Бухгалтерлік есептің принциптері туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім

1. Есеп принциптерінің теориялық жалпы сипаты ... ... ... ... .. 4
2. Ақшалай және басқа да өлшемдерді қолдану принципі ... ... 6
3. Дербестік және үздіксіздік принциптер ... ... ... ... ... ... ... ... 7
4. Өзіндік құн принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
5. Сақтық пен ықтималдық принцип ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
6. Материалдық принцип ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
7. Сату принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен жеке меншікті ұйымдардың көбеюі , бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы , басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты және бұған қосымша батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік ескі жүйені жойды. Бухгалтерлік есеп, бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалайтындығына кәсіпкер , бизнесмендер мен меншік иелерінің және ұйымдарды басқарушылардың көзі жетті . Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп пен аудит, қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі-жиі өзгеріске түсетін болды . Мұның барлығы да нарықтық қатынастарды ары қарай жетілдіруге бағытталған заңдылық .

Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады . Салалық « нұсқау – ережелер » және « жоғарыдан » түскен әдістемелер негізінде, сондай-ақ, мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен қалыптасқан консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта құру, реформалау және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай ары қарай жетілдіру мақсатына түсті .

Экономикалық қатынастардың мәні мен маңызын түсіну , бизнесті жүргізу мен басқару , ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту , қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу , қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан –жақты талдау , тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор .

Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып , ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін , бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану , бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру , есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн .
1. Ә.Әбдіманапов « Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері
(халықаралық стандарт) ».

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Есеп және аудит кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы : Бухгалтерлік есептің принциптері

Орындаған : Есенжигитов А. фк 201
Тексерген : Кудышева Фарида

Алматы 2007

Мазмұны

Кіріспе ----------------------------------- --------------------------------
----------------- 3

Негізгі бөлім

1. Есеп принциптерінің теориялық жалпы сипаты ------------------ 4
2. Ақшалай және басқа да өлшемдерді қолдану принципі ------- 6
3. Дербестік және үздіксіздік принциптер -------------------------------
7
4. Өзіндік құн принципі ----------------------------------- ---------------
-------- 8
5. Сақтық пен ықтималдық принцип ----------------------------------- --10
6. Материалдық принцип ----------------------------------- ----------------
-- 11
7. Сату принципі ----------------------------------- ----------------------
-------- 13

Қорытынды ----------------------------------- ------------------------------
---------- 14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- --------
15

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық
өмірге енуі мен жеке меншікті ұйымдардың көбеюі , бизнес пен кәсіпкерліктің
дамуы , басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты
және бұған қосымша батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп
бағытындағы консервативтік ескі жүйені жойды. Бухгалтерлік есеп, бұдан
туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін
қалайтындығына кәсіпкер , бизнесмендер мен меншік иелерінің және ұйымдарды
басқарушылардың көзі жетті . Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп пен аудит,
қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі-жиі өзгеріске
түсетін болды . Мұның барлығы да нарықтық қатынастарды ары қарай
жетілдіруге бағытталған заңдылық .

Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне қажетті
ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады . Салалық
нұсқау – ережелер және жоғарыдан түскен әдістемелер негізінде,
сондай-ақ, мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен қалыптасқан
консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта құру,
реформалау және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай ары қарай
жетілдіру мақсатына түсті .

Экономикалық қатынастардың мәні мен маңызын түсіну , бизнесті жүргізу мен
басқару , ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау
үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту , қаржылық қатынастардың
теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды
білу , қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан –жақты талдау ,
тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметінде бухгалтерлік есептің
атқаратын рөлі өте зор .

Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей
тұрып , ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау
мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін ,
бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс
қолдану , бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру , есеп
жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және
халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн .

1. Есеп принциптерінің теориялық жалпы сипаты

Бухгалтерлік есеп жүйесінің маңызы мен мақсатын толығымен жүргізіп, іске
асыру және есептің сапалық қасиеттерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда
түсіну үшін көптеген принциптер қолданылады. Қазақстан Республикасындағы
бухгалтерлік есеп біртіндеп халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына
көшіріле бастауына қарай, біздер дүниежүзілік есеп тәжірибесінде немесе
көптеген елдерде қолданылатын ондаған есеп принциптерін әр түрлі мағынада
оқып түсіне бастадық.
Кейінгі жылдар ішінде шетелдік бухгалтерлік есеп тәжірибесіндегі көптеген
принциптерді орыс тіліне аударылған оқулықтар мен оқу құралдарынан оқып
таныса келе, біздер оқырманға түсінікті болу үшін және сабақтастық
(түсініктілік) жағдайларды негізге ала отырып, жалпы бухгалтерлік есеп
жүйесіне тән принциптерді базистік (әдіснамалық) және қаржылық қорытынды
есеп принциптері деп бөліп қарауды мақсат түттық. Кітаптың осы тарауында
базистік принциптерге түсінік беріп, бұларды бухгалтерлік есеп
тәжірибесінде қолданудың жолдарын қарастырдық. Өз кезегінде қаржылық
қорытынды есеп принциптері осы оқулықтың 6-шы Қаржылық қорытынды есептің
сапалық принциптері тарауында берілді.
Қысқасы, бухгалтерлік есептің базистік принциптері (мақсаты, мәні,
сыйпаты, жорамалы, техникалық әдістері) есеп жүргізудің арнайы
ерекшеліктерін ашып көрсетілуге бағытталған.
Бухгалтерлік есепке тән принциптердің маңызы мен мәнін, сондай-ақ қолдану
әдістерін түсініп білу арқылы бухгалтерлер, ұйымдар өміріндегі шаруашылық
фактілерінің пайда болу
себептерін, бұлардың өзара байланысын ашып көрсете алады. Принциптерді
қолдана білетін бухгалтерлер арнайы принциптер мен ережелерді ұстана
отырып, ақпараттарды барынша қарапайым және түсінікті даярлауға міндетті.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің даму кезеңдеріне байланысты бухгалтерлік есеп
жүргізудің белгілі теориялық принциптері қалыптасты. Қолданбалы принциптер
есеп жүргізудің нақтылы ережелерін қалыптастыруда және есеп жүйесін реттеу
мен стандарттау, белгілі бір салалық есеп объектілері үшін нұсқаулар жасау,
т.б. зерттеулер мен ыңғайластыру шараларын іске асыру үшін негіз болып
отыр.
Есеп теориясы шаруашылық фактілерінің қалай және қандай себептерден пайда
болғандығын, бүларды ары қарай қалай тіркеп, қалай қорытындылайтындығын
ақылға сиятындай жолдармен түсіндіреді. Есеп теориясында қолданылатын
әдістерді -принциптер деп атайды. Біздің пайымдауымызша бухгалтерлік
есептің теориялык өрісін сипаттайтын принциптер міндетті түрде есеп
тәжірибесінде қолданылуы керек. Теориялық принциптерге жауап бере алмайтын
есеп объектілері бухгалтерлік есепке тән емес операцияларға жатады. Қарама-
қайшылық туғызбайтын қолданбалы принциптер бухгалтерлік есептің сенімді
және таза жасалуын қамтамасыз етіп, ақпараттар жүйесінің пайдалылы
дәрежесіне қарай ұйымдар өмірінде тиімді экономикалық шешімдер қабылдауды
мақсат тұтады.
Яғни іске асырылатын құбылыстар мен фактілердің арақатынастық байланысын
түсіндіру үшін теориялық принциптерді қолдану қажет.
Есеп теориясының принциптері ұйымдар өмірінде белгілі болған фактілерді
(жазылатын белгілерді) есепке қалай алып, қалай жазылатындығын және қандай
мақсаттарға пайдалану керектігін түсіндіреді. Ал белгілі болып, орын алған
шаруашылық фактілері қорытындыланып, соның негізінде арнайы шешімдер
қабылданған жағдайда болашақтағы экономикалық іс-әрекеттердің бағыты
жасалынады.
Бухгалтерлік есеп теориясының негізгі мақсаты - бухгалтерлік есеп
табиғатын зерттеу үшін концептуалды тұжырымдамалар мен принциптерді ақылға
сиятындай орнықты жолдарын көрсету болып табылады. Өз кезегінде қолданбалы
бухгалтерлік есеп принциптері есеп жүргізу тәжірибесін жетілдірудің ғылыми
қондырмалық бағытын белгілеуге арналған. Бухгалтерлік есеп теориясы
шаруашылық фактілерін бағалау, модельдеу мен тіркеу, қорытындылау жөніндегі
әдістердің өзара байланысын тә^лсіз жолдармен зерттеуге арналған. Яғни
бухгалтерлік есеп теориясы өрісінде есеп жүргізуге тән әдістер мен ережелер
үрдісі зерттеледі. Мүның негізінде қолданбалы әдістер мен ережелер
табиғатын білу принциптері туындайды.
Теория және принцип терминдері бухгалтерлік есептің іргетастық негізі
мен ережелерін қолдануға арналған. Айтылған екі үғым әр елде әр түрлі
терминдермен берілген. АҚШ елінде принцип термині тәжірибелік, ал
Ұлыбритания елінде мүны негізінен есеп теориясы жөніндегі үғым және есеп
саясаты немесе негіз деп санайды. Кейбір елдерде бухгалтерлік есеп
принциптерін концептуалды түжырымдама деп те атайды. Мысалға АҚШ елінің
есеп тәжірибесіне енген сақтық (консервативтік) принципі британдықтардың
компаниялар жөніндегі Заңында бұл принцип алды-артын ойлау
(предусмотрительность) деп берілген.
Бухгалтерлік есеп принципі сөзі ең бірінші рет АҚШ-та 1936 жылы
қолданылған. Мүның авторы бухгалтерлік есеп жөніндегі ғалым Вильям Эндрю
Патон (1889 - 1991 ж.ж.) болған. Күні бүгінге дейін АҚШ және басқа да батыс
елдерінде (ағылшын тілді) бухгалтерлік есеп принциптерін жүйелі түрде
зерттеу жұмыстары жалғасып келеді. Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп
принциптері американдык термин болып белгілі дәрежеде басқа да көптеген
елдерде кеңінен қолданылып келеді.
Алайда әрбір елдің өздіріне тән есеп ұйымдастыру, өндірістік,
технологиялық, аймақтық, ұлттық ерекшеліктердің болатындығын есте сақтаған
жөн. Мұндай ерекшеліктер әр елдің өз ішінде қабылданған тиісті Заңдары мен
нормативтік, құжаттарына байланысты қалыптасады.
Қазақстан Республикасының жаһандық экономикалық қатынастарға түсіуіне
байланысты және халықаралық тіл алысу мен келісімге келу үрдісіндегі
мәселелерді ұтымды бағытқа салудың өрістеуіне байланысты, біздер
халықаралық деңгейде қабылданған бухгалтерлік есеп принциптері
мен стандарттарын жүйелеп зерттеуді, бұлардың тәжірибедегі тиімділігі мен
тұнықтығы өз елімізде қолданудың бағытын білуді мақсат тұтуымыз керек.
Бухгалтерлік есеп принциптерінің мәні мен мағынасын терең түсіне білудің
негізінде бүтіндей бухгалтерлік есеп жүйесі ары қарай жетілдірілетіндігі
экономикалық өмірде дәлелденді. Ақылға сиятын, қолдану жолдары қарапайым,
пайдаланушыларға түсінікті бухгалтерлік есеп принциптері бизнестік
қатынастар мен кәсіпкерлік қатынастарды екі жаққа да ұтымды жолдарға салу
бағытында үлкен рөл атқарады. Алайда есеп жүйесінде орын алатын кейбір
оқиғалар мен қүбылыстар арнайы қабылданған типтік жүйеге түсе
бермейтіндігін ескерген жөн. Бухгалтерлік есеп принциптері жекелеген есеп
объектілеріндегі мақсаттық жағдайларды қорытындылауға арналған және жалпы
қабылданған ережелер мен әдістер арқылы іске асырылады.
Бухгалтерлік есеп принциптерінің негізгі мақсаты мен мәні қаржылық
қорытынды есептің маңызын талдауға, бухгалтерлік есеп стандарттарын дұрыс
бағытта қолдануға, сондай-ақ есеп объектілерін бағалау мен өлшеу
нәтижесінде орын алған шаруашылық операциялары мен қаржылық жағдайды
бағалауға арналған.

2. Ақшалай және басқа да өлшемдерді қолдану принципі

Ұйымдардың шаруашылық қызметі өрісінде болып отыратын немесе күнделікті
нақтылы орын алған операциялардың мазмұны мен мәліметтерін есептеп, бағалау
және счеттар жүйесіне түсіру үшін өлшеудің бірнеше принциптері қолданылады.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттардағы операциялар мазмұнын өлшеу,
тексеру мен бағалау және талдау, зерттеу қызметін жан-жақты іске асыру үшін
бірнеше өлшеу әдістері қолданылады. Бұларға ақшалай, натуралды және еңбек
өлшемі жатады.
Ақша өлшеу принциптерінің ең негізгісі. Қызмет атқарушы бухгалтерлер
ненің қанша сомаға сатылып алынғандығын, ненің қанша сомаға өндіріліп
сатылғандығын, ненің қолда қалғандығын білуі керек. Ағымдағы шаруашылық
операцияларының мазмүнын өлшеп, есептеп, бухгалтерлік есеп счеттарына
жазып, жекелеген счеттардың жинағын шығарып, бүл жинақтарды қорытынды
есепке (отчетқа) түсіру сияқты кызметтердің барлығы да ақшалай
өлшеу принципі бойынша орындалады. Үйымдар қызметін қорыту мен талдау,
басқару жүйесін жетілдіру бағытында тиімді шешімдер қабылдау әрекеттері де
осы ақшалай өлшеу принципін қолдану арқылы іске асырылады.
Ақшалай өлшем ұйымдар меншігіндегі активті қаражаттардың, міндеттемелер
мен меншікті капиталдың, қаржы салымшы инвесторлардың қосқан үлесі көлемін,
бұлардың қозғалысын және тәуекелділік дәрежесін зерттеу үшін де қажет.
Сонымен қатар ақшалай өлшеу принципін пайдалану арқылы жұмсалған шығындар,
өндірілген өнім, таза пайда, шеккен зиян, еңбекақы төлеу, банк несиесі,
тауарлы-материалды құндылықтар, негізгі құралдар, т.б. құндылықтардың жалпы
сомасы мен нәтижесін кез-келген есепті кезеңде жинақтап шығаруға болады.
Есте сақтайтын мәселе - бүл нарықтық қатынастар кезеңінде ақшалай өлшемнің
кейбір жылдары тұрақты болмауында. Ақшалай өлшемнің тұрақсыздығы, ақшаның
құнсыздану дәрежесінің жоғарлауына байлснысты. Бұдан өткен кезеңдерде
ақшалай өлшеммен өлшеніп, кіріске алынған құндылықтарды есепті кезең ішінде
қайта бағалап отыру қажеттігі туындайды. Қайта бағалау мәселесі туындаған
жағдайда осы күнгі есепте түрған қүндылықтарды қайта бағалап, ағымдағы баға
деңгейіне келтіру және қүндылықтарды эквиваленттік айырбасқа түсіру жолдары
ақшалай өлшеммен жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп жүмысын жан-жақты зерделеп жүргізу мақсатында ақшалай
өлшем натуралды және еңбек өлшемдерімен тығыз байланыста каралады.
Натуралды өлшеу санақ жүргізу аркылы есепке алынады. Есепке алынуға тиісті
мүліктер мен қүндылық заттар, негізгі құралдар мен материалдар, т.б.
орындалған жұмыстар ең әуелі натуралды түрғыда өлшенеді, саналады, көлемі
анықталады. Мысалы, мата - метрмен, көмір -тоннамен, ағаш - текше метрмен,
мал - санмен, сүт - литрмен, жер - гектармен, т.с.с. натуралды өлшемдермен
есепке алынады. Натуралды өлшем құндылықтардың сапасын анықтау үшін,
бүларды сортқа, стандартқа, басқа да төменгі және жоғарғы сапалық
қасиеттерге бөлу үшін қажет.
Әйткенмен де натуралды өлшеммен бақылау және тексеру, түгендеу және
талдау жүмыстарын орындауға, сандық салыстырмалы талдау қызметін жүргізуге
болады.
Еңбек өлшемі - өнім өндіру, жұмыстар мен қызмет көрсету, жүмыс уақытын
белгілеу, еңбек өнімділігін шығару үрдісінде қолданылынады. Бүл өлшем жұмыс
күнінің саны, сағаты, минуты сияқты уақыт өлшемдерімен өлшенеді. Жұмыс
уақытының көрсеткіштері жұмысқа қатынасқан қызмет атқарушыларға, өнім
өндірушілерге еңбекақы есептеу, кейбір категориялар бойынша еңбек етуші
адамдарға норма белгілеп, еңбек өнімділігін шығару үшін қажет. Еңбек өлшемі
ең әуелі натуралды өлшеммен бірдей байланыста қолданылынады. Сонымен қатар
ақша (еңбекақы) еңбек уақыты мен өндірілген өнімнің саны мен сапасына қарай
да есептелінеді.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі өлшеу принципінің түпкі мақсаты - есепке
түсетін барлық фактілерді арнайы өлшемдермен өлшеп, бухгалтерлік қорытынды
есеп жүйесін тұнық жасау болып табылады.

3. Дербестік және үздіксіздік принциптер

Кез келген ұйымдар мен құрылымдар меншік түрлеріне қарамастан
бухгалтерлік есеп счеттарын және есеп жүргізу жөніндегі арнайы құжаттар
жүргізуге міндетті.
Қандай түрдегі болмасын ұйымдардың ең алғашкы шаруашылық фактілері
әртүрлі жолдармен құжатталған көздерден алынады. Сондықтаи меншіктің қай
түрі болмасын, мұндағы шаруашылық операциялары дербестік принциппен тиісті
қүжаттар мен счеттарға жазылады.
Алайда халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының және шаруашылық
субъектілері жөніндегі заңнамаларға, сонымен қатар бастапқы құжаттар
жүргізудің ережелері мен тәртібіне сай Асан және Үсен ұйымы кассасындағы
ақша мен қоймадағы құндылықтардың азайғандығы ресми түрде кұжатталады.
Мұндай операциялар міндетті түрде тиісті счеттарға жазылуы керек. Мұндай
шаруашылық фактілерінің барлығыда ұйымдардың бастапқы құжаттары мен
счеттарында міндетті түрде жазылатындығын әрқашанда есте сақтау керек.
Ресми органдарда тіркелген ресми ұйымдар заңды тұлғалар ретінде танылып,
мүның иесіне тәуелді болмайтындығын айта келіп, заңды тұлғаларда
жүргізілетін бухгалтерлік есеп жалпыға бірдей заңды тұлғаларға қойылған
талаптармен сәйкес келетіндігі дербестік принципке жатады. Құрылып,
қалыптасқан ұйым болашақта өз ережелері мен ерекшеліктеріне қарай дербес
ұйым болып танылады. Ал ұйымдар иесі (қожайындар) мұндай ресми түрде
құрылган ұйымдар қызметіне тек қана іскерлік әрекетпен, ресми түрде ғана
қатынастарға түсіп, ұйым қызметіне басшылық жасап отыруы керек. Мысалға
жалдамалы жүмысшылар мен кызметкерлерге төленетін еңбекақы, осы ұйымның
меншік иесі Асан мырзаның қалтасынан емес, осы ұйымның тиімді шаруашылық
қызмет атқаруынан түскен табыс есебінен, кассадан төленетіндігін білуіміз
керек . Есте болатын нәрсе - ұйым ешқашанда меншік иесіне тәуелді болмайды.
Әрбір адам өзі қызмет атқарып отырған ұжымнан өз игілігіне қажетті
ақпараттар алғысы келеді. Өз кезегінде бухгалтерлік есеп өрісіндегі
ақпараттар осындағы адамдар игілігін қанағаттандыратын адамдар арасында
ешқандай да қайшылық көзқарастар тудырмайтын бағытпен қалыптасуы керек.
Шаруашылық фактілерін жүргізу заңдылығы мен есеп жүргізудің тәсілдері
жекелеген басшы адамдардың заң бұзуына жол бермейтін бағытта болуы керек.
Бухгалтерлік есеп өрісінде қабылданған ережелер мен әдістер жеке басшының
немесе басқа да ресми міндеттер атқарушылардың мүддесіне емес, осы ұйымның
мүддесіне, өте тұнық және әділетті жолдармен жүргізілуі керек.
Егер фирмалар мен ұйымдар белгілі бір адамдардың меншігінде бола тұрса
да, бухгалтерлік есеп тек қана дербес түрде бухгалтерлік есеп жүргізудің
барлық ережелерін іске асыру жолдарымен ғана жүргізіледі. Дербестік
принципке сай бухгалтерлік есеп жеке меншік иесінің (қожайынның) атынан
емес, міндетті түрде ұйымның атынан жүргізіледі. Ұйымдардағы жүргізілетін
бухгалтерлік есептің сапасы мен жақсы үйымдастырылуына осы ұйымның иесі
(қожайын) жауап береді.
Сондықтан дербестік принцип ұйымдардың құқықтық түрлеріне қарамастан есеп
жүргізудің барлық жағдайында сақталуы керек. Осыған орай барлық
бухгалтерлер ұйымдар басшыларының, президенттернің т.б. жеке басына
жүмсайтын шығындарын осы ұйымға түсетін табыстар мен шеккен зияндар
есебінен жаппай, өте жоғары дәрежеде сақтық ұғымын сақтағаны жөн. Бұл
айтылғандарды дербестік принцип деп атайды.
Үздіксіздік принцип. Өз қызметін атқарып келе жатқан ұйым жақын арада
жойылмай, белгісіз уақытқа дейін өздерінің іс-әрекеттерін қалыпты жағдайда
жалғастыра бермек. Яғни ұйымдардың өндірістік үрдісі тұрақты болып,
өндірілетін өнімдер , келе жатқан үйымның атағы мен төлем өтеушілік
қабылетінен хабардар болмаған жағдайда , осы ұйымды экономикалық катынасқа
түсуші әріптес ретінде танымайды.
Егер ұйым банкротқа ұшырап жойылса, онда бүл ұйымның жылдар бойы жинаған
мұрасы ағымдағы нарықтық бағамен қайта бағаланып аукционда сатылады. Мұндай
жағдайда ұйымның жойылуына байланысты бухгалтерияда міндет атқарушы
мамандар есеп жүргізу әдісін өзгертіп, қайта баланс жасайды. Егер жойылған
ұйымды түгелімен басқалар сатып алатын болса, онда жою балансын немесе
баланс жасамай-ақ, сатып алушының меншігіне өткізуге болады. Мұндай
жағдайда ұйым қожайыны немесе меншік иесі ғана өзгертіліп, жүргізіліп
келген есеп жүйесі жалғаса береді. Ұйымның жойылуына байланысты сату құны
мен нақты баланстық қүн айырымы сатылған үйымның жаңадан ашқан есеп шотына
түседі. Экономикалық қатынастар жағдайында кездесетін жоғарыдағыдай
жағдайларды бухгалтерлік есеп жүйесінде қолдануды үздіксіз принциптің
жалғасы деп те атайды.
4. Өзіндік құн принципі

Активті қаражаттар ең әуелі бастапқы құнымен есепке алынады. Тәжірибеде
мұны бастапқы қүнмен бағалау деп атайды. Бастапқы құнмен бағаланған
активтер құны өзгеріске түспейді. Яғни бастапқы құнмен бағаланып, есепке
алынған активтерге базарлы саудадағы нарықтық құн әсер етуге тиісті емес.
Егер активтер сатыла қалған жағдайда, бүларды сату бағасымен бағалап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің маңызы
Бухгалтерлік есептің мәні және түрлері
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау
Бухгалтерлік есептің принциптері және мәні
Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері
Түсініктілік принципі
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері
Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің негізгі принциптері
Бухгалтерлік есептің әдістері
Бухгалтерлік есеп қағидалары
Пәндер