«Егемен Қазақстан» газетіндегі білім реформасы мәселесінің насихатталуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3


БІРІНШІ ТАРАУ
1.1БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ЕКІНШІ ТАРАУ
1.2 «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНДЕ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЖАЗЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44

ПЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
Білім - өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі. Өлшем болатындығы – кез келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық та дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты. Ат төбеліндей аз бөлігі алға озып кеткен, ал миллиондаған қарапайым халқының жағдайы жасалмаған ел өркениетті ел деп танылмаса керек. Ал білімнің сол өркениеттілік тетігі екендігі дау тудырмас ақиқат екендігі шындық. Себебі адамзат баласын тамсандырған таңғажайып жаңалықтар қашан да білімді – «даму құралы» деп біліп, соған бүкіл мүмкіндіктерін жұмсап отырған елдерден шығып отырғаны белгілі.
Алысқа бармай-ақ, өз тарихымызға көз жіберсек бұл сөздің дәлдігін дәйектейтін нақты мысалдарды көптеп табар едік. Дана бабамыз Жүсіп Баласағұн жаңа ғана құрылған мемлекеттің әміршісіне бақытқа бастайтын жолды нұсқайтын еңбек – «Құтты білікті» сыйға тартты. Онда мемлекет гүлденудің нақты жоспары берілген болатын. Кітаптың авторы «мемлекеттік ойлауды қалыптастырудың басты шарты - білім» деп көрсетті және «Әмірші заңдар арқылы қанша мықты бола тұрып ғалымдарсыз елді басқара алмайды» деп кесіп айтты. Дәл осы Жүсіп Баласағұн заманында Қараханидтер әулетінің әміршілері білім алуға жол ашқан соң ғана түркі мемлекеті әлемнің ең гүлденген әрі мықты мемлекетіне айналғаны тарихтан белгілі.
Білім мен ғылым – ел дамуының қайнар көзі. Ғылым – ғаламды танудың кілті болса, сол ғылымның негізі білімде жатыр. Ал білімнің іргетасы мектепте қаланады. Елімізде білім берудің бүгінгі жағдайы қоғамдық өмірдің барлық салаларын түбейлі өзгертуге маңызды мәнге ие және оның дамуы жалпы мемлекеттік саясаттың бөлімі ретінде қарастырылуда.
Кезінде Мағжан Жұмабаев 1921 жылы «Бостандық туы» газетінде жарияланған «Жазушылық оқу құралдары һәм мектебіміз» деген бағдарламалық мақаласында: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қалай құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра аламасақ, келешегіміз күңгірт» деп жазады. Олай болса, екі мыңжылдық тоғысында заманалар сынынан сүрінбей келе жатқан өр халқымыздың тәуелсіздік алуына орай өз бағытын айқындаудың стратегиялық мақсат міндеттері қатарында жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесін алға шығаруы – табиғи құбылыс.
Білім беру жүйесін реформалаудың мәні мен маңызы - өткен тәжірибелеріміздегі озық дәстүрлер мен әлемдік білім кеңістігіндегі кемел идеяларды ұштастыра отырып, жаңа білім арнасын табуға жол ашуында. Мәселен, 2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Жапон мемлекетінің ұсынысы бойынша 2005-2015 жылдары «Білімді тұрақты дамыту декадасы» болып жарияланды. Бұл декадада адамзат алдындағы ғаламдық проблемаларды барлық елдердің білім жүйесін бір кеңістікке өзара үйлестіріп, қарқынды және тиімді дамыту арқылы шешу мақсаттарын белгілейді. Білімді дамыту тұжырымдасы осыған дейін ЮНЕСКО аясында 1990 жылы Джомтьенде (Тайланд) өткен білім жөніндегі әлемдік форумда қабылданған, білім саласында алты түрлі басты мақсатты белгілеген «Баршаға білім беру» бағдарламаларымен, 2003 жылы БҰҰ қабылдаған «Сауатсыздықпен күрестің он жылдығы» бағдарламасы және ЮНЕСКО – ның тұжырымында «білім экономиканы емес, тұтас қоғамды дамытатын жеке нысан» деп айқан анықтама берілген.
1. Т. Амандосов. Журналист және өмір. А., Қазақстан, 1967.
2. Д. Баялиева. Баспасөзде ұлттық мәдениет және салт-дәстүр мәселелерінің жазылуы. А.,1997.
3. А. Байтұрсынов. Ақ жол. А., Жалын, 1991
4. Т.Амандосов. Қазақ совет баспасөзінің жанрлары. А.,Мектеп. 1968
5. Т.Қожакеев. Жас тілшілер серігі.
6. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. А.,Өнер. 1996.
7. Ақпамбет Ғ. Қазақтардың дүниетанымы. А.,1993.
8. Назарбаев Н.Ә Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда., 2006.
9. Вестник Высшей Школы «Alma mater». – 2002.
10. «Білім•Образования» журналы. №4 – 2004.
11. «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті» - Хабаршы. «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы. № 1(12)
12. Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ҚР президентінің № 1459 – жарлығы
13. Назарбаев Н. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
14. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика, А., 2005
15. Досыбекова Ш, Қазақстан-2030. Қазақстан мектебі. 2006
16. Ақиқат. №4., 2005

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультетi

Мерзімді баспасөз кафедрасы

ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН ГАЗЕТІНДЕГІ БІЛІМ РЕФОРМАСЫ МӘСЕЛЕСІНІҢ НАСИХАТТАЛУЫ
(2006-2008 ж.ж жариялынымдар негізінде)

Жоғары оқу орнын бітіру үшін
қорғалатын бакалавриаттық

бітіру жұмысы

050504 – журналистика
Ғылыми жетекші – филол. ғ. к., доцент Д. Баялиева
Ресми сарапшы – Қазақстан мұғалімі газетінің бас редакторы Мінәждин
Сермағамбетов

Мерзімді баспасөз кафедрасының
2008 жылғы 6 маусымда ... ... ... ... ... .. мәжілісінде
талқыланып, қорғауға жіберілді.

Кафедра меңгерушісі ... ... ... ... филол.ғ.к., доцент Е.И.Дудинова

Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданды
Диплом қорғау күні: 2008 жылғы 16 маусым.

Комиссия хатшысы ... ... ... ... ... .. филол.ғ.к., доцент Г.Сұлтанбаева

Алматы, 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

БІРІНШІ ТАРАУ
1.1БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН
МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

ЕКІНШІ ТАРАУ
1.2 ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН ГАЗЕТІНДЕ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІНІҢ
ЖАЗЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .37

СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 44

ПЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...46

Кіріспе

Білім - өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі. Өлшем болатындығы –
кез келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық та дәрежесі онда
өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты. Ат төбеліндей аз бөлігі
алға озып кеткен, ал миллиондаған қарапайым халқының жағдайы жасалмаған ел
өркениетті ел деп танылмаса керек. Ал білімнің сол өркениеттілік тетігі
екендігі дау тудырмас ақиқат екендігі шындық. Себебі адамзат баласын
тамсандырған таңғажайып жаңалықтар қашан да білімді – даму құралы деп
біліп, соған бүкіл мүмкіндіктерін жұмсап отырған елдерден шығып отырғаны
белгілі.
Алысқа бармай-ақ, өз тарихымызға көз жіберсек бұл сөздің дәлдігін
дәйектейтін нақты мысалдарды көптеп табар едік. Дана бабамыз Жүсіп
Баласағұн жаңа ғана құрылған мемлекеттің әміршісіне бақытқа бастайтын жолды
нұсқайтын еңбек – Құтты білікті сыйға тартты. Онда мемлекет гүлденудің
нақты жоспары берілген болатын. Кітаптың авторы мемлекеттік ойлауды
қалыптастырудың басты шарты - білім деп көрсетті және Әмірші заңдар
арқылы қанша мықты бола тұрып ғалымдарсыз елді басқара алмайды деп кесіп
айтты. Дәл осы Жүсіп Баласағұн заманында Қараханидтер әулетінің әміршілері
білім алуға жол ашқан соң ғана түркі мемлекеті әлемнің ең гүлденген әрі
мықты мемлекетіне айналғаны тарихтан белгілі.
Білім мен ғылым – ел дамуының қайнар көзі. Ғылым – ғаламды танудың
кілті болса, сол ғылымның негізі білімде жатыр. Ал білімнің іргетасы
мектепте қаланады. Елімізде білім берудің бүгінгі жағдайы қоғамдық өмірдің
барлық салаларын түбейлі өзгертуге маңызды мәнге ие және оның дамуы жалпы
мемлекеттік саясаттың бөлімі ретінде қарастырылуда.
Кезінде Мағжан Жұмабаев 1921 жылы Бостандық туы газетінде
жарияланған Жазушылық оқу құралдары һәм мектебіміз деген бағдарламалық
мақаласында: Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қалай
құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға
қабысатын, үйлесетін негізге құра аламасақ, келешегіміз күңгірт деп
жазады. Олай болса, екі мыңжылдық тоғысында заманалар сынынан сүрінбей келе
жатқан өр халқымыздың тәуелсіздік алуына орай өз бағытын айқындаудың
стратегиялық мақсат міндеттері қатарында жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесін
алға шығаруы – табиғи құбылыс.
Білім беру жүйесін реформалаудың мәні мен маңызы - өткен
тәжірибелеріміздегі озық дәстүрлер мен әлемдік білім кеңістігіндегі кемел
идеяларды ұштастыра отырып, жаңа білім арнасын табуға жол ашуында. Мәселен,
2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Жапон мемлекетінің
ұсынысы бойынша 2005-2015 жылдары Білімді тұрақты дамыту декадасы болып
жарияланды. Бұл декадада адамзат алдындағы ғаламдық проблемаларды барлық
елдердің білім жүйесін бір кеңістікке өзара үйлестіріп, қарқынды және
тиімді дамыту арқылы шешу мақсаттарын белгілейді. Білімді дамыту
тұжырымдасы осыған дейін ЮНЕСКО аясында 1990 жылы Джомтьенде (Тайланд)
өткен білім жөніндегі әлемдік форумда қабылданған, білім саласында алты
түрлі басты мақсатты белгілеген Баршаға білім беру бағдарламаларымен,
2003 жылы БҰҰ қабылдаған Сауатсыздықпен күрестің он жылдығы бағдарламасы
және ЮНЕСКО – ның тұжырымында білім экономиканы емес, тұтас қоғамды
дамытатын жеке нысан деп айқан анықтама берілген.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған Білім туралы
заңында көрсетілгендей, білім беру жүйесіндегі жаңа ұлттық үлгінің басты
міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлар тудыру.
Осыған байланысты 2004 жылы білім беруді одан әрі дамытудың негізгі
бағыттарын көрсеткен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-
2010 жылдарға арналған екінші мемлекеттік бағдарламасы және оны іске
асырудың 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. 1.
Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – адам ресурстарын даярлау сапасын
арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының
басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту.
Жүргізіліп отырған мемлекеттік білім беру және интеграциялық-
инновациялық саясаттың арқасында республикамызда Ұлттық білім берудің
үлгісін дамытуды жетілдірудің және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
заңнамалық-нормативтік құқықтық база құрылды (бұл жерде сапасы сөз болып
отырған жоқ), білім берудің барлық сатылары мен деңгейлерінде халықтың
сапалы білім алуға қол жеткізуі қамтамасыз етілді. Халықаралық
стандарттарға сай келетін мамандар даярлаудың көп деңгейлі жүйесі
енгізілді. Оқу-әдістемелік кешендері әзірленді. 1993 жылы 5 қарашада
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Болашақ халықаралық
стипендиясы бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында білім алуына қолдау
жасалынды. Білім саласындағы реформалар негізінде жаңа оқыту технологиясын
әзірлеу және енгізу саласында біршама өзгерістер болды. Мектеп түлектері
ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ), екі сатылы оқу жүйесі, мемлекеттік аралық
бақылау нормалы енгізілді.
2006 жылғы Елбасы Жолдауында атап өткендей, Қазақстан бүгінгі таңда
әлеуметтік-экономикалық жаңару және саяси демократияландырудың жаңа
кезеңінде қадам басқалы тұр. 2
Осыған орай бүгінгі таңда жоғары кәсіптік білім берудің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру міндеттерін шешу үшін осы саланы дамытудың негізгі
бағыттары анықталды. Атап өтер болсақ олар:
- білім беру бағдарламаларының әр түрлілігі мен икемділігі негізінде
кәсіптік білім беру сапасын арттыру;
- жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру және академиялық
еркіндіктерін кеңейту;
- жоғары оқу орындарын аккредиттеудің халықаралық моделіне көшу.

Әлемдік өркениетке ел қатарлы, уақтылы және байыпты түрде баруымыз – білім
беру саласында жүргізіліп жатқан жүйелілікке келіп тіреледі.
Халықаралық білім кеңістігін құру дегеніміз - әр түрлі ұлттық білім
беру жүйелерін мүмкіндігінше жақындастырып, бір-бірімен толықтырып әлем
деңгейінде мықты әлеуметтік жүйе жасау. Осы арқылы әр түрлі аймақ пен
елдердегі білім беру сапасы мен деңгейін бір қалыпқа келтіру, мамандар
дайындауды халықаралық сұраныстар мен талаптарға сәйкестендіру сияқты
келесі мәселелерді шешуге болады. Бірақ еске сақтайтын үлкен қағида –
халықаралық білім жүйесін қалыптастыра отырып, әр елдің, әр халықтың,
ұлттың ерекшеліктерін сақтап қалу.
Жалпы білім беру жүйелерінің, әсіресе төменде сөз ететін жоғары білім
жүйелерінің халықаралық деңгейде өзара жақындасуы көптеп келе жатқан
құбылыс. Бірақ бұған жаңа дем берген, оны жеделдеткен 1997 жылы жоғары
білім жөнінде қабылданған Лиссабон конвенциясы. Қазақстан бұл құжаттарды
дер кезінде мойындап, тиісті түрде заңдастырған елдің бірі.
Қазақстан егемендік алғаннан кейін білім жүйесін халықаралық
кеңістікке интеграциялау процесінің басы 1996 жылы төрт ел (Беларусь,
Қазақстан, Қырғызстан, Ресей) қосылып қабылдаған ортақ келісім-шарттан
басталды. Бұл келісімнің негізі мақсаты – осы аталған елдер арасында білім
деңгейіне және ғылыми дәреже мен атақтарға берілетін мемлекеттік
құжаттардың тепе-теңдігін қамтамасыз ету. Бұдан кейін Қазақстан жақын және
алыс жердегі көптеген шет елдермен білім, ғылым және мәдениет жөнінде екі
жақты қарым-қатынастарды реттейтін келісімдерге қол қойды.
1998 жылы 25 мамырда Германия, Италия, Франция және Ұлыбритания
елдерінің білім министрлері Еуропада жоғары білім берудің жүйелері мен
құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдады. Одан бір
жыл кейін – 1999 жылдың 19 маусымында, еуропалық 29 елдің білім ұйымдарының
жетекшілері Еуропалық жоғары білім беру аймағын құру жөнінде Болон
декларациясына қол қойды.
Ортақ біріңғай білім кеңістігін қалыптастыру жөнінде ТМД
мемлекеттірінің арасында да біраз жұмыстар атқарылды. Осы елдердің өкімет
басшыларының кеңесі 1997 жылы қаңтар айында ортақ білім кеңістігі туралы
тұжырымдама қабылдап, білім мәселесімен әрі қарай айналысатын арнайы кеңес
құрды. Жаңа құрылған кеңестік қатынасуымен ТМД елдерінің Парламентарлық
Ассамблеясының білім және ғылым жөніндегі комиссиясы Модельдік білім беру
кодексінің алдымен (1998 ж.) тұжырымдамасын, кейінірек кодекстің жобасын
жасады. Жоба 2003 жылы 14 қазан айында жан-жақты талқыланып, толық
құпталды. Бұл құжат ТМД елдерінің парламенттеріне және білім
министрліктеріне таратылды. Әр мемлекет өздерінше талқылап, ұсыныстарын
бергеннен кейін, олар жинақталып жобаға тиісті өзгерістер енгізді.
Талқылаудан өткен модельдік білім беру кодексі 2004 жылдың сәуір айында
болған ТМД мемлекеттерінің Парламентарлық Ассамблеясының пленаралық
мәжілісінде қабылданып, аталған елдергі білім жүйесін интеграциялау
саласында халықаралық деңгейдегі құқықтық құжат ретінде ұсынылды. Білім
жүйелерін жақындастыру бағытында әлемде тағы басқа да ірілі – уақты ұйымдар
мен қауымдастықтар құрылған. Бірақ іргелі ісімен, нақтылы бағыттарымен,
білім әлеміндегі мәртебесімен ерекшеленетін осы ТМД елдерінің
Парламентаралық Ассамблясы ұсынған және Болон декларациясы қабылдаған екі
бағыт: біріншісі, Болон декларациясының негізгі мақсат-тілегі халықаралық
білім беру кеңістігінде еуропалық басылымдықты қамтамасыз ету де, екіншісі
ТМД елдерінің (оның ішінде Қазақстан да бар) Парламентаралық Ассамблясы
ұсынып отырған мақсаты тіпті басқаша. Ең алдымен атап айтатын айырмашылық –
ол білім берудің модельдік кодексі осы күнгі өзіміз қолданып жүрген оқыту
деңгейлерін, ғылыми атақ пен дәрежелерін түгел сақтаған. Кодекстің талабы
бойынша ТМД елдерінің ортақ білім кеңістігін құруға келісім беріп, қол
қойған мемлекеттер ең алдымен өздерінің білім беру жөніндегі ұлттық
саясаттарын, қабылдаған және жасылып жатқан заңдары мен құқықтық
–нормативті құжаттарын сәйкестендіріп, біріңғай талапқа келтірулері тиіс.
Мемлекеттік білім беру стандарттарын, оқу мерзімдері мен деңгейлерін,
жоспарлары мен бағдарламаларын келісе отырып анықтаулары қажет. Сонымен
қатар оқып бітірген білім деңгейлерін, алған ғылыми атақтар мен дәрежелерді
растайтын мемлекеттік құжаттарды тану және өзара мойындау үшін барлық
жағдай қарастырылып, халықаралық күші бар нақтылы құқықтық механизмдер
жасалу керек дегенге саяды. Бірақ біз білім кеңістігіне кірудің ешкімге
еліктемейтін өзіміздің ұлттық білім реформасын жасағанымыз абзал. Ресей
мемлекеті осы жолмен келе жатқан сияқты. 2002 жылдың желтоқсан айында Ремей
ректорлар одағының 7 съезі болып өтті. Осы сьезде сөйлеген сөзінде одақтың
президенті, МГУ- дің ректоры, академик В.Садовничний мынадай анықтама пікір
айтты: Ресей білім жүйесін халықаралық білім беру кеңісігіне интеграциялау
мәселесіне қарсы тұрар ешкім жоқ. Бірақ осы үрдісті іске асыру жолдары
бойынша көзқарас әр түрлі. Біздің айтарымыз, бұл үрдіс – екі жақты болу
керек. Бізбен бірігетін әріптестерімзіге біз де міндетті түрде өз
тәжірибемізді ұсынамыз. Біз Ресей білім жүйесінің мүддесін қорғауымыз
керек... Қайдағы бір орта еуропалық стандарттар үшін неге біз өзіміз қол
жеткізген үлкен жетістіктерден бас тартуымыз керек 9. Бұл әрине, үлкен
патриоттық көзқарас, сонымен қатар ортақ білім кеңістігін құрайтын елдер
тең құқылы болу керек деген орында ұсыныс.
Сонымен елімізге жетілген, озық және тиімді қызмет атқаратын білім
берудің ұлттық реформасы қажет-ақ. Бұл бүгіндері білім беру саласындағы
қызметкерлердің басты мақсаты да. Осы орайда білім реформасы мәселесіне
қатысты проблемаларды көтеруде өзіндік орны бар құрал – мерзімді баспасөз
деуге болады. Академик Т. Қожакеев өзінің Жас тілшілер серігі атты
еңбегінде Баспасөз – жарқын істер жаршысы ғана емес, әрі кемшілік атаулыға
қарсы күрес құралы, оның міндеті хабар-ошар, ілім-білім, идея таратып,
тәрбие берумен де шектелмейді, ол қазіргі қайта құру ісіне елді
ұйымдастырады деп баспасөзге артылар жүктің ауырлығы мен жауапкершілігінің
мол екендігін көрсеткен.
Міне, сол себепті мен диплом жұмысымның тақырыбын - халықтың рухани
және материалдық игіліктерінің артуын қамтамасыз ететін білім реформасы әрі
оның Егемен Қазақстан газеті бетінде қалай насихатталып жүргені туралы
алдым. Мұнда Республикалық жалпыұлттық Егемен Қазақстан басылымы 2006-
2008 жылдар аралығында жариялаған білім мәселесіне қатысты жариялынымдар
талданады. Сонымен қатар, басылымда жариялаған материалдардың жанрлық
ерекшеліктеріне, білім сияқты ауқымды мәселені көтерудегі газеттің өзіндік
стиліне де тоқталмақпын.

БІРІНШІ ТАРАУ
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

Барлық дамыған елдердің тәжірибелерінде сексенінші жылдардағы ағарту
саласының моделі өзін-өзі ақтамай, әлем елдерінде білім беру жұмысын,
негізінен қайта құру қажеттігін сезіліп, білім берудің жаңа жүйесі
қалыптаса бастады. Бұл көзқарасты көптеген авторлар бұрынғы және қазіргі
аргументтерімен (философиялық немесе педагогикалық тұрғыда) салыстыра
отырып олардың арақатынасында көптеген алшақтықтар барлығын айтады. Сонымен
қатар ғалымдар білім берудегі реформалардың қағидаларын өзгерту қажеттігін
жариялай отырып, оны түрліше дәлелдейді: дағдарыстан шығу жолдарын
іздестіру, қайта құрылу қажеттілігі, соңында білім берудің классикалық
негізіне және идеясына қайта оралу мүмкіндігін баса түсіндіреді.
Білім берудегі мақсат, оның ұйымдастырылу құрылымы, техникалық
жабдықталуы, оқыту әдістері қалай дегенде де қоғамның әлеуметтік
тапсырмасынан көрініс береді. Білім беру жүйесін дамытуда қоғамның
болашақтағы қажеттілігін бейнелей бағдар жасап және озық сипаттағы тиімді
жолды таңдау керек.
Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде тоқсаныншы жалдардың басында
жоғарыдан ешқандай әдейі нұсқаулар болмай-ақ жергілікті жерлерде мектептер
қайта құрылып жатты. Бұл үрдіс көп нұсқалы білім беру және тәрбилеу
жүйесіне өту кезеңнің басталғанын көрсетті: елімізде ұлттық мектепке
дейінгі мекемелер мен орта мектептер, лицейлер мен гимназиялар ашылды;
теоретиктер мен тәжірибе жасаушылар білім саласында сенімді жекелей
бағдарлау жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде көптеген ұтымды оқу
бағдарламаларын жасады; педагогикалық ұжымдардың өзіндік деңгейлері
өлшеусіз өсті, соның нәтижесінде таңдау және білім беру жобаларын түзету
құқықтарына ие болды.
Педагогикалық тұрғыдан сөзсіз бұл құбылыстардың барлығы бірдей
аяқталмады. Сол сәтінде-ақ көпті білу, қабылдауға деген құштарлық оқу
бағдарламаларының шамадан тыс ауырлауына әкеліп соқтырды. Бірақ, кең
ауқымды инновациялық үрліс мемлекеттік реттеуді айқындап берді. Білім
беруде мемлекеттік стандартқа деген сұраныс күшейді.
Білім беруді реформалауды талдау қорытындысы белгілі бір бағыттағы
басқарудың реформалану теориясын байланысты көптеген сұрақтар жиынтығы
білім беру саясатының басқару механизмімен ғана жүзеге асатынын көрсетіп
отыр. Жалпы білім беру саласы өте сезімтал. Бұл салада реформа – қоғамда
түбегейлі өзгерістерге деген нақты сұраныстан қалыптасуы керек. Сонымен
білім жүйесіне тікелей және жанама түрде бүкіл қоғамның қатысы бар
екендігін байқадық. Білім реформасының жүйелеу, өзгеру қоғамның және жеке
тұлғаның көзқарасын, ой-санасын, психологиясын, мүдделерін, қарым-қатынасын
кешенді түрде өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Осындай кең ауқымды, күрделі
реформаны жасау мол қаржылық, кадрлық ресурстарға қосымша реформа бағыттары
мен мазмұнын әдіснамалық негіздеуді, жан-жақты байыпты даярлық жасауды,
ғылыми-теориялық зерттеулер мен тәжірибелік сынақтар өткізуді талап етеді.
Білім саласындағы түрлі өзгерістер мен үкіметтің осы салаға
байланысты қабылданып жатқан заңдары мен тұжырымдамаларын, бағдарламалары
мен әдістемелерін Ресми бөлім, Өркенділікке өршілдік сипат,
Көкейкесті, Өркениет кешіндегі орнымыз, Жанайқай, Білім
тұжырымдамасы: пікір, ұсыныс, Ғылым мен тағылым, Саясат, Ойласу,
Ой. Пікір. Ұсыныс, Замана зиялылар зердесінде, Үкімет үні,
Серпінділік стратегиясы: кадр және келешек, Ашық әңгіме, Ел межесі –
елулікке ену, Білім, Еркін елдің ертеңі, Көзқарас, Оқиғаға орайлас
ой, Ұлттық мектептің ұлы мұраты, Ұлағат сияқты тұрақты айдармен беріп
отыратын Егемен Қазақстан газеті 2006 жылдан бері бүгінгі күнге білім
саласына қатысты жүзге жуық материалды жариялады. Басылымның тұрақты
айдарларын-ақ газеттің білім беру ісіне, оның әр қырлы саласына үлкен мән
беріп отыратыны байқалады. Сонымен қатар газет көбіне сұхбат материалдарды
талдамалы (аналитикалық) жанрда яғни, тақырыпқа қатысты бірнеше фактіні
қамтитын, тілге тиек, материалға арқау етіп отырған оқиғаға үлкен түйіндер
жасап, қорытындылар шығаратын, проблемалар қойып, маңызды ұсыныстар
жасайтын әрі не болды?, салдары қандай?, не істеу керек? деген
сауалдарға тиянақты жауап алынған көлемді жарияланымдар басылады. Осыған
байланысты әлеуметтік мәні бар білім беру мәселесі туралы сұхбат мемлекет,
қоғам, саясат, білім-ғылым қайраткерлері әрі қарапайым ұстаз бен ауыл
ақсақалынан бастап, академик, профессор, министрден алынған сұхбаттар газет
бетінде жиі көрініс табады. Осы орайда ғалым Т.Қожакеев: Сұхбаттың мақсаты
– қоғамдық маңызы зор бір мәселе, оқиға, тың бастама, қызықты құбылыс
жөніндегі соған қатысы бар, өзі араласқан беделді де білікті адамдардың,
мамандардың пікірімен жұртшылықтын таныстыру. Бұл журналистің өзі хабарлай
салғаннан гөрі, сенімді де ықпалды, әсерлі деген. 10. Расында алынған
сұхбаттардың дені академик Темірбек Қожакеев айтқандай білікті
мамандардан мәселен, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінің ректоры Әли Әбішев (2006 жыл), әл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық Университетінің ректоры Төлеген Қожамқұлов (2007 жыл), ҚР Білім және
ғылым министрі Жансейіт Түймебаев (2008 жыл) сияқты білім беру саласындағы
маман-қызметкерлерден алынған. Сонымен қатар басылымның білім беру
мәселесіне қатысты өзге қазақ тілді мерзімді басылымдардан тағы бір
ерекшелігі – Сарғайса да газеттің ақ парағы, өткен күндер тарих боп
сақталады деген тұрақты айдары. 18 Осы айдарда жарияланған материалдар
ықшам яғни ақпараттық жанрда беріледі. Ел өмірінде маңызы бар елеулі
оқиғалардың газет бетінде қай жалдары көрініс тапқанын, онда нендей мәселе
көтерілгені және кімнің еңбегі екені жазылады. Өзім дәлелді болу үшін,
газеттің осы айдармен 2008 жылдың қаңтар айындағы санында жарық көрген
хроникалық –тізбекті мысалға алайық. Мәселен: ...Елімізде жоғары білім
беру жүйесін жетілдіру мен демократияландыру сияқты аса маңызды мәселелерді
ұдайы назарда ұстап отыру мақсатымен Жоғары мектепке – жоғары талап деген
айдар ашты. Арнаулы тілші Ә. Меңдекенің Журфактың міні де көп, мұңы да
көп мақаласы осыған арналады делінген де қысқаша материал соңына 15
маусым. №139. 1990 жыл деп жазылған. Осы тектес шағын жиырмаға жуық
хабарлама тізіліп жазылады.19 Зерттеуші Темірбек Қожакеев: Заметканы
сәтті де әсерлі ететін тағы бір нәрсе – оның жақсы, табылған формада
берілуі. Асылы, бұл жанр орағытып, алыстан бастауды көтермейді. Ол әңгіме
не жөнінде екенін, жаңалық жайын алғашқы жолдардан-ақ аңғартуға тиіс 20
деген. Осы орада әр газет, журнал өз оқушысына қатысты, солардың тіршілік-
кәсібіне жақын, үндесетін жаңалықтарды ғана хабарлайтынын ескерсек, Егемен
Қазақстан басылымы білім беру саласы, оның рефорламаларын көтеруде арнайы
салалық басылымдардан деңгейлес екені шындық.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
Қазақстан халқына жолдауында білім беру реформасы – Қазақстанның бәскеге
нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды
құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне
сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет деген болатын. Егемен
Қазақстан газеті Елбасының білім реформасы туралы айтылған жолдарын
негізге ала отырып, 2006 жылдың 28 сәуірінде Ашық әңгіме айдарымен
тілші Мейрамбек Төлепбегергеннің Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры
болған (2006 жыл) физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Төлеген
Қожамқұловтан алынған Тамырыран нәр алған ел алысқа ұзайды атты сұхбат-
материалы жарияланды. Материалда білім беру, оның ішінде бүгіндері
қолданысқа енген білім жүйелері проблемалары қозғалады. Осы орайда
тілшінің: Көпшіліктің көкейінде әрдайым жүретін бұл тақырып біздің
сұхбаттың өзегіне айналып, одан әрі өрбіді деуі - Егемен Қазақстан
басылымының қоғамдық маңызы бар ауқымды жайттарды назарынан тыс
қалдырмайтынын байқауға болады. 11. Ал әңгіме барысында респондентке
қойылған сауалдардан автордың білім беру реформасындағы жүйесіздік
мәселесінін де көтергені аңғарылады: Қазақстанда 180-ге жуық жоғары оқу
орны бар. Бұл тым көп емес пе, саннан сапаға көшудің кезеңі келіп жеткен
жоқ па? деп те қынжалады. 12 Ары қарай тілшінің: Қоғамдық жаңарудың
шешуші жауапкершілігі білім мен ғылымға тікелей байланысты екені ақиқат.
Біздің жоғары мектеп пен ұлттық ғылым жаңа талаптарға орай лайықты жаңару
үшін не істеу керек деп санайсыз? – деген сауал қояды. Тілшінің қоғамдық
жаңарудың шешуші жауапкершілі – білім деп отырған себебі, ХХІ ғасырда
мемлекеттің өркениеттілігі мен қуат көзі – шикізат байлықтарымен, көне
тарихи- мәдени мұраларымен ғана емес, сол ел тұрғындарының интеллектуалдық,
білімділік деңгейлерімен де анықталмақ. Олай болса, тілшінің білім беру
ісін – қоғамдық жаңарудың шешуші жауапкершілігі дегені көңілге қонымды.
Бір жағынан қоғамдық жаңару дегенді - мемлекеттің тұрақты экономикалық
дамуы мен елдің бәсекелестік қабілетін анықтаушы фактор және қауіпсіздік
кепілі деген мағынаны де берсе керек. Сауалға ректор Төлеген Қожамқұлов:
Реформалық ізденістерді үйлесімді жалғастыра беру керек...Әрине, адам
ресурстарын, дәуірдің ақыл-ой қуатын талап ететін іргелі міндеттерді шешуге
еліміздің мемлекеттік ЖОО барынша белсене қатысу керек. Халықаралық
талаптарға жауап беретін білім берудің мемлекеттік стандарттарын
қалыптастыру, оқу үдерісіне отандық және шетелдік білікті оқытушыларды
тарту, білім беру жүйесін оның инновациялық бағыттылығын көздей отырып
жетілдіру, білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау, оқудың
материалдық-техникалық базасын нығайту, отандық ғылымды халықаралық ғылыми-
техникалық талаптарға бейімдеу, инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға
атсалысу керек деп жауап береді. Демек, бізде қалыптасып не болмаса
нәтижесін өте жақсы деген бағаға көрсетіп жатқан білім жүйесі орнықпаған.
Әлі де орнықтырар білім салалары туралы бағдарламаны сүзгіден өткізу
керек деген ойға қаласың. Жалпы қазіргі білім жүйесінің басты кемшілігі
оның білім жиынтығын беруге бағытталғандығында ғана емес, сол білім
мазмұнын шашыраңқы, қазіргі өркениеттің өзгермелі сипатына, ғылыми
жаңалықтарға, тез жетілдіріп өндіріске еніп жатқан жаңа технологияларға
сәйкес дер кезінде жаңарып, жетіліп, бейімделіп отыруға қабілетсіз,
консервативті, жабық және шектеулі түрде болуында деп есептеймін. Оның
үстіне оқушыларға берілетін білімнің іргелігі – бұл жарты ғасырдан астам
уақыт бойы Кеңестік білім жүйесінің қол жеткен және басқа дамыған елдер
қазіргі кезе мойындап отырған басты жетістіктерінің бірі. Егер білімнің
жаңа реформасын жасау берілетін іргелі білімнің көлемін қысқартып, оның тек
қолданбалы сипатын арттыруға бағытталатын болса, бұл Қазақстанның тұрақты
дамуын қамтамасыз ететін басты тұғырларының бірін төмендетуге, білім
жүйесінің салмақсызданып, осалданып, әлемдік бәсеке талаптарына
төзімділігінің әлсіреуіне әкеп соғатынын болжай білуіміз қажет. Әлемнің ең
қуатты елі Америка Құрама Штаттарының Конгресінде білім мекемелерінде
берілетін білімнің тым таяз, үстірт болуының салдарынан сауатсыз ұрпақ
пайда болады, бұл мемлекеттің қауіпсіздігіне нұсқан келтіретін факторға
айналады деп есептей келе, Ұлтымыз қатерлі жағдайда деп жариялауының
үлкен мәні бар екенін қатаң ескергеніміз жөн. Ал соңғы жылдары
қабылданып іске қосылған мемлекеттік стандарттар, оқу жоспарлары мен
бағдарламалары білім берудің ұлттық моделін жасауға бағытталғанын аңғрауға
болады. Бірақ, өкінішке орай, ұлттық модельді шын мәнінде ұлттық ететін
айрықша реформа жүзеге асырылмай жатыр. Сөзім дәлелді болу үшін жоғары
мектепте көп жыл жұмыс істеген ардегер азамат К. Нәрібаевтың мына пікірін
мысалға келтіргенді жөн көрдім: Кеңес одағы кезінде білім жүйесі ең
жоғарғы даму деңгейіне жеткенімен, онда ұлттық компаненттер мен элементтер
болған емес. Оның біркелкіленген, типтендірілген ұлтаралық сипаты болды.
Сондықтан көптеген ұлттардың тарихы басқаша жазылып, басқаша оқытылды,
ұлттық және мәдени дәстүрлер сыртта қалды, ұлттардың өз ана тілі ауқымы
тартылды, халықтың менталитеті ескерілмеді 5 - дейді. Бірақ тілшінің
сұхбат соңында: Қастерлей білсек, қоғамда тіршілік көзінің бәрі де бағалы
болса керек дегені – білім сияқты ауқымды әрі әлеуметтік мәселені көтеру
мақсатында, ондағы реформаны орнықтырып жүйелендіруде қоғам болып ат
салысу керек деген мағына жатыр. Бұл сауалды ректор орынды деп құптай келе:
Әңгіме өзегіне айналып отырған білім, ондағы бәсеке ұғымы қазақтың қанында
бар. Озып шығу – мұрат болған. Ендеше еңбектегі бәсеке біздің халыққа
әрдайым жарасқан болса, оның мәйегі ұлттық қасиеттерде жүзеге асуы білім
мен азаматтық жұмылуға байланысты деп білім мәселесін көтеруде баршаның
үлесі болуы керектігін айтады. Демек, материал көтерген тақырыбының
өзектілігімен бірге, дидактикалық сарын байқалады. Өршілдік сипат бар. Ал
қайраткердің ұлттық қасиеттер дегені – халқымыздың қанына сіңген зеректік
пен алғырлықты айтқаны. Осы қасиеттеріміз ұлт мүддесі үшін жұмыс жасап,
білімді азаматтардың қатарын арттыратын білім жүйесі іске асса, озып
шағатынымыз дау тудармасы анық. Жалпы осындай оң пікірлерге жетелейтін
жігерлі жауаптар мен өткір сұрақтардан Егемен Қазақстан журналисті
Мейрамбек Төлепбергеннің білім мәселесіне байланысты жан-жақты ізденгені
мен терең зерттегені сезіледі. Оның үстіне тақырыптың Тамырынан нәр алған
ел алысқа ұзайды дегені мағыналы, ойлы сөз. Құрғақ, жалған ұрандау емес
керісінше, сүйсіндіретін, бір сөзге көп мағына сыйдырған былайша айтқанда,
жақсы тақырып – жарты мақала қағидасы жүзеге асқан. Қазақ журналистика
теориясының негізін салған Т.Амандосов: Мақала тақырыбының қалың бұқара
үшін, оқырмандар үшін өмірлік маңызы болуы тиіс 13 деген ғылыми пікіріне
толық жауап береді.
Жер көлемі кең, халқы аз, табиғи байлығы мол, бірақ білікті ұлттық
мамандары және өндірістік жаңа технологиялары қалыптасып үлгермеген
Қазақстан мемлекетінің жаһандану үрдісіндегі бәсекелестікке төзіп, саяси-
экономикалық, рухани-әлеуметтік іргелі және түйінді проблемаларын шешуді,
ел ішінде және басқа елдермен бейбіт өмір сүруді, яғни тұрақты даму жолына
түсуді қамтамасыз ету үшін ең пәрменді және сенімді құрал есебінде отандық
білім жүйесін дамытудың өзектілігі ерекше екендігі анық. Дегенмен білім
жүйесінің аса күрделі және жауапты сала екендігін, оны реформалаудың мәні
мен мазмұнында қателіктер жіберілсе, бірнеше ұрпақтың тағдырына,
мемлекетіміз бен ұлтымыздың тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне зиянын тигізуі
мүмкін екенін, сондықтан білімнің пәрменділігін және сапасын арттыру үшін
бүкіл білім жүйесінде қысқа мерзім ішінде күрт өзгерістер жасаудың қауіпті
де, қатерлі екенін әрқашан ескергеніміз жөн. Осы орайда Егемен Қазақстан
газетінде 2006 жылдың 17 ақпанындағы санында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің ректоры, ҚР ЖОО ректорлары кеңесінің төрағасы
Сәрсенғали Әбдіманаповтың: Үлкен іске ұмтылыс – бәрімізге ортақ сын деген
материалы жарық көрді. Басылымның Ел межесі – елулікке ену деген тұрақты
айдармен білім беру саласындағы маман кадрлердің пікірлерін, толғамдарын
үзбей беріп тұруы құптарлық іс, жақсы дәстүр деген болар едім.
Енді сол материалдың өзектілігі мен маманның білім саласына
байланысты көтерген мәселесіне тоқталайын. Айдары айтып тұрғандай ғалымның
пікірі Бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына ену жөніндегі
стратегиясындағы білімнің артар жүгі турасында өрбиді. Тұжырымдама
Президент Н.Назарбаевтың 2006 жылғы 18 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының
бірлескен отырысында қабылданған. Стратегиядағы әрбір басымдық
мемлекетіміздің тиімді әрбір саласына жауапкершілік жүгін артады. Осы
орайда білім және ғылым саласы өкілдеріне Әлсіздерді қорғайтын және
экономика мен елдің дамуын қолдайтын осы заманға әлеуметтік саясат
аталынатын ІІІ басымдықтың төртінші және бесінші тармақтары, атап айтқанда,
Осы заманға білім беру және білікті кадрлерді дайындау жүйесін дамыту,
Кадрлерді қайта даярлау ісі міндеттері жүктеледі. 14 Жаңа заманға
сай білім жүйесі мен мамандар әзірлеу ісін дамытуға байланысты
тапсырмасында Мемлекет басшысы: Мәселелердің бұл шоғырының шешімін табу
үшін орта және жоғары білім беру реформасының бұрын қабылданған
бағдарламасына түзетулер енгізу талап етіледі дейді. 15 . Елбасының осы
пікірін баса айта келіп, ректор: Шынында да бұл саладағы бағытымыз жаман
емес. Бірақ, уақыт -сыншы дегендей, өмір - реформамызға өз түзетулерін
енгізіп жатыр. Мәселен, таяу жылдарда көшу жоспарланып отырған 12 жылдық
мектеп жүйесінің жалпы бағдарламасын, оқу жоспары мен негізгі пәндер
жиынтығын дұрыс реттей алсақ, біз жоғары оқу орындарының кәсіби даярлығы
мен кәсіби өсуіне үлкен жағдай жасаған болар едік. 16 - деп ой түйеді.
Осы орайда автор еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім
беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, жалпыға арналған білімнен, білім
әркімге өмір бойы үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне
жедел енуді қамтамасыз етеді деген сияқты өзіндік пікірін білдіреді.
Бірақ, реформаның бұл жүйесі Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше,
2008-2009 –оқу жылынан тура бір жылға шегерілгені және бұл туралы сенатор
Ғарифолла Есім Егемен Қазақстан газеті бетіне Ортақ ұлы мақсатқа
жетудің дұрыс жолы деген тақырыппен жариялағаны бар. 17 Онда сенатор 12
жылдық білім берудің неге шегерілгені туралы Елбасының осы жылғы жолдауында
айтылған нақты мысалдармен қоса сандық фактілерді де көрсетеді. Мәселен,
білім беру саласындағы бұл реформаның бір жылға ысырылған себебі –
мектептердің материалдық базасының төмендігі. Соңғы 10 жыл ішінде білім
беру саласын қаржыландару 7 есеге ұлғайғанымен, оның 82 пайызы еңбекақыны
құрайды. Мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге, оқуға қажетті негізгі
құралдарды сатып алуға барлық қаржының тек 3 пайызы ғана жұмсалады екен.
Бұған қоса, еліміздегі мектептердің 94 пайызы өткен ғасырдың 90-жылдары
салынған. 1970-1990 жылдарда сатып алынған мектептердің жиһаздары
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келмейтінін ашық айта келе, автор ресми
деректерді де сөйлетеді: Қазақстанда барлығы 7 085 567 бала бар. Оның
ішінде мектеп жасына балалар саны – 1 682 583. Осылардың тек қана 32,8
пайызы ғана мектеп жасына дейінгі ұйымдармен қымтылған, біз бұл істе Ресей
мен Белорусиядан кейін қалып отырмыз. Осы көрсеткіш 12 жылдық мектеп
жүйесіне өтудегі айтулы кедергі. Мектеп жасындағы балалар саны – 2 578 987.
Сонда мектеп жасына дейінгі балалар барлық балалардың 41 пайызын құрайды
екен деп автор пайыздық көрсеткішін де алдымызға жайып салады. Ойын
түйіндей келе сенатор: Бұдан шығатын қорытынды, мектеп жасына дейін
балалар мектеп жасындағы балалардан көп, яғни жыл сайын балалардың табиғи
өсуі негізінде жоспарлы түрде елімізде қанша мектеп салыну керек деген де
есеп қажет деп алдағы жылдардың еншісіндегі мәселені де ойлап, қорытынды
ойын былай сабақтайды: Білім беру жүйесі қоғамның күн тәртібінен ешқашан
түспейтін мәңгілік мәселе. Сондықтан бұл салада болып жатқан реформалар да
заманның талабына сай болмақ. Білім саласындағы өзгеріс, әрине,
интеллектуалды ізденістерді, қаржыны, материалдық жағдайларды, бір сөзбен
айтқанда, модернизацияны қажет етпек. 21 .Автордың көтеріп отырған
модернизация проблемасы орынды. Өйткені білім беру деңгейі экономикалық
және ғылыми-техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол –
мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Сондықтан да білім берудегі
артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына
ықпалын тигізеді. Осы орайда Елбасы елімізге қазіргі заманғы экономикалық
және қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі
қажет екенін атап көрсеткен болатын. Әлеуметтік тұрғыдан - бұл қоғамдағы
ең мәнді игіліктердің бірі, ұлттық адам капиталын өсірудің іргетасы және
негізгі құралы. Әлеуметтік – экономикалық өсуінің, оның байлығы мен
бәсекелестік қабілетінің қайнар бұлағы және негізгі ресурсы. Модернизация
яғни өркенинттік мағынада – мәдениеттер мен өркениеттер жалғасының негізі,
бүгінде қоғамның жаңа қалыпқа – білім қоғамына және оған сәйкес білім
экономикасына өтуді қамтамасыз ететін алтын көпір. Осы себепті бүкіл
әлемдік өркениетте елбасы баса назар аударған экономикалық прогресс пен
әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа ұмтылатын мемлекет пен қоғам білімнің дамуына
мүдделі болып қана қоймай, онда өздерінің тұрақты қатысуына мүдделі. Бұл
елдердегі білім саясаты әлеуметтік саясаттың тек ажырамайтын бөлігі болып
қана қоймай, оның базалық негізін құрайды. Пікірімнің дәлдігін Егемен
Қазақстан газеті бетінде 2007 жылдың 11 қарашасында жарық көрген Қазақстан
Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты Асқарбек Құсайыновтың Сапалы білім – заман талабы деген танымдық
материалымен үндеседң. Онда автор қазіргі білім реформасы сөзінің ғылыми
анықтамысын береді, және сол төңірегенді келелі ойлар түйеді. Мәселен:
Білім реформасы – бұл бәрінен бұрын білім беру мазмұнының реформасы. Бұдан
басқа екінші кезектегілері – білім жүйесіндегі және оның инфрақұрылымындағы
өзгерістер. Жалпы білім беру мазмұнының реформасы – қазіргі кездегі білім
реформасының ең бастысы және ең қияны дейді.22 Осы орайда белгілі
американ ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты Алвин Тоффер өзінің танымал
Футуршок кітабында: Білім стандарты – білім беруде реформа жасау мен
дамытудың құралы. Білім стандарты – бұл мектептегі білім беру мазмұнының
аясында қоғам мен мемлекет арасындағы жасалған келісім-шарт деген еді.
22Бұл жерде ғалымдар пікірлерінің үндестігін қөруге болады. Жалпы
стандарт, реформа, жүйе деген сөздер менің ойымша, білім берудің
практикалық бағытттылығы және оның нәтижелерінің өмірлік қажеттілігі деген
болар едім. Сондықтан білім стандартын маман педагогтар бір ғана мақсатпен
– елдің білімділік мүдделерін, оның даму сұраныстарын қамтамасыз ету үшін
жасайды. Оның стратегиялық және шешуші сала екені соншалықты, дамыған
елдерде, қоғам оны тәуекелмен тек педагогтардың қолына беріп қоя алмайды.
Құрылып жатқан реформаларда бұл мүдделер мен қажеттіліктер қаперге алынған
ба, жоқ па, оған қоғам мен мемлекет бірігіп отырып баға береді екен. 24
Ал бізде қалай? Жаңа құрылған рефома халықтың пікірімен қаншалықты
санасады? Осы орайда 2004 жылы енгізілген Ұлттық Біріңғай тестілеу
туралы айтпау мүмкін емес. Бұл туралы басылым беттерінен ғалымдар мен
ұстаздардың, оқушы мен тәуелсіз зерттеу сарапшыларының, білім саласындағы
қызметкерлердің, тілшілердің құлаш-құлаш материалдары басылды. Соның ішінде
құрылып жатқан реформаның нәтижесін назыран тыс қалдырмай тұрақты айдарымен
беріп тұратын Егемен Қазақстан газетінің орны бөлек. Бір ғана мысал сол
жылдың ішінде қырыққа жуық материал білім беру мәселесіне арналыпты. Соның
ішінде көлемді әрі көкейкесті мәселені дәл қозғап, талдап, соны идеясымен
ерекшеленетін мына пробемалық материалдырды атап өтуге болады: Келешек –
білімді ұрпақтың қолында, Жаңару стратегиясына – жаңаша үлес, Сана
өзгерсе білім сапасы артады, Тест сынағы кімдерге сын болмақ, Белестер
мен асулар, Бәскелестік – білім сапасының кепілі, Нысана -өмірге
қажетті білім беру, Қоғамның асыл құндылығы – адамның ақыл-ой байлығында
сында проблемалық мақалалар бірінен соң бірі қалың көпшілікке ұсынылды.
Кез келген білім реформасы – бұл әртүрлі позициялар мен элементтердің
қосындысы емес, басты білімдік және әлеуметтік-білімдік мақсат
доминантындағы олардың біріңғайлылығы болса керек. Осы тұрғыдан алғанда ҰБТ-
да бірыңғайлылық болған жоқ. Керісінше, әрқайсысы өзіне басымдықты талап
ететін әр алуан мақсаттардың көзге ұрып тұрған қайшылығы болды. ҰБТ-ның өз
қадірін түсіруі мен сенімді жоюының басты себебі – оның мазмұны стандарттың
рөлін атқара бастауында болды. Бұл жалпы білім берудің сапасының төмендеуі
мен терең тоқырауына жол ашты. Арбаны аттың алдына қойып, ҰБТ-ның
идеологтары, шын мәнінде оқу материалдарын ҰБТ-ны тапсыру құралына
айналдырды. ҰБТ-ның идеологтарына оны өткізудің техникалық базасының нашар
екені әу бастан –ақ белгілі болды. Бақылау-өлшеу материалдырының (КИМ)
зияндылығы анық еді. Соған қарамай басты назар осы нашар да әлсіз тестерге
аударылды. Білім беру реформасының осы бір түйткіл тұстарын ашық жазып,
пробелама көтерген, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары
ұлттық орталығының қызметкерлерінен жиі әңгімелесетін, жалпы ұзақ жылдар
бойы білім беру саласына қалам тербеп жүрген Егемен Қазақстан газеті
тілшісі Сүлеймен Мәметтің жарық көрген проблемалық материалдары құнды дүние
деуге толық негіз бар. Мәселен, Еркін елдің ертеңі айдарымен 2007 жылдың
бірінші қаңтарындағы санында жырық көрген Білімнен артық байлық жоқ
материалын талдап көрейік. 23. Автор өз ойын, яғни ҰБТ байланысты
реформаның қалай жүзеге асатынын таныстыра келе, осы салаға байланысты
пікірін былай сабақтайды: ҰБТ-ның ережелеріне сәйкес мектепті бітірушілер
үш сағатта 120 сұраққа жауап беруге тиіс болады, былайша айтқанда, әр
сұраққа жауап іздеуге 1,5 минөт беріледі. Осы 1,5 минөтке есептелген
уақытта кез-келген пәннен дұрыс сұрақ түйіндеп, абитуриент қаншалықты бұл
пәнді терең меңгергеніне бола ма? Осындай сұрақтар қойып, мектеп
бітірушілердің тағдырын шешуге бола ма? Тіпті осы жылдың өзінде (2007 жыл)
100-ден жоғары бал алған Алматы қаласының кейбір оқушыларының жалдық
үштік, ал тоқсандық екілік бағалары болған деп болған жайтты ап-анық
көз алдымызға әкеледі. Расында да ҰБТ-ны біздің елде ендіру осыдан он жыл
бұрын басталса да, осы уақыт ішінде оны жетілдіру мақсатында пәлендей
өзгерістер жасалған жоқ. Керісінше, Егемен Қазақстан газетінің журналисті
Сүлеймен Мәмет өз мақаласында көтерген білім беру саласындағы рефорламалар
жүгенсіздік пен жүйесіздікке тірелгені рас. Тіптен осы жылғы ҰБТ ға кірген
өзгеріс үлкен дау тудырғаны анық. Жалпы биыл Білім және ғылым министрі
Ж.Түймебаевқа Елбасы Н.Назарбаевтың біраз мәселе жүктеді. Ол өзінің Халыққа
арналған Жолдауында білім саласы төңірегіндегі ушығып кеткен жәйттерге
тоқталып, тез арада ретке келтіруді айтқан болатын. Өйткені, мемлекеттік
саясат білім беру деңгейін әлемдік стандартқа сай етуге бағытталмақ. Ал
білім реформасының нәтижесі маманға деген сұраныспен ғана өлшенеді. Осыған
байланысты, Елбасы жоғары оқу орындарын аттестациялау жүйесін енгізуді
ұсынды. Сондай-ақ осымен төртінші рет өткізіліп отырған ҰБТ –да айтарлықтай
өзгеріс енді. Білім беру саласындағы жаңалықтар мен қабылданып жатқан
рефорламалардың соны өзгерістерін, жалпы білім беру салаларына үлкен мән
беріп, қалам тербейтін қарымды журналист Сүлеймен Мәметтің 2008 жылы, 20
мамырда жарық көрген Сөз бен іс үйлесім тапса алға қойған мақсат
орындалады сұхбаты дәл уақытылы, орынды көтерілген, әрі білім беру
саласының министрі Жансейіт Түймебаевтан алынғанғандықтан көкейдегі
көптеген сұрақтардың түйінін тарқатып берді. Журналистің материалды
бастағанын -ақ тілшінің осы саладағы бір жүйеге орныға алмай, нәтижесін
көрсете алмай келе жатқан білім реформасы туралы айтқаны – күнде көзіміз
көріп жүрген, сондықтан оқи бастағаннан бас шұлғытатын орынды мәселе. Сөзім
дәлелді болу үшін автордың өзін сөйлетіп көрелік: Арғы-бергі тарихқа көз
жүгіртсең өтер ғасыр мен келер ғасырдың құйылысы қашанда оңай болмағанын
аңғарасың. Біз үшін де өткен 16 жыл жеңіл бола қойған жоқ. Басқаны қайдам,
осы уақыт ішінде өзіміз жақсы білетін білім жарысы, ғылым талабы (Ахмет
Байтұрсынұлы) деп ұмтылған ұмтылумен келеміз. Біріне –бірі жалғасқан
реформалар мен бағдарламалар аз жасалған жоқ. Білім-ғылымға қажет заңдар да
қабылданды, небір жоспар-жобалар түзілді. Сол үрдіс әлі жалғасып келеді.
Нәтижесін қалың жұрт көріп, біліп отыр. Осы саланы қайтсем көркейтем,
көгертем деген 10 министр кетіп, 11-ші министр Жансейіт Түймебаев іс
басында отыр. Қатпары қалың, көрер көзі көп, жауапкершілігі жетіп
артылатын, сыншысы мен міншісі де осал емес саланың дәл қазір тізгінін
ұстап отырған лауазым иесімен не бітті, не қалды деген төңіректе
әңгімелескен едік. 25 дейді. Бұл жердегі тілшінің, білім-ғылымға қажет
заңдар да қабылданды, небір жоспар-жобалар түзілді. Сол үрдіс әлі жалғасып
келеді. Нәтижесін қалың жұрт көріп, біліп отыр, -дегені бір жағынан
басылымға қатысты да айтылса керек. Өйткені білім беру саласындағы
қабылданып жатқан заңдар мен тұжырымдама, бағдарламалардың түпнұсқасын
Егемен Қазақстан газеті ресми бөлім деген айдармен беріп отырады. Ал
қандай да бір білім реформасында өзгертулер мен түзетулерді Ойласу,
Үкімет үні, Ел межесі – елулікке ену, Білім, Еркін елдің ертеңі,
Көзқарас, Оқиғаға орайлас ой деген арнайы бет арналады. Мұнда көбіне
тілші айтып кеткендей жауапкершілігі жетіп артылатын, сыншысы мен міншісі
де осал емес саланың тізгінін ұстап отырған лауазым иесі не болмаса сол
қатпары қалың, көрер көзі көп білім беру ісінің қызметкерлерінен алынған
сұхбат жарияланады. Сұхбатта тілші: Ұлттық біріңғай тестің осы жылы қалай
өтетінін, талапкердің білімі биыл қаншалықты әділ бағаланатынын және 12
жылдық білім беру мәселесі мен оқулық, ғылым жайы төңірегінде әңгіме
өрбітіп, білім беру реформасының қашан нәтиже көрсететінін де сұрайды. Осы
мәселені көтеруде, жалпы Егемен Қазақстан тілшісі Сүлеймен Мәметтің
проблемалық (көбінесе білім) оқырманға ұсыну формасы өзгеше. Мәселен,
министрден алынған сұхбаты, біріншіден, Сөз бен іс үйлесім тапса, алға
қойған мақсат орындалады деген тақырыбы – қазіргі білім беру реформасының
осалдығын, жалпы қабылданып жатқан заңдар мен тұжырымдар көп жағдайда сөз
жүзінде қалып қоятынын айтады, егер айтылған сөз бен атқарылар іс үйлесім
тапса, яғни межелеген жоспарды атқаруға сөзіміз емес, ісімізде соған сай
болса алға қойған мақсат орындалар еді деген емеурін жатқанын көзі қарақты
оқырман бірден аңғарады. Оқушысын бірден баурап алатын тілшінің мақала
ішінен тақырып қою орынды. Атап айтсақ: ҰБТ-да ұпайын түгендейтіндерге
тосқауыл қойылады, Біздің кейбір мамандарды шетелдіктер қара жұмысқа да
алмайды, 12 жылдыққа түбі көшеміз, Мұғалім мәртебесін заң қорғайды,
Оқулық оңбай білім оңа ма?, Жаңа университет салынып жатыр. Басылым
бетін ашқанда осы тақырыпшылар бірден назарыңды аударатынын ескерсек –
тілшінің материалды бұлай беруі өте сәтті шыққан. Кейінгі кезде бұл әдіс
теледидардағы жаңалықтарда да кеңінен қолданыла бастады. Оны плашка деп
атап жүр.
Материалда тілші 2004 жылы енгізілген Ұлттың біріңғай тестті
Ресейдегі біріңғай мемлекеттік емтиханмен салыстырады. Екі мемлекетте де
орын алып отырған келеңсіздіктерді мысалға ала отырып, өзіндік пікірлерін
ұсынғаны да құптарлы жайт. Бір жағынан тілшінің тест мәселесінде көп
ізденгені байқалады. Мәселен тілшінің: Қиыр шет елдерді айтпағанның
өзінде, көрші Ресейде біріңғай мемлекеттік емтихандарды (ЕГЭ) жетілдіру
үшін жұмыс істелді. ҰБТ қолданатын қарадүрсін сұрақтар барлық
тапсырмалардың 30 пайызын ғана құрайды. Ресей бақылау-өлшемдік
материалдырының (КИМ) екінші бөлімінде ашық тест бар. Ол бойынша берілген
сұрақтар көрсетілген жолда керекті сөзді (жауап) жазу керек. Ресей КИМ-
дерінің үшінші бөлігін жабыө тест құрайды, басқаша айтқанда, математикадан,
физикадан, химиядан, биологиядан күрделі есеп шығару немесе гуманитарлық
пәндерден эссе, шығармалар жазу. Осыған қарамастан, ММУ бастаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы
Егемен Қазақстан және Жас Алаш газеттерінің тарихи құндылықтары
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
«Түркістан» газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі
Газет тақырыптарының және айдарларының зерттелуі
Қазақстан мен Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұлттық мүдде мәселелерінің берілу ерекшеліктері
Қалған ұлттар диаспора
«Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы бітіру жұмысы
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттері
Пәндер