Асан Қайғының танымындағы дүниге көзқарасы



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Асан Қайғының танымындағы дүниге көзқарасы.

2.2 Асан Қайғының «Жерұйықты» іздеуі.
«Утопиямен» өзара ұқсастығы мен айырмашылығы

ІІІ. Қорытынды бөлім
Пайдаланған әдебиеттер
Біз білеміз, қазақ философиясы сонау үш мыңжылдықтан бері бес кезеңді қамтиды. Ежелгі Тұран даласынан шыққан Заратуштра және де Ишпақай, Анарыс, Майқы би бабаларымыздан бері, Қорқыт, Асан Қайғы, қазақтың үш биі, Абай, Алтынсарин аталарымыз, Мағжан ағаларымыздан бері Қазақ философиясының негізі құрылып келуде. Бұл дана, философтардың әрқ айсысы дүниенің бастамасын, философияның негізгі мәселесін әр түрі зерттеп, әр түрлі түсінген. Соның ішінде Асан Қайғы философиясының қазақ философиясында алатын орны бөлек әрі ерекше. XV ғасырда өмір сүрген Асан көшпелі қоғамның ішкі қажеттіліктерінен туындаған толғаныстар мен күйзелістер әр түрлі психофилософиялық болжамдарға итермелеп, оның ой кешу қабілеттері дала құбылыстарымен әлем, дүние көріністерімен қабысып отырады. Оның «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жағдайдағы өзінің еліне, жұртына, халқына мәңгілік тыныш, бейбіт өмір, яғни «Жерұйықты» іздегені Томас Мордың Утопиясымен сәйкес келеді. Бірақ олардың өзара айырмашылығы да бар. Оны келесі беттерде қарастырамыз.
Асанның дүниеге көзқарасы өзгеше. «Бұл дүниенің алды бірығай үміт, арты – ылғи өкініш», «бұл дүние бір кісіге көп, екі кісіге аз болады». Осы сөздерден оның дүниеге көзқарасы күрделі екенін байқаймыз. Ал енді оларды келесі беттерде тереңірек қарастырайық.
1. Қазақ даласының ойшылдары . IX - XII ғасырлар
Алматы: Ғылым, 1995 жыл 4б.
2. Қазақстан тарихы 2 том. Алматы: Атамұра 1998ж. 171б.
3. Қазақ даласының ойшылдары: Алматы. Ғылым. 1995ж. 139б.
4. ҚР ҰҒА Сирек қол жазбалар қоры. №333 бума, 11 дәптер
5. Маркс К., Энгельс Ф. Шығармалары 2 том.
Алматы Қазақстан, 1976. 120б.
6. ҚР ҰҒА Сирек қол жазбалар қоры. №333 бума,6 дәптер 5-6б.
7. ҚР ҰҒА Сирек қол жазбалар қоры. №333 бума, 15дәптер 3б.
8. ҚР ҰҒА Сирек қол жазбалар қоры. №333 бума, 15 дәптер
9. Қасабек А., Касабек С. Искание истины.
Алматы Наука. 1998ж. 64б.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Асан Қайғының танымындағы дүниге көзқарасы.

2.2 Асан Қайғының Жерұйықты іздеуі.
Утопиямен өзара ұқсастығы мен айырмашылығы

ІІІ. Қорытынды бөлім
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Біз білеміз, қазақ философиясы сонау үш мыңжылдықтан бері бес кезеңді
қамтиды. Ежелгі Тұран даласынан шыққан Заратуштра және де Ишпақай, Анарыс,
Майқы би бабаларымыздан бері, Қорқыт, Асан Қайғы, қазақтың үш биі, Абай,
Алтынсарин аталарымыз, Мағжан ағаларымыздан бері Қазақ философиясының
негізі құрылып келуде. Бұл дана, философтардың әрқ айсысы дүниенің
бастамасын, философияның негізгі мәселесін әр түрі зерттеп, әр түрлі
түсінген. Соның ішінде Асан Қайғы философиясының қазақ философиясында
алатын орны бөлек әрі ерекше. XV ғасырда өмір сүрген Асан көшпелі қоғамның
ішкі қажеттіліктерінен туындаған толғаныстар мен күйзелістер әр түрлі
психофилософиялық болжамдарға итермелеп, оның ой кешу қабілеттері дала
құбылыстарымен әлем, дүние көріністерімен қабысып отырады. Оның қой
үстінде бозторғай жұмыртқалаған жағдайдағы өзінің еліне, жұртына, халқына
мәңгілік тыныш, бейбіт өмір, яғни Жерұйықты іздегені Томас Мордың
Утопиясымен сәйкес келеді. Бірақ олардың өзара айырмашылығы да бар. Оны
келесі беттерде қарастырамыз.
Асанның дүниеге көзқарасы өзгеше. Бұл дүниенің алды бірығай үміт,
арты – ылғи өкініш, бұл дүние бір кісіге көп, екі кісіге аз болады. Осы
сөздерден оның дүниеге көзқарасы күрделі екенін байқаймыз. Ал енді оларды
келесі беттерде тереңірек қарастырайық.

Деректі болжамдарға сүйеніп, салыстыра қарайтын болсақ, Асан Қайғының
өмір сүру кезеңі ХV ғасырдың 20-30-шы жылдары мен ХVІ ғасырдың І жартысы
болып табылады.[1] Асан Қайғының дүниетанымдық ұстанымдары оның ұзақ ғұмыры
бойында қалыптасып, әр түрлі қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне байланысты
тынымсыз біркелкі жүйелі қалыпқа түскен.
Асан Қайғы көшпелілер даласының перзенті, ұлы ойшылы, дала данышпаны.
Егемендік алған кездегі тарихи зерттеулердің, әсірес, Қазақстан тарихының
ІІ томында. Дешті Қыпшақтың мәдени өмірінде Асан Қайғы Сәбитұлы елеулі рөл
атқарады. Білім мен табиғи таланты оның қоғамда кеңінен мәлім болуына
көмектесті және билеушілер сарайына кіргізді делінген[2]
Асан Қайғының саяси-әлеуметтік философиялық ойлау болжамдары көбіне Әз-
Жәнібек тұсында айтылған. Бұл жөнінде қолжахбалар қорындағы материалдар мен
тарихи зерттеулердің арасында елеулі қайшылық жоқ. Асан мұраларын
жинаушылар, зерттеушілер, әдебиетшілер қысқа мәліметтермен ғана шектеледі.
Бұл құбылыстың басты себебі, қазақ хандары басқа Орта Азия елдеріндегі
қалыптасқан дәстүрге бой ұрмай, хан ордаларында тарихшы, арнайы күнделікті
хатшылар ұстамағандықтан деп түсінген мақұл. Асан Қайғы мұраларын
сұрыптағанда біз оның Әз-Жәнібек ханға арнаған болжам-ойларына,
қағидаларына, әлеуметтік сарындарын, онтологиялық сипат танытатын
тұжырымдарына тап боламыз.
Түркі дүниетанымы, оның ерекшеліктері мен орта ғасырдағы философиялық
дүниетанымның бағыттары туралы ықшамды теориялық маңызы бар қағидалар мен
тиянақты пікірлерді атап өтейік. Философ Ә.Нысанбаев Түркі тарихына назар
аударатын болсақ, ол басынан аяғына дейін гуманизм мен парасаттылық
үлгісімен сипатталған - дей келіп,- құдайға шынайы сену және оны тану
арқылы адам өзін-өзі тануы ортағасырлық мәдениеттің басты идеясы болды.[3]
Бұл философиялық нақтылы қорытындылар Асан Қайғы мұраларына да тән құбылыс.
Асанның дүние туралы танымы, оның басты идеясы – ел бірлігі төңірегінде
қалыптасқан. Дана ойшылдың Жеті өзенге шейін барғанша ел тоқтамас дегені
дүниенің шексіздігіне кәміл сену арқылы ел тағдырымен астарлас бірлікте,
дүние үйлесімділігене жетуді білдіреді.
Бұл дүние бір кісіге көп, екі кісіге аз болады. Дүниені бір кісіге
көп дегені – адамның дүниеге қызығушылығы басым болса да, дүние көптік
етеді, ал сол дүние екі кісіге аз болады дегені ол бірінен-бірі өтеді,
дүниенің ішіндегі талас, күресті білдіргені. Дүние көп болса да, аз болса
да ол түпінде опа бермейді деген ойға саяды. Асан : Бұл дүниенің алды
бірығай үміт, арты – ылғи өкініш- дегені ұлы Абайдың Тірі адамның ісі
үміт деген қағидасымен рухани туыстық арнаға түсіп жатыр. Асан үшін
дүниеден үміт күту оның жетекші мәні мен рөлі ерекше болып өмір дүниемен
қабаттаса, дүниесіз өмір жоқ, өмірсіз дүние бос, қуыс болатынын білдіреді.
Дүниеден өткен өміріне өкінішпен қарау ойлылықтың белгісі, өкініш әр
уақытта дүниеде өткен өміріндегі қателіктерін қайталамауға итереді. Асан
Қайғы, оның іс қимылын, әрекеттерін бір хандық кезеңге немесе бір қоғамдық
жүйеге икемдеу, жатқызу мүмкін емес.[4]
XV ғасыр түркі-тілдес халықтардың өз алдына дербес ел болып, саяси
құрылымдар құрып, мемлекет болып қалыптасуының ғасыры болды. Ру-
тайпалардың, этностардың бұрынғы қалыптасқан жүйесі бұзылып, әрбір халық өз
тағдарын күн тәртібіне қойған ғасы болды. Сол себепті де Асан Қайғы сол
халықтардың бір-бірімен қош айтысуының куәгері болып өз төл жұртының,
елінің келешегін күні бұрын ойлаған тұлға.
Асан танымындағы дүние көрінісі оның әлеуметтік көзқарасының
мәнділігін анықтайды. Адам, қоғам, табиғат Асан үшін мызғымас бірліктей.
Адамның қоғамға, табиғатқа қатынасы Асан болмысында ерекше айқындалады.
Дүниенің жаратылысын Асан Қайғы ақыл күшімен пайымдайды. Адам игілігіне
жаратуды, пайымдауды меңзейді. Асан болмысының мәні немесе Карл Маркстің
сөзімен айтқанда нақты тіршіліктің процесі[5] халықтың мүддесімен
армандаған тілектерімен, оның өмірінің келешегімен ұштасып, қабысып жатады.
Қазақ даласының табиғатына, жер-суына, тау өзеніне, тағы басқа өңірлеріне
Асан Қайғы берген анықтамалар күні бүгінге шейін тараған. Асан сол заманның
танымдық мәні бар ұғымдарды, түсініктерді кеңінен қолданған. Болжамдық мәні
бар халық тілегіне, мұратына сай келетін ықшам толғаулар Асан Қайғы
танымында табиғатпен, дүниемен, қоршаған ортамен біте қайнасқан тіршілік
заңдылығын ашуға арналған. Асан дүние көрінісін суреттеуі көбіне көркемдік
мәнге ие. Оның санасындағы ақиқат – адамның тіршілік болмысын қоршаған орта
билейді, анықтайды. Табиғат болмысы адам болмысына әмірін жүргізеді.
Сондықтан Асан Қайғы табиғаттың адамға қатысты фактор екендігіне ерекше мән
береді. Мысалы: Өлеңті өзенін көргенде: Шіркіннің шөбі көп, қоныс қылған
елдің уайымы жоқ жер екен дейді.[6] Дүние көрінісін тануда Асан Қайғы
танымында көп ұшырасатын ұғымдар – білу мен білмеу. Білу ұғымына көп мән
берген. Дүниені тану, түсіну, қорытынды шығару, сайып келгенде білу
ұғымының мәнін ашады. Ал білмеу болса, адам сана-сезімінің тұйықтығын,
тайыздығын аңғартады. Поэтикалық тәсіл жыраулардың тағдырына Тәңір тарту
еткен билік қасиеті, алтын тағы, табиғат тұғыры. Несібе табиғатты, қоғамды,
дүниені адамның ара-қатынастарын астастыра айшықтап, қоғамның даму
заңдылықтарына тұжырым жасайды. Асан Қайғының қоғамды қоршаған табиғатты,
жалпы дүниені тануда, олардың қастерлі қасиеттерін білуде, адам игілігіне
жаратуда өзінің біліктілігімен ерекшеленеді. Салыстырмалы түрде берілетін
бұл толғауларда Асан Қайғы ақыл парасаттың танымдық күшіне зор мән берген.
Дүниенің сырын, мәнін сезіну, әр құбылысқа зердемен талдау жасап, өмір
тәжірибесімен салыстыра қорытындылау, кейінгіге ғибрат боларлық пікір түю
Асан Қайғы танымын мөлшерлейтін барометр тәрізді. Дүниенің дамуында табиғат
, қоғам бірлікте, тұтас, ажырамас бөліктерден тұрады. Асан туралы: Ол
сахараның атасы, табиғатқа ең жақын тұрған - әр нәрсені оқып еме, бәлкім,
өз көзімен көріп, біліп ғибрат алған солардан түрлі мағыналар шығарған
делінген[7] Бұл тұжырымға мән берсек, ғұлама әл-Фарабидің ... жүре келе
пайда болған білімнен басқа туа біткен апорийлік білімдер болады деген
қағидасымен сәйкес келетін секілді.
Асан ұғымында дүние - Панта Рей. Дүние дамылсыз жылжиды,
өзгереді. Дүниенің өзгеруі көшпелі қоғамның ырғағына сәйкес келеді. Егер
мұсылсан философиясында екі дүние ағысы жалған дүние ырғағында өтіп
жатады. Дүниенің өзгеруі, ағымы, өткіншілігі материяның барлық түрлерінде
кездесе берді.
Табиғи заңдылықтар адам, қоғам өміріндегі ұшырасатын құбылыстармен
тығыз байланысты болып, бір-бірімен араласып жатады. Асан Қайғы дүниеге
көшпелі өркениеттің өкілі ретінде қараған. Оған барлығы керек. Жан-
жануарлар дүниесі, жер-су, аспан әлемі, басқа да құбылыстар тұтас
қарастырылуы тиіс. Асан ойынша үйлесімділік заңы бұзылса, онда барша
дүниенің астан-кестеңі шығады.
Асан Қайғының танымындағы дүние көрінісін қорытындылай келе мынадай
тұжырымдарға тоқталамыз.
Асан Қайғының дүниеге көзқарасы қазақ қоғамының XVI ғасырдағы даму
деңгейінің анықтамасы: Алтын Орда хандығы ыдырап, ұсақ хандықтардың ұзақ
өмір сүрмеуі, саяси бытыраңқылық елең алған ұзаққа созылған тарихи
құбылыстар мен оқиғалар Асан Қайғының сана-сезіміне үлкен әсер етті.
Асанның дүниетануы, оның табиғатпен тікелей араласуы, тілдесуі,
табиғаттағы заттардың қатынасын адам өмірінің қайшылықтарын шешуде арқау
етуі, оған иланып, адам өмірін дүнеи заңдылықтарына бейімдеуі оның астарлы
сырлары мен адами кісілік қасиеттерді шендестіру, толықтыру, табиғи
логикалық байланыста болу, дүниеге көзқарасының басты идеялық мазмұнды күш
халқына жайлы, тыныш өмір беретін қоныс іздеу, оны табу мақсаты. Сондықтан
да Асанның дүгие көрінісін сезінуі, толғануы оның Жерұйық мекенін
іздеуде ашылған.
Сонымен бірге Асанның дүниені тану түрлеріне тоқталсақ. Қазақ
ойшылдарын ортақ танымдық әдістер: сезім, түсінік, шамалау, байыптау, ойды
оймен тиянақтау. Ал, Асан Қайғы үшін дүние бүкіл әлемнің, яғни ғарыштың
біртұтастығы ғана емес, сонымен бірге барлық құбылыстардың бір-бірімен
чептік байланысы. Соның ішінде Асан өзін де сол байланыстың бір нүктесі деп
санайды. Ол өзін дүниеден ажырата алмайды, себебі бұл оның ақылына сыйымсыз
түсінік. Дүниедегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ
АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ ТУРАЛЫ
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
Асан қайғы философиясы
Йасауи жолының ұзақ ғасыырларға созылған тарихы
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Қазақ ойшылдарының қоғам туралы ой-пікірлері
«Ақын – жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным»
Асан Қайғы шығармаларындағы экзистенциалдық сарын
Пәндер