Ғажап ғұмыр



Мұқан Төлебаев туралы көп нәрсені еске алуға болады. Бірақ еске алудың да екі түрі бар. Бірі - кәдімгі күнделікті отбасы, ошақ қасындағы әңгіме де, бірі – сол айтайын деп отырған адамның тарихтағы, өнердегі, мәдениеттегі орны, рөлі туралы әңгіме. Мұқанның 80 жылдығы үстінде ол үй жағдайында, жора – жолдас арасында, ортада қандай еді дегенді әңгімелеудің қажеттілігі болмас. Өйткені, ол жәй отбасылық қана әңгіменің адамы емес. Ол – елдің біртуар ұлдарының бірі.
Биыл көптеген мереке-тойлар болмақшы. Төле бидің – 330, Бұқар жыраудың -325, Мағжан мен Сұлтанмахмұттың -100, Құрмағазынның – 170, Қалибек Қуанышбаевтің – 100, Ақан серінің 150 жылдығы. Сол шоқтағы биік тұрған қазақтың ұлы перзенттерінің қатарында Мұқанның да есімі үлкен инабаттылықпен, қамқорлықпен аталады. Мұқан, көзі тірісінде сексен түгіл, елі жылдығын атауды жазбаған. Ол 1960 жылы сәурдің 2-сі күні дүниеден қайтты. Құжаттағы жасы бойынша қырықтын қырқасына жаңадан шыға берген кезінде көз жұмды.
Мұқан жас кетті. Мұқанның халқына бергені де, берері де аз емес еді. Енді міне, онымен қатар жүргенде, тірі жүргенде біріміз аға, біріміз іні болып жүргенде Мұқан кім еді деп ойламаған екенбіз. Бірақ Брусиловский, Жубанов, Хамиди, Төлебаев, Байқадамов, Мусин сияқты ағаларды қазақтың кейінгі өркениетті елдің өнеріне бет бұрған кездегі алғаш қадам басып оған жас ұрпақты баулып, білім алып, алдыңғы қатарлы азаматтары болған деп қарайтынбыз. Бұлардың барлығы қазір қазақ музыка өнерінің классиктеріне айналды.
Мұқан Төлебаев сонау 1934 жылы Бөрлітөбе ауданының орталығы кішігірім бір мекемеде есепші-бухгалтер болып істеп жүрген жерінен сол жылғы Қазақстанның ел арасында көп тараған өнерпаздарының алғашқы слеті болып соған келді. Әуелі әнші болып келді. Әп-әдемі қоңыр-тенор даусы болушы еді. Сол әншілігімен көзге түсіп, құйтағандай бала жігіт Мәскеуге оқуға жіберілді. Ол уақытта осы күнгі Чайковский атындағыМәскеу консерваториясының жанында ұлттық республкалардың үш жылдық студиясы болатын еді. Музыка мектебін, училищесін бітірмеген, музыка өнеріне бала күннен тәрбиеленбеген жастар сол жерде білім алып, кейін консерваторияға түседі. Мұқан соған барып оқуға түсті. Кейін дауысы қарлығатын болып, әншіліктен композиторлық оқуға ауысуға мәжбүр болды. Орыстың Мясковский, Шехтер сынды белгілі композиторларынан дәріс алды, үйренді.
Соғыс басталғанда ол өз бетімен Мәскеу түбіндегі халық қорғаушылардың қатарына кіріп, үлкен шайқасқа қатысып, сол арада өкпесіне аздап суық тиіп, елге қайтып оралды. 42-ші жылдың басында елге келген Мұқан алғашқы кезде Құрманғазы атындағы оркестрде дирижер болып қызмет істеді. 1944 жылы «Абай» операсын жазды, 1946 жылы Қ.Жұмалиевтің либреттосына жазған Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсы сахнада жарық көрді. Шынайы опера деңгейіне көтерілген дүниелердің алғашқысы сол «Абай» мен «Біржан – Сара» еді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҒАЖАП ҒҰМЫР

Мұқан Төлебаев туралы көп нәрсені еске алуға болады. Бірақ еске
алудың да екі түрі бар. Бірі - кәдімгі күнделікті отбасы, ошақ қасындағы
әңгіме де, бірі – сол айтайын деп отырған адамның тарихтағы, өнердегі,
мәдениеттегі орны, рөлі туралы әңгіме. Мұқанның 80 жылдығы үстінде ол үй
жағдайында, жора – жолдас арасында, ортада қандай еді дегенді әңгімелеудің
қажеттілігі болмас. Өйткені, ол жәй отбасылық қана әңгіменің адамы емес. Ол
– елдің біртуар ұлдарының бірі.
Биыл көптеген мереке-тойлар болмақшы. Төле бидің – 330, Бұқар
жыраудың -325, Мағжан мен Сұлтанмахмұттың -100, Құрмағазынның – 170,
Қалибек Қуанышбаевтің – 100, Ақан серінің 150 жылдығы. Сол шоқтағы биік
тұрған қазақтың ұлы перзенттерінің қатарында Мұқанның да есімі үлкен
инабаттылықпен, қамқорлықпен аталады. Мұқан, көзі тірісінде сексен түгіл,
елі жылдығын атауды жазбаған. Ол 1960 жылы сәурдің 2-сі күні дүниеден
қайтты. Құжаттағы жасы бойынша қырықтын қырқасына жаңадан шыға берген
кезінде көз жұмды.
Мұқан жас кетті. Мұқанның халқына бергені де, берері де аз емес еді.
Енді міне, онымен қатар жүргенде, тірі жүргенде біріміз аға, біріміз іні
болып жүргенде Мұқан кім еді деп ойламаған екенбіз. Бірақ Брусиловский,
Жубанов, Хамиди, Төлебаев, Байқадамов, Мусин сияқты ағаларды қазақтың
кейінгі өркениетті елдің өнеріне бет бұрған кездегі алғаш қадам басып оған
жас ұрпақты баулып, білім алып, алдыңғы қатарлы азаматтары болған деп
қарайтынбыз. Бұлардың барлығы қазір қазақ музыка өнерінің классиктеріне
айналды.
Мұқан Төлебаев сонау 1934 жылы Бөрлітөбе ауданының орталығы кішігірім
бір мекемеде есепші-бухгалтер болып істеп жүрген жерінен сол жылғы
Қазақстанның ел арасында көп тараған өнерпаздарының алғашқы слеті болып
соған келді. Әуелі әнші болып келді. Әп-әдемі қоңыр-тенор даусы болушы еді.
Сол әншілігімен көзге түсіп, құйтағандай бала жігіт Мәскеуге оқуға
жіберілді. Ол уақытта осы күнгі Чайковский атындағыМәскеу
консерваториясының жанында ұлттық республкалардың үш жылдық студиясы
болатын еді. Музыка мектебін, училищесін бітірмеген, музыка өнеріне бала
күннен тәрбиеленбеген жастар сол жерде білім алып, кейін консерваторияға
түседі. Мұқан соған барып оқуға түсті. Кейін дауысы қарлығатын болып,
әншіліктен композиторлық оқуға ауысуға мәжбүр болды. Орыстың Мясковский,
Шехтер сынды белгілі композиторларынан дәріс алды, үйренді.
Соғыс басталғанда ол өз бетімен Мәскеу түбіндегі халық қорғаушылардың
қатарына кіріп, үлкен шайқасқа қатысып, сол арада өкпесіне аздап суық тиіп,
елге қайтып оралды. 42-ші жылдың басында елге келген Мұқан алғашқы кезде
Құрманғазы атындағы оркестрде дирижер болып қызмет істеді. 1944 жылы Абай
операсын жазды, 1946 жылы Қ.Жұмалиевтің либреттосына жазған Төлебаевтың
Біржан - Сара операсы сахнада жарық көрді. Шынайы опера деңгейіне
көтерілген дүниелердің алғашқысы сол Абай мен Біржан – Сара еді.
Біржан - Сараны 46-шы жылы сахнаға Құрманбек Жандарбеков қойды.
Әнуарбек Үмбекбаев, Байғали Досымжанов, Күләш Байсейітова, Шабал Байсеков –
осы екі топ қазақтың аса дарынды ұл мен қыздары сол операны жарыққа
шығарды. Столяров дирижерлық етті. Ненашев сахнаны безендірді. Осы опера
талантты қойылым болып көрініп, 48-ші жылы ғой деймін, Мәскеуден бір топ
комиссия келіп, Сталиндік сыйлықтың лауреаттығына лайық деп бағалап кетті.
Сол жылы расында қазақ музыка өнерінің бағы жанып, алғаш рет Біржан-Сара
операсы Сталиндік сыйлықтың лауреаты болды. Кейін Сталин өлгеннен кейін
бұны Мемлекеттік сыйлық деп өзгертті. Жағдайдың өзгеруіне, әрі-беріден соң
қоғамдық жүйенің өзгеруіне байланысты не нәрсені болсын, тарихи атауын
бүркемелеп, басқаша айтуды тоқтату керек сияқты. Сталиннің атындағы сыйлық
па, солай аталсын. Бұл біреуге ұнар, біреуге ұнамас.
Міне, мұқым қазақтың өнерінің шаңырағын биіктету, шыққан белесін
жарқырату осы тұстан басталады. Елуінші жылдары Мұқан соғыстың қаулап
тұрған кезінде жағдайы келіп оқи алмаған консерваториясына қайтадан барып,
бітіріп қайтты. Ал енді бұл Мұқанға ғана тән ерекше қасиет еді. Өйткені,
Сталиндік сыйлықтың лауреаты болған адам консерваторияға қайтадан барып
түсіп, білімімді көтеремін деу ол уақыт түгіл қазіргі заманда өте сирек
кездесетін жағдай. Кейін қайтып келген соң, Қозы Көрпеш-Баян сұлу
операсына кірісті. Осы екі ортада Мұқан екі рет Қазақстанның Жоғарғы
Кеңесінің депутаттығына сайланды. 1958 жылы онкүндікке барғанда Кеңестер
Одағының халық әртісі болды. Ол депутаттыққа өзінің туған ауылы Талдықорған
облысының Берлітөбе ауданынан сайланды. Елуінші жылдың орта кезі болатын.
Бір күні Мұқан мені үйіне шақырып алды. Мен Берлітөбеге барайын деп
жатырмын. Мені халқым депутат сайлаймыз деді. Сен маған атқосшы боп барып
қайтсаң қайтеді деді. Мұқа-ау, сіздің бұндай қызметіңізге жарайтын болсам
болғаным дұрыс қой. Бірақ ондайда шешен, көсем сөйлейтін, көреген адам
керек. Мен осыған жарар ма екенмін дедім. Сосын қалжыңға басып Мен
жарайсың деген соң, жарайсың ғой деп сол жолы өзімен бірге Бөрлітөбеге
алып кетті. Сонда есімде қалғаны – ол кейбіреулерге ұқсап қарқылдап күліп,
не болмаса артық сөйлеп, көп уәде беріп, көпіртіп айтып, артынан пойызға
қайта мінгеннен кейін бәрі артта қалды ғой деп кететін кісі болмайтын.
Ақырындап қана сөйлеп, ақырындап миығынан ғана күлетін.
Үлгі колхозындағы біз оқыған мектепте сөйлеген сөзі есімде:
Сендерге депутат болғаннан кейін осы Үлгінің құмын көшіріп тастаймын, үй
салып беремін, осы араны гүлстанға айналдырамын деп айта алмаймын. Егер
сайлаған депутатымыз Үлгінің белес құмдарын көшіріп тастайды екен
десеңдер, алдын-ала айтып қояйын, сайламай-ақ қойыңдар деп күлген еді,
жарықтық!...
Былайша айтқанда, бұл кісі реалист еді. Орнатылмай жатқан
коммунизімді қолдан орнатып беремін деп ешкімге бос уәде бермейтін. Соғыс
кезінде мектепте оқып жүрген кезімізде, әлі есімде, Мұқан Үлгі колхозына
келді. Содан ауыл сыртында бір шақырым жерде ақшағыл құм болатын. Басқа
жерге қарағанда құмның беті ерте қызады ғой. Көктем кезі еді. Сонда,
балалық-ай десеңшң, үзіліске шыққан бойда ағамыздың не істеп жүргенін
сыртай андыймыз келіп. Қолында домбырасы, алдында жайып қойған жолақ-жолақ
қағазы бар Мұқан теріс қарап отырып бірдеңені күтеді. Бірде ыңылдайды,
қағазына қайта шұқшияды. Содан кейін Балқаш көлінің жағасына кеме тоқтайтын
бір бұғаз болушы еді. Сонда ертеректе Бөрлітөбе ауданының орталығы болған.
Кейін Лепсіге ауысты ғой. Сол арада ерте заманнан келе жатқан күйсандық
боушы еді. Ол кезде баламыз, күйсандық дегенді білеміз бе, тәйірі. Соны
Қарашығанға кемемен алып келіп, сол арадан түсіріп, өгіз арбамен
жеткізгенін өз көзімізбен көргенбіз. Соны әкеліп біздің мектепке қойды. Бұл
соғыстын әлі бітпеген кезі еді. Күйсандықты Мұқан ағамыз күмбірлетіп
ойнайды. Біз үзілісте тыңдаймыз. Өзімізше ләзаттаймыз. Содан Мұқан шығып
кетсе, қара күйсандыққа жабылып кеп қаламыз. Ол бізге қызық көрінеді.
Сөйтсек, кейін білдік, сол қырық төртінші жылы Мұқан елге келіп, шағын
құмның үстінде домбырамен теріс қарап ыңылдап отырғанда, ақ тер, көк тер
болып жүрген Біржан-Сара операсының бірінші бөлімі сол Үлгі колхозының
ақшағыл құмының жылы табымен жазылған.
Кейін Козы Көрпеш – Баян Сұлуды Ғабит Мүсреповпен бірігіп жаза
бастады. Бұл кісі либреттоның көбін өзі жазып еді. Қандай бір майталман
жазушы, майталман ақын болсын, операның либреттосын жазғанда, онда операны
жазып отырған композитордай сезім болмайды. Олар сахнаның заңын дәл
композитордай сезінбейді. Мен де төрт опера жаздым: Қамар сұлу,
Алпамыс, Тың тынысы, Дала оттары. Сонда либреттоның кейбір жерін
өзіміз айтып, тіпті орашолақ ақындыққа үйлесе бермейтін тілімізбен өзіміз
қосып жазып, буындарын түсіріп беріп, араласатын кезіміз болды.
Мұқан дүниеден озған соң, архивіне бір топ адам болып кірдік. Өзінің
қолымен жазған сол либреттоның қойын дәптері әлі күнге архивінде сақтаулы.
Бірақ өкінішке орай, ол кісі екі жылдан астам еркін тұра алмай, жіңішке
ауру жанын жегі құрттай жеп, Қозы Көрпештің бір актіге жетер- жетпестей
бөлігі ғана жазылды. Бірақ дегенмен де, ерте ме, кеш пе сол Козы Көрпеш –
Баян сұлуды Мұқанның әруағы үшін, кешегі Ғабиттің әруғы үшін сахнаға қайта
көтеріп шығарса, дұрыс болар еді. Мүмкін мен жазармын, мүмкін басқа бір
талантты жастардың бірі жазар. Түбі бір сазнаға шығатыны даусыз. Ал енді
Біржан – Сара, Қозы Көрпеш – Баян сұлудан басқа, одан бұрын
Брусиловскиймен бірігіп жазған Амангелді дейтін операсы бар. Оны біреулер
біледі, біреулер білмейді. Бұл – сол Мұқанның тырнақалды дүниелерінің бірі.
Бұны сол замандағы Қазан төңкерісінің идеологиясын дәріптейтін дүние деп
айтуға болмайды. Бұл Амангелдінің, кешегі Кете батырдың ерлігін айтатын
дүние. Опера әлі күнге сахнадан түсе қойған жоқ. Жиі жүріп жатпағанмен де,
осындай қажетті жағдай юолғанда сахнаға қайта оралып отырады.
Мұқанның жазған ән-романстары өз алдына бір төбе. Халықтың білетін
Май күні әні, Абайдың Мен көрдім ұзын қайың құлағанын өлеңіне жазған
романсы бар. Соғыс кезінде шыққан Тос мені, тос, Кестелі орамал дейтін
әйгілі әндері бар. Кейінгі уақытта шыққан Ақмарал сұлу еркем-айы бар.
Біздің жас кезімізде солардың ішінен Тос мені, тос Кестелі орамалы
көбірек орындалушы еді. Бұлар майданда жүрген азаматтардың ауылда қалған
қаракөз қарындастарына жазған хаты тәрізді, берген уәдесі секілді,
махаббатының шырқырап шыққан әнұраны сияқты болып естілетін. Қазір Тос
мені, тосты да, Кестелі орамалды да осы күнгі әншілердің көбі айта
алмайды, айта білмейді, айтып та жүрген жоқ. Бұл Рамазан Елеубаевтың Жас
қазағы сияқты.
Әрбір қоғамның ағымы өз тұсында өз өнеріне тақырып тауып береді,
айтатын, айтқызатын дүниелері болады. Мысалы, Ұлы Отан соғысы болмаса,
Төлеген Тоқтаров Рамазан Елеубаевтың көз алдында қаза таппаса, Жас қазақ
тауар ма еді? Қазақ халқында ежелден қалыптасып қалған жанр бар. Кейде
осындай бір аяулы азаматымыз қайтыс болса, Шопеннің, не болмаса
Чайковскийдің, яки Бетховеннің симфонияларынан алып ойнап жатамыз. Анда-
санда Біржан – Сарадағы Аналықтың Біржанға арнаған жоқтауын айтамыз.
Сонымен жоқтау - әбден қалыптасқан жанр деп айтуға халқымыз бар. Оның
ішінде ең әйгілісі – Елім-ай. Бұл баяғы, Ақтабан шұбырындының тұсында
туған. Оның ішінде ең әйгілісі – Мұхиттың Зәуреші. Оның ішінде ең
әйгілісі – Кененнің Базарым-ай – Назарым-ай. Сосын осы Рамазан Елебаевтың
Жас қазағы. Алтынбек Қоразбаевтың Қара кемпір деп аталатын әні де осы
тектес. Ал Тос мені, тоста мұндай жылау-сықтау жоқ. Бірақ майдайда жүрген
жауынгердің сүйген жарын көре алмай, құштар болып, бір жағы қайтіп ораламын
ба, оралмаймын ба, бұл дүниеде бармын ба, жоқпын ба деп жүрген сағыныш сазы
бар. Осылардың бәрін жіпке тізгендей қарасаңыз, қазақ ұлттық өнерінде
жоқтау жанрының әжептәуір қалыптасқанын көруге болады. Бұның алды 1720
жылдан басталады. Соңы соғыс жылдарымен, әрі-беріден соң Алтынбектің әлгі
бейбіт кезінде шығарған Қара кемпірі әнімен жалғасады.
Сонымен Тос мені тос та, Кестелі орамал да. Мен көрдім ұзын
кайың құлағанын да қуаттылығыәсерлігі жағынан үлкен бір профессионалдық
өнердің шоқтығы биік шығармалары.
Мұқан Коммунизм оттары дейтін кантата жазған. Бұған қазір
кейбіреулер жымиып күлкімен қарайтын шығар. Мен өз басым 1977 жылы Кеңестер
Одағының негізгі заңы қабылданғанда Жамбыл бабаның сөзін жаңғыртып,
сталиндік конституциясының сөзіне қайтадан кантата жазған адаммын. Және
оған ұялмаймын. Өйткені қазан айында сол конституция сол конституция
қабылданған кезде Үлкен театрдың сахнасында 600-дан астам күрделі хор
оркестрі соны шырқағанда мұқым ел болып мақтаныш еткенбіз. Сол өткен өмірге
өз басым қорланбаймын. Біздің заманымыз солай болды. Біз коммунизмнің
идеологиясына шынайы қалпымызбен сендік. Бүгінгідей заман болады деп
ойлаған жоқпыз. Ал, Қазақстанның егемен, тәуелсіздік алғанына бір адам
қуанса, мендей-ақ қуансын. Өйткені, мен қазақтың мың жылдық тарихын
білемін. Сол мың жыдлық тарихтың ішінде 300-400 жыл қазақ осы бостандық
үшін күресті. Бірақ сол бостандық бүгін қолымызға тиді екен деп кешегі
өткен өмірді сызып тастаудан, тарихтық тепкілеуден аулақ адаммын. Сол
секілді заманында Мұқан да Коммунизи оттары деген кантата жазған. Онда
кешегі Жарылғапберлінің, Иса Байзақовтың айтатын термелері мен
желдірмелерінің желісі табылады. Бұл солардың рухымен жазылған. Меніңше,
мәселе туындының тақырыбында емес, оның ұлттық бояунда. Коммунизм
оттарына Мұқан ұлттық бояу беріп, желдірме арқылы келтіріп, тарихты
қазақтың ұлттық өнері арқылы дәлелдейді. Халықтың үмітін сол коммунизм
оттарымен көрсетеді. Оны енді мүлде кетуге болмайды.
Сонымен бірге оның хорлары, сюиталары, кино мен театрларға жазған
музыкасы көп. бірақ Мұқаңның жазғандарын санап отырсаң, сан жағынан көп
болмауы мүмкін. Кейде біздің композторлар, ақындар пәлен жинақ, түген кітап
шығардық деп айтады. Онысы жақсы ғой, әрине. Ішінде құнарлы, құнды дүниелер
болуы мүмкін. Бірақ менің ойымша өнердің өлшемі санында емес. Он тоғыз том
кітапты үйіп қоюға болады. Бірақ кейде соның ішінен он тоғыз ауыз сөз
шықпауы ықтимал. Ал Мұқаңның бір ғана Біржан - Сарасы неге тұрады?!
Қазақтың кешегі айтыс өнерін, дүлдүл ұлы мен қызының айтысын, олардың
махаббатын, теңсіздік өмірде ғұмыр кешкенін, осының бәрін жырлап кету
Мұқаңның ғана қолынан келді. Басқа түк жазбаса да, осынысымен-ақ Мұқан
Мұқан болып өалар еді.
Содан кейінгі елеулі бір дүние – кешегі Әнұранның сол қалпында
қайтадан қабылдануы. Енді ол туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Солай болып
шешіледі.
Мұқан консерваторияда сабақ берді. Бірақ онда алтын уақытын жоғалтқан
жоқ. Ол уақытты босқа өткізуден гөрі, өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясы және Абай туралы ақпарат
Орта мектепте Фариза Оңғарсынова лирикасын оқыту
Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
Бүгінгі поэзиядағы көне түркілік таным көріністері
Менің сүйікті кітабым
Әбілхан Қастеев
Сырағаң сыйлаған сырлы сәттер
Араб-мұсылман философиясы
Композитор Шәмші Қалдаяқовтың қазақ өнеріне қосқан үлесі
Әл-Фараби іліміндегі тәрбиенің әлеуметтік мәні
Пәндер