Валюталық бақылау



Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Валюталық бақылау: түсінігі, мақсаты, нормативті бекітілуі.

1.1 Валюталық бақылау түрлері

1.2 Валюталық бақылау органдарының жүйесі

2. Валюталық заңнаманың негізгі нормалары мен валюталық шектеулер.

2.1 Экспортттық түсімдерге валюталық бақылау

2.2 Импорттық түсімдерге валюталық бақылау

2.3 Валюталық бақылау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасында валюталық – несиелік қатынастарды мемлекеттік реттеу еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамассыз етуге, сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту арқылы экономиканың қарқынды дамуына өз үлесін қосуға, сондай – ақ, дүние жүзілік шаруашылықта Қазақстан экономикасының жан - жақты интеграциялануына жағдай жасауға бағытталған. Қазақстан Республикасында мемлекеттік реттеу экономикалық және әкімшілік әдістер арқылы да жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының валюталық рыногі маңызды макроэкономикалық фактор және мемлекеттің ақша – несие саясатын жүргізудің құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасының валюталық рыногының құрылымы - көбінесе еліміздің экономиканы реттеудегі ұстанған саясатына және валюталық курстың тұрақтылығын қамтамассыз етуге бағытталған валюталық реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың валюталық – несиелік және қаржылық қатынастарға араласу деңгейіне байланысты.
Валюталық рынок ретінде әдетте әр түрлі елдердің валюталарын сатып алу сату жүзеге асырылатын рынок.
Ішкі валюталық рынокты қалыптастырудың қайнар көздеріне экспорттық операцияларды жасау нәтижесінде түсетін шетелдік валюта жатады. Осы тұрғыдан қазіргі таңның ағымына сай рыноктік қатынастарды құрушы Қазақстан Республикасының валюталық рыногының қызметінің динамикасын толық сипаттау мақсатында валюталық реттеу мен экспортты-импортты валюталық бақылауға назар аударылу тиіс.
Қазақстанның экономикада нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біршама күрделі және қиын бақыланатын сұрақтар туындады. Олар мемлекетке экспорттық тауарлардан түсетін валюталық түсімдерді қайтару және отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет көрсетуі емес, олардың фиктивті импорттық шарттар негізінде валюталар мен мәмілелерді тауарсыз аударуы болып табылды. Нәтижесінде, шетелдік банктер шоттарында отандық кәсіпорындар мен ұйымдарға жататын үлкен валюталық қаражаттар жинақталды, осылайша, бұл мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай зиян келтірілді.
Сол себепті мемлекетте отандық кәсіпорындар мен ұйымдар жүргізетін экспорттық, импорттық және өзге де сыртқы экономикалық операцияларға валюталық бақылау жүйесін қалыптастыру қажеттігі туындады.
Осы мақсатта көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданған болатын.
1. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және бақылау» туралы Заңы 13.06.2005 жыл
2. «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы» нұсқаулық 05.08.2001 жыл
3. «Международные валютно – кредитные и финансовые отношения» под.ред. Л.Н. Красавиной М 2000
4. «Международное валютное право» Вернр.Ф. Эбке М 1997
5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы заңы» 30.03.1995 жыл
6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16.07. 1997 жыл
7. «Финансовое право» Найманбаева. Алматы 2005 жыл
8. «Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық» Майдан-Әли Байгисиев Алматы 2004 жыл
9. «Финансовое право РК» Худяков. А.И. Алматы 2001 жыл
10. «Қаржылық құқық» Н.И. Химичев
11. Таможенный брокер, АО «Нева-Терминал», Санкт-Петербург 1998.
12. «Внешне финансовая деятельность предприятия» Юнити 1999 жыл

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Валюталық бақылау: түсінігі, мақсаты, нормативті бекітілуі.

1.1 Валюталық бақылау түрлері

1.2 Валюталық бақылау органдарының жүйесі

2. Валюталық заңнаманың негізгі нормалары мен валюталық шектеулер.

2.1 Экспортттық түсімдерге валюталық бақылау

2.2 Импорттық түсімдерге валюталық бақылау

2.3 Валюталық бақылау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Қазақстан Республикасында валюталық – несиелік қатынастарды
мемлекеттік реттеу еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамассыз етуге,
сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту арқылы экономиканың қарқынды
дамуына өз үлесін қосуға, сондай – ақ, дүние жүзілік шаруашылықта
Қазақстан экономикасының жан - жақты интеграциялануына жағдай жасауға
бағытталған. Қазақстан Республикасында мемлекеттік реттеу экономикалық
және әкімшілік әдістер арқылы да жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының валюталық рыногі маңызды макроэкономикалық
фактор және мемлекеттің ақша – несие саясатын жүргізудің құралы болып
табылады.
Қазақстан Республикасының валюталық рыногының құрылымы - көбінесе
еліміздің экономиканы реттеудегі ұстанған саясатына және валюталық курстың
тұрақтылығын қамтамассыз етуге бағытталған валюталық реттеуді жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың валюталық – несиелік және қаржылық
қатынастарға араласу деңгейіне байланысты.
Валюталық рынок ретінде әдетте әр түрлі елдердің валюталарын сатып
алу сату жүзеге асырылатын рынок.
Ішкі валюталық рынокты қалыптастырудың қайнар көздеріне экспорттық
операцияларды жасау нәтижесінде түсетін шетелдік валюта жатады. Осы
тұрғыдан қазіргі таңның ағымына сай рыноктік қатынастарды құрушы
Қазақстан Республикасының валюталық рыногының қызметінің динамикасын толық
сипаттау мақсатында валюталық реттеу мен экспортты-импортты валюталық
бақылауға назар аударылу тиіс.
Қазақстанның экономикада нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты
біршама күрделі және қиын бақыланатын сұрақтар туындады. Олар мемлекетке
экспорттық тауарлардан түсетін валюталық түсімдерді қайтару және отандық
кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет көрсетуі емес, олардың фиктивті
импорттық шарттар негізінде валюталар мен мәмілелерді тауарсыз аударуы
болып табылды. Нәтижесінде, шетелдік банктер шоттарында отандық
кәсіпорындар мен ұйымдарға жататын үлкен валюталық қаражаттар жинақталды,
осылайша, бұл мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай зиян
келтірілді.
Сол себепті мемлекетте отандық кәсіпорындар мен ұйымдар жүргізетін
экспорттық, импорттық және өзге де сыртқы экономикалық операцияларға
валюталық бақылау жүйесін қалыптастыру қажеттігі туындады.
Осы мақсатта көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданған
болатын.
[1]
Негізгі бөлім.

Валюталық бақылау:түсінігі,мақсаттары,нормати вті бекітілуі.
Валюталық реттеудің маңызды бағыты - валюталық бақылау болып
табылады. Валюталық бақылау мемлекеттік валюталық саясаттың бір бөлігі
бола отырып, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі мен экономикалық
тәуелсіздігін қамтамассыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттің қорғаушылық
және реттеушілік қызметін жүзеге асыру құралы.
Валюталық бақылаудың басты мақсаты валюталық операцияларды жүзеге
асыру барысында валюталық заңнаманың сақталуын қамтамассыз ету болып
табылады.
Валюталық бақылаудың негізгі бағыттары келесідей:
а) жүргізіліп отырған валюталық операциялардың қолданыстағы заңнамаға
сәйкестігін анықтау және бұл үшін қажетті лицензия мен рұқсаттың болуы,
б) резиденттердің мемлекет алдындағы шетелдік валютадағы міндеттерінің
орындалуын тексеру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ішкі валюталық
рыногіндегі шетелдік валютаны сату жөніндегі міндеттерінің орындалуына
тексеріс жүргізу;
в) шетелдік валютадағы төлемдердің негізділігін тексеру;
г) валюталық операциялар бойынша тіркеу мен есептіліктің толықтығы мен
объективтілігін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы валютадағы резидент
еместердің операцияларын тексеру;
Валюталық бақылау дегеніміз шетелдік валютаның қолда бар көлемін және
оның басқа валюталарға айырбастау бағамын реттеу. Егер валюталық құқық
пәніне сәйкестендіре анықтайтын болсақ, валюталық бақылау - бұл Қазақстан
Республикасының валюталық реттеу жөніндегі заңдарын мұқият орындау
мақсатындағы ұйымдық – құқықтық шаралар жүйесі.
Осылайша, валюталық бақылау бүкіл валюталық бақылау жүйесінің өзара
тығыз байланысты тармақтарының бірі болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы экспорттық операцияларды
валюталық бақылау бірқатар нормативті құжаттармен реттеледі:
- 2005 жылғы 13 маусымда қабылданған Валюталық реттеу және бақылау
туралы Қазақстан Республикасының Заңы
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің Біріктірілген мемлекеттік экспорт-
импорт валюталық бақылауы туралы қаулы
- 2001 жылғы 5 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
Қазақстан Республикасында экспорт- импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулық
- 1997 жылы 29 мамырдағы № 229 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысымен және 1997 жылғы 20 маусым № 159 Қазақстан Республикасының
мемлекеттік Кеден комитетінің бұйрығымен бекітілген
- Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру
туралы ереже
Сонымен қатар басқа да көптеген бұйрықтар, нұсқаулықтар және ережелер.
Валюталық бақылау мақсатарының анықтамасына сәйкес қарастырып
отырған қатынастардың объектісі болып экспорт барысындағы валюталық
операциялар болып табылады. Валюталық реттеу және бақылау туралы Заңға
сәйкес валюталық операциялар:
- меншік құқығының және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуіне
байланысты мәмілелер, соның ішінде шетел валютасы төлемдері мен шетел
валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретінде пайдалануға байланысты
мәмілелер;
- валюталық құндылықтар кез – келген тәсілмен Қазақстан Республикасына
әкелу және жөнелту, сондай – ақ Қазақстан республикасынан әкету және
жөнелту;
- ұлттық валютаға, сондай – ақ номиналы мен құны ұлттық валютада
көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен
басқа да құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент
еместердің арасындағы мәмілелер;

Валюталық операциялар ағымдағы операцияларға және капитал қозғалысына
байланысты операцияларға бөлінеді.
Жоғарыда аталған қатынастардың субъектілері :
- валюталық бақылаудың органдары мен агенттері
- экспорттық операциялардың қатысушылары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және бақылау туралы
Заңына сәйкес: Қазақстан республикасында валюталық бақылауды валюталық
бақылау органдары мен агенттері жүзеге асырады. Қазақстан республикасының
заңдарына сәйкес валюталық реттеу қызметін жүзеге асыруға құқылы
мемлекеттік органдар, яғни Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының
Үкіметі валюталық бақылау органдары болып табылады. Алған лицензияларға
сәйкес өздері операциялар жүргізген кезде валюта заңдарын бақылау міндеті
жүктелген уәкілеттік берілген банктер мен уәкілеттік берілген банктік
емес қаржы мекемелері валюталық бақылау агенттері болып табылады.
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларға қатысушы отандық
және шетелдік жеке және заңды тұлғалар, резидент және резидент емес деп
бөлінеді.
(

Резиденттер:
- Қазақстан Республикасында мекен орны бар, соның ішінде уақытша шетелде
тұратың немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оның мемлекеттік
қызметіндегі жеке тұлғалар,
- Қазақстан Республикасында орналасқан, Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, сондай –ақ олардың
Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде орналасқан филиалдары
мен өкілдіктер;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі Қазақстан Республикасының
дипломатиялық, сауда және өзге де өкілдіктері;
Резиденттер еместер резиденттер ұғымында көрсетілмеген Қазақстан
Республикасындағы немесе одан тыс жерлердегі барлық заңды
және
жеке тұлғалар, сондай – ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері.
Дәлірек қарастырсақ резидент еместер:
- шетелде тұрақта тұратын, сонымен қатар Қазақстан Республикасында
уақытша жүрген жеке тұлғалар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетел
мемлекетерінің заңнамаларына сәйкес құрылған заңды тұлғалар.
- Қазақстан Республикасында орналасқан дипломатиялық және ресми
өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және т.б.
Резиденттер арасындағы теңгемен жасалынатын төлемдер ешбір шектеусіз
жүзеге асады. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар
бойынша төлемдер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта
операциялары туралы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тараптардың
келісімі бойынша кез келген валюта түрінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатып алуды, сатуды және
айырбастауды резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі белгілейтін тәртіппен уәкілеттік берілген банктер мен
уәкілеттік берілген банктік емес қаржы мекемелері арқылы, сондай-ақ,
олардың айырбастау пункттері арқылы жүргізеді.
Резиденттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген
тәртіппен уәкілеттік берген банктерде шетел валютасындаы есеп шоттар аша
алады. Резиденттердің тауарлар мен қызметтер үшін төлем ретінде, сондай-ақ
несие ретінде алатын шетел валютасы уәкілеттік берілген банктердегі
есепшоттарына міндетті түрде есептелуге тиіс.
Резиденттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген
тәртіппен шетел банктерінде Қазақстан Республикасының валютасымен және
шетел валютасымен есеп шоттары болуы мүмкін.
Резидент еместердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
белгілеген тәртіппен уәкілеттік берген банктерде Қазақстан Республикасының
валютасымен және шетел валютасымен есеп шоттары болуы мүмкін.
(
Шетелдік банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген
тәртіпте Қазақстан Республикасының банктерінде шетел валютасымен және
Қазақстан Республикасының валютасымен корреспонденттік және өзге де
есепшоттар ашуға құқылы.
Уәкілеттік берілген банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
белгілеген валюталық ашық позиция лимитінің шегінде Қазақстан
Республикасында және шетелдерде шетел валютасын еркін айырбастай алады,
сатып алады және сата алады. Резиденттер мен резидент еместер Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен шетел валютасын сатып
алуға, сатуға және айырбастауға құқылы.
Резиденттер мен резидент еместер арасындағы ағымдағы операцияларды
орындау үшін жүзеге асырылатын халықаралық банктік төлемдер мен
аударылымдарды уәкілеттік берілген банктер шектеусіз жүргізеді.
Капитал қозғалысына байланысты және Қазақстан Республикасының
валютасы мен шетел валютасын пайдалана отырып жүргізілетін операцияларды
орындау үшін жүзеге асырылатын халықаралық төлемдер мен аударылымдар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүзеге
асырылады. Осы ағымдағы операциялар мен капитал қозғалысына байланысты
операциялар арасындағы айырмашылық болып табылады.
Резиденттер мен резидент еместердің валюталық құндылықтарды әкелуі
шектеусіз жүзеге асырылады. Алайда бұл құндылықтарды әкету тәртібі мен
нормасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді
Валюталық шарттар деп аталатын шетел валютасын сатып - алу сату
шартында бұл валюта ақша және ақша белгісі қызметін атқармайды, сондай-ақ
бағ шарасы ретінде рөль атқармайды. Керісінше, олар тауар болып табылады
және шарттардың өзі шетел ақша белгілерімен төлеуге емес, олар бұл
белгілерді сатуға бағытталады. Валюталық шарттарға ақша міндеттемелері үшін
бекітілген арнайы нормалары қолданылмайды. Бұл шарттарға табиғи
белгілерімен анықталған заттарды сатуға бекітілген нормалар қолданылады.
Сондықтан да аталған шарттарды орындамаудың өзіндік нәтижелері бар: ақша
міндеттемелеріндегідей сияқты басты мақсаты келтірілген шығынды өтеттіру
болып табылады.

2. Валюталық бақылау түрлері
Валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың негізгі бағыттарын атап өтейік.
1.Экспорттық операциялар нәтижесіндегі валюталық түсімдердің түсуіне
кедендік-банктік бақылау:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Мемлекеттік Кедендік
Бақылаудың алдына қойған басты мақсатарының бірі экспорттық операциялар
бойынша валюталық түсімдерді қайтару болды.
(

Осы шараның жүзеге асуына құқықтық демеу жасайтын біршама нормативтік
құжаттар қабылданған болатын, солардың ішіндегі маңыздысы Қазақстан
Республикасына тауарларды экспорттаудан түсетін валюталық түсімдерге
валюталық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық болып табылады.
Нұсқаулықта кедендік органдар мен уәкілдік берілген банктер арасында
ақпараттық алмасуды ұйымдастыруға негізделген, тауарларды экспорттауды
жүргізетін кәсіпорындар, резидент – ұйымдар шоттарына түсетін валюталық
түсімдерге валюталық бақылау жүргізу тәртібі мен механизмі бекітілген.

Аталған нұсқаулықтың қолдану аясына тоқтала кетсек, ол Қазақстан
Республикасының кедендік аумағынан экспорттың кедендік режимінде
тауарларды шығаруға қатысты барлық мәмілелерге қолданылады.
Нұсқаулықта кедендік шкара арқылы өтетінтауарларға бақылауды және
экспортерлардың шотына түсетін валюталық түсімдерге бақылауды қамтамассыз
ететін есептік құжаттамалардың тізімі көрсетілген.

Міндетті құжаттар қатарына кіреді:

- мәміле паспорты (МП) – стандартталған нысанда уәкілетті банкте
экспортермен жасалатын валюталық бақылаудың базалық құжаты.
- тіркеу карточкасы (ТК) - кедендік органдармен құрастырылып, уәкілетті
банктерге бақылау үшін жіберілетін қайтарымды құжат.
- реестр – тіркеу карточкасын біріктіретін және экспорттық тауарлардың
түсірілуі, уақыты мен түсім мөлшері жөнінде ақпаратты қамтитын құжат.
- досье - экспорт бойынша алынатын валюталық түсімдердің түсуіне бақылау
жөніндегі арнайы іріктелген құжаттар.(

2.Импорттық тауарлар бойынша шетелдік валютада төленетін төлемдердің
негізділігіне валюталық бақылау.

Импорттық операцияларға кедендік – банктік бақылауды енгізудің басты
себебептердің бірі бұл отандық импортерлардың есеп айырысудағы - алдын
ала төлеу, дүние жүзілік бағалармен салыстырғандағы импортқа бағаның артуы
соның нәтижесі валюталық қаражаттың шетелге аударудың жиілеуі болды.
Импорт барысындағы тауарларға валюталық бақылауды ұйымдастырудың
методикалық және техникалық амалдары кедендік органдармен және уәкілетті
банктердің экспорттан түскен валюталық түсімдерге бақылауды жүзеге асыру
нәтижесіндегі тәжірибе негізінде қалыптасты.
6

3. Бартерлік операциялар кезіндегі валюталық бақылауды жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылаудың тиімді жүйесін
қалыптастыруда бартерлік мәмілелерге бақылауды бекітетін бірқатар
заңнамалық және нормативтік құжаттардың қабылдануы үлкен үлесін қосты.
Елдегі бартерлік операцияларды құқықтық реттеудегі шаралардың қолдану
мәнісінің бірі бұл эквивалентті емес ауыстыру мен бартерлік тауарларды
экспорттау мен импорттау барысындағы тұрақсыздығының нәтижесінде
айтарлықтай валюталық шығын келтіретін мемлекеттің ішкі сауда айналымындағы
бартерлік операциялардың шамадан тыс рольге ие болуы.
Ішкі саудадағы бартерлік мәмілелер ретінде – тауарлардың,көрсетілген
қызметтің, орындалған жұмыстың бағасы мен интеллектуалдық қызметтің
нәтижелерін көздейтін ішкі сауда қызметін жүзеге асыру кезіндегі
жасалынатын мәмілелер түсініледі.
Бартерлік мәмілелерді жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары
тиісті валюталық операцияларды атқару жөніндегі заңмен бекітілген
мерзімде, қажетті құжатпен куәландыра отырып, Қазақстан Республикасына
бағасынан жағынан эквивалентті тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды және
интеллектуалдық қызмет нәтижелерін кіргізуді қамтамассыз етуге міндетті.
Бартерлік операцияларды бақылау мен есепке алудың негізгі құжаты
болып табылатын, бартерлік мәмілелердің паспорты рәсімделгеннен кейін ғана
тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды және интеллектуалдық қызмет нәтижелерін
экспорттау жүргізіледі.
4. Саудадан тыс айналымдағы валюталық бақылауды жүзеге асыру.
Кедендік органдардың саудадан тыс айналымдағы валюталық бақылауды
жүзеге асыруының басты мақсаты, ол Қазақстан Республикасының шекарасы
арқылы жеке және заңды тұлғаларының шетелдік валютаны, ҚР – ның
теңгесіндегі бағалы қағаздарды, бағалы метеллдар мен тастарды кіргізу,
шығару әрекеттерін реттейтін нормалар мен ережелердің сақталуын
қамтамассыз ету болып табылады.
Шетелдік валюталарды Қазақстан Республикасының аумағына арқылы
кіргізу немесе шығару әрекеттерін жеке тұлғалар кеден декларациясын
толтырған жағдайда ешбір кедергісіз жүзеге асыралады.Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы 500 АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны шығыру
жөнінідегі әрекеттер, егер де жеке тұлғалар кеден органдарына ақшаның бар
екендігі туралы жазбаша немесе ауызша мәлімдеген кезде кедергісіз жүзеге
асырылады.
Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағынан 500 АҚШ доллары
көлемінен астам шығарған жағдайда кеден органына арнайы құжаттаманы табыс
етеді, аталған әрекет орындалмаған жағдайда валюта кеден органына
сақталуға беріліп, тек тұлғаның елге қайтып оралған жағдайда ғана
қайтарылуы мүмкін.
(
1.2 Валюталық бақылау органдарының жүйесі.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес валюталық бақылауды
валюталық бақылау органдары жүзеге асырады. 2005 жылдың 13 маусымда
қабылданған Валюталық реттеу және бақылау туралы Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес валюталық реттеу қызметін жүзеге асыруға
құқылы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы валюталық органдар
болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз қызметтерін жүзеге асыру үшін
валюталық бақылау агенттерін тартуға және оларды міндетті түрде орындауы
үшін жекелеген тапсырмалар беруге құқылы .
Валюталық Бақылау органдары мен агенттерінің лауазымды адамдары
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы органдарының құзіреті
шегінде валюталық бақылау органдары мен агенттерінің өз міндеттерін
жүзеге асыруға байланысты барлық құжаттаррды тексеруге, тексеру барысында
туындайтын мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер мен мәліметтер алуға
құқылы
Валюталық бақылау органдары мен агенттерінің және лауазымды адамдары
валюталық бақылау міндеттерін жүзеге асыру кезінде өздеріне белгілі
болған резиденттер мен резидент еместердің коммерциялық құпияларын
сақтауға міндетті.
Валюталық бақылау органдары мен агенттерінің лауазымды адамдары
өздеріне жүктелген міндеттерді ойдағыдай орындамаған жағдайда Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген тәртіптік жауапқа тартылуы мүмкін.
Валюталық бақылау органдарына Қазақстан Республикасының Үкіметі,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Кеден органдары жатады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес валюталық
құндылықтармен операцияларды және валюталық бақылау қызметін жүзеге асырушы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі еліміздің негізгі қаржылық – несие
органы, сондай –ақ валюталық реттеу мен валюталық бақылау органы болып
табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы заңына сәйкес Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі :
- Қазақстан Республикасында шетел валютасының және шетел валютасындағы
бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртібін белгілейді, шетел
валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді, соның
ішінде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлеміне де
енгізіледі;
- Резиденттердің және резидент еместердің Қазақстан Республикасында
валюталық оперциялар жүргізу ережелерін белгілейді;
(

- Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан
Республикасынан әкету және жіберу тәртібін белгілейді,
сондай – ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерінде
шоттар ашу тәртібін айқындайды;
- Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық
операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті
лицензиялау, тіркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пунктерін
тіркеу тәртібін белгілейді, сондай –ақ айырбастау пунктерінің тіркеу
кәуліктерін береді және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
- Қазақстан Ұлттық банкінің басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валютасына ресми
бағамын белгілейді;
- Алтын – валюта активтерін құрайды және солармен операциялар жасайды;
- Мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзіретіне сәйкес
Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместердің
орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алудың және
есептілік тәртібі мен нысандарын белгілейді;
- Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктік және
валюталық заңдарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, банктік және
валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
- Халықаралық есепайырысуды ұйымдастырады және шетелдермен қаржы
–валюталық және кредиттік – есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді,
- Жасалған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық
ұйымдармен шетел валютасын тартады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі валюталық құндылықтармен
және бағалы металлдармен байланысты келесідей операцияларды жүргізуге:
- шетел валютасын сатып алуға және сатуға;
- шет мемлекеттердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдарды
шығарған және Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел валютасымен
кепілдік берген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен
операциялар жүргізуге;
- өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша тиісті құқығы бар
банктерде, шетелдердің орталық банктері мен банктерінде, қаржы
институттарында, сонымен қатар халықаралық қаржы ұйымдарында шот ашуға;
- өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша тиісті құқығы бар
шетелдік орталық банк, банктер мен басқа да қаржы институттары,
шетелдер Үкіметі мен олардың агенттері, сондай-ақ халықаралық қаржы
ұйымдары үшін шот ашып, оны жүргізуге өкіл немесе корреспондент ретінде
іс -әрекет жасауға;
(
- Аффинирленген алтынды, бағалы қағаздарды, асыл тастарды және одан
жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асыруға;
- Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы рынокта
аффинирленген алтын мен басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату
жөнінде операциялар жүргізуге
- Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтар мен бағалы металдарды
әкелуге, сондай-ақ оларды шетел банктеріндегі және мамандандырылған
қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшін шетелдерге шығаруға
құқылы;
- Ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық банкінің басқармасы айқындайтын
кредиттік рейтинг бар эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды сатып
алуға, сатуға немес олармен операциялар жүргізуге;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының шешімі бойынша
өзге де оперцияларды жүзеге асыруға құқылы.
Валюталық операциялар:
- меншік құқығының және өзге де құықтардың валюталық құндылықтарға өтуіне
байланысты операциялар;
- валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына
әкелу және жөнелту, сондай – ақ Қазақстан Республикасынан әкету және
жөнелту;
Валюталық опеарациялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты
операцияларға бөлінеді.
Ағымдағы операциялар:
Тауарлар мен қызметтерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды
жүзеге асыру үшін ақша аудару;
Экспорт –импорт мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге несие
беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
180 күннен аспайтын мерзімге несие беру және несие алу;
Депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де опрциялар бойынша ақша
аудару және дивидендтер, проценттер, тағы басқа кірістер алу;
Сауда түріне жатпайтын ақша аударылымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлік
сомаларының аударылымдары, жалақы, зейнетақылар, алименттр және басқалар;
Капитал операцияларына жатқызылмаған өзг де операциялар;
Капитал қозғалысына байланысты операциялар:
Инвестициялар;
Жылжымайтын мүліктің мүліктік және басқа да құқықтарына төленетін ақша
аударылымдары,
180 күннен астам мерзімге экспорттық –импорттық мәмілелер бойынша несие
беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
(

180 күннен астам мерзімге несиелер беру және алу;
Зейнетақы активтерін жинақтаумен байланысты мәмілелер бойынша халықаралық
аударымдар;
Сақтандыру келісім шарттары бойынша халықаралық аударымдар;
халықаралық аударымдар;
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясында өзге мерзім
көзделмесе, экспорттық тауарларға валюталық төлем экспорттық тауарларды
өткізген күннен бастап 180 күннің ішінде резиднттермен алынып жәәне
олардың уәкілетті банктеріндегі шоттарына аударылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы негізінде
экспорттық тауарлар үшін алынған ақы сипатындағы валюталар резиденттердің
өздері тіркелеген шетел банктері мен өзге де қаржылық институттардағы
шоттарына аударуға жол беріледі.
Резиденттер арасындағы операциялар бойынша барлық төлемдер мен
аударымдар тек Қазақстан Республикасының валютасында, Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерінде және
салықтық, кеден заңдарымен көзделген реттерді қоспағанда, жүргізілуі
тиіс.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігінен және
уәкілетті банктерден алынған мәліметтер негізінде экспорт-импорт
валюталық бақылауының нәтижелері туралы ақпаратты жинақтайды және
таңдайды;
2) Уәкілетті банктерге есеп беру айынан кейінгі айдың 5- нен
кешіктірмей тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы
арқылы орын ауыстыруы жөніндегі ақпаратты ұсынады;
3) Валюталық түсімнің немесе тауардың Қазақстан Республикасының аумағына
уақтылы түсуін қамтамассыз етпеген экспортерлер импортерлер жөнінде
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне келісілген
тәртіппен ақпарат береді;
4) Барлық банктер мен олардың филиалдарының толық почта мекен жайларын,
сондай-ақ көрсетілген мәліметтерге кезкелген өзгерістерді көрсете
отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне
банктер мен олардың филиалдарының тізімдерін келісілген тәртіппен ай
сайын жіберіп отырады;
5) Банктердің валюталық бақылау бойынша бағдарламалық қамтамассыз
етілуіне техникалық талаптарды белгілеуге құқылы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі:
1) валюталық заңдар нормаларын экспортерлердің импортерлердің бұзуы
бойынша өз құзіреті шегінде іс жүргізеді;
2) Экспорт –импорт валюталық бақылауының нәтижелері туралы жиынтық
ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келісілген
тәртіппен ай сайын жіберіп отырады;

3) тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы нақты
қозғалысы туралы айына екі рет келісілген мерзімде Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкіне ақпарат ұсынады;

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен және кеден органдарынан
бұрын алынған ақпарат бойынша Қазақстан Республикасының валюталық
заңдарын бұзған экспортерлерді импортерлерді жауапкершілікке тарту
жөнінде істелген жұмыс туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне келісілген тәртіппен ұсынады.
Уәкілетті банктің хабарламасын алғаннан кейін кеден органы түскен
экспорт түсімі импорт бойынша жасалған төлемдер немесе олардың
қайтарылуы туралы ақпаратты мәліметтердің электронды базасына енгізеді
және Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының талаптарына сәйкес
экспорттық түсімін уақтылы әрі толық түсуін және келісім – шарттың
талаптарына сәйкес тауардың импорт бойынша жасалған төлемдерге сай келуін
тексереді.
Кеден органдары ай сайын, есеп беру айынан кейінгі айдың 15 –не
баламасы бес мың АҚШ долларынан аспайтын келісім шарт бойынша ақпаратты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне ұсынады.
Сондай-ақ кеден органы уәкілетті банктердің валюталық бақылау
агенттерінің қызметін ойдағыдай жүзеге асыру мақсатында уәкілетті банктің
өтініші бойынша экспортерлер импортерлер жібергеналған тауарлары
ақпаратты уәкілетті банкке ұсынуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық бақылаудың субьектілірі Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары, агенттеріменен Республикасының заңдылықтарына сәйкес орындалуы
Қазақстан Республикасы банкiнiң валюталық бақылауы
Валюталық реттеуді либерализациялаудың әлемдік тәжірибесі
«Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу»
Валюталық операцияларды классификациялау
Халықаралық валюта қатынастары
Валюталық реттеу және валюталық бақылау
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қатынастарының даму жүйесі
Валюта нарығы және валюталық операциялар
Валюта жүйесі
Пәндер