Демографиялық мәселелер



Кіріспе

1 Адамзаттың сандық сипаттамалары
2 Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы
3 Демографиялық дүмпу . халық санының шұғыл да қарқынды табиғи өсуі
4 Демографиялық дағдарыс
5 Экологиялық мәселелердің тереңдеуі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.
Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары — экологиялық демография немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді.
Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция байқалады. Дене салмағы 10—100 кг-ға дейінгі деңгей үшін (бұл деңгейге адам да кіреді) түрдің санының максималды шамасы 107—101 аралығында болады. Адамның ең жақын туыстарының (адамтәріздес маймылдар) түрлерінің қазіргі кездегі саны — соңғы санға жақын. Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Nomo erectus) 100 мың болған, Ноmо sаріеns пайда болуына қарай — шамамен 500 мың; 30—20 мың жыл бұрын — шамамен 5 млн. Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мыңға жуық болуы керек. Қазіргі кезде одан 10 мың есе артып отыр. Көптеген мың жылдықтар барысында дүние жүзінің халқы өте баяу өсіп отырды. Б.э.д. IV мыңжылдықтың басында ол шамамен 100 млн. болды, б.з.д. 1000 жылы 300 млн.-ға жақындаған 1500 жылға қарай 425 млн.-ға дейін өсті. Мұндай қарқынмен өсу жылдың максималды өсімі 0,7% сәйкес келеді, яғни жылына 10000-ға шаққанда жеті адам.
1. М. Тәтімов, Ж. Әлиев. «Дербестігіміз демографияда»
2. Асқарова «Халық саны және экологиялық мәселелер» 2009 ж.
3. Кажымуратова А. «Влияние экологического фактора на уровень жизни населения в Республике Казахстан»// Саясат-Policy №7, 2008 г.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1 Адамзаттың сандық сипаттамалары
2 Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы
3 Демографиялық дүмпу – халық санының шұғыл да қарқынды табиғи өсуі
4 Демографиялық дағдарыс
5 Экологиялық мәселелердің тереңдеуі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын, құрамын,
динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи
тұрғыдан зерттейтін ғылым.
Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары — экологиялық демография немесе
демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін
бағыты қалыптасып келеді.
Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлардың
түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарлардың
түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің
түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция
байқалады. Дене салмағы 10—100 кг-ға дейінгі деңгей үшін (бұл деңгейге адам
да кіреді) түрдің санының максималды шамасы 107—101 аралығында болады.
Адамның ең жақын туыстарының (адамтәріздес маймылдар) түрлерінің қазіргі
кездегі саны — соңғы санға жақын. Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1
млн. жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Nomo erectus)
100 мың болған, Ноmо sаріеns пайда болуына қарай — шамамен 500 мың; 30—20
мың жыл бұрын — шамамен 5 млн. Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мыңға
жуық болуы керек. Қазіргі кезде одан 10 мың есе артып отыр. Көптеген мың
жылдықтар барысында дүние жүзінің халқы өте баяу өсіп отырды. Б.э.д. IV
мыңжылдықтың басында ол шамамен 100 млн. болды, б.з.д. 1000 жылы 300 млн.-
ға жақындаған 1500 жылға қарай 425 млн.-ға дейін өсті. Мұндай қарқынмен өсу
жылдың максималды өсімі 0,7% сәйкес келеді, яғни жылына 10000-ға шаққанда
жеті адам.

Адамзаттың сандық сипаттамалары
Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінде халық санының қарқынының артуы
экспоненциалды заңдылыққа жақындады. Кейін Жердегі адамдардың санының артуы
гиперболалық сипатқа ие болды. 1600 жылдан 1990 жылға дейін Жердегі халық
санының өсуі дәлме-дәл дерлік (максималды ауытқу 5%) гиперболалық
эмпирикалық теңдеуімен сипатталады:
Бұл теңдеу бойынша 2030 жылы халық саны шексіз болуы керек. Бірақ бұл
мүмкін емес, сондықтан халық саны осы кезеңге дейін өсіп келген заңдылық
өзгеруі тиіс. Шындығында соңғы жылдары 80-жылдардың аяғынан бастап,
салыстырмалы өсім артпай отыр. Халық санының өсуі сызықтық өсімге жақындады
(жылына абсолюттік өсім, шамамен 86 млн. адам). БҰҰ халық саны бойынша
қорының эксперттерінің болжамдары бойынша (1995 ж.) бұл қарқын 2015 жылға
дейін сақталады да, адам саны 7,5 млрд.-қа жетеді. XX ғасырдағы адамзаттың
санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы
өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың 34-і сәйкес келеді. Ғасырдың
екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып
отырды. 50-жылдары 533 млн болса, 60-жылдарда — 66,7 млн, 70-жылдарда —
70,3 млн, 80-жылдарда — 86,4 млн. адам. Адам санының 1 млрд-тан — 2 млрд-қа
өсуі үшін 107 жыл қажет болса (1820-1927 ж), ол 3 млрд.-қа дейін - 32 жыл
(1959 ж) 4 млрд.-қа - 15 жыл (1974), 5 млрд-қа - 13 жыл (1987), 6 млрд.-қа
- 12 жыл (1999), халық санының соңғы рет екі еселенуіне небәрі 38 жыл қажет
болды
Жердегі халық санының өсуі 500 жылдан to 2150, БҰҰ 2004 жылғы жобасы
боййынша[1] (қызыл, сары, жасыл) және АҚШ Орталық бюро тарихи есебі[2]
(black). Only the section in blue is from reliable counts, not estimates or
projections.
Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының
шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен
түсіндіруге болады. XX ғасырда аталған факторларға гигиеналық және
медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала
өлімінің кемуі де қосылады, 1990-1995 жылдары дүние жүзіндегі жалпы туу
коэффициенті 24,6% дейін кеміді, жалпы өлім коэффициенті 9,8% болса, табиғи
өсім коэффиңиенті - 14,8% құрады. Қазір көбеюдің шамамен осындай
көрсеткіштері сақталуда. Әр минут сайын жерде 270 бала өмірге келсе, әр
жастағы 110 адам өледі де дүние жүзі халқы 160 адамға өсіп отырады. Әр
түрлі елдер мен континенттердің халық санының өсуіне қосқан үлесі әр түрлі.
Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер — Қытай,
Үндістан, Индонезия берсе, ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын
Америкасында байқалған (8-кесте). 8-кесте Кейбір Африка мемлекеттерінде
салыстырмалы өсім жылына 4%-ға дейін жетіп отырды. Көптеген жоғары дамыған
елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка) демографиялық
жарылыс жағдайы ертерек — XIX ғасырда байқалған. Бұл елдерге қазір халық
санының тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі тән. Өтпелі
кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге
болады. Бірінші сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім
коэффициентінің төмендеуі туу коэффициентінің төмендеуінен алда болады.
Сондықтан, халықтың өсімі артады. Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде
қалыптасып отыр, ал дамыған елдер бұл кезеңнен XX ғасырдың ортасында өтіп
кетті. Екінші сатысыида өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ
туылу төмендей береді. Сондықтан, халық өсімі баяулайды. Үшінші сатысында
халықтың қартаюына байланысты өлім коэффициенті артады, сонымен қатар
туылудың төмендеуі баяулайды. Үшінші сатының соңына қарай туу коэффициенті
халықтың жай көбеюінің деңгейіне жақындайды, ал өлім коэффициенті бұл
деңгейден төмен болып қалады, себебі халықтың жастық құрамы әлі де тұрақты
емес. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеңнің осы сатысына
жақын. Төртінші сатысында өлім коэффициенті арта отырып, туу коэффициентіне
жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.
Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы
Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек
бай (өнеркәсібі дамыған) елдер ғана емес, сонымен қатар кедей (аграрлық)
елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдердің қоршаған
ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға
байланысты. Дүние жүзінің халқының 20—25%-ын құрайтын бұл елдердің халқы
қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын шығарады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны
бұзатын фактор халықтың саны емес, өндіріс пен онымен бірге жүретін байлық
болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы молшылық
кезінде, американ маманы В. Лебоу: Біздің өте жоғары өнімді экономикамыз
тұтынуды — өмір сүру салтына айналдырып отыр, яғни затты сатып алу мен
пайдалану күнделікті дәстүрге айналды. Бізге заттардың көп мөлшерде
сатылып, одан соң тасталып және басқалармен көп мөлшерде ауыстырылып
отырғаны қажет — деді. Қазіргі кезде ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны XIX—XX
ғасырлар соңында өмір сүрген ата-бабаларымен салыстырғанда шамамен 4,5 есе
бай болғанымен, жердегі халықтың өмір сүру жағдайының деңгейі бірдей емес.
1 млрд. өте бай адам болса, ал 1 млрд. өте мұқтаждық жағдайында өмір
сүреді. Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзінде 157 миллиардер, 2
миллионға жуық миллионерлер және күндік табысы АҚШ-тың 1 долларынан кем
болатын 1,5 млрд.-тан астам адамдар бар. Америкадағы балалардың өздерінің
күнделікті қажеттіліктеріне жұмсайтын ақшасының мөлшері (жылына 230
доллар), планетаның жарты млрд. кедей адамдарының өмір сүруіне жұмсайтын
мөлшерінен артық. Шектен тыс көп тұтынуға қарама-қарсы кедейлік —
экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Кедей
елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым
нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы
және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы және т.б. арқылы
көрінеді. Мұндай жолмен табиғаттың бұзылуының негізгі себебі кедейлік болып
табылады. Себебі, күнделікті бір күнін қалай өткізуді ойлауға ғана мәжбүр
адам өзін қоршаған орта мен табиғатты қорғау туралы ойлауға қабілетсіз.
Қоршаган ортаиың бұзылуы адамдар өте бай болғанда да және өте кедей
болғанда да орын алады. Бірақ, жердің табиғат ресурстарына келтіретін
зиянкестігі үшін жауапкершіліктің басым бөлігі 1 млрд. бай адамдардың
үлесіне тиеді. Өнеркәсібі дамыған елдер болат өндірудің шамамен — 23,
қорғасын, мыс, никель, қалайы, цинктің — 23 астам бөлігін, энергияны
пайдаланудың 34 көлемін құрайды. Сонымен қатар, соңғы 100 жылда
индустриалды дамыған елдердің шаруашылық қызметі нәтижесінде атмосфераға
парниктік эффект туғызатын газдардың 23 бөлігін шығарған. Бұл елдердегі
энергияны пайдалану қышқылдық жауын-шашындардың түсуіне әкеліп соқтыратын
күкірт пен азот тотықтарының жалпы көлемінің шамамен 34 бөлігін шығарады.
Дамыған елдердің өнеркәсібі зиянды химиялық қалдықтардың көп бөлігін және
галогенді көмірсулардың 90%-ке жуығын береді. Өнеркәсібі дамыған елдердің
экономикасының дамуының көзі — қоршаган орта есебінен тапшылықты
қаржыландыру болып табылады. Яғни олар пайдаланған табиғат ресурстары мен
биосфераның ластануы үшін табиғатқа келтірілген зиян өтелмейді. Бұл
елдердің экологиялық қарызы үздіксіз өсуде: өсу жылдамдығы жыл сайын
триллион доллармен есептеледі. Тек жер атмосферасындағы көмірқышқыл газының
концентрациясын өнеркәсіптік қызметі нәтижесінде кеміту үшін жылына 625
млрд. доллар мөлшерінде күрделі қаржы жұмсау қажет. Көптеген дамыған
елдерде зиянды заттарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсат етілетін нормалары
белгілеиген. Бұл нормалардың артып кетуіне жол берген өндірушілер табиғат
қорғау шараларына жұмсалатын ірі қаржылай айыппұл төлейді. Бірақ, іс
жүзінде бұл талаптар тек өзіиің еліне қатысты ғана орындалып келеді. Өз
елінің территориясынан жүздеген, мыңдаған км қашықтықта орналасқан елдерге
келтірілетін шығын үшін айыппұл төлеу туралы әңгіме де қозғалмайды. АҚШ
және басқа да дамыған елдер экологиялық жауапкершілікті негізінен дамушы
елдерге ауыстыруда. Олардың ойынша экологиялық лас өндіріс орындары үшінші
әлем елдерінде орналасқан, сондықтан табиғатқа жасалған зиянкестіктің орнын
солар толтыруға тиіс. Ал бұл өнеркәсіп орындарын дамыған елдердің
ұйымдастырғаны, өндірілген шикізат пен өнімдік салығынан өздерінің алып
кететіидігі туралы айтылмайды. Дамушы елдердің жерінде өзінің өнеркәсіп
орындарын сала отырып, дамыған мемлекеттер, тек оларға жасалып жатқан
көмек туралы айтады. Дүние жүзіндегі қаржы айналымы 1980—1990 жылдар
аралығында төмендегідей болған: дамыған елдерден дамушы елдерге — 49 млрд.
доллар, дамушы елдерден дамыған елдерге — 242 млрд. доллар. Олай болса,
табиғат ресурстарының сарқылуы және қалпына келмейтінін түсіну дүние
жүзіндегі әлеуметтік теңсіздікті одан әрі шиеленістіріп жіберді. Өкінішке
орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей
отыр. Байлар одан әрі баюда, ал кедейлер — кедейленуде. Бұл өзекті
экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады. Сөйтіп кім үйленіп, отбасын
реттеп – жоспарлау “жалпыхалықтық құндылыққа” айналады. Соңғы кездердегі
“Жоспарлы отбасы” атты ұғымның да қалыптасуы соның салдары. Ол түсінікке
медициналық терминмен айтқанда, контрацепция (лат. тілінде жүктілікке
қарсылық), аборт, тау, стерилизация (лат. тілінде жоғарғы қызу арқылы және
басқа амалдармен бойға бала бітірмеу) кіреді. Осының өзінен – ақ мәселенің
байыбына баруға болады ғой. Оны айтасыз, статистикалық мәліметке қарағнда,
Қазақстандағы үлкен, тіпті, кейбір ауылдардағы аяғы ауыр 10 әйелдің 7-уі
жасанды түсін жасатады екен. Сондықтан, кез-келген шетелдің көмегіне жығыла
кетпей, түп-төркінін зерттеген жөн. Бізге қазір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы демографиялық өзекті мәселелер
Қазіргі кездегі демографиялық проблема
Қазақстан халқының өсу динамикасы мен қазіргі кезеңдегі түйінді мәселелері
Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу
Қазақстан Республикасының демографиялық саяси жағдайы
Жаhанданудың философиялық мәселелері
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Экономикалық және әлеуметтік география
Демография ғылымы туралы түсінік
Пәндер