Бюджеттен тыс қорлар туралы



КІРІСПЕ
1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
2. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жалпы мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық жөне жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар — мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын жөне заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу жөне пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмыалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауырт-палығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бүл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, нарыққа өту кезінде халықтың түрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғүрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмыалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнет-ақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың — Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның иннова-циялық қорларының жөне басқаларының өте-мөте тар мақсатты арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті — бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражатгарын қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.
Мельников Васили «Қаржы»

Құлпыбаев Серік , Илиясов . «Қаржы»

Журнал « Қаржы қаражат»

«Қазақстан Республикасының Бюдждет кодексі» 2006 жыл

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ
1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
2. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні

Жалпы мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық жөне жергілікті
бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып
табылады.
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және
әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз
бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды.
Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар
құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар — мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны;
мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын жөне заң жүзінде
қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.
Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық
қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын
қайта бөлу жөне пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың
қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмыалатын
мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік
бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын
төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен
тікелей байланысты емес шығыстардың ауырт-палығын шаруашылық органдарына
аударуды қажет етті; бүл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (кейін
Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, нарыққа өту
кезінде халықтың түрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғүрлым
сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмыалатын
кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды.
Бұл міндеттерді Зейнет-ақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты
әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар
қорлардың — Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі
арналымның иннова-циялық қорларының жөне басқаларының өте-мөте тар мақсатты
арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты
әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет
етті — бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражатгарын
қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі
бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды
қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Жалпы
бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі
үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының
бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы
қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы
қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға
бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың
өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да,
басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша
бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне
қарай мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар — экономикалық дамудың проблемаларын шешуге
арналған қорлар. Әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге
арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар — бұл мемлекеттік
деңгейде, ал аймақтық қорлар аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар.
Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмыаудың негізгі бағыттары
мыналар:
• жарғылық қызмет;
• артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне
инвестициялау;
• коммерциялық қызмет.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып
табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар — бұл, жоғарыда атап
кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік
негізде кешенді жұмыалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы
ресурстарын қайта белу жөне пайдалану нысаны.
Арналымы — мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты
шараларды қаржыландыру:
а) арнаулы мақсатты салықтар;
ә) қарыз жөне ақшалай-заттай лотереялар өткізу есебінен;
б) бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;
в) қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;
г) ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары.
Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:
отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру
жолымен өндіріс процесіне ықпал жасауға;
арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін
айыппүлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын
қамтамасыз етуге;
зейнетақылар, жәрдемақылар тәлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрлымды
қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер көрсетуге;
қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік
әріптестерге беруге болады.
Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік
органдарының — орталық, республикалық және жергілікті органдарының
қарамағында болады.
Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:
а) салық тәлеуден босату;
ә) кеден баждарын тәлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша
жеңілдіктер болмайды).
Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің
сипатымен және ауқымдьшығымен алдын ала анықталады. Көздердің өралуандығы
мен олардың мөлшеріне сол бір кезендегі елдің экономикалық жөне қаржы
жағдайы әсер етеді.
Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы
тұрақты да, сондай-ақ уақытша да сипаты болады. Әкімшілік-аумақтық
бірліктер бойынша ажырай отырып, олар мемлекет аумағында әр түрлі болуы
мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттарды жұмыаудың бағыттарына
қорлардың арналымы, нақтылы экономикалық жағдайлар жөне өзірленген жөне
іске асырылатын бағдарламалардың мазмұны себепші бо-лады. Қаражаттардың бір
бөлігі құрылтайшылық қызметке бағытталады, сонымен бірге бағалы қағаздарға
салынады. Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың уақытымен
жиі тура келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан алынған кірістер
тиісті қордың шығындарын қаржыландырудың қосымша көздері болып
табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялар мен қаржы
рыногының қатысушылары болады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата
білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы,
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгілік, тік, соның
ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы
бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және
мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін
(оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау
және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты
қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл,
1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл
қаржы жүйесінің қалыптасу процесін,оның құрылымының оңтайлы нұсқасын
іздестіруді қамтып көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал,
амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, түтыну жөне басқа қорлар) үшін
қабылдауға болатын "арнаулы қорлар" термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі
олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Өтпелі кезеңцегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы
тәлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың
қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, езара
берешектер, телем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың
бюджеттері теңгерімсіз болды жене шүғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды
мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап
мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты
мақсатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары республикалық
бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан
қаражаттардың жұмыалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржы
ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды
орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.

2. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары

Қаржы институттарының — бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары
қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір
қорлардың мысалында қарауға болады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық едісімен
жасалды.
Жасалу көздері:
1) кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы
салық);
2) мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;
3) санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды
сатудан түскен табыс;
4) басқадай көздер.

Қордың қаражаттары мыналарға жұмыалды:
1. Жәрдемақылар тәлеуге (еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша; жүкті
болғанда жөне босанғанда берілетін; балаға оның белгілі бір жасқа толғанға
дейін қарауға берілетін; басқа түрлері).
2. Санаторлық-курорттық қызмет керсетуді қаржыландыруға.
3. Кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:
а) зейнетақылар мен жөрдемақылар тәлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен
бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;
ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.

Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:
1) міндетті зейнетақы жарналары;
2) меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық орган-дары төлейтін
сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар;
3) жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;
4) жоғарғы органдардың қаражаттары;
5) ерікті зейнетақы жарналары және т.б.

Зейнетақы қорының жұмыалу бағыттары:
1) заңнамаға сәйкес зейнетақыларды тәлеу;
2) балаға қарау жөніндегі жәрдемақыларды телеу;
3) материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары;
4) зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты
болатын шығыстар;
5) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға, ғылыми-техникалық
базаны дамытуға және т.б. резервтерді орналастыру.

Бюджеттен тыс қорлардың органдары:
• басқару;
• атқарушы органдар;
• тексеріс комиссиясы;
• қордың аймақтық бөлімшелері.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі үшырады:
біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджетгің құрамында "Мақсатты
қаржыландыру қоры" бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан бастап
түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды.

Қазақстанда Астана қаласын экономикалық жөне әлеуметтік дамыту үшін "Жаңа
астана" қоры сақталынған. Бұл қор:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезіңде жеңілдетілетін
қаражаттар;
2) Астана қаласыңда тұрғьш үй құрылысына бағытгалатын және іс жүзінде
мақсатты арналымға пайдаланылған қаражаттар;
3) мемлекеттік бюджет қаражаттары;
4) қалада құрылыс пен абаттандыруды жүзеге асыратын шетелдік
инвестордың қаражаттары;
5) шет елдердің үкіметтерінің, фирмаларының және компанияларының
мақсаты гранттары есебінен жасалынды.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы
активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, езге де
мүлік түріндегі активтері Қазақстанның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық
қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік
бағалардың конъюнктурасына республикалық және жергілікті бюджеттердің
тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің жөне
материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына,
экономиканың шикізат секторына төуелділігін және қолайсыз сыртқы
факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын
қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды жөне елдің экономикасын келеңсіз
сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады. Сөйтіп,
Ұлттық қор екі функция орындайды: жинақтаушы және тұрақтандырушы
функциялары.
Жинақтаушы функция қаржы активтерінің жөне материалдық емес активтерді
қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы
функциясымен қатар Қор қаражаттарынның қалыптасуы мен пайдаланылуының
қолданылып жүрген тетігі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыру ықпал
көрсетеді. Түрақтандырушы функция шикізат ресурстарына өлемдік бағаның
конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған.
Қордың тұрақтандырушы функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта
мерзімді жоспарлауға көшуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республиканың Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану
дүниежүзілік жөне ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы,
мемлекеттегі және шетелдердегі экономика-лық жағдай, республиканың
әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте
макроэкономикалық жөне фискалдық тұрақтьшық және Ұлттық қордың негізгі
мақсатгары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмыалуы ұлттық және шетелдік валюталармен
жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен
есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық
банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың
негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады.
Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың тәртібі мынамен
анықталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
бесжылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір
үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа жөне басқа шикізат тауарларына есептік
тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде республикалық
және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауар
ендірушілері шикізат тауарла-рын өткізудің орташа бағаларын және оларға
сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп
шығарады. Шикізат тауарларының есептік тұрақты бағалары дүниежүзілік
бағалардың серпінін сақтанпаздық болжауды негіздей отырып белгіленеді.
Қор республикалық және жергілікті бюджеттердің атқары-луы процесінде
оған шикізат секторы үйымдарынан (заңи түлға-лардан Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық
және езге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі
түсімдердің олар-дың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының,
қосылған қүнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салына-тын салықтың,
бонустардың, роялтилердің бекітілген сомала-рынан асып түсуін есепке
жатқызу жолымен қалыптасады.
Ұлттық қор мына түсімдердің есебінен қалыптасады:
1) шикізат секторы үйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты
түсімдердің тиісті қаржы жьшына арналған рес-публикалық бюджет туралы занда
бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттен тыс қорлардың мәні
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары және олардың қызмет ету ерекшеліктерін талдау
Бюджеттен тыс қорлар
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Бюджеттен тыс қор
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны
Бюджеттен тыс қорлар туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларын қарастыру және оларды талдау
Пәндер