Туберкулез, аурудың пайда болу себептері мен оның тигізетін қасіреті



Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер кез-келген адамның өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Міне, сондықтан денсаулық сақтау қызметкерлерінің алдына елімізде таяу жылдарда туберкулезбен аурулар санын шұғыл азайтып, келешекте оны негізінен жою жолдарын іздеу, осы үшін күресу міндеті қойылып отыр. Жалпы алғанда медицина ғылымының туберкулез ауруын зерттеудегі бүгінгі табыстарына қарағанда бұл міндетті орындауға толық мүмкіншілік бар.
Бүгінгі сіздерге ұсынып отырған дипломдық жұмысымның тақырыбы: Туберкулез дертіне шалдыққан адамен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс. Зерттеу нысанасы: Туберкулез дертіне шалдыққан адамдар. Зерттеудің пәні: Туберкулез ауруына шалдыққан адамдарды әлеуметтік медициналық қолдау ерекшеліктері. Зерттеудің мақсаты: Туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік-медициналық көмек қажеттілігін анықтау.
Міндеттері:
- аурудың пайда болу себептері мен оның тигізетін қасіретінің теориялық жағдайын оқып зерттеу;
- қазіргі қоғамдағы туберкулез ауруларының әлеуметтік медициналық статусын қарастыру;
- туберкулез дертіне шалдыққан адамдар өмірінің медициналық-әлеуметтік сапасын анықтап, оның емделу процесіне әсерін көрсету.
Зерттеу болжамы: Егер де әрбір туберкулез дертіне шалдыққан ауруға әлеуметтік-медициналық тұрғыдан өмірінің сапасына мінездеме бере отырып емдеу жұмысы жүзеге асырылса науқастың психологиялық тұрғыдан жағдайлары жақсарып аурудан айығу процесі жылдам жүретін еді. Зерттеу әдістері: анкета, әңгіме, бақылау;
Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің хирургия бөлімі.
Туберкулез — адам баласына ерте заманнан кесел болып келе жатқан аурулардың бірі.
Туберкулез ауруы жөніндегі алғашқы еңбек медицинаның атасы саналатын Гиппократ (біздің Дәуірімізге дейінгі 460—400 жылдары өмір сүрген) қаламынан шыққан. Ол өз еңбегінде ауруды қалай емдеу керектігі жайлы ақыл-кеңес береді, тазалық сақтаудың, тағамды дұрыс іше білудің (диета) маңыздылығына көңіл аударады.
Батыс және Орталық Европа елдерінде туберкулез ауруын емдеушілер корольдер мен императорлар болған. Англияда тіпті без туберкулезін «король ауруы» деп атаған. Туберкулезден емделеміз деп орталық қалаларға ағылып

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік,
экономикалық, мәдени өзгерістер кез-келген адамның өмірінің барлық жақтарын
әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Міне, сондықтан денсаулық сақтау
қызметкерлерінің алдына елімізде таяу жылдарда туберкулезбен аурулар санын
шұғыл азайтып, келешекте оны негізінен жою жолдарын іздеу, осы үшін күресу
міндеті қойылып отыр. Жалпы алғанда медицина ғылымының туберкулез ауруын
зерттеудегі бүгінгі табыстарына қарағанда бұл міндетті орындауға толық
мүмкіншілік бар.
Бүгінгі сіздерге ұсынып отырған дипломдық жұмысымның тақырыбы:
Туберкулез дертіне шалдыққан адамен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс. Зерттеу
нысанасы: Туберкулез дертіне шалдыққан адамдар. Зерттеудің пәні: Туберкулез
ауруына шалдыққан адамдарды әлеуметтік медициналық қолдау ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты: Туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік-
медициналық көмек қажеттілігін анықтау.
Міндеттері:
- аурудың пайда болу себептері мен оның тигізетін қасіретінің
теориялық жағдайын оқып зерттеу;
- қазіргі қоғамдағы туберкулез ауруларының әлеуметтік медициналық
статусын қарастыру;
- туберкулез дертіне шалдыққан адамдар өмірінің медициналық-
әлеуметтік сапасын анықтап, оның емделу процесіне әсерін көрсету.
Зерттеу болжамы: Егер де әрбір туберкулез дертіне шалдыққан ауруға
әлеуметтік-медициналық тұрғыдан өмірінің сапасына мінездеме бере отырып
емдеу жұмысы жүзеге асырылса науқастың психологиялық тұрғыдан жағдайлары
жақсарып аурудан айығу процесі жылдам жүретін еді. Зерттеу әдістері:
анкета, әңгіме, бақылау;
Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан Облыстық туберкулезге қарсы
диспансерінің хирургия бөлімі.
Туберкулез — адам баласына ерте заманнан кесел болып келе жатқан
аурулардың бірі.
Туберкулез ауруы жөніндегі алғашқы еңбек медицинаның атасы саналатын
Гиппократ (біздің Дәуірімізге дейінгі 460—400 жылдары өмір сүрген)
қаламынан шыққан. Ол өз еңбегінде ауруды қалай емдеу керектігі жайлы ақыл-
кеңес береді, тазалық сақтаудың, тағамды дұрыс іше білудің (диета)
маңыздылығына көңіл аударады.
Батыс және Орталық Европа елдерінде туберкулез ауруын емдеушілер
корольдер мен императорлар болған. Англияда тіпті без туберкулезін король
ауруы деп атаған. Туберкулезден емделеміз деп орталық қалаларға ағылып
келіп жатқан халықты корольдер оң аяғының бас бармағымен сүйкеп емдеген.
Бұл ауру жайлы қызықты деректерді атақты тәжік ғалымы Абу-али-Ибн-
Сина (Авицена) еңбектерінен де көреміз. Медициналық мәселелерге арнаған
еңбектерінде туберкулез ауруы тұқым қуалайды, аурудың асқынуы көктемде жиі
болады, ауру әсіресе жүкті әйелдерде ауыр болады деп жазды. Ауруды
емдегенде таза ауа, әртүрлі климат жағдайлары пайдалы әсер етеді деп
есептеген.
Туберкулез ауруы жайында медициналық ғылымның дами түсуіне үлкен
әсер еткен жай — 1882 жылы 24 наурызда Роберт Кохтың туберкулезді
қоздырушы микробты ашуы болды. Бұл микроб микроскоп арқылы қарағанда
таяқшаға ұқсас болғандықтан туберкулез таяқшасы, немесе оны ашқан ғалым
құрметіне Кох таяқшасы, немесе микробтар дүниесіндегі орнына байланысты
туберкулез микробактериясы деп аталынды.
XXI - ғасырлардың басы туберкулез ауруының белең алуымен және содан
адамдардың қайтыс болу көрсеткішінің жоғарылығымен сипатталады. Жұқпалы
аурулар ішіндегі дүние жүзі бойынша 1-орындағы өлім мен мугедектікке әкеліп
соқтыратын бірден бір індет болып отыр. 1993 жылы Бүкіләлемдік Денсаулық
Сақтау Ұйымы (БДСҰ) туберкулезді Глобальді қауіпі бар мәселе деп
жариялады. Осындай туберкулезге қарсы жаппай күрестің нәтижесінде, 1994
жылы Қазақстанда бұл дертке шалдыққандар көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда
59,7 адамға (1960 жылы 100 мың адамға 300 науқастан келетін, ал өлгендер
саны әр 100 мың тұрғынға 17,6 адамға дейін кеміген. Бұл Қазақстандағы ең
төменгі көрсеткіш. Өкінішке орай, туберкулез індеті осы жылдан бастап
елімізде қайтадан белең алды.

Оның ең басты себебі — халықтың әл-ауқатының нашарлап, тояттап тамақ
ішпеуінде, яғни, тұрмыстық, әлеуметтік-экономикалық деңгейдің төмендеуінде
және дәрігерлік қызметтің жетіспеуінде болып отыр. Өйткені, туберкулез
ауруына уақтысында тамақтанбай, үнемі аш
құрсақ жүретін, тазалықты сақтамай, өз денсаулығын күтінбейтіндер жиі
ұшырайды. Сондықтан да, қазір бұл дертке шалдыққандар арасында
зейнеткерлердің, студенттердің, жұмыссыздардың, қаңғыбастар мен
қайыршылардың, нәрестелі болған аналарлың, ішімдікке салынушылар мен
нашақорлардың және түрмеде отырғандардың үлесі басым.

2004 жылғы 28 маусымдағы №510 бұйрығы бекітілді Туберкулезге қарсы
санаторийларда емдеудің тиімділігін арттыру мақсатында бұйрық жазылды.
Бұйрықта туберкулезге қарсы санаторийлар туралы ереже және туберкулезге
қарсы санаторийларда медициналық көмек көрсету ережесі бекітілді. Емдеу-
алдын алу ісі, аккредиттеу, аќпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.)
әкімшілік департаментімен (ШабдарбаевА.Т.) бірлесе отырып, осы бұйрықты
Қазақстан Республикасының әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге
жіберді. Әкімшілік департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін
оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етті.

Қазіргі кезде елімізде 32 санаторий бар. Оның 22-сі балалар мен
жасөспірімдердікі, қалған 10-ы үлкендерге арналған. Осы санаторийлердің
барлығы бір ережеге бағынады. Республикалық, облыстық, қалалық
деңгейлердегі туберкулезге қарсы санаторийлар белгіленген тәртіппен
ұйымдастырылған және мамандандырылған мекеме болып табылады.

Санаторий Қазақстан Республикасының Конституциясына, нормативтік
құқықтық актілерге сәйкес жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері:
бактерия бөлмейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды одан әрі емдеу;
тұрақты өзгерістері бар туберкулездің компенсацияланған нысандары болған
жағдайда алдын алу іс-шараларын өткізу; науқасты медициналық-әлеуметтік
сараптамаға жіберу; туберкулезбен ауыратын науқастарды немесе туберкулез
ауруымен ауырған адамдарды кешенді оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткізу
болып табылады. 2007 жылғы 11 қаңтардағы толықтыруларымен шыққан
Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңының
18-бабының азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі
міндеттерi нақты айқындалып берілген. Атап айтар болсақ:
- азаматтар айналасындағыларға қауіп төндіретін жұқпалы аурулардың
таралуының алдын алу үшін медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау
органдары мен ұйымдарының нұсқамаларын орындауға міндетті.
- сационарлық және амбулаториялық емделудегі адамдар медициналық ұйымдардың
қолданыстағы режимін сақтауға міндетті.
- Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуге
міндетті.
- жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық
есепке тұруға міндетті.
- Қазақстан Республикасының азаматтары өз денсаулығын сақтаудың қамын
жасауға міндетті.
Яғни айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар азаматтар
медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша тексерілуден өтуге және емделуге
міндетті болып табылады. Әрі осы айналасындағыларға қауіп төндіретін
аурулары бар азаматтар тексерілуден және емделуден жалтарған жағдайда,
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен
куәландыруға және емдеуге тартылады деп айтылған.
 Ал осы заңнаманың негізінде 22-бап бойынша туберкулезбен ауыратын
науқастарға медициналық көмек көрсету жайы баяндалған.
Туберкулезбен ауыратындар міндетті медициналық байқауға алынуға және
емделуге тиіс, олар тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде
қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар туберкулездің
жұқпалы түрімен ауыратындар міндетті түрде ауруханаға жатқызылуға және
емделуге тиіс. Ауруды емдеу мен зерттеудің және анықтаудың жолдары ғылыми
тұрғыда қарастырылады. Аурудың жұқпалы жағын зерттейтін бөлімдер бар. Сол
зерттеулер арқылы олар науқастың қандай дәрежеде екендігін біліп барып,
емдеудің әдістерін қолданады. Туберкулез ауруы ұзақ емдеуді қажет ететін
ауру. Емделу барысында ауру қалай пайда болғандығы анықталып, зерттеледі.
ауруды қоздыратын таяқшаларды тауып, одан жазылып кетудің жолдары үшін
мамандар жұмыс істейді. Аурудан сақайғандарды үйіне не болмаса емдеу-
сауықтыру орындарына жіберіп, оларды үнемі бақылауға алады. Кейінгі жылдары
туберкулез ауруы көбейіп кеткені жасырын емес.
Шығыс Қазақстан обысында туберкулез мәселесін шешу үшін, алдын алу
шараларын жүзеге асыру үшін жекеше және әрбір әлеуметтік топтағы аурулардың
әлеуметтік медициналық статусы мен өмір сапасын зерттей отырып, өмір
сапасының жақсаруына жағдай жасау керек.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша туберкулез көрсеткіші.
Көрсеткіштер. 2004 2005 2006 2007ж. І кв.
Негізгі көрсеткіш 360 388 383 112
100мың адамға шаққанда118,4 128,8 128,0 37,3
Қайтыс болғаны 88 69 78 25
100 мың адамға 28,9 22,9 26,1 8,3
шаққанда
Балалар 7 18 14 4,4
100 мың адамға 12,2 34,0 27,2 7,8
шаққанда
Жасөспірісмдер 10 20 19 7
100 мың адамға 61,6 121,1 114,0 42,0
шаққанда

Шығыс Қазақстан обылысындағы Облыстық туберкулезге қарсы диспансердегі
аурудың өмір сапасын зерттеу барысында ауру адамның физиологиялық,
психологиялық және әлеуметтік функциялануын мінездейтін деректер алып
аурудың адамға қалай әсер ететіндігін анықтауға болады. Өкпе туберкулезінің
жан-жақты таралғандығын және үлкен медико-әлеуметтік маңыздылығын ескере
отырып, туберкулезбен ауыратын адамның өмірінің сапасын зерттеу мәселесі
өте маңызды болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысындағы облыстық туберкулезге қарсы
диспансердің хирургия бөлімшесінде Е.В.Гнездилованың Туберкулез дертіне
шалдыққан адамды фтиза-мектеп білімділік бағдарламасының көмегімен
емдеуге бағыттау [16;16] жұмысы үлгі ретінде алынып, зерттеу жұмысы
жүргізілді.

Оның негізгі мақсаты:

- әлеуметтік қызметкердің, дәрігердің және туберкулезге шалдыққан
адамның арасында дұрыс қарым-қатынас орнату.
- әлеуметтік қызметкер мен дәрігердің көмегімен туберкулезге шалдыққан
адамға құпия түрде дертінің негізін түсіндіру;
- әлеуметтік қызметкер тарапынан қолдау жасау;
- емдеу мерзімінің ұзақ болуына байланысты емделушіні әлеуметтік
психологиялық қолдау бере отырып қалыптастыру.
Осы мақсаттар негізінде келесі міндеттерді алға қойдық:

- әлеуметтік қызметкер ауруға шалдыққан адамдардың психологиялық
ерекшеліктерін ескере отрып, емделіп шығатындығына сенімін арттыру;
- аурудың отбасымен.
Шығыс Қазақстан облысындағы Облыстық Туберкулезге қарсы Диспансердің
хирургия бөлімшесінде 200-ге жуық адам емделуде. Соның ішінде 61
туберкулез дертіне шалдыққан, және 18 сау адам нысанаға алынды.
Зерттеудің бірінші бөлімі өмір сапасын зерттеуден басталды. Себебі,
алдымызға қойылған мақсатқа жету үшін алдымен респонденттердің өмірінің
сапасын анықтап алуымыз қажет. Зерттелушілерден сауалнама алынды. Ол
Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының жасаған Өмір сапасы сұрақтамасы
арқылы жүзеге асырылды. Өмір сапасын бағалауда 6 блокқа біріккен 19
аспекті пайдаланылды (2-қосымша).

Респонденттер сауалнамаға жауап беру барысында хирургия бөлімінің
меңгерушісі сауалнаманы толтыру әдістемесін түсіндіре отырып сұхбат түрінде
әңгіме жүргізіп отырды.
Зерттеудің келесі бөлімі жүргізілген жұмыстың нәтижелерін көру.
Ауырғандар жынысы бойынша бөлінгенде ер адамдар (74,2%) және еңбекке
қабілетті 30-59жас аралығындағылар (70,1%)басым болып шықты. әлеуметтік
структура бойынша әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар (еңбекке қабілетті
жұмыссыздар, студенттер. Зейнеткерлер мен мүгедектер) - олар аурулардың
23 бөлігін (66,0%) құрайды. Ал жұмыс істейтіндер ішінде көбі ауыр жұмыспен
айналысады.
Бір ерекшелігі, әйелдер арасындағы көп орынды зейнеткерлер құрайды
(38,6%), ал ерлер арасында көп пайызды жұмыссыздар құрайды(36,3%) мұнымен
ерлер әйел адамнан қарағанда аз жасайды деген қорытынды жасауға болады.
Зерттелушілердің көпшілігінің білім деңгейі төмен: аурулардың 12-нде
(51,0%) жалпы орта білімі бар, 13-нде (35,4%) арнайы орта білімі бар.
Отбасы жағдайына байланысты нәтижелер – аурулардың 12 –і
(52,9%)ерлер мен әйелдер арасында отбасын құрғандар. Дегенмен әйелі
қайтыс болған ер адамдардан гөрі жесір әйелдер саны басым. Жауап
берушілердің 23 бөлігінің (76,6%) материалдық жағдайы кедейлік
деңгейінен төмен яғни, жағдайлары қанағаттанарлық емес. Тексерілушілердің
44,1%-ы үшін қаржылану көзі - әлеуметтік жәрдемақылар екен.

Отбасылық бюджеттің 60-100%-ы тамақтануға кеткенмен де
зерттелушілердің 13-і өзінің тамақтану сапасын төмен деп көрсетеді.
Осыған сәйкес өз тамақтануынқанағаттанарлық деп санағандар – 29,3%, ал
өте жақсы деп есеплейтіндер де жоқ емес.

Аурулардың тұратын жерінің сапалылық көрсеткіші көбенесе ауа
айналымы нашар жүретін, дүние мүлкі тым көп, және адамдар көп тұратын
жағдайда өмір сүретіндіктерін көрсеткен. Осылайша, жүргізілген анкета
жұмысы өкпе туберкулезіне шалдыққандардың келесідей теріс медико-
әлеуметтік факторларын көрсетеді:

- жас ерекшелік, жыныстық фактор, әсіресе 20-59 жас аралығындағы
еркектер;
- білімнің төмен деңгейі;
- әлеуметтік статус және еңбек ету деңгейі;
- қанағаттандырмайтын материалдық қамсыздандыру;
- дұрыс тамақтанбау;
- ішімдік пайдалану;
- тұрмыстық және санитарлық жағдайлардың нашарлығы.
Медико-әлеуметтік ерекшеліктерді зерттеу барысында өкпе туберкулезімен
ауыратын адамды былай елестетуге болады: 20-49 жастағы, орта немесе арнаулы
білімі бар, жұмыссыз немесе ауыр жұмыспен айналысушы, бірақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қауіпті аудандардағы халықтың денсаулық жағдайы
Полигон және қоршаған орта
Туберкулез дертіне шалдыққан адамдармен жүргізетін әлеуметтік жұмыстар
Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
Туберкулез ауруының түрлері
Жарақаттар туралы
Гипокинезияның жүрек қан тамырына әсері
Асқорыту жүйелерінің қатерлі ісіктерінің таралуы
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер жиынтығы
Соғысқа дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Пәндер