Қазақстан Республикасындағы және шетелдердегі неке шарты ұғымы және маңыздылығы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Қазақстандағы неке шарты туралы жалпы сипаттама
2) Мұсылман мемлекеттеріндегі неке шарты
3) Әлем елдеріндегі неке шартының ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
Неке – ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Некеге тұрушы немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты – нотариуспен расталған, жазбаша түрде некеге тұратын немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.
Ең алғаш неке шартын өмірге енгізген Еуропа да, Америка да емес. Бұл құжат ежелгі заманда пайда болған. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын Ежелгі Греция мен Рим еркек пен әйел отбасы құрмас бұрын, мәміле жасап, онда мүліктік қатынастарын ойластырып, мұрагерлік мәселе туралы алдын-ала келісетін болған. Бұл әрекетті еш ұят немесе ерсі деп санамаған. Христиан діні пайда болғанға дейін мұндай келісім дәріптеліп келген.
ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында кейбір дамыған Еуропа мемлекеттерінде (Австрия, Англия, Франция, Германия) неке шарты институттары қайта құрылған.
Франция мен Англия неке шартын бұрыннан бері қолданылып келеді. Некеге тұрушы әйелдің туыстары некеге дейінгі мүлікпен және одан түсетін табстарды пайдалана алды.
1882 жылға дейін Англияда жұбайлардың «жалпы құқыққа» (common law) байланысты ерікті болды. Күйеуге шыққан әйел өзіндік мүлікке құқығы болған жоқ. Некеден кейінгі мүліктердің барлығы күйеінікі болады. Яғни жұбайылық мүліктері болған жоқ
ХVІІ ғасырдан бастап, Англияда капитализмнің дамуы салдарынан «жалпы құқықтың» нормалары таптардың мүдделеріне қарма-қайшы келді.
Осы мақсатта «әділет соттары» (eguity) құрылып, олар неке шарттарда әйелінің жарты мүлкі ерінің билігінен бөлек болды. Осы «әділет сотының» шығарған ережелері тек отбасы мүлкіне жатпайтын капитал түріндегі меншікке қолданылды, Сондықтан Англияда ХІХ ғасыр соңына дейін жұбайылық мүліктің екі режимі болды: «common law» — көпшілік халыққа, «eguity» — жоғары топқа арналған еді.
1882 жылы Парламентпен тұрмыс құрған әйелдердің меншігі туралы заң қабылданды. Онда әйел неке шартына тұрған жағдайда ерімен мүлікті бөліскен кезде оған дейінгі сол кездегі, одан кейінгі мүлік әйелінің меншігі болып табылды және оны ол мұрагерлікке қалдыра алды.
Негізгі бөлім
1) Неке шарты немесе неке келісімшарты – Қазақстанда соңғы кездері танымал бола бастаған, бұрын-соңды болмаған беймәлім құбылыс.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 39-бабына сәйкес некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады. Бұдан басқа неке шартында некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтары көзделуі мүмкін.
• Қазақстан Республикасының Конституциясы;
• Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы 2011жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі;
• 1994жыл 27желтоқсанда қабылданған №269-XIII Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.
• Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Конвенция .(Минск 22. 01. 93)
• http://adilet.zan.kz/
• http://kk.wikipedia.org/wiki
• http://egov.kz/
• http://dinislam.kz/
• http://www.adilet.gov.kz/
• Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен қабылданған 1948 жылдың 10 желтоқсанындағы Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы.
• Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт.(Нью-Йорк, 16 желтоқсан 1966 ж.).
• Мәдени, әлеуметтік және экономикалық құқықтар жөніндегі халықаралық пакт.(Нью-Йорк, 16 желтоқсан 1966 ж.).
• Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Конвенция .(Минск 22. 01. 93)

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Қазақстан Республикасындағы және шетелдердегі неке шарты ұғымы және маңыздылығы
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Қазақстандағы неке шарты туралы жалпы сипаттама
2) Мұсылман мемлекеттеріндегі неке шарты
3) Әлем елдеріндегі неке шартының ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды

Мақаланың өзектілігі: Неке шартының пайда болу және оның тарихын анықтай отырып, әлем елдеріндегі, мұсылман мемлекеттеріндегі неке шартының жүзеге асырылу ерекшеліктерін анықтау. Неке шартының қажеттілігін айқындау.
Мақаланың мақсаты: Қазақстандағы және шет мемлекеттердегі неке шартының жасалуына көзқарастарын қарастыру.
Мақаланың міндеттері:
* Неке шартының пайда болу тарихына жалпы шолу;
* Қазақстандағы неке шарты туралы жалпы сипаттама беру;
* Әлем елдеріндегі неке шартының ерекшеліктерін анықтау;
* Неке шартының мұсылман мемлекеттеріндегі алатын орнын қарастыру;
* Неке шартының Қазақстанда кең түрде таралмауының себептерін қарастыру.

І. Кіріспе
Неке - ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Некеге тұрушы немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты - нотариуспен расталған, жазбаша түрде некеге тұратын немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.
Ең алғаш неке шартын өмірге енгізген Еуропа да, Америка да емес. Бұл құжат ежелгі заманда пайда болған. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын Ежелгі Греция мен Рим еркек пен әйел отбасы құрмас бұрын, мәміле жасап, онда мүліктік қатынастарын ойластырып, мұрагерлік мәселе туралы алдын-ала келісетін болған. Бұл әрекетті еш ұят немесе ерсі деп санамаған. Христиан діні пайда болғанға дейін мұндай келісім дәріптеліп келген.
ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында кейбір дамыған Еуропа мемлекеттерінде (Австрия, Англия, Франция, Германия) неке шарты институттары қайта құрылған.
Франция мен Англия неке шартын бұрыннан бері қолданылып келеді. Некеге тұрушы әйелдің туыстары некеге дейінгі мүлікпен және одан түсетін табстарды пайдалана алды.
1882 жылға дейін Англияда жұбайлардың жалпы құқыққа (common law) байланысты ерікті болды. Күйеуге шыққан әйел өзіндік мүлікке құқығы болған жоқ. Некеден кейінгі мүліктердің барлығы күйеінікі болады. Яғни жұбайылық мүліктері болған жоқ
ХVІІ ғасырдан бастап, Англияда капитализмнің дамуы салдарынан жалпы құқықтың нормалары таптардың мүдделеріне қарма-қайшы келді.
Осы мақсатта әділет соттары (eguity) құрылып, олар неке шарттарда әйелінің жарты мүлкі ерінің билігінен бөлек болды. Осы әділет сотының шығарған ережелері тек отбасы мүлкіне жатпайтын капитал түріндегі меншікке қолданылды, Сондықтан Англияда ХІХ ғасыр соңына дейін жұбайылық мүліктің екі режимі болды: common law -- көпшілік халыққа, eguity -- жоғары топқа арналған еді.
1882 жылы Парламентпен тұрмыс құрған әйелдердің меншігі туралы заң қабылданды. Онда әйел неке шартына тұрған жағдайда ерімен мүлікті бөліскен кезде оған дейінгі сол кездегі, одан кейінгі мүлік әйелінің меншігі болып табылды және оны ол мұрагерлікке қалдыра алды.
Негізгі бөлім
1) Неке шарты немесе неке келісімшарты - Қазақстанда соңғы кездері танымал бола бастаған, бұрын-соңды болмаған беймәлім құбылыс.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 39-бабына сәйкес некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады. Бұдан басқа неке шартында некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтары көзделуі мүмкін.
Неке шарты ерікті шешім, оны жасасуға немесе жасаудан бас тартуға ешкім міндеттемейді. Неке келісімшарты ажырасудың себебі болуы мүмкін деген жалған сенімнен бас тартқан жөн, әлемдік тәжірибе неке шартын жасасу көп жағдайда некенің бұзылуын болдырмайтынын дәлелдейді.

1990 жылдары Совет Үкіметі құлағаннан кейін жаңа өзгерістер ТМД елдеріндегі неке заңнамаларын қайта қарастыру керек болды. Қазақстанда 1993 жылдан бастап осындай тәжірибенің іске асырылуына жол берілді.
1998 жылдың 17 желтоқсанында Неке және отбасы туралы заң КоБС Қазақ ССР заңын алмастырды. Онда толығымен бір бөлім ерлі-зайыптылардың мүліктік шарттық режиміне арналған. Осында бірінші рет неке шартына анықтама берген: Неке шарты деп - некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім. Осы анықтамадан кейін, неке шарты - ол неке қиюға дейін немесе некені құру кезінде жасалынады.
Қазақстан Республикасындағы неке шарты некені мемлекеттік тіркеуге дейін және неке уақытында жасай алады. Некені мемлекеттік тіркеуге дейінгі жасалған неке шарты некені мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күшіне енеді. Жасалған неке шарты ұзақ уақыт немесе мүлдем өз күшіне енбейді. Бірақ бұндай шарт некеге тұрғанға дейін өмір сүре береді. Бірақ осындай жағдайдағы неке бірнеше жылдан кейін жасаса, оларға жиырма жыл бұрынғы неке шарты заңды күшіне ие болады.
2) Мұсылман елдеріндегі неке және неке шарты
Егер еуропалық жас жұбайларға неке шарты жаңадан сәнге айнала бастаса, араб мемлекеттерінде мұндай шарт некелесудің міндетті элементі ретінде қарастырылады.
Неке қию рәсімі негізінде мешітте өткізіледі. Неке шарты куәлардың, яғни екі ер адам немесе бір ер адам және екі әйел адам қатысуымен ханафит мазхабына сәйкес жасалады. Неке шартының мазмұны қалыңдық немесе оның өкілі (қамқоршысы) жасаған ұсыныстан (иджаб) және соған сәйкес күйеу жігіт немесе оның өкілі берген жауабынан (кабуль) тұрады. Бұл формула айтылмаса, неке жарамсыз деп танылады.
Тең құқықты некеге тұрғанда, күйеуі әйеліне мүлік бөліп бөруге міндетті. Ол махр деп аталады. Махр екі жақтың арасындағы неке шартында анықталады. Жесір қалу немесе ажырасу жағдайларында махр әйелде қала береді. Бұл тікелей әйелге төленеді және ол күйеуінің мүлкінің бөлігі болады. Ан-Ниса сүресінің 4 аятында көрсетілгендей, махр ретінде құны бар және жеке меншікте болатын кез келген нәрселер беріледі. Ол ақша, асыл-тастар мен металдар, немесе кез келген бағалы мүлік болуы мүмкін.
Махрды төлеу уақыты некелесу кезінде анықталады. Ол неке шартын жасасқанда толығымен, бөліктерге бөліп немесе ажырасу уақытында төленуі мүмкін. Махр әйелдің қамқоршысына, сенімді адамына немесе тікелей өзіне беріледі. Егер махр көрсетілген уақытына дейін төленбесе, әйелге шартты ажырасу құқығын береді. Бұл ажырасу төлегенге дейін жалғасады.

3) Америка Құрама Штаттары
Неке шартын құрастырғанда америкалықтар барлық дерлік нәрселерді ескерулеріне болады. Тек қана баланың тәрбиесіне қатысу туралы шектеулер және ажырасу жағдайында кіммен қалуы жөнінде шарттарды қамтымайды. Америкалық отбасылар әр нәрсені шартқа енгізген. Мысалы, "күніне бір-бірімен жарты сағаттан аз сөйлесуге болмайды" немесе "көлікте, ең болмағанда жарты бак жанармай барын бақылау".
Израиль: Бәріне міндетті
Неке шартынсыз - Израильде неке қиылмайды. Ең қызығы, бұл құжатта тек қана күйеуінің әйеліне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы- халықаралық құқық субъектісі
Неке шартының мазмұны мен түсінігі
Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
Азаматтар азаматтық құқық субъектісі ретінде
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша неке шарты
Құқық субъектілерінің азаматтық құқық қабілеттілігі
Қорғaншылық және қaмқоршылық ұғымы
Халықаралық және ішкі мемлекет құқық нормаларының шетел азаматтарының құқықтық мәртебесін реттеудегі мәселелері
АЗАМАТТАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІП
Халықаралық жеке құқық пәнінен лекция жинағы
Пәндер