Білім берудегі тәрбиенің мазмұны



1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Негізгі бөлім
І тарау. Білім берудегі і тәрбиенің мазмұны
1.1. Тәрбие жүйесінің теориясы: мәні, мазмұны, ұжымдарың заңдылықтары және принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Тәрбие және даму ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1,3 Өзін өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

ІІ тарау. Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
2.1. Ұжымның даму кезеңдері және олардың бір.бірімен сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс.әрекетімен қарым.қатынастарын ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3. Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалардың ұжымының өзара ықпалдастығы және өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Педагогика ұғымдарының бірі – тәрбие. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әртүрлі теориялармен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай.
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады.Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады. Жалпы азаматтық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - Әрбір тұлғаны әржақты жәнежарасымды етіп тәрбиелеу. Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық- тарихи жағдайларына тәуелді болады.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсаты жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатындай етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.
Педагогика ғылым тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік ееусіз қалып, тәрбие ілгенрі баспай, бір жерде тұра берген болар еді деді В.И.Ленин. Сондықтан да Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп тұжырымдайды.
1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. «Педагогика». Алматы, 2003 ж.
2. М.Жұмабаев. «Педагогика». Алматы «Ана тілі», 1992 ж.
3. Р.М.Қоянбаев, Ж.Б.Қоянбаев. «Педагогика». Алматы 2002 ж.
4. Т.А.Ильина. «Педагогика». Алматы «Мектеп» 1997 ж.
5. А.И.Рувенский, Кан-Калик В.А., Д.М.Гришин. «Мамандыққа кіріспе». Алматы «Ана тілі» 1990 ж.
6. Н.В.Савин. «Педагогика» Москва 1990 ж.
7. Н.Д.Хмель. «Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс» Алматы «Ғылым» 2002 ж.
8. Қоянбаев Ж.Б. «Педагогика» Алматы. «Рауан» 1992 ж.
10. Сейдалиев К.Б. «Тәрбие теориясы» Алматы «Мектеп» 1986 ж.
11. Колдырев Н.И. «Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы» Алматы «Мектеп» 1987 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Институты

Жалпы психология кафедрасы

050103-Педагогика және психология мамандығы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Білім берудегі тәрбиенің мазмұны.

Орындаған:Абсатова А.
107-топ.
Тексерген: Омарбекова Ш.

Алматы 2007 жыл.

Жоспар
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Негізгі бөлім
І тарау. Білім берудегі і тәрбиенің мазмұны
1.1. Тәрбие жүйесінің теориясы: мәні, мазмұны, ұжымдарың заңдылықтары
және
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .5
1.2. Тәрбие және
даму ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...7
1,3 Өзін өзі тәрбиелеу және қайта
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 9

ІІ тарау. Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
2.1. Ұжымның даму кезеңдері және олардың бір-бірімен
сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекетімен қарым-қатынастарын
ұйымдастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3. Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалардың ұжымының өзара
ықпалдастығы және өзара
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 16

3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..19

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...21

Кіріспе
Педагогика ұғымдарының бірі – тәрбие. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін
әртүрлі теориялармен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың
балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Тәрбие баланың өздігінен
табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай.
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін
жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір
қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады.Өйткені мемлекет қажеттігінің
орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі
белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет
мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау
болып табылады. Жалпы азаматтық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - Әрбір
тұлғаны әржақты жәнежарасымды етіп тәрбиелеу. Адам іс-әрекеті, сезімі мен
ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық- тарихи жағдайларына
тәуелді болады.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсаты жеке адамды жан – жақты дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатындай етіп
тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген
ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің
және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.
Педагогика ғылым тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория,
тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып
түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі
мәңгілік ееусіз қалып, тәрбие ілгенрі баспай, бір жерде тұра берген болар
еді деді В.И.Ленин. Сондықтан да Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік
категория деп тұжырымдайды. Тәрбие жайында К.Д.Ушинский: ... мектеп
тәрбиеші және ұстаздар адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес оның
сонша күшті тәрбиешілері табиғат, үйелмен, қоғам, халық... және оның тілі
болады, - деді.
Ал, В.Г.Белинский: бала жаны не болса, соны жаза беретін ақ тақта
емес, оған өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші мен жазу құралына және сол
тақтаның өз сапасына байланысты - деп жазады.
В.Г.Белинский тәрбиенің типін жоғары бағалай келіп, адамның дамуына
тұқым қаулаушылық пен ортаның әсері де жөн деді. Тәрбие процесіне орай,
тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп
ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады.

І тарау. Бастауыш мектептегі тәрбиенің мазмұны
1.1. Тәрбие жүйесінің теориясы: мәні, мазмұны, ұжымдары
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен, оның тәрбие
мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай
түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы.
Жетпісінші жылдардың соңына қарай жүйелілік идеялары тәрбие теориясына
ене бастады. Бұл салады Ф.Ф.Королевтің еңбектері әдіснамалық роль атқарды,
ғалымның дәлелдеуі бойынша жүйелілік әдіс педагогикалық ойлау процесінің
қайта құру құралы ретінде қарастырылады.
Жүйелілік әдісті тәрбие саласының кейбір объектілерін зерттеумен,
үлгісін (моделін) құруда пайдаланудың теориялық негіздерін қалағандар
А.Т.Куракин мен Л.И.Новикова және А.Левин болды.
Б.С.Гершунский біртұтастылық, жүйелілік, кешенділік деген
категориялар арқылы оқу-тәрбие жүйесін жалпыланған, болашақтың мектебін
жобалауға маңызы зор біртұтас ғылыми педагогикалық әрекет объектісі ретінде
қарастырған.
В.С.Ильин педагогикалық жүйе ұғымыны біртұтас тұлға қалыптастыру
теориясымен тығыз байланыстырады.
Ю.П.Сокольниковтың зерттеулерінде тәрбие жүйесінің даму сатылары
аймақтан – функционалдыққа ауысуы көрсетілген.
Жалпы білім беретін мектептердің тәрбие жұмысының тиімділігін
арттыруда М.М.Поташниктің еңбектерінің маңызы зор.
Жүйелілік әдісі арқылы тәрбие жүйесін әр түрлі деңгейде жобалау,
құрастыру, жетілдіру және қайта құру мәселелерін Л.И.Новикова зерттеуде.
Ғалымның анықтауы бойынша тәрбие жүйелерінің даму барысында бірігуге және
сұрыпталуға бағытталуы сипатталады, сонымен қатар зерттеу процесін
диалектика заңдылықтары негізінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мектептің тәрбие жүйесінің компоненттері – мақсаттар, іс-әрекеттер,
қоршаған ортамен қатынас, басқару блоктары.
Тәрбие жүйесінің өзегі – мектеп ұжымы (сұрыпталған балалар ұжымы мен
ересектер ұжымы).
Кең мағынада мектеп әлеуметтік-педагогикалық жүйе бола тұра бірнеше
құрамдас компоненттерден – ұсақ жүйелерден тұрады: басқару, диалектика және
тәрбие жұмысы жүйесінен. Әрбір жүйе дербес болып саналады, бірақ бір-біріне
ықпалы зор. Мектептің біртұтас жүйесі тұрғысынан алып қарасақ, сабақ ерекше
рөл атқарады. Бұл жағдайда оқу процесі мектептің тәрбие жүйесінің
компоненті, бір саласы ретінде жалпы мақсаттардан бастау ала тұрса, ортақ
талаптарға бағынады. Сондықтан сабақтың мақсаты – білім беру, дағды,
ортамен, өзімен қатынасы барысында қалыптасатын дара тұлға – жеткіншекті
тәрбиелеу.
Оқыту процесі барысында тәрбие жүйесіне сәйкес қатынас педагогикасы
қалыптасады. Сабақтағы оқушының рөлі де өзгереді: ол объект емес, өзін-өзі
дамытатын субъектіге айналады. Нақты тәрбиелік қатынастар, әрекеттер арқылы
сабақтың мазмұны байып, әдістемесі өзгереді. Сабақ үстіндегі көп жағдайлар
оқушылардың сабақтан тыс өмірінде жалғасын тауып жатады. Сол себепті, оқыту
процесі, оның негізгі түрі – сабақ тәрбие жүесінің шешуші компоненттерінің
бірі болып есептеледі. Ұдайы айтылып жүретін біртұтас оқу-тәрбие процесі
дегеніміз осы. Ескертетін жағдай – мектептің тәрбие жүйесіне енгізілген
сабақ – дидактикалық жүйенің ең басты компоненті (құрамдас бөлшегі).
Дидактикалық компонентпен қатар мектептің тәрбие жүйесінің компоненттеріне
мектептің материалдық-техникалық базасы, қоршаған ортаның табиғи,
әлеуметтік және мәдени-эстетикалық қырлары кіреді.

1.2. Тәрбие және даму
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына
белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асады.
Мектепті білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыцл-ойы
дамиды, адамгершілік қасиетері қалыптасады, ой-еңбегіне төселеді, рухани
өмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін
байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл-ой
тәрбиесі, құқық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық
тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі, т.б.
Тәрбиелеу объектісі өсіп және дамып келе жатқан тіршілік иесі бала
болып табылады. Баланың бүкіл өмірі бойында оның даму процесі жүріп жатады.
Адамның дамуы өте күрделі процесс. Бұл сыртқы әсер етудің де, ішкі
күштердің де ықпалымен өтіп жатады. Сыртқы әсерлерге ең алдымен қоғамдық
материалының өмірінің жағдайлары – баланы қоршаған табиғи және әлеуметтік
орта мен оның қоғам өміріне қатынасуы, яғни тәрбиесі үшін қажетті сапаларды
балаларға дарыту жөніндегі адамның арнаулы мақсат көздеген қызметі жатады.
Баланың дамуы дегеніміз – күрделі қайшылықтары бар процесс, бұған үш
негізгі фактор – тұқым қуалаушылық, орта дегеніміз – баланың дамуына ықпал
ететін үшүінші фактор. Орта сияқты, бұл да дамып келе жатқан адамға сырттай
ықпал етудің формасы болып саналады.
Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер., жеке ғылым иесі
болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі
жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек. Сол басқа адамдардың
тәрбие майданындағы тәжірибелерін көрсеткен жеке бір пәнімен, яғни тәрбие
пәнімен таныс болу керек. Тәрбие пәні педагогика деп аталады.
Бала аурулы, зағип болса, баладан емес тәрбиешіден, бала тар ойлы
ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала
білмейтін мылқау жанды болса, тәрбиеші жазалы. Бала істеген жауыздықтың
жазасын тәрбиеші көтерсін, деген иран елінің мәтелі шын, дұрыс мәтел.
Оқушылар ұжымы – тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала
өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда
қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан
алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болғаны шарт болып
табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым
ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады.
Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери оқу орындары),
қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресс, бірлестіктер, кәсіподақтар)
ерікті қоғамдыр ғылыми насихат, әскерм спорт, өз әрекетімен істеуші ұжымдар
(көркемөнерпаздар, коллекционерлер), т.б.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту
органдарының озат өкілдері: А.В.Лунучарский, Т.П.Блонский, С.Т.Щацский,
В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді. А.В.Луначарский жаңа
адмады қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша,
адамды тәрбиелеу, демек ол адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық
мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым
негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады.
Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына
үлкен мән береді. Балаларды ұжымда өмір сүре алатындай, жұмыс істей
алатындай етіп тәрбиелеу қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына
байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс-
әрекетінің формалары мен әдістері өзін-өзі басқару және оны ұйымдастырудың
әдістері, т.б.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық
теориясын жасады: оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және
іс-әрекеті қарым-қатынас дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде
шығармашылық дамудың негізі болды.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын
ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым
мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің
қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін
көрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс
дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға
біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері –
ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым
контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым – бұл ұжым
белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың
бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым – бұл студенттер тобы, негізгі ұжым –
факультет, т.б.
Сонымен ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен
мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес
қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде Мудрая власть
коллектива, Коллективтің құдіретті күші, т.б. баяндалды.
В.А.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі
тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-
қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас
жағдайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр.

1.3 Өзін - өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.
Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы тәрбие субъектісіне айналады.
Ол педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық
қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады. Өзінің тұлғалық сапаларын өзі
жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі
тәрбиелеу деп аталады. Бұл өзгерістер қоршаған ортамен шын өзара қатынас
барысында жүреді.
Өзін - өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға
ықпал етеді. Мысалы, оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртәбі
мен мінез-құлығындағы кемшіліктермен іс-әрекетіндегі сәтсіздіктеріне сын
көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді. Тұлғаның
сапалық қасиеттерінің қалыптасуының шын деңгейін есепке алмай жалпылама
жүргізілген тәрбие жұмысының саласы тәрбие міндеттерін шешуде
кемшіліктердің орнын толтырады. Педагогикалық талаптарды мойындауға мәжбүр
болған оқушы тек сырт көзге ғана тәртібін жөндеген түр білдіреді де, өзінің
теріс қасиеттерін жасыра түседі.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас
ерекшеліктерін есепке алу керек. Өзін-өзі тәрбиелеу нышандары тіпті кіші
мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады. Мысалы, бастауыш сыныпта
оқушылар күшті батыл болғысы келеді, немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап
жақсы боламын дейді. Бұл олардың өзін өзгертуге, жақсы болуға, тұзелуге
деген алғашқы ынтасы.
Жасөспірімдік шақтағы бала өз бетіндікке ұмтылуын байқатады, ол
тәрбиенің пәрменсіз обьектісі болғысы келмейді, өз мінез-құлқын өзі
анықтайтындай әрекет иесі, тәрбиенің субъектісі болуға ұмтылады. Егер
тәрбиешілер осыны еске алмай, оның құқығн шектесе, оқушының педагогикалық
талаптарға қарсылығын тудырады.
Қыздар мен бозбалалар өзін-өзі тәрбиелеуге саналы түрде ұмтылады.
Тәртібі мен мінез-құлқының пісіп жетілу шағында берік сана мен адамгершілік
мұраттары қалыптасқан болады. Дүниетанымның қалыптасуы, өз абыройын және
кемшіліктерін ұғыну өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан-жақты.,
шындыққа жуық құруға мүмкіндік береді. Жастар өз еркін тәрбиелеуге ерекше
зейін аударады. Бұған өзінің өзбетіндігін табиғи ұмтылысы ықпал етеді.
Қыздар мен бозбалалар білім мен күш қуатын өздерін ересектермен теңбіз деп
есептеуге алып келеді. Жоғары сынып оқушыларына білімдерін байыту,
өздерінің ақыл-ой қаблеттерін дамыту ұмтылысы да тән. Қыздар мен бозбалалар
мораль мәселелеріне ынтаиен қызығады , мінез-құлық мұраттарына ұмтылып , өз
тұлғаларының рухани сапаларын дамытады.
Оқушылардың өздерін-өздері тәрбиелеуін ұйыидастыту мақсатында
мұғалім ең алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыру
керек: оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; өзіне-өзі
ықпал ету құралдарын (өзін-өзі талдау, өзіндік міндеттеме, өзіндік бұйыру,
өзіндік есеп беружәне т.б.) меңгеруге көмек беру; өзін - өзі тәрбиелеудегі
қоғамдық құнды іс-әрекетті тудырып отыру.
Оқушылардың өздерін - өздері тәрбиелеуге ұмтылуын қалыптастыру
үшін оларды адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні, өзінің тұлғалық
сапаларын дамытудағы өз жігерінің ролі жөнінде қабардар етіп отыру қажет.
Оқушылар, әсіресе жасөспірімдер өзін - өзі тәрбиелеу тәжірибесі, өз
тұлғасында сапалық қасиеттерді қалыптастыру жолдары мен тәсілдері туралы
хабарларды қызыға қабылдайды. Осылардың арқасында өмірдің күрделі
міндеттерін іскерлікпен, мақсатты, сырттан бақылаусыз, дұрыс шешу білігіне
ие болады, өз бетімен өзіндік қажырлы еңбегімен ғана жетуге болатынын
ұғынады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек.
Әрине, өзін-өзі тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған өзіндік ережелерінің болуы
тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгейімен анықталады. Біз тек дарынды
педагог К.Д.Ушинскийлің өзін - өзі тәрбиелеу ережесімен танысайық.
1. Асқан сабырлылық, ең болмағанда сырт көзге.
2. Сөзде және қылықтардағы турашылдық.
3. Әрекетті жан – жақты ойластыру.
4. Батылдылық.
5. Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау.
6. Санасыз уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңілдегі іспен айналысу.
7. Әуесқойлық, құмарлыққа емес қажеттікке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі
Отбасылық тәрбие стилдері
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен маңызы
Экономикалық тәрбие
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі ырым тыйымдардың тәрбиелік мәні
Пәндер