Ғылыми-техникалық мәтінді аудару амалдары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.тарау. Ғылыми.техникалық мәтін аудармасы және техникалық терминология мәселесі
1.1. Ғылыми.техникалық аудармада қолданылатын ақпарат көздері
1.2. Ғылыми.техникалық аударма түрлері
1.3. Терминдердің мәтіндегі рөлі және терминжасам амалдары
2.тарау. Ғылыми.техникалық мәтінді аудару амалдары
2.1. Ғылыми.техникалық мәтінді аударудағы лексикалық мәселелер
2.2. Ғылыми.техникалық мәтінді аударудағы синтаксистік мәселелер
2.3. Ғылыми.техникалық аударма мәтініне қойылатын талаптар мен аудармашының міндеттері

Қорытынды

Қосымша (терминдер баламалары кесте ретінде)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың әлемдегі және адамзат қоғамындағы рөлі күн санап артып бара жатыр. Кеше ғана ұялы телефон мен компьютер сирек кездесетін байлықтың көрсеткіші еді, ал бүгінде сол ұялы телефон тіпті менің бес жасар қарындасымда да бар. Алматы қаласындағы қай үйге кіріп қарасаңыз да міндетті түрде ғаламторға қосылған компьютерді көресіз.
Қай елдің ғылымы мен технологиясы дамыған болса, сол ел жаһандағы көшбасшы болады, ол елдің қоғамы жаңа технологияларды пайдалана отырып, өз өмірін біршама жеңілдетеді әрі жақсыртады. АҚШ және Жапония секілді дамыған мемлекеттердің әлемдегі беделі де, мәртебесі де өзге мемлекеттерге қарағанда бір саты жоғары тұр. Бұған себепті ғылымнан іздеген жөн. Неге біздің әлемге танымал, атақты ғалымдарымыз АҚШ-қа көшіп, сол жерде білімін шыңдайды? Өйткені онда ғалым адамды «мәпелеп», өз баласындай көреді және оның дамуы мен нәтиже көрсетуіне барлық жағдай жасайды. Елімізде өте талантты, білімді жастар ұшаң-теңіз. Алайда олар білімін шыңдаудан гөрі нашар материалдық жағдайын қалай жақсартсам деп ойлайды. Жоғарыда отырған, ел тағдырын шешіп жүрген азаматтарымыз ғылым мен техниканың маңызын, сол ғылымның қайнар көзі әрі еліміздің болашағы білімді жастар екенін түсінген кезде ғана Қазақстанымызды әлемге танытып, мойындатуымыз әбден мүмкін.
Ғылым сияқты адамзаттың маңызды саласы мен аударманың байланысы неде? Кейбіреулер ғылым тілі кез келген адам түсінетін цифрлар мен схемалардан тұрғандықтан, оны өзге тілге аударудың еш қажеті жоқ деп ойлайды. Алайда ғылымды жасайтын адам, сондықтан ол жат елдің ғалымдарымен қарым-қатынасқа түседі. Сол себепті әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар бір-бірін түсініп, тәжірибе алмасуы үшін аударма қажет.
Дипломдық жұмыс барысында ағылшын тіліндегі ғылыми-техникалық мәтін үлгілерін қазақ тіліне тікелей аударуға тырыстық. Алайда, қазіргі таңда ағылшын-қазақ немесе қазақ-ағылшын арнайы сөздіктері жоқ десек те болады. Сондықтан автор өзіне таңсық сөздердің «ағылшын-орыс-қазақ» сатылы аудармасын жасады. Болашақта автордың мұнай және газ саласындағы терминдердің ағылышын-қазақ арнайы сөздігін жасақтау жоспары бар. Себебі, Қазақстанның қара алтынына инвестиция жасайтын шет ел азаматтарының басым бөлігі ағылшын тілді болып табылады. Ал ел экономикасының негізі – мұнай және газ саласын қазақшалатсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Аудару кезінде қос тілдің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіп (лингвистикалық, стилистикалық), терминжасам мәселелеріне айрықша тоқталдық. Ғылыми-техникалық мәтіннің өзегі термин болғандықтан, термин проблемасын барынша ашып, зерттеуге күш жұмсалды. Сонымен қатар, техникалық аудармашының Құраны – сөздіктерге де арнайы тоқталып кеттік. Сөздіктің түрлері, оны дұрыс қолдану жолдары және ондағы қысқартулар мен символдар да сөз болды. Автордың пікірінше, бұл мәліметтер техникалық аудармашыға біршама пайда әкеліп, онсыз да қиын жұмысын жеңілдетеді.
1. Аударма әлемі, Тарақов Ә., Алматы, 2007
2. A Novel PC Program For Drill String Failure Detection, Shokir E. M. El-M., Oil & Gas Business, 2004
3. Geo-Politics of Oiltrading, A.N. Sarkar, Oil and Gas Business, 2009
4. Аударматану (ғылыми-практкалық көмекші құрал), Құлманов С., Алматы, 2008
5. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңы // Терминологический сборник – Алматы, 2002
6. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас, Қайдаров Ә., Алматы, 1997
7. Қазақ сөзі (Қазақ терминологиясының негіздері), Айтбайұлы Ө., Алматы, 1997
8. Қазақ лексикасының терминденуі, Құрманбайұлы Ш., Алматы, 1998
9. Бір тілді түсіндірме сөздіктердің құрылымдық негіздері, Малбақов М., Алматы, 2002
10. Как создаются термины, Даниленко В.П., Москва, 1967
11. Слово о переводе, Комиссаров В.Н., Москва, 1973
12. Теория перевода, Комиссаров В.Н., Москва, 1990
13. Основы общей теории перевода, Федоров А.В., Москва, 1983
14. Научно-технический перевод, Марчук Ю.Н., Москва, 1987
15. Типы научных и технических текстов и их лингвистические особенности, Москва, 1985
16. Теория и практика синхронного перевода, Чернов Г.В., Москва, 1972
17. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері, Құрманбайұлы Ш., Алматы, 2005
18. Терминтану, Құрманбайұлы Ш., Алматы, 2004
19. Oxford Phrasal Verbs Dictionary, Edited by: Colin McIntosh, Oxford University Press, 2006
20. Oxford Russian Dictionary, Edited by: Della Thompson, Oxford University Press, 2005
21. Macmillan Explanatory Dictionary, Edited by: Michael Rundell, Bloomsbury Publishing, 2003
22. Advanced Grammar in Use, Martin Hewings, Cambridge University Press, 2002
23. Қазақ-орыс-қазақ электрондық сөздігі, жасақтаушы ұйым: Sanasoft
24. Ағылшын-орыс-ағылшын электрондыұ сөздігі, жасақтаушының электрондық поштасы: mr_july@mail.ru
25. ABBYY Lingvo арнайы электрондық, терминдер сөздігі, жасақтаушы: Lingvo серіктестігі

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті
Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасы

ДИПЛОМ (БІТІРУ) ЖҰМЫСЫ

Ғылыми-техникалық мәтінді аудару амалдары

Орындаған ______________________

Ғылыми жетекшісі, ф.ғ.к., доцент___________________

Норма бақылаушы, ф.ғ.к., доцент___________________

Қорғауға жіберілді. ________________2010 ж.

Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасының меңгерушісі,
ф.ғ.д., профессор_______________Дәдебаев

Алматы, 2010

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Ғылыми-техникалық мәтінді аудару амалдары

Жұмыстың көлемі: 46

Пайдаланған әдебиеттер саны: 27

Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытынды, қосымша және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарау ғылыми-техникалық
мәтін аудармасы және техникалық терминология мәселесі деп аталады. Бұл
тарау мынадай тараушалардан тұрады:
Ғылыми-техникалық аудармада қолданылатын ақпарат көздері,
Ғылыми-техникалық аударма түрлері,
Терминдердің мәтіндегі рөлі және терминжасам амалдары.
Екінші тарау ғылыми-техникалық мәтінді аудару амалдары деп аталады.
Ол мынадай тараушалардан тұрады:
Ғылыми-техникалық мәтінді аударудағы лексикалық мәселелер
Ғылыми-техникалық мәтінді аударудағы синтаксистік мәселелер
Ғылыми-техникалық аударма мәтініне қойылатын талаптар мен аудармашының
міндеттері
Қорытындыда тақырыпты зерттеу бойынша жұмысымыздың нәтижелері жинақталды.
Қосымшада жаңа терминдер баламалары кесте ретінде берілді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Басты мақсатымыз – ғылыми-техникалық
мәтіндерді аудару амалдарын анықтау және анықтау. Осы мақсаттан көптеген
міндет туындайды. Ең алдымен, тақырыпқа сәйкес ғылыми-техникалық аударма
мәселелері негізінде қазақ, ағылшын және орыс тіліндегі техникалық
мәтіндерді салыстыра отырып, үш тіл арасындағы өзара айырмашылықтарды,
әрбір тілдің өзіндік ерекшелігін және олардың ұқсастығын жан-жақты талдау.
Екіншіден, ағылшын және қазақ тілдерінің терминология мен терминжасам
мәселелеріне айрықша тоқталып кету. Үшіншіден, түпнұсқадан тікелей аударуды
жүзеге асыру. Ағылшын және қазақ тілдері арасындағы дәнекер болған орыс
тіліндегі ғылыми мәтін нұсқаларын салыстыра келе, оның сәйкестік дәрежесін
анықтау. Соның негізінде ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударма жасау
арқылы, мәтіндердің қазақ тіліндегі тікелей аудармасына қол жеткізу.
Жұмыстың мазмұны: Жұмыста негізінен ағылшын және қазақ тіліндегі ғылыми-
техникалық мәтін ұқсастықтары мен ерекшеліктері сөз болды. Осының негізінде
қос тілдің ғылыми-техникалық аудармадағы стильдік және терминологиядағы
өзіндік ерешеліктері зерттелді. Ағылшын тіліндегі техникалық мәтіндерден
мысалдар келтіріліп, қазақ тіліне орыс тілі арқылы сатылы аударма жасалды.
Қосымша ретінде ағылшын тіліндегі терминдердің автор ұсынған қазақ
тіліндегі тікелей аудармалар кестесі берілді.
Жұмыста қолданылған әдістер: Жұмысты орындау барысында түпнұсқа мен
аудармаларды жүйелеу, кесте және жай мысалдар арқылы салыстыру-салғастыру,
талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың қорытындысы: Қарастырылып отырған тақырыптың көкейкестілігі
ескеріле отырып, әлі де даму үстіндегі қазақ ғылыми-техникалық аудармасының
өзекті проблемалары қарастырылды.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6

І тарау. Ғылыми-техникалық мәтін аудармасы және техникалық терминология
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 8

ІІ тарау. Ғылыми-техникалық мәтінді аудару
амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... . 24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 45

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
46

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
1-тарау. Ғылыми-техникалық мәтін аудармасы және техникалық терминология
мәселесі
1.1. Ғылыми-техникалық аудармада қолданылатын ақпарат көздері
1.2. Ғылыми-техникалық аударма түрлері
1.3. Терминдердің мәтіндегі рөлі және терминжасам амалдары
2-тарау. Ғылыми-техникалық мәтінді аудару амалдары
2.1. Ғылыми-техникалық мәтінді аударудағы лексикалық мәселелер
2.2. Ғылыми-техникалық мәтінді аударудағы синтаксистік мәселелер
2.3. Ғылыми-техникалық аударма мәтініне қойылатын талаптар мен
аудармашының міндеттері

Қорытынды

Қосымша (терминдер баламалары кесте ретінде)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың әлемдегі және адамзат қоғамындағы
рөлі күн санап артып бара жатыр. Кеше ғана ұялы телефон мен компьютер сирек
кездесетін байлықтың көрсеткіші еді, ал бүгінде сол ұялы телефон тіпті
менің бес жасар қарындасымда да бар. Алматы қаласындағы қай үйге кіріп
қарасаңыз да міндетті түрде ғаламторға қосылған компьютерді көресіз.
Қай елдің ғылымы мен технологиясы дамыған болса, сол ел жаһандағы
көшбасшы болады, ол елдің қоғамы жаңа технологияларды пайдалана отырып, өз
өмірін біршама жеңілдетеді әрі жақсыртады. АҚШ және Жапония секілді дамыған
мемлекеттердің әлемдегі беделі де, мәртебесі де өзге мемлекеттерге
қарағанда бір саты жоғары тұр. Бұған себепті ғылымнан іздеген жөн. Неге
біздің әлемге танымал, атақты ғалымдарымыз АҚШ-қа көшіп, сол жерде білімін
шыңдайды? Өйткені онда ғалым адамды мәпелеп, өз баласындай көреді және
оның дамуы мен нәтиже көрсетуіне барлық жағдай жасайды. Елімізде өте
талантты, білімді жастар ұшаң-теңіз. Алайда олар білімін шыңдаудан гөрі
нашар материалдық жағдайын қалай жақсартсам деп ойлайды. Жоғарыда отырған,
ел тағдырын шешіп жүрген азаматтарымыз ғылым мен техниканың маңызын, сол
ғылымның қайнар көзі әрі еліміздің болашағы білімді жастар екенін түсінген
кезде ғана Қазақстанымызды әлемге танытып, мойындатуымыз әбден мүмкін.
Ғылым сияқты адамзаттың маңызды саласы мен аударманың байланысы неде?
Кейбіреулер ғылым тілі кез келген адам түсінетін цифрлар мен схемалардан
тұрғандықтан, оны өзге тілге аударудың еш қажеті жоқ деп ойлайды. Алайда
ғылымды жасайтын адам, сондықтан ол жат елдің ғалымдарымен қарым-қатынасқа
түседі. Сол себепті әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар бір-бірін түсініп,
тәжірибе алмасуы үшін аударма қажет.
Дипломдық жұмыс барысында ағылшын тіліндегі ғылыми-техникалық мәтін
үлгілерін қазақ тіліне тікелей аударуға тырыстық. Алайда, қазіргі таңда
ағылшын-қазақ немесе қазақ-ағылшын арнайы сөздіктері жоқ десек те болады.
Сондықтан автор өзіне таңсық сөздердің ағылшын-орыс-қазақ сатылы
аудармасын жасады. Болашақта автордың мұнай және газ саласындағы
терминдердің ағылышын-қазақ арнайы сөздігін жасақтау жоспары бар. Себебі,
Қазақстанның қара алтынына инвестиция жасайтын шет ел азаматтарының басым
бөлігі ағылшын тілді болып табылады. Ал ел экономикасының негізі – мұнай
және газ саласын қазақшалатсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Аудару кезінде
қос тілдің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіп (лингвистикалық,
стилистикалық), терминжасам мәселелеріне айрықша тоқталдық. Ғылыми-
техникалық мәтіннің өзегі термин болғандықтан, термин проблемасын барынша
ашып, зерттеуге күш жұмсалды. Сонымен қатар, техникалық аудармашының Құраны
– сөздіктерге де арнайы тоқталып кеттік. Сөздіктің түрлері, оны дұрыс
қолдану жолдары және ондағы қысқартулар мен символдар да сөз болды.
Автордың пікірінше, бұл мәліметтер техникалық аудармашыға біршама пайда
әкеліп, онсыз да қиын жұмысын жеңілдетеді.
Жұмыстың тақырыбы ғылыми-техникалық мәтінді аудару амалдары
болғандықтан, ғылыми-техникалық аударманың жазбаша және ауызша түрлеріне
және қағидаларына арнайы тоқталдық. Солардың ішіндегі ең тиімдісі әрі
қолайлысы таңдалып, талқыға салынды. Бұған қоса, қазіргі ғылыми-техникалық
аудармашының кейпі, оған қойылатын талаптар мен жүктелетін міндеттер әңгіме
болды. Қосымша ретінде ағылшын тіліндегі мұнай және газ, экономика және
инженерлік технологиялар саласында жиі кездесетін терминдердің автор
ұсынған қазақ тіліндегі баламаларының кестесі берілген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілін қолдану мен
дамыту мақсатында бүгінгі күні атқарылып жатқан қызмет жетерлік. Қоғамның
қай саласында болмасын қазақ тілінің қолданысын жетілдіруге байланысты іс-
шаралар қарқынды жүргізілуде.
Қазақ тілін қоғамның немесе ғылымның кез келген саласына енгізу
жұмыстарындағы маңызды бағыттардың бірі – аударма ісінің қажеттілігі –
дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Өйткені қазақ тілін қолдану мен дамытуда
аударма процесінің алдан шығатыны айдан анық. Оның үстіне, кез келген
ұлттың тілі, ең алдымен, халық пен халықтың, ұлт пен ұлттың бір-бірімен
күнделікті тіршілікте қарым-қатынас жасауының құралы, екіншіден, әлеуметтік-
экономикалық және саяси қатынастар тілсіз жасалмайды, үшіншіден, адамзат
қоғамының дамуының басты көрінісі ғылым екендігін ескерсек, белгілі бір
ұлттың екінші бір халықтың ғылыми-техникалық жаңалықтарымен танысуына, оны
игеруіне аударма қажет.
Бүкіл адамзат баласы бір ғана әлемде өмір сүреді. Сондықтан сол бір
ғана әлем жайлы танымы да, түсінігі де ұқсас келеді. Дегенмен әлемдегі
мыңдаған халық пен ұлт өкілдерінің әлем туралы түсінігі мен танымында
ерекшеліктер болатындығын да жоққа шығаруға болмайды. Бұл ерекшелік әрбір
ұлт пен халықтың тарихына, салт-дәстүріне, менталитеті мен территориялық
орналасқан жеріне т.б. жайттарға байланысты болатындығы хақ. Әрбір халық,
сол халықтың өкілі әлем бейнесін өнерде (өнерде, биде, әнде, күйде т.б.),
ғылымында, салт-дәстүрінде т.б. өзінше бейнелейді. Дегенмен әлем
бейнесінің нағыз айқын да дәл көрінісін тіл арқылы ғана жеткізуге болады.
Әлемнің тілдегі бейнесі ұлттың жеке өкілінің танымы мен талғамын байқатып
қана қоймай, сол ұлттың өткені мен бүгінінен хабар беріп, ертеңге мұра
ретінде қалдырылады. Әрбір халықтың әлемді тілде бейнелеуін зерделеу үшін
сол ұлттың тарихымен, менталитетімен, барлық өнер шығармашылығымен таныс
болу керек.
Тіл білімінің аударма саласы да кез келген халықтың рухани
дүниетанымымен, болмысымен байланысып жатады. Өйткені аударма процесі бір
тілдегі тілдік бірліктерді екінші тілге тәржімалап қана қою емес, сол
бірінші аударатын тілді тұтынушы ұлттың тіліндегі әлем бейнесін екінші
аударылатын тілді қолданатын халықтың тілі арқылы жарыққа шығару болып
табылады. Аударманың қай саласы болмасын (көркем аударма, ілеспе аударма,
ғылыми-техникалық аударма, жарнама), аталған ұстанымды басшылыққа алғанда
ғана таза шығармашылық туынды дүниеге келеді деп ойлаймыз.
Әрине бүгінгі таңда аударма мәселесін, әсіресе ғылым саласында
санамызда сіресіп қатып қалған орысша мәтіндерді қазақ тіліне тәржімалап
қана жеткізу деген ұғым қалыптасқан. Бір қарағанда, қазіргі жасалып жатқан
іс-шаралардың өзі де осыны аңғартқандай. Бірақ қазақ тілі мемлекеттік тіл
ретінде қоғамның, ғылымның әр саласында өз деңгейінде қызмет етуі үшін
аударма процесіне мұндай көзқарас таныту – тілдің қолданылуына кері әсер
ететін, оның дамуын тежейтін үлкен қателік. Олай болса, мемлекеттік тілді
қолдану мен дамыту іс-шараларының қатарына аударма процесін де өз
дәрежесінде қосу қажет. Қазақ тілін ғылым тілі дәрежесіне көтеру үшін
термин және терминология мәселелерін тиянақтау керек, негізінен ағылшын
және орыс тілдерінен аударылатын қазақ ғылыми-техникалық мәтіндерін жүйелеу
қажет.

1-тарау. Ғылыми-техникалық мәтін аудармасы және техникалық терминология
мәселесі
Аудармада, кез келген кәсіптегідей, өзінің жұмыс құралдары бар. Ұстаның
құралы балға мен ара болса, аудармашының құралдары – қалам мен сөздік.
Уақыт өте келе бұл құралдар дамып әрі жетіліп, ноутбук пен электрондық
сөздікке айналды. Ал техникалық аудармашының жұмысын осы құралдарсыз
елестету қиын. Сондықтан, техникалық аудармашы құралдары мәселесін
дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде алдық.

1.1. Ғылыми-техникалық аудармада қолданылатын ақпарат көздері
Аудармашылар қолданатын ақпарат көздері барлық аудармашы қолданатын
жалпы және негізінен техникалық аудармашыға тән арнайы деп екіге бөлінеді.
Ақпарат көздерін төмендегідей жүйе түрінде көрсетейік:
Жалпы ақпарат көздері
І. Жалпы сөздіктер
А. Қостілді сөздіктер
1. Арнайы емес ағылшын-орыс (қазақ) және орыс (қазақ)-ағылшын
сөздіктері.
2. Фразеологиялық сөздіктер
Ә. Біртілді сөздіктер
1. Түсіндірме сөздіктер
а) Қазақ және ағылшын тіліндегі түсіндірме сөздіктер
ә) Шетел сөздерінің сөздігі
2. Қосалқы сөздіктер
а) Синонимдер сөздігі
ә) Антонимдер сөздігі
б) Орфографиялық сөздіктер
3. Жалпы энциклопедиялық сөздіктер
ІІ. Жалпы энциклопедиялар

Арнайы ақпарат көздері
І. Арнайы сөздіктер
А. Арнайы қостілді сөздіктер
1. Политехникалық сөздіктер
2. Салалық сөздіктер
3. Қосалқы сөздіктер (мысалы, қысқартулар сөздігі)
Ә. Арнайы біртілді сөздіктер (мысалы, Қысқаша политехникалық сөздік)
ІІ. Арнайы энциклопедиялар
А. Политехникалық энциклопедиялар
Ә. Кәсіби энциклопедиялар
ІІІ. Анықтамалық кітаптар
ІV. Арнайы кәсіби әдебиет
V. Басқа ақпарат көздері
А. Жиналған тәжірибе
Ә. Мамандардан кеңес алу

Жалпы қостілді сөздіктер
Қостілді сөздіктерді дұрыс қолдану үшін төмендегі қағидаларды есте
сақтаған жөн:
1. Кез келген қостілді сөздік (фразеологиялық сөздіктен басқа) әрбір
сөздің тек мүмкін болатын эквиваленттерін береді. Сөздік тек оның белгілі
бір контекстегі мағынасын ғана береді.
2. Сөздікте қолданылатын барлық шартты белгілердің, қысқартулардың,
символдар мен әртүрлі шрифттердің мағынасын жақсы білу керек.
Қостілді сөздіктің мысалы ретінде профессор И.Р. Гальперин
редакциясындағы Үлкен ағылшын-орыс сөздігін алуға болады.
Сөздік жайлы қажетті мағлұматтар
1. Сөздіктегі сөздер алфавиттік тізбекте тұрады.
2. Мұндай сөздікте тек қарапайым сөздер ғана емес, сонымен қатар арнайы
терминдер де кездеседі. Әдетте олар тех., яғни техника саласына қатысты сөз
деген қысқартумен немесе термин қолданылатын саланы нақтылайтын
қысқартулармен көрсетіледі, мысалы, гидр. – гидротехника; палеонт. –
палеонтология; а.-ш. – ауылшаруашылық және т.б.
3. Егер екінші тілдегі эквиваленттер үтірмен бөлінсе, онда олардың
мағыналары жақын, ал егер нүктелі үтірмен бөлінсе, онда олардың мағыналары
әртүрлі боп келеді, мысалы:
temper – мінез, құлық;
vehicle – еріткіш; көлік.
4. Сөздік соңында арнайы әдебиетте жиі қолданылатын қысқартулардың
тізімі болады.
Сөздікте қолданылатын қықартулар мен символдар
1. Рим цифрларынан кейін тұратын сөз таптарының қысқартулары:
• n (noun) – зат есім;
• a (adjective) – сын есім;
• adv (adverb) – үстеу;
• v (verb) – етістік;
• pron (pronoun) – есімдік;
• prep (preposition) – демеулік;
• cj (conjunction) – жалғаулық;
• int (interjection) – одағай.
2. ~ символы негізгі сөздің орнына жазылады. Бұл символ тильда деп
аталады.
3. Жақшамен бірге жазылатын араб цифрлары ( 1), 2), 3), т.б.) сөз
аудармаларының алдында тұрады.
4. Жақшаға қосымша түсіндірмелер алынады. Мысалы: to sell by the
hundred (жүз-жүзден).
5. ς символы толықтауыш қызметіндегі зат есімді көрсетеді. Мысалы:
ς a hundred pages.
6. ‖ символы бірлік, ондық, жүздік сандарды білдіретін зат есімге
қатысты: ‖ a hundred and one.
7. ◊ символы фразеологиялық тіркестердің алдында тұрады.
8. □ символы демеулікті етістікке қатысты. Мысалы: □ to hunt down,
~out, ~up, etc.

Біртілді сөздіктер
Біртілді сөздіктер – басқа тілге аудармай, сол тілде сипаттау,
бейнелеу, мысалдар, синонимдер мен антонимдер арқылы сөз, ұғым немесе
заттың мағынасын жеткізу.
Түсіндірме сөздіктегі ұғындырулардың шағын түрде және әрқашан дәл бола
бермейтінін айта кету керек. Әсіресе, бұл ғылыми және техникалық сөздерге
қатысты. Көп жағдайда олардың сөздіктегі сипаттамалары ғылыми
түсіндірмелермен сәйкеспейді.
Ф.Н. Петровтың Словарь иностранных слов сөздігі басқа тілдерден енген
орыс сөздерін түсіндіреді: бұларға, көбінесе, ежелгі грек және латын
тілдерінің элементтерінен құрылған сөздер мен терминдер немесе кірме сөздер
жатады.
Сөздікте ғылыми-техникалық терминдер толық және дәл берілген.
Энциклопедиялар техникалық аудармашы үшін пайдалы ақпарат көзі болып
табылады, өйткені мұнда тек қана қоғамдық, экономикалық ғылымдар емес,
сонымен қатар, жаратылыстану мен техника ғылымдары жайлы жүйеленген
мәліметтерді табуға болады.
Энциклопедияны дұрыс қолдану және уақыт үнемдеу үшін, ең алдымен
алфавиттік сілтегіштен бастау қажет. Бұл сілтегіштің көмегінсіз қажетті
ақпаратты табу қиынға түседі.

Арнайы политехникалық қостілді сөздіктер
Мұндай сөздіктер ғылыми-техникалық терминдердің және ғылым мен
техникада кеіңнен қолданылатын күнделікті қолданыстағы сөздердің
эквиваленттерін береді.
Арнайы политехникалық сөздіктің мысалы ретінде А.Н. Чернухин
редакциясындағы Ағылшын-орыс политехникалық сөздігін алуға болады.
Сөздіктегі материалдар алфавиттік-ұялы жүйеде орналастырылған, яғни егер
термин бір сөзден тұрса, оны кәдімгі сөздікте сияқты алфавиттік ретпен
іздеу керек, ал егер термин бірнеше сөзден тұрса, онда оны анықталатын сөз
бойынша қарау қажет. Әдетте, анықталатын сөз терминологиялық тіркес соңында
тұрады.
Политехникалық сөздіктегі терминдер ғылым мен техниканың барлық
салаларына қатысты ( гректің поли сөзі көп деген мағынаны білдіреді).
Белгілі бір терминнің қай салаға қатысты екенін көрсету үшін арнайы
қысқартулар қолданылады. Мысалы: свт. – светотехника; к.-ф. –
кинематография мен фотография; ак. – акустика. Сөздік соңында ғылым мен
техниканың түрлі салаларында кеңінен қолданылатын әріптік қысқартулар мен
белгілердің тізімі болады.
Бұған қоса, сөздікте аудармашыға өте қажетті мәліметтер де бар. Мысалы:
ағылшын және американ техникалық әдебиетіндегі фут, дюйм, ондық
бөлшектердің, т.б. белгілері; әртүрлі математикалық белгілер, символдар мен
қысқартулар; грек алфавиті; римдік нумерация; ағылшын және американ
ұзындық, салмақ өлшемдері және т.б.
Англия мен Америкада өлшемдердің халықаралық ондық жүйесі ресми түрде
қабылданса да, ағылшын тіліндегі арнайы әдебиетте ескі өлшемдер әлі күнге
дейін көптеп кездеседі. Бұларды аудармашы ондықтарға ауыстыруға міндетті.

Қостілді салалық сөздіктер
Политехникалық сөздікке қарағанда, салалық сөздікте белгілі бір салаға
қатысты терминдер мен олардың эквиваленттері айтарлықтай көп болады, себебі
бір политехникалық сөздік жүздеген саланың арнайы терминологиясын қамти
алмайды.
Салалық сөздіктегі сөздер реті алфавиттік те, ұялық та, аралас та бола
алады.

Қосалқы қостілді сөздіктер
Қосалқы сөздіктің мысалы Ағылшын және американдық қысқартулар сөздігі
бола алады.
Көп жағдайда, қысқартылған сөз басқа сөздерге ұқсамайды, мысалы, pet
(petrol сөзінен), bob (bobbin сөзінен) және т.б. Егер бұл сөздерді
дәстүрлі сөздікте қарайтын болсақ, эквиваленттер контекстке сай келмейді.
Pet сөзі дәстүрлі сөздікте сүйікті болады да, қысқартулар сөздігінде
жанармай болады.
Дәстүрлі сөздікте disc сөзіне бір ғана балама берілген, ал
қысқартулар сөздігінде бұл сөзге ондаған балама бар.

Арнайы біртілді сөздіктер
Мұндай сөздіктерде әртүрлі құрылғыларға сипаттама беріледі, арнайы
терминдерге түсіндірме беріледі, түрлі өндірістік процесстер, өндеу
әдістері, жабдықтар және т.б. жайлы мәліметтер жазылады.
Анықтамалық кітаптар
Анықтамалық кітаптар техника және ғылымның түрлі салаларында жұмыс
істейтін мамандарға арналған және әртүрлі арнайы мағлұматтарды, технико-
экономикалық көрсеткіштерді, сандық деректерді қамтиды.
Алайда, техникалық аудармашы анықтамалық кітапта түпнұсқаны дұрыс
түсінуге және оны сапалы аударуға қажетті барлық ақпаратты табады, себебі
оларда әртүрлі детальдар мен процесстердің атаулары, өндіріс тәсілдері мен
оны ұйымдастыру сипаттамалары және кез келген мәселеге байланысты арнайы
әдебиеттер тізімі беріледі.

1.2. Ғылыми-техникалық аударма түрлері
1. Толық жазбаша аударма
Толық жазбаша аударма техникалық аударма түрлерінің негізгісі болып
табылады. Барлық ғылыми-техникалық ақпарат (шет тілдегі нұсқаулық, жол
бетшесі, кеден декларациясы, т.б.) осы аударма түрі арқылы шыңдалады. Толық
жазбаша аудармаға қатысты бірнеше ереже бар.
Толық жазбаша аудармамен жұмыс істеу бірнеше кезеңді қамтиды, ал осы
кезеңдер жүйесін бұзу аударма сапасына нұқсан келтіреді. Әр кезеңге жеке
тоқталып кетсек.
1-кезең
Тікелей аударуға көшпес бұрын контекстті анықтап алу және түпнұсқа
тілінде меңзеліп тұрған мәліметті ұғыну үшін аудармашының мәтінді бір
немесе бірнеше рет оқып алғаны абзал.
Аудармашының міндеті – сенім-нанымына қарамастан автор жағына көшу,
оның ақпарат жеткізу мәнерін, дәлелдеу амалдарын толықтай бойына сіңіру.
Егер оқу барысында аудармашы өзіне таныс емес материалмен кездесіп жатса,
оған тиісті ақпарат көздеріне жүгінуге тура келеді.
2-кезең
Екінші кезеңде аудармашы түпнұсқаның жеке логикалық бөліктерімен
(бөлшек, абзац, жеке сөйлемдер) жұмыс істей отырып аударманың алғашқы
нұсқасын жазғаны жөн.
Алдымен мәтіннің логикалық аяқталған бөлігі ұғынылуы қажет. Алынған
бөліктің көлемі мағынасының толықтығына, мазмұн қиындығына және аудармашы
зердесіне тікелей қатысты.
Кейін мәтін бөлігі қазақ тіліне аударылады. Аудармашы түпнұсқаға
қарамай, стильге, яғни мазмұн сапасына, логикасына және бірқалып–тылығына
назар аудара отырып, мәтінді өз сөзімен аударады. Бұл жерде аудармашының
түпнұсқаға қарамай аударуы өте маңызды, себебі бірден бір тілде оқып,
екінші тілде жазу қиын болады, әйтпесе мағыналық және стилис–тикалық
қателердің туындауы әбден мүмкін. Көп жағдайда екі тілдің заңдылықтары
сәйкесе бермейді және бір-біріне қарама қайшы боп келеді.
Түпнұсқа бөлігі аударылып болғаннан кейін маңызды ақпараттың таста–лып
кетпеуі үшін аударма мәтінмен салыстырылады. Бұған қоса, екі бөліктің
арасындағы логикалық байланысты сақтау керек.
3-кезең
Үшінші кезеңде аударманы соңғы рет өңдеп, сәйкессіздіктерді жөндеу үшін
оны ішінен қайта оқып шығып, мәтін мазмұнының стилін, сапасын,
бірқалыптылығын және логикасын тексеріп алған жөн. Стиль деп ерекше
белгілерде, қасиеттерде, көркемдік бейнелеуде көрініс табатын бір нәрсенің
түрін түсінеміз. Аударма ісіне байланысты стиль дегеніміз:
• түпнұсқа тілінің өзіндік ерекшеліктері;
• дәстүрлі мазмұндау түрі (аннотация, реферат, т.б.);
• мазмұн сапасы; ғылыми-техникалық аудармадағы сапалы аударма өзінің
дәлдігімен, ықшамдылығымен, ойды жеткізу қарапайымдылығымен және
терминологияның орынды қолданылуы–мен ерекшеленеді.
Аудару кезінде мынадай қағидаларды сақтаған жөн:
• егер бір ойды бірнеше тәсілмен аудару мүмкіндігі туып жатса, онда ең
қарапайым және ықшамын таңдаған абзал;
• егер басқа тілден еңген сөз кездесіп жатса, оны мағынасына нұқсан
келтірмей қазақшалаған жөн;
• барлық терминдер мен атаулардың дара мағыналы болуы шарт.
Кейіннен редактор аудармашының түпнұсқаны түсінбеуі салдарынан кеткен
стилистикалық және грамматикалық қателіктерді түзетуі мүмкін.
4-кезең
Бұл кезеңде аудармашы мәтін тақырыбын аударуға көшеді. Көркем әдебиетте
мәтін тақырыбы мазмұнымен сәйкесе бермейді. Себебі көркем шығарма авторлары
оқырманды өзіне баулап алу мақсатында тақырыпты барынша тартымды, құлаққа
жағымды және күлкілі етіп қоюға тырысады. Ал ғылыми-техникалық әдебиетте
тақырып міндеті мүлдем басқа. Тақырыпта мәтіннің мәні толықтай берілуі
шарт, сондықтан да тақырып түпнұсқаның барлық ерекшеліктерін ескере отырып,
жұмыстың соңында аударылады.
2. Рефераттық аударма
Техникалық аударманың негізгі түрі толық жазбаша аударма болғандықтан,
басқа аударма түрлері тек оның ықшамдалған нұсқасы болып табылады. Демек,
мұндай аударма түрлері ғылым мен техника саласы мамандарын, құқық
мәселесімен айналысатын патент қызметінің жұмысшыларын ақпараттандыруды,
сонымен қатар, ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтау және жүйелеуді
айтарлықтай жеңілдетеді.
Толық жазбаша аударманың шағын нұсқаларының бірі – рефераттық аударма.
Рефераттық аударма атауы реферат (реферат – белгілі бір мәселенің,
кітап мазмұнының, мақаланың қысқаша шолуы) сөзінен шыққан. Жалпы ғылыми-
техникалық аудармада рефераттаудың үш түрі қалыптасты:
1) рефераттық аударма;
2) экспресс-ақпарат аудармасы;
3) өнертабыс формулаларының басты пункттарын аудару (патент
рефе–раттарын аудару).
Рефераттық аударма – түпнұсқаның алдын-ала таңдалған бөліктерінің
жүйелі мәтін түріндегі толық жазбаша аудармасы. Рефераттық аударма
түпнұсқадан әлдеқайда ықшам, себебі аудару барысында аудармашы артық
ақпаратты қалдырып кетеді.
Рефераттық аудармамен жұмыс істеу бірнеше кезеңді қамтиды:
1-кезең
Түпнұсқамен алдын-ала танысу, берілген саламен және оған қатысты
терминологиямен танысу үшін арнайы әдебиетті қарап шығу, мәтінді мұқият
оқып шығу.
2-кезең
Мәтіннің қайталанған және маңызды емес бөліктерін квадрат жақшалар–ға
алу.
3-кезең
Диспропорцияны және қисынсыздықты жою үшін қажетті бөліктерді оқу.
4-кезең
Түпнұсқаның керекті бөлігін мәтіннің логикалық жоспары бойынша толық
жазбаша аудару.
Егер түпнұсқада суреттер, сызбалар немесе басқа да иллюстрациялық
материалдар болса, аудармашы олардың ең маңыздыларын таңдап алады.
3. Аннотациялық аударма
Аннотациялық аударма – түпнұсқаға қатысты аннотацияны басқа тілде жазу.
Аннотация (лат. annotatio – ескерту) деп басылым шығармасының немесе
қолжазба мазмұнының қысқаша сипаттамасын айтамыз.
Аннотацияның екі негізгі түрі бар:
Арнайы мақала немесе кітап аннотациясы – түпнұсқа мазмұнын негізгі
мәселелері мен оларға қатысты пікір беру арқылы сипаттау.
Аннотацияның екінші түрі – шетел патентінің аннотациясына арнайы
тоқталып кетеміз.
Мақала немесе кітап аннотациясының басты ерекшелігі – түпнұсқаны
сипаттауында. Бұл аударма түрі мынадай жүйеде жүзеге асады:
• аудармашы кітапты немесе мақаланы оқиды;
• оған жоспар құрады;
• оның басты мәселелерін баяндайды не болмаса құрылымы мен мазмұнына
шолу жасайды.
Аннотациялық аударманың көлемі түпнұсқамен салыстырғанда әрқалай боп
келеді, бірақ әдетте 500 басылымдық белгіден аспайды.
Аннотациялық аударманың басқа техникалық аудармалардан өзгешелігі –
түпнұсқаның ықшамдалған кейпінің тікелей аударма түрінде емес, сипаттамалық-
пікірлік түрде берілуі.
Аннотациялық аудару стилі әрқашан еркін болып келеді.
4. Патенттік әдебиет аудармасы
Патентке қатысты техникалық аударма мәтінмен жұмыс жасаудың бірнеше
түрін қамтиды:
• патенттердің толық жазбаша аудармасы;
• жедел ақпарат аудармасы;
• патенттердің аннотациялық аудармасы;
• патент тақырыбын аудару;
• патенттік рефераттар аудармасы;
• консультативтік аударма.
Патент аудармасының өзіндік ерекшеліктері мен стилі бар. Бұл аударма
түрі аудармашыны толық жазбаша аударма ережелеріне қосымша талаптарды қатаң
сақтауға мәжбүр етеді.
Ожегов сөздігіне сүйенсек, патент (лат. patens – куәлік, грамота) -
өнертапқыштың өз өнертабысына құқығы туралы құжат. Техникалық аударма – бұл
ғылыми және техникалық ақпаратпен алмасу, ал ғылым мен техникадағы тың
жаңалық – патент. Уақыт өте патент сөзі техникалық аудармада кең
қолданысқа ие болды. Әдетте өнертабыстың тек сипаттамасы ғана аударылып,
басқа мемлекеттерге жіберіледі.
Патент:
• титулды бөлімнен;
• алдын-ала сипаттамадан;
• толық сипаттамадан;
• патент формуласынан;
• иллюстрациялық бөлімнен тұрады.
Титулды бөлімде патентті тіркеуге, сақтауға және іздеуге арналған
мәліметтер, нақтырақ айтқанда: патент нөмірі, патент берілген мемлекет
атауы, өтініш беру күні, патент ұсыну күні, сараптау индекстері (берілген
патентке қатысты өнертабыс түрлерін сараптау жүйесінің шартты сандық және
әріптік белгілері), патент формулаларының саны, иеленушінің аты-жөні мен
мекен-жайы көрсетіледі.
Титулды бөлім мазмұны әр мемлекетте әртүрлі болып келеді, алайда
міндетті түрде патенттер кітапханасында, кеңсесінде және басқа да
мекемелерде жүйелеу мен іздеуге қажетті патент жайлы деректердің берілуі
шарт.
Патент атауы – бөлек тақырып. Көп жағдайда патент атауы патенттен бөлек
аударылады. Аудармадан картотекалар жасалып, сол картотека арқылы ғылым мен
техника саласындағы мамандар және патент қызметінің жұмысшылары өздеріне
қажетті өнертабыс жайында мәлімет таба алады. Патент атауларының аудармасы
көркем шығарма атауларын аударудан өзгеше, өзіндік заңдылықтары бар аударма
саласы.
Алдын-ала сипаттама – бұл өтініш хатпен бірге берілетін және белгілі
бір уақыттан кейін толық сипаттамамен ауыстырылатын өнертабыс сипаттамасы.
Сондықтан толық жазбаша аудармада алдын-ала сипаттаманың қажеті жоқ.
Толық сипаттама алдын-ала сипаттамадан тек көлемі жағынан ерекшеленеді.
Егер патентте сызбалар болса, толық сипаттамада патенттеулі құрылғының әр
түрлі бөлшектерін көрсететін сандар мағынасы ашылады. Егер титулды бөлімде
өнертабушы немесе патент иемденушісінің аты-жөні мен мекен-жайы
көрсетілмесе, бұл мәліметтер толық сипаттаманың алғашқы абзацында жазылады.
Толық сипаттама патент форуласымен аяқталады.
Патент формуласы толық сипаттама жалғасы болса да, құқықтық тұрғыдан ол
― өнертабысты басқа өнертабыстардан ерекшелейтін жаңалықтар көрсетілетін
патенттің басты бөлігі.
Ағылшын тіліндегі патенттерде патент формуласы мына сөздермен
басталады: claim, claims (I claim, We claim, What I claim is, What we claim
is). Әдетте формула нөмірленген абзацтардан құралған бірнеше пункттан
тұрады. Формула бір ғана пункттан тұрса, сәйкесінше ол нөмірленбейді.
Дәстүр бойынша ағылшын патенттеріндегі пункттар көлеміне қарамай бір
сөйлем көлемінде жазылады.
Әдетте иллюстрациялық бөлім сызбалардан тұрады. Сызбалар сипаттама
басында нөмірленіп, тізбеленеді. Сызбадағы бөлшектер сандармен көрсетіледі.

Жедел ақпарат аудармасы
Жедел ақпарат аудармасы – басқа тілдегі ғылыми-техникалық мақала не
патент түпнұсқасын алдын-ала қысқартпай, қазақ тілінде рефератын жасауды
көздейтін техникалық жазбаша аударма түрі. Жедел ақпарат ― бұл
рефераттаудың екінші түрі, бірақ құрылымы біршама өзгеше: аудармашы
материалды бүге-шегесіне дейін зерттеп, оның мән-жайын өз көзқарасы мен
жоспарына сүйене отырып баяндайды. Алайда аудармашы түпнұсқаға өз ой-
пікірін немесе бағасын бермейді.
Жедел ақпарат аударма көлемін аудармашының өзі де, тапсырыс беруші де
тағайындауы мүмкін.
Аудармада иллюстрация мен сызбалардың сөзбен баяндалғаны абзал. Жедел
ақпарат аудармасына ықшамдылық және объективтілік тән.
Патенттердің аннотациялық аудармасы
Патенттердің аннотациялық аудармасы мен мақаланың аннотациялық
аудармасының арасында біршама ерекшеліктер бар. Бұл аударма түрі патент
картотекаларын жасақтау кезінде жасалады, сондықтан аудармашы өнертабыс
мәнін сипаттамай, қысқаша баяндайды; өнертабыстағы тың жаңалықты көрсетеді.
Сонымен қатар, өнертабыс құрылымы мен бағасын берудің қажеті жоқ.
Патент атауын аудару
Патент атауын аудару – патенттердің жүйелі каталогын құрастыру және тың
өнертабыс туралы мәліметті іздеуге арналған техникалық аударма түрі.
Атаулардың аудармасы атаулы сөйлем түрінде өнертабыс мәнін, мүмкіндігінше
оны ерекшелейтін жаңалықты көрсетуі қажет.
Патент атауын аудару үйлесімділікті, көркемдікті, тіпті ықшамдылықты да
қажет етпейді. Патентті іс жүзінде қолдануды көздейтін кез-келген
техникалық сала маманына немесе жаңа өнертабысқа патент беру мәселесімен
айналысатын патент қызметі жұмыскеріне қажетті ақпарат патент атауында
толықтай қамтылғаны абзал.
Атаулардың аудармасынан патент кітапханаларының каталогы, патент
әдебиетін қолданатын әртүрлі мекемелер картотекасы, патенттердің
библиографиялық тізбегі жасақталады.
Ағылшын тіліндегі кейбір патент атаулары оның мазмұнын толық ашпайды
(“Crates”, “Improvements in or Relating to Interliners”, “Method and
Apparatus for Carrying a Chemical Reaction Continuously”), сондықтан
олардың сөзбе-сөз аудармасы ешқандай пайда әкелмейді. Тақырыпты аудармай
тұрып, алдымен патентті мұқият зерттеп алған жөн. Бірақ патентті толық
оқудың еш қажеті жоқ, ол үшін тек ағылшын патентіндегі толық сипаттаманың
екінші абзацымен, өнертабыс формуласының бірінші пунктымен және сызбалармен
танысу жеткілікті.
Патент атауларын аударудағы стильді жеткізуде мынадай ережелерді
ұстанған абзал:
• тақырыпта жетілдірілген, жаңа, жақсартылған деген сөздер
қолданылмайды, себебі олардың ешқандай мәні жоқ. Кез-келген
өнертабыстың өзі онсыз да жаңалық болып табылады;
• ілік септігіндегі сөздерді азайтқан жөн (мысалы, көтергіш
терезенің тұтқалы механизмінің топсасы).
Консультативтік аударма (маманға арналған)
Консультативтік аударма – тапсырыс беруші білімін пайдалана отырып
аудармашы-кеңесші немесе аудармашы-референттің ауызша аннотациялау, ауызша
рефераттау және тақырыпты ауызша аударуды қамтитын техникалық аударма түрі.

Аудармашы-кеңесші шет тілін білмейтін мамандарға істің мән-жайын
түсінуге көмектеседі. Маман кез-келген мақала жайлы сұрақ қойса, аудармашы-
кеңесші қолда бар материалдан аннотация не реферат жасайды; қайткенмен де
контекстің толық зерттелуі қажет.
5. Ілеспе және синхронды аударма
Ілеспе және синхронды аударма – ауызша аударма түрлері. Ауызша
техникалық аудармашы келісімшартқа қол қою, өнеркәсіп жабдықтарын тапсыру
кезінде, өнеркәсіптік және басқа да көрмелерде, халықаралық ғылыми-
техникалық конференцияларда, симпозиумдарда, сонымен қатар, дәріс және
баяндамаларда, бір сөзбен шешен және оның ана тілін білмейтін тыңдаушылар
арасындағы іс-шаралар кезінде жұмыс атқарады. Келісімшарт сәттілігі тікелей
аудармашының біліктілігіне байланысты.
Ауызша аудармашы қос тілді жетік меңгергені жөн, себебі ол екі тілдің
өкілдерімен тікелей қарым-қатынаста болады. Сонымен қатар, ауызша
аудармашының ойлау жүйесі шапшаң болуы қажет, өйткені біріншіден, уақыт
тығыздығы, екіншіден, ауызша аудармашының ешқандай сөздігі немесе арнайы
кітабы болмайды.
Ілеспе аударма – ежелден келе жатқан, аудармашының шешен сөзін тыңдап
барып жасалатын ауызша аударма түрі. Ілеспе аударманың негіз қалап, дамуы
Женева университеті жанындағы аудармашылар мектебінен басталады. 1941 жылы
құрылған бұл мектепте ілеспе аударманың жандануы Антуан Веллеман, Жан
Эрбер, Рабер Канфино, ағайынды Каминкерлер, Жорж Матье есімдерімен тығыз
байланысты. А.Веллеман – ілеспе аударма мектебінің негізін салушы. Бұл
университетте негізгі пән ілеспе аударма, дәлірек айтсақ, ілеспе
аудармадағы жазба жүргізу болатын. Халықаралық конференциялар
ұйымдастырушылар шешеннің ілеспе аударма арқылы “үздіксіз” сөйлеуіне мүлде
қарсы шықты. Олардың ұйғаруынша ол сөзін түгел сөйлеп шығады, сонан кейін
ғана аударма жасалады.
Ілеспе аударманың абзацты-фразалы және үздіксіз деген екі түрі бар.
Абзацты-фразалы аударма көбінесе дәріс және баяндама кезінде
сөйлеушінің арнайы жасайтын кідірістерінде жүзеге асырылады. Мұндай
кідірістердің мағынасы аяқталған фразалардан кейін болғаны абзал, өйткені
аудармашы аяқталмай қалған, контекстен тыс сөздерді не тіркестерді аудара
алмайды. Шешен мен аудармашының бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесінде ғана
абзацты-фразалы аударма сәтті шығады.
Абзацты-фразалы аудармадан басқа шешеннің сөзін аяқтап болғаннан кейін
жасалатын ілеспе аударма кеңінен қолданылады. Көптеген халықаралық
ұйымдарда осындай аударма түрі қолданылады. Бұл кезде сөйлеуші сөзін
аударма үшін тоқтатпайды. Сөйлеуші сөзін бітіріп барып қана аудармашы
жұмысына кіріседі. Кейде шешеннің сөзі тым ұзақ болады. Эдмон Кари өз
кітабында француз дипломаты Андре Француа-Пансенің Ұлттар лигасында 2,5
сағатқа созылған сөзіне үздіксіз ілеспе аударма жасаған. Ұлттар лигасының
мәжілісінде екі жұмыс тілі ағылшын және француз тілдері пайдаланылған.
Әрине аудармашының осындай ұзақ мәтіндерді есте сақтауы екіталай.
Соднықтан оған көмек ретінде арнайы жазбалар мен белгілер келеді. Әрбір
аудармашының өзі ғана түсінетін арнайы белгілер жүйесі болуы тиіс.
Кейбіреулер қысқартуларды, кейбіреулер суреттік белгілерді, ал үшіншілер
пунктуацияны жақсы есте сақтайды. Сондықтан белгілер жүйесін адамның
қабылдау мүмкіншіліктеріне қарап таңдау керек.
Ауызша аударманың түрлеріне сәйкес баламалы аударма міндетті емес.
Ауызша аудармаға қойылатын басты талап – бастапқы мәліметтің негізгі
мазмұнын дәл жеткізу, сонымен бірге сөйленген сөздің, ақпараттың құндылығын
құрайтын негізгі элементтерін тегіс қамту. Кейде күрделі жағдайға орай
аударманы түрлендіруіне және аударма дағдысын жүйелендіруге де болады.
Мұндағы ең бастысы – ақпаратты жедел, дәл, шынайы жеткізу. Ілеспе аударма
мынадай бөліктерден тұрады:
1) Ақпарат көзі (немесе жіберуші).
2) Ақпарат.
3) Ақпаратты өз тілінен екінші тілге жеткізуші
4) Ақпарат арнасы.
5) Ақпаратты басқа тілден қайта жасап шығарушы.
6) Алынған ақпарат.
ХХ ғ. 20-жылдары аяғында сөйлеуші сөзін бір уақытта бірнеше тілге
аудару, яғни синхронды аударма қолданыла бастады. Синхронды аударма тіркесі
гректің syn (бірге) + chronos (уақыт) деген сөздердің біріктірілуінен
алынған, екі немесе бірнеше құбылысты не процесті олар өтіп жатқан кезде
бір-біріне дәл сәйкестікте орындау дегенді білдіреді.
1926 жылы бостондық радиоинженер Гордон Финли мен IBM фирмасының
президенті Томас Уотсонның атына ілеспе аударма жасауға арналған патент
берілген. Сол патент негізінде олар Бостон қаласындағы дүкен иесі Эдуард
Филеннің көптен іске асыра алмай жүрген идеясы: сөз сөйлеуші мен оның
аудармасын бір мезгілде тыңдарманға жеткізу туралы ойын жүзеге асырады.
Кеңес дәуірінде синхронды аударма алғаш рет 1928 жылы VI Коминтерн
конгресінде қолданылды. Алайда бұл аударма түрі тек Ұлы Отан соғысынан
кейін, арнайы техникалық жабдықтар жасақталған кезде ғана кеңінен
пайдаланылды. Синхронды аударма тез арада БҰҰ-нда және түрлі конференция,
конгресс пен симпозиумдарда мақұлданды. Бірақ синхронды аударма ілеспе
аударманы толықтай алмастыра алмайды. Бұған бірнеше себептер бар. Ең
бастысы – синхронды аудармаға қажетті жабдықтардың қымбаттылығы. Бұған
қоса, сөйлеушілердің пікірінше, синхронды аударма олардың тыңдаушылармен
қатынасын жоққа шығарып, сөздің эмоционалдық бояуын кедейлендіреді. Және де
синхронды аударма ілеспе аудармада сияқты ақпарат жеткізу дәлдігін
қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, маңызды келіссөздер кезінде әдетте
ілеспе аудармаға жүгінеді.

1.3. Терминдердің мәтіндегі рөлі
Ғылыми-техникалық мәтіндердің өзегі – терминдер, сондықтан олар
ықшамдылық, қолдануға қолайлылық, жүйелілік сияқты талаптарға сай келіп,
ұғым мазмұнын дәл беруі тиіс. Және де термин сөздер ғылыми-техникалық
мәтіндерде жиі кездеседі. Сондықтан терминология тақырыбына айрықша
тоқталып кеткен жөн. Терминология дегеніміз – өндірістік қызмет саласындағы
терминдер туралы білім жиынтығы.
Әдетте, бір сөз ауызекі тілде көп мағыналы, яғни бір түсінікке алуан
түрлі мағына бере алады. Мысал ретінде негізгі ұғымы жазықтық болатын
table сөзін алайық:
үстел, тақта, тақтайша, плита, қырат, скрижаль, кесте, тізім
стол, доска, дощечка, плита, плоскогорье, скрижаль, таблица, табель
Сонымен қатар, table сөзінің негізгі ұғымнан алшақтау, ауыспалы
мағынадағы бірнеше сөздер бар:
үстел басындағы адамдар,
(үстелге қойылатын) ас, тамақ,
плитадағы жазу.
Сөздің жалпы әдеби тілдегі көп мағыналылығы – сол тілдің көркемдеуіш
құралдар байлығының бірден бір факторы. Лексикалық көпмағыналылық тілге
айрықша икемділік пен жандылық дарытып, ойдың ең нәзік реңктерін жеткізуге
мүмкіндік береді. Ал, ғылыми-техникалық тілде басты талап керісінше ойды
барынша нақты жеткізу, әрі көпмағыналылыққа жол бермеу болып табылады.
Сондықтан терминге қойылатын негізгі талап – оның бір ғана, дара,
белгіленген мағынаға ие болуы. Алайда, іс жүзінде бір мамандық
айналасындағы терминдердің өзі де бұл талапқа сай келе бермейді. Мысалы:

engine көлік,қозғалтқыш, паровоз
oil май, майлаушы құрал, мұнай

Әрине, бұл жағдай мәтінді дәл түсінуге қиындық туғызып, аудармашы
жұмысына салмақ түсіреді.
Сонымен, ғылыми-техникалық терминологияның шығу тегі қайда жатыр? Ең
үлкен топты кірме сөздер немесе латын және грек тілдері негізіндегі
ғалымдардың ойлап тапқан сөздері құрайды. Бұлар ғылым мен техниканың дамуы
және жаңа ұғымдардың пайда болуы себебінен жарыққа шықты. Мысалы, 1830
жылы латынның parum affinis (яғни басқа заттармен аз жанасатын) деген
сөз тіркесінен шыққан paraffin атты жаңа оқшау зат пайда болды. 1850 жылы
Либих спиртті қышқылдандыру арқылы жаңа қоспа жасап, оны alcohol
dehydrogentum сөздерінің алғашқы әріптерін қосып, aldehyde деп атап кетті.
Кейде, гректің haima – қан және латынның globus – шар сөздерінен шыққан
haemoglobin (гемоглобин) сияқты гибрид сөздер де кездеседі.
Терминдердің көбісі XVIII-XIX ғғ. Англияда ғылымның жаппай дамуы
кезінде пайда болды. Соның ішіндегі біршамасы жалпыәдеби тілге еніп,
күнделікті қолданыста да кездесіп жүр. Оларға мыналар жатады:

dynamo, barograph, ozone, centigrade, cereal, gyroscope, sodium,
potassium және т.б.

XX ғасырда мынадай жаңа сөздер пайда болды:

penicillin, hormone, isotope, photon, positron, radar, biochemistry,
cyclotron және т.б.

Бұл терминдер ғылыми жаңалықтардың күнделікті өмірмен тікелей
байланысты болғандықтан, жалпыға түсінікті болды. Алайда ғылыми-техникалық
терминологияның басым бөлігі көпшілікке таңсық, сол білім саласының
маманына ғана мәлім екенін атап кеткен жөн.
Терминдердің екінші бір үлкен тобына арнайы мағынада қолданылатын,
жалпыәдеби сөздер жатады. Мысалы:

Jacket: 1) кеудеше
2) қап (механизмдердің немесе олардың
бөлшектерінің қабы)
Jar: 1) құмыра
2) конденсатор

To load: 1) тиеу
2) оқтау, зарядтау

Сонымен қатар, бір сөз белгілі бір білім саласына байланысты әртүрлі
арнайы мағынада қолданылады. Мысалы, pocket – қалта сөзінің келесідей
арнайы мағыналары бар:
ауа шұңқыры (авиацияда)
қоршап алу (әскерде)
толқын қамтылмайтын аймақ (радиода)
кен орны орналасқан жер (геологияда)
сым жолы (электротехникада)

Құрылымына қарай барлық терминдер мынадай топтарға бөлінеді:
Жай терминдер: oxygen – оттегі, resistance – кедергі, velocity –
жылдамдық.
Сөздердің бірігуі арқылы жасалатын күрделі терминдер. Терминнің
құрамдас бөліктері жалғауыш дауыссты арқылы жалғанады:
gas + meter = gasometer – газометр
Сонымен бірге құрамдас бөліктердің қысқаруы да орын алады:
turbine + generator = turbogenerator – турбогенератор
ampere + meter = ammeter – амметр
Құрамдас бөліктері атрибутивтік байланыстағы сөз тіркестер:
direct current – постоянный ток – тұрақты қуат
barium peroxide – перекись бария – барий тотығы
Көп жағдайда атрибутивті бөліктің өзінде семантикалық біртұтастықтағы
сөз тіркесі кездеседі. Бұл біртұтастық көбінесе дефис арқылы жазылады:
low-noise penthode – шуы аз пентод – малошумный пентод
doubling-over test – иіліс (бүгіліс) сынағы – испытание на сгиб
Аббревиатура, яғни сөз тіркестреді әріптік қысқарту:
e.m.f. = electromotive force – электрқозғалтқыш күш
Кейде сөз тіркесінің бір бөлігі ғана қысқарады:
D.C. amplifier = direct current amplifier – тұрақты қуат күшейткіші
Жеке сөзге айналған буындық қысқартулар:
loran (long range navigation) - Лоран қашықтықтағы радионавигация
жүйесі – система дальней радионавигации Лоран;
radar (radio detection and ranging) – радар.
Кейбір әріптерінің бейнелуіш формасына байланысты атрибутивтік рөл
артылатын терминдер:
T-antenna – Т-тәріздес антенна – Т-образная антенна;
V-belt – сына тәріздес белдік – клиновидный ремень.
Бұл әріп кейде жай ғана шартты белгі боп қалады:
X-rays – рентген сәулелері – рентгеновские лучи.
Терминдерді аудару кезінде келесідей жағдайлармен кездесуіміз мүмкін:
а) Халықаралық дәрежедегі терминдердің кейбірі транслитерация арқылы
аударылады:
antenna – антенна;
feeder – фидер (механизммен қамтамасыз етуші зат);
blooming – блюминг.
ә) Кейбір терминдердің қазақ тіліндегі дәл баламасы болады:
hydrogen – сутегі;
voltage – кернеу.
б) Кей терминдер қазақ тіліне сөзбе-сөз аударылады:
single-needle instrument – бір бағытты құрал;
superpower system – аса қуатты жүйе.
в) Сөздікте ағылшын терминінің тура аудармасы болмауы мүмкін. Сондықтан
аудармашыға конкретизация тәсіліне жүгінуге тура келеді:
video-gain – шағылысқан сигнал белгілерінің жарықтығын реттеу;
combustion furnace – органикалық саралау пеші;
wall beam – көлденең қабырға бойымен жатқан ағаш.
Терминдерді аудрғанда кірме сөздер қолданысын барынша азайтып, керек
кезде қазақ сөздерін жиірек қолданған абзал:
индустрия орнына өнеркәсіп,
агрокультура орнына ауылшаруашылық,
импеданс орнына толық кедергі.

Қазақ тіліндегі терминжасам амалдары
Соңғы жылдары ұлттық ойсана мен ұлт тілі туралы көзқарас, оларға деген
қарым-қатынас түбегейлі өзгерістрерге ұшырады. Осыған байланысты тіл
біліміндегі зерттеу бағыттары да тың арналарға қарай ойысты: әсіресе
қолданбалы тіл білімі саласында қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесін
барынша биік сатыға көтеру мүддесінде қазақ тілінің терминжасам жүйесіне
қатысты маңызды жұмыстар қолға алына бастады. Бұл ретте республикада тіл
саясаты мен стратегиясына арналған нормативтік құжаттарда ізгі талаптарды
атап өтпеуге болмайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 21
ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-
2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілінің
әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мақсатында жүзеге асырылатын
міндеттер қатарында қазіргі қазақ әдеби тілінің сөзжасам процестерін, оның
ішінде терминжасам принциптерін ғылыми негізде жүйеге келтіру, қазақ
тілінің толыққанды терминологиялық жүйесін енгізу, бұл үшін тілдің
лексикалық және семантикалық тынысының мүмкіндіктерін кеңейту қажеттігі
баса көрсетілді.
Кез келген тілде терминжасам процесі, ең алдымен сол тілдің сөздік
құрамы, ұлттық лексикасы негізінде жүзеге асырылады. Демек, терминдер тілде
бұрыннан бар сөздер мен түбірлерден жасалады. Осыған орай, терминдер
қатарында сол тілге тән әр түрлі құрылымдылық типтері кездеседі: түбір сөз,
туынды сөз, күрделі сөз, сөз тіркесі және т.б.
Жалпы терминжасам процесінің нәтижесінде жасалған терминдік бірліктерді
тұтас құрылымды және көп құрылымды деп бөліп көрсетуге болады. Осы ретте
терминжасам процесінің барысында туындайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма теориясының негізгі ұғымы және оның басқа ғылыми салалармен байланысы
Қағаздан аудару
Лингвистикалық аударма теориясы
Аударуманың теориялық мәселелері
Аударма барысындығы сөйлем мүшелерін өзгерту
Аудармадағы аударылмайтын сөздер
Мамандық бойынша ғылыми мақалалармен, мәтіндермен жұмыс.ғылыми мақаланың жазылуы, тезис құрастыру
Оқыту — даму негізі
Электрондық оқулықтарды жасаудың құралдары
Ауызша аударма
Пәндер