Банктік бухгалтерлік баланс



Бухгалтерлік баланс
Үлгі
Пайдаланушылардың мүддесі
Белгілі бір мерзім
Кәсіпорындар
Бухгалтерлік баланс түрлері
Төлем өтеушілік
Бухгалтерлік баланс деп – ақшалай өлшеммен өлшенетін капиатал мен міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Баланс активтерді және бұларды қаржыландыру көздерін экономикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады. Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның немесе қаражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда және не үшін жұмсалғанын көрсетеді. Меншікті капитал осы ұйымды құрып қалыптастырушы жеке тұлғаның, ұйым иесінің салған ақшасынан тұрады.
Нәтижесінде активттердің жалпы сомасы алынған міндеттемелер мен меншікті капиталдың жалпы сомасымен тепе-тең болатындығын тағыда қайталаймыз. Осындай сабақтастық жолдармен бухгалтерлік баланс әдісі қалыптасып қордаланып отырады. Кез келген бухгалтерлік балансқа баланс жасаушы ұйымның аталуы және баланстың қай уақытқа қортындыланып жасалған күні жазылады.
Көптеген тұлғалар өздерінің бухгалтерлік балансын әрбір кезеңдерге қарай жасап, қолда бар қаражатының барын, басқа тұлғаларға қанша көлемде берешегінің бар екендігін көрсетіп отырады. Яғни бухгалтерлік баланс осы «ұйымның қолда бар активті қаражатттарын және берешектерін белгілі бір уақытқа қарай көрсетіп отырады» деу орнықты ұғым. Белгілі бір ұйымның қолда бар мүліктері активтер деп аталынады, ал осы ұйымның басқаларға берешегі міндеттемелер деп аталынады. Активтер құрамына осы ұйымның меншігіндегі: жер, ғимараттар, өндірістік жабдықтар, тасмалдау құралдары, өлшеу және т.б. приборлар, өнім беретін малдар, күш беруші машиналар т.с.с. жатады. Сонымен қатар осы ұйым меншігіндегі шикізаттар мен материалдар, босалқы бөлшектер, тауарлар, дайын өнімдер, ақшалай өлшеммен өлшеніп, осы ұйымның меншігінде болады. Бұлардың барлығы да активтер түрінде классификацияланады.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Банктік бухгалтерлік баланс

Бухгалтерлік баланс деп – ақшалай өлшеммен өлшенетін капиатал мен
міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті
айтамыз. Баланс активтерді және бұларды қаржыландыру көздерін
экономикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта жинақтап отырады.
Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады. Міндеттемелер қанша ақшаның
қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның немесе
қаражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда және не үшін жұмсалғанын
көрсетеді. Меншікті капитал осы ұйымды құрып қалыптастырушы жеке
тұлғаның, ұйым иесінің салған ақшасынан тұрады.
Нәтижесінде активттердің жалпы сомасы алынған міндеттемелер мен
меншікті капиталдың жалпы сомасымен тепе-тең болатындығын тағыда
қайталаймыз. Осындай сабақтастық жолдармен бухгалтерлік баланс әдісі
қалыптасып қордаланып отырады. Кез келген бухгалтерлік балансқа баланс
жасаушы ұйымның аталуы және баланстың қай уақытқа қортындыланып
жасалған күні жазылады.
Көптеген тұлғалар өздерінің бухгалтерлік балансын әрбір
кезеңдерге қарай жасап, қолда бар қаражатының барын, басқа
тұлғаларға қанша көлемде берешегінің бар екендігін көрсетіп отырады.
Яғни бухгалтерлік баланс осы ұйымның қолда бар активті қаражатттарын
және берешектерін белгілі бір уақытқа қарай көрсетіп отырады деу
орнықты ұғым. Белгілі бір ұйымның қолда бар мүліктері активтер деп
аталынады, ал осы ұйымның басқаларға берешегі міндеттемелер деп
аталынады. Активтер құрамына осы ұйымның меншігіндегі: жер,
ғимараттар, өндірістік жабдықтар, тасмалдау құралдары, өлшеу және т.б.
приборлар, өнім беретін малдар, күш беруші машиналар т.с.с. жатады.
Сонымен қатар осы ұйым меншігіндегі шикізаттар мен материалдар, босалқы
бөлшектер, тауарлар, дайын өнімдер, ақшалай өлшеммен өлшеніп, осы
ұйымның меншігінде болады. Бұлардың барлығы да активтер түрінде
классификацияланады.
Осы жерде ұйымдар өзінің активтік қаражаттарын толықтырып,
бұларды өндірістік үрдіске тиімді пайдаланып отыруы үшін әртүрлі
көздерден ақша алу мүмүкіндігі болатындығын айта кеткен жөн. Қосымша
алынатын ақшаларды, бұлар компаниялардан немесе банктерден алады.
Алған ақшалары үшін осы ұйым қарыз алушының қатарына түседі.
Қарызға алынған ақашаларды міндеттемелер деп атайды. Банктерден алынған
несиелерден бөлек осы ұйым басқа да тұлғалардан көп көлемде қарыз
ақшалар алуына болады (мысалы, өзінің үлес қосушы акциянерлерінен). Ірі
акциянерлерден алынған қаражаттарды акциянерлік капитал деп атайды.
Осы ұйымды қолдаушы кейбір акциянерлік компаниялар акцияларға жазылады
немесе акциянерлер осы ұйымның қызметін жалғастыра беру үшін
белгісіз уақытқа дейін акциянерлік ақша береді. Қандай да болмасын
алынған акциянерлік капитал, ең соңында жазылған акцияларға сай
қайтарлады. Яғни осы ұйымның алған акциянерлік ақшасы уақытша алынған
қарыз ақша түрінде саналады. Акцияға жазылған, түбінде қайтарлатын
ақшаны міндеттемелер деп атайды. Нарық экономика жағдайында
бухгалтерлік баланс әр түрлі әдістермен жасалынып, әр қашанда активтер
мен міндеттемелер сомасы бірдей тепе-теңдік жағдайда болады.
Бухгалтерлік баланс жекелеген синтетикалық счеттар қалдығын жинақтаудан
туындайды. Баланс қоыртынды есеп жасаудың ең негізі болып табылады.
Әрбір келесі кезеңге қорытынды есеп жасау үшін барлық бухгалтерлік
есеп мәлеметтерін топтастырып жинақтау мақсатында баланс құрлады.
Баланс құруды екі жақты принциптің қолданбалы әдісі деп те түсінуге
болады. Әрбір келесі кезеңге баланс құруда бұрында бухгалтерлік
баланста көрсетілген көрсеткіштер, яғни баланстың жекелеген
элементтері арнайы счеттарға таратылып жазылады. Әрбір жекелеген
счеттар материалдық және қаржылық объектілерге, мысалға,
несиелендірушілер, алашақтар, берешектер, меншік иелері, инвесторлар,
негізгі құралдар, қоюшылар, т.с.с. жатады. Бухгалтерлік баланс
ұйымдардың қаржылық жағдайын белгілі бір кезеңге қарай жинақтап
көрсетеді.
Баланс деп – ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал
және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық
маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен
өлшеуді айтады. Бұл анықтамада
1) Баланс
2) Үлгі
3) Пайдаланушылардың мүддесі
4) Сыртқы сипаты
5) Белгілі бір мерзім
6) Қаржы жағдайы
7) Кәсіпорындар деген сияқты элементтер қатысады. Баланс - латын сөзі.
Бұл сөз екі табақты таразы деген ұғымды білдіреді. Сырт көзбен
қарағанда кәсіпорынның бухгелтерлік балансы актив және пассив
деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады.
Үлгі – баланс мәліметтерін пайдаланушылардың талабына сай, кәсіпорынның
активті қаражаттары мен меншікті капиталының, міндеттемелерінің
жағдайы мен бұлардың қозғалысын жинақтап көрсетуші ресми қағаз.
Баланстық үлгі қағаз қорытынды есеп жасау қажеттігінен туындаған. Бұл
үлгіге жазылған жазулар ұйымның қаржылық жағдайын көрсетеді.
Баланстық үлгі қағазға жазылған жекелеген көрсеткіштер баланстың
белгілі баптары деп аталынады. Балансты тек үлгі қағаз ретінде ғана
қарамай, мұның өзі ұйымдардың шашыранды шаруашылық қызметін жинақтап
көрсететін бухгалтерлік епес объектілерінен туындайтын жалпы есеп
жүйесінің маңызды категориясы екендігін білген жөн.
Пайдаланушылардың мүддесі – баланс көрсеткіштеріндегі сомаларды оқып
отырып, әрбір пайдаланушылар өз мақсатын шешуге ұмтылады. Бухгалтер
баланстағы жекелеген баптарға жазылған сомалардың дұрыстығын тексереді.
Бұдан баланстың теңдігі - активтер мен пассивтер сомаларының дәлдігі
туындайды. Несиелендірушілер ұйымның төлем өтеушілік қабілетін біліп
отырғысы келеді. Яғни ұйымның мүліктік жағдайы бухгалтерлік балансқа
жазылуы керек.
Сонымен қатар, ұйым басшылары мен қожайындары таза пайдамен жхұмыс
істеуге ынталы болады. Есепті жыл ішіндегі ұйымның қаржы қорытындысын
шығару үшін капитал қозғалысы көрсеткіштері де бухгалтерлік балансқа
жазылуы керек. Салық органдары үшін барлық ұйымдар декларация жасап
тапсырады. Декларация көрсеткіштері мен баланс көрсеткіштер арасында
сәйкестік болуы шарт. Баланс баптары салықтың белгілі бір түріне
қарай топтастырылуы мүмкін. Яғни баланста көрсетілген пайда көлемі
салық салынатын көлемімен бірдей болуы міндетті.
Белгілі бір мерзім - әдетте бухгалтерлік баланс айдың, тоқсанның және
жылдың бір күніне жасалып, ұйымның қаржылық қызметінің жағдайын
көрсетеді. Ұйымның қаржылық жағдайы түскен пайданың мөлшерімен
сипатталады. Сондықтан пайда айдың, тоқсанның, жылдың біріне ғана жаза
салатын көрсеткіш емес, пайда өткен шақтағы атқарған ұйымның қаржылық
нәтижесін көрсететін ең негізгі көрсеткіш болып табылады.
Қаржы жағдайы. Ұйымдардың қаржы жағдайы қойылған мақсаттарға қарай әр
түрлі көздерден қалыптасады. Сондықтан баланстың әрбір баптары арқылы
ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметін бағалап, ьалдау әдістерін қолдану
мүмкіндігін қарастырылған. Ұйымның меншікті активтері әр түрлі
ресурстармен қаражат көздерін қалыптасатындықтан ұйымдардың ресурстары
шын мәнінде көбейіп отыратын болса, онда бұл ұйымның пайдамен жұмыс
істегендігін көрсетеді.
Құнсыздануға (инфляцияға) байланысты ұйымның активтері көбейіп кеткен
жағдайда түскен пайда – таза пайдаға жатқызылмайды. Мұны шындыққа
жанаспайтын пайда деп таныған жөн. Егер ұйым ақысыз түбінде
қайтарылмайтын активтерді басқалардан алған жағдайда, мұндай
активтердің құны пайда құрамына жазылмай, тек қана баланстың
көбеюуін білдіреді.
Кәсіпорындар. Ұйымдар деп – кез келген шаруашылық қызмет атқарушы
құрылымдарды айтады. Бұлардың түпкі мақсаты пайда түсіріп, пайдамен
жұмыс істеу болып табылады.
Бухгалтерлік баланс түрлері. Ұйымның құрлуын, қаржылық жағдайын,
үздіксіз қызмет атқаруын, жойылып кетуін немесе аналық үлкен компания
құрамына ену жағдайын ескере отырып, бухгалтерлік баланс үшке
бөлнеді:
1) Кіріспе баланс
2) Аралық баланс
3) Жойылуға байланысты баланс
Кіріспе баланс ұйымдар мен фирмалар т.б заңды тұлғалардың жарғысы
тіркелгеннен соң, меншік иелерінің салған қаражатын және басқа да
қаржы салымшыларының, несиелендірушілердің қаражаттарын кіріске алып,
қарғылық қор мен активтерді қалыптастырудан басталады.
Аралақ баланс белгілі бір тапсырмаға байланысты, айға, күнге,
тоқсанға қарай жасалынады. Мысалға, капиталдың шеңберлі айналысы
фазаларына, активті қаражаттар қозғалысына талдау жасау жұмысын және
арнайы тапсырмаға байланысты ұйым қызметіне толық тексеру жұмысын
жүргізу үшін жасалынатын балансты айтамыз.
Жойылуға байланысты баланс. Ұйым банкротқа ұшырап, өз қызметін
тоқтатқан жағдай да арнайы комисияның қатысумен ұйымды жою мақсатында
баланс жасалнады. Жою балансы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең осы
ұйымның жабылуына байланысты жасалса, екінші кезеңде ұйымның
жойылғандығының қорытындысын бағалау үшін жасалнады.
Заңды тұлға болып танылған ұйымдардың барлығы да бухгалтерлік
баланс жасауға міндетті. Егер заңды тұлғалар құрамына еңген еншілес
ұйымдар құрылған жағдай да, негізгі ұйым басшылардың рұқсаты бойынша
еншілес кәсіпорындар да баланс жасауына болады.
Баланс жүргізу жалпы бухгалтерлік есеп жүйесінің теориялық негізін
қалайтын әдіснамалардан тұрады. Баланс жүргізу теориясы балансқа тән
принциптерді, бьаланстың ээкономикалық құрлымын баланстағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есеп пен есептілік ережесі, мақсаты, маңызы
Бухгалтерлік есептің қажеттілігі мен мәні
Активті және пассивті шоттар
Тепе-теңдік прициптері,бухгалтерлік баланстың маңызы
«КазАБЭК» кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау
Банктің актив операцияларына талдау
Банктегі аналитикалық және синтетикалық есеп
Қаржылық қорытынды есептің мақсаттары
Банк балансының активі мен пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету бағыттары
Қаржы және банктер
Пәндер