Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеялары



Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он бес шақты жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін. Адамдар санасының өзгеру, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға берді. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» - дейді Президент Н.Ә.Назарбаев.
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Егер Абай мен Шәкәрім қазақ халқының өткен заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы болса, бұл құдіретті бейнені романист қаламымен қайта тіріліткен Мұхтар Әуезовтің өзі жаңа замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды. Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан ұлттың аса көрнекті үш алып тұлғасының, былайша ғажайып түрде тұтасып және тілдесіп кетуі – бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір ерекше құбылыс.
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовты дүниеге келтірген қасиетті Шыңғыстау өңірі. Селеулі дала төсінде өскен самал өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Олар ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т.РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

“БАСҚАРУ” ФАКУЛЬТЕТІ.

“МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯ” КАФЕДРАСЫ.

БАЯНДАМА

Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің педагогикалық
идеялары

Орындаған:
Текенов А.

Тексерген:
Көпжасарова М.Д

Алматы, 2008ж
Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он бес шақты
жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді.
Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы
жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде  рухани
және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан
Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін
көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр,
көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи
тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл
қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды.
Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды.
Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-
бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен
осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол
жеткізді. Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы
халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал
жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы
мүмкін. Адамдар санасының өзгеру, халықтың басым көпшілігінің әлемдік
өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете
отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да
баға берді. Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан
келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа
жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған
әлеуметтік-экономикалық саясатты іске  асыру жолымен, жеделдетуге
қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет
болады - дейді Президент Н.Ә.Назарбаев.
    Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов мұрасы –
халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын
зерттеудің қайнар көзі. Егер Абай мен Шәкәрім қазақ халқының өткен
заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы болса, бұл құдіретті
бейнені романист қаламымен қайта тіріліткен Мұхтар Әуезовтің өзі жаңа
замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды.
Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан ұлттың аса көрнекті үш алып
тұлғасының, былайша ғажайып түрде тұтасып және тілдесіп кетуі – бүкіл
дүниежүзілік әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір ерекше құбылыс.
    А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовты дүниеге келтірген қасиетті
Шыңғыстау өңірі. Селеулі дала төсінде өскен самал өзі естіген жаңалықты
дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Олар ХІХ ғасырдың
аяғы және ХХ ғасырдың  бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық,
әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік,
адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған.
    Жалпы Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов
шығармаларының философиялық, психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен
әдебиеттанудағы маңызына байланысты З. Ахметов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов,
А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Есім, М.Жұмабаев, С.Қирабаев, С.Мұқанов,
Қ.Мұхаметханов, М.Мырзахметов, К.Оразалин, М.Орынбеков, Х.Сүйіншәлиев, 
Т.Тәжібаев, зерттеулерін т.б. айтуға болады. Абайдың ақындық мектебі
деген ұғымға алғаш рет ғылыми түрде анықтама беріп кеңінен тоқталған
М.Әуезов болатын. Бір пікірінде М.Әуезов былай дейді: Қазақтың басқа
ақындығымен салыстырғанда Абайдың үлгісін алған шәкірттері болуы – Абайдың
әдебиеттік мектебін жасады. Абай шәкірттері өз ұстазына әр алуан жақтарынан
еліктеді.
    А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтың педагогикалық пікірлеріне,
соның ішінде А.Құнанбаевқа ең алғаш 1934 жылы жазылған Ш.Әлжанұлы
мақаласын, Шәкәрім Құдайбердіұлының мұраларына педагогикалық талдау жасау
барысында, алғашқылардың бірі болып, педагогикалық көзқарасын, сонымен
қатар ақынның дінге көзқарасын философиялық-психологиялық тұрғыда
зерделеген А.М.Құдиярова еңбектерін, М.Әуезовтың ағартушылық-педагогикалық
қызметі мен психологиялық көзқарастарын зерттеген А.Тайжановты, одан
кейінгі кездерде Б.Р.Айтмамбетова, Б.Әбілғазиев, Г.З.Әбдрәсімова,
А.Е.Дайрабаева, А.Елемесова, Қ.Ж.Жарықбаев, К.Ж. Ибраева, А.Көбесов,
К.Қ.Құнантаева, А.Қартаева, З.Қабдол, Қ.Ж.Қожахметова, С.Қалиев,
О.Р.Мұқажанова, Б.Майтанов, Р.Мұқажанова, А.Д.Мұханбетжанов, Ә.Нысанбаев,
К.Сыздықов, Ж.Тұрсын, Г.И.Туретаева, С.Ізтілеуова, К.Шаймерденова,
І.Р.Халитова т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да авторлардың
жекелеген еңбектерін айтуға болады.
    А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы дидактикалық ой-
пікірлердің ерекшеліктеріне байланысты кейбір пікірлерді Н.Алдабек,
А.Айтбаева, Н.Берікұлы, А.Бейсенбаева, Ә.Балтабай, А.Н.Ильясова,
Ә.Қоңыратбаев, Ә.Молдаханов, А.Т. Тлеуханова, Ж.Б.Сәдірменов,
І.Р.Халитовалардың ғылыми-зерттеулері мен т.б. жекелеген мақалаларынан
табуға болады.
    А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы әлеуметтік
көзқарастар туралы және ғылыми-зерттеу жұмыстарында әлеуметтік педагогтарды
даярлау, студенттер арасындағы әлеуметтік қызметті ұйымдастыру, қазіргі
кездегі әлеуметтік педагогиканы зерттеу әдістеріне байланысты мәселелер
жайында айтылған Н.С.Алғожаева, А.С.Елемесова, Д.Д.Кульбасова,
Р.С.Қасымова, З.Қабдол, Б.И.Мұқанова К.М.Науанова, А.Тайжанов, Р.К.
Төлеубекова, І.Р.Халитова, М.Хапач, т.б. еңбектеріне сүйендік.
  Сонымен бірге зерттеу жұмысымызда ғұлама ойшылдар шығармаларындағы
дидактикалық ойлардың психологиялық мүмкіндіктерін зерделеуде П.К.Анохин,
Б.С.Блюм, Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, В.П.Зинченко, А.В.Запорожец,
А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, Ж.Пиаже, кеңестік психолог ғалымдар И.П.Павлов,
И.П.Подласый, П.И.Пидкасистый, С.Эриксон, оқу үрдісі және ондағы оқушы іс-
әрекетін зерттеген Д.Б.Эльконин, В.Оконь, К.Д. Ушинский т.б. еңбектерінде.
    Тек тәуелсіздік пен егеменділік жағдайында ғана ғұлама ойшылдар мен
гуманистер көзқарастары, қазақтың дәстүрлі дүниетанымы туралы бүкпесіз
айтуға, айтып қана қоймай, жүйелі түрде зерттеуге халқымыздың бай рухани
мұрасын игере отырып, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға, еткен де жеке
тұлғалар болған. Сол себепті біз диссертациялық жұмысымызда Абай Құнанбаев,
Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезов, олардың педагогикалық
көзқарастары, шығармаларындағы сабақтастық, педагогикадағы ұлттық тәлім-
тәрбие тұрғысында қарастыруды мақсат ете отырып, олардың бүкіл мұрасын
зерттеу объектісінің аясында тұтас қамтуға тырыстық. Бүгін біз олардың іс-
әрекеттерін құрметпен еске аламыз. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов
есімдері екі мәдениеттің Шығыс пен Батыс келбетінің құрыш құймасын
бейнелейді. Бұл күндері Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов
ұлттық сана сезімде мәңгі аталатын ұлы тұлғаларға айналды. Заман ілгері
жылжып, адамзат санасы неғұрлым биікке иек артқан сайын оның алдындағы
міндеттердің де мәртебесі биіктеп, ауқымы кеңейіп, мәні күрделене түспек.
Халқымыздың ұлттық мақтанышына айналған үш тұлғаның педагогикалық
көзқарастарына тоқталып, оларды біріктіретін ортақ күш бар екендігін:
біріншіден, олардың бәрі де қазақ еліндегі ағартушылық кемелденген
дәуірінің жемістері болатын, екіншіден, бәрінің де негізгі ой-армандары
елін, халқын жетілдіру, сауаттарын ашу, басқа халықтармен терезесін тең ету
еді.
    Қазақтың қоғамдық ой алыптары А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов
өміріндегі сабақтастық туған топырақ, кіндік қан тамырымен ұштасып жатыр.
Олардың есімдері ылғи бірге аталады: аға және іні, рухани туысқандар, ұстаз
және шәкірт, қоғамдық жұмыстағы идеалистік қызметтестер. Абай мені
ағартушылық, ғылым жолына әкелгендер деп ағасы Халлиолланы, әжесі Зерені
және орыс достарын атап кеткен, Шәкәрім өз шәкірттік ризалығын атасы
Құнанбайға, ағасы Абайды айтса, ал Мұхтар Әуезов атасы Әуезді және ұлы
адамның Ақ батасын алғанын жадында мәңгі сақтап, Абай мен Шәкәрімнің
педагогикалық ықпалын бағалаған. Тақырып, мазмұны жақтарынан  ұстаз  бен
шәкірттердің өлеңдері, қара сөздері ұштасып  жатады. Абайдың тәлімдік,
таланты Шәкәрімнің сегіз қырлысында өз көрінісін тапса, Мұхтар Әуезов осы
ғасырдағы Абай мен Шәкәрім армандарын жеткізуші жарық жұлдыз. Абайдың қара
сөздері қазақ философиясының негізгі ой түрткісі болса, Шәкәрімнің Үш
анығы - қазақ философиясының шыңы, ал Мұхтар Әуезовтің Абай жолы роман-
эпопеясы бүкіл әлемге әйгілі. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов біздің
әдебиет, философия, педагогика тағы басқа салаларында көп зерттелген, солай
болуы заңды да. Бірақ А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов
шығармаларындағы педагогикалық сабақтастық және оны оқу-тәрбие үрдісіне
ендіру тақырыбы, шығармаларындағы сабақтастығы, педагогикалық идеяларының
ұлттық тәлім-тәрбиесі, жан-жақты түбегейлі зерттелген жоқ.
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен
қоғамдық жаңғырулар тұсында тұр. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның
барлық саласындағы уақыт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
А.Құнанбаевтың педагогикалық идеяларын анықтау
Архимед Мыңбайұлы мен Рафиха Нұртазинаның негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Абай шығармашылығы туралы
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы
Пәндер