Алгоритмдер және оларды сипаттау тәсілдері



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1) Алгоритм дегеніміз не?
2) Алгоритмді сипаттау әдістері
3) Алгроитмнің құрылымдары туралы
3. Символ типті берілгендерді өңдеу тәсілдері
4. Қорытынды
Алгоритм ұғымы ақпараттану ақпарат сияқты іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бұл атаудың мағынасын түсіну үшін оған жан –жақты талдау жасаған жөн.
Алгоритм дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берер алдында шамалы тарихқа жүгінелік. Алгоритм атауы атақты араб математигі а-бу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Оған дейін де арифметикалық амалдарды орындаудың көптеген ережелері болған. Онда негізінде сандардың ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Ал әл- Хорезми көп орынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды ереже ұсынған. Әл- Хорезмидің ұсынған тәсілін жақтаушыларды алгоритмдіктер деп, ал алгоритм ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған.
Қазіргі кезде алгоритм ұғымы тек матеметикалық есептерді шешу әдістерімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы одан әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын ала берілген алгоритмме, яғни жоспармен жұмыс істейді. Алгоритмді заңдылық, реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған жөн. Бұл ұғым қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүр. Оның көптеген анықтамалары да бар.

Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1) Алгоритм дегеніміз не?
2) Алгоритмді сипаттау әдістері
3) Алгроитмнің құрылымдары туралы
3. Символ типті берілгендерді өңдеу тәсілдері
4. Қорытынды

Кіріспе
Алгоритм ұғымы ақпараттану ақпарат сияқты іргелі ұғымдардың қатарына
жатады. Бұл атаудың мағынасын түсіну үшін оған жан –жақты талдау жасаған
жөн.
Алгоритм дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берер алдында шамалы тарихқа
жүгінелік. Алгоритм атауы атақты араб математигі а-бу Жафар Мұхаммед ибн
Мұса әл-Хорезми (763-850ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып
жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандар мен
арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды
мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен
құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Оған дейін де арифметикалық амалдарды орындаудың көптеген ережелері
болған. Онда негізінде сандардың ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Ал әл-
Хорезми көп орынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды
ереже ұсынған. Әл- Хорезмидің ұсынған тәсілін жақтаушыларды алгоритмдіктер
деп, ал алгоритм ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған.
Қазіргі кезде алгоритм ұғымы тек матеметикалық есептерді шешу
әдістерімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы одан әлдеқайда кең. Әрбір
компьютер алдын ала берілген алгоритмме, яғни жоспармен жұмыс істейді.
Алгоритмді заңдылық, реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын
операциялар тізімі деп ұғынған жөн. Бұл ұғым қазіргі кезде кеңінен
қолданылып жүр. Оның көптеген анықтамалары да бар.

Негізгі бөлім
1 Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі
түріне келтіру. Кез келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау
арқылы шығаруға болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа
түрінде жазып шығу керек.
Программа – алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар тізімі ретінде
жазу. Программа машинаға түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар
тізбегі орындалу барысында есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын
ала жазылған программамен істейді. Программа дегеніміз – белгілі бір нәтиже
алу үшін орындалатын амалдардың айқындалған тізбегі. Процессор прграмманың
құрамындағы командаларды кезекпен орындап отырады. Командалар тізбегін
программа деп қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау
үшін берілген бұйрық ретінде беріледі. Командалар: арифметикалық немесе
логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы; нәтижені экранға қағазға
басып шығару командасы; келесі командаларға көшу тәртібін орындау; т.б.
Компьютердің жұмысы прогрммалық принципке негізделген, яғни ол өзінң
жадында сақталатын командалар тізбегін автоматты түрде орындау арқылы есеп
шығарады.
Кез келген компьютер жадында берілген мәліметтермен қоса оны қандай
жолмен, қандай нұсқауларды орындағанда шығатынын көрсететін программаны
сақтайды. Компьютер берілген тапсырманы орындауға дайын тұрған техникалық
аспап болғандықтан, әрбір тапсырманы түсінікті түрде қысқаша жаза білу
қажет. Тапсырма жоғарыда айтылған жекеленген командалардан тұрады. Машинаға
түсінікті түрде жазылған тапсырмаларды немесе командалар жиынын да
программа деп атауға болады. Программа – арнайы мәтін арқылы компьютерге
тапсырманың ретін хабарлайтын ережелер мен нұсқаулар тізбегінен тұрады.
1.1 Алгоритмдердің орындалуы
Алгоритмді орындаушының рөлін негізінен адам немесе автоматтандырылған
аспап, яғни компьютер, робот, т.б. атқарады.
Сонымен алгоритмнің орындалуы кезінде оны орындаушыға келесі жолы
қандай нұсқау орындалатыны белгілі болуы қажет. Ал орындаушының жүзеге
асыра алатын командалар жиыны – компьютердің командалар жүйесін құрайды.
Алгоритмді машинаға енгізу үшін оны белгілі бір заңдылықпен мәтін
түрінде жазып, компьютердің жадына енгізу қажет. Ал алгоритмдер мен олардың
орындалуын компьютерде үшін қолданылатын бірыңғай және дәл жазуға арналған
ережелер жүйесі прогрмма болып табылады.
Алгоритм мен прогаммаға байланысты компьютердің мынадай жұмыс
ерекшеліктері болады:
1) Есепті шығару алгоритм түрінде өрнектелуі қажет;
2) Алгоритм программаға айландыруы тиіс;
3) Программа машина жадына енгізіліп, орындалады;
Алгоритм – ақпараттану мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының
бірі. Квадрат теңдеудің түбірін табу ережесі үшбұрыштың ауданын есептеу
жолдары алгоритмдердің мысалдары болып табылады. Сонымен, алгоритм –
есептерді шығару тәсілі, яғни белгілі нәтижеге жету үшін қолданылатын
амалдардың реттелген жиыны.
Адам баласы күнделікті өмірде алгоритмдер теңізінің ішінде жүзіп жүр
деуге болады. Әрбір адам күнделікті өмірде проблемелерды шешу барысында
бірсыпыра ережелерді өзі өмірден алған тәжірибесі бойынша ойланбай-ақ
орындай береді, яғни оны шешу ережелерін (нұсқауларын) біртіндеп орындай
отырып көздеген мақсатқа жетеді.
Қазіргі кезде күнделікті өңделетін ақпарат көлемінің тез өсуіне
байланысты көптеген мәселелердің (есептердің) шешуін адам іс- әрекетерді,
яғни алгоритмді атқарушыға немесе орындаушыға – техникалық құралдарға, әр
түрлі автоматтарға, компьютерлерге, роботтарға, техникалық құрылғыларға
жүктеуге мәжбүр болып отыр. Күнделікті тіршілікте біз күн сайын көптеген
алгоритмдерді кездестіреміз және атқарамыз. Мәселен, мектепке бару, сабаққа
даярлану, ас даярлау, ағаш отырғызу, нан пісіру, автобус, трамвай,
троллейбуспен межелі жерге жету, сөздіктен қажетті сөздерді іздестіру
кезінде алгоритмдерді атқаруға, яғни бірқатар әрекеттер тізбегін орындауға
тура келеді.
Сонымен, алгоритм атқарушы – көрсетілген іс - әрекеттер тізбегін
бұлжытпай орындай отырып, керекті нәтиже алуды жүзеге асыратын машина,
құрылғы немесе адам бола алады.
Техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану үшін есептің шешу жолы, яғни
орындалатын әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі дәл болуы қажет.
есептің шешу жолдары қаншалықты дәл және түсінікті болған сайын, оны шешу
атқарушыға (адамға, техникаға, т.б.) оңайға түседі.
Берілген мәселенің шешу жолдарының түсініктілігін оның алгоритмінің
түсініктілігі деп қарастырады. Алгоритмде алдыңғы әрекеттің нәтижесі келесі
әрекетте пайдаланылады.
Алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында
атқарушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау қажеттігін әрі түсінікті, әрі
дәл етіп көрсететін нұсқаулар тобын алгоритм деп атайды.
1.2 Алгоритм қасиеттері
Алгоритм ұғымының мәнін ашатын негізгі қасиеттерінен немесе оған
қойылатын талаптардан қысқаша мағлұматтар келтірейік. Компьютерде
орындалуға тиіс алгоритмдерге мынандай талаптар қойылады:
1) Алгоритм анық әрі дәл өрнектелуі тиіс;
2) Оның модульдік (бөлікке бөліну) қасиеті, яғни алгоритмді кішкене
бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет;
3) Алгоритм шектелген уақыттан соңғы нәтиже беруі тиіс, яғни алгоритм
қадамдарының саны шексіз болмауы керек;
4) Бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс.
1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген
барлық іс- әрекетердің мағынасы айқын, нақты анықталған болуы керек. Онда
қандай қадамдар көрсетілсе, тек соны ғана орындау қажет. Есеп шығару жолына
керектің бәрі біржақты анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы
тиіс. Атқарушы алгоритм командаларын орындау кезінде ешқандай ойланбауы
тиіс.
2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге
бөліну қасиеті болуы тиіс, яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкене
алгоритмдерге жіктеуге әрқашанда мүмкіншілік болуы керек. Бұл қасиет
бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшамды бөліктерге, ал
олар одан да кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің
тізбегі жеке-жеке әрекеттерге жіктеледі. Сондықтан алгоритмді екі-үш
бөлікке бөліп, оларды жеке құра алатын дәрежеде жұмыс істелуі қажает. Олар
тек бірінің қорытындысын келесі жолы керекті мәлімет ретінде қолдануы тиіс.
Орындаушы алғашқы әрекетті, қадамды аяқтамай, келесі әрекетке көше
алмайды. Олай болса, алгоритмдік процестің құрылымы үзікті (дискретті),
яғни бір-бірінен ажыратылып біріктірілген командалар тобынан тұрады.
Атқарушы алғашқы әрекетті – қадамды аяқтамай, келесі әрекетке көше алмайды
және алгоритмнің әрбір қадамын жеке нақты нұсқау ретінде орындайды. Белгілі
бір командалар негізінде алгоритмнің біртіндеп топтарға бөлініп атқарылуын
оның үзіктілік қасиеті дейді.
3. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез келген алгоритм нәтижелі болуы
керек. әрекеттердің шектелген санынан кейін белгілі бір уақыт ішінде
қорытынды нәтиже алуымыз керек. Әрекеттердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алгоритмнің құрылымдық негіздері мен қолдану тәсілдері
Алгоритмнің күрделілігін есептеуге қолдалынатын тәсілдер
Алгоритмді блок - схема түрінде жазуда қолданылатын геометриялық фигуралар
Алгоритмдеу негіздері
Есептеу техникасынан дәрістер
Информатика пәнінен лекциялық сабақтардың тезистері
Алгоритм тілінде есеп шығару жолдары
Алгоритмдердің түрлері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОҚЫТУ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
Алгоритмнің берілу тәсілдері
Пәндер