Оңтүстік Шығыс Азия және Тынық мұхит елдері Жапония сыртқы саясатында



Кіріспе. 2
I Оңтүстік Шығыс Азия және Тынық мұхит елдері Жапония сыртқы саясатында
1.1 Оңтүстік Шығыс Азиядағы халықаралық жағдай және Жапония саясаты
1.2 Жапонияның ОША елдеріндегі экономикалық рөлі және Тынық мұхит елдері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Азия-тынық мұхит аймағы әлемдік саясатта өте маңызды орынға ие. Бұл елдің халықаралық қатынастағы, сыртқы саясаттағы мәні жылдан-жылға өсіп келеді. Мұнда әлемнің ең ірі, аумақты және көп халықты елдері орналасқан – Ресей, Кытай Халық Республикасы, Америка Құрама Штаты, Үндістан, Индонезия, Жапония, Канада, Мексика, Ветнам, Корея Республикасы, Бангладеш, Австралия, Жаңа Зеландия, т.б. елдер. Аймақ территориясы тіпті жер шарының тең жартысын алып жатыр деуге болады. Сондай-ақ, соңғы кездері Азия-тынық мұхит аймағының ерекше қарқынмен дамуы саясаткерлермен ғалымдардың да көңілін аударуда. “ХХІ ғасыр Азия-тынық мұхит аймағы ғасыры” деген болжам айтылып жүр. Енді әлемнің басты назары осы аймаққа бағытталып отыр. Бұл аймақ ірі өндіріс күштердің жинақ көзі болып табылады. Мұнда барлық автомобилдермен кемелердің, синтетикалық талшық пен теледидарлардың 70 пайызы, пластмассалармен синтетикалық шайырлармен 60 пайызға жуығы, алюминимен болаттың 50 пайызы шығарылады. Сондай-ақ табиғи және шикізат көздері де молынан шоғырланған. Осындай экономикалық даму барысы аймақтағы елдер арасында терең де, жан-жақты ынтымақтастықтың жүзеге асуына алғы шарт болып отыр.
1. Петров Д.В. Международыйе отношения в АТР. – М.,1979
2. Загорский А.В. Япония и Китай. – М., 1991
3. Кутаков Л.Н. Внешняя политика и дипломатия Японии. – М., 1964
4. Исаев М.Г. Азиатский мир и безопастность. – М., 1987
5. Кунадзе Г.Ф. Японо-китайские отношения на современном этапе 1972-82г.г. – М., 1983

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе. 2
I Оңтүстік Шығыс Азия және Тынық мұхит елдері Жапония сыртқы саясатында
1.1 Оңтүстік Шығыс Азиядағы халықаралық жағдай және Жапония саясаты
1.2 Жапонияның ОША елдеріндегі экономикалық рөлі және Тынық мұхит елдері

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Азия-тынық мұхит аймағы әлемдік саясатта өте маңызды орынға ие. Бұл
елдің халықаралық қатынастағы, сыртқы саясаттағы мәні жылдан-жылға өсіп
келеді. Мұнда әлемнің ең ірі, аумақты және көп халықты елдері орналасқан –
Ресей, Кытай Халық Республикасы, Америка Құрама Штаты, Үндістан, Индонезия,
Жапония, Канада, Мексика, Ветнам, Корея Республикасы, Бангладеш, Австралия,
Жаңа Зеландия, т.б. елдер. Аймақ территориясы тіпті жер шарының тең
жартысын алып жатыр деуге болады. Сондай-ақ, соңғы кездері Азия-тынық мұхит
аймағының ерекше қарқынмен дамуы саясаткерлермен ғалымдардың да көңілін
аударуда. “ХХІ ғасыр Азия-тынық мұхит аймағы ғасыры” деген болжам айтылып
жүр. Енді әлемнің басты назары осы аймаққа бағытталып отыр. Бұл аймақ ірі
өндіріс күштердің жинақ көзі болып табылады. Мұнда барлық автомобилдермен
кемелердің, синтетикалық талшық пен теледидарлардың 70 пайызы,
пластмассалармен синтетикалық шайырлармен 60 пайызға жуығы, алюминимен
болаттың 50 пайызы шығарылады. Сондай-ақ табиғи және шикізат көздері де
молынан шоғырланған. Осындай экономикалық даму барысы аймақтағы елдер
арасында терең де, жан-жақты ынтымақтастықтың жүзеге асуына алғы шарт болып
отыр.

I. Оңтүстік Шығыс Азия және Тынық мұхит елдері Жапония сыртқы саясатында

1.1 Оңтүстік Шығыс Азиядағы халықаралық жағдай және Жапония саясаты

Азия – тынықмұхит аймағы халықаралық қатынастың күрделі бір торабы
болып саналады. Осы аймақтағы өзара қарым-қатынас жүйесінде маңызды орынды
Жапония мен Оңтүстік Шығыс Азия елдері алады. Вьетнам мен Үндіқытайдағы
халықтардың американ империализмімен күресу барысындағы жеңісі,
Комбоджадағы колпотов режимінің жойылуы аймақтағы қарым-қатынас жүйесін
түбірімен өзгертіп жіберді. Мұнда аймақтық деңгейдегі екі топ құрылды:
Үндіқытай елдері мен АСЕАН-ға мүше мемлекеттер тобы. Олардың арасындағы
өзара қарым-қатынас, әлеуметтік-саяси жүйенің алуындығы өзара қайшылықтар
тудыра отырып, мұндағы халықаралық жағдайды айқын көрсетті.
Үндіқытайлық үш ел Вьетнам, Лаос және Комбоджа халықаралық аренада өз
әрекеттерін үйлестіре отырып, Оңтүстік Шығыс Азиядағы (ОША) даулы
мәселелерді реттеуге және халықаралық жағдайды тұрақтандыру үшін АСЕАН
елдерімен қарым-қатынасын қалпына келтіруге тырысып бақты. Осыған
байланысты Вьетнам, Лаос, Комбоджа елдерінің Сыртқы істер министрлері
(СІМ) конференция шақырып, онда теңдік, өзара сыйластық, ішкі іске қол
сұқпаушылық сияқты мәселелерді талқылап, өз бағыттары мен ұсыныстарын алға
тартты. Сондай-ақ Үндіқытай елдері Оңтүстік Шығыс Азияда қауіпсіздік
орнатуға аса көңіл бөлді.
АСЕАН елдерінің бағытын анықтауда Жапонияның да алар орыны ерекше.
Жапония көп уақыт осы елдердің табиғи және еңбек ресурстарын пайдалануға
қызығушылығы белгілі бір саяси мәнге көшті. Жапония осы аймақтағы
мәселелерді қарастыруда, әсіресе Комбоджа мәселесі төңірегінде
Вашингтон–Пекин–Токио негізіндегі дипломатиялық бағыттағы істерге белсене
араласушылық танытуда.
30–40 жылдардағы Шығыс Азияда өркениеттілік орнатамын деген сылтаумен
жүргізілген басқыншылық саясатының сәтсіздігінен Жапония 130 милион халқы
бар үлкен аумақты басып алғанымен, кейін айырылып қалды. Бірақ 60 жылдардың
аяғында Токио бұл аймақта тұрақты қарым-қатынас жасай бастады.
ОША жапон дипломатиясының басты міндеті, бірінші кезекте аймақта
саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету болса, сосын экономикалық бірін-бірі
толықтыру қарым-қатынасын орнату болды:
Жылдан жылға жапон басшыларының АСЕАН елдерімен саяси өзара әрекет
мәселесіндегі жақындасуы ұлғая түсті. Экономикалық қуатына сәйкес саяси
ықпалын жүргізу міндетін шеше отырып жапон үкіметі аймақтық (лидер) жаңа
лидерлікке жету үшін осы аймақты басты құралы ретінде қарастырды. АСЕАН
елдерінде жапон дипломатиясының белсенділігі кенет арта түсті.
Жоғары деңгейдегі тұрақты (контактілер) байланыстар жүргізілді. Жапон
– асеандық форумдар құрылды.
Жапония саясатының ОША елдеріндегі белсенділігінің себебі не?
Біріншіден, бұл аймақтық шикізат пен энергетика көздеріне бай болды.
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі мұнайға ие болудан басталды. Сондықтан
Индонезия осы аймақтардағы мұнайдың басты орталығы болғандықтан, Токио
капиталының көбін осылай бағыттаған еді.
Екіншіден, жер шарының басқа аймақтарына қарағанда мұнда үлкен табыс
табу мүмкіншілігі бар. Мицуи компаниясының президенті Якиро мырзаның
айтуынша АСЕАН-ға бөлініп отырған әрбір миллион доллар қаржы жапон
экспортын 600 мың долларға көбейтеді екен.
Үшіншіден, жапон өнеркәсібінің ластонгок салалары үшін АСЕАН елдері
өндіруші алаң ретінде қолданылады.
Төртіншіден, АСЕАН зонасы арқылы өтетін Жапонияның мұхитқа шығу жолы
осында орналасқан. Сол себепті Молокка және Зонд бұғазы, Оңтүстік Қытай
және Шығыс Қытай теңіздері жапон сыртқы саясатының стратегиялық бағытының
құрамына енді. Міне осылай Жапонияның осы аймақ мемлекеттеріне жақын
орналасуы, бір жағынан жергілікті жайттардан үнемі хабардар болуына, екінші
жағынан Жапонияның бақталастары алдында нақты артықшылықтарға ие болуына
мүмкіндік берді. Нәтижесінде Жапония өз бәсекелестері АҚШ пен Батыс
Еуропаны бұл аймақтан ығыстырып тастады.
Жапония АСЕАН елдерімен қарым-қатынасын дамытуда саяси жағынан мән
бере отырып, аймақтағы халықаралық мәселелерді шешуде де өз рөлін көтеруге
ұмтылды. 1981 жылы жапон премьер-министрі Дз. Судзуки АСЕАН елдеріне
іссапары барысында Жапония Вьетнамға көмек беруді, Вьетнам өз бағытын
өзгерткенше тоқтата тұратынын хабарлады. Және аймақтағы қауіпсіздік үшін
Вьетнам, Лаос, Комбоджаның қалпына келуіне жапон өзінің қаржылай көмек
көрсете алатынына уәде берді. АСЕАН елінде Токио саясатының белсенділігі
алаңдаушылық тудырмау үшін ол: Біз өткен қателіктерімізді қайталағымыз
келмейді. Бұл қателік Азиядағы көптеген адамның өмірін жойды деп, өткен
қателіктері үшін кешірім сұрады. АСЕАН елдерінің Сыртқы істер министрінің
АҚШ, Жапония, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінің дипломатиялық
өкілдерінің қатысуымен Монилде өткен 1981 жылғы келіссөзінде Комбоджадан
Вьетнам әскерлерін шығару туралы, Тайландамен шекара бойында әлемнің
қарусызданған аймағын құру, халықаралық бақылаудағы еркін сайлау
жүргізулер туралы мәселелер талқыланды. Ол Жапонияның бұл бағытын 1981
жылғы 13-маусымда өтілген Нью-Иорктегі Комбоджа төңірегіндегі халықаралық
конференцияда тағы да бекіте түсті. Мұның бәрі Азияда тұрақтылық пен
бейбітшіліктің орнығуына дипломатиялық көмек болып отыр.
1982 жылы Жапонияның билік басына Я. Нокасонэ үкметінің келуімен
Токионың сыртқы саяси бағытының жағымсыз жақтары да күшейе түсті. Бұл әуелі
Вашингтонның қауіпті ғаламдық жоспарына Жапонияның қосылуымен көрінеді.
Жапония үшін Азия-тынықмұхиты аймақтың ынтымақтасу концепциясы өте
маңызды, өйткені ол болашақ жапон дипломатиясының экономикалық және саяси
бағытына байланысты мәселелерді жүзеге асырмақ. Осы концепцияға сүйене
отрып Жапония АСЕАН елдерімен серіктестік үшін жаңа, қолайлы жол тауып
алды. Осы концепцияны жүзеге асыруда АСЕАН елдеріне жүргізуші рөлін беруге
сүйене отрып, Жапония аталған концепция шеңберінде ынтымақтасу түріндегі
жапон-асеандық диалогтың дамуына дипломатикалық күш салды. 1985 жылы
мамырда Токиода Жапония АСЕАН министрлерінің қатысуымен сыртқы саяси және
экономикалық мәселелер жөніндегі кездесуі болды. Онда АСЕАН елдерінде
техникалық кадрларды дайындауға жапондықтардың қатысуы мәселесі
қарастырылды. Осындай аймақтың серіктестік идеясына байланысты Нокасонэ
үкіметі ХХІ ғасыр достық бағдарламасын ұсынды. Онда АСЕАН-нан 4 мыңдаған
жастар жапон өмірімен танысуға шақырылды.
Жапонияға қарсы жаңа бір дүмпуді болғызбау мақсатымен Токио АСЕАН
елдеріне сыртқы істер министрі С.Окитаның іс сапарын ұйымдастырды. Ол
белгілі сол Тынықмұхит қауымдастығын құру идеясын тағы да қозғады.
Шиеленісе түскен жағдайға байланысты Ассоциация елдері бұл идеяны өркениет
өрісі ретінде қабылдады. Оларды бұл идеяның басқа жағы көбірек алаңдатты.
Индонезиялық Мердека газетінде Қытайдың қолдауымен АҚШ, Испания
және Австралияның құрған бұл топтың басты қызығушылығы саяси бояу жамылған
шамасы оның келесі қадамы әскери трансформация болуы мүмкін деп жазылған.
Жалпы Тынықмұхиттық қауымдастықтың құрылуын Оңтүстік Шығыс Азия
елдері үшін әскери-саяси ықпалмен экономикалық үстемдігін орнатудағы
Жапонияның мәлімдемесі деп ұқты. Нокасонэнің 1983 жылы мамырдағы
Индонезияға сапары Испанияның азиялық саясатында жаңа екпін әкелді. Бұл
жолы Токио Тынықмұхиттық қауымдастық идеясын Ассоциация жағынан қолдау
таппағанына байланысты естеріне салмауға тырысты.
ОША елдеріндегі жапон дипломатиясының маңызды міндеті АСЕАН елдерімен
Үндіқытай елдері арасында делдалдық қызыметі көңілден тыс қалмады. Бұл
жапон саясатына жаңа жолдар әкелді. Жапон–асеандық саяси ынтымақтастық
антикеңестік және антивьетнамдық кейіпте көрінді.
1981 жылы қаңтарда АСЕАН елдеріне премьер–министр Судзуки ресми
іссапармен келіп қайтты. Онда Токио мен Вашингтон саясатындағы антикеңестік
бағыт орын алды. Басты мақсаты Камбоджа мәселесін реттеудегі халықаралық
конференция ұйымдаструға АСЕАН елдерінен қолдау табу еді. Жапония АСЕАН
мүшеелдерімен Үндіқытай мемлекеттерінің арасын жалғайтын миссия жіберді.
Осы екі топтың елдерін өзара түсіністіру Фукуда доктринасында да жазылған
болатын. Пекиндегі желтоқсан жиналысы да нәтижелі аяқталды. Токио әрекеті
Ассоциация елдерін Камбоджа мәселесін шешуге итермеледі. Дегенмен
айтарлықтай нәтиже бермеді. Бұған қарамастан жапон үкіметі координатор
рөліндегі әрекетін жоғалтпады, бірақ АСЕАН елдері мен Үндіқытай арасындағы
қарым-қатынастың жақсаруы әлі де алыс еді. Енді Токионың келістіруші
әрекеті Үндіқытай мемлекеттеріне қарсы бағытқа ауысты. Мұндай саясат
Ассоциацияның екі топтық күресінен қашуға ұмтылуына қайшы келді. Сондай-ақ
Сухарто Индонезия мен ЦХР арасындағы қарым-қатынастың орнауынан бас тартты.

Токио сондай-ақ тек бір ғана саяси ұсыныспен АСЕАН елдерінің
жетекшілерінің ықыласына кіру оңай еместігін түсінді. Сондықтан
экономикалық игі қажет деп таптты. Нәтижестінде Я. Нокасонэ жалпы сомасы
800 миллион доллар құрайтын иеналық қаржы ұсынды. Бірақ ол антикеңестік
және антивьетнамдық сипаттағы пікірін айтудан тоқталмады, оның сүйеніші
АСЕАН – Жапония арасындағы Азиялық ортақтастық идеясы болды.
Жапония соңғы кезде Вьетнамға қатысты экономикалық саясатын біршама
жұмсарта түсті. Дегенмен жапон дипломатиясы онда дұшпандық бағытта болды.
Бірақ Жапония ОША-дағы екі топтың елдері арасындағы диалогқа қарсы емес
еді.
80 жылдардың соңында АСЕАН елдері мен Үндіқытай мемлекеттері арасында
жақындасулар байқалды. Енді Жапония Лаоспен қарым-қатынасында дипломатиялық
күш жұмсады. Үш үнді қытайлық мемлекттерден тек Лаоспен ғана ресми түрде
достық саясатын жүргізді. Лаосқа көмек көрсету тек оның Вьетнамға
тәуелділігін әлсірету мақсатында болды.
Жапонияның Вьетнамға дұшпандық қатынасы Комбоджа мәселесі
төңірегінде туындаған. Дегенмен осыған байланысты ОША-дағы жағдайдың
күрделенуі Жапония үшін пайдалы еді. АСЕАН елдері сияқты Жапония да осы
мәселеге байланысты үшінші күштің қолдауына сүйенді, және антивьетнамдық
фронт құруға көмектесті. Ал БҰҰ-да жапон жағы полпотов режимінің өкілдерін
қолдады. Ол тек қарулы қол сұғушылық әрекетіне ғана қарсы екендігін
білдіру арқылы, өзінің БҰҰ-дағы орнын сақтауға тырысты. Полпотов режимі
ыдырағаннан кейін ғана Жапония Комбоджамен сауда қатынасын өсіре түсті. Ал
1980 жылы тамызда Пномпенде жапон–комбоджа арасында сауда келісіміне қол
қойысты. Осы уақытта тауар айналымы 30 миллион долларға жетті.
ОША-ға қатысты жапон саясатында жапон–қытай қарым-қатынасына сәйкес
қытай факторы-ның ықпалы әсер етті. Дәл осы аймақта екі мемлекеттің
қызығушылықтары қақтығысуда, оның әрқайсысы артықшылық беделіне ие болуға
тырысады.
ОША-ны Қытай басып алған кез де болды, кейін бұл аймақ батыс
держабалардың тәуелділігіне тап болды. Ал ХХ-ғасырдың 40 жылдары Жапония
қолына көшті. Енді Жапония АҚШ-қа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытайға Жапониядан капитал шығару
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
ҚХР Жапонияның сыртқы саясатында
Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
АҚШ-тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы саясаты
Дамып жатқан елдерге шет елдердің көмек мәселелері
Қазақстан және Жапония қазіргі кездегі өзара қарым-қатынас стратегиясы
Дамушы мемлекеттердің сыртқы сауда саясаты
Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
Пәндер