Бес және жеті жас аралығындағы балалардың ұлттық тілді меңгеруі



КІРІСПЕ

І Бөлім. Теориялық бөлім

1.1 Сөйлеу туралы отандық жіне шетелдік психологтардың көзқарастары.
1.2 Бес пен жеті жас аралығындағы балалардың сөйлеу процесінің даму деңгейі.

ІІ Бөлім. Эксперименталдық бөлім

2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы.
2.2 Зерттеу әдісіне сипаттама.
2.3 Зерттеу нәтижелерін талдау, қорытындылау.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Зерттеудің өзектілігі: Еліміздің егемендік алуы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымызға байланысты көптеген өзгерістер әкелді. Солардың бір көрінісі психология ғылымының елімізде дамып келе жатқандығы.
Осы психология ғылымына байланысты өзінің көзқарасын заманымыздың ұлы ғалымы көрнекті қоғам қайраткері АльбертЭнштейн Швейцариялық психолог Жан Пиажеге жазған хатында былай деген екен. Менің физикама қарағанда сіздің психологияңыз әлдеқайда күрделірек сияқты, адам аралық қарым-қатынастардың өркениеті болатын 20 ғасыр психология ғасыры болуы тиіс деген екен.
Жаңа үшінші мың жылдыққа қадам басқан адам баласы ғылым білімді адамның қоршаған ортамен, табиғатпен үндестігін танытып отырған бүгінгі психология ғылымының ерекше мәнге ие екендігі даусыз, яғни психологиы ғылымынсыз өркениеттің өріне қол соза алмайтынымыз анық. Бүгінгі таңда психология ғылымының қырықтан астам саласы бар.
Сонымен қатар бүгінгі күнгі техниканың дамуы және заман талабына сай білім жүйесінің енгізілуіне байланысты өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың білімдерін барынша жоғарғы сатыға көтнруді және де ғылымдағы теориялар мен қағидаларда басшылыққа ала отырып психологиялық зерттеулерді жаңа бағытта жүргізуді заман талабы қажет етіп отыр. Осы бағыттағы тиісті мақсаттарды жүзеге асыру үшін, бүгінгі менің тақырыбыма арқау болып отырған психология ғылымындағы таным процестерінің бірі сөйлеуді қарастырамыз.
Осы сөйлеуге байланысты мен өзімнің курстық жұмысымның тақырыбын Бес және жеті жастағы балалардың сөйлеу ерекшеліктері деп алдым.
Зерттеудің мақсаты: Бес және жеті жас аралығындағы балалардың сөйлеу ерекшеліктерін анықтау.
1. Ахутина Т.В. Порождение речи. Нейролингвистический анализ синтаксиса. – М., 1989
2. Амонашвили Ш.А. В школу – с шести лет. –М., 1986
3. Асылханова М.А. Психология. Алматы., 2004
4. Алдамұратов А. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы: Психол. ғ.к. дисс… автореф. –Алматы., 1983
5. Аймауытұлы Ж. Психология. Алматы “Рауан” 1995
6. Богасловский В.В., Ковалева А.Г., Степнова А.Г. Общая
психология
7. Богин Г.И. Уровни и компоненты речевой способности человека: Учебное поспбие. – Калинин, 1975
8. Веккер Л.М. Психические процессы: В 3 т. –Т. 3. –Л., 1981
9. Венгер Л.А. Педагогика способностей. –М., 1973
10. Выготский Л.С. Собрание сочинений: В 6 т. – Т. 3. –М., 1983
11. Выготский Л.С. Собрание сочинений, В 6 т. –Т. 2. –М., 1982
12. Выготский Л.С. Собрание сочинений, В 6 Т. –Т. 6. –М., 1984
13. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы., 2002
14. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы “Білім” 1993
15. Жинкин Н.И. Речь как проводник информации. –М., 1982
16. Истомина З.М. Развитие памяти: Учебно – методическое
пособие. –М., 1978
17. Исенина Е.И. Дословесный период развития речи у детей. –Саратов, 1986
18. Карпова С.Н., Труве Э.И. Психология речевого развития ребенка. –Ростов-на-Дону., 1987
19. Люблинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде.
20 . Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: В 2т. –Т. 1. –М., 1983
21. Линдсей П., Норман Д. Переработка информации у человека. Введение в психологию. – М., 1974
22. Лурия А Р. Язык и сознание. - ., 1979
23. Немов Р.С. том І, ІІ, ІІІ. Психология. –М., 2003
24. Павлов И.П. Полн. собр. соч., изданне второе дополн., том ІІІ, книга вторая, м,-л., 1951
25.Раттер М. Помощь трудным детям. –М., 1987
26. Старжинская Н.С. Формирование синтетического чтения у детей 6 лет// Вопросы психологии. –1988.
27. Сеченов И.М. Избр. философ. и психол. произ., -М., 1947
28. Г.А. Урунтаева, Ю.А. Афонькина. Практикум по дошкольной психологий. –М., 2000

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Бес және жеті жас аралығындағы балалардың ұлттық тілді меңгеруі

Мазмұны

КІРІСПЕ

І Бөлім. Теориялық бөлім

1. Сөйлеу туралы отандық жіне шетелдік психологтардың көзқарастары.
2. Бес пен жеті жас аралығындағы балалардың сөйлеу процесінің даму
деңгейі.

ІІ Бөлім. Эксперименталдық бөлім

1. Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы.
2. Зерттеу әдісіне сипаттама.
3. Зерттеу нәтижелерін талдау, қорытындылау.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Еліміздің егемендік алуы әлеуметтік-
экономикалық және мәдени дамуымызға байланысты көптеген өзгерістер әкелді.
Солардың бір көрінісі психология ғылымының елімізде дамып келе жатқандығы.
Осы психология ғылымына байланысты өзінің көзқарасын заманымыздың ұлы
ғалымы көрнекті қоғам қайраткері АльбертЭнштейн Швейцариялық психолог Жан
Пиажеге жазған хатында былай деген екен. Менің физикама қарағанда сіздің
психологияңыз әлдеқайда күрделірек сияқты, адам аралық қарым-қатынастардың
өркениеті болатын 20 ғасыр психология ғасыры болуы тиіс деген екен.
Жаңа үшінші мың жылдыққа қадам басқан адам баласы ғылым білімді адамның
қоршаған ортамен, табиғатпен үндестігін танытып отырған бүгінгі психология
ғылымының ерекше мәнге ие екендігі даусыз, яғни психологиы ғылымынсыз
өркениеттің өріне қол соза алмайтынымыз анық. Бүгінгі таңда психология
ғылымының қырықтан астам саласы бар.
Сонымен қатар бүгінгі күнгі техниканың дамуы және заман талабына сай
білім жүйесінің енгізілуіне байланысты өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп,
олардың білімдерін барынша жоғарғы сатыға көтнруді және де ғылымдағы
теориялар мен қағидаларда басшылыққа ала отырып психологиялық зерттеулерді
жаңа бағытта жүргізуді заман талабы қажет етіп отыр. Осы бағыттағы тиісті
мақсаттарды жүзеге асыру үшін, бүгінгі менің тақырыбыма арқау болып отырған
психология ғылымындағы таным процестерінің бірі сөйлеуді қарастырамыз.
Осы сөйлеуге байланысты мен өзімнің курстық жұмысымның тақырыбын Бес және
жеті жастағы балалардың сөйлеу ерекшеліктері деп алдым.
Зерттеудің мақсаты: Бес және жеті жас аралығындағы балалардың сөйлеу
ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері: 1. Сөйлеудің процестеріне байланысты
2. Сөйлеуге қатысты әдістеме қолдану
3. Эксперимент барысында бес
және
жеті жас аралығындағы
балалардың
сөйлеу еркшеліктерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Бес және жеті жастағы балалар.
Зерттеу пәні: 202 қазақ балабақшасындағы бес және жеті жастағы балалар.
Зерттеу әдісі: Зерттеу мақсатына жету үшін Урунтаева Г.А және Ю.А.
Афонькинаның әдістемелерін қолдандым.
Практикалық мәні: Бұл жұмыста бес және жеті жас аралығындағы балалардың
сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде, олардың даму дәрежелері ашылып
көрсетіледі. Зерттеу баланың қарым-қатынасынан туындайтын сөйлеу процесінің
дамуына үлкен мүмкіндік жасайды.

І Бөлім. Теориялық бөлім

1. Сөйлеу туралы отандық және шетелдік психологтардың көзқарастары

Тіл , сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып
жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады.Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс.
Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді
сөйлейтіндерді сөзі мірдің оғындайң екен дейді. Ескі қазақ жұртының
ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн: “Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз” деп
тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірбиесі, санасы ұжымның басқа
мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы
ортаның ықпалымен оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып
отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында
қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл,
сондай-ақ, адам сана-сезімінің, психологиялық көрсеткіші де. Тіл адамды
қимыл-әрекетке де итермелейді .Бұл оның атқаратын екінші қызметі.
Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланысты болады. Олар үнемі қатарласа,
бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен,
мұғалім келді деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, мұғалім
келді ма? деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр
етеді.
Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі,
өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің аралық жағын меңгереді,
біртіндеп сөздік қоры молайып толықтырылады. Алғашқы кезде бала көптеген
дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді. Осы кездегі
сөздері көбінесе жеке, нақтылы болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің
негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі заңдылықтарын үйренеді, кейін есейе
келе тілдің дамуы қоғам дамуының көп ғасырлық, тарихи кезеңдерінде
қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады .
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу
–пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің
өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың
арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді.
Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін практикалық тәжірибиесін
байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық
тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы
ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білідре аламыз. (М.Жұмабаев)
Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс
қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны
ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады,
бірінсіз-бірі іске аспайды, интонацияны қабылдау, сөйлеу аппаратында,
адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық
интонация бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе
келіспеушілік білдіреді. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.
Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі –
сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі – оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін
сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы
дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы таяз кісі бос
сөзді болады, оның сөзіде айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын
білдіре алуы, яғни әр бір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы.
Халық жақсы сөйлейтін адамдарды сөзі мірдің оғындайң екен дейді.
Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. А.С. Макаренко
бұл жөнінде: Балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің
мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді өзіне алатындай болуы керек, -
дейді.
Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз
қуысының бұлшық еттері т.б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің
нәтижесі. Бұл, біріншіден сөйлеу органдарындағы қозғалыстарды, жазылған
әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан; екіншіден, сөздік
сигналдаpдың бөлшектенген элементтерін байланыстырудан көрінеді.
Физиологиялық тұрғыдан сөздің мәнін И.П. Павлов былай түсіндіреді: Егер
айналадаға дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың
бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу
органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші
сигналдар – сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан
дерексіздену болып табылады да, жалпылауғa мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы
бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды.
Француз ғалымы Брока адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай
қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын
жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру,
есту, қозғалыс т.б.) бірлескен қызметін қажет етеді дейді. Неміс ғалымы
Бернике басқа біреудің сөзін есту мидың сол жақ сыңарындағы самай бөлігінің
арт жағына орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады.
Ішкі сөйлеу туралы И.М.Сеченов былай дейді: “Бес жастағы баланың ойы
сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы еріннің
жыбырлауымен айтылады”. Мұның өзі ересек адамдарда жиі кездеседі. Мен тіпті
өзімнен де білемін: ойымның ауыздың жабық, қоғалмайтын күйінде тілсіз
сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бұлшық еттерінің қoзғалуымен, қоса
қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардың алдында бір ойға
баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын. Ішкі
сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. Өйткені адам әр кез өз ойлауының
мазмұнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі сөйлеуге ұзақ тұжырым жасап
жатудың қажеті де болмайды.
Сөйлеу туралы анықтама беретін болсақ бұл пікір алысу процесінде адамның
белгілі тілді өзінше пайдалана алуы. Сөйлеу адам санасының басты белгісі.
Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты.
Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші
біреуді танып білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді. Бұл процесс арқылы
кісі өзінің білімін іс-тәжірибисінде байытып қана қоймай, сонымен ғасырлар
бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады.
Адамға сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің
қызметін дұрыс атқара алмайды. Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы.
Сөйлеудің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың
айқындылығы. Екінші оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлеудің мәнерлілігі
дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы. Сөйлеу
адамның басқа адаммен қарым-қатынас жасау процесі болып табылады. Онсыз
адам көп мөлшерде ешқандай хабар алуға және оны беруге мүмкіндігі болмайды.
Сөйлеудің түрлері үлкен екі топқа сыртқы және ішкі сөйлеу болып бөлінеді.
Сыртқы сөйлеудің өзі ауызша сөйлеу және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша
сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді.
Ауызша сөйлеу – сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері
де соның төңірегіне құрылады. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі – диалогтық
сөйлеу. Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.
Монологты сөйлеу – бір ғана адамның сөйлеуі, басқа адамдарға,
тыңдаушыларға қаратып айтылатын сөйлеуді айтамыз.
Диалог және монолог сөздер көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау
сипатындығы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады.
Ауызша сөйлеуде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-
күнгі жиі қолданылатын сөздер.
Пассив сөздер тілімізде сирек пайдаланатын мағынасына түсінгенмен күн
сайын айтылмайтын сөздер.
Сөйлеудің ерекше бір түрі – жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы
әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен
түспейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде,
ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды. Жазбаша
сөйлеусіз адам бұрынғы ұрпақтағы адамдардың қалай өмір сүргені, не ойлағаны
не істегені туралы білуге және басқа адамға өзінің ойын, сезімін жеткізуге
мүмкіндігі болмайды.
Сөйлеудің жеке бір түрі – ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік
материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алулықты айтады. Ішкі сөйлеу өте
қысқа икемді болып келеді. Өйткені адам әр кез өз ойлауының мазмұнын жақсы
біліп отырады, сондықтан ішкі сөйлеуге ұзақ тұжырым жасап жатудың қажеті де
болмайды.
Сөйлеудің атқаратын қызметі ғылыми тұғыдан үш түрге бөлінеді:
1. Коммуникативтік қызмет - адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы әрі ол
адамдар әрекетінде жетекше рөл атқарады.
2. Сигнификативтік қызмет – белгі, таңба, бұл қорыққанда ымдап белгі беру
т.б. сөзінен шыққан.
3. Экспрессивтік қызмет - әрбір адамның сезіміне жағымды әсер етіп
тұрады, сөздерді нақыштап айту мен ой жүйесінің қисынды болуын талап
етеді.

2.2 Бес пен жеті жас аралығындағы балалардың сөйлеу процесінің даму деңгейі

Әр бір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен
пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын
меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алғашқы кезде бала
көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді. Осы
кездегі сөздері көбінесе жеке нақтылы болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің
негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі заңдылықтарын үйренеді, кейін есейе
келе тілдің дамуы қоғам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде
қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады.
Сөздік сигналдарын дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі
кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде
дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу әрекеті онтогенезі: лексикалық мағынаның шығуы мен дамуы
Бала тілін дамытудағы ана тілінің рөлі
Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
Жас ерекшеліктері туралы педагогикалық ой-пікірлер
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және ақыл - ой дамуының бұзылуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жолдары
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық - мәдени дүниетанымын қалыптастыру
Нәрестелік шақтағы бала психикасының даму ерекшеліктері
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Пәндер