Балалар мен ата-аналарға арналған жұмыстар



1. ЖАС КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНІ
2. МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
2.1 Мектепте оқуға психологиялық даярлық
2.2 Мектепке қабылдау тестілері
2.3 Мекпеп жасына дейінгі балалармен психодиагностикалық жұмыстардың негізгі принциптері
3. ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ
3.1 Мектепте оқуға балалардың психологиялық даярлығын анықтау
3.2 Балалардың мектепте оқуға даярлық даңгейін зерттеу бағдарламасының үлгісі
3.3 Балаларды терең зерттеуге арналған тестілер үлгілері
3.4 Даму деңгейін анықтау
4.БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУЛАР
4.1 Зейінді дамыту және тәрбиелеу жаттығулары
4.2 Қабылдауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары
4.3 Ойлауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары
4.4 Есті дамыту және тәрбиелеу жаттығулары
4.5 Қиялды дамыту және қалыптастыру жаттығулары,ойындары
4.6 Еркін сферасын дамыту және қалыптастыру жаттығулары
4.7 Мини.бағдарлама "Қарым.қатынас әлеміне кіріспе"
4.8 Мектепке дейінгілердің эмоциональды.адамгершілік сферасын және қарым қатынас дағдыларын дамыту ойындары және жаттығулары
4.9 Қиял дамыту жаттығулары
4.10 Мектепке дейінгілер үшін психогимнастикалық жаттығулар "Өзіңді ұстауды үйрен"
5. ПЕДАГОГТАР МЕН АТА.АНАЛАР ЖҰМЫСЫ
5.1 Балаларды мектепке даярлауда тәрбиешілер мен ата.аналардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру туралы
5.2 Мектепке даярлық тобы ата.аналарына арналған анкета
5.3 Мектепке даярлық тобында ата . аналарға арналған ұжымдық шаралардың үлгі жоспары
6.АТА .АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ
6.1 Ата . аналардың өзін.өзі диагностикалауы
6.2 Баланы жанұяда мектепке адамгершілік . ерік тұрғысынан дайындау
6.3 Ата.аналарға өз байқауларын тексере отырып, баланың туа біткен дарынын анықтауға көмектесетін тест
7. БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУҒА ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ОҚУҒА ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛ
7.1 Сенсорлық даму
7.2 Дем ала отырып, оқимыз
7.3 Көру есі мен байқағыштығын дамытатын ойын.жаттығулар
7.4 Қиялды жаттықтыратын ойын.жаттығулар
7.5 Сөздермен ойнаймыз
8. ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР
8.1 Үлкен адамның шығармашылық күшін зерттеу
8.2 Өзін.өзі тексеруге арналған сұрақтар
ГЛОССАРИЙ
ӘДЕБИЕТТЕР
Туған күнінен бастап белгілі бір әлеуметтік ортада бала өседі, және тәні де жаны да дамиды. Әртүрлі жасқа байланысты даму кезеңдерінде ол әртүрлі ерекшелікке не болады. Бір жастан екінші жасқа өту шекарасы, және олардың арасында бөгет болмаса да, әр жастағы ерекшеліктер өзгеріссіз қалмаса да, дегенмен де, педагогикалық теорияда бурыннан балалық шақтың төмендегідей кезеңдері белгіленді: сәбилік жас - 3 жасқа дейін, мектепке дейінгі жас - 3 тен 7-ге дейін, төменгі мектептін жас - 7 ден 11-12- ге дейін, т.с.с.
Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескермей балаларды дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес.
Алғашқы екі жылда балалардың бас миы өте зор жинақтаушы күш көрсететіні анықталған. Бұл әсіресе баланың тіл дамуында ерекше байқалады. Өйткені балалардың сөз құрауында тітірнедіргіш күшінің (сыртқы әсердің) маңызы үлкен, яғни буындардың дыбыстың күші (фонемдер). Осыдан педагогикалық практика үшін қорытынды: 2-3 жасқа дейін және одан әрі балалардың сөзді айтуда қателерді және сөйлеуде мағынасыз бөліктерге бөлуді үнемі түзетіп отыру ата-аналардан және тәрбиешілерден талап етіледі.
Бірінші жастың соңында және екінші жастың басында балалар әлі сөзді толық айта алмайды, естіген сөздерінің екпінді буындарын екімүшелік тізбектерге жинақтай бастайды. "Әже маған су бер" орнына "әже-су" сияқты.
Екінші жас-бала тілінің өте қарқынды даму кезеңі: бала тілінің сөздік құрамы 200-400 сөзге дейін жетеді. Тілдің грамматикалық құрылымы белгілене бастайды.
Төртінші жаста сөздін қурамының баюы және тілдің грамматикалық қурылымының жетілуі одан әрі жалғасады, 4 жастан 6 жасқа дейін сезім эмоцияларды айыра алады сыртқы және ішкі әсерлерден болатын эмоциялар мен сезімдерді, қанағаттану (удовольствие) және қанағаттанбау (неудовольствие) сезімдерін өте дәл айыра алады.
Бес жасқа дейін қалыпты дұрыс даму жағдайында бала ана тілінде еркін сөйлей алады. 5-6 жаста баланың шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары көріне бастайды. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типі - ойлау, көркем өнер, т.б. түрлері анықталады.
Сонымен бала тулғасының ақыл-ой және адамгершілік баюына бала тілінің дұрыс дамуының ерекше маңызы бар екендігі еш күмәи келтірмейді. Сондықтан ата-аналар және тәрбиешілер балалардың сөзді, буындарды, дауыссу дыбыстарды (мысалы, р, ш және т.б.), дұрыс айтуын муқият қадағалап отыруы қажет. Айтылған сөздерінің нақты заттарға, қубылыстарға, сонымен бірге адамдардың іс-қылықтары мен әсерлеріне сәйкестігіне, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлілігіне, балалардың сөздік қорының молаюына және оған жинақтаушы сөздердің енуіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Балаларды әртүрлі аурулардан және жекелей алғанда олардың тіл дамуына жағымсыз әсер ететін аурулардан қорғап отырған жөн.
1. Айзман Р.И., Жарова Г.Н., Аизман Л.К. и др. Подготовка ребенка к школе. М., 1991.
2. Абраменко Н.К. Подготовка ребенка к школе. Минск, 1972.
3. Безруких М., Морозова Л. Методика оценки уровня развития зрительного восприятия детей 5-7,5 лет М.,1996.
4. Богданова Т.Г., Корнилова Т.В. Диагностика познавательной сферы ребенка. М., 1994.
5. Бредвей Лорен, Алберс Хил Барбара. Ребенок от 3 до 7 лет. Как подготовиться к школе. М., 1997.
6. Васильева Н.Н., Новоторцева Н.В. Развивающие игры для дошкольников. Ярославль, 1997.
7. Венгер Л.А., Венгер А.Л. Домашняя школа мышления. М., 1985.
8. Вообрази себе. Поиграем-помечтаем. М., 1994.
9. Готовность к школе. Под ред. Дубровиной И.В. М., 1995.
10. ГригоровичЛ.А., Ермоленко О.С., Марцинковская Т.Д. и др. 150 тестов, игр, упражнений для подготовки детей к школе. М.,2000.
11. Деловое общение в обучающем диалоге. Под ред. Казачковой Т.Б и Терешенковой О.М. С.-П., 1998.
12. Диагностика и коррекция психического развития дошкольника. Под ред Коломинского Я. и Панько Е. Минск, 1997.
13. Дьяченко О.М., Веракса Н.Е. Чего на свете не бывает. М., 1994.
14. Джеральдина Чейпи. Готовность к школе. М., 1992.
15. Дурова Н.В., Новикова В.П. 200 упражнений для подготовки детей к школе. М., 2001.
16. Забрамная С.Д. Психолого-педагогическая диагностика умственного развития детей. М., 1995.
17. Зайцев Г.К., Зайцев А.Г. Твое здоровье. Регуляция психики. С.-П., 2000.
18. Захаров А.И. Как предупредить отклонения в поведении ребенка. М., 1986.
19. Коломинский Я.Л., Панько Е.А. Учителю о психологии детей шестилетнего возраста. М., 1988.
20. Кряжева Н.Л. Развитие эмоционального мира детей. Ярославль, 1996.
21. Лев Ф. Перед школой. М., 1971.
22. Мухина В.С. Детская психология. М., 1985.
23. Мухина В.С. Шестилетний ребенок в школе. М., 1986.
24. Одаренные дети. Пер. с англ. М., 1991.
25. Парамонова Л.Г. Как подготовить ребенка к школе. М., 1997.
26. Петроченко Г.Г. Развитие детей 6-7 лет и подготовка их к школе. Минск, 1975.
27. Подготовка детей к школе в детском саду. Под ред. Ф.А.Сохина и Т.В.Тарунтаевой. М., 1978.
28. Рабочая книга школьного психолога. Под ред. И.В.Дубровиной. М., 1991.
29. Развитие мышления и умственное воспитание дошкольников. Под ред. Н.Н.Поддьякова, А.Ф.Говорковой. М., 1985.
30. Родари Д. Грамматика фантазии. Введение в искусство придумывания историй. М., 1978.
31. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М., 1996.
32. Руководство практического психолога. Под ред Дубровиной И.В. М., 1998.
33. Симаковский А.Э. Развитие творческого мышления детей. Ярославль, 1996.
34. Субботина Л.Ю. Развитие воображения детей. Ярославль, 1997.
35. Субботский Е.В. Ребенок открывает мир. М., 1991.
36. Шахвердов Г.Г. О возрастных особенностях физического и психического развития детей. Ленинград, 1958.
37. Штольц Хельмут. Каким должен быть твой ребенок. М., 1988.
38. Эмоциональное развитие дошкольника. Под ред. А.Д.Кошелевой. М., 1985.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. ЖАС КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНІ
2. МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
2.1 Мектепте оқуға психологиялық даярлық
2.2 Мектепке қабылдау тестілері
2.3 Мекпеп жасына дейінгі балалармен психодиагностикалық жұмыстардың
негізгі принциптері
3. ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ
3.1 Мектепте оқуға балалардың психологиялық даярлығын анықтау
3.2 Балалардың мектепте оқуға даярлық даңгейін зерттеу бағдарламасының
үлгісі
3.3 Балаларды терең зерттеуге арналған тестілер үлгілері
3.4 Даму деңгейін анықтау
4.БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУЛАР
4.1 Зейінді дамыту және тәрбиелеу жаттығулары
4.2 Қабылдауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары
4.3 Ойлауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары
4.4 Есті дамыту және тәрбиелеу жаттығулары
4.5 Қиялды дамыту және қалыптастыру жаттығулары,ойындары
4.6 Еркін сферасын дамыту және қалыптастыру жаттығулары
4.7 Мини-бағдарлама "Қарым-қатынас әлеміне кіріспе"
4.8 Мектепке дейінгілердің эмоциональды-адамгершілік сферасын және қарым
қатынас дағдыларын дамыту ойындары және жаттығулары
4.9 Қиял дамыту жаттығулары
4.10 Мектепке дейінгілер үшін психогимнастикалық жаттығулар "Өзіңді ұстауды
үйрен"
5. ПЕДАГОГТАР МЕН АТА-АНАЛАР ЖҰМЫСЫ
5.1 Балаларды мектепке даярлауда тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен
жұмысын ұйымдастыру туралы
5.2 Мектепке даярлық тобы ата-аналарына арналған анкета
5.3 Мектепке даярлық тобында ата - аналарға арналған ұжымдық шаралардың
үлгі жоспары
6.АТА -АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ
6.1 Ата - аналардың өзін-өзі диагностикалауы
6.2 Баланы жанұяда мектепке адамгершілік - ерік тұрғысынан дайындау
6.3 Ата-аналарға өз байқауларын тексере отырып, баланың туа біткен дарынын
анықтауға көмектесетін тест
7. БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУҒА ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ОҚУҒА ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛ
7.1 Сенсорлық даму
7.2 Дем ала отырып, оқимыз
7.3 Көру есі мен байқағыштығын дамытатын ойын-жаттығулар
7.4 Қиялды жаттықтыратын ойын-жаттығулар
7.5 Сөздермен ойнаймыз
8. ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР
8.1 Үлкен адамның шығармашылық күшін зерттеу
8.2 Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
ГЛОССАРИЙ
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Жас кезеңдері және олардың мәні

Туған күнінен бастап белгілі бір әлеуметтік ортада бала өседі, және тәні
де жаны да дамиды. Әртүрлі жасқа байланысты даму кезеңдерінде ол әртүрлі
ерекшелікке не болады. Бір жастан екінші жасқа өту шекарасы, және олардың
арасында бөгет болмаса да, әр жастағы ерекшеліктер өзгеріссіз қалмаса да,
дегенмен де, педагогикалық теорияда бурыннан балалық шақтың төмендегідей
кезеңдері белгіленді: сәбилік жас - 3 жасқа дейін, мектепке дейінгі жас - 3
тен 7-ге дейін, төменгі мектептін жас - 7 ден 11-12- ге дейін, т.с.с.

Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескермей балаларды дұрыс тәрбиелеу
мүмкін емес.

Алғашқы екі жылда балалардың бас миы өте зор жинақтаушы күш көрсететіні
анықталған. Бұл әсіресе баланың тіл дамуында ерекше байқалады. Өйткені
балалардың сөз құрауында тітірнедіргіш күшінің (сыртқы әсердің) маңызы
үлкен, яғни буындардың дыбыстың күші (фонемдер). Осыдан педагогикалық
практика үшін қорытынды: 2-3 жасқа дейін және одан әрі балалардың сөзді
айтуда қателерді және сөйлеуде мағынасыз бөліктерге бөлуді үнемі түзетіп
отыру ата-аналардан және тәрбиешілерден талап етіледі.

Бірінші жастың соңында және екінші жастың басында балалар әлі сөзді
толық айта алмайды, естіген сөздерінің екпінді буындарын екімүшелік
тізбектерге жинақтай бастайды. "Әже маған су бер" орнына "әже-су" сияқты.

Екінші жас-бала тілінің өте қарқынды даму кезеңі: бала тілінің сөздік
құрамы 200-400 сөзге дейін жетеді. Тілдің грамматикалық құрылымы белгілене
бастайды.

Төртінші жаста сөздін қурамының баюы және тілдің грамматикалық
қурылымының жетілуі одан әрі жалғасады, 4 жастан 6 жасқа дейін сезім
эмоцияларды айыра алады сыртқы және ішкі әсерлерден болатын эмоциялар мен
сезімдерді, қанағаттану (удовольствие) және қанағаттанбау (неудовольствие)
сезімдерін өте дәл айыра алады.

Бес жасқа дейін қалыпты дұрыс даму жағдайында бала ана тілінде еркін
сөйлей алады. 5-6 жаста баланың шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және оның
басты бағыттары көріне бастайды. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типі - ойлау,
көркем өнер, т.б. түрлері анықталады.

Сонымен бала тулғасының ақыл-ой және адамгершілік баюына бала тілінің
дұрыс дамуының ерекше маңызы бар екендігі еш күмәи келтірмейді. Сондықтан
ата-аналар және тәрбиешілер балалардың сөзді, буындарды, дауыссу дыбыстарды
(мысалы, р, ш және т.б.), дұрыс айтуын муқият қадағалап отыруы қажет.
Айтылған сөздерінің нақты заттарға, қубылыстарға, сонымен бірге адамдардың
іс-қылықтары мен әсерлеріне сәйкестігіне, сөйлеудің мазмұндылығы мен
мәнерлілігіне, балалардың сөздік қорының молаюына және оған жинақтаушы
сөздердің енуіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Балаларды әртүрлі аурулардан
және жекелей алғанда олардың тіл дамуына жағымсыз әсер ететін аурулардан
қорғап отырған жөн.

Мектепке қабылдауда балаларда танымдық процестердің дамуының өте маңызды
ерекшеліктеріне мыналарды атауға болады:

Тіл. Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен нәдімгі
өмірдің өзіне қатысты кез-келген мәселесі бойыншаи түсінісе алатындай
дәрежеге жетеді.

Бұл жаста бала қандай сөзді қолдануға болады, ал қандай сөздер
соншалықты жағымсыз, тіпті оларды айту ұят екендігін түсінеді. Бала сөзге
дыбыстық талдау жасай алады. Сөзді дыбыстарға бөліп, сөздегі дыбыстардың
ретін анықтай алады (егер бала балабақшаға барып жүрсе). 6 жасар бала
түсінікті тілмен - контексті тілмен, қатынас жасай алады, яғни не туралы
айтылу керектігін жетілікті түрде толық сипаттан бере алатын тіл
деңгейінде, сондықтан да талқыланатын жағдай тікелей қабылдаусыз да толық
түсінікті болады.

Сенсорлық даму. Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың
кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да
түрін, пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп
(үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Және ол қарапайым пішіндерді
бейнелеп, оларды берілген түске бояй алады. Бұл жастағы балалар заттардың
белгілі бір эталондарға сәйкестігін көрсете алады. (эталондар - бұл
адамзаттың ойлап шығарған заттардың негізгі қасиеттер мен сапаларының
үлгісі).

Әсерленушілік пен білуге қумарлық қашналықты басым болғанмен, бұл жаста
қабылдау әлі ұйымдаспаған. Әлі де мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау
және есту, т.б. қажетті біліктіліктері қалыптаспаған.

Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты
іске бала көңілі тез ауады. Ерік күшін талап ететін ырықты зейін әлі де
болса нашар дамыған.

Айналаны зерттеуге бағытталған баланың танымдық белсенділігі, оның
зейінін зерттеу объектілеріне қызығушылығы жоғалғанша аударады. Егер 6
жасар бала өзіне маңызды ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2 тіпті 3
сағат ойнай береді. Осылайша ол ұзақ бар ықыласын аударып өнімді іс-
әрекетпен айналыса алады.

Алайда бұлай зейінді шоғырландыру - баланың айналысқан нәрсесіне
қызығушылықтың салдары. Егер оған ұнамайтын іс-әрекетте ықыласты болу керек
болса, ол қажып, алаңдап, тіпті өзін өте бақытсыз сезінеді.

Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нускаулары
арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Дегенмен де, бұл жастағы балалар
өз тәртіптерін еркін реттей алса да, ырықсыз зейін басым болады.

Балаларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен
айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін
енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып өтыруға негізгі себеп
болып табылады.

Ес. Мектепке дейінгі жас - естің қарқынды даму жасы. Ес жетекші танымдық
процесс болып саналады. Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай
саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Шын
мәнінде мектепке дейінгі жаста баланың тілді меңгеруі соншалықты ол нағыз
ана тілін иеленуші (таратушы, ор. носитель) болады. Ес бала үшін маңызды
оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды. Мектепке дейінгі
балалық шақ адамның барлық қалған өміріне көп естелік қалдырады.

6 жасар бала енді еркін есте сақтай алады, еске сақтау тәсілдерімен
саналы қолдана алады. Бірақта ырықсыз еске сақтау жемісті бола бермек.

Ойлау тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың
сау психикасының ерекшелігі - танымдың белсенділігі.

Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс -
қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы
бейнеленуі.

Баланың білуге құмарлығы үнемі айналадағы әлемді танып білуге
бағытталған. Бала ойын барысында эксперимент жүргізеді, себеп - салдарлық
байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Онда айналадағы өмір
қубылыстары бойынша көптеген сурақтар туындайды. Ақыл-ой жағынан бала
қаншылықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары
соншалықты алуан түрлі болады.

Бала заттың бейнесін ғана емес оның қимыл-қозғалыстары туралы да
ойлайды. Бейнелі ойлау - 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине ол
жекелеген жағдайларда логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл
жаста көрнектілікке сүйенген оқыту басымдырақ болады.

Қиял. 6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады, және
баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді.

Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрлеріне өте
алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжет ойлап шығарып айтып
бере алады, тез арада жанынан ойлап шығара алады (импровизация), өз
шығармасына рахаттанып оған басқа адамдарды да қатыстыра алады: қиял бала
өмірінде (үлкендерге қарағанда) үлкен роль атқарады, анағұрлым жиі
байқалады.

Қиялдың үздіксіз жұмысы - баланың айналадағы әлемді танып білуінің және
игеруінің маңызды жолы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.

Кейінгі жылдардағы зерттеулер нәтижесі бойынша жас бала өте икемді және
женіл оқытылады, ол бұрынғы есептегеннен гөрі әлдеқайда көбірек меңгере
алады. Ал бұл мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағдарламаның танымдық
мазмұнын мағыналы байытуға жаңа бағыттар береді. Дегенмен баланың
мүмкіндіктері шексіз емес, оның жасының психофизиологиялық ерекшеліктеріне
байланысты олар шектеулі.

Белгілі психолог Л.С.Выготский айтқан: "Қандай да бір оқыту үшін тиімді,
яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары немесе төмен ауытқу,
яғни тым ерте және тым кеш оқыту мерзімдері даму жағынан алғанда әрқашан
зиянды болып саналады, баланың ақыл-ой даму барысына қолайсыз әсерін
тигізеді".

Мектеп жасына дейінгі балалардың үлкен мүмкіндіктерін жүзеге асыруда
қолданылатын тәрбиелеу әдістері мен түрлері, мектепке дейінгі жастың
психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып құрылған жағдайда ғана ең
жоғары нәтижеге жетуге болады. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуды тек
дидактикалық ойындар, тікелей бақылаулар және пәндік сабақтар әртүрлі
практикалық және бейнелеу іс-әрекеттері түрінде жүргізуге болады, бірақ
ешқашанда дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізуге болмайды.

Мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылатын және жүргізілетін ойын-
сабақтарының негізгі түрі ойын - осы жастағы іс-әрекеттің жетекші-негізгі
түрі болып табылады.

2. Мектепте оқуға балалардың психологиялық даярлығын қалыптастыру

2.1 Мектепте оқуға психологиялық даярлық

Мектепте жүйелі түрде оқуға психологиялық даярлық - мектепке дейінгі
балалық шақтағы бала дамуының қорытынды нәтижесі. Ол бірте-бірте
қалыптасады және ағзаның даму жағдайларына байланысты. Мектепте окуға
даярлық ақыл-ой дамуының белгілі бір деңгейін, сонымен қатар қажетті
тұғалық сапалардың қалыптасуын ескереді.

Сонымен, мектепте оқуға психологиялық даярлық баланың негізгі психокалық
сфераларының қалыптасқандығынан көрінеді: ықыластанушылық (мотивациялық),
адамгершілік, еріктік, ақыл-ой. Және бұлар оқу материалын табысты меңгеруді
қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мынаны есте ұстау қажет: баланың мектепте
оқуға психологиялық даярлығы оның мектепке түсу мезетінде мектеп оқушысына
сай психологиялық белгілер құрылатындығында емес. Олар тек мектепте оқу
барысында қалыптасады.

Мектепке дейінгі балалық шақта бала дамуының қорытындысы тек осы
белгілердің алғы шарттары болып табылады. Олар баланың мектеп жағдайына
бейімделуіне, жүйелі оқуға кірісуіне жеткілікті болуы қажет.

Мұндай алғы шарттарға ең алдымен оқушы болғысы келу, маңызді іс-әрекетті
орындау, оқығысы келу талап - тілегі жатады. Мұндай тілек мектепте дейінгі
шақтың соңында көптеген балаларда болады. Ол даму дағдарысына байланысты.
Бала өзінін мектепке дейінгі жағдайының оның жетілген мүмкіндіктеріне
сәйкес еместігін сезіне бастайды. Үлкендердің өміріне бұлдыр, сағым тәрізді
әдіспен - ойын түрінде араласу жалықтыра бастайды. Ол психологиялық жағынан
ойыннан "өсіп кетеді", және мектеп оқушысы жағдайы ол үшін "есеюге"
баспалдақ, ал мектептегі оқу - барлығы да құрметпен қарайтын жауапты іс.

Мектепке психологиялық дайындықтың маңызды жағы, жоғарыда айтылғандай
баланың еркінің дамуының жеткілікті денгейі. Әртүрлі балаларда бұл денгей
әркилы болады.

Бұл балаларға өзінің тәртібін басқаруға мүмкіндік береді және 1 сыныпқа
келгенде бала бірден жалпы іс-әрекетке кірісіп, мектеп және мұғалімдер
қойған талаптар жүйесін қабылдауы үшін қажет.

Танымдық іс-әрекеттің еркіндігіне келетін болсақ, ол мектепке дейінгі
ересек жаста қалыптасса да, бірақ мектепке түсу кезінде әлі де толық даму
денгейіне жетпейді.

Балаға ұзақ уақыт бойы тұрақты ырықты зейінді сақтау қиын, көлемі
бойынша бірталай материалды жаттау, т.б. Бастауыш сыныпта оқыту балалардың
осы ерекшеліктерін ескереді. Олардың танымдық іс-әрекетінің еркіндігіне
қойылатын талаптар, оқу процессінің өзінде оны жетілдіру қалай
орындалатынына қарай, бірте-бірте өседі.

Баланың мектепке даярлығының ақыл-ой дамуы саласында бірнеше өзара
байланысты жағдайларды қамтиды. Бірінші сыныпқа түскен балаға айналадағы
әлем туралы белгілі білім қоры қажет - заттар мен олардың қасиеттері
туралы, өлі және тірі табиғат құбылыстары туралы, адамдар, олардың
еңбектері және қоғамдық өмірдің басқа да құбылыстары туралы "жақсы деген
немене, жаман деген немене", яғни әдептілік туралы және т.б. Бірақ бұл
білімдердің қаншалықты көлемі емес, соншалықты олардың сапасы - мектеп
жасына дейінгі шақта қалыптасқан түсінігінің дұрыстық, нақтылық және
жинақтау денгейі өте маңызды.

Мектепке психологиялық даярлықта дәстүрлі түрде "мектептік" болып
саналатын арнайы білім мен дағдыны игеруі - сауаттылығы, санай білуі,
арифметикалық есептер шығара алуы, ерекше орын алады.

Алайда, бастауыш мектеп ешқандай арнайы дайындық алмаған балаларға
арналған да, сауат ашу мен математикаға басынан бастап үйрете бастайды.
Сондықтан да осыған сәйкес білім және дағдыларды баланы мектепке оқытуға
даярлықтың міндетті құрамдас бөлігі деп есептеуге болмайды.

Сонымен қатар 1-сыныпка түскен балалардың анағурлым көп бөлігі оқи
алады, ал санауды бәрі де біледі. Мектепке түскенге дейінгі сауат ашу және
математика элементтерін меңгеруінің маңызы, баланы мектепте оқыту
табыстылығы, басқа білім салаларында да осы меңгерудің өзінің сапасымен
анықталады.

Дыбыстар туралы жалпы түсінік және оның мазмұндық жағынан айырмашылығы,
заттардың сандық және сапалық қасиеттерін айыра алатын балалар оқытуда оң
нәтиже берері даусыз. Баланың мектепте оқуына сан ұғымын және басқа да
алғашқы математикалық ұғымдарды игеруі көмектесетіні еш күмән келтірмейді.

Оқу, санау, есеп шығару дағдыларына тоқталсақ, олардың пайдалылығы,
қандай негізде құрылғанына, қаншалықты дұрыс қалыптасқанына байланысты.

Оқу дағдысы баланың мектепке даярлық деңгейін, тек қана егер ол
фонематикалық есту және сөздің дыбыстың құрамын сезіну негізінде құрылып,
ал оқудың өзі тұтас немесе буындап болса ғана, көтереді.

Санау да дәл осы сияқты - егер ол математикалық қатынастарды, сан
мәндерін түсінуге сүйенсе пайдалы, егер тек жай (механически) жаттап алған
болса, пайдасыз, тіпті зиянды деуге болады.

Мектеп бағдарламасын меңгеруге дайындықта тек білім және дағдыны игеріп
алуы емес, баланың танымдық қызығушылығы мен танымдық іс-әрекетінің даму
деңгейінің де шешуші маңызы бар.

Егер баланы мектепте алатын білімнің мазмұны тартымды болмаса, сабақта
танысқан жаңалық қызықтырмаса, жалпы мектепке, оқуға, оқушы жағдайына, оның
құқықтары мен міндеттеріне деген оң көзқарас, турақты, табысты оқуды
қамтамасыз етуге жеткіліксіз.

Сонымен бірге, танымдық белгілер ұзақ уақыт ішінде бірте-бірте құрылады,
жиналады. Және ол, егер мектепке дейінгі жаста оны тәрбиелеуге жеткілікті
көңіл бөлінбесе, мектепке түсісімен бірден пайда болмайды.

Бастауыш мектепте көптеген қиындықты көретін мектепке дейінгі шақтың
соңында білім және дағдысы жеткіліксіз балалар емес, баланы қызыктыратын
ойын немесе күнделікті жағдайға байланысты емес есепті шығаруға, ойлауға
ықыласы және дағдысы жоқ балалар екендігін зерттеулер көрсеткен.

Мектепке дейінгі шақтың соңында балалардың қолы жеткен және бастауыш
мектепте табысты оқуға жеткілікті танымдық іс-әрекеттің даму деңгейі, осы
әрекетті еркін баскарудан басқа, бұрын айтылғандай баланың қабылдауы мен
ойлауының белгілі бір сапаларын қамтиды.

Мектепке түскен бала, заттарды зерттей білуі, олардың әртүрлі
қасиеттерін бөліп көрсете алуы керек. Оған жеткілікті түрде толық, анық
және таңдамалы (бөлшектенген) қабылдауды меңгеруі қажет. Өйткені, бастауыш
сыныпта оқу мұғалімнің жетекшілігі мен балалардың әртүрлі материалдармен
жұмыстар орындауына негізделген. Мұндай процестерде әлем туралы ғылыми
түсініктер алуы үшін маңызы бар заттардың қасиеттерін ашып, бөліп алуы
жүріп отырады.

Мектепке келген бірінші күннен бастап, бала заттың кеңістік белгілерін,
кеңістік бағаттары туралы білімді ескермей оындауға болмайтын нұсқаулар
алады. Уақыт туралы түсінік және "уақытты сезу", оның қаншасы өткенін
анықтай білу - оқушының сыныптағы ұйымдасқан жұмысының, тапсырманы
мұғалімнің көрсетен мерзімінде орындауының маңызды шарты.

Мектепте оқу, білімді жүйелі меңгеру баланың ойлауына ерекше жоғары
талаптар қояды. Бала ойналадағы қубылыстардан ең маңыздысын бөліп ала білуі
керек, оларды салыстыра білуі, ұқсастығы мен айырмашылығын көре білуі,
дұрыс ойлай білуді үйренуі, қубылыстардың себебін таба білуі, қортынды
жасай алуы қажет. Сабақта ол мұғалімнің пікірін байқап, қадағалап отыруы
және ізінше сәйкес қорытынды жасай білуі қажет. Егер балада қубылыстардың
байланыстары мен қатыныстарын жалпыланған түрде анықтай алатын ойлау іс-
әрекеті қалыптасса, осылардың бәрі қамтамасыз етіледі. Ал мұндай әрекеттер
мектепке дейінгі шақта көбінесе бейнелі ойлаудың көрнекі-схематикалық
түрінде қалыптасады. Ойлаудың бұл түрлерінің жеткілікті дамуы, бала
мектептегі оқуға көшкенде тек қана 1 сынып бағдарламасын табысты меңгеруіне
ғана емес, оқушыға логикалық ойлаудың тәсілдерін игеруіне де септігін
тигізеді. Жекелеген ұғымдар және логикалық ойлаудың тәсілдері, ұғымдарды
меңгеруге және қолдануға негізделген ойлаудың логикалық түрлері мектепке
дейінгі шақта меңгерілсе де, мектептегі оқудың алғышарты емес салдары болып
табылады.

Баланың мектепке даярлығын анықтайтын психикалық дамуының тағы бір жағы
оның тілінің дамуы- айналасындағыларға затты, суретті, оқиғаны
байланыстыра, жүйелі, түсінікті түрде сипаттап бере алу, өз ойының желісін
жеткізе білу, белгілі бір құбылысты, ережені түсіндіре алуы.

Қорыта айтқанда, мектепке психологиялық даярлық балаға сынып ұжымына
енуге,ондағы өз орнын табуға, ортақ іс-әрекетке қосылуға көмектесетін оның
тұлғалық сапаларын қамтиды.

Бұлар: баланың басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудағы меңгерген
әдептілік ережелері, ойындарда және өзара іс-әрекеттердің басқа түрлерінде
қалыптасатын өзінің құрбы-құрдастарымен өзара қарым-қатынас орнату және оны
сақтап отыру,

Л.Венгер, В.Мухина
(қысқартылған нұсқа)

2.2 Мектепке қабылдау тестілері

Тестілеу туралы педагогтар мен ата-аналарға нені білу қажет

Қазіргі уақытта көптеген мектептерде 1 сыныпқа қабылдау алдында
балаларды психологиялық тексеру жүргізіледі. Бір жағдайларда бұл белгілі
бір мамандықтарға үйрету немесе арнайы бағытқа салу (математикалық,
эстетикалық, тілдік, т.б.) критерийлері бойынша сай келетін дайындығы
жоғары балаларды іріктеп алу үшін жасалады.

Басқа жағдайда -балаларды оқыту қарқыны әртүрлі деңгейлі сыныптарға бөлу
үшін жасалады. Мұнда "теңестіру сыныбынан" бастап жеделдетілген бағдарлама
бойынша оқитын сыныпқа дейін кездеседі.Балалардың мектепке даярлық деңгейін
анықтауда психологтар арнайы тестілерді қолданады.

Тестілер-бұл стандартталған,жекелей-психологиялы қ айырмашылықтарды
анықтауға арналған,көбінесе уақыт жағынан шектелген сынақ түрі.

Тестілердің көмегімен қайсы бір қабілеттердің, дағдылардың, біліктердің,
тұлғалық сапалардың деңгейін анықтауға тырысады.

Егер тестілеу нәтижесінде шын мәнінде әр баланың жеке даму ерекшеліктері
ескерілетін болса, мектепке іріктеп алуда тестілеу дұрыс болып табылады
және балалар нәтижелі оқыту мен дамытуға ең қолайлы мүмкіндіктер жасайтын
сыныптарда немесе мектепте оқи алады.

Жалпымектептік бағдарламаны меңгеру шапшаңдығына үлгере алмайтын балалар
кәдімгі сыныптарда табыссыздыққа душар болады, ал "теңестіру сыныбында"
көтерілуге мүмкіндік туады, өйткені олар созылыңқы(ор. растянутая)
бағдарламамен оқиды.

Тестілер балада маңызды танымдық процестердің даму деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді: көру және есту арқылы қабылдау, ес және зейіннің, бейнелі
ойлаудың, психикалық шапшаңдықтың әртүрлі түрлері. Тестілер тек мектепке
дейінгілерді оқыту немесе интеллектуалды дамыту мәселелерін диагностикалау
үшін ғана емес, тәрбиешілер мен ата-аналарға балаларды мектепке даярлау
үшін де қолданылады. Әрбір тест тапсырмасы - бұл бала үшін әрі қызықты есеп
әрі тартымды ойын, әрі ес, зейін, қол моторикасы, ойлау үшін дамыту
жаттығулары. Осылайша, тестілер жақсы оқуға дайындық негізі болып табылатын
балалардың танымдық процессін дамыту үшін де қолдануға болады: ақпаратты
қабылдау, жадында ұстау, сақтау және өңдеу (қабылдау және ес), түсіну,
талдау,салыстыру, жүйелеу қорытынды жасау (ойлау), жинақтау, тарату,
зейінді ауыстыра алу, өз білімін іс-әрекетте, таңбада, сөзде, іс-әрекет
өнімдерінде (көру-қозғалысты координация, сурет,сөз) қолдану.

Сонымен бірге тестілер баланың ақыл-ойын қарқынды дамыту бағдарламасын
жасауға, оларды мектепте оқуға дайындауға, және де психикалық даму деңгейі
сәйкес болмаған жағдайда түзету бағдарламаларын жасауға негіз бола алады.

Тестілеу түрлері.

Мектепке қабылдауда бала топтық немесе жеке тестілеуден өтуі мүмкін.

Топтық тестілеу нәтижелері әрқашанда шамамен алынған, болжамды сипатта
болады, өйткені бұл жағдайда зерттеуші барлық балалардың дұрыс нәтиже
көрсете алмауының субъективті себебін немесе мүмкін болатын кедергілерді
ескере алмайды. Сондықтан мұндай нәтижелерді кейін жеке тексеру барысында
анықтау ұсынылады.

Бұдан басқа баланың мектептік жетілуін бағалау материалының бірі- оның
тестілеу және әңгімелесу кезіндегі тәртібі болып табылады, мұнда әсіресе
баланың әлеуметтік жетілуі өте анық көрінеді: жалпы қоғамдық ережені
орындауы, жаңа жағдайға үйрене білуі, үлкендермен қатынаста өзін дұрыс
ұстай білуі, т.б.

Ата-аналар балаларды алдын-ала дайындауы қажет: тестілеу кезінде
тәртіпке қойылатын талаптар туралы, ойын түрінде немесе сөзбен психологпен
(немесе мұғаліммен) әңгімелесуге (собеседование) кіруді және шығуды
дайындау, мүмкін болатын қиын ситуацияларды талдау, т.б

Ең бастысы- баланың көңілін аудару, оны қызық сынақтар және қызықты
есептер күтіп тұрғанын түсіндіру. Белсенді қызығушылық, қуанышты көңіл-күй
және жақсылыққа үміттену жағдайындя балаға өз қабілетін толық көрсету жеңіл
болады, қиындықты жеңуге барлық күш-жігерін салады.

2.3 Мекпеп жасына дейінгі балалармен психодиагностикалық жұмыстардың
негізгі принциптері

Баланы диагностикалық тексеруге арналған иүмкіндігінше қысқа әдістемелік
тәсілдер- экспресс әдістеме түрінде, бала тұлғасының белгілі бір сферасын
тез зерттеуге ыңғайлы болғаны дұрыс.

Баланы диагностикалық тексеру алдында онымен алғашқы байланысты орнату
үшін, кез келген тақырыпқа диагностикалық интервью жүргізу ұсынылады.
Психолог оны жүргізу әдісін жақсы білуі қажет.

Әдетте, мұндай интервьюлер төмендегідей құрылыммен ерекшеленеді:

• кіріспе: баланы ынтымақтастыққа тарту, "көңілін келтіру";
• баланың еркін сөйлеуі;
• жалпы сұрақтар беру: " Сен өзің туралы маған бірдеңе айта аласың ба?
Біз екеуіміз аздап таныс болдық. Енді мен мынаны білгім келеді. Сен
балалар мен қалай ойнайсың?" т.б
• толық зерттеу;
• бала өзін еркін сезінетіндей жағдай жасау және балаға құрмет білдіре
отырып, қорытынды жасау;
Балаға берілетін сұрақтар үш түрлі болады:

1. Зерттелетін пәндерге байланысты тікелей сұрақтар, мысалы: "Сен сурет
салуды жақсы көресің бе?"
2. Мазасыздану, үрейлену қауіпін бәсеңдететін жанама сұрақтар, мысалы:
"Егер үстел үстінде фломастерлер жатса сен неістер едің?"
3. Баланы топпен немесе басқа адаммен теңестірумен сәйкестендірілген
негізсіз прожективті сұрақтар, мысалы: " Балалар сурет салуды жақсы
көре ме?"
Диагностикалық интервью ұзаққа созылмауы және жалықтырмауы керек.
Баланың жасына және диагностика міндеттеріне сай әртүрлі модификациялар
қолдану қажет. Осы мақсатпен ойыншықтар, қағаздар, қарындаштар,
фломастерлер қолданған дұрыс, өйткені балалар өз сезімін сөзбен сипаттай
алмайды,оларға оны суретте көрсету оңай.

Баламен алғашқы танысуды өткізген соң, психодиагностикалық тексеруді
бастауға болады.

Қандай да бір шеберге жұмыс істеу үшін құралдар қажет. Психологиялық
зерттеулер әдісін де, епті шебердің қолында бала жанын түсінуге
көмектесетін құрал ретінде қарастыруға болады.

Психологиялық зерттеулер әдісін практикада қолданғанда негізгі
принциптерді, идеяларды басшылыққа алу қажет.

Алдымен бұл- бала жанын, психикасын зерттеудің генетикалық тұрғыдан
қарастыру принципі. Бала психологиясы үшін бұл принциптің маңыздылығы
сондай, өйткені осы ғылым басқаша генетикалық психология деп аталады. Бұл
принцип бойынша бала психикасының құбылыстарын зерттеуде,баланың
үлкендермен өзара қарым-қатынас,өз іс-әрекеті және құрбы-құрдастарымен
қатынас барысында қалай дамитындығын, өзгеретіндігін анықтауға тырысамыз.
Бұл принцип баланың психикасының дамуына, оның тұлғасының қалыптасуына
нақты мәдени-тарихи жағдайлардың әсерін талдауға бағытталған.

Бала психикасының дамуын диалектикалық тұрғыдан зерттеу детерминизм
принципін, ішкі және сыртқы факторлармен анықталған қандай да бір
өзгерістердің байланыстылық себептерін жүзеге асыруды қарастырады.

Зерттеу барысында алынған әрбір жеке фактіні сапалық жағынан қарастыру ,
яғни баланың барлық ішкі әлемін, оның мінез-құлқының қатыстылығын ескеру
қажет. Осыдан баланың тұлғасын айналасындағы адамдармен барлық алуан түрлі
байланыстарда зерттеу қажкттігі туындайды.

Айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын талдамай, баланың тұлғасы және
оның мінез-құлқы туралы мүлде ештеңе түсінуге болмайды (тұлғаны және қарым-
қатынасты зерттеу бірлігі принципі).

Кейде, тестілер және басқа да психологиялық әдістер, дамудың белгілі бір
жағдайын және деңгейін тек қана белгілейді деп есептейді. Бірақ та, тіпті
медициналық диагностикада әртүрлі анализдер қандай да бір физиологиялық,
дене жағдайларын өлшеп қана қоймайды, аурудың психологиялық көңіл-күйіне
белгілі бір түрде ықпал да етеді. Бұл жағдайды психологиялық зерттеуде
жоғары дәрежеде ескеру қажет. Кез келген тест немесе сұрақнама (опросник)
тек қана белгілі бір психологиялық құбылысты өлшемейді, баланың тұлғасына
әсер етуді де қамтиды. Сондықтан да бұл жерде Гиппократтың өзі айтқан: "
Зиян келтірме!" деген ежелгі қағиданы ескеру қажет. Сыналушыға зиян
келтірмеу принципі баланы (топты) зерттеуде, не оны (зерттеуді) жүргізу
процесі болсын, не оның нәтижелері болсын, сыналушыға ешқандай да зиян
келтірмеуін талап етеді (денсаулығына, жағдайына, әлеуметтік статусына және
т.б.).

Сонымен қатар,баланың дамуына көмектесетін әдістерді де қолдану жағын
қарастыру қажет. Сондықтан психика дамуының диагностикасы және
коррекциясының бірлігі принципін жүзеге асыру өте маңызды. Негізгі мақсат
та осында.

Сондай-ақ, баланы, бала қоғамын зерттеуде алалық жасамау (бөлектемеу)
принципі өте маңызды. Ол жеке балаға болмасын,не балалар тобына болмасын
алдын -ала келісілген пікірдің болдырмауын қамтамасыз етеді.

Бала бақшасындағы диагностикалық психокоррекциялық жұмыс психологтың,
тәрбиешінің тек баламен және топпен ғана емес, ата-аналармен, балалармен
жұмыс істейтін мамандармен де тығыз ынтымақтастықта болуын қарастырады.
Ынтымақтастық принципін және тағы басқа да аталған принциптерді жүзеге
асыруға педагог-зерттеушінің қарым-қатынасқа бейімділігі,эмпатия,
психиканың көріністерін байқағыштығы, айналасындағылардың сенімін және
әуестігін қолдау қабілеті сияқты қасиеттері мүмкіндік туғызады:

3. Диагностикалық материал

3.1 Мектепте оқуға балалардың психологиялық даярлығын анықтау

Оқуға психологиялық даярлық-көпаспектілі ұғым. Ол жеке білім мен
біліктілікті емес, барлық негізгі элементтер кіретін белгілі бір жиынтықты
қарастырады. Бұл "мектептік даярлық" жиынтығына қандай құрамдас элементтер
енеді?

Көптеген ата-аналар, егер бала оқи және санай білсе, мектепке дайын деп
есептейді..Сыдырта оқи алу, түсініп санай білу оқуда оң нәтиже берері
даусыз, бірақ болашақ бірінші сынып оқушысында оқу іс-әрекетінің алғы
шарттары және табысты оқуға қажет, баланың мектепте оқуының табыстылығы
оның психологиялық жетілуіне байланысты барлық. құрамдастар қалыптасуы
қажет.

Психологиялық жетілу баланың негізгі психикалық сферасының дайындығын
қарастырады: ықыластанушылық, еріктік, ақыл-ой және әлеуметтік. Оқуда
тілдік емес функциялардың жетілуі (көру арқылы қабылдау, қозғалысты сфера,
кеңістік-уақыт қатынастары) маңызды роль атқарады. Тілдік емес
функциялардыңтолық жетілмеуі бала сөйлеуінің дамуына, одан соң ойлауына
кері әсер етеді. Өйткені сөйлеу және ойлау өзара байланысты.

Баланың ақыл-ой дайындығының компоненттерінің бірі- жеткілікті дамыған
тіл. Мектепте табысты оқу үшін баланың тілдік емес функциялары толық
дамыған болуы керек. Нәзік моториканың толық жетілмеуі даланың ақыл-ой
дамуына кері әсер ететіндігін ғалымдар дәлелдеген.

Балаларды жүйелі оқытуға дайындауда әлеуметтік жетілгендіктің, яғни
баланың ұжымда жұмыс істей алуы, құрбыларымен қарым-қатынасы, басқа
балалардың пікірімен санасуы, т.б. маңызы да аз емес.

Сонымен, бүгінгі таңда мектепте оқытуға даярлық- кешенді психологиялық
зерттеуді талап ететін көпкомпонентті білім беру екендігі практика жүзінде
қашаннан мәлім нәрсе. Психологиялық даярлық құрылымында төмендегідей
компоненттерді бөліп қарау қабылданған

( Л.А.Венгер, А.Л.Венгер, В.В.Холмовской, Е.А.Пашко және т.б. пікірлері
бойынша):

1. Тұлғалық даярлығы. Баланың жаңа әлеуметтік позиция-мектеп оқушысы
статусын қабылдауға, оның құқығын біліп, міндеттерін орындауға дайындығын
қалыптастыру. Бұл тұлғалық дайындық баланың мектепке,оқу іс-әрекетіне,
мұғалімдерге, өзіне қатынастардан байқалады. Тұлғалық дайындыққа
мотивациялық сфераның белгілі бір даму деңгейі де кіреді. Болашақ оқушы
өзінің тәртібін, мінез-құлқын, танымдық іс-әрекетін еркін басқаруы қажет.
Және бұл қалыптасқан иерархиялық түрткілер жүйесінде мүмкін болады.
Тұлғалық даярлық, сонымен бірге баланың эмоциональды сферасының даму
деңгейін де қарастырады. Бала мектептік оқытудың басында, оқу іс-әрекетінің
дамуы және өтуіне жағдай туғызатын салыстырмалы түрде жақсы эмоциональдық
тұрақтылыққа жетуі қажет.

2. Интеллектуальды даярлығы. Даярлықтың бұл компоненті балада ой-
өрісінің, нақты білімдер қорының болуын қарастырады. Бала бірқалыпты және
бөлшектенген таңдамалы қабылдауды (дифференцированное восприятие,
қаз.ауд.Қ.Жарықбаев ), қарастыратын материалға теориялық тұрғыдан қарау
элементтерін қолдана білуді, ойлаудың жинақтаушы түрлерін және негізгі
логикалық амалдарды, түсініп еске сақтауды меңгеруі қажет. Сонымен бірге,
интеллектуальдық даярлық балада оқу іс-әрекет саласында бастапқы
біліктіліктерін, жекелей алғанда, оқу міндетін бөліп алу және оны өзіндік
іс-әрекетінің мақсатына айналдыру біліктіліктерін қалыптастыруды
қарастырады. Қорыта келе, мектепте оқытуға интеллектуальдық даярлықты
дамыту мынадай жағдайларды қарастырады деуге болады:

• таңдамалы қабылдау;
• аналитикалық ойлау (құбылыстар арсындағы негізгі белгілер мен
байланыстарды танып білу қабілеті, үлгіні қайталай алу қабілеті);
• қоршаған ортаға нақты көзқарас (қиялдау (фантазия) ролінің әлсіреуі );

• логикалық есте сақтау;
• білімге, қосымша күш салу есебінен оны алу процесіне қызығушылық ;
• естіп қабылдау арқылы сөйлеу тілін меңгеруі және символдарды түсінуге
және қолдануға қабілеті;
• қолдың нәзік қозғалысынын және көру-қозғалыс үйлесімдерінің дамуы
3. Мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық даярлығы. Даярлықтың бұл
компоненті балаларда құрбы-құрдастарымен, басқа балалармен, мұғалімдермен
қарым-қатынас жасауға көмектесетін қасиеттерді қалыптастырады. Бала
мектепке, балалар ортақ іспен айналысып жатқан сыныпқа келеді. Бұл жерде
оған басқа балалармен өзара қарым-қатынас орнату, балалар қоғамына ену,
басқалармен бірлесе іс-әрекет жасау тәсілдерін жетік меңгеруі, жол беруі
және қорғана білуі керек. Сонымен, бұл компонент балаларда басқалармен
қарым-қатынас жасау қажеттілігін, мектептік оқыту жағдайында мектеп оқушысы
ролін орындау қабілетін дамытатын, балалар тобының дәстүрлері мен
қызығушылықтарына бағына білуді қарастырады.

Бала дайындығын анықтау бойынша психолого-педагогикалық зерттеу, әдетте
екі нұсқада жүргізіледі:

1. Мектептік жетілуді шамамен анықтау.
2. Тереңдетілген психолого-педагогикалық зерттеу.
Шамалап,болжамды зерттеу бала туралы алғашқы түсінік береді, ал
тереңдетілген зерттеу дамыту және коррекциялық бағдарламалар құруды
қамтамасыз ететін, баланың мүмкіндік қорын анықтауға көмектеседі. Егер
бірінші зерттеу нәтижесінде баланың мектепке дайын еместігі анықталған
болса, тереңдетілген зерттеу жүргізу ұсынылады.

Психикалық процестерді зерттеу үшін ұсынылған тестілер жиынтығының
үлгісі:

1. "Нүктелерді көшіру" (зейін көлемін анықтау).
2. Кодпен хабарлау (зейін тұрақтылығын анықтау).
3. Ес (көру есінің жағдайын анықтау).
4. Мағынасы бойынша байланысқан он жұп сөз (мағыналы ес жағдайын
анықтау).
5. Мағынасы бойынша байланыспаған он жұп сөз (механикалық ес жағдайын
анықтау).
6. "Төртінші артық зат" (логикалық негіздеулер, дұрыс жалпылау жасай
алуының қалыптасқандық жағдайын анықтау).
7. Сюжеттік суреттер сериясы (баланың себеп-салдарлық байланысты
көрсетуде қабілетін анықтау).
8. Сөздік субтестілер (заттарды,нәрселерді сұрыптау ұғымдары мен
біліктіліктерінің қалыптасқандық дәрежесін анықтау).
9. Заттарды, нәрселерді салыстыру амалдарының қалыптасқандық дәрежесін
анықтау.
10. Сөйлеуі, тілі. Сәйкес келетін сөзді таңдап ал (сөздік
қорының,ұғымдардың еркіндігінің және даралығының дәрежесін анықтау).
Баланы зерттеуде соңғы нәтижеге емес, болашақ мектеп оқушысының іс-
әрекетінің сипатына, оған кездесетін қиындықтарға ерекше көңіл аударылады.
Сонымен бірге, баланың көмекті қалай қабылдайтынына, оның актуальды даму
деңгейі және "жақын даму аймағына" көңіл бөлу қажет. Келесі (қажет болған
жағдайда) кездесетін қиындықтарды түзету бойынша мақсатты жұмыс баланың
дамуында әжептәуір көтерілуіне, мектептік бағдарламаны табысты меңгеруге
көмектеседі.

3.2 Балалардың мектепте оқуға даярлық даңгейін зерттеу бағдарламасының
үлгісі

№1 Субтест. Психоәлеуметтік жетілгендік деңгейін зерттеу.

Тестілік әңгімелесу С.А. Банков бойынша.

Әңгімелесу сұрақтары:

1. Өзіңнің аты-жөніңді айт.
2. Әкеңнің, шешеңнің аты-жөнін айт. (ата-аналарға қатысты сұрақтарды
алдын ала үлкендерден әкесі, шешесі бар екендігін,олардың бала
тәрбиесіне қаншалықты қатысатындығын біліп барып қойған дұрыс). Шешең
(әкең) кім болып істейді?.
3. Сен қайда тұрасың, өзіңнің мекен-жайыңды айт.
4. Сен ұл баласың ба, әлде қыз баласың ба? Сен өскенде кім боласың:апай
әлде ағай?
5. Сенде аға,(апа), іні, (қарындас, сіңлі) бар ма?
6. Сен неше жастасың? Бір жылдан соң, екі жылдан соң нешеге келесің?
7. Қазір таңертең, әлде кешкі уақыт (күндіз немесе таңертең)?
8. Сен ертеңгілік тамақты қай уақытта ішесің: кешке ме, әлде таңертең?
Түскі тамақты таңертең, әлде күндіз ішесің бе? Қайсысын ерте ішесің-
түскілік, әлде кешкілік тамақты?
9. Қазір жылдың қай мезгілі- қыс,көктем, жаз немесе күз? Сен неге олай
деп ойлайсың?
10. Қай уақытта шана тебуге болады- қыста әлде жазда?
11. Қар неге жазда емес, қыста болады?
12. Дәрігер, мұғалім, пошташы не істейді?
13. Мектепте қоңырау парта, портфель не үшін керек?
14. Сенің өзіңнің мектепке барғың келе ме? Неліктен?
15. Мектепте оқушылар жауап бергісі келгенде қай қолын көтереді?
16. Сен сурет салғанды жақсы көресің бе? Мына қарындаштың, баудың,
көйлектің, т.б. түсі қандай?
17. Өзіңнің оң қөзіңді, сол құлағыңды көрсет. Көз, құлақ не үшін қажет?
18. Сен қандай аңдарды білесің? Қандай құстарды?
Не үлкен: сиыр әлде ешкі? Құс әлде ара? Қайсысының аяғы көп: иттің
әлде қораздың?
19. Қайсысы артық: 8 әлде 5, 5 әлде3? 6 дан 9 ға дейін,5 тен 3 ке дейін
сана.
20. Біреудің затын байқамай сындырып алса не істеу керек?

Жауаптардың бағасы

1. Бір пункттың барлық ішкі сұрақтарына берілген дұрыс жауап үшін бала
тек 1 балл ғана ала алады (бақылау сұрақтарын ескермегенде).
2. Пункттың ішкі сұрағына дұрыс бірақ толық емес жауап үшін бала 0,5 балл
ала алады.
3. Барілген сұраққа сәйкес және жеткілікті толық жауаптар дұрыс деп
есептелінеді,мысалы: "Әкем Костенко атындағы шахтада инженер болып
істейді". "Иттің аяғы қораздыкіне қарағанда көп, өйткені итте 4, ал
қоразда 2 аяқ бар". Қатемен берілген жауаптар: "Шешем Айжан", "Әкем
жұмыста жұмыс істейді". Сол тәрізді егер бала жыл мезгілдерін, олардың
белгілерін шатастырса, "көп-аз" ұғымын көрнекі мысалсыз берсе, қате
жауап болып саналады.
4. Бақылау сұрақтарына: 4, 7, 10 , 14, 22 пункт-сұрақтары жатады, Олар
былайша бағаланады: 4 - тұрған жерінің атауы мен толық мекен-жайын
айтқаны үшін- 2 балл; 7 -егер бала өзінің қанша жаста екендігін
есептей алса - 1 балл; 10 - белгісі бойынша негізделген жауап үшін (ең
кемінде үш белгі бойынша) - 2 балл, 3 белгіге дейін- 1 балл; 14 -
әрбір мектеп атрибутикасының қолдануын дұрыс айтқаны үшін - 1 балл; 22
- әр дұрыс жауап - 2 балл.
5. 15 пункт 14 және 16 пункттармен біріктіріле бағаланады. Егер бала 14
п. бойынша 3 балл жинап және 15 п. немесе 16 п. дұрыс жауап берген
болса, онда мектепте оқуға оң ықыластану бар болғаны (14-16 п. бойынша
4 балл жинау қажет) .

Әңгімелесу нәтижелерінің бағасы

Нәтижесі 15 балдан төмен балаларды одан әрі психологиялық зерттеуге
ұсыну қажет. "Мектеби- жетілген" балалар болып барлығы 24- 25 балл
алғандар, "орташа- жетілген" балалар болып 20-24 балл, және "жетілмегендер"
болып 15-20 балл алғандар саналады.

№2 субтест. Керна-Ирасек тестісі бойынша мектептік жетілгендікті анықтау
(мектеби-қажеттілік функциясының даму деңгейін анықтау).

Тест 3 тапсырмадан тұрады: түсінігі бойынша фигура салу, жазба әріптен
фразаны графикалық көшіру және белгілі бір кеңістік жағдайында нүктелерді
көшіріп бейнелеу. Тест бір баламен немесе балалардың шағын тобымен, қолдану
нұсқауына сәйкес жүргізіледі.

Нәтижелерді бағалау.

Әр тапсырма 1 балдан (ең жақсы баға) 5 балға (ең нашар) дейін
бағаланады.

Тапсырмаларды бағалау критериилері:

1 -т а п с ы р м а. Ер адам фигурасын салу:

1 балл- салынған фигураның басы, денесі, аяғы болуы керек.Бас денемен
мойын арқылы қосылған ол денеден үлкен болмау керек. Баста- шаш бас киім
немесе шляпа болуы мүмкін,құлақтары, бетте-көз, мұрын, ауыз болуы
керек.Қолдары, онда бес саусағы болуы керек.Ер адам киімінің
белгілері.Сурет жинақтаушы әдіспен орындалған, яғни пропорцияны орындай
отырып, кескіндеп бейнеленген.

2 балл- бейнелеудің жинақтаушы әдісінен басқа 1 бағадағы барлық
талаптардың орындалуы. Дененің үш мүшесінің болмауы мүмкін: мойын, шаш,
қолдың бір саусағы, бірақ беттің қандай да бір мүшесі болмай қалуы мүмкін
емес.

3 балл- суреттегі фигураның басы, денесі, аяқтары, қолдарыбар және олар
екі сызықпен салынған.Құлақтары,шашы, киімі, қолдарында саусақтары,
аяқтарында табаны жоқ.

4 балл- бас пен дененің өте қарапайым суреті. Аяқтары бір сызықпен
бейнеленген.

5 балл- ден мен аяқтардың анық бейнесі жоқ.Шимайлар.

2-т а п с ы р м а.Жазылған мәтінді имитациялау, бейнелеп жазу.

1 балл- оқи алуға болатындай имитация- бейне жазу (көшірме). Әріптер
шамамен үлгідегіден екі есе үлкен. Әріптерден үш сөз құралған.Сөйлемдердің
тік сызықтан ауытқуы 30o тан артық емес.

2 балл- сөйлемдерді оқуға болады.Әріптердің үлкендігі үлгіге жақын,
олардың түзу болуы міндетті емес.

3 балл- әріптер екі топқа бөлінген, ең болмағанда 4 әріпті оқи алуға
болады.

4 балл- ең болмағанда екі әріп үлгіге ұқсас, "жазудың бейнесі"

5 балл- шимайлар.

3-т а п с ы м а. Нүктелер тобын көшіріп салу.

1 балл- үлгіні тура қайталау.Баған немесе жолдан бір нүктенің шығып
кетуі мүмкін. Үлгі бір жарым есеге дейін кішіреюі мүмкін.

2 балл- пүктелердің саны және құрамы үлгіге сәйкес болуы керек. 3
нүктені төмен түсіруге және жолдар немесе бағандар арасында 0,5 еніндей бос
жер қалдыруға болады.

3 балл- үлгіге ұқсас жалпы бейне. Биіктігі және ені 2 еседен артық емес.
Нүктелердің саны 20 дан артық және 7 ден кем болмауы керек. Нүктелердің
орналасуында 180o қа дейін орын ауыстырулар болуы мүмкін.

4 балл- сурет үлгіні тек еске түсіреді,әйтсе де ол нүктелерден тұрады.
Нүктелердің шамасы және саны маңызды емес. Басқа бейнелер, мысалы, сызықтар
болуы мүмкін емес.

5 балл- шимайлар.

Алынған нәтижелерді бағалау.

Нәтижесі 15 балл болған балаларды одан әрі медико-педагогикалық зұсыну
қажет. "Мектеби-жетілген" балалар болып, берілген тестінің үш тапсырмасын
орындағаны үшін барлығы 3-5 балл алғандар, "орташа-жетілгендер" - 6-9 балл
және "жетілмегендер" - 10 және одан артық балл алғандар болып саналады.

3.3 Балаларды терең зерттеуге арналған тестілер үлгілері

Зейіннің әртүрлі қасиеттерін зерттеуге арналған әдістемелер

1. "Шатасқан сызықтар" әдістемесі

Зейін тұрақтылығын бағалау

Балаға 10 шатасқан сызық бейнеленген сурет ұсыныңыз(1 сурет). Әр
сызықтың басында (сол жағында) және соңында (оң жағында) өзінің нөмірі
бар.Бірақ та бұл нөмірлер сай келмейді.

Баланы әр сызықтың басынан соңына дейін мұқият қадағалауын сұраңыз. Бұл
жағдайда қалам, қарындаш немесе саусақ қолдануға болмайды.Бала сызықтың сол
жағындағы, сосын оң жағындағы нөмірді дауыстап айтады.

Барлық тапсырманы орындауға жұмсалған уақытты, жіберілген қателерді,
жаңылыстарды және т.б. белгілеп отырыңыз. 6-7 жасар балалардың көпшілігі
бұл тапсырманы 1-2 минут ішінде мүлде қатесіз орындай алады.

1-сурет

Қабылдауды зерттеу әдістемесі

1. "Не аяқталып салынбаған?" әдістемесі

Қабылдаудың тұтастығын бағалау

Балаға таныс заттар бейнеленген суреттерді ұсыныңыз. Оның әрбір суретке
мұқият қарауын және жетіспей тұрған бөлігін атауын сұраңыз (2 сурет. не
аяқталып салынбағанын айту).

2-сурет

2. "Бұл не, танып ал" әдістемесі

Алдымен балаға суреттің бөлігі, фрагменті көрсетілетіндігін, сол бойынша
тұтас бейнені анықтау қажет, яғни бөлік немесе фрагмент бойынша тұтас
суретті салу керек.

Балаға а) дан басқа барлық фрагменттері қағазбен жабылған 3- суретті
көрсетеді. Осы фрагмент бойынша бұл бөлшектер жалпы қандай суретке тиісті
екенін айту керек.

Есепті шешуге 10 секунд уақыт беріледі.Егер бала дұрыс жауап бермесе,
онда оған 10 секундқа келесі толығырақ фрагмент көрсетіледі, тағы сол
сияқты,бала суретте не бейнеленгенін аңғарғанша жалғаса береді.

Жалпы 6-7 жасар балалар фрагмент бойынша тапсырмамен 20 секундта орындай
алады.

3 сурет

3. "Кілемшені немен жамауға болады?" әдістемесі

Бұл тестінің көмегімен, аз мерзімді есте көргенінің үлгілерін сақтай
отырып, оларды баланың қаншалықты іс жүзінде қолдана алатындығын анықтауға
болады.

Балаға 2 кілемше,және де әртүрлі маталардың кесектері бейнеленген 4
суретті ұсыныңыз.

Бұл материяның кесектерін кілемшедегі тесіктерді жамау үшін қолдануға
болады.Кілемшенің және жамаудың суреттерінің айырмашылығы болмау керек.
Балаға тапсырма: "Матаның бірнеше кесектерінен(олар төменде салынған)
кілемше суретіне(ол жоғарыда салынған) көбірек сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектепке дейінгі мекемедегі отбасымен бірлескен жұмыстар
Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты әдістемелік ұйымдастыру
Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру
Ата - аналардың педагогикалық білімі балаларды тәрбиелеудің факторы ретінде
Балабақша мен отбасы арасындағы байланыс
Балабақша мен отбасы қарым-қатынас ынтымақтастығы
Пәндер