Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. табиғатта және адам өміріндегі маңызы



І Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 4
1 Балдырларға жалпы сипаттама 4
1.1 Балдырлар классификациясы 9
2 Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері 12
2.1 Балдырлардың табиғатта және адам өміріндегі маңызы 14
III Қорытынды 24
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
Курстық жұмыстың өзектілігі: Балдырлар (Algae) — жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында да, Йеллоустон паркінің ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады. Балдырлардың 20 000-нан астам түрі бар. Балдырлар дене құрылыстарына, түстеріне қарай алты үлкен топқа бөлінеді.
Балдырлар – төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады.
Балдырлардың табиғатта маңызы зор. Топырақта өсетіндері оттек бөлумен қатар өздері шіріп, топырақты құнарландырады. Бір грамм қара топырақта 50 000 балдыр болады. Суда өсетін жасыл балдырлар көмірқышқыл газын сіңірт, оттегін бөледі. Онымен су жәндіктері, балықтар тыныс алады. Судағы ағзалық заттарды денесіне сіңіріл отырып, суды тазартады. Ал азық болатын ұсақ жәндіктер балдырларды қорек етеді. Балдырлармен балықтар, теңіз жәндіктері де қоректенеді.
Балдырлар тау жыныстарын ыдыратып, топырақ түзуге қатысады. Ерте заманда (шамамен 1,5 млрд жыл бұрын) фотосинтездеуші балдырлар ауаны оттегімен байытып, өздері құрғаққа шыққан өсімдіктердің бастамасы болды. Содан кейін біртіндеп жер бетінде өсімдіктермен қоректенетін, оттегімен тыныс алатын жан-жануарлар пайда болды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Балдырларға жалпы сипаттама беру, балдырлардың экологиясының негізгі белгілері талдау, табиғатта және адам өміріндегі маңызына талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
 Балдырларға жалпы сипаттама беру;
 Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері талдау;
 Табиғатта және адам өміріндегі маңызына талдау жасау.
Өсімдіктер төменгі сатылы өсімдіктер және жоғары сатылы өсімдіктер болып екі топка бөлінеді. Төменгі сатылы өсімдіктерге бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар және қыналар (лишайники) жатады. Бұлардың құрылысы тамырға, сабаққа және жапыраққа дараланбаған. Бұл топқа кiрeтiн өсімдіктер ішіндегі геология үшін маңызы өте зор болып келгендері - балдырлар.
Балдырлар өсімдіктер дүниесінің ең ерте пайда болған тобы. Өздері пайда болған сулы ортаның жағдайының біркелкі тұрақты болып келуіне байланысты, балдырлар тұтастай бip геологиялық эпоханы басынан өткізген. Алайда олардың көпшілігінің осы уақытқа дейін, алғашқы кездерде пайда болған формаларынан көп айырмашылықтары жоқ. Бұл қарапайым жануарларға жақын, бip клеткалы және колониялы балдырлар. Филогенез процесінің барысында, балдырлардың эволюциясы, бip клеткалы және колониялы формаларынан көп клеткалы, құрылысы күрделі болып келетін, ұзындығы ондаған метрге жететін, денесі дифференциаланған ұлпалардан тұратын ересен үлкен өсімдіктерге дейін жеткен.
1. Әметов Ә. Ботаника. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім баспасы А 2000ж 508б.
2. Абдрахманов, О. Төменгi сатыдағы өсiмдiктер систематикасының практикалық жұмыстары.-Алматы: Қазақ университетi. 2 бөлiм: Саңырауқұлақтар мен қыналардың лабораториялық жұмыстары.-2004.-126 бет
3. бдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы мектеп 1972.
4. О. Абдрахманұлы. Өсімдіктер систематикасы Төменгі сатыдағы өсімдіктер Алматы “Ғылым” ғылыми баспа Орталығы 2003ж.
5. Жатканбаев Ж. Биология, өсімдіктер систематикасы, экологиясы. т.1
6. Абдрахманов, О. А. Практические работы по систематике низших растений.-Караганда:Изд-во КарГУ. Ч.2:Лабораторный практикум по грибам и лишайникам.-2001.-146 с.
7. Назарбекова С.Т. Краткий курс лекции по систематике низших растений учебное пособие Алматы изд «Қазақ университеті» 1992г 129с.
8. Шигаева М.Х., Цзю В.Л. Систематика бактерий:Учебное пособие.-Алматы:Қазақ университетi,2003.-150с.
9. Комарницкий Н.А. Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Ботаника : Систематика растений учебник М. Просвещение, 1975 с. 608.
10. Курс низших растений (под ред М.В.Горленко) М. Высшая школа 1981 с520.
11. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие Петрозаводск, 1992, изд. ПГУ с 111.
12. Лемеза Н.А. Шуканов А.С. Малый практикум по низшим рестениям учебное пособие Минск университетская 1994 с288.
13. ндреева И.И., Родман Л.С. Ботаника:Учебник для вузов.-3-е изд. , перераб. и доп.-М.:КолосС,2003.-528с.
14. Агелеуов Е., Дөненбаева К.т.б. «Ботаника өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» Алматы., Санат 1998ж.
15. 2.Бавтуто Г.А., Ерей Л.М. Практикум по анатомии и морфологии растений. – Минск.: Новое издание, 2002.
16. Старостенкова М.М., Лысогор А.И. Практические работы по систематике растений. - М., 1981.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыс Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. Табиғатта және адам өміріндегі маңызы тақырыбында орындалған.
Балдырларға жалпы сипаттама берілді және олардың классификациясы зерттелді. Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері талданды. Табиғатта және адам өміріндегі маңызына талдау жасалды.
Жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, 2 суреттен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 25 беттен тұрады.

МАЗМҰНЫ

І Кіріспе
3
ІІ Негізгі бөлім
4
1 Балдырларға жалпы сипаттама
4
1.1 Балдырлар классификациясы
9
2 Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері
12
2.1 Балдырлардың табиғатта және адам өміріндегі маңызы
14
III Қорытынды
24
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Балдырлар (Algae) -- жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында да, Йеллоустон паркінің ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады. Балдырлардың 20 000-нан астам түрі бар. Балдырлар дене құрылыстарына, түстеріне қарай алты үлкен топқа бөлінеді.
Балдырлар - төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады.
Балдырлардың табиғатта маңызы зор. Топырақта өсетіндері оттек бөлумен қатар өздері шіріп, топырақты құнарландырады. Бір грамм қара топырақта 50 000 балдыр болады. Суда өсетін жасыл балдырлар көмірқышқыл газын сіңірт, оттегін бөледі. Онымен су жәндіктері, балықтар тыныс алады. Судағы ағзалық заттарды денесіне сіңіріл отырып, суды тазартады. Ал азық болатын ұсақ жәндіктер балдырларды қорек етеді. Балдырлармен балықтар, теңіз жәндіктері де қоректенеді.
Балдырлар тау жыныстарын ыдыратып, топырақ түзуге қатысады. Ерте заманда (шамамен 1,5 млрд жыл бұрын) фотосинтездеуші балдырлар ауаны оттегімен байытып, өздері құрғаққа шыққан өсімдіктердің бастамасы болды. Содан кейін біртіндеп жер бетінде өсімдіктермен қоректенетін, оттегімен тыныс алатын жан-жануарлар пайда болды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Балдырларға жалпы сипаттама беру, балдырлардың экологиясының негізгі белгілері талдау, табиғатта және адам өміріндегі маңызына талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Балдырларға жалпы сипаттама беру;
Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері талдау;
Табиғатта және адам өміріндегі маңызына талдау жасау.

1 Балдырларға жалпы сипаттама

Өсімдіктер төменгі сатылы өсімдіктер және жоғары сатылы өсімдіктер болып екі топка бөлінеді. Төменгі сатылы өсімдіктерге бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар және қыналар (лишайники) жатады. Бұлардың құрылысы тамырға, сабаққа және жапыраққа дараланбаған. Бұл топқа кiрeтiн өсімдіктер ішіндегі геология үшін маңызы өте зор болып келгендері - балдырлар.
Балдырлар өсімдіктер дүниесінің ең ерте пайда болған тобы. Өздері пайда болған сулы ортаның жағдайының біркелкі тұрақты болып келуіне байланысты, балдырлар тұтастай бip геологиялық эпоханы басынан өткізген. Алайда олардың көпшілігінің осы уақытқа дейін, алғашқы кездерде пайда болған формаларынан көп айырмашылықтары жоқ. Бұл қарапайым жануарларға жақын, бip клеткалы және колониялы балдырлар. Филогенез процесінің барысында, балдырлардың эволюциясы, бip клеткалы және колониялы формаларынан көп клеткалы, құрылысы күрделі болып келетін, ұзындығы ондаған метрге жететін, денесі дифференциаланған ұлпалардан тұратын ересен үлкен өсімдіктерге дейін жеткен.
Балдырлар (Харовые водоросли) -- жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы (1-сурет). Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында, Йеллоустон саябағының ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады және теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз жерлерде де өсе береді. Қзіргі кезде балдырлардың 20 000-нан асатам түрлері анықталып отыр.
Балдырлардың құрылысына тоқталатын болсақ, олардың құрылымы болмайды. Негізінен бір клеткалы және көп клеткалы түрлері болады. Көп клеткалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Клетка қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардын тұрады. Клеткасы егізінен бір ядролы цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, хромотофора сияқты органоидтары және бос қуысы боладыды.[1]
Балдыр биохимикалық қасиеттеріне және клеткалық құрылымына қарай 12 типке бөлінеді: көп жасушалы жасыл балдыр (Cyanophyta), прохлорофитті балдыр (Prochlorophyta), қызыл балдыр (Rhodophyta), жалтырауық балдыр (Chrysophyta), диатомды балдыр (Dіatomeae), криптофитті балдыр (Cryptophyta), динофитті балдыр (Dіnophyta), қоңыр балдыр (Phaeophyta), сары-жасыл балдыр (Xanthophyta), эвгленді балдыр (Euglenophyta), жасыл балдыр (Chlorophyta), хара балдыр (Charophyta). Бұлардың 30 мыңға жуық түрлері белгілі. Қазақстанда 1 мыңнан астам түрлері кездеседі.
Осы балдырлардың клеткасында түс беріп тұратын хромотофоралар саны әр түрлі (бір, екі және одан да көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдыр өсімді (вегетативті), жыныссыз және жынысты (гологамия, изогамия, анизогамия, оогамия) жолдармен көбейеді. Бұлардың көбею органдары бір клеткалы (бұған тек хара балдыр жатпайды). Балдырдың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды. Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір клеткалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер балдырдан шыққан деп есептеледі.

1-сурет. Балдырлар

Көптеген балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, балдырдың табиғаттағы геохимикалық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрлері суларды биологиялық жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Мысалы, теңіз, мұхит жағалауындағы балдыр ол жан-жануарлардың мекені, тіршіліктерінің көзі болып саналады. Бентосты балдырға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды балдырдың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін балдыр шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден шайыр, бензин, керосин, техникалық майлар, бояғыштар алынады. Балдырдың қалдығы емдік қасиет көрсетеді. [1,2]
Аталған балдырлар туралы қысқаша тоқталатын болсақ: Қызыл балдыр (Rhodophyta ) - багрянкалар (Rhodophyta) теңіздерде, су түбінде таралған балдырдың ең үлкен бөлімі. Қызыл балдырлар теңіздерде су асты жартастарына, рифтерге, үлкенді-кішілі домалақ, қиыршық тастарға, құмға, ал майда түрлері ірі балдырларға жабысып өседі.
Негізінен 20-40м, ал қолайлы жағдайларда 100-200м тереңдікте өседі. Кейбір түрлері ғана тұщы суларда кездеседі. Қызыл балдырлардың 2 класқа (бангия, флоридия), 600-ден асатын туысқа жататын 4 мыңнан астам түрлері бар. Қазақстанда қызыл балдырлардың 22 түрі анықталған, оның 16-сы Каспий теңізінде кездеседі. Қызыл балдырлардың басқа балдырлардан ерекшелігі -- құрамында биллипротеиндер -- қызыл фикоэритрин мен көк фикоцианин пигменттері болады. Осы пигменттердің мөлшерлік ара-қатынасына байланысты оның түсі ашық-қызылдан көкшіл-жасыл және сары түске дейін өзгеріп отырады. Қызыл балдырлардың басым көпшілігі анатомиялық және морфологиялық құрылыстары күрделі көп клеткалы ірі өсімдіктер ретінде кездеседі. Тек аздаған түрлері ғана өте қарапайым бір клеткалы немесе шоғыр (колония) түзуші организмдер ретінде кездеседі. Аналық көбею органы-оогомияларының құрылысы, зиготаның даму процесі күрделі болып келеді. Споралары мен гаметалары талшықсыз, яғни өздігінше қозғала алмайды. Талломдарының көлемі, құрылысы, пішіні жағынан балдырдың түріне қарай әр түрлі жіпше, таспа, цилиндр, қабыршақ, торсықша, маржан (коралл) тәрізді тілімделген және тарамдалған болады. Вегетативтік (су түбіне жайылған негізгі өркендерге жаңадан сабақтар пайда болуы арқылы; бір клеткалы немесе шоғыр түзетін түрлер клеткаларының екіге бөлінуімен), жыныссыз (моно-, ди-, тетраспораларымен) және жынысты (оогамия) жолдармен көбейеді. Даму циклінде осы жолдармен айланысты, кезектесе ауысып отырады. Қызыл балдырлардың теңіз тіршілігіне ықпалы үлкен. Ол теңіз биоценозының басым бөлігін құрап, су жануарларының негізгі қорегі болып саналады. Себебі қызыл балдырдың көбею клеткалары тетраспораларының, карпоспораларының өте көп пайда болуына әкеледі де, нәтижесінде жаға маңы суларында фитопланктонның қалыптасуына ықпал етеді. Сол арқылы су асты маржан рифтерінің пайда болуына мүмкіндік жасайды. Қызыл балдырлардың көптеген түрлерінен салат, тұздық, сорпа жасауға, кептірілген күйінде де пайдалануға болады. Родимения және порфира түрлері жеуге жарамды болғандықтан, тынық мұхиты жағалауындағы бірқатар елдерде (Жапония) оларды өндірістік тұрғыда арнайы өсіреді. Қызыл балдырлардан бағалы зат - агар алынады, балдыр ұны -тыңайтқыш, малға азық ретінде пайдаланылады.
Балдырлар (Algae) -- жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында да, Йеллоустон паркінің ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады. Балдырлардың 20 000-нан астам түрі бар. Балдырлар дене құрылыстарына, түстеріне қарай алты үлкен топқа бөлінеді.
Балдырлар - төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді: көкжасыл балдырлар (Cyanophyta), прохлорофитті балдырлар (Prochlorophyta), қызыл балдырлар (Rhodophyta), жалтырауық балдырлар (Chrysophyta), диатомды балдырлар (Dіatomeae), криптофитті балдырлар (Cryptophyta), динофитті балдырлар (Dіnophyta), қоңыр балдырлар (Phaeophyta), сарыжасыл балдырлар (Xanthophyta), эвгленді балдырлар (Euglenophyta), жасыл балдырлар (Chlorophyta), хара балдырлары (Charophyta). Бұлардың отыз мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі. Жасушасында балдырларға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әртүрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдырлардың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды. Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір жасушалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер балдырлардан шыққан деп есептеледі. Көптеген балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, балдырлардың табиғаттағы геохимиялық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биологиялық жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңіз, мұхит жағалауындағы балдырлар - жан-жануарлардың мекені, тіршіліктерінің көзі. Бентосты балдырларға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды балдырлардың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін балдырлар шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден смола, бензин, керосин, техникалық майлар, лактар алынады. Балдырлардың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл балдырлардан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр балдырлардан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ күлінен калий, натрий тұздары, йод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр балдырлары теңіз капустасы деген атпен, ал жасыл балдырлар (ульва) теңіз салаты деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырларды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады. [3]
Қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерге сүйенсек, балдырларды талшықтардан, яғни суда өмір сүрген 1-2 талшығы бар бір клеткалы организмдерден шыққан деп жорамалдайды. Олардың ішінде хлорофилдері бар (автотрофты) және түссіз (гетеротрофты) организмдер кездеседі. Бұлардьщ алғашқылары өсімдіктерге, ал соңғылары жануарларға жақын. Сондықтан да көптеген систематиктер талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлардың арасын жалғастырып тұратын, екеуіне де ортак, бастапқы топ ретінде қарастырады. Балдырлар 10 типке бөлінеді. Олардың ішіндегі палеонтология үшін маңыздылары: көк-жасыл, диатомды және жалтырауық балдырлар.
Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Олар Антарктиданың мұздықтарында да, Йеллоустон паркінің ыстық бұлақтарында да тіршілік ете алады. Балдырлардың 20 000-нан астам түрі бар. Балдырлар дене құрылыстарына, түстеріне қарай алты үлкен топқа бөлінеді.Балдырлар - төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Клетка қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Клеткасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді: көкжасыл балдырлар (Cyanophyta), прохлорофитті балдырлар (Prochlorophyta), қызыл балдырлар (Rhodophyta), жалтырауық балдырлар (Chrysophyta), диатомды балдырлар (Dіatomeae), криптофитті балдырлар (Cryptophyta), динофитті балдырлар (Dіnophyta), қоңыр балдырлар (Phaeophyta), сарыжасыл балдырлар (Xanthophyta), эвгленді балдырлар (Euglenophyta), жасыл балдырлар (Chlorophyta), хара балдырлары (Charophyta). Бұлардың отыз мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі. [3,4]
Клеткасында балдырларға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әр түрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдырлардың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды. Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір жасушалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер балдырлардан шыққан деп есептеледі. Көптеген балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, балдырлардың табиғаттағы геохимиялық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биологиялық жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңіз, мұхит жағалауындағы балдырлар - жан-жануарлардың мекені, тіршіліктерінің көзі. Бентосты балдырларға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды балдырлардың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін балдырлар шіріп, сапропельге айналады. Сапропельденсмола, бензин, керосин, техникалық майлар, лактар алынады. Балдырлардың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл балдырлардан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр балдырлардан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ күлінен калий, натрий тұздары, йод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр балдырлары теңіз капустасы деген атпен, ал жасыл балдырлар (ульва) теңіз салаты деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырларды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады.

1.1 Балдырлар классификациясы

Классификациясы:
1. Дробянкалар бөлімі - Schizophyta
2. Көк - жасыл балдырлар бөлімі - Cyanophyta
3. Жалтырауық сары балдырлар бөлімі - Chrysophyta
4. Сары - жасыл немесе әр түрлі талшықты балдырлар бөлімі - Xanthophyta
5. Диатомды балдырлар бөлімі - Diatomophyta
6. Пирофитті балдырлар бөлімі - Pirrophyta
7. Эвгленалы бардырлар бөлімі - Euglenophyta
8. Қоңыр балдырлар бөлімі - Phaeophyta
9. Қызыл балдырлар бөлімі - Rhodophyta
10. Жасыл балдырлар бөлімі - Chlorophyta
11. Хара балдырлар бөлімі - Charophyta
Қоректенуі. Балдырлардың көпшілігінде хлорофилл болады және автотрофты қоректенеді, бірақта олардың ішінде жасыл түсі басқа пигменттермен жабылып көрінбей тұратындары да аз болмайды.
Құрылысы. Талломы бірклеткалы , колониялы, клеткаланбаған және көпклеткалы болады. Сонымен бірге олар клеткаларының орналасуына қарай жіп тәрізді немесе пластинка тәрізді болып келеді. Талломның вегетативтік клеткалары сырт жағынан целлюлозадан және пектинді заттардан тұратын қатты қабықшамен қапталған болады. Клетка қабықшасының сыртының кремнеземмен немесе ою - өрнек тәрізді оның безегімен қапталуы жиі кездеседі. Цитоплазмасы клетканың бүкіл қуысын толтырады немесе онң қабырғасында жақын орналасады. Клетканың ортасында, іші клетка шырынына толы бір үлкен немесе бірнеше ұсақ вакуольдер болады. Клеткада бір немесе бірнеше ядросы бар құрамында пигменттреі бар, хроматофорлары болады. Хроматофорларының формалары алуан түрлі - пластинка, спираль, лента, астауша, жұлдызша тәрізді, торлы және т.б.болып келеді (1-сурет). Бұлар балдырларды анықтауға қажетті негізгі белгілері болып табылады. Кейбір балдырлардың хроматофорасында пиреноидтар деп алынатын ерекше беклоктік денешіктер болады, олардың айналасында артық қор жиналады. [1,2]
Таралуы және шаруашылықтағы маңызы. Балдырлардың көпшілігі суды, негізінен теңіз суларын мекендейді. Олардың біреулері, планктонның негізгі бөлігін түзіп, суда бос жүзіп жүреді, ал екіншілері судың түбінде бос жатады немесе субстратқа бекініп тұрады. Соңғылары бентостың балдырлар 100 - 200 метрге, ал жекеленген түрлері 500 метрге және оданда көбірек терңдікке дейін өседі.
Кейбір балдырлар өте төменгі температураның өзінде тіршілік қабілетін жоғалтпайды. Мысалы, полярлық ендікте және таулардың биік белдеулерінде (альпалық, субальпалық) балдырлар қардың үстінде өседі және оларды қызыл, жасыл, қоңыр, сары түстерге бояйды (қар хламидомонадасы).
Балдырлар топырақтың бетінде, топырақтың жоғарғы қабаттарында, тіптен атмосфералық ауада (хлорелланың кейбір түрлері) өмір сүреді. Балдырлардың жекелеген түрлері бактериялармен бірге өнім бермейтін, құнарсыз субтраттарға түсіп, оларды алғашқы мекендейтін пионерлер болып табылады. Олардың көпшілігі топырақ түзу процесіне актипті түрде қатынасады. Азотты ауадан бойына сіңіруге қабілетті балдырлар, топрыақты азотпен байытады. Жасыл балдырлардың кейбір түрлері комплексті организмдердің - қыналардың құрамына кіреді.
Балдырлар суды оттегімен байытып қана қоймайды, соынмен бірге балықтардың, суда жүзетін құстардың жемі болып табылады. Балдарлардан дайындалған ұнмен ауылшаруашылық жануарларын қоректендіреді. Балдырларды тыңайтқыш ретінде де пайдаланады. Қоңыр және қызыл балдырлардан кондиттер өнімдерін өндіруге және микробиологиялық өндірістерге қажетті агар алынады, ал олардың күлі бром және йод алуға қажетті шикізат болып табылады. [3]
1. Жасыл балдырлар (Chlorophyta)
2. Әртүрлі шыбыртқылы балдырлар (Heterocontae)
3. Диатомды балдырлар (Diatomeae)
4. Қоңыр балдырлар (Рһаеорһусеае)
5. Қызыл балдырлар (Rhodoрһусеае)
6. Көк-жасыл балдырлар (Cyanobacteriae)

2-сурет. Қызыл, қоңыр және жасыл балдырлар

Қоңыр балдырлар (Phaeophyta) негiзiнен теңiз өсiмдiктерi. Олар теңiзде орман және шалғын сияқты ну болып өседi. Бұл балдырлар көпжасушалы, денесi шырышпен қапталған. Көпшiлiк қоңыр балдырлар аса iрi болып бiрнеше метрге тiптi ондаған метр ұзындыққа жетедi.
Қоңыр балдырлардың жасушаларында барлық балдырларға тән органойдтар бар. Хроматофорларында хлорофилл, каротин, ксантофилл және қоңыр фукоксантин бар. Осы пигменттердiң әртүрлi көлемде (аз, көп) болуына байланысты қоңыр балдырлардың түсi де таза жасылдан қара-қоңырға, тiптi кейде қараға дейiн өзгерiп тұрады.
Ламинария - бұл қоңыр балдырдың қиыр шығыстан Солтүстiк Мұзды мұхит теңiздерiне дейiн кездесетiн түрi. [7]
Ламинарияның денесi ұзындығы 1 метр немесе бiрнеше метр болатын ұзынша келген сағақтағы жапырақ тәрiздi. Дегенмен бiз айтқандай балдырлардың барлығында нағыз жапырақ, сабақ, тамыр сияқты мүшелерi болмайды. Ламинарияның және басқа балдырлардың денесiн қабаттама дейдi. Су түбiне ламинария тамыр тәрiздi өсiндiлерi - ризоидтарымен (гректiң ризат - тамыр, идес - түр деген сөзiнен шыққан) бекiнедi. Ризоидтары басқа балдырлардыкiндей тек қана бекiну үшiн қажет. Су дене қабаттамасының бүкiл бетiмен сорылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң сүзгiлi түтiктерi сияқты оның сүзгiлi жасушалары бар. Бiрақ, өткiзгiш түтiктерi болмайды, судағы балдырларға оның қажетi де шамалы.
Жағалауда өсетiн кәдiмгi қоңыр балдырлар қатарына фукус та жатады.
Қайыс тәрiздi аса тармақталған фукустың қабаттамасы 50 см-ге дейiн жетедi. Бұл балдыр суда ауаға толы кең қуыстары арқасында тiк тұрады. Су деңгейi төмендегенде фукустың ну өсiндiлерi құрлықта, құрғақта қалады.
Қызыл балдырлар (RHODOPHYTA) өте тереңде мекендейдi. Балдырлардың осы типтерiне тән пигмент - қызыл фикоэритрин. Қызыл балдырларда одан басқа хлорофилл, каротин, ксантофилл және фикоциан сияқты пигменттер де бар. Қоңыр балдырлар сияқты бұлардың да осы пигменттер көлемiнiң әр түрлi болуына байланысты түстерi де қара-қоңырдан ашық-қызылға дейiн өзгерiп отырады. Қызыл балдырлардың түсi олар мекендейтiн 100 м тереңдiкке дейiн жететiн күн сәулесiне байланысты.
Қызыл балдырлар көпжасушалы . Олар кейде жiп тәрiздi тармақталған ағзалар, кейде күрделi тармақталған таспа тәрiздi болып сыртқы құрылысы жоғарғы сатыдағы жапырақты өсiмдiктерге ұқсайды.
Хлорофилдерiнiң есебiнен жарықта фотосинтез жүредi. Осы кезде суға оттегi бөлiнiп, судан көмiрқышқыл газы сiңiрiледi. Олардың денесiнде ақуыз, май, қант, крахмал сияқты органикалық заттар түзiледi.
Көк - жасыл балдырлар (CYANOPHYTA). Көк - жасыл балдырлар жасушаларының қарапайым құрылыстылығымен ерекшеленедi. Жасушаларының қабықшасы пектиндi, шырышпен қапталған. Цитоплазмада органоидтары жоқ. Цитоплазма шеттерiнде пигменттер орналасқан, жасуша ортасында ядролық зат бар. Жасуша құрылысының ерекшелiгiне байланысты олардың көбеюi қарапайым бөлiну арқылы жүредi. Көк жасыл балдырлар прокариоттарға жатады(қалыптасқан ядросы жоқ). Бұл балдырлардың әртүрлi пигменттерi болады. Көк-жасыл түс беретiн жасыл хлорофилл және көк пигмент фикоциан . Осы екi пигменттен басқа бiрде аз, бiрде көп мөлшерде қызыл түс беретiн - фикоэритрин және сарғыш түс беретiн каротин де бар.
Көк-жасыл балдырлар әртүрлi экологиялық жағдайларда тiршiлiк етедi: әртүрлi деңгейде ластанған тұщы және тұздылау су қоймаларындағы су қабаттарында, топырақта, ағаштар дiңдерiнiң түбiнде орналасқан. [5,6]
2 Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері

Жыныстық процесі изогамиялы, гетерогамиялы, оогамиялы болып келеді. Изо және гетерогаметалары көп клеткалы гаметангияларда пайда болады, оонийлері мен антеридийлері - бір клеткалы. Қоңыр балдырлардың фикуста басқаларында өмірлік циклінде ұрпақ алмасуы айқын байқалады. Мейоз зооспорангияларда немесе тетраспораларда жүреді. Зооспоралары немесе гаметофитке бастама береді. Гаметофиттері қос жынысты немесе дара жынысты қос жынысты немесе дара жынысты болады. Зигота тыныштық кезеңіне көшпей-ақ спорофитке (2п) айналады. Әртүрлі түрлерінде ұрпақ алмасу әртүрлі болады.Біреулерінің спорофиті мен гаметофиті сырт қарағанда бірдей болады, ал екіншісілерінің спорофиті гаметофитіне қарағанда біршама үлкен болады. Қоңыр балдырлар теңіздердің түбінде орман немесе шалғын түзеді. Кейбір қоңыр балдырлардың талломының ұзындығы 60-100м.
Вегетативтік көбеюі талломның бірнеше бөліктерге үзілуі арқылы жүзеге асады. Жыныссыз көбеюі (фукустар жыныссыз жолмен көбеймейді - Fucales қатары) көптеген екі талшықты зооспоралары, немесе қозғалмайтын тетраспоралары арқылы жүзеге асады. Зооспоралар бір клеткалы, сиректеу көп клеткалы зооспорангияларда, ал тетраспоралары тетраспорангияларда пайда болады ( диктиоталарда - Dictiotales қатары). [12]
Жыныстық процесі изогамиялы, геиерогамиялы және оогамиялы болып келеді. Изо - және гетерогаметалары көп клеткалы гаметангияларда пайда болады: оогонийлері мен антеридийлері - бір клеткалы. Қоңыр балдырдың фукустан басқаларының барлығының өмірлік циклінде ұрпақ алмасуы айқын байқалады. Мейоз зооспорангияларда немесе тетраспорангияларда жүреді. Зооспоралары, немесе тетраспоралары гаметофитке (n) бастама береді. Гаметофиттері қос жынысты немесе дара жынысты болады. Зигота тыныштық кезеңіне кқшпей-ақ спорофитке (2n) айналады. Әртүрлі түрлеріне ұрпақ алмасуы әртүрлі болады: біреулерінің спорофиті мен гаметофиті сырт қарағанда бірдей болады (эктокарпус - Ectocarpus туысы, диктиота - Dictiota туысы), ал екіншілерінің спорофиті гаметофитіне қарағанда біршама үлкен және көпжылдық болып келеді ( ламинария - Laminaria туысы, макроцистис - Macrocystis туысы).
Қоңыр балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең ірісі. Олар теңіздердің түбінде орман немесе шалғын түзіп өседі. Кейбір қоңыр балдырлардың талломасының ұзындығы 60-100м дейін барады (макроцистик туысы). Сондықтан оларды моряктар "тірі кедергілер" деп атайды. Мұндай балдырлар кішірек катерлерді тоқтатып тастайды, үлкен параходтардың (судно) жүрісін тежейді және суға қонатын самолеттердің қонуына едәуір кедергі жасайды. [15]
Сонымен Ресейдің Қиыр Шығысындағы теңіздерде және сотлтүстік мұзды мұхиттың теңіздерінде аса ірі көпклеткалы қоңыр балдырлардың бірі ламинария (Laminaria)өседі. Оның талломасы су астында жатқан тасқа немесе жартастарға ризоиды арқылы бекініп тұрады. Ризоид ұғымы ғылымға гректің "риза" - тамыр және "идос" - кескін деген сөздерңнен енген. Ризоидтан жоғары қарай онша жалпақ болмайтын ұзындығы 50-100см-ден аспайтын цилинд формалы сағақ орналасады. Сағақтан саусақ салалы ьолып тілімделген немесе тұтас жапырақ тәрізді таллом кетеді. Сағақпен жапырақ тәрізді пластинканың арасында интеркалиарлық өсу зонасы орналасады (басқаша айтқанда меристеманың участогі). Осы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде сағақта, жапырақ тақтасы да ұзарып өседі. Ламинария көп жылдық өсімдік, оның сағағымен ризоиды қыстап щшығады, ал жапырақ тақтасы жыл сайын үзіліп түсіп шіриді (солтүстікендікте - қаңтар - ақпан айларында). Көетемде сағақтың ұшындағы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жаңадан жапырақ тақтасы пайда болады.
Ламинария жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбею органы болып зооспорангиялар саналады. Жапырақ тақтасы үзіліп түсер алдында, онда көптеген бір клеткалы зооспорангиялардың тобы (сорустар) пайда болады. Әрбір зооспорангияда ядро редукциялық жолмен бірнеше рет бөлінеді, нәтижесінде одан көптеген (16-64) зооспоралар жетіледі. Ал балдырдың әрбір особынан миллиардтаған зооспоралар пайда болады. Зооспоралар біраз жүзіп жүргеннен кейін қозғалысын тоқтатып, судың түбіне шөгедіде ұсақ аталық және аналық өскіншелер (гаметофиттер) береді. Аталық өскінше тарамдалған жіпшелерден тұрады, одан аталық жыныс органы антеридийлер пайда болады. Аналық өскіншеде біпнеше клеткадан тұратын қысқаша жіпшелер. Олардан аналық жыныс органы оогонилер жетіледі. Әрбір оогониде бір- бірден жұмыртқа клеткасы болады. Пісіп жетілген жұмыртқа клеткасы жалаңаш күйінде оогониден сыртқа шығып, оның үстіне бекініп тұрады. Осы жерде оны антеридийден босап шыққан аталық жыныс гаметасы (сперматозоид) келіп ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зтгота түзіледі. Зигота тыныштық кезеңіне ауыспай- ақ өсіп диплоидты өсімдік (спорофит) береді. Әдетте лиаминария күн сәулесі жаұсы түсетін, судың онша тенең болмайтын қабаттарында өседі.
Қоңыр балдырлар орман түзетін ерекше үлкен түрлеріне макроцистис (Mfcrocycstis,60-100м), нереоцистис(Nereocystis, 25м), лессния(Lessonia, 4м) және тағы басқалар жатады. Мұнда аса ірі балдырлар оңтүстік және солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауында, Оңтүстік Африканың батыс жағалауында, Алясканың, Алеут, Командор және Куриль аралдарының жағалауларында өседі.
Қоңыр балдырлар су астында ас көп мөлшерде фитомасс беретін шалғын түзеді. Оларды жем- шқптік, азық- түліктік. дәрілік және техникалық өсімдіктер ретінде маңызы жыл санап арта түсуде. Әсіресе тамаққа ламинария жиі пайдаланылады, оны теңіз капустасы деп атайды. [11,12]

2.1 Балдырлардың табиғатта және адам өміріндегі маңызы

Жасыл балдырлардың табиғатта манызы өте зор. Олар фотосинтез процесінің негізінде органикалық заттар түзіп тұрады және өттекті ауаға шығарады сонымен бірге жасыл балдырлар түрлері балықтардың және басқада су жануарларының қорегі болып табылады.
Егістікті суғаратын каналдарда және балық өсіретін көлшектерде балдырлардың шамадан тыс көбейіп кетуі шаруышылыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтанда оны болдырмас үшін каналдарды және көлшіктерді оқтын-оқтын балдырлардан тазартып тұру қажет.
Теңiздер мен мұхиттар балдырлары әртүрлiлiгiмен сипатталады. Олардың көпшiлiгi аса iрi, бiрақ жағалаудағыы таяз жерлерге, әсiресе 30-50 м тереңдiкте тiршiлiк етуге бейiмделген. Осындай балдырлардың жағалаулардағы көптiгi сонша, тiптi су асты ормандары деп атауға болады.
Дүние жүзiлiк мұхит су өсiмдiктерiнiң қызықты өкiлдерiне толы. Жаңа Зеландия және Отты Жер мен көршiлес оңтүстiк елдiктiң теңiздерi iрi, алып балдырларымен аты шыққан аймақтар. [13]
Оңтүстiк жартышар теңiздерiнде ең iрi балдыр алмұртты макроцистис кездеседi. Оның жалпы ұзындығы 150 деп 300 м дейiн және одан асады. Макроцистис дегенiмiз iрiжасушалы дегендi бередi. Шынында осы балдырдың жасушалары iрi болып келедi, басқа өсiмдiктермен салыстырғанда тiптi алып жасушалар.
Алмұртты макроцистистiң ешқандай да алмұрты жоқ, бiрақ оның алмұрт тәрiздi көптеген томпақтары бар. Осы томпақтардың iштерi қуыс, сыртқы тығыз қабығы оған су өткiзбейдi, сондықтан бұл балдырлар жүзiп, қалқып жүре алады.
Теңiздер мен мұхиттарда әртүрлi қызыл балдырлар немесе багрянкалар көптеп кездеседi. Олар солтүстiк теңiздерде де мекен дейдi, бiрақ негiзгi мекенi оңтүстiк жылы аймақтар.
Багрянкалар өз көлемдерi бойынша еш уақытта қоңыр балдырға жете алмайды және теңiз толқындары таралмайтын терең жерлерде өседi.
Багрянкалардың денелерi өте нәзiк, осал. Олардың түстерi алуан түрлi, ашық қызылдан тiптi қараға дейiн болады. Осы түстерiнiң әртүрлiлiгi олардың кескiнiмен бiрiгiп су асты патшылығының әсемдiгiн бередi. Өйткенi багрянкалар кейде жiп тәрiздiлерi, кейде жапырақ тәрiздi қабаттама, кейде мүк топтамасындай, ал кейде нәзiк тарамдалған ергежейлi ағаштай болады.
Багрянкалардың адам үшiн практикалық маңызы зор. Мысалы Солтүстiк теңiздегi мекендейтiн балдырлардың бiрi - хондрус. Оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көк-жасыл балдырлар бөлімінің морфологиясы, көбеюі, таралуы, экологоясы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Балдырларға жалпы сипаттама
Популяция экологиясы - Дэмэкология
Хара балдырлар бөлімі
Қыналардың көбеюі. Қазақстанда таралуы, экологиясы
Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар
Қыналар
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Төменгі сатыдағы өсімдіктер пәні бойынша электрондық оқытуды қолдану жолдары
Пәндер