Алтын орда тарихы



1227 ж. Шыңғысхан дүние салғаннан кейін, бұл ұмтылыс күшейе түседі де, империя бірнеше тәуелсіз мемлекетке бөлініп кетеді.
Со жылы қайтыс болған Жошының орнын оның ұлы Бату-Батый басады. Ол Дешті-Қыпшақ пен Еділ бұлғарларының жерін, одан әрі Батыс елдеріне жаулау жорығын жасайды. Орыстың аса ірі княздіктері талқандалып, Польша, Венгрия, Чехияны және басқа елдерді талап, құлазытады. Жеті жылдық жорық нәтижесінде (1236— 1242 жж.) Батыйдың қоластына Еділдің батысынан Дунайдың Теменгі жағына дейінгі жерлер қарайды, әрине оның ішінде Қырым, Солтүстік Кавказ бен Батыс қыпшақ (половцылар) даласы да кіреді, Еділдің төменгі бойына қайта оралған Бату бұл арада жаңа мемлекеттің негізін салады, ол кейінірек Алтын Орда деп аталады. Оған Жошы ұлысының территориясы— Шығыс Дешті-Қыпшақ яғни Қазақстанның Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан Еділ мен Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері. Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі, сол сияқты жаңадан жаулап алған жерлер кіреді. Орыстың Батый аламандары күйреткен княздіктері Алтын Орданың тәуелді вассалына айналады. Орыс кінәздары Алтын Ордаға кіріптар екенін мойындайды, оның хандарының қолы-нан "кінәздік құруға жарлық" алады, алым-салық төлейді, бірақ толық болмаса

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Алтын Орда
1227 ж. Шыңғысхан дүние салғаннан кейін, бұл ұмтылыс күшейе түседі де,
империя бірнеше тәуелсіз мемлекетке бөлініп кетеді.
Со жылы қайтыс болған Жошының орнын оның ұлы Бату-Батый басады. Ол
Дешті-Қыпшақ пен Еділ бұлғарларының жерін, одан әрі Батыс елдеріне жаулау
жорығын жасайды. Орыстың аса ірі княздіктері талқандалып, Польша, Венгрия,
Чехияны және басқа елдерді талап, құлазытады. Жеті жылдық жорық нәтижесінде
(1236— 1242 жж.) Батыйдың қоластына Еділдің батысынан Дунайдың Теменгі
жағына дейінгі жерлер қарайды, әрине оның ішінде Қырым, Солтүстік Кавказ
бен Батыс қыпшақ (половцылар) даласы да кіреді, Еділдің төменгі бойына
қайта оралған Бату бұл арада жаңа мемлекеттің негізін салады, ол кейінірек
Алтын Орда деп аталады. Оған Жошы ұлысының территориясы— Шығыс Дешті-Қыпшақ
яғни Қазақстанның Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан Еділ мен Амударияның
төменгі бойларына дейінгі жері. Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі, сол
сияқты жаңадан жаулап алған жерлер кіреді. Орыстың Батый аламандары
күйреткен княздіктері Алтын Орданың тәуелді вассалына айналады. Орыс
кінәздары Алтын Ордаға кіріптар екенін мойындайды, оның хандарының қолы-нан
"кінәздік құруға жарлық" алады, алым-салық төлейді, бірақ толық болмаса да
дербестігін сақтап қалады.
Батухан негізін салған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы, сол
сияқты Жошы ұрпағы хандарының атымен (Бату ұлысы, Берке ұлысы т. б.) деп
аталады. Орыс шежірелерінде "Орда" немесе "татарға", "татардан" деген
сөздер қолданылған. Ұлыстың астанасы Сарай-Бату (Астраханға жақын жерде),
кейінірек — Сарай-Берке қалалары болған.
Алтын Орданың отырықшы облыстарында бұлғарлар мен мордва, орыстар мен
гректер, шеркестер мен хорезмдіктер т. б. тұратын. Моңғолдардың өздері
тіпті аз еді. XIII—XIV ғғ. шамасында, әсіресе XIV ғ. монғолдар іс жүзінде
түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы "татарлар" деп аталды.
Аса маңызды мемлекеттік мәселерді шешу үшін билеуші әулет мүшелері
бастаған ақ-сүйектердің жалпы жииалысы-құрылтай шақырылатын болған.
Армияны, басқа мемлекеттермен арадағы елшілік қарым-қатынасты беклербегі
басқарған. Атқарушы өкіметтің орталық орыны — Диуан басында уәзірі тұрған.
Қалалар мен бағынышты ұлыстарға. Даруғалар мен басқақтар тағайындалған,
олардың міндеті — алым-салық жинау болған. Ең маңызды қызметтерді хан
отбасының мүшелері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отандық тарих ғылымныда Алтын Орда туралы іргелі зерттеулер
Алтын орданың рухани мәдениетінің тарихы
Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
Алтын Орданың саяси тарихы
Алтын Орда кезеңінің ескерткіштері
Батыс тарихнамасы. Негізгі зерттеулер және қалыптасқан тұжырымдар
«Алтын орда» мемлекетінің құрылуы туралы
Алтын Орда өркениеті
Алтын орда мемлекетінің билеушілері
Жошы ұлысы
Пәндер