Ойлаудың адам өміріндегі маңызы



Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Ойлау туралы жалпы түсінік
1.1. Ойлау тәсілдері
1.2. Ойлау формалары
ІІ. Ойлау процесінің адам өміріндегі маңызы
2.1. Ойлаудың сезімдік таныммен және тілмен байланысы
2.2. Ойлау үрдісінің психологиялық және логикалық негіздері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізім
Адамның өз өмір тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді. Соған орай, біз дүниенің сыр-сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді, оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз. Міне, осындай мақсат-мүдделерге жету жолында әрбір адам өзінің іс-әрекетінде заттар мен құбылыстардың белгісіз қасиеттерін, тәжірибесі мен білімінің, шама-шарқының жеткіліксіздігін аңғарады. Өйткені, әлем шексіз, соған орай дүниені танып білу де шексіз. Адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын білуге бағытталады. Әрбір адам ойланып-толғанғанда өзіне беймәлім нәрселердің сырын ашып, жаңалықты біледі. Мысалы, оқушы оқу материалының мәнін түсініп, есеп шығаратын болса - мұның өзі оған жаңалық ашқандай болып көрінеді .
Сонымен, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілімен тығыз байланысты психикалық үрдіс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау - сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практиқалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім үрдісінің шеңберінен әлдекайда асып түседі.
1. М.Жұмабаев Педагогика. Алматы. «Рауан» 1993ж.
2. Т.Н.Ушаков. Речь человека в мышлении. М., 1984.
3. Гейдебарнд К. «Бала жанының мәні жайында» - Алматы, 1993ж.
4. Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. Алматы, 2002.
5. Н.Айғабылов. Бастауыш класс оқушыларының абстракты ойын дамыту. “Қазақстан мектебі”, 1964, №11, 51-бет.
6. Педагогикалық ізденіс. Алматы, «Рауан», 1990 ж.
7. А.В. Петровский «Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы» -Алматы «Мектеп» 1987ж.
8. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алмат, «Рауан», 1992 ж.
9. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. М.: Педагогика, 1989.
10. И.А.Васильев, О.К.Тихоморов. Эмоции и мышление. М., 1980.
11. Ж.И.Намазбаев. Психология. Алматы, 2005.
12. Ә. Алдамұратов. Жалпы психология. Алматы, 1996.
13. К.К.Платонов. Структура и развитие личности. М.: наука, 1986.
14. И.П.Павлов. Мозг и психика. М., 1996.
15. Е. Климов. Основы психологии. М., 1997.
16. В.В.Петухов. Психология мышления. М., 1987.
17. Джемс У. Психология. М., 1999.
18. Т. Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы, 1993.
19. А. Горбатенко. Общая, прикладная психология. М., 2002.
20. Ю.М. Оролов. Самопознание и самовоспитание характера. М.: Просвщение, 1987.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

050103 - Педагогика-психология факультеті

Жалпы психология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ойлаудың адам өміріндегі маңызы

Орындаған:
1 курс 109 топ студенті
Төлбасы Т.
Ғылыми жетекші:
Нығметова Ғ.

Алматы, 2007
ЖОСПАР

Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Ойлау туралы жалпы түсінік
1.1. Ойлау тәсілдері
1.2. Ойлау формалары
ІІ. Ойлау процесінің адам өміріндегі маңызы
2.1. Ойлаудың сезімдік таныммен және тілмен байланысы
2.2. Ойлау үрдісінің психологиялық және логикалық негіздері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізім
Кіріспе

Адамның өз өмір тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан
мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі
істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда
бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп
екендігін көрсетеді. Соған орай, біз дүниенің сыр-сипатын ұғыну үшін заттар
мен құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді, оларды
ашып көрсетуді мақсат етеміз. Міне, осындай мақсат-мүдделерге жету жолында
әрбір адам өзінің іс-әрекетінде заттар мен құбылыстардың белгісіз
қасиеттерін, тәжірибесі мен білімінің, шама-шарқының жеткіліксіздігін
аңғарады. Өйткені, әлем шексіз, соған орай дүниені танып білу де шексіз.
Адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын білуге
бағытталады. Әрбір адам ойланып-толғанғанда өзіне беймәлім нәрселердің
сырын ашып, жаңалықты біледі. Мысалы, оқушы оқу материалының мәнін түсініп,
есеп шығаратын болса - мұның өзі оған жаңалық ашқандай болып көрінеді .
Сонымен, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілімен
тығыз байланысты психикалық үрдіс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі
нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау
және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау -
сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік
сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практиқалық іс-
әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім үрдісінің шеңберінен
әлдекайда асып түседі.
І. Ойлау туралы жалпы түсінік

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік қабылдау, елестер жеткіліксіз
болады. Біз тікелей біле алмайтыңн заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы
ғана білеміз. Түйсік қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен
құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым
қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның
қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-
әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте
жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау
танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды.
Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік
мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш
элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен.
Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге
пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз
күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.
Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою
дұрыс емес. Ой — сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы. Сөз — ойды
басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында
адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды,
ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы
дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл
түрі онын танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы
үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін
болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын
алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі
біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста
болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың
"Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде" деген мақалы адамның
басындағы ойы тілінен керінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын
байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы
адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін
меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам
баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір
психологтардың (Л. Леви-Брюль т. б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта
қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы, шорқақ дейтін теориялар ғылыми
жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы
өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам
ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда
болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мәселен, атом
бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге
бөліп отыр. Тағы бір нақты мысал. Белгілі АҚШ этнопсихологы Маргарет Мид
(1901-1975) тынық мұхит аралдарының бірінде, өзге дүниемен ешқандай қарым-
қатынас жасамай өмір сүріп келе жатқан, бір тайпа ел бар екенін анықтады.
Бұл тайпаның тіршілігіндегі көп ерекшеліктің бірі балалар да, үлкендер де
қуыршақ дегеннің не екенін білмейді екен. Осы айтылғандар ғалымның Мәдениет
эволюциясындағы сабақтастық (1964) сутегінде айтылған.
Ғалымның әкеліп таратқан қуыршақтарына ер балалар да, қыздар да қатты
қызығып, өздерінше бөпе қылып әлдилеп, киіндіріп, ұйықтатып ойнай бастаған.
Бұған қарап қыз балаларда биологиялық аналық түйсіктің оянғаны, ал ер
балалар соларға еліктеген ғой деуге болар еді. Шынында да, балалардың
біразы қуыршақтармен бір сәт қана ойнап, кейін жайына кетті, ал басқалары
қуыршақтардың қасынан кетпей, ойындарын түрлендіре түсті. Ал, бір ғажабы,
ер балалар қуыршақпен ойнауларын жалғастыра бергенде, бұл ойыннан тез
жалыққан қыздар болды. Арал тұрғындары тұрмысының бір ерекшелігі де осындай
еді, баланы күтіп-бағумен неғұрлым қолы бос еркектер айналысады екен.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның
ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан
сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының акиқаттығын, яғни шындығы
мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс.
Ой амалдары мен логиканық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері
мен жүйесінің пайда болуы — адам ойлауының зор табысқа жетуінің, тарихи
дамуының нәтижсеі. Ойлау-заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және
тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындықка
айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап
отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін — объективтік шындық. Адамға
алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын — оның қажеттері.
Ойлау — өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның
дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда
болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде
де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық- түрлі сұрақтарға
жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау-сұрақка
жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден
жақсы байқалады. Мәселен, "Сырдария Арал теңізіне құяды" деген сөйлемде ой
туғызуға негіз боларлықтай түрткі жоқ. Мұнда біреуден естіген, не көріп
білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал, затты не құбылысты тұспалдап
айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің небір көріністерін
байқауға болады.
Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа
адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған
міндетгі тез анғарады да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын
айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады.
Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып
есептеледі. Ойдың кейде шындықтан "ауытқитын кездері де болады". Бұл адамды
шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып
келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымының тарихи дамуының барысында ғана
бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда
ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстардың мәнін екі
жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, тереңірек біліп
отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады.
Сөйтіп, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.
Ғылыми-техникалық прогресс "ойлайтын" машинаналарды дүниеге келтірді.
Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) өз
жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді үйрене де,
оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес
мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сөйленіп тұрған сөзді машина
тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да "ойнайды".
Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін, Бірақ оқып үйрену қабілеті жөнінен машина
адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда
жеңіл. Адам өзін машинаға ұтқызбас үшін, өз өнерін жетілдіріп отыруы тиіс.
Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы жерде бәрін машина
істейді, ал адамдар қолын қусырып, әзір асқа ие болып қарап отырады дегенді
айтады.

1.1. Ойлау тәсілдері
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау –
түйік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі.
Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын
жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық
элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез – бір-бірімен тығыз
байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс.
Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы
пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері
айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін
көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып
көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түріне, құрылысына, атқаратын
қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясының, күрделі түрі -
абстракция мен жалпылау.
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі
қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен,
квадрат, трапеция, параллелограмма деген сөздерді "төрт бұрыш" деген сөзбен
белгілесек соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секілді
заттардың ортақ қасиеті ретінде "ақшыл" деген сөзді алсақ, бұл да
абстракциялық ұғымға жатады.
Астракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау
абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни
жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды
құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетін болсақ, мұндағы жылқының
жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияга қарағанда,
ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Жеке мысал, көрнекті
құрал — нақтылаудың түрлі формалары.
Жалпылау дегеніміз біртекті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін
оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба
білу керек. Мәселен, алма, өрік мейіз, алмұрт т. б. ұқсас белгілері жиналып
келіп, "жеміс" деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы
дүние заттарының мәнді белгілерін ажырата алуға жәрдем береді.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип
бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді. Жүйелеудің жоғары
түрі -классификация. Мәселен, жануарлар — типке, типтен – класқа, кластан -
отрядқа, отрядтан - отбасыға, отбасыдан - текке, тектен - түрге т. б.
жүйеленеді. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық әлементтерді
белгілі классификацияға келтіруге болады. Осы айтылған ой тәсілі мал
шаруашылығының қыры мен сырын жақсы білетін қазақтарда ерекше дамыған.
Мәселен олар шөпті ащы (көкпек изен, жусан т. б.), тұщы (қияқ боз т.б.),
құрғақ сулы деп бірнешеге бөледі. Шөптерді қай малдың жейтініне қарай да
топтастыруға болады.

1.2. Ойлау формалары

төртінші сынып оқушысында "құс'' туралы ұғым толық қалыптасқан деуге
болады. "Құс", ''балық" ұғымдары балаға бұрыннан да таныс нәрселер.
Сондықтан да оқушылар мүмкіндігінше (қай сынып оқушылары болсын) осы
ұғымдардың негізгі, мәнді белгілерін білуге ұмтылады. Таблицадағы цифрлар
бойынша оқушыларда ұғымның мәнсіз белгісіне нақты көңіл бөлу біртіндеп азая
түсетіндігін көрсетеді. Мәселен, төртінші сыныптағылар осы ұғымның мәнсіз,
екінші қатардағы белгілерінен тек 11 пайызын ғана атап өткен. Төртінші
сыныптағылар заттардың жалпы белгілерімен қатар жеке белгілерін де жақсы
ажырата алады. Осы сыныптағылар арыстанды сүт қоректілер тобына жатқызғанда
оның басты белгісі -жыртқыш аң екенін көрсетіп береді.
Ұғымда заттардың өзіндік қасиеттері ғана көрінбейді, олардың бір-
бірімен байланыстары мен қарым-қатынастары (себеп-салдарлық кеңістік пен
уақыттық, функционалдық т. б.) бейнеленіп отырады. Мәселен, жоғары-төмен,
жақын-алыс, көп-аз секілді жеке, нақтылы заттардың өзара байланысын
оқушылар қиналмай ұгады. Бірінші, екінші сынып оқушыларына заттың
кеңістікке қалайша орналасқандығы жайлы ұғымдарды меңгеру қиынырақ соғады.
Өйткені бұл оқушылар кеңістіктің негізгі өлшемі - ұзындық екенін бірден
ажыратпайды. Мәселен, "метр" ұғымын көбінесе "бұл сызғыш" деп заттың
түрімен шатастырады. Балаға түрлі өлшемдер туралы ұғымдарды (метр,
километр) меңгертуді тәжірибемен (балалардың өздеріне өлшетіп үйрету)
ұштастырып отырған абзал. Мәселен, бала ұзынды-қысқалы заттардың түрлі
бөліктерін көзімен көріп, қолымен ұстап, бұлардың белгілі тұрқы бар екенін
аңғарады. Үшінші, төртінші сынып оқушыларының кеңістік жөніндегі ұғымдары
жоспар, масштаб, шартты белгілер сияқты ұғымдармен толыға түседі.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір —
бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың
формасы. Мәселен, "Астана — Қазақстан Республикасының орталығы десек, бұл
шындыққа сай ақикат пікір болады да, ал "Атом - заттың бөлінбейтін және
өзгермейтін бөлігі" десек бұл жалған пікір болып табылады. Әрбір пікірде үш
бөлім болады. Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мәселен, жоғарыда
келтірілген пікірде: "Алматы" — логикалық бастауыш. "Қазақ республикасының
орталығы - логиқалық баяндауыш. Байланыс сөздер ("деп", "дегеніміз",
"айтамыз'' т. б.) пікір де көбінесе айтылмай, тек ойға алынып отырады.
Пікір грамматикада сөйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік
материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып,
өмір сүре алады. Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені бұл
екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу. Пікірлердің түрлері көп. Оны
логика ғылымы жан-жақты қарастырады.
Бұлар да шындықтағы әр түрлі нәрселер, олардың түрлі қасиеттері,
сондай-ақ нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді. Төменгі
сынып оқушыларын дұрыс пікір айта білуге тәрбиелеу зор педагогикалық мәні
бар іс. Сөйлеудің грамматикалық формаларын меңгеру балалардың пікір
қабілетін өсіре түседі. Бірінші сыныптағылардың пікірлері кесімді болып
келеді. Өйткені ол құбылысты жан-жағынан қарастырмайды. Мәселен, "Асан
бүгін неге сабаққа келмей қалды?" деп мүғалім кезекшіден сүрайтын болса,
"ауырып қалды" деп бірден жауап береді. Ал екінші сынып оқушылары жорамалды
пікірлер айтуға талаптанады. Мәселен, сабаққа келмеген Асан жөнінде олар:
"мүмкін ол ауырып қалған шығар", "не ұйықтап қалған болуы мүмкін", "сабағын
оқымады ма екен, кім білсін?" дсп түрді жорамалдар жасайды. Бірақ олар өз
пікірлерін дәлелдеп жатуды мақсат етпейді. Өйткені мұндай қабілет тек
үшінші, төртінші сынып оқушыларында ғана қалыптаса бастайды. Бүған
оқушыларда білім көлемінің өсуі және оның жүйелене түсуі үлкен себеп
болады.
Осы жастағы балалар өз пікірлерін жап-жақсы дәлелдей алады, түрлі
нәрсенің себебін тауып қана коймай, оған тиісті жауапты өзінше бере алатын
болады. Математика сабағында мәселе есептерді шығару, грамматикада
сөйлемдердің күрделі түрлерін меңгеру — олардың пікірлерін дамытады. Әрине,
төменгі сынып оқушыларының пікірлері шындықтағы заттардың объективтік
байланыстарын жан-жақты көрсете алмайтыны белгілі. Мәселен, олардың "жылқы
— жануар", "гүл — өсімдік" деген пікірлері негізінде дұрыс болғанмен, осы
ұғымдардың мәнін жеткілікті көрсете алмайды.
Ойлаудың күрделі формаларының бірі — ой қорытындылары. Ой
қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі.
Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз
қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Мәселен,
''Барлық дельфиндер — жануар", "Барлық металдар электр өткізеді" деген екі
пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан бұл екеуінен
үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес.
Ой қорытындыларының үш түрі болады. Біріншісі – дедукциялық, екіншісі
– индукциялық, ал үшіншісі – аналогиялық ой қорытындысы деп аталады.
Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мәселен,
біз тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі
организмнің бірі десек олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете
алмайды деген қорытын.дыға келеміз.
Индукция – жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы, мәселен,
оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай-ақ оттегі жоқ ауада
жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды десек осы айтылғандардан
жалпылай оттегі жоқ ауада "барлық тірі организмдер тіршілік ете алмайды!"
деген қорытындыға келеміз. Индукцияда жеке жағдайлардан жалпы ереже,
фактілерден қорытындылар жасалады. Мәселен, Д.И.Менделеев химия
элементтерінің периодтық заңын индукция тәсілімен ашқан. Анализ бен синтез
операциялары бір-бірімен қандай тығыз байланысты болса, индукция мен
дедукция да сондай байланыста болады.
Аналогия дегеніміз - ұксастық бойынша ой қорытындыларын жасау.
Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой қорытыңдысының
осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе, құлауы
мең аспан денелерінің козғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны
келтірді. Аналогия осындай ғылыми гипотезаның бастамасында елеулі рөл
атқарады. Оқушыларда ұғымдар мен пікірлердің біртіндеп қалыптасуы, соған
сәйкес ой қорытындыларының дамуына мүмкіндік туғызады. Өйткені, ойлаудың
формалары бір-бірімен байланыса дамып отырады. Бірінші, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмірлік жол жеке тұлғаның индивидуалды әлеуметтік тарихи дамуының формасы
Философия анықтамасы
Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы
Психикалық аурулардағы танымдық іс-әрекеттің бұзылуы туралы
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
Мектеп жасындағы балалардың ойлауын дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі
Ойлау мен болмыстың арақатынасы
Қарым - қатынас жайлы түсінік
Ойлау туралы теориялардың психологиялық маңызы
Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту
Пәндер