Отбасындағы бала және еңбек тәрбиесі



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1 Отбасындағы бала тәрбиесі
ІІ. 2 Еңбек тәрбиесі
ІІ. 3 Еңбек тәрбиесінің ұйымдастыру жүйесі
ІІ. 4 Еңбек тәрбиесінің ағартушылық ой.пікірлердегі көрінісі
ІІ. 5 Еңбек тәрбиесінің жүйесі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы – ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.
Отбасында балалардың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірде қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрін болса да атқаруға психологиялық тұрғыдан даяр болуға, шығармашылық әрекетке даярлыққа, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет. Жеке бастың пайдасы мен ұжымдық пайданың үйлесімділігін табуға, іскерлікке, ізгілікке, өздігінен іздегуне, өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеудің мәні зор.
«Балының құқы жөніндегі конвенцияда» отбасында баланың құқын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейрімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.
Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.
1. Қоңырбаев С.С. «Отбасы: Бала мен ата-ана».
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2004
3. Қоянбаев Ж «Отбасы және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі».
4. Дайрабаев Е. «Отбасы өміріндегі әдеп және психология».
5. Успанов К.С., Керимов Л.К. «Педагогика» оқулық
6. Афанасьева Т.М. «Отбасы»
7. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярва А «Педагогика».
8. //Бастауыш мектеп. 2005 жыл №4., 2006. №3.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1 Отбасындағы бала тәрбиесі
ІІ. 2 Еңбек тәрбиесі
ІІ. 3 Еңбек тәрбиесінің ұйымдастыру жүйесі
ІІ. 4 Еңбек тәрбиесінің ағартушылық ой-пікірлердегі көрінісі
ІІ. 5 Еңбек тәрбиесінің жүйесі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі
қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген
сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан
жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан
ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы – ең алғашқы тұлғаны дамытатын
әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген
жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі
әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.
Отбасында балалардың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірде
қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрін болса да атқаруға
психологиялық тұрғыдан даяр болуға, шығармашылық әрекетке даярлыққа,
әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет. Жеке бастың
пайдасы мен ұжымдық пайданың үйлесімділігін табуға, іскерлікке, ізгілікке,
өздігінен іздегуне, өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеудің мәні зор.
Балының құқы жөніндегі конвенцияда отбасында баланың құқын
қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-
қатынасындағы мейрімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін
ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті
сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.
Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана,
Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы
адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін
сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды
да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз Бала ұяда не көрсе, ұшқанда
соны іледі деп текке айтпаған.
Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мол.
Сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінгі бала тәрбиесінде жалғасын табуда.
Отбасында халықтық рухани-интеллектуалды мұраларын, мәдени құндылықтарды
жандандырып, рухани ұлттық сипаттағы мінезді қалыптастыруды көздеу өмірдің
талабынан туындап отыр.
Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың
бірі – отбасы және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы
күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден тынбайтын еңбек баланы
әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай
еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін
түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсаттылық арқылы
іске асады.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және мазмұны нақтылы қоғамдық-
тарихи жағдайға байланысты анықталып, жетіліп отырады.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу мәселесі Н.К.Крупская мен М.И.Калиннің
теориялық еңбектерінде айрықша аталып, кеңес мектептеріндегі еңбек
тәрбиесінің орны мен даму жолдарына үлкен мән берілді
Белгілі педагог А.С.Макаренко Ата-анаға арналған кітабында ...
Бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз
тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп
ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз үйде болмаған кезде де іске
асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, өзгелермен қалай сөйлесетініңіз,
олар туралы не ойлайтыныңыз, қалай күлетініңіз, қалай газет оқығаныңыз, осы
іс-әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды. Тіпті дауыс екпінінің
өзгеруін де бала сезінеді, сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне беймәлім
жолмен жетіп жатады, сіз оны байқамайсыз да. Ол отбасында сіз дөрелік
көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз, осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие
бересіз... - дейді.

Отбасындағы бала тәрбиесі
Отбасының көз қуанышы – бала. Сондықтан да балалы үй-базар, баласыз
үй-қу мазар деп ата-балаларымыз тегін айтпаған. Бұл нақылдың бүгінгі таңда
маңызы жоқ болып бара жатқандығы бәрімізді толғантып, ойлантуы керек.
Еліміздегі тастанды бала, көкек ана сияқты толып жатқан негізгі мәселелерді
азайтып, жойып, теріс қылықтарға жол бермеу біздің тақырыбымыздың
көкейтесті мәселесі болмақ.
Иә, перзентсіз үйдің берекесі жоғын халық педагогикасында дөп басып
айтып, дәлдікпен аман ағымына қарай топшылап отырған. Дүниеге келгенде де,
келгеннен соң да әке-шешесін қуанышқа бөлеп, отбасын жақындастыра түсетін
бала.
Алайда, баланың балақайы да болады, қалақайы да болады емес пе? Ол
жанұяда, ортасында алған тәрбиесіне байланысты. Тәрбие беретін адам, я
болмаса ортасы алдымен өздері білімді, тәрбиелі болуы керек. Ал, отбасында
берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, сүйегімді
сындырмасын десең балаға кішкентайынан түзік тәрбие бер деп ата-бабамыз
жүйелі сөзді мұра етіп қалдырған.
Егемен еліміздің ұрпақтары, жастар тәлімді, тәрбиелі болу яғни,
бала ұрпақты баулу, тәрбиелеу-баба ұрпақ пен аға ұрпақтың мойнына
жүктелетін игілікті парыз.
Осы орайда, бізге берері көптен-көп Халық педагогикасының
негіздері атты пәнін, ғылыми жинағын енгізген. С.Ғаббасов мұрасының
құндылығын, ерекшелігін айтуға болады. Бұл жинақта барлығы дерлік жан-жақты
ғылыми тұрғыда қарастырылып, толық қамтылған.
Халық педагогикасын зерттеуде көптеген ғалымдарымыздың еңбектері дәл
С.Ғаббасов еңбегіндегідей толықтай зерттеліп, жан-жақты ашылып
көрсетілмеген. Ақтандақ тұстары да баршылық.
Жазушы, Совет-Хан Ғаббасовтың еңбегінде бала тәрбиесіне көп көңіл
бөлініп, әрбір тарауларда кеңейтілген түрде бала тәрбиесін ана құрсағынан
бастап тәрбиелеу керек делінген. Дұрыс айтылған екенін осы кітапты оқып,
зердесіне тоқыған адам ғана түсінеді. Аялаған ананың, әлпештеген әкенің
қадір-қасиетін біліп, елін, жерін, Отанын сүюі, жеті атасын танып-білуі осы
отбасындағы тәрбиеден бастау алатыны Совет-Хан Ғаббасов мұрасында өз
деңгейінде жазылып, көрініс таба білген.
Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің деп қазақ халқы бала
тәрбиесіне әсіресе, жақсы тәрбиенің игі ықпалына өте-мөте үлкен мән береді.
Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер деген нақылдың астарында
қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Иә, отбасына, ата-аналарға алдымен өзің
үлгілі озық бол деп өсиет, өнеге етеді. Үлгі-өнегелі алдымен өзің көрсет
дейді. Міне, сонда ғана отбасы, ошаққасындағы тәрбие түзеледі. Бесіктен
белі шықпаған бөбек кезінен жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жиренте білу
керек.
Сондай-ақ тақырымызда айтқанымыздай ғалым, жазушы Совет-Хан Ғаббсов
еңбегінде: ата-ана бала арасындағы сыйластық қандай болуы керек? – деген
сұраққа түрлі зерттеулер жүргізіле отырып, тәжірибие арқылы мысалдармен
анық, нақты түрде жазылған. Бұдан біздің аңғаратынымыз бұл еңбектің
құндылығы, оның басқа зерттеулерге қарағанда пән ретінде оқытылуы. Әрбір
адам баласы бұл еңбекті қолына алып санасына сіңдіргені абзал. Сонда ғана
отбасындағы болашақ тәрбиесі, тәлімі туралы түсініктерді өмір тәжірибесінде
қолдануда ешқандай қиналмайды, тәрбие беруде дұрыс қолданады.
Халық педагогикасының отбасына айтар ақылы, ұсынар үлгісі, берер
тәрбиесі өз дәрежесінде болса, біздің елеміздегі белең алған теріс
қылықтар, әрекеттер мүлдем бірден жойылып кетпесе де, біртіндеп жойылар
еді. Жалпы айтқанда: ата, әке, ана басты тұлға баланы тәрбиелеуде.
Міне, осының барлығы да монографиялық еңбекте ұлы ғалым-
бабаларымыздың еңбектерімен байланыстырылып жазылған. Тағы бір қуантатыны,
жүрек тәрбиесі, ақыл тәрбиесі де анық, айқын байланыстырылып айтылғандығы.
Совет-Хан Ғаббасов бұрын-соңды отбасы туралы сарапталып,
жинақталмаған халық педагогикасы туралы түсінікті жинақтап, ғылым ретінде
ендіріп, заман талабына орай жазылған бұл монографиялық еңбегін Үзіліссіз
ұрпақ тәрбиесі мен оқу-ағарту үлгісі атты концепциясымен байланыстырып
бағдарға алған.
Отбасындағы бала тәрбиесіне, яғни бала тәрбиесі шешуі қиын күрделі
мәселе болып тұрған кезде, жаһандану дәуірінің апандай аузы жас ұрпақ
төбесіне төніп келе жатқан заманда ұрпақты құтқарып алар бірден-бір жол
халық педагогикасы, ұлттық тәрбие десек, оны дәріптеу, үйрету ісінде аса
сақ, дәл, дұрыс бағдар, мағлұмат беріп, насихаттау керектігін естен
шығармауымыз керек.
Ата-баба мұрасын қаймағы бұзылмаған, өмір тәжірибесінен алынған
қалпында оқыту, тәрбиелеу үрдісіне ендіру қажеттігі туындайды.
Қорыта келгенде, тәуелсіз еліміздің ұлдары мен қыздарына айтарымыз
отбасылық өмірде бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты,
адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеуіне осы монографиялық
еңбектің бірден-бір көмекші құрал екендігін ұғынып, қадір-қасиетін
бағаласа!?
Халық педагогикасының отбасындағы бала тәрбиесіне берері мол. Халық
педагогикасының негіздері жазушы, ғалым Совет-Хан Ғаббасовтың еңбегінде
толық көрсетілген. Яғни, бұл кітап біздің Темірқазығымыз іспетті. Тәрбие
басы-талбесік, сондықтан да отбасындағы тәрбиені түзеу керек.
Алғаш рет Қарасаз орта мектебінде Халық педагогикасы туралы бастама
бой көтерген болатын, оны Өтеев Жұмаш сынды ағаларымыз ұйымдастырып,
отбасылық өмірге даярлау деген бөлім ашқан еді. Міне осындай бастамалар жиі
бой көтеріп, ғалымдармыз, өз деңгейіне жеткізіп отырса нұр үстіне нұр еді-
ау!
Егемен елімізде әрбір отбасы мүшелері халықтық педагогика
дәстүрлерін баласының тәрбиесіне қолдана білсе деген үмітпен, осы Совет-Хан
Ғаббасов монографиясын талдап, сіздерге ұсынып отырмын. Өздеріңізге
қажеттісін алады деген үміттемін.

Еңбек тәрбиесі
Қоғамдық құрылыста еңбек тәрбиесі – тәрбие жүйесінің негізгі бір
саласы болып табылады. Адамды адам еткен, еңбек - демекші, еңбек
процесінде адам табиғатты өзгерте отыра, өзі де өзгереді деген қағидаға
сүйенсек, еңбек әрекетіннің нәтижесінде адамның дене интеллектуалдық күші
мен қабілеттері қалыптасып, дамып және одан әрі жетіліп отырады. Бұл әрине
адамның тұлғалық дамуының табиғи заңдылығы. Ол сонымен бірге оқушылардың
адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің үйлесімді дамуына да жағдай
туғызады. Тұлғаның дамуында оқу мен еңбектің байланысын орнықтыру, оның
барлық қабілетін жандандырады, адамгершілік-ізгілік қасиеттері мен дене
күштерін қалыптастырады. Сондықтан да мектептегі еңбек тәрбиесінің мақсаты
оқушыларды еңбекке оқыту арқылы оған адал ниеттік қатынас орнату, еңбекті
сүю, еңбек адамдарын құрметтеу, еңбектің қарапайым әдістері мен құралдарын
пайдалана білуге үйрету, материалдық құндылықтарды көздің қарашығындай
сақтауға дағдыландыру.
Ол үшін, оның міндеттеріне:
1. Біздің елде әрбір етуге жарамды адамның еңбек етуге міндеттелігін оның
сенімі мен санасына орнықтыру.
2. Еңбек етуге деген қажеттілік пен талпынысқа тәрбиелеу.
3. Еңбек етуге қатысты білім, білік, дағды сапаларымен қаруландыру,
тиімді еңбек ете білуге дағдыландыру.
4. Оқушылардың кәсіби мамандыққа даярлығын қалыптастыру, ол үшін олардың
талап-тілектері мен белгілі бір мамандыққа бейімділігін ескере отыра,
болашақ мамандықты таңдауларына жағдай жасап, көмектесу т.б.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және мазмұны нақтылы қоғамдық-
тарихи жағдайға байланысты анықталып, жетіліп отырады.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу мәселесі Н.К.Крупская мен М.И.Калиннің
теориялық еңбектерінде айрықша аталып, кеңес мектептеріндегі еңбек
тәрбиесінің орны мен даму жолдарына үлкен мән берілді.
А.С.Макаренко мен В.А.Сухомлинскийдің көпжылдық практикалық жұмыстар
оқушылардың еңбегін коммунистік тәрбиенің негізгі факторына айналдырды.
А.С.Макаренко балалар ұжымын құруда еңбекті қолданудың негізгі
жолдарын белгілеп, еңбек тәрбиесінің ғылыми жүйесін жасады. Ол өзінің
практикалық әрекетінде балаларды еңбектің барлық түріне қатыстырды және
ауыл шаруашылығы еңбегінің қарапайым түрінен сол дәуірдегі жаңа техникамен
жабдықталған өндірістік еңбекке араластырды. Оның бұл жетістігін жаңа
жағдайда В.А.Сухомлинский шығармашылыпен дамытып, жетілдірді. Оған:
- оқушылардың әртүрлі еңбек әрекетін тиімді ұйымдастыру және мектептегі
оқудың бірінші күнінен оларды халық игілігі үшін белсенді еңбек етуге
үйрету;
- оқушыларда еңбексүйгіштік қасиеттерін дамытып және азаматтық тұрғыдан
жетілген етіп тәрбиелеу;
- оқушыларды саналы түрде мамандық таңдауға және сынып, мектеп ұжымы мен
өз ауылына пайда келтіру барысында белсенді еңбек етуге дайындау
мәселелері.
Осы бағытта ол еңбек тәрбиесінің және оқушылардың кәсіби бағытын
ұйымдастыруға сай тиімді формалары мен тәсілдерін іздеуге аянбай еңбек
етті.
Оқушылардың еңбек процесінде психологиялық тұрғыдан дайындаудың да
маңызы ерекше. Оның негізіне қоғамға пайда келтіру үшін оларда еңбек етуге
деген қызығушылығын қалыптастыру, еңбек ету қабілеттері мен қажеттілігін
дамыту, тұрақты еріктілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Еңбекке психологиялық тұрғыдан даяр болуы белгілі бір тәрбиелік жүйе
құрып, мынандай міндеттерді шешеді:
1. еңбектің мақсат және міндеттерін жете түсінуі;
2. нәтижелі еңбек ету әрекетін қажетсінетін түрткі тудыру;
3. еңбек біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру.
Мектептегі еңбекке оқыту мен тәрбиелеу мәселесінің қажеттілігі, оларды
ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, зерттеуге үлкен мән беруге ықпал етеді. Бұл
мәселе турасында Я.А.Коменский, Дж Локк, К.Д.Ушинский және т.б.
еңбеңтерінде көптеген құнды идеялар айтқан.
Еңбек – практикалық өндірістік әрекет ретінде адамның, дене құрылысының
дамуына жағымды әсер етеді. Физиологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі
көрсеткендей, дене жұмысының қозғалыс және бұлшық ет жаттығуларымен тікелей
байланысы, таза ауада болу, бәрі де адамның денсаулығы мен күш-қайратын
шынықтырады, оның өмірлік жегерін, қайратын шындайды, ақыл-ой қабілетін
жандандырады.
Еңбек – адамның ақыл-ой қабілетін, оның зеректігін, шығармашылық
тапқырлығын дамытады. Қазіргі өндірістегі жұмыс адам баласынан терең
білімді және кең көлемде техникалық дайындықты, жаңа технологияны тез
меңгеру біліктілігін, еңбек тәсілдерін жетілдіру және өнертапқыштық
қабілеттің болуына талап етеді.
Еңбектің – тұлғаның адамгершілік тәрбиесіндегі маңызы ерекше.
Көптеген педагогтар еңбек әрекетін оқушылардың азаматтық санасының
дамуымен, патриоттық сезімдерімен және өздерінің қоғам алдындағы борыштарын
түсінуімен байланыстырды.
Еңбектің маңызды қызметі оқушыларда жолдастық қарым-қатынасты,
ұжымшылдықты және өзара талап етушілік қасиеттерін қалыптастыру болып
табылады. А.С.Макаренко Тек коллективтік еңбекке қатысу адамға басқа
адамдармен дұрыс адамгершілік қарым-қатынас жасауға – барлық еңбекшілерге
туыстық махаббат пен достыққа, жалқауларға, еңбектен қашатын адамдарға
ашулануға және кінәлауға мүмкіндік береді, - деп атап көрсетеді.
Еңбек тәрбие факторы ретінде тұлғаның өмірлік бағытын анықтауға және
мамандығын дұрыс таңдауға әсер етеді.
Еңбек - адамның заттық және рухани қажеттілігін қанағаттандыруда, дене
және рухани күшін дамытуға бағытталған саналы, мақсатты, жасампаздық және
интеллектуалдық әрекеті.
Адамның еңбегі арқасында бүтіндей заттық және рухани игіліктер
жасалынады; еңбек процесінде адам баласының өзі жетіледі, оның тұлғасы
қалыптасады. Сондықтан мектептегі еңбек тәрбиесі оқушылардың еңбекке
психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын тұруы жағдайына бағытталады.
Қазіргі кезеңдегі қоғамдық және экономикалық даму жағдайы өндіруші тұлғаға
жоғары талап қояды: еңбекке қарым-қатынасын – негізгі қоғамдық міндетке
айналдыру; кез келген жұмыс түріне жауапкершілікпен қарауы – еңбекті және
оның нәтижесін қадірлеуі; үнемі белсенділік таныту, еңбекте белсендік
таныту және оған шығармашылық қарым-қатынас жасауы; өзінің ақыл-ой және
дене күшінің толыққанды пәрменді жұмыс істеуіне ішкі қажеттілігінің болуы;
еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыруға ынталы болуы; еңбекке қарым-қатынасы -
тұлғаның саналы және өмірлік негізгі қажеттілігіне айналуы.
Адам баласының еңбекке саналы көзқарасы оларда еңбектің қоғамға және
жеке басына тигізер пайдасына, маңызына жете түсіну арқасында пайда болады.
Олай болса еңбек – қоғамның материалдық және рухани байлығының
негізгі көзі, адам баласының қасиетті борышы, тұлға дамуның ірге тасы.
Сондықтан да мектептегі еңбек тәрбиесі жылдар бойы педагогиканың аса
маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Еңбек тәрбиесінің ұйымдастыру жүйесі
Еңбек әрекетінде оқушыларды тәрбиелеу нәтижесінің жемісті болуы,
негізінен оның педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.
Мектептегі еңбек тәрбиесінің негізгі жүйесіне еңбекке оқыту және
оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбек әрекеті жатады.
Оқушыларды еңбек процесіне қажетті жалпы, политехникалық және арнаулы
білімдермен, біліктілік пен дағды мәселелерімен қаруландыру еңбекке
оқытудың негізгі педагогикалық міндеттерінің бірі болып саналады.
Еңбекке оқыту арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс ретінде
оқушыларда еңбек біліктілігі және дағдысын тәрбиелеу, еңбек әрекетінің
практикалық тәсілдерін меңгеруге бағытталған.
Еңбек тәрбиесі мен оқуда бастауыш сыныптарында қол еңбегімен айналысу
және жоғары сыныптарда оқу-өндірістік практика маңызды рөл атқарады.
Оқушылардың еңбек әрекетіндегі қоғамдық пайдалы еңбектері үлкен
маңызға ие болып, өзінің мазмұны мен формасы жағынан жан-жақты болып
келеді. Сондықтан ол қоғамдық маңызына орай үш түрге жіктеледі:
1. Мектеп ұжымының пайдасына негізделген қоғамдық пайдалы еңбек. Бұған
өзін-өзі қызмет ету жұмыстарын жатқызамыз. Мысалы, өздеріне қатысты
заттарды немесе мүлікті күтіп ұстау, оқу сыныптары мен бөлмелерін
тазалау, мектеп пен сыныптың жабдықтарын жөндеу, құрал-жабдықтары мен
көрнекі құралдарын жасау, мектеп алаңында жұмыс істеу: көгалдандыру,
сенбіліктерге қатысу т.б.
2. Республика көлемінде өткізілетін жастардың қоғамдық негізде
ұйымдастырылған қозғалыстары.
3. Өндірісте жұмыс істеу. Ауылшаруашылығына көмектесу.
Еңбек тәрбиесі дегеніміз оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру және
оның әр түрімен ынталандыру процесі, атқарып отырған жұмыстарына оларда
шынайы жағымды қарым-қатынастарын орнату, жоғары нәтижеге жетуге деген
белсенділіктері мен шығармашылықтарын ояту.
Педагогикалық категория ретінде кәсіби бағдар оқушыларды мамандықтың
және еңбектің әр түрімен таныстыру, қабілеттері мен бейімділіктеріне сай
оларға болашақ мамандықты таңдауға көмек көрсету процесі ретінде
қарастырылады.
Еңбекті сүю – еңбек тәрбиесінің, оқытудың және кәсіби бағдардың
нәтижесі болып, кез келген жұмысты атқара алатын және оған адал ниетімен
тырысатын, еңбек әрекетінде кездесетін қиындыққа мойымай, жеңе алатын
тұлғалық сапа ретінде анықталады.
Соған орай оқушылардың еңбек тәрбиесі өлшемінің нәтижесі ретінде
олардың өзіндік жоғары қызығушылығы және еңбек өндірісі, өнімнің тамаша
жоғары сапасы, еңбек процесіне белсенді және шығармашылық қарым-қатынасы
бола алады.
Еңбек тәрбиесі азаматтық және адамгершілік тәрбиесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде
Бала тәрбиесі және отбасы
Отбасы – қоғам тірегі
Отбасында бала тәрбиесін тиімді ұйымдастыру. Ата-аналармен жұмыстың түрлері мен әдістері
Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы
Ананың бала тәрбиесіндегі орны
Отбасы тәрбиесінің негізі
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі
Отбасылық тәрбие
Пәндер