Банк жүйесінің маңызы, мәні және реформасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

I. 1.бөлім. Банк жүйесінің маңызы, мәні және реформасы ... ... 6
1.1 Банктің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Банктің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.3 Банк жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.4 Банк жүйесінің реформасын жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14

II. 2.бөлім. Банк жүйесінің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
2.1 ҚР.дағы банк жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
2.2 ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және операциялары ... ... ... ... ... ... 21
2.3 Коммерциялық банктердің операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының монофактуралық сатысында – XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымы дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұданда ертерек – феодализм кезінде төлем делдалдар ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италяндық «banco» сөзінен шыққан. Банко – үстелдер тауарлардың сауда - саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда - саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналысынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады. Х ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» - үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы – үйге айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.
Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін жаңсақ (қате) ұқтыруға әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанда ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек – ақшаның ішкі нарықтағы айналыста жүрген кезеңде банктерді мүлдем болмаған етіп көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше, б.э.д. VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және несиелік операциялар б.э.д. IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналады, өйткені ол мемлекет тарапынан да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінетіндей және сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күмістер ие болды.
1. Н.Н.Хамитов «Банк ісі» Алматы экономика 2006ж.
2. С.Б.Мақыш «Ақша айналысы және несие» ИздатМаркет Алматы 2004ж.
3. Р.О.Смағұлова, Қ.Ә.Мәдіханова, Ә.Қ.Тұсаева, Ж.Ш.Сатыбалдиева «Қаржы, ақша айналысы және несие» Алматы экономика 2008ж.
4. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер» Алматы экономика 2005ж.
5. М.С.Саниев «Ақша, несие, банктер» Алматы 2001ж.
6. Б.А.Көшенова «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» Алматы экономика 2000ж.
7. Ж.Бекболатұлы, Ғ.Сейітқасымов «Қазақстанның банк жүйесі» Алматы 2008ж.
8. Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаева «Қаржы» Алматы 2005ж.
9. С.Б.Мақыш «Коммерциялық банктер операциялары» ИздатМаркет Алматы 2004ж.
10. С.Б.Мақыш «Қаржы және несие» Алматы 2000ж.
11. С.Б.Мақыш «Банк ісі» Жеті жарғы Алматы 2009ж.
12. С.П.Ілиясов «Ақша-кредит саясаты» Экономика баспасы Алматы 2004ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

I. 1-бөлім. Банк жүйесінің маңызы, мәні және реформасы ... ... 6
1. Банктің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... . 6
2. Банктің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... . 8
3. Банк
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 9
4. Банк жүйесінің реформасын
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14

II. 2-бөлім. Банк жүйесінің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
1. ҚР-дағы банк
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 20
2. ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және
операциялары ... ... ... ... ... ... . 21
3. Коммерциялық банктердің
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36
КІРІСПЕ

Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының
монофактуралық сатысында – XIV және XV ғасырларда Италияда несие
қатынасының кең ауқымы дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар
банктердің бұданда ертерек – феодализм кезінде төлем делдалдар ретінде
пайда болды деп есептейді.
Банк сөзі үстел мағынасын беретін италяндық banco сөзінен шыққан.
Банко – үстелдер тауарлардың сауда - саттығы қызу жүретін алаңдарға
қойылатын. Сауда - саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда
шақа соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген
монетаның әр түрлі айналысынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер
беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы
мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады. Х ғасырда Италия
әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-
үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда
(трапезиттер деп аталған, трапеза - үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа
да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры
болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы – үйге
айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.
Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен
қатар қою банктердің шығу тегін жаңсақ (қате) ұқтыруға әкеп соқтырады. Бұл
өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанда
ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек – ақшаның
ішкі нарықтағы айналыста жүрген кезеңде банктерді мүлдем болмаған етіп
көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше, б.э.д. VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым
ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен.
Мұндай валюталық және несиелік операциялар б.э.д. IV ғасырда Грецияда да
тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де,
шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың
сенімді орнына айналады, өйткені ол мемлекет тарапынан да үлкен сенімге ие
болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы
жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және
есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті. Олар мынадай
сапаларға ие болуы керек: бөлінетіндей және сақталатындай әрі бір текті
болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күмістер ие
болды.
Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар қарыз (ссуда) берумен де
айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып рәсімдеді әрі берілген
қарыз үшін пайыз өндіріп алды.
Сол уақытта-ақ адамдар көп мөлшерде жинақталған ақшаның айналысқа
түспесе пайда әкелмейтінін ұқты. Сондықтан да ақшаны уақытша пайдалануға
беріп, одан пайыз алудың немесе сауда және қолөнер кәсіпорнын ашудың тиімді
болатынын ұқты.
Міне, осы уақытша несиені жоғары пайызбен беретін өсімқорлық пайда
болды, ссуданың негізіне тараптардың несие беруші қоятын өктем шартымен
жасасқан жеке келісімі жатады. Сауда үйі түрінде жеке несие берушілердің
пайда болуымен бірге бір мезгілдік мемлекеттік сауда-саттық агенттіктері де
әрекет етеді. Ежелгі шығыста олар тамкаралар деп аталған. Олар металл
құймалары түріндегі ақшаны сатумен және сатып алумен айналысты, басқа
мемлекеттермен сауда-саттық жүргізді.
Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері және сауда-саттық агенттіктері жүзеге
асырған барлық ақша операциялары банктердің қалыптасуына себепші болды.
Банк – бұл аса ірі несие кәсіпорны. Осыған қарай жоғарыда аталған несие
берушілерді банк деп ұғуға болмайды. Олар банк деп аталуы үшін несие
істерінің даму деңгейі жоғары болуы керек әрі несие берушінің өз
клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың жиынтығы
толық болуы қажет. Несие операциялары қалай жүйеге айналады, солай
өсімқорлық та тоқтайды, өйткені несие берушілердің арасында бәсекелестік
пайда болады, өсімқор өз ссудасы үшін жоғары пайыз белгілей алмайды, егер
жоғары пайыз белгілейтін болса, қарыз алушы одан бас тартады. Несие
мәмілелерін орындаумен қатар несие беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша
есеп айырысу және басқа да операцияларды жүргізеді. Банк – несие, ақша,
есеп айырысу операцияларын бір орталыққа шоғырландыратын ақша
шаруашылығының даму деңгейі. Мұндай мекемелер Солтүстік Италияда XVII
ғасырда пайда болды.
Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке
және жиробанкке (латынша giro – айналым), ақыр аяғында ссуда банкісіне
айналды. Германияда италяндық сауда үйлерінің филиалдары неізінде неміс
сауда үйі құрылып, одан алғашқы неміс банктері, ал Францияда француз
банктері пайда болды және т.б. XVII ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл
мемлекеттерінде пайда болып үлгерді.
1846 жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялық банктерді біріктірген
елдің орталық банкісі ретінде Пруссиялық банк құрылды.
Ресейде банк ісі мемлекеттік тұрғыдан дамиды, ал жекеше эмиссиялық
банктер болған жоқ, тек XIX ғасырдың соңында ғана (1894 ж.) орталық
эмиссиялық банк ретінде Мемлекеттік банк пайда болды.
ХХ ғасырдағы 90-шы жылдардың басына дейін Қазақстанның банктері болған
емес.
И.О.Лаврушин банк мәнін оқып үйренуде төмендегідей әдістемелік
негіздерді ұсынады:
- банк мәніне талдау жасауды оның макро деңгейдегі қызметімен
байланыстырған жөн;
- оның мәнін әр алуан типтерге қатысы жоқ, бір тұтас бірлік ретінде
жатқызу қажет;
- банк мәні өзге экономикалық институттардан банкті ерекшелендіріп
тұратын оның өзгешеліктерін, арнайы белгілерін ашуды талап етеді;
- банк мәні оның құрлымын ашуды талап етеді.
Кредит ісі банктің негізі, бұл негізгі айналысатын шаруасы болып
табылады. Оның үстіне ол шаруашылық жүргізуші субъектілермен жеке
тұлғалардың қолма қол ақшасыз және қолмал ақша түрінде де төлем айналымын
реттеп отыратын ірі кредит институты болып табылады.
Банктің құрылымының төрт міндетті блокты қосады, оларсыз ол өмір сүре
де, дами да аламайды.
- өнеркәсіптік және сауда капиталынан босаған ерекше капитал, қарыз
түрінде болатын және ылғи қозғалыс үстіндегі банк капиталы;
- өзге кәсіпорындар мен институттардың қызметіне оның негізгі
жұмысында өз өнімінің сипатымен ерекшеленетін банк қызметі;
- банк ісімен банкті басқару саласында арнайы білімі бар адамдардың
ерекше тобы;
- банк техникасын, ғимараттарын, байланыс және комуникация,
құрлыстарды, ішкі және сыртқы ақпартты, өндірістік материялдардың
белгілі бір түрлерін қамтитін өндірістік блок.
Қазақстан Республикасының банк заңнамасынан сәйкес банк өзге қаржы
институттарынын төмендегі банк операцияларын жиынтық түрінде өзі ғана
жүргізу құқығын иемденумен ерекшеленеді:
- жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражатын салымдарға тарту;
- тартылған ақша қаражатын өз атынан және өз есебінен қайтарымдылық,
мерзімділік, төлемділік шартымен клиенттердің уақытша қажеттіктерін
қанағаттандыру үшін орналастыру;
жеке және заңды тұлғалардың банк есептерін ашу және жүргізу.
І-бөлім. Банк жүйесінің маңызы, мәні және реформасы

1.1 Банктің маңызы

Банктің мазмұны мен атқарымдары оның экономикадағы маңызын көрсетеді.
Банктің маңызы деген сөзді, оған жүктелген міндеттер деп түсіну керек,
яғни, ол не үшін керек, неге қолданылады, не үшін дамиды. Банктің
атқарымдары сияқты, оның маңызы да ерекше. Банктің айырбастау саласында
істейтіндігін ескерсек, оған жүктелген міндеттер мен оның экономикаға
тигізетін ықпалын, осы сала арқылы қарау керек. Солай болса, банкіге
жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- Өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге
керекті, бос капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- Ақша айналымын тәртіпке келтіріп оны рационализациялау.
Уақытша бос ресурстарды шоғырландыру атқарымынан көрінгендей, банктер,
бір жағынан уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды,
басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж, шаруашылық жүргізетін субъектілерге
беруші. Банктер, уақытша бос ақшаның тозаңдай ағымын жинастырып, ақша
ресурстарының орасан зор ағымына айналдырады. Оларды шоғырландыру және
өндіріс пен айналымның керегін қамтамасыз етуге бағыттау, банктердің
экономикалық орталықпен қарым-қатынасы, онымен әрекеттестілігінің ең
маңызды атрибуты.
Сөйтіп, банктің мазмұнында, атқарымдарында қамтылған жағдайларға және
оның экономикадағы міндеттеріне сәйкестігі, банктің маңызын көрсетеді.
Сонымен қатар, банктің маңызын анықтауға сан және сапа жағынан қарау керек.
Сан жағынан қарағанда, банктің көрсететін, немесе нарықта сататын,
қызметтерінің қанша түрде және қандай көлемде екендігімен бағаланылады.
Мысалы, шаруашылық жүргізуші субъектілерге, жеке тұлғаларға, оның ішінде
экономиканың маңызды салаларына, қанша несие берілгендігі ескеріледі.
Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайында, шағын және орта
бизнестердің, ауыл шаруашылық өндірістердің дамуы маңызды. Сондықтан
банктің маңызын сан жағынан бағалағанда, осы салаларға қанша несие
берілгендігіне көңіл аудару қажет. Бұл жөнінде қаншама Үкімет қаулылары
болса да, арнаулы мемлекеттік қорлар құрылып жатса да, шағын және орта
бизнесті дамытуға несие беру, бұрынғыға қарағанда көбейгенмен, әлі де
ойдағыдай емес. Ресми деректерге сүйенсек, 2001 жылдың басында барлық
экономикаға салынған банк ресурстарының 26,8% осы мақсатқа берілген. Кейде
іс жүзінде мынандай да жағдайлар орын алуы мүмкін. Банктің берген несиесі
үлкен сомада. Бұл жөнінде банктің бедел көрсеткіші жоғары. Бірақ, ол
соманың басым көпшілігі сатып алу, қайта сату, (коммерция) үшін беріліп,
өнім өндірушілер қаржы жағынан тапшылық көріп жатса, банктің ел
экономикасын дамытудағы
маңызын төмен деуге болады.
Егер банктің маңызын сапа жағынан қарау керек болса, оның әрекеттерінің
елдің және бөлек субъектілердің экономикасының өсуіне қандай дәрежеде ықпал
еткенін бағалау керек. Мысалы, банкіден алған несиені пайдаланудың
нәтижесінде Отандық өндірушілер қанша, қандай сапада өнім шығарды, қанша
жұмыс орнын құрды, халыққа және шаруашылықтарға керекті өнімдер қаншаға
өсті, банктің несиесін және басқа да банк қызметтерін пайдалану нәтижесінде
қанша пайда түсті деген мәселелерді қарау керек. Мұның бәрі елдің кіші
экономикадағы банктің маңызы болып табылады. Банкінің үлкен экономикадағы
маңызын елдің басқа да жалпы экономикалық көрсеткіштерімен байланыстырып
бағалау төтенше көңіл аударарлық мәселе.
Дәстүр бойынша, банктер ұдайы өндіріспен тікелей байланысты. Сондықтан,
олардың маңызын бүкіл экономиканың көрсеткіштерімен байланыстырып бағалау
банктердің шаруашылықтарға, өздерінің қызметтерін көрсете отырып, қандай
нақты көмек көрсеткендіктерін суреттейді.
Мысалы, банктің төлем құралдарын шығаруы, сонымен бірге ақша бірлігінің
тұрақтылығына, өндірістің тиімділігіне әсер етеді. Сөйтіп, банктің
міндеттемесіне айналады. Банк айналымға ақша шығара отырып, оның бүкіл
өндіріске және айналымға қалай ықпал ететіні мен байланыстыруы керек.
Өйткені, айналымға артық ақша шығып кетсе, ұлттық ақша бірлігінің сатып алу
қабілеті кемиді, инфляциялық ахуал тууы мүмкін, капитал мен жиналған
құндылықтардың құны төмендейді, ал айналымдағы ақша жиынының
жеткіліксіздігі - өндірілген өнімді өткізуді қиындыққа апарады, өйткені
төлем құралы жетіспегендіктен оны сатып алушылар уақытында төлей алмайды,
соның салдарынан өндірісті қысқартуға тура келеді, ал оның салдарынан
жұмыссыздық пайда болады. Сонымен, банктің жұмысын көбінесе (басқа да
себептермен қатар), ақша бірлігінің тұрақтылығы тәуелді, ал мұның өзі банк
жұмысының, оның экономикадағы міндеттеріне қаншалықты сәйкес екендігін
дәлелдейтін маңызды компоненті.
Жоғарыда, банктің мағынасын сан жағынан да бағалау керек дегенбіз.
Бірақ, тек несие көлемінің өскені жағдайды толық көрсете алмайды. Банк әр
уақытта да несиені көбірек беруге ұмтылмайды. Өндірістің даму бағытын,
нарықтың жағдайын ескермей есепсіз несие берілсе, өндірісте де, банктің өз
жұмысында да жағымсыз жағдайлар тууы мүмкін. Сондықтан несиенің қайтпай
қалу қаупі банкті сабырлы несие саясатын ұстауға мәжбүр етеді. Дегенмен,
қаншалықты қиын болса да, банк неге арналғандығын ұмытпауы керек, өзінің
жеке мүддесін, бүкіл қоғамның мүддесімен байланыстыруы керек. Өйткені,
банктің өзі сол қоғамдық мүдделерден пайда болған.

1.2 Банктің мәні

Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды,
бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр
түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық
мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және
экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, банктік операциялар ұғымының
маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген
операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз
болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын
білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын
анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы
анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта
айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы кез
келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны
немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде
ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына
мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты
қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып
саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт немесе
материалдық өнім жасайтын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ экономиканың
басқа да буындарына кәсіпорын деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым
салынбаған.
Ежелгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе қызметпен
айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен
айналысатын банк сияқты субъектіге банк – бұл кәсіпорын деп айту өзінше
дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі кәсіпорын бұл
біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде
фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне
қарай ажыратылады. Ең бастысы – банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара
ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында емес, айналыс және айырбас
аясында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс
аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның
тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан
ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие
болғандықтан, банкті несиелік мекеме деп атаған.
Сондай-ақ банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына
да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы
қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттерінің бағалы
қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорны десе болады. Жалпы банктің саудамен
ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып
алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің
кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы, ірі сауда кәсіпорындары да банк
сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда
кәсіпорнынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады.
Банктің негізі деп оның басты өнімі – несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен қазіргі түсінікте коммерциялық банк - бұл ерекше өнім
шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада
төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып
табылады.

1.3 Банк жүйесі

Банк жүйесі кредит жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың
құрамдас бөлігі болып табылады. Кредит және қаржы операцияларының негізгі
бөлігін шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтерді қажетті пропорцияда
жинақтауға қажет. Бұл жерде олар біріне - бірі өзара әсер етіп, толықтырады
және бір жүйе, өзге неғұрлым жүйе ішіне кіреді.
Осыдан келіп, бұл принциптер мен талаптар банк жүйесінде тікелей
қатысты болып келеді. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде элементтері
жеткілікті мөлшерде болады: түрлі типтегі банктер, банктік емес мекемелер,
банктік құрылымдар, банк бірлестіктер және т.б.
Құрамдас бөлік ретінде банк жүйесі үлкен жүйеге - елдің кредит жүйесіне
кіреді. Ал кредит жүйесіне - елдің экономикалық жүйесі кіреді. Мұның өзі
банктердің қызметі мен дамуын қоғамның қайталама өндірісінің процесімен
тығыз бірлікте қарастырудың қажет екендігін білдіреді. Өзінің практикалық
қызметінде банктер мен банк жүйесі бюджет - салық және басқа да жүйелермен
тығыз байланыса отырып, экономиканың өмірді реттеу мен басқарудың ортақ
бөлігіне кіреді.
Банк жүйесі белгілі бір қасиеттер мен белгілерге ие. Бұлар туралы
Деньги.Кредит.Банки (О.И.Лаврушиннің редакциясымен. М .; 20027 285-290
бб.) оқулығында жан - жақты айтылған.
Сонымен, банк жүйесін өзге жүйелерден айрықшалайтын белгілер қандай?
1. жоғарыда атап өтілгендей, банк жүйесінің элементтері Орталық банк
бастаған белгілі бір бірлікке бағына отырып, өзара әрекет жасайды.
Онда кездейсоқ элементтер жоқ;
2. банк жүйесі оның құрамдас элементтерін және олардың арасындағы
өзара әрекет арқылы айқындалатын арнайы қасиеттерге ие. Онда
елдің Орталық банк белгілеген қосымша міндеттерді, тәртіптерді
орындайтын тетік жұмыс істейді;
3. банк жүйесінің элементтері өзара әркеттесуге қабілетті. Оны
тұтастық есебінде қарастыруға болады. Бұл оның жекелеген бөліктері
қажет жағдайда бірін - бірі алмастыра аларлықтай болып
байланысқанын көрсетеді. Мәселен, Сбербанктің депозиттік
операцияларын коммерциялық банктер орындай алады, ауылдық жерлерде
оларды пошта - жинақ жүйесіне беруге болады. Бір банк банкротқа
ұшырағанымен банктік жүйе орнында қалады;
4. банк жүйесі динамикалық жүйе және ұдайы, қозғалыс үстінде болып,
дамып отырады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толыға
алады. Кредиттердің және қаржы институттарының жаңа түрлері пайда
болуда;
5. банк жүйесі жабық жүйе ретінде көрінеді. Оның өз тәртіптері,
ережелері, нұсқаулықтары болады. Оларда тек осы жүйеге арналған
банк құпиясы деген бар. Бірақ оны толық мәнінде жабық деп айтуға
болмайды, себебі, ол сырқы ортамен, өзге жүйелермен өзара
байланысқа түседі;
6. банк жүйесі өзін - өзі реттейтін, өзін - өзі ұйымдастыратын
қасиетке ие. Жалпы алғанда жүйе өзінің іс - әрекет саясатын
құбылмалы экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалға байланысты
өзгеріп отырады. Экономикалық дағдарыстар кезеңінде саясат басқа
болады;
7. банк жүйесі басқарылатын жүйе болып табылады. Ол арнайы банк
заңдарымен реттеліп, жұмыс істейді және орталық атқарушы немесе
өкілетті органдарға бағынады.
Бұл белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне де тән. Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы ҚР Заңында (3-бап)
былай деп жазылған:
- ҚР екі деңгейлі банк жүйесіне ие:
- Ұлттық банк мемелекеттің орталық банкі болып табылады және банк
жүйесінің жоғары деңгейін құрайды;
- ҚР заңнамалық актісінде белгіленген айрықша құқықтық мәртебеге ие
Қазақстан Даму банкінен өзге барлық басқа банктер банк жүйесінің
төменгі деңгейін құрайды;
- шет елдік қатысуы бар банк - екінші деңгейдегі банк, оның
акцияларының үштен бірінен астамы:
1. ҚР резиденттері еместерінің;
2. ҚР резиденті еместердің қаржысын иелік етушілер (сенімді
өкілдер) болып табылатын заңды тұлғалар - ҚР резидентінің
иелігінде, меншігінде және басқаруында болады.
- мемлекетаралық банк - халықаралық шарт негізінде құрылып, жұмыс
істейтін банк.
Банк жүйесінде сондай-ақ банк операцияларын жекелеген түрлерін
орындайтын бантік емес мекемелер, банк инфрақұрылымын түзетін және кредит
институттарының өмір сүруін қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер
кіреді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы ҚР Заңына сәйкес ҚР
Ұлттық банкі және оның аумақтық органдары банк жүйесінің жоғары деңгейін
білдіреді және эмиссиялық, резервтік, есеп айырысу, кассалық орталығы болып
табылады. Сонымен қатар норма, шаруашылық, бақылаушылық құқыққа ие соңғы
инстанциядағы кредитор рөлін атқарады, ақша - кредит, валюта саясатын
белгілейді. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, ақша - кредит
саясатын өмірге енгізу, елдің кредит жүйесіне басшылық жасау.
Әлемдік тәжрибе көрсетіп отырғандай, Орталық банкке мемлекеттің кең
өкілеттілер беруі банк жүйесінің екі деңгейінің тиімді жұмыс жасауына
мүмкіндік береді.
Ұлттық банк мемлекеттік билікті атқарушы органдарынан экономикалық және
саяси тәуелсіздікке ие. Оның қаржылық тәуелсіздігін ұйымдастырушылық және
қаржылық қырларында көрінеді. Ұлттық банктің ұйымдастырушылық тәуелсіздігі
оның мемлекеттік бюджеттен жарғылық капиталмен, мүлікпен қамтамасыз етілген
және оларға иелік ету, пайдалану мен басқару өкілеттілігін жүзеге асыратын
дербес мемлекеттік орган болуынан байқалады. Ұлттық банктің қаржылық
тәуелсіздігі оның мемлекет міндеттемелеріне, ал мемлекеттің оның
міндеттемелеріне жауап бермеуінен көрініс табады.
ҚР Ұлттық банкінің саяси тәуелсіздігінің көрінісі ретінде Ұлттық банк
пен ҚР Үкімет арасындағы формалды байланыстардың жоқтығын, кадр
мәселесіндегі тәуелсіздігін атауға болады. Заң бойынша ол тек ҚР Президенті
мен Парламентіне есеп береді. Оның қызметіне республикалық және жергілікті
атқарушы органдар араласа алмайды.
Өз құзіретінің мәселелері бойынша ҚР Ұлттық банкі мемлекеттік биліктің
орталық органдарына және олардың аумақтық органдарына, жергілікті билікке,
сондай - ақ заңды және жеке тұлғаларға міндетті нормативтік актілер
шығарады.
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі барлық банктерге (Қазақстан Даму
банкісінен басқаларға) олардың қызметтерін реттейтін нормативтік актілер
шығарады.
Орындайтын операциялардың сипатына қарай банктер әмбебап және
мамандырылған болып бөлінеді. Әмбебап банктер банктік операциялардың кең
ауқымын орындайды: кредит беру, депозиттік, валюталық және инвестициялық
операциялар, экономиканың барлық салаларында заңды және жеке тұлғалармен
қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды, басқа да дәстүрлі емес және қазіргі
заманғы операцияларды жүргізу. Қазақстанның барлық екінші деңгейлі
коммерциялық банктері әмбебапты болып табылады. Банктердің әмбебап
мәртебесі қызметтерді әртараптандыру арқылы тәуекелді кеміту, клиенттерге
кешенді қызмет көрсету. Жалпы алғанда Қазақстанның қазіргі экономикасының
талаптарына жауап беріп, банк жүйесінің қолайлы дамуына жағдай жасау.
Мамандырылған банктер өз қызметін бір немесе бірнеше банк операциялары
арқылы бір немесе бірнеше салаға қызмет көрсетумен шектеледі. Оларға
Қазақстан Инвестициялық банкі сияқты банктерді, мемлекеттік банктерді,
Қазақстан Даму банкісін және Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісін
жатқызуға болады.
Меншік түрі бойынша банктерді (Қазақстанда олар 2), жеке меншік
коммерциялық (33) және шет елдік капитал қатысатын банктер (6) деп бөлуге
болады.
Қызмет ауқымы бойынша бантер ірі, ұсақ және шағын болып бөлінеді.
Қазақстанда ірі банктер қатарын әдеттегідей шартты түрде 3 банк
(Қазкоммерцбанк, ТұранӘлемБанк, Халық банкі) қосылғанмен, оларды
халықаралық стандарт бойынша ірі банктерге жатқызуға болмайды.
Олардың жарғылық қоры 1млрд АҚШ долларына жетпейді.
Орташа банктерге 5-6 банк жатады (АТФбанк, Центркредит, Нұрбанк, Альянс
банк, Еуразия банкі), қалғандары ұсақ банктер.
Халықаралық банк тәжірибесі тарихы банк жүйесінің бірнеше түрін біледі:
- орталықтандырылған бөлуші банк жүйесі;
- нарықтық банк жүйесі;
- өтпелі кезең жүйесі.
Орталықтандырылған банк жүйесі бұрыңғы КСРО және Социалистік елдер
жүйесінде болды. КСРО ол бір деңгейлі болды және оның басында КСРО
Мемлекеттік банкі тұрды, ал банктік емес мекемелер болмады деуге болады.
Мемлекеттік банк елдің бірыңғай эмиссиялық және кредиттік институты болды.
Онда барлық кредит ресурстары орталықтандырылып, бөлініп отыратын.
Бұған қарама - қарсы нарықтық банк жүйесі мемлекеттің банктерге қатысты
монополиясымен сипатталды. Нарықтық шаруашылықта басқару жүйесі
орталықтандырылған банктердің үлкен шоғыры жұмыс істейді. Олардың арасында
эмиссиялық және кредиттік функциялар бөлінеді. Коммерциялық банктер
мемлекеттің міндеттемелеріне жауап бермейді.
Өтпелі кезеңнің банк жүйесіне Шығыс Еуропа мен пост кеңестік
мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстанның қазіргі заманғы банк жүйелерін
жатқызамыз. Оны нарықтық жүйе деп есептеуге болады. Дегенмен оның бойында
алдыңғы банк жүйесінің туа біткен меңдері әлі де жойылған жоқ, ол өтпелі
кезеңде, даму үстінде. Бұл жүйені дамып келе жатқан банк жүйесіне,
өнеркәсіптік тұрғыда дамыған елдердің банк жүйесіне телуге болады. Мұның
алғашқысында банк қызметінің нормативтік және заңнамалық базасы ылғи да
өзгеріп отырады, банктер саны, жалпы банк жүйесінің құрылымы ұдайы
өзгерісте болады. Мәселен, Қазақстанда, сондай - ақ Ресейде де банк заңдары
соңғы 10-15 жылда ең кемі 2 рет түбегейлі өзгереді. Оларға үнемі өзгертулер
мен толықтырулар енгізіліп отырады. Банктер саны он және одан да көп есе
кеміп, жаңа банктер, банктік емес мекемелер бірде пайда болып, банкротқа
ұшырап, бір-біріне қосылып жатады немесе банктік емес мекемелерге айналады.
Бір сөзбен айтқанда өтпелі кезеңнің банк жүйесі әлі қалыптасып үлгермеген,
даму сатысында.
Банк жүйесінің дамуы елдегі экономикалық қатынастардың дамуына және
саяси жағдайға тәуелді болады.
Банк қызметі қандай мөлшерде реттелетініне байланысты банк ісін
ұйымдастырудың екі типі ерекшеленеді:
- мамандырылған банк ісі, банктер мен банктік емес
мекемелердің операциялары арасында қатаң шегара болады,
соңғыларға заңдар негізінде тыйымдар мен шектеулер қойылады;
- кредит институттарына дерлік қаржы - кредит қызметтерінің
алуан түрлерін жүргізуге мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.
Батыс және орталық Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапонияда және басқа
өнеркәсіптік тұрғыда дамыған елдерде банктердің әмбебаптану тенденциясы
басым болып, бұл кредит институттарының арасындағы шегараның жойылуынан
көрініс табуда. Функционалдық мамандандыруды басқару қазіргі заманғы
банктерді өз клиенттеріне қызметтің 200-ден астам түрін ұсына алатын
көпфункционалды кредит мекемелеріне айналдыруда.
Осы орайда өз қызметтерін әртараптандыру және клиенттерге неғұрлым
жоғары қызмет көрсету деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін қазіргі замандық
банк технологиясын қолдану арқылы инвестиция тарту, ауқымды қаржы
мүмкіндігіне ие болу және сенімділікке жету үшін банктер іріленуге,
капиталдануға ұмтылуда. Мұндай тенденция көптеген мемлекеттерге тән.
Мәселен, XX ғасырдың 90-жылдарының ортасында 15 коммерциялық банк сомасы
2,5 трлн доллар болатын активтерге бақылау жасап, 15,5 млрд доллар пайда
тапты.

1.4 Банк жүйесінің реформасын жүргізу

Өз кәсіпорындарының өтеу қабілетін салмақтап жатпастан оларға кредитті
тікелей беретін мамандандырылған банктердің бұл әрекеті мерзімі өткен
ссудалардың көбежіне әкеліп соқтырады, ал нарыққа бағдарланған кәсіпорындар
банктерден кредит ала алмады.
Пайыздық мөлшерлеменің төмен болуы банктерге өз жинақ ақшасын толық
жұмылдыруына толық мүмкіндік бермеді. Кәсіпорындар мен халық өз жинақ
ақшасын нақты активтерге орналастыруды ұйғарды. Азаматтар көбінесе ұзақ
пайдалануға жарайтын тауарларды және жылжымайтын мүлікті сатып алатындықтан
кәсіпорындар өндірген тауарлар қорын өсірумен ғана шектеледі. Нақты
активтер – инфляциядан, ақша қорларының құнсыздануынан қорғанатын бірден-
бір жол болды. Салым ақша үшін төлейтін банктің пайыздары инфляцияның
салдарынан болған ысыраптың орнын толықтыра алған жоқ. Кәсіпорындар мен
халыққа тиесілі жинақ ақшаның жеткілікті дәрежеде жұмылдырылмағандықтан
орын алған кредит ресурстарының жетіспеушілігі банктердің тиімді
кәсіпорындарды кредиттеуіне мүмкіндік бермеді.
Кредит ресурстарынның бөліну сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға
берілетін демеу қаржы мен жеңілдікті кредиттердің іс-тәжірибесі жағымсыз
әсерін тигізді. Кәсіпорындардың өзіндік ерекшелігі бар шығынның, мәселен,
халықты әлеуметтік қорғау шығынның, сондай-ақ, кәсіпорындардың әдетке
айналған тиімсіз жұмыс істеуіне байланысты шығынның орнын толтыруға
арналған кредит демеу қаржы кредиті деп аталады. Ол (демеу қаржы кредиті)
Ұлттық банктің қайта қаржыландыру кредитінің мөлшерлемесіне қарағанда
төмен пайыздық мөлшерлемемен берілді.
Демеу қаржылық кредит саясаты жай кредит пен мемлекеттік демеу қаржы
арасындағы айырмашылықты жойды. Бұл ссуданы кәсіпорындар мүлдем өтемеді
десе де болады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарына есеп айырысудағы өзара
шегерімдерді жүргізуге жеңілдікті кредиттерді берудің іс-тәжірбиесі кеңінен
тарады. 1992 жылы Ұлттық банктің жеңілдікті кредит үлгісі барлық қайта
қаржыландыру кредитінің шамамен 70%-ын немесе барлық кредит салымдарының
42%-ын құрады. Жеңілдікті кредиттің көп бөлігін ауыл шаруашылығы мен
дайындаушы ұйымдар алады.
Мақсатты үкіметтік бағдарламаларға орталықтандырылған кредит 1993 жылы
негізінен жеңілдікті пайыз мөшерлемелері (3%, 25% және 65%) бойынша берілді
7,5 млрд сомасында банк берген кредиттің 7,6%-ы олардың үлесіне тиді,
өйткені 1992 жылы пайыз мөлшерлемесіне коммерциялық банктердің белгіленген
шектеулері алынғаннан кейін Ұлттық банктің орталықтандырылған кредит
ресурстарының есебінен банктердің беретін кредитіне маржа 3% мөлшерінде
сақталып қалды. Нәтижесінде оралықтандырылған кредиттің орташа пайыздық
мөлшерлемесі тұтас республика бойынша 1993 жылы 48,2%-ды құрады. Сол жылы
тұтыну бағасының индексі 2269,8% денгейінде анықталды.
Кәсіпорын борышының жаппай клирингісін жүргізу барысында Ұлттық банк
борышқор кәсіпорындарға жеңілділікті – демеу қаржы кредитін берді. 1992
жылы осы мақсатта берілген кредиттің үлесі барлық жеңілдікті кредиттердің
шамамен 30%-ын құрайды. Кредиттің көп бөлігі өтелмей қалды.
Жоғарыда аталған кредиттер кәсіпорындарға өз қаржылық жағдайларын
жақсартып алу үшін берілсе де, олар оның залалын қаржыландыру құралына
айналды. Оның үстіне, демеу қаржы және жеңілдікті кредит бойынша атаулы
пайыздық мөлшерлеме мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық
қаржылық алып-сатарлыққа жол берді.
Кредит салымдарының жалпы сомасында үкіметке мемлекеттік емес борыштық
бюджет тапшылығын жабу үшін берілген кредиттің үлес салмағы басым: 1992
жылдың 1қаңтарында 13,7% және 11%-ды құраса, 1993 жылдың 1-ші қаңтарында –
1,5% және 2%, ал, 1993 жылы бюджет тапшылығын жабуға 877 млн теңге
мөлшерінде немесе барлық кредит сомасының 11,8%-ын құрайтын кредит сомасы
берілді.
Нәтижесінде кредит салымдарының құрылымы айтарлықтай нашарлап, жарамсыз
кредиттің үлесі артты. Пайыздық мөлшерлеменің төмен болуынан орын алған
Ұлттық банкттің ысырабы және капитал ысырабы орасан зор сомада болды.
1992 жылы басталған республикадағы төлемсіздік дағдарысы
кәсіпорындардың және тұтас экономикадағы қаржылық жағдайына кері әсерін
тигізіп келеді.
Көптеген кәсіпорындар өнім өндірісін күрт төмендетуге мәжбүр болса,
кейдіреулері өндірісті мүлдем тоқтатып тастады. Есеп айырысуларда баспа-
бас алмасу, алдын ала төлеу қолданылады.
1991 жылдың 1-ші қаңтарында мерзімді төленбеген есеп айырысу құжаттары
5 млн теңгені құрады. 1992 жылдың 1-ші қаңтарында – 11,2 млн теңге, 1992
жылдың маусымында – 384 млн теңге немесе жалпы ұлттық өнімнің немесе
алынған банктік 12,3%-ын кредиттің жалпы сомасының 84,1%-ын құрады. 1993
жылы мерзімі өткен төлем 91,5 млн теңгеден 5,5 млрд теңгеге дейін немесе 60
есеге өсті. Банк ссудасы бойынша мерзімі өткен берешек 12,6 млн теңгеден
1,7 млрд теңге немесе 135 есеге өсті.
Мұндай құбылыс көптеген себептермен, ең алдымен төлем жүйесінің
тиімсіздігімен, сондай-ақ, кредит нарығының проблемаларымен түсіндіріледі.
Әсіресе, бұлар 1992 жылдың басында Ұлттық банк кәсіпорындарға кредит беруін
шектей бастағанда байқалды. Соңғылары басқа кәсіпорындардан жөнелтілген
жүктің төлемін ала алмайтын жағдайға ұшырады, төлемдер жарты жылға немесе
оданда көп уақытқа кешіктірілді. Бүкіл кәсіпорындар, соның ішінде, төлем
қабілеті бар кәсіпорындар да қиын жағдайда қалды.
Кредит нарығының проблемелары бұрынғы ақшасыз есеп айырысу жүйесі және
есеп айырысу құжатымен кредиттеу жүйесі жойылғанда байқалады. Кәсіпорын өз
тауарын сатып алушыға оның төлем қабілетін тексеріп жатпастан, жоспар және
келісімшартқа сәйкес жөнелтетін. Егер сатып алушының шотында қаражат
болмаса, оған банк автоматты түрде кредит аударатын, төлемсіздік қабілеті
нөлге тең болады. Бұл жүйе жойылғаннан кейін (банктер төлем қабілеті жоқ
кәсіпорындарға кредит бермейтін болды) төлемсіздік дағдарысы басталды.
Төлемнің шектеулігі немесе төлемнің мүлдем жүргізілмеуі төлемсіздіктің
тізбекті редакциясында тұрды.
Оның үстіне, төлемдердің кешіктірілуі құрал-саймандардың тозуымен және
банктердің артта қалған техникалық жарақтандыруымен байланысты болды.
Кәсіпорындар арасындағы төлемсіздік дағдарысын жою үшін үкімет үш
шараны жүзеге асырды. Біріншіден, тіршілікке икемді кәсіпорындардың берешек
мөлшерін кеміту мақсатында тіршілікке икемді немесе тиімді кәсіпорындарды
басқа кәсіпорындармен қайта қаржыландырады. Ұлттық банк бұрынғы
мамандандырылған банктер арқылы қайта қаржыландыруға 245,36 млн теңге
сомасында кредит берді. Екіншіден, үкімет жаңа төлем аспаптарын енгізді.
Мемлекеттік кәсіпорындарға төлем тапсырмасы немесе чек бойынша алдын ала
төлемді қажет ететін төлем аспаптарын пайдалануды тапсырды. Үшіншіден,
бұрынғы кеңестік республикалар республикааралық есеп айырысу банкісіне
құрылтайшы болуға келісімдерін берді. 1992 жылдың аяғында Қазақстан мен
Ресей 1992 жылдың соңында 80 млн теңгені құраған екі ел кәсіпорындарының
берешегін өзара шегеру туралы екі жақты келісімге қол қойды.
Аталған шаралар төлемсіздік дағдарысын жоя алмады, өйткені көптеген
маңызды мәселелер сол күйі өз шешімін таппады. Төлем жүйесі мен кредит
нарығының тиімсіздігі де толық жойылған жоқ, бұл кәсіпорындардың өзара
берешегінің пайда болуына әкеліп соқтырды, мысалы, бұл арада төлемдердің
кешіктірілуін және кәсіпорындарда қаржылық тәртіптің болмауын айтуға
болады. Төлемсіздік дағдарысы 1992 жылдың соңында қайталанды, үкімет
жеңілдікті пайыз мөлшерлемесі (жылдық 25%) бойынша 1993 жылдың 1
желтоқсанында 6000 млн теңгені берешектер өтеуге, 800 млн теңгені
мемлекеттік кәсіпорындардың айналым капиталын толықтырып бөлуге мәжбүр
болды.
1993 жылдың қараша айында ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты
Ұлттық банк ақша-кредит саласының жұмыс істеуіне, оның бюджетпен және
банкпен өзара қарым-қатынасының классикалық принциптерін жүргізуге,
банктердің қызметін реттейтін жүйені нығайтуға толық жауапты болды.
Ұлттық валютаның енгізілген сәтінен бастап 1995 жылға дейін орталық
банктің қызметін орындауда, жүйелердің қызметін реттемелейтін нормативтік
құжаттарды әзірлеу мен қабылдауда дәстүрі мен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк
ақша-саясатын дербес жүргізудің тәжірибесін жинақтады. Бұл кезең, сонымен
бірге, ұлттық валютаның бағасын үлкейтуді көздейтін факторларына және ақша-
кредит аспаптарының әрекетіне бейімделу кезеңі болды. Бір мезгілде
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың ақпанындағы Жарлығымен
бекітілген 1995 жылы Қазақстанда Банк жүйесін реформалаудың алғашқы
бағдарламасы әзірленді.
1995 жылдың соңына дейін Бағдарламаны сәтті жүзеге асыру шартымен
Ұлттық банк ақша-кредит тиімді жүргізуге және банктер үшін қолданыстағы
заңда анықталған негізгі міндеттерді толық орындауға мүмкіндік беретін
классикалық орталық банкке тән ақша-кредит және валюта тұрғысынан реттеудің
бүкіл құралдар жиынын толықтай енгізіп, пайдалана бастайды деп ұйғарылған.
Ұлттық банктің тарапынан бақылауды күшейтудің әрі нормативтік реттеуді
жетілдірудің және экономикалық ынталандыруды дұрыс қолданудың есебінен
барлық коммерциялық банктердің қызмет сапасын олардың капиталдандырудың
денгейін арттырумен және халықаралық стандарттарға сәйкес олардың топтарын
(10-15 банкті) қалыптастырумен жақсартуды жүзеге асыру.
Банкаралық ақшалай, кредит және валюта нарықтарын дамыту арқылы мынадай
жағдайға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша реформасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
1922 жылғы ақша реформасы
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
1961 жылғы ақша реформасы
Ақша реформасы: ұлттық экономиканың дамуындағы қажеттігі мен маңызы
Ақша - несие саясатының құралдары мен әдістері
Қазақстан Республикасының банк реформасы
Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы табиғаты
Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық негіздері
Пәндер