушы, сот және олардың өзара
әсерімен байланысты. 2) мемлекеттік саясатты қалыптастыруағы маңызды мәнге
ие және саяси процестердің бір бөлігі болып табылатын 3) жеке секторлардың
әкімшіліктер ерекшеліктерін; 4) әртүрілі компаниялар мен ұймдарда жұмыс
істейтін жеке топтармен және индивиттермен тығыз байланысты ұйымдастырылған
топтық әрекеттерді білдіреді [19].
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғамдағы әлеуметтік процестерді мемлекеттік
басқаруды ұйымдастыруды зерттейтін ғылыми пәнді білдіреді. Мемлекеттік
басқару пәні саяси жүйе мен территроияның жалпылығымен байланысты
адамдардың өндірістік, әлеуметтік және рухани өмір сүруіне әсер етудің
нысандары мен әдістері болып табылады.
Мемлекеттік басқару ұдайы өндірістердің барлық жақтарына әсер етеді;
өнірістік қатынастардың негізіне мемлекеттік нысандарын қояды.
Мемлекеттік басқару мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, олардың
қызығушылықтарын қамтамассыз ету бойынша мемлекеттік органдардың тәжрибелік
қызмет етуінде көрінеді. Ол табиғи еңбек матиралдық ресурстарды қолданады,
халық шаруашылығы және әлеуметтік сфера салаларын басшылыққа алуда,
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті қорғауды
жақсартуға бағытталған. Мұнда ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, талдау
қызметтері орындалады және сендіру,ынталандыру, күштеу, жазалау әдістері
қолданылады.
Мемлекеттік басқару жүйесінің әдістері – бұл қағидалар құралддар мен
тәсілдердің органикалық жиынтығы. Талдаудың негізгі әдістері – жүйелі
талдаулар, синтез, анология, салыстыру, байқау тәжрибе және т.б. [7].
Мемлекеттік басқару саяси, құқықтық экономикалық әдістер жүйесі ретінде
адамдардың қоғамдық қызметін оптималдауға және олардың қажеттіліктерін
максималды қанағаттандыруға бағытталуы керек. Жоғарғы ирархиялық құрылымның
басқарушылық әсері басқарушы жүйесімен тікелей байланыстар арқылыы жүзеге
асырылады. Басқарушы әсерге баламалы ықпал байланыс бойынша түсетін
ақпаратпен анықталады.
Мұнда басқару субьектісі – мемлекеттік басқару органдар жүйесі мен
оларда қызмет ететін лауазымды тұлғалар, ал объектісі – қоғамдық процесстер
адамдар, шаруашылық етуші субьектілер және т.б болып табылады.
Ресей ғалымы А.В Пикулькин мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаларын
көрсеткен:
1. Өкілеттіліктің жауапкершілікпен үйлесімділігі;
2. Бас звеноны бөлу;
3. Кешенділік;
4. Басқарушылық;
5. Бірлестік;
6. Иницативтік;
7. Мақсатпен оған жету құралдарының сәйкестігі;
8. Шешім қабылдау уақыттылығы;
9. Сызықтық және функциялларды үйлесімділігі;
10. Жаңа мәселелер туындайтындай басқарушылық тапсырмалар шешілуі
керек.
Отандық экономист Дауранов Н.Н мемлекеттік басқарудың келесі
қағидаларлын атап көрсететді;
1. Мақсатқа бағытталғандық;
2. Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың оптималды қатынасы;
3. Бәсекелі таңдау, басқарушылық кадрлерді дайындау және бекіту;
4. Басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен уақытылығы;
5. Басқару мақсаты мен қызметтерімен ақпаратың сәйкестігі;
6. Динамикалық тепе-теңдік;
7. Қабылданған шешімдердің дұрыстығы;
8. Жауапкершілік;
9. Кезеңдік пен кері байланыс;
10. Кешенділік
11. Иерархиялық пен бөлінушілік;
12. Басқаруды ұйымдартырудың ескі нысандарынан жаңасына көшу [11].
Мемлекеттік билік органдары жүйесі ішкі және сыртқы қызметтерді
ұйымдартырушылық және орындау мақсатында қалыптасады.
Жалпы қабылданған квалификациялауға сай, ішкі қызметерге жатады:
экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық салық салу және қаржылық
бақылау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен
тәртіпті қамтамассыз ету.
Сыртқы қызметтер қамтиды: әлеуметтік экономикаға интеграция, мемлекет
қорғанысы, қандайда бір мәселені (экогогиялық, шикізаттық, энергетикалық,
демографиялық және т.б) шешудегі еліміздің басқа мемлекеттермен қарым
қатынасы. [15].
Отандық ғалым Кубаев К.Е мемлекеттің келесі қызметтерін бөліп
қарастырады: қорғаныс пен құқық қорғаушылық қызметі және конфликтерде
үшінші жақ болады; қоғамдық игіліктерді өндіру; меншік құқығы спецификасы
мен оны қорғау; ақпаратық құрылымды қалыптастыру; тауар қозғалысы
арналарының инфрақұрылымын құру; ақша айналысы жүйесін қосқандағы шара мен
әдістердің меншік стандарттарын жасау [14].
Атқарушы билік органдары оларға басқару элементтері берілген жиынтық
бойынша бөлінеді және өзінің статусы бойынша министрлік, комитет, агенство
және басқа да болуы мүмкін. Әртүрілі критериялар – қызмет ету нысаны,
билікті бөлу қағидасы, ирархия, өкілеттілік мерзімі құзретін жүзеге асыру
тәжрибесі және т.б бойынша мемлекеттік органдарды топтау нұсқасы суретте
берілген.
Әлемнің барлық елдеріндегідей біздің мемлекеттің басқару құрылымы
шығындар мен оған қарсы әдістер жүйесін қолданатын билікті бөлу қағидасына
негізделген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабында;
Республикада мемлекеттік билік жалпыға бірдей, конституция және заңдар
негізінде жүзеге асырылады - делінген. Оны келесідей бейнелеуге болады.

Cурет 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бөлінуі

Мемлекеттің мәні, адамдар өміріндегі оның орны мен рөлі жөнінде өткен
ғасырда либералдар мен этатистер арасында туындаған пікірталас жалғасын
табуда. Мемлекетті бұрынғыдай күштеу машинасы, қысым көрсету құралы ретінде
біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда. Қазіргі кезде мемлекет көбінесе
қолында билігі бар саяси күштердің немесе тұлғалардың меншігі ретінде
қарастырылады. Кейбір мемлекеттанушы ғалымдар мемлекетті әрбір адамға
қайырым жасауға міндетті, жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым
ретінде сипаттайды.
Мемлекет көптеген ғылыми пәндермен: мемлекет және құқық теориясымен,
әкімшілік құқық, саясаттану, әлеуметтік басқару ғылымымен зерделенетін
көпқырлы құбылыс. Әрбір ғылым мемлекеттік басқару органдарының қызметінің
белгілі бір аспектісін, олардың құрылымын, мазмұнын, бағытталуын зерттейді
[21].
Мемлекет қызметінің маңызды бағыты – адамдардың қоғамдық өмірін
басқару. Ал адамдардың қоғамдық өмірі мемлекеттік басқару теориясының
объектісі мен зерттеу заты болып табылады. Сондықтан да мемлекетті әрбір
адам қоғам нысаны ретінде қарастырады. Ол адамдардың қоғамдық қатынастар
жүйесімен байланысты, олардың сана-сезіміне, тәртібіне және қызметіне
қатысады, белгілі бір аумақта өмірді, оның ішінде экономикалық өмірді
ұйымдастыруға әсер етеді. Мемлекет мемлекеттік шекарамен белгіленген
аумақта өмір сүретін адамдарды біріктіреді және олардың өзара іс-әрекетін
қамтамасыз етеді. Мемлекет – адамдардың аумақтық ұйымдастырылуы. Осыған
сәйкес, біріншіден, ру-тайпалық қарым-қатынастар қоғамдық қатынастармен
ауыстырылады. Екіншіден, әр түрлі адамдардың ұлттық, діни және әлеуметтік
белгілеріне қатысты бейтарап құрылым қалыптасады. Тарихи түрде мемлекет
адамдардың жаңа қауымдастығын құрады.
1995 жылдың 30-шы тамызында қабылданған Конституцияда мемлекеттік
басқару жүйесінің негізгі қағидалары мен бағыттары нақты белгіленген [1].
Мемлекет өзінің аумағында тұратын адамдарды, оның ішінде азаматтығы жоқ
тұлғаларды, сонымен қатар басқа мемлекеттің азаматтарын біріктіретіндіктен,
ол барлық адамдар қауымдастығының қажеттіліктерін, мүдделері мен
мақсаттарын объективті түрде білдіреді [20]. Дамудың әр кезеңінде бір
жағынан, адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, оның шығармашылық
қызметіне еркіндік беріп, белсенділігін арттыратын, екінші жағынан, қоғамға
белгілі бір ұйымдасқан бастау енгізіп, жеке адамдардың қызметін тәртіпке
келтіретін мәселелердің шешілу жолын табу мемлекеттің міндеті болып
табылады. Әдетте, мемлекет ешнәрсе өндірмейтіндіктен өздігімен мәселелерді
шеше алмайды деп есептелсе де, ол барлық қоғамның, материалдық,
әлеуметтік, рухани игіліктерді өндірумен айналысатын адамдардың
проблемаларының шешілуіне ұйымдастырушылық және құқықтық негіз қалап,
қамтамасыз етеді.
Мемлекет үшін ең алдымен, өз халқының ұлттық мүддесін білу,оның
әлемдік қауымдастық халықтарының мүдделерімен қаншалықты өзара байланысты
екенін және оларға қаншалықты тәуелді екенін анықтау, осы мүдделерді жүзеге
асыру үшін барлық жағдай жасау өте маңызды болып саналады.
Қоғамдағы мемлекеттің ерекше мәртебесі мемлекеттік ұстанымдарға
міндетті сипат беретін нормалардың тек оның құрылымдары мен механизмдері
арқылы ғана қалыптасып және бекітілетіндігінде. Мемлекет өзінің органдары
арқылы заңдар мен басқа да нормативтік актілер қабылдап, оның жүзеге асуын
өзінің қолданатын барлық әдістерімен, оның ішінде әкімшілік және қылмыстық-
құқықтық әдістері арқылы қамтамасыз етеді. Мемлекет заң шығаруда заңды
монополияға ие және оны орындату барысында мәжбүрлеу тәсілін қолданады деп
айтуға болады.
Мемлекеттің мәні сонымен қатар, өз мақсаттары мен қызметтерін жүзеге
асыруды қамтамасыз ету үшін өзінің аппаратын - ортақ қажеттіліктерді,
мүдделерді, мақсаттарды айқындаумен және қоғамның мемлекеттік-құқықтық
нормаларын әзірлеумен кәсіби айналысатын адамдар тобын белгілі бір
көлемде және жағдайда құратындығында, қолдайтындығында. Бұл аппараттың
күрделі құрылымы мен жан-жақты бағытталған қызметі бар. Оның бір бөлігі заң
шығару функциясымен, заңдардың орындалуымен және азаматтарға сот ісін
жүргізумен айналысады, яғни оның функционалдық түсінігінде мемлекеттік
басқарумен байланысты, ал екінші бөлігі мемлекеттің ішкі және халықаралық
деңгейдегі тұрақтылығын, оның әлемдік қауымдастықпен өзара қарым-қатынасын
қамтамасыз етеді. Аппараттың жағдайы, оның қоғаммен байланысы немесе одан
алшақтауы, оның көлемі және иерархиялық құрылымы, қызметшілерінің сапасы
және көптеген басқа да параметрлері мемлекет, қоғам және мемлекеттік
басқару үшін маңызды.
Ғылыми әдебиеттерде кездесетін мемлекеттің көптеген анықтамаларының
ішінде келесі екеуіне тоқтап өтуге болады. Біріншісі, мемлекетті ең кең
мағынада: адамдар қауымдастығы ұйымының жоғарғы нысаны ретінде, ортақ
жоғары билікке бағынатын адамдардың саяси одағы ретінде, біріңғай ерікті
білдіру, жалпы мүдделерді қамтамасыз ету, сондай-ақ адамның құқығы мен
бостандығын қорғау негізгі мақсаты болып табылатын ұйым нысаны ретінде
сипаттайды. Екінші түсінікке сәйкес, мемлекет адамдардың іс-әрекеті мен
тәртібін реттейтін саяси және құқықтық байланыстар мен қатынастардың
жүйесі. Басқаша айтқанда, ол саяси-құқықтық институт, саяси билік ұйымын
құратын әлеуметтік институттардың жүйесі. Мемлекетті институционалдық
тұрғыдан қарастыратын бағыт оны қоғамдағы адамдардың тәртібін анықтайтын
нормалар жүйесімен байланыстырады. Осыған орай испан саясаттанушысы
Л.Санистебан былай деп жазады: шындығына келгенде мемлекет небәрі нақты
уақыт шеңберінде орын алатын әлеуметтік тәртіпті заңдық тұрғыдан реттеудің
бір түрі [17].

1.2 Мемлекеттік қызметтің ұғымы, маңызы және қағидалары
Мемлекеттік басқару - адамдармен, басқа адамдардың арасындағы қатынас
негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан, мемлекеттік басқаруға барлық
азаматтар қатысады. Қоғамды басқарудағы адам статусы, оның басқару
объектісі немесе субъектісі ретінде қатысумен ерекшеленеді. Мемлекеттік
басқарудың субъектісі – қоғамда мемлекет атынан, мамандандырылған негізде
мемлекеттік қызметті , басқарушылық функцияларын жүзеге асыратын тұлға. Бұл
функциялар басқарудың объектісі болып табылатын түрлі ұйымдық – құқықтық
нысандағы адамдар қатысымен іске асады. Сондықтан мемлекеттік басқару
персоналының сапалы құрамы қоғамды басқаруды тиімді, жоғары деңгейде
жүргізудің көзі болып табылады.
Мемлекеттік аппарат кадрлары материалды және рухани игіліктерді
өндірмейді. Бірақ олардың рөлі өндірісті ұйымдастыруда, қоғамның басқа да
салаларында өте маңызды.
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органдардағы мемлекеттік
қызметшілердің мемлекеттік билік міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруға
бағытталған өкіметтіктерін атқаруы бойынша қызметі [2]. Мемлекеттік
қызметшілердің мамандандырылған қызметінің өзіне тән сипаттары бар.Оның
бірі қызметтік функция, яғни оның жұмысы қызметтің белгісі бір түріне
негізделеді. Келесі сипаты мемлекеттік орган қызметінде мемлекеттік
қызметшінің жеке еңбектік қатысуы. Басқа сипаты - мемлекеттік органның
регламентіне, ішкі еңбек тәртібіне тұлғаның мойынсынуы, тәуелді болуы. Ол
өз кезегінде заңмен реттеледі. Ішкі еңбек тәртібінің ажырамас элементі-
субординация жүйесі, яғни қызмет бабы бойынша төменгі сатыдағы қызметшінің
жоғарыдағыларға бағынуы. Соңғы сипаты - қызметшінің еңбек ақысы. Еңбек
ақының келесі ерекшеліктері бар: еңбек сапасы және мөлшеріне байланысты
төленеді, алдын-ала белгіленген нормалармен жасалады, төлемнің негізгі
бөлігі мемлекеттік органның штаттық тәртібімен анықталады, ал қосымшасы
мемлекеттік қызметшінің мамандық деңгейіне, басқа да шарттарға байланысты.
Мемлекеттік қызметтің жалпы сипаттарымен қатар, арнайы ерекшеліктері
белгілі:
- мемлекеттік қызмет- мемлекеттің міндеттері мен функцияларының ел
ішінде, сондай-ақ елден тыс жүзеге асуымен байланысты;
- экономика салалары, әлеуметтік сфера және әкімшілік-саяси құрылыс
дамуы бойынша мемлекеттің міндеттері мен функциялары мемлекеттік
қызметшілер іс-әрекеті арқылы жүзеге асады;
- қоғамда басқару функцияларының жүзеге асуын қамтамасыз ететін, арнайы
құрылған аппарат шеңберінде мемлекеттік қызмет жүзеге асады;
- мемлекеттік қызмет спецификасы басқарушылық функциялардың жүзеге
асуымен байланысты;
- мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік – биліктік өкілеттерге ие;
- мемлекеттік қызмет қатаң түрде Конституция нормаларына, ҚР
Президентінің Жарлықтарына, заңдарға негізделеді;
- мемлекеттік қызмет - практикалық, ұйымдастырушылық қызмет, атқарушылық
сипатқа ие;
- мемлекеттік қызмет- бөлгіштік сипаттағы қызмет. Бөлгіштік қызмет –
қажетті жағдайда басқару актілерін шығару;
- мемлекеттік қызмет - саяси емес сипатта, яғни мемлекеттік қызметшілер
лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа
алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың
органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.
Жоғарыда келтірілген сипаттар өз жиынтығында мемлекеттік қызметті
күрделі мамандандырылған қызмет ретінде көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет адамдардың спецификалық мамандандырылған қызметі
ретінде белгілі бір қағидаларға негізделеді:
1. Заңдылық, яғни мемлекеттік қызметшілердің Конституцияның, заңдардың
жүзеге асырылуын міндетті түрде қамтамасыз етуі;
2. Қазақстандық патриотизм. Мемлекеттік қызметтегі адамдар өз халқының
салт- дәстүрін сақтап, өз елінің патриоттары болуы керек;
3. Мемлекеттік өкіметтің заң шығырушылық атқарушылық және сот
тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің
біртұтастығы;
4. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделері
алдындағы басымдығы;
5. Жалпы қол жетімділік, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік
қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына
сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы;
6. Азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
7. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен жоғары білімділігі;
8. Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу;
9. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі
шегінде қабылдаған шешімдерді орындайдың бағынысты мемлекеттік
қызметшілермен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін
міндеттілігі;
10. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі;
11. Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып
есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты
ескеру;
12. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
13. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы
атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін
көтермелеу;
14. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін және
өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
15. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу
қағидасы.
Көрсетілген қағидалар өзара байланысты, бір-бірін толықтырады және
мемлекеттік қызмет институты құрылып, қызмет атқаратын негіз салушы
талаптарының бірегей жүйесін құрайды.
Енді мемлекеттік қызметті атқару барысында орындалатын мемлекеттің
түрлі негізгі функцияларына тоқталайық.
Экономикалық функцияда шаруашылық жүргізу саласындағы мемлекеттің рөлі
толық көрініс тапқан. Бұл функция Қазақстанның экономикалық механизімін
түбірлі өзгеріске ұшыратқан нарықтық реформаға негізделген. Өткен жылдарда
нарықтық қатынастардың кейбір маңызды элементтері: экономикалық бостандық,
меншік құқығы, тауарлар мен қызмет нарығы белгіленген болатын. Сонымен
қатар экономикалық процестерге мемлекеттің араласуының оңтайлы әдістерін
іздестіру, нарықтық механизмге сәйкес келетін тиімді мемлекеттік реттеуді
ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Экономикаға толық басқару жүргізген
әміршіл-әкімшіл мемлекеттің шаруашылық-ұйымдастырушылық функциясымен
салыстырғанда қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық функциясының басты
ерекшелігі де осы.
Бүгінде экономикалық функция адамға, мемлекетке, әлемдік нарыққа аса
қажетті өнімдерді өндіретін экономиканың құрылымын қайта құру, әлемдік
нарықта бәсекеге қабілетті және Қазақстан үшін стратегиялық, әлеуметтік
маңызды өндіріске қолдау көрсету, өндірушілерді, оның ішінде шағын
кәсіпкерлікті қолдау, мақсатты бағытталған инвестициялық саясат, ішкі және
әлемдік нарықта қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау, аграрлық
секторда жүргізілген реформалар, ең алдымен, жерге деген жеке меншік
құқығын қамтамасыз ету, инфляция қарқынын төмендету және баға өсуін тежеу
сияқты мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.
Әлеуметтік функция адамның еркін дамуына және оның тіршілік етуінің
қалыпты жағдайын жасауға бағытталған. Елдегі адамдардың еңбегі мен
денсаулығын қорғауды, еңбекақының кепілденген төменгі мөлшерін белгілеуді,
отбасына, ана мен балаға, мүгедектер мен қарт адамдарға мемлекеттік қолдау
көрсетуді қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытуды,
мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік қорғау
кепілдіктерін белгілеуді мемлекет өз мойнына алады. Сонымен бірге
мемлекеттің әлеуметтік функциясы халықтың өмір сүру деңгейін
тұрақтандыруға, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жүргізуге
бағытталған.
Мемлекеттің мәдениет, ғылым мен білім беруді дамыту функциясы мәдениет
пен әдебиеттің, өнер, театр, кино, музыка, денешынықтыру мен спорттың,
радио, телевидение және басқа бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына
мемлекеттік қолдау көрсетуді, тарихи-мәдени мұраны, тарихи кешендерді,
қорықтық аумақтарды, музейлерді сақтауды және қорғауды қамтиды. Ғылымның
дамуына, нарықтық жағдайда оның табиғи интеграциялануына мемлекеттік
қолдау көрсету, ғылыми ұжымдар мен әр түрлі бағыттағы мектептердің
шығармашылық қызметіне тиімді жағдайлар жасау, жаңа технологиялар мен
фундаментальды теориялық зерттеулердің дамуын қолдау, жоғары мектептің
ғылыми потенциалын тиімді қолдану, жалпы білім беретін мектептердің
жұмыстарын жақсарту жөнінде шаралар белгілеу де мемлекеттің аталған
функциясына жатады.
Ғылыми-техникалық революцияның дамуы және оның адамға тигізген
салдары мемлекеттің экологиялық функциясына немесе табиғатты қорғау және
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану функциясына деген қажеттілікті
тудыратын объективті фактор болып табылады. Адамдарға орасан зор игіліктер
әкелетін ғылыми техникалық революцияны жедел дамыту қоршаған табиғи
ортаны қоғамдық өндіріске көптеп тартумен байланысты, ал ол өз кезегінде
су және су көздерінің ластануына алып келеді, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесіне, адамның денсаулығы мен өміріне қауіп-қатер төндіреді. Осы
жағдайда экология мәселесіне жеке ел шеңберінде ғана емес, сондай-ақ
ғаламдық, халықаралық ауқымда басты назар аударылып, адамзатты сақтау,
қоршаған ортаны қорғау ғаламдық проблемаға айналды. Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы қызметті үйлестіру мен мемлекеттік басқару, табиғатты
пайдалануды реттеу, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған
ортаның сапасын жақсарту экологиялық функцияның негізгі бағыттарын
құрайды. Мемлекет заңнамалар арқылы табиғатты тиімді пайдаланудың құқықтық
режимдерін белгілейді, азаматтардың салауатты өмір сүретін дұрыс ортасын
қамтамасыз етуді өз міндетіне алады.
Салық салу және салықтарды жинау функциясы мемлекеттің шаруашылық-
ұйымдастырушылық қызметін қарастырғанда қамтылған болатын. Қазақстан
дамуының жаңа кезеңінде аталған функция рөлінің өсуіне, көлемінің ұлғаюы
мен мазмұнының күрделенуіне байланысты экономикалық функциямен тығыз
байланыста бола отырып, жеке негізгі функциялардың біріне айналды. Ол
салықтардың барлық түрі, оның ішінде барлық меншік түріне негізделген
кәсіпорындардың табыс салығы, қосымша қаржылық алым, баж салығы, төлемдер
есебінен мемлекеттік қазынаны қалыптастыру мен толтыруды білдіреді.
Экономикадағы қазіргі кездегі дағдарысты құбылыстар қарастырылып отырған
функцияның алдына қазынаға салықтарды тиімді жинау міндетін қоюда. Бірақ
жағдайдың біртіндеп тұрақтануына байланысты салық функциясының экономикаға
реттеуші ықпалы орын алады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, меншіктің барлық нысандарын,
құқықтық тәртіпті қорғау функциясы. Бүгінгі таңда осы функцияның бір-
бірімен өзара байланысты үш құрамдас бөліктері елеулі өзгеріске ұшырап,
даму үстінде [9].
Соңғы уақытта тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем өзгерді. Ғаламдық
тайталастық пен ядролық соғыс қаупінің уақыты өтті. Сәйкесінше біздің
мемлекетіміздің де негізгі сыртқы функциялары өзгерді. Халықаралық
қатынастарда ашықтық және ынтымақтастық арқылы ұлттық мүддені жүзеге
асыру, елдің ішкі дамуы мен реформаларды жүргізуге қолайлы жағдай жасау
қазіргі кезеңдегі Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясатының міндеттеріне
жатады. Осыған сәйкес ол келесідей сыртқы функцияларды жүзеге асырады:
елдің қорғанысы, бейбітшілікті қамтамасыз ету және әлемдік тәртіпті
қолдау, ТМД елдерімен ынтымақтастық және тату көршілік қарым-қатынас
жасау, әлемдік экономикаға интеграциялану және әлемдік проблемаларды
шешуде басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту.
Қорғаныс функциясы. Халықаралық ахуалдың жақсаруына қарамастан
Қазақстанның сыртқы саяси проблемалары да жоқ емес. Біздің мемлекетіміздің
сыртқы саяси қызметінің басты бағыттарының бірі – оның әскери
қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы функцияға сәйкес Қазақстан
Республикасының Қарулы күштері басқа мемлекеттердің тарапынан болатын қауіп
пен олардың агрессиялық әрекеттеріне қарсы тұруға және елдің егемендігі
мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның халықаралық
келісімдерге сәйкес міндеттерін орындауға арналған.
Бейбітшілікті қамтамасыз ету және әлемдік тәртіпті қолдау функциясы.
Қазақстан мемлекетінің бейбітшілікті қамтамасыз ету қызметіндегі басым
бағыттары – жаңа ғаламдық соғыстың болуына жол бермеу, жаппай қырып-жою
қаруының және жаңа әскери технологиялардың таратылмауын қадағалау.
ТМД елдерімен ынтымақтастық және достық қарым-қатынастарды нығайту
функциясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуына байланысты пайда
болды. Осыған орай тәуелсіз мемлекеттермен жаңа қатынастар орнату мәселесі
Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Аталған
функцияны жүзеге асыра отырып, Қазақстан мемлекеті, ең алдымен,
экономикалық одақты, ТМД-ның ортақ нарығын, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін
құру, шекараны бірлесіп қорғау, адам құқығы, азаматтық және қоныс
аударушыларды қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды бұрынғы
Одақтың барлық аумағында сақтау, мемлекеттен тысқары жүрген
қазақстандықтарды қорғау мәселесін кешенді шешу, ортақ ақпараттық
кеңістікті құру бағытында ынтымақтастықты бекітуге ұмтылады.
Әлемдік экономикаға интеграциялану және әлемдік проблемаларды шешуде
басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту функциясы. Халықаралық байланыстардың
жаңа сипаты экономика, сауда, бизнес, ғылыми-техникалық салада мүдделерді
тиімді жүзеге асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер ашты. Осы бағытта әрекет
ете отырып, Қазақстан негізгі халықаралық экономикалық ұйымдарға мүше
болды. Қазіргі таңда ол Америка Құрама Штаттарымен, Батыс Европа
елдерімен қатынастарын бекітіп, іс-қимылдарды үйлестіру бағытында
жұмыстар жасауда. Дүние жүзінің жетпістен аса елімен орнатқан қауырт
сыртқы экономикалық байланыстары оның дүниежүзілік экономикалық кеңістікке
интеграциялануының негізгі факторы болды.
Әлемдік экономикаға ену отандық рынокты әлемдік рынокпен
байланыстыратын оның сыртқы экономикалық қызметінің барлық механизімін
қайта қарауды қажет етті. Сыртқы экономикалық байланыстардағы мемлекеттің
монополиясы жойылды.
Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе
мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі
болып табылады. Оны шешу- мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект
қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ тәрізді: басқару субъектісі –
мемлекет, ал объектісі – қоғам. Бірақ бұлай қорытынды жасау асығыстық. Осы
жерде мемлекет деген түсінікті анықтап алу қажет (өйткені мемлекет
ұғымына әртүрлі анықтама беруге болады): субъект ретінде біз мемлекетті
немесе адамдардың саяси одағын қарастырамыз ба, әлде саяси-құқықтық
институт ретіндегі мемлекетті қарастырамыз ба деген орынды сұрақ
туындайды. Соңғысын, яғни саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті біз
басқару субъектісі ретінде қарастырамыз.
Жалпы, “кім басқаруға тиіс” деген сұрақ ежелден келе жатыр. Бұл сұрақты
ертедегі грек философы Платон қойған. Демократияны жақтаушылар халық
басқаруға тиіс деп санаса, элитарлық демократияның өкілдері басқару
міндетін жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен элитаны басқару
субъектісі деп білді. Авторитарлық режимді қорғаушылар мемлекет пен
қоғамды таңдаулы тұлғалар – көсемдер мен лидерлер басқару керек леп
есептейді [13].
Мемлекеттік басқару теориясында субъект түсінігі біржақты емес.
Сондықтан саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі, лауазымды
қызмет субъектісі түсініктерін ажыратып алу керек. Оларды ажырату шарттары
мынадай: мемлекеттік билікке қатысына қарай және басқару функциясын жүзеге
асыру сипатына қарай.
Саясат субъектісі деп мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып
табылатын және тікелей немесе өкілдері (мемлекеттік биліктің заң шығарушы
органдары және жергілікті өзін -өзі басқару органдары) арқылы өзінің
билігін жүзеге асыра отырып, мемлекет пен қоғамды басқаруға қатысатын
субъектіні айтамыз. Оған халық, оны құрайтын әлеуметтік топтар (халықтың
көрнекті өкілдері, еңбек ұжымдары, қоғамдық-саяси ұйымдар және тағы басқа
қоғамдық бірлестіктер) жатады. Олар тікелей немесе өз өкілдері арқылы
маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысады. Билік
құрылымдарының өкілдерін сайлау және референдум – осындай шешім
қабылдаудың негізгі процедуралары болып табылады.
Мемлекеттік басқару субъектісі – билікті жүзеге асыруға және
қоғамдық процестер мен мемлекеттің жеке қызметін тікелей басқаруға
конституциялық өкілеттігі бар мемлекеттік билік органдары. Билік күші мен
заңда бейнеленген қоғамның еркіне сүйене отырып, олар әртүрлі деңгейдегі
мемлекеттік шешімдерді әзірлейді және қабылдайды, олардың орындалуын
ұйымдастырады және бақылайды. Қоғамдық-саси ұйымдар мее бірлестіктер
мемлекеттік басқару субъектісі құрамында бола отырып, мемлекеттік
институттар жүзеге асыратын болжамдар мен шешімдер жобасын, саяси
бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Көптеген негіздемелер бойынша бөлінетін
саяси басшылық пен әкімшілік басқару институттары мемлекеттік басқару
субъектілері болып табылады.
Мемлекеттік басқару субъектілері: 1) мемлекеттік билік түрі бойынша,
2) билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай, 3) қызмет саласына
қарай, 4) басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, 5) құрамына
қарай бөлінеді [19].
Мемлекеттік билік түрі бойынша - бұл заң шығарушы, атқарушы және сот
билігі субъектілері. Олардың әрқайсысы басқару жүйесінде белгілі бір
функцияларды орындайды. Өкілетті оргадардың заңдарды әзірлеуі мен қабылдауы
мемлекеттік басқару жүйесінде негізгі функциялардың бірі. Заң мемлекеттік
билік құралы және қоғамдық қызмет пен қоғам мүшелеренің арасындағы,
олардың мемлекетпен өзара қарым-қатынастарын формальды реттеуші. Заңдардың
әрекеттілігі оның орындалуында. Атқарушы билік субъектісі билік жүргізу
функциясын басқарушылық іс-әрекетпен үйлестіреді. Мысалы:Үкімет заңдарды
орындауға, сонымен қатар нақты, қоғамдық маңызды қызмет түрлерін
жоспарлауға, шешімдерді жүзеге асыруға, олардың орындалуын ұйымдастыруға
және бақылауға міндетті. Оның құрамына билік құрылымдарымен қатар
шаруашылық қызметті, халыққа білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды,
мәдениетті және тағы басқа салаларға әкімшілік басқару мен саяси жетекшілік
ететін органдар кіреді.
Сот билігі субъектісі басқару процесінің ажырамас элементі болып
табылатын сотта іс жүргізу арқылы әділ сот функциясын жүзеге асырады.
Билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай: орталық, аймақтық
және жергілікті басқару органдары болып бөлінеді. Олардың өзара қарым-
қатынастары қызмет саласы мен өкілеттігінің, яғни билік жүргізу мен басқару
әрекеттерін жүзеге асыруға қатысты құқықтары мен қызметтеріне байланысты
анықталады.
Қызмет саласына қарай – экономиканы, әлеуметтік саланы, мәдени өмірді,
әскери қызметті, халықаралық істерді басқаруды жүзеге асыратын аталған үш
деңгей субъектілері.
Басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, құралына қарай: саяси
басшылық, әкімшілік-мемлекеттік, экономикалық және тағы басқа болып
бөлінеді.
Құрамына қарай: ұжымдық (мысалы,заң шығарушы билік органы) және жеке
(басқарушы тұлғалар) субъектілер болып бөлінеді.
Мемлекеттік басқару субъектілерінің қызметі бірнеше белгілермен
сипатталады: а) заңмен реттеледі,ресми рұқсат етілген әдістермен жүзеге
асады; б) атқаратын қызметтерінің сипатына сай болып табылатын белгілі
қызмет түріне құқығы бар; в) субъектілер мемлекет алдында жауапты, қандай
да бір күштердің әсерінен тәуелсіз [22].
Формальды ережелерден тыс ірі қаржы-өнеркәсіптік капиталдың, әскери-
өнеркәсіп кешенінің, қылмыстық капиталдың, саяси элитаның мүдделерін
білдіретін лоббистік топтар (заң шығарушы институттардың жанында) жұмыс
істейді. Мысалы, АҚШ-да конституциялық билік пен басқару органдарынан басқа
үш негізгі конституциялық емес: саяси, экономикалық және әскери билік
институттары бар. Осы институттардың жетекшілері мемлекеттік билік
жүйесінде әміршілдік-стратегиялық қызмет атқарады. Сонымен бірге
телевидение мен радионың, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін атап
өткен жөн.
Лауазымды қызмет субъектісі - мемлекеттік қызметтің лауазымды
тұлғалары, саяси жетекшілер, әкімшілік басқару лауазымды тұлғалары. Олар
мемлекеттік шешімдерді әзірлеуге, қабылдауға және орындауға жауапты.
Мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғаларын субъект ретінде бөлу
ел Конституциясында көрсетілген. Лауазымды тұлғалар бір жағынан мемлекеттік
басқарудың біріңғай субъектілеріне кіреді, ал екінші жағынан оның
функциясы айрықша болғандықтан жеке, бөлек субъект ретінде бөлінеді. Онда
билік жүргізу мен басқару өкілеттігі ұштастырылған – мемлекеттік орган
өкілеттігі мен жеке кәсіпқойлық аспектісі және ұжымдық органның қызметінің
нәтижесіне жеке басының жауапкершілігі [16].
Саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі және лауазымды қызмет
субъектілерінің сипатталған айырмашылықтары салыстырмалы. Мемлекеттік билік
пен басқару жүйесінде олардың рөлдері жекелеген аспектілерде ұштасып жатады
және сәйкес келеді деп айтуға болады. Мемлекеттік басқару органдары
өздерінің функцияларын халық жиындарының, әлеуметтік топтардың, жалпы
қоғамдастықтың атынан іс-әрекет жасайтын саясат субъектілерінің мүдделерін
баламалы түрде білдірген жағдайда табысты атқара алады. Мемлекеттік
аппарат қызметтерін халық жиындары қалай қабылдап жатқанын үнемі бақылап
отырғанда, басқарылатындардың талап-тілектері мен үміттері басқарушылардың
мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келген жағдайда ғана тиімді жұмыс істей
алады. Олар саясат субъектілерінің қолдауына сүйенсе, олардың тәжірибелері
мен ой-пікірлерін қабылдап және қолданса, қалың көпшіліктің ұтымды
ұсыныстарын басқару шешімдерін дайындағанда ескерсе жоспарланған
нәтижелерге қол жеткізеді. Өз кезегінде кез келген лауазымды тұлғаның бір-
жағынан, мемлекеттік орган анықтап берген өкілеттік шеңберінде ғана әрекет
етуі, екінші жағынан мемлекет пен қоғам мүдделеріне қызмет етуі өзінің
функциясын жүзеге асыруының кепілі болып табылады. Осы талаптарды ұштастыра
отырып іс жүзінде орындау әркімнің қолынан келе бермейтіе жағдай.
Мемлекеттік басқару субъектілері ұжымдық немесе жеке болсын өзінің
анықтамасына сәйкес келетін қасиеттерді бойына жинақтаған кезде ғана ол
басқару субъектісі болып табылады. Бұл қасиеттерді келесі топтарға жіктеуге
болады:дамыған саяси және құқықтық сана мен дара сана; мемлекеттік басқару
және қазіргі заманғы менеджменттің теориясы мен практикасын білу;
ұйымдастырушылық қабілет; әлеуметтік өмірге белсене араласу мен басқару
ісін жүзеге асыра алатын мемлекеттік тәжірибенің болуы. Осы аталғандардың
бәрі кәсіптік қасиеттер болып табылады.Мемлекеттік басқару субъектісі ұшін
басқару процесінің бағыты мен мазмұнын, сондай-ақ оның қоғам үшін саяси
және басқа салдарларын анықтайтын ұлттық-мемлекеттік мүдделер мен
мақсаттарды түсіне білу үлкен мәнге ие. Субъектілердің басқару ісіндегі
қызметтері ұтымды болуы үшін ол құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі, заңмен
белгіленген нормаларға сәйкес болуы керек. Бұл шенеуніктердің өздеріне
талап қоя білуін – заңға жаңа көзқарас қалыптастыруын білдіреді.
Мемлекеттік басқарудың ғылыми негізделуі мемлекеттік қызметкерлердің оның
теориясы мен практикасын білуі мен өз білімдерін қызмет барысында қолдана
алуына байланысты.Эмпирикалық тәжірибе мен қисынды ой басқарудың тек
дәстүрлі түріне ғана негіз болса да, ұтымды басқаруға негіз бола алмайды.
Мемлекеттік басқарудың тиімді субъектісі деп басқарушыларға тек биліктің
күшімен емес, өзінің беделімен, белсенділігімен, мемлекеттік орган шешетін
мақсаттар мен міндеттердің маңыздылығы және тартымдылығымен әсер ететін
ұжымдық және жеке жетекшіні айтамыз. Егер басқарушылық іс-әрекеттің
мақсаттары мен бағдарламалары басқарылатындарға түсініксіз болса, олардың
мұқтаждықтары мен қажеттіліктерінен туындамаса, онда оны ұтымды басқару деп
айту қиын. Жоғарыда аталған мемлекеттік басқару субъектілеріне тән
қасиеттердің қалыптасуы және іскерлік белсенділігі ынталандыруларға
байланысты. Осыған орай М.Вебер мемлекеттік аппаратты іс-әрекет етуге
ынталандыратын материалдық мүдде мен әлеуметтік құрмет деп айтқан. Алайда,
басқарушылардың қызмет атқаруына түрткі болатын негізгі себептер мұнымен
шектелмейді. Оған жеке мүддемен қоғамдық мүдделердің қабысуы, халықтың
белсенділік танытуының көптеген саяси-әлеуметтік себептері кіреді.

1.3 Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарында оның әлеуметтік-
экономикалық өмірінде, экономикалық және саяси жүйелерінде ауқымды әрі оң
бағытта өзгерістер болды. Әрине, мемлекеттік қызметпен байланысты да
көптеген өзгерістер орын алды. Оларды жеке-жеке қарастырып өтейік.
Соңғы кезге дейін заңнамаларда „мемлекеттік қызмет” ұғымының түсінігі
болмады. Заң әдебиеттерінде бұл ұғымға мемлекеттік ұйымдардың (органдардың,
кәсіпорындардың, мекемелердің және т.б.) қызметшілерінің қызметтік
лауазымдарына сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға
бағытталған және мемлекет ақы төлейтін еңбек қызметін орындауы жатқызылды.
Сонымен кез-келген мемлекеттік ұйымдағы барлық қызметшілер мемлекеттік
қызметшілер болып саналады.

Мұндай жағдай 1995 жылға дейін сақталып келді. Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік қызметке кірудің
және мемлекеттік қызметші лауазымына үміткерге қойылатын негізгі қағиданы
белгіледі. 1995 жылы желтоқсанда ҚР Президентінің „Мемлекеттік қызмет
туралы” Заң күші бар Жарлығы шықты – бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке
арнайы арналған бір інші норматив тік-құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі
қолданыстағы 1999 жылғы 23 шілдеде қабылданған „Мемлекеттік қызмет туралы”
Заңмен және оған „өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңдармен одан
әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған Заңда „мемлекеттік қызметші” мен
„мемлекеттік қызмет” ұғымдарына жаңа мән-мағына берілген. Мемлекеттік
қызметшілерге тек мемлекеттік органдарда, кез-келген мемлекеттік ұйымдарда
емес (мысалы, мемлекеттік жоғары оқу орындарының қызметшілері мемлекеттік
қызметшілер болып саналмайды), мемлекеттік лауазымдық қызмет атқаратын
тұлғалар жатады.
Мемлекеттік органдардың практикалық әрекеті басқарушылық кадрлардың
жеке құрамына, оларды дұрыс таңдап, орналастыруға байланысты. Мемлекеттік
қызметшілердің еңбегін пайдалану сферасы өте кең: Қазақстан Республикасы
Президентінің әкімшілігінен жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға
дейін.
Мемлекеттік органның құрылымына сәйкес қызмткерлердің үш тобын бөлуге
болады.
1. Орган жетекшілігі құрамына кіретін,
2. Органның құрылымдық бөлімшелерінде негізгі қызметті жүзеге асыратын;
3. Көмекші топ.
Кейде оларды басқарушы, оперативті және қызмет көрсетуші персонал деп
атайды. Қызметкерлер қызметінің бірегей номенклатурасында еңбек сипатына
байланысты: жетекшілер,мамандар және техникалық атқарушылар деп бөлінген.
Мемлекеттік органның жетекшілік құрамы мемлекеттік мекеме туралы
ережені дайындау бойынша нұсқаумен анықталады. Салалық және функционалдық
бөлімшелерде мемлекеттік органның негізгі қызметімен байланысты қызметтер
біріктірілген және мұнда мамандар жұмылдырылған. Жұмысшылардың үшінші
тобына келсек, мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ететін, техникалық
қызмет көрсететін қызметшілер (лаборанттар, редакторлар, методистер т.б.)
мемлекеттік қызметкерлерге жатпайды.
Мемлекеттік қызметтердің жіктелімі еңбектің функционалды бөлінісі
негізінде оларды топтарға бөлу. Жіктелімнің пәні нақты тұлғалар емес
(қызметкерлер), қызметтің өзі болып табылады. Қызмет міндеттер, функциялар
және құқықтар жиынтығынан тұратын мемлекеттік органның тұрақты құрылымдық
бірлігі. Қызмет штаттық тәртіпке сәйкес атауға ие. Белгілі бір қызметке
тұрған тұлға қызмет атауына ие болады (кадрлар бөлімінің басқарушысы және
т.с.с)
Мемлекеттік қызметтердің жіктелуі белгілі бір шарттарға байланысты.
Шарттардың негізгілері:
1. Мемлекеттік қызметкер өзінің функциялары мен өкілеттіктерін
жүзеге асыратын органның ұйымдық-құқықтық деңгейі;
2. Нақты қызмет үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық қатынастарының теориялық аспектілері
Зерттеудің деректік негізі
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ-ның кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу механизмдерін жетілдірудің негізгі бағыттары
Мемлкеттік билік жүйесі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Қазақстан Республикасының банк жүйесі негіздері жайлы
Қазақстаның бағалы қағаздар нарығының даму кезеңдері
Пәндер